Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорлары: қалыптасуы және даму мәселелері


Қ Р бюджеттен тыс қорлары: қалыптасуы және даму мәселелері
Орындаған: Сақан Арайлым, ФК-21 тобының студенті
Жетекшісі: Адильбекова Б. А., «Қаржы» кафедрасы
Тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап Қазақстан өзінің дербес даму жолын таңдап, жылдан-жылға әлемдік қоғамдастықта барған сайын зор құрмет пен беделге қол жеткізе отырып, алға қарай нық сеніммен ілгерілеп келеді.
Бүгінде экономика мен өз мемлекеттілігіміздің берік іргетасын қамтамасыз етіп, Қазақстан қағидаттық жаңа кезеңге сенімді қадам басты. Мұның өзі Қазақстанның одан әрі дамуын тұрлаулы, осы заманғы және болашағы зор экономикалық, әлеуметтік, саяси және әкімшілік негізге қоюға мүмкіндік береді.
Қазақстанда 1990 жылдары тіпті өзгеше жағдай орын алды. Бұл кезде өндіріс құлдырап, жұмыссыздық пайда болды, оның деңгейі күн санап өсе бастады, жалақы мөлшері біршама төмендеді, қызметкерлерге жалақы айлап төленбейтін болды.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, нарықтық экономика жағдайында экономикалық және әлеуметтік салаларды қаржыландыруда бір ғана бюджет қаражаттары жеткіліксіз бола бастады. Сондықтан қосымша қаржы көздерін іздестіру қажет болды. Бюджет қорымен қатар 1991 жылдан бастап мақсатты бюджеттен тыс қорлар құрылып, жұмыс істей бастады.
Бюджеттен тыс қорлар - мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды буыны; мемлекеттің қатаң белгілі бір мақсаттарға пайдаланатын және заң жүзінде қалыптасуының бекітілген көздері бар ақша ресурстарының жиынтығы.
Бюджеттен тыс қорлардың пайда болуы әлеуметтік-экономикалық мақсаттарға жұмсалатын мемлекеттің қаржы ресурстарының бір бөлігін оқшауландыру, мемлекеттік бюджетті оған тән емес шығыстардан жеңілдету, бір жағынан бюджет тапшылығын төмендету қажет болды. (Кесте 1. )
Бюджеттен тыс қорларға Зейнетақы қорлары, Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорлары, Инновациялық қорлар, Жол қоры, Әскери өндірісті конверсиялау қоры, Инвестициялық қор, Шағын және орта бизнесті дамыту қоры және тағы басқа қорлар жатқызылады.
Жалпы бюджеттен тыс қорлардың жұмыс істеуі сайып келгенде, бүкіл қоғам мүддесі үшін жүзеге асырылады, оны нығайтуға бағытталған және қаржы қатынастарының бұл нысанының әлеуметтік-экономикалық мәні осында.
Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасындағы бюджеттен тыс қорлардың мынадай түрлерін атап көрсетуге болады: Жинақтаушы зейнетақы қорлары, Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорлары, Ұлттық инновациялық қорлар, Инвестициялық қор, Шағын және орта бизнесті дамыту қоры. (Кесте 2. )
Бүгінгі күні Республикадағы зейнетақының қызмет көрсету рыногын 14 Жинақтаушы Зейнетақы Қоры құрайды, олардың республиканың түрлі аудандарында 72 филиалы және 73 өкілдіктері бар. Олардың әрекет ету мерзімі ішінде, оларда зейнетақы қорларының 648580 млрд. теңге жинақталған. Жинақтаушы Зейнетақы Жүйесіне қатысушылармен жүргізілген зейнетақы реформасын жүргізу мерзімінде сандық және сапалық сияқты белгілі бір жетістіктерге қол жеткізілген.
Жинақтаушы Зейнетақы Жүйесінің сапалық нәтижесі болып мыналар табылады: салымшыларға қызмет көрсетуді жақсарту, салымшыларды Жинақтаушы Зейнетақы Жүйесі жөнінде хабардар етіп отыру, аймақтық бағдарламаларды дамыту, жарнама қызметкер және осылардың нәтижесінде зейнетақылық қызмет көрсету рыногында Жинақтаушы Зейнетақы Қорының арасында бәсекелестік сайыстың өршуі.
2003 жылы 5 желтоқсандағы нөмір 505// «2004 жылы республика бюджеті туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, 2004 жылы 1 қаңтардан бастап республикадағы минималды зейнетақы мөлшері 5800 теңге, ал 2006 жылы 9500 теңгені құрады. (Кесте 3. )
Әлеуметтік құрылымды ескере отырып зейнетақы төлеудің мемлекеттік орталығынан зейнетақы алушылардың саны 2006 жылы - 2302 мың адам немесе республиканың барлық тұрғындарының 11, 7 пайызын құрады, ал ауыл тұрғындарының үлесіне 43 пайызы келеді. Жалпы зейнетақы алушылардың ішіндегі әйелдер 69, 1 пайыз құрайды, олардың 22, 7 пайызы 4 немесе одан да көп бала туған және оларды 8 жасқа дейін тәрбиелеген көп балалы аналар. Ағымдағы жылдың басында зейнетақы алушылардың жалпы саны 185 мың адамды құрады.
Қазіргі кезде ЖЗҚ арасында Қазақстан Халық Банкі ЖЗҚ АҚ лидер болып табылуда, оның үлес салмағы 25, 9 % құрайды. Екінші орында МЖЗҚ ЖЗҚ АҚ - 19, 4 %, үшінші орында Ұлар-Үміт ЖЗҚ АҚ -18, 1 % құрап отыр.
Қазіргі кезде 6, 7 млн. астам жеке зейнетақы есебі ашылған, ал таза инвестициялық табыс 107, 4 млрд. теңгені құрайды. Бұдан басқа, зейнетақы қорлары мен аударуды қосқанда, жалпы құны 25 млрд. теңге болатын, міндетті және қайырымдылық зейнетақы жарнасы есебінен зейнетақы төлемі жүзеге асырылған. Өз кезегінде, 2007 жылы зейнетақы қорының көлемі 947 млрд. теңгеге жетеді деп болжанып отыр.
Жинақтау зейнетақы жүйесінде бірқатар мәселелер бар. Ең маңызды мәселе - халықтың қорларға сенімінің бірден қалыптаспауы. 2000 жылдан бастап қана жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қатысушылары көбейе бастады.
Екінші мәселе - зейнетақы жасының ұзақтығы;
Үшінші мәселе мемлекеттің кепілдігінің болмауы.
Зейнеткерлік туралы тағы бір мәселе - ол зейнеткерлікке жақындағандар, яғни елуден асқандар, тіпті қырықтан асқандар мәселесі. Әсіресе, жеке меншік кәсіпорындарда жасы ұлғая бастағандарды жұмысқа алмау заңға айналғандай көрінеді. Үлкендер аурушаң келер, бәлкім күш-қуаты кемдеу шығар. Бірақ олар жұмыстан шектелмеуі керек. Бұл мәселе үкімет тарапынан, еңбек қорғау мекемелері тарапынан мықтап қаралмаса болмайтындай.
Міндетті зейнетақы жарнасын төлеудің тиімділігін арттырудың нақты тетіктерін әзірлеу, мемлекеттік кепілдікті сақтауды жүзеге асыру тәртібін айқындау, төлем кезіндегі инфляция деңгейін есептей отырып енгізілген зейнетақы жарнасын, сондай-ақ салымшылар мен зейнетақы жинағын алушылардың құқығын қорғауды қамтамасыз ету - үлкен мәселеге айналып отыр.
Халықтың біраз бөлігінің жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатыспай қалуы, ақыр соңында, бұл мемлекет бюджетіне 10-15 жылдан кейін ауыр тиюі мүмкін екенін атап өту қажет.
Осы мәселені шешуге Жинақтаушы зейнетақы қорлары портфеліндегі ұзақ мерзімді қаржылық құралдар үлесін ұлғайту мен тізбесін кеңейту, зейнетақы активтерін басқару қарастырылады. Сарапшылардың пікірінше, Қазақстанда жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамытудағы маңызды бағыт қаржы салуды жобалауды жобалауды дамыту болып табылады. Оларды қаржыландыру үшін шығарылған облигациялар бойынша мемлекеттік кепілдікті ұсынатын жобалар тізбесін анықтауды заңды жолмен жүзеге асырады.
Қазақстанның 2030 жылға даму стратегиясына сәйкес жинақтаушы зейнетақы жүйесі зейнетақы активтерінің айналымын арттыру, халықарлық бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес зейнетақы қорларымен қолданылатын мадақтау және зейнетақы қорларына жоғары сапалы шетел қаржы активтеріне инвестициялауды еркіне беру арқылы нығайтылады.
Адам өзінің бүкіл өмірінде әртүрлі жағдайларды басынан өткеруі мүмкін. Осы жағдайлар адамның денсаулығына зиян келтіріп, еңбекке қабілеттілігін төмендетіп, нәтижесінде адам зардап шегуі мүмкін. Көбінесе адам өзі кездейсоқ жағдайларды басқара алмайды:
Қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты. 2005 жылдың 1 қаңтарындағы «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасында мемлекетпен іске асырылатын азаматтарды әлеуметтік қорғаудың бір формасы ретінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі енгізілді. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі мекемелер мен ұйымдарда жұмыс істейтін кез-келген тұлғалардың жұмысын жоғалтуы, асыраушысынан айырылған, еңбекке қабілеттілігінен айырылған сияқты әлеуметтілік жағдайы бойынша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушыларын әлеуметтік қамтамасыз етудің қосымша түрі болып табылады.
Қор міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы - асыраушысынан айырылған отбасы мүшелеріне қатысты міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға міндетті әлеуметтік аударымдар мен төлемдерді жүргізуді іске асырады. Еңбекке қабілеттілігін жоғалтқан немесе асыраушысынан айырылған кезде оның отбасы мүшелері қордан әлеуметтік төлемдерді алуға құқылы.
2006 жылдың 1 сәуірінде қорға 18967 млн. теңгеге активтер түсті. Оның ішінде:
- әлеуметтік аударымдар 18679, 3 млн. теңге;
- инвестициялық кіріс 211, 5 млн. теңге.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылары үшін қорға төленетін әлеуметтік аударымдар мынадай мөлшерде белгіленген:
- 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік аударымға 1, 5 пайыз;
- 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік аударымға 2 пайыз;
- 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік аударымға 3 пайыз.
2006 жылы 1 сәуірде әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері 1678, 3 теңгені құрады. Еңбекке қабілеттілігінен айырылғандарға 1548, 5 теңгені; асыраушысынан айырылғандарға 2143, 9 теңге; жұмысын жоғалтқандарға 3313, 2 теңгені құрады. Осы кезеңде әлеуметтік төлемдерді алушылар саны 3225 адам болды, оның ішінде еңбек қабілеттілігінен айырылғандар саны2287 адам, асыраушысынан айырылғандар саны 892 адам, жұмысын жоғалтқандар саны 46 адам.
Іске асырылған әлеуметтік төлемдер мөлшері мен алушылар саны болжамдалған көрсеткіштер мәнінен аз. Әлеуметтік төлемдерді алушылар санының аз болуы көбінесе әлеуметтік төлемдердің белгіленуі бойынша халықтың өздеріне тиесілі құқықтары туралы ақпаратпен аз және жеткіліксіз қамтамасыз етілуінде.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылары материалдық қамтамасыз етілмеу тәуекелінен қорғалынған. Қор қатысушының есебіндегі аударымдарды, егер асыраушысынан айырылған жағдайда отбасы мүшелеріне төлемдерді беруге кепіл береді. Егер адамдарға қолайсыз жағдайлар кездессе, оның өміріне әлеуметтік сақтандыру көмек береді. Қор баршаға үміт пен сенімділік ұялатады.
Қазіргі уақытта Мемлекеттік сақтандыру қоры жүйесін автоматтандыру жөнінде жұмыстар жүргізілуде. Аталған жүйені құрудың мақсаты әлеуметтік есептеулер мен төлемдер есебі процесін автоматтандыру болып табылады. Осы жүйе қолданыстағы зейнетақы төлеу жүйесіне кірігіп және Қазақстандық банкаралық есептер орталығымен өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге тиіс. Оның ішінде, негізінен, әлеуметтік сақтандыру жүйесінің барлық қатысушыларының іс-қимылын халықпен, іскерлермен, қоғамдық ұйымдармен, жұмыс берушілермен кездесу өткізуге, бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге жұмылдыру көзделген.
«Ұлттық инновациялық қор» А Қ 2003 жылы 30 мамырда Қ Р Үкіметінің «Ұлттық инновациялық қор» акционерлік қоғамын құру туралы № 502 жарлығымен құрылды. Қордың құрылуының негізгі мақсаты индустриалды-инновациялық бағдарламаны іске асыру.
Ел басының тапсырысы бойынша 2003 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі 2015 жылға дейін арналған инновациялық-өнеркәсіптік даму бағдарламасын әзірледі. Оның негізгі қатысушылары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Сауда және өнеркәсіп министрлігі болды. Бағдарламаның мақсаты өнімді өндіру және экспорттау, өнеркәсіпте бәсекеге қабілеттілікті арттырудағы мемлекеттің ұзақ мерзімді тұрақты дамуы. Бағдарламаны іске асыру үш кезеңде қарастырылады. Бірінші кезең 2005 жылға дейін. Бұнда бағдарламаның салалық дамуында және заңдылықтарында өзгерістер енгізу жоспарланды; ғылымды, білімді қаржыландыру көлемі анықталды, жоғары білімді мамандар дайындауға, бәсекелес өнімді өндіретін тұтас өндірістік жүйені құруға бағытталған жобаларға мемлекеттің қатысуын іске асыратын даму институттарын құру белгіленді.
Екінші кезеңде, 2006 жылдан 2010 жылға арналған. Бұл кезеңде жобаларды қаржыландыратын инвесторларды іздеуде жеке секторды дамытуға көңіл бөлінеді және да басқарушылық, инженерлік. Техникалық, жұмыс кадрларын дайындауға мән берілді.
Үшінші кезеңде (2011-2015) өнеркәсіпте өндірілген өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру қарастырылады.
Осы шарттардың барлығын орындаған жағдайда, ұлттық экономиканың өсуі жылына 8, 8-9, 2 пайызды құрайды деп есептеуге болады. Қазақстанның 2015 жылға дейінгі индустриалды-инновациялық даму стратегиясы ғылым және инновациялық іс-әрекеттер аумағындағы тиімді мемлекет саясатын жүргізу есебінен экономиканың жоғары технологиялық құрылымын құруға бағытталған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz