Әр адам — қайталанбас тұлға


ӘР АДАМ - ҚАЙТАЛАНБАС ТҰЛҒА
Даралық. Жеке адам. Тұлға және оның қалыптасуы.
Табиғаттың сырына үңілген сайын, қоршаған орта туралы неғұрлым көбірек білген сайын, олардың ғажаптығы бізді бұрынғыдан да таңдандыра, тамсандыра түседі. Қоғамдағы адамның мәнін ашуға көмектесетін ұғымдар бар. Олардың негізгілеріне даралык, жеке адам (индивид), тұлға ұғымдары жатады.
Даралықтың сипаты. Даралық (лат. indivituum - бөлінбейтін) деп абсолютті қайталанбайтын, кеңестіктің сол нүктесінде, уақыттың сол мезетінде ғана өмір сүретін, кез келген өзге "даралықтан" мәнді айырмасы бар іштей шексіздікті айтамыз.
Бұл қағида адамдарға да қатысты. Бірін-бірі барлық жағынан толық қайталайтын, бірі екіншісінен айнымайтын адамдар да болмайды. Тіпті егіздердің өздері бір-біріне ұқсас болып көрінгенімен, ата-анасы немесе достары оларды оңай ажырата алады.
Даралық қарастырылып отырған дербес өмір сүруші организмнің ата тегінен иеленген және даму жолында қабылданған қасиеттерінін өзінше үйлесіл келген,, өзіне тән нышандарын сипаттайды. Даралық - генотиптік және фенотиптік ерекшеліктерден көрінетін онтогенездің нәтижесі. Психологияда даралық проблемасы, ең алдымен, жеке адамның тұтас мінездемесімен - оның барлық қасиеттерінің, ойларының, сезімдерінің, еркінің, құлшынысының, зауқының, қажеттіліктерінің, уәждерінің, мүдделерінің, көңіл ауанының, мұңының, әрекетінің, қылықтарының, әдеттерінің, икемділіктерінің, қабілеттерінің т. б. ерекшеліктерінің төлтума көптүрлілігімен байланысты қойылады. Осылардың нақты қабысып келуі әрекет үстіндегі "Мен"-нің бірегей тұтас құрылымын түзеді. Осыған байланысты даралық қарастырылып отырған адамға тән белгілердің жиынтығы ретінде сипатталады. Даралану адамның қарым-қатынас кезіндегі тәртібі арқылы, сол сияқты олардың іс-әрекет үстінде қабілеттерін керсетуі арқылы жүзеге асырылады.
Дүние жүзінде қанша адам болса, сонша даралық, сонша тұлға, сонша тағдыр бар. Адамдардың тағдырлары ұқсас болуы мүмкін, бірақ бірдей болуы мүмкін емес.
Даралық - адамның бірегей және әмбебап қасиеттерінің бірлігі, тұтас жүйе. Бұл жүйе адамның жалпы, тұрпатты және ерекше қасиеттерінің өзара әрекеттесу үрдісінде қалыптасады. Тарихи даму барысына орай, адамның даралануы барған сайын айшықтана береді.
Даралық - адамзаттың прогресс жолымен дамуы үшін қажетті шарттардың бірі. Жеке адамның даралануы мен жетілуі қоғамда қатып қалған консерватизм мен таптаурындарға (стереотип) қарсы күресте маңызды рөл атқарады, адамдардың өздерін-өздері, қоғамды және қоршаған ортаны үнемі жасампаздықпен өзгертіп, жетілдіріп отыруының кепілі бола алады.
Жеке адам ұғымы. Жеке адам туралы ғылыми түсінік адамды қоғамдық қатынастардың жиынтығының көрінісі ретінде қарастыратын биопсихоәлеуметтік организм деген түсінікке негізделеді. Жеке адам деп белгілі бір әлеуметтік ортаның өкілін, қогам мушесін айтамыз. Жеке адам өзгелермен салыстырмалы нақты антропологиялық және әлеуметтік ұқсастықтарына қарамастан, адамзаттың дара өкілі ретінде қарастырылады. Жеке адам мәні жағынан, әлеуметтік тіршілік ету әдісі жағынан дара болады. Даралық оның өзіндік әлемін айқындайды, өзіндік өмір жолын ерекшелейді. Адамның өмір жолы мазмұндық жағынан әлеуметтік жағдайлармен айқындалғанымен, оның тегі, құрылымы және формасы дара сипатта болады.
Сәби - жеке адам. Дегенмен, ол - әзірше дара тұлға емес. Жеке адам қоғамда өз болмысында біршама дербестік алғаннан кейін ғана дара тұлғаға айналады. Жеке адам қашанда қоғаммен тығыз байланыста болады. Оларды бір-біріне қарсы қоюға болмайды. Қоғамда тіршілік еткендіктен, жеке адамның өмірі қоғамдық өмрдің көрінісі болып табылады. Әйтсе де жеке адам мен қоғамды теңестіруге де болмайды. Өйткені жеке адам өз тегінің жалпы белгілерін сақтай отырып, өзіндік ерекшелігімен көрінеді.
Әр жеке адам - қайталанбас даралық, сонымен бірге ол өзімен белгілі бір тектік мәнін ала жүреді. Өзіндік санасы кемелденгенде, өзінің әлеуметтік міндеттерін түсінгенде, өзін тарихи үрдіс субъектісі ретінде сезінгенде, ол тұлға ретінде алға шығады.
Әр адам - қайталанбас тұлға. Әр адам әлеуметтік өмірден тек өзі болған жерден, өз мүмкіндігінше, өзіне тиістіні ғана алады. Жеке адамның әрқайсысы дамудың объективті шарттылығы сапасында қоғамның белгілі бір тарихи формасына тап болады. Алғышарттары о баста табиғат берген өз қасиеттерімен айқындалғанымен, жеке адам қоғамдық қызметтің объектісі әрі субъектісі болғандықтан, адамдардың тұлға ретінде дамуы тек қоғамда ғана толығымен қалыптаса алады. Адам тек қоғамдық мақсаттарды жүзеге асырудың құралы болып қана қоймайды, коғамның алдында ерікті адамды қалыптастыру мақсаты туындайды. Әрине, қоғам ерікті болғанда ғана адам ерікті бола алады.
"Тұлға" (лат. personalitas ) ұғымы жеке адамды белгілі бір қоғамның немесе қауымдастықтың мүшесі ретінде сипаттайтын, оның әлеуметтік маңызды нышандарының орнықты жүйесі мағынасында қолданылады. Мысалы, педагог оқушы-жасөспірімнің тұлғасы туралы; әлеуметтанушы жұмысшының тұлғасы туралы; криминалист қылмыскердің тұлрасы туралы; психиатр холериктің тұлғасы туралы айтқанда, олардың әрқайсысы, ең алдымен, адамды - оқушы-жасөспірім, жұмысшы, қылмыскер немесе холерик етіп тұрған, солар үшін тұрпатты және мәнді, оларды өзгелерден абстракциялап тұратын нышандарды меңзеп отыр деп түсіну керек.
Философияда тұлга - қогам мушесі ретпіндегі, әлеумепгтік даралық сапасындағы адам, қоғамдыц қатынастардың жиынтыгы айқындап тұратын биоәлеуметтік мәнділік, әлеуметтік өмірде болып жатқанның барлығын жинақтап, өз бойына сіңіріп алып журген адам.
"Тұлға" ұғымын "жеке адам" және "жеке тұлғалық" ұғымдарымен шатастыруға болмайды. Тұлғаның бірегейлігіне, қарапайым тілмен айтқанда, даралығына ешкім шек келтіре алмайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz