Әль-Фарабидің өмірі мен шығармашылығы


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Әль-Фарабидің өмірі мен шығармашылығы

Орта ғасырда араб халифатынын. ықпалында болған Азия, Африка, Индия мен Испанияға дейінгі жерлерде біртұтас мұсылман мәдениеті жасалды. "Мұсылман мәдениеті" феноменін жасаушылар арабтар ғана емес, араб халифаты кол астына караған елдер еді, Сол өркениетті, сол мәдениетті жасаушылардың ішінде ежелгі қазақ жерін мекендеген ру-тайпалар да бар. Өкінішке карай, кеңестік жүйе кезінде ислам мәдениеті деген ұғымды жокка шығарумен болды. Ғылым, өркениет - бәрін діннен бөліп тастағаннан кейін көптеген тарихи құбылстарды дұрыс түсінуге мүмкін болмай қалды. Мысалы, әл-Фараби жасаған дәуірдегі ғұламалар еңбегін діннен бөліп ала алмайсыз. Олар өз еңбектерін араб тілінде, ислам философиясының негізінде жазды. Олардың көзқарасын ислам мәдениеті аясынд ағана дұрыс түсінуге болатын еді.

Мұсылман мәдениеті Көне антикалық мәдениет дәстүрі шығыс дүниесі өркениетін біріктіру арқылы. Еуропалық Оянушылықтың негізін жасады. Еуропа елдері философия, математика, астрономия, медицинаны мұсылман өркениеті арқылы білді. Орта ғасырда Ислам дәуірінде қазақ жерінен көптеген ғалымдар шықты: Әбунәсір әл-Фараби, Ғаббас әл-Жауhари Исмаил әл-Жауьари у Жамал Түркістани, әл-Сығанақи т. б.

Мұсылман мәдениеті ҮП-ХІІ ғасырда шарықтау шегіне жеткең Аса үлкен мәдени орталықтары: Бағдад, Дамаск, Куфа, Басра калалары болды. Осы кезде Сыр бойындағы Отырар қаласынан болашақта бүкіл шығыс ғалымдары Аплатон (Платон) мен Аристотельден кейінгі екінші ұстаз деп ат берген, кейін әлемге Әбунәсір әл-Фараби болып танылған 16 жасар бала оқу іздеп, керуенге ілесіп, Бағдадқа аттанды. Әл-Фараби шыққан Сыр бойьі ежелден көне мәдениеттің ошағы еді. Отырарда Александриядан кейінгі бай кітапхана болғандығын Птолемей (I ғ. ) жазып кеткен. Ал әл-Фарабидің туған каласы Түркістан маңайындағы Отырар екенін ғалым-географ Ибн-Хаукал көрсетіп, картаға түсірген. «Бұл жер - атақты ғұлама, асқан философ әл-Фарабидің туған жері», -деп жазған.

Әл-Фараби Бағдадқа келген соң Александрия, Византия ғалымдарынан окыған, грек, араб тілдерін үйренген. Кей аңыздарда оны жеті тіл, тіпті жетпіс тіл біледі деп айтады. Әл-Фараби Бағдадқа ең әуелі дарынды ақын, музыкант ретінде танылған. Содан кейін Саиф ад-Дәула деген әмірдің тапсырмасы бойынша музыканын. зандылыктарын зерттеп, он екі тараудан тұратын "Музыканың үлкен кітабы"("Китаб әл-музиқи әл-кәбир" атты күрделі еңбек жазған. Кітапта музыканың тарихы, табиғи заңдылықтары, дыбыстардың табиғаты, әуені, оның реті, жеке дауыстан көп дауысқа айналу құбылысын талдаған. Дыбыстың нотаға бөліну заңын және тоғыз шекті музыка аспабының құрылысы, күйшінін шеберлігі жайында ғылыми тұжырымдар айткдн. Әл-Фарабидін осы енбегі көп заман Еуропа елдерінде музыка тарихынан оқытылып келген. Оны зерттеген батыс ғалымдары Әл-Фараби ғылымының бар саласында екінші ұстаз болғанымен, музыкаға келгенде бірінші ұстаз деген баға берген. Әл-Фараби музыка теориясында түбірлі өзгерістер жасаған. Осы кітабын арабшадан француз тіліне Барон де Ерланже аударып бастырған (1930) . Америка ғалымы Г. Фармер "Араб музыкасының тарихы" деген ен. бегінде зор баға берген. Әл-Фараби Сайф ад-Даулаға арнаған алғы сөзінде былай депті: Хен маған музыка жөнінде қолдануға жаралык бір кітап құрастыруды тапсырған едің. Мен оны тезақ орындармын деп ойлағанмын. Ондағы ойым музыка жөніндегі бұрынғылардың жазғандары бар ғой, соларды жөндеп, құрастырып, сол жазғандардың атын сақтап, сонымен орындармын деген едім, ол ойым болмай шықты, өйткені музыкажөнінде жазылған арабша еңбектердің дәрежесі өте төмен болды. Ерте замандарда, әлбетте, музыка жөнінде ірі еңбектер болған ғой. Бірақ арабша аудармалар нашар ма, немесе ертедегі еңбектер бізге жетпей жоғалған ба, әйтеуір сенің тапсырмаңа жарарлық ешнәрсе таба алмадым. Сол себептен б үл мәселені тыңнан жазуға тура келді. Сенің тапсырманды көп кешіктіріп орындаған себебім осы".

Осы кітабы үшін Сайф ад-Даула Әл-Фараби не қалайтынын сұрағанда, "Күнделік керек кыларлық төрт дирхем берсең болады", - деген. Сөйтіп қарапайым ғана өмір сүрген. Қара жұмыстан да қашпай, өз тірлігіне қажетті шаруасымен өзі айналысқан, бос уақытын түгелдей ғылымға арнаған. "Фараби көзге көрікті зат -құлаққа жағымды дыбыс береді", - деген. Табиғат көркі - аспан шырактары, жердегі көрік - музыка, дыбыс. Әл-Фараби тоғыз шекті музыка аспабын сипаттап жазған. Ол туралы Мағжанның өлеңі бар:

Тұранның кім кеміткен музыкасын,

Фараби тоғыз шекті домбырасын.

Күңірентіп токсан тоғыз күй тартқанда,

Тебірентіп кім төкпеген көзден жасын.

Әл-Фарабидің музыкамен қатар айналысып, аса зор нәтижеге жеткен ғылымдары - астрономия мен геометрия. Ол оптикалык, аспаптар жасаған, онын. ішінде ойыс парабола айна, уақыт өлшегіш күн сағаты бар. Әл-Фараби зерттеуінің ерекшелігі дыбыс заңы мен жарык. сәуле заңын бірлікте қарастырған. Осы ойыс парабола (арабша "мухарак", еуропалықтар "фокус" деп аударған) Еуропаға Әл-Фарабидін. шәкірті Ибн-Хайтам арқылы, И. Кеплерге жеткен кен. Әл-Фарабидің күн сағатын жасау әдісі осы күнге дейін колданылады. Ғылымда көлеңке өлшеу әдісі, күн сағаты арқылы жердің меридианын табу Әл-Фараби әдісі деп саналады, сондай-ақ сфералык. тригонометрияға негіз салған. Әл-Фараби еңбектеріні көрсеткішінде 160 шығармасы тізімделген. (Стамбул, 1950) .

Әл-Фараби ежелгі грек оқымыстылары Платон, Аристотель Пифагор, Евклид, Птоломей еңбектерін түгелдей меңгеріп, араб тіліне аударып, дамытқан адам. Грек ойшылдарының еңбегін кейінгі шығыс ғалымдары Әл-Фарабидің түсініктеме-аудармалары арқылы оқыған. Грек ойшылдарын түсіну үшін Әл-Фарабидің өзінің қаншалықты тер төккені туралы дерек Гегель шығармаларында бар. Онда Әл-Фараби Аристотельдің "Жан жайында" кітабын 100 рет, "Табиғи үйлесімін" - 40, "Шешендік" кітабын - 200 рет оқыпты. Сөйтіп осы ғылымдарды өзі Үйреніп кана коймай, әрі қарай да дамытты. Сондықтан бірінші ұстаз -Аристотельден кейінгі "Екінші ұстаз" деген атақ алды.

Әл-Фараби әлемге дүние, жаратылыс жайындағы өзіндік ұлы көзкарасын әкелген ойшыл, философ болып танылды. Әсіресе "Жоғарғы табиғат тану негізі" еңбегі (А. Машанов "Космология" деп атайды) бүкіл шығыс философиясының терендігін, көне тылсымын қорыткан еңбек еді. Фарабидің осы еңбегін түсіну арқылы шығыс әдебиетіндегі көптеген аңыз, мифологияны танып-таразылауға болады. Фарабише, бүкіл ғалам нұр-сәуледен пайда болған. "Дүние затының бөлшектері дүркін-дүркін араласудан және ажырасудан ғаламның бірнеше дүркін бөлімдері пайда болған. Мысалы, бір араластан соңғы ажырасуда жұлдыздар пайда болса, екінші сол ген сияқты дүркінде жеті қат көк пайда болған, сол сияқты тағы бір дүркінде жер пайда болған, онын бетінде тіршілік пайда болған, адам өмірге келген". Әл-Фараби айтқан түрлі күштер қазіргі ғылымда анықталған тартылыс күші. Әл-Фараби ойшылдың адамгершілік ойлары "Қайырлы кала тұрғындарының көзкдрасы" атты трактатынан көрінеді. Ғалымның осы еңбегі Томас Мордың "Утопиясына" негіз болған. Бұл шығармадағы қала мемлекет ретінде алынған. Әңгіме ізгілікті мемлекеттегі қарым-қатынастың жай-жапсары, ақылык (этика), қоғамдык-әлеуметтік мәселелер төңірегінде болады. Еңжетілген, адам арманындағыдай ел қандай болмақ? Ондай бақытты елді әкімі кісілікті, әділетті, инабатты, батыл, жомарт, өнерді әрі қайырымды, халқы бакытты, Әл-Фараби бұл шығармасын мамражай, құт-берекелі елді аңсаумен жазған. Қай заманда да, Акмолла ақын айтқандай, "әр мұсаның тұсында бір Перғауын", яғни дана хакім мен надан әкім арасында күрес болып келеді ғой. Әл-Фараби әділеттілік өмір сүріп тұруы үшін осындай идеал мемлекет болу керек деп армандаған. Әл-Фарабидің осы арман-қаласы өзінен кейінгі шығыс-батыс ойшылдарына ой түрткі болған. Онын. іздері Фирдоусиден - Томас Мор - біздің Сұлтанмахмүтка дейін жалғасты. Бұл идея қазак мәдениетінде Әл-Фарабиден - Сұлтанмахмұтқа дейін желі болып тартылды.

Фирдоусидағы Сияуыш - қала - осы арман қала еді. Сияуыш бейбіт, бакытты әмір үшін күресуші адам. Сияуыш екі қала салдырады: Сияуыш-қала және Гангдиж.

Шығыс ойшылдары Низами мен Жәми де Ескендір дастанында Ескендірдің бір бақытты калаға келуін, ондағы идеал қоғамды суреттейді.

Қазак ойшылы Сұлтанмахмүт әл-Фараби, Низами, Жәми еңбектерімен таныс, шығыс-батыс мәдениетімен сусындап өскен адам, "Адасқан өмір" поэмасында өзінің қайырлы қоғамын жазды.

Ол өмірде бірді-бір алдау болмас,

Жағынып, арды акшаға жалдау болмас.

Емкімнен достык таппай, қастық көріп,

Бар адамды сайтан деп карғай болмас.

кара күштен жеңіліп, кайғы басып,

Өлгісі кеп, өмірден заралу болмас,

Адамдағы жан, куат, тапкыш талант,

Гүл шашапай, жеміс бермей калмау болмас.

Әркімнің кандай іске таланты бар,

Өмірін, күшін соған салмау болмас.

Жаратылыстан керегін әрбір адам,

Еңбегімен алуға бармау болмас.

Сұлтанмахмұттың терең философиялық осы сөздерін, кешегі кеңее дәуірінде "ақынның 6ұл айтып отырғаны - советтік қоғам"деуге мәжбүр еткен. Олай демесе, Сұлтанмахмұт қазақ әдебиеті тарихынан өшпек еді. Ал, шындығында, Сұлтанмахмұттың суреттеп отырған қоғамы әл-Фараби, шығыс ойшылдарынан, Томас Мор, Жан Жақ Руссодан қуат алған гуманистік көзқарастан арман болатын. Адам адам болғалы бақытты өмір, бақытқа енелтетін жер іздеген. Бұл идея Қорқыт ата, әл-Фараби-Асан

кайғымен жалғасып жатыр. Тіпті қисса-дастандарының идеясы да осыған саяды. Акша билеген қоғамнан тыс өмір сүргендіктен адами қасиеттерді сак. таған Мұңлық-Зарлык пен Робинзон Крузоның тағдыры да ұқсас. Қыскасы, бақытты өмір іздеу ойлары 6үкіл адамзатқа ортақ дейміз.

Әл-Фарабидің ойларының Абай ойларымен жалғас екендігін ғалым Акжан Машанов дәлелдеді. Әл-Фараби жалғастығы Абайға Шиhабуддин Маржани арқылы келсе керек. Ш. Маржани - Қазан каласынын. мандйындағы Маржан қаласында 1818 жылы туып, 1889 жылы Қазанда кайтыс болған ғұлама ғалым. Ол - Фарабидің замандасы, Бағдат елінен келген саяхатшы ғалым Ахмад ибн Фадланның жазбаларын тауып, аударған. Ондағы мәліметтерді өз еңбегінде пайдаланған. Ш. Маржанидің "Бұлғар мемлекеті мен Қазан хандығының тарихынан" деген кітабын В. Радлов аударып, орыс тілінде басып шығарған. Жеті томдық "Өткен бабалар өмірінен" деген кітабы араб тілінде жарық көрген. Онда әл-Фарабиді терең зерттеген. Қазақтың белгілі қайраткер, жазушылары окыған медресе "Ғалияны" ұйымдастырған кісі. Содан тәлім алған молдалар Қаркаралы, Семей медреселерінде сабақ берген. Міне, Әл-Фарабидің Абайға жету жолы осылай болыпты.

Он сегіз мың ғаламды жаратушы - жалғыз ие, оның сырын түгел ұғуға адамның миы жетпейтінін бүкіл Шығыс ғалымдары және Әл-Фараби де айтқан. Адам неғұрлым ізденіп, көп білген сайын өзінің түк білмейтінін сезініп, пүшайман болады ғой. Сократтың "Менің білетінім - түк білмейтінім" дегені - көп ізденуден туған ой. "Наданның ең басты белгісі - "бәрін білу" . . . Оның білмейтіні жоқ. Ол барлық дүниені өз пайдасына қарай бейімдеп шешуге тырысады. Ал оның пайдасының көлемі ішу, жеу, ұйықтау, көбею, мақтану . . . Егерде осындай надандардың қолына билік тиетін болса, олар дүниені ойран етер еді, өздері де ойран болар еді. Міне, Әл-Фараби мен Абайдың кездескен болмысы осындай ойлар төңірегі"(А. Машанов) .

М. Әуезов айтқандай, Абайдың сусындаған үш бұлағының бірі - шығыс мәдениеті десек, ол мәдениеттің төркіні әл-Фараби болуға керек. Өйткені Абай әл-Фарабиді тікелей оқымағанмен, үлгі алған мектебінің негізі сонда жатыр. Бұл арна енді ғана жол салынған, болашак түбегейлі зерттеуін күткен арна. Ә. Қоңыратбаев айтқандай, "бұл мәселе әдебиет шеңберіне сыймайды".

Екі алыптың көзқарасы мына мәселелерде тгйіседі: салыстырып қарасаң, дүние - ғажап қүрылыс, онда әркімнің, әр заттың өзіне лайықты орны бар. Бұл ой Абайда: Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң аркалан. Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та, бар, калан!

- болып берілген. Сондай-ақ екі ғұламаның да айтар сөзінід түйіні : Адамзат өз мекенінде тәртіппен, жарастықты жәрдеммен, үнемділік өлшеммен, ынсаппен өмір сүруі керек 1 .

Әл-Фарабидің ғылымдар саласында ғажайып жаңалықтар ашуының негізгі бір себебі өмірге ақын көзімен, киял көкірекпен қарай алғандығында болар деп ойлаймыз. Әл-Фараби, шынында ақын еді. Әл-Фарабимен бірге Сайф ад-Даула сарайында болған атақты ақын Әбу Фирастың мынандай сөзі бар: "Поэзия- алтын түйе болса, оның басы Әбунәсір Мұхаммедке (әл-Фарабидін. толық аты-жөні: Әбунәсір Мұхаммед бин Тархан бин Үзлақ Әл-Фараби), өркеші - Әбу Нувасқа, иығы - Омар ибн Әбу Рабиаға, кеудесі Әбу-Таммамға тиеді, қалғаны - ішек-қарын, оны екеуміз бөлісіп отырмыз", - депті сарай жыршысына. Мұндағы ақындардың кай-қайсысы да осал адамдар емес. "Сонда да ақынның бар тавдамасы" дегендей, жерлесімізді өзініңтүстас ақындары: ақыны депбағалауы, оның айрықша талантын көрсетсе керек.

Ақынның бізге жеткен біраз өлеңін арабша кітаптардан қазіргі тілімізге Аян Нысаналин аударып бастырған. Әл-Фараби өлендерінен бірде шығыс даналығын, бірде туған жерге деген сағыныш, біде күйінішті аңғарасың. Енді туған жерінсағынып жазған бір өлеңіне назар аударыңыз:

Қашықтасың туған жер - қалың елім,

Не бір жүйрік болдырып жарау деген.

Шаршадым мен,

Қанатым талды менің,

Шаңыт жолға сарылып қарауменен.

Кері оралмай жылдарым жатыр ағып,

Қасіреттің жасына көз жуынар

О, жараткан, көп неткен акымағың

Құм сытылды тез ысып, тез суынар.

Бұл өлендегі ақынның аңсары - туған жерге деген сағыныш, өмірдің өтпелілігіне өкініш. А. Машановтың айтуынша, Әл-Фараби туған жеріне бір оралып, келіп-кетіпті. Бүхара әмірі Нұқ Самани шақыртып, жалпы ғылымдардың негізі жөнінде кітап жазып беруін өтінген. Әл-Фараби сонда "Екінші оқулық" ("Тағлым әс-Сәни") атты еңбек жазыпты.

Әл-Фараби өзі акын болып өлең жазумен бірге поэзия туралы зерттеу жасаған. "Өлең өнерінің қағидалары туралы" трактатында Аристотельдің поэзия саласындағы ойларын дамытқан. Онда акындарды үш топка бөледі.

  1. Табиғи дарыны бар, бірак өлең өнерінің сын-сипатыменонша таныс емес, тек аса алғырлығы мен бейімділігі арқасында жырлары ұшқыр, жүрекке жылы тиіп жатады.
  2. Өлең өнерін меңгерген, бейнелеу құралының қайсысынаболсын жетік келеді. Бұлар нағыз ақындар қатарына жатады.
  3. Алғашкы екі топтағы ақындарға еліктейтіндер. Поэзияныңсыр-сипатына қанық емес. Осындай ақындар ішінде қателіктер мен мүлкетулер жиі болып тұрады.

Әл-Фараби акындық шеберлік табиғи икемділіктің іздену, поэзияның қыр-сырын меңгеру арқылы жетілгендігін, нағыз ақындықтың жолына түсу үшін едбектену керек екендігін айтқан. Әр акынның өзі төселген, білетін нәрсесін жазуы керектігін, оны зорлауға болмайтындығын жазады. "Ғажап поэзия еркіндікте тумақ", - дейді. Сонымен бірге өлең мен сурет өнерін салыстыра келіп: "Өлең өнері - сөзбен, ал сурет өнері бояумен құлпырады, олар осымен ғана бөлек, ал іс жүзінде екеуі де ұқсас, екеуі де адам сезімі мен ойына әсер етеді", - деген.

Әл-Фараби еңбектерінің жалпы саны жүз алпыстай. Оның ішінде "Заң кітабы", "Субстанция туралы", "Дүниедегі қозғалыстардың тұрақтылығы", "Ақыл мен сананың мәнГ, "Ғылымдардың тегі мен түрі", "Өлең сөз және шешендік туралы", тағы баскалары бар.

Адамзат мәдениетінің қай дәуірін алсак та, арғы-бергі заманнан, дүние окиғаларынан өзінше тұйыкталып, ешбір байланыссыз өмір сүретін мәдениет құбылысы болмайды. Әл-Фараби өмір сүрген заманның аржақ бер жағындағы өркениетке ортак бір ілгерілеу қозғалысы Оянушылық болды. Оянушылык Үрдісі әуелі өркениетті Шығыс мәдениетінде гуып қалыптасты. Оның алғашкы белгілері Қытайда 1 , Араб халифатында VIII ғасырда, ал X ғасырда Орта Азияда, оған шектес Иранда дамыды. Мәдениет алыптары әл-Фараби, Фирдоуси, Низами, Сағди, Әл-Бируни, Ибн-Сина (Авиценна) осы дәуірлерде тарих сахнасына шықты. XIII ғасырдың екінші жартысында Италия бейнелеу өнерінде орасан өзгерістер болды. Съеналык Симоне Мартини, поэзияда Данте, Петраркалар туып, XV-XVI ғасырда шарықтау шегіне жеткен Леонардо да Винчи, Микель Анджело сынды таланттар шықты.

Оянушылықтың негізгі белгілері: өткен мәдени үрдістерге зер салу, көне грек, араб ойшыддарының еңбегін оқьт-үйрену, соларды аудару, көне тілдерді үйрену, адамгершілікке үндеу, бірнеше ғылым-білім саласын қатар меңгеру. Әл-Фарабидің еңбектері, оның ойшылдығы, адами болмысы - түгелімен кейінгі батыс-шығыс оянушылығына жол салған өнеге деуге болады. Оянған адамзат санасы откен грек, араб мәдениетіне сусаған кезде оларға бұлақ көзін ашқан әл-Фараби еңбектері болды. Аристотель, Евклид, Пифагорды олар әл-Фараби арқылы таныды. Сол баспалдақтан барып, адамзат тағы бір мәдени сатыға көтерілді. Әлемге Леонардо да Винчиді, Микель Анджелоны келтірген Оянушылық көне грек мәдениетіне үңілген түста әл-Фарабиге кдрыздар. Ол Аристотелъдің "Категориялар", "Метафизика", Термоневтика", "Риторика", "Поэтика", "Аналитика", "Евклидіің бірінші және бесінші кітаптарына", "Птоломейдің "Алмагесіне" түсініктеме жазды. Батыс елдері антиканы оқу үшін арабша аударма, түсініктемелерді пайдаланды. Сол себептен де Аристотельді өмірге кайта әкелуге себепкер болған, сөйтіп жаңа бір сапаға айналдырған әл-Фарабиді "Екінші ұстаз" деп атады.

Фарабидің ізін басқан шәкірттерінің бірі - Ибн Сина да ұстаздың ғылымдағы жолын қуып, түрлі ғылым салаларынан сабақтастық тапқан. Философия, геология, медицина, жаратылыстану, математика, поэзия туралы да еңбек жазды. Птоломей шығармалары арқылы геометрия, астрономияны оқып, грек дәрігерлері Гиппократ, Галендерден медицина сырына үңілді . Фараби түсініктемелері бойынша Аристотельді талдады.

Әл-Фарабидің грек ғылымын меңгеруі жалпы адамзат үшін орасан пайдалы болғанымен, өз жеке басына зиянын да тигізген. Бұл жағынан далалық елден шығып барып, қалалык грек білімін алған екі алып Әл-Фараби мен Анахарсис өмірі ұқсас. Диоген Лаэрттін, "Әйгілі ойшылдардың өмірі, өнегесі және шеиіендік сөздері" деген еңбегінде. (М, 1979) скиф-сақ патшасының бауыры, білімпаз шешен, акын, ойшыл Анахарсисті жазған. "Ақылды- ақылдылар айтады да, істі ақымақтар шешеді" дейтін нақьіл сөз осы кісіден қалған екен. Скиф Анахарсистің шын атын білмейміз, грек тілінің ыңғайымен солай аталып, жат жұрттың дінін мойьшдап, ғылымын меңгерді, бірақ оны элладалықтар "скиф" десе, скифтер "трек" болып кеттідеп кіналаған. Жат жұртқа бауыр басқаны үшін өз еліне кайтып келгенде жерлестері атып өлтірген. Осы кайғылы тағдырдың кейбір қоқан-лоққыларын әл-Фараби де бастан кешкенге ұқсайды. Әл-Фарабидің ғылымдьі тек исламнан іздемей, бүтқа табынған гректерден іздеуі кей жағдайда дінді бұзушылық болып табылған. Ғалымның Бағдадтан кетіп, Сирияға келу себебі сол болса керек. Сириядағы өмірі Сайф ад-Дауланың сарайында өтіп, 950 жылы 80 жасында қайтыс болды. Әмір өз колымен "Баб ас-Сағир" атты зиратқа қойған.

Әл-Фарабиді XV ғасырдағы Русьте ірі ойшыл ретінде таныған. Бір қызығы ол кісінің атын Авиасаф деген екен (Тұран батыры Афрасияпқа үқсас) . "Авиасаф логикасы" деген атпен XV ғасырда жазылған қолжазба Киевтегі Михайлов шіркеуінің кітапханасынан және Мәскеудегі Синод кітапханасында сақтаулы.

Әл-Фараби - әлемдік өркениетке зор үлес қосқан ойшыл ғалым.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ислам өркениеті және оның қазақ халқының дүниетанымына ену тарихы Әл-Фарабидің рухани мұрасын жаңғыртудағы А.Қасымжановтың орны
Омар Хайям шығармашылығының қазақ тіліне аударылуы
Түркиядағы жазба жәдігерліктеріміз
Әл- Фарабидің өмірі туралы ақпарат
Шахмет Хұсайынов драматургиясындағы тарихи-ғұмырнамалық пьесалар
Орта ғасырлық ғылымның дамуы
Экскурсия түсінігі
Әл-Фараби мұрасы: білім-ғылым, тәрбие берудегі өзекті мәселелер
Әбу Насыр Әл-Фараби
Ақжан Машанов ғибраты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz