Түркештің түркі әлеміндегі тарихи орны



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.6


І.Тарау. Түркештің түркі әлеміндегі тарихи орны

а) Түркеш қағанатының құрылу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7.14
б) Түркештің этникалық территориялық бөліністері ... ... ... ... ... .15.25

ІІ.Тарау. Түркештің Қытаймен, Арабтармен қатынасы

а) Түркеш тарихындағы Атлах шайқасының рөлі ... ... ... ... ... ... 26.31
б) Түркеш қағанатында исламның таралуы ... ... ... ... ... ... ... ...32.38


Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..39.41

Пайдаланған әдебиеттер ... ..42.46
Түркеш қағанатының тарихы әлі де жүйелі түрде зерттеле қойған жоқ. Кезінде академик Әлкей Марғұлан мен Мұсатай Ақынжанов бастаған атақты ғалымдардың көз майын тауысып, зерделеуге үңіле түскен қадамдары өз жалғасын таба қоймады. Өткен ғасырдың 80-жылдарыңда Қытайдағы Нығмет Мыңжан, Жақып Мырзахан бастаған қазақ тарихшылары түркештер туралы көлемді зерттеулер жүргізіп, қазақ халқын құраған ру-ұлыстарға ұйытқы болған алғашқы, дербес этностық одақ ретінде қарастыра бастады. Орыс тарихшыларынан алғашқылардың бірі болып Л.Н.Гумилев түркештер туралы жан-жақтылы мағлұмат жинақтап, талай жаңалықтардың бетін ашты. Ал, қытай тарихшылары Лин Ган мен Шуе Зұң Жың қатарлылар соңғы жиырма жылда көктүріктер мен түркештер жөнінде өте қызғылықты тың деректер берді.
Жоғарыда аты аталған шетелдік және отандық авторлардың зерттеу еңбектері негізінен Қытайдың "Таңнама" (Көне және жаңа таңнама)."Таң Хуей Яу". "Сы Фу Иуан Гуй", "Зы Жы Тұң жияы", "Тұң дян" сияқты жылнамалары мен орда хаттамаларынан алынған үзінділерге сүйене жазылғаны белгілі. Осынау аса бағалы тарихи жазбаларда бәрі бірдей еш қатесіз және түпкі ақиқат емес болатын. Ұлы хандық шовинизммен бұрмаланған, қара дүрсін әскери рапорттар тілімен жазылғандары да жиі кездеседі. Ал, орыс зерттеушілері болса, оның парқына бармай-ақ сөзбе-сөз аударып, еуроцентристік астамшылықпен талдауға бой алдырған тұстары да жоқ емес еді.
1. Сы Магуаң Билік ғибратнамасы. Қытай тарихшысы 1066 жылы қолға алып, 1084 жылы аяқталған, 294 томнан құралған әйгілі топтама. Ол кейде «Ел басқару жылнамасы» деп аталған.
2. Түркештер жөніндегі естелік. 206-том.
3. Күлтегін (Үлкен жазу). 18-жыр. Аударма М.Жолдасбековтің «Асыл арналар» атты кітабынан алынды. Ал Қытай тарихшысы Лин ган «Тужуе Шы» кітабында профессор гең шеминің аудармасын пайдаланған. Онда жоғарыдағы сөздер былай аударылған: «Түркеш қағаны түргіміз, өз халқымнан еді».
4. Күні бүгінге дейін жалпы тарихи атауларды, сол сияқты түркештерге тайпа, адам аттары, мансап, лауазым атауларын әр елдің зерттеушілері әр түрлі жазып келгендіктен оқырмандарды шатыстыруымен болды. Соларды бірлікке келтіру мақсатымен түрліше жазылған нұсқаларды сарапқа салып, ең қонымдылау келгенін қолдануға ұмтылдым. Мыс, «Үгіл» қағанның аты Л.Н. Гумилевте (Көне түріктер) «Үш желе», 1986 жылғы «Қазақстан тарихы» 1- томында «Үшлік» Ә.Хасеновтың «Он оқ будун» еңбегінде «Үшіргелі», Н.Мыңжанның «Қазақтың қысқаша тарихында» Өжелі-Әйгілі, ұйғыр басылымдарында «Үжіл», т.б. түрінде жазылған. Мен қытай тарихшысы Шуе Зұңжыңның «Тужуе Шы» (Түрік тарихы) кітабындағы «Үгіл» нұсқасы түркілікке ең жақыны деп қабылдадым.
5. «Билік ғибратнамасы» Түркештер туралы естелік бөлімі.
6. Күлтегін. 1-жыр, 4-тармақ. Жолдасбеков М. Асыл арналар. 50-б. Мұнан былайға Орхон-Енесай тас жазуларынан алынған үзінділердің қазақшасы, негізінен, осы кітаптан алынды.
7. Ә.Марғұлан. Ежелгі жыр-аңыздар, 1985. 98-б.
8. Гумилев Н. Көне түріктен. 1992. 250-б.
9. Таң патшалығы көне тарихы. Батыс түрік шежіресі.
10. Сақал-қытайша Суо ге таңбасын тарихшы Шуе Зұңжың «Түжүе Шы кітабында деп жазыпты. Ежелгі түрік тілі мен жауын жетік білетін маманның тоқтағанды жөн санап, Суо Ге Мохәні Сақал Баға түрінде жаздық. Бұған дейін Гумилевте Сога, Н.Мыңжанда Саға, «Қазақстан тарихында» Сөге (Сақал) түрінде жызылып келген болатын.
11. Таң патшалығының «Жаңа Таңнама», «Көне таңнама», «Түрік баянында» және «Билік ғибратнамасының» 209-томында Сақалға бекітіп берілді деген 14 тайпа қағаны дегендегі он тайпа, бұрынғы он оқ тайпасы, ал кейін қосылған төрт тайпа – қарлұқ (Ге Лолу), Яғма (Ян миян), Баға тархан (Мохэ даган), Допшы (Ду мо жы) болатын. Мұндағы төрт тайпаның алдыңғы екеуі тайпаның атымен жазылса, соңғы екеуі сол тайпаны билеуші адамның лауазым атымен жазылып тұр деп қараймыз.
12. Төрт қала – таң патшалығы Шығыс Түркістан мен Жетісу Орта Азияны отарлау мақсатымен құрған әскери бекіністі қалалардың ортақ аты. Ол қалалар бұл өңірдегі әскери, саяси жағдайлардың өзгеруіне қарай әр кезде әр түрлі аталып келді. Түркеш қағаны құрылар алдында төрт қалаға Күшар, Қашқар, хотан, Қарашар кірсе, 692 жылы қайта құрылған «Әнши төрт қала Тұтық мекемесіндегі» Қара шәрдің орнына Сұып қаласы енгізілгені жазылған, «Төрт қапталды, он екі қақпалы Суяп дегеніміз осы». VIII ғасырдың ортасынан (751 жылдан) былай қарай Әншиге қарасты «төрт қала тұтық мекемесін» күшін жойды. Таң әскері шегініп кетті.
13. Билік Ғибратнамасы. 209-том.
14. Бұл жазуларды әр елдің туркологтары мен тарихшылары азды-көпті өзгерістермен әрқалай аударып келгені белгілі. Мен солардың Жолдасбеков М., Айдаров Ғ., Мұсабаев Ғ. Аудармаларын қытай ғалымы Шуе Зұңжаңның аудармасымен салыстыра келе профессор Шуе мырзаның аудармасына тоқтадым.
15. Билік ғибратнамасы. 211-том.
16. Гумилев Л. Көне түріктер. 294-б.
17. Күлтегін. Үлкен жазуы. 18-қатар М.Жалдасбеков аудармасы.
18. Билік ғибратнамасы. 211-том.
19. Билік ғибратнамасы. 211-том. Мұндағы біріншісі әскери шеннің мазмұны – сол қанат жасауылдардың бас сардары, ал екіншісі-Алтын (Алтай) бағытының Басқақ бегі болып шығады.
20. Билік ғибратнамасы. 212-том.
21. Білге қаған мәңгі тасы. Қытай тіліндегі тастың теріскей беті. 9-10 қатарынан алынды.
22. «Тәлім» - Таң патшалығы белгіленген тәртіп бойынша ханшалық мәртебемен ұзатылған Орда ханымдары патшалық аумағындағы әрқандай лауазым иелеріне хат жазар болса, оны «Тәлімхат» деп атап, нұсқау, бұйыру мазмұнында жазуға хақылы болушы еді. Сұлұқтың «алтын ханшысы» Асана тұқымы болғандықтан өркөкірек Таң мәнсаптысының кемсітуіне ұшырап отыр. Оның аяғы еларалық, ірі қанды соғысқа ұласқанына куә болдық.
23. Бұл үзінділер Түркияның « »журналынан (№118. 1999) алынды.
24. Гау Шан жы (703-755) Таң патшалығы генералы, тегі корейлік. Талас қаласы маңындағы Атлах бекінісі түбінде араб, қарлұқ, түркеш біріккен шабуылы барысында тас-талқан болып жеңілген.
25. Аз ғана әскермен қоршаудан қашып шығып, еліне аман жетеді.
26. Мыңжани Н. Қазақтың қысқаша тарихы. 159-бет
27. Гумилев Н. Көне түріктер. – 355-356-б.б.
28. Шин Жияң шуе Шуе бау (Шыңжаң университеті ғылыми журналы), №3, 1987.
29. Еверхард В. Қытайдың солтүстігіндегі көршілері (түрік тілінде). Анкара, 1996. 6-б.
30. Гумилев Н. Хұндар. Алматы, 70-71-б.б.
31. Лин Ган. Ту жуешы, 1988. 120-б.
32. Гумилев Н. Көне түріктер. 355-б.
33. Лин Ган. Ту жуе шы. 21-б.
34. Гумилев Н. Көне түріктер. 358-б.
35. Көне Таңнама. Түркештер баяны. 7-бап. 194-том
36. Гумилев Л. Көне түріктер. 292-бет.
37. Жоу нама, Түрік баяны, «Суйнама», «Бейнама», «Тұңдян» (Билік ғибратнамасы). Көне таңнама. Жаңа таңнама, «Се фу йуангуй» қатарлы тарихи жазба деректерінде түрік халықтарының ертедегі мансап, лауазым аттарының этнимологиясы мен қолданысы жөнінде мол мағлұмат бар.
38. Билік ғибратнамасы. 197-томының «Түріктер» тарауы, жоғарғы бөлігінде солай жазылған.
39. Л.Н.Гумилев. көне түріктер. 335-356-бет.
40. Шуе Зұң жың. «Шинжияң Ли шы Сыдян». Үрімжі, 1993. 505-бет.
41. М.Қашқари. түрік сөздігі. ІІІ том. 301-бет.
42. Шуе Зұң жың. «Шинжияң Ли шы Сыдян». Үрімжі, 632-бет
43. Х.Короғлы. Огузский георический эпос. 133-бет.
44. Уаң Митң жы. Уаң Биңхуа. «Үйсін туралы зерттеу». Нәбижан Мұхаметхан аударған. Үрімжі. 1989. 99-бет.
45. Ханнама. Үйсін тарауы. Ханнама. Хұндар тарауы. Жинама. Винама. Сұңнамалардың Батыс өңір тараулары.
46. Әлкей Марғұлан. Ежелгі жыр-аңыздар. Алматы, 1985. 202-б.
47. Қаз. Сов. Энциклопедиясы. 1-том. Алматы. 1972. 551-б.
48. Махмұт Қашқари. Түрік сөздігі. 1-том. Алматы 1997. 128-б.
49. Материалы и исследования по археологии (СССР. Т. Под. ред. А.Н.Бернштам. М.Л. 1650).
50. «Тәңірі қаған – Тян қағанның Батыс қақпасы» дегендегі Тәңірі қаған – түріктің tangrida buimis gahan деген сөзінен алынған. Бірақ бұл арадағы Тәңірі қаған атауы Таң патшасы Тайғұңға қаратыла айтылып тұр. қытай тарихшылары Әмударияны аталмыш «Тәңірі қаған иелігінің Баыс қақапасы» деп әдейі жазып отыр.
51. Шуе Зұң жың. Ту Жуе шы. Бейжан. 1892. 693-б.
52. Гау Шиян жы. Тегі көрейлік. Таң империясының генералы. Төбет. Шаш. Түркеш қалаларын талқандаған басқыншы генерал. Туған жылы белгісіз. 756 жылы әйгілі Ән Лушан көтерілісі кезінде Таң армиясы ішіндегі бақталастары өлтірген.
53. Көне таңнама. 138-орам. Ли Сы ие баяны.
54. Ән Ши. Таң империясы түріктерді тізгіндеу үшін 640 жылы құрған шағын әскери әкімшілік мекеме орналасқан бекіністің аты. 709 жылы оны үлкейтіп Ән Ши Да духу фу (Ән Ши Бас тұтұқ мекемесі) деп атады. Аса көп мөлшерде әскер ұстаған. Генералы Гау Шиян жы да осында Бас тұтық блып тұрған. 751 жылғы Атлах-Талас шайқасындағы ұлы жеңістен кейін Ән Ши тұтық мекемесі біржола жойылды.
55. Большаков О.Г. К истории Таласской битвы 751 (страны и народы Востока. Под.ред. Д.А.Ольдероге) Вып. 22. Средняя и Центральная Азия, география и история. Кн. 2. Москва «Наука». 1980. 132-133-беттер.
56. Мандельштам А.М. ІІІ-VII ғ.ғ. аралығындағы Орта Азия. Москва. 1958. 358-бет.
57. «Зы жы Тұң Жиян» (Билік гибратнамасы) 216-орам. Тян-Баудың оныншы жылы. Ту Жуе Шы бойынша 695-бет.
58. Көне Таңнама. 109-орам. Ли Сы ие баяны (Ту Жуе шы бойынша 695-бет).
59. Шуе Зұңжаң. Ту Жуе шы. Бейжин. 1992. 695-б.
60. Бұл үзінділер Талас шайқасын арнайы зерттеген О.Г.Большаковтың «К истории Таласской битвы» деген еңбегінен алынды.
61. Малявкин А.Г. История Восточного Туркестана в VII-Х в.в. /Восточный Туркестан в древности и раннем средневековье. Москва. «Наука». 1988. 297-351-б.б.
62. Большаков О.Г. Жоғарыда аталған еңбек. 136-бет.
63. Шуан Заң. «Да Таң Ши йүй жи». 1-орам. Лин Ган. «Ту Жуешы». 12-б.
64. Бартольд В.В. Сочинение Т. 2. Москва. 244-бет.
65. Ибни Кәсір. Әл-Бидәя. 9-том, 172-бет
66. Сонда 167 бет
67. Ибн-әл-Әсір. Әл-Кәміл. 8-том, 532-бет
68. Ғалым Бартольд бұл туралы былай деп жазған: «Турки на востоке, как берберы западе, вообще выступали в роли защитников религии в тех странах, где представители религии вели борьбу с правительством, Махмуд Кашгарский приводит хадис, в котором, слов пророка, самому Аллаху приписаны слова: «У меня есть на востоке войско, котором называют турками; когда я разгневаюсь на какой-нибудь народ, я посылаю их на его». Қараңыз: Бартольд В.В., Тюрки-Двенадцать лекций . . . , 65-бет».
69. Әбу Дәуіт. Сұнен-и Әбу Дәуіт. Мысыр баспасы, 4-том, 112-бет, ьелгілі араб тарихшысы әл-Жәһиздың 1964ж. Қаһирада басылған «Ресаил-ұл Жәһиз» деген кітабының 1-томының 76-бетінде де осы хадис келтірілген.
69. Философтарымыз бұл жөнінде: «Тарихшы, антропологтардың көрсетуі бойынша халқымыздың ең арғы ата-бабалары – түп түркі, түп мұңғұл және түп тұңғыстардың этник бірлестіктері – неолит (жаңа тас) дәуірі кезінде қалыптасып болды» дейді. Қараңыз: Қасабеков Аманжол., Алтаев Жақып. Қазақ философиясының тарихына кіріспе. Алматы, Ер-Дәулет, 1994, 38-бет.
70.Құран Кәрім, маида сүресі (5), 54-аят.
71 еrгіп 5-6 бет
72 кіtарсі
73 ваrtgjld
74 uevis

Қорқыт Ата Кітабының араб хәріптерімен жазылған екі нұсқасы Ватика және Дрезденде сақтаулы. Қазақшаға алғаш аударған - Ә.Қоңыратбаев (1986).
75 «Оғыз-нама» жырының ойғыр және араб хәріптерімен жазылған екі нұсқасы сақталған. Қараңыз: Шербак А.М. Огуз-нама. Москва, 1959, 22-42 беттер.
76 Қазақстан Ұлттық Энциклопедиясы. 1 том, Алматы, 1998, 317-бет.
77 Көрнекі ғалым Рахманқұл Бердібай мұның себебін былайша түсіндіреді. «Әсіресе, сахалардың ғ. соңы мен ғ. басында жаппай шоқындырылуы, аты-жөндерінің орысша жазылуы, елдің дағдысына христиан салттарының ене бастауы оларды түрік, мұсылман әлемінен тіпті алыстатып жіберген. Оның үстіне сахалардың ғасырлар бойында мұңғұл, бұрят, эвен, венкі, чукчи, юкагир секілді халықтармен аралас-құралас өмір кешкендігі сөздік құрамының күшті өзгеруіне әсер еткен». Қараңыз: Бердібек Рахманқұл. Байқалдан Бақанға дейін. «Қазақстан» баспасы. Алматы, 1996. 3-бет.
78 Бартольд В.В. Тбрки – Двенадцать лекций . . . , 83-бет.
79 Dilorat 3- бет
80 Kaikan 110 -бет
81 Caniz
82 Cahiz 29-бет

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе---------------------------- ----------------------------------- --
--------------3-6

І.Тарау. Түркештің түркі әлеміндегі тарихи орны

а) Түркеш қағанатының құрылу тарихы----------------------------- --------
7-14
б) Түркештің этникалық территориялық бөліністері---------------------15-
25

ІІ.Тарау. Түркештің Қытаймен, Арабтармен қатынасы

а) Түркеш тарихындағы Атлах шайқасының рөлі------------------------26-
31
б) Түркеш қағанатында исламның таралуы -------------------------------
32-38

Қорытынды ----------------------------------- ---------------------------
--------39-41

Пайдаланған әдебиеттер мен сілтемелер және деректер тізімі------
42-46

Кіріспе
Түркеш қағанатының тарихы әлі де жүйелі түрде зерттеле қойған жоқ.
Кезінде академик Әлкей Марғұлан мен Мұсатай Ақынжанов бастаған атақты
ғалымдардың көз майын тауысып, зерделеуге үңіле түскен қадамдары өз
жалғасын таба қоймады. Өткен ғасырдың 80-жылдарыңда Қытайдағы Нығмет
Мыңжан, Жақып Мырзахан бастаған қазақ тарихшылары түркештер туралы көлемді
зерттеулер жүргізіп, қазақ халқын құраған ру-ұлыстарға ұйытқы болған
алғашқы, дербес этностық одақ ретінде қарастыра бастады. Орыс
тарихшыларынан алғашқылардың бірі болып Л.Н.Гумилев түркештер туралы жан-
жақтылы мағлұмат жинақтап, талай жаңалықтардың бетін ашты. Ал, қытай
тарихшылары Лин Ган мен Шуе Зұң Жың қатарлылар соңғы жиырма жылда
көктүріктер мен түркештер жөнінде өте қызғылықты тың деректер берді.
Жоғарыда аты аталған шетелдік және отандық авторлардың зерттеу
еңбектері негізінен Қытайдың "Таңнама" (Көне және жаңа таңнама)."Таң Хуей
Яу". "Сы Фу Иуан Гуй", "Зы Жы Тұң жияы", "Тұң дян" сияқты жылнамалары мен
орда хаттамаларынан алынған үзінділерге сүйене жазылғаны белгілі. Осынау
аса бағалы тарихи жазбаларда бәрі бірдей еш қатесіз және түпкі ақиқат емес
болатын. Ұлы хандық шовинизммен бұрмаланған, қара дүрсін әскери рапорттар
тілімен жазылғандары да жиі кездеседі. Ал, орыс зерттеушілері болса, оның
парқына бармай-ақ сөзбе-сөз аударып, еуроцентристік астамшылықпен талдауға
бой алдырған тұстары да жоқ емес еді.
Түрік тарихын, сол қатарлы түркештер тарихын да дұрыс зерттеу үшін
Орхон-Енисей сына тас жазуларымен салыстыра қарастырудың мөні зор. Онда да
бірер аудармамен шектелмей, өр тілдердегі аудармаларын салыстыра қараудың
маңыздылығын баса айтқымыз келеді. Біз Көшесайдамдағы тас жазулардың тұп-
нұсқа мәтінін қазақша (Ғ.Айдаров, М.Жолдасбеков), орысша (В.В.Радлов,
С.Е.Малов, С.Кляшторный), түрікше (Талат Текин), қытайша (Гең Шемин)
аударма нұсқаларымен салыстыра қарағанымызда көптеген ұқсамаған, тіпті
бұрмаланған жағдайларға кез болдық.
Кейінгі ізденістерге сүйене отырып, Түркеш қағаны үлкен ордасын Суяб
қаласына алғаш көшіріп апарған 692 жылы ресми құрылған деген түйінге
тоқтадым. Ал, тарихшы М.Ақынжанов "Түркеш ұлыстарының одағы Батыс Түрік
қағанатынан 689 жылы бөлініп шықты. Жетісу бойына келіп орналасты.
Жергілікті жердің халқымен (үйсінмен) қосылып, 704 жылы өз алдына жеке —
Батыс Түрік қағанатынан тәуелсіз аймақ (мемлекет) жасады", — деп жазыпты.
Тарихтан белгілі болғанындай, 630 жылдан былай қарай батыс түрік жерін
қытайшыл (тәбғаш хандар) қуыршақ қағандар биледі. "Күлтегін" (үлкен жазуда)
ашына жазғанындай, "Түркі бектер түркі атын жоғалтып, тәбғаш бектердің
төбғаш атын тұтынып, тәбғаш қағанына бағынды. Елу жыл ісін, күшін берді".
Ақырында 679 жылы Құтлұқ бастаған Таң империясына қарсы ұлт-азаттық
көтеріліс нәтижесінде 682 жылы Шығыс Түрік қағанаты қайта қалпына келді.
Ал, Батыс Түрік елін қытайшыл қуыршақ қағандар билігінен құтқару күресін
Баға тархан Өжелі бастаған түркештер жүргізе бастады. 690-691 жылдары
қуыршақ қаған Асана Құсырау Бөрі ордасы болған Суябты 691 жылы шығыс
түріктер әскері басып алған еді. Іле алқабындағы Қойлық (Гуң Ие) қаласын
орталық еткен түркештердің Өжелісі Құсырау Бөріні одан әрі тықсыра түсті.
Екі жақты қудалауға ұшыраған Құсырау Бөрі бас сауғалап Таң ордасына қарай
қашуға мәжбүр болды. Міне, осыдан бастап, Батыс Түрік қағанатына қарасты ел
мен жер Баға тархан Өжелінің басқаруына өте бастады. 692 жылдың басында
Өжелі мен Шығыс Түрік әскерінің қолбасшысы Ашиде Июань Жен Туяб қаласы үшін
соғысқа кіріседі. Осы кезде Өжеліге Таң генералы Уаң Шяу Жие көмекке
келеді. Ашиде Июань Жен осы соғыста жараланып шегінеді де Өтукенге барып
қайтыс болады.
Батыс-Түрік қағандығы болсын, Түркеш қағандығы болсын оған қарасты
халық "он оқ бұдұн" немесе "он жебе халқы" деп аталғанымен, қағандық
құрамында одан басқа да үлкен-кіші рулар аз емес еді. Тарихшы Лин Ган "Ту
жуе шы" атты еңбегінде жоғарыдағы он тайпаға тағы да 11 тайпа атын қоса
тіркегені белгілі:
Түркеш-Суо Го-мұхы ұлысы. Іле өзенінің орта ағысында; Қарлық-мұрын
(Муло) ұлысы. Зайсанның шығысы мен Ертістің түстігінде; Қарлық-Чи еркін
ұлысы. Мұрындардың шығыс оңтүстігінде; Қарлық-тасты ұлысы. Мұрындардың
батыс оңтүстігінде; Яғма ұлысы; Мұкы Тархан (Мохэ Даган) ұлысы; Ду можы
(тушы) ұлысы; Чу ми ұлысы; Чу йо ұлысы Үрімжінің батыс оңтүстігінде; Шато
ұлысы Баркөлдің шығысында және Касо ұлысы Каспий теңізі маңында.
699—704 жылдары түркештердің қолбасшысы Үш-Елік (Уч-Элиг) Батыс
қағандықта орын тепкен басқа түркі тайпаларын Қытайға ығыстырып, Хосрау
Бөрі шадты жеңіп, Шаш (Ташкент) пен Турфан және Бешбалыққа дейін өз билігін
орнатты.
Түркеш атауының төркінінің араб тарихшысы Әл-Идириси "Нағыз түрік, шын
түрік" деген мағынамен түсіндіреді.
Қытай және қазақ тарихшылары түркешті "сары үйсін" деп жазып жүр.
Сондай-ақ Түркеш қағанатын бүгінгі Қазақстан аумағында қазақ ру-ұлыстары
құрған тұңғыш дербес қазақ мемлекеті ретінде қарастыру керек деген ұсыныс
айтады. Белгілі тарихшы Нығмет Мыңжан одан әрі нақтылап: "Түркештер Батыс
Түрік қағанатындағы Бес арыс ел Дулаттың белді тайпасы. Дулаттар ежелгі
үйсін күнбиі Елжаудың ортаншы ұлы Дулының (Долоның) үлесіне тиген он мың
үйден өрбіген, Дулы - Дұғлы ұлысы дегеннен Дулат — Дұғлат
атанған. Демек, Дулаттар ежелгі үйсін Дулы ұлысының ұрпағы... Дулат
ұлысы заманындағы бұрынғы ғасырлардағы үйсін заманынан-ақ Іле өзені өңірін
мекендеген" — деп жазады.
Ал, кешегі кеңестік дәуір тарихшылары Л.Гумилевтен бастап: "Түркеш
халқы екі тайпадан — мұқылар мен абарлардан пайда болған. VII ғасырдың
өзінде-ақ түркеш тұқымы сарыларға (мұқылар ұрпағы) және қараларға (абарлар
ұрпағы) бөлінді" — деп қысқа қайырып келді.
Су Бейхай бастаған қытай тарихшылары түрік-қазақ арасына қорған соға
"...зерттеушілер Түркеш қағандығын Батыс Түрік қағандығы аясында қарастырып
жүр. Бұл тарихқа сай келмейді. Өйткені, түркештер қазақ ұлтына тән
тайпаларға жатады. Солар құрған қағандық... түріктер құрғақ қағандық емес",
— деп бұра тартады.
Соңғы кезде жоғарыдағы көзқарастарды бүтіндей терістейтін қырғыз
тарихшысы Нусуповтың ой-пікірі көрініс бере бастады. Яғни, тұтас төркіні
бір қырғыздан өрбітуге орынды-орынсыз килігу ындыны асқынып келе жатқандай.
Бұған дейінгі ұйғыршылдық пен өзбекшілдік желігі дем беріп, қанын қоздырып
жіберген сияқты.
Егер тарихты ғылым деп мойындар болсақ, ғылыммен айналысатын адамдар
тар жершілдік пен ұлттық оқшауланудан биік тұрғаны жөн болар.
708 жылғы Күшеге (қала аты) қарсы даярланған жорықты бір кезде Үш-Елік
іске асыруды ойлаған еді. Оның мақсаты — Тань империясын Жетісуға шабуыл
жасаудан мүлде үміт үздіріп, қытайлық басшыларын бағындырып алу еді. Ашық
даладағы ұрыс барысында қытайлар бас көтере алмастай талқандалып, Аньси
басшысы (Күше басшысы) Ню Шицзян қаза тапты. Онымен бірге көптеген әскери
қолбасшылары опат болды. Күше гарнизонының қалдықтары өз қорғаныстарында
жан тасалады, Сөйтіп түркештердің оңтүстік жағында біраз уақыт тыныштық
орнады. Бірақ көп ұзамай Согәнің кіші інісі Чжэн ағасына қарсы жорыққа
шығып, шығысындағы көршісі Қапаған қағаннан күш-көмек беруді өтінді. Ал
Сого қытайларды жақтап, інісіне қарсы соғысу үшін олардан көмек сұрады.
Қытай деректері бойынша Шығыс Түркі қағаны Мочжо (Қапаған) Согә мен Чжэнді
қатарынан тұтқынға алды да, екеуін де өлтіруге бұйрық берді. Әрі оларға
айтқаны "Сендер бірге туған ағайындысыңдар, екеуің келісіп іс-қимыл жасай
алмадыңдар, сендердің маған шын берілгендіктеріңе сене аламын ба?!"—деп,
өлтірді деп жазып келдік.
Және Согәнің орнына Түркештің шеп тайпасының көсемі Сұлуды жалпы түркеш
елінің қағаны деп жариялады. Түркеш қағаны Сұлу мемлекет басына келісімен
аса күрделі геосаясат жүргізуге мәжбүр болды. Жас қағандық шығыс-
солтүстікте күн сайын күшейіп келе жатқан Шығыс Түрік қағанатымен, шығыста
Таң империясымен, оңтүстікте Таң империясының өзіне қауіп төндіріп тұрған
қуатты тибеттіктермен, батыс-оңтүстікте Мәуреннахрға ішкерілей кіріп келе
жатқан араб халифатымен, сондай-ақ осынау мазасыз көршілері арасында біресе
оған, біресе бұған бағыныштылығын білдіріп, жалтақтап отыратын, сенімсіз
соғдылармен де байланыста болуға, икемді дипломатия жүргізуге тура келді.
Түркештер өз елінің тәуелсіздігі мен бостандығын сақтап қалу жолында Таң
империясымен уақытша одақтасып, басқа көршілеріне қыр көрсету бағытын
ұстанамын деп 711 жылға келгенде Шығыс Түрік қағанатының тегеурінді
соққысына ұшырап, қағанынан да, елдігінен де айрылды да, 715 жылға дейін
бұлғақ кезеңді басынан өткізуге мәжбүр болды.
Күні бүгінге дейін тарихи жазбалар мен зерттеу еңбектерінде ешбір
анықтама, түсініктемесіз сілтеме жасалып келген оқиғаның бірі Түркеш қағаны
Сақал (Согә) мен оның інісі Женудің (Чжом) өліміне қатысты жаңсақтық еді.
"Көне Таңнаманың" 194-ші орамында "Сақалдың інісі Жену өз үлесіне тиген
елдің аз болғанына ызаланып, Бөгі (Білге) қағанға қашып барады да, оның
әскерін бастап келіп, ағасынан өш алмақ болады. Бірақ, Бөгі (Білге) қаған
оны ордасында қалдырып, өзі 20 мың қолмен Сақалға шабуыл жасайды. Оны
тұтқындап әкетеді. Білге Бөгі қаған Женуге былай дейді: Сен ағаңмен
рақайласып шығыспағанда, маған қалай адал бола алмақсың? Сөйтіп екеуінің де
басын кестіреді", деп жазылған. "Жаңа Таңнаманың" 215-ші орамында бұл
жолдар онша өзгеріссіз қайталанады. Сөйтіп одан кейінгі тарихнамалар мен
тарихшылардың зерттеулерінде бірінші Түркеш қағанатының жойылуы және
ағайынды Сақал мен Женудің тақ пен бақ үшін ешнәрседен де тайынбайтын
оңбағандықтарын әшкерелеу үшін де бұл материал онды-солды қолданыла берді.
Қазақ тарихшылары да осы сүрлеуге түсіп кетті.
Ал тарихи шындық қандай болған еді? "Күлтегін" (үлкен жазуда) "Түркеш
қағаны түркіміз, өз халқымнан еді. Білместігі үшін, бізге жауыздығы үшін
қағаны өлді, әміршілері, бектері және өлді, он оқ халқы азап көрді", — деп
жазылған. Ал, "Тоныкөк" ескерткішінде жарыс даласында түркештер Тоныкөк
әскеріне қарсы "...Өртше жанып келді, соғыстық. Бізден екі-үш есе артық
еді. Тәңірі жарылқағандықтан, көп деп біз қорықпадық. Соғыстық... Жеңдік.
Қағанын тұтқындадық. Жабғысын, Шадын сонда өлтірдік ,-деп анық жазылған.

І.Тарау. Түркештің түркі әлеміндегі тарихи орны

а) Түркеш қағанатының құрылу тарихы

VIII ғасырдың басында әйгілі Батыс Түрік қағанаты біржола құлайды.
Батыс Түрік қағанатына қарасты ұлан-байтақ жер, оны мекендеген он оқ
халқы жаңа қағандық - Түркеш қағанаты иелігіне өтеді.
Түркеш қағанаты — негізінен, Жетісу мен Еренқабырғаны мекендеген ежелгі
үйсін, дулат тайпалары мен басқа да түркі тайпаларының басын біріктірген
бес дулаттың белді тайпасы — түркештер құрған ежелгі феодалдық мемлекет.
Түркеш қағандығы қай жылы құрылды, оның этникалық құрамы мен этно
территориясы қандай болған еді деген сұраққа тарихшылар әр түрлі Пікірлер
мен болжамдар айтып келеді.
Түркештер жөніндегі ең алғашқы жазба мәліметті әйгілі қытай тарихшысы
Сы Магуаң құрастырған Билік ғибратнамасы1 кітабынан кездестіреміз. Онда
Ту Шишы (Turgesh) деген батыс түріктің бес дулат тайпасының бірі, Іле
өзеннің орта және төменгі ағысында оңтүстіктен солтүстікке қарай жайыла
қоныстанған2 деп жазылған. Ал Күлтегін (үлкен жазуда) тас әскерткішінде:
Түргіс қаған түркіміз, будунум ерті3 деп айқын жазылған. Мұндағы Turgesh-
Turgis этнонимінің мағынасын араб тарихшысы әл-Идириси Түркеш –нағыз
түрік, шын түрік деген мағынаны білдіреді десе, тағы бірі араб тарихшысы
Ибн Атхам Әл-Куфи түркешті түрінде дауысты дыбыстарсыз жазып,
мағынасына талдау жасамаған. Қазақ шежіресін негіз еткен қазақ
зерттеушілері түркешті Сары үйсің деп жазып жүр. Қазақ совет
энциклопедиясының Н томында ...қытай, араб, парсы жылнамаларына қарағанда
6 ғасырда Абар, Муари тайпаларының біріккен одағы болған түркештер 7
ғасырда Батыс түрік қағандығының құрамына енді деп жазады. Бұл туралы
Пікірімізді алдағы уақытта кеңінен баян етеміз.
Түркеш қағандығы қай жылы құрылды дегенге де әлденеше болжам бар.
Аталмыш І томда ешбір дәлел, негізсіз-ақ ... Түркеш қағандығы. — Жemicy
аймағындағы ежелгі феодалдық мемлекет (704 - 766) деп қысқа қайырған.
Біз қытайдың Билік ғибратнамасында көрсетілген дереккөзіне сүйене
отырып, басқа да тарихи оқиғалар хронологиясын сараптай келе, Түркеш
қағанаты 699 жылы құрылған деп қараймыз. Қытай дерегінде былай деп
жазылған: ,.. 699 жылы күзде (Таң патшалығы У Зытян әйел патшасы, Шен Ли 2
жылы.) түркештердің Үгілінің баласы Жыну4 Ордаға келіп. патшайыммен
дидарласты. (Патша) Орда шабарманы Иуан Чең мен Жие Иуанді Үгіл мен он оқ
елінің көңілін аулап қайтуға жібереді5. Қытайлық тарихнама. түркештер
құрған қағандықтың ресми Орда хаттамаларында айтылған сол 699 жылды есепке
алған сияқты. Шын мәнінде Түркеш қағанаты одан кемінде екі-үш жыл бұрын,
яғни 696, 697 жылдары біршама тәуелсіз ел болып, өз билігін жүргізе
бастаған. өйткені ол тұста Шығыс Түрік қағанаты Күлтегін - 1 жырда
...ілгері – Шаңтүң жазыққа дейін жауладым, теңізге сәл жетпедім, түстікте
– тоғыз Ерсенге дейін жауладым, Тибетке сәл жетпедім6 деп жазылғанындай,
үлкен жорықтармен болып жатқан көзге тура келеді. Таң империясы түрік
қатерінен қауіптенгендіктен түркештерді тым болмаса бейтарап күйде қалдыра
тұруға мәжбүр болады. Таң Ордасы елшісін жіберген 699 жылдың күзінде Үгіл
өзіне - өзі әбден сеніп, тек сырт көз үшін билігін заңдатыруды ғана
көздеген сияқты.
Тарихи дерек көздеріне жүгінер болсақ, :түркештер VI ғасырдан бастап
Батыс Түрік қағанаты құрамында Іле өзені мен шу өзені аралығында, Іле
Алатауынан Балқаш көлінің оңтүстігіне дейінгі аса құнарлы, байтақ өлкеде
өмір сүрген. Олар мал шаруашылығын негіз ете отырып егіншілікпен де,
қалалық өмірге бейімделіп, сауда-саттықпен де, қолөнерімен де молынан
айналысқан. Ең бастысы – Шығыс пен Батысты жалғап жатқан сауда, керуен
жолының басым бөлігі түркештер бақылауындағы қалаларды басып өткен. Осындай
қолайлы жағдайлар түркештердің тез арада еңсе тіктеп, қуатты мемлекет
ретінде бой көрсетуіне аса күрделі саяси, экономикалық және әскери мүдделер
тоқайласар алаңға айналуына себепші болады.
Түркештер тарих сахнасына шығар қарсаңда қазіргі Қазақстан аумағындағы
саяси, әскери жағдай өте шиеленісі болып еді. 651 жылы іргесі шайқалған
Батыс Түрік қағанатын қалпына келтіру үшін Таң империясының обзырлығына
қарсы көтерілген Шбара Хилаш қаған алты жылдан кейін, яғни 657 жылы
жеңіліп, қолға түседі. 659 жылы отаршыл империя астанасында құсалықтан
өледі.
Батыс түрік тайпалары бас иесіз қалады. Ел батыраңқылыққа ұшырайды. Осы
орайды пайдаланған Таң империясы 658 жылы бұл тайпаларды басқаратын екі
үлкен әскери аймақ құрған болатын. Оның біріншісі Іле өзенінің орта және
төменгі сағасына орналасқан Суого Мохә (Сақал Баға) тайпасын тізгіндсу
тапсырылған Вен Лу Уәли мекемесі, екіншісі – осы уәлиліктің батыс жағындағы
Алаш (Алишә) тайпасын тізгіндсу міндеттелген Жие сан Уәли мекемесі.
Түрік-қытай қатынастарын жақсы білетін академик Ә.Марғұлан сол дәуір
шындығын талдай келе Бұл көзде Шығыс ТүркісТаң мен Жетісу өлкесінде екі
түрлі саяси бағыт болды, бірі Таң мемлекетін жақтайтын Табғаш хандар
сойы, екіншісі жергілікті халықтың мүддесін жақтайтын патриоттық күштер7
деп жазған еді. Соның жарқын бір мысалы 685 жылы Таң империясының жесір
патшайымы У Зытян шығарған жарлықтан көрінеді. Ол жарлықта Табғаш хандар
сойынан шыққан Асана Низухтың (Ашина Мишы) баласы, аты да қытайшы Ашина
Юаншиді бес Дулат тайпасына қаған әрі Кун Лун Тұтық мекемесіне бастық етіп
тағайындайды. Бес Нүшбені оқшаулап, оған да Табғаш хандары сойынан Асана
Баянның (Ашина Буженнің) баласы Асана Хусараны (Ашина Хусело) қаған әрі Мың
Ше аймағы уәлиі етіп белгілеп, қалың қолмен батысқа жәнелтеді. Табғаш
хандар жартыкеш билік үшін жанын сала кірісіп, өз халқына құтырған
қасқырша шабады.
Л.Н.Гумилев әділ айтқандай VIII ғасырдың орта шенінен былай қарай
әулетті (Таң әулеті - Ә.Д.) қолдап тұрған Ашин тұқымына деген дәстүрлі сый-
құрмет сейіліп, соңғы хандар өздерін қытайлықтардың сенімді малайы және өз
халқының жаулары ретінде танытқандықтан, оларды бүтіндей сыйламайтын
болды8.
Жағдай-күрт өзгерді. Кезінде Асана Хусараның қол астында баға Тархан
болып жүрген Үгіл (Өгелі) он оқ халқының осындай көңіл-күйін дәл басқан
ақылды, көсем ретінде мойындалып, көптің қолдауына ие болады. Асана Хусара
өзіне берілген 60-70 мың адамдық халқын бастап Таң империясын паналайды.
Оған қараған ел мен жер Үгіл басқарған түркештерге өтеді.

Үгіл ұлан-байтақ қағанат аумағын басқарудың жаңа жүйесін жасауға
кіріседі. Бүкіл елді ру-ұлыстың қоныстану жағдайына қарай 20 әкімшілік
аймаққа бөледі. Әр аймақты басқаратын 20 бақылаушы өкіл әкім белгілейді де,
олардың қолына 7000-нан әскер беріп, 140 мыңдық сайлауыт армия жасақтайды.
Бүкіл елді түріктердің ел билсу дәстүрі бойынша он және сол қанат болып екі
үлкен ұлысқа бөледі. Өзіне-өзі әбден сенген Үгіл қалың қолды бастап Батыс
Түрікқағанатының бұрынғы астанасы Суяпқа шабуылдап, басып алады да, Шу
өзенінің батысындағы уақытша ордасын көшіріп, осында әкеледі. Суяп – ұлы
астана, ал Іле өзені бойындағы Қойлық (Күнгіт) қаласы кіші астана болып
белгіленеді.
Түркеш қағанаты күн сайын қанатын кең жайып, бүкіл Батыс Түрік
қағандығының елі мен жеріне иелік етеді. Қытай деректеріне қарағанда, 704
жылдары Түркеш қағандығының аумағы мынадай болған: Шығыс Солтүстікте
(шығыс) Түрік қағандығымен, Батыс Оңтүстікте соғдылармен ал Шығыс
Оңтүстікте Шитин аймағымен шекараласқан9. Ал осы ұлан-байтақ таулы, далалы
шекара аса шиеленісті жанжалдарға толы еді. Қайта қалпына келген Шығыс
Түрік қағанаты айнала көршілеріне қарсы үздіксіз жорықтар жасап жатқан,
оңтүстіктен Тобандар (Тибет) да бой көрсетіп Тәңіртаудың түстігіндегі
иеліктеріне басып кіріуін жиелете түскен. Осындай қауіпті жағдайдан шығар
жолды іздеген Таң империясы ежелгі зұлым тәсілге басып, түркештерді барынша
қолдағансып, Үгілге алдымен (699ж.) уәлилік, соңынан (705ж.) игі хан
(хуайди жүн уаң) атаған беріп, шырғалайды. Өз қағанатын нығайту жолында
арпалысқан Үгілге де керегі осындай сыртқы қолдау еді.
706ж. қыста Үгіл кенеттен ауырып, қайтыс болады да, оның орнын үлкен
ұлы Сақал10 (Саға-Суого) басады. Сақалға Таң ордасы бірден уәлилік, игі
хан (хуайди жүн уаң) және сол қанат әскерлерінің қолбасшысы деген атақ-
дәрежелерді үйіп төгеді. Бұл кезде Сақалдың қарамағында 200 мыңдай сайлауыт
әскері бар болатын.
Сақал уәилікке тағайындалған Вен Лу аймағы Іле аңғары болатын.
Стратегиялық орны аса маңызды аймақ. Қытай деректеріне қарағанда, 708 жылы
түркештердің басшысы Сақал (Саға) өзін қаған деп жариялайды. ...Таң
патшалығы Сақалды он төрт тайпа қағаны деп мойындайды11 деп жазылған.
әйтсе де түркештер өз мүмкіндіктеріне және өзгермелі шекаралық оқиғалардың
беталысына қарай Таң патшалығынан тәуелсіз, дербес жолмен жүріп отырады.
Таң патшалығына тегеурінді соққылар беріп жатқан Шығыс Түрік қағандығымен
құдандалық байланыс орнатып, тату-тәтті тұруға талпынады. Тобан (Тибет)
патшалығымен де бейбіт қатар өмір сүреді. Сондықтан да Сақал басқарған
Түркеш қағанаты барлық көршілермен тең, пайдалы мәмілегерлік қатынас
орната алды.
Таң патшалығының бас уәзірі Зұң Чуке қытайшыл Ашина Кул Чор Жүнжені
қолдап, Сақалға қарсы арандату сосын бастамақшы болғанда Сақал бірден
әскери жорыққа аттанып, Таң патшалығының құзырындағы төрт қалаға12 шабуыл
жасайды.
Сақал – аса өжет, білгір қолбасы. Ол еліне төнген қатердің алдын алу
үшін батыл қадам жасап, Бес мың қолды Әншиге, бес мың қолды Ферғанаға, бес
мың қолды Қашқарға, бес мың қолды Қарашәрге шабуыл жасауға аттандырады13.
Түркеш қағанатының тәуелсіздігі мен мемлекеттік мәртебесін қорғауға
деген құлшынысын, күш-қуатын айғақтар мұндай деректер Таң патшалығы Орда
жазбаларында ішінара болса да кездесіп қалады. Қытайлық бастаухаттардың
бәріне дерлік ортаң кінәрат – түріктің ұлы қағандары мен үлкенді-кішілі
елбасыларын ылғи да қытайға бағынышты немесе бағынғысы келіп, жағынып
өткендей қылып жазатындығы. Мемлекеттер арасында болып тұратын табиғи, әрі
шартты қарым-қатынастардың мәмілегерлік мән-мыңызы дегендер көбінесе
есепке алынбай жатады.
Сақал билік құрған заманда Түркеш қағанаты мен Шығыс Түрік қағанаты
арасындағы байланыстар бір қалыпты болған жоқ. Олардың арасын ашып, бір-
біріне айдап салуда мемлекеттік саясат деңгейіне жеткізген Таң патшалығы
түркештердің тегсурінді күшін Шығыс Түрік қағанатына қарсы жұмсауға барын
салады. Ақыр соңында олар дегеніне жетеді. Нәтижеде түркештер арандап
қалады. Бұл жағдай бізге 716 жылы жазылған Тоныкөк тас жазуынан белгілі.
Онда: Түркеш қағанынан хабаршы келді, сөзі мынадай: Шығыстан қағанға
(Шығыс қағанына) әскер аттандырмақ болды ... Түркеш қағаны жиналды, он оқ
халқы қалмай жиналды. Табғаш (Таң патшасының) әскери бар деді. Одан әрі
нақтылап: Үш хабаршы келді, сөзі бір: қаған әскері аттанды, он оқ әскері
қалмай аттанды. Жарыс жазығында біргеміз деді14.
Мұндай нақты мәлімет қытай жылнамаларында кездеспейді. Әйтсе де Билік
ғибратнамасы атты жазбада Таң патшасы, Шуан Зұң Кай иуан 2 жылы (714 ж)
желтоқсанда түркеш қағаны Шоу Жұңның (қытайлардың Сақалға берген құрметті
атағы - адал, инавати дегені - Ә.Д.). інісі Жену үлесіне тиген елді
азырқанып, ағасына өкпелеп, түріктерге бет бұрып кетті. Солардан әскер
бастап келіп, Шоу Жұңды жазаламақ болады, Бөгу қаған өзі 20 мыңдық қол
бастап келіп Шоу Жұңға соққы береді де, оны тұтқындап алып қайтады. Бөгу
қаған Женуға: Сен туған ағаңмен рақайласа алмағанда, маған қалай адалдық
көрсете аласың деп басын кесіп алады15 деп жазады.
Жоғарыдағы екі деректің айтылуы әрқалай болғанымен аталмыш бір оқиғаны
баяндап тұрғаны анық. Түркеш қағандығының негізін қалаған Үгіл (Өгелі) таң
мұрагері Сақалға, Л.Н. Гумилевтің сөзімен айтқанда, Жақсы жабдықталған
Ордасын, 300 мың (?!) әскерін, қытаймен одақтастығын және арабтармен
соғысын қалдырып кеткен 708 жылмен салыстырғанда, Сақал 715 жылы өлгенде
артына шашырап, тозғындаған елін, мұрагерсіз тағын ғана тастап кетті16
Күлтегін. Үлкен жазуда атап көрсеткендей Түркеш ханы түркіміз, өз
халқымнан еді бола тұра білместігі үшін, бізге жауыздығы үшін қағаны өлді,
он оқ халқы азап көрді, солай бола тұра Атамыз, бабамыз ұстаған жер-су
иесіз болмасын деп... Елін қайта бердік17 дейді.
Қытай жылнамаларында ... Шоу Жұнның (Сақалдың лауазым аты- Ә.Д.) елін
Сұлұқ (Сулу деп те жазылған — Ә.Д.) жинап бастарын құрады да оларға өзі бас
болды. Сұлұқ қоластындағыларға ерекше қайырымды болды, елдің жағдайын
жасады. Он Арыс елдің ру-тайпалары біртіндеп оған бағынды. Сөйтіп оның
халқы 200 мыңға жетті. Байтақ далаға жайыла қоныстанды18 деп жазылған.
Мұның Тоныкөк пен Күлтегіннің Ата-бабамыздан қалған жер-су иесіз болмасын
деп, елін қайта бергендіктен болған қолайлы жағдайдан туындап жатқанын
Қытай жылнамалары елегісі келмейді. Сондықтан да жоғарыдағы мәтіннің аяғын
ала ... Сол жылы Сұлұқ Зуо йүй Лин Да Жияң жүн, Жин фаң дау жиң Луеда Шы
болып тағайындалды19 деген жолдарды қыстырады.
716 жылы Түркеш билсушісі Сұлұқ өзін қаған деп жариялауда ешкімге
жалтақтамаған еді. Өйткені қағандық атақты Сақалға бергеніндей Сұлұққа да
Шығыс Түрік қағаны берген болатын. Ол тұста дүниенің төрт бұрышына созса
қолы жетіп, бастыны идіріп, тізеліні бүктіріп тұрған Шығыс Түрік қағанаты
шарасыз емес еді. Ал Таң патшасы 718 жылы мамырда, түркештің өкіл әкімі
Сұлұқ Сол қанат жасауылдарының бас сардары, елдескен төре, Алтай
бағытындағы жолдың Басқақ бегі20 атағын үйіп-төгеді. Оның үстіне 722 жылы
қытайланған Табғаш хандары сойындағы Асана Хидаяттың (Ашина Хуайдау)
қызын Жияу Хе ханшасы дәрежесімен Слұлұқ қағанға ұзатаңы. Дәл осыдан
бұрынырақ Тобандар (Тибет) патшалығы да бір ханшасын Сұлұққа әйелдікке
беріп, Қытайға қарсы одақ құруға әрекеттеніп жатқан болатын. Түріктің Білге
қағаны да (716-734) Мен өз қызымды сән-салтанатымен түркеш қағанына
ұзаттым. Мен (Әрі) сән-салтанатпен оның қызын өзімнің ұлыма үйлендірдім21
деп мәлімдеген болатын.
Сонымен түркештің Сұлұқ қағаны үш бірдей ұлы көршісіне күйсу-болып,
елінің мәртебесін асырады. Бұл құдалықтың бәрі де алысты көздеген саяси
құдалық екені анық. Түркештердің үш көршісі де Батыстан төніп келе жатқан
Араб халифатының жойқын тасқынын түркештің күші тасыған атты сарбаз-
сардарларының қолымен тостыру болатын.
Араб тарихшылары Мұзаххам – Сүзеген деп ат берген Сұлұқ қаған өзі
билік құрған көзеңде, негізінен, Батыстағы араб қолымен алпарысумен болады.
Араб әскерінің Әмудариядан бері өтуіне жол бермейді.
Сұлұқ қаған елдің тәуелсіздігі мен елдің мәртебесін қорғау жолында
ештеңеден тайынбаған. Таң патшалығының державалық өктемдігіне де жол
бермеуге тырысады.
Таң патшалығының Жияу Хе ханшасы (Едиқұт ханшасы) мәртебесімен Сұлұқ
қағанға ұзатылған әйелі, ханшалық мәртебесімен Ән Шидің өкіл әкімі Ду
Шиянге Тәлімхат22 жолдайды. Өзінің арнайы жіберген Орда ұлығын Ду Шиян
дүрелеп, саудаға жіберген мың жылқысының қарлы боранда үсіп өлгенін естіген
Сұлұқ қаған каһарланып, арабтармен айқасын доғарып, қалын қол аттандырып,
империяның Төрт қаласын талқандап, мал-мүлкін тонап алады.
Түркеш қағанатының көршілерімен жасаған мәмілегерлік саясаты осындай
аса нәзік, әрі аса қатал болған еді. Қатал заман, қатал саясат туғызары
анық.
Таң империясы мұндай жағдайларға төзбесі, қайткенде өзіне қолайлы
қуыршақ хандарды таққа отырғызуға барын салары белгілі. Көп ұзамай оның
орайы да келді.
737 жылғы түркештердің соғдылармен бірлесіп арабтарға қарсы жасаған
жорығы Әмудария бойында сәтсіздікке ұшырап, соғдылық шаруалар мен саудагер,
қолөнершілер жаппай Түркеш қағандығы жеріне босып, қым-қуыт аласапыран
басталады, шаруашылық күйзеледі.
Түркеш қағанаты арқылы өтетін керуен жолы кесіліп, осындай бұлғақ
заманның келуін аңди күтіп отырған Таң патшалығы кәнігі арандату саясатын
жүргізуге кіріседі. Ол саясат - біртіндеп бағындыру үшін астыртын айла-
шарғыға бару. Мәселен, қытайдың әйгілі уәзірі Шаң Шүн Шиң былай деген:
...Сырттай қарағанда олар тату-тәтті ағайындай болып көрінгенмен, іштей
бір-біріне кектеніп, жауласуын қоймайды. Осындай осал тусын дәл басып,
дұшпандығын создыра алсаң, көп кешікпей-ақ аяспас айқасқа шыға салуы түк
емес. Ең ұтымдысы — күштілерінің арасына іріткі салып, ала көздендіру,
әлсіздерінің басын біріктіріп, күштіге айдап салу болмақ23.
Таң империясы еккен зәһарлы ұрық 738 жылы өнім бере бастайды. Сұлұқ
қаған сал ауруына шалдығып, жатып қалады. Сұлұқтың қол астында, жүрген Баға
Тархан мен Домжы астыртын тіл табысып, орайлы бетті пайдаланады. Олар
түнделете қаған ордасына басып кіріп, Сұлұқты өлтіріп тастайды. Сол
аралықта Домжы Баға Тарханға білдірмей Сұлұқтың баласы, Тоқсан Күлчорды
Суяп қаласына алғызып, қаған тағына отырғызады.
Қытайдың Жаңа Таңнама және Көне Таңнама кітаптарының түрік
тарауында атап көрсетілгеніндей, Домжы мен Тоқсан Күлчор Талас қаласында
тұратын қара түркеш ханы Науа тегінмен (Ерой тегін) тізе қоса отырып,
қытайшыл Баға Тарханға, ол бастап әкелген Таң империясы әскерлеріне қарсы
аттанады. Бірақ, кескілескен шайқастар барысында көтерілісшілер жеңіліп
қалады. Империя армиясы Түркеш қағандығының астанасы Суяп пен Талас қаласын
қиратып, қара түркеш ханы Науа Тегінді өлгіреді де, Тоқсан қағанды
тұтқындап әкетеді.
Түркеш қағандығы тағынан үміткер Баға Тархан империяға қанша
жағынғанымен, Таң ордасы 742 жылы қытайшыл Асана Шин дегенді он оқ қағаны
етіп тағайындай салады. Таң империясының қалың қолымен түркеш тағына
отыруға келе жатқан Асана Шинді Баға Тархан Суяптың батысындағы Құлан
қаласында өлтіріп тастайды. Қытай әскері 744 жылы Баға Тарханға қарсы жорық
жасап, оны өлтіреді.
Осынау қанды қырғындардан әбден іргесі шайқалып, әлсіреген Түркеш
қағандығының тағына жігерсіз, қуыршақ қағандар тағайындала бастайды. 747-
753 жылдары Ел Етміш Құтлық Білгі қаған, 756-766 жылдары Ата Бойла қаған
билік жүргізеді.

VIII ғасырдың екінші жартысында Орта Азия мен Таң империясы тарихында
Түркеш қағандығының тағдырын белгілер аса маңызды бірнеше оқиға болады.
Түркештер ішкі қырқыстаң әлсіреп, бұрынғы айбынынан айырылған тұста Орта
Азияға сұғына бойлаған Араб халифаты әскерлері Талас бойына жақындап қалып
еді. Алтайдың батысы мен Жоңғарияның оңтүстік-батысына дейін дендеп кірген
Харлұқ тайпасы Таң империясымен одақтасып, түркеш жеріне қоныстана
бастаған. Таң империясының Тибет пен түркештерді бағындырушы генералы Гау
Шиян Жы 24 империяға тәуелді түрік тайпаларынан құралған қалың қолмен
ілгерілеп, араб әскерлері шебіне жақындап барады.
751 жылы Талас өзені бойындағы шағын ғана Атлах бекінісі маңында жойқьн
соғыс басталады. Бес күнге созылған қанды шайқаста, мұсылман әскерлері Таң
империясының жер қайысқан қалың қолының тас-талқанын шығарады. Соғыстың ең
шешуші шегінде қарлұқтар мен сары түркештер өзінің ата жауы болып келген
Таң империясы әскерлерінің ту сыртынан өлтіре соққы беріп, арабтардың
жарқын жеңісіне жол ашып береді. Жаңа Таңнама және Көне таңнамаларда
бұл туралы қысқа ғана мәлімет беріледі.
Қытай жылнамаларының тарих жазу, тарихи оқиғаларды қағазға түсіруінде
қалыптасқан бір сипат бар. Ол қытай, армиясының жеңісті жорықтары, түсірген
олжалары мен кескен бас немесе құлақтары тәптіштей жазылады да, соңынан
тыныштандырды деген бір сөзбен түйінделеді. Ал жеңілістері туралы
мүмкіндігінше жазбауға, жазса да бірер сөзбен ғана орағытып, елдебір
жабайылардың опасыздыры немесе ауа райындағы күрт өзгеріс немесе әлдебір
дарынсыз қолбасының сәтсіз басшылығы туралы қысқа қайырады.

Шын мәнінде Атлах түбінде он мыңдаған әскерін жоғалтқан Таң империясы
өзінің 800 жылдай Орта Азияға жасаған жаугершілік жорығының күллі
табыстарынан ғана ажырап қойған жоқ, ол қазіргі Қазақстан мен Орта Азия
халықтарын уысымда ұстаймын деген үмітінен де ажырап қалған еді. Қайта күш
жинап, қазақ жеріне келуге империяның мұршасы болмайды. 757 жылы бүкіл Таң
империясын дүр сілкіндіріп, империяның іргесін шайқалтып тастаған түрік
текті қытай генералдары Ән Лушан мен Шы Сымиң бастаған көтеріліс болады.
Таң империясы көтерілісті зорға басады, бірақ күш-қуаты сарқылып, өзі де
құлдырауға бет бұрады.
Осындай ішкі-сыртқы қолайлы жағдайды дер кезінде ұтымды пайдаланған
қарлұқ тайпалары күн өткен сайын күшейіп, түркештердің байырғы Отанына
үдере көшіп, пәлендей қарсылықсыз-ақ он оқ қағандығының жерін мекендеп
алады. Билік толығымен қарлұқтардың қолына өтеді. Әйтсе де тегі, тілі, өмір
сүру салты бір-біріне өте жақын түрік тайпалары түркеш пен қарлұқтар бір
шаңырақ астына кіргенде қағанаттың этникалық құрамында ерекше өзгеріс те,
жатырқау да болмағандығы тарихи жазбаларда атап өтілген.

VIII ғасырдың ортасында Тибет—Қытай қатынасының барынша шиеленісуі,
тіпті көп жағдайда тибеттіктердің империяның он мыңдаған армиясын талқандап
тастап отыруы, Мәуренақырда орныға а бастаған араб қолы үшін де үлкен қатер
туғызады. Араб қолбасыларының Атлах түбіндегі шешуші жеңістің желігімен
одан әрі ілгерілей берудің орнына Шашқа қарай шегініп кетуінің сырын,
онтүстіктен атойлап тұрған Тибеттің жеңімпаз армиясының соққысынан
қауіптенуден деп ұққанымыз жөн.
Таң империясы мен арабтың қалың әскерінен құтылып, еркіндікке ие болған
қарлұқтар мен түркештер ендігі мүдделерін бір арнаға тоғыстыруға тырысады.
Алайда барлық түркеш тайпалары қарлұқтармен қоян-қолтық араласып кетпеген.
Бернштам атап көрсеткеніндей, түркештердің Жоңғариямен, Бесбалық, Шығыс
теріскер Тәңіртауында қоныстанған бір бөлегі сол тұста күшейіп кеткен Ұйғыр
қағанатына қосылады.
Алтай тауынан Тәңір тауына, Баркөлден Хазар тәңізіне дейінгі ұлан
даладағы Батыс Түрік қағанатына қарасты ел мен жерге бір ғасырға жуық иелік
еткен түркештер тарих сахнасынан осылай кетеді. Ежелгі үйсін жерін тірек
еткен түрік тайпаларының бір бөлігі кейінгі қазақ ұлтын қалыптастырған,
Қазақ хандығына алтын бесік болған Жетісу, Сыр бойын мекендеген туыстас
қарлұқ қараханиттер, кимек-қыпшақ хандықтары құрамында өмір сүре береді.

б) Түркештің этникалық территориялық бөліністері

Түркеш қағандығы – Батыс Түрік қағанаты билік жүргізген аумақта шаңырақ
көтергендіктен, халықтың этникалық құрамына да ерекше өзгеріс ене қоймайды.
Қалыптасқан үрдіс бойынша, қағандық он оқ қағандығы, халқы он оқ немесе
он жебе халқы деп атала береді. Он оқ, он жебе атауының тарихы тым арыда
жатқаны белгілі. Тарихшылар оны ағайынды Бумын мен Естеми қағандардың ұлы
жорықтарына байланыстыра қарастырады. Қазақ тарихшысы Н.Мыңжани Таң
патшалығы тарихына сілтеме жасай отырып: ... Естемірдің қоластында он
шад басқарған 100 мың әскер болған. Ол Батыс өңірдегі елдерді бағындырған
соң өзін қаған деп жариялады. Оның қол астындағы тайпалар он оқ бодұн
(он оқ халқы) деп аталады24 - деп жазады.
Естемиден (576 ж. қайтыс болған) кейін таққа отырған аға-інілердің тақ
таласы салдарынан Ұлы Түрік қағанаты 582 жылы Батыс және Шығыс Түрік
қағанаттары болып екіге бөлініп кетеді. Екі түрік қағанатының шекарасы
Алтай тауы мен Ататүрік жоталары болып қалады.
Түркештер мұрагерлікке алған Батыс Түрік қағанатының негізгі халқы
жергілікті түрік тілдес, салттас үйсін, қаңлы, дулат, қарлық, теле, басмыл,
оғыз, шығыл, т.б. тайпалары және олармен араласып, сіңісіп кеткен басқа
тайпалардан құралған он оқ халқы еді.
Оларды Таң патшалығының көмегімен Ышбара Хилаш (Халяш) қаған (634-639)
Шу өзенін шекара еткен бес арыс дулат пен бес тайпалы нүшбе қылып, екі
қанатқа бөліп басқара бастайды.
Түркештердің этникалық құрамына тарихшылар әртүрлі талдаулар жасап жүр.
Мәселен, Н.Мыңжани Түркештер – Батыс Түрік қағанатындағы бес арыс ел
Дулаттың белді тайпасы. Дулаттар ежелгі Үйсін күнбиі Елжаудың ортаншы ұлы
Дулының (Далонның) үлесіне тиген он мың үйден өсіп өрбіген. Дулы (Дұғлы)
ұлысы дегеннен Дулат (Дұғлат) атанған. Демек, түркештер ежелгі үйсін Дулы
ұлысының ұрпағы. Олар шежіре деректерінде Сары үйсін деп те аталады...
Дулат Ұлысы заманымыздан бұрынғы ІІ ғасырдағы ежелгі үйсін заманынан бері
Іле өзені өңірін мекендеген25 - деп жазады.
Біз де осы тұжырымды жақтаймыз. Қазақтың шежірелік баяндарына зер
салған адам күллі ру-ұлыстардың атауы, негізінен, сол ру-ұлысты басқарған
әйгілі адамдардың есімімен бастау алғанына көз жеткізеді.
Белгілі тарихшы Л.Н.Гумилев бірден: ...Түркеш халқы екі тайпадан –
мұқырлар мен абарлардан пайда болды. VIIғ. өзінде-ақ түркеш тұқымдары
Сарыларға (мұқырлар ұрпағы) және қараларға (абарлар ұрпағы) бөлінді26 деп,
қысқа қайырды. Ал, мұқырлар деген кімдер дегенге Шабанненің сөзімен мүкрін
мұқры – мой-кі тұңғыстардың қытайлықтар мохэ деп атап кеткен тобына
жатады27 деп жауап береді. Бұл жөніндегі өз ой-топшылауларымызды сәл
кейінге қалдыра тұрып, түркештердің этногенезін толайым көк түріктерге
жалпы түрік этносына жатқызғысы келмейтін басқаша ұстанымдағы қытай
тарихшысы Су Бэйхайдың пікіріне назар аударып, көрелік. Су мырза былай
дейді: Бұл күндері еліміздің іші-сыртындағы Орта Азия даласы тарихы мен
түрік тарихын зерттеушілер түркеш қағандығын батыс түрік қағанаты аясында
қарастырып жүр. Бұл тарихқа сай келмейді, өйткені, түркештер қазақ ұлтына
тән тайпаларға жатады. Солар құрған қағандық, былайша айтқанда, қазақ ұлты
тарихта бірінші рет құрған қағандық. Алтайдан Каспийге дейінгі ұлан-байтақ
қазақ даласын бірлікке келтірген... Түріктер құрған қағандық емес28.
Тарихшы осы арада қазақтың ұлттық мемлекеттік құрылымының қалыптасу
барысына тоқталудың орнына Таңнама Батыс Түрік баянындағы Түркештер ...
Батыс түріктің басқа бір руы-тұқымы еді деген жолдарға негізделген. Демек
Таң дәуіріндегі адамдар түркеш пен батыс түріктер арасында айырмашылық
барын білген деген қорытындыға тоқтайды.
Таң дәуіріндегі адамдар білді делінген айырма нақтыланбайды.
Профессор Су мырзаның түсінігінше, ол айырманың ең белгілісі Таң
патшалығы тарапынан түркештерді билеуге жіберіп тұратын Асана (Ашин)
ханзадаларын қабылдамай қарсы тұратындығы, оның түп себебі басқа емес
өздерінің (түркештердің - Ә.Д.) түрік текті болмағандығынан еді29 дегенге
саяды.
Бұл пікірмен әсте келісуге болмайды. Бұл жерде түркештердің түрік текті
Асана ханзадаларын бөтенсіну, жатсыну себебі ханзадалардың қытайланып, өз
халқының жауларына Табғаш хандары сойына айналып кеткендігінен деп ұққан
жөн. Бұл мәселеге кейінірек толығырақ тоқталамыз.
Түркештердің түрікке, оның ішінде Батыс түрікке де бөтендігін дәлелдеу
үшін Су Бэйхай мырза көк түріктерден қалған мәңгі тас жазулардан да
мысалдар келтіреді.
Тоныкөкке арналған тас жазудың 19-жолындағы Табғаш қағаны жауымыз еді
деген жолды қалдырып, он оқ қағаны жауымыз еді деген жолдарға қоса
Күлтегінге арналған үлкен жазудың 18-қатарынан Түркеш қағаны түркіміз,
өз халқымнан еді жолдарын аттап өтіп, ...білместігі үшін, бізге жауыздығы
үшін қағаны өлді, он оқ халқы азап көрді дегенді мысалға келтіреді30. Біз
осы арада қытай мен түріктер тарихының білгірі, қытайлық бастау хаттарының
мән-жайын білетін Еверхардтың мына сөзін еске ала кетуді жөн көрдік. ...
Ең алдымен қытайлар неліктен және қандай мақсатпен бөгде халықтар жөніндегі
аңыз-әңгімелерді жинады екен деген сұрақты қоюға тиіспіз. Өз басым, алдын-
ала шығарылып қойылған өкімсіз тарих жазыла салады дегенге сене алмаймын.
Кез келген бастау хаттардың ар жағында әдейі, біле тұра немесе білместіктен
болса да белгілі мақсат үшін қызмет ету аңсары тұрады31. Мұндай жағдайда
зерттеушілер не істеу керек деген сұраққа Л.Н.Гумилев: Ақиқат шындықты
бұрмалау сыйпатын анықтау зерттеушінің ең бірінші міндеті болмақ - дей
келіп, оның себебін тариххат (летопись – ред.) аса маңызды іс болғандықтан
да, хрониканы жүргізуге саяси көзқарасы күмән келтірілмейтін кісілер ғана
алынады екен. Осының бәрінен, міне, қытай тариххатының өкімет тапсырмасын
орындап отырғаны көрінеді. Ендеше ол белгілі дәрежеде сыңаржақты болмай
қалуы мүмкін емес32 тігінен іздейді.
Тарихшылар мен түркологтар үшін ең сенімді, әрі ең бай жазба деректер
Орхон-Енесай мәңгі тас жазуы екені даусыз. Сол қасиетті тас жазуда Түркеш
пен Батыс Түрік қағанаты халқының Орхон түріктеріне туыстығы, жанашар
жақындығы былай жазылған еді.
1.Күлтегін (үлкен жазу) ІІ-қатарда: Мен барлық айтар сөзімді мәңгі
тасқа бастым. 12-қатарда: ... көңілдегі айтар сөзімді, он жебе ұрпағына,
таттарға арнадым. Мұны көріп, біліңдер ... .33.
2.... Түркеш қағаны түркіміз, өз халқым еді (18-қатар).
3.Білместігі үшін, қағаны өлді, әміршілері, бектері және өлді, он оқ
халқы азап көрді. Атамыз, бабамыз ұстаған жер, су иесіз болмасын деп
Аздарды (Az) халық етіп құрап 19-қатар. Оларға Барыс бек (bars bag)
болды. Қаған атағын оған біз бердік. Қарындасымды – қаған қызын бердік. Өзі
жаңылды, қағаны өлді 20-қатар.
4.Күлтегін қазасына аза тұтып, көңіл айта келген ондаған үлкенді-кішілі
елдерден бөле жара: он оқ ұлым – түргіс қағанынан Макрач таңбашы, оғұз
Білге таңбашы келді34 деп жазуында да айрықша жақындық білініп тұрған жоқ
па?!
Жоғарыдағы үзінділерден Батыс Түрік қағанатына, кейіннен Түркеш
қағанатына қарасты он оқ халқы мен Орхон (Шығыс түрік) түріктерінің барынша
жақын тілдес салттас қандас халықтар екеніне анық көз жеткіземіз.
Батыс Түрік пен Шығыс Түрік қағанатын құраған тайпалардың этникалық
құрамы жөнінде дербес пікірі бар қытайдың көрнекті тарихшысы Линганды
тыңдап көрелік: Батыс түрік пен шығыс түріктің ата-бабасы әуелден бір
болатын. Шығыс түріктің бөлшектенуі – түркілік ішкі қырқысуларының тікелей
нәтижесі, түріктердің ұлттық құрамының өзгеріп, бөтенденіп кетуінен болған
емес35.
VI-VIII ғасыр аралығында он халқының этникалық құрамында да этно
территориясында да айта қаларлықтай өзгеріс болмағаны, тек бес арыс
дулаттың кейбір рулары Жетісу аумағынан жылжып, Еренқабырға, Боғда
тауларына, Бесбалық, Құмыл атырабына дейін шығандап барса да, түркештер
күшейген тұста қайтадан Тарбағатай, Жетісу жағалап ата қонысына жақындайды.
Тұтастай алғанда он оқ халқының тең жарымын құраған бес арыс дулат ру-
ұлыстарының этникалық мекен-жайы Жетісу, Тарбағатай және Еренқабырға өңірі
болған. Ал, олардың тайпалық құрамы ескі тарихи жазбалар мен шежірелерде
былай айтылады36.
1. Чимойын Лүй-чор ұлысы, Тарбағатай өңірін мекендейді.
2. Қойлау – Күлүч-чор ұлысы – Манас өзенінің солтүстігі мен
батысында.
3. Ысты – Тон-шор ұлысы, Іле өзенінің ортаңғы және төменгі
аңғарының терістік бетінде
4. Жаныс – Шопан-чор ұлысы, Қарашәр мен Жұлдыз өзені аңғарында.
Тарихшы Н.Мыңжани Қытай тарихи сөздігі, түрік тарауына сілтеме жасай
отырып, аталмыш түркеш, қойлау, чимойын, ысты, жаныс дегендер тайпа аттары.
Алаш, Лүй, Күлүч, Тон, Шопан дегенден тайпа бастықтарының аттары болар
деген байламға келеді.
Он оқ халқын құрайтын екінші бестік Бес тайпалы Нүшбе деп аталады.
Таң патшалығының жаңа және көне тарихында бес тайпалы нүшбе төмендегінше
жазылған болатын:
1. Азғыз (Аскіл) Күл – Еркін ұлысы.
2. Касо – Күл – Еркін ұлысы.
3. Барысқан (Барсаған) тон Ашбар – Еркін ұлысы.
4. Азғыр (Аскіл) Нижұқ – Еркін ұлысы.
5. Касо – Шопан – Еркін ұлысы.
Мұндағы Азғыз, Барысқан дегендер тайпалардың аттары. Күл, тон Ашбар,
Нижұқ, Шопан дегендер сол тайпаны билеген көсемдердің аттары, ал, Еркін
солардың лауазым аттары еді. Осындағы Касо, Ағыз-Азғыр деген тайпа
аттарының қайталануы, тайпалар көші-қоны мен әкімшілік бөліністерінің әр
кезде әрқалай өзгеріп отыруына қарай қалыптасқан деп қарау керек. Кейде ру
аттары, сол руды билеуші көсем мансабымен (Мохэ Даган, Суго Мохэ, т.б.)
аталып кеткен жағдайлар да кездеседі. Оның себебін басқадан іздеп
әуреленудің керегі жоқ. Ол тек Орда жазбалары көшпелілер өмірі мен
тұрмысын, ел билеу жүйесін анық біле ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БАЯНҒА ЛАЙЫҚТАЛҒАН ДОМБЫРА КҮЙЛЕРІ
Түркеш қағанатының құрылу тарихы
Түркештердің этникалық құрамы
Түркі қағандығы
Түргештердің орналасуы және саяси ұйымы
Ежелгі түркі жұртының тарихи санасы
Түркілердің рухани мәдениетін дамытудағы исламның маңыздылығы
Орта ғасырдағы Қазақстан туралы
Қазақстан-Туркия елдері арасындағы мәдени байланыстардың орнатылуы
Тараз қаласы
Пәндер