Республикалық бюджет – мемлекеттің бюджет жүйесінің басты буыны ретінде



Бюджет – ол жалпы қаржы категорияға қарағанда бөлек, ееркше тұрған экономикалық категория. Оның қаржыдан ерекшелігі тек қана абстракцияның басқа деңгейі мен қаржылық байланыстың әр түрлі дәрежеде болуына байланысты. Сондықтан, көптеген қаржылық байланыстардың ішінде бір – бірінен ерекше тұратын бөлек арнайы салаларды бөліп шығаруға болады. Сондай бір ерекше байланыс қоғамдық құндылық өнім бөлу аумағында мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасындағы қаржылық қарым – қатынас болып табылады. Бұндай қаржылық қатынастың жалпы белгісі, біріншіден, олар мемлекеттің қатысуымен болатын құндылық бөлу процессінде орын алуы, екіншіден, жалпы мемлекеттік функцияларды атқаруға арналған орталықтандырылған ақша қаражаттар қорын қалыптастыру мен пайдалануына байланысты. Осындай барлық қаржылық қарым – қатынас мемлекеттік бюджет деген түсініктің экономикалық мазмұны тұрады.
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 4 – бабында бюджетке келесідей түсінік берген: «Бюджет – ол мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруын қаржылық қамтамасыз етуге арналған оның орталықтандырылған ақша қоры». Бюджеттің формасы – қаржылық жоспар, материалдық негізі – орталықтандырылған қор, экономикалық негізі – жалпы экономикалық қарым – қатынас, заңнамалық белсендіруі – заң.
Бюджет әр мемлекетке өзінің экономикалық, әлеуметтік және саясаттық функцияларын орындауға объективтік ақшалай түрде қажетті. Бюджет қай мемлекеттікі болмаса да мазмұндары бірыңғай категориялардан қалыптасады, яғни салық, займдар, шығын және тағы басқалары, сонымен қатар олар бір қоғамдық – экономикалық формациядан басқа формацияға ауысса да өздерінің мазмұныны өзгертпейді. Сондықтан бюджеттің экономикалық түбі басқа да экономикалық категорияларға сай ақша түріндегі және соған сәйкес материалды негізі бар өндірістік қарым – қатынаста жатыр.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде Республикалық бюджет мәні, маңызы сияқты
сұрақтармен танысуға болады. Бұл бөлімде еліміздің бюджеті оның мәні толық
ашылып, бюджет маңыздылығы аталған, бюджет жүйесінің шығындары қай салаға
бірінші орында қаржы бөлінеді, қалай бөлінеді деген сұрақтарға жауап бар.
Бұл бөлімде Франция мемлекетінің республикалық бюджеті жөнінде айтылған.
Аталмыш елдің бюджет жүйесінің құрамы, құрылымы, бюджет атқарылуы туралы
мәліметтер толыққанды берілген. Франция дамыған ел болғандықтан бұл елдің
республикалық бюджеті жөніндегі іс – тәжірибесі анықталып, өзіміздің
елімізге тәжірибе ретінде мысалға алынған.
Курстық жұмыстың екінші бөлімі бюджетті талдауға арналған. 2004 -2006
жж аралығындағы бюджетке талдау жүргізілген. Бюджет кірісі, салықтық
түсімдер, салықтық емес түсімдер, шығындары туралы мәліметтер берілген.
Шығындар бойынша еліміздегі қай салалар бірінші ондыққа кіреді, қай жылда
қандай түсім болды немесе аталмыш жылдың шығыны туралы мәліметті біле
аласыз. Сіз төлеп отырған салық сомасы қай саланы қаржыландыруға кетіп
жатыр деген сұрақтарға жауап таба аласыз. Сонымен қатар республикалық
бюджетті жоспарлаудың құқықтық негізі жөнінде де сөз қозғалған, яғни
республикалық бюджеттің құқықтық ұйымдастырылуы, бюджет жөніндегі керекті
нормативті актілермен танысуға болады. Және де осы бөлімде әлеуметтік
қамсыздандыру саласы мысалға алынып, бұл саланың қаржыландыру жағдайы
туралы мәліметтер берілген.
Курстық жұмыстың үшінші бөлімі республикалық бюджет саласындағы
мәселелер мен оларды шешу жолына арналған. Бюджеттің 90 пайызы салықтық
түсімдерден құралғаны бәрімізге де мәлім. Ал салықтың толыққанды
жинақталмауы қазіргі кездегі ең ауыр мәселе екені бәрімізге де мәлім. Ал
қалған 10 пайызы салықтық емес, яғни мемлекеттік меншікті сатудан түскен
түсім және мемлекеттік қызметті көрсету, ресми транферттердің түсімі екені
де мәлім. Сол салықтық және салықтық емес түсімдерді бюджет қазынасына
қалай түсіруге болады, қандай шаралар қолдануға болады деген сұраққа
жауапті үшінші бөлімде таба аласыз.

1 РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ – МЕМЛЕКЕТТІҢ БЮДЖЕТ
ЖҮЙЕСІНІҢ БАСТЫ БУЫНЫ РЕТІНДЕ

1. Республикалық бюджеттің мәні және маңызы

Бюджет – ол жалпы қаржы категорияға қарағанда бөлек, ееркше тұрған
экономикалық категория. Оның қаржыдан ерекшелігі тек қана абстракцияның
басқа деңгейі мен қаржылық байланыстың әр түрлі дәрежеде болуына
байланысты. Сондықтан, көптеген қаржылық байланыстардың ішінде бір –
бірінен ерекше тұратын бөлек арнайы салаларды бөліп шығаруға болады. Сондай
бір ерекше байланыс қоғамдық құндылық өнім бөлу аумағында мемлекет пен
заңды және жеке тұлғалар арасындағы қаржылық қарым – қатынас болып
табылады. Бұндай қаржылық қатынастың жалпы белгісі, біріншіден, олар
мемлекеттің қатысуымен болатын құндылық бөлу процессінде орын алуы,
екіншіден, жалпы мемлекеттік функцияларды атқаруға арналған
орталықтандырылған ақша қаражаттар қорын қалыптастыру мен пайдалануына
байланысты. Осындай барлық қаржылық қарым – қатынас мемлекеттік бюджет
деген түсініктің экономикалық мазмұны тұрады.
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 4 – бабында бюджетке
келесідей түсінік берген: Бюджет – ол мемлекеттің міндеттері мен
функцияларын іске асыруын қаржылық қамтамасыз етуге арналған оның
орталықтандырылған ақша қоры. Бюджеттің формасы – қаржылық жоспар,
материалдық негізі – орталықтандырылған қор, экономикалық негізі – жалпы
экономикалық қарым – қатынас, заңнамалық белсендіруі – заң.
Бюджет әр мемлекетке өзінің экономикалық, әлеуметтік және саясаттық
функцияларын орындауға объективтік ақшалай түрде қажетті. Бюджет қай
мемлекеттікі болмаса да мазмұндары бірыңғай категориялардан қалыптасады,
яғни салық, займдар, шығын және тағы басқалары, сонымен қатар олар бір
қоғамдық – экономикалық формациядан басқа формацияға ауысса да өздерінің
мазмұныны өзгертпейді. Сондықтан бюджеттің экономикалық түбі басқа да
экономикалық категорияларға сай ақша түріндегі және соған сәйкес материалды
негізі бар өндірістік қарым – қатынаста жатыр.
Бюджет қаржы жүйесінің тізбегі болғандықтан, ол сол қаржының барлық
негізі, сапалы сипаттамаларына сай. Басқаша айтқанда, егерде қаржы жалпы
ақша қарым – қатынас жүйесі болса, яғни мемлекеттік орталықтандырылған ақша
қорын қалыптастыру және пайдалану процесі, онда бюджет өз алдына ақша
қарым – қатынас жүйесін құрады, яғни бюджеттік қорды қалыптастыру және
пайдалану процесі. Бюджеттік қор көптеген қоғамдық қажеттілік шығындарды
(әлеуметтік, қорғаныс, т.б.) қаржыландыруға орталықтандырылған ақша қоры.
Экономикалық әдебиет (заңдар, монографиялар, оқулықтар, ғылыми
мақалалар) беттерінде бюджет термині әр түрлі ұғымда пайдаланылады,
мысалы, ақша қаражаттарының кірісі мен шығысы формасында немесе ақша
қаражаттарының негізгі орталықтандырылған қоры ретінде. Осыған қоса,
әдебиетте мемлекеттік бюджетке тағы да келесідей анықтама берілген: бюджет
– ол қаржылық жоспар; бюджет – ол басқарушылық жоспар; бюджет – ол
коммуникация құралы; бюджет – ол бюджеттік салық саясатты дәлелдейтін құжат
деген. Бірақ бюджеттік салық саясатының мазмұны өте кең, себебі оған
мемлекеттік басқару органдарының негізгі функциялары, мемлекеттің
әлеуметтік – экономикалық дамуы мен фискалдық саясаттың көрсеткіштері,
бюджеттің көрсеткіштері тағы басқа көрсеткіштер мен ережелер кіреді.
Бюджет деген көптеген ұғымға сүйене отырып, ол келесідей
түсініктемелерден қалыптасады деп айтуға болады:
– Ол өз алдында жеке бір экономикалық категория;
– Ол мемлекеттің ақша қаражаттарының орталықтандырылған қоры;
– Ол экономиканы реттеуге арналған құрал (бюджеттік миханизм
арқылы);
– Ол мемлекеттің негізгі қаржы жоспары;
– Ол барлық қарым – қатынасқа қатысушылар міндетті түрде
орындайтын заң.
Бюджет экономикалық қарым – қатынасқа негізделгендіктен объективтік
түрде сипатталады. өз алды бюджеттік сала болуы адамзаттың субъективтік
пікіріне байланысты емес, ең алдымен ол қоғамдық өндірістің дамуына керекті
орталықтандырылған ресурстарға, мемлекеттің табиғаты мен фнукцияларынан
туатын объективтік қажеттілікке байланысты. Ақша қаражаттары ресурстарын
орталықтандырудың экономикалық және саясаттық мәні өте зор, себебі олар
мемлекеттің жоспарлаған шараларын іске асырудың негізгі құралы, біріккен
экономикалық және қаржылық саясатты жүргізуге қажет болып табылады.
Сондықтан бюджет кодексінде мемлекеттік бюджетке мынадай түсінік –
берілген – ол республикалық және жергілікті бюджеттердің арасындағы қарама
– қарсы өтеу операцияларын есептемегенде сараптамалық ақпарат ретінде
пайдаланатын және бекітуге жатпайтын қосындысын құрайтын жалпы бюджет.
Сонымен қатар, мемлекеттік бюджет термині – мемлекет құрастыратын және
басқаратын орталықтандырылған бюджеттік қор мағынасында да пайдаланылады.
Бүгінгі күнгі мемлекеттің бюджеті қаржылық қарым – қатынастағы әр
түрлі қатысушылардың әлеуметтік – экономикалық мүдделерін қалыптастыратын
күрделі және көп міндет атқаратын құрал. Бюджет арқылы орталық пен аймақтар
арасындағы әлеуметтік шығындар мен салық бөлу, еңбекақы мен кіріс жөніндегі
ымыраға келеді, бюджеттік дотациялар мен трансферттер бөлу арқылы мемлекет
орталық және жергілікті мүдделерді қалыптастырып іске асырады. Ал, бюджет
экономикалық құжат ретінде қоғамның саясаттық және әлеуметтік дамуын
көрсетеді.
Сонымен мемлекет экономиканы басқаруда бюджеттік механизмді белсенді
түрде пайдаланады. Ол әлеуметтік – экономикалық дамудың маңызды бағыттарына
ақша қаражаттарының қосылымын күшейтуде, сол бағыттарға сәйкес экономиканың
салалық және аумақтық құрылымын жетілдіруге, жалпы барлық ресурстар
түрлерін тиімді пайдалануда елеулі рөл атқарады. Сонымен қатар, мемлекеттік
бюджет өзінің барлық көрініс және пайдалану формаларында экономиканы
басқарудың құралы ретінде болып, қоғамдық өндіріске қаржылық тұтқа және
ынта түрлерінде интегралды әсер етеді.
2. Республикалық бюджеттің шығындарының жүйесі

Мемлекеттің функцияларын іске асыру мүмкін, егер де олар материалдық
құндармен қамтамасыз етілсе, себебі мемлекеттің іс - әрекеті мемлекеттік
құралдардың тікелей шығыстарымен байланысты. Шығыстар нақты шығындардың
көлемін көрсетеді. Сондықтан, бюджеттің барлық деңгейлері бойынша
мемлекеттік шығыстардың бір – бірімен өзара байланысты нақты түрлердің
жиынтығы әрбір мемлекеттің бюджет шығыстар жүйесі болып табылады. Шығыстар
жүйесін құру құралдардың арнаулы бағыттау, үнем режимі мен мемлекеттік
құралдардың жұмсаудың қайтып оралмас принциптеріне негізделеді.
Мемлекеттік шығыстар мақсаты белгілеулер бойынша қатаң іске асыруға
тиіс, яғни бюджетте қарастырылған бағыттар бойынша. Құралдардың қайтып
оралмас принципі негізінде әлеуметтік саланы қаржыландыруда пайдаланады.
Ал, егерде экономиканың дамуын қаржыландыру құралдары жөнінде айтсақ, онда
нәтижелік инвестициялау орын алады, яғни бұл арада бөлінген қаржы бюджеттік
құралдарды қайтару приципі әрекетте болады. Үнем режимін сақтау принципі –
ол өз алды бюджет шығыстарын төмендетудің формалары мен әдістердің жүйесі.
Бұл жүйе бюджет ресурстарын нәтижелі және тиімді пайлануды іске асыруға
мүмкіншілік береді.
Мемлекеттік бюджет шығыстар жүйесі бірнеше факторлармен шарттанады,
олардың ішінде негізгі болып мемелкеттің табиғаты мен функциялары, елдің
әлеуметті - экономикалық даму деңгейі, мемлекеттің әкімшілік – аумақтық
жайластырушылығы, бюджеттік құралдар беру формалары саналады. Мемлекеттік
бюджет шығыстарының құрамы мен құрылымы олардың экономикалық мазмұны және
жалпы ішкі өнімді бөлу жөніндегі мемлекет алдында тұрған мақсаттармен
анықталады. Бюджет шығыстарының ел экономикасындағы рөлі мен мәнін анықтау
мақсатпен олар әр түрлі белгілер бойынша жіктеледі. Бюджет кодексінде
бюджет жүйесінің барлық деңгейлері бойынша әрекеті бар бюджет шығыстарының
жіктеуі тағайындалған.
Мемлекеттің барлықшығыстары негізніде мемлекеттік бюджетте шоғырланған
құралдар арқылы қаржыландырылады. Бұл шығыстарды қоғамдық қайта өндірістегі
рөліне байланысты келесі екі топқа бөлуге болады:
– өндірістік қорларды ұлғайту мен өндірістің үздіксіз процесін
қамтамасыз ету үшін;
– қоғам мүшелерінің әлеуметті – мәдениеттік мұқтаждықтарын
қанағаттандыру үшін;
Бірінші топқа – мемлекеттік бюджеттің экономиканы қаржыландыруға
бағытталған шығыстары жатады. Екінші топқа - әлеуметті – мәдениеттік
шараларды, білім беруді, ғылым, қорғаныс пен мемлекетті басқаруды
қаржыландыру үшін арналған бюджет шығыстары жатады.
Осы екі топ арасындағы арақатынас бюджеттің тиімділігін анықтайды.
Экономиканың бәсеке қабілеттігі дамуға бағытталған шығындардың деңгейі
қаншалықты жоғары және бюджеттің тұтынушылық шығындары соған сәйкес төмен
болса, соғұрлым бюджет құралдарын пайдалану тиімділігі жоғары болады.
Әрине, бюджет құралдарын пайдалану тиімділігі бұл арада мемлекеттік
бюджеттің шығыстарын қалыптастыру әдістеріне, мемлекеттің жүргізіп жатқан
әлеуметтік саясатына және елдің бүгінгі күнгі әлеуметті – экономикалық
ахуалына байланысты.
Бюджет түрлері бойынша шығыстарды қалыптастыру ерекшеліктері олардың
арнаулары маңында жатыр. Сондықтан, бюджет түрлері бойынша шығыстары
қалыптастырғанда келесі негізгі факторларды есептеу қажет:
– басқару органдар арасындағы функцияларды шектеу;
– мекемелердің бағынушылығы;
– мекемелердің іс - әрекет шекарасы;
– шығыстарды тиісті бюджетке апару.
Республикалық бюджеттің шығыстары келесі бағыттары бойынша
қаржыландыру үшін қалыптасады:
– жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер;
– қорғаныс, қоғамдық тәртіп қауіпсіздік;
– құқықтық, соттық, құқық қорғау қызметкері;
– білім беру;
– денсаулық сақтау;
– әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтасыз ету;
– мәдениет, спорт, туризм және ақпарат кеңістігі;
– тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы;
– ауыл, орман, су, балық шаруашылықтары мен қоршаған ортаны қорғау
және жер қатынастары;
– өнеркәсіп, құрылыс және жер қойнауын пайдалану;
– көлік және коммуникация;
– басқа да бағыттар.
Осыған сәйкес, бірақ тиісті әкімшілік ацмақтарға арналған шығыстар
бағыттары төмен тұрған бюджеттер деңгейлері бойынша да қалыптасады.
Жергілікті бюджеттер шығыстарының қалыптастыру бюджет кодексімен,
нормативті – құқықтық актілермен және тиісті маслихаттар шешімдерімен
реттеледі. Биліктің жергілікті органдарына аумақтардың экономикалық және
қаржылық базаларын пайдалану жөнінде өкілеттік берілген. Әрбір бөлек
әкімшілік аумақтардың экономикалық базасы ретінде жергілікті тұрғындардың
әлеуметті – экономикалық мұқтаждықтарын қамтамасыз ету үшін қажетті
кірістер көздері болатын меншікті мүлік пен оларға берілген объектілер
саналады. Ал қаржылық база болып меншікті бюджеттік құралдар мен жоғары
тұрған бюджеттерден берілетін ресми трансферттерден қалыптасатын қаржылық
ресурстар табылады.
Бюджет жүйесінің әрбір деңгейінің шығыстар құрамы мен қалыптасуы
әрекеттегі заңнамалық актілермен, тиісті аумақ бойынша қаржыландыруы қажет
нақты объектілер және олардың іс - әрекетін қамтамасыз ету үшін қажетті
шығындармен анықталады.

3. Франция мемлекетінің бюджетінің шығыстарының басты бағыттары

Франция Қазақстан сияқты унитарлы мемлекет болғандықтан бюджет жүйесі
екі бөліктен құралған: мемлекеттік және жергілікті. Мемлекетті бюджет
жүйесінің бірлігі жоқ. Барлық бюджеттер қағаз жүзінде ғана көрсетілген.
Бізде сияқты Францияда да әр әкімшілік бірлік өз бюджетін жергілікті
атқарушы органдар арқылы бекітеді.
Франция бюджетінің тарихына келетін болсақ, бюджет ұғымы мұнда тек
1862 жж қалыптасқан. Көп уақыт бойы классикалық үлгіде қалып, өзгерту тек
1956 жж болды. 1959 жж декрет Францияда Қаржы туралы заңды және Бюджет
туралы заңды бөлді.
Кез – келген мемлекеттегідей Франция бюджеті де басқарудың басты
құралы болып табылады. Мемлекет бюджет жүйесі арқылы 20% ЖҰӨ және 50%
ұлттық табысты үлестіреді. Францияның бюджет жүйесі табысының 80%
франциялық қаржы жүйесінің шығыстары мен кірістері болып табылады.
Мұнда орталық бюджет екі бөліктен тұрады:
1. 90% - қайтарымсыз түрде жүргізілетін операциялар; олар азаматтық,
капиталдық, әскери салаларға үлестіріледі;
2. 10% - Белгілі мерзімді ғана білдіретін операциялар (несиелер).
Орталық бюджет шығыстары да екіге бөлінеді:
– Ағымдағы, олар өз кезегінде әскери салаға жұмасалады
(әскерилерді ұстауға, оларды оқытуға, материалды – техникалық
қамтамасыздандыруға), сонымен қатар әлеуметтік сала;
– Капиталды, мұнда да әскери салаға жұмсалады (әскери
объектілердің құрылысына, әскери техниканы сатып алуға), шетел
жұмыстарына арналған шығыстары (елшіліктерді құруға, халықаралық
несие – қаржылық мекемелерге салымдары) және тағы басқа.
2003 жж Франция мемлекетінің бюджетінің шығыстарының негізгі
статьялары келесідей прапорцияларда:
– Орта және жоғары білім – 27,8;
– Қарулы күштер – 19,8;
– әлеуметтік министрліктер ( жұмыспен қамту, соғыс ардагерлер
т.б.) – 17,6;
– транспорт, үй – тұрғындары т.с.с. – 10,4;
– қаржылық қызметтер – 3,9;
– ғылыми жұмыстар, технологиялар – 3,3;
– ауыл шаруашылығы, балық аулау – 3;
– құқықтық сот -2,1;
– шетел жұмыстары, қарым – қатынастар – 1,7;
– өндіріс – 1,4;
– мәдениет және байланыс – 1,3;
– тағы басқа да министрліктер – 1,4 [5, 301 б.].
Жалпы Францияның мемлекеттік бюджетінде ірі ғылыми ізденістерді және
экономикалық бағдарламаларды қаржыландыру қомақты орын алады.
Әрине кез – келген мемелкеттегідей бюджет салық және алымдардың
арқасында құрылады.
Жалпы бюджеттік процесстің өзі елдің Конституциясымен және бюджетке
қатысты бірнеше заңдармен реттеледі.
Францияда бюджетті құру, бекіту, атқару және есепті жасау уақыты үш
жыл уақыттық орын алады.
Франция бюджеттік процесінің бірінші стадиясы – бюджет проектісінің
жасалуы – бұл басты қаржылық органмен экономика және қаржы Министрлігімен
қадағаланып отырады. Бюджетті дайындау мақсатты – бағдарламаны пайдалану
әдісі арқылы жүзеге асады. Бұл кезде тоғыз ай уақыт беріліп, әр министрлік
өз сметасын жасай бастайды. Содан кейін барлық сметаларды біріктіріп,
бюджет проектісі құрыла бастайды, оны алдымен үкімет отырысында қарастып,
бекітіледі, кейін парламентке қарастыруға жіберіледі.
Екінші стадиясы – бюджетті қабылдау, ол кем дегенде үш айға созылады.
Бюджет проектісі Парламент әр палаталарының комиссияларында қарастырылады.
Ең алдымен төменгі палата қарастырып, содан кейін жоғарғы – сенатқа
жіберіледі. Егер де Парламентте қабылданбаса, онда Президент өз жарлығының
арқасында сол бюджетті заң ретінде қабылдануына құқығы бар.
Үшінші стадиясы – бюджеттің атқарылуы. Кассалық атқарылуы, бұл
қазынашылық касса арқылы Францияның Банктерінде есепті – кассалық бюджеттік
операциялар жүзеге асырылады. Осы арқылы апталық, айлық есептер
сараптамалық құжаттар алынады.
Соңғы төртінші стадия – бюджет атқарылуы туралы есеп беру. Оны қаржы
және экономика Министрлігімен дайындалады.
Бюджет атқарылуына бақылау аталмыш елде үшке бөлінеді: әкімшілік,
соттық, парламенттік.
Әкімшілік бақылау – иерарахиялық жүйе бойынша жүзеге асады, мұнда
жоғары дәрежелі бухгалтерлер төмен тұрғандарды тексереді, ал өздері бас
қазынашыға бағынады. Францияда қаржылық инспекторлардың Бас инспекциясы
қызмет атқарады, ол өз кезегінде қаржыгер тексеруші – инспекторлардың
копорациясы сияқты министрлер кабинетімен тығыз байланысты.
Соттық басқару – Есепті палатаның арқасында жүзеге асады. Олар кез –
келген ұйымның қаржылық есептілігін тексереді. Бас бухгалтерияда жүзеге
асып, болған қателіктер басшының мойынына тігіледі.
Парламенттік бақылау – сол бюджетті қабылдау, қарастыру кезінде жүзеге
асады.

1. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫН ОНЫҢ
АТҚАРЫЛУЫН, 2004 – 2006 ЖЖ КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ
ТАЛДАУ

1. Әлеуметтік қамтамасыз етумен әлеуметтік көмекке арналған бюджет
шығыстарын қалыптастыру

Қазақстан Республикасында экономикалық реформалар басынан бастап
әлеуметтік бағдардағы реттелетін Ұлттық нарық жүйесін құруға бағытталған.
Экономика дамуының әлеуметтік бағыттылығының бір көрінісі болып елдің қаржы
ресурстарын орталықтандыру мен қайта бөлісі табылады. Осының салдарынан
мемелекет, әр түрлі механизмдерді пайдалана отырып, нақты мұқтажды
азаматтарға жәрдемақы төлеу арқылы адрестік әлеуметті көмек көрсетеді.
Мысалы, 2005 жж әлеуметтік қамтамасыз ету бағдарламаларды қаржыландыруға
арналған республикалық бюджеттің шығындар көлемі ішкі жалпы өнім құнына
шаққандағы деңгейі 4,4 % жетті.
Мемлекеттік әлеуметтік саясатының мазмұнын оның әлеуметтік көмек
көрсету мен әлеуметтік қамтамасыз ету жөніндегі барлық іс - әрекет
қосындысы қалыптастырады. әлеуметтік саясаттың маңызы мемлекеттің нақты
әлеуметтілік функцияларын іске асыруда көріністі болады.
Әлеуметтік экономиканы мемлекеттің барлық экономикасының дамуынан
бөлек қарастыруға мүмкін емес, себебі әлеуметтік саланың іс - әрекетте
болуының басты шарты – ол бұл саланы қаржылық қамтамасыз ету. Әлеуметтік
саланы қаржыландыруды нарықтық экономикадағы мемлекеттің рөлі жөніндегі
мәселелермен бірге қарастыру қажет, себебі экономикалық реформаларда
мемлекет пен нарқтың әсер салалаларын шектеудің өте маңызды мәні бар.
Мемлекеттік араласу ауқымдары нақты елге тән ерекшеліктер, дәстүрлер және
әлем экономикасының бүгінгі дамуымен анықталады.
Шаруашылықты жүргізудің нарықтық механизмінің объективтік
кемшіліктерін жеңу үшін қажетті экономиканы мемлекеттік реттеу формалары
мен мемлекеттің араласу ауқымдары түрлі болуы мүмкін.
Мемлекеттік араласудың барлық формалары басқа іс - әрекет түрлерімен
қоса бөліп және қайта бөліп тұратын іс - әрекет түрі арқылы іске асырылады.
Ал бұл іс әрекет көбінесе мемлекеттік бюджет арқылы көріністе болғандықтан
мемлекеттің әлеуметтік саясаты іске асыру негізі бюджет болады. Сондықтан,
мемлекеттің өз әлеуметтік фунцияларын қамтамасыз ету шығындарын
республикалық және жергілікті бюджет құралдары арқылы әрекеттенеді.
Демек, халыққа көрсететін әлеуметтік қызметтер деңгейі бюджеттің
қалыптасуы мен атқаруына байланысты, ал өз алдына әлеуметтік салаға
жұмсалатын бюджеттік құралдар деңгейі, олардың алға қойылған мақсаттарды
тиімді атқару қабілеттігі маңыздылық шамада мемлекеттің бюджеттік
саясатының жалпы принциптеріне әсерлі.
Қазақстан Републикасында қазіргі шарттарға сәйкес әлеуметтік саланың
әр түрлі институттары жұмыс атқаруда. Олардың барлығы халыққа әлеуметтік
қызмет көрсететін жүйені құрады. Бұл институттар өз іс - әрекеттерінде
мүгеектерге, кәрілігі жеткендерге, көп балалы және толық емес жанұяларға,
сондай – ақ басқа да мұқтаж азаматтар категорияларына әр түрлі әлеуметтік
қызмет көрсетеді. Бұлардың іс - әрекеттері тиісті заңнамалық және
нормативтік актілер ережелеріне негізделеді.
Қазақстан Републикасы азаматтарының зейнетақы қамтамасыз етуге құқығы
бар. Бұл аумақтағы мемлекеттің саясаты ҚР Конституциясына негізделеді және
Зейнетақы қамтамасыз ету жөнінде атты Заңымен реттеледі. Осы Заңға сәйкес
1998 жж бастап Қазақстанда зейнеттік қамтамасыз етудің сол уақытқа дейін
әрекетте болған ынтымақтық жүйенің орнына жинақтаушы жүйесі енгізілді. Бұл
Заңмен тағы бір тағайындалған шарт – ол 1998 жылдың сәуір айының 1
жұлдызына дейін зейнетке шыққан азаматтарға мемлекеттік зейнеттік
қамтамасыз етуді кепіл етеді. Бюджет құралдары арқылы зейнеттік қамтамасыз
етуге құқықтары бар азаматтарға зейнетақы қамтамасыз етуге құқытары бар
азаматтарға зейнетақы республикалық бюджет құралдарынан төленеді. Зейнетақы
төлемдері жөніндегі уәкілетті орган ретінде мемлекеттік кәсіпорын
формасында құрылған Зейнетақы төлемдер жөніндегі орталық болады. Бұл
Орталық келесі функцияларды атқарады:
– Зейнетақымен қамтамасыз етуге құқықтары бар
азаматтарға республикалық бюджет құралдары арқылы
зейнетақы төлеу;
– Азаматтарға әлеуметтік жеке кодтар иелену;
– Міндетті зейнетақылық жарналардың кейіптеулік есебі;
– Міндетті зейнетақылық жарналардың агенттерден жиынтық
зейнеттік қорларға аудару;
– Мемлекет алдында салықтық міндеттемелер атқаруға
бақылауды қамтамасыз ететін орталық атқарушы органға
агенттердің тізімдемелері мен төлемді құжаттарын
ұсыну;
Осы орталық жаңа зейнеттік жүйе енгізу барысында зейнетақылық
төлемдерді категориялар бойынша келесі тәртіппен тағайындайды:
a) 1998 жж 1 қаңтарға дейін зейнетақы алатын
азаматтарға ;
b) зейнеттік жасқа жеткен азаматтарға:
– 1998 жж 1 қаңтардын бастап 61 жасқа
толған ер адамдарға, 56 жасқа толған
әйелдерге;
– 1998 жж 1 шілдеден бастап 61,5 жасқа
толған ер адамдарға, 56,5 жасқа толған
әйелдерге;
– 1999 жж 1 шілдеден бастап 62 жасқа толған
ер адамдарға, 57 жасқа толған әйелдерге;
– 2000 жж 1 шілдеден бастап 62,5 жасқа
толған ер адамдарға 57,5 жасқа толған
әйелдерге
– 2001 жж 1 шілдеден бастап 63 жасқа толған
ер адамдарға 58 жасқа толған әйелдерге;
[8, 103 б.].
Орталық азаматтың жас шамасына байланысты зейнетақылық төлемдерді ер
адамдардың еңбек стажы 25 жылдан және әйелдердің еңбек стажы 20 жылдан кем
болмаған шартта оларға толық көлемде зейнетақы тағайындайды, ал толық емес
көлеміндегі зейнеттік төлемдер нормативтік актілерде белгіленген тәртіппен
есептеледі. Зейнетақылық төлемдер өмір бойы төленеді. Егерде зейнетақы
алушы қайтыс болса, онда оның жанұясына орталықтан мезгілді 15 айлық
есептемелік көрсеткіш мөлшерінде төлем беріледі.
Орталықтан төленетін зейнетақылық төлемдер әрбіреуі үш жыл қатарының
орташа айлық тобының 60 пайыз мөлшерінде есептеледі. Бұл арада табыс
құрамына еңбекақының барлық түрлері мен Үкімет белгіленген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы функциялары
Мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе орталық мемлекеттің бюджеті
Мемлекеттік бюджет және оның құрылымы. Қазақстанның мемлекеттік бюджетін теңестіру мәселелері
Мемлекеттік бюджеттің ақшалай кірістері
Бюджет жүйесі және бюджет кірістерінің теориялық мәні мен мазмұны
Қазақстан Республикасының бюджет заңдары
Мемлекеттік бюджеттің мәні
Қаржы жүйесінің қағидаттары
Мемлкееттік бюджет
Бюджет түсінігі. Бюджет тапшылығы және оның мәні
Пәндер