Сот жүйесіндегі судьяның тәуелсіздігі



КІРІСПЕ. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5.7

1 СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ СУДЬЯНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІ.

1.1 Судьяның тәуелсіздігі принципінін түсінігі және
оның маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8.15

1.2 Судьяның тәуелсіздігі принципінін сот билігінің
басқа принциптерімен ара қатынасы ... ... ... ... ... ... ... 16.34

2 СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ СОТ ТӨРЕЛІГІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУШЫ ТҰЛҒАЛАР МЕН СОТТАҒЫ ӨКІЛДЕР.

2.1 Сот төрелігін жүзеге асырушы тұлғалар мен іске
қатысушы тұлғалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35.48

2.2 Сот төрелігін жүзеге асыруға ықпал ететін
көмектесуші тұлғалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... .48.59

2.3 Соттағы өкілдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..59.62

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..63.66

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... .67.68
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес, адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарының сақталуы мен заңды мүдделерінің қорғалуы заңның үстемдігі қамтамасыз етілетін мемлекетте ғана мүмкін. Өз кезегінде мұндай мүмкіндік мемлекеттік механизмде биліктердің бөлінуі мен өзара іс-қимылын толық көлемінде істей шығуы және сот билігіне тән ерекше рөлдің атқарылуы арқылы іске асырылады.
Айтылған негіздерге байланысты тәуелсіз сот билігінің қалыптасуы мен дамуының өзектілігі өсуде. Әсіресе, сот билігін жүргізуші судьялардың дербестігін, олардың өз құзыреті шеңберінде шешім қабылдағанда ешбір ықпал-кедергісіз, тәуелсіз болуын қамтамасыз етудің маңыздынығы орасан зор. 2001 ж. 6 маусым күні Астанада болып еткен Қазақстан Республикасы судьяларының кезекгі III съезінде Мемлекет басшысы бұдан кейін бүкіл сот жүйесі шешуге тиісті мынадай міндеттерді атап көрсетті:
"Бірінші-сот сатылары арасында соттылықты шектеу процесін түбегейлі қисынына жеткізу керек. Сотта көпе-көрінеу қылмыс туралы қылмыстық істерді тергеу мен қарау тәртібін бұрынғыдан да қаншалықты мүмкін болғанынша оңайлату керек.
Екінші-сот қаулыларын орындау жөніндегі жұмысты түбегейлі жақсарту қажет.
1.Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1993 28 қаңтар.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995 30 тамыз
3. Қазақ ССР-нің "Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Декларациясы". 25 қазан, 1990 ж.
4. ҚР Азаматтық кодексі Алматы, «Жеті жарғы» –1998 ж.
5. ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі Алматы: «Жеті жарғы», 1998ж.
6. ҚР Қылмыстық кодексі Алматы, «Жеті жарғы», 1997 ж.
7. ҚР Нотариат туралы заңы,- Алматы : «Жеті жарғы», 1999ж.
8.Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасының сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту жөніндегі шаралар туралы.1 қыркүйек, 2000 //Заң газеті., 5 қыркүйек, 2000
9. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы "Сот әкімшілігінің жаңа жүйесінің қызметін қамтамасыз ету туралы". 12 қазаң, 2000. //Заң газеті. —18- қазаң, 2000.
10.Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы". 25желтоқсан, 2000 //Егемен Қазақстан. 25 желтоқсан, 2000
11. Указ Президента Республики Қазахстан "О мерах по соверщенствованию правоохранительной деятельности" от 22 января 2001 г. //Қазахстанская правда. - 2001. - 23 января
12. Закон Республики Қазахстан "О высшем судебном совете Республики Қазахстан", от 28 мая 2001 г. //Казахстанская правда - 2001. - 3 июня
13. Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар Жарлығы "Соттар және судьялардың мәртебесі туралы". 20 желтоқсан, 1995 ж. //Егемен Қазақстан . 20 желтоқсан, 1995
14. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030.Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Үндеуі. //Егемен Қазақстан. — 11-қазан, 1997
15.Назарбаев Н.Ә. "Соттар қызметінің заңдық, қана емес, саяси да мәні зор". Қазақстан Республикасы судьяларының III съезіндегі Елбасының алғы сөзі //Егемен Қазақстан. — 8-маусым, 2001.
16.Абдуллина З.К. Проблема доказывания в гражданском судопроизводстве Алматы: Данекер, 2004.Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1993 28 қаңтар. - Алматы
17. Аристотель. Политика, М., 1893.
18.Баймолдина З.Х. Доказывание и доказательства в гражданском судопроизводстве. Алматы: «Жеті жарғы», 2001ж.
19. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Алматы 2001.
20. Зиманов С.З. Конституция и Парламент Республики Қазахстан - Алматы: "Жеті Жарғы", 1996.
21.Монтескье Ш.Л. О духе законов и об отношениях, в которых законы должны находиться к устройству каждого правления, к нравам. климату, религии и т.д. - СПб., 1900.

Мазмұны

КІРІСПЕ. ___________________________________ ________________5-7

1 СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ СУДЬЯНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІ.

1.1 Судьяның тәуелсіздігі принципінін түсінігі және
оның маңызы ___________________________________ ____________8-15

1.2 Судьяның тәуелсіздігі принципінін сот билігінің
басқа принциптерімен ара қатынасы ____________________________16-34

2 СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ СОТ ТӨРЕЛІГІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУШЫ ТҰЛҒАЛАР МЕН СОТТАҒЫ
ӨКІЛДЕР.

2.1 Сот төрелігін жүзеге асырушы тұлғалар мен іске
қатысушы тұлғалар___________________________ _____________35-48

2.2 Сот төрелігін жүзеге асыруға ықпал ететін
көмектесуші тұлғалар___________________________ __________48-59

2.3 Соттағы өкілдер____________________________ ______________59-62

ҚОРЫТЫНДЫ ___________________________________ ___________63-66

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ _____________________67-68

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес,
адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарының сақталуы мен заңды
мүдделерінің қорғалуы заңның үстемдігі қамтамасыз етілетін мемлекетте ғана
мүмкін. Өз кезегінде мұндай мүмкіндік мемлекеттік механизмде биліктердің
бөлінуі мен өзара іс-қимылын толық көлемінде істей шығуы және сот билігіне
тән ерекше рөлдің атқарылуы арқылы іске асырылады.
Айтылған негіздерге байланысты тәуелсіз сот билігінің қалыптасуы мен
дамуының өзектілігі өсуде. Әсіресе, сот билігін жүргізуші судьялардың
дербестігін, олардың өз құзыреті шеңберінде шешім қабылдағанда ешбір ықпал-
кедергісіз, тәуелсіз болуын қамтамасыз етудің маңыздынығы орасан зор.
2001 ж. 6 маусым күні Астанада болып еткен Қазақстан Республикасы
судьяларының кезекгі III съезінде Мемлекет басшысы бұдан кейін бүкіл сот
жүйесі шешуге тиісті мынадай міндеттерді атап көрсетті:
"Бірінші-сот сатылары арасында соттылықты шектеу процесін түбегейлі
қисынына жеткізу керек. Сотта көпе-көрінеу қылмыс туралы қылмыстық істерді
тергеу мен қарау тәртібін бұрынғыдан да қаншалықты мүмкін болғанынша
оңайлату керек.
Екінші-сот қаулыларын орындау жөніндегі жұмысты түбегейлі жақсарту
қажет.
Үшінші-Конституцияда көзделген сот әділдігін алқа заседательдерінің
қатысуымен атқару принципін іс жүзіне асыру. Өлім жазасы көзделген ауыр
қылмыстардан бастау керек.
Төртінші-мамандандырылған соттар жүйесін-бірінші кезекте экономикалық
және әкімшілік соттарды кезең-кезеңмен құру жұмысы жалғастырылсын.
Бесінші-дауларды шешудің баламалы әдістерін, мәселен, төрелік соттарды
ендіру мүмкіндігін зерттеу кажет.
Алтыншы-тергеу әрекеттерін сот бақылауы институтын пайдаланудың
шетелдік тәжірибесін зерттеу керек. Батыста ол кең таралған. Ресейде де осы
жолмен жүруге езірленіп жатқан сыңайлы. Біз басқалардың істегендерін көзсіз
көшіріп ала бермеуіміз керек. Алайда, біздің сот-құқық жүйесінің
ерекшеліктерін ескере отырып, назар аударуға тұратын нәрселерді пайдаланған
жен.
Жетінші-сот кадрларын даярлау мен біліктілігін арттырудың тиімді
жүйесін жасау шаралары қолданысын. Бұл ретте сот әділдігінің біздің
қоғамның ең лайыкты мүшелері ғана атқаруы үшін судьялардың адамгершілік
және этикалық болмысына деген талаптарды күшейту қажет.
Сегізінші-соттардың жұмысын халық үшін барынша ашық және ұғынықты ету
керек. Соттардың бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмысы түбегейлі өзгертуді
талап етеді".
Осы міндеттерді шешу азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, еркіндіктері
мен заңды мүдделерін қорғау, ел Конституциясы мен заңдарының орындалуын
қамтамасыз ету жөніндегі өзінің конституциялық функциясын толыққанды жүзеге
асыруға кажетті тәуелсіз сот жүйесін құруға мүмкіндіктің болуы тақырыптың
басты өзектілігі.
Тақырыптың ғылыми жаңалығы. Судьяның (соттың) тәуелсіздігін
қамтамасыз ету қоғамның және мемлекеттің міндеті болып табылуға тиіс. Оның
тек қана Конституция мен заңдарға бағыныштылығын мойындап, басқа
мәселелеріне, әсіресе, сот төрелігін іске асыру қызметінде тәуелсіз болуын
елдің Ата Заңы, басқа да заңдары мен нормативтік-құқықтық актілері баянды
етуінде орасан зор заңдық қана емес, саяси да мән бар.
Себебі, конституциялық ереже сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың
қызметіне қандай да болмасын араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша
жауапкершілікке әкеп соғады деп бекітеді. Ал судьяның сот тәрәлігін іске
асыру кезінде Конституция мен заңдарға ғана бағынышты болуы, басқадай
айтқанда, оның тек заңға тәуелді болуы сот әділдігінің шынайы көрінісін
айқындайды.
Тақырыптың зерттеу деңгейі. Сот жүйесінде судьяның өзіне заңмен
берілген өкілеттіктерін жүзеге асыруы барысында қандай да болмасын басқа
биліктер мен олардың лауазымды тұлғаларына бағынбайтынын және жоғарғы сот
сатыларына есеп бермейтінін білдіреді.
Істерді қарау барысында судья (немесе сот құрамы) тараптардың
ешқайсысын жақтамай, тек қана заңды басшылыққа алып, бейтарап халде, өзінің
ішкі нанымына иланып, қаралған дәлелдемелерді тиісті деңгейде бағалаудың
нәтижесінде заңға сәйкес шешім қабылдауы қажет. Айта кетерлік жағдай,
соттар Конституцияға қайшы емес нормативтік-құқықтық актілерді ғана
қолдануға тиісті.
Жұмыстың методологиялық негізі. Жұмыстың методологиялық негізін
философ, заңгер ғалымдардың биліктің бөлінуі, сот жүйесі туралы айтқан
нақты логикалық салыстырмалы, әлеуметтік ғылыми тұжырымдамалары мен
ұсыныстары, сонымен қатар нормативтік құқықтық деректермен тәжірибелік
мәні бар ғылыми еңбектері құрайды.
Сот билігінің мемлекеттік биліктің бір тармағы ретіндегі маңызы мен
мәнін ашу, әуелі оның түсінігін және оның маңызын зерттеумен ұштастырылды.
Жалпы, билік феноменін, оның белінуі теориясын ежелгі уақыттан
зерттеумен бұл меселелерге байланысты Аристотельдің, Ш.Л.Монтескьенің
көзқарастары мен еңбектерінде айтылған ой- пікірлері келтірілді.
Зерттеу объектісі. Қазақстан Республикасы сот жүйесіндегі сот
билігінің функциялары ретінде сот әділдігі, конституциялық бақылау,
тәрбиелеу және заңдар, нормативтік құқықтық актілер түсіндірумен
мемлекеттік тұрғыдан талдау жасау.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Құқықтық мемлекетті
орнықтыруға бет алған қоғамның негізгі көздейтіні мемлекеттің құқықпен
санасуын талап ету болса, соттың да тек қана заңға бағындырылуы мұндай
мақсатты іске асыруға жетелейтін басқаруціы норма болып саналуға тиісті
екендігі жұмыстың басты мақсаты.
Тәуелсіздік мәселесі судьяға қатысты болғандықтан, судьяның түсінігі
мен құқықтық жағдайы қарастырылды. Осы екі ұғымның байланысы негізінде
судьяның тәуелсіздігі ережесіне түсінік берілді.
Судьяның тек заңға бағындырылуы оның тәуелсіздігін қамтамасыз ететін
басты шарт ретінде қаралды. Осыған байланысты судьяға заң қоятын талаптар
мен міндеттерді анықтау.
Теориялық және практикалық маңыздылығы. Дипломдық жұмыстың
теориялық негізін заңгер ғалымдардың сот билігі, жүйесі және
судьяның тәуелсіздігі мен сот төрелігін жүзеге асырушы тұлғалар
туралы тұжырымдамалыры мен ұсыныстарын құрайды.
Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы сонда жұмыстағы тұжырымдар
қорытынды мен ұсыныстар сот жүйесінің жұмысын ұйымдастырудың
құқықтық негіздерін одан әрі ғылыми зерттеуге негіз болады, оның
теориялық қорын кеңейтеді.
Жұмыстың құрылымы және көлемі. Жұмыс екі тараудан, бес
параграфтан, қорытындымен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Дипломдық жұмыстың көлемі алпыс алты бетті құрайды.

1 СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ СУДЬЯНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІ.

1.1 Судьяның тәуелсіздігі принципінін түсінігі және оның маңызы

Латын сөзі принцип негіз, бастапқы негіз, бастама, ереже ұғымдарын
білдіреді. Сондықтан, сот билігінің принциптерін заң әдебиеттерінде
басқаша, сот әділдігінің негіздері деп те атайды.
Сот әділдігі сот билігінен туындалатын, онымен сабақтас ұғым
болғандықтан принциптерді сот билігінің немесе сот әділдігінің деп атау
өзгешелікті білдірмейді, керісінше, бұл екеуі бір мағыналы ұғымдар.
Әрине, бұған дейін айтылып кеткендей, сот билігінің түсінігі сот
әділдігі ұғымынан әлдеқашан кең және көлемді. Бұған, тіпті, сот әділігі сот
билігінің бір (басты да, әрі негізгі) нысаны деп көрсетудің өзі дәлел.
Сондықтан кең мағынасында қарастыра келе, тақырыпты судьяның тәуелсіздігі —
сот билігінің демократиялық принципі деп атау сот әділігі сот билігі
түсінігінен туындайтындығымен, екіншіден оны жүргізуші басты тұлға судья
болғандықтан, судьяның тәуелсіздігі деп қарастырумен байланыстырып, уөж
етуге болады. Демек, дәстүрлі терминологиялық атаудан аса бір ауытқу
болмайды деген сөз.
Осымен қатар, судьяның тәуелсіздігі принципін біз қынмыстық іс жүргізу
құқығының басты әрі негізгі принциптерінің біреуі ретінде қарастырамыз.
Әрине, бұл принциптің азаматтық іс жүргізу саласында да орасан зор рәлі мен
орны бар екендігінде сөз жоқ. Бір сезбен айтқаңда, сотта іс жүргізу
мәселелеріне байланысты судьяның тәуелсіздігінің өзектілігі мен
қажеттілігің қарастыруды мақсат етеміз.
Қазақстан Республикасының Констшуциясында (оның 75, 77-баптарында) сот
төрелігі деп аталады. Осыған орай, бұған дейін және жалпы осы жұмысымызда
сот төрелігі, сот еділдігі, сот билігі ұғымдарын алма-кезек, немесе
қабаттастырып айтуымыздың себебіне тоқталатын болсақ, өкінішке орай, әлі де
заңдарымызда, пайдалануға ұсынылған құқық әдебиеттерінде кездесетін заң
терминдерінің айтынуының (жазылуының да) кемшіліктері мен
жетіспеушіліктеріне сілтеген болар едік. Бұл басты себеп болса, одан тыс
аталмыш терминдердің біркелкілендірілмеуі, ягаи, әр түрлі (синонимдес
сөздер) аударылуының да салдары бар. Еліміздің Ата Заңын, т.б. норматавтік
құқықтық актілерін мемлекеттік тілде жазушы қауымның еңбегін құрметтей
отырып, осы мәселеге байланысты пікірімізді келесідегідей етіл көрсеткіміз
келеді. Біздіңше, сот төрелігі дегеннен гөрі сот әділдігі деп айтылғаны
жөн. Тіпті көпшілік заңгер қауым (ғалымдар, тәжрибелі қызметкерлер де) "сот
әділдігі" терминін пайдаланын келеді. Елбасы өзінің республика судьяларының
ІІІ-съезінде айтқан алғы сөзіңде де "сот әділдігі" терминін көп қолданып
сөйледі .
Бұл екі сөздің (сот төрелігі, сот әділдігі) синонимдестігінде дау жоқ.
Бірақ, құқық (заң) саласына тиімділігі сот әділдігі болуы керек. Төрелік
деп айтқанда, бұл сөздің үстемдік (билік) мағынасына тартатыны керініс
табады. Ал сотты халық әділдік, әділеттілік түсініктерімен үғынады.
Былайынша айтқан-да, оділ сот, әділ сот шешімі деп түсінумен ұштасады.
Орыс тілінен аудару жағына келсек, правосудие -правильно судить, с
правом судить — деген мағыналарын білдірсе , қазақ тілінде дұрыс соттау,
соттау құқығы мағыналарын берген болар еді. Сондықтанда заң
терминологиясында дұрысы сот әділдігі деп қолдануды ұсынған болар едік.
Сот билігінің принциптерінің мазмұны мен мәні заңдарда көрінісін
табады.
Принциптер зерттеудің бастаушы нысанасы емес, оны қорытындылайтын
нәтижесі болып саналады. Бұл түсінік ғылымның барша саласында қолданылады.
Сот билігіне қатысты принциптер деп Конституция мен Конституциялық
заңда және өзге де нормативтік-құқықтық актілерде бекітілген соттың
ұйымдасуының және сот әділдігі мен басқа да өкілеттіктерін жүзеге асыратын
қызметінің мәні мен маңызын белгілейтін негізгі ережелер (қағндалар) мен
басқарушы идеяларды айтуға болады.
Бұл принциптер азаматтық іс жүргізу құқығына да тән және осы салада
кеңінен қолданылады.
Сот еділдігі принциптерінің нормативтік мазмұны объективтік тұрғыдан
олардың құқықтық норма екендігін бітдіреді.
Осыған байланысты, профессор К.Х.Халиқов оларды (принциптерді) соттың
ұйымдастырылуы мен қызметін тікелей реттеп отыратын құқықтық норма болып
табылады - деп әділ есептейді.
Оған дәлел, конституциялық принциптердің ең жоғарғы заң күші болады.
Осыған байланысты құқықтардың түрлі салалық принциптері конституциялық
негіздерден туындалады. Сот қызметіндегі, әсіресе, сот әділдігін іске асыру
барысында бұлжытпай басшылыққа алып, орындауды міндеттейтін бұл негіздердің
құқықтық мақсаты бүкіл басқа заң нормаларының өздерімен сәикес болуын талап
етуінде. Конституциялық нормалардың бұзылуы сот әділдігіне жатпайтын сот
актілерін шығарута әкеп соғады, ал олардың күшін жоғарғы тұрған сот сөзсіз
жоюға тиіс болады.
Демек, принцип - норма, құқық шығармашылық қызметте заң базасын
реттеуші, оның төңірегінде құқық жүйесінің басқа да элементтері
шоғырланатын конструкция (каркас) ретінде танылуға жатады.
Сот әділдігінің конституциялық принциптері соттың құрылысы мен
қызметін реттейтін құқық салаларының принциптері мен бүкіл мазмұнында - сот
құрылысында, азаматтық іс жүргізу құқығында өз көрінісін тауып, дамытылған.
Сот құрылысы мен іс жүргізу құқығы нормаларында сот әділдігі принцилі
заңдардың нақты баптарының тұжырымдары түрінде берілуі мүмкін. Алайда, бұл
мұндай принциптердің бүкіл мазмұны осы тұжырымдармен шекгеледі деген сөз
емес. Кез келген принциптің мәні сол құқық саласының көптеген нормалары мен
институттарында көрінеді, әйтпесе принцип белгілі бір құқық саласы үшін
өзінің негізгі мәнін жоғалтар еді.
Кейбір принциптер салалық заңдарда жекелеген нормалар немесе заңдардың
баптары түрінде тұжырымдалған. Бұл ретте олардың мазмұны құқық саласының
түрлі ережелерінде ашылады, ал мұндай принциптің ұғымы ғылыми зерттеу
процесінде және тиісті саланың көптеген құқықтық нормалары мен
институггарын іс жүзіне асыру барысында айқындалады. Сот билігі
принциптерінің ерекшелігі мынада: олардың бәрі Конституцияда және салалық
заңдарда сот құрынысы мен іс жүргізу құқығының нақты нормалары түрінде
берілген.
Принциптер мынадай екі бағыт бойынша жүйеленеді: ең алдымен
конституциялық, яғни Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітіліп,
баяндалған принциптер және Конституцияда тікелей көрсетілмеген, алайда оның
ережелерінен туындайтын принциптер.
Сонымен бірге, сот әділдігінің конституциялық принциптерін
(негіздерін) бөлу қажет болатын себебі, олар салалық заңдарда баяндалған
басқа да барлық принциптердің дамуы мен жетілдірілуін анықтап береді,
өйткені Қазақстан Республикасының Конституциясы барлық құқық салаларын,
оның барлық принциптерін дамытудың заң жүзіндегі негізі болып табылады.
Судьяның (соттың; істер алқалы құрамда қаралған жағдайларда)
тәуелсіздігі, сот билігінің езекті және ерекше маңызды мәселелерінің
қатарына жатқызылатындықтан, оған ең жоғарғы заң күшінің дәрежесі беріліп,
еліміздің Ата Заңының 77-бабында баянды етілген басты бір принцип ретінде
қарастырылады.
Жұмыста судьяның тәуелсіздігі туралы жазылғанда соттың тәуелсіздігі
деп те қарастырылатын себебі, іс жүргізу туралы заңдарға сәйкес, (ҚІЖК,
АІЖК) соттарда қаралуға тиісті істердің көпшілік басымын судья жеке дара
қарайды, ал кейбір жағдайларда, мысалы әлім жазасын тағайындау мүмкіндігі
қарастырылған істер бойынша алқалы құрамда (үш судья болып) қарайды, яғни
сот құрамы қарайды. Сондықтанда сот тәуедсіздігі деп сот құрамына кіретін
барлық судьялардың тәуелсіздігі жөнінде айтылады.
Осыған сәйкес, судья сот әділдігін іске асыру кезінде тәуелсіз және
Конституция мен заңға ғана бағынады.
Демек, ол заңнан басқасының ешқайсысына мойынсынбауға, бағынбауға
тиісті.
Сондықтаң, конституциялық ереже сот төрелігін іске асыру жөніндегі
соттың қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді және ол заң
бойынща жауапкершілікке әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп
бермейді деп бекітеді.
Ал, судьяның (соттың) сот әділдігін іске асыру кезінде Конституция мен
заңға бағынышты болуы, басқаша айтқанда, тек заңға ғана тәуелді болуы сот
әділдігінің шынайы көрінісін айқындайды.
Құқықтық мемлекетті орнықтыруға бет алған қоғамның көздейтіні
мемлекеттің құқықпен санасуын талан ету болса, соттың да тек қана заңға
бағындырылуы мұндай мақсатты іске асыруға жетелейтін басқарушы норма болып
саналуға тиісті.
Аталған конституциялық принцип — норманың мәні судьяның (соттың) сот
әділдігін іске асыру қызметіне, әсіресе оны қорытындылап, жауапты әрі
билікті шешім қабылдар кезінде ешкімнің араласпауы, қандай да болмасын
ықпал етпеуі мәселелерін қамтып, оның нақты тәуелсіз болуына мүмкіндіктер
туғызу мен оларды іске асыру болып табылады,
Жоғарыда айтылғандай, сот әділдігінің тәуелсіздігі оны жүзеге асырудың
басты шарты болып танылады. Бұл үшін ең бастысы сот әділдігін іске асырушы
— судьяны Конституция мен заңдарға ғана бағындырып, оның жеке тәуелсіздігін
қамтамасыз ету қажет.
Бұл принциптің маңызын түсіндіретін тағы бір мәселе, сот билігінің
дербестігін баяндайтын конституциялық ережемен байланысты. Сот билігінің
маңызды нысаны сот әділдігі ешкімге есеп бермейтін, сот істерін қарап
шешетін судьяның тәуелсіздігінің бастамасында іскс асырылуы қажет.
Судьяның тәуелсіздігі бұған дейін айтылғандай, конституциялық деңгейде
баяндалган мәртебесімен салалық принциптердің алдыңғы қатарында турып,
салалық ереже ретінде де қарастырылатыны сөзсіз.
Тәуелсіздік мәселесі судьяға (сотқа) байланысты айтылған соң, өз
кезегінде судьяның түсінігін, яғни онын мәртебесін анықтамай мағыналы
болмаса керек.
Конституциялық заңның 23-бабына сәйкес, Республика Конституциясында
және Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен судьяға сот әділдігін
жүзеге асыру жөніндегі өкілеттіктер беріледі, ол өз міндеттерін тұрақты
негізде орындайды және сот билігін жүргізуші болып танылады. Ал, осы
Конституциялық заңның судьяның тәуелсіздігіне тікелей бағышталған 25-бабына
сай, судьяның тәуелсіздігі Конституциямен және заңмен қорғалады.
Демек, судья тәуелсіз, тек қана заңға бағынышты, мемлекет атынан жеке
езі немесе алқа құрамында, процессуалдық тәртіпте, құқықты қолданып,
қажетті жағдайларда заңда қарастырылған мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын
пайдаланып, сот істерін қарап шешетін биліктің өкілі.
Сот билігін атқарушы судьяға қатысты берілген осы анықтаумен толық
келісуге болады.
Қорыта келгенде, судьяның тәуелсіздігі принципіне мына келесідегі
анықтауды беруге болады. Яғни, судьяның тәуелсіздігі деп Конституция мен
заңдарда бекітілген, сот билігінің өкілі судьяның, биліктің басты нысаны —
сот әділдігін іске асыруы үшін, Конституция мен заңдарға ғана бағынышты
болуын, ешкімнен және басқа қандай да болмасын әсерлерден тәуелсіз болуын
баяндайтын құқықтық нормаларды есептеген жөн.
Мұның өзі судьяның өзіне заңмен берілген өкілеттіктерін жүзеге асыруы
барысында қандай да болмасын басқа биліктер мен олардың лауазымды
тұлғаларына бағынбайтынын және жоғарғы сот сатыларына есеп бермейтінін
білдіреді.
Істерді қарау барысында судья (немесе сот құрамы) тараптардың
ешқайсысын жақтамай, тек қана заңды басшылыққа алып, бейтарап халде, өзінің
ішкі нанымына иланып, қаралған дәлелдемелерді тиісті деңгейде бағалаудың
нәтижесінде заңға сәйкес шешім қабылдауы қажет. Айта кетерлік жағдай,
соттар Конституцияға қайшы емес нормативтік-құқықтық актілерді ғана
қолдануға тиісті.
Судьяларға өте жауапты міндеттерді атқару тапсырылған, Бұлардың
қатарына, азаматтар мен ұйымдардың елеулі құқықтары мен заңды мүдделеріне
қатысты жалпыміндетті шешімдерді қабылдау кіреді. Олардың өздерінен,
қабылдаған шешімдерінен адамның тағдыры, жағдайы және қоғамдағы заңдылық
пен құқықтық тәртіпте тікелей байланысты болады.
Судьялар іске асыратын мақсаттар, олардың, яғни судьялар корпусының
басқа мемлекеттік мекемелер мен олардың лауазымды тұлғаларынан
ерекшеленетін жағдайыы көрсетуі керек.
Бұл процесс біркелкі және бір күнде шешілуі мүмкін емес. Судья туралы
ұғым, оны бастығының еркін қарсылықсыз орындайтын жәй чиновник деп түсіну
мәселесіне байланысты әлі архивке өткізілгені жоқ, дегенмен, мұндай
инерцияның күші күннен күнге біртіндеп жойылуда.
Судьяға тән құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы оның мәртебесін
сипаттайды.
Судьялардың мәртебесін сипаттағанда, оның жалпы барлық судьялар үшін,
олардың қай сотта қызмет істейтіндігіне қарамастан бірыңғай болатынын атап
кеткен жөн. Алайда, мұны судьялардың сот жүйесіндегі орындарының біркелкі
болмауына байланысты оларды бір теңдіктегі деңгейге қоюға мүмкіндік
бермейді. Демек, олардың ерекшеліктері бар. Әрбір судьяның сот жүйесіндегі
орны мен соған лайық өкілеттіктерінің шенбері болады. Міне, осының өзі
судьялардың бірыңғай мәртебесі болатыны туралы ережеден ауытқу мүмкіндігін
туғызуы әбден ықтимал. Бірақ мұндай ауытқу біреудің еркіне байланысты емес,
тек заңның талабының негізінде істелсе керек.
Судьялардың мәртебесін анықтайтын, оларға тән құқықтары мен
міндегтерін бірнеше топқа жіктеуге болады:
сот корпусын қалыптастырумен байланысты құқықтары мен міндеттері
(кандидатқа қойылатын талаптар, оларды іріктеу принциптері мен судья
өкілеттігін беру тәртіптері);
судьялардың өздерін басқару мәселелеріне белсенді араласуына мүмкіндік
беретін құқықтары мен міндеттері;
өздерінің өкілеттіктерін тәуелсіз іске асыру мүмкіндіктерін және судья
орнынан түскен жағдайда белгілі бір жеңілдіктермен қамтамасыз етуді
қарастыратын құқықтары мен міндеттері.
Судьяның тәуелсіздігі және тек қана Конституция мен заңдарга ғана
бағынуы принципінің құрылысын талдайтын болсақ: біріншіден, судья тәуелсіз,
бірақ оның тәуелсіздігі заңмен шектеледі, демек, тәуелсіздік женінде айта
келе оны шексіз деуге болмайды деген сөз.
Екіншіден, заң судьяны езінің еркіне бағындыра отырып, қызметінің
басты мақсаты сот әділдігін іске асыру арысында оған жан-жақтан әсерін
тигізуі мүмкін тұлғалармен (органдарды, лауазымды тұлғаларды айтамыз)
мәселелерден (мән-жайлардан) тасалауы, қорғауы керек.
Принциптік түрде қарастырғанда, судья тәуелсіздігінің Ата Заң мен
заңдарда көрінісін табуы, олардың нормаларымен бекуі, оның нормативтік
табиғаты төмеңдегі қағидалармен сипатталуы керек:
1) заңда судьялардың бірыңғай мәртебесін баянды етумен;
2) судьяға заңда көзделмеген соттан тыс функциялар мен
міндеттерді жүктеуге, оны қылмысқа қарсы күрес, заңдылық пен құқық тәртібін
сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың
құрамына енгізуге болмайтындығымен;
3) сот әділдігін іске асыру барысында судьяны тек заңға ғана бағындыра
алу мүмкіндігімен;
4) ешкімнің сот төрелігін жүзеге асыру ісіне араласуға және судья мен
алқа заседателіне қандай да бір болмасын ықпал ету құқығының жоқтығымен
және мұндай әрекеттердің заңмен қудаланатындығымен;
судьяның қаралған немесе қаралып жатқан сох істерінің мәні жөнінде қандай
да бір түсінік беруге міндетті еместігімен, кеңесу бөлмесінің құпиясы
барлық жағдайларды қамтамасыз етілуге тиістілігімен;
соттарды қаржыландыру, судьяларды материалдық қамтамасыз ету, сондай-ақ
оларға тұрғын үй беру сот әділдігін толық әрі тәуелсіз жүзеге асыру үшін
жеткілікті мөлшерде республикалық бюджет қаражатының есебінен
жүргізілетіндігімен.
Бұл қағидалардың заң нормаларында көріністерін табуын талдайтын
болсақ, біріншіден, Қазақстан Республикасының Қынмыстық кодексі (бұдан әрі
ҚР-ы ҚК-і деп жазылады). 339-бабында соттың қызметіне қандай да болмасын
араласу үшін қылмыстық жауаптылықты белгілейді. Екіншіден, сот шешімдері
мен судьяның талаптарын орындамау, сондай-ақ судьяларды сыйламағандық үшін
заңмен белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады (ҚР-ның ҚК-нің 342-бабы,
Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің (ӘҚБК)- 241-бабы, т.б.). Үшіншіден, әр
жыл сайын Парламент республиканың бюджетін бекіткенде Жоғарғы Соттың
(жалпы, сот жүйесінің) шығындау бабын белгілеп отырады. Төртіншіден,
судьяға ешкімнің тиіспеуімен. Мысалы, судьяның өзінің (оның жақындарының)
өміріне қастандық жасау, оның заңды қызметіне кедергі келтірумен немесе сол
қызметі үшін кек алумен байланысты болса, Қылмыстық кодекетің 340-бабымен
қудалануға жатады, т.б. Мұндай құқықбұзушылықтар (қылмыстар) сот әділдігіне
қарсы деп бағалануы тиіс. Бесіншіден, судьяларды саясаттан алыстатумен,
яғни олар партияларға, кәсіптік одақтарға кіре алмайтыны, қандай да бір
саяси партияны қолдап немесе оған қарсы сөз сөйлеуіне болмайтыны
мәселелерімен. Алтыншыдан, судьялардың белгілі бір істерге байланысты есеп
бермейтіндігімен. Қоғамымыз демократиялық заңдардың көмегімен "телефон
құқығы" заңсыздығының архаизмінен құтылу үшін әрекеттенуде. Судья сот
әділдігін ешбір аландамай, жоғарғы лауазым иелерінің, өзінен биік
деңгейдегі судьялар мен сот басшыларының "нұсқауларына" Қарамастан атқаруға
міндетті. Жетіншіден, судьяның ауыстырылмайтындығымен. Судьяның
өкілеттігін тоқтатуы мен қызметтен босатынуы заңда көрсетілетін ерекше
тәртіп пен рәсімде ғана іске асырылады. Басқа Қызметке оның келісімінсіз
ауыстыруға болмайды.
Судьяның Конституция мен заңдарға бағындырылуы, заңның тарапынан оған
белгілі міндеттемелерді жүктеуімен ұштасады.
Атап айтқанда, судьялардың құқықтық жағдайы Конституциялық заңмен және
өзге де заңдармең белгіленеді.
Судьялар қызметке Конституцияға және Конституциялық заңға сәйкес
сайланады немесе тағайындалады және тұрақты негізде өкілеттіктерге ие
болады.
Судьяның өкілеттігі тек қана Конституциялық заңда көзделген негіздер
мен тәртіптер бойынша тоқтатылуы немесе токтатыла тұруы мүмкін.
Судьяның сот әділдігін заңда көзделген рәсіммен ғана жүзеге асыруын
қарастыруымен, т.б.
Судьяға заңның тарапынан белгілі талаптнр қойылады.
Атап айтқанда, олар Конституциялық заңның 28-бабында қарастырылған:
судья Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын бұлжытпай
сақтауға;
сот төрелігін іске асыру жөніндегі өзінің конституциялық міндеттерін
орындаған кезде, сондай-ақ қызметтен тыс қарым-қатынаста судья әдебі
талаптарын сақтауға және судьяның беделі мен қадір-қасиетін түсіретін
немесе оның әділдігі мен алаламаушылығына күмән туғызатын барлық нәрседен
аулақ болуға;
3) сот терәлігін іске асыру жөніндегі қызметке заңсыз араласудың
кез келген әрекеттеріне қарсы тұруға;
4) судьялар кеңесінің құпиясын сақтауға міндетті. Судьяның лауазымы
депутаттық мандатпен, оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық
қызметтерді қоспағанда, өзге де ақы төленетін жұмысты атқаруымен,
кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруымен, коммерциялық ұйымның басшы органының
немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруімен сыйыспайды.
Қарапайым халықтың ұғымында сот, судья түсініктері жоғарғы әділетшік,
заңдылық санаттарымен сезініледі. Сондықтан, судьяға қойылатын талаптар тек
заңмен ғана қарастырылып, қоймай, Қазақстан Республикасы судьяларының 1996
жылғы 19 желтоқсандағы бірінші съезінде қабылданған кодексінде де бекуін
тапқан.
Мұнда, судьяның мінез-құлқының негізгі принциптері орныктырылған,
оларға сәйкес:
Судья, мінез-құлықтың жоғары үлгілерін көрсету мен сот тәуелсіздігін
және оған деген құрметті нығайтуға үмтылуы тиіс.
Әрбір судья құқықтық қоғамның мызғымас құрамы болып табылатын сох
билігінің тәуелсіздігі мен ар-намысын сыйлауға тиіс.
Судья сот билігін құрметтеуші және оның мәртебесін сақтаушы болып
табылады.
Судьялар қауымдастығының ең жоғарғы органы — съезінде қабылданған бұл
кодекетің аталған ережелері оның бар мазмұнын айқындай түседі.
Әсіресе, судья лауазымына халықтың көзқарасын, оның өз қызметінде адал
болуы, заңды бұлжытпай ұстануы, оларды қадірлеуі және сотта өзін сотқа
деген қоғамдық сенімді ақтайтындай танытуы, процеске қатысушыларға
сабырлынық, әдептілік және кішілейілділік білдіруі керектігін міндеттеу
арқылы қалыптастырады.
Аталған талаптарды судьяның мұлтіксіз сақтауы мен орындауы, оның
бейтараптылығы мен шыншылдығына ешбір күмән келтіргізбеуге тиіс.
Судьяға қойылатын мұндай жоғарғы талаптар дәрежесінің аса жауаптылығы
қоғамдағы заңгер кесібінің ішіндегі олардың абырой-беделі биік мәртебесімен
анықталуы қажет.
Мұндай шаралар қазір мемлекет көлемінде іске асырылып, жетілдірілуде.
Ол тұрғыдағы өңгіме әлі алда айтылады.
Сонымен, жоғарыда айтылғандарды қорыта келгенде, төмендегідей тұжырым
жасауға болады:
Принцип сөзінің этимологиясы негіз, бастама, ереже ұғымдарын білдіреді,
бірақ ол зерттеудің бастаушы нысанасы болмай, керісінше, оны
қорытындылайтын нәтижесі болып саналады.
Принцип Конституция мен заңдарда көрінісін тауып, олардың нормаларымен
бекіп, принцип — норма деген атауға ие болады.
Айтылғандардың негізінде, сот билігінің (әділдігінің) принциптерін соттың
өзінің ұйымдасуы мен қызметінің мәні мен маңызын белгілейтін Конституция
мен заңдарда, әрине, құқықты норма ретінде бекитігі негізгі ережелері мен
идеялары тұрғысында түсінуге болады.
Судьяның тәуелсіздігі принципінің конституциялық дәрежесі бар, сондықтанда
оның басқа салалық принциптерден өзгешелігі оның ең жоғарғы заң күшінің
болуында. Оның мұндай мәртебеге ие болуы, бұл мәселенің яғни, судьяның
тәуелсіздігінің елеулі, өзекті және ерекше маңызыдылығында. Сот саясатын
іске асыруда оның орасан зор орны бар екендігін де атаған жөн.
Аталған мәртебесімен судьяның тәуелсіздігі принципі, әрине конституциялық
бола тұра, осы дәрежесін жоғалтпай, салалық ретінде де қарастырылады.
6. Бұл принциптің ішкі құрылысын талдау нәтижесімен, оның
элементтері бір-бірінен ажырамайтындығын, яғни бір-біріне сіңіп кеткенін
көрсету қажет. Мұны келесідегі кесте түсіндіреді: судья тәуелсіз, ол тек
заңға бағынады, ал заң судьяның тәуелсіздігін қамтамасыз етіп, корғайды
және сақтайды.
7. Судьяның сот билігінің өкілі екендігі мен тәуелсіздігі мәселелері,
оған заң тарапыңан елеулі, жауапты талагггарды қоюымен ұштасады. Ондай
талаптар заңның шеңберінде ғана белгіленіп қоймай, судьялар қауымдастығының
өздеріне сот әділдігін іске асыруға байланысты ете жауапты міндеттерді
жүктеуін сезіне отырып, кабылдаған судья әдебінің Кодексінде де
жетілдірілген.
Осылайша, судьяның, (соттың) тәуелсіздігі принципін, конституциялық
дәрежесі мен жоғарғы заң күші бар мәртебесі арқылы сот әділдігінің шынайы
көрінісін айқындайтын сот билігінің дербес, өрі маңызды принципі ретінде
түсінуге болады.
1.2 Судьяның тәуелсіздігі принципінін сот билігінің басқа
принциптерімен ара қатынасы

Судьяның тәуелсіздігі принципінің түсінігі мен маңызына байланысты
мәселелер тараудың алдыңғы бөлімінде анықталып кетті.
Бұл бөлімде да қаралатын мәселелермен ұштастырыдып, одан әрі оны
жетілдіру мақсаты алға қойылуда.
Судьяның тәуелсіздігі принципінің жалпы сот билігінің басқа да,
әрқайсысы өз алдына дербес принциптерімен өзара тығыз байланыста болатыны
сөзсіз.
Демек, ара-қатынас деген ұғым байланысты және арадағы айырмашылықтар
мен ерекшеліктерді де түсіндірсе керек.
Принциптердің ара-қатынасына тиесілі әуелі анысың, одан кейін, әрине
олардың дербестігін білдіріп, әрқайсысына төн қасиеттері мен мақсаттарына
сәйкес бір-бірінен ерекшеленетін жақтарын қарастыру олардың сапалы мәнін
және маңызын айқындайды.
Тіпті, мұндай байланыс бар деуге олардың бәрің және әрқайсысын бөлек,
жеке өз андына сот әділдігінің принциптері (принципі) деп атаумен
түсіндіріледі. Мұның өзі аталмыш принциптерді құқық саласындағы бір жүйе
деп түсшуге де негіз болады (принциптер жүйесі).
Ендеше, осындай жүйені қалыптастырушы элементтерді талдаған жөн.
Біріншіден, принциптердің баршасы құқықтық норма ретінде танылуы тиіс.
Олардың неғұрлым маңыздылары Конституцияның нормаларымен баянды етілсе,
қалғандары салалық заңдар мен нормативтік-құқықтық актілерде көрінісін
табады.
Екіншіден, олардың әрқайсы өз алдына жеке, дербес бола тұра, бір-
бірімен ішкі байланыста болады. Салалық принциптер конституциялық
принциптерден туындалып, олармен тығыз байланысты және сәйкес болуы тиіс.
Үшіншіден, жоғарыңа көрсетілген принциптердің өзара байланысы олардың
бірін-бірі толықтырып, мазмұндарын керкейте түсетін қасиеттерімен, сондай-
ақ қажетті жағдайларда әрқайсысы өз алдына ерекшеленетін мән-жайларымен
түсіндіріледі.
Төртіншіден, бір жүйедегі принциптер бола тұра, олардың әрқайсысы өз
алдына және түпкілікті бірлікте сот билігінің (әділдііінің) сапалы мәні мен
маңызын баяндайды.
Принциптерді неғұрлым сипаттайтын осы элементтердің негізінде олардың
жіктелуі жағына да көңіл бөлген жөн.
Әдебиеттерде құқықтық принциптерді әдеттегідей деңгейлі орындарына
(иерархиясына) байланысты және әркилы қатынаста болатындарына сәйкес жіктеу
тәсілі қолданылады.
Неғұрлым тұжырымдалғандарына сәйкес құқықтық принциптер:
жалпықұқықтық, салалық, арнаулы, кешенді, т.б. болып жіктеледі.
Сот әділдігінің принциптеріне қатысты оларды шартты түрде
ұйымдастырушы және функционалдық принциптер деп бөледі.Тағы сот құрылысының
және сот өндірісінің принциптері деп те жіктейді.
Біз қарастырып отырған принциптер сот билігіне қатысты болуына сәйкес
және көбінесе, сот әділдігінің мазмұнын ашуға арналғандықтан, принциптердің
жоғарыда көрсетілген жіктеулеріне аса тоқталмастан, бұған дейін (алдыңғы
бөлімде көрсетілгендей) конституциялық және салалық болып бөлінулері
шеңберінде зерттеуді жөн.
Конституциялық принциптер соттың ұйымдастырылуы мен оның қызметін
тікелей реттеп отыратын құқықтық норма болып табылады. Олардың негізгі
заңда көрінісін табуы, оның нормаларымен бекуі қарастырғалы отырған
принциптердің ен жоғарғы заң күші болуымен және олардан басқа құқық
салалары принциптерінің нәр алып, туындалатындығымен түсіндіріледі. Сот
қызметіндегі, яғни сот әділдігін іске асыру барысында бұлжытпай басшылыққа
алып, орындауды міндеттейтін бұл негіздердің құқықтық мақсаты бүкіл басқа
заң нормаларының өздерімен сәйкес болуын талап етуінде. Оларды қалайда
болмасын бұрмалау, бұзу негізіңде қабылданған шешімдер заңсыз деп танылып,
бұзылуға жатады.
Қуқықтық мемлекеттің басты бір нышаны- бекітілген заңдармен санасу
және оларды қастерлеу болың табылады. Заңның өркім үшін біркелкі талабы мең
күшінің болуы қоғамның зайырлығын танытады. Осыған орай, судья сот
әділдігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана
бағынады. Демек, сот әділдігі заңға бағынышты. Заңды қолданған кезде судья
конституциялық негіздерді басшылыққа атуға тиісті, яғни бұл мәселе оның
міндеті болмақ. Басқаша айтқанда, бұл қағидалар сот әділдігінің сапасын,
мәні мен мазмұны білдіреді.
Мысалы, адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен
танылғанша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептелінеді. Яғни,
ешқандайда болжам-жорамал айыггғау үкімі үшін негіз бола алмайды деген сөз.
Сондықтан да, басқаша бұл қағиданы кінәсіздік жорамалы деп атайды.
Осы орайда, айтылуға тиісті тағы бір маңызды мәселе бар. Мұнда,
аталмыш принциптердің өзара тығыз, берік байланысты болатындығын, мұнъшен
қоймай бірін-бірі толықтырып, мазмұндарын көркейте түсетін қасиеттерін де
атап кеткен жөн. Айталық, кінөсіздік жорамалы қағидасынаның мазмұны мен
мақсатын толықтыра түсетін айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге
міндетті еместігін бекітетін дербес принципті атауға болады. Демек, мұндай
міндет қылмыстық қудалауды іске асыру органдарына жүктелуге тиіс.
Керісінше, айыпталушы заңда көзделген амал-тәсілдерді қолданып, қорғануға,
сотта ез сөзін тындатуға құқылы.
Конституциясының 77-бабының 3-бөлігі 9-тармақшасында көрсетілгендей
ешкім өзінің жеке мойындауы негізінде ғана соттталуға тиіс емес. Мемлекет
осы тұрғыңа өзінің қымбат қазынасының құқықтары мен бостандықтарын
қамтамасыз етуші, кепілші ретінде танылмал. Сондықтан, адамның кінәлі
екендігі жөніндегі кез келген күдік айыпталушының пайдасына қарастырылады
делінген және заңсыз алынған айғақтардың заңды күші болмайды.
Сонымен, адамды қылмысқа кінәлі деп есептеу үшін, әуелі оның айыбы
толық, жеткілікті және күмәнсіз деректермен дәлелденуге тиісті. Екіншіден,
ол адам өзінің кінәлі еместігін дәлелдеуте міндетті емес, мұндай жүк
айыптаушыға тапсырылады. Үшіншіден, айып тек заңда көрсетілген тәртіпте
ғана дәлелденуге жатады. Төртіншіден, адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез
келген күдік айыпталушының пайдасына қарастырылуы тиіс. Бесіншіден, ешкім
езінің жеке мойындауы негізінде ғана сотталуға тиіс емес. Алтыншыдан,
адамды кылмысқа кінәлі деп тек қана сот өзінің ерекше процессуалдық актісі
- үкімі арқылы ғана тани алады. Жетіншіден, айыптау үкіміне болжам емес,
нақты анықталған дәлелдемелер жиынтығы негіз бола алады. Сегізіншіден, адам
кінәлі деп айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен кейінгі уақытта ғана
есептследі.
Келесі конституциялық принципке сәйкес, бір құқық бұзушылық үшін
ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды.
Ата заңда басшы принциптер қатарына осындай мағыиада ереже болып енуі,
әуелі адамның құқықтары мен бостандықтарына қол сұғуға тыйым салуды
қарастыру болса, екіншіден, құқық қорғау органдары мен соттың
жауапкершілігін күшейту мақсаты көзделген. Яғни, құқық бұзышылықты нақты
анықтап, мүқият зерттеп, заң тұрғысынан дұрыс дәрежелей білу, қателік
жібермеу, немқұрайлыққа жол бермеу қажеттіліктерімен түсіндіру жатады.
Сот әділдігін демократиялық институттармен толықтырып, баянды ететін
келесі бір принциптің негізі бойынша өзіне заңмен көзделген соттылығын оның
келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды. Ілтері, Кеңес Одағы дәуіріндегі
халық соты жүйесінде жоғары тұрған сот өзінен төмен тұрған соттың
қарауындағы кез келген істі алып қарайтын өкілеттігі болған. Ал азаматтық
іс жүргізу процесінде істің соттылығы ұғымы мүлде болмайтын. Олардың
барлығы аудандық соттардың қарауына жатқызылып, жоғары тұрған сот қалауы
бойынша олардың кез келгенін алып қарай беретін. Мұндай жағдай кейін
Конституцияға сәйкес емес деп танылған болатын.
Қазіргі танда, егемендігін алған мемлекетімізде жаңа қылмыстық істер
жүргізу кодексі (13.12.1997 ж.) және азаматтық істер жүргізу кодексі
(13.07.1999 ж.) қабылданып, істердің соттылығының түсінігі жетік
ажыратылған. Осыған байланысты, ісі (мұнда мүдделі жақты айтады) каралушы
тұлғаның рұқсаты болмай, сот органдары оны бір-біріне өткізуіне болмайды.
Демократизмнің тағы бір нышаны мемлекеттің өз азаматтарына
рақымшылдығы мен мейірбандығы. Міне, осыған байланысты, жауапкершілікті
белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттемелер жүктейтін
немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардын кері күші болмайды. Егер
құқық бұзушылық жасалғаннан кейін ол үшін жауапкершілік заңмен алынып
тасталса немесе жеңілдетілсе, жаңа заң қолданылады.
Қоғамның, мемлекеттің зайырлылығын, демократиялылығын паш ететін,
тұңғыш рет 30.08.1995 ж. Конституциямызға енгізілген елеулі негізге
байланысты — ешкім өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және заңмен белгіленген
шектегі жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес. Діни қызметшілер
өздеріне сеніп сырын ашқандарға қарсы куәгер болуға міндетті емес. Себебі,
қоғамда қалыптасып, орныққан ізгілік принциптерін: адамгершілік, жақынына
мейірімділік, сүйіспеншілік қадір-қасиеттерді қастерлеу, олардың сақтаулы
мен нығаюына мүмкіндік туғызу — демократияның нағыз алға қоятын мақсаты
болуы керек. Көзделіп отырған мақсат, біріншіден, осы болса, екіншіден,
адамнын қылмыс жасауына көпе-көрнеу, себепші болуды жою. Яғни, адамды
жақынына қарсы айғақ беруге міндеттеген жағдайда біле тұра жалған жауап
беруге мәжбүрлеу сыңайы танытылатыны сөзсіз.
Сондай-ақ, құқықтың қайнар көзі Заң болмақ -деп анықтаған мемлекетте
қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді.
Ендігі жерде судьяның (соттың) тәуелсіздігі принципі мен демократизм
принципі екеуінің ара қатынасын ашатын болсақ, ең бастысы демократизм
принципі бүкіл мемлекет нен құқықтың басқарушы және маңызды принципі екенін
атағанымыз жөн.
Бұл мәселе Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында
көрсетілген. Оған сәйкес, Қазақстан Республикасы өзін демократиялық
зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады: оның ең
қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
Осы принцип сот билігінің органы соттың ұйымдастырылуы мен қызметін
толығымен өзіне бағындырады. Демек, сот әділдігі принциптерінің өзімен
сәйкес болуын талап етеді.
Әйткені, судьяның нақты, іс жүзінде тәуелсіз болуы, осы арқылы сот
әділдігін де тәуелсіз етуі қоғамды қобалжытатын өзекті мәселелердің бірі.
Демократия — халық билігінің тусінігін білдіреді. Ендеше, ізгісі-
судьялардың сайлау жолымен өкілеттік алғаны олардың тәуелсіздігін
қамтамасыз ететін нағъіз демократизмнің нышаны болар еді. Мұндай тәртіп
Президент пен заң шығарушы биліктің өкілдерін сайлауға байланысты тиімді
деп есептелгенде судьяларға да өкілеттік беру тәртібіне қатысты неліктен
қолданылмасқа? Сот билігінің ең жоғары органы — Республика Жоғары сотының
судьяларына өкілеттікті халық өкілдерінің сайлауы жолымен беру тәжірибесін
неліктен пайдаланбасқа? Мұндағы көзделетіні жергілікті соттардың
судьяларына сайлау арқылы өкілеттік беру тәртібі.
Осылайша, демократизм принципінің идеясы сот билігінің дербестігі мен
тәуелсіздігін қамтамасыз етуді көздеп, судьяның (соттың) тәуелсіздігі
принципінің мақсатын белгілейді.
Яғни, демократиялық зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің ең
қымбат қазынасы- адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары
екендігі анық.
Ендеше, мемлекеттің ең қымбат қазынасының құқықтары мен
бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау, олардың бұзылуы мәселелеріне
байланысты қалпына келтіру, кінәлі адамдарға мемлекеттік мәжбұрлеу
шараларын қолдану сот билігінің мақсаты етіп қойылады. Бұл мақсаттарды заң
сот істерін қарап шешетін сот билігін нақты жүргізуші судьяға жүктейді.
Қорыта келгенде, тақырыбымыздың атауын белгілегенде судьяның (соттың)
тәуелсіздігі өуелі демократияның жетістігі екендігін, мұнымен қоймай,
демократияның сапалы жақтарының сот әділдігінің мәселелеріне даруын, одан
қалса, сот билігі принциптеріне де сіңуін негіз етіп алдық.
Схемалық түрде бұл мәселе келесідей көрініс табады:
Судьяның тәуелсіздігі принципі
Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды
мүдделерін қорғау, бұзылған кұкықты қалпына келтіру, оган кінәлілерге
мемлекеттік мәжбұрлеу шараларын қолдану мақсаттары
Сот әділдігі саласындағы заңдылық дегеніміз соттың өз қызметінің
принципі ғана емес, сонымен қатар нақты істерді соттың қарауының мақсаты да
болып табылады, өйткені, сот бұзылған заңдылық пен құқық тәртібін рұқсат
етілетін барлық амал-тәсілдермен қалпына келтіріп, сот істеріне
қатысушылардың тәртібі заңға сәйкес болуын қамтамасыз етуге тиіс.
Республикадағы соттардың қызметі заңдылық принципінің талаптарына сай
жүзеге асырылуы қажет.
Заңдылық принципі, жалпықұқықтық, әмбебап ереже ретінде Конституция
мен оған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік-құқықтық актілердің қатаң
және міндетті түрде орындалуы мен сақталуын талап етеді. Мұндай талап заңды
орындаушы тұлғалардың (мемлекеттік орган болсын, лауазымды, заңды немесе
жеке тұлға болсын) күллісіне қатысты қойылады.
Сот әділдігінің заңдылығы принципінің ерекшелігі мынадай: соттардың
ұйымдастырылуы мен қызметі ең алдымен Қазақстан Республикасы
Конституциясының негізінде және заң шығарушы органы – Қазақстан
Республикасы Парламенті кабылдаған заңдардың, яғни, тілдік негізінде жүзеге
асырылады. Заңға сәйкес актілер сот саласында заңдарда көзделген шекте
қолданылады. Осы арқыны сот әділдігінің заңдылығы принципі конституциялық
режим мен заңның үстемдігін нығайтуға жәрдемдеседі.
Сот әділдігі саласында бұл принцип төмендегілерді сипаттайды:
1) сот әділдігін Конституция мен Конституциялық заңда керсетілген
тәртіпте құрылатын және өкілеттік алатын соттар ғана жүзеге асыра алады;
сот әділдігін іске асыру барысында судьялар (соттар) тәуелсіз және тек қана
Конституция мен заңдарға ғана бағынады;
соттар сот оділдігін іске асыру барысында азаматтардың құқықтары мен
бостандықгарын және заңды мүдделерін, соңдай-ақ мемлекеттік органдар мен
ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға тиісті;
соттар Конституцияның, заңдардың, өзге де нормативтік-құқықтық актілердің
және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуын
қамтамасыз етуге міндетті;
сот әділдігін іске асыру барысында судья (сот) сот істерін жүргізу тәртібін
бекітетін іс жүргізу туралы заңдардың талаптарын мүлтіксіз сақтауға тиіс.
Тіпті, судьяның тек Конституция мен заңдарға ғана бағынып, тәуелсіз
болуы бұл екі принциптін мызғымас бірлігін, бір-бірімен етене байланысып
кеткендігін паш етеді.
Заңдылық принципі соттардан іс бойынша шығарылған әрбір үкімде немесе
шешімде нақты заңға (материалдық құқық нормасына) сілтеме жасалып, соттың
осы іс бойынша дәл осы құқық нормасын қолданғаны неліктен екені негізделуін
талап етеді.
Бұл принцип өзінің мазмұнымен-ақ соттардың іс жүргізу заңдарының
процессуалдық тәртібін қылмыстық және азаматтық заңдарға сәйкес реттейтін
нормаларын мұлтіксіз сақтауды талап етеді.
Заңдылық принципі сот әділдігі саласында заңмен орнықтырылатын
кепілдіктер жүйесімен қамтамасыз етіледі. Мысалы, сот қаулыларын заңсыз,
негізсіз деп есептеумен, оларды шағымдау құқығымен; сот қадағалауымен;
материалдық және процессуалдық заңдардың нормаларын бұзу арқылы қабылданған
шешімдерді міндетті түрде бұзып, күшін жоюымен, т.б.
Тәуелсіз, заңға ғана бағынышты сот (судья) өз кезегінде Конституцияның
сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, оған қайшы актілерді қолданбай,
өндірісіндегі істі тоқтата түрып, ондай актіні Конституцияға сәйкес емес
деп тану үшін Конституциялық Кеңеске жолдай отырып, заңдылыққа ұмтылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 75-бабына, Конституциялық
заңының 1-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот
қана жүзеге асырады.
Ал, Конституция мен аталған Конституциялық заңда Қазақстандағы сот
жүйесін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және жергілікті соттар
құрайды. Сондай-ақ, елімізде мамандандырылған соттарды құру мәселесі
қарқынын жылдамдатуда. Олардың қатарына өскери соттарды және
мамандандырылған экономикалық соттарды жатқызуға болады.
Сот әділдігін тек қана соттың іске асыруы принципінің саяси-құқықтық
маңызы орасан зор.
Сот билігін жүзеге асырудың негізгі нысаны сот дәлдігі болғандықтан,
мемлекеттік қызметтің бұл түрі мәжілістерінде істерді (қылмыстық, азаматтық
т.б.) заңмен бекітілген сот өндірісі нысандарында қарап шешуін көздейді.
Осыған байланысты, Конституциялық заңның ережесіне сәйкес, ешқандай өзге
органдар мен тұлғалардың судья өкілеттігін немесе сот билігі функцияларын
иеленуге құқығы жоқ.
Мұнымен қоймай, сот ісін қарау тертібі мен қаралуға тиісті
өтініштерді, арыздар мен шағымдарды басқа ешқандай органның, лауазымды
немесе өзге де адамдардың карауына немесе бақылауға алуына болмайды деп шек
қояды.
Осыған байланысты Конституциялық заңның талабы бойынша, республикада
қаңдай да болмасын атаумен арнаулы және төтенше соттарды құруға рұқсат
етілмейді.
Істерді сотқа дейін дайындау, яғни, анықтама мен алдын ала тергеу сот
әділдігіне жатпайды.
Тұлғаны қылмысқа байланысты кінәлі немесе кінәлі емес деп тану және
осының негізінде оған қатысты айыптау немесе ақтау үкімін шығару; қаралған
талап арызға қатысты шешім қабындау соттың ғана құқығы.
Тек сот қана сот істеріне байданысты жаза тағайындай алады және басқа
мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолданады.
Сот қаулынарын тек қана жоғарғы сатыңағы сот сатылары апелляциялық
және қадағалау тәртіптерінде тексеріп, бұза алады немесе тиісті өзтерістер
енгізу құқығын пайдаланады.
Қазақстан Республикасында 2001 ж. 11-шілдеге дейін жүргізіліп келген
кассациялық саты жойылын, заңды күшіне енбеген сот қаулыларын (қылмыстық,
азаматтық сот өндірісінде) апелляциялық сатыда тексеру тәртібі енгізілді.
Осыған дейін, судьяның (соттың) тәуелсіздігі жөнінде айтылғанда
көбінесе бірінші сатылы сотта іс қарау мәселелеріне байланысты болды. Енді,
сол бірінші сатылы соттың қабылдаған қаулыларының (әсіресе, кылмыстық істер
бойынша) заңдылығы мен негізділігін жоғарғы сот сатылары (апелляциялық,
қадағалау) тексеру кезіндегі судьяның (соттың) тәуелсіздігі мәселесіне
көзқарасымызды білдірсек, ең әуелі бұл сот сатыларындағы судьяның қызметін
сот әділдігі деп түсінуіміз керектігін білдірген болар едік. Әсіресе,
апелляциялық сатыда, себебі мұнда іс жаңадан қаралады. Апелляциялық және
қадағалау тәртібінде іс қарау сот қаулысын тексерумен ұштасатындықтан, оны
іске асыратын судьяның (сот құрамының) тәуелсіз болуының, әділ шешім
қабылдауынын орасан зор мәні бар.
Заңды күшіне енген сот қаулылары ел аумағында атқарынуға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы сот билігі. Судьяның тәуелсіздігі
Судьяның тәуелсіздігі және оның тек қана заңға бағынуы
Судьяның тәуелсіздігі қағидатының сот билігінің басқа қағидаттарымен ара қатынасын айқындау
Сот жүйесіндегі судьяның тәуелсіздігі және оның маңызы
Сот билігі және әділ сот
Шет мемлекеттерде сот билігін ұйымдастырудың жалпы сипаттамасы
Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі
Қазақстан Республикасында судьялар сотын құру перспективаларын қарастыру
Қылмыстық сот ісін жүргізу қағидаларының жүйесі
Істерді алқалы түрде қарау принципінің сот қызметін ұйымдастыру принциптерінің арасында алатын орны мен мәні
Пәндер