Нарықтық экономикалық дамудың циклдік ерекшеліктері


Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі
Шет тілдер және Іскерлік Карьера Университеті
Студенттің өзіндік жұмысы
Тақырып: Нарықтық экономикалық дамудың циклдік ерекшеліктері
Орындаған: «Есеп және Аудит»
08-04-02 топ студенті
Оразбаева Ж.
Тексерген: Ахметжанова Ж. А.
Алматы 2009 ж.
Жоспар:
І. Кіріспе бөлім
Экономикалық циклдер
ІІ. Негізігі бөлім
а) өндіріске циклдердің әсер етуі
б) Қазақстан Республикасындағы экономикалық цикл өзгерістері
ІІІ. Қорытынды
Қоғам біркелкі түрде экономикалық өсуге, жұмыссыздықты толық жоюға және баға деңгейінің тұрақтылығына ұмтылады.
Экономикалық цикл деп өндірістің, инфляцияның және жұмыспен қамтылу деңгейінің өзгеруін айтамыз. Циклдік өзгерістердің себептері төмендегідей: автономды инвестициялардың азаюы, мультипликатор әсерінің әлсіреуі, ақша жиыны көлемінің өзгеруі, негізігі қорлардың жаңаруы, және т. б.
Макроэкономика ғылымында экономиканың циклдігі туралы тұрақты теория жоқ деп айтуға болады, бірақ әр түрлі көзқарастар бар, дегенмен көптеген экономистер өндіріс көлемі мен жұмысбастылық деңгейі жиынтық шығындардыанықтайды деп есептейді.
Жалпы айтқанда, экономикалық цикл -бірнеше жылдар ішіндегі экономикалық активтілік деңгейлерінің бірінен кейін бірі келіп тұратын өсулер мен құлдыраулардың өзгеруі. Кейбір экономикалық циклдер ұзақтылығымен кейде қарқындылығымен бір-бірінен ерешеленеді. Бірақ олардың барлығы әрқалай аталатын фазалар арқылы өтеді.
- Шың. Түсіндіруді шың фазасынан бастаймыз. Оны іскерлік белсенділіктің уақытша ең шекті нүктесі деп атаймыз. Бұл нүктеде экономикада өндірістің толықтай жұмыс істеуін және жұмыссыздықтың толық жойылуын байқаймыз. Шың фазасында бағалар деңгейі көтерілу беталысына ие болады.
- Құлдырау. Шың кезеңінен соң құлдырау кезеңі басталады-алты немесе одан да көп айға созылатын, жалпы өндіріс көлемі, табыс және жұмыс орындары азаятын кезең. Бұндай құлдырау экономика секторларындағы жұмыс белсенділігінің жаппай кемуімен сипатталады. Бірақ баға осы кезде түсе бермейді, олар тек қана құлдырау өте ұзаққа созылып, тоқырауға айналғанда, шын мәнінде ауыр жағдайда ғана төмендей бастайды.
- Құлдыраудың немесе тоқыраудың ең төменгі нүктесі. Құлдыраудың немесе тоқыраудың ең төменгі нүктесінде өндіріс және жұмыс орындары ең төменгі деңгейге жетіп, біртіндеп көтеріле бастайды. Бұл цикл фазасы қысқа және ұзақ мерзімді кезеңде болады.
- Көтерілу. Көтерілу (жаңғыру) фазасында өндіріс өседі, жұмыссыздық азаяды да, толық жойылады. Көтерілу күшейе келе өндіріс толық көтерілмей жатып бағалар өсуі мүмкін. Циклдер бірдей фазадан өтсе де, олар өздерінің ұзақтығы және белсенділігімен ерекшеленеді. Сондықтан экономистер экономикалық циклдердің орнына экономикалық тербелістер дегенді қолдануды дұрыс көреді, өйткені циклдер тұрақты түрде өтеді.
Тербелістер себептері. Жалпы пікірлер. Экономистер іскерлік белсенділік тербелістерін түсіндіретін әр түрлі теорияларды ұсынған. Кейбір тұжырымдамалардың авторлары ірі техникалық жаңалықтар (мысалы, темір жол, автомобильдер, синтетикалық талшықтар) инвестициялар мен тұтыну шығындарына, яғни өндіріске, жұмыс және баға деңгейіне үлкен ықпал етеді деп санайды. Бірақ мұндай ірі жаңалықтар үнемі пайда бола бермейді, экономикалық белсенділіктің тұрақсыздығы осымен түсіндіріледі.
Енді бір ғалымдар экономикалық циклдер себебін саяси немесе кездейсоқ оқиғаларға жатқызады. Мысалы, соғыс экономикалық тұрғыда күйретуші құбылыс. әскери жағдай кезіндегі әскери өнімдерге деген үлкен сұраныс жұмысбастылыққа және инфляцияға алып келуі мүмкін. Ал бейбітшілік орнағаннан кейін, әскери шығындар азайғанда экономикалық құлдырау байқалады. Таза монетарлық құбылысты цикл деп есептейтін экономистер де бар. Үкімет көп ақша қаражатын шығарған кезде инфляциялық тоқырау пайда болады, ал ақша қаражатының жеткіліксіз болуы өндірістің құлдырауына және жұмыссыздықтың артуына әкеледі.
Пікірлердің әртүрлілігіне қарамастан, жұмысбастылық пен ішкі өндірістің деңгейін анықтайтын факторды көпшілік экономистер шығындардың жалпы немесе жиынтық деңгейі санайды. Нарықтық экономикада кәсіпкерлік сектор қызмет көрсетіп, тауар шығарады, мәселе оны ұтымдықпен сата алуда. Көп фирмаларға жалпы шығындардың төменгі деңгейінде көп мөлшерде тауар шығару және қызмет көрсету тиімді емес деп саналады. Осыдан өнеркәсіптің, жұмысбастылықтың, табыстың төменгі деңгейде болатындығы көрінеді. Жалпы шығындардың жоғары деңгейі өндіріс өсуі табыс әкелетінін білдіреді, сондықтан өндіріс, жұмысбастылық және табыс та өседі. Экономика ресурстардың толық жұмыс істеуіне жеткенде өндірістің табиғи өсуі тежеледі де, қосымша шығындар тек қана баға деңгейін көтереді.
Циклдік емес тербелістер . Іскерлік белсенді тербелістердің барлығы экономикалық циклмен түсіндіріле бермейді. Іскерлік белсенділіктің мезгілдік тербелістері болады. Мысалы, ауыл шаруашылығы мен автомобиль өнеркәсібі, құрылыс.
Іскерлік белсенділік ұзақ мерзімді тенденцияға бейім, яғни 25, 50 немесе 100 жыл ішінде болатын ұзақ мерзімді көтерілу мен басылу. Ұзақ мерзімді экономикалық өсуде тенденци жағдайындағы іскерлік белсенділіктің тербелістері экономикалық циклдерге тән.
Ұзақ және қысқа мерзімді пайдалануға арналған тауарлар өндірісіне циклдердің әсер етуі. Іскерлік циклдердің әсері әр жерде, экономиканың әр түпкірінде сезіледі. Экономика элементтерінің байланысы ешкімге депрессиядан немесе инфляциядан қашу мүмкіншілігін қалдырмайды. Іскерлік цикл жеке адамдар мен жеке экономиканың секторларына әртүрлі деңгейде әсер етеді.
Өндіріс пен жұмысбастылыққа келетін болсақ, мұнда құлдыраудың әсері қызмет көрсету аумағы мен қысқа мерзімді кезеңде тауарлар өндіретін өнеркәсіп салаларына тимейді. Ал кейбір фирмалар үшін, банкроттықпен шұғылданатын сауда компаниялары мен заңгерлік фирмалар үшін экономикалық өте тиімді. Осы экономикалық құлдыраудан ең көп зардап шегетін кім? Инвестициялық тауарларды және ұзақ мерзімді пайдалануға арналған тауарлар өндіретін өнеркәсіп салалары мен фирмалар. Әсіресе құрылыс өнеркәсібі зиян шегеді. Қиын уақытта тұрған үйлер мен коммерциялық ғимараттар қүрылысымен, ауыр машина жасаумен, ауылшаруашылық құралдар, автомобильдер, тоңазытқыштар және т. б. өндірісімен байланысты салалар мен қызметкерлер күрделі жағдайға ұшырайды. Керісінше, көтерілу фазасында бұл салалар дамып отарды. Келесі екі үлгі аталған салалар циклдік тербелістерге неге соншалқты тәуелді екендігін түсіндіреді.
- Кейінге қалтыру мүмкіншілігі.
Арнайы шарттар орындалғанда ұзақ мерзімді кезеңде өндірістік және тұтыну тауарларының сатып алынуын белгілі бір уақытқа кейінге қалдыруға болады. Экономка қиын кезеңге кіргенде өндірушілер жаңа құрал- жабдықтарды сатып алуды және жаңа зауыттар құрылысын тоқтатады. Іскерлік климат бұл уақыт аралығында инвестициялық тауарлар қорын үлкейтуге бейімделеді. Кәсіпкерлік сектордағы ғимараттар мен қуат қолдануға жеткілікті. Жағымды кезеңде фирмалар өндірістік құралдардың толық тозуын күтпей-ақ жаңасын сатып алады. Бірақ құлдырау кезеңінде фирмалар ескі құрал-жабдықтарын ауыстыруға ұмтылмайды. Мұндай жағдайда олардың таза инвестициялары теріс мәнді болуы мүмкін.
Ұзақ мерзімді кезеңде тұтыну тауарлары да дәл осындай жағдайда болады. Құлдырау кезеңінде отбасылық бюджетті қысқарту қажеттігі туындайды да, автомобиль немесе тұрмыстық техника сияқты ұзақ мерзімді қолданыстағы тауарларды сатып алу жоспары бұзылады. Адамдар ұзақ пайдаланатын жаңа тауарлар сатып алудың орнына ескілерін жөндейді. Бірақ қысқа мерзімді кезеңдегі тауарлар (азық-түлік тағамдары немесе киім-кешек) жағадайы мүлде басқа. Күнделікті киім мен тамақ қажет. Мұндай заттарды сатып алуды кейінге қалдрыу мүмкін емес. Әрине, тауарды тұтыну деңгейі мен сапасы төмендеуі мүмкін, бірақ ұзақ мерзімді кезеңдегі сияқты емес.
- Монополиялар билігі.
Нарқыта үлкен фирмалар аз болған жағдайда, инвестициялық тауарларды және ұзақ мерзімді тұтыну тауарларын өндіретін салалардың көпшіліг жоғары шоғырланумен ерекшеленеді. Мұндай фирмаларда жеткілікті монополиялық билік бар, сондықтан сұраныс азайғанда, бағаның төмендеуін тежеу үшін өнім көлемін азайтады. Осыдан сұраныстың төмендеуі негізінен жұмысбастылық пен өндіріс деңгейіне әсер етеді. Қысқа мерзімді қолданыстағы тауарларды өндіретін салаларда біз кері жағдайды көре аламыз. Бұл салалар өзара бәсекелесті және шоғырлану төмендігімен сипатталады. Мұндай фирмалар баға төмендеуін тежей алмайды. Ал сұраныстың төмендеуі өндіріс көлемін азайтпай, бағаның төмендеуіне әкеледі.
Еліміз экономикасы 15 жыл аралығында көптеген дағдарыстарды бастан кешіргені баршаға айдан анық. 1991 ж. Тәуелсіздік алған күнен бастап Қазақстан реформалаудың ауыр кезеңіне өтуде, оның мақсаты еркін -экономикалық нарығы бар демократиялық қоғам құру. Мемлекет барлық ресурстарды бөлу міндетінен босатылады, бұл функцияны нарық орындайды. Экономикадығы мемлекеттің әрекеті салық арқылы нарықтық қатыснастарды реттеу болып табылады. Тәуелсіз Қазақстанның экономикалық жаңаруы біренеш кезеңнен тұрады:
- 1992-1993 ж. ж. -реформалау кезеңінен ұлттық валютаның өзгеруіне дейінгі кезең. Бұл кезде қазақстанның макроэкономикалық саясатының Ресейге тәуелділігі сақталады.
- 1993-1996 ж. ж. 1993 жылдың қараша айындағы ұлттық валютаның енгізілуінен бастап экономикалық жүйенің қалыптасу процесі басталды. Бұл кезеңде:Экономиканы ырықтандыру (либиризация экономики) Көп салалы экономика негізін қалыптастыруНарықтық инфрақұрылымның дамуыҚаржы тұрақтылығы.
- 1997 ж-дан бүгінге дейін. Бұл кезеңде экономикада өнеркәсіптік өндірістің өсуі (экономикадағы капитал салымы көлемінің өсуі сияқты айтарлықтай өзгерістер болды. Сондай-ақ реформаны тереңдете түсу шараларымен ерекшеленеді:Жеешелендіру процессі аяқталды; Зейнетақы реформасы жүргізілді; Екінші деңгейлі банктерге тұрғындардың салымдарына кепіл беретін депозиттер ашылды. Сыртқы сауданың ырықтандырылуы жүргізілді.
Осы тарапта республикамыз экономикалық жүйесінің нарықтық шаруашылыққа өтуінің объективті қажеттіліктен туындағыны даусыз. Мәселен, оның қалай жүзеге асырылып жатқандығында болып отыр. Біздің еліміздің әміршіл - әкімшілдік экономикадан нарықтық экономикаға қозғалыс, ерікті экономикаға қарай қозғалысының даму процестерінің классикалық бағыттарына сай жүргізілді.
Негізгі бағыттары мыналар:
- бағаны ырықтандыру, бағаларды сұраныс пен ұсыныс механизіміне саи қалыптастыру;
- Мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру, жеке тұлғалардың кәсіпкерлік құқын заңдастыру;
- Жеке меншіктің басымдылығына ұмтылу, оның ішінде ауыл шаруашылығында;
- Экономиканы тікелей мемлекеттік реттеуді шектеу, салық және ақша саясатын жүргізу, шағын кәсіпкерлікті дамыту;
- Макроэкономикалық тұрақтандыруға қол жеткізу, инфляцияны ауыздықтау, ұлттық валютаның еркін айналымдылығына жағдай жасау;
- Еркін сауда қатынастарын қалыптастыру, шетелдік инвестицияларды тиісінше қорғау мүмкіндіктерін беру;
Қазақстан экономикасының өтпелі кезеңге басқан алғашқы қадамдарының әлеуметтік салдарлары ауыр болғаны белгілі. Әлеуметтік-экономикалық жүйесі озық дамыған мемлекеттерде, мәселен Германия, Жапония, Швеция нарырықтық шаруашылық эвалюциялық жолмен, біртіндеп спицификалық ерекшеліктерін ескере отырып, сатылы түрде ұзақ мерзімде қалыптастырылса біздің елімізде қысқа мерзімде шапшаң жүргізілді. Экономикалық өсу резерфтерінің жоқтығында мұндай саясатты ұстану дағдарысты асқындырып, түрақсыздық пен белгісіздікті орнатты. Өндірістің терең құлдырауы орын алып, мәселен республикамыздағы өндірістің құлдырауы 1995жылы, 1991жылмен салыстырғанда 40% дан асса 1990жылмен - 57%ды, 1989жылмен - 53%ды құрады, инфляциялық процестер өршеленді, шаруашылық аралық байланыстар үзілді, тұрғындардың өмір сүру денгеиі күрт нашарлады, адамдардың менталитеті абдыраған күйге ауысты, нарықтық өзгерістер мен реформалаудың оқыстан аяқсыз қалу қаупі төнді.
1992-1993ж. ж экономиконы ырықтандырудың тағы бір шарты ретінде, мемлекеттің кәсіпорындарды мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру процесі басталды. Оның қандай формада жүргізілгені баршамызға белгілі. Инфляцияның асқынғандығын тек алып-сатарлық мақсатта оңтайлы пайдаланған олар кәсіпорындарды тым арзанға сатыпалынғанымен қоймаи негізгі қорды талан-таражға салды. Осы жылдар аралығында республикада 8, 9мың мемлекеттік кәсіпорын мен объектілер жекешелендірілді, олардың ішінде 21пайызы жеке меншікке өтті, 57 пайызы акционерленді, 10пайызы заңды түлғалар билігіне ауысты. Жекешелендірілген кәсіпорындар мен объектілердің жалпы санының ішінде өнеркәсіптің үлесі 9, 4пайыз, құрылыс -5, 7 пайыз, ауыл шаруашылығы- 9, 8 пайыз, көлік -2, 5 пайыз, камуналдық шаруашылықтар -3, 1 пайызы құрады.
Сонымен жекешелендірудің 60 %-ыістік емес сферада жасалды. Материалдық өндірістік жетекші салаларының үлесі 20%-дан аспад.
1992-1993ж. ж аралығында жалпы қоғамдық өнім 30%-ға, ұлттық табыс27%-ға, өнеркәсіп өнімін шығару 28%-ға, халық тұтынатын тауарлар 33%-ға қысқарды. 1991 жылмен салыстырғанда 1993 жылы халық тұтынатын азық-түлік тауарларының кемуі 40%-ды құрады. Осы жылдар халықтың өмір сүру денгейінің күрт төмендеуіне әкелген гиперинфляция жағдайындағы макроэкономикалық тұрақсыздық билеген терең жүйелі дағдарыстың алғашқы кезеңі деп сипатталды. Айта кететін жайт 1993 ж. Қарашасында ұлттық валютаны енгізгенге дейін еліміздің макроэкономикалық саясаты белгілі дәрежеде Ресейде қабылданатын ұйымдарға тәуелді болды. 1993 ж. инфляция деңгейі 2265%-ға жеткені баршамызды алаңдатпай қоймады.
Қазақстан үшін 1994 ж. дербес ақша-несие саясатын жасау жасау мүмкіндігінің пайда болуымен ерекшеленді. Ұлттық валюта енгізілгеннен кейін Ұлттық банктің өкілеттілігі артты. Сол жылдары қазіргі уақытта экспорттық қуатымыз анықтап отырған шикізаттық салаларда терең құлдырау байқалды. Мұнай өндіру көлемі бойынша Қазақстан 14жылға кері, яғыни 1980ж. денгейіне шегерілді. Мұнай өнімдерін шығару екі есеге дейін төмендеді. Темір кенін өндіру 1960ж., шойын мен болат өндіру1970ж. денгейінен табылды. 1994 жылдың қорытындылары бойынша инфляцияның жылдық денгейі 1258%-ды, орташа айлық мөлшері 105%, ал 1995жылы- 160, 5%-ды орташа айлық мөлшері 14%-ды құлады. Жалпы ақшы массасының ЖҰӨ-ге қатынасы 1995ж. 5, 4% -ды ғана құрады. Дамыған елдерді айтпағанда, Шығыс Европаның Польша, Латвия, Эстония, Словения, Венгрия сияқты өтпелі экономика елдерінде бұл көрсеткіш 25%-дан кем емес болатын. Айналымдағы ақшаның тым аздығының салдарынан, төлем дағдарысы ушығып, жаппай бартерлік байланыстарға жол берілді . 1996 ж. басында республикамызда реформаларды тереңдетудің 1996-1998ж ж. арналған ортамерзімдік бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарлама амбициясы жағынан бастапқыларынан басең болды. Түпкі мақсаты тұрғысынан ол бес жыл бұрын алдыға қойылған міндетті-инфляцияның айлық деңгейін өндірісті жандандыруға қажетті 9-12пайызға дейін жеткізуді көздеді. 1997ж. қатаң ақша-несие саясатының арқасында иняфляцияның алғашқы көзделген межесіне жетудің арқасында қысқа мерзімдік макроэкономикалық тұрақтандыруды олжалдық деп жар салынды, алайда мемлекеттің сыртқы қарызының үлкендігі, салық саясатының икемсіздігі, натқы сектордың құлдырауы, төлем дағдарысының асқыныуы сияқты эканомикамыздағы келеңсіз құбылыстар оның негізінің әлсіздігін көрсетті.
1998ж жалпы ішкі өнімнің құлдырауы 1991ж. салыстырғанда 32, 1%-ды, ал 1989ж. салыстырғанда 53, 5% құрады. Соның әсерінен оның орнын толтырудың мүмкіндігі 2010 жылдан ерте болмайтыны сөзсіз.
Қазақстан экономикасының циклдік дамуының кезеңдері
Қазақстан Республикасының экономикалық циклдік даму сатысы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz