Оқушылардың білімге құндылық бағдарын қалыптастырудың теориялық негіздері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.6

І.тарау. «Білімге құндылық қатынас» . туралы түсінік ... ... ... ... ... ...7.14

1.1. Оқушылардың құндылық бағдарын қалыптастырудың жетекші қағидалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15.22

ІІ.тарау. Оқушылардың білімге құндылық бағдарын қалыптастырудың теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23.30

2.1. Оқушы тұлғасының құндылық бағдар жүйесінің мазмұны мен мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31.37

2.2. Жеке тұлғаның құндылық бағдарының маңызын көре білу . мұғалімнің кәсіби сапасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..38.41

2.3. Оқушыларды құндылық бағдарын қалыптастырудың себеп.салдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..42.48

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..49

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..50.52
Тақырыптың көкейкестілігі. Еліміздің егемемдік алуымен байланысты әлеуметтік-экономикалық, рухани салаларымыздың барлық жақтарында жаппай өзгерістер, жаңа бастамалар мен серпімді қадамдар жүрігізіліп жатыр.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың: «Бәсекеге кабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін, бәсекеге қабілетті ұлт үшін» Жолдауында атап өткендей «Ұлттық бәсекелестің қабілеті бірінші кезеңде білімділік деңгейімен айқындалады» деп атауы, білім беру саласының барлық жағына жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-қатынас қалыптастыруды міндеттейді.
Білім - бүгінгі күнгі жаһандану жағдайында өркениеттіліктің әрі өлшемі, әрі тетігі, құндылыгы болып табылады. Өлшем болатын себебі, кез келген мемлекеттің рухани да, әлеуметтік-экономикалық та дәрежесі онда өмір сүретін халықтың білім деңгейіне байланысты бағаланады. Жаңа типті мектептерде қалыптастырылған сапалы білім сол өркениеттіліктің тетігі болып табылады. Себебі, адамзат баласын тамсандырған таңғажайып жаналықтар қашан да білімді - құндылық деп біліп, соған бүкіл мүмкіндіктерін жұмсаған.
1. Абдуллина О.А, Общепедагогическая подготовка учителей в системе высшего образования. М., Просвещение. 1990 г.
2. Абульханова-Славская К. Деятельность и психология личности. М., Наука. 1980 г.
3. Амонашвили Ш.А. Личностно-гуманная основа педагогического процесса. Мн. Университетская, 1990 г.
4. Алтынсарин Ы. Таңдамалы педагогикалық шығармалары. А., 1991 ж.
5. Архангельский Л.М. Ценностные ориентации и нравственное развитие личности. М., 1978 г.
6. Бабанский Ю.К., Ильина Т.А., Жантекеева З.У. Педагогика высшей школы. А., Мектеп. 1989 г.
7. Блонский Г.П. Избранные педагогические и психологические сочинения. М., 1979 г.
8. Виноградов В.Г. Научное предвидение. М., 1973 г.
9. Гершунский Б.С. Педагогичесая диагностика. Методология. Теория. Практика. Киев, 1986 г.
10. Гоноболин Ф.Н. Психология. А., Мектеп, 1976 г.
11. Гриценко В.М. Предвидение как процесс и результат познания. Л., 1968 г.
12. Гудечик Я. Психологические аспекты ценностной ориентации. 1979 г.
13. Данилов М.А. Педагогический процесс как объект педагогической теории. М., 1973 г.
14. Додонов И. Эмоция как ценность. М., 1978 г.
15. Донцов А.И. К вопросу об управлении ценностными ориентациями личности. М., МГУ. 1971 г.
16. Жарықбаев Қ. Қазақстандағы психологиялық-педагогикалық ғылымның даму тарихы. А.
17. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1986 ж.
18. Жұмабаев М. Педагогика. А., 1992 ж.
19. Загвязинский В.И. Учитель как исследователь. М., 1980 г.
20. Зязин Б.П. Профессиональное самовоспитание педагога.
21. Кирякова А.В. Ориентация школьников на социально-значимые ценности. С.-П., 1991 г.
22. Қазақстан Республикасының Ата заңы. 1993 ж.
23. ҚР гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы. 1994 ж.
24. ҚР білім беру туралы заңы. 1999 ж.
25. Құдайқұлов М.Ә. Важное звено педпрактики. А., 1971 г.
26. Ломов Б.Ф. К проблеме деятельности в психологии. М., 1981 г.
27. Методы педагогических исследований. //п/р В.И.Журавлева, М., Прос., 1972 г.
28. Методы педагогических исследований. // под. Ред. А.И.Пискунова, Г.В. Воробьева. М., 1979 г.
29. Мамандыққа кіріспе. Ред. Басқ . Л.И.Рувинский. А., 1991 ж.
30. Нургалиева Г.К. Ценностные ориентации личности методология, теория, практика, формирования. А., 1994 г.
31. Скаткин М.Н. Методология и методика педагогических исследований. М., 1986 г.
32. Ұстаздық шеберлікке жетудің жолдары. / методикалық нұсқау/ А., 1991 ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-6

І-тарау. Білімге құндылық қатынас - туралы
түсінік ... ... ... ... ... ...7-14

1. Оқушылардың құндылық бағдарын қалыптастырудың жетекші
қағидалары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... 15-22

ІІ-тарау. Оқушылардың білімге құндылық бағдарын қалыптастырудың теориялық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 23-30

1. Оқушы тұлғасының құндылық бағдар жүйесінің мазмұны
мен
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ...31-3 7

2. Жеке тұлғаның құндылық бағдарының маңызын көре білу – мұғалімнің
кәсіби
сапасы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... .38-41

3. Оқушыларды құндылық бағдарын қалыптастырудың себеп-
салдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ..42-48

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 49

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 50-52

Кіріспе

Тақырыптың көкейкестілігі. Еліміздің егемемдік алуымен байланысты
әлеуметтік-экономикалық, рухани салаларымыздың барлық жақтарында жаппай
өзгерістер, жаңа бастамалар мен серпімді қадамдар жүрігізіліп жатыр.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың: Бәсекеге кабілетті Қазақстан үшін,
бәсекеге қабілетті халық үшін, бәсекеге қабілетті ұлт үшін Жолдауында атап
өткендей Ұлттық бәсекелестің қабілеті бірінші кезеңде білімділік
деңгейімен айқындалады деп атауы, білім беру саласының барлық жағына
жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-қатынас қалыптастыруды міндеттейді.
Білім - бүгінгі күнгі жаһандану жағдайында өркениеттіліктің әрі
өлшемі, әрі тетігі, құндылыгы болып табылады. Өлшем болатын себебі, кез
келген мемлекеттің рухани да, әлеуметтік-экономикалық та дәрежесі онда өмір
сүретін халықтың білім деңгейіне байланысты бағаланады. Жаңа типті
мектептерде қалыптастырылған сапалы білім сол өркениеттіліктің тетігі болып
табылады. Себебі, адамзат баласын тамсандырған таңғажайып жаналықтар қашан
да білімді - құндылық деп біліп, соған бүкіл мүмкіндіктерін жұмсаған.
Қазақстан Республикасы білім жүйесін 2015 жылға дейін дамыту
тұжырымдамасында әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және жеке
тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын көп деңгейлі үздіксіз
білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру үшін білім беруді дамытудағы
стратегиялық басымдықтарды белгілеу деп атап көрсетілген болатын. Осыған
орай қазіргі білім берудің максаты білім алып, білік пен дағдыға қол
жеткізу ғана емес, солардың нсгізінде дербес, жылдам өзгеріп жатқан бугінгі
дүниеде лайықты өмір сүріп, жұмыс істей алатын, әлеуметтік және кәсіби
біліктілікке - ақпаратты өзі іздеп таүып, ұтымды пайдалана алатын, жан-
жақты дамыған білімді, өз ісіне және өзгенің ісіне әділ баға бере алатын,
Отанының әлеуметтік экономикалық жағынан дамуына зор үлесін қоса алатын
жеке түлғаны қалыптастыруды талап етіп отыр.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында (1999 ж.) Білім беру
жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым
мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби
шындауга бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; ... жеке даму
үшіп жағдай туғызу арқылы интелектін байыту жатады; ...оқытудың жаңа
технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық
коммуникациялық желілерге шығу деп көрсетілген. Бұл міндеттерді шешу үшін
мектеп ұжымдары, әрбір мүғалім күнделікті ізденіс арқылы жаңа практика,
жаңа қарым-қатынас жасаулары қажет деп атап көрсетіледі, сонымен бірге
мүғалім-іс-әрекетіне жаңа бағыт сілтейді. Қазіргі кездегі мұғалімдердің
оқушылардың біліктілігін жстілдірумен қатар кәсіби қызметінің ғылыми
негіздерін өмірде қолда іскерлік пен дағдыларды қалыптастыруды көздейді.
Осыған сәйкес Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірісу білім бсру
жүйесін халықаралық деңгейде көтеруді талап ететіні сөзсіз. Бұл үшін
оқушыларды жоғары сатыда бейімді оқытуды көздейтін 12 жылдық білім беруге
көшу қажет деп еліміздің президенті Қазақстан халқына Жолдауында атап
көрсетксн. Сонымен әлемдік тәжірибе көрсеткендсй білім берудің жаңа
сапасына қол жеткізу 12 жылдық жалиы білім беретін мектептер жағдайында
мүмкін болады. Осыған сәйкес жалпы білім беретін мектепті дамыту
тұжырымдамасында мынандай міндеттер козделінгсп.
Оқушылардың білімге құндылық бағдарын қалыптастыру, өзіндік білім
алуға бейімдеу, тұлғаның үздіксіз білім алуын камтамасыз ету, тұтастай
алғанда оқушылардың танымдық әрекеттеріне тән дағдыларды қалыптастыру
міндеті күн тәртібіне қойылып отыр.
Білімділіктің түжырымды идеяларының дамуына байланысты
мәсслслср айрықша өзекті болып отыр.
Осыған орай, білімге құндылық бағдар қалыптастыру мәселесі жан-жақты
қарастырылып келген: философияда (Алексеев В. П, Дробницкий О. Г.,
Тугаринов В. П., Здравомыслов А. Г. т.б.) әлеуметтануда (Ядов В. А.,
Блауберг И. В., Любимова Т. Н. т.б) психологияда ( Леонтьев А.С., Божович
Л. И., Непомнящая Н.И., Абульханова-Славская К. А., Давыдов В. В.,
Выготский Л. С, Узнадзе Д. Н т.б.), ал педагогикада (Казакина М. Г.,
Мальковская Т. Н., Кирьякова А. В., Мухина В. С, Дуранов М. Е. т.б.).
Құндылық бағдар мәселесінің әртүрлі аспектілерін Қазақстан ғалымдары
да зерттеген: жеке тұлғаның кұндылық бағдарының бірқатар, теориялық-
практикалық негізі (Нұргалиева Г. Қ, Багаева И. Д., Васильева 3. И);
педагогтік сынып оқушыларының болашақ кәсіптік іс-әрекетіне құндылық
қатынасын қалыптастыру (Кикина Н. И.); педагогикалық баспасөзге сту-
денттердің құндылық бағдарын қалыптастыру (Тленбаева А); жастардың құндылық
бағдарын әлеуметтік педагогикалық тұрғыдан зерттеу (Ядов В. Я., Ломов Б.
П.) қарастырған. Сонымен, білімге құндылық бағдар жайында біршама ғылыми
педагогикалық білімдер жинақталған.
Өз тарихымызға көз жіберетін болсақ, ойшыл ғұламаларымыз ерте кезден-
ақ білім ұғымына жете көңіл бөлген.
Мемлекет қайраткері, ойшыл Ж. Баласағұни өзінің Кұтты білік атты
мұрасында: Мемлекеттік ойлауды қалыптастырудың басты шарты білім, Әмірші
заңдар арқылы қанша мықты бола тұрып, ғалымдарсыз елді басқара алмайды деп
сол кездің өзінде білімді құндылық ретінде қарастырған.
Ғылым - әлемді таңудың кілті болса, сол ғылымның негізі білімде
жатқандығын ертеректе Қарақанидтер әулетінің әміршілері ол назарда ұстаи,
нәтижесінде түркі мемлекеті әлемнің ең гүлденген, әрі мықты мемлекетіне
айналған.
Ал, білімнің негізгі ірге тасы жаңа типті мектептерде қаланады.
Көрнекті қоғам қайраткері М. Жұмабаев Қазақтың тағдары, келешектс сл болуы
да мектебінің қандай құрылуына барып тіреледі. Мектебіміздіц таза сау,
берік һәм өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізде құра алмасақ,
келешегіміз күңгірт деп білім мен ғылымның маңыздылығына тоқталған.
Елбасының бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кірудің маңызды кілті
мен құралдардың бірі - білім деп атап көрсетуі, біздің ойымызша оқушылардың
білімге құндылық бағдарын қалыптастыру мәселесінің өзектілігін дәлелдейді.
Алайда, іс-жүзінде оқушылардың білімге дегеп талаптарының артуы мен
педагогикада оқушылардың білімге құндылық бағдарын қальштастыру мәселесінің
теориялық тұрғыдан жеткіліксіз зерттелуі арасындағы қарама-қайшылық бар
екендігі анықталды. Осы қарама-кайшылықтардың дұрыс шешімін іздестіру
біздің зертгеу проблемамызды айқындауға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: Жаңа типті мектептерде оқущылардың білімге
құндылық бағдарын қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеу және
әдістемесін жасау.
Зерттеудің объектісі - қазіргі білім беру жүйесінде оқушылардың
білімге құндылық бағдарын қалыптастыру.
Зерттеудің міндеттері:
- құндылық бағдар ұғымын теориялық тұрғыдан нақтылау және оқушылардың
білімге құндылық бағдарын қалыптастыру түсінігінің мазмұнын және мәнін
ашу.
- жаңа типті мектептерде оқушыларда білімге құндылық бағдарды
қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасау.

I- тарау. Білімге құндылық қатынас - туралы түсінік
Біздің егеменді еліміздің дамуына негіз болатын бір-ақ нәрсе ол
оқушылардың білімді, бәсекелестік қабілеті бар, дербес, шығармашыл, өзін-
өзі жүзеге асыра алатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Ол үшін жаңа типті
мектептердің оқушыларында білімге құндылық бағдарын қалыптастыру
қажеттілігі туындайды. Себебі, білімсіз ғылым дамымайды. Ал ғылымсыз ел
экономикасы, әлеуметтік жағдайы өркендемейді. Сондықтан бүгінгі еліміздегі
білім беру жүйесінің басты міндеттері- ұлттық және жалпыадамзатты
құндылықтар, білім мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды
қалыптастыруға, дамытуға бағытталған біліммен қамтамасыз ету болып
табылады.
Соңғы жылдары философиялық пайымдау жалпы адамзат құндылығын бағалау
мен педагогикалық ізденістергс жол ашты. Қазіргі таңда педагогикалық
аксиология жайында сұрақ туындауда. Сондықтан, оқушыларды бағалау мен
құндылыққа бағдарлау мәселелері дидактикада оқыту жеткіліксіз болып отыр.
Құндылық бағдар мәселесімен акспологиялық құндылық, философиялық кұндылық,
социология, әлеумет, жалпы психология, философия, мәдениет антропологиясы,
педагогикалық психология айналысады.
Енді біз білім ұғымына тоқталатын болсақ, ол-адамдардың белгілі бір
жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдауларыныц жиынтығы болып
табылады. Қазіргі өркениетті қоғамда білім билікпен тұтасып, қоғамды
басқарудың құралына айналып отыр.
Сонымен білім дегеніміз қоғамды әлеуметтік мәдени-ғлыми үрдіспсн
қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, қоғам үшін де жоғары құндылық.
Құндылық - бұл обьектінің жағымды және жағымсыз жақтарын білдіретін
философиялық-социологиялық ұғым. Құндылық ұғымы алғаш рет 19 ғасырдың
ортасында пайда болған. Оған алғаш рет философиялық тұрғыдан Р.Ротце мен
Г.Коген. Ежелгі философтардың пікірінше, құндылықтың әр түрлі көріністеріне
жататын және табиғи, қоғамдық құбылыстар, адамның іс-әрекетін бағалауда
пайдаланатын сұлулық, қайырымдылық, мейрімділік, сияқты этикалық,
эстетикалық ұғымдар қолданылады. Құндылық заттың, обьектінің адам үшін
маңызды екенін айқындайды. Құндылық пәндік және субьективтік деген екі
боліктен тұрады. Құндылық бағдар мәселесімен келесі ғылымдар айналысады:
аксиологиялық құндылық, философиялық құндылық, әлеумет, жалпы психология,
философия, мәдениет антропологиясы, педагогикалық психология.
Құндылық бағыттарын терминін алғаш рет АҚШ-қа қоныс аударған поляк
шаруаларының өмірлік көзқарастарын зерттеу үшін 20-жылдары У Томас
қолданған. Ғалым-педагогтар, құндылық бағдарды қалыптастыруда оқушының
тәрбие құралын, даму және жас ерекшеліктерін анықтай отырып, қоршаған
ортаның әлеуметтік ерекшелігін де сскерген.
Құндылық бағдарын қараған кезде құндылық түсінігін жоғарғы ғылыми
деңгейде қарау керек.
Адам қызметінің алуан түрлеріне қарай, құндылық - мейірімділік пен
жамандылық, шындық пен жалған, әдемілік пен сүйкімсіздік, істеуге болады
және болмайды деген негіздерде бағаланады.
Құндылық ұғымының мазмұнынан ғалымдар С. Ф. Анисимов, А. Г.
Здравомыслов, М. С. Каган, В. П. Тугаринов, В. А. Ядов және басқалар
қоғамдық сананың барлық түрлерінің мынадай белгілерін айқындайды:
маңыздылығы, пайдалылығы, қажеттілігі, анық мақсатқа ие болуы.
В. Т. Тугаринов адамдар нені қастерлейді, соның барлығы құндылық деп
анықтайды. Ол – зат, табиғат құбылыстары, қоғамдық үрдістер, адамның іс-
әрекеттері, мәдени құбылыстары болуы мүмкін.
А. Г. Здравомыслов құндылықтардың әлемін адамдардың рухани іс-әрекеті,
рухани байлығы, жалпы айтқанда рухани мәдениеті деп біледі.
Сонымен, ғылыми әдебиеттер сараптамасы құндылықты философияда,
социологияда, психологияда, педагогикада қолданады. Оның объектісі мен
құбылысын керсетеді. Қажеттілік эталоны болып табылатын құндылықтың пайда
болуы бірінші жагынан зат, құбылыс, олардың қасиеті; адам - қоғамның
қажеттілігін қанағаттандыру болса, екінші жағынан қоғам - адам, құбылыс,
зат, талғам және таңдау болып табылады.
М.Г. Казакинаның анықтамасы бойынша: құндылық - бұл сыртқы құбылыс
(зат, құбылыс, іс-әрекет), сананың дәлелі (идеал, бейне, ғылыми концепция)
құндылық - бұл, біз баға беретін объект.
Міндетті түрде көтеретін келесі мәселе - бұл, құндылықтар жіктемесі.
Оның қажеттілігі құндылықтың шекарасын анықтау болып табылады. Осыған
сәйкес, әлеуметтанушылар құндылықты бөлудің нормасы мен рстіи қарастырады -
құндылық - нормасы, құндылық - идеалы, құндылық -мақсаты, құндылық - көзі
және т.б. Зерттеушілер В. Брожик, М. Рокич, А. Ядов құндылықты терминалды
және құрал-жабдықты деп бөледі. Біріншісіне құндылық - мақсаты жатады.
Екіншісіне құндылық - көзі жатады.
Терминалдық құндылық сапасына В. А. Ядов мыналарды жатқызады:
шығармашылық махаббат, еркіндік, әдемілік, таным, ақыл-ой, жұмыс, достар,
жанұя, белсенді өмір сүру, өз-өзіне сену, өзіндік қабілет, денсаулық,
қоғамдық жауапкершілік, бейбітшілік.
Құрал-жабдьщтық құндылықтың сапасы көтеріңкі көңіл-күй, тапқырлық,
тәрбиелік, шыдамдылық, шыншылдық, ой өрістің кеңдігі, жоғары талғам,
бақылау, жауапкершілік, ұқыптылық, шешім қабылдаушылық, нақтылық, оның
құралы болып табылады.
В. П. Тугаринов құндылықтың бірінші топтамасын белгілейді: өмір
құндылығы (өмір, денсаулық, өмір қуанышы, адамдармен қарым-қатынас); мәдени
құндылық, материалдық (техника, тұрғын үй, тамақ, киім); саяси -әлеуметтік
(шыншылдық, бейбітшілік, әлем, қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, адамгершілік)
және рухани құндылық (білім, ғылым, өнер) болып беледі.
С. Ф. Анисимов көзқарасы бойынша құндылық жіктемелерінің топтары:
тұрмыстың жоғарғы құндылықтары - адам және адамзат; адамдардың материалдық
өміріндегі құндылық; әлеуметтік құндылық; қоғамның рухани өміріндегі
құндылық.
Құндылықтың негізгі қызметінің аймағы экономикалық, биологиялық,
эстетикалық, этикалық, саяси қажеттіліктерге ие болады.
Құндылық жіктемесінің топтарына қарай ғалымдар арасында екі түрлі
көзқарас пайда болды: құндылық - индивиді мән беретін психологиялық
мінездеме құндылығы; құндылық - индивидінен тыс құндылықтың әлеуметтік
маңызы.
Біздің ойымызша құндылық ол қарым-қатынас, қоғамдық деңгейдегі
құбылыс, ол қоғам мәдениеті мен жеке тұлғаның рухани байлығы, қоғамның жеке
тұлғамен қарым-қатынасы.
Қорытындылай келе құндылық мәдениеттің, ғылымның, әдебиеттің, этиканың
негізгі өзегі бола келіп, жоғарғы құндылық деңгейін көрсетеді:
адамгершілікте - мейірімділік; танымда - шындық, этикада - эдемілік,
құқық пен саясатта – шыншылдық. Сонымен педагогикалық құндылықты жеке
тұлғаның дамуына, оның рухани қалыптасуындағы оқыту мен тәрбиеге байланысты
қарастырамыз. Педагогикалық құндылыққа мыналарды да жатқызуға болады:
окушыны оқыту мен тәрбиелеудегі мақсат пен қорытындының идеалы; білім,
қабілет пен дағдылар, оқу -тәрбие процесінде мақсатқа жетудің негізі;
еңбектегі, адамгершіліктегі, саясаттағы тэрбиенің жеке басындағы қасиеті;
дүниетаным мен сендіру жеке тұлғаның мінез құлқына байланысты болады.
Құндылық бағдары ішкі дүниетанымға негізделе отырып, мынандай
белгілермен құрылымдық, жеке тәжірибелік көңіл-күй жиынтығымен анықталады.
А. Г. Здравомыслов өзінің еңбегінде, барлық құндылық бағдарының жиынтығы,
жеке тұлғаның өзіне тән ой орталығының тұрақтылығы мен белгілі бір қабілет-
қасиетімен қамтамасыз етіледі Құндылық бағдарының әлеуметтік табиғаты
езінің құрамымен көрініс береді. Құндылық бағдарының әлеуметтік табиғатын
И. Кон былай деп түсіндіреді. Оның айтуы бойынша құндылықтар бағдары ...
бір мезгілде әлеуметті және жеке болып табылады. Олардың әлеуметтік болу
себебі: қоғамдық тәрбие, жедел даму және т.с.с. қоғамдық жүйелердің
жағдайына негізделген құндылықтар бағдарының жиынтығы, берілген қоғам
мүшесіне тән әлеуметтік мінезге ие. Сонымен қатар олар жеке, себебі онда
адамның өмірлік қайталанбас тәжірибесі, оның қажеттіліктері мен
қызығушылықтарының өзіндік ерекшеліктері көрсетілген.
Құндылықтар бағдарының әлеуметтік табиғаты оның езін тұрақтандыру
функциясында көрінеді.
Затқа тікелей қызығушылық затқа құндылық қатынастың көрсеткіші болып
табылмайды, себебі ол адам ушін бұл заттың маңыздылығымен байланысты емес,
тек адаммен сыртқы қасиеттерімен ғана байланысты: жаңалығы, т.т.
Айтылғандарды жинақтай отырып, ескертеміз: адамның затқа деген
құндылық қатынасы адамның жеке тұлға ретіндегі бағытын білдіреді, осы
заттың өзі үшін жекелей мәніне сәйкес әрекет жасауға дайындығын білдіреді
және объектіге қызығушылығымен бірлестік пен оны қажетсінуінің бірлігінде
көрінеді. Осыдан барып оқушының білімге құндылықпен қарауының қалыптасуы
оның тұлғалық бағыттылығының қалыптасу барысын, білім алуға дайын
екендігін, білімді қажетсінуі мен оған кызығушылығының бірлігін сипаттайды.
Осымен байланысты білімді оқушы тұлғасының таңдап коңіл бөлуін
сипаттайтын психологиялық-педагогикалық түсінік ретінде білімге деген
құндылық қатынастың мазмүнына талдау жасау қажет. "Құндылық қатынас"
түсінігінің мазмұнына талдауға сүйене отырып, оның құрылымын былайша
көретуге болады:
Білім құндылығы және білімді қажетсіну оқушының білімге таңдап көңіл
бөлуіне екі жақтап жағдай туғызады. Білім құндылығы білімнің оқушыға
объективтік қатынасының субъективтік көрінісі болып табылады. Білімге деген
қажеттілік - оқушының білімге объективтік қатынасының субъективтік
көрінісі. "Білімге кұндылық қатынас" түсінігін осы қатынастардың бірлігі
сипаттайды және біз схема түрінде былайша корсете алатын таңдап кеңіл бөлу
байланысы шығады:
Ғалым-педагогтар, құндылық бағдарын оқушының тәрбие құралын, даму және жас
ерекшеліктерін анықтай отырып, қоршаған ортаның әлеуметтік ерекшелігін де
ескерген.
Құндылық бағдарын қараған кезде құндылық түсінігін жоғарғы ғылыми
деңгейде қарау керек.
Адам қызметінің алуан түрлеріне қарай, құндылық - мейірімділік псн
жамандылық, шындық пен жалған, әдемілік пен сүйкімсіздік, істеуге болады
және болмайды деген негіздерде бағаланады.
Құндылық түсінігінің мазмұнынан ғалымдар Л.М. Архангельский, С.Ф.
Анисимов, А.Г. Здрамыслов, М.С.Каған, В.М Момов, В.И.Сагатовский,
В.П.Тугаринов, В.Т.Харчева, З.Н. Чавчавадзе, В.А.Ядов және басқалар
қоғамдық сананың барлық түрлерінің мынадай белгілерін айқындайды:
маңыздылығы, пайдалылығы, қажеттілігі, анық мақсатқа ие болуы.
В.Т.Тугаринов адамдар нені қастерлейді, соның барлығы құндылық деп
анықтайды. Ол - зат, табиғат құбылыстары, қоғамдық үрдістер, адамның іс-
әрекеттері, мәдени құбылыстары болуы мүмкін.
И.С.Нарский, И.Н.Попов, В.Н.Сагатовский кұндылықтарды жалны болжау
және баға беру деп біледі.
А.Г. Здравомыслов құндылықтардың әлемін адамдардың рухани іс-әрекеті,
рухани байлығы, жалпы айтқанда рухани мәдениеті деп біледі.
В.С.Бакиров құндылықты қоғам дамуындағы қажеттілікпен сәйкестендіреді.
Сонымен, ғылыми әдебиеттер сараптамасы құндылықты философияда,
социологияда, психологияда, педагогикада қолданады. Оның объектісі мен
құбылысын көрсетеді. Қажеттілік эталоны болып табылатын құндылықтың пайда
болуы бірінші жағынан зат, құбылыс, олардың қасиеті; адам - қоғамның
қажеттілігін қанағатғандыру болса, екінші жагынан қоғам - адам, құбылыс,
зат, талгам және талдау болып табылады.
Құндылық бағдары ішкі дүниетанымга негізделе отырып, мынадай
белгілермен анықталады: құрылымдық, жеке тәжірибелік, көңіл-күй
жиынтығымен.
Құндылық бағдарының ендігі бір белгісі оның функциясы болып
саналады. Бұл әйгілі философ А.Г. Здравомыслов еңбектерінде көрінеді.
Барлық құндылық бағдарының жиынтыгы өзіне тән жеке түлғаның ой
орталығының тұрақтылығы мен белгілі бір қабілет-қасиетімен қамтамасыз
етіледі.
Құндылық бағдарының әлеуметтік табиғатын И.Кон былай деп түсіндіреді.
Оның айтуы бойынша құндылықтар бағдары ... бір мезгілде әлеуметті және
жеке болып табылады. Олардың әлеуметтік болу себебі: қоғамдық тәрбие,
жедел даму және т.с.с. қоғамдық жүйелердің жағдайына негізделген
құндылықтар бағдарының жиынтығы, берілген қоғам мүшесіне тән әлеуметтік
мінезге ие. Сонымен қатар олар жеке, себебі онда адамның өмірлік
қайталанбас тәжірибесі, оның қажеттіліктері мен қызығушылықтарының өзіндік
ерекшеліктері көрсетілген.
Әлеуметтік-психологиялық ұғымдар сөздігінде ұжым, тұлға, қарым-
қатынас үғымдары құндылықтар бағдарында жеке тұлганы қарастырудағы негізгі
2 аспект ретінде көрсетілген: субъективті қоғамның әлеуметтік құндылықтары
ретінде белгілі бір тарихи кезеңнен өткен адамның ойындағы жеке көріністер;
функциональды процесс ретінде адамның материалдық және рухани құндылықтарға
деген таңдап алынған қарым-қатынасын анықтайды. Адам ойындағы құндылықтар
идеалдар, бағдарлық құндылықтар, өмірлік мақсаттар және өмір сүру нормалары
арқылы керініс табады, осыдан құндылық бағдары арқылы жеке түлғаның сапалық
мінездемесінің түрлерін корсетуге болады. Құндылық бағдарының сапалы
мінездемссін анықтауға болады. Жағымды құндылық бағдары жағымды іс-әрекетті
тудырады. Жағымсыз құндылық бағдары зиянды да қауіпті жағымсыз іс-әрскетке
шақырады.
Атақты кеңестік психолог К.К. Платоновтың айтуы бойынша жске тұлғаның
құндылық бағдары - жеке тұлғаның әлеуметтік тепе-теңдігінің мазмұны мен
адам өмірінің эмоционалды дүниесімен де байлаиысты.
К.К. Платоновтың құндылық бағдарын қарастыруда қарым-қатынасқа онымен
қоса әлеуметтік құндылықтар құрылымына, оның ең негізгі факторы ретінде -
өз ара қарым-қатынаста жске тұлғаның ойлауы, эмоционалды компоненттері,
адамгершілік және нақты сөйлеу қабілеттері беріледі.
В.А. Ядов бойынша құндылық бағдары жеке түлға қарым-қатынасының
неғұрлым күрделі иерархиялық ұйымдасқан қүрылым компоненттерін көрсетеді.
Құндылық бағдарының психологиялық табигаты қажетті қатынас,
қызығушылық, бағытталу мотиві арқылы ашылады. Психологиялық әдебиеттерде
берілген анықтамаларда негізгі орынды көбінесе компоненттердің бірі
алады.

1.1. Оқушылардың құндылық бағдарын қалыптастырудың жетекші қағидалары

Педагогика ғылымының даму және қалыптасу тарихына көз салсақ казақ
педагогикасында гуманистік сипатта білім және тәрбие беру мәселелері ерте
уақыттан бастап-ақ зерттеу нысанасына айналғанын байқаймыз. Жас ұрпақтың
тәлім-тәрбие жүйесіндегі ізгіліктік тәрбие мәселесі оқу-тәрбие мазмұнын
гуманитарландыру арқылы жүзеге асырылатындығы елімізде XIX ғасырдың екінші
жартысынан бастап қазақ ағартушыларының еңбектерінде атап көрсетілген
болатын. Онда адамгершілік тәрбиесінің ізгіліктік компоненттерінің жас
ұрпақтың гуманистік көзқарасын қалыптастыру потенциалының жоғары екендігін
және қазіргі уақытта Қазақстанда көптеген педагог-ғалымдардың оқу-тәрбие
процесін гуманитарландыруда адамгершілік тәрбиесінін. теориялық базасын
күшейтумен айналысып жатқандығына ерекше назар аударылған еді. Бұл
зерттеулерде болашақ педагог мамандардың құндылық бағдарды қалыптастыруда
еліміздегі құндылық бағдарды қалыптастыру теориясы мен мазмұнының дамуына
жан-жақты талдау жасамай нәтижеге қол жеткізу мүмкіндігі төмен деп
саналғаны айқындалды. Осы тұрғыда құндылық бағдарды қалыптастыру
адамгершілік тәрбиесінің нәтижелі көрсеткіші ретінде қабылдануы тиістігі,
тек адамгершілік тәрбиесінің теориялық және эмпирикалық мазмұнын талдау,
қорытындылау арқылы құндылық бағдардың құрылымдық мазмұнын айқындау мүмкін
болады деп саналады. Осы ұстаным негізінде жеке адамның құндылық бағдарды
қалыптастыруды ұйымдастыру мазмұны мен әдістемесін дайындау міндеті
анықталып, аталған міндетті жүзеге асыру үшін қазақ этнопедагогикасының
тәлім-тәрбиелік жүйесіне тарихи-педагогикалық зерттеу ұйымдастырып, олардың
жас ұрпақтың құндылық бағдарын қалыптастыруда алатын
Осыған байланысты, тәрбиеленуші мен сыртқы әлем арасындағы шынайы қарым-
қатынастар жүйесінен педагогикалық зандылықтар сипатына ие болатын
объективті себеп-салдарларын айкындап, атап өтуге тиістіміз деп санаймыз.
Бұл орайда жалпы педагогикалық процестегі тәрбие қызметі мен даму
заңцьшықтары арасынан бастысын жеке атап көрсету қажет, ол - жеке тұлға
дамуына бағытталған бағдар. Жеке тұлғаның жалпы мәдени, әлеуметтік-
адамгершілІк және кәсіби дамуы неғұрлым өзара үйлесімді болса, адам мәдени-
гуманистік қызметін жүзеге асыру барысында соғұрлым еркін және шығармашыл
болмақ. Бұл зандылықтан білімнің құндылық метақағидалары жүйесіндегі
жетекші қағида - жеке тұлғаның үздіксіз жалпы және кәсіби дамуы қағидасы
келіп туындайды. Оның жетекші болу себебі, басқа қағидалардың негізінде де
осы заңдылық жатады және олар осы жетекші қағиданың жүзеге асырылуының ішкі
және сыртқы жағдайларын жасай келе, оғаы бағынышты болады. Дәл осы тұрғыдан
алғанда, білім беруді жеке тұлғаның үйлесімді дамуының басты шарты болып
қарастырылады. Тәрбие болу үшін, Л.С.Выготскийдің айтуы бойынша, ол
"дамудың жакын аймағына" бағытталу керек. Бұл бағыт кез-келген жас
кезеңінде жеке тұлғаның дамуы үшін міндетгі түрде жан-жақты емес, бірақ
міндеггі түрде объективті қажетті қасиеттермен қамтамасыз ететін білім беру
мақсаттарын қоюды талап етсді. Бүгінгі таңда адамға тек негізгі кәсіби
білім беріп қана коймай, жалпы адамзат мәдениетін игертуге, осының
негізінде, жағымды субъективті (жеке тұлға қажеттіліктері) және білім
берудің материалдық базасы мен кадрлар мүмкіншілігімен байланысты
объективті жағдайларды ескере отырып, жеке тұлғаның барлық жағынан дамуын
қамтамасыз етуге мүмкіндік бар. Яғни, жағымды субъективті қасиеттері –
құндылық бағдардың рухани заңдылықтарын қажетсінуі, оларды пайдалы
әрекеттерде колдану және соның нәтижесінде гуманды әрекеттерді таңдау
мүмкіндіктері дамиды. Таңдау мсн талғам әрекеттері даралық қасиеттерге ие
болғандықтан оларда құндылық бағдардың "тұлғалық -даралық" сапалары
қалыптасады.
Олай болса, осы арада - құндылық бағдарды әр уақытта гуманитарландырудың
қажетті шарты болмайтындығын есте сақтау қажет. Құндылық бағдарды
гуманитарландырудың қажетті құрастырушысы болуы үшін ең кем дегенде оның
адам бойында ізгі ниет пен ізгіліктік қасиеттерді қалыптас-тыруы міндетті
болып саналады және жоғары мәдениет түрінде іске асырылуы қажет. Егер біз
оқу-тәрбие процесін гуманитарландырсақ, аксиологиялық тұрғыдан алып
қарасак, оның мазмұнын әлеуметтік құндылық кешені ретінде "адамдардың
мәндік күштерінің еркін дамуы және өмірлік ұмтылыстардың шығармашылық
сипатта жүзеге асырылуы үшін жағдай туғызуды талап ететін әрекет жүйесі деп
санауға болады (саяси, экономикалық, психологиялық, педагогикалық және
т.б.) деп тұжырымдай аламыз. Осыған сәйкес, тұлғалық-бағдарлаушы
көзқарастардың жүйесі ретінде, әлемдік құрылымның өзіндік үлгідегі болмысы
болып табылады. Ол адамға бағытталған кең түрдегі әлеуметтік бағдарлама
сипатына ие бола алады, бірақ тәрбиелене алмайды. Сондықтан оның ізгіліктік
бағытталуы негізінде ғана ортаның сапалық тәрбиеленуі жүзеге асады. Бұл
тұрғыда құндылық бағдар адамдардың бір-біріне, қоғамға, табиғатқа, өзіне
қарым-қатынасын бейнелейтін, тұлғалық қасиеттері кешенінің дамуын
көрсететін сипаттама ретінде беріледі. Сол себепті ізгіліктік бағыттылық
құндылық бағдар құрылымдық мазмұнын анықтаушы басты әлемент болып саналады.
Екінші назар аударатын мәселе - жеке тұлғаның құндылық бағдар
қалыптастыру гуманистік тәрбие жүйесінің бағыттаушы нәтижесі ретінде
ізгіліктік ұмтылыстардың өзара әрекеттесуіне тәуелді болатынын, яғни жеке
адам психикасының ерекшеліктерін ескеруді қажет ететінін көрсету.
Бұл пікірге психологиялық-педагогикалық зерттеулерден көптеген
дәлелдемелер табуға болады. Жеке алып қарастыратын болсақ, Ресей психологы
А.Н.Леонтьевтің "адам қоршаған әлем алдында жалғыз өзі тұрған жоқ, оның
әлемге деген қатынасы барлық кезде адамның басқа адамдарға деген қарым-
қатынасымен байланысты болып келеді, ол өз қызметі барысында адамдармен
өзара қарым-қатынаста болады" деген тұжырымын есепке алу қажет екенін
байқаймыз. Қарым-қатынас өзінің әуелгі сыртқы формасына (бірігіп әрекет
жасау, ауызша немесе ойша қарым-қатынас) сәйкес адамның қоғамда дамуының
қажетті және ерекше шартын құрайды. Материалдық және рухани мәдениет
жүйесін игеріп, оларды өзінің қажеттілігіне, "өз даралығының органдарына"
айналдыруы үшін адам өзін қоршаған әлем құбылыстарымен қарым-қатынасқа
басқа адамдар арқылы, яғни басқа адамдармен қарым-қатынас жасау арқылы
түседі. Сондықтан түрлі жас ерекшеліктеріндегі ізгілік тәрбиесінің,
түрлеріне байланысты. Құндылық бағдар қалыптастырудың мазмұны өзгереді. Жас
және интеллектуалдық ерекшеліктеріне байланысты ізгіліктік ұмтылыстары
бағытты және мақсатты болады, сондықтан олардың құндылық бағдар
қалыптастыру нақты бағдарланған мазмұнға бейімделуі тиіс. Олай болса,
құндылық бағдарды қалыптастыру арнайы ұйымдастырылған педагогикалық
процестерге және шарттарға тәуелді болады. Педагогикалық процесті
ұйымдастырудың тиімділігі окыту процесінің екі жақтылығының қызметтік
қатынасы мен тұлғаны қалылтастыру әрекеттерін басқару стиліне байланысты.
Құндылық бағдардың мақсат-міндеттерінің бұрмаланбауы және олардың сезімдік
деңгейде шсшілмеуі педагогикалық өзара әрекеттесудің дұрыс қойылуына
тікелей қатысты. Сондықтан бүгінгі күні педагогика ғылымында құндылық
бағдар метақағида - жске тұлғаның дамуына бағытталған құндылық бағдарды
қалыптастырудың теориялық және практикалық мазмұнын анықтауда тәрбие
процесінің тұтастық принципі мен әрбір халықтың ұлттық-рухани құндылықтар
мазмұнына бағдарлануы күн тәртібіне қойылуы дұрыс деп санаймыз.
Осындай дараланбаған педагогикалық өзара әрекеттесуде әркімге қатаң
түрде бөлініп берілетін рөлдерді ұсынуға болады. Олар басқа құндылық
бағдарды метақағида - полисубъективті (диалогтік) әдіске қарама-қайшы
келеді Бұл қағидаға сәйкес тек "субъект - субъект" қатынастары, оқуда тең
құқылы бірігіп әрекеттесу жағдайларында ғана жеке тұлғаның үйлесімді дамуы
мүмкін. Педагогтің суперпозициясы мен құндылық бағдары субординациялық
позициясы жеке тұлғалық тұрғыдан тең кұқықты, өзара бірігіп әрекеттесуші
адамдардың позицияларына айналу керек. Мұндай өзгеру педагогикалық процеске
қатысушылардың рөльдері мен қызметтерінің өзгеруіне тікелей байланысты.
Педагог мұнда тәрбиелемейді, оқытпайды, ол тұлғаның өз бетімен дамуға деген
талпынысын өзектендіреді, колдайды, онын белсенділігін зерттейді, өз
бетімен әрекет етуіне жағдайлар жасайды, яғни өз мүмкіндігін қабілетіне
сәйкес бағалау еркіндігін қалыптастырады.
Алайда, педагогикалық процесті диалогизациялауды - бұл "жұп педагогикаға"
кайта оралу деп түсіну емес, өйткені мұнда бірігіп әрекеттесу формаларының
толық жүйесін қолдану талап етіледі. Оларды енгізерде оқу мәселелерін
шешуде педагогтің барынша жәрдем беруінен бастап, олардың біртіндеп өз
белсенділіктерінің өсуіне дейін, одан оқуда өзін-өзі тәртіпке келтіре
алатын жағдайға жетіп, олардың арасында серіктестік қатынастар пайда
болғанша белгілі бір тәртіп, динамика сақталу керек. Педагог позицияларының
өзгеруіне байланысты бірігіп әрекеттесу формаларын қайта құру өзін-өзі
дамыту жолына дербес бет алған окыту субъектісін өзін-өзі өзгертуіне
мүмкіндік береді, атап айтқанда оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың
демократиялық стилін қолдайды. Демократиялық басқару стилі жеке адам
бойында сенім қатынасына негізделген құндылық бағдарды қалыптастыруға
себепкер
болатыны белгілі. Құндылық бағдарды қалыптастыруда оқу-тәрбие процесін
ұйымдастырудың және басқарудың альтернативті (балама) формалары мен
стильдерін колданған жөн деп есептейміз.
Сонымен бірге жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуы арқылы құндылық бағдарды
құндылық бағдарды қалыптастыру процесі онын даралану дәрежесі мен
шығармашылық бағыттылығына байланысты. Бұл заңдылық тәрбиенің даралық-
шығармашылық әдісі деген метақағидасына негіз болады. Ол тұлғаға өзінің
қаншалықты өсіп дамығанын сезініп, қойған мақсатына жеткенде қуануына
мүмкіндік береді. Даралық-шығармашылық әдістің, негізгі мақсаты жеке
тұлғаның өз қабілеттерін көрсете білуі үшін, оның шығармашылық
мүмкіндіктерін анықтап (диагностикасын жасау), дамыту үшін жағдайлар жасау
болып табылады. Дәл осындай әдіс құндылық бағдарды қалыптастырудың жеке
тұлғалық деңгейін де қамтамасыз етеді.
Гуманистік тәрбие құндылық бағдарды жалпы адамзаттық құндылықтарының
әлеуметтік ұйымдастырылған интериоризация процесі ретінде қарастырылады.
Гуманистік тәрбие айтарлықтай дәрежеде кәсіби-этикалық өзара жауапкершілік
метақағидасының жүзеге асырылуымен де байланысты болғандықтан жеке тұлғаны
көзқарасы мен рухани дүниетанымына ықпал етеді. Мұның негізінде жатқан
заңдылыққа сәйкес педагогикалық процесс қатысушыларының адамдардың
тағдырына, коғамның болашағына деген жауапкершілікті өз мойындарына алуға
дайындығы олардың гуманистік өмір салтын ұстанып, педагогикалық этика
нормаларын сақтайтындарын көрсетеді. Бұл қағида жеке тұлға педагогикалық
процесте қалыптасқан жағдайлар ағысына көніп кете бермей, керісінше бұл
жағдайларды өзі жасап, өз стратегиясын алға тартып, саналы және жоспарлы
түрде өзік-өзі кемелдендіре алатындай іште орныққан белсенділікті талап
етеді.
Сондай дәстүрлі қоғамның құрылымының ғасырлар бойы шаңырағын шайқалтпай
ұстап тұрған, халық мұраларының тарихи процесінде жоғалып кетпеуіне себепші
болған құдірет - адамгершілік принциптеріне негізделген руханилық болатын.
Қазіргі модернизациялану заманында қазактың рухани кұндылықтары сақталуы
мумкін бе? Әлде жалпы адамзаттық құндылықтардың басымдылығын мойындап қана
алға жылжуымыз керек пе? Оған елбасымыздың "...бүгінде қазақ санасына
ұялаған әлемдік ахуалдың қаншалықты маңыздылығына қарамастан, ең "басты
діл" діни де емес, өркениеттік те емес, ұлттық діл болу керек", - деген
пікірін келтіруге болады.
Өйткені, құндылықтар жүйесінің әртүрлі элементтері болып есептелетін
жеке, топтық, кауымдастық, жалпы адамзаттық құндылықтар иерархиясы бүгінгі
Қазақстан жағдайында белгілі бір қоғамдық-әлеуметтік мәселе. Одан адамның
жеке басының тұлғалық құндылығы жалпы адамзаттық құндылықпен сәйкес келіп
жатса, онда әлеуметтік болмыста үйлесімді ахуал қалыптасар еді деген ой
қалыптасады. Себебі, жалпы адамзаттық құндылықтар, шынайы діни құндылықтар
сияқты (оларды дін атын жамылып адамдарды алалауға, бір-біріне қарама-қарсы
қоюға шақырып жүрген іс-әрекеттермен шатастырмау қажет) адамдардың
"Эгосына", өзімшілдігіне қызмет етпейді. Олар моральдық жағынан тазаруға,
тәубаға келуге, гуманистік іс-қимылдарға шақырады. Ал жеке бастық немесе
топтық құндылықтар (оның этникалық, әлеуметтік қауымдар, ұйымдар түріндегі
формалары болсын) көбінесе өзінің шектеулі мүдделерін қорғау мақсатында
қалыптасады. Сондықтан олар өздерінің кейбір жағымсыз іс-әрекеттерін
алалауға бейімділік танытумен болады.
Міне, құндылықтар теориясының классикалық түсініктерінде де жеке
тұлғаның құндылық бағдарын қалыптастыру онын рухани дамуының мазмұнына
байланысты екендігі анықталып отыр. Олай болса, зерттеу жұмысымыздың
міндеттерінің ең бастысы халқымыздың рухани кұндылықтарының мазмұнын
анықтау болып табылады. Олардың ішінде қоғамдық формациялардың ауысу
кезеңдеріне төтеп беретін бұлжымас, өзгермейтін құндылықтар болады.
Сондықтан рухани кұндылықтарды - адамның шынайы болмысының нығаюына
игілікті әсер ететін, оның тұлғалық өзек болатын, еркіндігін
жасампаздықпен, шығармашылықпен паш етуге мүмкіндіктер ашатын ақиқаттың
түрлі құбылыстары деуге болады. Рухани кұндылықтардың материалды
құндылықтардан айырмашылығы әрбір жанның ішкі потенциалын ашуға
көмектеседі, жалпы рухани үйлесімдікке қызмет етеді. Ол әлеуметтік дүниеден
әділетсіздікті, үйлесімсіздікті күшпен емес, ыстық ықыласпен, жүрек
жылуымен, нұрымен орнына келтіруге, түзеуге тырысады. Сондықтан оларды
жалаң Зердемен, қарапайым логикамен түсіндіріп беру мүмкін емес болады.
Бұл ойдың негізгі түптамыры Қазақстандағы халықтар арасындағы "өзара
кірігу үрдісінің іргетасы ұлттық мемлекеттілік болып табылады", -деген
тұжырымда жатыр. Әрине, енді ғана тәуелсіздігін алған ел үшін бұндай
бағдардың тарихи-әлеуметтік қажеттілігі зор. Дегенмен де ұлттық кейпін,
мазмұнмен қоғам дамуы. діннің өрістеуі шектелмейтіні де белгілі. Сондықтан
ұлттық діл жалпыадамзаттық құндылықтардан сусындап, акиқаттың шынайы рухани
дамуымен астасып жатса ғана үнемі жаңғырып отыратынына күмән келтіруге
болмайды. Бұл орайда адамзат тарихында өздерінің қайталанбас ізін қалдырған
ғұлама ойшылдардың рухани мұрасын зерттеу және олардың тәлімдік ойларын жас
ұрпақты тәрбиелеуде пайдалану үлкен маңызы бар әрекет болып табылады.
Өйткені, Қорқыт, Асан Қайғы, Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Қожа Ахмет
Иасауи, Махмұд Қашқари, Абай, Шәкәрім сияқты т.б. тұлғалар өз заманының
рухани байлығын өз дүниетанымдарында қордалайды, жүйелейді, халқына паш
етеді.
Түрлі тәрбие жүйелері арқылы қазақ этнопедагогикасындағы ізгілікті
ойларға негізделген қазіргі уақытта оқу мекемелерінің тәрбиелік
потенциалдарын күшейту, қазақ этнопедагогикасындағы ұлттық, рухани
құндылықтар туралы білімдік мазмұнын анықтау, халық педагогикасының рухани-
ізгіліктік құндылықтарын тұтас қабылдау; адам бойындағы ізгі қасиеттерді
құрметтеу және дұрыс бағалай білу; ұлттық құндылықтардың жалпы адамзаттық
құндылықтармен үйлесімділігін сақтау, ұлттық мәдениет пен гуманистік
тәрбиенің үйлесімділігін қамтамасыз ету басты міндеттері болып табылады.

II- тарау. Оқушылардың білімге құндылық бағдарын қалыптастырудың теориялық
негіздері
Құндылық бағдар ұғымы кеңестік социология ғылымында 1964-1965
жылдары пайда болды. Социология в СССР деген сөздіктер жинағында
құндылық бағдар ұғымына берілген түсінік төмендегідей:
Жеке адамның құндылық бағдары – бұл жеке адамның белгілі бір
әлеуметтік құндылықтарды мақсат етіп ұстауы, яғни әлеуметтік құндылықтардың
белгілі бір тобына деген қарым-қатынасы. Мысалы: құндылықтар еңбек, оқу,
қоғамдық жұмыс, жанұя, еңбек ақы, т.с.с. болып келуі ықтимал.
Құндылық бағдар мәселесі маркстік құндылықтар теориясы жайлы
еңбектерде зерттеліп, қайтадан өңделуде. Себебі, жеке адамның дамуы,
өмірдегі оның беталысы, мінез-құлық, әдет-дағдысы, мәдениет пен өмірдегі
құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған.
60-70 жылдары құндылық бағдар мәселесін В.П.Тугаринов пен
О.Г.Дробницкийлер зерттеді.
Құндылықтардың табиғатының күрделілігінен олардың әртүрлі топтамасы
пайда болды.
В.П.Тугаринов құндылықтардың екі тобын бөліп қарастырды:
- өмірдің құндылықтары - өмір, денсаулық, өмірдегі қуаныш, адамдармен
қарым-қатынас, т.б..;
- мәдени құндылықтар – материалдық (техника, баспана, тамақ, киім,
т.б.);
- әлеуметтік саяси (қоғамдық тәртіп, қоршаған әлем, қауіпсіздік,
бостандық, еркіндік, адамгершілік);
- рухани құндылықтар (білім, ғылым, өнер).
Социологтар құндылықтарды белгілі бір ереже немесе іс-әрекеттің
реттегіші ретінде қарастырады.
Бұдан басқа материалдық және рухани құндылықтар (В.Ломов), өзекті
және потенциалды (В.Ломов, В.Г.Алексеева) құндылықтар топтамасы да
кездеседі.
Белгілі кеңес психологы В.Н.Мясищевтің (1960ж.) пікірі бойынша:
Құндылық бағдар жеке тұлғаның рухани дамуының орталығы, жеке тұлғаның
қоғамға, белгілі бір топқа, еңбекке, өзіне деген саналы қатынасы болып
табылады.
С.Л.Рубинштейн құндылық бағдардың әлеуметтік психологиялық негізі
туралы өз теориясын ұсынды. Ол адамның қоршаған әлемге деген қатынасы, осы
адамның қажетті заттар мен құбылысты, құндылықты жеке бөліп қарауына деген
пікірді білдірді. Адам өмірдегі жағдай мен мағына мәселелерін қарастыра
отырып, С.Л.Рубинштейн адамның мінез – құлқын ретке келтіретін
құндылықтардың қызметін ерекше атап көрсетті.
С.Л.Рубинштейннің пікірінше, ішкі жағдайда болған өзгерістерді
нәтижесінде белгілі бір құндылықтар өзекті, негізгі қажеттіліктерге
айналады.
Философиялық сөздікте (Мәскеу,1983ж.) құндылық бағдар ұғымына:
Жеке тұлғаның өмірдегі тәжірбесінен жинақтаған ішкі жан дүниесінің
маңызды элементі, адамның саяси, философиялық, адамгершілік сенімі мен
құштарлығы, мінез-құлықтың адамгершілік қағидалары - деп анықтама
берілген.
Ал ғылыми әдебиеттерде құндылық бағдар ұғымына әртүрлі анақтамалар
беріледі. Ғалымдардың бір тобы құндылық бағдарды адамның жалпы әлеуметтік
бағыттылығы деп қарастырса, екінші бір тобы – құндылық бағдарды жеке
тұлғаның әлеуметтік құндылықтарға деген субъективті қатынасы деп, ал үшінші
тобы құндылық бағдар ұғымына психологиялық тұрғыдан түсініктемелер
береді. Кейбір зерттеушілер құндылық түсінігін белгілі бір сапалы
қасиеттердің жеке бөлініп шығуымен түсіндіреді.
Құндылықтардың пайда болуы адамның қажеттілігін қанағаттандыратын іс-
әрекетпен байланысты. Құндылық іс-әрекеттің мақсаты ретінде жүреді.
Философия ғылымында құндылықты қоғамның тарихи құбылыс, субъект пен
объектінің іс жүзінде өзара әрекеттесу кезеңі деп қарастырады.
Адамгершілік құндылық – ол әлеуметтік маңызы бар адамгершілік
құбылыс. Ол адам мен қоғамның даму идеяларының іске асуына мүмкіндік
туғызушы. (Л.Д.Леутская).
Құндылық бағдар күрделі жеке тұлғалық қалыптасу болып анықталады.
Құндылықтар қажеттілікті қанағаттандыратын құрал болып анықталады.
Құндылықтар қажеттіліті қанағаттандыратын құрал есебінде жүреді.
Құндылықтар адамның сезімін оятып, іс-әрекетінің себеп – салдарын
анықтайды, соған байланысты әрекетті реттейді, оның іске асуына ықпал
етеді. Сондықтан құндылық адам мен оның қажеттілігінің қоршаған орта мен
арасындағы байланыстырушы буын болып табылады.
Сонымен, құндылық бағдар дегеніміз бір жағынан алғанда, жеке тұлғаның
нақты іс-әрекетке деген көзқарасы мен қарым-қатынасының білінуі, екінші
жағынан белгіленген мақсаттар жүйесі. Ол – жоғары деңгейде объектілерді,
хал-жағдайды, қажеттілікті, мақсаты таңдауды түсіндіреді,
- қоғам мен адамдарға жақсылық пен жамандықты, ақиқат пен
адасуды, әсемдік пен сүйкімсіздікті, әділеттілік пен
әділетсіздікті, рұқсаттылықты, тыйымсалушылықты, мәнді мен
мәнсіздікті ажыратуға көмектеседі.
Жеке тұлғамен ұлттық мәдениетті қалыптастырудағы құндылық бағдардың
әлеуметтік – адамгершіліктік аспектісі прогресшіл қазақ ағартушыары
Ж.Аймауытов, Ы.Алтынсарин, Ш.Әлжанов, А.Байтұрсынов, Ш.Уалханов,
М.Жұмабаев және А.Құнанбаевтардың еңбектерінен маызды орын алған.
Құндылықтардың әлеуметтік – адамгершііктік маңызы туралы ой – пікірдің
дамуы Қ.Б.Бержанов, Қ.Б.Жарықбаев, Н.И.Ильминский, Қ.Қ.Құнантаева,
О.И.Обдов, А.И.Сембаев, А.П.Сейтешов, Т.Т.Тәжібаев, Г.А.Уманов,
С.А.Ұзақбаева және К.М.Храпченковтардың тарихи-педагогкалық ой –
пікірлерімен тығыз байланысты.
Еліміздің тәуелсіздік аясындағы алғашқы бет алыстары, тың жаңарулар мен
өзгерістерге толы серпінді дамуы басталған қазіргі шақта ой-сана
қозғалысының саяси әлеуметтік, экономикалық өмірге тигізетін әсері зор.
Ел басшысы, Н.Назарбаевтың Қазақстан болашағы — қоғамның идеялық
бірлігінде деген еңбегінде: Біз құрып жатқан қоғамның ең жоғарғы құндылығы
- адам, бүкіл өзгерістердің бәрі сол үшін, соның игілігі үшін жасалып
жатыр - деп атап көрсетілген.
Қоғамымыздың өскелең мәдениеті, егемен елдің экономикалық және
әлеуметтік прогресі жағдайында мектептің маңызы зор.
Қазіргі кезде біздің қоғамымыздың басты міндеттерінің бірі - ғылыми-
техникалық прогресті, нарықтық экономика процесін жеделтетуді соның
негізінде елімізде әлеуметтік-экономикалық өзгерісті түбегейлі жүзеге
асыру. Бұл мәселені ойдағыдай шешуде басты сала - ол оқу барысында
оқушылардың құндылық бағдарын дұрыс қалыптастыру болып табылады. Ол үшін
болашақ ұстаздарға тек арнаулы пәндерді ғана оқытып қоймай, кәсіби бағдары
мен құндылық бағдары қалыптасқан маман етіп даярлауды талап етеді. Бұл
мәселені ойдағыдай шешуде басты сала оқу барысында болашақ ұстаздарды
құндылық бағдарын қалыптастыруға даярлау болып табылады.
Әр адамның мінез-құлқының негізгі сипаттарының бірі— оның бағдары. Әр
адамның өмірдегі бағдарының әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан дамуының оның
оқып, білім алуы, мен тәрбиеленуі үшін маңызы зор екеніне ешкім күмән
келтірмейді. Алайда, әр адамның бағдары деген ұғымның өте күрделі категория
екенінде айту керек.
Адамның іс-әрекеті әр нәрсеге итермелейтін, ішкі ойын іске асыратын
қозғалысқа келтіретін дұрыс шешуін күттіретін мәселе. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық құндылық бағдарын қалыптастыру моделі
Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық құндылық бағдарын қалыптастырудың моделі
Мектеп оқушыларын өзін-өзі тану арқылы еңбек іс- әрекетінің қүндылық бағдарын дамыту (Электротехника негізінде)
Өзін - өзі тану пәні барысында оқушылардың рухани адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру
Жоғары сынып оқушыларының спортқа қызығушылық бағыттарын қалыптастыру
Бастауыш сыныптарда қолданылатын тәрбие технологиялары
В.М. Манаховтың оқыту технологиясы
12 жылдық мектеп мұғалімінің кәсіби – педагогикалық сипаттамасы
Қоғамның әлеуметтiк даму жағдайында мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудi теориялық-әдiснамалық тұрғыда негiздеп, ғылыми-әдiстемемен қамтамасыз ету
«Өзін-өзі тану» курсын оқыту барысында оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері
Пәндер