Қазақстан Республикасының инновациялық саясаттарының бағыттары



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 1.2
I Жаңа инновациялық.индустриялық саясаттың мәні,
бағыттары және қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.12
1.1. Қазақстан Республикасының инновациялық саясаттарының бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.2. Жаңа индустриалды.инновациялық саясаттың қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.3. Индустриалды.инновациялық саясаттың басымдықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
II ҚР.дің қазіргі экономикалық жағдайы мен оны дамытудың мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13.18
2.1. Ұлттық статистикалық мәліметтер ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.2. Экономиканы дамытудағы атқарылып
жатқан шаралар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
Жалпы Инновация (жаңалық енгізу) дегеніміз процесс ретінде инновация экономикаға техника мен технология ұрпағының ауыстырылуын қамтамасыз ететін қаражат салу; нысан ретінде инновация – ғылыми-техникалық прогрестің нәтижесі болып табылатын жаңа техника, технология.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Қазақстан халқына арнаған «жаңа әлемдегі, Жаңа Қазақстан» атты жолдауында алдағы он жылға арналған Қазақстанның даму стратегиясын айқындап берді. Жолдау үкімет алдына 10 жылдың ішінде орындалуға тиісті 10 міндет және 30 бағытты айқындады. Бұл жолдаудың экономикалық жақтары басымдау екендігін баса айтыуымыз керек. Жолдаудың басты 30 серпінді бағытының 18-і Қазақстанның экономикалық дамуының сапалық жаңа кезеңін сипаттайды және оның Кеңес Одағынан кейінгі кеңістіктегі, әрі Орта Азиядағы көш бастаушы тұғырынан, таймай әлемнің бәсекеге барынша қабілетті және серпінді дамып келе жатқан елінің біріне айналуын көздейді. Солардың ішінде еліміздің дәл бүгінгі жағдайында ең маңыздыларына тоқтала кетсек, оларға мыналар жатады:
Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің тұрлаулы сипатын қамтамасыз етуге бағытталған толымды стратегия жасау және оны іске асыру.
1. Назарбаев Н.Ә. “Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан ” Астана 2007ж.
2. Стратегия индустриально- инновационного развития РК на 2003-2015гг
3. Қазақстан Республикасының статистика агентігі Алматы 2007ж
4. Анар Тілеуханқызы “ҚазАгроФинанс” инновациялық үрдістерге дем беруші- (Егемен Қазақстан 2006 ж 30 мамыр.)
5. Ботаев Н.Т. «Біздің инновациялық дамудағы серпінді серіктестік бағыттарымыз» Егемен Қазақстан 30 мамыр 2006ж
6.Байпақбаев Ж.С «Қазақстан экономикасы: қазіргі келбеті және диверсикациялаудың қажеттілігі» Саясат-Policy №5, 2006ж.
7. Гридиева Е. «Современствование механизма трансфорта технологий и развите инновационных процессов в Казахстане»
8. Елбасының «Жаңғыру жолдауы» атты халыққа арнаған жолдауы «Егемен Қазақстан» 2008ж. 10 ақпан
9. Ерешев Б. «Стратегии управления инновационнымипроцессом в малом предпринимательств» Транзитная экономика 2007ж №6 (63)
10. Жапбирова С «Современствование инновационной политики Республики Казахстан на современном этапе» Транзитная экономика 2007ж №6 (63)
11. . Полежаева И. «Расчет эффективности инновационного потенциала субъекмалого и среднего бизнеса» Транзитная экономика 2005ж №6-5 (50)
12. Cерік Мақыш «Экономикалық бәсекелестіктің маңызы» Ақиқат 2007ж №4
13. Сулейменова Г. «Проблемы развития инновационного потенциала субъектов малого и среднеого бизнеса» Транзитная экономика 2005ж № 5-6 (50)
14. Саханова А «Макроэкономическая стратегия инновационного развития» Транзитная экономика 2005ж № 5-6 (50)
15 . Төлеев С.Ж. «Біздің инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына»
16. .Сабденов О. Экономическая политика переходного периода на рубеже 21в Алматы 1997. С.31

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 1-2
I Жаңа инновациялық-индустриялық саясаттың мәні,
бағыттары және қажеттілігі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-12
1.1. Қазақстан Республикасының инновациялық

саясаттарының бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 3

1.2. Жаңа индустриалды-инновациялық саясаттың
қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 7
1.3. Индустриалды-инновациялық саясаттың
басымдықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
9
II ҚР-дің қазіргі экономикалық жағдайы мен оны дамытудың
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..13-18
2.1. Ұлттық статистикалық
мәліметтер ... ... ... ... ... ... . ... ... ..13
2.2. Экономиканы дамытудағы атқарылып
жатқан
шаралар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..19
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20

Кіріспе

Жалпы Инновация (жаңалық енгізу) дегеніміз процесс ретінде инновация
экономикаға техника мен технология ұрпағының ауыстырылуын қамтамасыз ететін
қаражат салу; нысан ретінде инновация – ғылыми-техникалық прогрестің
нәтижесі болып табылатын жаңа техника, технология.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Қазақстан халқына арнаған жаңа
әлемдегі, Жаңа Қазақстан атты жолдауында алдағы он жылға арналған
Қазақстанның даму стратегиясын айқындап берді. Жолдау үкімет алдына 10
жылдың ішінде орындалуға тиісті 10 міндет және 30 бағытты айқындады. Бұл
жолдаудың экономикалық жақтары басымдау екендігін баса айтыуымыз керек.
Жолдаудың басты 30 серпінді бағытының 18-і Қазақстанның экономикалық
дамуының сапалық жаңа кезеңін сипаттайды және оның Кеңес Одағынан кейінгі
кеңістіктегі, әрі Орта Азиядағы көш бастаушы тұғырынан, таймай әлемнің
бәсекеге барынша қабілетті және серпінді дамып келе жатқан елінің біріне
айналуын көздейді. Солардың ішінде еліміздің дәл бүгінгі жағдайында ең
маңыздыларына тоқтала кетсек, оларға мыналар жатады:
Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің тұрлаулы сипатын қамтамасыз
етуге бағытталған толымды стратегия жасау және оны іске асыру.
- Қаржы жүйесінің ырықтандыру жағдайындағы тұрлаулығы мен бәсекеге
қабілеттілігінің жаңа деңгейі.
- Қазақстан үшін тиімді жағдайларда БСҰ –ға кіру.
- Экономикалық әртараптандыру және шикізаттық емес секторды дамыту.
- Экономикалық өсу мен бәсекеге қабілеттіліктің өңірлік орталықтарын
қалыптастыру және олардың жұмысқа кірісуі. Аталған міндеттер мен бағыттар
елімздің 2003-2015 жылдарына арнаған индустриалды инновациялық даму
стратегиясының ішіндегі орындалуға тиісті міндеттерді сипаттайды. Алғашқы
бағыт Елбасының 2006 жылғы 1 наурызында халықа Жолдауындағы әлемнің
дамыған бәсекеге қабілетті 50 елінің біріне айналу үшін нақты стратегия
болуы қажет және Елбасы оны дайындауды Үкіметке тапсырды. Мұндай
бағыттардан күтiлетiн нәтижелер: Индустриялық-инновациялы қ саясатты
белсендi жүргiзу экономиканың өсу қарқынын жылына кемiнде 8,8-9,2 %
қамтамасыз етедi. Бұл 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы ЖIӨ көлемiн 3,5-
3,8 еседей ұлғайтуға мүмкiндiк бередi. Бұдан басқа өңдеушi өнеркәсiпте
орташа жылдық өсу қарқынын 8-8,4 %-ке дейiн жеткiзуге, 2000 жылмен
салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнiмдiлiгiн кемiнде 3 есе арттыруға және ЖIӨ
энергия сыйымдылығын 2 есе төмендетуге мүмкiндiк бередi. Стратегияны iске
асыру нәтижелерi 2015 жылы мұнай, газ кен орындарын қарқынды игеру
жағдайында экономиканың және өнеркәсiптiк өндiрiстiң құрылымын түбегейлi
өзгерiске ұшыратпайды.
Стратегияны iске асыру: ЖIӨ құрылымында өнеркәсiптiң үлестiк салмағын 2015
жылы 46,5 %-тен 50-52 %-ке дейiнгi мөлшерде ұлғайтуға; ЖIӨ құрылымында
ғылыми және ғылыми-инновациялық қызметтiң үлестiк салмағын 2000 жылғы 0,9 %-
тен 2015 жылы 1,5-1,7 %-ке арттыруға; ЖIӨ құрылымында өңдеушi өнеркәсiп
үлесiнiң төмендеу қарқынын 2000 жылғы 13,3 %-тен 2015 жылы 12-12,6 %-ке
дейiн төмендеуiн бәсеңдетуге (салыстыру үшiн бұл көрсеткiш индустриялық
саясат жүргiзiлмесе, 2015 жылы 10,9 %-тi құрайтын едi). Сонымен қатар
Стратегия iске асырылмаса, өнеркәсiптiк өндiрiстегi кен өндiру салаларының
қосылған құнының үлесi, оның iшiнде мұнай өндiру 2000 жылғы 31,0 және 25,6%
қарағанда 2015 жылы тиiсiнше 55-56 % және50-51 %-ке жетуi мүмкiн.
Стратегияны iске асыруды есепке алғанда кен өндiру кәсiпорындары 46-47 %-тi
ғана құрайды. Бұл ретте ғылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялық
өндiрiс орындарының үлесi 2000 жылғы ЖІӨ 0,1 %-нен 2015 жылы 1-1,4 %-ке
дейiн артады. Өңдеушi өнеркәсiптiң қосылған құнының құрылымында сапалық
өзгерiстер болады. Металлургияның және металдарды өңдеу үлесi өңдеушi
өнеркәсiптiң қосылған құнының жалпы көлемiнiң 40,1 %-нен 27-28 %-ке дейiн
төмендейдi, ал ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдеу үлесi 38,1 %-тен 45-46%-ке
дейiн өседi. Бұл ретте ғылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялы
өнiмнiң үлесi 2000 жылғы 0,6 %-пен салыстырғанда 9-11 %-тi құрайды.

I Жаңа инновациялық-индустриялық саясаттың мәні, бағыттары және
қажеттілігі.
1.1 Қазақстан Республикасының инновациялық саясаттарының бағыттары.

Жоғарғы технологияларды енгізігу және инновацияларды қолдауға
бағыталған біртұтас мемелекеттік стратегия жүргізу туралы елбасы
Н.Назарбаевтың Жаңа әлемдегі – Жаңа Қазақстан атты жолдауының тоғызыншы
бағытында айқын атап көрсетті.
Біріншіден, өзіміздің бәсекелестік артықшылықтарымызды негізге ала
отырып, технологиялар трансфертін белсенді әрі байыпты жүргізуіміз керек.
Сырттан жаңа технологиялар әкеліп оларды жетілдіруді жүзеге асыратын,
сондай-ақ отандық ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізуімен шұғылданатын
конструкторлық бюролар мен жобалау ұйымдарының желілерін құруға жәрдемдесу
қажет.
Екіншіден: жоғары технологиялар саласындағы жобаларды қаржыландыруды,
соның ішінде венчурлық негізде қаржыландыру-
ды қолдайтын құрылымдар жасақтау керек. Қазақстан ғалымдарының үздік
әзірлемелерінің сыртқа кетуіне жол беруге болмайды.
Үшіншіден, Қазақстан бизнесінің инновациялық белсенділін көтермелеу
шарт. Ғылыми зерттеу және конструкторлық қызметтегі зор күш-жігер жеке
меншік сектордың еншісіне тигені жөн.
Төртіншіден, зерттеу жұмыстарына мемлекеттік тапсырыстар жасауды бір
жүйеге келтіру қажет, сонда ғана бұл жұмыстардың нәтижесіне экономиканың
нақтылы секторына сұраныс туатын болады.
Бесіншіден, зияткерлік меншік пен сауда белгілерінің қорғауын
нығайтып, технологиялық сектордың дамуына ықпал ету керек.
Танысу мен қаржыландыру үшін ашық болатын инновациялар мен патенттер
банкін құру қажет. Бұл – Қазынаның1 міндеті деп айқын атап көрсетті.
Соның бір дәлелді бағыты ретінде ҚазАгроФинанс акционерлік қоғамын
мысалға алып отырмын.
Осыдан 7 жыл бұрын толықтай Үкіметтің қаржысына агроөнеркәсіп
кешендеріне қолдау көрсетіп, оларды лизингке және кредит беру арқылы
қажетті ауыл шаруашылығы техникасымен қатар технологиялық құрал-
жабдықтармен қамтамасыз ету үшін құрылған ҚазАгроФинанс акционерлік
қоғамы сол үрдістен шығып, қаншама шаруашылыққа көмек қолын созып, олардың
көшінің оқталуына үлес қосты десеңізші.
Шынында да лизингке техника беріп, қаражатты жеті жылдың ішінд небары төрт
пайыздың көлемінде ғана қайтарасың деген шарттың шаруа үшін рас тиімді
болғандығы дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома екендігі анық.Алғашқы
қадамдарымен-ақ ауыл шаруашылығына әлеуметтік бағытта үлкен көмек көрсеткен
ҚазАгроФинанс бұл күндері өте қарқынды даму үстінде. Үкіметтің қолдауында
болғандықтан шетелдік финанс институттары да компаниямен істес болуға
құлықты, бұл ауыл шаруашылығы кешеніне қажетті қаржыны шеттен тартуға да
жол ашуда. Осылайша ҚазАгроФинанс тынысынынң кеңейюі, мүмкіндігінің
бұрынғыдан да артуы техни- касы мен технологиялық құрал-жабдықтарды сатып
алумен шектеліп қана қоймай, өзге бағыттарда жұмыс жүргізуіне қол жеткізді.
Соның нәтижесінде, табиғи сүт жетпегендіктен ұнтақтан жасалған сүтті ішіп
отырған қала тұрғындарының қамын ойлаған компания Ақмола және Солтүстік
Қазақстан облыстарындағы екі шаруашылыққа лизингке Канададан асыл тұқымды,
аса жоғарғы өнім беретін сиырларды ұшақпен алдыртты. Дихандарға берілетін
қаржылық қайтарымы бар деп есептелген күннің өзінде, мол шаруашылығын
қаржыландыру үлкен тәуекелді қажет етеді. Соған қарамастан ҚазАгроФинанс
лизингке беріп отырған асыл тұқымды сиырларды жеткізіп қана қоймай, оларды
асырап-бағудың жолын сауатын аппарат қондырғыларын, сүт өнімін өңдеуін, не
керек, технологиясын тұтастай алып келеді. Сөйтіп, Канадада жолға қойылған
тиімді тізбектің бір үздігінің де шашауы шақпастан Қазақстаннан қоныс
тепті.
Әрбір іске дәл осылайша үлкен жауапкершілік таныту ҚазАгроФинанс
үшін абыройлы міндет саналғандай. Басқарма төрағасы, экономика ғылымдарының
кандидаты И.Тағашев: Мен біздің әлеуметтік бағытта ауыл шаруашылығына дем
беруші екенімізді баса айтқым келеді, осы жылдар ішінде ҚазАгроФинанс 70
миллиард теңгеге ауыл шаруашылығына инвестиция құйып, 12 мың ауыл
шаруашылығы техникасының және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін 38
тізбекті қаржыландыруды. Бюджеттік бағдарламалардың пайзын 4-тен, сырттан
өзіміз тартқан кредиттерді 8,5 пайызбен беріп келдік. Бүгінгі күні әр
облыста біздің 14 өкілдігіміз жұмыс жасайды. Біз инновациялық бағытта,
бәсекелестікке қабілетті өнім шығаруды көздейтін, қай бір істің жеке
бөліктерін емес, тұтастай технологиясын әкеліп, заманға сай еңбек ететін,
алған қаражатын қайтарумен бірге өзіне де, елге де пайдасы тиетін
шаруашылық-
тарға көмек көрсетуге мүдделіміз”1 дейді.

1Анар тілеуханқызыҚазАгроФинанс - инновациялық үрдістерге дем беруші
Егемен Қазақстан 2007жыл № 335-338 ( 24911) 3 қазан1. 4-бет

Айтса айтқандай, ҚазАгроФинанс картоп өсіруде голланд технологиясын
ендірген шаруашылықтарға қаржылай көмек берсе, биылдан бастап суды
арық бойымен ысыраптамай, тамшылату технологиясын пайдалану арқылы мол өнім
алуды көздейтін шаруашылықтардың ұсыныста-
рын қарауда екен.
Оның алғашқылары жеміс-көкөніс кластер аясында Оңтүстік Қазақстан облысында
қолға да алынып үлгермепті. Тамшылату технологиясын тиімділігі минералдар
мен қажетті қорек әрбір тамшымен дақылға жетіп, мол өнім алынады.
Шетелдерде бұл баяғыдан бар, ал бізге енді-енді жаңалық болуда,-дейді АҚ-
мүшелері1
Тағы аса ірі ұлттық компанияларды біріктірген Самұрық мемлекеттік
холдингі құрылды, оның негізгі міндеті біздің экономикалық мүддемізді
әлемдік рынокта алға жылжыту болып табылады.
Қазына тұрақты даму қоры құрылды, ол даму институттарының қызметін
үйлестіріп, экономиканы әртараптандыруға жәрдемдесуі және индустриялық
жобаларды қаржыландыруы тиіс. Даму институттарының бастауымен құны 2,2
млрд. Ақш доллары тұратын 90 жобаны қаржыландыру басталды. Осылайша, басым
салаларды озық дамытудың, емдік бәсекеге қабілеттілігін арттыруда
экономикалық әлеуеті бар бірқатар кластерлер құрудың моделі таңдап алынды.
Осыдан келіп оларды ғылыми-техникалық қамтамасыз ету мәселесі айрықша мәнге
ие болады. Жоғарғы технологиялардың әлемдік рыногы бүгінде жылына 2,5
триллион долларға бағаланады. Олардан АҚШ-тың үлесіне 39 пайыз, Жапонияның
үлесіне – 30, германияның үлесіне – 16 пайыз келеді. Қалған дүниенің үлесі
15 пайызды құрайды2.
Біздің негізгі міндетіміз – мүмкін болғанынша тезірек оған кіру және
өз тауармызды алу.
Елдің географиялық жағдайы бізге өңірлік рыногқа бағдарланған жоғарғы
технологиялық өндірісті дамытуға мүмкіндік береді, мұнда Қазақстан
перспективада өңірдің сервистік – технологиялық орталығына айналуы тиіс.
Елбасының халыққа арнаған жолдауында атап өткеніндей, өз ғылыми-
технологиялық ресурстарымызды дамыту үшін біз жоғары технологиялардың
халықаралық бизнесіне қатысу жөнінде бастамашылық танытуға тиіспіз.
Қазақстан бірқатар жетекші әлемдік жоғарғы технологиялық компаниялардың
акционері болуды жоспарлап отыр.

1 Анар Тілеуханқызы ҚазАгроФинанс - инновациялық үрдістерге дем беруші
Егемен Қазақстан 31-қазан 2007жыл. 5-бет
2 Елбасының халыққа арнаған жолдауынын “Біздің иновациялық дамудағы
серпінді серіктестік бағыттарымыз” Егемен Қазақстан 30 мамыр 2006жыл. 2-
бет

Бәсекеге қабілетті технологиялар инновациялық экономиканың өзегі ретінде
өздігінен пайда бола қалмайды. Бұл ұзақ үдеріс, ғылыми зертеулердің күрделі
де шығынды эксперименттердің және ақыр аяғында, ғалымдардың идеялық
нұрлануының қиындықпен келетін жемісі. Тауарлар өндірісн ұйымдастыру үшін,
әрине, шетелдік технологияны сатып алуға болады. Бірақ та өзін құрметтейтін
бір де бір ел жаңа технологиялар мен өндіріс құпиялары сауда саттығын
өткізіп жатпайтынын ұмытпайық. Сонымен бірге, егер технологияларды басқадан
алуға ғана сүйенетін болсақ, біз өзіміздің технологиялық артта қалуымызды
сол күйінде тұмшалап, технолгиялық және ғылыми тұрғыда дамыған елдерге
тәуекелділкте боламыз. Сондықтан бізде өз ғылымымызды дамыту керек. Бұл
үшін бізге елдің ғылыми-техникалық әлеуетін жұмылдыруды жеделдету,
ресурстарды ғылымды дамытудың таңдап алған басым бағыттарына шоғырландыру,
оның жетістіктерін өндіріске белсенді ендіру үшін жағдайлар туғызу қажет.
Жаңа ғылыми-техникалық бағыттар – биотехнологиялар, нанотехнологиялар,
ғарыштық қызмет пен ақпараттық – коммуникациялық технологиялар – бұлар
отандық және трансұлттық бизнеспен әріптестік жағдайында нақты нәтижелерге
қол жеткізу мүмкіндігіміз бар салалар1. Нақ осы бағыттар бойынша бізге
таяудағы болашақта мыңдаған жоғары білікті мамандар мен дипломды ғалымдар
қажет болады.

1 Елбасының халыққа арнаған жолдауынын Инновациялар мен оқу-білімді
жетілдіру арқылы білім экономикасына. Экономикалық көзқарас Егемен
Қазақстан 30- тамыз 2006жыл
1.2 Жаңа индустриалды-инновациялық саясаттың қажеттілігі.

Тәуелсіздіктің он үш жылында жүргізілген реформалар экономиканың
жедел де сапалы дамуын іске асыру мүмкіндіктерін туғызды. Оның басты
құрамдасы елдің индустриялық-инновациялық дамуы болып табылады. Бекітілген
индустриялық-инновациялық даму стратегиясы алға өршіл міндеттер қоятын
өзіндік бірегей құжат деуге болады. Үнемі өзгеріс үстіндегі әлемдік
конъюнктура жағдайында бұл өмірлік қажетті қадам. Жаһандану бабында
Қазақстан экономикасы бірқатар проблемалармен бетпе-бет келгенін айтудың
өзі жеткілікті. Оларға мыналар жатады: шикізаттық бағдарланушылық, әлемдік
экономикамен мардымсыз, интеграциялау, елдің ішіндегі салааралық және
өңіраралық экономикалық интеграцияның әлсіздігі, ғылымның өндіріспен
ықпалды байланысының жоқтығы менеджменттің экономиканың жаһандану
процестеріне және сервистік технологиялық экономикаға көшуге бейімделу
міндеттеріне сәйкес еместігі.
Бекітілген Индустриялық-инновациялық даму стратегиясына сәйкес 2015
жылға қарай 2007 жылмен салыстырғанда ІЖӨ-нің энергияны қажет етуі екі есе
төмендеп, ғылымды көп қажет ететін және жоғарғы технологиялық өндірістердің
үлесі он еседен астамға өсуі тиіс. Мұның өзі ел экономикасын реформалаудың
жаңа кезеңі басталғанын білдіреді”1,- деп айтылған елбасы жолдауында.
Стратегия белсенді мемлекеттік ғылыми және инновациялық саясат
жүргізуді көздейді. Алға қойылған мақсаттарға жету үшін қаржы рыногының
одан әрі дамуы және фискалдық, ағартушылық, антимонополиялық,
инфрақұрылымдық саясаттың шеңберінде экономика мен басқарудың барлық
салаларында әлемдік стандарттарға көшу көзделеді.
Стратегияның өзіндік қосылған құны бар өнім шығару мен экспорттаудың
тұрақты өсуін және бәсекеге қабілетті әрі белсенді етілген өнеркәсіп құруды
қамтамасыз етуге бағытталуы оның айрықша ерекшелігі болып табылады.
Сондықтан ғылымды көп қажет ететін, жоғарғы технологиялық өндіріс
құруды ынталандырудың ғылым-өндіріс-рынок циклының, нақты және қаржы
секторының бұрынғыдан тиімді байланысын орнықтырудың аса маңызды міндеті
қойылды.

1 Елбасының Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан атты халыққа арнаған жоладуынан
Астана 2007 жыл.
Осыған байланысты қолда бар әлеуетті ұтымды, тиімді пайдалануды қамтамассыз
ету керек, мұның өзі халықтың тұрмыс деңгейіне республика дамуының
тұрақтылығына әсер ететіні сөзсіз.
Бұл ұстанған индустрияландыру бағыты бүгінде бұрынғыдан жоғары бөліністерді
енгізуге және жаңа индустриялық кластерлерді қалыптастыруға салмақ салатын,
елдің экономикалық (мұнай-газ және металлургия секторлары) дамытуға
мүмкіндік береді. Мәселен, бізде мәнін жасауда, химия және мұнай
химиясында, құрылыс индустриясы мен жеңіл-өнеркәсіпте даму-
дың елеулі әлеуеті бар. Ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу және
агроиндустриялық кластерлерді, атап айтқанда Оңтүстік Қазақстанда мақталық
және шарап жасау кластерлерін қалыптастыру перспективалық бағыт болып
табылады.
Индустриялық процесінің барысында біздің күш-жігеріміз сондай-ақ
білім беруге негізделген сапалық жаңа экономиканы құру үшін алға жарып шығу
нүктелерін қалыптастыруға және одан әрі дамытуға бағытталуы керек.
Қазақстан болашақта жоғары технологиялық тауарлар және жақын жатқан. Жедел
өсу үстіндегі экономикаларға қызмет көрсету үшін қызметтер өндіруге
бағытталған өңірдің сервистік-технологиялық орталығына айналуы тиіс.
Экономика дамуының сапалық жаңа деңгейіне көшу жөніндегі табанды да
ауқымды шаралар қажет. Жоғары дамыған қаржы секторы инновацияларға қолдау
көрсететін банктік жоғары технологиялардың экономиканың нақты секторымен
бірігуіне жәрдемдесіп, ынталандыруы тиіс. Дамудың жасалатын қолайлы
жағдайлары отандық кәсіпкерлерге әлемдік рыногқа жарып өтудің жақсы
мүмкіндігін береді. Жаһандану жағдайында Қазақстандық компанияларға
халықаралық бәсекенің қысымына төтеп беру барған сайын қиын болатыны анық.
Индустриялық инновациялық саясатты іске асыру, жаңа технологияларды
өндіру, кадрлар даярлау жөніндегі мақсатты жұмыс жағдайында отандық
өнідіріс принципінде іске асыруға болатын осынау міндеттерді орындау үшін
барынша әзірленген салада алға жарып шығуды қамтамасыз етуге болады1. Мұнда
құрылған мемлекеттік даму институттарына көп үміт артылады, солардың
арқасында біз экономикамызды белсенді ету жөніндегі жобаларды қаржыландыра
аламыз.
Біздің бүгінгі әлеует – бұл экспортқа бағдарланған қаржылық,
телекоммуникациялық, көліктік, сауда және ақпараттық қызметтер.

1Байтұрсынов Ү.Б Национальная экономическая система Алматы, Ғылым
2005жыл. 427-бет
1.3 Индустриалды-инновациялық саясаттың басымдықтары.
 
Барлық әлеуеттi бәсекеге қабiлеттi, оның iшiнде экономиканың шикiзаттық
емес бағытындағы салаларда жұмыс iстейтiн экспортқа бағдарланған өндiрiстер
индустриялық-инновациялық саясаттың басымдықтары болып табылады. ёзақ
мерзiмдi стратегиялық мiндеттердi шешу мақсатында ғылымды көп қажет ететiн
және жоғары технологиялық өндiрiстердi дамыту үшiн жағдайлар жасауға ерекше
көңiл бөлу қажет.
      Бұл көзқарас экономиканың түрлi салаларындағы кәсiпкерлер үшiн жұмыс
істеп тұрған өндірістерді техникалық және ұйымдық жағынан жетiлдiруге және
экспорттық бағыттағы өнiмнiң жаңа түрлерiн шығаруға кедергi жасамайды.
      Нақты ұсыныстар жеке секторда туындауы тиiс, ал екiншi деңгейдегi
банктер және құрылатын инвестициялық мемлекеттiк даму институттары осындай
ұсыныстарды жеке сектормен әрiптестiктiк қарым-қатынаста ықтимал iске асыру
мақсатында арнайы әдiстемелер негiзiнде оларға талдау жасайды.
      Нарықтық экономикалы елдердiң, оның iшiнде Қазақстан Республикасының
заңдары бюджет қаражатын жеке кәсiпорындарға қаржы және инвестициялық
қолдау көрсетуге жұмсауға тыйым салады. Осыған сәйкес нақты жеке
компанияларға қаржылық қолдау көрсету мемлекеттiк сыбайлас жемқорлықтың
көрiнiсi ретiнде бағаланады. Тәжiрибе осындай көзқарастың дұрыстығын
көрсеттi.
      әдетте, мемлекет нақты компанияларға тiкелей қаржылық қолдау көрсете
алмайды және онымен айналыспауға тиiс, бiрақ экономиканың бәсекелестiк
қабiлетiн арттыру мәселелерiнде, жеке кәсiпорындарды жаңғыртуға,
инновациялық процестерге қатысуға және осы арқылы өзiнiң өндiрiстiк және
бәсекелестiк әлеуетiн құруға және жақсартуға ұмтылуға ұйытқы әрi бастамашы
болуы мүмкiн және болуы тиiс.
    Әлемдiк тәжiрибе көрсеткенiндей,
нарықтық экономикалы мемлекет экономикада құрылымдық өзгерiстердi жүзеге
асыруда жеке сектормен ынтымақтастық орната алады. Осындай ынтымақтастықтың
неғұрлым сәттi мысалдары Жапонияда, Оңтүстiк Кореяда, Малайзияда және соңғы
отыз жылда өздерiнiң экономикалық даму саласында iрi бетбұрыс жасаған басқа
да елдерде бар.
      Қазiргi Қытай индустриялық дамудың стратегиялық бағыттарын дамыту
саласында жеке сектормен ынтымақтасу саясатын жүргізуде.
      Дүниежүзiлiк Банктiң зерттеулерi мемлекеттiк индустриялық саясатқа
қатысты барлық көзқарастар кең ауқымды үш санатқа: инвестицияларды
үйлестiруге, iскерлiк ынтымақтастықты дамытуға және рыноктың орнын басуға
ұштастырылуы мүмкiн екендiгін көрсеттi.
      Инвестицияларды үйлестiру жөнiндегi бастамалар
      Жеткiлiктi дамымаған рынок жағдайында фирмалардың өндiрiстiң кеңеюiне
қарай қалыптасатын жаңа және барынша сапалы өнiмге сұраныстың көлемiн
бағалауға мүмкiндiгi болмайды. Мемлекет инвестицияларды үйлестiру
функциясын өз мойнына алады, олар инвестициялық жобаларды бiрлесiп жүзеге
асыру кезiнде ғана компанияларға пайда түсiредi.
      Инвестицияларды үйлестiрудiң осы үлгiсiн қолдану мемлекеттiк және
жеке институттарда белгiлi бiр әлеуеттiң болуын көздейдi, оған көптеген
дамушы елдердiң қолы жетпейдi.
      Іскерлік ынтымақтастықты дамыту жөнiндегi бастамалар
      Іскерлiк ынтымақтастық жөнiндегi белсендi мемлекеттiк саясат
шеңберiнде бастамалар кәсiпкерлермен мынадай бағыттарда iскерлiк қарым-
қатынасты нығайтуға тiкелей бағытталуы мүмкiн:
      сатып алушылардың мамандандырылған санаттары жаңа нарықтық орындарды
қалыптастырады және өнiм стандарттары бойынша ақпарат көзi болып табылады;
       9.2. Iске асыру тетiгi
      Стратегияны орындау Қазақстан Республикасының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының қаржы саясаты және оның нарықтық экономиканы дамытудағы ролі
Орташа компаниялар және олардың типі
Шағын және орта бизнесті мемелекеттік қолдау және дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру
Қазақстан Республикасында монполияға қарсы реттеу және оның экономиканың тұрақты дамуындағы орны
Нарықтық экономиканы құрудағы ұсақ бизнестiң ролi
Мемлекеттік бюджет және оның экономикаға қосар үлесі
Экономиканы дамыту шығындары
Тауар және ақша қатынасындағы макроэкономиканың тепе-теңдігінің IS-LM модельдері
Монополия табиғаты және монополияға қарсы саясаттың маңызы
Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің негіздері
Пәндер