Бюджеттен тыс қорлар және олардың қызметі
Жалпымемлекеттік көлемде республикалық және жергілікті бюджеттер қаржы ресурстарын ұйымдастырудың ең белгілі нысаны болып табылады.
Бірақ нарықтық қатынастарға көшу барысында экономикалық және әлеуметтік салаларды қаржыландыруда бір ғана бюджет қаражаттары жеткіліксіз бола бастады. Сондықтан қосымша қаржы көздерін іздестіру қажет болды. Бюджет қорымен қатар 1991 жылдан бастап мақсатты бюджеттен тыс қорлар құрылып, жұмыс істей бастады.
Бюджеттен тыс қорлар – мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды буыны; мемлекеттің қатаң белгілі бір мақсаттарға пайдаланатын және заң жүзінде қалыптасуының бекітілген көздері бар ақша ресурстарының жиынтығы. Экономикалық категория ретінде бюджеттен тыс қорлар бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін мемлекет тарапынан қаржы ресурстарын қайта бөлу және пайдалану жөніндегі қатынастар болып табылады.
Бюджеттен тыс қорлардың пайда болуы әлеуметтік-экономикалық дамудың қажеттіліктерінен туындады: қатаң функциялық мақсаттарға жұмсалатын мемлекеттің қаржы ресурстарының бір бөлігін оқшауландыру, мемлекеттік бюджетті оған тән емес шығыстардан жеңілдету, бір жағынан бюджет тапшылығын төмендету қажет болды.

КІРІСПЕ
Тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап Қазақстан өзінің дербес даму
жолын таңдап, жылдан-жылға әлемдік қоғамдастықта барған сайын зор құрмет
пен беделге қол жеткізе отырып, алға қарай нық сеніммен ілгерілеп келеді.
Бүгінде экономика мен өз мемлекеттілігіміздің берік іргетасын
қамтамасыз етіп, Қазақстан қағидаттық жаңа кезеңге сенімді қадам басты.
Мұның өзі Қазақстанның одан әрі дамуын тұрлаулы, осы заманғы және болашағы
зор экономикалық, әлеуметтік, саяси және әкімшілік негізге қоюға мүмкіндік
береді.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, нарықтық экономика жағдайында
экономикалық және әлеуметтік салаларды қаржыландыруда бір ғана бюджет
қаражаттары жеткіліксіз бола бастады. Сондықтан қосымша қаржы көздерін
іздестіру қажет болды. Бюджет қорымен қатар 1991 жылдан бастап мақсатты
бюджеттен тыс қорлар құрылып, жұмыс істей бастады.
Бюджеттен тыс қорлар – мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды буыны;
мемлекеттің қатаң белгілі бір мақсаттарға пайдаланатын және заң жүзінде
қалыптасуының бекітілген көздері бар ақша ресурстарының жиынтығы.
Экономикалық категория ретінде бюджеттен тыс қорлар бірқатар қоғамдық
қажеттіліктерді қаржыландыру үшін мемлекет тарапынан қаржы ресурстарын
қайта бөлу және пайдалану жөніндегі қатынастар болып табылады.
Бюджеттен тыс қорлардың пайда болуы әлеуметтік-экономикалық бюджеттен
тыс қорлардың жай-күйіне қаржылық-экономикалық талдау, дамудың
қажеттіліктерінен туындады: қатаң функциялық мақсаттарға жұмсалатын
мемлекеттің қаржы ресурстарының бір бөлігін оқшауландыру, мемлекеттік
бюджетті оған тән емес шығыстардан жеңілдету, бір жағынан бюджет тапшылығын
төмендету қажет болды.
Бюджеттен тыс қорлар мемлекеттік қаржы буындарының бірі болып
табылады. Өзінің мәні жағынан бюджеттен тыс қорлар – бұл, жоғарыда атап
кеткеніміздей, бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді және оперативті дербестік
негізде кешенді жұмсалатындарды қаржыландыру үшін мемлекет тартатын қаржы
ресурстарын қайта бөлу және пайдалану нысаны.
Бюджеттен тыс қорларға жинақтаушы зейнетақы қорлары, міндетті
әлеуметтік сақтандыру қорлары, инновациялық қорлар тағы басқа қорлар
жатқызылады.
Бүгінгі күні Республикадағы зейнетақының қызмет көрсету рыногын 14
Жинақтаушы Зейнетақы Қоры құрайды, олардың республиканың түрлі аудандарында
72 филиалы және 73 өкілдіктері бар.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі мекемелер мен ұйымдарда жұмыс
істейтін кез-келген тұлғалардың жұмысын жоғалтуы, асыраушысынан айырылған,
еңбекке қабілеттілігінен айырылған сияқты әлеуметтілік жағдайы бойынша
міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушыларын әлеуметтік
қамтамасыз етудің қосымша түрі болып табылады.
Ұлттық инновациялық қордың негізгі мақсаты – ғылыми идеяларды,
технологияларды дамыту, коммерциялық өнімдерді шығару және оларды іске
асыру.
Сондықтан да, бюджеттен тыс қорлар бүгінгі күннің, экономикадағы,
қаржы саласындағы маңызды, ағымдағы, актуальді тақырыптарының бірі.
Қурстық жұмыстың негізгі мақсаты: бюджеттен тыс қорлардың мәнін,
ұғымын, мазмұнын ашып көрсету.
Осы мақсатқа сүйене отырып, келесі міндеттерді алға қойып отырмын:
- бюджеттен тыс қорлардың мазмұнын, мәнін аша отырып, оның түрлерін
ажырату және шетелдегі бюджеттен тыс қорлардың қызметтерінің
ерекшелігін ашып көрсету;
- Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорларының қызмет жүргізу
ерекшеліктерін, олардың экономикалық-қаржылық жағдайына талдау;
- Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорларының жүргізілу
мәселелері және оларды жетілдіру жолдарын көрсету.
БЮДЖЕТТЕН ТЫС ҚОРЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ
1 БЮДЖЕТТЕН ТЫС ҚОРЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ
1.1Бюджеттен тыс қорлардың мәні, мазмұны
Жалпымемлекеттік көлемде республикалық және жергілікті бюджеттер қаржы
ресурстарын ұйымдастырудың ең белгілі нысаны болып табылады.
Бірақ нарықтық қатынастарға көшу барысында экономикалық және
әлеуметтік салаларды қаржыландыруда бір ғана бюджет қаражаттары жеткіліксіз
бола бастады. Сондықтан қосымша қаржы көздерін іздестіру қажет болды.
Бюджет қорымен қатар 1991 жылдан бастап мақсатты бюджеттен тыс қорлар
құрылып, жұмыс істей бастады.

Бюджеттен тыс қорлардың пайда болуы әлеуметтік-экономикалық дамудың

төмендету қажет болды. Белгілі бір дәрежеде бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен
тікелей байланысты емес шығыстардың ауыртпалығын шаруашылық органдарына
аударуды қажет етті; бұл мақсатқа Экономиканы тұрақтандыру қоры сай болды.
Басқа жағдайларда, нарыққа өту кезінде халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуі
жағдайында оны неғұрлым сенімді және тиімді қорғау мақсатымен әлеуметтік
мұқтаждарға жұмсалатын кейбір шығыстарды бөлу және оларды жабудың көздерін
межелеу қажет болды. Бұл міндеттерді Зейнетақы қорының, Әлеуметтік
сақтандыру қорының, Халықты әлеуметтік қорғаудың бірыңғай одақтық-
республикалық қорының, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік қорының
шешуін қажет етті. Бірқатар қорлардың – Жол қорының, Әскери өндірісті
конверсиялау қорының, түлі арналымның инновациялық қорларының және
басқаларының өте-мөте тар мақсатты арналымы болды.
Бірқатар қорлар, мәселен, Экономиканы тұрақтандыру қоры, Халықты
әлеуметтік қолдаудың бірыңғай одақтық-республикалық қоры уақытша қызмет
етті – бұл экономиканың дағдарысты жағдайында мұндай қорлардың қаражаттарын
қалыптастырудың қиындықтарымен, оған жұмылдырылатын қаражаттардың белгілі
бір иесізденуімен, бөлу кезінде ресурстарды қайтарусыз пайдаланудағы қорды
қалыптастыру субъектілерінің мүдделіксіздігімен түсіндіріледі. Жалпы
бюджеттен тыс қорлардың жұмыс істеуі сайып келгенде, бүкіл қоғам мүддесі
үшін жүзеге асырылады, оны нығайтуға бағытталған және қаржы қатынастарының
бұл нысанының әлеуметтік-экономикалық мәні осында. Бюджеттен тыс арнаулы
қорлардың мемлекеттік бюджетпен бірге қосарлана қызмет етуі қаржы
қатынастарын саралауға, олардың бір бөлігін тармаландандырылған сфераларға
бағыттауға, қаржылық қызметтің әр түрлі бағыттарында бұл қатынастардың
өзіндік әртараптандыруына жетуге мүмкіндік береді.
Бюджеттен тыс қорлар өзінің функциялық-мақсатты арналымы бойынша да,
басқарудың деңгейі жағынан да өте әр түрлі. Мақсатты арналымы бойынша
бюджеттен тыс қорлардың экономикалық және әлеуметтік, ал басқару деңгейіне
қарай мемлекеттік және аймақтық болып бөлінеді.
Экономикалық қорлар – экономикалық дамудың проблемаларын шешуге
арналған қорлар. Әлеуметтік қорлар қоғамның әлеуметтік проблемаларын шешуге
арналған қорлар болып табылады. Мемлекеттік қорлар – бұл мемлекеттік
деңгейде, ал аймақтық қорлар аймақтық деңгейде қалыптасатын қорлар.
Бюджеттен тыс қорлардың көздері тұрақты және уақытша болуы мүмкін.
Бюджеттен тыс қорлардың ақша қаражаттарын жұмсаудың негізгі бағыттары
мыналар:
- жарғылық қызмет;
- артық ақшалардың белгілі бір үлесін қаржы активтеріне
инвестициялау;
- коммерциялық қызмет.

Арналымы – мына арнаулы мақсатты аударымдар есебінен мақсатты
шараларды қаржыландыру:
а) арнаулы мақсатты салықтар;
ә) қарыз және ақшалай-заттай лотереялар өткізу есебінен;
б) бюджеттен берілетін субсидиялар есебінен;
в) қосымша анықталған кірістер мен үнемделген қаржы ресурстары;
г) ерікті жарналар мен заңды және жеке тұлғалардың қайырымдылықтары.
Бюджеттен тыс қорлардың көмегімен:
отандық кәсіпорындарды қаржыландыру, қаражаттандыру, несиелендіру
жолымен өндіріс процесіне ықпал жасауға;
арнайы белгіленген көздер мен қоршаған ортаны ластағаны үшін
айыппұлдар есебінен қаржыландыра отырып, табиғат қорғау шараларын
қамтамасыз етуге;
зейнетақылар, жәрдемақылар төлеу, жалпы әлеуметтік инфрақұрылымды
қаражаттандыру және қаржыландыру жолымен халыққа қызметтер көрсетуге;
қарыз беруге, соның ішінде шетел мемлекеттерін қоса шетелдік
әріптестерге беруге болады.
Бюджеттен тыс қорлардың жұмыс істеу ұйымы биліктің мемлекеттік
органдарының – орталық, республикалық және жергілікті органдарының
қарамағында болады.
Бюджеттен тыс қорлардың белгілі бір жеңілдіктерінің болуы мүмкін:
а) салық төлеуден босату;
ә) кеден баждарын төлеуден босату (коммерциялық қызмет бойынша
жеңілдіктер болмайды).
Бюджеттен тыс қорларды қалыптастырудың көздері шешілетін міндеттердің
сипатымен және ауқымдылығымен алдын-ала анықталады. Көздердің әралуандығы
мен олардың мөлшеріне сол бір кезеңдегі елдің экономикалық және қаржы
жағдайы әсер етеді.
Сөйтіп, бюджеттен тыс қорлардың қалыптасу көздерінің салыстырмалы
тұрақты да, сондай-ақ уақытша да сипаты болады. Әкімшілік -аумақтық
бірліктер бойынша ажырай отырып, олар мемлекет аумағында әртүрлі болуы
мүмкін. Бюджеттен тыс қорларға түсетін қаражаттарды жұмсаудың бағыттарына
қорлардың арналымы, нақтылы экономикалық жағдайлар және әзірленген және
іске асырылатын бағдарламалардың мазмұны себепші болады. Қаражаттардың бір
бөлігі құрылтайшылық қызметке бағытталады, сонымен бірге бағалы қағаздарға
салынады. Біріншіден, ақша қаражаттарын пайдалану оларды жасаудың уақытымен
жиі тұра келе бермейтіндігіне, екіншіден, инвестициялардан алынған кірістер
тиісті қордың шығындарын қаржыландырудың қосымша көздері болып
табылатындығына байланысты бюджеттен тыс қорлар инвестициялар мен қаржы
рыногының қатысушылары болады.
Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар мен мемлекеттік емес қорларды ажырата
білген жөн; соңғылары бірқатар бюджеттен тыс қорларға, мысалы, мемлекеттік
емес жинақтаушы зейнетақы қорлары, әр түрлі ізгіліктік, соның ішінде
халықаралық қорларға ұқсас болғанымен өзінің мақсатты арналымы бойынша өте
сан алуан болып келеді. Сондай-ақ бюджеттен тыс қорлар және мақсатты
қаржыландыру қоры болып ажыратылады, бұл қорлар 1996 жылға дейін (оны қоса)
мемлекеттік бюджеттің құрамында болып келді: жер қойнауын қорғау және
минералды-шикізат базасын толықтырудың республикалық қоры, табиғатты
қорғаудың республикалық қоры. Мұнда қаралған басқа да қорлар мезгіл-мезгіл,
1992 -1996 жылдар ішінде мемлекеттік бюджетке енгізіліп, одан шығарылды.
Бұл қаржы жүйесінің қалыптасу процесін, оның құрылымының оңтайлы нұсқасын
іздестіруді қамтып көрсетеді.
Барлық бюджеттен тыс және басқа қорлар, шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қорлары үшін қабылдауға болатын арнаулы қорлар термині
қолданылуы мүмкін, мұның өзі олардың мақсатты арналымын баса көрсетеді.
Өтпелі кезеңдегі бюджеттен тыс қорлардың жалпы проблемасы
төлеушілердің қаржылық жайсыз жағдайынан жобаланған көлемдегі олардың
қаржысын қалыптастырудың қиындықтары: олардың көбісінің залалдығы, өзара
берешектер, төлем қабілетсіздігі болып табылады. Нәтижесінде қордың
бюджеттері теңгерімсіз болды және шұғыл әлеуметтік экономикалық мұқтаждарды
мақсатты қаржыландыру жөніндегі көптеген шаралар қамтамасыз етілмеді.
Қазақстанда мемлекттік бюджеттен тыс қорлар 1999 жылдан бастап
мемлекеттің қаржы ресурстарын орталықтандыру саясатын жүргізуге байланысты
мақсатқа сәйкес емес деп табылды: қорлардың қаражаттары республикалық
бюджетке шоғырландырылды. Алайда дүниежүзілік тәжірибе қоғам тарапынан
қаражаттардың жұмсалуына бақылауды қамтамасыз еткенде мемлекеттік қаржы
ресурстарын оперативті басқару мақсатымен оларды дербес қалыптастыруды
орталықсыздандырудың және пайдаланудың тиімділігін растайды.
1.2 Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорлары
Қаржы институттарының - бюджеттен тыс қорлардың ақша қаражаттары
қозғалысын 1998 жылға дейін Қазақстан Республикасында жұмыс істеген кейбір
қорлардың мысалында қарауға болады.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры. Бұл қор сақтық әдісімен
жасалды. Жасалу көздері:
1) кәсіпорындар мен ұйымдардың сақтық жарналары (немесе арнаулы
салық);
2) мемлекеттік бюджеттердің қаражаттары;
3) санаторийлерге, демалыс үйлеріне, курорттарға жолдамаларды сатудан
түскен табыс;
4) басқадай көздер.
Қордың қаражаттары мыналарға жұмсалды:
1) жәрдемақылар төлеуге;
2) санаторийлық-курорттық қызмет көрсетуді қаржыландыруға;
3) кәсіподақтардың қызметін материалдық қамтамасыз етуге.
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры.
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының міндеттері:
а) зейнетақылар мен жәрдемақылар төлеу үшін қаражаттар жинау, сонымен
бірге зейнетақы ісін ұйымдастыру;
ә) аймақтық әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыруға қатысу.
Зейнетақы қорының қаражаттары мынадай көздерден жасалынады:
1) міндетті зейнетақы жарналары;
2) меншік нысанына қарамастан барлық шаруашылық органдары төлейтін
сақтық жарналары немесе арнаулы салықтар;
3) жеке еңбек қызметімен айналысатын азаматтардың сақтық жарналары;
4) жоғары органдардың қаражаттары;
5) ерікті зейнетақы жарналары;
Зейнетақы қорының жұмсалу бағыттары: заңнамаға сәйкес зейнетақыларды
төлеу; балаға қарау жөніндегі жәрдемқыларды төлеу; материалдық көмектің бір
жолғы төлемақылары; Зейнетақыларды индекстеуге байланысты оларды көбейтуге
байланысты болатын шығыстар; қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қағаздарға
ғылыми- техникалық базаны дамытуға және тағы басқа резервтерді орналастыру.
Бюджеттен тыс қорлардың органдары:
басқару;
атқарушы органдар;
тексеріс комиссиясы;
қордың аймақтық бөлімшелері.
Қазақстанда бюджеттен тыс қорлардың жүйесі реформалауға жиі ұшырайды:
біраз уақыт олар өзін-өзі билейді, мемлекеттік бюджеттің құрамында
Мақсатты қаржыландыру қоры бөлімінде бөлек бөліп көрсетілді, 1999 жылдан
бастап түгелдей мемлекеттік бюджетке шоғырландырылды.
1.3Ресейдің мемлекеттік емес жинақтаушы қорларының дамуы мен
перспективалары
Ресейде мемлекеттік емес зейнетақы жүйесімен қамтамасыз ету 1992 жылғы
президенттің Мемлекеттік Зейнетақы Қоры туралы жарлығынан кейін іске аса
бастады. Ресейде алғашқы Мемлекеттік Зейнетақы Қоры пайда болды.
Ресейдегі Мемлекеттік Емес Зейнетақы Қорының жұмыс істеуі зейнетақы
жүйесін реформалаудың басы болды, Ресейде мемлекетке тәуелсіз зейнетақы
төленіп іске асыратын алғашқы Мемлекеттік Емес Зейнетақы жүйесі пайда
болды. 1998 жылы Мемлекеттік Емес Зейнетақы Қорының жұмысын реттейтін заң
қабылданған кезде, Мемлекеттік Емес Зейнетақы жүйесі жағдайы қиындады және
мәнді сандық өзгерістер болған жоқ. Мемлекеттік Емес Зейнетақы Қорының
қалыптасуы заңды реттеудің қатысуынсыз өтті, ал кейінгі дамуы Ресейлік
зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінде Мемлекеттік Емес Зейнетақы Қоры орны
мен рөліне байланысты мемлекеттік саясатқа қатыссыз болды. Әсіресе бұл
мемлекеттік емес зейнетақымен қамтамасыз етуге қатысушылардың салық салымы
мысалынан айқын көрінеді. Өткен жылдары салық салу жүйесінде 4 рет өзгеріс
болды.
Әрбір 2 жылдан ойынның жаңа ережелері шығарылды. Бұл қорлардың,
қатысушылардың, салымшылардың арсындағы ұзақ мерзімді қарым-қатынастарды
ескере отырып, олардың болжамдалған нәтижелері мен өзара байланыстарының
процестерін қиындатты.
Мемлекеттік зейнетақы жүйесін толық көлемде реформалау кезінде
(яғни, 2002 жылы жаңа зейнетақы заңы күшіне енген кезде) елде өзіне 300-ге
мемлекеттік емес зейнетақымен қамтамасыз ететін активтерді басқару бойынша
100-деген компаниялар және уақытша жүйе қалыптасты. 2003 жылы мемлекеттік
емес зейнетақымен қамтамасыз ету нарығында жаңа қатысушылар пайда болды.
Зейнетақы қоры адамдардың мемлекеттік емес зейнетақы қорларына шоттарды
жүргізу бойынша олардың басты функциясына кіреді, сонымен қатар қорды
басқару функцияларын жүргізу зейнетақы қоры администраторы бір зейнетақы
шотына қызмет көрсету шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Өткен
уақыттарда Мемлекеттік Емес Зейнетақы Қоры өз тұрақтылығы мен сенімділігін
көрсетті.
1998 жылы болған қаржылық кризисті сәтті өткерді.
Мемлекеттік Емес Зейнетақы Қоры салымшылары 16 мыңнан жоғары
кәсіпорындар мен 1,1 млн. аса азаматтар болып табылады. Қатысушыларының
саны 5 млн. жоғары адамды құрайды - Ресей халқының 10 пайызына тең. 005
жылдың 1 қаңтарына қордың өзіндік құны 213,7 млрд. рубльден асты, оның
ішінде қор резервтері – 175,4 млрд. рубль. Атап өтетін бір жайт, 30 ірі
Мемлекеттік Емес Зейнетақы Қорының барлық зейнетақы резервтер жүйесінің 93
пайызы бар. Бұлар салалық қорлар немесе корпоративтік зейнетақы қорлары.
[17, 13 б.]
1998 жылдың аяғында зейнетақы резервтері 4,25 млрд. рубльді құрады,
яғни 6 жыл ішінде зейнетақы резервтерінің көлемі 40 рет өсті, ал қорға
қатысушылар саны 3 есе өсті.
Зейнетақы резервтерінінің орташа мөлшері бір қатысушыға шаққанда, 1998
жылмен салыстырғанда 13 есе өсті және мыңнан аса долларды құрады. Осы
көрсеткіштің орташа мөлшері 30 ірі қорларда 2 есе өсті. 1998 жылдан бастап
қазіргі кезеңге дейін мемлекеттік емес зейнетақы алушылар саны 3 есе өеті
және 500 мыңға жуық адамды құрайды. Мемлекеттік емес зейнетақы қарт
адамдарды зейнетақымен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. [17, 13 б.]
Қазіргі уақытта мемлекеттік емес зейнетақының орташа мөлшері қарт
адамдарға берілетін зейнетақының 30 пайызына жуығын құрайды. Осыған қарап
мемлекеттік зейнетақымен салыстырғанда мемлекеттік емес зейнетақының өсу
қарқыны артып келеді.
2003 жылға қарағанда 2004 жылы Мемлекеттік Емес Зейнетақы Қорына
аударылатын зейнетақы аударымдары 40 пайызға жоғарылап, 30 млрд. рубльге
жоғарылады. Бұл көрсеткіштер Ресейдегі мемлекеттік емес зейнетақымен
қамтамасыз ету жүйесінің қарқынмен дамуын көрсетеді. Зейнетақы
аударымдарының жалпы көлемінің 80 пайыздан жоғарысын заңды тұлғалардың
зейнетақы жарналары құрады.
2004 жылдың аяғында жүргізілген әлеуметтік сауалнама жүргізу
көрсеткендей жұмысшы азаматтардың 24 пайызы зейнетақыны тек мемлекет реттеу
керек деп санайды, сұралғандардың 28 пайызы осы процеске тек мемлекет пен
жұмыс берушілер араласуы керек деп санайды, 47 пайызы зейнетақыны
қалыптастыруға мемлекет, жұмыс берушілер және жұмыс істеуші азаматтардың
өздері де қатысуы керек. [17, 13 б.]
Соңғы уақытқа дейін көптеген азаматтар зейнетақымен қамтамасыз етуді
жүзеге асыруға мемлекет міндетті деп санаған. Дегенмен 2002 жылғы
азаматтардың өз зейнетақыларының қалыптасуы туралы зейнетақылық реформа
олардың көзқарасын өзгертуге негіз болды. Мемлекеттік зейнетақымен
қамтамасыз ету жүйесі өзгерістерге ұшырады. Жаңа заңға сәйкес әр азаматтың
зейнетақысы оның еңбек ету кезеңіндегі тапқан кірістеріне байланысты
болады. Зейнетақының құрылымы да өзгереді. Зейнетақы 3 бөліктен тұрады:
1) базалық зейнетақы – ол барлық азаматқа әлеуметтік кепілдікті
қамтамасыз етеді. Базалық зейнетақының мөлшері зейнетақы
жүйесіне қатысушылардың барлығына бірдей бір ғана талап –
еңбек өтілі мерзімі бес жылдан кем болмауы керек.
2) Еңбектік сақтандыру зейнетақысы – бұл зейнетақы еңбек ету
кезеңіндегі салынатын міндетті сақтандыру төлемдерінің
есебінен қалыптастырылады. Сақтандыру еңбектік зейнетақы
жұмыс беруші жүзеге асыратын сақтандыру төлемдерінің
көлеміне байланысты.
3) Еңбектік зейнетақының жинақтық бөлігі – ол әр азаматтың
атаулы зейнетақы шотынан жүргізіледі.
Еңбектік зейнетақының жинақтық бөлігі толығымен жұмыс
берушінің төлейтін сақтандыру төлемдері мен және жұмысшының
жеке зейнетақы есебіне байланысты.
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТТЕН ТЫС ҚОРЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТ
ЕТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТАЛДАУ
2.1 Жинақтаушы зейнетақы қорлары – халықты әлеуметтік тұрғыдан қолдау
кепілі
Қазақстанда 1990 жылдары тіпті өзгеше жағдай орын алды. Бұл кезде
өндіріс құлдырап, жұмыссыздық пайда болды, оның деңгейі күн санап өсе
бастады, жалақы мөлшері біршама төмендеді, қызметкерлерге жалақы айлап
төленбейтін болды.

72 филиалы және 73 өкілдіктері бар. Олардың әрекет ету мерзімі ішінде,
оларда зейнетақы қорларының 648580 млрд. теңге жинақталған. Зейнеткерлік
жасы тұрақты болып келнді және ерлер үшін 63 жас, ал әйелдер үшін 58 жасты
құрайды. Жинақтаушы Зейнетақы Жүйесіне қатысушылармен жүргізілген
зейнетақы реформасын жүргізу мерзімінде сандық және сапалық сияқты белгілі
бір жетістіктерге қол жеткізілген. [17, 13 б.]
Жинақтаушы Зейнетақы Жүйесінің сапалық нәтижесі болып мыналар
табылады: салымшыларға қызмет көрсетуді жақсарту, салымшыларды Жинақтаушы
Зейнетақы Жүйесі жөнінде хабардар етіп отыру, аймақтық бағдарламаларды
дамыту, жарнама қызметкер және осылардың нәтижесінде зейнетақылық қызмет
көрсету рыногында Жинақтаушы Зейнетақы Қорының арасында бәсекелестік
сайыстың өршуі.
2003 жылы зейнетақы жинақтарының көлемі 32,26 млрд. теңгені құрады.
Осы жылы Әлемдік банк зейнетақы жүйесін Қазақстанның барлық әлеуметтік-
экономикалық жобаларының ішінде ең үздігі деп танылды.
Біздің жыл сайын зейнетақы мөлшерін көтеріп отырады. Ал соңғы
жылдары зейнетақы көлемдерінің номиналдық өсімі тұтыну бағаларының
индексінен алда болды.
2003 жылы индексациялаумен қатар зейнетақыны дифференциациялық
көтеру жүргізілді. Еңбек және әлеуметтік қорғау Министрлігінің мәліметтері
бойынша 2003 жылдың маусымынан бастап 1055 мың адамның зейнетақысы
көтерілді, ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлердің саны 3 есеге азайды,
450 мыңға жуық адам ең жоғары зейнетақы ала бастады. 2003 жылы 5
желтоқсандағы нөмір 505 2004 жылы республика бюджеті туралы Қазақстан
Республикасының заңына сәйкес, 2004 жылы 1 қаңтардан бастап республикадағы
минималды зейнетақы мөлшері 5800 теңге, ал 2006 жылы 9500 теңгені құрады.
[11, 12-13 б.]
Әлеуметтік құрылымды ескере отырып зейнетақы төлеудің мемлекеттік
орталығынан зейнетақы алушылардың саны 2006 жылы – 2302 мың адам немесе
республиканың барлық тұрғындарының 11,7 пайызын құрады, ал ауыл
тұрғындарының үлесіне 43 пайызы келеді. Жалпы зейнетақы алушылардың
ішіндегі әйелдер 69,1 пайыз құрайды, олардың 22,7 пайызы 4 немесе одан да
көп бала туған және оларды 8 жасқа дейін тәрбиелеген көп балалы аналар.
Ағымдағы жылдың басында зейнетақы алушылардың жалпы саны 185 мың адамды
құрады. [11, 12-13 б.]
Егер Жинақтаушы Зейнетақы Қорының аймақтық дамуын қарастыратын
болсақ, онда аймақтар бойынша дамуы толығымен көрсетілген қорлар
Қазақстанның Халық Банкінің ЖЗҚ АҚ, Құрмет ЖЗҚ АҚ, Сенім АЖЗҚ АҚ,
Ұлар Үміт ЖЗҚ АҚ, МЖЗҚ ЖЗҚ АҚ.
Келтірілген мәліметтерден көріп отырғанымыздай, мемлекеттік бағалы
қағаздарға жасалған салымдар үлесі айтарлықтай жоғары.
2005 Қазақстан Халық Банкі ЖЗҚ АҚ орташа жылдық табыстылығы
өзінің негізгі бәсекелестерімен салыстырғанда көретініміз:
- Қазақстан Халық Банкі ЖЗҚ АҚ -10,0 %
- МЖЗҚ ЖЗҚ АҚ – 11,4 %
- Валют Транзит Қоры ЖЗҚ АҚ – 8,5%
- Ұлар Үміт ЖЗҚ АҚ – 9,7%
- Қорғау ЖЗҚ АҚ – 6,7 %
1998 жылы 2 ақпанда құрылған Қазақстанның Халық Банкі ЖЗҚ АҚ ҚР ЖЗҚ
ішіндегі ең ірісі болып табылады.
Қазақстанның Халық Банкі ЖЗҚ АҚ қызметтерінің негізгі
көрсеткіштері:
- жарғылық қоры – 630000,00 мың теңге
- меншік капиталы мөлшері – 1284695000,00 мың теңге
- инвестициялық табыс – 10% және 24 млн. теңге
- салымшылар саны – 1306 мың адам
- зейнетақы активтері – 95 млрд. теңге
- салымшылардан түсетін орташа айлық түсім – 12 мың теңге
- зейнетақы активтерінің орташа айлық түсімі – 2,3 млн. теңге
- ЖЗҚ салынған зейнетақы жарналарының жалпы сомасындағы қор үлесі –
25%
Қазақстанның Халық Банкі ЖЗҚ АҚ портфелінің құрылымы қысқа мерзімді –
36,12 % және ұзақ мерзімді - 63,88 бағалы қағаздардан тұрады. Осыдан бағалы
қағаздар портфелі келесілерден құрылады:
- корпоративтік облигациялар – 22,64 %
- муниципалды облигациялар – 0,16 %
- Ұлттық банкноталар – 25,11 %
- Қаржы Министрлігі облигациялары – 18,78 %
- Акциялар – 10,18%
- РЕПО – 1,03 %
- Депозиттер – 4,51%
- ХВҚҰ (МВФО) облигациялар – 5,39%
- Шетелдік мемлекеттік облигациялар – 12,21%
Тұрақтылық зейнетақөы қорларын экономикалық көзқарастарды анықтаушы
экономикалық категория ретінде анықтайды.
Қазіргі уақытта зейнетақы рыногы 8 зейнетақы активтерін инвестициялық
басқаруды жүзеге асырушы ұйым және 14 ЖЗҚ-нан тұрады, олардың ішінен МЖЗҚ
ЖЗҚ АҚ және Қазақстан Халық Банкі ЖЗҚ АҚ зейнетақы активтерін өздері
басқарады.
Қазақстан Халық Банкі ЖЗҚ АҚ 01.01.2006 жылғы мәліметтер бойынша ЖЗЖ
жиынтық түсімдері 502425 454 млн. теңгені көрсетеді. ЖЗҚ ішінде міндетті
зейнетақы жарналарының жалпы мөлшерін келесі түрде көрсете аламыз: міндетті
зейнетақы жарналарының жалпы сомасынан Қазақстан Халық Банкі ЖЗҚ АҚ және
МЖЗҚ ЖЗҚ АҚ қорларына 24,22 % Ұлар-Үміт ЖЗҚ АҚ 17,31%. [11, 12-13 б.]
2006 бірінші жарты жылдығында МЖЗҚ ЖЗҚ Қ аударылған түсімдердің
деңгейінің артқандығын атап өту керек, ал міндетті зейнетақы жарналары
648580680 мың теңгені құраған. Егер түсімдерді аймақтық аспектіде
қарастыратын болсақ, онда зейнетақы жаранлары түсімдерінің жалпы сомасының
негізгі үлесі Алматы қаласында – 20,97 % - ға жинақталған. Бүгінгі күні
салымшылар саны 7649 мыңға жетті. 17- Кестеде көріп отырғанымыздай, жалпы
салымшылар ішінде 37,34 % МЖЗҚ ЖЗҚ АҚ салымшылары болып келеді және оған өз
жинақ қорларын құруға, инвестициялық табыс алу мақсатында басқаруға сенім
артады. Салымшылардың үлес салмағында Қазақстан Халық Банкі ЖЗҚ АҚ 17,33%
және Ұлар Үміт ЖЗҚ АҚ 14,74 % едәуір үлкен орын алады. [11, 12-13 б.]
Зейнетақы жарналарын бөліп отыру тұрақты түрде жүргізілмейді. Егер ЗҚ
төмен төлем жасаушы салымшылар үлесі неғұрлым көп болса, онда ЖЗҚ іс
жүргізу шығындарының үлесі соғұрлым көп, ал егер жоғарғы төлемді салымшылар
үлесі көп болса олар әрқашан бәсекелестердің назарында болады. ЗҚ
салымшылар құрамына бағалау жүргізу үшін салымшылар санын және жарналар
сомасын бөлу қисығын пайдаланады. Белгі ретінде минималдыдан (1000 теңгеге
дейін), максималды (10000 теңгеден жоғары, тұрақты қадам 1000 теңге)
аралығында міндетті 10 % зейнетақы жарналары алынған. Міндетті зейнетақы
жарналарының мөлшеріне қарай салымшыларды келесі түрде бөлуге болады: төмен
төлемді – 2000 теңгеге дейін, орташа жалақылар алушылар жарналары – 2000
нан 3000 теңгеге дейін, жоғары төлемділер – 10000 теңгеден жоғары.
Жүргізілген талдау нәтижесінде ЖЗҚ ішінде 2002 жылға дейінгі негізгі
позицияны МЖЗҚ алып отырып, оның ЖЗҚ арасындағы үлесі 16,8 % болған.
2003 жылдан бастап МЖЗҚ АҚ өз позициясын жеке зейнетақы қорларына бере
бастады. Қазіргі кезде ЖЗҚ арасында Қазақстан Халық Банкі ЖЗҚ АҚ лидер
болып табылуда, оның үлес салмағы 25,9 % құрайды. Екінші орында МЖЗҚ ЖЗҚ АҚ
– 19,4 %, үшінші орында Ұлар-Үміт ЖЗҚ АҚ -18,1 % құрап отыр. [11, 12-13 б.]
Қаржы институттары жүйесінде, МЕЖЗҚ алатын орны бойынша талдау жүргізу
барысында анықталғандай, зейнетақы қорлары қаржы рыногының әрекет ету
барысын белсенді түрде қолдады және ұдайы өндіріс процесінде бірқатар микро
және макроэкономикалық функцияларды атқарады. Алайда, қазіргі кезде заң
базасының ЖЗҚ жинақтарының жетілмегендігіне байланысты зейнетақы алу
кепілдіктері берілмей отыр. Бенефициант қолында зейнетақы аударымдары,
салымдарды есептеген кітапшасы бар, онда оның жеке ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz