Смағұл садуақасұлының өмірбаяны мен атқарған кәсіби қызметі



КІРІСПЕ

І. СМАҒҰЛ САДУАҚАСҰЛЫНЫҢ ӨМІРБАЯНЫ
1.1.Садуақас қазіретінің отбасы
1.2. Смағұл Садуақасұлы.коммунистік такаппарлық құрбаны


ІІ.СМАҒҰЛ САДУАҚАСҰЛЫНЫҢ АТҚАРҒАН КӘСІБИ ҚЫЗМЕТІ
2.1. Смағұл Садуақасұлының қоғамдық.саяси көзқарастары
2.2. Смағұл Садуақасұлының Ф.И.Голощекиннің «Кіші қазан» идеясына қарсылығы
2.3. Смағұл Садуақасұлы . халық комиссары
2.4. Смағұл Садуақасұлы сындарлы жазушы, жауапты редактор және публицист

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Ұзақ сонар ұлт тарихының қай бөлігі болсада керекті, әрі тағылымды. Әйтеседе еліміз тәуелсіздігін жақтап отаршыл патша өкіметіне, сонан соңоны құлатып орнына большевиктік империялық саясатқа қарсы тұрған кезеңнің орны ерекше.
С.Садуақасұлы сол шақтың оза туған перзенті еді. Ол аға толқын алаш ауығандардың ісін ілгерлету жолында аянбай күрескен азаматтардың алдында тұрған тұлға жетпіс жыл бойы аты аталмаса да, жариялықтың арқасында сахнасына қайта шықты.
Бұл тақырыптың таңдағы өзектілігі тарих бетінен өз орнын ала алмай жүрген, өз халқының болашағы үшін күрескен, көрнекті қоғам қайраткері Смағұл Садуақасұлының өмірі мен қызметінің сіңірген еңбегіне шолу жасап өтеміз. Смағұл Садуақасұлының репрессияға ұшыраса да, 1997 жылы президент жариялаған «ұлттық татулық пен саяси құғын-сүргіндерді еске алу» жайында еске алуға тұратын тұлға. Ол аз ғана ғұмырында өз халқы үшін өмір сүріп, көптеген қызметтер істеді, оның оқу-ағарту саласында индустрия, ауыл шаруашылығына сіңірген еңтегі бүгінгі таңда да маңызын жойған жоқ. Өйткені жылы 2003-06 жылдар ауыл шаруашылығы жыл болып жарияланды және осы жоспарланған үш жылда халықтың жағдайын жақсарту сонымен қатар мал шаруашылығын дамыту болып отыр.
1. ҚРОМА. Оқу ағарту халық комиссары. 81 қор
2. Садуақасұлы С. Таңдамалы шығармалар. Алматы, 1993 жыл Дәрімбетовтың құрастыруы бойынша
3. Садуақасұлы С. Ауыл мектебінің жағдайы және оны нығайту. // Советская степь, 1926 жыл 12 желтоқсан
4. Садуақасұлы С. Оқу ісінің кемшіліктері, оларға қарсы шаралар. // Еңбекші қазақ, 1926.ХІІ.6
5. Садуақасұлы С.Ауыл саясатының негізі. // Еңбекші қазақ, 1927.І.7
6. М.Қойгелдиев, Т.Омарбеков. Тарих тағылымы не дейді? Алматы, 1993 жыл
7. Михайлов В.Ұлы жұттың жазбалары. Алматы, 1992 жыл.
8. А.Асқаров. Ұлы тұранның ұлдары. Алматы, 1999 ж.
9. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). ІІІ том. – Алматы: Атамұра, 1996ж. 545-бет.
10. Алдамжаров З.А. Победа великой октябряской революции в Казахстане. Алматы, 1983 г.
11. Қазақ халық әдебиеті (көп томдық). ІІІ том – Алматы: Жазушы, 1937ж. – 303 бет
12. Қасенов, Төраханов Ә. Қызыл қырғын, 1937 жылдарда опат болғандар. 1994 ж.
13. Қазақ халық әдебиеті, Алматы: Рауан, 1990ж. 240 бет.
14. Бөкейханов Ә. Таңдамалы. Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1995ж, 478 бет.
15. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. Алматы, 1993 ж.
16. Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. Алматы, 1995 ж.
17. Көпеев М.Ж. Ел аузынан жинаған әдебиет үлгілері. Т.2. – Алматы: Ғылым, 1992 ж. 224бет.
18. Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. Алматы: Ана тілі, 1998 ж. 304 бет.
19. Қойгелдиев М.Панасыз араша түскендер. // Қазақ әдебиеті. 1992 ж. 22 мамыр.
20. Есенберлин І. Қаһар: Тарихи роман. ІІ том. Алматы: Жазушы, 1969 ж. 350 бет
21. Асфендияров С.Д. История Казахстана. І том. Алма-ата, 1935ж. 260 бет
22. М.Қойгелдиев. Тұтас Түркістан идеясы және Мұстафа Шоқайұлы. Алматы 1997 ж.
23. Омарбеков Т. 20-30 жылдардағы Қазан қасіреті. Алматы – 1997 ж.
24. Қамзабекұлы Д.Тарихты жазған, тарихта қалған торланбөз. // Ақиқат. 1995 ж. №4.
25. Қамзабекұлы Д. Алаштың ұлы – Смағұл. // Жұлдыз. 1993 ж. №4.
26. Елмұрзаев Р. Қазақ тарихы. // Алматы, 1994 жыл.
27. Қозыбаев М. Көкшетау. // 9 наурыз
28. Нұрпейісов Х. Саясаткерге тіл – өз ойларын жасыру үшін берілген. // Егемен Қазақстан 1992 ж. 7 мамыр, 3 бет.
29. Қамзабекұлы Д. Смағұл Садуақасұлының бай мұрасын қалай зерттеу керек? // Қазақ тарихы, 1994 ж. №2, 47 бет.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

І. СМАҒҰЛ САДУАҚАСҰЛЫНЫҢ ӨМІРБАЯНЫ

1.1.Садуақас қазіретінің отбасы

1.2. Смағұл Садуақасұлы-коммунистік такаппарлық құрбаны

ІІ.СМАҒҰЛ САДУАҚАСҰЛЫНЫҢ АТҚАРҒАН КӘСІБИ ҚЫЗМЕТІ
2.1. Смағұл Садуақасұлының қоғамдық-саяси көзқарастары
2.2. Смағұл Садуақасұлының Ф.И.Голощекиннің Кіші қазан идеясына қарсылығы
2.3. Смағұл Садуақасұлы – халық комиссары
2.4. Смағұл Садуақасұлы сындарлы жазушы, жауапты редактор және публицист

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Ұзақ сонар ұлт тарихының қай бөлігі болсада керекті, әрі тағылымды.
Әйтеседе еліміз тәуелсіздігін жақтап отаршыл патша өкіметіне, сонан соңоны
құлатып орнына большевиктік империялық саясатқа қарсы тұрған кезеңнің орны
ерекше.
С.Садуақасұлы сол шақтың оза туған перзенті еді. Ол аға толқын алаш
ауығандардың ісін ілгерлету жолында аянбай күрескен азаматтардың алдында
тұрған тұлға жетпіс жыл бойы аты аталмаса да, жариялықтың арқасында
сахнасына қайта шықты.
Бұл тақырыптың таңдағы өзектілігі тарих бетінен өз орнын ала алмай
жүрген, өз халқының болашағы үшін күрескен, көрнекті қоғам қайраткері
Смағұл Садуақасұлының өмірі мен қызметінің сіңірген еңбегіне шолу жасап
өтеміз. Смағұл Садуақасұлының репрессияға ұшыраса да, 1997 жылы президент
жариялаған ұлттық татулық пен саяси құғын-сүргіндерді еске алу жайында
еске алуға тұратын тұлға. Ол аз ғана ғұмырында өз халқы үшін өмір сүріп,
көптеген қызметтер істеді, оның оқу-ағарту саласында индустрия, ауыл
шаруашылығына сіңірген еңтегі бүгінгі таңда да маңызын жойған жоқ. Өйткені
жылы 2003-06 жылдар ауыл шаруашылығы жыл болып жарияланды және осы
жоспарланған үш жылда халықтың жағдайын жақсарту сонымен қатар мал
шаруашылығын дамыту болып отыр.
Бұл тақырыптың бүгінгі таңдағы өзектілігі тарих бетіне, өз халқының
болашағы үшін күрескен, көрнекті қоғам қайраткері Смағұл Садуақасұлының
өмірі мен қызметіне, сіңірген еңбегіне шолу жасап өтеміз.
Осы аяқтау жұмысын жазуда екі мәселені қарастырдым:
1.Смағұл Садуақасұлының өмірбаяны
2.Смағұл Садуақсұлының атқарған кәсіби қызметі
Бірінші тарауда Смағұл Садуақасұлының өмірбаянына толық шолу жасап
өттім. Екінші тарауда оның атқарған қызметіне және қоғамдық саяси
көзқарастарына қолда бар деректік материалдар арқылы ашып көрсетуге
тырыстым.
Бұл тақырыптың әлі де болса зерттелмеген, ашылмаған қырлары көп.
Айталық, оның Алашорда қызметкерлерімен қарым-қатынасы, Жеке Азамат
ұйымындағы белсенділігі туралы оның еңбектері жайлы нақты зерттеулер,
көптеген еңбектер шығару болашақ ісі.
Болашақта тарихшылар тарапынан зерттеу қолға алатындығына сенемін.
Қазақстан тәуелсіз ел болуы оның күрделі тарихи даму кезеңдеріндегі
оқиғалар мен фактілерге жаңаша бағыт беру қажеттілігін туғызады. Әкімшіл-
әміршіл жүйе жағдайында қалыптасқан тарих этикасы көп жағдайда ақиқатты бір
жақты көрсетіп бұрмалап, ұйғарып пікірлерге құрылған теориялардың
қорытындылардың өмірге келуге себепші болды. Мұндай еңбектерге тарихи
процестерді сүреусіз баяндау, тарихтың қасыретті беттері жайылып тіс жармау
немесе үстемдік құрған коммунистік идеологияны енгізуге қайшы келетін
оқиғалар хақында шындықты ашып айтпай, орағытып кету және оларға жаркеш
сондай-ақ 1908 жылы И.Сталиннің өзі редакциялаған БК (б)П тарихының қысқаша
күрек тұрғысынан теріс сипаттамалар беру тән болып келеді. Мәселенің
жаңаша қайтуы тарихи шындықты дұрыс тапты біреуге апаратын жолды іздеуді
және сан алуан тың деректерді кең көлемде тауси, ғылыммен айналысуға
енгізуді қажет етеді. Тарихи деректерді адамзат қызметінің нәтижесі ретінде
қарастыру қоғамдық дамудағы маңызды жалпы адамзаттың ортақ көріністерді
байқауға көмектеседі. Тарих ғылымының докторы, профессор О.М.Медушевскидің
пікіріне, деректану болашаққа алатын мұндай жалпы адамзаттың жүйесі, яғни
деректану бұл арада оның көмегімен зерттеуші шығармаға баға беретін әдіс
ретінде көрінеді.
Аталған кезеңнен деректер беретін Қазақстандағы Сталиншілдер еңбектері
туралы айтқанда ең алдымен ауызға алынатыны сол жылдары БК (б)П Қазақ
өлкелік комитетінің жауапты хатшысы қызметінде болған Ф.И.Голощекиннің
басқаларға жолдаған хаттары, жедел хаттары, сөйлеген сөздері, болып
табылады. Мысалы, Ф.И.Голощекин Партийное строительство в Казахстане,
Сборник статей и речи (1925-1930гг) М Алматы 1930ж.
Голощекиннің бұрын зерттеушілерге белгісіз болған кейінгі жылдары
баспасөзбен жарық көрген еңбектерімен танысқанда толық көз жеткізуге
болады. Голощекиннің Сталинге хаты, Қазақ неге атқа қонды? Ақиқат,
Голощекиннің Сталинге хаты, Қазақ тарихы, жеке адамдар жасаған деректі
материалдар, тобына Голощекиннің төңірегіндегі жауапты партия мемлекет
қызметкерлері қалдырған құжаттары да жатады. Бұлардың кейбіреуі соңғы
жылдары жарық көре бастады.
С.Садуақасұылының сол кездерде мерзімді басылымдарға жарияланған
көптеген әр түрлі мәселеге жасаған мақалалары жарық көрді. Мысалы Жоғары
оқу орнының Қазақстан үшін маңызы Оқу ісінің кемшіліктері оларға қарсы
шаралар: Халық ағарту мәселелері, мен Голощекин жолдастың сөзіне қосыла
алмайтын т.б. [25,26-б].
С.Садуақасұлының Ташкентте жүргенде оның Большевик журналына
жарияланған Ұлттар, ұлт өкілдері туралы мақаласы жарияланады. Бұл
мақалада оның нағыз сүйген азамат екендігін айқындайды [6,102-б].
Алдамжаровтың Победа великой октябрьской революции в Казахстане
еңбегінде көптеген мәселелерде С.Садуақасұлының көзқарасы туралы жазған
[10,92-б].
Қ.Қасенов пен Ә.Төреханов бірігіп шығарған Қызыл қырғын 37-опат
болғандар атты еңбекте С.Садуақасұлының өмірбаянына тоқталып: Оның
Қазақстандағы жоғарғы оқу орнының тұңғыш ұйымдастырушысы және КазПИ-дің
алғашқы ректорларының бірі болғандығы, 1928 жылы транспорт инженерлерін
дайындайтын институтқа түсіп, оны бітірген соң С.садуақасұлы Москва-Донбасс
теміржолында инженер қызметін атқарып, онда жүріп сырқаттанып, 1993 жылы
желтоқсанда Кремль ауруханасында дүние алды деп көрсетеді [12,45-б].
М.Қойгелдиевтің еңбегінде С.Садуақасұлы 1926 жылы Қазақ өлкелік
комитетінің қараша пленумынан кейін баспасөзде оның жеке басына қарсы
бағытталған теориялық мақалалар жиі көріне бастады [6,59-б].
Бұл мақалада Голощекиннің Кіші октябіріне, жалпы сол көздегі
Қазақстандағы коммунистер арасында орын алған Коммунизмнің солшылдық
ауруына қарсы қойылған бағытына С.Садуақасов қарсы болды.
Б.Дәрімбетов құрастырып, баспаға дайындауымен 1993 жылы шығарылған
Смағұл Садуақасұлының таңдамалы атты екі томдық шығарма жарық көрді. Ол
еңбекте С.Садуақасұылының жазған мақалалары, очерктері ғылыми публистикалық
шығармалары берілген. Бұл дерек көз болып табылады [2,13-б]. Аяқтау
жұмысымның жазылу барысында С.Садуақасұлының 20-шы жылдары өзі жазған
мақалаларын пайдаландым. Советская степь Ауыл мектебінің жағдайы және оны
нығайту жолында атты мақаласы бар. Бұл мақалада С.Садуақасұлы мынадай
пікір ұсынады:
Ауыл мектебін ашпай тұрып талапқа сай орта және жоғары оқу орындары
жөнінде сөз болуы тіпті мүмкін емес, яғни бұл жерде білім беру мәселесі ең
алдымен бастауыштан басталады, деген тұжырымға келеді [3,4-б]. Смағұлдың
өз заманнан көнеріне сыймаған, кезінде ресми органдар қолдау таппаған,
өзінің қудалауына себеп болған идеялардың негізгілері оның 1928 жылы бүкіл
одақтық Большевик журналында жарияланған Ұлттар және ұлт өкілдері
туралы атты мақалаларында барынша тиянақты баяндалады. Бұл мақаланы
автордың кеңес қоғамдағы тең праволы ұлттарының бірінің өкілі ретінде
табанды позициясын айқындайтын тарихи документ десе болғандай [3,17-б].
Арнаулы зерттеулерге келер болсақ, мұнда Садуақсұлының қоғамдық саяси
қызметі, қайраткерлігі жөнінде белгілі тарихшылардың еңбектеріне сүйене
аламыз.
М.Қойгелдиев пен Т.Омарбеков бірігіп шығарған Тарих тағылымы не
дейді? атты еңбегі екі бөлімнен тұрады [6,5-б], бірінші бөлімінде ғасырдың
20-шы жылдарында жаңа қалыптаса бастаған тоталитарлық жүйеге қарсы күреске
шыққан қазақ зиялыларының тағдыры сөз болады. 2-ші бөлімінде 30-шы
жылдардағы ашаршылық жеке табынушылыққа байланысты халқымыздың басынан
кешкен ауыр тарихы баяндалған. Осы бірінші бөлімі М.Қойгелдиев жазған бұл
еңбегінде С.Садуақсұлының қоғамдық саяси қызметкер ретінде дәлелдеп
көрсетеді және оның алаш қайраткерлерімен бірігіп жүргізген қызметін нақты
фактілерге сүйеніп дәлелдеп көрсетеді. Бұл еңбекте Голощекин мен Смағұлдың
саяси аренадағы қақтығыстары ешбір бүкпесіз жазылған [6,6-б].
Соңғы кездері мерзімді баспасөз бетінде С.Садуақасұлының Қазақстанда 20-
жылдардағы қызметі жөнінде мақалалар жарық көрді. Д.Қамзабекұлының Ақиқат
журналында Тарихты жазған тарихта қалған тарланбоз қазақ тарихына
С.Садуақасұлының бай мұрасын қалай зерттеу керек атты мақалалар
жарияланды. Әдебиетші Д.Қамзабекұлы Смағұл еңбектерінде жасай отырып,
әдебиет саласындағы жеткен жетіктіктеріне тоқталып өткен, оның әдебиетшіл
керемет көркем сөзші екендігін барынша дәлелдеп көрсетеді. Әрине, бұл
зерттеулер дұрыс. Біз тарихшы болған соң тарихи жағынан нақты фактілер
зерттеуін қараймыз.
Д.Қамзабекұлының Жұлдыз жураналына Алаштың ұлы Смағұл мұнда
Смағұлдың өмірі туралы жазылған [24,55-б].
М.Қозыбаевтың Көкшетау газетіне Алаштың аяулы азаматы атты мақаласы
шыққан. Автор мақаласында С.Садуақасұлының алаш ұранды зиялылардың ісін
жалғастырушы қоғам қайраткері деп көрсетеді.
С.Яимурзаеваның Қазақ тарихына С.Садуақасов жағдайы, оған қойылатын
талаптар, қайраткердің ағарту саласындағы қызметін деректік материалдарға
сүйене отырып жазған [26,45-б].
Сонымен бірге республикалар арасында миграцияны зерттеу, жергілікті ұлт
кадрларын дайындау, мемлекетті басқару істеріне ұлт өкілдерін көбірек
тарту, мекемелер ісін жергілікті ұлт тілінде жүргізу тағы басқа қойылды.
Осы шақты жаңартуға ұмтылған қазіргі қоғамымыздағы ұлт аралық қатынастарды
реттеу қолға алынды. Оқу ағарту халық комиссариаты қорында
С.Садуақасұлының оқу ағарту саласына сіңірген еңбегін алып көрсетілген,
оның ағарту саласында ғана емес мәдениет саласында да жетістіктері
жазылған.

І. СМАҒҰЛ САДУАҚАСҰЛЫНЫҢ ӨМІРБАЯНЫ

1.1.Садуақас қазіретінің отбасы

Смағұл Садуақасұлының туған жылы барлық зерттеулерде 1890 жыл деп
жазылып жүр. Мұны Смағұлға қатысты Омбы ауыл шаруашылық училищесіндегі,
Қазақстан мемлекеттік Орталық архивіндегі құжаттар растайды. Әйтседе орта
Сібір атты Батыс Сібір коператив бірлестіктері одағына жұмысқа кірерде
анкетадағы сұраққа жауабында өз қолымен 1899 жыл деп жазылыпты. Бірақ бұл
жауапты жұмысқа кірердегі әдіс-айла (жасты үйкейтіп көрсету) болуы да
мүмкін [ҚРОМА, 81 қор].
Смағұл заманындағы әкімшілік бөлініске сәйкес Ақмола губерниясы, Омбы
уезі, қорған болысында дүниеге келген. Ардагер азамат Қастай Өтекин мен
филологиялық ғылымының кандидаты Айтым Әбдірахмановтың деректері бойынша
бұл жер қазіргі көкшетау облысының Ленинград ауданына қарасты, Ұялы елді
мекенінің қасындағы Жарқын (Жарқынағаш) деген жер екен.
Әкесі Садуақас қазірет 1872 жылы туған. Жақих қажының айтуына
қарағанда, кісі Уфадағы Медресе Ғамихны тамамдаған. Елде молдалық құрып,
арапша балалардың тілін сындырған. Өзі еңселі, қарулы кісі болыпты. Дүние
қумаған. Әркез: Алланың кепілдігімен өңешті тескен құдай құрсақты да
толтырды деді. Біз өз мойнымыздағы парызды орындайық, -деп айтатын дейді,
- Жақих қажы. Садуақас қазірет бұған мысал ретінде жамағаттан:
Мына кесеге бір шелек су құюға бола ма? -деп сұрайтын көрінеді де,
жқ деген жауаптан соң, міне, адам да сол секілді, -дейді екен.
Бала күнімізде, -деп еске алады Ұялы ауылының қариясы Әмен ақсақал,
-Садуақас молданың төбесі шатырлы шымнан салынған үйі тым зәулім көрінетін.
Сырт жақ беттегі қос терезенің ортасынан қабырғаны тесіп шыққан гүлді
арнайы отырғызылған деп ойлайтынбыз. Сөйтсек, молда атамыз құдайдың
құдіретімен шыққан өсімдікті жұлып тастауды обал санапты ғой....
Әкесі Садуақас Тұрабайұлы нақақтан 1937 жылы кеңестік саясаттың құрбаны
боп кете барады. Бар жазығы Орталық пен Голощекиннің қазақцидіне қарсы
тұрған Смағұлдың әкесі болғандығы еді. Ұялының 85-тегі қарты Қайыржан
ақсақал: 1937 жылы ауылдан 7 кісіні айдап әкетті ғой дедектетіп. Өз
көзімен көрдім. Айдағандар қазақ мелитселері тұғын. Айдағандардың ішінде
Садуақас молда да бар екен. Оларды Москаленкаға жаяу айдайды, -дейді. Ал,
Смағұлдың шөбере інісі Аронұлы Рахымжан қария: Біз Садуақас молданың
Қарағандыға айдағанын білдік те поштамен азық-түлік жібердік. Салған
нәрсеміз бұзылған күйінде қайтып келді. Молда атамыздың Қарағандыдан
кейінгі тағдыры белгісіз, -деп әуезе етеді[25,10-б].
Смағұлдың анасының аты Мажікен. Ол, кісі, баласы Смағұлдың жазған
дерегі бойынша, 1879 жылы туған. Рақымжан Аронұлының бәйбішесі Гаухар
Бейсенқызы айтады: Смағұл ағатайымыздың қарындасы Орынбасардың: Шешем
нағашыларым туралы көп айтпайтын. Сірә, бізге зияны тиіп кетер дейтін болу
керек. Оның үстіне біз бой жеткенде тақырда шыққанмын дейтіндердің тасы
өрге дөңгеледі ғой, -дегенін өз құлағыммен естідім, -деп [25,12-б].
1933 жылы жалғыз ұлы Смағұл ауыр қазасынан кейін бейбақ ана қатты
қайғырып, күні-түні жылап, қос жанарынан айырылады. 1937 жылы күйеуі
Садуақас қазірет жазықсыздан – жазықсыз айдалғаннан кейін Мәжікен ана көп
кешікпей құсадан қайтыс болады.
С.Садуақасұлының ата-анасы туралы бар деректер осы. Ал, емшектес
бауырларына келсек, Мәжікен ананың көтерген он сегіз құрсағынан аман
қалғаны – Смағұл мен Орынбасар екен. 1918 жылы Орта Сібір коператив
бірлестігіне қабылданарда Смағұл: Екі қарындасым (бірі 18-де, екінші 3-те)
және бір інім (5-те) бар, -деп жазады. Мұның мәнісін Рақымжан Аронұлы
қария: Садуақас молданың екі ақ перзент болды менің әкелерім Өтебай мен
Аронның (әкесі Әлім- Садуақастың әкесі Тұрабаймен емшектес бауыр, жусан
бабамыздан тараған ұрпақ тамыры тереңде болғанмен, бұтағын кең жая
алмады). Сол себепті әр отау өз алдына түтін түтетседе, араласып-құраласып
жататын. Смағұл ағатайымның 5 жасар інім дегені менмін, 18 жасары бір
анамыз болуы керек, ал 3 жасар дегені – Орынбасар ғой, -деп жауап берді
[9,17-б].
Садуақастың қарындасы Орынбасардың өзі өмірден өгейлік, тағдырдан
тәлкек көріп, 1990 жылы Омбы облысы, Любин ауданының Капустино деревнясында
тұратын Аронұлы Рақымжанның қолында қайтыс болады. Рақымжан қария: Смағұл
ағам дүние салған соң, Садуақас қазіреттің шаңырағынан бақ тайды. Садуақас
қазірет хабар-ошарсыз кетті. Мәжікен анамыз көз жұмды. Жалғыз қалған
Орынбасар бой жетіп, тұрмысқа шыққанмен, отбасының жылуын көре алмады.
Ақыры жетім күйінде дүниеден көшті. Өкімет Қазақстан өкіметін қаласқан
Смағұл бауыры деп ескермеді. Ақтық сапарына дейін Орынбасар қолына бір
тиын зейнет ақысы да тимеді ғой, -деді...
Смағұл ұшқан ұяның халі, міне осындай. Бұл – иісі алаштың кеңес билігі
тұсындағы шынайы тарихының бір ұшқыны еді [19,47-б].
Смағұл 10 жасына дейін әкесі Садуақас қазіреттен тәлім –тәрбие алады.
11 жасында Жарқындағы Әбіл молда Бекімұлының мектебіне барады. Мұнда Смағұл
арапша хат танып, ислам діні негіздерін оқумен қабат дүниеге білімдерден де
нәр алады.
Садуақасұлы Уақап ақсақалдың айтуына қарағанда, білімпаз діндар Әбіл
Бекімұлы сол өңірдегі ірі-ірі Тоғжанның Садуақасы, Бөртебайдың Шәмелісінде
байлардың көмегімен татар, орыс мұғалімдерін алдырыпты. Бұл мектепті Смағұл
1912 жылы тәмамдайды. Мұнан кейін Жарқыннан шамамен 50-60 шақырым жердегі
орыс поселкесі Полтовкадағы екі класты орыс-қырғыз (қазақ) училищесіне
түседі. Училищеде үш жыл оқығаннан соң, толық курсты меңгергені жөнінен
емтихан тапсыруға тура келеді. Сөйтіп, ол білімінің үздік екенін байқатады.
Нәтижесі: Тәртібі: -5.
Құдай заңы – мұсылман болғандықтан босатылған.
Орыс тілі – 5
Арифметика – 5
Жағрапия – 5
Геометрия – 5
Тарих – 5
Жаратылыс тану – 5
Сурет һәм сызу - 5
1915 жылы халық мұғалімі дәрежесін алып, қазіргі Көкшетау облысы,
Лениград ауданы, Қызыл ту совхозы жерінде орналасқан сиыршы ауылындағы
орыс, қазақ мектебінде ұстаз болып орналасты. Бір жыл ұстаздық еткен соң,
әрі қарай оқуды жалғастырмақ болып Омбыдағы орта дәрежелі ауыл шаруашылығы
училищесінің агронамия бөліміне түседі. 1916 жылы 22 тамызда С.Садуақасұлы
тууы туралы анықтамалық пен училище бітіргені жөніндегі куәлігін 108-ші
талапкер болып ауыл шаруашылығының орта дәрежелі оқу ордасының мәдени –
техникалық бөліміне тапсырады. Бірақ Смағұлдың өзі қаламады ма, училище
басшылығы солай шешті ме, әйтеуір әлгі бөлім тізіміндегі Смағұлдың аты
–жөні қарындашпен белінен бір сызылып, үстінен бадырайтып сх деп
жазылыпты [14,25-б].
Сх-сы ауыл шаруашылығы бөлімі белгісі. Мұндағы талапкерлер тізіміне
113-ші болыпты. Сынақ үш пәннен: арифметика, орыс тілі, құдайзаң бойынша,
22 мамыр бен 25 тамыз аралығында өтеді. Мұсылман дінінен Смағұлды босатады.
Әр пәннен емтихан ауызша әрі жазбаша тапсырған. С.Садуақасұлы бәрінен
жақсы деген баға алып шығады [11,22-б]. 1916жылы Омбыдағы ауыл-шаруашылық
мектебіне кіруге емтихан берсе де, стипендия тимей (ол кезде стипендияны
тек мекеме – орындары ғана өз есебінен берген), ауылға қайтпақшы болған
соң, оқып жүрген жолдастары пұл жинап беріп, оқуын ары қарай жалғастырады.
(Еңбекші қазақ 5.V.1925жыл).
С.Садуақасовпен бір уақытта түскендер: Жүніс Бабатайұлы, Аспандияр
Шорманұлы, Брмұхаммет Айбасұлы. Осы азаматтардың бәрі де кейін, 1918-1919
жылдары алаш ұранды ағаларына тілеуқор болып, ұлттың жоғын жоқтаған
жасалашылардың Жас Азамат ұйымында топтасады.
Мен үшінші курс оқып жүргенде (бітіруге бір жыл қалғанда), Омбыда
тқтаған әскер көпірі училищені оқу үшін өздеріне күшпен тартып алды да,
дәрісімізді еріксіз үзді, -деп жазады Смағұл [2,43-б].
1918 жылы жазында Ақмола облыстық Жер-су Басқармасы ұйымдастырған қысқа
мерзімді екі айлық қазақ оқытушыларын дайындайтын курста кооперация қисыны
мен табиғаттанудан сабақ береді.
1918 жылы 2-ші желтоқсанда Ақмола облыстық Жер-су Басқармасы жанындағы
қазақ бөлімінің қазақ бөлімінің оқу ісі бойынша, меңгеруші қызметін
атқарады. Сонымен бірге, осы мекеменің құзырындағы 2 жылдық оқытушылар
әзірлейтін курста жаратылыс тану мен физика пәндерінен дәріс алады.
С.Садуақасұлы туралы бұл құнды дерек осы кезге шейін құпия болып келген
көп нәрсенің басын ашады. Түйін болған жұмбақтың шешетін жібін ұстады.
1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін қалың ұйқыда жатқан қазақ даласы да
оянып, қимылға енеді. Уақытша өкіметтің шешімі бойынша жер-жерде жергілікті
басқару органдары – комитеттер сайлана бастады. Сондай комитеттің бірі
Омбыда құрылған болатын. Ақмола губерниялық қазақ комитеті деп аталатын бұл
өзін-өзі басқару деп аталатын құрамында біраз оқыған жігіттермен бірге
М.Жұмабаев пен С.Садуақасұлы да кіреді [12,24-б].
С.Садуақасұлының бұл комитетте нақты қандай іспен айналысқаны жөнінде
қолымызда дерек жоқ. Бірақ кейбір жанама факторларға қарасақ ол бұл ұйымда
жастар арасындағы жұмысқа жауапты болса керек. Мысалы, 1918 жылы майда
Бірлік ұйымы жалпы қазақ жастарының съезін шақырады. Съезге қатысушылар
өздерінің кеңес өкіметінің танитындығы жөнінде арнаулы қаулықабылдайды.
Осында барлық жастар ұйымы бірігіп Жас азамат деген жаңа ұйым болып қайта
құрылады. Оның басқармасына мына кісілер кіреді: төрағасы Мырзаұлы,
мүшелері: С.Садуақасұлы, Сейітұлы, Г.Досымбекова, Ә.Байділдәұлы. Жас
азамат деген газет шығарған. Оның редакторы болып Қ.Кеменгеров сайланады.
1918 жылы колчак шапқыншылығы С.Садуақасовтар елге кетіп, Омбыға кеңес
үкіметі орнаған соң қайтып оралады. Осы кезден бастап, ол әлеумет жұмысына
белсене араласады. С.Садуақасұлы 1918 жылы 2-ші желтоқсанда орта Сібір
атты Батыс сібір коперативтер берлестігі одағына қызметке кіруге бел буды
[4,15-б].
С.Садуақасұлы бұл тұста көрегенділік қадам жасады. Яғни, қазақ өз көз
алдына мемлекет боламын деп қадам жасап жатыр. Өтпелі кезеңде жүргенде
алауы бар шешен көсемдер керек-ақ шығар, бірақ саяси ахуал қалыпқа
түскенде, ел бастаған көсемге от тілді, орақ ауызды болу аз. Алашқа енді
іскер адамдар, қажет күн туды. Сонда Бөкейханұлы Әлихан сынды білімді де
іскер адамдар санаулы ғана болып жүрмес пе екен? Қазақ үшін жанын құрбан
етті, үркердей аға толқын зиялыларға кім демеу болмақ, ісін кім
жалғастырмақ? Смағұл Садуақасұлын осындай ойлар мазалағаны ақиқат. Бұл
пікірді оның Сібір шаруашылық кәсіпкер мамандары жиылған орта Сібір
бірлестігі басшылығы атына жазған өтініш хатына сезіледі. Сіздер даңғайыр
Сібірдің тұрғылықты халқының басым көпшілігі қазақтар екенін білесіздер, -
дейді ол [19,3-б].
Смағұл Садуақасұлы 1918 жылдың 14 желтоқсанында орта Сібір бірлестігі
басқармасының саудадан басқа істермен шұғылданатын бөліміне шет ұлттар
арасында кооперация жұмысын жүргізуші стажер – нұсқаушы есебін қызметке
алынады. Бұл қызметте қазақ арасындағы ұйым дүкендерінің жандануына себепші
болып, мал баққан қандастарына мал өнімін құнттау мен еңбегінің есеп-
қисапын қалай білуді үйреткені де тарихи шындық.
Смағұл Садуақасұлы орта Сібір бірлестігінде 1920 жылдың 6 мамырына
дейін қызмет жасап, Қазақс еліндегі кооперация құру мәселесіндегі
көзқараста басқарма әкімшілігімен ымыраға келе алмайтындығын айтып және
істі әрі қарай жалғастыруды ұлтының келешегі үшін негізсіз деп тауып өз
еркімен ұйымынан босайды [19,22-б].
1986 жылға дейін Смағұлды ұлтшыл-уклонист деп келген қайсы бір
зерттеушілер 1986 жылдан кейін жоқ, қателесіппіз, коммунист екен деп
шықты. Тіпті кейбір ізденушілер қажырлы большевик деп те жүр [7,20-б].
С.Садуақасұлы коммунистік партияға осы Омбы қаласында өткен болу керек.
Бұлай деуімізге себеп – Смағұлдың кедей сөзі газетіне (І.V.1920жыл.№11)
Л.Ленин атты мақала жазуы (мен В.И.Ленин және Қазақстан деп жуан –жуан
кітап жазған ағаларымның осы мақаланы ескермей келгеніне қайран қаламын) –
деп жазды [4,21-б].
С.Садуақасұлы Мәскеу қаласында 1920 жылы 12-18 қыркүйек аралығында
өткен күншығыс ұлттары жастарының бүкілресейлік бірінші конференциясына
өкіл болып барып, қазақ ұлтының жастары атынан сөз сөйлейді. Осы жиылыста
ол Күншығыс жастарының 9 кісіден тұратын кіндік бюросына мүше болып
сайланады. (Жизнь национальностей) газеті.
Барша Сібір мен Кеңес үкіметіне қараған күллі Күншығыстың жаңа саяси
қайраткерлері таныған Смағұл Қазақстанның үкімет басшылары назарынан да тыс
қалмады. Оны 1920 жылы қыркүйек айының аяғына Орынборға арнайы шақыртты.
С.Садуақасұлы Аймақтық жастар комитетінің хатшысы болып тағайындалды.
(Еңбекші қазақ 5.Х.1925жыл). Жастардың ұйымдық істері жөнінен тыңғылықты
тәжірибе жинақтаған Смағұл қазан – қараша айларында Орынбор қаласында
ашылған қазақ жастары курсінде ұйымдық, іскерлік, шаруашылық мәселелрі.
17.Х.1920) бойынша дәріс оқиды.
Осы күнгі Жастар Одағы басшылары Смағұл Садуақасұлы хақында дым блмейді
десе болғандай. Олардан Қазақстанда алғашқы Жастар Одағының ұйытғысы
болған кімдер? деп сұрасаңыз, Ғани Мұратбаевты ғана атаулары мүмкін. Әлі
күнге бұл кісілерді Осы Қазақстан автономиясы (!) Жастар Одағының тұңғыш
хатшысы кім болған? деген сұрақтың ойландырмауы ғажап нәрсе...
1920 жылы 4 қазанда Орынборда жалпы қазақ кеңестерінің бірінші съезіне
С.Садуақасұлы делегат болып қатысып, қазақтың жас коммунистері атынан сөз
сөйлейді. (Ұшқын газеті, 7.Х.1920жыл), түрлі сала бойынша, жасалған
баяндамаларды талқылауға белсене ат салысады. Біз, жастар, автономияға
үлкен мағына беріп қараймыз... Жастар келесі өмірге бастарын байлап
кірісті. Үлкен ағалардың да сол жолда адастырмай түзу тартуларына сенемін,
- дейді Смағұл бұл съездің мінберінен [2,10-б].
Съезд күндері С.Садуақасұлы арнайы шешіммен Ұшқын газетінің (бүгінгі
Егемен Қазақстан) шығарушылар алқасына кіреді.
Сонымен, 1920 жылдың қараша айында С.Садуақасұлы жаңа құрылған
Қазақстан автономиялы республикасының үкімет басшылығына қызметке алынды.
Бұл кезде ол бар болғаны 20-ақ жаста еді.
Саясат айдынына көтерілген жас қайраткер бұл жылдары бойындағы бар күш-
жігерін балаң қазақ автономиясының буынын бекітіп, қабырғасын қатайтуғ
жұмсады. Осынау кезеңнің ең үлкен көкейтесті зәрулігі – жер, әкімшілік –
территориялық айырылым мәселелерін шешуде жаста болса оқыған-тоқығаны көп
С.Садуақасұлының еңбегін ерекше атаған орынды [8,105-б].
С.Садуақасұлы 4 маусымда Семей губерниясының жиылысын шақырады. Өз
шешімімен отаршылдық іс-әрекеті үшін губерниялық атқару комитетін тұқым-
тұқымымен тарқатып, оның орнына губерниялық төңкеріс комитетін (губревком)
құрады. Өкімет бұйрығымен өзі сол губревкомның төрағасы болып тағайындалды.

Ол губернияның шаруашылық мәселесі бойынша, ел басқаратын азаматтарды
(кадр) іріктеу жөнінде бірқатар жұмыс жасайды.
1921 жылы қазанның 4-10 аралығында болып өткен жалпы қазақ кеңестерінің
ІІ съезі С.садуақасұлының өтінішін арнайы қарап, Семей губерниялық атқару
комитетін таратуын заңды деп табады.
Кез-келген саяси қайраткердің жолы даңғыл емес, - соқтықпалы –
соқпақты, тар жол, тайғақ кешу, 21 жасар Смағұл мұны өз өмір тәжірибесінде
көреді [12,94-б].

Смағұл Садуақасұлының әйелі Елизаветаға хаты:

Менің мейірімді Лизанькам!
Сенің соңғы хатың 14ІІ-да жазылған еді. Демек сен хатты сирек жазатын
болдың. Егер сен маған еліктегің келсе, онда мен жинақы болуға тырысуым
қажет шығар.
Ал қазір... Мен жаңа ғана мұғалімдер съезінен келдім. Біз оны бүгін
бастадық. Съезді ағарту қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Әбдірахман
Байдилдин ашты, ал үкімет мүшесі ретінде менің съезді ашуым ыңғайсыз деп
саналды. Алайда съездің маған деген көзқарасы жан тебірентті. Құттықтау сөз
айтуға мінберге көтерілгенімде мені бірнеше минут сөйлетпей қойды. Өйткені
бәрі съезд делегаттары – қызу қол соқты. Басқа ешкімге (олардың қатарында
Голощекин мен Нұрмақов та бар) мұндай құрмет көрсетілмеді.
Қатты қалжырап шаршадым, ал қазір сағат түнгі бір.
Саған көп нәрсені айтқым келгенімен, мардымды ешнәрсе жаза алмай
отырмын.
Қазір менің ең жаман болжамдарын орындалуда. Осыған дейін мені босатпай
келгендері құлатуды ойланғандары екен. Мұны әлі дәл айта алмаймын, алайда
осылай болса, мен тағы да саясатқа қарғыс айтуға міндеттімін. Саясаткерге
тіл ойларын жасыру үшін берілген деп ұлы Талейран бекер айтпаған. Мейлі,
оларға шайтан дос болсын. Бір айдан соң бәрі де белгілі болады.
Ескендір қалай? Оны жиі-жиі ойлайтын болдым. Айтпақшы университетке
төлеу не болды? менің орынбасарым саған 4-5 телефон шалғанымен, орныңнан
таба алмағанын жазды. Осы сен қайда жүрсің? Ол бәрін де жөнге келтіреді.
Тек оған бәрін жақсылап түсіндір. Жарайды, әзірше. Ұйқы қысып барады. Сенің
көздерің мен Ескендірдің мұрнынан сүйдім. Әрқашан, түгелдей сенің Смағұлың
(Егемен Қазақстан 1992.3-б).

Смағұл өміріндегі ерекше де есте қаларлық жыл 1925 жыл еді. Мұсылманша
айтқанда, Бөкейханұлы Әлиханнан сызған, Яковлевка Еленадан туған Зейнеппен
Смағұл Омбыдағы жылдарында таныс-тын. Үйлену рәсімі Зейнептің нағашылары
тұратын Омбы шахарында және Смағұлдың кіндік кескен жері Жарқын ауылында
сәуір айында болады.
Смағұл ағатайын Зейнеп жеңгемізді алып келе жатыр деген хабарды
естіген соң, елдегілер даярлана бастады. Өтебай (Аронның інісі) әкеміздің
отауын олар үшін арнайы әзірледік. Ол кезде баламыз ғой, әшекейленген киіз
үйді тамашаламақ болып ішіне ұмтылғанымызда, үлкендер жағы тәйт деп тыйып
тастайтын, -деп еске алады Аронұлы Рақымжан ақсақал [25,47-б].
Жарқын мен оның етектес Ұялы ауылдары қарттарының естулерінше,
Смағұлдың күйеу жолдасы Сансызбайдың Омары болыпты. О.Сансызбайұлы 20
жылдары Қазақстан халық ағарту комиссариаты (комиссары А.Байтұрсынұлы)
ұйымдастыған этнографиялық экспедицияға қатысқан азамат. Елі әлі осы күнге
дейін кісі туралы ғұлама еді ғой, -деп отырады. Бұл кісі бертінде
қайтыпты.
Елизавета Әлиханқызы Садуақасова 1930 жылға дейін Мәскеудің дәрігерлер
институтын бітіріп (басында Омбы мед. институтын оқып), кейін медицина
ғылымының докторы дәрежесіне дейін көтеріледі. Осы салада жазған 7 кітабы,
жүздеген мақалалары ғалымның атын тарихта қалдырды. Ол кісі 1971 жылы дүние
салды [25,48-б].
1917 жылы ақпан төңкерісінен кейін қалың ұйқыда қазақ даласы да,
қимылға енеді. Уақытша өкіметтің шешімі бойынша жер-жерде жергілікті
басқару органдары – комитеттер сайлана бастайды. Сондай комитеттің бірі
Омбыда құрылған болатын. Ақмола губерниялық қазақ комитеті деп аталатын бұл
өзін-өзі атқару мекемесінің құрамына біраз оқыған жігіттермен бірге
М.Жұмабаев пен С.садуақасұлы да кіреді [28,3-б].
С.садуақасұлының бұл комитетте нақты қандай іспен айналысқаны жөнінде
қолымызда дерек жоқ. Бірақ кейбір жанама фактілерге қарағанда ол бұл
ұйымдағы жастар арасында жұмысқа жауапты болса керек.
Жиырмасыншы жылдары Қазақ республикасы өкіметі басшылығына батыл
сындарлы пікір – пайымы мен көрінген Смағұл Садуақасұлының есімі ел
арасында аса істипатпен аталмағандығына тарих пен халық жадындағы естелік –
әңгімелер куә. 1923 жылы 28 ақпанда Орынборда болып өткен ұлт қадірлісі –
А.Байтұрсынұлының 50 жылдық мерей тойында баяндама жасау С.Садуақасұлына
тапсырылуы жайдан-жай емес. Ұлт адам туралы мәнді ақ-адал сөзді тек кесек
кісі ғана айтады. Халық ағарту мен баспасөз төңірегіне топтасқан қазақ
зиялылары осындай қорытындыға келгенінде дау жоқ.

1.2. С.Садуақасұлы – комунистік такаппарлық құрбаны

ХХ ғасырдың беташар жылы өмірге келіп бар болғаны он шақты жыл саяси
өмірге араласқан С.Садуақасұлы осы ғасырдың соңында кейінгі ұрпақтардың
назарына ілінетіндей қаншама еңбек сіңірді. Голощекиндік зорлықпен, тар
тапшылық көзқараспен жаңа қалыптасып келе жатқан тотаритарлық жүйемен
күресін және басқа ерлік істерін тізіп шығуға болар еді. Бірақ олардың
барлығы да мәселенің ең негізгі қырын, негізгі мәнін ашып бере алмайды
[6,93-б].
Садуақасовшылдардың жаулары өлердей қорыққан ең басты міні өткінші
бір күндік, бірер жылдық, науқандық шаралардан мәңгі елдік, ұлттық мүддені
дер кезінде ажырата алуында, саяси басшылықпен назарын соған аударып, сол
үшін еңбек етіп күрес жүргізуінде еді. Дәлірек айтқанда, жаңа қалыптасып
келе жатқан ұлттық мемлекеттік биліктің сұранысына сай жаңа саладағы
қайраткер болып қалыптаса бастауында еді. Оның таптық, интернационалдық
мүдделерді ұлттық мүддеге қарсы қойған орталық билікпен және халық
мүддесімен санаспаған не оны алған қызметімен айырбастаған жергілікті
басшылық пен келісе алмауы да сондықтан болатын. Қазақ тарихында
голощекиншілдік пен Садуақасовшылдық мемлекеттік басқарудағы бір-
бірімен бітісе алмайтын екі ағым космополиттік және табиғи патриоттық
көзқарастар болатын. Тотаритарлық жүйе жағдайында бұлардың алғашқысының
үстемдік алуы да таңданыс тудырмайтыны сондықтан.
Голощекин өлкелік комитетке келгенде С.садуақасов Бюро мүшелігіне
кандидат, Оқу ағарту Халколы, Еңбекші қазақ газетінің редакторы
міндеттерін бір мезгілде атқарып жүрген 25 жасар жігіт еді. Ол жасына
қарамастан саяси күресте тәжірибелі республика, өміріндегі өзекті мәселелер
бойынша қалыптасқан өз пікірі бар, қалың қауым мойындаған белсенді
қайраткер болатын [2,36-б].
Ф.Голощекин С.Садуақасов пен жоғарғы билік құрамындағы оның серіктеріне
шешуші шабуылға 1926 жылдың соңына қарай көшті. Мәскеуде өткен ұлт өкілдері
кеңесі мен Садуақасов, Қожанов және Мыңбаевтың тапшылдық әрекеті туралы
мәселе қараған. ВВКП(б) Қазақ Өлкелік комитетімен Өлкелік бақылау
комиссиясының біріккен пленумының өзара байланысы бар ма? Мәскеудегі кеңес
1926 жылдың 12 және 14 қараша аралығында өтсе Қызылордадағы пленум осы
айдың 25-30 аралығында болды. Демек, ұлт өкілдері кеңесіне байланысты
Мәскеудегі басшылардың пікірін біліп алғаннан соң, Голощекин үшін
Қазақстандағы ұлтшылдармен есеп айырысуға нағыз қолайлы сәт туған еді.
Орғасырлық ақын айтқандай қолайлы сәт бұлт сияқты, сәл кідіріп ұшады да
кетеді.
Осы тарихи кезеңдегі қазақ ұлттық интеллигенциясының өзара жікшілдікке
бейімділігі, оның белгілі бір бөлігінің құрған шырмауға түсіп ұлттық
мүддені тірекк еткендігі болды. Әрине ұлттық интеллигенцияның бұл
кемшіліктері, белгілі дәрежеде оның босаңдығына, қоғамдық саяси күресте
тәжірибесіздігіне байланысты екендігі даусыз.
Голощекин жалпы одақ көлемінде және Қазақстанда қалыптасқан өзіне
қолайлы ұтымды пайдалана отырып, өз қарсыластарымен күрес барысында түрлі
әдістерге барды [27,9-б].
Солардың бірі Алаштың интеллигенцияға қоғамдық саяси күрестің түрлі
құйтырғыларынан хабарсыз жас ұлттық интеллигенцияның келесі буынын қарсы
қоюы болатын. Бұл әдісті 20-шы жылдардың барысында жоғарғы билікке енді
ғана араласа бастаған қазақ интеллигенттері өзара билік үшін күресте
қолдана бастаған. Егер деректердің көрсетуіне сенсек, осы мезгілде толып
жатқан түрлі топтар (Садуақасовшылар, Мендешевшылар, Сейфулиншілдер т.б.)
біріне-бірі алашордалықтармен байланыста болдың сияқты айып таққан.
Билікте жүрген ұлттық интеллигенцияның өзара бақталастықта саяси
күрестен алстаған алаштық интеллигенциямен байланысты көлденең тартуы,
түптеп келгенде, оның өзіне бәле боп жабысқанын сезбей де қалды, ал
қоғамдық саяси күресте оның тәжірибелі қарсыластары қазақ зиялыларының бұл
кемшілігін үлкен шеберлікпен пайдалан білді.
Дегенмен әртүрлі айлақорлықпен қазақ интеллигенциясы түрлі топтарға
бөліп тастап оларды өзара қырқыстырып қоюды ерекше табысқа жеткен, әрине
Голощекин еді. Ол қазақ интеллигенттерін ескі, яғни алаштық және жаңа яғни
советтік интеллигенция деп бөліп, соңғысын оңшыл және солшыл деп тағы да
жіктеді.
1926 жылғы қараша пленумында жасаған баяндамасында Голощекин
алашордалықтардың екі буынын анықтап оларға мынандай баға берді:
Алашордалықтардың екі түрі бар – ескі басшылары және алашордалықтардың жаңа
буыны. Олар өткен уақытта, қазақ жағдайында, қазақ болмысында революционер,
буржуазиялық революционерлер болды. Ал жастарда ол жоқ, оларда ашу-ыза
басым, олар советтік билікпен күресте есейді.
Әңгіме кім туралы болып отырғанын түсінген С.Садуақасов осы пленумда
сөйлеген сөзінде: Мен осы мінбеден алашорда идеологиясымен ортақ ештеңе де
істегем жоқ екендігін мәлімдеймін, өйткені мен коммуниспін. Біздің
сорымызға қарай ондай жағдайлар ісімізден, кейде сөзімізден сезіліп жатса,
сол қиындықтарды жеңу үшін өсіп жетілуіміз керек қой, -деп көрсетті.
Сонымен қатар біз 100% коммунист емес екенімізді түсінеміз, -деді ол,
өйткені біз патшалық тәртіптің жер аудару, каторга сияқты азабын бастан
өткізгеніміз жоқ, кемшіліксіз де емес екендігімізді мойындаймыз бірақ біз
ол қателіктерді жеңу үшін әрекет жасаудамыз [25,75-б].
Бірақ С.Садуақасұлының бұл жан айқайы Голощкин емес, залда отырған
комунистердің де жол тапты деп айту қиын. Пленум барысындағы пікір алысу
соны көрсетіп берді.
Х.Жүсіпбеков: С.Садуақасұлы редактор болып жүргенде де оның партияда
жоқ интеллигенттердің партияға қарсы жазылған мақалаларын жариялауы кездей-
соқ емес. Біздің советтік интеллигенция – бұл қазақ мұғалімдері. Еңбекші
қазақта ол мұғалімдерді – атқамінерлер жариялаған материалдар басты.
Сөйтіп жаңа теория жасамақ болды, мен өз қызметіме байланысты мұғалімдерді
мұндай етіп көрсетуге қарсы шықтым. Садуақасов жолдастың интеллигенцияға
қатынасы осыдан көрінсе керек, -деді.
... Мен Орталық Комитетте қызметте жүргенде Садуқас жолдас маған
келіп, жалғыз ленинизммен қазақ халқын басқаруға болмайды деп дәлелдеуге
тырысты. Біз осы күнге дейін тек ленинизм арқылы ғана басқаруға болады
деген көзқараста тұрмыз, ал ол болса болмайды дейді, -деді Ғ.Тоғжанов
мырза. Сонымен қатар С.садуақасовтың Еңбекші қазақ газетінде жарияланған
бас мақаласында ХІV съездің шешімдеріне сүйене отырып, біздің Қазақстанда
оңшылдық жоқ, керісінше солшылдық басым, сонымен белсенді күрес жүргізу
қажет деп жазды [25,186-б].
1926 жылғы қарашадағы Лениннің материалдарымен таныса отырып, мынадай
қорытындылар жасауға болады. Голощекин қазақ интеллигенциясын бөліп – жару
саясатын жүргізе отырып мынадай мақсаттар көздеп, оған қол жеткізді:
Алдымен ұлттық интеллигенцияның түрлі буындары арасындағы табиғи
сабақтастығы бұзылды, соның нәтижесінде жас буын интеллигенцияның
азаматтық кемелдену процесі тежелді. Ал бұл жағдай өз ретінде жалпы ұлттық
міндеттерді анықтауға, оларды бүкіл ел көлемінде ұғынып, солар үшін саналы
түрде мақсатты күрес жүргізіп, еңбек ету мүмкіндігінен айырды.
Осы пленум барысында садуақасовшыларды әшкерелеуде алдымен
белсенділік танытқан жаңа қабаттағылар болды. Бұлар Қазақстанның
болашағын партия ұйымының қазақ бөлігін көркейтетін жаңа кадрлар қабаты
болу есептелді.
Енді солардың сөздерінен алынған мынадай пікірлерге назар аударалық.
О.Исаев: Мен енді біздің садуақасовшылдықпен үлкен принциптік
айырмашылығымыз бар кейбір мәселелерге өтейік. Бірінші – жергіліктендіру
мәселесі. Олар жергіліктендіруді іс –жүзіне неге айналдырмақшы? Олар
жергіліктендіруді басып алу құралы мен әдісіне айналдырып, содан кейін
Мәскеудің пролетарлық партиялық басшылығынан жалт бермек. сонысымен олар
қазақ байларын идеологиясы мен талабын білдірушілер.
Голощекин мен оның серіктері С.Садуақасовқа әлеуметтік-экономикалық
саясатта ұстанған бағыты үшін байлардың идеологы деген баға берсе, ол
оның республикадағы мемлекеттік және партиялық аппаратты жергіліктендіруге
байланысты айтқан пікірлері мен жүргізген күресі үшін буржуазиялық ұлтшыл
деген атақ берді.
Енді бірер жылдан соң, жергілікті интеллигенциямен күрес сырын менгеріп
қалған Голощекин садуақасовшылдық, садуақасовшылар сияқты ұғымдарды
оңды-солды қолданып, оларға тіптен анықтама да бере бастайды. Солардың
бірін келтірейік: Что такое садуакасовщина?.
Садуакасовщина – это советский аппарат вырывающийся из – пор
партийного влияния и идущий на поводу умелко – буржуазных идеологов,
садуакасовщина – это самоопределение в рамках демократии, это
самодовлиящий открывающий от СССР Казахстан (Доклад и заключательное слово
тов. Голощекина Кызыл-Орда 1928г. с.189).
Голощекин түрлі анықтамалар беріп даурыққанымен шын мәнінде
С.Садуақасовтық халық мүддесінде іс-қимылын көрсете аларлық нақты фактілері
жоқ болатын. Ондай фактілердің болуы мүмкін емес еді. Тіптен мәселег терең
қарайтын болсақ Голощекин мен Садуақасовтың жергіліктендіру процесіне
көзқарастары арасында принциптік айырмашылықтың барлығын байқауға болады
және ол айырмашылық олардың халық өмірімен тарихына қала берді тағдырына
қатынастарынан туындап жатты.
Смағұл Садуақасовтың Ташкенттегі өкілдік жұмысы да ұзаққа созылмады.
Бұдан кейін ол Қазақ жоспарлау комитеті төрағасының орынбасары қызметіне
тағайындалады. С.Садуақасұлының бұл кезеңдегі саяси көзқарасы туралы нақты
фактілері арқылы баяндау қиын. Өйткені ондай фактілер тым аз. Мәселен,
тиесілі орындарға жіберілген ресми құжаттардың бірінде С.Садуақасов бұрынғы
алашордалықтардың тобына жатқызып, отаршылдардың соқыр қаруы, карьерист,
Мендешов, Сейфуллин, Асылбековтерге қарсы күресушілер ретінде көрсетіледі.
Сондай-ақ, бұл кез қазақ интеллигенциясы арасында алауыздық жікшілдік
отының өршіп тұрған уақыты еді.
Мәселен, осы аталған құжатта ішкі істер халкомы Ә.Әйтиевтің Қазақстанда
сол тұстағы қазақ обкомының мүшесі Ә.Байділдин мен ҚазОАК-ның мүшесі
С.Садуақасов бастаған жас қазақ интеллигенттерінің құпия ұйымы бар екендігі
ақпар тапқандығы айтылған [27,5-б].
С.Садуақасов осы кездің өзінде-ақ тар топшылдық өресіз ұлтшылдықтан ада
және ондай түсініктерден анағұрлым биік болатын.
С.Садуақасовтың кемел қайраткер ретінде көрінуі 1923 жылы наурызда
Орынборда ІІІ облыстық партия конференциясына байланысты болатын. Мұнда
С.Садуақасов Қазақстанда совет және партия жұмысының әлеуметтік базасын
нығайту жолдарына арналған Вайнштейннің баяндамасын талқылау барысында
база деген сөздің оның ұйқысын қашырғандығын осы сөзді теріс оқығанда
қазақтың азабы сөзі болып шығатындығы, егер ол қазақ кедейлерінің ауыр
халін көтеруге бағытталған нақты шаралармен толықтырылмаса, шынымен оның
қазақ бұқарасы үшін азапқа айналуы толық мүмкін екендігіне көңіл аударған
еді [5,186-б].
Қазіргі уақытта, деді С.Садуақас – қырғыз кедейлері біреудің қанауынан
емес жұмыссыздықтан азап шегуде. Сондықтан да қырғыз кедейлерінің бірінші
кезекте тура осы тұрғыдан қарау қажет... Қырғыздағы ат шөп косилка беріңіз,
сол арқылы оның қожалығын нығайтыңыз, ал бұл шара барды қарадүрсін бөлуден
жүз есе тиімді болмақ, -деген.
Екіншіден сондай-ақ мұндағы негізгі, С.Садуақасұлының пікірінше түпкі
мақсатқа, яғни еңбекші бұқараны оның қанаушысы байлардан азат етуге
дәстүрлі қазақ шаруашылығын терең күйзеліске ұшыратуы мүмкін жасандаы
дауылсыз ақ жетуге болады. Бұл белгісі Ф.И.Голощекиннің кіші октябріріне,
жалпы сол күздегі Қазақстандағы коммунистер арасындағы орын алған
коммунизмнің солшылдық ауруына қарсы қойылған бағыт еді.
Сонымен С.Садуақасұлы кіші октябрь концепциясына қарсы. Осында өзі не
ұсынды деген сауалдың тууы толық негізді. Бұл ретте оның жоғарыда аталған
мақаласында, сөйлеген сөздерінде айтқан пікірі мынаған саяды. Елдің
байлығын арттыру, шаруашылығын көтеру біздің негізгі міндетіміз.
Еңбекшілердің мүддесі де осы мақсаттардың орындалуына тәуелді болып отыр.
Міне, осы тұрғыдан алғанда тапаралы жұмыстың міндеті кедейлерді түрлі
тонаудан құтқару, кедейлермен орташаларға қажет болса жер үлесін қажет
болса, шаруашылық кредит беру, ауылда кооперативтер ұйымдастыру, кедейлерді
санылып жатқан өнеркәсіп орындарына, темір жол жұмысына тарту, еңбекші
бұқараның балаларына білім беру т.с.с. ал бұл жұмыстарды атқару үшін
мемлекет қаржысы жетімсіз. Сондықтан да мәселен, егер жаңа құрылып жатқан
кооперативтің қаржысы тапшы болыа жатса байлардан неге ақша алмасқа? Егер
бір жерде тектеп құрылысы қазына қаржысы аздық қылып жатса, жетпей жатқанын
неге байдан алмасқа?
Байлар қаржысын пайдалана отырып, неге кедейлерге көмек қорын
жасамасқа? Міне осы сияқты шаруаны құр дақыртсыз дау-жанжалсыз, барды
қиратусыз-ақ істеуге болады ғой? Әрине, болады.
Конфискация жүргізу мәселесінде де Голощекин мен Садуақасұлы керегер
келеді. Садуақасұлы: Қазақ аулының социализмге барар жолды – кооперация
деп санайды. ауылда кооперацияны неғұрлым көп ашсақ кедейлер мен байлардың
ара жігі жайылады, бәрі бір келкі болады деп ойлады. Әркім еңбегіне қарай
өмір сүре алады деген пікірге келеді. Оның үстіне С.Садуақасұлы орташа
шаруаларды байлардың қатарына қоспай, кедейлермен бірге санау керек дейді.
Міне осы мәселеде Голощекиннің басқаша пікір де болғанын және ойларын қалай
жүзеге асырғаны тарихтан белгілі. Кіші октябрдің қазақ халқын қандай
күйге ұшыратқаны, байлармен бірге орта шаруалардың қуғынға ұшырағандығы да
қазір белгілі болып отыр. С.Садуақасұлының Голощекинмен келіспеген тағы бір
мәселесі – Қазақстанда өнеркәсіп орындарын ашу проблемасы. Смағұл Қазақстан
қазан төңкерісіне дейін Ресейге шикізат беретін отар ел болса, қазірде
солай болып отыр, - дейді. Республика өндіріп отырған өнімнің бәрі
орталыққа жіберіледі, өте арзанға сатылады, егер ол өнімдер жергілікті
жерде өңделетін болса, Қазақстан пайдаға батар еді дейді [5,7-б].
Ал Голощекин болса оған: С.Садуақасов Қазақстанда орталықтан бөліп
алғысы келді. Россиямен экономикалық байланысты мүлдем үзгісі келеді,
-деген айып тағумен болады.
Сонымен қатар Ф.И.Голощекин әуелі оны С.Қожановпен бірге, кейін
Ж.Мыңбаев екеуіңнің жігің бар деген жік жік шығарып жүрсің деп
айыптаса, кейін Ж.Мыңбаев екеуіңнің жігің бар деген жала жабады.
Ақыр соңында өлкелік ІV партия конференциясында ол барлық қызметінен
босатылып, Ташкентке Қазпедвуздың директорлығына жіберіледі.

1926 жылдың 29 қазанында Ташкент қаласындағы педагогикалық институттың
салтанатты ашылуында Жоғарғы оқу орнының Қазақстан үшін маңызы деген
тақырыпта баяндама жасады. С.Садуақасұлы Ташкентте жүргенде оның
Большевик журналына жарияланған Ұлттар және өкілдері туралы деген
мақаласы жарияланады. Онда былай делінген: Бұл жерде шаруашылық жағдайымен
бірге, мәселенің саяси мәнін ескеруге тура келеді. Шаруашылықты жабық түрде
құру идеясын қолдаушылар бізге тап ретінде бізге жау элементтер болып
табылады. Большевик журналына жарияланған мақалаға жауап ретінде осы
сонда Москвалық ғылым К.Таболовтың Против линии национальной демократии
атты мақаласын қоса береді. Арнайы тапсырма бойынша жазылған бұл мақала
С.Садуақасұлының орында және дәлелді айтқан ойларын жоққа шығарып, өзін
партияның сара жолына, интернационализм принциптеріне қарсы шыққан
буржуазиялық демократ екенін көрсетуді көздеген жұмыс болатын.
Бұл С.Садуақасұлына жайлы тимегендігі түсінікті. Ол көп қзамай
редакторлық жұмыстан босанып, Мәскеуге ауысады. Мәскеуде ол алдымен өз
уақыт Шығыстану институтында ғылыми қызметкер болып істеп, содан соң
Мәскеудің инженерлік транспорт институтына оқуға түседі.
Университетті 1827 жылы бітірген Елизавета 1928 жылы аспирантураға
түседі.
Смағұлдың баласы Ескендір 1826 жылы туылған екен. Асперантураны
Елизавета 1931 жылы бітіріп шығады.
Смағұл институтты бітірген кезде өз мамандығы бойынша жұмыс істесін
деген желеумен салынып жатқан Москва-Донбас теміржолына инженер-құрылысшы
қызметіне жіберіледі.
Осы қызметті істеп жүргенде, 1993 жылдың күзінде Воронеж тұсында іш-
сүзегін жұқтырып алады. Ауруы асқынып С.Садуақасұлы Кремльдің ауруханасында
1933 жылдың 16 желтоқсаны күні өмірден қайтады.
С.Садуақасұлының өлімі қазақ елі, қазақ интеллигенциясы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алаштың ұлы – Смағұл Садуақасұлы
Жасасын Алаштың жаужүрек ұлтшыл жастары
С.Садуақасұлы шығармашылығы
Смағұл Сәдуақасовтың дүниетанымының қалыптасуы және мемлекеттік қызметінің басталуы
Смағұл Сәдуақасұлының шығармашылығы
Қазақ зиялылары қазақ тілінің мәртебесі жайында
Жастарға жаңа жол
ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетіндегі әдеби ағымдардың ерекшелігі
Қазақ әдебиетін тарихи дәуірлеу
Әдеби ағым мен көркемдік әдіс арақататынысындағы таным түсініктері
Пәндер