Мектеп пен жанұя бірлігі негізінде оқушыларды жан-жақты дамытудың теориялық негіздері
КІРІСПЕ 3
І БӨЛІМ МЕКТЕП ПЕН ЖАНҰЯ БІРЛІГІ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫ ЖАН.ЖАҚТЫ ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 8
1.1 Оқушыларды жан.жақты дамытуда мектеп пен жанұя бірлігінің педагогикалық негіздері 8
1.2Мектеп пен жанұя бірлігі . оқушыларды жан.жақты дамытудың бірден . бір құралы 13
ІІ БӨЛІМ ОҚУШЫЛАРДЫ ЖАН.ЖАҚТЫ ДАМЫТУДА МЕКТЕПТІҢ АТА.АНАЛАРМЕН БІРЛЕСЕ ЖҮРГІЗЕТІН ТӘРБИЕЛІК ЖҰМЫСТАРЫ 28
2.1 Мектеп пен жанұяның оқушыларды жан.жақты дамытуда бірлесе атқаратын жұмыстарының мазмұны мен міндеттері 28
2.2 Мектептің ата.аналармен жүргізетін жұмыстарының формалары мен әдістемелері. 39
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ 48
ІV ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 51
V ҚОСЫМШАЛАР 54

Зерттеудің көкейтестілігі. Қазіргі кезеңде шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті бірқатар дамыған елдерде бұл идея ұлттық қағидаға айналған. Әлемдік бәсекелестік заманда әрбір адамның білім санасын, қабілеттілік деңгейін, іскерлік мүмкінділігін анықтайтын адам ресурстарын дамыту мәселелері күн тәртібіне өткір қойылып отыр, яғни адамның білімі мен біліктілігі қазіргі заманда мемлекеттердің бәкесеге қабілеттілігінің ең маңызды көрсеткішіне айналды. Сондықтан көптеген елдер бәсекеге қабілетті қоғам үшін адам ресурстарын дамыту, әсіресе оның қабілетін арттыру сияқты арнайы бағдарламалар қабылдауға кірісті. Сондықтан да, үздіксіз білім беру жүйесінің басты міндеті – жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Бұл әлеуметтік педагогикалық міндетті орындау үшін тәрбие жұмысымен тікелей айналысушылардың жүргізетін тәрбие мазмұны қоғамның бүгінгі талабына сай болуы керек. Жалпы білім беруде мектеп өзінің міндетін толық атқару үшін, қоғамның оған қоятын әлеуметтік сұранысын ескере отырып, тәрбие мазмұнын жақсарту үшін мектеп пен жанұяның бірлігін қамтамасыз ету қажет.
Қазақстан Республикасы Ата Заңының 27 бап 2-тармағында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» делінсе, «Қазақстан – 2030» бағдарламасында «әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауға тиіспіз.

1. Н.Назарбаев Қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, қауіпсіздігі және әл – ауқатының артуы. «Егемен Қазақстан», 11-қазан, 1997.
2. М.Жұмабаев. Педагогика. Алматы. «Рауан», 1993. 154-б.
3. Хухлаева О. Активные формы групповой работы с родителями / О. Хухлаева // Школьный психолог. – 2006, №19.
4. Лихачев Б.Т. Формирование нравственно-эстетического отношения к действительности. − Сов.педагогика, 1981, №2, 36 с.
5. Жұмабаев М. Педагогика. Алматы. Мектеп, 1992-122б.
6. Аристотель
7. Чернышевский Н.Г. Таңдамалы шығармалары. VII том7
8. Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев. Педагогика: - Астана, 1998.
9. М.Жұмабаев. Педагогика. – Алматы: «Рауан», 1992.
10. Г.Асанова «Отбасы – бастапқы тәрбие мектебі» Қазақстан мектебі №1, 2007 ж.
11. Капустин Л.М. Работа школы с родителями. –М., 1983.
12. В.А. Сухомлинский «Балаларға жүрек жылуы» -А, Мектеп, 1973 ж.
13. Керимов Л. Қиын бала және оны қайта тәрбиелеу. –А., 1990.
14. Н.Назарбаев. Еліміздің болашақта гүлденуі бүгіннен басталады. «Егемен Қазақстан», 11 қазан, 1997.
15. Макаренко А.С. Ата-аналар кітабы. –А., 1985.
16. Пинт А.О. Это вам, родители. М., Знание, 1971. 348-б.
17. Тажибаев Т. Философские, психологические и педагогические взгляды. Абая Кунанбаева. А-А., 1957
18. Я.А. Коменский Избранное педагогическое сочинения /Под ред. А.И. Пискунова и др/ -М: Педагогика, 1982.
19. М.Әуезов
20. А.Жумадуллаева. «Отбасы некелік тәрбие негіздері» Алматы 2007ж 143б
21. Баланың құқығы туралы конвенция. Алматы. «Дәнекерә, 2000. 24-б.
22. Педагогика. Қоянбаев Ж.Б. Алматы., 1999ж.
23. З.Әсемжанова «Менің отбасым – менің үйім» Бастауыш мектеп журналы 2005, № 9 25-26 б.
24. Әтемова Қ. «Қазақ отбасындағы тәрбие үрдісі» Қазақстан мектебі, 2006 №1
25. М.Азимов «Жанұя ықпалы» Бастауыш мектеп журналы, 1998 .6 12-13 б.
26. Амонашвили Ш.А. Личностно-гуманная основа педагогического процесса. М., «Университетское», 1990. 54-б.
27. Гребенников И.В. Основы семейной жизни. М., Просвещение, 1991. 208-б.
28. Болдырев Н.И. Сынып жетекшісі. –А., 1980.
29. М.Валиева Білім беру технологиялары және оларды оқу тәрбие үрдісіне енгізу жолдары. (әдістемелік нұсқау) – Алматы, 2002ж.
30. Минияров В.М. Психология семейного воспитания (диагностико-коррекционный аспект). – М.: МПСИ; Воронеж: Издательство НПО «МОДЭК», 2000. – 256 с. (Серия «Библиотека школьного психолога»).
31. Фалькович Т.А., Толстоухова Н.С., Обухова Л.А. Нетрадиционные формы работы с родителями. – М.: 5 за знания, 2005. – 240 с. (Серия «Методическая библиотека»).
32. Ш. Майғаранова. Мектеп оқушыларын рухани дамыту мәселелері. Алматы. «Ғылым» ғылыми орталығы, 2002.
33. Капралова Р. Сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізетін жұмысы, А., 1973.
34. Калейдоскоп родительских собраний. /Под ред. Алексеевой Н.А. Вып. 1.2. –М., 2001.
35. Арнаутова Е.П., Иванова В.М. Общение с родителями: зачем? –М., 1993.
36. Ж.Қоянбаев «Отбасы және балалар мен жеткіншектер тәрбиесі» Алматы 1990ж.
37. А.Сейтметова «Бала тұлғасының дамуы және оның тәрбиесі» Бастауыш мектеп журналы №5, 2005 ж.
38. Хямяляйнен Ю. Воспитание родителей. –М., 1993.
39. Жұмабаев Ә. Ата-аналар жауапкершілігі. –А., 1977.
40. Дереклеева Н.И. Родительские собрания. 5-11 классы. – М.: ВАКО, 2004. – 240 с. (Серия «Педагогика. Психология. Управление»).
41. Гаврилова Т.П. Учитель и семья школьника. –М., 1982.
42. Петряевская Л.Г. Образование родителей и школа. –М., 1999.
43. Білім мекемесі – оқу – тәрбие ордасы. Шымкент – Алматы 2002. Қожамжарова Р.Т., Бектенгалиева С.Х.
44. Педагогика. Харламов. М.: 1999ж.
45. Общая педагогика. Сластенин В.А. М.: Владос, 2002ж.
46. Егеменді Қазақстан» 7 наурыз 2003 ж. «АТА-АНАЛАР СЕМИНАРЫ ӨТТІ»
47. Ж. Қоянбаев. Семья және балалар мен жеткіншектер тәрбиесі. Алматы. «Рауан», 1990. 234-б.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
І БӨЛІМ МЕКТЕП ПЕН ЖАНҰЯ БІРЛІГІ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ДАМЫТУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 8
1.1 Оқушыларды жан-жақты дамытуда мектеп пен жанұя бірлігінің
педагогикалық негіздері 8
1.2Мектеп пен жанұя бірлігі - оқушыларды жан-жақты дамытудың бірден – бір
құралы 13
ІІ БӨЛІМ ОҚУШЫЛАРДЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ДАМЫТУДА МЕКТЕПТІҢ АТА-АНАЛАРМЕН БІРЛЕСЕ
ЖҮРГІЗЕТІН ТӘРБИЕЛІК ЖҰМЫСТАРЫ 28
2.1 Мектеп пен жанұяның оқушыларды жан-жақты дамытуда бірлесе атқаратын
жұмыстарының мазмұны мен міндеттері 28
2.2 Мектептің ата-аналармен жүргізетін жұмыстарының формалары мен
әдістемелері. 39
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ 48
ІV ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 51
V ҚОСЫМШАЛАР 54
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейтестілігі. Қазіргі кезеңде шапшаң жүріп жатқан
жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті бірқатар
дамыған елдерде бұл идея ұлттық қағидаға айналған. Әлемдік бәсекелестік
заманда әрбір адамның білім санасын, қабілеттілік деңгейін, іскерлік
мүмкінділігін анықтайтын адам ресурстарын дамыту мәселелері күн тәртібіне
өткір қойылып отыр, яғни адамның білімі мен біліктілігі қазіргі заманда
мемлекеттердің бәкесеге қабілеттілігінің ең маңызды көрсеткішіне айналды.
Сондықтан көптеген елдер бәсекеге қабілетті қоғам үшін адам ресурстарын
дамыту, әсіресе оның қабілетін арттыру сияқты арнайы бағдарламалар
қабылдауға кірісті. Сондықтан да, үздіксіз білім беру жүйесінің басты
міндеті – жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Бұл
әлеуметтік педагогикалық міндетті орындау үшін тәрбие жұмысымен тікелей
айналысушылардың жүргізетін тәрбие мазмұны қоғамның бүгінгі талабына сай
болуы керек. Жалпы білім беруде мектеп өзінің міндетін толық атқару үшін,
қоғамның оған қоятын әлеуметтік сұранысын ескере отырып, тәрбие мазмұнын
жақсарту үшін мектеп пен жанұяның бірлігін қамтамасыз ету қажет.
Қазақстан Республикасы Ата Заңының 27 бап 2-тармағында Балаларына
қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы
делінсе, Қазақстан – 2030 бағдарламасында әкелер мен аналардың, аталар
мен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін
күнделікті есте ұстауға тиіспіз. Біз өз балаларымызбен немерелерімізді
сонау алыс болашақта, олар біздің жасымызға жеткенде қандай күйде көргіміз
келеді делініп, ұрпақ тағдыры мен мемлекет тағдыры қатар қойылған. Демек,
балаға дұрыс бағыт беретін үлкен мықты тәрбие ошағы – отбасы болып
саналады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан-2030 жолдауында: ...Оқушыларды
қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде
тәрбиелеу аса қажет. Бүгіннен бастап, ұлттық мінез-құлық, биік
талғампаздық, тәкаппарлық, тектілік, білімділік, ұлттық намыс қасиеттерін
сіңіріп қалыптастыруымыз керек деген болатын. [1]
Өскелең ұрпақтың рухани жан-дүниесін білім нәрімен сусындатып, халқының
ерте заманнан жинақталған асыл мұрасымен байытып, ұлттық дәстүрлердің озық
үлгілерін санасына сіңіріп, Абайша сөйлесек, көкірек көзін оята тәрбиелеу
- ата-анадан басталып, мектепте жалғасып, бүкіл қоғам болып атсалысатын
жауапты міндеттердің ең бастысы. Осы тұста Мағжан Жұмабаев былай дейді:
Әрбір ел келешегіне қызмет етуге негізді балаларын тәрбиелейтін,
даярлайтын мектебінде салмақ. Бір елдің тағдыры мектебінің құрылысына
байланысқан нәрсе. Бұл – ескірмейтін игі сөз, өзгермейтін бір шындық.
Тарихты аз ғана болса да ақтарған кісі мұны біледі. Қазақтың тағдыры,
келешекте ел болуы мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі.
Мектебімізді таза, сау, берік, һәм өз жанымызға қабысатын, үйлесетін
негізге құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады. Сондай
негізге құра алмасақ, келешегіміз күңгірт. [2]
Келешек ұрпақты жан-жақты тәрбиелеуде, жаңа заманда көкірегі ояу,
ұлттық сана-сезімі жоғары саналы азаматты тәрбиелеу ұзақ әрі күрделі үдеріс
болып табылады. Сондықтан бұл мәселе бүгінгі таңда өткір қойылып, өз
шешімін табуды қажет етіп отыр. Аталмыш мәселені шешуде көптеген ойшылдар
мен ғалымдар өз үлестерін қосқан.
Отбасы тәрбиесі мәселелері Шығыстың ұлы ойшылдары Әл-Фараби,
Ж.Баласағұн, Қ.Иассауи, М.Қашғари, классик педагогтер Я.Коменский,
К.Ушинский, И.Песталоцци, қазақ ағартушылары Абай Құнанбаев пен
Ы.Алтынсарин еңбектерінде, кеңес педагогтері В.Сухомлинский, А.Макаренко,
Н.Крупская, қазақ зиялылары М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Әуезов және т.б.
еңбектерінде кеңінен орын алады. Бүгінде отбасы тәрбиесі мәселелері
қазақстандық ғалымдар С.Ғаббасов, Р.Қоянбаев, Г.Байделдинова, В.Лысенкова,
Р.Төлеубекова және т.б. тарапынан зерттелініп келеді.
Ал мектеп пен жанұяның бірлігі мәселесі бойынша Гиппенрейтер Ю.Б.,
Дереклеева Н.И., Карнеги Д., Кипнис М. , Минияров В.М., Фалькович Т.А.,
Толстоухова Н.С., Обухова Л.А., Хухлаева О. еңбектерін атап көрсетуге
болады. [3]
Біз зерттеу барысында мектеп пен жанұяның бірлігі негізінде оқушыларда
жан-жақты тәрбиелеуде балалардың ерекшеліктерін, даму өзгешелігін
зерттеген психолог ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, оларды
әлеуметтендіруде “әлеуметтік–педагогикалық” білімдермен, жұмыстар
жүйесінің, ақпараттық көмектің қажетті екендігін көре алдық.
Бұл мәселенің нақты зерттелуіне келер болсақ, Б.Т.Лихачев,
Е.В.Стребелова, Н.М.Михайлицкая, А.И.Прихожин, Н.Н.Толстыхтың және т.б.
еңбектерін негізге алуға болады. [4]
Жоғарыдағы аталған ғалымдардың еңбектерін саралай келе, біз аталмыш
мәселенің терең өз дәрежесінде зерттелмегенін айқындадық. Оқушыларды жан-
жақты дамытуда мектеп пен жанұяның бірлігіне қойылатын қоғам талаптары;
олардың әлеуметтік тұрғыдан қалыптасуына қоғамның, жанұяның толық
тартылмауы, көмек көрсетулері арасында; оқушыларды жан-жақты дамытудағы
кәсіби біліктілік пен жеке адам ретінде тиімді іс-шаралар ұйымдастыру
арасындағы мектеп пен жанұяның бірлесе жұмыс жүргізу ерекшеліктері мен
қажеттіліктері арасындағы; қайшылықтарды ескере отырып, тақырыпты
Оқушыларды жан-жақты дамытуда мектеп пен жанұяның бірлігі деп таңдап
алдық.
Зерттеу нысаны: Оқушыларды мектеп пен жанұяның бірлігі негізінде тәрбиелеу
үдерісі.
Зерттеудің пәні: Мектеп пен жанұяның бірлескен іс-әрекеті арқылы оқушыларды
жан-жақты дамыту.
Зерттеудің мақсаты: оқушыларды жан-жақты дамытуда мектеп пен жанұяның
бірлігін теориялық тұрғыдан негіздеу, мүмкіндіктерін айқындау және
практикада қолданыстағы олардың тиімді жолдарын белгілеу.
Зерттеудің міндеттері:
- оқушыларды жан-жақты дамытуда мектеп пен жанұяның бірлігін теориялық
тұрғыдан негіздеу;
- оқушыларды жан-жақты дамытуда мектеп пен жанұяның бірлігі ұғымының
мәнін ашу;
- оқушыларды жан-жақты дамытуда мектеп пен жанұяның бірлігінің
мүмкіндіктерін айқындау;
- оқушыларды жан-жақты дамытуда мектеп пен жанұяның бірлескен жұмысын
ұйымдастырудың практикада қолданыстағы тиімді жолдарын белгілеу;
Зерттеу әдістері:
Ғылыми-педагогикалық зерттеу тақырыптар бойынша философиялық психологиялық,
педагогикалық, экологиялық-әдістемелік, ғылыми ізденістердегі
әдебиеттерді теориялық талдау жасау, орта мектептердің оқу-әдістемелік
қүжаттарын талдау, зерттеу мәселесі бойынша озық педагогикалық іс-
тәжірибелермен танысып үйрену, талдау және қорыту; бақылау, сауалнама,
әңгімелесу, педагогикалық модельдеу;
Зерттеу көздері:
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы
қарарлары, тұжырымдамалары, Қазақстан Республикасы Білім
туралы заңы , мемлекеттік білім стандарты, оқу жоспарлары және
бағдарламалары.
- философия, педагог, психологтардың ғылыми-әдістемелік еңбектері мен
іргелі зерттеулері, озат тәжірибелі мұғалімдердің сабақтары.
Зерттеу базасы. Түркістан қаласы, №1 орта мектебі, М.Әбенова атындағы
орта мектебі.
Диплом жұмысының құрылымы: диплом кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеудің көкейкестілігі мен маңыздылығы негізделді,
жұмыстың мақсаты, объектісі, пәні анықталды, зерттеудің міндеттері мен
практикалық маңыздылығы, зерттеу әдістері көрсетілді.
Мектеп пен жанұя бірлігі негізінде оқушыларды жан-жақты дамытудың
теориялық негіздері атты бірінші бөлімде философиялық, психологиялық,
педагогикалық ғылыми еңбектерге талдау жасалып, оқушыларды жан-жақты
дамытудың педагогикалық негіздерінің қазіргі теориядағы және практикадағы
жай-күйі зерделенді, үздіксіз білім беру процесінің тұжырымдамасының
қалыптасу кезеңдері жіктеліп, мектеп пен жанұя бірлігі - оқушыларды жан-
жақты дамытудың бірден - бір жолы мәселелері, оқушыларды жан-жақты
дамытуда мектеп пен жанұяның бірлігі ұғымының мәні оқушыларды жан-жақты
дамытуда мектеп пен жанұяның бірлігі ұғымының мәнін ашу маңызы
айқындалды.
Оқушыларды жан-жақты дамытуда мектептің ата-аналармен бірлесе
жүргізетін тәрбиелік жұмыстары атты екінші бөлімде мектеп пен жанұяның
оқушыларды жан-жақты дамытуда бірлесе атқаратын жұмыстарының мазмұны мен
міндеттері айқындалып, мектептің ата-аналармен жүргізетін жұмыстарының
формалары мен әдістері сарапталып, олардың тиімді жолдары белгіленді.
Қорытындыда зерттеу жұмысының нәтижелері мен тұжырымы баяндалды,
ғылыми-практикалық ұсыныстар берілді. Зерттеу проблемасына байланысты
болашақтағы атқарылатын жұмыстың бағыттары белгіленді.

ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

педагогикалық негіздері
Педагогика ғылымы тәрбиенің мақсатын жеке адамды жан – жақты дамыту,
әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатын азамат етіп
тәрбиелеу деп қарастырады. Тұлғаны жан – жақты жетілдіріп, дамыту деген
ұғымды оқу мен жастардың практикалық еңбегінің тікелей байланысы, дененің
және ақыл – ой дамуының біртұтастығы деп түсіну керек.
Жеке тұлғаны жан – жақты дамыту идеясы ертедегі Грек мемлекетінде пайда
болып, өткен дәуірдегі алдыңғы қатарлы прогресшіл ойшылдарды терең
толғантты. Педагогикалық және философиялық еңбектерден жан – жақты дамыту
идеясы туралы көзқарастар қайта өрлеу дәуірінен бастау алғанын байқаймыз
ХV-XVI ғ.ғ.. Олардың негізінде дене және рухани сұлулықтың үйлесімді
дамуын айта келе, оған жету тек адамдардың өнермен, гимнастикамен айналысуы
жағдайында ғана жүзеге асады деп дәлелдейді. Бұндай көзқараста еңбек
қызметінің маңызы қарастырылмаған. Себебі, еңбек қызметі тек құлдарға ғана
тәуелді болған. [5]
Аристотельдің көзқарасында дене, адамгершілік және ақыл – ой тәрбиесі
тұлғаның жан – жақты дамуы ретінде қарастырса, қайта өрлеу дәуірінде
гуманистер Витторино да Фельтре, Ф.Рабле, М.Мантень, Э.Роттердамский жан –
жақты идеясын дамыта отырып, тұлғаның эстетикалық дамуы қажеттілігіне назар
аударады. Кейіннен жеке тұлғаның жан – жақты үйлесімді дамуы жайында
пікірлер социал-утопистер Томас-Мор, Т.Кампанелла, Р.Оуэн, Сен-Симон
еңбектерінде де дұрыс көзқарасқа әрі толық мазмұнға ие болды. Олар қоғамның
барлық мүшелері қатысқан еңбек пен оқытудың бірлігін жан – жақты даму деп
қарастырды. Бірақ та қанаушы тапқа бөлінген қоғам жағдайында бұл ойды
жүзеге асыру мүмкіндігі болмады. Сондықтан да бұл арман утопистік сипатта
қала берді. [6]
XVIII ғасырдағы француз философ-ағартушылары Гельвецию және Дидро
еңбектерінде бұл ойдың негізіне ақыл – ой мен адамгершілік тәрбиесін
қарастырды. Ж.Ж.Руссо бұл пікірге терең талдау жасап, табиғатпен дұрыс
қарым – қатынас жасай білетін барлық балаларды еңбекке тарту қажеттігі
жайында өз пікірін уағыздайды.
Жан – жақты дамыту идеясын орыстың революцияшыл-демократиялық
педагогикасының негізін қалаушылары Н.Г.Чернышевский мен Н.А.Добролюбовтар
да қолдады. Н.Г.Чернышевский тәрбиенің мақсаты жайлы – қоғамдық идея
жағынан ұстамды күрес адамын, революционерді тәрбиелеу, халық мүддесін
ойлайтын азаматтық істерге араласа алатын, адал ниетті адамдар тәрбиелеу
деп жаңа қоғам үшін күрескерлерге қажетті қасиеттер жөнінде өз көзқарасын
білдіреді.
Жеке тұлғаның жан – жақты дамуын қалыптастыру дегеніміз:
-отанына берілгендікті, оның бостандығы мен тәуелсіздігін қорғауға
дайындығын, бейбітшілік үшін, халықтардың достығы мен ынтымағы үшін,
еңбекшілердің бақыты үшін арнаулы даярлықта тәрбиелеу;
-ғылым, мәдениет, техника саласындағы білімдер жүйесін және өндірісті
ұйымдастырудың даму жағдайларын игере білуін тәрбиелеу;
-адамгершілік қасиеттерді барынша құрметтеушілік, адамдарға деген
қамқорлық жасау және оларға ілтипатпен қараушылық, жолдастық пен адалдық,
шыншылдық, жауапкершілік сезімдерге тәрбиелеу;
-еңбекте адал қарым – қатынасын, қоғам игілігі үшін материалдық өндіріс
саласында еңбек етуге даяр болуы, еңбек ету қажеттілігін түсінуге, еңбек
адамын құрмет етуге тәрбиелеу,
-әсемдікті барынша сезіне білуді, шын көріктілікті жасандылықтан
ажырата білуді, музыкаға, өнерге, әдебиетке ынтасын үнемі жетілдіруге
талпынысын, құштарлығын, табиғатты сүюге тәрбиешілерді тәрбиелеу,
-денсаулығы мықты және дене құрылысы жақсы дамыған, дене шынықтырумен
спортпен үнемі шұғылданатын адамды тәрбиелеу;
-табиғатты қорғау, оның байлығын көздің қарашығындай сақтау, адам
өмірінің бастауы – жер, су, ауа, аң, өсімдіктерді бағалау, қастерлеу,
сақтау рухында тәрбиелеу, т.с.с. [7]
Әрбір мектеп мұғалімінің алдында, міне осындай оқушы тұлғасын тәрбиелеп
шығару міндеттері тұр. Бұл міндеттерді шешу әсіресе тұлғаның балалық,
жастық және жасөспірім шақтарында жүзеге асырудың маңызы ерекше.
Тұлғаны барлық жағынан дамытып тәрбиелеу, жас ұрпақты қоғам құрылысына
белсене қатысуға әзірлеу міндеттері мектеп арқылы жүзеге асырылады.
Мектепте білім және тәрбие алу барысында жас түлектердің ақыл – ойы дамиды,
адамгершілік қасиеттері қалыптасады, ой еңбегіне төселеді, рухани өмір
байлығын меңгереді, эстетикалық сезім, талғамы артады... Соған сәйкес
мектеп тәрбие беру ісін бірыңғай мақсатты, жүйелі түрде ұйымдастырылуын
қамтамасыз етеді.
Тәрбие мақсатына сай бұл мәселелерді ұйымдастыру немесе жүзеге асыру
тәрбиенің салалары: ақыл – ой тәрбиесі, азаматтық тәрбие, адамгершілік
тәрбиесі, эстетикалық және дене, экологиялық т.б. көптеген тәрбие
міндеттерін жүзеге асыру негізінде атқарылады. Бұдан арғы жерде бұлардың
әрқайсысы жеке тарауларда қарастырылады.
Жеке тұлғаны жан – жақты дамыту міндеттерін жүзеге асыру үшін оған
әлеуметтік те, сондай-ақ белгілі бір материалдық та жағдайлар жасау қажет.
Ол үшін:
1. Халыққа білім беру жүйесін үнемі жетілдіріп, дамытып отыру;
2. Оқу – тәрбие беретін мекемелердің материалдық-техникалық базасын
үнемі жақсартып отыру,
3. Күндізгі және сырттай оқу орындарының жүйесі арқылы, өздігінен білім
алу жолымен де жастардың білім алуы үшін кең мүмкіндіктер беру;
4. Мәдени – ағарту мекемелерінің жүйесін құру: клубтар, мәдениет
сарайлары, кітапханалар, лекторийлар т.б. ұтымды ұйымдастыру;
5. Жастардың денсаулығына қамқорлық жасау, олардың жаппай дене
тәрбиесімен күн сайын айналысуын насихаттау, мүмкіншілік жасау.
Спорт секцияларын ұйымдастырып, спорт залдарын қажетті жабдықтармен
қамтамасыз ету,
6. Халықтың әл – ауқатын, тұрмыс – жағдайын, материалдық ахуалын
жақсарту,
7. Тәрбие процесінде халықтық педагогиканы кеңінен пайдалану. Аға
ұрпақтың әлеуметтік тәжірибесін меңгерту,
8. Жастардың бос уақытын, демалысын тиімді ұйымдастыру, өздері қалаған
шығармашылық жұмыстармен айналысуға барынша қолдау көрсетіп,
жағдайлар туғызу,
9. Тәрбиешілердің білім дәрежелері мен шеберліктерін үнемі жетілдіріп
отыру қажет.
Осы мәселелерді өскелең өмір талабына сай ұйымдастыру, жас ұрпақты
үйлесімді етіп тәрбиелеудің негізі болмақ.
Жеке тұлғаны барлық жағынан қалыптастыруда тәрбие салаларының
міндеттерін жүзеге асыру, олардың бірлігі мен өзара байланысын қамтамасыз
етудің маңызы зор. Себебі, жеке тұлғаның қасиеттері жеке дара
қалыптаспайды. Керісінше, олар әрдайым бір мезгілде, тұтастық принципіне
сай құрылады. Сондықтан да тәрбие процесін жоспарлау, оның мазмұны мен
әдістерін, сондай-ақ нәтижесін жүйелі есепке алу, бағалаудың бірлігін ,
өзара байланысын қамтамасыз ету әсіресе мектептің осы бағыттағы
жұмыстарының негізгі бір буыны болып есептелінеді.
Кешенді көзқарас тәрбие үдерісінде және оны басқаруда жүйеліліктің
болуын да қарастырады. Тәрбие процесін басқарудың нәтижелі болуы ондағы
ішкі және сыртқы себеп-шарттарын және олардың өзара байланысын ескерген
жағдайда болады. Ол үшін сол себеп-шарттардың жай-күйін және олардың ықпал
ету жағдайын алдын ала білу қажет.
Қазіргі жағдайда тәрбие беру жұмысының тиімділігі мен сапасын
арттырудың негізгі жолы – барлық тәрбиелік іс – шараларды ұйымдастыруды
кешенді түрде жүргізу, яғни оқушылардың жеке басы мен әртүрлі әлеуметтік
топтарын ескере отырып, тәрбие салалары: ақыл – ой, адамгершілік,
эстетикалық, дене және еңбек, құқықтық пен экологиялық тәрбиелерінің өзара
тығыз бірлігін қамтамасыз ету. Соған сәйкес оқыту мен тәрбиелеу қызметінің
бірлігін қамтамасыз етудің маңызы ерекше.
Тәрбие берудің кешенділігін қамтамасыз ету барлық тәрбие беру
мекемелерінің, соның ішінде мектептің жұмысын ұйымдастыра жүргізудің де
қызметі ерекше. Оқушылардың тәрбие процесін ұйымдастырудағы мұндай көзқарас
қоғамның әрбір жеке тұлғаны жан – жақты үйлесімді дамыту мақсатына толық
сай келеді. [8]
Кеңестік педагогиканың алғашқы қалыптасып даму кезеңдерінде тәрбие
теориясының жалпы негіздерін жасауға, оның негізгі мазмұнын, принциптерін,
формалары мен әдістерін ашып көрсетуге бағытталса, 30 жылдардан бастап
тәрбие беру қызметінің жеке түрлерін, ақыл – ой, атап айтсақ, қоғамдық –
саяси, адамгершілік, эстетикалық, атеистік, еңбек тәрбиесі мәселелері
ерекше маңызға ие болып, олардың қызметін жеке дара зерттеу, талдау
жұмыстарына баса назар аударылды. Дегенмен де олардың қызметі бір – бірінен
оқшау қарастырылды. Яғни, педагогикалық әдебиеттерде тәрбие беруге
функциональдық тұрғыдан қарау кең етек алды. Тұлғаны біртұтастық
(целостность) принципте қалыптастыру мәселесі жеткілікті түрде зерттелмеді.
Бүгінгі бұл мәселеге мақсатты көзқарас 70 жылдардың бастапқы кезеңінен
бастау алып, педагогика ғылымдарында айрықша мәнге ие болды, соның
нәтижесінде күні бүгінге дейін жеке тұлғаны қалыптастырып дамытуға жан –
жақты ықпал ету қызметінің бірлігі мен өзара байланысына баса назар
аударылуда. Мұндай көзқараста тәрбие салалары бір – бірінен оқшауланбай,
тығыз байланыста және өзара тәуелділікте жүзеге асырылуы міндеттелінеді.
Нәтижесінде тәрбиеленуші жас ұрпақтың сана – сезіміне, мінез – құлқына, іс
- әрекетіне бір мезгілде жүйелі түрде ықпал етуге мүмкіндік береді.
Нәтижесінде индивид жан – жақты үйлесімді қалыптасқан тұлға ретінде дамиды.
Дегенмен де тәрбие салаларының өзіндік ерекшеліктері, өзіне тән
қасиеттері бар. Тәрбие процесінде оларды да ескермеуге болмайды. Бірақта
олардың бәрі бірегей мақсатқа – жеке тұлғаны жан – жақты үйлесімді
қалыптастыруға бағытталуы тиіс.
Олай болса, жан – жақты үйлесімді дамыған адам деп - өзінің бойындағы
рухани байлықты, моральдық тазалықты және дене жағынан жетілгендікті
үйлестіре, ұштастыра білген, сана – сезімі жоғары, өмірдің түрлі
салаларында белсенді қызмет етуге қабілетті, ізгіленген және қарекетшіл
тұлғаны айтуға болады.
Қорыта айтқанда, тұлғаның жан – жақты дамуына арқау болатын Мағжан
Жұмабаевтың айтқан Тәрбиедегі мақсат – адам деген атты құр жала қылып
жапсырмай, шын мағынасымен адам қылып шығару деген пікіріне қосыла отырып,
ол үшін әрбір тұлғаның өзіне тән адами қасиеттерін қалыптастырып, дербес
ерекшеліктерін жан – жақты әрі үйлесімді дамыту қажеттілігіне сай
көзқараста тоқталамыз. [9]

құралы
Салауатты отбасы - өркениетті қоғамның талабы. Ұрпақтан ұрпаққа
беріліп отыратын дәстүрлер мен ізгі мұраттар тек отбасында ғана дамып,
байытыла түседі. Тәрбиенің бастапқы әліппесін бала отбасында алып, онда
адамгершілік пен ізгіліктің негізі қаланады. Сонымен қатар отбасы
сүйіспеншіліктің мектебі болғандықтан, онда әрбір адам: әйелі мен ері,
әкесі мен анасы, қызы мен ұлы, ағасы мен қарындасы бола жүріп,
сүйіспеншіліктің әр түрлі өлшемдерін танып біледі, адамды өзара
түсіністікке алып келетін шынайы да тұрақты сүйіспеншіліктің дәстүрлері де
тек салауатты отбасында қалыптасады. Әрбір отбасы қоғамның кішкентай бір
бөлігі болып табылатындықтан, қоғамды өркениеттілікке жеткізу, ең алдымен,
әрбір отбасындағы өмірді дұрыс ұйымдастырудан басталмақ.
Қазіргі кездегі мектептің қойып отырған талабы – жеткіншек ұрпақтарды
негізгі пәндермен терең де, берік қаруландыру, ал меңгерген ілімдерді
күнделікті өмірде өз деңгейіндегі іскерлік – шеберліктермен қолдана білу.
Мұндай күрделі мәселені мектеп тек қана ата-анамен бірігіп жұмыс істеуі
нәтижесінде шеше алады.
Мектепке барған бала еңбектің жаңа түрі – оқумен шұғылдана бастайды.
Бірінші сынып оқушыларының көбінің оқуға деген талабы болады. Бұл бірақ
алғашқы мектепке, оқуға деген сыртқы еліктеу. Сондықтан оқушының осы
бастауыш сыныптан бастап оқуға деген қызығушылығын қалыптастырмаса, оқу
жылының соңында бірінші сынып оқушысының оқуға, тіптен мектепке бару талабы
жойылады. Сол себепті ата-ана баласының оқып жүргеніне немқұрайды қарамауы
тиіс. Амал жоқтықтан оқып жүрген оқушы өзіне жанұяға, мектепке де көптеген
реніш әкеледі. Ата-ана осыған байланысты баласының мектепке барған күннен
бастап оның оқуына, тәртібіне көңіл бөліп, тиісті дәрежеде қадағалап
көмектесуі керек.
Бірінші сынып балаларына оқуға және алғашқы мұғаліміне деген
сүйіспеншілік пайда болады. Ата-ана мұны әрқашан қолдауы тиісті. Мұғалім
туралы айтқан дөрекі сөздер ол мұғалімнің абыройын төмендетіп, баласының
мұғалімге, ол жүргізетін пәнге деген қызыушылығын жойып жібереді. Ата-ана
баласының кейбір мәселені білмей, шеше алмай жатқан кезінде оны кекетпеуі
керек, себебі ол баланың алғашқы қадамдары. [10]
Егер бала ата-анасының сабақ дайындау барысында қиын мәселелерді шешуге
көмектесетінін білсе, оларды сыйлаушылығы артады. Төмен баға алса, олардан
ұялып қысылады. Сөйтіп, келесі жолы жақсы баға алып, ата-анасын қуантуға
тырысады. Ата-ананың көп қателесетін мәселесі, ол мұғалімнің бірінші сынып
оқушыларына қоятын баға жөнінде. Кейбір ата-ана баласын тек ғана 4 пен
5 алуы тиіс деп те айтады. Мұны естіген бала ата-анасының жазалауынан
қорқып 2 немесе 3 бағасы тұрған күнделіктің бетін жыртуға, бағаны
түзетуге немесе басқаша жолдар арқылы оларды алдауға барады. Сол себепті
ата-ана баға баланың оқуындағы маңызды, бірақ басты мәселе емес екендігін
білулері керек. Тек жақсы баға үшін оқыған балада танымдық қызмет пен
қызығушылықтың жақсы дамуы екі талай. Сонымен қатар бала өтірік айтуға, тек
өзіне пайдалы жаққа ғана әдістенуге, жағымсыз қылықтарға үйренеді. Ата-ана
баласының сабақ дайындау барысында қиын мәселелерді шеше алмай жалғыз
қалуына жол бермеуі керек. Егер баласы 2 алса, оның себебін біліп, оны
тез арада жою шараларын қолдануы керек. Үштік бағамен де қанағаттанғаны
дұрыс емес. Бұл баға да баланың біліміндегі олқылықты көрсетеді. Сол
себепті 2 мен 3 деген баға оқушыға көмек керек екендігі жөніндегі
хабарлама болып табылады. Ата-ана баланың үйде жасайтын өзіндік жұмысына
қажетті жағдай жасауы керек. Бала өз оқуының туған-туыстары үшін аса
маңызды екенін түсінуі тиіс. Ата-ана баланың бойына лайықты үстел, кітап
сөре, оқу құралы, қалам, қара және түсті қарындаш, өшіргіш тағы басқа да
құрал-жабдықтары бар оқушы бұрышын жасауы керек.Оқуға барған күннен бастап
бала үйге белгілі бір уақытта сабақ дайындауы үшін күн тәртібі болуы тиіс.
Бала сабақ дайындағанда бөлмеде тыныштық болғаны жөн. Осыдан-ақ бала әке-
шешесінің оның оқуына үлкен мән беретінін байқайды. Үйде сабағын тамақ
ішетін үстелде дайындайтын балалар бар. Мұндай жағдайда ата-ана сабағыңды
үстелдің үстінен басқа жаққа алып кет, не қоя тұр деп ұрсады. Тамақ ішіп
болған соң ата-ана теледидар көреді, сабақ дайындауға қолайлы жағдайы
болмаған бала да солармен теледидар көріп, ұйықтайды. Ертеңгі күні әрине
сабақ дайындамаған бала 2 деген баға алып келеді. Сөйтіп, сабақ оқуына
жағдай жасалмаған, мән берілмеген баланың сабақ оқуға қызығуы бірте-бірте
азаяды. [11]
В.Сухомлинский тәрбиені отбасы жағдайын зерттеуден бастайды. Ол
баланың сабақ үлгерімінің жақсаруымен қоса денсаулығының мықты болуына, ой-
өрісінің кеңеюіне көңіл бөлді және балалардың 3-4 сыныптарға дейін
бірқалыпты, тәртіпті болып келіп, 4-сыныптан кейін біртіндеп өзгере
бастайтындығын түсіндірді. Ересектік кезең – бала тәрбиелеудегі ең қиын
кезең екендігін айта келіп, ата-аналарды балалармен сырласуға шақырады.
[12]
Л.Керімов қиын балалар тәрбиесі мәселесіне арналған зерттеулерінде
қиын оқушыны зерттеуді, ең алдымен, отбасындағы тәрбие жағдайын білуден
бастауды ұсынады. Баланың жетіліп қалыптасуында отбасының орны ерекше
екенін түсіндіре келе, оқушыны қиын атануға алып келетін ата-аналардың
балалармен, мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасындағы бірнеше
кемшіліктерді көрсетіп берген. Бұл қиындықты шешудің негізгі бірден-бір
жолы – отбасындағы ізгілікті қарым-қатынастарды орнату. [13]
М.Жұмабаев Педагогика атты ғылыми еңбегінде Жас бала – жас бір
шыбық, жас күнде қай түрде иіп тастасаң, есейгенде сол иілген күйінде қатып
қалмақ деп түйін жасайды. [2]
Елбасы Н.Назарбаевтың Ғасырлар тоғысында еңбегінде Тәрбиенің түпкі
мақсаты – қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде экономикалық және
рухани дағдарыстарда жеңіп шыға алатын ізгілігі мен XXI ғасырды құрушы
іскер, өмірге икемделген жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеп
қалыптастыру деп айқын көрсетілген. [14]
Бала тәрбиесі - өмірдің ең өзекті мәселелерінің бірі. Қай кезде болсын
отбасы бала тәрбиесінің мәселелері назардан тыс қалған емес. Бұл туралы аса
көрнекті педагог В.Сухомлинскийдің мына ойын айтуға болады: Бала ата-
ананың адамгершілік өмірінің айнасы. [12]
Отбасы тәрбиесінде бала ата-анасының мінез-құлқы шешуші факторлардың
бірі. А.С.Макаренконың балалар тәрбиесі жайлы Сіз өз балаларыңыздың
тәрбиесін бастамастан бұрын өзіңіздің жеке мінез-құлқыңызды тексеріңіз, ата-
аналардың өздеріне талап қойып, өз отбасын қадірлей білу, өзінің әрбір
қадамын қадағалап отыруы – тәрбиенің ең бірінші және ең басты әдісі дегені
бекер емес. Сондай-ақ О.Кунц Жақсы адам тек оны дұрыс тәрбиелегенде ғана
қалыптасады деп дұрыс тәрбиелеу үшін ата-аналардың мына жағдайды ескеру
керектігін айтады: білім, отбасы ахуалы, педагогикалық такт және талап
қоюшылық, ата-аналар мен балалардың идеялық тұлғасы, ата-аналар әрекет
бірлігі. [15]
В.И.Дальдің Тәрбиеші тәрбиеленушісін қандай жасағысы келсе, өзі сондай
болуы шарт - дегеніндей, осы зор мұраларымызды ата-аналар балаларға үйрете
жүріп, үйренгені дамыған елдің ұрпағын баулитын отбасының даналығының арта
беретіні сөзсіз.Ал Пинттің пікірінше, ата-аналар балаға жақсы тәрбие беруі
үшін оның мінез-құлқындағы әрбір ұсақ-түйектерді байқап білуге қабілетті
болуы керек. Педагогтар секілді кез-келген ата-анаға педагогикалық такт
қажет. Олар балаларды суықтап қалудан, әртүрлі аурулардан қорғап, алдын
алып жүреді де дөрекі сөздер мен әрекеттер арқылы олардың жүйке жүйелеріне
кері әсер ететінін ескере бермейді дей келе, бала тәрбиесінде ата-аналардың
бойында педагогикалық байқағыштық, елестету, педагогикалық такт және
ұйымдастырушылық қабілеттерінің болуын ұсынады. [16]
Ұлы Абай атамыз Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы
ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады деп көрегендікпен ой түйген. Бала
өміріне қажетті тәлім-тәрбиені ірге тасы ата-ана арқылы отбасында қаланады.
[17]
Е.Ильиннің ...оқушылардың рухани дүниесін дамытпай, білім беру
қажетсіз дүние. Мұғалімнің зерттеу нысаны – оқушының жеке жан дүниесін
қалыптастыра отырып рухани адамгершілікке тәрбиелегенде ғана олардың
өздігінен жетілуіне мүмкіндік жасалады дегені мәлім. Ал Макаренко: Тәрбие
– баламен сөйлесумен, оған ақыл-кеңес берумен ғана шектелмейді. Тәрбие
тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі-
өнеге көрсетуінде,- деген ғой. Сондай-ақ оның бала саны және бала тәрбиесі
туралы ақыл ойларының әлеуметтік және педагогикалық мәні өте зор. Ол өзінің
Ата-аналар үшін кітап атты еңбегінде қоғамдағы көкейкесті мәселелер
қарастырылған. [15]
Г.Песталоцци бала дамуындағы тәрбие жұмыстарының рөлін жоғары бағалап,
отбасында және мектепте жоспарлы түрде тәрбиені ұйымдастыру қажеттілігін
атап көрсеткен. Атақты грек философы Аристотель барлық адамдарға мемлекет
тарапынан тәрбие беруді жақтап, дене, ақыл-ой, адамгершілік тәрбиенің
байланысын, қоғамдық және отбасы тәрбиесінің сабақтасын көздеді. Ежелгі
грек ғалымы Платон ұлды тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қызды
тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз деп тұжырымдаған. [6]
В.Г.Белинский Тәрбие - ұлы іс, тәрбие арқылы адам тағдыры шешіледі
десе, Д.И.Менделеев: Тәрбиесіз білім – есуастың қолындағы қылыштай деген
болатын. Ал, Коменский Тәрбиені мойындамау – адамдардың, жанұяның,
мемлекеттің және бүкіл әлемнің құруы,- деген пікір білдірген. Біздің
мақсатымыз – оқушыларымызды мүмкіндігінше жан-жақты тәрбиелеу.
М.М.Пришвиннің сөзін келтірсек Оқушы – жастарымыз дұрыс тәрбиеге наннан да
артық душар. [18]
Көптеген зерттеулер көрсетіп отырғандай, қазақ халқында баланы
тәрбиелеуде отбасы басты рөлді атқарған, оның негізі – ұлттық салт-
дәстүрлер болған екен. Бұған ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезовтың Ел болам
десең, бесігіңді түзе деген астарлы ойы дәлел. [19]
Отбасы–некеге немесе қандас туысқа негізделген қоғамдық шағын топ,
адам тұрмысын ұйымдастырудың бастапқы нысанасы, яғни тұрмысының ортақтылығы
мен және өзара моральдық жауапкершілік, көмекпен байланысқан адамдардың
бірлесуі. Отбасы қоғамның дамуында маңызды рөл атқарады. Онда адам дүниеге
келіп, ұрпақ жалғасады. Отбасында бастапқы әлеуметтану үрдісі жүзеге асады,
балалар азаматтық кәмелетке толғанша тәрбиеленеді, қоғамның еңбекке
жарамсыз қарт мүшелеріне қамқорлық жасау міндеттемесі іске асырылады.
Отбасы сондай-ақ тұрмысты ұйымдастырудың ұйытқысы, ошағы және маңызды
тұтынушылық бірлік әрі негізгі элементтік саясат объектілерінің бірі болып
табылады. Отбасы өмірінің материалдық жағы табиғи биологиялық және
шаруашылық – тұтыну қатынастарынан тұрады, рухани жағы – қоғамдық-
экономикалық жүйенің, қоғамдық қатынастардың сипатымен, мәдени-даму
дәрежесінің ерекшеліктерімен, ұлттық әдет-ғұрып үрдісімен сипатталады. [20;
34-35 бб. ].
Қазіргі заманда отбасы тәрбиесінің жағдайына әлемдік деңгейде мән
беріліп отыр. Оған дәлел 1989 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы қабылдаған,
кейіннен 1995 жылы Қазақстанда қабылданған Баланың құқығы туралы
Конвенция бола алады. Онда Бала толық және гармониялы дамуы үшін, ол
мейірім мен өзара түсіністігі бар, қызығушылыққа көп көңіл бөлетін бақытты
ахуалдық ортасы бар отбасында өсуі қажет. Сондай-ақ, бала әлі дене, ақыл-
ой жағынан толыққанды жетілмегендіктен, олар туылғанға дейін де,
туылғаннан кейін де ерекше мейірімділікке, қамқорлыққа, әсіресе, құқықтық
қамқорлыққа мұқтаж делінген. Конвенцияда әрбір ата-ана жасөспірімдердің
өркениетті елдерде қазіргі заман талабына сай білім алуын қамтамасыз етуге
міндетті екендігін айта келіп, ол білімдердің мына бағытта: баланың жеке
басын, талантын, дене және ақыл-ой қабілетін дамыту; адам құқығын
құрметтеу; баланы өз ата-анасын сыйлауға, оның мәдени тұрмыс-салтын, тілі
мен құндылықтарын, елінің ұлттық байлықтарын бағалауға тәрбиелеу; баланы
еркін қоғамда ынтымақтастық, түсіністік, ұлт аралық қарым-қатынаста достық
рухында саналы өмір сүруге дайындау; қоршаған ортаға жанашырлыққа тәрбиелеу
жүзеге асырылуы керектігін ұсынады.[21]
Бүгінде тәрбие берудің ауқымы кең, талабы жоғары. Соған сай заман
талабы бүгінгі отбасына үлкен жауапкершілік пен жоғары білімділікті жүктеп
отыр. Жеке тұлғаның қалыптасуына ықпалы ерекше болғандықтан, отбасы
тәрбиесіне философиялық, әлеуметтанушылық, психологиялық және педагогикалық
зерттеулерде ерекше көңіл бөлінген. Бүгінге дейін отбасы және ондағы бала
тәрбиесін ұйымдастыру мәселелері қазақстандық ғалымдар Ж.Қоянбаев,
Р.Қоянбаев, Л.Лысенко, Р.Төлеубекова, Г.Байдельдинова, Ж.Әбиев және т.б.
тарапынан зерттеліп келді. Олар өз зерттеулерінде ұлттық ділді ескере
отырып қоғам талабына сай бала тәрбиесін ұйымдастырудың жолдарын көрсетуге
тырысады. Философ Р.Нұрғалиев өзінің сөздігінде отбасы – ерлі-зайыпты
одаққа және туыстық байланыстарға негізделген әлеуметтік қауымдастықтың
түрі деп көрсетсе, ғалым Қоянбаевтар өздерінің педагогикалық еңбектерінде
Отбасы – ол бірге тұратын некеге негізделген қандас туыстар тобы деп
анықтама береді. Отбасының типтері, оның қызметтері, психологиялық ауан мен
отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы ондағы бала тәрбиесіне өзіндік
әсерін тигізеді. [22]
Біздің қоғам үшін әр кезеңде, әр отбасында өсіп келе жатқан өрімдей ұл-
қыздардың дені сау, рухани әлемі бай, құштар болып өсуі, сонымен қатар
туған халқы мен Отанына адал болып өсуі ең жоғары тілек, биік мақсат болып
келген. Оның қуат алар қайнар бастауы – отбасы.
Отбасы баланың жеке басының қалыптасуына екі жақты әсер етеді.
1. Отбасының материалдық жағдайын сипаттайтын өзіндік өмір сүру дәстүрі
арқылы, яғни отбасы мүшелерінің материалдық және рухани қажетсінуі мен
әлеуметтік құндылықтары арқылы әсер етеді.
2. Әлеуметтік және белгілі бір мақсатқа бағытталған
тәрбиелік шаралар арқылы әсер етеді.
Бұл, көбінесе, отбасындағы негізгі көзқарас пен тәрбие үрдісі қоғамның
тәрбиелік мақсатына, идеялық, адамгершілік және эстетикалық талаптарына
қаншалықты сәйкес келуіне байланысты жүзеге асырылады. [23]
Ата-аналар отбасындағы өмірді дұрыс ұйымдастыру үшін оларға белгілі бір
білімдер мен қабілеттіліктер қажет. Осы тұста Ресей ғалымы А.Пинт Ата –
аналар балаға жақсы тәрбие беру үшін оның мінез-құлқындағы әрбір ұсақ-түйек
өзгерістерді байқап білуге қабілетті болуы керек. Педагогтер секілді кез-
келген ата-анаға да педагогикалық такт өте қажет. Олар балаларын суықтап
қалудан немесе әр түрлі ауруға шалдығудан қорғап, алдын алып жүреді де,
өздерінің дөрекі сөздері мен әрекеттері арқылы олардың жүйке жүйелеріне
кері әсер ететінін ескере бермейді дей келіп, бала тәрбиесінде ата-
аналардың бойында педагогикалық байқағыштық, педагогикалық елестету,
педагогикалық такт және ұйымдастырушылық қабілеттердің болуын ұсынады. [16]
Бұл мәселені тиімді шешу үшін ата-аналардың педагогикалық білімін
көтерудің бүгінгі күнгі бірден-бір ошағы – мектеп. Бұл, ең алдымен, ата-
аналармен жұмыс жүргізуде олар білуге тиісті білімдерді өмір талабына сай
насихаттап отыру бүгінгі сынып жетекшісінен терең білімділікті қажет етеді.
Дегенмен, бүгінгі отбасыларындағы ата-аналардың бала тәрбиесін заман
талабына сай ұйымдастырудағы қабілеттері мен мүмкіндіктері бірдей болмай
отыр. Қазақ зиялыларының бірі М.Жұмабаевтың тәрбиедегі мақсат – баланы
тәрбиешінің дәл өзіндей етіп шығару емес, келешек өз заманына лайық қылып
шығару деп айтуы балалар тәрбиесінде ата-аналар алдында үлкен
жауапкершіліктің тұрғандығын дәлелдейді. Әрине, отбасы өзінің дербес
әрекеті арқылы тәрбие саласында ауқымды мәселерді шешуде әлсіздік танытады.
Ол үшін отбасы мен мектептің өзара бірлігін нығайту өте маңызды. Ал тәрбие
қоғамдық құбылыс болғандықтан, оны қоғам талаптарынан тыс ұйымдастыру
мүмкін емес. Бұл тұста үштік одақ: мектеп, отбасы және қоғамдық мекемелер
жұмысындағы өзара сабақтастық, бірлік және ынтымақтастық өз үйлесімін
табуы тиіс.
Бүгінгі отбасы тәрбиесінің барысын екі жақты қырынан байқауға болады.
Біріншісі, отбасының мектеппен бірлесе әрекет етуге өте ынталы болып
отырғандығы. Мұнда ата- аналар балаларының сапалы білім алып, жан-жақты
дамуы үшін оларды ең таңдаулы мектептерге оқуға береді. Оқушылардың ұлттық
тәрбие алуымен қоса әлемдік тәрбие жетістіктерін пайдалану қолға алынуда.
Мектеп пен отбасының өзара бірлігінің нәтижесінде ата-аналар тарапынан
мектептің педагогикалық қызметіне әр түрлі көмектер көрсету, атап айтқанда,
демеушілік жасау, тәрбие тәжірибелерімен бөлісу, кәсіби қызмет саласын
кіріктіру және т.б. жүзеге асырылады.
Екіншіден, отбасының мектеппен ынтымақтастықты орнатуға
немқұрайлылықпен қарауы орын алуда. Бұл күнкөріс жағдайымен отбасындағы
балалар тәрбиесіне көңілдің бөлінбеуі, тіпті, ата-аналардың жиналысқа
келмеуі, мектеппен байланыс жасауға талпыныстың болмауы, бала тәрбиесіне
қатысты аз оқитындығы және т.б. арқылы айқындалады. [Әтемова Қ 24]
Өкінішке орай, зерттеу барысында көптеген сынып жетекшілерінің,
әсіресе, жас мамандар арасында ата-аналармен жұмыс жүргізуге дайындықтың
төмен екендігі айқындалды. Жоғары оқу орындарында болашақ маман дайындауға
аса көңіл бөлінгенмен, олардың сынып жетекшісі ретіндегі қызметіне, соның
ішінде отбасы тәрбиесін жетілдіру мәселелеріне дайындығы назардан тыс қалып
отырады. Бізге жалпы білім беретін орта мектептің мұғалімдерімен және сынып
жетекшілерімен сауалдама жүргізу арқылы отбасы тәрбиесінің жағдайы
қаншалықты назарда алынғандығын білу қиынға соқпады. Онда көптеген сынып
жетекшілерінің отбасы тәрбиесін жетілдіру арқылы мектептегі тәрбиенің
тиімділігін қамтамасыз етуге назар аудармайтындығы байқалды. Тақырыптық ата-
аналар жиналысы жүйелі өткізіліп тұрмайтындығы, ата-аналар жиналысынан тыс
олармен байланыстың болмайтындығы, тіпті тәрбие жұмысында басқа да тәрбие
мекемелерімен ынтымақтастықтың орнатылмайтындығы анықталды. Сіз мектеп
тарапынан отбасы тәрбиесін жетілдіруде қандай көмек болғанын қалайсыз?
деген сұраққа ата-аналар тарапынан әр түрлі жауаптар алдық. Онда олардың
кейбірі мектептерде ата-аналарға арналған отбасы тәрбиесін жетілдіруге
байланысты мамандар кеңесі немесе дәрістер ұйымдастырылып тұрса десе,
кейбір ата-аналар Баламызға сапалы білім беріп, жақсы тәрбиелесе болғаны
деп жауап берген. Шындап келгенде, сапалы білім мен жақсы тәрбие беру ұзақ
мерзімді талап ететін және екі жақты сипатқа ие болатын тәрбие беру ұзақ
мерзімді талап ететін және екі жақты сипатқа ие болатын күрделі үрдіс. Ол
тек мектеп мұғалімінің жұмысының нәтижесі ғана емес, ата-ананың да
отбасындағы тәрбиені ұйымдастыру мүмкіндігіне байланысты. Өкінішке орай,
мұны ата-аналар арасында мектеп мұғалімдерінің міндеті деп санайтындары да
жоқ емес.
Сұрақ-жауап нәтижелері ата-аналардың отбасында бала тәрбиесінде
бірқатар қиыншылықтарға кездесе отырып, мектеппен ынтымақтастықта бірлесіп
әрекет жасауға талпынбағанын көрсетеді. Сұраққа жауап берген ата-аналардың
арасында бірқатары жазалау әдісін қолданатынын (ұрып-соғу) жасырмаған,
тіпті, олар осы әдісті қолдану тәрбиеде нәтиже береді деп есептеген.
Жоғарыдағы мәліметтерден ата-аналардың отбасы өмірін ұйымдастыруда,
баланы тәрбиелеудегі әдістерді тиімді қолдану мен ізгілік қарым-қатынас
орнатудың маңыздылығын түсінуде және т.б. мәселелер төңірегінде көмекке
мұқтаж екендігін байқау қиын емес. [25]
Мұндай жағдайлардың тәжірибеде көрініс беруінің бірден-бір себебі,
отбасы тәрбиесінде ата-аналардың бала тәрбиесіндегі көзқарастары мен білім
деңгейлерінің әр түрлілігі болып табылады. Оның үстіне кейбір мектептердегі
ата-аналар жиналысының өзі талапқа сай өткізілмейді. Ұзақ жылдар бойы
көптеген мектептердегі ата-аналар жиналысындағы күн тәртібінде қаралатын
мәселелер өзгеріссіз: балалар бағаларын ата-аналарға хабарлау мен мектеп
мәселелерін шешудегі қаржы мәселесіне арналып келетіні жасырын емес. Осы
жерден ата-аналардың жиналысқа қатысуының міндетті емес екендігі келіп
шығады. Егер ата-аналардың ол жиналыстан алары мол, әсері елеулі болса,
мұндай мүмкіндікті жібермесі анық болар еді. Осы тұста отбасы тәрбиесін
жетілдірудің бірден бір жолы- ата-аналардың бала тәрбиелеудегі
педагогикалық сауатын жетілдіру. Отбасы тәрбиесін жетілдіру мен ата-
аналардың педагогикалық сауаттылығын көтеруде атқарылатын негізгі қызмет
бүгінгі сынып жетекшісінің еншісіне тиеді. Ол үшін сынып жетекшілері отбасы
тәрбиесі бойынша терең білімі бар ата-аналармен жұмыс түрлерін ұйымдастыра
алатын білікті маман болуы тиіс. Қазіргі заман мұғалімі қоғамдық дамудың
жоғары деңгейінен көрінетін, оның барлық талаптарына жауап беретін және
өзінің кәсіби қызметінде шығармашылықпен еңбек ететін маман болуын талап
етеді. Отбасы тәрбиесін жетілдіруде мектеп пен жанұя бірлігін тиімді
ұйымдастыру мынадай қағидаларға негізделуі тиіс:
- тәрбиені қалыптастыруда қоғам, мектеп, отбасы және басқа да
арнаулы тәрбие институттарының тәрбиелік мүмкіндіктерін
ықпалдастыру;
- мектеп отбасындағы педагогикалық ұжыммен тығыз байланыс орната
отырып, әрбір баланың қабілетін толық ашу мен дамытуға мүмкіндік
жасау;
- мұғалімдер мен оқушылардың және ата-аналардың белсенділігін,
бастамашылдығы мен шығармашылдығын арттыруды демократияландыру.
Бұл қағидаларға сүйене отырып жұмыс жүргізу анағұрлым тиімді. Ресей
ғалымы Ш.Амонашвили педагогикалық үрдісті ізгілік тұрғыда ұйымдастыра
отырып, тәрбие отбасында өз жалғасын табуы үшін ата-аналардың педагогикалық
сауатын көтеру мен тәрбие тәжірибелерін алмасуда ата-аналарды отбасындағы
бала санына қарай топтап жинаудың тиімді екендігін айтады. Мұндағы
ерекшелік- отбасында көп бала тәрбиелеп отырған ата-аналар мен жалғыз бала
тәрбиелеп отырған ата-аналар арасында болатын әңгіменің бірдей болуы мүмкін
еместігін және ондай отбасыларындағы мәселелер де әр түрлі болып
келетіндігі дәлелденген. [26]
Мектеп тарапынан отбасы тәрбиесін жетілдірудің бірден-бір жолы – ата-
аналар жиналысында дәрістер оқу. Ондағы тақырыптар сынып оқушыларының жас
ерекшеліктерінен туындайтын мәселелер мен оның алдын алудың жолдарымен
байланысты болуы мүмкін. Мысалы, 5-9 сыныптар арасындағы оқушылардың ата-
аналары өз балаларының өтпелі кезеңде екендіктерін жақсы білуі және ол
кезеңдегі тәрбие жұмысының қиындығын да білуі керек. Ол кезеңге
келгендігін, ол кезең балалар қалыптасуындағы маңызды да ең қиын кезең
екендігі туралы дәріс оқылуы керек. Егер ата-аналар жиналысындағы әрбір
тақырыптар бала дамуымен байланысты таңдалып отырса, бала тәрбиесінде ата-
аналардың педагогикалық сауатын көтеруге мүмкіндік алу тиімді болады.
Мұндай жұмыстар ата-аналардың мектеппен ынтымақтастығын арттыра түседі.
[27]
Сынып жетекшісінің ата-аналар жиналысында оқитын тақырыптық дәрістері
мынадай болуы мүмкін:
- отбасы және оның бала тәрбиесіндегі рөлі;
- отбасының негізгі функциялары және оның бала тәрбиесімен байланысы;
- бүгінгі отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері мен мүмкіндіктері;
- балалардың өтпелі кезеңдегі психологиялық және физиологиялық
ерекшеліктері;
- отбасындағы өзара түсінбеушіліктің тұрмыстық-адамгершіліктік негізі;
- отбасындағы ата-аналардың абыройы және оның тәрбиедегі мүмкіндігі;
- отбасында бос уақытты ұйымдастыру және демалыс;
- бала тәрбиесіндегі ата-әженің, ана мен әкенің алатын орны;
- отбасындағы қарым-қатынас және психологиялық ауан;
- отбасындағы салт-дәстүрлер мен сенімдердің тәрбиелік мүмкіндіктері;
- отбасында балаларды еңбекке дайындау;
- балаларды отбасында салауаттылыққа тәрбиелеу және т.б. [28]
Мектептегі білім беру мен тәрбие үрдісінің отбасындағы жалғасының бір
көрінісі – үй тапсырмаларының орындалуы және тәрбие талаптарының
сабақтастығының қамтамасыз етілуі. Осы тұста кездесетін негізгі қиыншылық
әрбір ата-ананың отбасында бала сабағының дұрыс орындалуына бағыт беруге
қабілетті еместігінде. Бұл қиыншылықты жеңу де сынып жетекшісі қызметінің
шығармашылық сипатымен байланысты шешіледі. Ол үшін сынып жетекшісі ата-
аналар жиналысында пән мұғалімдерінің талаптарын тыңдау мен ата-аналарға үй
тапсырмаларын орындауға бағыт беру бойынша кеңестер береді. Бұл, әсіресе,
төменгі сынып ата-аналары үшін өте тиімді, оның үстіне бұл пән мұғалімдері
мен ата-аналар арасындағы байланысты нығайтып, екі жақты жауапкершілікті
арттыра түседі. [29]
Отбасы тәрбиесін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылатын жұмысты сынып
жетекшісі отбасын зерттеуден бастайды. Өйткені, тәрбие мүмкіндігі әр түрлі
отбасыларында жүргізілетін жұмыста әр түрлі ұйымдастырылуы тиіс.
Мәселен, отбасының әр түрлі ерекшеліктері, атап айтқанда, ересектер мен
балалардың өзара қарым-қатынасы, ондағы психологиялық жағдай, қоғамдық
пікірлер мен көзқарастар бағыты балалардың жеке басының қалыптасуына
өзіндік әсер етеді. Ата-аналармен ынтымақтастықта жұмыс жүргізу үшін ата-
аналардың мінез-құлқы мен бала тәрбиесіндегі көзқарастарын білу де аса
маңызды. Бала тәрбиесіндегі отбасы мүмкіндігін зерттеп білген соң біртіндеп
олардың көзқарастарын зерттеуге жағдай жасау қажет. Бүгінгі күні мектеп пен
отбасының немесе мектептің отбасына ықпал етуінің негізгі формалары: ата-
аналар жиналысы, мектептегі ата-аналар күндері, әкелер мен аналар
конференциялары және т.б. Отбасындағы баланың өмірін, тұрмыс жағдайы мен
қарым-қатынас жүйесін зерттеуде әрбір ата-анамен жеке дара жұмыс жүргізілуі
шарт. Ата-аналар жиналысында баланың жеке басының дамуына қатысты барлық
ғылымдар саласы (психология, физиология, гигиена, педагогика және т.б.)
интеграциялық бірлікте қарастырылып отыруы керек. Ата-аналар жиналысы
мұғалімнің қолындағы маңызды педагогикалық құрал болып табылады. Көптеген
ғалым-педагогтер (Т.Сангинова, И.Тилябова және т.б.) ата-аналар жиналысында
тақырыптық баяндамалардың оқылуын, бала тәрбиесіне қатысты мәселелердің
бірге талқылануын ұсынады. Онда ата-аналарға балалары туралы айтуға,
белгілі бір орын алып отырған кедергілерді бірге жоспарлауға болады.
Қорыта айтқанда, мұғалім мен ата-аналардың арасында өзара түсінік пен
өзара көмек болған кезде ғана ата-аналар жиналысы жақсы нәтиже береді.
Осылайша біртіндеп педагогикалық оқулар ұйымдастыру арқылы олардың
көзқарастарына әсер ете отырып, тәрбиеде ортақ мақсатқа қол жеткіземіз.
Оларды мектепішілік жұмыстарға біртіндеп араластыра отырып, олардың көп
жылдық бала тәрбиесіндегі педагогикалық тәжірибелерін жас отбасылары
білімін жетілдіруде тиімді пайдалануға болады. Мұғалім кадрлардың отбасы
тәрбиесі мәселері бойынша білімін жетілдіру мұғалім кадрлар біліктілігін
жетілдіру және қайта даярлау институттарында оқытылып, ата-аналармен жұмыс
жүргізудің әдістемесі насихатталуы тиімді болмақ. Өйткені мектеп пен отбасы
және қоғамдық тәрбие мекемелері тәжірибелерін ықпалдастыру негізінде
бірлескен шығармашылыққа жетуге әбден болады. [30]

ЖҮРГІЗЕТІН ТӘРБИЕЛІК ЖҰМЫСТАРЫ

жұмыстарының мазмұны мен міндеттері
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz