Оқушыларға патриоттық, интерноционалдық тәрбие беру
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3.6
І. Бастауыш сынып оқушыларын интернационалдық және патриоттыққа тәрбиелеудің педагогикалық негіздеулері.
1.1. Оқушыларды интернационализм мен патриотизмге тәрбиелеудің теориялық шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7.18
1.2. Бастауыш сынып оқушыларын интернационализм мен патриотизмге тәрбиелеудің ерекшеліктері.. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19.29
ІІ. Бастауыш сынып оқушыларын интернационализм мен патриотизмге тәрбиелеуді іске асыру жолдары.
2.1. Бастауыш сынып оқушыларын интернационалдық және патриоттыққа тәрбиелеудің мәні мен мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30.34
2.2. Бастауыш сынып оқушыларын интернационализм мен патриотизмге тәрбиелеуді іске асыру (педагогикалық тәжірибе және оның нәтижесі) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35.46
ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...47.48
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...49.50

Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіз мемлекет бола алатындығын бүкіл әлемге дәлелдеді. Ендігі басты міндет - осы мемлекеттің өркендеп өсуі, халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеру. Қазақстанды "Отаным"- деп таныған әр азаматтың осыған өз әлінше үлес қосуы- бұның басты шарттарының бірі. Жастарға патриоттық тәрбие берудің бағдарлы идеяларын Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан - 2030" Қазақстан халқына Жолдауының "Қазақстан мұраты деп аталатын бөлімінде: "...біздің балаларымыз бен немерелеріміз ... бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар бейбіт, абат, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады" - деп үміт артып отыр.
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңында "Білім беру жүйесінің міндеттері: ... азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны - Қазақстан Рсспубликасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуте, халық дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу" десе, ал орта білімді дамыту тұжырымдамасында "тәрбиелік жұмыстарды қазақстандық патрмотизм. азаматтык, ізгілікті интернационализм негізінде құру"- керек екендігі көрсетілген. Алайда, бүгінгі нарықтық экономика жағдайындағы патриотизмнің сипаты қандай болмақ? Кеңес одағы кезінде мектеп окушыларын тәрбиелеудің арқауы болған "социалистік патриотизм"' ұғымы сол идеологиямен бірге құрдымға кетті. Ал оның орнына бүгінгі қоғам талаптарын қанағаттандыратын, өсіп келе жатқан жас буындарды тәрбиелеуде ұстанатын бағыт-бағдар мен патриотизмнің тұғырнамасы әлі толық айқындала қойған жоқ.

1. Назарбаев Н. Қазақстан - 2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Алматы, Білім, 1997. 176-6.
2. "Қазақстан" Ұлттық энциклопедиясы / Бас. ред. Ә.Нысанбаев. Алматы, "Қазақ энциклопедиясының" бас редакциясы, 1999. 720-6.
3. С.Қалиұлы. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы (Оқу құралы). Алматы, Білім, 2003. 280-6.
4. Сухомлинский В.А. Как воспитать настоящего человека. - М.: Педагогика, 1990. - 286с.
5. Момышулы Б. Психология войны. - Алматы: Казахстан, 1996. - 176с.
6. Жұмақанов Ә. Патриоттық және интернационалдық тәрбие беру жолдары //Қазақстан мектебі. - 1971. - №3. - 206.
7. Сухомлинский В.А. О воспитании //Сост. С. Соловейчик 5-ое изд. - М., 1985.-870с.
8. Ушинский К.Д. О нравственном элементе в воспитании //Соч.: В 11 т. -М.-Л., 1948-1951.
9. Макаренко А.С. О воспитании. - М.3 1988. - 256с.
10. Раев Д. Қазақстандық патриотизм мен гуманизм //Ақиқат, 2000. - №89.
11. Елікбаев Н. Ұлттық психология. - Алматы: Қазақ университеті, 1992. -966.
12. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. - Алматы: Санат, 1995. -3526.
13. Сейдахметова Л.Т. Қазақстан мектептерінде оқушыларды патриотизмге тәрбиелеудің дамуы (1970-2000 жылдар): дис. ...канд. пед. наук. - Алматы, 2001. - 1496.
14. Борбасов С. Қазақстандық патриотизм туралы//Ақиқат. - 1991. - №9.
15. Қалмырзаев Ә. Қазақстандық патриотизм қалай қалыптасады //Егемен қазақстан, 10 Қантар 1998.

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ БОЙЫНА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕНІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ
Оқушыларға патриоттық, интерноционалдық тәрбие беру
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3-6
І. Бастауыш сынып оқушыларын интернационалдық және патриоттыққа
тәрбиелеудің педагогикалық негіздеулері.
1. Оқушыларды интернационализм мен патриотизмге тәрбиелеудің теориялық
шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7-18
2. Бастауыш сынып оқушыларын интернационализм мен патриотизмге
тәрбиелеудің ерекшеліктері.. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19-29
ІІ. Бастауыш сынып оқушыларын интернационализм мен патриотизмге тәрбиелеуді
іске асыру жолдары.
1. Бастауыш сынып оқушыларын интернационалдық және патриоттыққа
тәрбиелеудің мәні мен мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30-34

тәрбиелеуді іске асыру (педагогикалық тәжірибе және оның нәтижесі)
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35-46
ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4 7-48
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...49-50
Кіріспе
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Қазақстан Республикасы өзінің
тәуелсіз мемлекет бола алатындығын бүкіл әлемге дәлелдеді. Ендігі басты
міндет - осы мемлекеттің өркендеп өсуі, халықтың әлеуметтік, экономикалық
жағдайын көтеру. Қазақстанды "Отаным"- деп таныған әр азаматтың осыған өз
әлінше үлес қосуы- бұның басты шарттарының бірі. Жастарға патриоттық тәрбие
берудің бағдарлы идеяларын Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан - 2030"
Қазақстан халқына Жолдауының "Қазақстан мұраты деп аталатын бөлімінде:
"...біздің балаларымыз бен немерелеріміз ... бабаларының игі дәстүрін
сақтай отырып қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге
даяр болады. Олар бейбіт, абат, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге
әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады" - деп үміт артып отыр.
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңында "Білім беру жүйесінің
міндеттері: ... азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны - Қазақстан
Рсспубликасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуте, халық
дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу" десе, ал орта білімді дамыту
тұжырымдамасында "тәрбиелік жұмыстарды қазақстандық патрмотизм. азаматтык,
ізгілікті интернационализм негізінде құру"- керек екендігі көрсетілген.
Алайда, бүгінгі нарықтық экономика жағдайындағы патриотизмнің сипаты қандай
болмақ? Кеңес одағы кезінде мектеп окушыларын тәрбиелеудің арқауы болған
"социалистік патриотизм"' ұғымы сол идеологиямен бірге құрдымға кетті. Ал
оның орнына бүгінгі қоғам талаптарын қанағаттандыратын, өсіп келе
жатқан жас буындарды тәрбиелеуде ұстанатын бағыт-бағдар мен патриотизмнің
тұғырнамасы әлі толық айқындала қойған жоқ.
Қазіргідей рухани-идеологиялық қайшылықтар тұсында патриотизмнің
сипатын ашып айқындаудың, мектеп оқушыларында отаншылдық сана, сезім,
отаншылдық іс- әрекет қалыптастырудағы маңызы зор.
Қазақстан мектептерінде өсіп келе жатқан жас буындарда патриотизмге
тәрбиелеудің теориясы мен практикасына қатысты жеткілікті тәжірибелер
жинақталған. Осы тәжірибелердің белгілі бір кезеңдегі жай-жапсарын зерттеу,
танып білу, оның нәтижелерін нарықтық экономика жағдайында мектеп
оқушыларын патриотизмге тәрбиелеу жолдары мен бағыттарын қарастыру
бүгінгі күн талаптарынан туындап отыр:
- мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеудің теориялық және
әдістемелік аспектілері, мақсат-міндеттері, мазмұны Ю.К.Бабанский,
Н.И.Болдырев, В.А.Сухомлинский т.б. зерттеулерінде дәлелденген;
- Қазақстанда білім беру саласының даму тарихы мен ұлттық тәлім-тәрбие
саласының әр түрлі проблемаларына қатысты Т.Тәжібаев, Қ.Бержанов, С.Мусин,
А.Сембаев, Қ.Құнантаева, Б.Мұқанова, Г.М.Храпченков, Э.А.Урунбасарова т.б.
қарастырған:
- халықтық педагогиканы жастар тәрбиесінде тиімді пайдалану мен
оларды музыкалық шығармалар арқылы патриотизмге тәрбиелеу мәселелері
Қ.Жарық6аев, С.Қалиев, М.Х.Балтабаев, И.Р.Халитова, Б.М.Бекмүхамедов т.б.
еңбектерінен орын алған;
Бірақ, бұл еңбектерде мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеудің
кейбір тұстары мен кезендері ашылғанымен бастауыш мектептерде оқушыларды
патриотизмге тәрбиелеудің әлі де болса зерттелмеген тұстары көп.
Мектептердегі оқу-тәрбие практикасын зерделеу барысында мектеп
оқушыларын патриотизмге тәрбиелеуде және озық тәжірибелердің педагогикалық
тұрғыдан толық зерделенбеуі мен оны мектептегі оқу-тәрбие процесінде
пайдаланбауының жеткіліксіздігі, оқушыларды патриотизмге тәрбиелеудің жаңа
негіздегі мүмкіндіктері мен мектеп оқушыларын отаншылдыққа, елжандылыққа
тәрбиелеудегі мектеп сұранысы аралығындағы қарама-кайшылық туындап отыр.
Бұл қайшылықтардың шешімін табу біздің зерттеу проблемамыздың
көкейкестілігін анықтайды. Сондықтан да бұл дипломдық жұмысымыздың
тақырыбын: Интернационалдық және патриоттық тәрбиені жетілдірудің жолдары.
1. Зерттеу объектісі: Бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие барысы.
2. Зерттеу пәні: Бастауыш сыныптарда интернационалдық және патриоттық
тәрбиенің жүзеге асырылу жолдары.
3. Зерттеу мақсаты: Бастауыш мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеуге
педагогикалық сипаттама бере отырып, 4 сынып оқушыларының бойына
интернационалдық және патриоттық қасиеттерді сіңдіру.
4. Зерттеу міндеттері:
1. Зерттеліп отырған тақырып бойынша педагогикалық, психологиялық
әдебиеттерге шолу жасау.
2. Осы мәселеге байланысты педагогикалық озық тәжірибені жинақтап, оны
іс жүрзіне асыру.
5. Зерттеудің әдістері: тақырыпқа байланысты педагогикалық және ғылыми
әдебиеттеге теориялық, педагогикалық талдаулар жасау, салыстыру, жинақтау,
қорыту т.б. әдістері қолданылды.
6. Қорытынды:
Пайдаланылған әдебиеттер
Диплом жұмысы кіріспеден, 2 тарау, 4 параграф, қорытынды және
пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, пәні, мақсаты, міндеттері, зерттеу
әдісі, теориялық және практикалық мәнділігі тұжырымдалады.

тәрбиелеудің педагогикалық негіздеулері бастауыш оқушыларын интернационалды
және патриоттыққа тәрбиелеу тарихы, теориялық шарттары, ерекшеліктері
сипатталып, интернационализм және патриотизм ұғымдарына анықтама берілді.
ІІ. Бастауыш сынып оқушыларын интернационализм мен патриотизмге
тәрбиелеуді іске асыру жолдары бастауыш сынып оқушыларын интернационалдыққа
және патриоттыққа тәрбиелеудің мәні мен мазмұны қарастырылып, іске асыру
жолдары көрсетілді.
Қорытындыда негізгі тұжырымдар мен ұсыныстар берілді.
І тарау Оқушыларды интернационализм мен патриотизмге тәрбиелеудің
педагогикалық негіздеулері
1.1. Оқушылардың интернационализм мен патриотизмге тәрбиелеудің теориялық
шарттары.
Отанға деген сүйіспеншілік, туған жерге құрмет, патриотизм тұлғаның
дамуындағы ең жоғарғы деңгейді сиапттайтын аса маңызды рухани игіліктердің
бірі. Ол адамның Отан игілігі үшін қызмет етуінен, қажет болса, сол мақсат
жолында ғұмырын құрбандыққа шалуға дейін баруынан көрінеді. әңгіме болып
отырған мәселенің маңыздылығы соңғ уақыттары “ұлттық патриотизм” және
“қазақстандық патриотизм” деген тақырыптардың жиі- жиі көтерілуінен- ақ
аңғарылса керек.
Сырт қараған адамға елімізде “қазақстандық патриотизм” мәселесі жоқ
тәрізді елес береді. Біріншіден, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың мәлімдегеніндей,
қазақстандықтардың 90 пайызы, қай ұлттық өкілі болғанына қарамастан,
өздерінің Отаны Қазақстан деп мойындайды. Екіншіден, Қазақстан бұрынғы
Кеңестер Одағынан бөлінген мемлекеттер арасында ұлтаралық, саяси, мүдде
аралық, конституциялық тәртіп, т.б. жағынан алғанда тұрақтылығымен
ерекшелінген. Бұның екеуіде тамаша көрсеткіш өлшемдері. Әйткенмен, өкінішке
орай осынау игіліктер қоғамның жекелеген мүшелері тарапынан саудаға түсіп,
жиі- жиі кері мақсатқа пайдаланылады. Өзінің туған жерге, елге деген
“шынайы” сезімін әсіресе ұранға толы пікірлеріне арқау еткен адамдарының
халықтық патриоттық сенімдерін құралға айналдырып, дербес мүддеге
жұмсағанын біз жақсы білеміз. Сондықтан, шын патриоттар мен жалған
патриоттардың ара жігін ашу, олардың бір өлшеммен бағаламау қажеттігі
туады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев өзінің биылғы
“Қазақстан экономикалық әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында” атты
жолдпуында қоғам мүшелерінің дербес қажеттері мен мүмкіндіктерін ашып
қөрсететін мемлекет құру күн тәртібінде тұрғанын атап айтты. Яғни,
республика халқы елдің тәуелсіздігін қамтамасыз етуге міндетті. Соған орай,
елбасы сөзімен айтқанда, “Біз баршаға мүмкіндік беретін қоғам: әрбір
адамның жеке басы мен бостандығын құрметтейтін, өзіне өзі қызмет етуге
жағдайы жоқ жандарды қамқорлыққа бөлейтін қандай еңбекті болса да
қадірлейтін, ана мен баланы қорғайтын, зейнеткерлерге қамқор болатын,
акрдагерлер мен отан қорғаушыларды ардақ тұтатын қоғам құруды аяқтауға
тиіспіз!” Бұл- Қазақстанның шынайы патриоттарының пешенесіне жазлған
сыбаға. Дәл осы тұрғыдан алғанда, “қазақстандық патриотизмді” еліміздің
әрбір азаматының санасына сіңіру- кезек күттірмейтін мәселе. Ұлтына,
нәсіліне, сенімімен нанымына, саяси көз- қарасымен ұстанған бағыт-
бағдарына, т.б. ерекшеліктеріне қарамастан республикамыздың әр бір азаматы
өзі өмір сүріп, ауасын жұтып, игілігін пайдаланып отырған мемлекетін “Туған
елім, Отаным” деп тануы қажет. Мемлекетке есімін беріп отырған ұлттық салт-
дәстүрлеріне құрметпен қарау, оның тілі мен ділін, дінін сыйлау, заңдарына
бағыну,рәміздерін ардақтап, жетістіктеріне шаттану- қоғамның әрбір
мүшесінің парызы. Әңгіме болп отырған мәселе төңірегінде үлкен мәселелер
бар. Өйткені, республика халқының бүгінгі басым көпшілігін құрып отырған
жұртшылық, атап айтқанда- жастар, өз елінің тарихы мен географиясынан,
ұлттық батырлары мен біртуардарынан гөрі шетелдік эстрада жұлдыздарын жақсы
біледі. “Американдықтар өз елдеріне қатысты нәрсенің бәрін дүние жүзінің ең
үздігі деп есептейді: мемлекеттік рәміздерін- ту,елтаңба,әнұраннан бастап,
шайнайтын сағызға дейін”. Сондықтан да Құрама Штаттардың халқы өз
билеушілер “ ислам әлемінен төніп тұрған қатерге” қарсы жүргізіп жатқан
империялық соғысына да қолдау көрсетіп, әлем алдында ақтап шығуға
даяр.Яғни, бұл шетелдік, нақты осы жағдайда алғанда американдық
патриотизмнің үлгісі.
Сондықтан, патриотизм-Отанға деген іңкәрлік, өз халқыңның
табыстарына,жеріңнің игілігіне қуана білу болса, “қазақстандық
патриотизмнің” еркшелігі қандай? Біздің (автордың) көзқарымыз тұрғысынан
алғанда,ол тек қазақтардың ғана емес, осынау кең-байтақ кеңістікті
мекендейтін барлық ұлт пен ұлыс өкілдерінің ортақ тілегі-өз елінің
тағдырына қобалжуы, жанашыры болуы керек. Әрине, ешкімге де елін, жерін,
Отанын зорлықпен немесе жалынып-жалбарынып сүйгізе алмайсың. Елжандылық,
туған жерге деген құрмет-әркімнің дербес парызы, ар-ұятының ісі. Ол ана
құрсағын жарып шыққан пенденің пешенесіне бірден ұялай қалмайтыны тағы да
ақиқат. Патриотизм- санаға біртіндеп қалыптасатын, тынымсыз тәрбиенің
нәтижесінде орнығатын ұлы сезім. Әркімнің өскен ортасына, қалыптасқан
қоғамына қарай түрліше дамып, алуан сатылы деңгейде болатын, үздіксіз
тәрбиенің жемісі.
Жоғарда айтып өткеніміздей, патриотизмдердің ең алғашқы шарты-
мемлекеттік рәміздерге – туға , елтаңбаға, әнұранға құрмет. Өйткені, оларда
халқымыздың өткен өмір тарихы, бүгінгі игіліктеріміз, болашақ мақсаттарымыз
айшықталған. Қазақстанның әнұраны орындалған шақта чемпион аталған
спортшыларымыз сағыз шайнап тұрмай, ұлттың ұлы музыкасына қосылып, көзінен
жас моншақтап тұрса, бүкіл елдің мәртебесі әсері күмәнсіз. Осы мемлекеттік
рәміздерден басталған тәрбие тұлғалардың қоғамдық бағыт- бағдарын
анықтайды, адамгершілік құндылықтарын қалыптастырады, әлеуметтік
белсенділігін жоғарылатып өз іс- әрекеттеріне жауапкершілігін арттырады
және Отан игілігі жолында қызмет етуге ұмтылады.
Ұлы Отан соғысында Кеңес Одағының құрамында болған ұлттармен ұлыстар
арасында ерлік көрсету көрсеткіші жағынан қазақтардың шоқтығы биік. Ресми
деректерге сүйенсек, қырқыншы жылдардың қырғынына қатысқан қазақ ұлты
перзентінің жүзбіріне Кеңес Одағының батыры атағы беріліпті. Яғни, жалпы
көрсеткіш бойынша, Одақтың негізін құраған үш славян халқы мен еврей және
татарлардан кейінгі орындарда қазақтар тұр. Өктемдігі жүріп тұрған ұлттың
кейбір өкілдерінің тарапынан болған кейбір әділетсіздіктерді солақай
саясатты есепке алсақ, халқымыздың қаһармандығы күмәнсіз. Бұл - патриоттық
тәрбиенің жемісі. Оның ішінде ізгілікке, адамсүйгіштікке, парасаттылыққа
негізделген идеяның игілігі. Егер патриотизм деген қасиетті ұғым жекелеген
адамдардың, топтардың, тіпті, тұтас этностық немесе діни бірлестіктің
эгоизмімен пайда табу мақсаттарына пайдаланылатын болса, оның зардабы ұшан
теңіз.
Өткен ғасырдың пешенесіне бұйырған екі бірдей жаһандқ соғыстың
аралғындағы Германияның мысалы жоғарыдағы пікірімізге көрнекі дәлел бола
алады. Алғашқы дүние жүзілік соғыстың айып құнын көтеріп, экономикасы
туралы қалған елді дер кезінде ұсынылған ұлттық идея- немістік патриотизм
жедел топтастырып халық шаруашылғын қалпына келтіріп, қарштап дамуға
жеткізді. Ұлтшл патриотизмнің жаппай қанат жаюы нәтижесінде шарықтау
шегінде фашизмге айналған бұл идея өзі дүниеге әкелген державаны ақыры
күйретіп тынды. Өткен ғасырдң алғашқы жартысында жапон импереализмі туралы
да осындай тұжырым жасауға болады. Сондықтанда белгілі қоғам қайраткері
Джонсон патриотизм ұғымын жеке мүддеге бағындырғанда жайлы “Оңбағанның ең
жеткен жері- патриотизм” деген қанатты сөз айтқан.
Әрине, жоғарыдағыдай жағдай негізінен белгілі бір ұлт өкілдері
басымдылық танытатын елдерде орын алатын белгілі. Ал, басқаларға өктемдік
жүргізбек түгілі өгей баланың күйін кешіп, тілі мен діні, ділі қағажу көріп
келе жатқан қазақ тәрізді ұлттың атын иеленген республика патриотизм қалай
дамып ұлттық идея қандай негізде ілгерілеуі керек деген заңды сұрақ туады.
Яғни, елдегі эпостқ топтардың тарихи сабақтастықтарына һәм мұқтаждықтарына
нұқсан келтірместен жалпы халықтық ортақ мүддеге жұмлдырудың жолы барма?
Ия, бар дейміз. Бұл үшін қазақтар ең алдымен өзінің тарихи сабақтастығымен
мұқтаждғына нұқсан келтірмей, басқалар үшін де толыық жауапкершілікті өз
мойнына алу керек. Республиканы мекендейтін ұлттар мен ұлыстар өкілдері
қазақстандық қоғамның қазақ халқы төңірегіне топтасуы қазіргі уақыт алға
тартып отырған қажеттілік екенін саналықпен түсінуі және түйсінуі керек.
Сонда ғана Қазақстанда патриотизм мен интернационализм жарастықты салтанат
құра алады.
Интернационалдық және патриоттыққа тәрбиелеу - күрделі педагогикалық
үрдіс. Еліміздің тәуелсіздік алып, егемендікке жету қазақ халқының және
республикада тұратын басқа да халықтардың ұлттық дүниетанымының өсуіне
жағдай жасады.
“Қоғамда Қазақстан - біздің Отанымыз, бұл ұғымға өте көп нәрсе кіреді
деген қарапайым ойды қалыптастыру керек” - деген Елбасмыз Н.Ә.Назарбаевтың
сөзі терең ойдан туындаған пікір.
Қай ұлттан шыққанына қарамай, біздің ортақ үйіміздегі достық пен
келісім ахуалын қолдауы құрамдағы ұлттар мен ұлыстар саны біздегіден де
көбірек гүлденіп отырған мемлекеттер әлемде аз емес. Сонымен қатар, бұл
елдерде патриотизм сезімі ерекше жоғары дамыған, қоғамда мемлекеттік
рәміздерге құрметпен қарау қалыптасқан.
“Патриотизм”, - деген болатн Б.Момышұлы, Отанға (мемлекетке) деген
сүйіспеншілік, жеке адамның аман- саулығының қоғамдық- мемлекеттік
қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, ал мемлекетті нығайту
дегеніміз жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда,
патриотизмге мемлекет деген ұғымды, жеке адаммен, яғни оның өткенімен,
бүгінгі күнімен және болашағымен қарым- қатынасты білдіреді.
Патриоттық сезім жалпы адам баласына адами түйсік- қасиет, оның еліне,
туған жеріне, өз тілі мен мәдениетіне, қамқорлықтарына жеке қатынасын,
өзіндік бағасын, түйсінуін, қуаттап- қолдауын пайымдайтын көрсеткіші болып
табылады.
Қазақ совет энциклопедиясында “Патриотизм дегеніміз (грек patrіotes-
отандас, patrіo-отан туған жер) отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы күш
пен қуаты білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау, туған жерін, ана
тілін, елдің әдет- ғұрпы мен дәстүрін құрмет тұту сияқты патриотизим
элементтері ерте заманнан қалыптаса бастады”- деп атап көрсетеді.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бері балалардың,
жасөспірімдердің оқу- тәрбие ісіне ұдайы көңіл бөлініп келеді. Оқу- тәрбие
ісінде назар аударып отырған тәрбие салаларының бірі- патриоттық
тәрбие.Қазақстан Республикасы көп ұлтты іргелі ел.
“Жаңа қоғамның дамуындағы ең маңызды нәтиже- оның барысында
қалыптасқан жаңа адам, оны ауыр күрестерде қорғай білген, өзінің күш-
қуатын аямай, барлық қиындықтарға төтеп беріп, болашақты білген, барлық сын
сынақтардан өтіп, өзі адам танымастай болып өзгерген. Өзінің бұрынғы
қасиеттеріне саяси мұраттылықты қосып, өмір сүрудің тәжірибелерінен қуат
алып, өзінің жеке басының мәдениетін, білімін кәдеге жаратып, мәреден
көріне білген адам. Бұл адам болашағының нағыз патриоты болуымен бірге,
интернационалист болған және болады да”- деп атап көрсетілген.
Өзіміздің тарихымызға үңілсек VІ ғасырда Жетісу, Алтай, Орта Азияны
мекен еткен ру тайпалары бірігіп, Түрік қағанаты дейтін үлкен мемлекет
құрды. Зерттеушілердің айтуынша “түрік” деген халықтың аты 542 жылдан
белгілі болса керек. Түрік қағанатының қоғамдық-экономикалық, саяси-
әлеуметтік өмірінде сол кездегі жаугершілік маңызды орын алады. Сол
кезеңнің саяси-қоғамдық әдеби өмірін баяндайтын жазба ескерткіштер бізге
жетіп отыр. Солардың бірі- “Күлтегін”, “Білге- Қаған”, “Тоныкөк”
дастандары.
Құлып тасқа жазылған осы ескерткіштер Орхон- Енисей деп те аталады.
Бұлардың авторы Иоллығ-тегін дейтін шежіреші екендігі белгілі болып отыр,
бырақ қайда туып, қашан қайтыс болғандығы жөнінде еш мағлұмат жоқ. Автор
түркілер тарихын олардың саяси аренаға шыққан кезі VІ ғасыр ортасынан
бастайды, яғни түркі ордасын құрған дәуірден бергі 200 жылдық тарихты сөз
етеді. Тас жазуларда ерлікпен тәрбие, тұрмыс- салт мәселелері, әсем айшық
өрнектермен, жанды бейнелерге толық сезім толғаныс- тербеністермен
баяндалады. Мәселен, “Бізге жеңіс әперген жер- суымыз- Отанымыз деп білу
керек... Қандай қанағат болмасын, оның халқының арасында пәтуасыз (жалқау,
оңбаған) табылса, онда сол халықтың қанша соры бар десеңізші!...” деп
келетін сөз тіркестерінің тәлім- тәрбиелік мәні зор. Құлпы тастарда осы
іспеттес жас жеткіншектерді елін, халқын сүюге, жақсы, ұнамды әдеп-
ғұрыптарға баулу, үлкенді сыйлау, зеректік пен ойшылдыққа, батылдық пен
тапқырлыққа үйретіп, тәрбиелеу жайындағы мәселелер сөз болады. Бұлардың
қазіргі жастарымыз үшін тәлімдік мәнін жоймайтыны хак.
Жас жеткіншектерді Отанын сүюге тәрбиелеу бір кезеңдік іс емес.
Интернационалдық және патриоттық тәрбиені қалыптастыру процесінің өз
идиологиясы және айқын жүйесі бар. Мектептерде жас жеткіншектерді Отанын
сүюге тәрбиелеу қазақ халқының батырларының өмірі мен ерліктерін олардың
туған жерін жауларынан қаймықпай қорғағандықтарын баяндау арқылы жүзеге
асырылады. Қобынланды батыр, Алпамыс батыр, Ер Тарғын, Ер Көкше, Баян
батыр, Қабанбай, Бөгенбай, Райымбек батырлар- қазақ халқының есінде.
Сонымен қатар жеткіншектерді Отанын сүюге тәрбиелеуде ақын,
жыраулардың тағылымдарын оқытудың мәні зор. Қорқыт ата нақылдарында тәлім
тәрбиелік сипаттап кездеседі. Қорқыт ата жеткіншек, жас өспірімдердің жаны
мен қоса тәнінің шынығуына, елі мен жерін жан тәні мен сүйіп, осы қасықтай
қаны қалғанша жаудан қорғайтын жаужүрек батыр болғанын аңсайды. Осыған орай
ол былай дейді: “жол қиындығын көрмеген, жабы мінген жігітке Кавказ
арғымағын мінгізуден келер пайда жоқ. Қолына өткір қылыш алып соны жұмсай
білмеген қорқаққа қылыш сермеп, күшіңді сарп етпе. Батыр туған жігіттің
садағының оғы да қылыштай кесіп түседі... Қолына ұстаған болат қылышын
мұқалмасын. Жауға атқан садағың өткір болсын.”
ХІХ ғ 30-40 жылдарында Қазақстанның батыс аймақтарын мекендеген
ақын және батыр Махамбет Өтемісұлымен оның жерлесі Исатай Таймановтың
ерліктері елі үшін күресуде және туған халқына қызмет етуде
интернационалдық және патриоттық тәрбиенің жарқын үлесі болады.
Білім негіздерін меңгеруші шәкірттер үшін Әбу Насыр Әл- Фарабидің өз
басыда, еңбектері де теңдесі жоқ өнеге. Ол өзінің туған жұртын, кір жуып
кіндік кескен кең даласын жанындай жақсы көріп, барынша қастерлеп өткен
нағыз патриот ғалым еді. Ғылым қуып, шетте жүргенде алыста қалған ата-
мекенін бір сәтте естен шығармағанын оның мына шумақтары жақсы аңғартады:
Қашықтасын туған жер, қалың елім,
Небір жүйрік болдырған жарау деген
Шаршадым мен, қанатым талды менің
Шаңыт жолға сарылып қарауменен
Сонымен қатар әлемдік озық мәдениеттің шоқ жұлдыздары: Шоқан
Уалиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев еңбектерінің ұрпақ тәрбиесіне
қосар үлесі мол. Осы ғасырдың басында тәлімдік ой пікірмен барша қазақ
даласын дүр сілкіндірген Шәкәрім Құдайбердиев, Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек
Аймауытов, Міржақып Дулатов, Халел Досмұхамедов, Мағжан Жұмабаевтардың
педагогикалық тұжырымдары өмір шеңдігімен жұртты қайран қалдырады.
Жеткіншектерді интернационалдық және патриоттыққа, Отанын сүюге, елін
қорғауға бұрынғы Кеңес Одағы кезеңінде жүргізілген іс шараларды жоққа
шығаруға болмайды. Мысалы 1986 жылғы желтоқсан оғиғасы туралы айтпауға
мүмкін емес десекте Кеңес Одағының ыдырауы, алғашқы кездегі халықтың
белсенділігі, артынша өмір сүру деңгейінің төмендеп кетуі, экономикадағы
дағдарыс құбылысы адам көңіл-күйіне әсер етті. Жаңа құрылып жатқан
Қазақстан Республикасына оның нарықтық экономикаға өтуіне қалыпты жағдай
жасаған жалпы халықтың қолдауы осы отаншылдықтың арқасында болды. Алайда
Қазақстанның Тәуелділік алуымен жас өспірімдерді тәрбиелеуде және оларды
отаншылдық көз- қарасын қалыптастыруда жаңа бағыт пайда болды.
Тәрбие - халықтың ғасырлық бойы жинақтап, іріктеп алған озық
тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, өмірге деген
көз- қарасын және оған сай мінез құлқын қалыптастыру. Соның ішінде
азаматтық тәрбиенің тірегі отаншылдық болып табылады. Мектеп барлық кезде
жас жеткіншектерді Отанды сүю және қорғау сезімдерін дамытты және дамытып
келеді. Интернационалдық жәнет патриоттық тәрбие деген кең мағыналы,
қасиетті ұғым. Отан от басынан басталады- деп айтады халқымыз. Әрбір
адамның от басы, туған жері өскен ортасы, ауылы, елі- оның Отаны. “Біздің
Отанымыз егеменді, тәуелсіз Қазақ мемлекеті. Жүз жиырмадан аса ұлт өкілдері
тұратын осынау қасиетті мекенде : асқақтаған Алатау өлкеде, кеңшілігі
керемет, дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі
мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын
жанындай сүйіп оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады!”- дейді
Ә.Табылдиев өзінің еңбегінде.
Патриоттық сезімнің мағынасы терең, аумағы кең, құдіреті күшті. Ол өз
мазмұны, өз аясы бар, құдіретті күшке кездейсоқтықтан айналмайды, бұл
сезімнің оянып, бірте-бірте күш алып, саналы өзіндік мәні, өлшемі, мағынасы
бар біртұтас сезімге ұласуы обьективтік шарттылықтарды қажет етеді.
Өмірге келген адамдардың бәрінде міндетті түрде, рефлексті тұрғыда
интернационалдық және патриоттық сезімі туа қалмайды. Патриотизм,
отаншылдық сезімі ананың құрсағынан даритын биологиялық құбылыс емес, бұл
психологиялық құбылыс.
Отанын адымның өзі тануы тиіс. Оны жете біліп, қадір- қасиетін
ұққанда, тарихын, өткен жолын, қиындық мехнаттарын, рухын, тар жол, тайғақ
кешулерін көз алдынан өткізіп, жанымен сезе білгенде, елдің басын
біріктірген, жат жұрттықтардан жерін, суын, даласын, тауын, қанын төгіп
қайсарлықпен қорғап қалған ерліктерін сезіп білгенде ғана соған деген
мақтаныш сезімі оянады, Адам бүгінгі өзі басып жүрген топырағын, суын қадір-
қасиетін жете сезініп , өз еліне деген мақтаныш сезімі күшейе бастайды.
Патриоттық сезім ұлт деңгейінің айнасы, өлшемі. Елбасы өзінің халыққа
жолдауында азаматтардың интернационалдық және патриоттық сезімі мен өз
еліне деген сүйіспеншілігін дамыту ұлттық қауіпсіздікті сақтаудың негізгі
элементтерінің бірі ретінде таниды. Президент стратегиясының түп- қазығы,
басты арқауы- адам тағдыры.
Халықтың патриоттық сезімін қалыптастыру үшін алғышарттар пісіп-
жетілуі керек. Сол алғышарттардың пісіп- жетілуін сабакқтаса адамдардың
сана-сезімі артып, жаңа құндылықтарды, оның ішінде интернационалдық және
патриоттық сезімді бойына молырақ, сезінетін болады. Қазақстанда мекендеген
халықтардың тіліне, дініне, аз- көптігіне қарамастан тең құқықтығын, іс-
жүзіндегі теңдігін жариа етіп, ешкімге де артықшылық жасамайтынын атап
көрсетеді.
Қазақстанды барша жұртшылықтың сүюіне жетелейтін бірінші саяси фактор-
Конституцияның негізі.
Екінші арнасы- экономикалық негіз. Ұзақ мерзімді басым мақсаттар
негізінде- экономикалық өсіп-өркендеуін алға қойды.
Интернационалдық және патриоттық сезімді қалыптастырудың тағы бір
алғышарты- халық пен мемлекет арасындағы өзара сенімді нығайту.
Қазақстандық патриотизм идеясының, халқымыздың сапасын кеңінен билеуі
өз тарапынан республиканың, өсіп- өркендеуіне, жап-жақсы гүлденуіне Елбасы
Н. Ә. Назарбаев стратегиясының іске айналуына қызмет ететіні сөзсіз.
Отан деген дерексіз дүние емес. Ол халықтан, жерден, судан, елдің
дәстүрі мен мәдениетінен, әдебиеті мен өнерінен,тарихы мен бүгінгі тыныс –
тіршілігінен құрылады.
Патриотты іс-әрекеттер деп- біздер, әлеуметтік ұнасымдық сарынымен
елінің одақтық салт дәстүрлерінің тарихи заңдылықтарын қорғауға
бағытталған жеке тұлғаның және әлеуметтік топтың кез-келген әрекеттерін
түсінеміз. Отанның, жалпы адам баласының ілгерішіл, әлеуметтік топ
әрекетінің тарихи нысаналарға, қоғамның ілгерілеуіне, өзінің өмір сүріп
отырған ортасына, дәуірінің ұстанған бағдарына сәйкестілігі жатады.
Патриоттық әрекет сонда ғана сыртқы нышан беру деңгейінде қалып қоймай,
патриоттық сананың “өлшемі”, “межесі” және тәрбиелеуші факторы болып
қабылданады.
Патриоттық сана- сезім болса, ол – Отан құндылығы көрінісінің
нәтижесі, өткендегі өмір сүрген ата-баба санасының қажеттілігі мен
ұмтылысынан, құлшынысынан тұрған елдік салт- дәстүрлерді адамдардың
санасындағы қажеттілігі мен қызығушылығы арқылы қабылдау. Патриоттық сана
өзіндік құрылымы рухани біліктіліктің интеграциясынан тұрады, ал “жазықтың
кесіндісін”, қоғамдық сананы барлық түрлерінің диалектикалық өрісін
танытады. Бұларға Отанның ілгерішіл қорғанысы, ілгерішіл- қайта құру
белгілері жатады.
Интернационалдық және патриоттық идеясы өмірге бүгін келіп отырған
жоқ. Адамдар қауымдасып өмір сүргеннен бастап, өз қоғамын, өлкесін,
табиғатын сүйген, ұнатқан. Соларға деген айрықша сезімді бойыан сіңірген.
Интернационалдық және патриоттық сезімі біртіндеп, саяси мән- мазмұн аға
түскен.
Қазіргі заманғы Қазақстан мемлекетінің құрылуы мен қалыптасуы ежелгі
алаш жеріндегі мемлекеттік тарихындағы жаңа құбылыс.
Елбасы Қазақстандық патриотизм идеясын көптен бері алға тартып келеді.
Өзінің халыққа арнаған жолдауында бұл идеяны ол ұлттық қауіпсіздік
стратегиясының құрамдас бөлігі ретінде атап көрсетті. “Бесіншіден”-
делінген Елбасы Жолдауында,- біз Қазақстанның барлық азаматтарының
интернационалдық және патриоттық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін
дамытуға тиіспіз.
Президент Н.Назарбаев Қазақстан азаматтарының интернационалдық және
патриоттық сезімін қалыптастыруда ұлт қауіпсіздігін сақтаудың стратегиялық
элементінің бірі ретінде неліктен даралап көрсетті. Елдің елдігі, оның
тұтастығы, тәуелсіздігі, қауіпсіздігі, мемлекеттік дербестігі халықтардың
интернационалдық және патриоттық сезімінің, патриотизмнің қалыптасуында
стратегиялық міндеттер дәрежесіне арнайы қарастырып отыр.
Интернационалдық және патриоттық тәрбие идеясы өмірге бүгін келіп
отырған жоқ. Адам қауымдасып өмір сүргеннен бастап қандай ғылым болмасын
адамзаттың ақыл- ойынан, өмірден, іс- тәжірибеден туындайтын аян.
1.2. Бастауыш сынып оқушыларын интернационализм мен патриотизмге
тәрбиелеудің ерекшеліктері
“Отан - от басынан басталады” дейді халық даналығы. Демек, бала
тәрбиесі - Отан мен ел мүддесі. Әрбір бала бір ғана отбасының ғана емес,
күллі қоғамның келешегі, көктемі, бүршік атар гүлі екені жадымыздан әсте
шықпағаны абзал.
Бір сәт “Ел боламын десең, бесігіңді түзе” деген даналық сөздің мәніне
үңілсек, бала тәрбиесіне балалық шағынан-ақ көңіл бөлу міндеті тұрғанын
аңғару қиын емес. “Дала Демосфендері” деп аталған Қаз дауысты Қазыбек бидің
“Біз қазақ ...” және Ж.Молдағалиевтің “Мен қазақпын” атты жырлары арқылы
күрмеуі көп қиын заманда ел тағдырын жырлап өткен қос тұлғаның жыр
шумақтары бүгінгі ұрпақты өз жерің елін сүюге баулиды.
Қазақ елін сыртқы жаудан аман сақтап қалу үшін жанын аямай күрескен,
халқымызға бағыт-бағдар беріп отырған Қазыбек бидің:
Біз қазақ мал баққан елміз,
Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз, - деп қазақ елінің ешкімге барып
соқтықпағаны, “Жаным - арымның садағасы” -деп адамгершілік рухты биік
ұстағанын жырласа, ал, XX ғасырдың өр ақыны Ж.Молдағалиев:
Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен, -
деп еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін, өз ұлтының мәрттігін басқаларға
таныта отырып, ел қорғаған батыр бабаларымыздың даналық, ерлік істерін
асқақтата дәріптейді.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұрған ұлы мұрат-міндеттердің ең
бастысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу
болып табылады. Ұрпақ тәрбиесін келешек қоғам қамын ойлау тұрғысынан
қарастырып, М.Дулатов “Бастауыш мектепте алған тәрбиенің әсері күшті,
сіңімді болуы қай халықтың мектебінде болса да, оқу кітап-шасы ана тілінде
өз ұлтының тұрмысынан һәм табиғатынан жазылып, баяндап оқыту-ды, осылай
біліп баяндап оқытқанда, жас баланың ойына, қанына, сүйегіне керекті
мағлұмат алып шығады”,- деген болатын. Жас ұрпақты ұлттық бірлікке, Отаның
елін, жерін сүюге, ұлттық тәуелсіз мемлекетті нығайтуға өз үлесін қосуға
тәрбиелеуде көркем шығарманың маңызы зор. Көркем шығармаларда патриоттық
сезімді ардақтап, батырлық, ерлікке мадақтағаy, ақылдылық, парасаттылық,
достық тәрізді адамгершілік игі қасиеттер дәріптелген. Бұл тақырыпта
әңгіме, ертегі, өлең, жырлар туғанын, оларда халықтың батырлық, ерлік
істерді және оны жасаушыларды ардақтағанын білуге болады.
Халықты сүйсіндірген бұл әңгімелер, оның мақалаларында да айрықша орын
алып отырған. Халық ауыз әдебиетінің бір саласы болып табылатын ел қорғау,
батырлық істер жайында туған халық мақалдары халықтың бұл жөніндегі ой-
тілегі, арман-мүддесі, патриоттық сезімі, ұлттық мақтанышы қандай екенін
көрсетіп отырады. Осы тақырыптағы мақалдар, ең алдымен кімге болса да,
туған жер, өсіп-өнген ел-отан аса қасиетті, қадірлі қымбат, ыстық деп
көрсетеді. Мысалы “Ел іші - алтын бесік”, “Туған жердің тауы да ыстық”. Ал
сонымен қатар туған елді, жерді басқа елдермен салыстырып, әркімге өз
елінен артық ел жоқ екенін аңғартатын мақалдар да баршылық. Оған дәлел:
“Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол”, “Кісі елі -күміс, өз
елің –алтын” т.б. мақалдар. Өзінің мақалдарында туған жер, ел - отанды аса
жоғары бағалап ардақтаған халық, оларды қорғау әрбір ер азаматтың борышы
деп біледі. Өз елін жаудан қорғау үшін қасықтай қаны қалғанша, ақтық демі
біткенше алысу, сөйтіп дұшпаннан елін, отанын қорғап қалу халқын сүйген
әрбір азаматтың міндеті болатындығын көрсеткен. Оны мына мақалдардан: “Ер
жігіт елі үшін туа-ды, елі үшін өледі”, “Елін сүйген ер болар”, “Жүкті нар
көтерер, қайғыны ер көтерер” т.б. көруге болады. Мұндай мақалдарда ел
қорғау, басқыншы жауды талқандап жеңу жолында ерлік жасаған, қара қылды қақ
жарғаң қиядан тартып жол салған, табан тірескен айқастарда тайсалып
тартынбаған батырларды, азаматтарды ардақтайды, абыройлы атақ пен даңққа
бөлейді. Олардың халық сүйсінген ерлік істерін кейінгі ұрпаққа үлгі етеді.
Ерлік, батырлық жасау тек отанын, ел-жұртын, халқын сүйген адамдардың ғана
қолынан келеді, осындай адамдар ғана ел намысын қорғайды деп сипаттайды.
Мұнымен бірге халық ісі үшін қажымай күресіп ерлік жасаған, ел сүйген батыр
атанған адамдардың мінезіндегі жақсы қасиеттерін де көрсетіп отырған. Кіші
мектеп жасындағы оқушыларға патриоттық тәрбие беруде осындай мақал-
мәтелдердің мазмұнын түсіндіріп, патриоттық сезімге, ұлттық мақтанышты,
Отан, елін, жерін сүюге тәрбиелеудің іргетасын қалауға болады деп
түйіндейміз.
Ауыз әдебиетінің тағы бір жанры -жұмбақтар. Жұмбақтар халықтың табиғат
құбылыстарының, өзін қоршаған дүниенің сырын танып білуге талпынған ойынан
туған. Жұмбақ бастауыш сынып оқушыларының ой-өрісін, дүниетанымын
кеңейтуге, халықтың қоғамдық тұрмысының, кәсіп тіршілігінің өзгеріп
отыруына байланысты мазмұны, тақырыбы жағынан үнемі жаңарып, байып отырады.
Жұмбақтардың тақырыбы сан алуан. Сол тақырыптарына, мазмұндарына қарай
жұмбақтардың туған кезеңдерін шамалауға болады. Жалпы жұмбақ тапқырлықты,
білімділікті керек етеді. Ол айналадағы өмірді тани білуге үйретеді.
Сондықтан оның жастар үшін білімдік, тәрбиелік маңызы зор. Сонымен қатар,
жұмбақтар бастауыш сынып оқушыларында патриоттық тәрбие қалыптастырып,
балалардың тілін дамытады.
Оқу-тәрбие үрдісінде жер, отан, тау, тас, табиғат, жан-жануарлар т.б.
туралы жұмбақтар бастауыш сынып оқушыларының еліне, жеріне деген
сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық сезімдерін дамытады.
Ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан көлемді саласының бірі -
ертегілер. Ертегілер халқымыздың тарихын, тұрмыс- салтын, әдет-ғұрпын,
нанымын, дүниетанымын білдіреді.
Қазақ халқы, оның ішінен шыққан дана адамдар өз заманының адамдарына
да, кейінгі ұрпақтарына да жақсы тәрбие беруді көздеген. Оларды зұлымдық
әрекеттерден сақтандырып, адамгершілікке үндеу мәселелерін ерте кезден-ақ
қолға алғаны ертегілерден байқалады. Көп ертегілерде суреттелетін әділдік
пен жауыздық арасындағы күрес бас-тауыш сынып оқушыларының патриоттық
сезімдерін оятуға септігін тигізеді.
Жалпы ертегілердің түрлері сан алуан. Оның негізгі салалары мыналар:
қиял-ғажайып ертегілер, тұрмыс-салт ертегілері, хайуанаттар туралы
ертегілер, шыншыл ертегілер. Ертегілерде өмірде болмайтын нәрселер туралы,
елдің тұрмыс-тіршіліктері туралы мәселелер, қоғамдық тартыс, тап қайшылығы,
еңбекші халықтың наразылығы, күресі, сол замандағы қоғам тіршілігі айқын
көрінеді. Ертегілер оқушылардың қиялын дамытып, жақсы мінез-құлық
қалыптастырады, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге шақырады, өзінің елін,
жерін қорғауға, сүюге тәрбиелейді.
Халыққа көп тараған, ескі заманнан келе жатқан асыл мұрамыздың бірі -
батырлар жырының патриоттық тәрбие берудегі орны ерекше екендігі белгілі.
Ал, жұмбақ-жаңылтпаштар бастауыш сынып оқушыларының тілін ширатады. Жүмбақ-
жаңылтпаштар белгілі бір затқа, қүбылысқа құрыла отырып, сол туралы түсінік
береді, сол заттың немесе құбылыстың оның өміріне қатыстылығы түсіндіріліп,
құрметтеуге тәрбиеленеді. Жұмбақ-жаңылтпаштардың тақырыптарының әр
алуандығы оқушыларға туған жері туралы жан-жақты мағлұмат беріп, ойың тілін
дамытып, елін, жерін сүюге тәрбиелейді.
Көркем шығармаларда, оның ішінде ауыз әдебиеті үлгілерінде халық
өміріндегі әр дәуірден құралған батырлықты, ерлікті суреттеу оның басты
ерекшелігі болып табылады. Мазмұны батырлық, ерлік, ар-намысқа берік,
қайтпас ер, жауына мейлінше қатал өз еліне мейірімді, оны қорғауға әрқа-
шанда дайын, өнегелі ісі бар адамдарды суреттейтін шығармалар арқылы жас
ұрпаққа патриоттық тәрбиені сабақта беруге болады. Мұндай шығармалар
оқушыларды батылдыққа, ерлік ісіне, табандылыққа, әділеттілікке,
ақылдылыққа тәрбиелейді. Біріншіден, мұндай шығармалар балаларды елін, өз
жерін сүйетін намысына берік, отаншыл етіп үйретсе, екіншіден, отанына,
еліне қастандық жасамақшы болған сыртқы жауларға мейлінше қатал болуға
баулиды. Бұл жөнінде В.Г.Белинский: “Балаларға жалпы адамзаттық, дүние-
жузілік асыл қазыналарды неғұрлым көбірек білдіріңдер, бірақ оларды
көбінесе өзінің туған елінің аз ұлтының көріністері арқылы таныстыруға
тырысыңыздар”, - деген Осы тұрғыдан алып қарағанда, көркем шығармаларға
тән мұралар жас ұрпақты өз елдерінің нағыз патриоты етіп тәрбиелеуге
болатын , асыл қазына деп бағалаймыз.
К.Д.Ушинский айтқандай, “Тәрбие дәрменсіз болмауы үшін ол халықтық
болуы тиіс” - дейді, яғни әрбір ұлттың өзіндік дәстүрін, салтын сақтап, сол
рухта тәрбиелеуге баса назар аудару қажеттігін ескерткен Сондықтан да біз
жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеуде халқымыздың салт-дәстүрін, ерлік
үлгілерімен сабақтастыра жүргізуді орынды деп есептейміз. Бұдан шығатын
қорытынды, халық ауыз әдебиеті үлгілерінің кез келген жанрын бастауыш
сыныптардың оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану оқушылардың тілін дамытудың,
дүниетанымын қалыптастырудың, оларға патриоттық тәрбие берудің бірден-бір
жолы болып табылады.
Бүгінгі Қазақстанның тәуелсіздік жағдайында мемлекет иесі болып
отырған ұлттың ұлттык-патриоттык сезімін тәрбиелеу қажеттігі туындап отыр.
Егеменді елді корғайтын жауынгерлер тәрбиелеуде ата-баба ерлігі
дәстүрлерінің алатын орны өте зор екендігіне ешкімнің де күмәні жоқ.
Еліміз ұрпақ тәрбиесінде дене күштері мен рухани күштері сай жетіліп,
шынығып өсетіндей етіп тәрбиелеу ісін қамтамасыз етуді тәрбие саласының аса
маңызды міндеттерінің бірі деп санайды. Жан-жақты үйлесімді дамыған, өзін-
өзі саналы игеретін азаматтар тәрбиелеуде дене тәрбиесінің яғни, ұлттық
ойындардың, жауынгерлік жекпе-жек, қоян-қолтық ұрысының алатын орны ерекше
болған. Оның куәсі сонау Атыраудан-Аттайға, Алабұғадан-Алатауға дейінгі
сайын даланы аталарымыз ешкімге бермей, қайта соның бәрін қанымен, жанымен
қорғап бізге мұраға қалдырған. Яғни, осыншама жерді қорғау және қорғай
отырып, мәдениеті мен салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын сақтау бұл халқымыздың
туған жерді, елді сүйетін, сол үшін күйетін ерлер тәрбиелей білгендігінің
көрінісі емес пе?!
Ендігі жерде шапқыншылық заманда ел қорғаны болған, аты аңызға
айналған батыр бабаларымыздың ерлік дәстүрі негізінде ұрпақты тәрбиелеу,
ұлттық сана, ұлттық психология, ұлттық дәстүр мен ата-салтты қайта
жаңғыртып, бесік жыры негізінде қайта тәрбиелеу үрдісі аса маңызды болып
отыр.
Адам тәрбиелеу тәртібін реттеуші күш, халық ғұрпы мен дәстүр қоғамдық
пікірі, еңбек пен этниканың, әдет-салттарының тәрбиелік ерекшелігі бар.
Қазақ халқында өз ұрпағын отанын сүюге, оны қорғай білуге баулу ұлт
болып қалыптасқаннан бергі оның тәрбиесінін негізгі мазмұны болған. Бүгінгі
егеменді елімізді қорғайтын ер азаматтар тәрбиелеу мәселесін орта мектепте
алғашқы әскери дайындық беруден бастау - бүгінгі күштің басты талабы. Ол
қалай және қандай тәрбие жүйесінде болуы керектігі баршамызды ойландыратын
жай. Ұлы жазушы, педагог-ғалым М.О. Әуезов өз шығармаларында отанды
корғаушы, алдымен Отан деген не, оның қадір-қасиетін білуден бастауы
керектігін атап айтқан.
М.Әуезов "Ерлікті өз тіршілігінде өзгеше қадір тұтқан елдің бірі қазақ
халқы" дей келе "еркек" деген сөзбен "ерлік" мағынасы қосылып, біте
кайнасып кеткені тегін емес және сол ерліктің егізінің сынарындай, алып
ұшар қос қанатындай асыл тірек діңгегі бар. Ол өзгеше бір сүю сезімі. Жай
сүю емес, жар сүю емес, жанынан артық керіп, жұртын сүю, халқын сүю сезімі.
Бұл сүюден қасиетті сүю жоқ. Ол сана, ол сезімнің алдында барлық баска
тірлік, бөгде тілек бас иеді. Соны тірек еткен, содан тиянақ тапкан ер
қаттауына қан қатсын, қабағына мұз қатсын, қайта ойланбайды, қатер бар екен
деп қалтырмайды" -деп жазады.
М.Әуезов ел қорғайтын азамат тәрбиелеудің, ата-салт дәстүрдің ана
тілін құрметтеуден және сол ана тілінің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz