СТӨК-да шоколад массаларын өндiру процесiн автоматтандыру жүйесiн жасау



1 Кiрiспе
2 Технологиялық процесс және функционалды сұлба сипаттамасы
3 Экономикалық бөлiм
4 Тiршiлiк қауiпсiздiгi
5 Патенттiк iзденiс
6 Қолданылған әдебиеттер
Өндiрiстi автоматтандыру – бұл адамның алдын-ала орындаған бақылау және басқару функцияларының аспаптар мен автоматты қондырғыларға берiлу процесi. Өндiрiстi автоматтандырудың негiзгi мақсаты – еңбек өнiмдiлiгiн арттыру және шығарылатын өнiм сапасын жоғарлату .
Автоматты қондырғыларды шығаруға адамдардың қызығушылығы ежелгi заманда-ақ пайда болған.Ежелгi Египет елiнде бiрталай автоматтық жүйелердiң болғандығын археологиялық ашылулар дәлелдедi. Мысалы:жұмыс iстеу әрекетi жылу , күн энергиясына негiзделген және май мен жұмыс iстейтiн қондырғылар табылған. Бiздiң эрамызға дейiнгi I-шi ғасырда автоматиканың негiзiн қалаған .Герон Александрииский деген оқымысты өмiр сүрген. Ол өзiнiң ”пневматика” деген еңбегiнде қысым және жылуды пайдалану принцiпiне негiзделген “Сиқырлы фокустар” қатарын жазды. Ол бу күшiмен айналатын шар конструкциясын жасады. Бұл еңбегi кейiннен “Герон шары” деген атақ алды.
1. “Проектирование систем автоматизации тех.процессов” А.С.Клюев,Б.В.Гмезов. 1990 г.
2. “Технологические измерения и приборы в пищевой промышленности” И.К.Петров.1985 г.
3. “Автоматизация тех.процессов в шоколадной промышленности” Л.Г.Брусиловский.1987 г.
4. “Технологическое оборудование предприятий шоколадной промышленности” В.Д.Сурков.1983 г.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БIЛIМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛIГI
ШӘКӘРIМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТIК УНИВЕРСИТЕТI

Ақпараттық коммуникациялық технологиялар факультетi
Автоматтандыру және басқару кафедрасы

Диплом алдындағы практика
Есебi

Тақырыбы: СТӨК-да шоколад массаларын өндiру процесiн автоматтандыру жүйесiн
жасау

Студент Камзин К.

Университтетегi жетекшi________________

Кәсiпорындағы жетекшi_________________

Бағасы _________

Мазмұны:

1 Кiрiспе
2 Технологиялық процесс және функционалды сұлба сипаттамасы
3 Экономикалық бөлiм
4 Тiршiлiк қауiпсiздiгi
5 Патенттiк iзденiс
6 Қолданылған әдебиеттер

1.Кiрiспе

Өндiрiстi автоматтандыру – бұл адамның алдын-ала орындаған бақылау
және басқару функцияларының аспаптар мен автоматты қондырғыларға берiлу
процесi. Өндiрiстi автоматтандырудың негiзгi мақсаты – еңбек өнiмдiлiгiн
арттыру және шығарылатын өнiм сапасын жоғарлату .
Автоматты қондырғыларды шығаруға адамдардың қызығушылығы ежелгi
заманда-ақ пайда болған.Ежелгi Египет елiнде бiрталай автоматтық жүйелердiң
болғандығын археологиялық ашылулар дәлелдедi. Мысалы:жұмыс iстеу әрекетi
жылу , күн энергиясына негiзделген және май мен жұмыс iстейтiн қондырғылар
табылған. Бiздiң эрамызға дейiнгi I-шi ғасырда автоматиканың негiзiн
қалаған .Герон Александрииский деген оқымысты өмiр сүрген. Ол өзiнiң
”пневматика” деген еңбегiнде қысым және жылуды пайдалану принцiпiне
негiзделген “Сиқырлы фокустар” қатарын жазды. Ол бу күшiмен айналатын шар
конструкциясын жасады. Бұл еңбегi кейiннен “Герон шары” деген атақ алды.

XVIII- ғасырда техниканың ендi жетiлген кезi: мысалы, бу машиналары
шықты. Бұл техникалар қайта өңдеудi, автоматты қондырғыларды қоюды талап
еттi.
Осы салада ағылшын механигi Уотт, француз ғалымы Понцеле т.б.
көптеген еңбек сiңiрдi.Сол сияқты совет ғалымдарынан профессор
И.А.Вышнеградскии, математик А.М.Лепунов, Н.Е.Жуковский т.б. ғалымдар
көптеген жаңалықтар енгiздi.
Автоматтандыру жүйесiнде ғылым мен техниканың жаңа жетiстiктерi
кеңiнен қолданылады.
Қазiргi уақытта салаларда өндiрiстi жеке және екi комплекстi
автоматтандыру бар. Бiр – жекелеген өндiрiстердi автоматтандыру .
Комплекстi автоматтандыруда негiзiнен бөлiк, цех,завод т.б.
автоматтандыруда бiртұтас автоматтандыру комплексi ретiнде әрекет жасайды.
Автоматтық басқару жүйесiмен қатар автоматтандырылған басқару жүйесi бар.
Олардың айырмашылығы адам – машина жүйесi. Онда электронды есептеу
машиналары пайдаланылады. Салаларда технологиялық процестерiнiң
автоматтандырылған жүйесi өндiрiстегi автоматтандырылған бiрақ
қанағаттандырылмаған жүйе. Салалық автоматтандырылған жүйе дамыған.

2 Технологиялық процесс және функционалды сұлба сипаттамасы

Шоколад массасын өндіру технологиясы какао майы, түйіршік какао, қант
ұнтағы, дәмкелтіргіш қоспалар, разжижитель, эссенция қоспаларын өндіруден
тұрады. Қант шнек арқылы VI дозатордан III, бункерден V, ворашительден IV
өтіп, микро диірменде II үгітіліп,араластырғышқа I беріледі.VII, XIII
жинқтарға сораптар арқылы берілген какао түіршігі және майы дозаторлар VIII
арқылы араластырғышқа беріледі. Араластырғышта I араласқан қоспа бес
білікті диірменге IX беріледі. Онда кезекті үгітілуден өтіп екінші
араластырғышқа X беріледі. Осыған XI, XII дозаторлар арқылы разжижитель
және эссенция беріледі. Екінші араластырғышта араласқаннан алынған масса
құрамының сапасын арттыру үшін гемогендеуге эмульсаторға беріледі. Шоколад
массасының тұтқырлығы неғұрлым төмен болса, оған соғұрлым какао майы аз
кетеді. Неғұрлым майда болған сайын шоколад массасының дәмі жақсара түседі.
Гемогендеуден өткен шоколад массасы XIV-ші жинаққа беріледі.
Функционалдық сұлба сызба түрінде орындалынады.Онда сұлбалық шартты
белгілермен бейнеленген технологиялық қондырғылар ,технологиялық
қондырғылар мен автоматтандыру жабдықтарының байланысын көрсететін басқару
органдары және автоматтандыру жабдықтары көрсетіледі.
Автоматтандыру сұлбасын-компоненттерді дозалау ,жинағыштардағы деңгей
және температура режимдерін реттеуді қарастырады.Шнек VI арқылы бункерге
келген қант ұнтағы СУС-15 аспабының 1-1 және 1-2 датчиктері арқылы
өлшенеді. Ол км1 магниттік қосқыш арқылы электро қозғалтқышты 2 қосып-
өшіру арқылы бункерге қант ұнтағының берілуін басқарады.VII-ші және ХІІ
жинақтардағы түйіршік какао және какао майы деңгейлері реттегіштері
орнатылған.Шоколад массасы жинағында ХІV-деңгей керек
жеткенде 7-1 датчик қосылып, электро қозғалтқышқа 21 дабыл беріледі .
Түйіршік какао жинағында температура 3-1 кедергі термо түрлендіргіші
көмегімен өлшеніп,көрсететін,реттейтін,тіркей тін 3-2 мен қосылған дабыл
3-3 реттегішіне келеді де 3-4 электро қозғалтқышты клапанға әсер
етеді.Какао майы және шоколад массасы жинағында да дәл осылай өлшенеді.

Бір щиттің жалпы көрінісінің сызбасында келесі бөлімдер болуй тиіс:
құрастыру бөлшектерінің кестелері; алдынан қарағандағы көрініс; фрагмент
көріністері; техникалық шарттар; жазылған.
Сызбадағы барлық кестелер бір қалыпты өтпелі түрде нөмірленуі тиіс.
Құралған қалқанның жалпы көрінісінің сызбасында келесі бөлімдер болуы тиіс:
құрастыру бөлшектерінің кестелері, алдынан қарағандағы көрініс.
Алдынан қарағандағы көріністің сызбасы жалпы МЕСТ 2.301-68 бойынша
сызылады. Қалқанның алдынан қарғандағы көрінісіне аспаптар,
автоматтандыруға арналған құралдар және түсіндірме жазуы бар рамкалар
көрсетіледі.
Жоба бойынша қарасақ қалқанның жалпы көрінісінде орналасқан аспаптар
төмендегідей биіктікке орналасқан: табло ТСБ 1405 мм биіктікке; температура
өлшеуге раналған КСМ2 теңестіру көрірлері 1040 мм биіктікке; РТ25 типті
температура реттегіш аспап 635 мм биіктікке; ВСМ-3 типті тұтқырлық өлшегіш
вискометр 653,5 мм биіктікке; ПКЕ 222-142 типті түймешелі басқару посты 375
мм биіктікке орналасқан.
Қалқанның ішкі жазықтықтар көрінісін МЕСТ 2.301-68 бойынша
орындалынады. Монтаждық сұлбада келесілер көрсетіледі: орнатылған аспаптар,
электро аппаратуралар және пневмо аппаратуралар; электр өткізгіштерді
монтаждауға арналған бұйымдар: блоктар, рейкалар, упор; қалқан тіректерінің
дициметірлік шкалалары; қалқанның ішкі аппаратуралары бекітілетін рейкалар,
скобалар, угольниктер; құбыр өткізгіштерді монтаждауға арналған бұйымдар;
электр және құбыр өткізгіштердің жгуттары.
Жобадағы қалғанның сол қабырғасында трансформатор TV; резисторлары
R1,R2,R3; диодтар VD1,VD2,VD3; автоматтық қосқыштар SF1,SF2; арқылы релелер
К1-К10; рейкалар Р6 600 ТК-100-83, уголок УП 42х25, L=430, TK3-257-83
орнатылған.
Сол жақ секциясында жарық таблосы HL11-HL21; KCM-2 типті теңестіру
көпірлері 10-2,9-2,8-2; ВСМ-3 типті вискозиметр 6-3, РТ-25-47 типті
реттегіштер 10-3,9-3; ПКЕ222-142 типті түймешелі басқару кілті SA14-SB8;
рейка Р1000 ТК3-101-83 орнатылған.
Оң жақ секциясында: табло HL10-HL1; KCM-2 типті теңестіру көпірлері
5-2, 3-2, 11-2, РТ-25-47 типті реттегіштер 8-3, 5-3,3-3; ПКЕ 222-142 типті
түмешелі басқару посты SB7-SB1; ПКТ 44 типті басқару кілті SA7-SA1; рейка
Р1000 ТК3-101-83 орнаған.
Принциалды электрлік сұлбааспаптардың толық құрамын, әрекеттері
басқару, реттеу, өлшеу, қорғау, дабыл беруді қамтитын,анықтайды.
Бұл сұлбалар жүйенің әрекет принципін оқуға қызмет етеді.
Принциалды электрлік сұлбаның құрамына кіретін элементер жайлы кесте
түрінде толтырылған элементтер тізбегіне жазылады.
Автоматтандыру жүйесінің принципиалды электрлік сулбасында бейнеленуі
керек: басқару, реттеу, өлшеу, дабыл беру, электр қоректену, күш
тізбектері; берілген сұлба аспаптарының басқа сұлбалардағы контактілері
және басқа сұлба контактілері; элементтер тізбегі; негізгі жазу.
Берілген курстық жоба бойынша қарасақ, таңдалған электро қозғалтқыш
түрі – үш фазалы асинхронды электро қозғалтқыш. Магниттік қосқыштың үш
контактісі КМ 1.2, КМ 1.3, КМ 1,4 басқару сұлбасында бір контактісі КМ 1.1
басқару тізбегінде орнатылған жылу релесінің 2 контактісі КК 1.1, КК 1.2
басқару тізбегінде, КК 1.3, КК 1.4 басқару сұлбасында жылу релелері қысқа
тұйықталған токтар үшін, қысқа тұйықталған токтар пайда болғанда контакт
ажыратылады. SA1 әмбебап қосқыш автоматтық басқару үшін және қол басқару
үшін қолданылады. Қолмен басқару үшін ажырату-қосу кнопкалары бар.
Автоматты басқару үшін Р1.1 контактісі бар. Қол басқару кезінде SB1.1
Кнопкасына басамыз км 1.1 қосқышының катушкасы іске қосылады.SB 1.1 мен
KM1.1 өзара байланысқан. SB 1.2 ажыратқыш KM1.1катушкасы айналғанда М1
электро қозғалтқышы іске қосылып, шнек VI өз жұмысын бастайды.
Тізбек SF1 автоматтық қосқыш арқылы қоректендіріледі.
М2 электро қозғалтқышы арқылы ворашитель IV жұмысқа қосылады. Автоматты
басқару контактісі Р1.2.
М3 электро қозғалтқышы арқылы дозатор III жұмысқа қосылады. . Автоматты
басқару контактісі Р1.3.
М4 электро қозғалтқышы арқылы микро диірмен II іске қосылады. Автоматты
басқару контактісі Р1.4.
М5 электро қозғалтқышы арқылы жинақ VII іске қосылады. . Автоматты
басқару контактісі Р 6.1.
М 6 электро қозғалтқышы арқылы дозатор VIII жұмысқа қосылады. .
Автоматты басқару контактісі 16.1.
М 7 электро қозғалтқышы арқылы араластырғыш I іске қосылады. .
Автоматты басқару контактісі Р12.1.
М 8 электро қозғалтқышы арқылы бес бірлікті диірмен IX іске қосылады. .
Автоматты басқару контактісі Р14.
М 9 электро қозғалтқышы арқылы араластырғыш X іске қосылады. .
Автоматты басқару контактісі Р2.1.
М 10 электро қозғалтқышы арқылы сораптың 11 жұмысы басқарылады.
Автоматы басқару контаксісі Р2.2.
М 11 электро қозғалтқышы арқылы жинақтың VII ;9vscs , жұмысы
басқарылады. Автоматы басқару контаксісі Р3.1.
М 12 электро қозғалтқышы арқылы дозатор VIII іске қосылады. Автоматы
басқару контаксісі Р5.1.
М 13 электро қозғалтқышы арқылы сорап 17 іске қосылады. Автоматы
басқару контаксісі Р8.1.
М 14 электро қозғалтқышы арқылы сораптың 21 жұмысы басқарылады.
Автоматы басқару контаксісі Р9.1.

3 Экономикалық бөлiм

Өндірісті ұйымдастыру – кәсіпорында бар барлық элементтерді: еңбек
құралдарын, еңбек заттарын, жұмыс күшін бір-бірімен оңтайлы үйлестіру
процесі. Жақсы ұйымдастырылған өндірісте барлық қорлар әрі үнемі, әрі толық
қолданылады.
Қазіргі уақытта тағам өнеркәсібінде негізгі өндірісті ұйымдастыру мәселесі
өте маңызды орын алатын болды, өйткені нарықтық экономикада, бәсекелестік
күрестің шиеленісу жағдайларында әр кәсіпорын өз өніміне сұранысты
қамтамасыз ету үшін оны әрі сапалы түрде шығару керек, әрі шығындарын, оған
сәйкес өнім бағасын азайтуға ұмтылады. Ал бұл мақсаттарға жету үшін
кәсіпорын басшылығы міндетті түрде өндірісті ұйымдастыру қағидаларын,
әдістерін барынша қолдану қажет. Тағам өнеркәсібінің тағы бір ерекшелігін
есебке алу керек. Бұл өндірісте шығарылатын өнімді адамдар тікелей
қолданғандықтан, олардың тағамдық қасиеттеріне әсіресе қатал талаптар қоюлу
керек.
Қазір, Қазақстанның тағам өнеркәсібі біртіндеп дағдарыстан шыға бастады. Ет
және сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорындардың саны және өндіріс көлемі
жылдан-жылға өсіп жатыр. Өкінішке орай, осы кәсіпорындардың көбісі,
қаржының жетіспеушілігіне байланысты ескірген құрал-жабдықтарды және
технологиялық желілерді қолдануға мәжбүр. Бұл жағдайларда кәсіпорын
мейлінше өндірісті оңтайлы ұйымдастыруға көбірек көңіл бөлу керек, яғни
өндірісте бар құрал-жабдықтарды дұрыс қолданып, олардың орналасуын оңтайлы
жобалау керек. Берілген курс жұмысының басты мақсаты – тапсырмада берілген
өнім түрін шығару технологиясына сәйкес тасқынды желінің барлық жұмыс
орындарына экономикалық тұрғыдан тиімді құрал-жабдықтарды таңдау және
оларды технологиялық жүйелікте орналастыру.
1. Өндірістік процесті механикалық тұрғыдан жабдықтау
варианттарын қарастыру және құрал-жабдықтардың техникалы-
экономикалық сипаттамаларын анықтау.

Берілген өнім түрінің қысқаша технологиясы.
Есептеулер берілген технологияның негізгі үш
операциясы бойынша жүргізіледі.
Олар: Өлшеу;
Майын алу;
Сыр дайындау;
Осы операцияларға екі-екіден құрал-жабдық таңдалады. Осы құрал-
жабдықтардың барлық техникалы- экономикалық көрсеткіштерін анықтау үшін
каталогтар, анықтамалықтар қолданылады. Барлық мәліметтер кесте 1-ге
енгізіледі.
Құрал-жабдықтарды орындарына орнатуға, жеткізуге кететін шығындар осы
жабдықтың құнынан 15% етіп алынады.
Құрал-жабдықтарды жөндеуге кеткен шығындарды анықтау үшін олардың әр
жөндеу түрі бойынша мерзімділігі берілу керек. Бұл мерзімділікті жөндеу
циклiнен алуға болады. Күрделі жөндеудің еңбек сіңіргіштігі 35 адам-сағатқа
тең етіп алынады, ал смена ұзақтығы 8 сағатқа тең.
2. Вариант бойынша құрал-жабдықтардың эксплуатациялық
шығындарын есептеу.
Эксплуатациялық шығындар машиналарды толық тиелген кездегі жағдайына
лайық есептейміз. Эксплуатациялық шығындарға осы құрал-жабдықтарға қызмет
ететін жұмысшылардың еңбек ақысы, машиналарға кететін энергия шығындары,
еңбекті қорғауға кететін, машиналарды жөндеуге кететін шығындар және
олардың амортизациясы жатады. Осы шығындарды жеке-жеке есептейік:
А) Машиналарға қызмет көрсететін жұмысшылардың еңбек ақысы.
Ең алдымен әр операция бойынша салыстырылатын жабдықтардың өнім
өндіру нормалары анықталады. Оларды табу үшін келесі формула қолданамыз:
Нөө=Өсағ*ТнәтЖ
Мұндағы Өсағ - машинаның сағаттық өнімділігі, тонна;
Тнәт – машинаның смема ішінде нәтижелі жұмыс
істеу уақыты, сағат;
Ж – осы машинаға қызмет ететін жұмысшылар саны, адам.
Есептеулерге қажет мәліметтерді кесте 1-ден аламыз.
Машинаның нәтижелі жұмыс істеу уақытын табу үшін смена ұзақтығынан
осы машинаның дайындық-соңғы уақытын аламыз, яғни: Тнәт=Тем-Тде.
Барлық есептеулер кесте 2-ге енгізіледі.
Анықталған өнім өндіру нормаларына қарап әр операцияға кететін уақыт
нормаларын анықтай аламыз. Ол сменалық уақытты өнім өндіру нормасывна бөлу
арқылы табылады: Нуақ=ТемНөө.
Уақыт нормасы бізге өнім бірлігіне төленетін жалақыны табу үшін
керек. Мұнда табылған уақыт нормасы берілген машинаға қызмет ететін
жұмысшылардың разрядына сәйкес болатын сағаттық тарифтік ставкаға
көбейтіледі, нәтижесінде еңбек бағасы табылады. (ЕБ=Нуақ*Тет). Тарифтік
ставканы анықтау үшін бірінші разрядтың тарифтік ставкасын берілген
операцияның разрядына сәйкес болатын тарифтіу коэффициентке көбейтеміз
(Тет=17*Тк). Төменде әр разрядқа сәйкес тарифтік коэффициенттер
көрсетілген.
1 разряд – 1,0; 2 -1,07; 3-1,15; 4-124; 5-1,33; 6-1,43; 7-1,54; 8-
1,66; 9-1,78; 10-1,91; 11-2,05; 12-2,2; 13-2,37; 14-2,55; 15-2,74; 16-2,95;
17-3,17; 18-3,41; 19-3,67; 20-3,94; 21-4,24.
Анықталған еңбек қосымша төлемдер (15%), қосымша еңбек ақы (20%) және
әлеуметтік төлемдер (25%) қосылады. Есептеулер кесте 3-те көрсетілген.
Б) Энергия шығындары.
Берілген шығындарды табу үшін кесте 1-ден әр машинаның бір сағаттағы
қуатын осы қуатты пайдалану коэффициентне (0,85) көбейтіп, шыққан санды
машинаның сағаттық өнімділігіне бөлу керек. Нәтижесінде өнім бірлігіне
жұмсалатын электроэнергияның натуралдық бірліктеріндегі шығыны анықталады.
Ақшалай түрге айналдыру үшін оны 1 кВт бағасына көбейту керек. Кәсіпорындар
үшін ол 3 теңгеге тең алынады.
Басқа энергия түрлеріне кеткен шығындар тура осындай тәртіпте
анықталады. Әр энергия түрінің бағалары мынадай: Бу- 1ГДж = 1600 теңге;
Суық – 1 ГДж = 1200 теңге; суық су – 1 м3 = 9 теңге; ыстық су – 1м3 = 90
теңге; қысылкан ауа – 1 м3 = 28 теңге; газ - 1м3 = 60 теңге.
Қарастырылған машиналарда тек электроэнергия мен суық су жұмсалады,
сондықтан есептеулер кесте 4 пен 5 көрсетілген.
В) Еңбекті қорғау шығындары.
Берілген шығындардың өнім бірлігіне кететін шамасын анықтау үшін ең
алдымен жыл ішінде жұмсалу мөлшерін табады. Бір жылда бір жұмысшыға 15000
теңгеге тең ақша осы мақсатқа жұмсалады. Енді осы қаржыны берілген машинаға
қызмет ететін жұмысшылар санына көбейтсек жылдық шығынды есептейміз. Одан
кейін оны машинаның жылдық өнімділігін бөліп өнім бірлігіне саналған
мөлшерін табамыз.
Машинаның жылдық өнімділігі мына формула бойынша табылады:
Өжыл=Өсағ*Тнәт*Се
Мұндағы Се – жыл ішіндегі смена саны.
Есептеулер нәтижелері кесте 6-ға енгізілген.
Г) Құрал-жабдықтарды жөндеу.
Берілген шығын статьясын анықтау алдында әртүрлі жөндеу түрлерінің
жыл ішіндегі санын анықтауымыз керек. Ол үшін кесте 1-де көрсетілген осы
жөндеулердің мерзімділігін есепке аламыз және әр жабдыққа жөндеу циклін
құрастырамыз.
Жөндеулердің санын тапқаннан кейін әр жөндеудің еңбек сіңіргіштігін
табу керек. Ол үшін күрделі жөндеудің еңбек сіңіргіштік бірлігін әр
жөндеудің ара-қатыстығы шамасына көбейтеміз. Ет өнеркәсібі үшін бұл ара-
қатыс: 1:0,5:0,126:0,017; сүт өнеркәсібінде: 1:0,6:0,2:0,03.
Әр жөндеудің еңбек сіңіргіштігін анықтағаннан кейін олардың жалпы
көлемін табу керек. Ол үшін мына формула қолданылады:
ЕС = (Ск*ЕСк+Со*ЕСо+Са*ЕСа+Сб *ЕСб)*Кқүр
Мұндағы Ск,о,а,б - әр түрлі жөндеулердің саны
ЕСк,о,а,б – осы жөндеулердің еңбек сіңіргіштіктері
Ккүр – жөндеу күрделігінің коэффициенті.
Есептеулер кесте 7-ші кестеде көрсетілген.
Жөндеулердің анықталған жалпы еңбек сіңіргіштігін ақшалай шығындарын
табу үшін оны осы жөндеуші жұмысшылардың тарифтік ставкасына (24 теңге)
көбейтеміз. Оған сәйкес қосымша төлемдерді, қосымша еңбек ақыны, әлеуметтік
төлемдерді қосамыз, Шыққан еңбек ақы шамасына жөндеуге керек
материалдардың, бөлшектердің шығындарын (70%), басқа шығындарды (90%)
қосамыз. Өнім бірлігіне табу үшін шыққан шығындарды жабдықтардың жылдық
өнімділігіне бөлеміз (8 кесте).
Д) Амортизация.
Амортизациялық төлемдерді табу үшін оларды екіге бөлу керек. Ең
алдымен құрал-жабдықтардың амортизациясы анықталады. Амортизация олардың
жалпы құнынан есептелінеді. Амортизация нормасы 20%.
Екіншіден, осы құрал-жабдықтар алатын ауданның амортизациясы анықтау
керек. Ол үшін ғимараттың құны табылу керек. 1 шаршы метрдің бағасы 10 мың
теңге алынады. Осы бағаны құрал-жабдықтың алатын ауданына көбейтеміз, одан
шыққан аудан құнынан амортизация есептейміз (8%). Анықталған амортизациялық
жылдық төлемдерді машинаның жылдық өнімділігіне бөлеміз.
Есептеулер 9а және 9б кестелерінде көрсетілген.
Е) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнімдер өндірісі
Шоколад өнімінің ассортименттері және технологиясы
Салмасы бар шоколад
Шоколад өнімдері туралы
Шоколад өндірісі
Қанттан және ұннан даярланған кондитерлік өнімдер
Нарық жағдайында кәсіпорынның өндірістік қызметін ұйымдастыру және оның тиімділігі
Сүттің адам тамақтануындағы маңыздылығы
Жарма өндіру технологиясы
Маркетингті жақсарту және нарықты зерттеу
Пәндер