ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы Жапония экономикасы
Кіріспе. 3
І тарау. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Жапон елі.
1.1. Елдің шаруашылығын қалпына келтіру және шет елдер саясаты. 11
1.2. 1950.1970 ж.ж. экономикалық даму процестері. 21
ІІ тарау. 1970.1980 ж.ж. Жапон экономикасы.
2.1. Жапонияның шет елдермен экономикалық қарым.
қатынасы. 32
2.2. Ұлттық экономиканы дамыту. 40
Қорытынды. 51
Сілтемелер тізімі. 56
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. 63

Қоғамның дамуына өз үлесін, өз тәжірбиесін қалдыратын әр елдің өзіндік ерекшелігі бар.
Азиялық құрылғындағы алдыңғы қатарлы өнеркәсібі, дамыған капиталистік мемлекет болып қалыптасқан, Жапония, өткен ХХ ғасыр бөліп бүкіл әлемнің кең бұқарасы мен әлеуметтік-экономикалық ғылымының мамандарын да қызықтырып отырды. Бұл елге қызығушылық оның 1945 жылғы соғыстан күйреуінен кейін тақыр жерден бастап екі он жылдық ішінде Ішкі ұлттық өнімнің (ІҰӨ) мөлшері бойынша капиталистік әлемде екінші орында, сыртқы сауда көлемі бойынша үшінші орын және тағы да басқа экономикалық көрсеткіштер бойынша алдыңғы орындарды алғаннан кейін қатты күшейді1. Жапонияға бүкіл әлемнің қызығушылығы да едәуір зор болды. екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі Жапонияның тез өнеркәсіптік өсуі, бүкіл әлемнің көңілін өзіне аудартты.
Соған қарамастан бұл елге қызығушылығы сөнбей керісінше, біздің өміріміздің барлық салаларындағы революциялық қайта құру заманда немесе нарықты экономика мен өтпелі кезең деген ауқымды түсініктер заманында өсуде. Адамзат іскерлігінің барлық салаларындағы әлемдік тәжірбиеге сүйеніп, көңерген стереотиптер мен догмаларды артта қалдырып, қазіргі уақытта Жапон экономикалық тәжірибесі көңілді үңіле қызықтырып, оған сынмен қарау ұмытылысын туғызып оны елімізде өзіміздің жағдайымызға сай мүмкіндігімізше пайдалану мүмкіндігі және жоғары айтылғаны тақырыптың өзектілігін құрайды.

4. Вербицкий С.Н., Попов В.А. «История Японии» 1945 – 1975 г.г. М., «Мысль», 1978 г.504 с.
5. Лукьянова М.И., Власов В.А. «Экономика современной Японии» сб.стат. М., «Наука», 1974 г. 320 с.
7. Певзнер Я.А., Петров Д.В. «Япония. Серия: экономика и политика стран
современного капитализма» М., «Мысль», 1975 г. 454 с.
8. Кутаков Л.Н. «Очерки новейшей истории Японии 1918 – 1963 г.гг.» М.,
«Просвещение», 296 с.
9. Ильина К.А. «Японский капитал на азиатских рынках» М., «Наука», 1966 г. 146 с.
16. Мильнер Б.З., Рогопина С.А., Олейник И.С. «Японский парадокс» М., «Наука», 1985 г. 264 с.
17. Добровинский Б.Н. «Япония: проблемы эффективности экономики» М., «Наука», 1975г. 335 с.

ҚазаҚстан РеспубликасыныҢ білім жӘне Ғылым министрлігі
Қ.ЖҰбанов атындаҒы АҚтӨбе мемлекеттік университеті.
Тарих факультеті
Жалпы тарих кафедрасы.
Дипломдық жұмыс
1945-1980 ж.ж. Жапонияның
экономикалық дамуы.ң
Орындаған: тарих факультетінің
402 топтың студенті
Есетов Н.Е.
Ғылыми жетекші:
т.ғ.к., доцент Жұбатқанов К.Ж.
Қорғауға рұқсат Рецензенттер:
берілген т.ғ.к., доцент Жұбатқанов К.Ж.,
Кафедра меңгерушісі т.ғ.к., доцент Мұхтарова Г.Д.
_______ Перевезенцев А.Л.
__ң _______________ 2001 г.
Ақтөбе 2001.
МазмҰны
Кіріспе.
3
І тарау. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Жапон елі.
1. Елдің шаруашылығын қалпына келтіру және шет елдер саясаты.
11
2. 1950-1970 ж.ж. экономикалық даму процестері. 21
ІІ тарау. 1970-1980 ж.ж. Жапон экономикасы.
1. Жапонияның шет елдермен экономикалық қарым-
қатынасы.
32
2. Ұлттық экономиканы дамыту. 40
Қорытынды.
51
Сілтемелер тізімі.
56
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
63
Кіріспе.
Қоғамның дамуына өз үлесін, өз тәжірбиесін қалдыратын әр елдің өзіндік
ерекшелігі бар.
Азиялық құрылғындағы алдыңғы қатарлы өнеркәсібі, дамыған капиталистік
мемлекет болып қалыптасқан, Жапония, өткен ХХ ғасыр бөліп бүкіл әлемнің кең
бұқарасы мен әлеуметтік-экономикалық ғылымының мамандарын да қызықтырып
отырды. Бұл елге қызығушылық оның 1945 жылғы соғыстан күйреуінен кейін
тақыр жерден бастап екі он жылдық ішінде Ішкі ұлттық өнімнің (ІҰӨ) мөлшері
бойынша капиталистік әлемде екінші орында, сыртқы сауда көлемі бойынша
үшінші орын және тағы да басқа экономикалық көрсеткіштер бойынша алдыңғы
орындарды алғаннан кейін қатты күшейді1. Жапонияға бүкіл әлемнің
қызығушылығы да едәуір зор болды. екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі
Жапонияның тез өнеркәсіптік өсуі, бүкіл әлемнің көңілін өзіне аудартты.
Соған қарамастан бұл елге қызығушылығы сөнбей керісінше, біздің
өміріміздің барлық салаларындағы революциялық қайта құру заманда немесе
нарықты экономика мен өтпелі кезең деген ауқымды түсініктер заманында
өсуде. Адамзат іскерлігінің барлық салаларындағы әлемдік тәжірбиеге
сүйеніп, көңерген стереотиптер мен догмаларды артта қалдырып, қазіргі
уақытта Жапон экономикалық тәжірибесі көңілді үңіле қызықтырып, оған сынмен
қарау ұмытылысын туғызып оны елімізде өзіміздің жағдайымызға сай
мүмкіндігімізше пайдалану мүмкіндігі және жоғары айтылғаны тақырыптың
өзектілігін құрайды.
Жұмыстың зерттеу объектісі болып Жапонияның 1945-1980 –ші ж.ж.
аралығындағы экономикалық дамуы болып табылады.
Зерттеу жұмысының мерзімдік шегі 1945-1980- ші ж.ж. қамтиды. Бұл тарихи
кезеңді алудың себебі, біріншіден, бізде бар көптеген еңбектер,
монографиялар, оқулықтар, мақалалар жинақтары т.б. Жапонияның экономикалық
даму тарихының негізінен осы кезеңге арналған. Екіншіден бұл мерзімдік
алғы 1990- шы ж.ж. қамтуына мүмкіндік болмайды. Себебі біздің жағдайымыз да
қажетті тікелей ғана емес жанама әдебиеттердің де болмауы болып табылады.
Сонымен қатар осы уақытта Жапон экономикасында ең басты, негізгі
өзгерістер болды. Жапония соғыста күйреген экономикасын тек қалпына
келтіріп тұрақтандырып ғана қоймай, оны экономикалық өсу қарқыны бойынша
алдыңғы орындарға шығарып, күшті капиталистік державаға да айналдырды.
Мәселенің зерттеу деңгейі. Жапон елінің экономикалық дамудың себептерін
түсіндіру ұмтылысы Жапонияның өзінде де, басқа елдерде де жарыққа шыққан
көптеген еңбектер мен монографияларды жазуға итермелейді. Жапонияға бүкіл
әлемнің қызығушылығы күн шығыс елінің әсерлі жетістіктері, әсіресе
экономикадағы жетістіктер, бәріне белгілі және өзіне үңіле көңілін аударып
таң қалу мен мәз-мейрам, қызғаныш пен қауіп аралас сезім туғызуымен
түсіндіріледі. Шынында да соғыстан қатты күйреуге ұшыраған Жапония бірнеше
он жылдың ішінде соғыс күйреуінен ғана емес сонымен қатар өнеркәсіптің және
ғылым мен техниканың көптеген салаларында лидер болып алдыңғы қатарлы
экономикалық державаға қалайша айналды?
Егер кеңестік ғалымдардың Жапонияның экономикалық дамуы жөнінде
еңбектерін алып қарайтын болсақ, олар өз еңбектерінде бұл елдің жалпы
экономикалық дамуының берілген 1945 –1980- ші ж.ж. аралығындағы кезенді
толық көп қарастырылмаған.
Мысал ретінде белгілі зерттеуші – шығыстанушылар Латышев И.А., Рамзес
В.Б., Овчинников В.В. т.б. әр-түрлі кезеңді қамтыған Жапон экономикасының
әр мәселелерін қараған. Осылардың ішінде толық экономикалық дамуына
арналған Экономика современной Японииң атты М.И. Лукьянованың мақалалар
жинағы (М., 1974 ж), Вербицкий С.И. мен Попов Д.В. құрастырған История
Япони 1945-1975 г.гң. (М., 1978 ж) атты еңбектері бар.
Осы аталған еңбектердің ішінде Вербицкий С.И. мен Попов В.А.-ның
еңбегі. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі Жапонияның тарихын, соның
ішінде экономикалық даму тарихын кең, жан-жақты ашып көрсеткен. Бұл еңбекте
соғыстан кейінгі елде жүргізілген экономикалық реформалар, олардың нәтижесі
Жапон үкіметі және АҚШ – тың экономикалық саясаттары кеңінен айтылады.
Сонымен қатар 1950-1960-шы жылдары өзіндік даму жолына түскен Жапонияның
экономикалық жағдайы көрсетілген.
Лукьянова В.И. мен Власова В.А. –ның Экономика современной Японииң
(М., Наука. 1974 ж) атты мақалалар жинағында Жапонияның экономикалық өмірі
мен оның сыртқы экономикалық байланыстарына арналған кеңестік жапония тану
еңбектерінде өз зерттелген және бір қатар өзекті мәселелер бастырылады.
Сонымен қатар алдыңғы қатарлы монополистік Мицубиси тобы туралы, ғылыми-
техникалық революция жағдайындағы Жапонияның жұмысшысы күш
нарығыныңмәселелері жарияланып, өндіріс орындардың табысы мен техникалық
дәрежесін көтеруіне арналған монополиялардың өндірісті басқаруды
ұйымдастырудың жаңа әдістерін пайдалану және ғылыми зерттеулердің маңызы
көрсетіліп, сонымен қатар ауыл шаруашылық саласындағы мемлекеттің қаржы
саясаты туралы мақалалар жарияланды. Одан басқа Жапонияның сыртқы
экономикалық байланыстары, соның ішінде капиталдық импорты мен
экспортындағы жаңа құбылыстар және Жапонияның АҚШ-пен экономикалық қарым-
қатынасы қаралды.
Ал Петров Я.А., Петров Д.В., т.б. ғалымдардың ұжымымен жазылған
Экономика и политика стран современного капитализмаң сериясының Японияң
(М.: Мысль. 1973 г) атты еңбегінде Жапонияның 1960-шы жылдардың аяғына
дейін экономикалық өсудің жоғарғы қарқынын қалыптастырған технико-
экономикалық және саяси әлеуметтік факторлар және осы өсудің негізінде
туындаған жаңа антагонистік қарама-қайшылықтар қаралды. Авторлар ұжымы
қарастырған барлық мәселелер ішінде, оларды жан-жақты талдап экономикаға
байланысты бірқатар маңызды мәселелерді көрсеткен.
Одинцов А.А.-ның Торговые монополии в Японииң (М.:Наука. 1982 г)
кітабында кеңестік экономикалық еңбектерде өз зерттелген қазіргі заманғы
мемлекеттік-монополистік капитализм жағдайын да сауданы монополияндыру
мәселесі қаралған. Сауда монополиялардың қаржы экономикалық дамудың
дәрежесі және тенденциялары олардың қаржы топтар құрылымындағы ролі мен
орны т.б. мәселелер көрсетілген. Ерекше көңіл сыртқы экономикалық
байланыстар саласындағы сауда монополиялардың іскерлігінің орнын, ролін,
түрі мен әдісін талдауына бөлінді. Соңғы жылдары батыс елдерінде Жапонияның
өнеркәсіптік және ғылыми-техникалық дамуын жан-жақты баяндайтын көптеген
алуан түрлібасылымдар шығарылды. Соның ішінде бір қатар батстың авторлары
Жапония алдында тұрған күрделі мәселелерді талдаудың орнына, белгілі бір
Жапондық ерекшелігіне көптеген маңыз аударды. Әрине өнеркәсіптік дамудың
Жапондық моделінің көптеген маңызды аспектілерін толық шындыққа жатпайтын
боямалы түрде келтірілген. Бұндай жарнамалықң әдіс Жапондық
өнеркәсібінің, экономика мен жалпы қоғамның дамуының заңдылығын
белгілейтін, күрделі және қарма-қайшы процестер мен факторлардың объективті
талдауына мүкіндік бермеді.
Сонымен қоса қарасытрылатын кезіндегі Жапонияның экономикалық дамуы
жөнінде орыс тіліне аударылған кейбір жапон зерттеуші-ғалымдарының
еңбектері де бар. Атап кететін болсақ олар Масанори Моритани Современная
технология и экономическое развитие Япониң (М.: Экономика. 1986 г.) Исикова
Каору Япония методы управления качествомң (М.: Экономика 1988г) Хироси
ОКумура Корпоративный капитализм в Японииң (М.: Мысль 1986 г) және Акиро
Морита Сделано в Японииң (М.: Порогресс. 1990)
М. Моританидің еңбегі Жапонияның жаңашыл технологияларды және құруда
мен өнеркәсіпте және әлемдік ғылыми-тезникалық прогресстің жетістіктерін
пайдалануда Жапон елінің позициясын талдауына арналды. Ерекше көңілді
жаңа өнім игерудегі бақталастықтың роліне, тұтыну сұранысына бағытталуына,
сапаны толық бақылауын ұйымдастыруына, жалдау мен еңбектің төлем ақы
жүйелеріне, корпорациялардың жұмыстарымен салыстырмалытүрде ашылды. Және де
бұл еңбек жұмыстың негізгі дерегі ретінде пайдаланылады.
Канамори Хисако мен Дзюн Ваданың еңбегінде Жапон экономикасын
ұлттандыру процесіне терең, жан-жақты талдау берілді. Авторлар қазіргі
заманғы жалпы әлемдік нарықтық экономикасының жағдайына және Жапонияның
ролі маңызды болған салаларына (сыртқы сауда, инвестициялық іскерлік т.б.)
жан-жақты қарастырды. Еңбекте сонымен қатар Жапон эконгомикасын көрсететін
бір -қатар кең көрсеткіштер келтірілді.
Жапонияның монополистік капитализм мәселелері бойынша өзінің
еңбектермен әйгілі болған және Жапон-Кеңестік экономист-ғалымдар
ассоциациясының мүшесі де болып табылатын Хисао Окумура өз еңбегінде
Жапонияны басқаратын кім? Корпорациялар капиталы кімнің қолында және оны
кім жұмсайды? Жапон экономиасының корпаративтік құрылымы оның
эффективтілігіне, халықаралық позицияларына ықпалы осы және тағы басқа
мәселелерді қарастырды. Бұнда жанашыл уникалды фактілі материалдар
пайдаланылды.
Исикова Каорудың еңбегі соңғы кезде шетелде басылып шыққан өнімінің
сапасын басқару саласындағы фундаменталды, жұмыстардың бірі болып табылады.
Кітаптың авторы – Токиодағы Мусаси технологиялық институтының президенті
Исикова К. негізгі көңілін, нәтижесінде еңбектің жоғарғы өнімділігі мен
төмен шығындарынан өнімнің жоғарғы сапасы болып табылатын жапон
корпарациялардың стратегиясының ерекше белгілеріне және қабылданған
өндірісті ұйымдастыру жүйесіне негізгі көңілін бөлді.
Сонымен айтып кететіні керек, өткен ХХ-ші ғасырда да осы кезде де
бірден бір қазақтың тарихшысы Жапонияның экономикалық дамуы туралы ғана
емес, жалпы Азия мен Африка және Европа мен Америка елдеріне қатысты арнайы
еңбек, монография жазып, жарыққа шығарып көрген емес. Сондықтан Қазақстан
Республикасында шет елдер тарихының тарихнамасы ғылыми пән ретінде қатты
дамып тарлмағандықтан Қазақстан зерттеуші ғалымдарының жаңашыл пікірлері
белгілі дәрежеде ғылыми дәлелденбеген. Ал, Кеңестік тарихнаманың оған
қосқан үлесі зор болды. Бірақта олар егер бастапқы кезде топтық-партиялық
методологиясы негізінде жазылса кейін әсіресе 1980-шы жылдары екінші
жартысынан бастап бұл методология жойылды.
Соғыстан кейінгі Жапонияның экономикалық дамуы жөнінде жоғары аталған
көптегенСоғыстан кейінгі Жапонияның экономикалық дамуы жөнінде жоғары да
атлған көптеген кеңестік еңбектерде жазылып шыққан және осы зерттеулердің
алдын да қойған мақсат – міндеттері де әртүрлі болды. Берілген тақырыпты
зерттеудің алдына қойған мақсаты Жапонияның Екінші дүние жүзілік соғыстан
кейін 1980-шы ж.ж. аяғына дейін экономикалық дамудың ерекшеліктерін
зерттеп, терңірек ашып көрсету және экономикалық дамуының мәнін түсініп
оның жоғарғы дәрежеге келу жолын білу болып табылады. Осыдан шыға отырып
қойлған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді ашу арқылы мүмкін болды:
• Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін 1970-ші жылға дейін елдің
шаруашылығын қалпына келтіру мен шет елдер саясаты және жалпы
экономикалық даму процестерін ашу.
• 1970-1980-ші жылдар аралығындағы Жапонияның шет елдермен
экономикалық қарым-қатынасы және ұлттық экономиканы дамытуын
көрсету.
• Басында айтылып кеткендей әлемде экономикалық дамуы бойынша лидер
болып қалыптасқан Жапонияның тәжірибесін, еліміздің экономикасында
пайдалану мүмкіндігі туралы түсіндіріп беру.
Берілген тақырыптың мәлеметтерінің ғылыми-тәжірбиелік құндылығы бар.
Олардың кейбіреулері Жапонияның қазіргі заман тарихын әсіресе қазіргі
замандағы экономикалық тарихын оқып білуде және оқыту мәліметі ретінде
пайдалануға болады.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы ХХ ғасырдың екінші жартысындағы
Жапонияның экономикалық дамуын объективті және субъективті жағынан зерттеу
әрекеті жасалынып, бұрын тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстанда жалпы тарих
пәні бойынша көлемді еңбек ретінде зерттелініп көрмеген және осы
зерттеулердің бастамасы бола алатын 1945-1980 –ші жылдар аралығында
кезеңдегі Жапонияның экономикалық даму ерекшеліктерін зерттеу болып
табылады. Сонымен қоса Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға көшу
жағдайында Жапон тәжірбиесін пайдалану мүмкіндігі болып табылады.
Зерттеу жұмысының мәселелерінің бірі – “1950-1960-ші жылдары Жапонияның
экономикалық дамуы” факультетің студенттік ғылыми конференциясында (2001
ж. көкек айы) сыннан өтілді.
Зерттеу жұмысының құрылымы қойылған мақсат – міндеттерінен шыға
отырып кіріспеден, бірнеше бөлімнен тұратын екі тарудан, қорытындыдан,
сілтемелер тізімі мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен құрылды.
Бірінші тарауда. Елдің шаруашылығын қалпына келтіру және шет елдер
саясаты мен, 1950 – 1970-ші жылдары экономикалық даму процестері атты
бөлімдерден құрылады.
Екінші тарауда “Жапонияның шет елдермен экономикалық қарым-қатынасы”
және “Ұлттық экономиканы дамыту” деген екі бөлімнен тұрады.
Тарау . Екінші дҮниежҮзілік соҒыстан
кейінгі Жапон елі.
1.1. Елдің шаруашылығын қалпына келтіру және шет
елдер саясаты.
Екінші дүниежүзілік соғыста жеңілуі жапон империализмінің экономикалық
және ішкі саяси позицияларын бұзды. Бірақта американ империализміне сүйене
отырып, антигитлерлік коалицияның тигізген соққыдан қалпына келіп, өз күшін
одан әрі күшейтуге көшті.
Соғыстан кейінгі жапон тарихындағы оккупацияның ерекшелігі, елдегі
жоғарғы билік америка оккупациялық армияның қолында бола тұрса да, одақтас
державалар атынан шыққан АҚШ, билікті тікелей емес, керісінше билеуші
таптың мүддесін көздеген, жапон үкіметі арқылы жүргізді. Сонымен бірге ұзақ
жылдар бойы тынқ мұхит бассейіні мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде билік
үшін күресте, бақталасқан американ империализмі жапон милитаризмінің
жеңіліске пайдаланып жапон империализмінен есебін алғысы келеді. Алғашқы
уақытта осының нәтижесінде АҚШ Жапонияның демимтаризациясы мен экономикалық
қуатын әлсіретуді жүргізді3.
Осыдан көрініп тұрғандай АҚШ соғыстан кейінгі кезеңде Жапонияны
оккупацияға алып, елдің саяси және экономикалық билігін өз қолына алғысы
келді. Бұл АҚШ-тың саясаты 1952 жылғы Сан-Франциско бейбіт келіссөзіне
дейін созылды.
Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін жапонияның өнеркәсібіндегі
өндірістік-техникалық базасы соғыс қимылдарын аз да болса зардап шекті.
Жеңіл өнеркәсібінің салалары, соның ішінде халықтық тұтынушылық сұранысын
қамтамасыз етіп отырған, текстиль және азық-түлік өнеркәсіп салаларында
өндірістік қуаты көптеп қысқарды.Бұл салада он мыңдаған өндіріс орындар
соғыс кезінде қайтадан құрылып, олардың жабдық-құралдары ауыр өнеркәсібіне
арналған шикізатқа айналды. Ал, ауыр өнеркәсібінің өндірістік қуаты болса,
ол өте жоғарғы сатыда әлі де сақталынып тұрды. Мысалы 1937 жыл мен
салыстырып қарағанда өндіріс қуаты станок жасауда – 245, шойын құюда –187,
жаснды мұнай шығаруда – 193, мұнай өндіруде - 92 т.б. құрады. Соған
қарамастан Жапонияда өндіріс тез төмендеп түсті. Шикізат, отын және азық
түлік импорты, Жапонияның басқа елдермен қарым-қатынасын үзу нәтижесінен
тоқтатылды4. Соғыс аяқталған уақытынан басталған осылардың бәрінің
нәтижесінен және шаруашылық тың құлдырауынан, елдегі барлық өндірістік
қуаттар, ұзақ уақыт бойы толық пайдаланылмады.
Маңызды экономикалық және саяси позицияларды сақтап және өз қолына
өмірге қажетті материалды қорларды, монополистік буржуазиясы осының бәрін
өзінің позициясын күшейту үшін пайдаланды5.
Окупацияның алғашқы кезеңде яғни 1945 – 1946 жылдары АҚШ үкіметі жапон
экономикасын қалпына келтіруді алдына басты мақсат етіп қойған жоқ. Бірақ
не де болса АҚШ Жапонияға экономикалық көмек беруіне оның шаруашылығын да
қалпына келтіруіне мәжбүр болды. Бұл көбінесе экономикалық емес саяси
мүддені қорғау үшін жасалынған яғни бұндағы мақсаты үшкір әлеуметтік
қайшылықпен аштық бүлік және жаппай көтерілістің болдыртпау үшін, сонымен
қатар жапон экономикасының өзін-өзі қамтуына жету болды.
Американ үкіметі КСРО-ның жапон халқының сұранысын қамтамасыз ететін,
жапон бейбіт өнеркәсібін қалпына келтіруді шектеу және бейбіт экономиканың
қажеттілігімен сәйкес экспорттық сауданың дамуы жөнінде ұсыныстарынан бас
тартты.
1946 жылы наурыз айында Сидэхара үкіметі Экономика мен қаржы
саласындағы төтенше шаралар жөніндең заң қабылдап, көне ақшаларды алмастыру
жөнінде жариялады. Бұндай ақша реформа негізінен салымның ғана емес
жұмысшылардың төлем ақыларын да тоқтауына әкелді6.
Осы жылдың тамыз айында оккупациялық үкіметінің бұрығы бойынша
министрлер кабинеті жанында мемлекеттік –монополистік басқарудың маңызды
органдары ретінде экономикалық тұрақтандыру бюросы мен бағаларды реттеу
комитеті құрылды. Осы бойынша бюроның жұмысына өндіріс саласындағы жалпы
мемлекетік жоспарлар мен бағдарламаларды құру және тауар, тұтынуды, жұмыс
күшін, қаржыны, көлікті үлестіру кірді. 1947 жылы маусым айында
экономикалық тұрақтандыру бюроның аппараты мен жұмысы одан әрі кеңейді.
Оған экономикалық мәселелер бойынша әр министрліктің жоспарларын
координациялауға және осы жоспарлардың жүзеге асуын бақылау құқы берілді7.
Жапон монополистік буржуазиясы өз алдына әскери соққыдан өту және өзінің
экономикалық және саяси позицияларын қалпына келтіріп, өз күшін әрі қарай
күшейту үшін жағдай жасау мақсат етіп қойды. Бұл мақсатты бір жағынан
оккупациялық үкіметтің жүргізген делартелизация жағдайында және екінші
жағынан жұмысшы таптың шешуші басымшылдың жағдайында шешуге тура келді.
Американдық “декартемизация” немесе дзайбацуларды яғни ірі монополистік
топтарды (“Мицуи”, “Мицубиси”, “Сумитомо” т.б. сияқты) тарту шаралары
басты түрде Жапонияны демилитаризациялау жоспарында жүргізілді8.
1945 жылы 6 құркүйек айында Макартураға тапсырылған американ үкіметінің
негізгі директивасында “Жапония ендігі рет соғыс жүргізе ала алматындай
жағдайда әкелетін экономикалық реформаны” жүргізу жөнінде бұрық қаралған.
Бұнда “Жапония саудасы мен өнеркәсібінің көп бөлігін бақылап отыратын ірі
өнеркәсіптік және банктік бірігулерді тарату бағдарламаларын құрау”
қажеттілігі жөнінде және оларды “кіріс пен меншікті өндіріс және сауда
қаржыларына кеңінен бөле алатын” кәсіпкерлер ұйымдарымен алмастыру жөнінде
айтылды. АҚШ осы шаралардың көмегімен жапондық монополистік капиталды
ұйымдастыруының спецификалық жүйесін, американдық жүйеге алмасытруға
ұмытылды. Бұл американ капиталынан Жапон экономикасына еңуіне, американ
және жапон монополиялардың қарым қатынасын жеңілдете алатын болды9.
Жапонияда өмір сүрген помещиктің жер иелену жүесімен феодалдақ
қалдықтар ауыл шаруашылықта өндірістік күштердің дамуын және ауыл
шаруашылық шикізат пен өнім өндіруді көтеруін тежеп отырды. Сондықтан
помещиктік жер иеленуді жою Жапонияның бүкіл экономикалық, саяси,
әлеуметтік жүені демократияландыру үшін маңызды болды. Шаруалар қозғалысын
тежеп, жер үшін шаруалар бұқаралық күресі мен пролетариаттың бүліктік
күрестердің бірігуі мен революциялық жолмен халықтың ауыл шаруашылық қайта
құруды өз қолымен демократияландыруды болдыртпау үшін, АҚШ мен Жапонияның
билеуші топтар заңды, парламенттік жолмен жер реформаны жүргізуге мәжбүр
болды. Жер реформа туралы заңның жобасы 1945 жылдың 28 желтоқсанда
қабылданды. Бұл заң Жапония үшін Одақтық кеңесте, әсіресе Кеңес одағының
өкілі К.Н. Деревянконың жағынан үшкір сыңға тап болды. Кеңес одағының
ұсынған жоба АҚШ-тың қарсылығына байланысты қабылданбаса да, ол, Одақтық
кеңесте бұл мәселені шешуде үлкен ықпал етті Оның орнына Британ ұлттар
бірлігінің өкілімен ұсынған жер реформаның жобасы, кейбір түзетулермен
болса да, қабылданды.
1946 жылы 21 қазанда екінші жер реформа туралы заң қабылданды. Бұл жер
реформаның негізгі ретінде мемлекеттің қойған лимитінен тыс помещиктік
жерлерді сатып алып оны шаруаларға сату жолы арқылы арендаторларды жер
иеленушіге айналдыру принципі қойылды. Реформа негізінен 1949 жыл аяқталды.
1950 жылы ресми мәліметтер бойынша мемлекет шаруаларға 1930 мың те немесе
арендалық жерлердің 80% -тің сатты10.
Осылайша жер реформасы тек ішкі нарықтық кеңеюіне ғана емес
экономикалық өсудің негізгі ауыртпалығын көтерген жұмысшы күш мәселесін
шешуге де әсер етті. Одан басқа ол помещиктің жер иеленуді жойып, ауыл
шаруашылықта өндірістік күштердің өсіуіне де әсер етті.
1947жылы 24 мамырда жаңадан құрылған Каталма Тэцу үкіметі алдында енді
елдің экономикасының дамуымен және қалпына келтіруімен байланысты күрделі
мәселелер тұрды. Каталма кабинетінің алғашқы қадамы болып 1947 жылы 11
маусымда қабылданған “Дағдырыстан өтуіне арналған төтенше шаралар
бағдарламасы” болды оның негізгі мазмұны төлем ақы мен бағалардың үстінен
бақылауды орнату. Үкіметтің қалпына келтіру қорын пайдалану, приоритетті
өндірісті бөлу, және өнеркәсібін ұлттандыру болып табылады.
Монополисттік капиталдық позициясын күшейтудегі маңызды ролді 1946 жылы
қазан айында, алғашқы Есида кабинеті уақытында тағайындалған қалпына
келтіру қорының қаржылары алды. Бұл қордың субсидиялары өндірісті қалпына
келтіру мақсатымен яғни негізгі капиталға салу үшін, жабдықтарды алуға
арналған. Жапонияның соғыстан кейінгі экономикасы қалпына келтірудің
маңызды мәселесі болып, көмір шығаруды көбейтуболды, одан өнеркәсіп
өндіріс орындардың, транспорттың, электростанциялардың жұмысы тәуелді
болды.
Көмір өнеркәсібін ұлттандыру қажеттілігі жеке шахта иеленушілер
қамтамасыз ете алмай отырған, көмір шығаруды тез көбейту талабымен
негізделді. Бұл сала 60%-ке мемлекеттік субсидиялар есебінен жұмыс
жасағандықтан үкіметке көмір өнеркәсібі үстінен бақылау орнатудың өзінің
таза ресми негізгі болды11. Оккупацияның алғашқы кезеңде жапон экономикасын
қалпына келтіру жәй қарқынмен жүрді. 1948 жылы Жапонияның өнеркәсіп
өндірісінің көрсеткіші 1937 жылмен салыстырғанда 100% –тең 52% құрады, ал
сол кезде басқа жеңіліп қалған (Екінші дүниежүзілік соғыста) елдерде,
мысалы Батыс Германияда бұл 100% болса, Италияда 98% құрады. Жапония сыртқы
сауданың соғысқа дейін дәрежесін қалпына келтіру бойынша да басқа елдерден
көптеп артта қалып отырды.
1949 жылы Жапонияның экспорты 1934-1936 жылдармен салыстырғанда 16% -
ті ғана, импорт – 29%-ті құраса, бұл көрсеткіш Италияда экспорт - 85%
импорт -119%, Батыс Германияда –46 және 100% құрады.
1950 жылға дейін өнеркәсіп өндірісін қалпына келтіру, жеңіл
өнеркәсібінің өсуін озу жағдайында жүрді. Осылайша 1947-ден 1950 жылға
дейін жеңіл өнеркәсібінің үдемелі салмағы 25,6 –дан 37,1%-ке дейін көбейді,
ал ауыр өнеркәсібінде 34,8-ден 42,6%-ке түсіп кетті. Осы кезеңде өнеркәсіп
өндірісінің жалпы мөлшерінде текстилб өнеркәсібінің үлесі 7,3 –тен 23,3%-
ке, азық-түлік өнеркәсібінде 8,7-ден 12,5%-ке көбейіп машина жасау
өнеркәсібіндегі өнімнің үлесі болса керісінше 20,4-тен 14,1%-ке дейін
төмендеп кетті. Ауыр өнеркәсібінде тек қана металлургия өнеркәсіп өнімінің
үдемелі салмағы 12,4-тен 16,3%-ке дейін көбейді12.
Бұл кезде елдің экономикалық дамуының үшкір мәселесі – инфляцияның
өсуі. Ол тек шаруашылықты қалпына келтірудің кедергісі ғана болмай, сонымен
жұмысшы және демократиялық қозғалыстары мен әлеуметтік толқындардың
күшеуінің маңызды себебі болды.
1949 жылға дейін экономиканы қалпына келтіру негізінен ірі
монополияларға үкіметтік субсидияларды беру және американ көмегін пайдалану
жүйесі бойынша жүрді. Бірақ бұндай шаралардың уақытынша ғана маңызы болды.
Бұндай жағдайда үкімет өндірісті ұлғайту үшін өнеркәсіпке қаржыны көп
бөлген сайын инфляция өсуінің күшеюі қалыптасты.
Осы кезеңде Жапонияның іскер топтары, американ көмегіне сүйене отырып,
мемлекеттік қаржыны пайдалану есебінен өздеріне үлкен инфляциялық табыс
беріп отырған механизмді өзгертуге белсенділікті артпады. Оккупацияның
алғашқы жылдарында АҚШ Жапонияны өзінің потенциялды жауы және бақталасы
ретінде әлсіретуді өз алдына мақсат етіп қойған да, оккупациялық үкімет
Жапонияның экономикалық қалпына келтіру мәселелеріне көп қызығушылығын
білдірткен жоқ. Олардың көңілі негізінен саяси мәселелерді шешуге
көзделген.
АҚШ-тың саяси бағытының өзгеруі мен Азияда антикоммунисттік бастион
ретіндегі Жапония империалистік өрлеуіне көмуімен байланысты. Жапонияның
экономикаляқ қалпына келтіру мәселелері АҚШ үшін енді алдыңғы дәрежелі
маңызға ие болды. Бұны американ билеуші топтарының осы бағыттағы белсенді
әрекеттері дәлелдейді.
Жапониядағы экономикалық тұрақтандыру жағдайының мәселелеріне 1948 жылы
қаңтар мен мамыр айларында қорғаныс министрлер Рйяль мен Джонсонның
сөйлеген сөздерінде және осы жылдың маусым, желтоқсан айларында басылып
шыққан “Экономикалық он принцип” және “Төлем ақының үш принципі” атты
жобалар ұсынылған. Одан басқа 1948 жылы желтоқсан айының аяғында
Жапониядағы оккупациялық әскери штабына тоғыз баптан тұратын Жапонияның
экономикалық тұрақтандыру жоспарын мүлтіксіз орындап іске жүргізу жөнінде
американ үкіметінің бұйрығы болды, он.ың мақсаты алдындағы қарауда
көрсетілгендей “Жапон экономикасын шығындарын эффективті пайдалану” болды.
Осы қарауға сәйкес жапон үкіметінің алдында мынадай міндеттер қойылды:
1) мемлекеттік бюджетті тепе-теңдікке келтіру;
2) салықты көбейту;
3) субсидияларды беруді қатаң түрде шектеу;
4) төлем ақылы тұрақтандыру;
5) бағалардың үстінен бақылау орнату;
6) сыртқы саудада және шетел валюта саудасында бақылауын күшейту;
7) экспортты кеңейтуге қажетті материалдармен қамтамасыз ету жүйесін
жақсарту;
8) жергілікті шикізат пен тауарлардың маңызды түрлерінің өндірісін
ұлғайту;
9) азық-түлік тасымалдау жүйесін жақсарту.
Жапон экономикасын қалпына келтіруінің американдық жоспардың қарапайым
баптар тізімінен көрініп тұрғандай, оны жүзеге асыру Жапонияның халық
бұқарасының өмір сүру дәрежелеріне үлкен соққы беретіні мәлім. Осы
баптардың ішінде салықты көбейту, және бағалардың өсуіне әкелетін
үкіметтік субсидияларды шектеу еңбекшілердің жағдайларын да көрінуі мүмкін
болатын13.
1949 жылы ақпан айында Жапонияға көрнекті американ финансисті, Детройт
банкінің бастығы Джозеф Додж келді. Оған арнайы Жапон экономикасын
тұрақтандыру жоспарын жүзеге асыру тапсырылды. Оның айтуынша: “Осы
миссияның басты міндеті, жапон экономикасын аяққа тұғызу болып табылады14.
Жоспарды жүзеге асыру үшін Додж экономиканы қалпына келтіру жолындағы
кедергі болып тұрған инфляцияны жою қажеттігін айтты. Осы кезде елдегі
инфляция өндірістің төмен дәрежесімен үкіметтің өнімсіз үлкен шығындардың
нәтижесінен туды. Яғни бұдан өту үшін фабриканттарға берілетін мемлекеттік
субсидияларды қысқартып, қаржы жүйесін тұрақтандыру қажет болды.
1949 жылы 20 наурызда Додж жапон қаржы министрі Икэдаға 19491950 қаржы
жылына мемлекеттік бюджеттің жобасын ұсынды бұнда жапон экономикасының “өз
алдында дербестікке және тұрақтандыруға жету” жоспары қаралған15. Бюджетті
тұрақтандыруына жету үшін шығындарды қысқартып кірісті ұлғайту бойынша бір
қатар қатаң шаралар жоспарланды:
Ең алдымен Катаяма кабинеті кезіндегі көмір, болат, темір, мыс т.б.
маңызды өнімдерін өндірісін қалпына келтіру мен бағаларды ұстап тұруға
арналған үкіметтік субсидияларды ұстап тұруға арналған үкіметтік
субсидияларды алып тастап, орнына үкімет банкілерге мемлекеттік қазынадан
қаржы бөліп, өнеркәсіптің маңызды салалрдың компанияларына өздерінің
жауапкершідігімен банкілердің кредит беру міндеті қойылды.
Доджтың ұсынысы бойынша көмек ретіндегі американ тауарлары, енді
мемлекеттік бюджетке емес, ірі компанияларға берілетін ұзақ мерзімді
кредитке арналған эквиваленттік қорға әкелінетін болды. Бұл қордың құрылуы,
ТАРИОА мен ЭРОА қорлары бойынша, американ көмегін алмастырды.
“Доджтың жүйесі” жапон экспортының ұлғайтуына да бағытталды. Жапон
экономикасын қалпына келтіруіне белсенді бағыт алған американ билеуші
топтары, өздерінің монополистік капиталының экспансионистік мүддесін
қалыптастырып, Жапонияның АҚШ-тан экономикалық тәуелдігін бекітуіне
ұмтылды.
Осылайша 1949 жылы 14 қаңтардағы жарлығында Макартур жапон үкіметінен
Жапонияда шетелдіктердің еркін жүруіне, жапон меншіктерін алуына, олардың
іс-әрекеттерінің сферасынкеңейту және шетел инвестицияларына еркіндікті
қамтамасыз ету талап етілді. Осыған байланысты шетел капитал салулары
жөнінде декрет қабылданды, ол бойынша американ капиталының Жапон
экономикасына еңуіне қолайлы жағдай туды.
Осыдан кейін АҚШ-тың билеуші топтары Жапон монополяларының
экономикаляқ күшеюіне көмектесудің басты міндеті болып табылған “Доджтың
жүйеін” белсенді іске жүргізуді. Кейін Доджтың антиинфляциялық саясаты,
инфляцияны тереңдету саясатына айналды. “Доджтың жүйесін” жүзеге асыруымен
байланысты бір қатар шаралар көптеген өнеркәсіп салаларының қиын қаржы
жағдайын қалыптастырды15.
Үкіметтік субсидияларды алып тастау жағдайында кәсіпкерлер, өндірісті
“рационалдандыру” есебінен, табысты қамтамасыз етуіне ұмтылды. Бұндай
“рационалдандыру”, техниканы жақсарту және жабдықтарды жаңарту жолмен емес
керісінше негізінен еңбек жағдайын нашарлатумен интенсификацияны күшейту,
жаппай жұмыстан шығару, төлем ақыны төмендету мен заказдар төлемдерінің
тоқтап қалу т.б. жолдармен жүргізілді16. Осылайша АҚШ пен Жапонияның
билеуші топтары экономиканы қалпына келтіруді халық бұқараның мойынына ілу
ұмытылысы жұмыссыздықтар сонының және әр-түрлі товарларына бағалардың күрт
өсуіне, төлем ақының төмендеуіне әкелді.
1.2. 1950-1970- ші ж.ж. экономикалық даму процестері
Кореядаға соғыс, дағдарыстығ шетінде тұурған Жапон экономикасының
соғыстан кеінгі қалпына келтіру мен өсіунде үлкен роль ойнады. Бұо соғыс
Жапонияның Онтүстік – Шиғыс Азиядаға агрессияда Ақштың одақтасы ретінде
позициясын кушейті. Қару – жараұұа, әскери материалдарға, азық түлік жіне
т.б. тауларға, монымен қатар әскери тасымалдау мен қызметке соғыс кезіндегі
үлкен сұраныс жапон экономикасында әскери – инфляциялық жарылысты туғызды.
Американ арнайы заказдарыныңң өзі 1950-1953 ж.ж. аралығында 2347
мин.доллар құрады немесе коммерциялық экспорттың жалпы мөлшерінен 43,7%
құрд17. Кореядағы соғыс пен американдық әскери заказдары бірнеше жылдар
бойы құрдымда болған өндірістің тез дамуына әскер етті.
1949 – 1951 ж.ж. аралығында өнеркәсіп өндірісінің жалпы көрсеткішкі
соғысқа дейінгі 71,0 – ден 114,4 % - ке өсті 1950 – 1955 ж.ж. аралығында.
Ішкі ұлттық табыс 338,2 млрд.доллардан 711,3 млрд. долларға дейін өсті.
Әскери тасымалдаудардан, монополиярдың да табыстары көбейді. Ресми
мәлімметтер бойынша 1950 ж. екінші жартысының өзінде үш металлургиялық
компаниялардың табыстары 28 есе, үш тау – нең компаниялардың - 150 есе,
төрт сауда компаниялардың табыстары – 11 есе және т.б. көбейді18.
Сан–Франциско бейбіт келіссөзін бекіту Жапониядағы жаулап кезеңді
тоқтатты. Шамалы дәрежеде АҚШ- пен әскери келісім мен шектелген. Жапонияға
егемендігін қайтару, елдің өміріндегі маңызды кезең болды. Жапония өз
даумының жаңа этапына кірді.
Жаулап алу режимінің аяқталу уақытына таман Жапония экономика жағынан,
монополистік капитал билеп отырған империалистік елге айналды. 1952 ж.
таман Жапонияның өнеркәсіп өндірісті соғысқа дейін дәрежеге жетіп (1934-
1936 ж.ж. = 100), ал ұлттық табысы бұл дәоежеден асып түсті. Өнеркәсіп
маңызды рольді алып отырды. 1952 жылғы Жапония техника мен технология
жағынан артта қалған өндіріспен келген.
Ірі және орта өндіріс орындарының 70 % шамасында станоктар париінің
жасы 10 жылдан асып, сөйтіп моральді көңерген болып есептеледі19. Бұнда
өнеркәсіп орындарының жабдық - технологиясы ескі болғандығы айтылады.
Ауыл шаруашылық саласында болса, үлкен өзгерістер байқалды.
Помещщиктік жер иелену толығымен жойылды. Ауыл шаруашылық өндірісі 1952 ж.
соғысқа дейінгі дәрежесінен 11 % - не асты. Бірақ елде бұрынғысынша, импорт
есебінен толықтырылып отырған азық түліктің жетіспеушілігі сезінді.
Американ арнайы заказдарың 1951 – 1952 ж.ж. Жапонияда экономикалық
көтерілуінің басты себептерінің бірі болып және осы жылдардағы елге шетел
валюта келуінің негізі көзі болды20.
1952 ж. ортасына таман Жапонияның АҚШ- тың сауда мен экономикалық
тәуелдігінің жоғарғы қарқыны кұралды. Себебі жапон экономикасының негізгі
бөлігі АҚШ- тың нарығына жіберілсе, ал жапон өнеркәсібі үшін шикізаттың
басымүлесі және ауыл шаруашылық өнімдер АҚШ- тан әкелініп отырды. Осы
жылдық тамыз айында Жапония Халықаралық валюта қорына (МВФ) қосылып,
халықаралық экономикада өз позицияларын қалпына келтіру үшін жағдай
жасады21.
1953 ж. 27 шілдеде Кореядағы соғыс аяқталды. Соғыстың аяқталу
уақытына дейін Жапонияда экономикалық құлдырау байқала бастады. Американдық
арнайы заказдар қысқарылып, әскери өндірісте жасайтын өнеркәсіп орындардың
жұмысы қысқарды. Экономикалық өсудің қарқыны төмендеді. Елдің экономикалық
дамуының перспективасы қарастырылды бұл яғни Жапон Өнеркәсібінің басты
салаларының қазіргі заман техника базасында қайта құру және оларды жаңарту,
және жапон өнімін әлемдік стандарт дәрежесіне дейін көтеру. Одан басқа
экспортты қалпына келтіріп оны кеңейту жоспарланды ақырында АҚШ- тан қаржы
т.б. көмектерді алу үмміттелді.
1952 ж. наурыз айында өндіріс орындардың модернизациялауына көмектеу
туралы заң күшіне еңіп, ол бойынша үлкен мемлекеттік көмек беріліп,
капиталдан әсіресе машиналық жабдықтардан алынатын салық қысқарылды, одан
басқа өндірісін модернизациялап, жабдықтарды жаңарту мен кеңейтуді т.б.
жүргізіп отырған өндіріс орындары үшін басқа да жеңілдіктер берілді.
Парламенттің шешімі бойынша өндіріс үшін үкіметпен бөлінген ірі қаржы (305
млрд. иен) тікелей жапон өнеркәсібіне жіберілді. Өнеркәсіпті
модернизациялау шетелден қымбат қазіргі замаңғы фабрикалық зауыттың жаңа
жабдықтарды тала етті. Бұл 1953 ж. 1135 млн. доллар құралған төлем
балансының дефицитін туғызды22. Бұған байланысты экспортың дамуы мен жапон
тауарларының бұрынғы және жаңа нарықтарға таралу туралы мәселелер туды.
Бірақ Жапон экономикасын тарату көптеген қиыншылықтарға тап болды.
Жапония, социализм елдеріне (КОКОМ) әсіресе ҚХР – ге (ЧИНКОМ) АҚШ- тың
жасаған дикриминациялақ оларға келісіп, осы елдермен өзінің тиімді
экономикалық байланысын нашарлатты. Осыдан Жапон билеуші топтарының сыртқы
экономикалық байланыстарды дамытуының негізгі үмміттері АҚШ- тан байланысты
болғандағы көрінеді23.
1955 жылға таман Жапон экономикасы толық тұрақтанды. Экономика
саласындағы қатаншаралар саясаты Жапонияға 1953 – 1954 ж.ж. құлдыраудан АҚШ-
тан алынатын кредитсіз өтуіне және әрі қарай жоғары коньюктура үшін негіз
салуына мүмкіндік берді. Ендігі басталған өнеркәсіп жабдықтарының жаңаруы
және алға қойылған ұлттық шаруашылығының көтерілуі 50-ші ж.ж. ортасына
таман ішкі нарықта өндіріс қаржылары мен тұтыну заттарына тұрақты сұранысты
қалыптастырды. Өнеркәсіптергі саларының дамуы әлсіреп енді ел
экономикасының бейбіт салаларынан дамуына көптеп көңіл аударылды.
1955 ж. бастап алғашқы жапон императорының кұрметіне аталған Дзимму
гүлденуі атты сәтті коньюктураның кезеңі басталды24. Бұл 1955 ж. екінші
жартысынан – 1957 ж. ортасына дейін созылды. Осы кезде Жапон экономикалық
көтерілуіне әр – түрлі себептер әсер етті, соның ішіндегі негізгі капиталды
жаппай жаңарту болды. Осылайма 1956 ж. және капитал салынулар Алдынғы
жылғысынан 50% - ке дейін өсті. Одан басқа Батыс Европа елдері мен АҚШ- қа
қарағанда төлем ақысы төмен жоғарғы білімді жұмысшы күшьің көп болуы да өз
әсерін тигізді. Өндірістің өсуіне болса, бұнда жер реформаны іске асыру мен
қала халқының тұтыну шығындарының көбеюуімен байланысты, ішкі нарықтын
ұлғайуы да әсер етті. Экономикалық даму қарқынына шетел ғылыми – техникалық
жетістіктерді пайдалану да огипал етті.
1955 ж. қантар айында 1956 – 1960 ж.ж. экономикалық өзін - өзі
қамтуына жетудін бес жылдық жоспары жарияланды. Бұнда осы жылдардағы алда
тұрған Жапониялық басты мәселелері болған экономикалық өзін - өзі қамтуына
және халықты толық жұмыспен қамтамасыз ету қаралды. 1956 ж. Ішкі ұлттық
өнім алдынғы жылмен салыстырғанда 13 % - не өсті, ал өнеркәсіп өндіріс – 22
% өсті25. Өндіріс осуінің ең жоғарғы қарқына машина жасауда, текстиль,
химиялық, энергетикалық салаларында болды. Кеме жасау өнериәсібі де тез
дамып отырды. 1956 ж. бастап жапон кеме жасау өнериәсібі, кеме өндірісінің
көлемі бойынша, әлем де бірінші орынға шықты.
Бірақ өндірістің өсуіне қармастан, жапон экономикасының дамуында
негативті тенденциялар байқала бастады. Шикі зат, отын және жабдық -
құралдар импортының күрт өсуіне байланысты, сауда тепе – теңдігі нашарлады.
Осылайша Жапонияның экспорты – 25 % - не, импорт – 40 % - не өсті26.
1956 ж. басталған Жапон экономикасының күрт көтерілуі, 1957 ж.
ортасына таман тез өсіп тұрған өндірістік мүмкіндіктері мен халықтын төлеп
алу сұраныстың мектеулі меңбері арасында қаймалықтың туына әкелді. Көптеген
салаларда өндірістің қысқаруы жүрді. Мысалы текстиль өнеркәсібінің өндісір
орындары 1957 ж. ортасынан өндірісті жүйелі шектеуге көшіп, 1958 ж. екінші
ширегінде бұл бөлек түрлер бойынша 40 – 50 % - ке жетті. Тап осындай жағдай
металлургиялық өнеркәсібінде де байқалды.
Өнеркәсіп орындарының толық жүктелмеуі, тауар қарларының өсуі,
инвестициялардың қысқаруы, өнеркәсіп компаниялар табыстры мен өнеркәсіптін
өндіріс қарқысының төмен түсуі, қайта өндіру процесініңбұзылуына әкелетін,
жапон экономикасындағы терең дағдарыстық жағдайлардың болуын дәлелдеді.
Осы кездегі экономикалық құлауның дамуына белгілі бір дәрежеде кейбір
сыртқы факторлар да әсер етті. 1957 ж. капиталистік елдер экономикасындағы
дағдарыс жағдайының күшеуі, әлемдік нарықтарда күресті күртшиеленістіріп,
Жапония үшін шетелде өз өнімін сатуын қиындатты. Жапонияның сыртқы саудасы
мен валюталық қиыншылықтар елдің АҚШ-тың экономикалықтәуелділігінің тікелей
нәтижесі болып табылады. 1957 ж. Жапонияда американ экспорты, жапон
тауарларының АҚШ-тағы импортынан 2,5 есе асыл тұрды.
Жапон монополиялары шаруашылық кньюктураны тірілту үшін мемлекеттік
аппаратты пайдаланғысы келді. Осы жылдағы желтоксан айында Киси үкіметі
“1958 – 1962 ж.ж. экономикалықдамуының жаңа бес жылдық жоспарда” қабылдады.
Жаңа үкіметтік бағдарламаның негізгі мақсаты тұрақты өндірістік өсуді және
халықты толық жұмыспен қамтамасыз ету, төлеу балансын нығайту мен
жеткілікті ішкі капитал салулар болып табылады27.
1960 ж. аяғына таман экономикалықдаму саласында Жапония едәуір үлкен
жетістіктерге жетті. 1955 ж. бастап басталған экономикалық өрлеу, 1957–1958
ж.ж. кішкентай үзіліспен өтіп, экономиканың өсуіне алып келді. 1955 – 1960
ж.ж. аралығында Жапон өнеркәсібі жоғарғы қарқынмен дамып отырды. Оса
жылдардағы экономикалық өсуінің орта жылдың қарқыны 16,1% - ке тең болды.
Әсіресе машина жасау саласы тез қарқынмен да мын отырды, оның орта жылдық
қарқынының өсуі 1960 ж. дейін 28,5% құрады28.
Ұзақ пайдаланатын тұтыну тауларөндірісінің дамуы да өте маңызды болды.
1960 жылдын аяғына таман өнеркәсіптің жаңа салаларының тез өсуібайқала
бастауы. Бұндай салаларға алдымен электронды өнеркәсіп, мұнай химиялық,
пластмаса, синтетикалық материалдар өнеркәсібі жатады. 1957 – 1958 ж.ж.
мұнай химиялық, өнеркәсібінің базасында құрылған жоғарғы молекулярлық
қосылымдар химиясы дами бастап, 1960-1961 ж.ж. Жапония АКШ-тан кейін
синтетикалық талшықпен смола шығару көлемі бойынша капиталистік әлемде
екінші орында тұрды. Сол кездегі Жапон экономикасының едәуір жетістіктеріне
қарамастан Жапонияның тен АКШ-пен Канададанғана емес Батыс Европа
елдеріненде экономикалықжағынан қатты артта қалып тұрды.
Бұл артта қалушылық жан басына шыққанда ұлттық табыс мөлшерінің
төмендігінен және бір жұмысшыға есептегенде ақ өндіруінен көрінеді. Одан
басқа бірқатар маңызды салалар да өзіндік дәреже бойынша басқа дамыған
елдерден артта қалып тұрды.
Экономикалық артта қалушылық әлемдік нарықта күресті қиындата отырды
және Жапон экспортының өсуіне қарамастан сауда тепе – теңдігін дефицитпен
біріктірді. Жапон экономикасындағы кейбір салаларының арақатысты қолассыз
жағдайдың себептерінің бірі өнеркәсіп дамуының шамадан тыс жылы жағдайы мен
экономикалық құрылымының артта қалушылықтың кері ықпалы болды. Әлі де көне,
ескі болып тұрған экономикалық құрылым, енді ғана қайта құрыла бастады.
Қолы жеткен сәттіліктеріне қарамастан Жапония өнеркәсіпте де, ауыл
шаруашылықта да өндіріс концентрация дәрежесі мен еңбек өндірісінің өсуі
бойынша бұл кезде экономика жағынан жоғарғы дамыған капиталистік
мемлекеттерден артта қалып тұрды.
Ауыр шаруашылық, өнім мен астықтын өсуі саласындағы кейбір
сәттіліктерге қарамастан, мүмкіншіліктері төмен болғандықтан негізінен ұсақ
тауар шығаруымен айналысты. Ауыл шаруашылық өндірістін көлемін көтеру үшін
үкімет жыл сайын сатып алушылық бағаны көтеріп отырды нәтижесінде мысалы
ауыл шаруашылықтың негізгі өнімі күрестің бағасы әлемдік бағадан екі есе
өсті. Бұндай бағаны ұстап тұру үшін ірі мемлекеттік ассигноданиялар қажет
болды29.
Парламент арқылы негізі ауыл шаруашылық заңды жүргізу қажеттілігі
жапон билеуші топтары үшін басқа капиталистік державалардың ауыл
шаруашылығымен салыстырғанда Жапон ауыл шаруашылықтын экономикалық артта
қалушылығынан шыққан. “Негізгі ауыл қалушылығынан шыққан. “Негізгі ауыл
шаруашылық саясатының” баста мақсаты ауыл шаруашылық өндірісін ұсақ
тауарлығынан ірі капиталистікке көшіруу яғни деревняларды капиталистік
түрде қайта құру болды30.
1961 екінші жартысынан бастап Жапонияда үстепе өндіру белгілері
байқала бастады, 1954 пен 1957 ж.ж. сияқты басы сыртқы саудадағы тепе-
теңсіздігі болған экономикалық құлдырау қаупі пайда болды. Үкімет
экономикалық құлдыраудың әрі қарай дамуын тоқтату үшін 1961 ж. аяғында
экономиканы тұрақтандыру бағдарламасын құруды бастады. Капитал салу мен
өндірістік көлеміне қатысты бірқатар шектеулі шаралар жүргізілді осылайша
1961 ж. маусым айынан бастап өндіріс жабдық - құралдарының жүктелуі азайды
1962 ж. экономикалық даму қарқыныңазаюы орын алды. Осы жылы өнеркәсіп
өндірісінің өсу қарқыны екі есе қысқарды.
1962 ж. аяғына таман барлық көрсеткіштер экономикалык құлдаруын
дәлелдеп отырды. Тек қана сыртқа сауда мен төлеу балансы саласында жағдай
бір қалыпты болып қояды. Жапон экономикасының құлдырауы АҚШ-пен
экономикалық қарама-қарайшылығының шиелені су жағдайында қалыптасты.
Экономикалық құлдырау жағдайында жапон билеуші таптарына сауда
сферасындағы АҚШ- қа бағатталған гипертрофильді бағыты. Жапон экономикасы
үшін қандай нәтиже әкелетіне айқын болып тұрды. Енді Жапонияның іскер
топтары алдында АҚШ- тан басқа елдермен, әсіресе ЕЭС-пен социалистік
достастығының елдерімен сайда байланысын кеңейту мәселесі тұрды. Бұл
мәселелер 22-24 тамызда Хаконэ қаласында өткен конференцияларда Жапон іскер
әлемінің ірі өкілдері көнілдерінің ортасында тұрды31.
Конференцияда ЕЭС-пен экономикалық қарымқатынас жөнінде және Жапонияға
қатысты ЕЭС жағынан протенционистік шаралардың өтуіне арналған басқа
шаралар туралы, соның ішінде “Жалпы нарық” елдері ішінде импортты –
либерализациялық жөнінде мәселелер қарастырылды. Соңғы мәселе бойынша екі
жүйе қалыптасы.
Жеңіл машина жасау, синтетикалық маталар өндірісі мен металлургиялық
өнеркәсібі сияқты салалардың кәсіпкерлері ЕЭС елдерімен бірігуді жақтаса,
машина жасау өнеркәсібінің ірі өндіріс орындарының басшылары “Жалпы
нарықты” бақталас ретінде көріп тұрды. “Мицубиси дзюкоге” компанияның
басшысы Коно ауыр өнеркәсібінің өнімін ЕЭС елдерінде сату мүмкіндігі
жоқтығын айтты және керісінші ЕЭС Жапония үшін үшінші елдер нарығында
бақталас болып тұрды32.
Экспортты ұлғайту мәселесіне соншама көңіл аудару жәйдан жәй болады.
1962 ж. таман. Жапон экономикасындағы өндірістік қуатының тез өсуімен
салыстырғанда, ішкі нарықтын шектеулі мүмкіншіліктері айқындала бастады.
1963 ж. шілде айында экономикалық дамуының жоғарғы қарқынының қалпына
келу белгілері байқала бастады. Енді экономика қайта тіріліп, өмірге келді.
Өнеркәсіп өндірісінің өсуі 16,3 % құрады33. Құлдыраудан, басқа салалардан
көрі көп зардан шеккен, металлургияның жағдайы жақсара бастады.
1963 ж. Жапонияда электроэнергия – 160,2 млрд. квтч (капиталистік
өлемде 3-ші орын) болат шығаруда – 31,5 млн.т. (үшінші орын), кеме жасауда
– 2374 мың (бірінші орын), радиоқабылдағыш – 17,1 млн.шт. (екінші орын),
теледидар – 4,9 млн.шт. (екінші орын), цемент – 29,9 млн.т. (үшінші орын),
химиялық тамшықтардан жасалған маталар – 2,1 млн.м.2 (екінші орын). Осы
көрсеткіштердің бәрі Жапонияның экономикалық күшінің өсуін дәлелдейді34.
Сонымен әлемдік нарықта бакталостығын күшейтетін, шығарылатын өнімнің
сапасы жоғарлады. Ішкі нарығы негізінен толық болып тұрған өнімдер үшін
мысалы тұрмыстық радиоэлектрондық жабдықтар сияқты үшін бұл өте маңызды
болды. Елдегі отбасылардың 90 %- ті осы кезде теледидар алып отырды. Соған
да қарамастан олардың техникалық дәрежесі экспортты ұлғайтуға мүмкіндік
бергендіктен, осы тауарларын өндірісі өсе берді. Экспортта көбінесе жеңіл
өнеркәсіп өнімдері үстем болып қала берді. Бірақ 1963 ж. сыртқы сауда
дефициті 1284 млн. доллар құрған кезде, сыртқы сауда тепе –теңіздігінің
мәселесі одан сайын шиеленді. 1963 ж. 1962 жылмен салыстырған капитал
салудың өсуі төмен болды. Бұл жерде алдында салынған капиталды
артықшылығының ықпалы көрінді35.
1964 ж. сонында қайтадан циклдік экономикалық кұлдырау пайда бола
бастады. Көптеген - өнеркәсіп салаларының өндірісі төмендеді. Алдынғы
циклдік құлдыраулар сияқты 1964 – 1965 ж.ж. құлдырауда да экспорттың өсуі
жүрді.
1960-шы ж.ж. Жапония негізінен экономикалық өсу қарқына монополистік
капитализм елдерін озып, алда тұрды. Жапониядағы капитал ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz