Оқушыларды белсенділігі мен танымдық іс-әрекеттері арқылы шығармашылыққа баулу
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3.6
І тарау. ХХІ ғасырдың жеке тұлға моделін жасаудың маңыздылығы ... ...7.9
1.1. Жаңа ғасыр мектебінде география сабағына қойылатын талаптар ... ... .10.13
ІІ тарау. Сабақта оқушылардың танымдық
іс . әрекеттерін қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14.16
2.1. Жеке тұлғаны шығармашылыққа баулу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17.22
2.2. Ойын элементтерін пайдалана отырып, оқушылардың белсенділігін арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23.27
ІІІ тарау. Оқушылардың өздік жұмыс істеу жүйесін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28.30
3.1. Бақылау жұмыстарының түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31.41
3.2. Сабақта түрлі әдіс . тәсілдерді пайдалану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .42.49
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .50
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..51.52

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «...біздің республиканың білім жүйесі әлемдік деңгеймен үндеспей отырғандығына көңіл бөлініп, білім жүйесінің алдына биік міндеттер жүктейді.
Оқушыға білім, білік дағдыларын беріп қана қоймай, ол өзгеріп тұратын нарық жағдайына тез бейімделе алатын, түрлі ақпараттарды өзі іздеп тауып, оны тиімді пайдалана алатындай етіп тәрбиелеу қазіргі заманның маңызды талабы. Мұғалімдер съезінде еліміздің президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстанның болашағы – бүгінгі жастар. Сіздер оларға қалай білім берсеңіздер, Қазақстан сол деңгейде болады» деген еді.
Ендеше бүгінгі мектеп партасында отырған оқушыларға ғылыми білім беру оларды әлемдік мәдениет жетістіктерімен сусындату шығармашылық қабілетті жеке тұлға етіп қалыптастыру мұғалімдерге жаңа талаптар қояды. География ғылымы өте қызықты да күрделі құбылыстары мен заңдылықтарын ұғындырып, сапалы білім беру мұғалімнен үлкен шеберлікті, оған қоса ғылым мен техника заңдылықтарын, яғни, жаңа педагогикалық технологияларды әр сабағында тиімді қолдануды талап етеді.

1. Орынбаева Гүлсара «Тірек белгілері - сабақта»
2. С. Айбасова «Этнопедагогика – халықтық ғылым» География және табиғат 2004 жыл №3
3. Есназарова Ұ., Темірбеков А. «Сарамандық жұмыстар» География журналы 1998 жыл №2
4. Ұ. Есназарова «Жаңа технология және инновациялық әдістер» Биология, география және химия журналы 1999 жыл №1
5. Қабылханова Н. «Оқулықпен жұмыс»
6. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы 3 том Қазақ энциклопедиясының Бас редакциясы. Алматы, 2001 жыл
7. М. Құттықадамов «Сәйкестік тесті» География және табиғат 5. 2004 жыл
8. Нұрханова Н. «Кластер стартегиясы бойынша топтастыру» География және табиғат
9. С. Айбасова «Этнопедагогика – халықтық ғылым» 2003 жыл
10. Қ. Қожақова және т.б. Қазақстан Республикасы мектептерінде бағдарлы оқытуды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар. Алматы, 2006 жыл 36 бет.
11. География. Орта жалпы білім беретін мектептің 10 – 11 сыныптарына арналған бағдарламалар. Алматы, 2006 жыл
12. Есназарова Ұ. Ә. Қазақстанның физикалық және экономикалық географиясын оқыту. Алматы, Рауан 1994 жыл 199 бет.
13. Ахметова К. «Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы» Алматы, 2001 жыл.
14. Қазақстан Республикасы энциклопедиялық анықтама «Қазақ энциклопедиясы» Алматы, 2001 жыл
15. Қазақстан Республикасы орта білім мемлекеттік стандарты 2 кітап – Алматы, 1998 жыл
16. География. Энциклопедия. М., 1999 г.
17. Білім заңы
18. 2030 бағдарламасы.
19. Географиядан білім стандарты
20. Под ред И. С: Матрусова «Методика обучения географий в средней школе» М., «Прсвищение» 1985г.
21. Мизамбаева Р. «Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту» А. Қаз тарихы әдістемелік журнал. 2005 №4 52 – 56б
22. Әріпова Б. «Жаңа технология арқылы нәтижеге бағдарлау» Қаз мектебі – 2004 №11 30 – 32б
23. Катубаев Н. «Шығармашылық жұмысқа баулу» / Оқушылардың танымдық ізденісінарттыру. Қаз мектебі. 2002 - №4 60 – 61б
24. Шаймарданова Г. «Сабақ процесі кезінде оқушылардың өздігінен жұмыс істеуіне жол ашу» Қаз тарихы әдістемелік журнал 2004 жыл №7 36 – 42б
25. Сыздықова М. Оқушы – ізденісі. Биология, география және химия 2002 жыл №3 61 – 62б.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қазақстан Халықтар Достығы университеті
Оңтүстік Қазақстан педагогикалық институты
Кафедрасы география
(атауы)
Мамандығы 0501116 -география
(шифр, атауы)
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Оқушыларды белсенділігі мен танымдық іс-әрекеттері арқылы
шығармашылыққа баулу
Ғылыми жетекшісі:
Орындаған:
аға оқытушы С-116-41
топ студенті
ғыл.дәрежесі, ғыл.атағы
Арыстанова К.
Мырзабаев А.
Ф.А.К. қолы Ф.А.К.
2008 жыл.
Бақылау:
Қорғауға жіберілді:
ТО меңгерушісі
Кафедра меңгерушісі
Н.Д.Каменских
Елюбаев С.
2008 жыл. 12 05
2008 жыл.
Шымкент 2008 жыл.

Факультеті Тарих -филология
Мамандығы 050116-география
Кафедрасы география
Диплом жобасын (жұмысын) орындауға арналған
ТАПСЫРМА
Студентке Мырзабаев А.
(аты-
жөні)
Жобаның (жұмыстың) тақырыбы Оқушыларды белсенділігі мен танымдық іс-
әрекеттері арқылы шығармашылыққа баулу
ЖОО бойынша 200 жылға № бұйрығымен
бекітілген.
Анықталған жобаны (жұмысты) тапсыру мерзімі 200 ж.
Жоба бойынша қорытынды мәліметтер Оқушылардың шығармашылық қабілетін
дамыту, танымдық ізденісін арттыру бойынша әдістемелік, методикалық
басылымдар , бағдарламалар бойынша жазылуы тиіс.
Диплом жобасында (жұмысында) қарасытырылуға тиісті сұрақтар немесе олардың
қысқаша мазмұны:
1. Жаңа ғасыр мектебінде география сабағына қойылатын талаптар.
2. Жеке тұлғаны шығармашылыққа баулу.
3. Ойын элементтерін пайдалана отырып, оқушалырдың белсенділігін
арттыру.
Графикалық материалдар тізімі (сызбаларды көрсете отырып):
1. Электронды оқулықтың маңызы. (сызба түрінде)
2. Білім сапасын жақсарту факторлары (схемалық сызбасы)
3. Графикалық бақылаулар түрлері 3 дана
Ұсынылатын негізгі әдебиеті: 1). Орынбаев Г Тірек балгілері
сабақта 2). Есназарова Ұ Сарамандық жұмыстар 3). Мизамбаева Р
Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту.
Жоба (жұмыс) бойынша кеңесшілер: Елюбаев С
Бөлім Кеңесші Кафедра
Тарих-филология Елюбаев С География
Тапсырманың берілген күні: 15 10 2007 жыл.
Кафедра меңгерушісі: Елюбаев С__________________________________ __
(аты-жөні, қолы)
Жобаның (жұмыстың) жетекшісі: Арыстанова К__________________
(аты-жөні, қолы)
Тапсырманы орындауға қабылдаған: __________________________________
(аты-жөні, қолы)
Студент: Мырзабаев А__________________________________ __________
(аты-жөні, қолы)
Мерзімі: 15 10 2007жыл.
Мырзабаев А Оқушыларды белсенділігі мен танымдық іс -
әрекеттері арқылы шығармашылыққа баулу тақырыбына арналған дипломдық
жұмысына
ПІКІР.
Кез келген елдің болашағы білім беру жүйесінің және зиялылар
қауымының деңгейіне байланысты болғандықтан Қазақстан жастарына да әлемнің
м дамыған елдерімен тең дәрежеде білім беру қажеттілігі туындап отыр.
Ұстаз – білімдарлығы, адамгершілік пен әділдігін, адалдығы мен
шыдамдылығы, тапқырлығы мен қамқорлығын оқушы бойына дарытып отырып, білім
алуда жақсы жетістікке жетуге болады.
Білім беруде оқушы өзі ізденіп, тапқырлықты оқып, түсініп, тақырып
аясын кеңітсе, жолдастарымен ой бөлігіне өз білгенін көпшілікке жеткізе
алып, онда ұстаз еңбегінің нәтижесі болғаны, бұрынғы әдепке айналған оқу
үрдісінде оқушы белсенділік көрсетуі тиіс.
Студент Мырзабаевтың дипломдық жұмысы оқу материалын оқып үйрену
кезінде оқушылардың танымдық белсенділігі жоғары болатын сабақ қана,
білімнің сапалы көрсеткішін бередтінін айта келе, танымдық процестің
дамуына жады, елестету, зейін, қабылдау, ойлау жататыны қарастырылған.
Қаралып жатқан диплом жұмысында Білім сапасын жақсарту факторларына
ерекше тоқталған. Мысалы, оған сыныптағы оқушылардың саны, мұғалімнің білім
деңгейі, сынып оқушыларының саны, оқушылардың жеке ерекшеліктері, оқудың
көрнекілігі, оқушы мен мұғалімнің арасындағы қарым – қатынастар жатады.
география сабағында ойын элементтерін пайдалана отырып, оқушылардың
танымдық белсенділігін арттыру жолдары, өзіндік жұмыс істеу жүйесін
ұйымдастыру, бақылау жұмыстарына да ерекше мән берілген, оқушыға сапалы
білім беруде ғылым мен техника жаңалықтарын, яғни, жаңа әдіс – тәсілдерді
тиімді пайдалану туралы айта келіп, сабақтарды өтуде қолдануға болатын
сыни тұрғыдан ойлау стратегияларынан үзінді келтірген.
Қорытындылай келіп, өте үлкен ізденімпаздықпен жазылған жұмыстың
білім саласына тигізетін әсері үлкен екенін айта келіп, Мырзабаевтың
Оқушылардың белсенділігі мен танымдық іс - әрекеттері арқылы
шығармашылыққа баулу тақырыбына арналған дипломдық жұмысын өте жақсы деп
бағалаймын.
Дипломдық жұмыс жетекшісінің
пікірі.
Студент Мырзабаев А. Оқушыларды белсенділігі мен танымдық іс -
әрекеттері арқылы шығармашылыққа баулу тақырыбында жазған бітіру жұмысында
ХХІ ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан, бүгінгі заманға сай зерделі
шығармашыл, қабілетті де білімді өзгермелі ортаға сай тез бейімделгіш жеке
тұлға бейнесін қалыптастыру маңызщды мәселе екендігіне тоқталған. География
ғылымының өте қызықты да күрделі екенін айта келе, осы пәнге қызықтыру үшін
мұғалімнен үлкен шеберлікті оған қоса ғылым мен техника жаңалықтарын,
яғни, жаңа педагогикалық технологияларды әр сабақта тиімді қолдануды
талап ететіндігі қарастырылған.
Бітіру жұмысында танымдық процестің дамуы, білім сапасын жақсарту
факторлары, деңгейлік тапсырмалар тірек – сызбалары да көрсетілген. Осы
жұмысын жазу үшін алдыңғы қатарлы мұғалімдердің іс – тәжірибесін де
пайдалана білген. Алдағы уақытта шығармашылық еңбегіне үлкен табыс
тілеймін.
Жетекшісі: аға
оқытушы Арыстанова К.
Бітіру жұмысын бойынша кафедраның қорытындысы
Студент Мырзабаев А. бітірушілік жұмысы тексеруден өтті.
Мемлекеттік квалификациялық комиссияның алдына қорғауға жіберілді.
Кафедра меңгерушісі: ауыл шаруашылық
ғылым докторы, профессор:
Елюбаев С.
Мазмұны.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3-6
І тарау. ХХІ ғасырдың жеке тұлға моделін жасаудың маңыздылығы ... ...7-9
1.1. Жаңа ғасыр мектебінде география сабағына қойылатын
талаптар ... ... .10-13
ІІ тарау. Сабақта оқушылардың танымдық
іс - әрекеттерін
қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...14-16
2.1. Жеке тұлғаны шығармашылыққа
баулу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...17-22
2.2. Ойын элементтерін пайдалана отырып, оқушылардың белсенділігін
арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23-27
ІІІ тарау. Оқушылардың өздік жұмыс істеу жүйесін
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28-30
3.1. Бақылау жұмыстарының
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31-
41
3.2. Сабақта түрлі әдіс – тәсілдерді
пайдалану ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...42-49
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...50
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 51-52
Кіріспе.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасында ...біздің республиканың білім жүйесі әлемдік деңгеймен
үндеспей отырғандығына көңіл бөлініп, білім жүйесінің алдына биік міндеттер
жүктейді.
Оқушыға білім, білік дағдыларын беріп қана қоймай, ол өзгеріп
тұратын нарық жағдайына тез бейімделе алатын, түрлі ақпараттарды өзі іздеп
тауып, оны тиімді пайдалана алатындай етіп тәрбиелеу қазіргі заманның
маңызды талабы. Мұғалімдер съезінде еліміздің президенті Н. Ә. Назарбаев
Қазақстанның болашағы – бүгінгі жастар. Сіздер оларға қалай білім
берсеңіздер, Қазақстан сол деңгейде болады деген еді.
Ендеше бүгінгі мектеп партасында отырған оқушыларға ғылыми білім
беру оларды әлемдік мәдениет жетістіктерімен сусындату шығармашылық
қабілетті жеке тұлға етіп қалыптастыру мұғалімдерге жаңа талаптар қояды.
География ғылымы өте қызықты да күрделі құбылыстары мен заңдылықтарын
ұғындырып, сапалы білім беру мұғалімнен үлкен шеберлікті, оған қоса ғылым
мен техника заңдылықтарын, яғни, жаңа педагогикалық технологияларды әр
сабағында тиімді қолдануды талап етеді.
Олай болса, ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры десек, бұл
география ғылымына да қатысты. Ендеше география пәнінің мұғалімі де
басқалар сияқты информатикадан хабары болуы қажет. Олай болмаған жағдайда,
мына ақпарат ғасырында ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда әлемдік
даму кешінен қалып қоярымыз сөзсіз. Сондықтан қазіргі оқу үрдісінде оқушы
белсенді болып өздігінен шығармашылықпен білім алуы керек. Ол үшін бүгінгі
таңда қолданылып жүрген мультимедиялық электронды оқулықтың алатын орны
ерекше деп айтуға болады.
Бұл оқулық география пәні бойынша Білім стандарты мен оқу
бағдарламасының талаптарына сәйкес келеді. Көптеген мектептерде 8 – 10
сыныптарға арналған электронды оқулықтар бар. Электронды оқулық өз
қолымыздағы оқу құралдарын толықтырады, дидактикалық материалдары
жеткілікті. Бұл оқу үрдісінің сапасын және тиімділігін арттыратын жаңа оқу
құралы. Мультимедиялық электронды оқулықтарды оқи отырып 8 – сынып
оқушылары Қазақстанның физикалық географиялық жағдайын оқып, өз
біліктілігін арттыратын ақпараттармен таныса алады.
География пәнінің ұраны: Мың рет естігенше, бір рет көр деп
есептесек, бұл оқулық арқылы Қазақстанның табиғат жағдайлары мен
заңдылықтарды, түрлі процестерді өз көздерімен көріп таныса алады. Сонымен
бірге электронды оқулықты пайдалану арқылы оқушының шығармашылығын дамытып,
іскерлікке, өздігінен білім алуға баулиды. Электронды оқулықтың тиімді жағы
өте көп. Қазіргі нарық жағдайларда география пәні бойынша карталардың
жетіспеушілігі, ғалымдар жайлы мағлұматтар. Олардың суреттерін алу қиындық
келтіреді. Мұндай жағдайда сізге электронды оқулық көмекке келеді.
Электрондық оқулықта ғалымдар, саяхатшылар өмірі, географиялық атаулар мен
терминдер, анықтама сөздіктер, түрлі карталардың баорлығын пайдалануға
болады.
Ақпаратты оқыту технологиясына сонымен бірге теледидар арқылы
көріністер көрсетіп отырып, оқыту үрдісіне жатады.
Қорыта келгенде, мультимедиялық электронды оқулықпен оқыту арқылы,
білім берудің интенсивті, автоматты үрдісін, ойын түрінде пайдалануға
(іскерлік бақылаушы) оқушының жеке қабілетін есепке алуға, білім алу
үрдісін түбегейлі өзгертіп, оқушының өздігінен білім алуға, пәнге
қызығушылығын арттыруға болады.
2006 жылғы оқу жылынан бастап Қазақстан Ресупбликасы жалпы орта
білім беретін мектептің 10 сыныптарында бағдарлы оқыту енгізіле басталды.
Бағдарлы оқыту – бұл жалпы білім беретін мектептің жоғары буынында
оқытуды даралауға, оқушыны әлеуметтендіруге, сонымен бірге мектептің жоғары
сатысы мен орта және жоғары кәсіби білім берудегі сабақтастықты жүзеге
асыруға, бағытталған арнайы дайындау жүйесін жасау болып табылады.
Бағдарлы оқыту жалпы оқыту процесінің құрылымын, мазмұны мен
ұйымдастырылуын өзгерту арқылы оқушылардың қызығушылығын неғұрлым толық
ескеруге, олардың қабілетін дамытуға, жоғары сынып оқушыларына өздерінің
кәсіби қызығушылығын мен оқуын жалғастыруға қатысты ұстанған бағыт –
бағдарына сәйкес білім беру үшін жағдай туғызады.
Бағдарлы оқытудың негізгі міндеті бағдарлардың икемді жүйесін
жасауға және мектептің жоғары сатысын бастауыш, орта және жоғары кәсіптік
болып беретін мекемелермен үйлестіруге келіп саяды.
Мұндай өзінің анықтамасы, мақсаты мен міндеттері бар бағдарлы
оқыту ұғымын кәсіптік білім беру ұғымымен шатастыруға болмайды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш
тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттерден тұрады.
Кіріспеде: зерттеудің көкейкестілігі негізделеді, қазақстан
Ресупбликасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы,
мақсаты мен міндеттеріне сипаттама беріледі.
ХХІ ғасырдың жеке жұмыс моделін жасаудың маңыздылығы деп аталатын
бірінші тарауда бүгінгі таңда заманына сай зерделі, шығармашылық қабілетті,
білімді өзгермелі ортаға сай тез бейімделгіш рухани бай жеке тұлға бейнесін
қалыптастыру баяндалған.
Сабақта оқушылардың танымдық іс - әрекеттерін қалыптастыру деп
аталатын екінші тарауда оқушылардың оқу – таным қызметін ұйымдастыру
әдістеріне сипаттама берілді.
Оқушылардың өздік жұмыс істеу жүйесін ұйымдастыру деп аталатын 3 –
тарауда сабақтың шығармашылық жұмыс, өйткені сабақты түрлендіру арқылы
мұғалім оқушының өз бетімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру жағдайы
толығымен талданған.
Қорытындыда, жиналған диплом жұмысының негізгі нәтижелері
тұжырымдалып, география ғылымын толық меңгеруге әрбір маманның білімін
асыруға байланысты ұсыныстар берілген.
І тарау. ХХІ ғасырдың жеке тұлға моделін жасаудың
маңыздылығы
1.1. ХХІ ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан, бүгінгі таңда
заманына сай зерделі, ой - өрісі дамыған азаматты қалыптастыру мемлекеттің
ең маңызды стратегиясы жас ұрпаққа білім беріп қана қоймай, сол арқылы әлем
кеңістігіне келу, әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде болуды
республикамыз мақсат етіп отыр.
Соңғы уақытта ғылымның назарын аударған мәселелердің бірі –
шығармашылық қабілетті, білімді өзгермелі ортаға сай тез бейімделгішщ,
рухани бай жеке тұлға бейнесін қалыптастыру.
ХХІ ғасырдың жеке тұлға моделін жасау маңызды және өзекті мәселе.
Еліміздің президенті Н. Ә. Назарбаев ... біз құрып жатқан қоғамның
ең жоғарғы құндылығы – адам, бүкіл өзгерістердің бәрі сол үшін, соның
игілігі үшін жасалып жатыр ... демекші басты себепші, жүргізушісі адам.
Қоғамдық құрылысты жеңілдетіп, елді өркендеткенге қажет экономикалық
тұрғыдан еркін ойлау қабілеті мен өз бетінше әрекет жасай алатын, жан –
жақты білімді жеке тұлғаның орны ерекше.
Даму оқытумен қатар жүргендіктен оқытушының басшылығымен біліммен,
дағдымен, іскерлікпен қаруландырып, танымдық іс - әрекеттер мен
шығармашылық қабілеттерін дамыту – адамның жеке тұлға болып қалыптасуының
және дамуының қозғаушы күші болып табылады.
Жеке тұлғаның білімі мен көзқарасы кең, мәдениетті, тәрбиелі болып
қалыптасуына қызмет атқарады. Мінез – құлық мәдениетінің сапалы білім
алуға ықпалы зор.
Жаңа ғасыр жаңа мыңжылдық қарсаңында дүние жүзі бойынша болашақты
зерттеуге, болжауға көп көңіл бөлініп, назар аударылды. Ғасырлар – адамзат
тарихындағы алып асулар, биік белестер сияқты әр ғасырдың тууы, келуі –
замана толғағы тәріздес. Ең ғажайып жаңалықтар екі ғасырдың тоғысында
туады. Өткен ғасырдың ортасында ғалымдар жаңа ғасыры болжам жасаған
болатын. Олар климатты басқарып – бағыттауға, жердің бет – бедерін
өзгертіп, жаңартуға және жақсартуға, әлемдегі мұхит суларын толық
зерттеуге, күннің аспан әлеміне,, жер бетіне жарамды синтетикалық сұйық
отын алуға болады. ХХІ ғасыр мектебінде бүкіл оқыту компьютер арқылы
іргелі елердегі – жоғары оқу орнын бітіруге болатындығын айтты. Бұл
мәселелердің орындалар, шешілер мерзімін де көрсетті:
- жер бетінің кей жерлерінде ауа райы қолдан басқару, оны қалаған
бағытта өзгерту – 2010 жыл.
- жасанды тамақ үшін синтетикалық белокты өндірістік жолмен өндіру
– 2015 жыл.
- Адам баласының тағам қажетін кемінде 20% өтеу үшін мұхит
суларындағы өсімдіктер – балдырлардың қорын пайдалану – 2030 жыл.
- Күн жүйесінен тыс әлемдермен хабарласу, хабар беріп, хабар алу –
2034 жыл.
Болжамдар теориямен басталып, практикамен аяқталды. Бабаларымыз:
Тәжірибе негізі – ғылым, даналық негізі – Білім - деп бекер айтпаған.
Сол ғылымды, ғылыми болжамдарды игеріп, даналық ойды жүзеге асыратын – жаңа
ғасырдың өскелең ұрпағыц. Ғылымның ғасыр аяғына дейінгі басты бағыт –
бағдарын, өмірдің, өнідірістің қажет мұқтаждарын өтейтін де – жаңа ғасыр
ұрпағы.
Жаңа ғасыр табалдырығын аттап тұрып ел президенті ... Біздің жас
мемлекетіміз өсіп – жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен
немерелеріміз атымен бірге ержетеді. Олардың өз ішінде жауапты да
жігерлі, білім өрісі биік, денсаулығы мықты өкілдері бар. Олар бабаларының
игі дәстүрін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында
жұмыс істеуге даяр болады. олар бейбіт, абат, жылдам өркендеу үстіндегі
бүкіл әлемге сыйлы әрі әйгілі өз – елінің патриоттары болады, - деген
болатын.
Елбасының ұрпақ болашағы үшін айтқан ой – түйіні ғасыр мектебіне
жаңа заман талабына сай жаңаша оқыту технологиясын игеру міндетін жүктеп
отыр. Білім заңының 8 – бабы мектепке Оқытудың жаңа технологиясын енгізу,
білім беруді ақпараттандыру, ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу
қажеттігін жүктейді.
Осыған орай жаңа ғасырда мектептегі география сабағына мынадай
талаптар, мақсаттар жүктейді.
1. Оқушының географиялық білімін үнемі жетілдіріп отыру (дәріс беру,
сарамандық, семинар).
1.1. Жаңа ғасыр мектебінде география сабағына қойылатын талаптар.
Сабақта дәстүрлі емес сабақ түрлерін тиімді пайдалана білу оқушы
белсенділігін артырады. Физикалық және материктердің физикеалық географиясы
бойынша ойын – сабақ, викториналық – сабақ, сабақ – конкурс, топтық сайыс
сабақ, географиялық саяхат сабақ, жазу сабағы, 8, 9, 10 – сыныптарда
Қазақстанның физикалық және экономикалық географиясы шет елдер географиясын
өткен кезде интеграциялық сабақ, блок сабақ, сабақ – конфиренция – реферат
немесе – оқушылардың өздік шығармашылық жұмыстарын қорғау сияқты сабақ
түрлерімен толықтырылады.
Сабақта алған теориялық білімін жергілікті жерде табиғат пен
қоғамның арақатынасын күнделікті зерттегенде өмірде қолдана білу.
Психолог ғалымдардың зерттеуі бойынша ауызша тыңдаған сабақтың 30% -
н, көзбен көрген сабақтың 50% - н, тәжірибе жасаған сабақтың 80% - н
есінде қалады. Осы мақсатта негізгі ескеретінім:
1. Жергілікті жер туралы географиялық білімін жетілдіру үшін,
өлкетану жұмысын сыныптар бойынша жүйелі, тізбекпен жүргізу; жергілікті
жердің табиғаты (рельеф, су, климат, өсімдік, жануар, топырақ), халықтық
шаруашылық әрекеті (табиғат ресурсы, ауыл шаруашылық өндірісі,
шикізаттары, ауданның табиғаты, шаруашылығы; облыстың табиғаты,
шаруашылығы.).
Бұл жұмыстарды география үйірмесінде (топ серуен, жорықтар),
факультативтік сабақтарда және географиялық қоғамда материалды жинақтап,
қорыту арқылы жүргізуге болады.
2. Оқу – тәжірибелік, сарамандық жұмыстарды көбінен сабақта
жүргізцуге маңызы зор. Оларды бірнеше түрге бөлуге болады: математикалық,
экономикалық есептер: шеңберлі, бағынды диаграммалар: графиктер сызу,
статистикалық кесте; сурет, карта, глобуспен жұмыс.
География сабағында осы жұмыстарды жетілдіре енгізу нәтижесінде оқу
сапасын жоғары көтеруге болады.
Сабақта экономикалық білім берудің бірнеше әдіс – тәсілдерін:
табиғаттағы көркемдікті сезіне білуге үйрету; қоршаған ортаның өзгерістерін
байқау, бақылау; өлкетану жұмыстары арқылы зерттеу, зерделеу; қоршаған
ортаның ласмтануы жайлы ғылыми материалдарды жинақтау; көгілдір экрандағы
хабарлар арқылы пайдалануға болады.
Экономикалық білім мен танымды қалыптастыру өте күрделі мәселе. Ол
үшін статистикалық мәліметтерді; нормативті актілерді; жаңа шыққан
заңдарды; қоғамдағы экономикалық өзгерістерді сабақта жүйелі пайдалана білу
шарт.
Экономикалық түсініктерді жаттап алу немесе бір сәтке игеріп кету
мүмкін емес. Экономиканы тікелей өмірдегі мазмұнымен ұштастыра отырып
түсіндіру мұғалімнің біліктілігін, дүниетанымының кеңдігін қажет етеді.
2. Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту, ғылыми –
зерттеу жұмыстарына араластыру, дарынды оқушылармен жұмыс.
3. Жаңа ақпараттық технологиялардың көмегімен интернет арқылы
қашықтықтан өздігінен білім алуға үйрету.
4. Оқу үрдісін ізгілендіре отырып оқытудың дамыту функциясына басты
назар аудару жаңа технологиямен пайдалану
5. Оқушыларды өлкетану жұмысына тарту, оқу – тәжірибелік, сарамандық
жұмысын жетілдіру.
6. сабақты гуманизациялау мен демократияландыру.
7. Экономикалық – экономикалық білім беру, танымды кеңейту.
ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасырында география сабағы да
ақпараттануы керек. География пәнінің мұғалімі информатикадан хабары болуы
шарт. Компьютер, интернет жүйесімен байланысқа түсу керек. Бұл жүйе әлемді
ғылыми орталықтандыруға, кітапхана ақпараттарына кіруге, өздігінен білім
алуға, ой - өріснің өсуіне, квалификацияның жоғарылауына жағдай туғызады.
Мысалы, мұғалімнің бір ғана лекциясын әлемнің түкпір – түкпіріндегі
миллиондаған адам тыңдайды. Бұлай оқу – мобильді, дәстүрлі, әрі арзан.
Оқытудың жаңа технологиясы оқушының іс - әрекетінің жоспарланған
нәтижесіне жетуді қарастыратын жаңа әдістердің жиынтығынан туады. Оның
бұрынғы белгілі дәстүрлі оқыту технологиясынан айрықша ерекшелігі
мынандай: оқушының интеллекуталды дамуы аз уақыт ішінде қабылдау
дәрежесінің жоғары мөлшеріне жетуіне бағытталғандығы;: оқушы мен оқытушының
белсенділігі сайма – сай болуы; мұғалім мен шәкірттің өзара қарым –
қатынасында жауапкершіліктің міндеттілігі; алдыңғы қатарлы ойшылдардың
зерттеу жұмыстарын сабақта тиімді рпайдалана білу, дамыта оқыту арқылы
оқушының ғылымды игеруіне дербестік қасиетін қалыптасытру.
Оқушының өз жауапкершілігін өзі түсініп, өзіңне қойылған міндетті
шешіп, өз бетінше ізденіп, талдап, өз пікірін, көзқарасын қалыптастыру
деңгейіне жету үшін үнемі даму үстінде болуын қадағалау қажет. Мұғалімге
жаңа міндет жүктеліп, озық педагогикалық бағыт – дамыта оқыту идеясы
басшылыққа алынады.
Мысалы, 10 – сыныпта оқушылардың тақырып бойынша оқу ниеттерін
құрастыруына, кітаптағы білім алу және икемділік қалыптастыру блогы мен
өзіңді - өзің және жолдасыңды тексер блогымен жұмыс жасауына айрықша мән
беріледі. Осы әдіс – тәсілдерді игеру нәтижесінде оқушылардың ой – танымдық
іс - әрекеттері, оқыту әдісін дұрыс ұйымдастыр нәтижесінде жемісін көруге
болады.
Түсбағдар, көкжиек, сұлба деген тақырыптарды білмей, жердің сұлбасын
сызу мүмкін емес, ауа туралы алғашқы ұғымды түсінбеген оқушы атмосфера
тақырыбын толық игере алмайды. Судың қасиетін, маңызын білмеген оқушы
гидросфера тарауында үлкен кедергіге ұшырайды.
Оқушының географиялық білімін жетілдірудің негізі – оқушының өз
бетінше ізденуі, мұғалімнің әдістемелік көмек көрсетуі оқушы кітап
көлемімен шектеліп қалмай, қосымша білім көздеріне сүйенуі керек.
Оқытуда түпкі мақсатқа жету үшін мұғалім ізденісі шешуші роль
атқарады. Неміс педагогі Адльф Дистервег ХІХ ғасырдың өзінде – ақ жас
мұғалімнің негізгі кемшілігі - өзіне белгілі материалды балаларға тегіс
айтып беруге тырысуы - дегшен болатын. Жаман мұғалім шындықты (білімді)
өзі айтып хабарлайды, жариялайды, ал жақсы мұғалім күнделікті сабақта
проблемалық ситуация жасай білсе және бір сабақтан екінші сабақты
түрлендіріп өткізе білсе, ол оқушының өзіндік ізденісіне жол ашады.
Жалпы білім беретін мектептегі барлық оқушы бірден өзіндік ізденіс
жұмысымен айналыса алмайды. Шығармашылықпен айналысатын баланың өз бойында
туа біткен дарыны болуы шарт немесе пәнге деген қызығушылығы басым болуы
керек. Оқушының шығармашылық қабілетін іскер де білікті мұғалім ғана ұштай
алады. Шығармашылық арқылы баланың таным мотиві қалыптасады.
Өйткені таным арқылы балаға оқу балаға құлшыныс және тұрақты қызығу
әкеледі.
ІІ – тарау. Сабақта оқушылардың танымдық іс - әрекеттерін
қалыптастыру.
Жады
Ойлау
Елестету
Қабылдау
Зейін
Тангымдық әдіс – тәсілдерді мынадай 2 топқа жинақтайды.
І. Оқукшылардың оқу – таным қызметін ұйымдастыру әдістері.
ІІ. Оқу – таным қызметінің тиімділігін бақылау әдістері.
Әр топ бірнеше әдіс – тәсілдерден тұрады.
1. Ауызша баяндау (әңгіме, түсіндіру, лекция) Ауызша баяндау құр
жалаң сөз болмау керек. Сабақты түсіндіргенде шаталов әдісімен тірек
сызбаларды сызу, Венн диаграммасы арқылы салыстырмалы сипаттама жазу
әдістері. Тақырыптағы негізгі ойды білдіретін сөздерді тауып, сараптама
жасауға дағдыланады. Мысалы, Жер бедері тақарыбын өткенде сыртқы және
ішкі болатын өзгерістерге сызба құрастыру, қорытынды бөлімінде кесте
толтыру.
2. Көрнекілік әдісі (көрнекі құралдармен және иллюстрациялармен,
картамен жұмыс). Көрнекілік сабақтың танымдық құндылығын арттырады. Көзбен
көріп, қолмен ұста дегендей, әр сабақта бетіндегі географиялық атаулардың
есте сақталуына ықпал етеді.
Атағаныңды картадан көрсет, көрсеткеніңді ата деген географиялық
ереже бекер айтылмаған. Коменклатура жаттау үшін Орныңды тап, Тізбекпен
жүр, Ендік бойлық т. б. танымдық ойындар ойнатылады.
3. сарамандық жұмыстар әдісі (тақырыптық карталарды садлыстыру,
географиялық әдебиеттермен жұмыс, географиялық дәптермен жұмыс). Мысалы,
планды картамен салыстыру кезінде Венн диаграммасын пайдаландым, сол сияқты
физикалық картаны тектоникалық картамен, климат картасын зоогеографиялық
картамен салыстыруға үйреттім.
Оқу материалын оқып үйрену кезінде оқушылардың танымдық белсенділігі
жоғары болатын сабақ қана, білімнің сапалы көрсеткішін береді.
Десе де, жоғарыдағы жағдайлардың бәрі дұрыс талапқа сай болғанның
өзінде де сабақтың бәрі мақсатына жете бермейді. Оның негізгі себептері –
мұғалімнің дайындығы мен логикалық ұйымдастырушылық қабілетінің бірегей
болмауы. Сондықтан сабақтың сапасы мұғалімнің сабаққа дайындалу
үрдістерінен тұрады.
Оның жоспары
1. Сабақтың тақырыбы, оның міндеттері мен мақсатын анықтау.
2. Тақырыптың оқу бағдарламасы мен оқулықтағы орны мен мазмұны.
3. Тиісті әдебиеттер мен әдістемелік нұсқаулардағы қажетті
материалдарды іріктеу.
4. Көрнекі құралдарды талдау.
5. Сабақтың құрылымы және логикалық берілу жүйесін анықтау
6. Сабақтың жоспары бойынша уақытты мөлшерлеу.
7. Сабақтың жоспраы бойынша мазмұнын жазу.
Сабақтың барысы
- Ұйымдастыру кезеңі. (Сабақтың тақырыбын жариялау, мақсаты мен
міндеттері, жоспары, оқушыларды тексеру).
- Өткен сабақты пысықтау (жоспарды пысықтау сұрақтары, тест т. б.).
- Жаңа материалды оқу (жаңа білім беруге оның негізгі, қосымша
бөлімдері ерекшеленіп, оның тұсына әдістері, көрнекіліктер, жаңа терминдер
т. б. көрсетілуі).
- білімді бекіту кезеңі (сұрақ пен тапсырмалардан тұрады).
- үйге тапсырма (параграфтар мен тапсырмалар анықтап беріледі).
2.1. Жеке тұлғаны шығармашылыққа баулу.
Қазіргі таңдағы әлеуметтік – экономикалық талап – тілектерге сай
рухани бай, білімді, шығармашыл тұлға тәрбиелеу қажеттігі ерекше туындап
тұр. Өмір талабына сай тұлға тәрбиелеудің ерекшелігі оның үздіксіз
жүргізілу қажеттілігінде. Тұлғаның шығармашылығын дамыту адамның кішкентай
кезінен бастап есейген кезіне дейін жүреді. Үздіксіз білім беру жүйесіне
рухани бай, жоғары мәдениетті және мәдени құндылықтарды бағалай алатын
тұлға қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік институттар енуі керек.
Адам тұлға болып тумайды, қалыптасады. Адамның дамуы – ішкі және
сыртқы жағдайлардың әсерлерімен қалыптасатын күрделі, ұзақ мерзімді, қарама
– қайшылықты үрдіс. Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы үш факторға: тегі, ортасы
және тәрбиеге тығыз байланысты. Өзін қоршаған ортамен қатынасы арқылы
адамның табиғи мәні ашылып, жаңа қасиеттері қалыптасады. Тәрбиенің сапасы
тәрбиешінің тәрбие жұмысы мақсатты, жүйелі, кәсіби шеберлікпен жүргізуіне
байланысты. Өзін қоршаған ортамен қатынасы арқылы адамның табиғи мәні
ашылып, жаңа ортамен қатынасы арқылы адамның табиғи мәні ашылып, жаңа
қасиеттері қалыптасады. Тәрбиенің сапасы тәрбиешінің тәрбие жұмысын
мақсатты, жүйелі, кәсіби шеберлікпен жүргізуіне байланысты. Адам әлеуметтік
жүйеде тәрбиеленіп, дамиды, қоғамда болып жатқан іс - әрекеттерге көзқарасы
қалыптасады, нығаяды. Тұлға – біртұтас жүйе. Біртұтас жүйе ретінде адам
өзін - өзі дамытып отырады. Педагогикалық негізгі мақсаттарының бірі –
тұлғаны біртұтас жүйе ретәінде тәрбиелеу. Тұлға – сана иесі шығармашыл адам
– жасампаз тұлға өзін, айналасын, қоғамды жаңартып отырады.
Қ. Платонов тұлғаның төрт құрылымын айқындайды. Әлеуметтік жағдайына
сәйкес мазмұндық белгілері, тәжірибесі, болмыстық көрінісі ретінде тұлғаның
психикалық үрдістерінің жеке ерекшеліктеріне байланысты болмысты
бейнелейді. Өмірде үйренген қасиеттерінен гөрі туа біткен қасиетері басым
болып табылады, биопсихикалық құрылым.
Біз тұлғаны толыққанды жүйе деп есептесек, оның психикалық
қасиеттері негізгі орынды алады. Бұл жүйе табиғи қасиеттері мен қоғамдық
тәжірибені меңгеру барысында дамиды. Тұлғаның тұтастығы мен бірлігі әр
алуан және қарама – қайшылықтардың жиынтығы болып табылады. тұлға жеке
оқиғалар ғана емес, қоғамдық өмірдегі маңызды оқиғаларға да байланысты.
Әсерленіп, ашылады. Соған сәйкес туындайтын көзқарас пен іс - әрекет те әр
алуан болады. Тұлға іс - әрекеті, өзіне және айцналасына қарым – қатынасы
арқылы шығармашылық қабілетке айналдырудың, осы әрекетке педагогикалық
басшылық етудің маңызы зор.
Жүйенің басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып, жалпы
дамыту, еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға
дағдыландыру, жеке қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұштау,
тұлғалыққа бағыттау.
Шығармашылық бағыттың дамуы адамның өзін тұлға сезіну мен айналасына
өзіндік көзқарасы болуына байланысты, шығармашылық бағыттың дамуына
денсаулығы, психикалық қызметінің дамуы, негізгі шарты - әлеуметтік даму
жағдайы негіз болады.
Баланың шығармашылық қасиеті кішкентайынан көріне бастайды, себебі,
шығармашылық – бала дамуының қалыпты жағдайы.
Алайда шығармашылыққа бейімділік, бірте – бірте жоғала бастайды, ол
балаға да, қоғамға да кері әсер етеді. шығармашылықпен тұрақты және саналы
айналысатын және өз мүмкіндігін жүзеге асыра алатын адам өмір талабына,
өзгермелі еңбек шартына, өзін - өзі тәрбиелеуге, өзін - өзі жетілдіруге тез
бейімделеді.
Шығармашыл адам жаңашыл, ізденімпаз болады, өмірі қызық,
мақсаттарынжүзеге асыру барысында өз жолын өзі ашып, кедергілерді жеңе
алады, үздіксіз алға жылжып отырады.
И. Павлов Мақсатқа ұмтылған, бір мақсаттан соң екінші мақсат қойып
отырған адамның өмірі қызық әрі күшті болады. Өзінің өмірдегі мақсатына
ұмтылудың арқасында өмірі жаңарып, мақсат рефлексі қалыптасады... бұл
рефлекстің мәні мақсатқа ұмтылуда деген.
Психологтар адам бойындағы биологиялық және әлеуметтік бастауды
төртке бөледі:
1) адамның темпераменті, жас және жыныстық ерекшеліктері;
2) адамның психологиялық әрекеттері мен жағдайын қамтитын
қалыптасқан қасиеттері.
3) әлеуметтік деңгейі, тұлғаның тәжірибесі. Бұл жерде биологиялық
жағынан әлеуметтік жағының рөлі басым;
4) тұлғаның іс - әрекетінің, мақсатының бағыты. Ол тікелей
әлеуметтік жағдайға байланысты. Әрбір бөлік бірін – бірі дамытып отырады.
Шығармашылық бағыт төртінші бөлікке кіреді. Тұлғаның қалыптасуы алдыңғы үш
бөлікті дамытады, жан – жақты дамыған әлеуметтік тұлғаны қалыптасытрады. Ал
шығармашылық бағыттағы адамның қажеттілігі, қызығуы, идеяларды мақсаттарын
жүйелейді, айқындайды. Шығармашыл тұлға шығармашылық іс - әрекетте болады,
іс - әректтің барлық түрінде шығармашылықпен дамиды.
Балалық кезеңде шығармашылық бағыт оқу – тәрбие үрдісінде тиімді
дамиды. Нәтижесінде баланың білімі, белгілі бір қабілеттері артады. Ол әр
алуан жолмен, әсіресе, эстетикалық тәрбие құралдары арқылы жүзеге асады.
Эстетикалық тәрбие педагогикалық үрдіс ретінде оқушының болмысқа
және өнерге көзқарасын қалыптастырады. Болмыс пен өнер адам өмірінде үлкен
роль атқарады.
Сонымен шығармашыл тұлға болу дегеніміз – дүниені тану және жаңарту
арқылы тұлғаның болмысқа көзқарасын айқындауы.
2. Шығармашыл ұғымының сипаттамасы,
бөліктері.
Шығармашылық сөзінің төркіні шығару, ойлап табу дегенге
саяды. Демек, жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп
түсіну керек. Философиялық сөздікте шығармашылық – қайталанбайтын, тарихи
қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс - әрекет деп
түсіндіріледі.
Көрнекті психолог Л. Выготский шығармашылық деп жаңадан ашатын
әрекетті атаған. Ал осы мәселені терең зерттеген психологтардың бірі Я.
Пономарев оны даму ұғымымен қатар қояды. Өйткені, әрбір жаңалық жаңа
сапалық деңгейге көтереді деп есептейді.
Зерттеле келе шығармашылыққа берілген анықтамалар да өзгере бастады.
Соңғы жылдары шығармашылық сөзімен, жаңалықпен қатар бастамашылдық,
белсенділік ұғымдары астарлас қолданылып жүр.
Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді
деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері бойынша белгілі бір
шарттар орындалған жағдайда кез келген баланы шығармашылыққа бейімдеуге
болатыны көп айтылуда.
Адамның шығармашылыққа деген құлшынысы оның өз даралығын, өз
қабілетерін іске асыруына жол ашады. Шығармашылықтың мәнін аша отырып оның
әрекет ұғымымен тығыз байланыста екенін анықтауға болады. Шығармашылық
және әрекет диалектикалық біртұтастықты құрайды. Әрекет шығармашылықты
тудырып, оны нақты болмысқа айналдырса, ал шығармашылық әрекетті реттейді,
оның амалдарын, тиімділігін анықтайды. Шығармашылық әрекет арқылы
шығармашылық қабілеттер қалыптасады, әрі қарай дамиды.
Зерттеушілер шығармашылық әрекетке әр түрлі анықтама береді. Мысалы,
И. Лернер шығармашылық әрекет деп білім, білік, дағдыны жаңа жағдайға
тасымалдай білуді, нысанның жаңа қызметін көре білуді, жаңа шешім табуды
белгілейді.
Шығармашылық қабілеттер шығармашылық емес, шығармашылық ойлау арқылы
қалыптасады. Ал шығармашылық ойлауға ойдың жылдамдығы, ұшқырлығы,
икемділігі, тапқырлығы, дәлдігі жатқызылады.
3. Қиял және шығармашылық.
Қиял – сыртық дүние заттары мен құбылыстарының субъективті
бейнелерін қайтадан жаңғыртып, өңдеп, бейнелеуде көрінетін, дәл мағынасында
тек адамға ғана тән жан қуаты. Әр адамның қиял ерекшеліктері сол адамның
құмартып қызығуына, жеке басының өзіндік ерекшеліктеріне, алдына қойған
мақсаты мен мазмұны, түрі иесінің жас ерекшеліктері мен білім, өмір
тәжірибесіне де тәуелді. Адам қиялы еңбек, іс - әрекет үстінде туып, дамып
отырады. Қиял актив (белсенді), пассив (енжар) болып шектеледі. Енжар
қиялдың ең төменгі шегі – түс көру. Белсенді қиял қайта жасау, шығармашылық
(өнер, ғылым, техника т.б.).
4. Шабыт және шығармашылық.
Жаңа нәрсе ойлап шығаруда (машина, күріштің жаңа түрі, жыр роман)
адамның барлық қабілеттері, қуат – жігері бірдей шарықтап, самғап
көтерілуін шабыт дейді. Шабыт – мәселенің шешімін табуы, ойдың тууы, жанның
эстетикалық ләззат алуы. Шабыт – қиял мен ойдың біріккен жұмысы.
Шығармашылық - өте зор, тұрақты, жігерлі еңбек нәтижесі.
Шабыт – тек іздеген адамға ғана кезігетін қонақ. Жалқау адамға
жуымайды. (П. И. Чайковский).
Өмірі мазмұнды кісінің шығармашылығы да мазмұнды.
Адамның адамшылығы ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы,
жақсы ұстаздан болады (Абай).
Шығармашылық қабілеттің дамуы, оны дамыту жолдары жайында ғалымдар
тереңінен ой толғайды.
Жүсіп Баласағұн, Әл – Фараби, Абай өз еңбектерінде адамның жеке
басын, қабілеттерін дамытудың жолдарын зерттеген. Оқушы шығармашылығына
бағыт – бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген – М. Жұмабаев.
Философияда қабілеттерді тұлғасының белгілі бір әрекетті
орындауға жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері дей келе, олар қоғамдық –
тарихи іс - әрекетердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратынын
атайды.
Қабілет ұғымына берілетін анықтамалар; қабілеттер – адамның білім
алуға қажетті психологиялық ерекшеліктері.
Қабілеттер – іс - әрекеттің белгілі бір түрін нәтижелі орындаудан
көрінетін адамның жеке қасиеттерінің жиынтығы.
Қабілет тұлғаға тән қасиеттердің бірі болса, онда тұлға немесе
жеке бас ұғымының мәніне ерекше тоқталу керек.
Тұлға (латынша – persona) – ертеден келе жатқан ұғым. Бұл сөзбен
алғаш актерлер сахнада киіп жүретін бетпердені атаған. Бүгінгі күні ол
әлеуметтік мәні, қасиеттері бар нақты адамды білдіреді.
Тұлға – қоғамдағы адамның даму дәрежесіне байланысты оның
психологиясында болатын жаңа сана деп жазды А. Лвонтьев. Ал, Э.
Ильенковтың айтуынша, тұлғалар – қоршаған ортаға да, өздеріне де өзгеріс
енгізе алатын адамдар.
2.2. Ойын элементтерін пайдалана отырып, оқушылардың
белсенділігін артыру.
Сабақты үнемі қалыптасқан бір формада өткізу, әсіресе жоғары
кластарда оқушы әрекетіне қозғау сала бермейтіні баршамызға аян. Сондықтан
оқушылардың белсенділігін арттыру, олардың іс - әрекетін басқару арқылы
іздестіру, зерттеу ой таласын туғызумен қатар сабақты өмірмен ұштастыру,
оқу материалының мазмұнын қоршаған ортаның өзгерісімен, қозғалысымен,
шындығымен үнемі байланыстыру – оқыту үрдісінің ең маңызды мақсаты.
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін география пәнгі бойынша оқушылардың
шығармашылығын арттырып, зерделі, дарынды оқушыларды дамыта оқыту үшін
жоғарыда айтылған оқытудың дәстүрлі және жаңа технология түрлерін қолданып,
сабақты барынша түрлендіріп өткізуге болады.
Әрине, бұл жерде мұғалім мен оқушының мүмкіндіктері толық ескерілуі
қажет.
Сабақ барысында оқушылардың өздігінен ізденуін қадағалап, білім
дағдысын толықтыруға ерекше назар аудару қажет.
- ойын сабағы
- тірек белгілер түрлерін қолданатын болсам 6 – 7 сыныптарда
көбінесе оқушылардың ізденісін ескеруді мақсат етемін.
Ол үшін
- тірек сызбанұсқалар құру
- дидактикалық диктант өткізу
- графиктер мен диаграммалар құрып, салыстыру
Ойын дегеніміз – ұшқын, білуге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар
оты деген.
Ойын түрлері
Қимыл ойындар Үстел үстінде Танымдық
ойнайтын ойындар
ойындар
Ойын көп білуге, білімділікке баулиды және білгенін тұжырымдап,
нақты айтуға тәрбиелейді. Танымдық ойын түрінде ұйымдастырылыған сабақтың
бір түріне тоқталатын болсам 6 сыныпта Атмосфера тарауын қорытындылау
сабағы.
Ойын шарты оқушыларды 2 топқа бөлу керек.
1 топ Найзағай, 2 топ Муссон әр топ бағдарламасы болады
1. Сөзөрім шешу.
2. Табиғат құбылыстары туралы жұмбақтарды шешу.
3. Қазақтың ауа – райы туралы халық болжамынан мысал келтіру.
4. Шартты белгілер бойынша жауап беру.
5. Жұмбақтар шешу.
6. Сөз ұйқасын тауып, анықтамасын айту
7. Тест сұрақтарына жауап
8. Кестемен жұмыс.
Географиялық объектілерді картадан көрсету. Сабақ соңында білім
сайысына түскен әр топтың ойын барысындағы бағдарлама бойынша берілген
сұрақтарын алған ұпайларын, жеңімпаз топ анықталады.
- Этнопедагогика материалын әрбір тақырып мазмұнына сай енгізе
отырып, оқыту үрдісін жандандыру мен танымдық ойындар түрінде пайдалану.
Оқушылардың география пәніне қызығушылығын арттыруға әсер етеді.
Оқушылардың алған теориялық білімін карталар бойынша қорытындылау
сияқты жұмыстар өткізіледі.
Жаңа сабақ кезінде кездескен кейбір жаңа терминдерге тоқталып,
түсініктемелерін айтумен қатар үнемі оларды түсіндірме сөздік дәптеріне
жаздырамын.
Осылайша жаңа сабақты меңгеру үрдісіне оқушылардың өздерін белсенді
қатыстыруды мақсат етіп отыру қажет.
Дамыта оқыту технологиясында өзіндік мүмкіндіктері бар сабақ
түрлеріне жеке – жеке қысқаша тоқталуды жөн көрдік.
І. Ойын сабағы оқушыларды теориялық білімін іс – жүзінде қолдануға
бағдарлайды.
Ойын арқылы оқыту технологиясын пайдалана отырып, сабақты өткізу
туралы былай өткізуге болады.
Оңтүстік Батыс Азия елдері тақырыбындағы сабақтың мақсаты Оңтүстік
Батыс Азия елдері құрамына кіретін мемлекеттер, жер бедеренің
ерекшеліктері, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz