Құқықтық мемлекет құруға бағытталған қадам


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Құқықтық мемлекет құруға бағытталған қадам.

Мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлу - бұл Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекет ретінде қызметінің ең басты принципі. Ол Қазақстан Республикасының Конституциясына былай анықталған: Республика мемлекеттік билік біртұтас, Конститутция мен заңдар негізінде заң шығарушы, анықтаушы және сот тармақтарына бөліну принципіне сәйкес жүзеге асырылады. Билікті тармақтарға бөлу мынаған енгізілген: мемлекетте заңдарды қабылдауға (барлығына міндетті мінез-құлық ережесін бекіту), оларды орындауға және төрелігін жүргізуге (адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау, осы ережені бұзғандарға жазаны қолдану, заңдарды қолдануға байланысты іркілісті, қақтығысуды және басқа өзекті мәселелерді шешу) .

Қазақстан Республикасының азаматтардың құқықтары мен бостандықтары қорғауға арналған сот билігі мен құқық қорғау органдары мемлекеттің негізі тармағы болғандықтан оның айрықша орын алады.

Сот билігі тек сотта, мысалы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, жергілікті сот атқарады. Қазақстан Республикасындағы сот билігі мемлекеттік биліктердің дербес тармағы болып табылады. Сот билігі азаматтардың, қоғамдық бірлестіктерді, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау үшін және Конситуциясын, заңдардың, өзге де нормативтік-құқықтық актілердің, халықаралық шарттардың органдарын қамтамасыз ету үшін құрылды.

Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары мемлекеттік органдар жүйесінде заңдылықты қадағалау, азаматтардың құқықтары мүдделері мен бостандықтары қорғау мақсатында құрылды.

Демократияны сақтап қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызметінің үш бағытын әр түрлі үш мемлекеттік органдардың арасына бірдей бөліп, билікті бір адамның қолында шоғырландырмайтындай етіп ұстап тұратындай ету. Өйткені, билік жүргізуші субъекті оны өз пайдасына теріс қолдану мүмкін, оның өз озбырлыққа, адам тағдырын аяққа басып менмендікке салынуына апаратын сөзсіз. Ең бастысы - бір-біріне тәуелді емес үш тармақтар билігі өздерін-өздері бақылап тұруы, бір орнның заңды бұзғаннына орасан зор көңіл бөлулері қажет. Осы биліктің үш тармаққа бөлінуінің өзі бірін-бірі ұстап тұруға жәрдемдесетін сөзсіз. («Қазастан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» 2000ж 25 желтоқсан) [2, …] ]

Демек, билікті бөлу принципін шынайы іс жүзіне асырған кезде ғана биліктің әр түрлі үш тармағына қатысты мемлекеттік органдардың өз өкілдігі шеңберінде еркін қызмет істеп, ұдай өзара байланыста болуы тежемелік әрі тепе-тендік әдістері көп пайдасын тигізетіндігіне кәміл сенеміз.

Алқабилер институтын енгізу мүмкіндігі Қазақстан Республикасы Конституциясының 75 бабының 2 бөлігінде: «Заңда көрсетілген жағдайларда қылмыстық сот ісін жүргізу алқа заседательдерінің қатысуымен жүзеге асады» - деп айқын көрсетілді. Елбасы 2005жылғы Қазақстан халқына арналған жолдауына елімізде сот билігін алқабилердің қатысуымен жүзеге асыру керектігін міндеттеп атап өткен болатын.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының төрағасы Қ. Мәми еліміздегі демократиялық құқықтық реформаларды жетілдіру үшін сот ісін алқабилердің қатысуымен жүргізудің мәні ерекше екендігін баса айтқан болатын. ] [Нұргүл Сәулен Алқабилер институтын құрудың құқықтық және әлеуметтік мәселелер. «Заңгер» 2006 №1] ] Сондай-ақ болашақта жалпы, әлемлде сот ісін жүгізудің бірнеше үлгілері бар екендігін бізге мәлім. Олардың қатарына: классикалық немесе англоамерикандық, франкогермандық немесе құрлықтық үлгілерді жатқызуға болады.

Бүгінгі күнде өзін демократиялық қоғам ретінде таныған әрбір ел өз ішіндегі мемлекеттік құлылымдардың демократиялық талаптарға негізделіп жүмыс істеуін қалайды. Ал, бұл мәселеде ұтымды және тиімді механизмдерге негізделген сот ісін жүргізу маңызды және негізгі рөл атқарады. Сондықтан алқабилер институтының сот құрылымдарына ену біріншіден, құқықтық мемлекеттің демократиялық қадамдарына зор кепілдік беретін айқын. Ал, өз кезенінде алқабилер сот ісіне араласып, әр қылмыстық істердегі айғақтарды екшелеп, қылмыстық жауапкершілікке тартылғандардың қаншалықты кінәлі екендігін немесе кінәсіз екендігін анықтап, істің әділ шешілуіне ықпал ететін институт болуы тиіс. Екіншіден, сот реформадағы бұл қадам сот құрылымдардың тәуелсіздігін одан әрі нығайта түседі.

Алайда, алқабилер институтын енгізу Конституцияға, қылмыстық кодекс пен Қылмыстық істер жүргізу кодексіне, сондай-ақ «Алқабилер туралы» арнай Заң қабылдауымен шешіле салмайды. Ең алдымен бұл мәселені құқықтық тұрғыда шешу қажет, сонымен бірге оны әлеуметтік-экономикалық мазмұнын зерделеп, оның жұмыс істеуінің Қазақстанға барынша сәйкес келетін жолдарын анықтау ләзім. Мұның өзі өз кезінде қазіргі қол жеткізуге құқықтық реформаның жетістіктеріне нұқсан келтіру тиіс.

Бұл сұрақтарды шешу Қазақстан Республикасындағы алқабилердің қылмысық сот өндірісіне қатысу тұжырымдамасында бекітілгендей мынадай қағидаларды сақтаулы негізінде жүзеге асуы қажет:

  • Заңдылық, қылмыспен жазаланатын іс-әрекет тек қылмыстық заңмен анықталуы керек;
  • Әділділік қағидасы, алқабилер қатысуындағы сот қылмыстық қоғамдық қауіптілігін оның сипаты мен дәрежесін, кінәлінің жеке тұлғасын, жазаны ауырлататын және жеңілдететін мән жайларды ескере отырып әділ шешім шығарған жөн;
  • Барлық адамның шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық, мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына және басқа да жағдайларына қарамай заң мен сот алдындағы тендігі қағидасы;
  • Кінәлінің жауаптық қағидасы, тұлға өзінің кінәлі анықталған және қоғамға қауіпті әрекеті мен оны туындаған салдар үшін ғана жауап береді;
  • Іс тараптардың тендігі негізінде жүргізу қағидасы, айыптау функциясы қорғау мен істі шешу функциясынан бөлек болуы;
  • Кінәсіздік функциясы;
  • Қылмыстық қудалауды үнемдеу қағидасы, жаза қылмыс жасаған адамды тек қана оны қылмыстық жауаптылықпен не жазадан босатуға ешқандай негіз болмағанда тағайындалу қажет. Ал, жасалған қылмыс үшін қарастырылған барынша қатал жаза, одан жеңіл жаза, жазаны мақсатына қол жеткезуге мүмкін болмайды дегенде ғана тағайындалғаны дұрыс;

Міне осы аталған қағидалар сақталған жағдайда алқабилер институтын тиімділігін көруге болады.

Алқабилер институтының енгізілуін мемлекеттік айыптаушы - прокурорға да, айыпты қолдау барысында біліктілік көрсетумен қатар, алдын-ала тергеу мен сот тергеу барысындағы жинақталған дәләлдемелерді алқаби мүшелеріне дәйекті түрде жеткізіп, сотталуының қылмысқа қатыстылығына көз жеткізуге керек болады. Ол прокурор тарапынан зор кәсіби дайындық пен шешендік өнері қажет етеді.

Осы мақсатта жас прокурорды тәрбиелеу бағытында Кентау базалық прокуратурасында біршама іс-шаралар жоспарларын, іске асырып келеді.

Алқабилер соты және Мемлекеттік айыптаушы

28 сәуірде Өскеменде Шығыс Қазақстан облытсық прокуратурасы мен Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы заңдылық, құқық тәртібі проблемаларын зерттеу және прокуратура органдары кадрларының біліктілігін арттыру институтының ұйымдастырумен «Алқабилердің қатысумен сот төрелігін жүзеге асыруда мемлекеттік айыптаушының рөлі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Оның жұмысына Ресей Федерациясы мен Тәжікстан Республикасы прокуратура органдардың, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының, Алматы, Астана қалалары, Алматы, Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Повладар облыстары прокуратураның өкілдері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ғылымдар мен болашақ заңгерлер қатысты. Конференция жұмысына қатысушылар облыс әкімінің орынбасары Алмат Мурзин құтықттап, қаралап отырған мәселенің маңыздылығына тоқталды.

«Алқабилер туралы» заңға сәйкес, Қазақстан 2007 жылдың 1-қаңтарынан бастап алқабилер соты жұыс істей бастды. Бізде алқабилердің континенталдық үлгісі таңдап алған. Бұл үлгі бойынша тоғыз алқаби мен екі кәсіби судья аса ауыр қылмыстық істерді қарап, үкім шығарады. Бұл тұста алқабилер сотындағы мемлекеттік айыптаушы - прокурордың рөлі де зор, жауапкершілігіде жетерлік. Сондықтан да алқабилер сотындағы мемлекеттік айыптаушы қолдау дағдысының мәселелерін жан-жақты талқылығын халықаралық конференцияның маңызы зор болады. Ал, бұл құрылтайдың Шығыс Қазақстан облыстық прокуротурасының базасында өткізілуі тегін емес. Биылғы сәуірдің басында ШҚО прокуроры Хакім Көшқалиев бастаған қазақстандық прокурорлар Ресей Федерациясының Алтай өлкесінде алқабилер сотында мемлекеттік айыптаушылардың жұмысына байланысты сондағы әріптестерімен тәжірибе алмасып, болашақ жұмыстарының бағыт-бағдарын анықтап алған-ды.

Коференцияда ҚР Бас прокуратурасы жағындарыф заңдылық, құқық тәртібі проблемаларын зерттеу және прокуратура органдары кадрлырының билігінің арттыру институтының директоры Ғарифолла Өтебаев алқабилер сотын енгізудің бірқатар аспектірлері, РФ Алтай өлкесіпрокурорының орынбасары Галина Гнетова алқабилер сотында мемлекеттік айыптаудың тактикалық және психологиялық ерекшеліктері, адам құқы жөніндегі ұлттық орталықтың жетекшісі Вячеслав Калюжный алқабилер соты институтының құқық қорғау аспектірлері, Тәдікстан Республикасы Бас прокурорының көмекшісі Абдурахмон Хаттанбеков алқабилер сотының ақтау дағдысы, Шығыс Қазақстан облысының прокуроры Хакім Көшқалиев алқабилердің қатысумен сот төрелерін жүзеге асыру кезіндегі мемлекеттік айыптаушының рөлі, Алматы адвокаттар коллегиясының өкілі Сәлімжан Мусин алқабилер сотындағы адвокаттар тәжірибесі, РФ Алтай Республикасының прокуроры Андрей Волков алқабилер сотын заңнамалық реттеу проблемалары, ШҚ облытық сотының судьясы Дания Кисикова тараптардың тең құқықғын қамтамасыз ету жайында мазмұнды да мәнді баяндамалар жасап, ашық пікір алмасылды.

- Алқабилер сотының континенталдық үлгісі сот төрелігінің демократиялығын қамтамасыз етеді, - деді институт директоры Ғ. Өтебаев. - Тек алқабилерді іріктеуге ерекше маңыз берген жөн. Еңді алдын ала тергеу сапасын арттыру мәселесі туындайды. Тергеуші мен прокурорға қылмыстық іс қозғалғаннан бастап алқабилер сотына жіберілгенге дейін айрықша талапқойылады. Сондықтан да бұл институтының енгізілуіне байланысты прокуратур органдарына алдын ала тергеудің сапасын қадағалаудың тиімділігін арттыру міндеті жүктеледі. Сот поцесіндегі прокурордың сөзі алқабилерді иландыратындай нанымды, дәлелді шығуы керек. Бас прокуратура аппаратында мемлекеттік айыптаушылар бөлімін, облвстық прокуратураларда осы іспен шұғылданатын прокурор тобын құру артық болмайды.

- Алтай өлкесінде алқабилер соты он екі жылдан бері жұмысістейді, - деді ресейлік прокурор Г. Гнетова. - Осы жылдар ішінде олар 192 іс қарап, 303 адам сотталып, 23 адам ақталды. Соңғы кезде алқабилер сотына қылмыстық ісін қаратушылар санының азайғаны байқалады. Мәселен, былтыр екі-ақ іс қаралды. Оның себебі, алқабилер ақтау үкімін сирек шығарады, ал, оған қайта арызданудың жолы ауыр. Бізде алқабилер сотындағы сот тергеуі айыптаушының сөсімен байланысты. Қылмыс, оның тарихы туралы қарапайым әрі біліктілікпен түсіндіріледі. Сонда-ақ, сот процесінде прокурор жсалған қылмысты дәлелдеу үшін бар жауапкершілікті мойнына алған негізгі тұлғаның біріне айналады. Жалпы, Қазақстан да қылмыстық іс жүргізу өндірісінде демократиялық жолды таңдап отыр деп ойлаймын. Әриен, басқа елдерден үйрене отырып, өз тәжірибесін қалыптастырады. Қазақстан прокурорлар бізде болғанда, біраз тәжірибе алмастық. Міне, бүгінде бірқатар нақты істерді алдарыңызға тартып отырмыз. Ең басты, жүрек әмірімен шешім қабылдайтын алқабилерді дұрыс таңдап алу қажет.

- Алқабилер кәсіби маман емес, ведомстволық ықпалдан аралап, өздерінің ары мен өмірлік тәжірибесіне сүйеніп, қаралатын қылмыстық іске байланысты дербес шешім қабылдайды, - деді ШҚО прокуроры Х. Көшқалиев. - Ал, прокурор сот процесіндегі белгілі бір тарап қана емес, мемлекеттік айыптауды қолдайтын билік өкілі болып есептеледі. Прокурордың басты міндеті азаматтық құқық қорғау болып қала бермек. Сондықтан да алқабилер сотында қылмыскердің жазадан құтылып кетуі немесе кінәсіз адамның сотталуы сияқты жағдайлар бізді де алаңдатады. Қылмыстық құдалау органдарының құқық бұзушылығы жайлы жиі айтылады. Алдын ала тергеу біткеннен кейін тергеуші айыпталушыға барлық іс материялдарын танысуға беріп тұрып, оның қылмыстық ісін алқабилер сотында қарауға мүмкіндік барын айтады. Ал, өз ісінің кемшін-мінін жақсы білетін тергеуші айыпталушының шешім қабылдауына ықпал етерін сөзсіз. Сондықтан да облыстық сотта мұндай істі алдын ала тыңдау кезінде прокурор пікіріне жүгінген дұрыс. Прокурор нұсқамасын ашық та әділ айтыс-тартыстағы мемлекеттіе айыптаушының алғашқы қадамына балаған жөн. Алқабилерде кандидаттарды іріктеу кезінде прокурордың сұоақ қоюына да шектеу қойлған. Бұл тұста ресейлік тәжірибені қолданған жөн. Тараптар жарыссөзінде байланысты да түсініксіз жайлар да бар. Жарыссөз бірінші кезеңінде тараптар соттаушының кінәсінің дәлелдегені немесе дәлелденбегені жөнінде пікір беріледі де, екінші кезеңдегі жарыссөз алқабилерсіз өтеді. Сонда мемлекеттік айыптаушының ой-пікірін алқабилер естімейтін болады. Жалпы, прокурор кез келген үкімге наразылық келтіруге құқылы. Сондықтан да, прокурор өкілеттілігі алқабилер сотында да кеңіне сақталу тиіс. Тағы бір ұсыныс. Дауыс беру бюллетеніне алқаби «иә, кінәлі» немесе «иә, дәлелденді» деп қолмен жазбай-ақ, қажетті сөзін астын сызса да жеткілікті. Бұл алқабидің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Заңда екінші кәсіби судьяның рөлі де нақты анықталмаған. Жоғарыда айтылған тергеу сапасы мен оны қадағалау деңгейі алқбилер сотының турабилігіне қызмет етеді. Бұл тұста прокурор міндетті де еселене түседі. Алқабилер соты өмірдің қажеттілігінен, демократиялық қоғамның талабынан туындап отыр. Оған дайындықты қазірден бастауымыз қажет.

Сөйтіп, халықаралық конференция алқабилер сотының күңгейі мен көленкелі тұстары да әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, кеңінен талқыланды. Қылмыстық іс жүргізу кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге байланысты құнды пікірлер ортаға слынып, нұсқамалық құжат қабылданды. [Тоқпаев У. Алқа билер соты және мемлекеттік айыптаушы // «Заң және заман», 200…, № ] ]

Бүгінгі таңда демократиялық даму, сот билігі жүйесін нығайту мақсатында бұрынғы дана, шешен билеріміздің өнегесін жалғастыра отырып, еліміздің сот жүйесіне алқабилер институтын енгізу заман талабына сай маңызды мәселеге айналды деп ойлаймын.

Алқабилер міндетін атқару - әрбір тізім бойынша тағайындалған азаматтық міндеті борышы. Сондықтан алқабилер әділ сот билігін жүзеге асыруға өз үлесін қосып, мемлекет тарапынан жүктелген міндетіне құрметпен қарауы керек деп ойлаймын. Сондықтан сот реформасын одан әрі жетілдіру - өмір талабы.

•Сот билігі мен жүйесі

•Қазақстан Республикасындағы сот билігі

Құқықтық мемлекеттің белгісінің бірі - сот билігінің заң шығарушы және атқарушы билік тармақтарын тәуелсіз қызмет атқару болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі еліміздің Конституциясвмен және 2000 жылғы 25 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртесі туралы» конституциялық заңмен және басқа да заң актілермен белгіленеді. Бұл конституциялық заңды қабылдаудың негізгі мақсаты елде сот - құқықтық реформаны одан әрі жетілдіру болады.

Сот жүйесіндегі қазіргі даму кезеңінде басым міндеттер биліктерді бөлудің конституциялық принцптерін неғұрлым толық және дәйекті іске асыру, биліе тармақтарының «тежемелік» әрі «тепе-тендік» жүйесін пайдалана отырып, өзара іс-қимыл жасауы болып табылады.

Судьялар лауазыма тағайындау рәсімдердің ашықтығы мен жариялығын қамтамасыз етуге - ауылдық және облыстық соттар судьяларының лауазымдарына конкурстық негізінде тиісінше Әділет біліктілк алқасы мен Жоғарғы сот кеңесінің кандидаттар іріктеуін жүзеге асыруды көздейтін нормаларда бағытталады.

Жоғарғы сот алқасы төрағалары мен судьялары, жергілікті сотттар төрағалары, алқалар төрағалары бос лауазым органдарына канлидаттарды ұсыну, сондай-ақ республика судьялары өкілдерін тоқтату жөнінде ұсыныстар енгізу тек қана Жоғарғы сот төрағасы құдіретіне жатқызылады.

Қазақстан Республикасының сот жүйесінің бірлігі төменгі жағдайлармен қамтамасыз етіледі:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастық: Қазақстанның қосқан үлесі
Қазақстандағы ипотеканы заңнамалық реттеу
Қазақстандағы мамандандырылған соттар жүйесін құру
Егемендік және Тәуелсіздік
Еуразиялық экономикалық қоғамдастық
Орталық Азияда аймақтық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру
Кеңестік жүйеден кейінгі кеңістіктегі интеграция мәселесі
Қазақстан Республикасының ТМД мемлекетінің дипломатиялық қатынастары
Кадрлық резервті қалыптастырудағы мемлекеттік саясат
Мемлекет басқару жүйесі реформасының бесінші кезеңі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz