Оқушылар ұжымы – мектептегі тәрбиені ұйымдастырудың негізгі формасы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

І.ТАРАУ Оқушылар ұжымы . мектептегі тәрбиені ұйымдастырудың негізгі формасы
1.1. Оқушылар ұжымы мен педагогикалық ұжымның қарым.қатынасы, оларды топтастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11

1.2. Оқушылар ұжымының даму кезеңдеріндегі іс.әрекеті мен педагогикалық ұйымның қарым.қатынасын ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17

IІ . ТАРАУ Оқушылар ұжымын қалыптастыруда оқыту процесінің ролі
2.1. Оқытуды ұйымдастырудың формалары туралы ұғым ... ... ... ... ... ... ..32

2.2. Тәрбиені ұйымдастыру формалары және оларды жіктеу ... ... ... ... ... ..41

2.3. Оқушылар ұжымын қалыптастыруға бағытталған іс. тәжірибелерден мысалдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...49

ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..56
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .57
ХХ1 ғасыр – Қазақстан үшін әлемдік қауымдастықтың салмақты орынды иелену және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Жас ұрпақ санасында отаншылдық, ұлттық рухтың оянып қалыптасуына мектептегі білім берумен қатар тәрбиелік ахуалдың әсері орасан зор.
Тәрбие жұмысының ең негізгісі- ұжымда жеке адамды тәрбиелеу, сондықтан да оқушыларды ұжымдық тәрбиелеу педагогтардың алға қойған міндеттерінің бірі.
Педагогика ғылымында оқушылар ұжымын ұйымдастыру қажеттілігін, оның тәрбиелік кызметін ашуды негіздеу ғана емес, оны жасаудың теориялық негізі де бар. Ұжым тәрбиелік ықпал жасау үшін оның дамуы, ілгері жылжуы керек. Балалар ұжымы олардың өмірі мен катынастарының жүйесі ретінде бір орнында тоқырап кала алмайды. Даму, ілгері қозғалу—ұжым өмірінің заңы. Бұл жерде қозғалыстың себсбін, дамудың мүм-кіндігінің сырын ашып алған жөн.
1. Құрсабаев М. Оқушылар ұжымының пайда болу генезисі. Алматы,
// Бастауыш мектеп, 2007. №7
2. Богданова О.С., Петрова В.И., //Бастауыш жастардағы тәрбие жұмысының методикасы, Алматы, 1980.
3. Бабанский Ю.К. Педагогика. -М., 1998.
4. Қоянбаев Ж.Б.. Педагогика. -А., 1992.
5. Иманбекова Б. Оқу-тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру. //Бастауыш мектеп. Алматы, 2006. №9
6. Оразақов К., Нарбаев б., Ата дәстүрі әдеп, болашақ игілігі. –А., 1991.
7. Боданов Ж., Бөлеев К., Қазақтың халық педагогикасы (библиографиялық көрсеткіш) -Жамбыл., 1992.
8. Абдрахманов А. Қазақстанның этнопедагогикасы. -А., Ғылым, 1979.
9. Әбілова З. Этнопедагогика. –Алматы, 1997.
10. Табылдиев Ә. Халық тағылымы, Қазақтың халық педагогикасы және тәрбие. Алматы, // Бастауыш мектеп. Қазақ университеті, 2002. №3
11. Асарбаев А. Қазақтың ұлттық ойындарын бастауыш мектеп тәрбие жұмыстарында пайдалану. - А., 1993.
12. Қазақ халқының тәлім – тәрбие тарихынан -А., Кітап, 1992.
13. Әбиев Ж, Бабаев С, Құдиярова А. Педагогика. Дарын, 2004.
14. Харламов И.Ф. Педагогика. –Минск., 1997.
15. Журнал //Бастауыш мектеп. 2005. №11
16. Жарықбаев Қ ., Қалиев С., Қазақ тәлім – тәрбиесі. Алматы, 1990.
17. Журнал //Бастауыш мектеп. 2006ж. №1
18. Журнал //Тәрбие құралы. 2004ж. №2
19. Журнал //Бастауыш мектеп. 2005ж. №8
20. Журнал //Бастауыш сыныпта оқыту. 2006ж. №1
21. Жарықбаев Қ, Қалиев С. Қазақстандағы педагогикалық ойдың антологиясы – А., Рауан, 1995.
22. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М., Педагогика. –Алматы., 2000.
23. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А., Педагогика. –А., Дарын, 2004.
24. Педагогика. Дәріс курсы.. –Алматы., Нұрлы әлем, 2003.
25. Бегалиев Т. Педагогика. –Тараз., 2001.
26. Бұзаубақов Қ. Ж., Жаңа педагогикалық технология. –Алматы., 2004.
27. Қалиев С., Майғаранова Ш., Нысанбаева Г., Тәрбие хрестоматиясы. –Алматы., 2001.
28. Сабыров Т.С. Оқыту теориясы. -Алматы., 2000.
29. Педагогика уч. пособие. (Под ред. Пидкастого) -М., 1998.
30. Подласной И.П. Педагогика: 100 вопросов - 100 ответов. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений. –М., 2001.
31. Харламов И.Ф., Педагогика. – Минск., 1997.
32. Сластенин В.А., Исаев И.Ф., Мишенко А.И., Шлянов Е.Н., Педагогика. –Москва., 2000.
33. Вульфов Б.З., Иванов Б.Д. Основы педагогики. -М., 1997.
34. Аманоливили Ш.А. Личности —гуманшая основа педагогического
процесса.. –Минск., 1990.
35. Вульфов Б.З. Семь парадоксов воспитания. -М., 1994.
36. Воспитания сознательной дисциплины и культуры поведения
школьников. (сост. Бабаев Ф.А.; под. Ред. Морьенко И.С) -М., 1982.
37. Журавлев В.И. Педагогика в системе наук о человеке. -М, 1990.
38. Жарықбаев Қ.., Қалиев С., Қазақ тәлім – тәрбиесі. –Алматы., 1990.
39. Маленков Л.И., Воспитание в современной школе . -М., 1999.
40. Окон В. Ведение в общую дидактику. – М., 1990.
41. Жарықбаев Қ ., Қалиев С., Қазақстандағы педагогикалық ойдың
антологиясы. – Алматы., Рауан, 1995.
42. Гребнюк О.С., Гребенюк Т.Б., Теория обучения. –М., 2003.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

Мамандығы

ШЫМКЕНТ 2008

МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .5

І–ТАРАУ Оқушылар ұжымы – мектептегі тәрбиені ұйымдастырудың негізгі формасы
1. Оқушылар ұжымы мен педагогикалық ұжымның қарым-қатынасы, оларды
топтастыру
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... .11

1.2. Оқушылар ұжымының даму кезеңдеріндегі іс-әрекеті мен педагогикалық
ұйымның қарым-қатынасын
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17

IІ – ТАРАУ Оқушылар ұжымын қалыптастыруда оқыту процесінің ролі
2.1. Оқытуды ұйымдастырудың формалары туралы
ұғым ... ... ... ... ... ... ..32

2.2. Тәрбиені ұйымдастыру формалары және оларды
жіктеу ... ... ... ... ... ..41

2.3. Оқушылар ұжымын қалыптастыруға бағытталған іс- тәжірибелерден
мысалдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 49

ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 56
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .57

Кіріспе
Тақырыптың көкейкестілігі:
ХХ1 ғасыр – Қазақстан үшін әлемдік қауымдастықтың салмақты орынды
иелену және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Жас ұрпақ санасында
отаншылдық, ұлттық рухтың оянып қалыптасуына мектептегі білім берумен қатар
тәрбиелік ахуалдың әсері орасан зор.
Тәрбие жұмысының ең негізгісі- ұжымда жеке адамды тәрбиелеу,
сондықтан да оқушыларды ұжымдық тәрбиелеу педагогтардың алға қойған
міндеттерінің бірі.
Педагогика ғылымында оқушылар ұжымын ұйымдастыру қажеттілігін,
оның тәрбиелік кызметін ашуды негіздеу ғана емес, оны жасаудың теориялық
негізі де бар. Ұжым тәрбиелік ықпал жасау үшін оның дамуы, ілгері жылжуы
керек. Балалар ұжымы олардың өмірі мен катынастарының жүйесі ретінде бір
орнында тоқырап кала алмайды. Даму, ілгері қозғалу—ұжым өмірінің заңы. Бұл
жерде қозғалыстың себсбін, дамудың мүм-кіндігінің сырын ашып алған жөн.
Мұндай психологиялық күш — болашақ үміт дүниесі. Адамның болашаққа
ұмтылуы, өміргс үміт артуы, адам мсн ұжым дамуының маңызды сәттерінің бірі.
Болашақ үміт дүииесінде адам қажеттігінің мәдени және материалдық жиыны,
оның даму деңгейі, бүкіл моральдық бейнесі айқындалады. А, С. Макаренко
болашақ үміт дүниесінің псдагогикалық маңызды ерекшсліктерінің бірі —
баланың алдында мақсат жүйесі ретінде ашылып, ол баланы тілеген нәтижеге
жету мүмкіншілігімен еліктіреді, өзінің және ұжымның болашағын құруға
катынасу ынтасын, қуанышты көңіл күйі мен ілгері ұмтылуын туғызады дсп
есептеді. Қалыптасқан қажеттіліктерді, тілектерді, мүдделерді
қанағаттандыруға ұмтылу окушының іс-әрекетін әлеуметтік құнды арнаға
жұмылдыру мен бағыттау болып табылады.
Қоғамда ұжымдарды ортақ іс-әрекеттерінің түрлеріне қарай ажыратады.
Жалпы ұжым балаларды қоғамдық өмір мен өндіріске дайындаудың мүмкін болатын
бірден-бір құралына айналады. Оқушылар ұжымы баланың өмірін, оқуын,
еңбегін, жасампаздығын, күш-қуат мәдениетін, ойын ұйымдастырудың ең тиімді
құралы.
Ұжым проблемасын педагогика ғылымының қайраткерлері және халық ағарту
органдарының озат өкілдері А.В.Луначарский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко,
В.А.Сухомлинский аса зор көңіл аударып келді.
А.В.Луначарский жаңа адамды қалыптастырудың негізіг жағдайы ұжым
болады деді. Оның айтуынша, адамды тәрбиелеу, демек, ол, адам біздің
заманымызда ұжымшыл, қоғамдық мүддені жеке басының мүддесінен жоғары
санайтын болуы тиіс.
Н.К. Крупская тұлғаның дамуы мен қалыптасу ортасы ұжым деп атады.
Мектептегі қоғамдық ұйымдарға, олардағы балалардың қарым-қатынастарына
үлкен мән берді.
А.С. Макаренко ұжымда жеке адамды тәрбиелеудің бір ізді педагогикалық
теориясын жасады. Оның идеялары осы уақытқа дейін құндылығын сақтауда және
іс-әрекеті, қарым-қатынас дәстүр сияқты тәрбие проблемалары ұжым өмірінде
шығармашылық дамудың негізі болды.
В.А.Сухомлинский балалар ұжымын дамыту теориясына айтарлықтай үлес
қосты. Оның пікірі бойынша әрбір бала тәрбиесі ұжымда негізгі тәрбие құралы
болды. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы қарым-қатынас ұжымдық қатынастың
даму даму процесі.
Басқарудың және оқушылар ұжымымен тікелей қарым-қатынаста болатын
субьект- бұл педагогикалық ұжым.. Бұл туралы орыс педагогтары Л.Н.Толстой,
К.Д.Ушинский, Н.И.Пироговтардың оқыту мен тәрбиенің өзара байланыстылығы,
оқушылар мен педагогтардың бірлесе жұиыс істеуі, педагогтардың өзін-өзі
дамытуға ұмтылуы сияқты идеяларының ықпалымен қалыптасты.
Педагогикалық тұрғыдан болашақ үміт дүииесі деп тұтас ұжым балалар
тобы, баланың тұлғалық мәні дамуының ішкі қажеттіліктерін
қанағаттандыратын, ұжым мүшелерінің даму дсңгейіне олардың жас және дербес
ерекшеліктеріне қоғам талабына сәйкес келетін міндеттерді, мақсаттарды,
істерді түсінуіміз керек.
Оқушылардың тәрбие ұжымын және тұлғалық мәндерін қалыптастыру
мақсатында болашак үміт дүниелерінің жалпы сипаттағы ерекшеліктері болады.
Олар:
- міндстті ұжым болып орындау жолындағы күрес бейнесінің қиялдан
туындайтын тікелен бала қызығуына, қуанышына негіздслген істердің
еліктіруі;
- нақты істер міндеттерінің, маңсаттарыныц қоғамдық пайдалы кұндылығы
және олардың біздің халкымыздың бүкіл күресімен байланысы, болашақ үміт
дүниесі үшін күрес барысының нақты ұйымдастырыл
- окушыларда нақты моральдық сапаларды тәрбиелеудің педагогикалық
мақсатқа сәйкестігі.
Педагогикалық ұжымның міндеті болашақ үміт дүниесі жүйесін құру, яғни
іс-әрекет жүйесін кұру, осы іс-әрекет барысында балаларға қажетті сапаларды
тәрбиелей отырып, бір міндет шешімінен екіншісіне ұжымды қозғалту.
Бслгілснген болашак үміт дүниесі жүйслерін жүзеге асыруда әсіресе
педагогикалық ұжымның зор ұйымдастыру жұмысы қажст. Оның. болашақ үміт
дүннесің тауып коя білуі, оны жүзеге асыруды ұйымдастыру іскерлігі,
балаларды еліктіру, қиялын ояту, оның өз ынтасына оқушыларды сендіруі,
болашақ үміт .дүниесін айқын, бейнелі, әсем суреттей білуі балалармен бірге
олардың өмірін куанышы және қызық еткісі келетініне сендіруі керек.
А. С. Макаренко әдепкі кезеңде окушылар қарсылық білдірмей, пікір
таластырмайтындай және тапсырмадан бас тартпайтындай талап қоюдың қажет
екенін атап көрсеткен болатын.
Бұл жерде қойылған талаптың сыйымды, балалар шамасына сай орындалуы
ұжым мүддесіне қажетті екендігіне мұғалімнің сенімі болуы керек. Бірақ
бәрін өз тарапынан туатын талапқа шоғырландыру қате болады. Бүл жағдайдың
өзгермеуі түрлі бастамалар мен өзіндік іс-әрекеттерді тежейді. Сондықтан
болашақ үміт дүниесі үшін күрестің алғашқы нәтижелері белгілі болғанда,
мұғалімнің балалар өмірінің қуанышты және қызықты етуге тырысқанына
окушылар сенгенде, балалардың көбі белсенділік көрсеткенде, оқушылар
ұжымның өмір мазмұнын күрделендіріп, ұжымға талап қою қызметінің бөлігін
белсенділерге жүктеп, оларды жан-жақты қолдап отыру қажет. Окушылардың көбі
сыныптың белсенді тобын және мүғалімді қуаттайды. Окушылар ұжымның қоғамдық
пікірі құлық тәрбиесінің шешуші кушіне айналады. Қажет болғанда бүкіл ұжым
жеке оқушылардан тәртібінің дұрыс болуын талап етеді.
Оқушылардың іс-әрекеттері.
Іс-әрекет — бұл қарым-қатынас, ұжымның өздігінен істеушілік және ішкі
процесінің көзі, нақты мақсатқа жету. Ұжымның ішкі процесі қарым-қатынас
және ақпарат арқылы іс-әрекетімен байланысты. Іс-әрекетінің барысында
қарым-қатынас дамиды.

Қарым-қатынас — бұл адамға адам қажеттіліктерін қана қанағаттандыру.
Сондықтан педагогикалық ұжымның міндеті—жеке адам қарым-қатынас жасаудың
негізінде басқа адамдармен бірігіп, қуанышты көңіл күйін жеңілмейтін
тілекті сезуі тиіс.

Балалар қарым-қатынасты бағалайды. Осы тұрғыдан және қатынастың
тұрақты жүйесін және кіші топтың ролін еске алу қажет. Жеке қатынас
жүйесінде әр бала өз орнын алады. Біреулері өзінің әйгілілігімен
жолдастарының алдында беделді, ал екіншілерімен ешкімнің қарым-қатынас
жасағысы келмейді. Бірақ барлық балалар қатынас жасауды қажет етеді.
Әсіресе сынып ұжымындағы оқушылар қатынас арқылы ынтымақтық достықты
тілейді. Осыған байланысты кіші топ дербес қатынас жасаудың негізінде
стихиялы пайда болады.
Балалардың дербес аралық қатынастарын және олардың мақсаттылығын сынып
жетекшісі зерттеп, балалардың қарым-қатынасын реттеуде және дамытуда
қамқоршы болуы тиіс. Дербес қатынас жүйесінде мұндай шығармашылық тәсіл
ұжымда педагогикалық меңгеру жолдарының бірі. Жоғарыда келтірілген
көкейкесті мәселелердің әлі де болса шешімін табуға көмек болар деп, біз
дипломдық жұмысымыздың тақырыбын Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы
педагогикалық ұйымның ықпалы деп атадық.
Зерттеудің объектісі- оқу-тәрбие процесіндегі оқушылар ұжымы мен
педагогтардың қарым-қатынасы.
Зерттеу пәні – педагогикалық процестегі оқу жұмысын ұйымдастырудағы обьект-
субьект қарым-қатынасы.
Зерттеудің мақсаты –бастауыш мектеп оқушыларын ұжым ретінде қалыптастыруға
бағытталған іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыра отырып, ұжымды балаға ықпал
жасайтын құрал ету.
Зерттеудің міндеттері:
- тақырыптың мазмұныныа байланысты оқушылар ұжымы мен
педагогикалық ұжымға теориялық тұрғыдан сипаттама беру;
- оқушылар ұжымы мен педагогикалық ұжымның қарым-қатынасы жөнінде
қалам тартқан ұлы педагогтар мен ғалымдардың еңбектерімен танысу;
- озық тәжірибелі ұстаздардың іс-әрекеттерімен танысып оны практика
жүзінде қолдана білу;
Зерттеу әдістері- тақырыптың мазмұныныа байланысты тәжірибелі педагогтардың
еңбектерін сұрыптау, бақылау, байқау, сұрақ-жауап әдістерін қолдану. Дерек
көздерін пайдалану.
Дипломдық жұмыстың құрылымы – кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан,
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Оқушылар ұжымы – мектепте тәрбиені ұйымдастырудың негізгі формасы атты 1
тараудың 2.1. Оқушылар ұжымы және оларды топтастыру мен тәрбиелеу
әдістері параграфында ұлы педагог А.С.Макаренконың көпжылдық тәжірибелері
мен қорытындылары сөз болады. Оқушылар ұжымының бірлескен іс-әрекетін дұрыс
ұйымдастыра білудің жаңа идеялары келтіріледі.
Балалар ұжымы және оның тәрбие беру мүмкіндігі деген 2.2. параграфында
оқушылар ұжымын қалыптастыруға бағытталған педагогтардың қарым-қатынасы, іс-
әрекеттің көп қырлылығы, оның ұжымға әсері жайлы сөз болады.
Оқушылар ұжымын қалыптастыруда оқыту процесінің ролі атты 11 тараудың
Оқытуды ұйымдастырудың формалары тұралы ұғым деген 2.1. параграфында
оқушылар ұжымын қалыптастырудың ең үлкен басты ролі оқыту, оның
ұйымдастырудың түрлі формалары мен тәрбиелеу әдістері келтірілген.
Даму кезеңдерінде оқушылардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасын ұйымдастыру
ерекшеліктері деген 2.2.параграфында педагогтар ұйымы мен оқушылар
ұжымының бірлескен іс-әрекеттері, яғни тұтас педагогикалық процесс, ол
туралы С.Т.Шацкий, Н.К.Крупская, Б.Т. Лихачевтардың әр түрлі көзқарастары
туралы сөз болмақ.
2.3. параграфында оқушылар ұжымын қалыптастыруға бағытталған іс-
тәжірибелерден мысалдар келтірілген.
Қорытынды бөлімінде дипломдық жұмыстың орындалу барысындағы қол

жеткізілген нәтижелер берілген.

І-тарау. Оқушылар ұжымы – мектепте тәрбиені ұйымдастырудың негізгі формасы
2.1. Оқушылар ұжымы мен педагогикалық ұжымның қарым-қатынасы, оларды
топтастыру

Тәрбиелеудің жаңа шарттары мектепте тәрбие қызметінің жаңа формасы
оқушылар ұжымын тудырды. Ол жеке адамның жан-жақты дамуына мейлінше жақсы
жағдайлар жасайды. А. С. Макаренко көпжылдық педагогикалық тәжірибені
қорытып-талдау негізінде: егер балалар ұжымы нағыз ұйым болса, онда ғажайып
нәрселер жасауға болады деген.
Оқушылар ұжымы— оқушылардың жалпы мақсатпен және қоғамдық пайдалы
бірлескен еңбекпен топтасқан тұрақты бірлестігі. Дені таза және топтасқан
оқушылар ұжымына тән сипаттар — идеялық нысаналылық, оның іс-әрекетін жалпы
ұйымдастыру, оқушылардың өзара тығыз әрекет етуі, жалпыға бірдей
жауапкершілік, ұжымның жеке мүшелеріне жоғары талап қоюшылық. Жақсы
ұйымдасқан ұжымның маңызды белгісі — дені таза қоғамдық пікір, сенім мен
жоғары талап болуы. Сондай-ақ, топтасқан оқушылар коллективі үшін онда игі
дәстүр, алға тартымды перспектива қою, сергек, көңілді күй, жоғары тәртіп
орнату, сын мен өзара сынды дамыту тән. Оқушылар ұжымы — бұл өзіндік
әрекетке ие ұйым, ол оның барлық мүшелері әр түрлі іс-әрекет ұйымдастыруда
дербестік және инициатива көрсеткен жағдайда өсіп, дамиды.
Оқушылар ұжымының тәрбиелік ролін көтеру — мектептің даму
тенденциясының бірі. Жақсы ұйымдастырылған ұжымда үш негізгі қызмет:
ұйымдастырушылық, идеялық-тәрбиелік және әр алуан іс-әрекетті ынталандыру
қызметі ойдағыдай орындалып отырады.
Тәрбие процесін ұйымдастыру жайында сөз қозғалғанда, оны жарақтауды
есте тұтудың маңызы үлкен. Тәрбиеші оқушыға тікелей әсер жасай алады, бірақ
оған жолдастары арқылы, оқушылар коллективі арқылы да әсер жасай алады.
Жеке адамға тәрбиелік ықпал жасаудың негізгі формасы, негізгі құрал-жарағы
оқушылар коллективі болады..
Педагогика оқушылар ұжымын ұйымдастыру және тәрбиелеу жөніндегі
мәселені шешу кезінде жеке адам мен коллективтің ара қатысы туралы маркстік-
лениндік ілімді басшылыққа алады, аса көрнекті педагогтарының теориялық
тұжырымдарына және тәжірибелерге арқа сүйейді. Бұл тәжірибе ұжымның тәрбие
берудің өте маңызды және ешнәрседен ауыстыруға болмайтын формасына
айналғаның көрсетеді. Жеке адамның жан-жақты дамуы үшін қажетті жағдай
ұжымда ғана жасалады. Әрине, ұжымда жеке адамға автоматты түрде әсер
етпейді.
Ішкі ұжымдық қарым-қатынастарды дұрыс ұйымдастырудың маңызы үлкен.
Олар жеке-дара даму үшін қолайлы, қолайсыз және екіталай болуы мүмкін.
Педагогтардың міндеті — оқушылардың бір-бірімен араласуын ұйымдастыру,
оқушылар коллективінде дұрыс өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету. Мұның
өзінде араласу оқушылардың бір-біріне ықпал жасауын ғана емес, өзара
әрекеттес болуды, өзара әсер етуді, өзара тәрбиені де қарастырады.
Басқарудың және өзін-өзі дамытудың субьектісі ретінде қазіргі
педагогикалық ұжым туралы орыс педагогтары Л.Н.Толстой, К.Д.Ушинский,
Н.И.Пироговтардың оқыту мен тәрбиелеудің өзара байланыстылығы, оқушылар мен
педагогтардың бірлесе жұмыс істеуі, педагогтардың өзін-өзі дамытуға ұмтылуы
сияқты идеяларының ықпалымен қалыптасты.
Мұғалімдердің тәрбиелік ықпалына біріктіру 20-30 жылдары педагогика
мен мектептің маңызды міндеттерінің бірі болды. Тәрбиешілер ұжымы болуы
керек, - деп жазды А.С.Макаренко –тәрбиешілер ұжымға біріккен жерде және
біртұтас жұмыс жоспары, балаға деген бірыңғай ықпал жоқ жерде ешқандай
тәрбие роцесі болуы мүмкін емес.
Педагогикалық ұжымның топтасуы және дамуы идеясы В.А.Сухомлинскийдің
педагогикалық жүйесінде практикалық көрініс тапты.Ол әрбір педагогикалық
ұжымның өзіндік ерекшелігі болатындығын атап көрсетті.
Педагогикалық ұжым адамдардың әлеуметтік және кәсіптік бірлестігі
ретінде ұжымға тән барлық белгілерді біріктіреді. Ерекше адамдар тобы
ретінде мектеп педагогикалық ұжымына жинақылық, басшының болуы, топтасу,
салыстырмалы түрде тұрақты және ұзақ мерзімде әрекет ету сияқты қоғамдық
және кәсіптік сипаттар тән. Педагогикалық ұжым сондай-ақ, оқушылар ұжымы
да, оның құрамдас бөлігі болып есептеледі.
Сыныпта өз-өзінен шағын топтар, микроколлективтер пайда болатыны аз
емес. Олар әдетте ортақ мүдде, ортақ іс негізінде (маркаларды жинау,
көгершіндерді бағу, модельдер жасау т.с.с.) құрылады. Олардың жұмысын дұрыс
арнаға бағыттау керек. Осы топтарға біріккен мектеп оқушыларының жалпы
кластық, жалпы-мектептік істерден тыс қалмауына, өз мүдделері шеңберінде
тұйықталып қалмауына ұмтылу керек. Бірқатар жағдайларда қоғамдық, орта мен
микроколлективтің әсер етуі арасында қайшылық пайда болады. Өкінішке орай,
соңғы әсер ешқашанда жақсы бола бермейді.
Ұжымның өсу және даму процесінде онда сынып пен мектеп өмірінің аса
маңызды мәселелері жөнінде, оқушылар іс-әрекетті бағалауда қоғамдық пікір
қалыптасады. Ол бірте-бірте оқушылардың қылықтары мен әрекеттерін
бағалаудың критерийіне айналады. Қоғамдық пікірдің тәрбиелік ролі моральдық
нормаларды бұзушылықты кінәлаумен және теріске шығарумен ғана шектелмейді.
Қоғамдық пікірдің ынталандырушылық, ұйымдастырушылық ролінің, коллективтің
қоғамға бағалы қылықтар мен әрекеттерді жақсы бағалай білуінің маңызы да
ерекше.
Топтасқан ұжым қоғам пікірінің күшімен әр оқушыға, оның мінезі мен
тәртібіне игілікті әсер жасайды. Жолдастарының не ойлайтынын, олардың
белгілі бір қылыққа қалай қарайтынын ой елегінен өткізу жаман қылықтардан
сақтандырады. Оқушылар әдетте жолдастарының пікірін бағалайды, олардың
кеңестерін құлақ түре тыңдайды. Осының бәрі мінез-құлықтың қажетті
дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. А. С. Макаренко Совет мектебіндегі
тәрбие проблемалары атты мақаласында: Зор беделді және сүйікті мектеп
коллективінің қоғамдық пікірін бақылау осы тамаша достық одақтың мүшесі
ретінде оқушының мінезін шыңдайды, ерікті тәрбиелейді, жеке бастық мінез-
құлықтың қоғамға пайдалы дағдыларын, мектеп үшін және өзі үшін мақтаныш
сезімін бойға сіңіреді. Сонда бала... өзін қалай ұстауды, өзі құрметтейтін
коллективтің оны не үшін мақұлдайтынын және не үшін: кіналайтынын біледі.
Әрине, қоғамдық пікірдің барлығы дерлік жақсы роль атқара бермейді.
Кейде, дұрыс тәрбиелемеудің нәтижесінде нашар пікір туады. Мысалы, бір топ
оқушылар немесе класс тұтасымен тәртіп пен әдепті әдейі бұзатындарды
бүркемелейді де мұны жолдастықтық көрінісі деп біледі. Педагогтардың
міндеті — өтіп жатқан оқиғаға коллективтің дұрыс көзқарас қалыптастыру
қоғамдық пікірді жағымсыз фактілермен қарсы күресуге жұмылдыру. Тәрбие
беруде коммунистік тәрбие міндеттеріне лайықты қоғамдық пікір ғана игі роль
атқарады. Ұжым іс-әрекетінің жоғары идеялы сағытта болуын, оның мектептің,
оқушылар ұйымдарының өзін-өзі басқару органдарының негізгі міндеттеріне
сәйкес келуін қамтамасыз етудің соншама маңызды екендігі осында жатыр.
Ұжым өз ішінде байсалды сын және өзара сын, оның мүшелерінің теріс
қылықтарын коллектив болып айыптау бар жағдайда тәрбие берудің қуатты
құралына айналады. Егер оқушылар кемшіліктер туралы батыл да ашық айта
алатын болса және іскер және принципті сынды дұрыс қабыл ала білсе,
мектепте жақсы қасиеттерді қалыптастыру ойдағыдай өтеді. Жөнсіз қылықтар
ескерусіз қалмайды. Оларды мұғалімдердің, мектеп басшыларының нұсқауын
күтпей-ақ оқушылардың өздері-ақ айыптайды.
Сынып ұжымында сын мен өзара сынның даму деңгейі көбіне оның топтасу
дәрежесіне байланысты болады. Ұжым неғұрлым топтасқан сайын онда
кемшіліктер мен лайықсыз қылықтар соғұрлым батыл сыналады. Бұл сын тіпті
тым шашаулау жүргендердің өзін өзі мінез-құлықтары туралы ойлануға және оны
түзетуге, кемшіліктерді жоюға көндіреді. Жолдастардың қатал, бірақ,
әділетті сыны әдетте мұғалімдердің ақыл айтып, кеңес беруінен әлдеқайда
әсерлі. Көптеген мектептердің тәжірибелері ұйымшыл және топтасқан
коллективтің класта іріткі салушыларға коллектив көмегіне сүйенбейтін
мұғалімдерден гөрі, әлдеқайда тиімді әсер ететінін көрсетіп отыр.
Оқушылар ұжымы тәрбие беруде қатар әрекет жасау пе-дагогикасык
ойдағыдай қолдануды қамтамасыз етеді. Ұжым неғұрлым топтасқан болса,
педагогтар мен оқушылар ұжымы, органдарының қатар әрекеті жасауы соғұрлым
күшті және тиімдірек болады. Мұның өзі коллективті тәрбиелік ықпал және
оқушылардың өмірін ұйымдастыру объектісінен тәрбиелеу, тәрбиелік, қарым-
қатынастарды дамыту субъектісіне апналдыруға жәрдемдеседі.
Тіпті, өте талантты педагогтың бір өзі, ол оқушылар ұжымына сүйене
отырып қол жеткізерліктей табысқа жете алмайды.. А.С. Макаренконың тәрбие
беретін мекемелердегі көпжылдық тәжірибесі негізінде дұрыс, советтік тәрбие
тұтас, күшті, әсерлі коллективтер құру жолымен ұйымдастырылуы тиіс деген
қорытындыға келуі тегін емес. Ол оқушылар коллективін тәрбие жұмысын
ұйымдастырудың ең басты формасы ретінде қарастырылады.
Ұжымда және ұжым арқылы тәрбие беру жеке-дара ықпал жасауды, әрине,
жоққа шығармайды, оны да қарастырады.

Оқушылар ұжымын ұйымдастыру, топтастыру және тәрбиелеудің ролі үлкен.
Олар оқушылар ұжымының өмірі мен жұмысына идеялық мазмұн береді және класс,
жалпы мектеп ұжымдарының сүйеніші болып табылады.
Мектептің ұйымы. Қазіргі жағдайда мектеп ұйымдарының алдына қойған
міндеттерді ойдағыдай шешуге көмектесуге жұмылдырылған: саяси жағынан
белсенді, істі білетін, еңбекті сүйетін және жұмыс істей алатын, өз Отанын
қорғауға әрқашанда дайын адамдар ұрпағын калыптастыруға септігін тигізу.
Жігіттер мен қыздардың саяси, еңбек және адамгершілік шыңдалысын күшейту,
оларда білімге, мәдениетке, кәсіптік шеберлікке, халық игілігін сақтауға
деген ұмтылысты тәрбиелеу әр ұйымының жауынгерлік нақты ісіне айналуы тиіс.
Мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар берудегі ролі үлкен.
Мектеп ұйымдары мектептің өндірістік еңбек коллективтерімен жанды
байланысын жүзеге асыруға жәрдемдеседі. Бұл еңбекке тәрбиелеу, кәсіптік
бағдар беру, оқушыларды өмірге, еңбекке даярлау міндеттерін ойдағыдай
шешуге көмегін тигізеді, олардың идеялық-адамгершілік тәрбиесін жетілдіруте
себепші болады. Бұл мәселелер айрықша үлкен орын алады.
Мектептегі жылдар — жеке адамның идеялық-адамгершілік жағынан
қалыптасуында мейлінше маңызды және жауапты кезең. Дәл осы жылдарда
дүниетаным мен жоғары идеялылығының негізі салынады. Бұған ғылым негіздерін
игеру, басшылыққа алынатын документтерін оқып-үйрену.
2.2. Балалар ұжымы және оның тәрбие беру мүмкіндігі

Ұжым деген ұғымның өзі тәрбиеленушілер бірлестігі деп түсіндіріледі.
Мұндай ұжымның өзіндік маңызды белгілері бар:
1.Жалпы әлеуметтікмәнді мақсат: кез келген топта.трамвайға мінген
жолаушыларда да, ұрлық істелген қылымыскерлерде де мақсат болады. Ұжымның
мақсаты қоғамдық мақсаттармен сәйкес келеді, яғни өкісет заңдарына,
конститутцияға, басшы идеологияға сай келмей, қоғам мен мемлекеттік қолдау
көрмейді.
2.Жалпы бірліктегі іс-әрекет: қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін жалпы
біріккен іс-әрекет ұйымдастыру қажет. Адамадар белгілі бір мақсат жолында
ұжымдарға бірігеді. Ұжым мүшелерін ерекшклейтін белгі- олардың іс-әрекет
қорытындысы үшін болған жоғары өзіндік жауапкершілігінің болуы.
3.Жалпы таңдалған басқарушы орган: ұжымда демократиялық қатынас пайда
болады. Басқару органы ұжымның беделді мүшелерін ашық және тікелей
таңдайды.
Жақсы ұйымдасқан ұжымда бір-біріне көмек, бір-біріне жауапкершілік,
дұрысын айту, өзін-өзі сынау, бәсекелестік сияқты сана қалыптасады.
Жоғарыда аталған белгілері бар ұжымда еңбекке, адамдарға, жеке және
қоғамдық міндеттерге гуманистік қатынастар жүйесі қалыптасады.
Ұжым үнемі өзгеріп отырады.Өйткені оның құрамындағы адамдар ауысып
отырады. Сол үшін педагогикалық жетекшілер қарым-қатынас және әсер ету
жобаларын жиі өзгертіп отыруға міндетті. Тәрбиені ұжымдағы қарым-қатынас
құрылымының көп деңгейлігін ескере жүргізу қажет.
Тәрбиенің басты міндеті – балаларды дамытудың әр түрлі деңгейіне бара-
бар қатынастың қазіргі кездегі тәжірибесін форма есебінде беру ғана емес,
сонымен бірге жеткіншектерді жаңа, неғұрлым жоғары қоғамдық қарым-қатынас
деңгейіне бағыттап дайындау. Адамның тұтас жеке басын қалыптастырудың аса
маңызды шарты мен құралы коммунистік тәрбиенің идеялық-саяси құралы,
адамгершілік, еңбек эстетикалық және басқа жақтары балалар коллективі болып
табылады. Оны жалпы да өзіне тән белгілердің жиынтығын сипаттайды.
Тәрбиені ұйымдастыру формалары және оларды жіктеу. Күрделі де көпқырлы
тәрбие процесі әр түрлі формалардың көмегімен жүзеге асырылады. Олар өте
өзгермелі, серпінді келеді. Оларды таңдау тәрбие жұмысының мазмұнына,
оқушылардың жас шамасына, тәрбиешілердің шеберлігіне және тәрбие процесі
өтетін басқа жағдайларға байланысты болады.
Тәрбиені ұйымдастыру формасы — деген көп жағдайды қамтитын кең
мағыналы ұғым. Ол тәрбие қызметін ұйымдастырумен байланысты нақты
процестерді белгілеу үшін қолданылады. Егер тәрбиені ұйымдастыру формасын
ең жалпы түрінде қарастыратын болсақ, онда олар тәрбиешілер мен
тәрбиеленушілер арасында қалыпқа түсіп келе жатқан қарым-қатынастарды,
сондай-ақ балалар коллективіндегі тәрбиелеу процесіндегі қарым-қатынастарды
бейнелейді. Осы қарым-қатынастар қалай қалып алып келе жатқанына,
тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің қандай позицияда тұрғанына байланысты
тәрбие процесі белгілі бір ұйымдастырушылық формаға келтіріледі. Олар
басшылық ету және бағыну қарым-қатынастарын, жұмсалатын күштің орны
анықталуын, тәрбиелік қызметтің жоспарлануы мен ұйымдастырылуын, оның
нәтижелерінің есепке алынуы мен бағалануын сипаттайды.
Форма ұғымы — заттың, процестің, құбылыстың ұйымдасу әдісі мен
тіршілік әдісін білдіреді (философиялық экциклопедия). Тәрбиені
ұйымдастыру формасы — тәрбие элементтерінің ішкі байланысын бейнелейтін
және тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара қарым-қатынастарын
сипаттайтын тәрбие процесіи ұйымдастыру әдісі. Кейде педагогикалық
әдебиетте және мектеп практикасында тәрбиенің ұйымдастыру формалары ұғымы
қолданылады. Бұл да тәрбие процесін ұйымдастырудың әдістерін мегзейді.
Педагогикалық әдебиетте оқушылардың қалайша ұйымдастырылғанына
байланысты (тәрбие процесіне бүкіл класс, оқушылардың шағын топтары мен
немесе жеке оқушылар қатыстырыла ма) тәрбие формаларының жіктелуі беріледі.
Соны есепке алудан мынадай формалардың беті ашылады: жаппай немесе
бұқаралық топтық немесе үйірмелік және жеке-дара. Бұл әлдеқайда көп
таралған жіктеу. Ол ұйымдастыру формаларын көрсетеді, мұнда тәрбиешілер
мен тәрбиеленушілердің тәрбие процесіндегі қарым-қатынастары, олардың
араласу формалары бейнеленеді.

Тәрбие қызметін ұйымдастыру формаларын тәрбиелік ықпал жасау
методикасына байланысты жіктеуге талпынушылық та бар. Мұндай жіктеуде
тәрбие формалары мынандай топтарға бөлінеді: сөздік, (саяси-хабарлар,
жиналыстар, жиындар, линейкалар, лекциялар, баяндамалар, оқырмандар
конференңиялары, диспуттар, кездесулер, ауызша газеттер, радио, журналдар
т.с.с); практикалық (жорықтар, экскурсиялар, спартакиадалар, олимпиадалар
мен конкурстар, пионер және комсомол әрекеттері ауқымындағы жұмыстар, қызыл
ізшілдердің іс-әрекеті, техникалық творчество, жас натуралистер үйірмелері,
сондай-ақ сенбіліктер, т.с.с); көрнекілік (мектеп музейлері, лениндік
мүйістер, бөлмелер, мен залдар, соғыс және еңбек ерлерінің галереялары,
кіші третьяков галереялары, көркем творчество көрмелері, кітап көрмелері
мен жаңа кітаптар жаймалары, тақырыптық стенділер, т. б.) Мұндай жіктеу ең
алдымен тәрбиелік шараларды бір рет өткізуді мегзейді (саяси хабарлар,
әңгімелер, экскурсиялар, жорықтар т. с. с). Рас, практикалық және кернекі
формалардың кейбіреулері белгілі бір бағытта ұзақ уақыт тәрбиелік жұмыс
өткізуді көздейді. (Мысалы, қызыл ізшілдердің қызметі, тимуршылар жұмысы,
мектеп музейлері).
Тәрбиелік ықпал жасау сипатына қарай жіктеудің шартты сипатта
болатынын да есте ұстау қажет. Тәрбие практикасында сөздік, практикалық
және көрнекілік формалар тығыз астасып жатады ғой. Мысалға, саяси
хабарларды, оқырмандар конференцияларың өткізу практикалық істермен
байланысты. Саяси хабарлар, конференциялар барысында әр түрлі көрнекілік
құралдар пайдаланылатыны да аз емес (портреттер, карталар, схемалар,
диапозитивтерді, кинофильмдерді керсету т.с.с). Істің мәні қандай
формалардың басым екендігінде, негізгі, жетекші болатындығында.
Жоғарыда келтірілген жіктеулер, әрине, тәрбие процесін ұйымдастыру
формаларының бүкіл молшылығын қамти алмайды. Соңғы кезде жаңа ұйымдастыру
формалары шықты: әр түрлі көркемөнер клубтары, ғылыми қоғамдар, мәдениет
университеттері, мектептегі көркемөнерпаздар театрлары мен киностудиялары,
Лениндік оқулар, лениншілдер үш ұрпағының слеттері, теориялық
конференциялар өткізіледі, жас дзержинскийшілер отрядтары, ма-каренколық
отрядтар, комсомолдық постылар, пионерлік патрульдер, еңбек звенолары,
штабтар т. б. ұйымдастырылады.
Тәрбие қоғамдық талаптарға сәйкес болуы міндетті. Егер қоғам құқықтық
демократиялық мемлекет құрып жатса, ендеше ондағы адам тәрбиесі
адамгершілік, азаматтық заңдар мен қылық-әрекет нормалары рухында жүріп
жатуы қажетті. Жалпы адамзатгық құндылықтар қалыптастырудың маңыздылығын
ескерумен бірге әлеуметтік ортаның кездейсоқ та, мақсатты бағытта да әсер,
ықпал жасайтынын естен шығармаған жөн.
Қазіргі заман тәрбиесі гуманистік негізде болып, тұлғаның әлеу-меттік-
мәдени (өмір және әрекет-қылық кейпін таңдау және іске асыру), даралықты
(тұлғаның өзіндік қалыптасуы), жауапкерлікті қаты-нас (құндылықтар таңдау)
бағыттарында дамуына орайласады. Мұндай тәрбие технологиялық
икемшілдігіменен (адамның қабылдау және психологиялық даму заңдылықтарына
сай орындалады), көңіл-күйге сәйкестігімен (көңіл-күй тәжірибесін
қалыптастырады), сұхбаттастығымен (екінші біреуге ұсыну үшін емес, өз
меншікті тәжірибесін кұрастыру үшін), жағдайға орай орындалуымен (негізгі
құралы – тәрбиелік жағдай), болашаққа бағытталуымен (дамудағы тұлғаға
арналады) ерекшеленеді.
Сонымен, тәрбие - бұл жалпы, ортақ міндеттерді іске асыру барысында
мұғалім мен оқушының ықпалдасты әрвкеттерін қамтамасыз етуші арнайы
ұйымдастырылған тәрбиелік жүйе жағдайында мақсаты тұлға қалыптастыру болған
әлеуметтік процесс.
Берілген анықтаманың мазмұндық құрылымына зер салайық:
мақсаты тұлға қалыптастыру болған әлеуметтік процесс мәні- процесс
нақты мақсаты болғанда ғана тәрбие деп ататуы мүмкін.
әлеуметтік процесс мәні – тәрбие әрқашан адамды ұнамды өзгеріске
келтіруші көптеген қоғамдық іс-әрекеттерді арнайы түрі.
тұлға қалыптастыру мәні - бұл тәрбиеге басқарым, оны іске асыруға
жағдай жасау, тәрбиелік іс-әрекеттерді ұйымдастыру (зорлау, әкімшіл ықпал
мүлде болмауы тиіс). Қалыптастыру екі өзара байланыстан тұрады:
педагогикалық қызмет және тәрбиеленушінің жауап іс-әрекеті.
арнайы ұйымдастырығған тәрбиелік жүйе мәні: неліктен жүйе? Себебі
практикалық іс-әрекет процесінде қандай да жалғыз әдіс, тәсіл, жоба
қолданумен шектелуге болмайды. Бұлардың бәрі өзара байланыста, бірін-бірі
толықтырып, жетілдіретін болса ғана, оқу нәтижесі тиімді болады.
тәрбиелеушімен тәрбиеленушінің ықпалдасты әрекеттері мәні-тәрбие
процесі кері байланысқа міндетті түрде негізделуі тиіс, ол болмаған
жағдайда мұғалім қызметінің нәтижесі жөнінде әңгіме болуы мүмкін емес.
Тәрбие процесінде ықпалдасты іс-әрекеттердің арқасында тәрбие-ленуші
ұсынылған ұйымдастырылып, белгілі тәжірибені игереді. Осыдан.
тәрбиелеушінің басты міңдеті - оқушыны көргенін, оқығанын кайталап, оларды
өз бойына сіңіріп, өзінің меншікті әрекеті ретінде қайта жаңғырта алатындай
оқу жұмыстарына қосудың жолдарын табу. Сонымен, тәрбие- бұл әрқилы іс-
әрекет түрлерін ұйымдастыру процесі. Тәрбие теориясында мұндай бағыт
тұлғалық - іс-әрекеттік атауын алған. Оның мәні: адам барша әлеуметтік
тәжірибеден өзіне табиғаты жағынан жақын, әрі қызықтысын таңдайды.
Тұлғалық - іс-әрекеттік бағыттың негізгі мазмұндық бірліктері
төмендегідей:
- сан қилы тұлғааралық қатынастардың бәрінің негізі-ортақтасу
(общение):
- іс-әрекет барысында тұлға дамуына басшылық жасау;
- тұлға дамуы мен әлеуметтенуі.
Гуманистік педагогикада тәрбие-көзделген мақсатқа жеткізуші
тәрбиелеуші мен тәрбиеленуші арасындағы тиімді қызметтестік процесі.
Тәрбиенің күрделі процесінде ұйымдастырудың белгілі бір формасын
қанағат тұтып қалуға болмайды. Тәрбие жұмысына қойылатын аса маңызды талап
— оны ұйымдастырудың алуан түрлі формаларын қолдану.
Комплексті түрде жүргізу — тәрбие қызметін ұйымдастырудың бұқаралық,
топтық және жеке-дара формаларының ақылға сай, педагогикалық жағынан
ойластырылған үйлесімділігін талап етеді. Бұқаралық жұмыс нәтижелерінің
топтық және жеке-дара сабақ, процесінде нығайтыла түсуінің, ал бұл
сабақтардың әр түрлі бағыттағы бұқаралық түрткі болуының маңызы зор.
Мәселен, белгілі бір проблема бойынша бір немесе бірқатар кітаптарды жеке-
дара оқу диспутпен немесе оқырмандар конференциясымен аяқталуы мүмкін.
Ұйымдастыра білген жағдайда олар идеялық-саяси, адамгершіліктік және
эстетикалық тәрбиенің маңызды құралы ретінде қызмет ете алады.
Тәрбиенің жалпы әдістері және олардың жіктелуі. Әдіс дегеніміз— алға
қойылған мақсатқа жетудің жолы, әдісі. Тәрбиелеу әдістері—тәрбиелік
міндеттерге қол жетуі үшін тәрбиешілермен тәрбиеленушілер коллективтерінің
бірлескен өзара байланысты қызмет ету жолдары мен әдістері.
Тәрбиеленушілер тәрбие процесіне немкетті қарап, одан тыс қалмайды.
Олар қалай болғанда да тәрбиелік ықпалды сезінеді, сөйтіп субъект ролін
ғана емес, тәрбие субъектісінің де ролін атқарады. Тәрбие процесін дұрыс
ұйымдастыру нәтижесінде тәрбиеленушілер оған қатысушыларға айналады. Олар
алған хабарларын белсене қорытады, тәрбие жайындағы білімдерін бұрын алған
білімдерімен, жеке басының тәжірибесімен және басқа адамдардың мінез-құлық
тәжірибесімен салыстырады. Егер тәрбиелеу әдісі сәтті таңдалып алынса және
білгірлікпен қолданылса, тәрбиеленушілер өздерінің жауап іс-әрекеттері
арқылы тәрбие міндеттерін шешуге себепші болады. Олардың санасы дамиды,
сезімі байиды, қажетті дағдылары мен мінез-құлық әдеттері қалыптасады.
Кейде тәрбие әдістері ересек адамдар (педагогтар, ата-аналар)
балаларға тәрбиелік ықпал ету үшін пайдаланатын құрал ретінде ғана
қарастырылады. Бұл, сөзсіз, дұрыс емес. Тәрбиеленушілердің өздерінің жауап
әрекетін, оқушылар коллективінің жеке адамға әеерін де ескерудің маңызы
үлкен. Педагогтар қызметі әдісінің оқушылар коллективі іс-әрекетінің
әдісіне айналуына ұмтылу қажет.
Сөйтіп, тәрбие әдісі — мұғалімдер мен оқушылардың ұйымдасқан тәрбие
процесінде жеке адамның мақсатты бағытта қалыптасуын жүзеге асыратын
күрделі комплекс. Әр әдіс құрал ретінде көрініс береді, тәрбиеші соның
көмегімен санаға, сезім мен мінез-құлыққа әсер жасайды, әр түрлі іе-
әрекет ұйымдастырады. Ол оқушылардың іс-әрекетіне басшылық етуді қамтамасыз
етеді, оларды өзін-өзі тәрбиелеуге итермелейді, жеке адамның дамуына түрткі
болады.
Тәрбие әдісі және тәрбие беру жұмысын ұйымдастыру формасы
ұғымдарының өте жақын ұғымдар екендігін есте тұтқан жөн. Философиялық
энциклопедияда әдіс зерттелетін объектінің қозғалыс заңдылықтарынан
туындайтын болмысты практикалық және теориялық жағынан игеру формасы
ретінде ашылып көрсетілетіні тегін емес.
Екінші тарауда тәрбие процесіне, бір жағынан, тәрбиешілердің
тәрбиеленушілерге ұйымдастырылған және нысаналы ықпал етуі, екінші жағынан,
тәрбиеленушілердің ұйымдастырылған және нысаналы іс-әрекеті енетіні
көрсетілген болатын. Тәрбие процесінің бұл екі жағына әдістердің екі тобы
сәйкес келеді: нандыру әдістері және жаттықтыру әдістері. Олар әр түрлі
амалдар көмегімен жүзеге асырылады.
Тәрбиелеу тәжірибесінде нандыру құралының бірі ретінде үлгі тұту
(тәрбиешілердің, қазіргі кезеңдегі және бурын өткен адамдардың, әдеби
шығармалар қаһармандарының т.б. жеке үлгісі) кең пайдаланылады. Сондықтан
бұл оқу құралында ол тәрбйе жұмысы жүйесіндегі нандыру туралы тарауда
қарастырылады. Тәрбие процесінде оқушылардың іс-әрекеті мен мінез-
құлықтарында ынта тудыратын жарыс, көтермелеу және жазалау сияқты әдістер
қолданылады. Олар педагогикалық әдебиетте көмекші, қосымша әдістер ретінде
қарастырылады.
Тәжірибелі педагогтар оқушыларға әр түрлі жанама ықпалдар жасау
тәсілдерін де аз қолданбайды. Олардың тәрбиелік позициясы жасырын,
байқалмайтындай болады. Олар тікелей әрекет жасамайды, оқушыларға
жолдастары, оқушылар ұйымы арқылы әсер етеді, қызықты іс-әрекетке тартады,
тәрбиелік ықпал жасау мақсатында көркем әдебиетті, өнер шығармаларын т.с.с.
пайдаланады. Балалардың педагсггикалық процедураға тап болғысы
келмейтіндіктері белгілі, оларға мінез-құлықтары жайлы көп айта берген,
шексіз мін таға берген ұнамайды. Сондықтан педагогтардың кейде тікелей
ықпал жасаудан өздерін-өздері тежегендері жөн. Тәрбиешілердің педагогикалық
позициясы кей жағдайларда тәрбиелеиушілерден жасырын болуы тиіс.
Тәрбиеленушілерге игі әсер ететін, олардың жөнделуіне көмектесетіндей
әрекет етулеріне итермелейтін жайттар туғызудың маңызы үлкен. Қиын мінезді,
қияңқы, ашуланшақ балаларға жанама ықпал жасау тәсілдерін, қолданудың
маңызы ерекше. Оларға тікелей педагогикалық ықпал жасау көбіне қажетті
нәтиже бере алмайды. Ол кері әрекет, қарсылық тудырады. Жанама ықпал жасау
балаларда толық өзімен-өзі болуды, тәуелсіз болуды сезіну әсерін тудырады.

Психологиялық көзқарас тұрғысынан ұйым – баланың қоғамдық байланысы
қалыптасатын, оның психикалық дамуы жүретін қоғамдық организм. Кез-келген
ұйым оны әлеуметтік орта ретінде, тәрбие шарты және т.б. ретінде
сипаттайтын белгілермен бірге балалар ұйымында біз кемелденіп бітпеген,
қалыптасып келе жатқан жеке адамдармен істес боламыз. Оның ерекше тәрбиелік
функциясы да нақ осыған байланысты.
Оқушылар ұйымының айрықша ерекшелігі – ересектердің балаларды
біріктірген кезде, олардың қатынастарын құрған кезде көздеген мақсаттарының
бағыттылығында. Балалар ұйымы өсіп келе жатқан адамды біріктіре отырып, бұл
тұрғыда тәрбие функциясын жүзеге асырудың шарты мен құралын жасайды.
Қоғамның неғұрлым белсенді де мақсатты түрде ықпал ету шарты бола отырып
балалар ұйымы өз мүшелерін тәрбиелеу функциясын атқарады.
Балалар ұйымын ұйымдастыруда балалардың өздерінің қарым-қатынасқа
деген қажетсінуі мен үлкендер алға қойған міндеттердің арақатынасы ерекше
маңызды. Балаларды қоғамдық маңызды міндеттерді шешуге белсенді қатыстыра
отырып, ұйым жеке адамды дамыту үшін кең мүмкіндік ашатын қарым-
қатынастардың сай түрлі формаларына өріс жаюын қамтамасыз етеді. Бұл
жағдайда балалардың ұйымы тек сырттай лайықты деп қабылдамауының
психологиялық маңызы зор. Балалардың өздерінің көзінше ұйымның тәрбиелеу
функциясын гөрі екінші орынға шегіндірілуі тиіс, әйтпесе оның тәрбиелік
ықпалы жойылады.
Балалар ұйымының әлеуметтік-психологиялық ерекшелігі мынада: үлкендер
ұйымдастырған балалар бірлестіктері қоғамның осы типіне тән қарым-
қатынастардың үлгісін жасауға мүмкіндік береді. Әрине, сондықтан да
коллектів ішіндегі балалардың өзара қарым-қатынасының олардың жеке басын
қалыптастыру үшін шешуші маңызы бар.
Қоғамда балалар ұжымы — баланың барлық қарым-қатынасын қалылтастырып
қана қоймайды, сонымен бірге өріс жайып, сапалы өзгеріп отыратын ерекше
әлеуметтік орта мен жағдай болып табылады. Осы қатынастарды дұрыс құрып,
ұйымдастыру — тәрбие міндеттерінің бірі. Баланың ерекше икемделгіштігі
коллектлвтің оған белсенді ықпал жасауына мүмкілдік береді. Атап айтқанда,
коллектив — мектеп оқушысының жеке басының тұрақты адамгершілік қасиетін
неғұрлым белсенді, мақсатты түрде қалыптастырудың шарты. Баланың өткен
буынының тәжірибесін, жилақталған білімдерді, ұғымдарды қабылдау процесі
дегеніміз өту жағдайлары бойынша да, сондай-ақ механизмдері бойынша да жеке-
дара тәжірибені қалылтастыру процесінен ерекшеленетін өзгеше бір процесс.
Бұл процесс баланың айналасындағылармен қарым-қатынасында, өріс жаятын іс-
әрекетінде, өскелең адамды тәрбиелеуді, оны жеке адам ретінде
қалыптастырып, дамытуды мақсат тұтқан қарым-қатынастардың үлкел де арнайы
ұсынған жүйесінде жүзеге асады.
Іс-әрекеттің көп қырлы жүйесінде балалардың барлық қарым-қатынастары
қалыптасады, олар осы жүйеде көрінеді. Балалар бірлескен іс-әрекеттің алуан
түрлеріне түрлі бірлестіктер де қатысады. Алайда бұл бірлестіктердің
балалардың өзара қарым-қатынасын қалыптастыруға психологиялық ықпалы бірдей
емес.
Психологтар мен педагогтар балалар конгломераты, ассоциациялық топ,
кооперативтік топ және қоғамның рұқсатымен құрылған іс-әрекет пен дамудың
әр түрлі деңгейіндегі бірлестіктер, ақырында балалар коллективі деп бөледі.
Жеке адамды тәрбиелеудегі қоғамның міндеті балалардың кез келген кездейсоқ
бірлестігін құру емес. Тек оның жоғары формасы — қалыптасқан-дамыған
балалар коллективі ғана қоғамның қойып отырған міндеттерін аша алады,
сонымен бірге балалардың бір-бірімен араласу қажеттігін іске асыруға
мүмкіншілік береді.
Дамыған балалар коллективі тек қана толық белгілі бір жас
кезеңдеріндегі баланың психикасын қалыптастыратын іс-әрекеттерінің белгілі
түрлері негізінде қажет және мүмкін болады. Шын мәніндегі әрі дамыған
балалар коллективі үшін қоғамның пайдасына мақсатты түрде бірлескен
мазмұнды іс-әрекеттің үйлесімді мотивтері мен мақсаттарының ортақтығы,
жалпы нәтижеге жету қамы, белгілі бір ұйымдастыру мен байланыстар тән.
Сонымен бірге оған барлық мүшелерінің жоғары өзіндік іс-әрекет ету
дәрежесі, коллективтік өзара қарым-қатынастың жоғары дәрежесі мен кеңдігі
тән. Дамыған коллективке баланың қарым-қатынасының өріс алған жүйесі, оның
басқа адамға ерекше қарым-қатынасы іс-әрекет құралы емес, мақсаты ретінде
болуы тән. Мұндай коллективті қалыптастыру — іс-әрекет пен балалардың қарым-
қатынасының сипатын сапасын өзгертуге негізделген ұзақ процесс. I—II
кластардағы мектеп оқушылары арасындағы қарым-қатынасты, әдетте
балалардың коллективтік қызметін ұйымдастыратып, қоғамдық тапсырманы
бөлетін мұғалімдер жасайды. III—IV кластарда балалардың өз жолдастары
арасында белгілі орын алуға қажеттілігі өседі де, тәрбиенің шарты мен әдісі
ретінде балалар коллективінің құрылуы басталады. Жеткіншектік шақтағы
балаларға өзара қарым-қатынасы кең құшақ жайған өзіндік іс-әрекеті бар
коллективті ұйымдастыру тән. Бұл осы кезеңде баланың әлеуметтік
позициясының сапа жағынан өзгеруіне, оның басқа адамдармен қарым-
қатынасының қайта құрылуымен байлаыысты, ол қарым-қатынас әр түрлі
ситуацияға сәйкес құру, реттеу, бөгде адамның позициясын ескере отырып,
өзінің қимылын бағалау мен бағыттау іскерлігін үйренеді. Өзін шыңдаудағы
талабы саралау үстінде 10—16 жасар мектеп оқушысыныц бұл ерекшеліктері дәл
осы тұста оны қоғамдық пайдалы іс-әрекеттің түрлі формаларының ішіндегі көп
жақты қатынасқа неғұрлым икемді етеді. Оны іске асыру жеткіншектердің
қоғаммен қарым-қатынасының сапа жағынан жүзеге енгізілгендегі негізгі
психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келеді. Бұл іс-әрекеттің ішінде
коллективті шыңдауың психологиялық шарты болып табылатын жеткіншектердің
өзін белсенділікпен бекітуі жүріп жатуы мүмкін.
Сонымен дамыған коллектив өзінен-өзі дүниеге келмейді. Оның
қалыптасуы, дамуы кіші шәкірттік шақта басталады да, ал түп-тамыры одан да
гөрі ертерек неғұрлым сәбилік шақта жатады.
Балалар коллективін дамыту дәрежесі балалардың өзара қарым-
қатынастарын дамыту деңгейлерімен және сипатымен анықталады. Балалардың
қарым-қатынасының өріс алған жүйесін құрудың негізі — олардың іс-
әрекеттерін мақсатты бағытта ұйымдастыру.
Мектеп оқушысы, әдетте, бір қатар түрліше, бірдей жастағы (мысалы,
оқу), түрлі жастағы (спорт, керкемөнер, қоғамдық-ұйымдастыру) тұрақты,
уақытша және басқа коллективтерге кіреді. Тәрбие жұмысын дұрыс
ұйымдастырса, негізгі міндеті мен функциясы қоғамдық пайдалы іс-әрекет,
қоғамдық өмір мен қоғамдық мінез-құлықты қалыптастыру деп есептелетін,
коллективтер, шәкірт үшін неғұрлым референтті болады. Барлық бұл
коллективтерде бала басқа балалармен және үлкендермен белгілі қарым-
қатынасқа түседі, өзіндік орын алады, оның жеке басын қалыптастыратын,
жетілдіретін белгілі бір талаптар жүйесінде болады.
Балалар ұжымын мектеп оқушыларының өміріндегі негізгі орта деп қарай
отырып, біріншіден олардың ұжымдық қызметін өзіндік іс-әрекет сипатына ие
болатындай, яғни іс-әрекет түрінде ұйымдастыру қажет, онда мақсаты балалар
үшін тартымды болғандықтан әрбір оқушының белсенділігін оятатындай мотивке
айналуы керек. Екіншіден, істі ұйымдастыру әрбір коллектив мүшесінің
творчестволық, тең праволық позициясын, оның даму, өзгеру мүмкіншілігін
қамтамасыз етуі керек. Тұрақты күрделіленетін бірлескен іс-әрекет алғаш
қатысы бар коллектив үшін, содан соң мектеп үшін, кейіннен аудан, қала үшін
орындалады. Үшіншіден, мектеп оқушыларыныц бірлескен жұмысын, әрбір
оқушынық іс-әрекетінің нәтижесін жалпы нәтижеге жетудегі қажетті буын
болатындай етіп құрған жөн. Коллективтік іс-әрекетті осылай ұйымдастыру
балалардың ынтымақтастығын, жауапкершілігін, демеуді сезінуін, көмектесуге
ұмтылысын оятады, қоғамдық пікірді пәрменді түрде қалыптастырады.
Балалар ұжымының тәрбиелеу мүмкіндіктері мыналармен:
1) балалар әрекетінің мазмұнымен;
2) бұл ұжым қаншалықты тұтас іс-әрекеттің субъективті ісі ретінде
болатындығымен;
3) іс-әрекет процесінде ұйымдастырылатын барлық қарым-қатынастардың
жүйесімен айқындалады. Барлық ұжым мүшелеріне әрбір бала үшін орнықты
жағдай туғызатын қамқорлық қарым-қатынас ұйымдастыру аса маңызды.
Балалар ұжымы тәрбие объектісі ғана емес, оның субъектісі де. Әрбір
бала — осы ұжымның мүшесі, сондықтан да мектеп оқушысына ұжымдық іс-
әрекеттің мақсатын таңдауға нақтылы қатысып, оны өмірде іске асырып,
көпшіліктің пікірін ұйымдастырып отыруы қажет. Жеке адамға балалар
коллективінің тәрбиелік ықпалы, баланы белгіленген қатаң талаптарға
бағындыруға мұқтаж ететін қысыммен емес, балаларды олардың творчестволық
белсенділігін жан-жақты ашуға итермелеуімен анықталады. Әрбір баланың
дербестігін, инициативасын көрсету, даралығын дамыту үшін жағдай жасау
жеке адамның адамгершілік өрісінің байлығын ашып, оның моральдық-ерік
сапаларын қалыптастырады.
Ұжымшылдық — жеке адамның өзінің нақтылы іс-әрекетіне көзқарасының
бірден-бір маңыздысы — қоғамдық іске творчестволық көзқарас, бірақ тек өз
тобының жай қоғамдық ісіне ғана емес, жалпы барлық іс-әрекетке
творчестволық көзқарас. Нақ осы жағдайда қоғамдық іс-қажеттілік болып
есептелетін қалыптасқан жеке адамның өзін-өзі көрсетуі болып өтеді. Мұндай
қажеттілікті тұйық топта, оның тар шеңберлі істеріне ғана көзқарасып
қалыптастыру арқылы қалыптастыруға болмайды, өйткені жеке адамды жан-жақты
дамыту бір бөлігі ұжым болып табылатын кең шеңберлі мақсаттарға бағдар
алумен қамтамасыз етіледі.
Зерттеулер көрсетіп отырғандай, баланың екі ұшты моралының басты
себептерінің бірі (өз коллективінде ол жолдастық, өзара көмектестік,
жауапкершілік қарым-қатынас көрсетеді, ал өз коллективінен тыс жерде
коллектившілдік қасиеттер көрсетпейді, өз тобында тұйық қалуы болып
табылады.
Өзара жарысқа түсе отырып, мектеп оқушылары басқа коллективтің, кей
кезде жалпы іске зиян тисе де, олардың класының (командасының, тобының)
озып шығуына ынталанатын жағдайы да ұшырасады. Мұндай жағдай, ұжым әлі де
қалыптаспаған, яғни онда жалпы іс үшін жауапкершілік айқын көтерілмеген
кезде байқалады да өзара жарыс бірінші орынға шығу мотивінен туады. Бұл
мотивтер топтық эгоизм сипатында болады да коллектившілдікті қалыптастыруға
көмектеспейді. Коллектившілдік өз коллективінде ғана қалып қоятын істерге
сүйенбейді, себебі, коллектившіл болу — тек қана өз коллекттивінің ісі үшін
жаны ашу емес. Коллектившілдікте ең бастысы - іс-әрекетке қоғамдық бағдар
беру жалпы іске творчсстволық көзқарас. Сондықтан да коллектившілдікті тек
қана өз коллективінің істеріне көзқарасқа сәйкес тәрбиелеуге болмайды.
Жеке адамның нақтылы коллектившілдік қасиеттерін қалыптастыру жеке
коллективтің істері мен мақсаттарын белгілі дәрежеде абстракциялауды, бұл
істер мен мақсаттардың біздің қоғамды құратын коллективтердің неғұрлым кең
міндеттерімен байланысты екенін сезінуді қажет етеді. Нақ осы жолда ғана
мектеп оқушыларының жалпы істер үшін дара жауапкершіліктері қалыптасады.
Демек, арнайы ұйымдастырылған қоғамдық пайдалы іс-әрекеттің бағытына сүйене
отырып, балалардың қарым-қатынастарының берілген жүйесін дамыту үшін негіз
жасайтындай, коллектив аралық сан алуан байланыстарының торабын құру елеулі
мақсат болады.
Балаларды жалпы біртұтас, көп салалы коллектив құратын, тұрақты және
уақытша коллективтердің бірлестіктерінде ұйымдастырылатын іс-әрекеттің әр
түріне бір мезгілде енгізудің маңызы өте зор, себебі, бұл мектеп
оқушыларының жеке мүддесіне қосымша жаңа баға беріп, оны қоғамдық мәнді
міндеттерді шешуге бағдарлап қоймай, балалардың сан алуан қарым-
қатынастарын жетілдіреді. Мысалы, коллективтер арасындағы байланыстарды
нығайтуда уақытша бірлестіктерді мақсаттылықпен құру маңызды орын алады.
Бұл жерде балалардың іс-әрекеттері қысқа мерзімді істерді орындауға
тапсырма алатын шағын топтарда ұйымдастырылады. Бұл бірлестіктердің
психологиялық ролі мынада: әрбір бала неғұрлым белсенді позиция ұстайтындай
мүмкіншілік алатын ситуация жасалады, балалардың өзіндік іс-әрекеттерін
кеңінен және іс жүзінде дамытатын шарттар пайда болады. Шағын бірлестіктер
шеңберінде ұйымдастырылатын іс-әрекеттер процесінде әрбір мектеп оқушысы
өзін жеке адам ретінде жариялай алады, мүддесі бір, жалпы мақсат пен дара
жетістіктерге жетудегі қызығуы бірдей басқа балалардан қолдау және қуаттау
мүмкіншілігін алады. Нақ осы жағ-дайда бала барлық жолдастары мен өзі үшін
маңызы бар топтағы өзара қарым-қатынасты ұғынады.
Балалардың бірімен бірге оқитын, екіншісімен бірге еңбек ететін,
үшіншісімен сурет салып, ән айтатын, төртіншісімен туристік жорықтарға жол
тартатын және т. б. балалардың сан алуан уақытша және тұрақты, көп және аз
мөлшерлі бірлестіктеріне өте отырып, мектеп оқушысы әр топтың ықпалын
сезінеді, онда белгілі бір орын алумен қатар, оның әрқайсысында ерекше роль
атқарады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылар ұжымы - қазіргі мектептегі тәрбиені ұйымдастырудың негізі
Тәрбиені ұйымдастыру формалары және оларды жіктеу
Балалар ұжымы дамуының негізгі сатылары және қалыптасуы
Оқушыларға ұжымдық тәрбие беру
В.А.Сухомлинскийдің педагогикалық идеясы туралы ақпарат
Оқушылар ұжымы - мектепте тәрбиені ұйымдастырудың негізгі формасы
Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері туралы
Ұжым және тұлға
Бастауыш сынып оқушыларында ұжымдық тәрбиені ұйымдастыру
Оқушылар ұжымы туралы түсінік
Пәндер