Қазақ халқының күй өнері
IКіріспе
ІІ. Қазақ халқының күй өнері.(тема)
2.1.Күй.көңілдің кілті
2.2. Өмірін күймен өрнектеп.
2.3. Әр жүректі тербейді әсем сазы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
ІІ. Қазақ халқының күй өнері.(тема)
2.1.Күй.көңілдің кілті
2.2. Өмірін күймен өрнектеп.
2.3. Әр жүректі тербейді әсем сазы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақтың сайын даласы қай кезде де өнерге кенде болмаған. Ұлан ғайыр аймақтың, әр өңірдің өзіндік ерекшелігі, белес-бедері, үні, әуезі, бояуы, екпіні бар. Әрине, өнер ауқымы кең, әрі сан- салалы екендігі де белгілі. Оның ішінде күй отаны атанған Атырау өлкесінің жөні бір басқа. Өйткені, күйші дәстүрі, кәсіби күй өнері дейсіз бе, осы іздегеніңіз табылады. Бұл жалаң сөз емес, жасалған зерттеу, іздеу, жинақтау-соның бір дәлелі. Өнер жалқы болған ба, ән, жыр, терме, күйшілік-бәрі бір-бірімен астасып жатқаны тағы бар.
Зерттеп, зерделей білсек, алтын қазына алдан шығады.
Қазақстанның түбі терең тылсым тарихы, тұрмыс-тіршілігі, ақ жарқын көңілі, зіл басқан мұңы, буырқанған ашу-ызасы, күйініші мен сүйініші, сілемді сырлары, шалқар шабыты, қайсар қажыр-қайраты бәрі-бәрі домбыра пернесінде хаттаулы.
Қазағымның ғұмырына нәр берген де, азаптан арашалаған да, алдынан жарқыраған ай боп туып, алысқа шақырған да, асудан асырған да, жауға шапса семсеріне күш берген де, арғы-бергідегі бар болмысының күре тамыры- құдіретті күй. Күйде ұлттық рух бар. Күй - қазақтың өмір қызығы-ұлықты ұраны. Дарабоз дарқан күйді де, күйшіні де өмірге келтірген, оған ұзақ өмір мәңгілік мансап биік тұғыр берген де-халық.

1. Интернеттен алынған.
2. «Ол кім, бұл не?». 120 бет.
3. Атырау газеті 2001ж 1-бет
4. Н.Үлкенбаев «Жанымның жақсы көрген адамдары».Алматы. 2007ж. 6 бет.
5. «Егемен Қазақстан» газеті. 2000ж. 18 қаңтар. 3 бет.
6. Н. Муфтахов. «Өнер майталмандары». Ақтөбе. 2004. 15-бет.
7. Б. Тәжібаев. «Құлақтан кіріп бойды алар...». 32-бет.
8. «Көкшетау правдасы» 19.09.1970ж №189 4-бет.
9. «Халық кеңесі» газеті. 1994 ж. 28 желтоқсан. №192.
10. «Атырау» газеті 2000ж 14 қараша
11. «Коммунистік жол» газеті 3.09.1975. №189.
12. Ә. Есқалиев «Балқаймақ» 2000ж 8 бет.
13. «Атырау» газеті. 2000 ж. №126.

Кіріспе
Майысып қос ішегіңе күй
өткенде,
Ой туар жүрек түгіл, сүйектен
де.
Домбырам қайран менің, қайран
менің,
Ризамын сені маған сый
еткенге.
Ж.Нәжімеденов
Қазақтың сайын даласы қай кезде де өнерге кенде болмаған. Ұлан
ғайыр аймақтың, әр өңірдің өзіндік ерекшелігі, белес-бедері, үні, әуезі,
бояуы, екпіні бар. Әрине, өнер ауқымы кең, әрі сан- салалы екендігі де
белгілі. Оның ішінде күй отаны атанған Атырау өлкесінің жөні бір
басқа. Өйткені, күйші дәстүрі, кәсіби күй өнері дейсіз бе, осы
іздегеніңіз табылады. Бұл жалаң сөз емес, жасалған зерттеу, іздеу,
жинақтау-соның бір дәлелі. Өнер жалқы болған ба, ән, жыр, терме,
күйшілік-бәрі бір-бірімен астасып жатқаны тағы бар.
Зерттеп, зерделей білсек, алтын қазына алдан шығады.
Қазақстанның түбі терең тылсым тарихы, тұрмыс-тіршілігі, ақ жарқын
көңілі, зіл басқан мұңы, буырқанған ашу-ызасы, күйініші мен сүйініші,
сілемді сырлары, шалқар шабыты, қайсар қажыр-қайраты бәрі-бәрі домбыра
пернесінде хаттаулы.
Қазағымның ғұмырына нәр берген де, азаптан арашалаған да, алдынан
жарқыраған ай боп туып, алысқа шақырған да, асудан асырған да, жауға
шапса семсеріне күш берген де, арғы-бергідегі бар болмысының күре
тамыры- құдіретті күй. Күйде ұлттық рух бар. Күй - қазақтың өмір қызығы-
ұлықты ұраны. Дарабоз дарқан күйді де, күйшіні де өмірге келтірген, оған
ұзақ өмір мәңгілік мансап биік тұғыр берген де-халық. Сондықтан күй
халқымен бірге жасап, ғасырды ғасырға жалғап, өрелі өнімдерінен бақилық
ғұмыр кешуде. Күй бұлағының бастауын, күй теңізінің тамшысын, күй
мұхитының түбін таппақ болған зерттеу жұмыстары уақыт алға жылжыған
сайын тереңдеп бара жатыр. Ұлттық қадір-қасиетін ұлығылайтын осынша
мұра қайда? Қай халықта бар? Ұлы тұлғаны уақыт аласарта алмайды,-
деп белгілі жазушы, ғұламамыз Әбіш Кекілбаев айтқандай , тек аты-
жөніңіз өзінен бірнеше жинақ шығатын күйшілеріміз бен олардың
күйлерінің жәдігерлерін жадында сақтап, жақұттай жарқыратып бізге
жеткізген халық және оның тума таланттары. Қазақтың дарқан даласы ұлы
күйшілерге кемде болмаған батысы мен шығыста оңтүстігі мен солтүстігіне
көз салсаңыз, күйшілердің қалың дерегіне құлақ түрсеңіз әрлі де әсем
әуезіне қанығасыз.
Күй адамның ішінде жатқан, мүмкін ешкімге айтпайтын, сыртқа
шығармайтын,өзі ғана анда – санда оралып есіне алып қоятын бір сыр
сияқтыА.Жұбанов. Құлаққа ілінетін күй – сезім күйі. Бұлардың ішінде
тіршіліктің суреті, әңгімесі аз болса да, ішкі өмірдің сыры көп, адамды өз
ішіне үңілтетін мұң мен шердің сарыны бар М.Әуезов. [1]
1 Интернеттен алынған материалдар.
Қазақ халқы қаншама ғасырлар бойына әрқилы замандарды бастан
кешіріп, сан тарау жолдар мен асулардан асты. Қазақ жұртының бастан
кешірген өмірі, рухани қазынасы- өнер мен мәдениетіне, оның ішінде
музыка саласында әсер етіп, әр кезең өзіндік із қалдырғаны анық.
Халық сонау ықылым заманнан-ақ өз өмірі мен тіршілігінің барлық
тұстарын музыка тілімен бейнелеп, ән-күйлері арқылы баян етіп
отырды.
Өткен дәуірдің рухани мұраларынан күні бүгінге дейін жібі
үзілмей келе жатқан асыл қазынамыздың мағыналы да мәнді саласы- күй
өнері.
ІІ. Қазақ халқының күй өнері.(тема)
2.1.Күй-көңілдің кілті
Қазақ музыкасының тарихы ғылым ретінде қалыптасуы
1920 жылдардан басталады. Бұған осы уақытқа дейін қазақ музыкасы
жөнінде этнографтар мен саяхатшылар жазып қалдырған еңбектер үлкен
септігін тигізіп бағыт берді. Бұлар В.Карлсон, Н.Савигев, В.Затаевич
сынды тағы басқа көптеген өнер жанашырлары. Ал, қазақ өнерінің кәсіби
бағытқа бет бұрып, тыңнан жол салуында, көрегендік биігінен көрінуінде
әр уақыт академик А.Жұбанов тұлғасы тұрады. Көненің көзі, шежірені
тереңнен қозғайтын абыздар бар кезде олармен тілдесіп, дидарласып
үлгерген- А.Жұбанов.
А.Жұбанов отызыншы жылдардың ішінде басталып, елуінші жылдарда
жаңғырығы болған саяси қуғын-сүргін кезеңінің өзінде ол тайсалмастан
халық мұраларын зерттеп, хан тұқымы Дәулеткерейдің күйшілік өнерін
жоғары бағалап, күйлерін нотаға түсіріп, кейінгі ұрпаққа қалдырды.
Ел аралап, әнші-күйшілерді іздеп шежірешілермен әңгімелескен. Атырау
өлкесінде де болып атақты дүлдүл домбырашы Г.Қойрошев, Ш.Шәріпов,
Ғ.Мәсәлімов және басқа да дәулескер күйшілермен кездескен.
Күй құдіретіне табыну табиғат берген сыйдан, қанға сінген асыл
қасиет пен тәлімді тәрбиеден берілері сөзсіз.Осы дәстүр жалғастығы
күйшілік өнерден, күй тарихын зерттеуден көрінеді.
2000жыл Елбасының жарлығымен Мәдениетті қолдау қажет деп
жарияланғаны белгілі. Соған орай Атырау облысында Алматы
консерваториясының бастамасымен өнер зерттейтін арнаулы экспедиция
ұйымдастырылды. А.Жұбанов ізімен бұдан бұрын да бірнеше рет өнер
зерттеушілері қатысқан экспедициялар Атырау облысында болды.
Алаш жұрты Атырауды күй отаны деп таниды. Рас,еліміздің батыс
өңірі күй өлкесі, күй атасы Құрманғазы, Дина, Дәулеткерей, Абыл, Мәмен,
Ерғали, Қазанғап, Балабайсан және басқа күй алыптарын дүниеге келтірген
жер. Содан да болар өлкенің жасы да бар, қарты да бар, күй өнерін құдірет
көреді. Осы өңірдің перзенттері ақындар Х.Ерғалиев, Ж.Нәжімеденов керемет
күйші де болған. Күйге І.Жансүгіров тәрізді өлеңмен ескерткіш тұрғызған
да осы талант иелері. Қадір Мырза Әли, Ф.Оңғарсынова да күй-домбыраны
өзекті тақырыбы етіп алды.
Күй – қазақ халқының –харакетімен, күнкөріс кәсібімен, арман –
мұңымен, күрес – тартысымен, әдет – ғұрпымен астасып, ғасырлар бойы онымен
бірге жасасып келе жатқан аспаптық музыка, көне жанр. Күйді домбырада ғана
тартпаған, күйді қобызда да, сыбызғыда да ойнаған.
Күй - өміршең жанр. Қарағай қақпақ, қос ішекті домбырамен сыр
шерту – атадан балаға мирас болған өнер. [2]
2 Ол кім, бұл не?. 120 бет.
Мына жалғанда адам рухының қайсарлығына тең келер ештеңе жоқ
шығар! Алла тағаланың кемел туындысы адам жаны керемет құбылыстардың
қамбасы сияқты. Бірақ жаратқан ием махаббат, сұлулық, ерлік, өнер атаулыны
кез келген пендесіне шүпілдетіп төге салмағаны және ақиқат. Онда да көл
дария көкеміз осы қасиетті сезімдерді өмір үшін күресе білетін, өнер
деп жаны жылаған қабырғасын сөксе де қыңқ етпейтін сырбаз құлдарына шым-
шымдап дарытатын тәрізді.
Адам жаны кенелер қыруар ләззаттар ішінде музыканың орнын толтырар,
оның орнын алмастырар яки оны жоқтатпас басқаша бір құдірет бар ма мына
ғұмырда! Осынау төңкерілген сағымдай мың құбылған аласапыран тіршілікте
сиқырлы музыка сазына жаныңды бөлеп әуезімен әлдилейтін шандоз
күйшілердің бипыл күмбіріне құлақ түрмесеңіз шолақ ғұмырыңыздың өзі
жұтаңдыққа, қарабайлыққа тап болмай ма?
Ықылым замандардан бермен қарай ғұмыр кешіп келе жатқан, Алатау
мен Арқа, Алтай мен Атырау арасындағы қиырсыз атырапқа жайылған қазақ
халқы күйімен, домбырасымен жанын әлдилеп, сайын даланы күңіренте
күмбірлете сыйқырлы, әсем сөздер төккенімен композитор деген сөзді де
біле бермегеніне, оркестр, опера дейтін ұғымдармен істес болмағанына
сенімдіміз.
Қалай десек те, ақиқат осы.Күй атасы - Құрманғазы бастаған
Дәулеткерей, Тәттімбет, Дина, Қазанғап сынды бұл күнде саны жүзге жуық
дауылпаз саңлақтарды берген сахара, ешқандай нотасыз, консерваториясыз
байтақ атырапты бебеу қаққан жалғыз жарым домбырасымен ғана әлдилеп,
баз кешкені де ешкімге құпия емес.
Сонда бүгінгі таңда дағдысы көрініп өмірімізге берік сіңісіп
кеткен музыкалық білігіміз ғайыптан келген бе? Көктен түскен бе? Әлде,
оның да түп ата бастауы бар ма? Ештеңе өздігінен болмайтыны, әр нәрсе
әлденеден бастау алатыны ежелден даусыз ақиқат. Ендеше, бүгін де іргесі
бекіп зорайып, асқақ үні ғаламның түкпір-түкпірінде шалқи көсіле самғап
жүрген қазақтың профессионал музыкасының да шым-шымдап шымырлаған
бастауы бар екені әлемге аян.
Адам табиғаттың түлегі боп дүниеге келіп, әлеуметтің тұлғасы
боп дүниеден өтеді. Осы бір самғаудың мөлдір бастауы қашан да қасиетті
туған жер мен көрген білімдерді көкірекке мөрдей мәңгі басылып қалатын
пейіш дәурен балалық болмақ . Сондықтан небір аузымен құс тістеген
көкшулан дарындар ай асты ғаламда айран-асыр қалдырған саңлақ
өнерпаздар тән қаңқасынан талпынып шығып, рух қанатына ілесіп самғау мен
шарықтау сапарына аттандырып салған алтын ұясына өле-өлгенше қарыздар.
Сондықтан да ол ана көкірегіндей ыстық, әке алақанындай мейірлі, атаның
ақ батасындай мерейлі. Қалай дегенмен де тіршіліктен мол ырыс, несібе,
ризық бұйырған айтулы азаматтың өмір бойы мойнынан тастамайтын
бойтұмары- туған жері. Бойына өнер ұрығын сепкен өте қасиетті ортасы
мектебі және нұрлы жолға жетелеген ұстаздары дер едім.
2.2. Өмірін күймен өрнектеп.
Атағы бар, даңқы бар өңірге аян,
Ойлануда бүгінде небір ноян.
Өзгертуге болады өзіңді де ,
Өзгертуге келмейді өмірбаян.
( Ж.Әбдірашов )
Бүгін де елінің мақтанышына айналған Қазақстанның халық
әртісі, профессор, Қазақстанның күй өнерінің жұлдызына айналған
Әзидолла Есқалиев 1934 жылы Гурьев облысы, Теңіз ауданы, Дыңқызыл
ауылында дүниеге келген .
Бір қарағанда, айтулы өнерпаздың күй атасы- Құрманғазы жаралған
аймақта тууы да тегін емес сияқты. Алайда, Әзидолланың кіндік қаны
тамған топырағынан да еш айналып немесе аттап өте алмайтын ең ғазиз
киелі орын- Атырау өңірі. Өйткені сұңғыла күйшінің өмірі осы атырапта
өтті.
1940-1941 жылы Забурындағы Куйбышев орта мектебіне алғаш мектепке
барды. Әзидолла 4-5 жасынан бастап, домбыраға құмар әрі икемді. Үйге
бір кісі келіп домбыра тартса, ойнап жүрген жерінен үйге келіп, сол
домбыра тартқан кісінің қасына икемделе отырып тыңдайтын. Балам,
домбыра тартқың келе ме десе, басын изеп, домбыра ұсынса, ешбір
жасқанбай жаңағы тартылған күйдің алғашқы бөліктерін орындап та
беретін.
Мектепте оқып жүргенде домбыра үйірмесіне қатынасып, жоғары сыныптарда
үйірме жетекшісі болды.
Әзидолла оқып жүрген шақтарында әр салада жұмыс жасайтын ел
ағалары, күйшілер: Ерғали Есжанов, Ғилман Қайрошев, Ғибатолла Масалимов,
Хисмет Меңдіғалиевтерден тәлім-тәрбие алып, көптеген күйлер үйренді.
Кейде ағаларының орындаған күйлерін сол бойда, өздеріне сол күйді
тартып беретін де еді. Олар Әзидолланың домбыра тартысына, отыру мәнері
мен домбыра соғысына дән риза болып отырушы еді. 1952 жылы орта
мектепті бітіргеннен кейін 1953 жылы Алматы мемлекеттік Құрманғазы
атындағы консерваторияның халық аспаптар сыныбына қабылданды.
Құдай бойыңа дарытпаған қасиетті қамшымен сабап кіргізе
алмайсың дегендей, еш уақытта да талантты қолдан жасауға болмайды екен,
қолдан жасалған талант біреудің құжатымен жүрген ұры тәрізді. Туа
біткен дарыны құнарлы топырақта өсіп - өнеді. Себепсіз салдар
болмайтыны сияқты, кейде бұл дарынның тұйықталып қалған кезде көкірек
дариясының көзін ашып жіберетін ұлағатты ұстаздар да кезігеді.
Мұнда орындаушылық шеберлігіне сәйкес студенттердің арасынан
бірден А.Жұбановтың көзіне түсіп, ақыл-кеңесін тыңдап, күй өнері жайлы
өнегелі сөзінен тағылым алды.
Дайындық кезінде Рүстембек ағасының жанына жақынырақ отырып, өзі
пір тұтатын домбырашының саналы саусақтарынан көз алмаушы еді.
Шәкірттерінің естігенін қағып алатын қағылездігін сезген ағасы
қандай бір үлкен жиында да Әзидолланы өз жанына отырғызса, үйренсін,
білсін, білмегенін ертеңге алып барсын дегені шығар.
Ә.Есқалиев студенттік шақтан-ақ өзіндік туа біткен дарыны арқасында
1957 жылы Мәскеуде өткен Бүкілодақтық орындаушылар конкурсының
лауреаты атанып, бірнеше айдан соң VI бүкіл дүниежүзілік жастар
фестиваліне қатысып, қазақтың қара шанақты домбырасының қоңыр үнін
төрткүл дүниеге танытып, алтыннан алқа тақты.
Жылдар мен жолдар
Консерваторияның халық аспаптар сыныбын бітірген соң,
бірнеше жыл бойы республиканың Жамбыл атындағы қазақ концертінде
домбырашы болып, өнер баспалдақтарында өрлеу биігінен шықты.
1955 жылдан Құрманғазы атындағы ұлт-аспаптар академиялық
оркестрінің құрамында, кейіннен оның жеке дауыста орындайтын
домбырашысы болып жемісті еңбек етті.
1962 жылдан бері сол консерваторияда ұстаз болып домбыра тарту,
күй шығару өнерлерінен жас ұрпаққа дәріс берді.Ол күй маржанын
төккен шебер орындаушы болумен қатар, Жастар, Шаттық, Фестиваль
маршы атты күйлерін қазақ өнерінің алтын қорына қосқан белгілі
сазгер, талай-талай талантты шәкірттер тәрбиелеген білікті ұстаз.
Шәкіртсіз- ұстаз тұл деп бұрынғылар неге айтты дейсің? Оның
өзі де күні кешеге дейін талай балбармақ күйшілерге шәкірт болды.
Келе-келе Әзидолла да алдындағы ағаларынан мирас болып қалған жас
дарындарға қол ұшын беріп, қамқор болу ісіне бел шеше кірісті.
Кеудесіне күй оты лапылдаған жас таланттарды үнемі демеп
қанаттандырып жүрді. Олардың ішінде Бақыт Қарабалина, Шымкент
университетінің профессоры Өтеген Губайдуллин сынды шәкірттері
бар.
Әрбір гастроль сайын репертуарларындағы Құрманғазы, Дина,
Тәттімбет, Дәулеткерей, Моцарт, Брамс, Рахманинов, Чайковскийдің, күрделі
классикалық шығармалары көрермен көңілінен шығып, оның жоғарғы
орындаушылық шеберлігі де одан әрі дами түседі.
Жақсыны көрмекке дегендей Ә.Есқалиев Германия, Венгрия, Алжир, Чехия,
Чехословакия, Қытай, Париж сахналарында да Әміре ағасындай қос пернелі
домбырасымен күй құдіретін паш етіп, қазақ өнерін шет елдерге де
насихаттай білді.
1996 жылы арнайы Америка Құрама Штаттарында өткен әлем
лауреатының конкурсына шақырылып, онда Сарыарқа , Терісқақпай,
Бұлбұл сияқты күйлерімен бірге Моцарттың Рондо, С.Шабельский мен
Л.Шаргородскийдің Тойбастар деп аталатын шығармаларын орындады.
Халқымыздың қасиетті өнерін өрге бастыруға сіңірген еңбегі елеусіз
қалған жоқ.
Ә.Есқалиев 1966 жылы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген
артисі деген атаққа ие болды. Сол жылдары ол Алматы қаласының Фрунзе
ауданының халық депутаттығына да сайланды.
Талай жаз бен қысты артқа тастап, талай жер-су асып, өмірінің күйін
шерткен күйшінің елеулі табысы ескеріліп, 1990 жылы Ә.Есқалиевке
Қазақстанның халық артисі деген құрметті атақ берілді.
Тәуелсіздіктің 10 жылдығына арналған медальмен және бірнеше дүркін
Құрмет грамотасымен марапатталды. М.Өтемісов атындағы драма театрда
Ә.Есқалиевтің шығармашылық қызметінің басталғанына 50 жыл және
Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған есепті концерттік
бағдарламасы өткізілді.
1997 жылы 11 шілде де өнертану мамандығы бойынша доцент ғылыми
атағы, 1998 ж 30 қазанда профессор ғылыми атағы берілді. Қазақ
музыка өнерінің алтын қорына қосқан 20-дан астам күй табақ,
үнтаспаларының өзі неге тұрады?
Алматы қаласындағы Білім баспасынан 2000 жылы шыққан Балқаймақ
кітабының авторы.
Негіз: Исатай аудандық мәслихаты Х сессиясының 2001ж 8 тамыздағы №72-
11 шешімімен белгілі домбырашы Ә.Есқалиевке Исатай ауданының және сол
жылы Индер ауданының Құрметті азаматы атағы берілді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы
Мәдениет пен өнер қайраткерлеріне берілетін стипендиясы жерлесіміз
домбырашы Ә.Есқалиевке берілгені біз үшін-зор қуаныш.[3]
3 Атырау газеті 2001ж 1-бет
2.3. Әр жүректі тербейді әсем сазы
Өнер махаббат, махаббат өмір!
Осы екі қасиетті барша өмірінде бойтұмардай қастерлей білді.
Күймен жазылған халқымыздың тарихын насихаттаудағы ұлан ғайыр еңбегі
еш кеткен жоқ. Бұл үлкен өнер жолында талмай, талаптанған өлшеусіз
еңбегінің, әрі туған ел алдындағы перзенттік борышын атмен
өткергендігі ол туралы, оның шығармашылығы жайлы мерзімді баспасөз
беттерінде көптеген мақалалар, сыр-сұхбаттар жарияланған болатын.Күйші
сазгер туралы, оның өнердегі өшпес сөздері жайлы жүрек жарды
пікірлерін білдірген-ді. Солардың біразын айта кетуді жөн санадым. Бұл
әңгімені Қазақстанның мәдениет қайраткері, сыңғырлаған қоңырау дауысты
әнші Нариман Үлкенбаевтың Алматы Білім баспасынан 2007 жылы шыққан
Жанымның жақсы көрген адамдары кітабында жазған.
Қазақстанның халық әртісі Ә.Есқалиевке
сонау Нарын құмының перзенті, бұл күнде аты әлемге әйгілі Әз-аға,
жабығуды білмейтін жүрген жері мәз-аға. Езуінен күлкі, жанарынан жылылық
кетпеген, өнерлес іні-қарындастары, сарыаяқ жолдастары алдынан көлденең
өтпеген, төрінен қонағы, дастарханынан береке кетпеген Әз-аға!
Осы кезге дейінгі атақ-дәрежеңіздің барлығын тізбелеп
айтпағанда, одан арғыға-қазақтың қасиетті қара домбырасы мен алқымына
алтыннан алқа тағып, атағыңыз алты алашқа жетті десек, сізді
білетін, өнер сүйетін күллі қазақ өзіңізді тірі Құрманғазы екен
депті десек, ол абыройлы шындық..Дәл осындай өнері мен көсегесін
көгерткен, 50 жыл жұбайлық өмірінде қиылған қасы мойылдай қара шашы,
жәй жүрсе де тындырымды қозғалысы, даяр тұратын дастарханы мен асы,
жан-жары Жаңылсынды тең ерткен алтын тойды алтынды қоса есептесек ,
алтын атаулының барлығы Әз-ағаңның үйінде, атақ дегенің қара
домбыраның күйінде екен. Балқаймақпен балқытып, Әсемқоңырмен
шалқытып, қос ішекті еңіретіп Кішкентаймен еміренткенде, көз
алдымызға 7 жаста атқа шапқан, қоян-қасқырға құрған қақпан, домбыраға
алтыннан алқа таққан, өнердегі де, өмірдегі де қуанышын домбыра мен
Жаңылсын жеңгемізден тапқан Әз-ағаң елестейді. Әз-аға мінезі еш
уақытта өзгермейтін, адам болып сөзге ермейтін, сыйластықты еш
нәрсеге теңгермейтін жан.
Қадір-қасиетті кісілігінен, үлкенге-құрмет , кішіге ізет-
кішілігінен, түзде-мырза, үйде-құл тәрбиесінен дарыған Әз-ағаң 70 жасы
-желкен, алтын тойлары көркем болып, ұзақ ғұмыр болуларына
тілектеспіз.[2]
Күйдің күре тамыры тақырыбында республикалық баспасөз Егеменді
Қазақстан газетінде жарық көрген Тұрар Келмағанбетовтың мақаласында
былай деген:
4 Н.Үлкенбаев Жанымның жақсы көрген адамдары. Алматы. 2007 ж. 6 бет.
Қазақстанның халық әртісі, халықаралық конкурстардың лауреаты,
дәулескер күйші Ә.Есқалиевтің есімін жұртшылыққа сыртынан таныстырып
жату артық. Қазақтың күй өнері мен қасиетті қара домбырасын
қадірлейтін қалың қазақтың арасында домбырашы өнерін тамашалаған кісі
некен-саяқ. Күйшінің туа біткен қабілетіне ешкімнің көңілінде титтей
күмән болмауы үшін күйші өнеріне Америка сияқты алып елдің өнер
сүйер халқының жағалай тәнті болып, бұрын-соңды осыншалық сұлу, өнерді
толық меңгерген шеберді еш жерден кездестірмеген сүйіспеншілігін айтса
артық болмайтын еді.
Академик А.Жұбановтың тікелей өзінен дәріс алған Алматы
консерваториясының түлегі өнерге тым ерте кезден құмартып, құлағына
Құрманғазы мен Дина күйлерін құйып өскен.Бүгінде ол өте сирек
ұшырасатын, көп тыңдалмаған көне күйлерді қайта тірілтіп, халықтың
игілігіне жаратуды зор мұрат тұта жүріп Оқан Қабиғожин, Қали Жантілеуов,
Лұхпан Мұхитов, Самиғолла Андарбаев, Мағауия Хамзин, Бақыт Қарабалина
сияқты бүгінде әрқайсысы бір-бір мектеп десе болатын орындаушылар
тәжірбиесін төңірекке насихаттаудан әсте тынбаған. [5]
Өнерлі өлкенің бір ұлы тақырыбында жазылған Н.Муфтахов былай дейді:
Табиғатынан биязы, ұялшақ, көп алдында көсіле сөйлеуден қашатын
Әзидолла үнемі кластың кейінгі жағында, соңғы партада орнынан асықпай
көтеріліп, жай ғана күлімсірей тұрып жауап береді. Қоңырау соғылысымен
басқаларымыз топырлай қақтығыса-соқтығыса есікке ұмтылғанда, Әзидолла сол
жасқаншақтау жымиған күйі соңымыздан қарап тұрады. Тек кеш түсе, бәріміз
жатақхананың көлеңке жағына жиналған кезде ол өзгеріп кетеді.
Кітаптан қол босаса-ақ домбыра тартарын жігіттердің төңірегіне
жиналу, өнерпаздар сайысын қызықтау ежелгі әдетіміз болатын. Ондайда екі
шекті домбыра қолдан-қолға көшеді, жүректі тебірентіп, бойды шымырлататын
Құрманғазы күйлері кейде өксіп мұң шағып, кейде арындап, ашу шақырып, кешкі
аспанға көтеріліп жатады. Он саусағы орытқып, өнер сайысына түсушілер де
анау-мынау емес, Рамазан Мүрсәлімов, Ермек Қабдолов, Әзидолла Есқалиев
сияқты жұртқа танылған майталмандар. Әшейінде бұйығы, ұялшақ Әзидолла
қолына домбыра ұстаған кезде қомданып, кеудесін керіп, ойлы көздерін алысқа
қадап, өзге бір күйге түседі. Салалы саусақтар перне үстінде қалықтап, екі
шек ерекше сыр шерткендей болады..
-Әзидолланың орындауында өзгеше әдемілік, сезім бар. Ол домбыра
тартқанда жай күй тыңдамайсыз,өте қызық кітап оқығандай немесе бір оқиғаның
куәсі болғандай сезінесіз,-дейді сайысты сырт жақтан байқап тұрған
ұстазымыз Шәмшиден Шәріпов. Оның өзі де домбырашы, талай өнер иесін көрген,
талай талапкерді тәрбиелеп, өнер жолына шығарған адам. Бұрын да әлденеше
рет осындай жиынымызға қатысып, пікірін айтып, домбырашылардың жақсы жағын
атап, кемшіліктерін көрсетіп кететін. Бүгін мынадай бір мақтау сөз айтты,
оның үстіне тағы бір пікір тастады.
5 Егемен Қазақстан газеті. 2000ж. 18 қаңтар. 3 бет.
- Шырағым, сенің болашағың өнерде. Консерваторияға түсуге дайындала бер,-
деді.
Осы сөз қамшы болды. Әзидолла мектеп бітірді де, Алматыға
кетті. Өнер дарыған,қияғы мен жыңғылына дейін жел соқса күй шертетін құмда
туып-өскен бозбаланың бұл талабы да заңды еді. Кішкене кезінде Айбас
құмының белгілі домбырашылары Игібай мен Сабырдың өнеріне қанықты.Үй
ішіндегілер де шетінен әжептәуір домбыра тартатын.Үлкен ағасы Әліп сонау
сұрапыл соғыс жылдары ат басын батысқа бұрып тұрып,серігі болған домбырасын
алты жасар Әзидоллаға сыйлаған-ды.Сол соғыста қаза тапқан ағасы Шалау да
аттанар алдында өзінің ізбасарына:
- Орындаған әрбір күйің өзіңнің ішіңнен шыққандай сезілетін болсын,-деген-
ді.
Әзидолла ағаларының аманатын орындауға аттанды.Астанамыз Алматыға
үлкен арман, зор мақсатпен келген жас жігіт білім ордасына кірудің
қиындықтарына кездесті.Оқуға түсуге келгендердің бәрі дерлік музыкалық
мектеп немесе училище бітіргендер екен.Домбыра тартудан басқаны білмейтін
Әзидоллаға олармен таласу үмітсіз нәрсемен бірдей болды.Ол аз болса,
емтиханды Ахмет Жұбановтың өзі қабылдайтын көрінеді.Әйтеуір ақырғы күнге
дейін жас жігіттің көңілі күдікке толы жүрді...
– Ал, шырағым, қандай өнерің бар,көрсетіп жібер, – деді Ақаң алдына
келген Әзидоллаға.
Домбыраның күйін түсіріп,бабына келтіріп,Әзидолла құлаққа тосын бір
күйді бастап кетті. Емтихан алушылар да өз кезектерін күтіп отырған
абитуриенттер де ғажап сиқыр күшке бағынғандай тына қалды.Қос ішек пен он
саусақтан өрбіген әуен ортқып өрлеп,еркелей,сырт-шерте барып тамам болды.
– Мынау Балқаймақ қой! – деп қалды Ақаң күй тынған кезде.
– Кәдімгі Құрманғазының Аман бол, шешем, аман бол, Динаның Өтті
дәурен, Ерғали Есжановтың Бозащы күйлерін жалғастырып әкетті. Соңғы екі
күйді бірінші рет естіген А.Жұбанов жас жігітке ерекше ризалық сезім
білдірді.
– Тамаша! Орындаушылық өнерің өз алдына бізге белгісіз күйлерді
жеткізгеніңе!- деді ол Әзидолланың қолын қысып тұрып.
Өнер шыңына өрлеу осылай басталды. Музыкалық білімнің әліппесін
бастаған Әзидолла қиындықпен күресе жүріп, домбырада классикалық
шығармаларды орындауды меңгерді. Оның болашағынан үміттенген Қали
Жантілеуов Әзидолланы өз қамқорлығына алып, ұстаздық етті. Шәкірті шыңға
өрлесе ұстазға одан артық бақыт бар ма?! Үміт ақталды.
Бұл 1957 жылы болған еді.
Міне, конкурс сағаттарының бірі. Москва мемлекеттік университетінің
үлкен залы. Бүгін мұнда жарысқа тек жеке аспапта ойнаушылар ғана қатысады.
Әзидолланың сахнаға шығу кезегі келді. Кең төрдегі дөңгелек сәуленің
астына қойылған орындыққа жайғасқанда, жас жігіт айналадағы бар дүниені
ұмытып, өзін тек күй әлемінде сезінгендей. Аса зор шабытпен Әзидолла
Құрманғазының Терісқақпайын төгілте жөнелді.Күйдің өне бойынан кең
даланы құйындата, тасырлата шапқан аттың дүбірі естіледі.
Ол ойнаған келесі күй – Динаның Бұлбұлы болды. Күй сазынан бұлбұлдар
бағы – Алматының әсем көркі елес береді.
Жарыс сарапшыларының алдында Әзидолла енді Семен Когонның фортепьянода
сүйемелдеуімен Моцарттың Рондосын ойнады.Классик композитордың жүрекке
жылы тиетін шуақты музыкасы қазақ домбырасында өзінің асқақ қасиетін
сақтап, әсерлі естіледі. Музыка аяқталысымен комиссия мүшелері Әзидолланы
өздері отырған бөлмеге шақырып алды да, бірінен соң бірі мұның домбырасын
қолдарына алып, таңдана қарады.Олардың кейбіреулері:
– Мынадай қос ішекті аспапта Рондоны ойнауға болады екен, ә ?-деп
қасындағы жолдасына таңырқап, таңдай қаға қарады.
Әзидолла музыканттар өнер сынасқан үш турдан да мүдірмей өтті.
Конкурс комиссиясы жас жігіттің өнеріне бір ауыздан жоғары баға
берді.[6]
Б.Тәжібаев Құлақтан кіріп бойды алар мақаласында Әзидолланың күй
орындау шеберлігі туралы былай деген:
– А.Жұбанов кейін де ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz