Өнім сапасын бақылауды ұйымдастыру


Пән: Сертификаттау, стандарттау
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Өнім сапасын бақылауды ұйымдастыру

1. Өнім сапасы мен оның факторлары

2. Өнім сапасына техникалық бақылау жасау

Өнім сапасын жақсарту үшін сапа жөніндегі мәселені жан-жақты қарастырған жөн. Ол үшін шикізат, материалдар, өндірістің техникалық құралдарына, оны дайындау және ұйымдастыруға байланысты қойылатын талартар өзара келісілуі қажет. Көптеген өндірістік кәсіпорындар өнім сапасын басқару үшін «Өнім сапасын басқарудың кешенді жүйесін» дайындауы қажет. Кешенді жүйе өнімді жобалау, өндіру және пайдалану мен тұтынудың барлық кезеңдерінде өнім сапасын арттыруға ұйымдастырушылық, экономикалық, әлеуметтік, техникалық, шараларды қамти отырып біркелкі әдістемелік талап қоюды қарастырады.

Өнім сапасын басқару өнімнің өміршендігінің барлық сатыларында (болжау, дайындау, өнім өндіруге өндірісті дайындау, өнімді өндіру жэне т. б. ) жүргізіледі.

Өнімді болжау және дайындау сатысында модельдердің жаңа үлгілерін жасау, өнімнің техникалық деңгейін бағалау жұмыстары атқарылады. Өнімнің техникалық деңгейін бағалау үшін оның әлемдік деңгейге сай келетіндігін белгілі бір көрсеткіштермен салыстыруды талап етеді.

Өнімді өндірісте игеру және өнімді дайындау кезеңіне бай-ланысты әлемдік деңгейге сай келетін көрсеткіштердің екі категориясы аныкталынады: өндірілетін өнімді дайындау немесе оның техникалык деңгейін бағалау үшін қолданылатын қазіргі әлемдік деңгейі, өнім өндіру немесе перспективаға жоспарлаудың техникалық деңгейін бағалау үшін қолданылатын перспективалық әлемдік деңгей.

Ал, өнімді өндіру үшін өндірісті дайындау жэне өнімді өндіру сатысында өндірісті технологиялық тұрғыдан дайындау кезінде өнім сапасының жоғары деңгейіне жету үшін бағыггалған шараларды жүзеге асыру, оларды бағалау мен бақылау құралдарын енгізу сияқты көптеген жүмыстар жүргізілуі тиіс.

Өнімнің айналымы мен өткізу сатысында дайын өнімнің сапасьн тасымалдау, сақтау, сату кезінде стандарттар мен техникалық шарттарға сай болуын барынша сақтап қалу қамтамасыз етілуі қажет. Өнімді сату мен тұтыну кезінде рекламация мен ақауларды талдап, есепке алып өнімге тұтынушылық сұранысты зерттеу жұмыстары жан-жақты жүргізілуі қажет.

Өндірістік кәсіпорындарда сызықтық басқарудың барлық деңгейінде өнім сапасын басқару шаралары жүзеге асырылады. Өнімнің сапасын басқару мен бақылаудың жалпы басшылығын кәсіпорын басшысы өз мойнына алады. Кәсіпорында өнім сапасын басқару, бақылау жүйесін дамыту және оған байланысты жұмыстарды реттеу міндеттерін шешумен техникалық бақылау бөлімі айналысады.

Сонымен қатар өнім сапасын бақылау үшін бірыңғай өнім сапасын басқару жүйесі қолданылуы тиіс.

Бұл жүйенің негізгі мақсатына халықты тұтынатын тауарлармен қамтамасыз етуде өндірістің тиімділігін арттыру мақсатында кәсіпорын өндіретін барлық тауарлардың сапасын арттыру үшін ғылыми-техникалық, өндірістік, әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктерді жан-жақты пайдалану қажет болады.

Сонымен катар аталған мақсатқа жету үшін жаңа өнім түрлерін жасау және оны игеру, жоғары сапалы өнімді өндіруді арттыру, сапасы төмен ескірген өнім түрлерін өндірістен алып тастау, өнімді тұтынушыға жеткізу жэне қолдану барысында сапаны жоғалтпау жұмыстары жүргізілуі қажет.

Өнім сапасын басқару жүйесін тиімді жүзеге асырудың негізгі шарттарының біріне оны техникалық бақылауды ұтымды ұйымдастыру жатады.

Техникалық бақылау жүйесі (бақылау объектісі, бақылау опе-рациялары жэне оның тізбектілігі, техникалық жабдықтау, жүмыс істеу режимдері, әдістер, бақылау операцияларын механикаландыру және автоматтандыру құралдары) өндірістік үрдістің бөлінбейтін қүрамдас бөлігі болып саналады да, өндірістің технологиясымен бірге техникалык бақылау бөлімінің қатысуымен немесе олардық келісімімен дайындалады. Міндетті түрде бекітілетін технологиялық үрдістер құрамына тіркеледі.

Бақылау операцияларын орындаушыларға жұмысшылар, бригадирлер, өндірістік бөлімдердің шеберлері (мастерлер) жатады. Алдын ала белгіленген сапамен өнім өндіруді қамтамасыз ететін арнаулы қызмет атқарушы бөлім жұмыс істейді.

Өнім сапасын техникалық бақылау келесі багытгар бойынша топталады.

Өндірістік үрдіске қатысты бақылау кіруші, операциялық, шығушы болып үш топқа бөлінеді. Кіруші бақылау дегеніміз кәсіпорынға келіп түсетін материалдык-техникалық жабдықтау элементтері мен сыртқы серіктестік байланыстарды бақылау жұмыстарын жатқызатьш болса, операциялық бақылауга өнімді өндіру жэне қүрастырудың барлық сатыларын бақылау жатады, шыгушы бақылауга дайын өнімді, жиынтық бірлікті, аяқталған дайын бөліктерді бақылау жатады.

Атқаратын міндетіне қарай бакылау ағындық, қабылдау, инспекциялық болып тағы үш топқа бөлінеді. Ағындық (ескерту) бақылауга өндірістегі ақауды болдырмау мақсатында бола-тын бақылау түрін айтады; қабылдауды баңылау іске жарайтын еңбек заттарын қабылдау жэне олардың ақауларын анықтау үшін жүргізілетін бақылау жатады; инспекциялық бақылау өнім сапасын бақылаушылардың жұмыс сапасын бағалаумен айналысатын қызметкердің жүмысын айтады (мысалы, бақылаушылардың жұмысын бағалаушы қызметкер, өзін-өзі бақылаушы, технологиялық тәртіпті қадағалаушы жэне тағы басқалар болып бөлінеді) .

Объектіні қамту дәрежесіне байланысты бақылау жалпы - дайындалатын өнім немесе объектілердің бәрін тексеру; таңдамалы - дайындалатын өнімнің немесе объектінің бір бөлігін тексеру болып екіге бөлінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сапаны басқару және бақылау
Сапаны бақылау және басқару
Негізгі және көмекші өндірісті ұйымдастыру
Сапаны статистикалық бақылау
Өндірістік құрылымды жетілдіру жолдары
Мақта шаруашылығы
Сапаны басқару механизмінде жоспарлау
Өндірісті бағалау рәсімдерін метрологиялық қамтамасыз ету
Тамақ өнімдерін бақылау
Сапаны бақылау түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz