Салық органдарының қызметін ұйымдастырудың құқықтық негіздері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1 САЛЫҚ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН
ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1Салық қызметін ұйымдастыру принциптері, құрамы, құрылымы ... ... ... ..6
1.2 Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі салық комитетінің қызметі ... ... ...13
1.3 Жергілікті салық органдарының қызметі ... ... ... 16
2 САЛЫҚ ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
2.1 Республикалық бюджет деңгейінде салықтық түсімдерді талдау ... ... ..23
2.2 Салықтармен бюджетке төленетін басқа міндетті
төлемдердің түсуінің қазіргі жағдайын талдау (ОҚО мысалы негізінде)
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
3 САЛЫҚ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН
ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Салық органдарының қызметін жетілдірудегі шетел тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...47.
3.2 Салық органдарының қызметінің тиімділігін арттырудағы мәселелер және оны шешу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .54
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 58
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 59
Нарықтық қатынастардың даму жағдайында экономикалық реформалаудың негізгі міндеттерінің бірі тиімді салық механизмін қалыптастыру болып табылады. Салық механизмі әр деңгейдегі бюджеттің кірісін толтыру мәселелерін шешіп қана қоймай, сонымен бірге әрбір шаруашылық субъектілерінің не болмаса барлық экономиканың бүтіндей дамуына ықпал етеді.
Салық органдарының қызметінің маңызды элементі салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің ел қазынасына уақтылы және толық түсуіне бақылау жасау. Сондықтан да салық органдарының бақылау қызметін жетілдіру күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе болып табылады.
Бюджет толықтырудың басты көзі салықтан түсетін түсім екені белгілі. Сол себептен республикалық салық қызметінің мемлекет бюджетін толықтыру бағытындағы жүмыстарының тимділігін арттыру қажет.
Қазіргі уақытта елімізде салықтық реформа жүргізілуде. Ал салық реформасын табысты түрде жүзеге асыру барысында, салық органдарының бақылау - экономикалық қызметінің мәнісі күшеюде.
1. «Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы».Салық Кодексі, 1 қаңтар 2004ж.
2. «Қазақстан Республикасының кодексіндегі негізгі жағдайларды
түсіндіру туралы» жинақтама.
3. «Салықтық тексеру. нәтижелеріне шағым жасау тәртібі туралы»
жинақтама.
4. Худяков А. И. «Налоговая система Казахстана». Алматы , 1997г. 220-240стр.
5. Юткин В.А. «Налогообложение». Москва, 2001г. 102-115 стр.
6. Сейдахметов С. «Налогообложение » Алматы, 2002 г.
7. Оспанов М.Т. «Проблема совершенстовования системы управления
налогами в РК». Алматы, «Познание Факел». 1996г. 121-141 стр.
8. Оспанов М.Т. «Налоги и цивилизация». Алматы, ФИК. 1995ж. 45-82 стр.
9. Оспанов М.Т. «Гарманизация налоговых отношений». Алматы
«Фиксинформ», 1997г. 205-245 стр.
10. Б. Серкебаев. «Салық саясатына салмақ түсті»" Ц.Қаржы-қаражат,
1998ж. №2.
11. А.С. Раимқүлов. «Контроль, как приоритетное направление в
пополнение доходов бюджета» Қаржы-қаражат, 2002 ж. №1-2.
12. 3. Атыгаева. «О контрольной работе в территориальных налоговых
органах». Қаржы-қаражат, 2003ж №3-4.
13. 3. Атыгаева, Б. Бекбердиев. «Налоговый контроль в современных
условиях». Қаржы-қаражат, 2003ж №7-8.
14.«Налоговый кодекс: новые приоритеты» Қаржы-қаражат, 2002ж.
15. К.К. Кусаинов. «Механизмы налогового администрирования» Қаржы-қаражат, 2003жыл №3.
16. А.Д. Байдүйсенов. «Қазақстан салық жүйесіндегі кейбір мәселелер»
Қаржы-қаражат, 2003ж №4.
17.А.А. Сурашев. «Налоговые проблемы» Қаржы-қаражат, 2002 ж №5.
18. 3. Какимжанов. «Начинаем жить по Кодексу: Налоговому" || Қаржы-
қаражат, 2002ж №2.
19. А. Нурумов. «Налоговая система США» || ФиБ, 1996г№7,8,10.
20. А.А. Нурумов. «Совершенствовать налоговую политику» ФиБ, 2001 ж.
№6.
21.Уорд Насси. «Возможные стратегии улучшения администрирования
налоговой системы».| Вестник 2001ж, сэуір №4 (7).
22.К. Райханова. «Статья по принудителыюму взысканию налоговой задолженности с налогоплателыциками». Вестник 2002 жыл, қаңтар№1 (16).
23. Б. Жансарбаев. «Проблемы налогового учета в республике». Вестник
КазГАУ, 1997жыл№1-2.
24. М. Есенбаев. «Оңтайландырудың оңды бағыты» Егеменді Қазақстан
2002 жыл 13 наурыз.
25. Е. Мүқай. «Салық жүйесін ретке келтіру». Егеменді Қазақстан, 2003
жыл, 16 тамыз.
26. Е Смайыл. «Салық мәдениеті - қоғам дамуының айқындаушы тетігі»,
(З.Кәкімжановпен сүхбат) Егеменді Қазақстан 2002жыл 3 шілде.
27. Ы. Дулатов. «Мемлекеттің салық саясаты». Заң газеті 2001 жыл 3
қараша.
28. «Облыстың әлеуметтік экономикалық дамуы», Оңтүстік Қазақстан 2004 жыл 16тамыз.
29. Д. Ысқақов. «Задача - расширять налоговую базу» Часпик 2004 жыл, 8 ақпан.
30. Б.Рахмандерді. «Бюджет қаржысын жүмсауда заң бүзушылық тыйылар
емес». Оңтүстік Қазақстан газеті 2004жыл 13 наурыз.

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4

1 САЛЫҚ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН
ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1Салық қызметін ұйымдастыру принциптері, құрамы, құрылымы ... ... ... ..6

2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі салық комитетінің қызметі
... ... ...13
3. Жергілікті салық органдарының қызметі ... ... ... 16

2 САЛЫҚ ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
2.1 Республикалық бюджет деңгейінде салықтық түсімдерді
талдау ... ... ..23

2.2 Салықтармен бюджетке төленетін басқа міндетті
төлемдердің түсуінің қазіргі жағдайын талдау (ОҚО мысалы негізінде)

... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29

3 САЛЫҚ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН
ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ
ЖОЛДАРЫ
3.1 Салық органдарының қызметін жетілдірудегі шетел тәжірибесі

... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .47.
3.2 Салық органдарының қызметінің тиімділігін арттырудағы
мәселелер және оны шешу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 54

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... . 58

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .. 59

КІРІСПЕ

Нарықтық қатынастардың даму жағдайында экономикалық реформалаудың
негізгі міндеттерінің бірі тиімді салық механизмін қалыптастыру болып
табылады. Салық механизмі әр деңгейдегі бюджеттің кірісін толтыру
мәселелерін шешіп қана қоймай, сонымен бірге әрбір шаруашылық
субъектілерінің не болмаса барлық экономиканың бүтіндей дамуына ықпал
етеді.
Салық органдарының қызметінің маңызды элементі салықтар мен бюджетке
төленетін төлемдердің ел қазынасына уақтылы және толық түсуіне бақылау
жасау. Сондықтан да салық органдарының бақылау қызметін жетілдіру күн
тәртібінде тұрған өзекті мәселе болып табылады.
Бюджет толықтырудың басты көзі салықтан түсетін түсім екені белгілі. Сол
себептен республикалық салық қызметінің мемлекет бюджетін толықтыру
бағытындағы жүмыстарының тимділігін арттыру қажет.
Қазіргі уақытта елімізде салықтық реформа жүргізілуде. Ал салық
реформасын табысты түрде жүзеге асыру барысында, салық органдарының бақылау
- экономикалық қызметінің мәнісі күшеюде.
Салықтық бақылауды тек қана салықтардың толық және уақытылы түсуіне
бақылауға әкеліп тіреуге болмайды. Өзінің кең мағыналығында салықтық
бақылау - салық заңдарының орындалуына бақылау болып табылады. Салықтың
уақытылы жиналып, салық заңдарының орындалуы, салықтық бақылауды өз
деңгейінде болу үшін салық төлеушілер мен салық жинаушылар арасында рухани
мәдениетті қалыптастыру керек.
Егемен Қазақстанның даму жағдайында жаңа принциптерді қүру және енгізу
кезінде, оның ішінде салық салуды қоса алғанда, үкімет алдында шешілетін
сүрақтар түрды. Соның ішінде экономикалық, әлеуметтік және басқа да
мөселелерді шешу үшін қажетті қаржы көлемімен мемлекетті толық қамтамасыз
ету барлық кезеңнің, бар халықтың басты мәселесі болып келеді. Бүгінгі
жағдайда салықтық түсімдерді көбейту мәселесін салықтық бақылау жүргізу
ісін жетілдіру арқылы шешуге болады. Салықтар мен бюджетке түсетін
төлемдерді жинау жұмысын ұтымды ұйымдастырмай, барлық фискалдық органдар
бірлесіп қызмет етпей, мемлекеттік қазынаны жүйелі түрде толтырып отыруға
қол жеткізу қиын.
Жалпы барлық мемлекеттік мәселелерді шешу түптеп келгенде әрбір
қазақстандықтың әлеуметтік жағдайының өсуі салық қызметі жмысының
сапалылығына тікелей байланысты. Сондықтан салық саясатын жүргізуде отандық
тауар өндірушілерді мемлекет тарапынан қолдау және секторлардың жедел
дамуына жағдай жасау, яғни мемлекет пен салық төлеушілердің талап тілегімен
ортақтасуы қажет.
Диплом жұмысын жазудағы мақсатым аумақтық салық органдарының қызметін
жүргізудегі мәселелердің шешу жолдарын және салық қызметінің тиімділігін
анықтау болып табылады.
Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде салық органдарының қызметін
ұйымдастырудың құқықтық негіздері қарастырылған.
Екінші бөлімінде салықтардың түсімін республикалық және жергілікті
деңгейлерде экономикалық талдау жасалынған. Ал, үшінші бөлімінде салық
органдарының қызметін ұйымдастырудағы шетел тәжірибелері және олардың
тиімділігін арттыру жолдары қамтылған.
1 САЛЫҚ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ
ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Салық қызметін ұйымдастыру принциптері, құрамы, құрылымы

Алғашқыда 1991 жылдың 9 шілдесінде Қазақстан Республикасы Президентінің
бұйрығымен Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістерді басқару шеңберінде
Бас Мемлекеттік салық Инспекциясы құрылады. Нарықтық экономикаға көшу
жағдайында мемлекеттік салық инспекциясы және салықтық саясаттың мазмұнынан
ғана емес, оны жүргізу тәртібі мен әдістерін түбегейлі өзгерту қажет болды.
Қазақстанда салық қызметін дамыту, ұйымдастыру мақсатында көптеген
қиындықтарға, атап айтсақ, өте қиын жауапты, бір бірімен байланысты
мәселелерді шешу үшін мамандарды іріктеу және қайта дайындау, қазіргі жаңа
техникамен танысу, салық төлеушілерді оқыту, жаңа салықтық заңдылықтарды
әзірлеу сияқты қиыншылықтарға төзуге тура келді. Мемлекеттік Қаржы
Министрлігінің Салық комитеті бірқатар іс-шараларды өндеген. Біріншіден,
елде және жекелеген аймақтар бойынша экономикалық және қаржылық
көрсеткіштерді талдау жүргізілген. Бұл бюджеттің кіріс бөлігінің
резервтерін және министрліктің басым бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді.
Екіншіден, республиканың салық органдарын құрылымдық жағынан құру
қарастырылған және қызметтік құрылымға көшу өндірілген.
Үшіншіден, салық органдары мен салық төлеушілер арасындағы қарым-
қатынастар жүйесі қайта қаралған. Басты мақсат бюджет орындалуын қамтамасыз
ету мен салық төлеушілердің қаржы экономикалық көрсеткіштерінің өсуін
реттеу мүмкіндігі арасында нақты тепе-теңдікті анықтау. Салық жинауда
жағдайды жақсарту бойынша бекітілген шараларды жүзеге асырудағы жүйелі
талпыныс салық ставкасының деңгейін көтеру есебінен емес, салықтық
әкімшілдеу сапасын көтеру есебінен республика үкіметінің қадамдары ықпал
еткен.
Қазақстан Республикасындағы салық қызметін ұйымдастыруға келетін болсақ,
тәуелсіздік алғаннан кейін нарықтық экономика кешу шарттарында елдің
табысты болуы үшін және мемлекеттік жандандыру мақсатында барлығын нөлден
бастау керек болды. Республика экономикасын терең әрі ұзаққа созылған
тоқыраудан шығару мақсатында елде қоғам мен нарық қатынастарының
қажеттіліктерін. өтейтін жоғары нәтижелі салық жүйесі қалаптасты.
Қазақстанда алғашқы бес жыл ішінде мамандандырылған кадрлардың
жетіспеушілігі жағдайында елімізде маңызды түбегейлі үлкен көлемді салық
реформасын дайындау және оны жүзеге асыру барысында басты назарды қолда бар
ресурстарға аудару қажет.
Мемлекеттік экономикалық саясаттың бір аясы салық саясаты болып
табылады. Салық салу аясында мемлекет экономикалық мәселелерді өзінің
міндеттері және өзін ұстау жөніндегі мәселелерді ғана әзірлеумен айналысып
қоймай, сонымен қатар өте ауқымды әлеуметтік және саясат тұрғысындағы
мәселелерді шешуге атсалысатын саясатты да жүргізеді. Бұл жөнінде Ел
басымыз Н. Назарбаев экономиканы дамыту үшін таяудағы жылдарда біз
назарымызды экономиканың нақты секторы, оны сауықтыру, фискалды және
монеталық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа
аударамыз деген болатын.
Салық қызметінің қағидалары мемлекеттік жалпы экономикалық
бағдарламасына негізделеді және онымен тығыз байланысты болады.
Экономикалық бағдарламаны әзірлеу ісі салық қызметінің алға қояын
талаптарын, оның принциптерін ескере отырып жүзеге асырылады. Салық
қызметінің ықпал ету аясы өте ауқымды, оны реттейтін қатынастары әр алуан
болғандықтан оны тек қаржылар аясына жатқызуға болады деген көз қарас дұрыс
емес. Өйткені, салық саясаты талаптарымен мен азаматтың салықтық
міндеттемелерін атқару сатысында ғана қаржылық қатынастарға айналады.
Салықтық қатынастардың қаржылық қатынастардан айрықшалануы салық саясаты
бойынша мемлекеттің алдында тұрған міндеттемелерді талдау кезінде көрініс
табады.
Салық қызметінің негізгі принциптерін конституциялық деңгейде бекіту
қажеттілігі салықтардың мемлекет өмірінде атқаратын рөліне байланысты
туындайды. Мемлекеттің материалдық базасын қалыптастырудың өте маңызды
әдістері және қоғамды басқару аппараты ретінде салықтар мемлекет пен оның
азаматтарының арасын байланыстыратын күрделі де елеулі буынға айналды.
Сондықтан да барлық мемлекетерде, оның ішінде өзімізде де салықтарды төлеу
азаматтардың конституциялық міндеттері болып табылады.
Салықтардың мемлекет өміріндегі атқаратын рөлінің екінші аспектісі
мемлекеттің егемендігіне қатысты болады. Осыған байланысты мемлекет
егемендігінің басты белгісі салық егемендігі деп айтсақ, оның дәлелдемесі
ретінде салықтық реттеудің бірыңғай дүниежүзілік жүйесінің әлі күнге дейін
жоқ екенін атап көрсетуге тиіспіз. Салық егемендігі жоғарыда айтып
кеткеніміздей басқа мемлекеттер шектей және қол сұға алмайтын мемлекеттің
салық салу жөніндегі құқығы. Мемлекеттің салық салу қүзіретін шектеудің
тағы бір қажеттілігі - мемлекет салықтық міндеттемелердің атқаруын бақылай
отырып, коммерциялық құпияларды біліп, оларды өз пайдасына және төлеушіге
жаңағы коммерциялық құпияны дұрыс сақтай алмаған жағдайда зиян-залал
келтіруіне тосқауыл қою.
Салық жүйесінің құрамына мемлекетте алынатын барлық салықтар, салықтық
қатынастар мен оларды реттейтін құқықтық нормалар, салық төлеушілер мен
салық қызметі орындарының құқықтары мен міндеттері және тағы да басқа
кіреді. Салықтарды қоғам өмірінің әртүрлі аяларын мемлекеттік реттеудің
құралы ретінде қарайтын тұжырымдама бар. Салық қызметінің негізгі
міндетерінде бірінші кезекте қандай да болмасын өндіріс, сала, аумақ және
тағы басқаларды дамытуға жағдай жасау қарастырылады.
Салық қызметі мемлекеттің экономикалық дамуымен тығыз байланысты.
Дүниежүзілік тәжірибе бойынша салықтар, салық салу жөніндегі заңдарды
жоғарғы өкімет органдары қабылдайды. Бұл заңдарда салықтардың объектісі,
субъектісі, есептеу, төлеу тәртібі, мерзімі және тағы басқалар белгіленеді.
Ал салық ставкалары мен салық жеңілдіктері жөніндегі мәселелерді оларды
реттеу құралы ретінде-пайдаланатын атқарушы билік органдары айқындайды.
Салық қызметін ұйымдастыруда мынадай маңызды мәселелердің де көрініс
табу қажет:
салық төлеушілерді жаңа салықтардың енгізілгені жөнінде міндетті түрде
хабардар ету;
салықтарды төлеу, аудару жөніндегі сауалдарға кеңес беру;
салық міндеттемелерін атқаруды ерікті түрде атқару әдістері мен салық
санкцияларын пайдалану арқылы мәжбүр ету түрінде төлетуді қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының
Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Заң
(салық кодексі) және де Қазақстан Республикасының заңдары салық қызметі
жұмысының құқықтық негізі болып табылады.
Қазақстан Республикасының салық қызметінің құрылымына Қазақстан
Республикасының Қаржы министрлігінің Салық комитеті аудандық, ауданаралық,
қалалық салық комитеттері кіреді.
Салық қызметінің аумақтық органдары жоғары тұрған тиісті салық қызметі
органдарына тікелей жоғарыдан төмен бағынады және жергілікті атқарушы
органдарға кірмейді. Салық комитетін төраға басқарады. Оны қызметке Қаржы
министрі салық комитетінің төрағасының ұсынысы бойынша Қазақстан
Республикасының үкіметі, ал оның орынбасарларын салық комитетінің
төрағасының ұсынысы бойынша Қаржы Министрлігі салық комитетінің төрағасы
тағайындайды. Қалалар, аудандар бойынша салық комитетінің терағаларын салық
комитенің төрағасының ұсынуы бойынша қызметке Қаржы министрлігі салық
комитетінің терағасы тағайындайды.
Салык кызметінің органдары:
1.тәлкіленіп және иесіз қалып, мемлекет меншігіне кешкен мүліктерді
есепке алу, бағалау және сату жөнінде жұмыс жүргізуге, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының Қаржы министрлігі бекіткен көлемде және тәртіппен
жүргізілген жұмыстар туралы есеп әзірлеп, оны кіріс министрлігіне беріп
отыруға;
2.салық төлеушінің құқықтары мен мемлекеттің мүдделерін сақтауға
және қорғауға;
салық төлеушілер туралы ақпараттардың құпиясын сақтауға;
салық заңын бұзу фактілерін жинақтау, талдау мен бағалауға және салық құқық
бұзушылықтары мен қылмыстық орын алуын ықпал ететін себептер
мен жағдайларды жою жөнінде тиісті ұсыныстар енгізуге;
салық қызметі органдарының басшылығының ұйғарымы бойынша салық төлеушілерге
тексеру жүргізуге міндетті.
Салық қызметі органдарының құқықтары:Салық қызметі органдарының:
- заңды және жеке тұлғалардың барлық ақша құжаттарының, бухгалтерлік
кітаптарын, есептерін, сметаларын, қолда бар ақшасын, бағалы қағаздарын
және басқа құндылықтарын, есеп айрысуларын, декларациялар және бюджетке
салық пен басқа да төлемдерді есептеу мен төлеуге және мемлекет алдындағы
өзге де қаржы міндеттемелеріне байланысты өзге де құжаттарын тексеруге,
ұйымдардың лауазды адамдарына және басқа да қызметкерлерінен, азаматтардан
аталған тескерулер барысында туындайтын мәселелер жөнінде анықтамалар,
ауызша және жазбаша түсініктемелер алуға құқығы бар.
ұйымдар мен азаматтардың банктердегі және банк операцияларынның жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын өзге де ұйымдардағы банк шоттары
бойынша анықталған салық заңдарын бұзушылықты жою туралы талаптарды
орындамаған, тексеру мен зерттеп қарауға жіберілмеген, салық қызметіне есеп
айырысуларды, декларацияларды және табыс түсіруге, салық салынатын
объектілерді ұстауға, қаржы есебін тапсырмағаны жөніндегі өзге де
құжаттарды табыс етпеген жағдайда салық қызметінің талап етуі бойынша
анықталмаған тәртіп бүзушылық жойылғанға дейін шығыс операцияларын тоқтата
тұруға құқығы бар.
салық заңдарын бұзған ұйымдарға, лауазмды тұлғалар мен азаматтарға салық
санкциясын және айыппұл салуды қолдануға;
ұйымдардың білікті мамандарын басқа да бақылаушы органдардың
қызметкерлерін, салық қызметі органдарының қаражаты есебінен ақы төлей
отырып, тексерулер мен сараптамалар жүргізуге, тартуға;
өз өкілеттілігін жүзеге асырған кезде ұйымдар мен азаматтардың табыс
түсіру үшін қолданатын салық салынатын объектілерді ұстауға байланысты кез
келген өндірістік қойма, сауда және басқа үй-жағдайларын тексеруге құқығы
бар.
Қазақстан Республикасының салық комитеті - Қазақстан Республикасы
Үкіметінің құрамына кіретін орталық атқарушы орган болып табылады. Ол
барлық деңгейдегі бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуына жауапты және
мынандай қызметтерді атқарады:
- салық мәселелерін реттейтін салық заңдылығы мен өзге де нормативтік
құқықтық актілерін орындауын бақылау;
-салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке толық және уақытылы
аударылуының дұрыстығын қамтуды бақылау;
- салық төлеуден жалтару мен байланысты немесе мемлекет алдындағы басқа
да төлемдерді орындамаумен байланысты жұмыстар бойынша өндіру;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік салық комитетінің тікелей
бағынатын органдары бар. Оның ішінде облыстық, қалалық және аудандық
басқармалар мен бөлімдер бар.
Мемлекеттік салық комитетінің алдында мынандай негізгі мақсаттар
қойылған:
сәйкес жылда республикалық және жергілікті бюджеттерде бекітілген мөлшерде
және сомадағы бюджетке салық және басқа да міндетті
төлемдердің толық және уақытылы түсуіне қамтамасыз ету;
салық заңдылығының орындалуын қамтамасыз ету және оның тиімділігін талдау;
10. салық төлеушілірге олардың құқықтары мен міндеттерін анықтау, салық
төлеушілерге салық заңдылығымен нормативтік актілердегі
өзгерістерді уақытылы хабарлау, салық қызметі органдарының жұмыс істеуіне
басшылықты жүзеге асыру.
Мемлекеттік салық комитеті мынадай қызметтерді атқарады:
- бюджетке салықтар мен басқа да төлемдердің барлығының түсуінің қамтамасыз
ету бойынша іс-шаралар жүргізеді және салық заңдарының орындауына бақылауды
жүзеге асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
1. халықаралық келісімдер, келісім-шарттар, келісім-шарттардың жобасына
салықтық тексеру жасауға қатысады;
2. салық салу мәселелері бойынша заң мен басқа да нормативтік -
құқықтық актлерді, құжаттардың жобасын әзірлеуге қатысады;
- салық заңдарын бұзу жөнінде өтініштер, мәліметтер мен басқада
ақпаратты тексеруді жүзеге асырады;
-салық заңдылығын қолдау бойынша жұмыстарды анықтауды салық төлеушілер
арасында жүргізеді;
1. салық заңын бұзушылыққа талдау жасау және бага беру және осыған сәйкес
себептер мен жағдайларын жою бойынша ұсыныстар береді;
2. салықты түсіру жөнінде есептерді алады, оларды жалпылайды және талдайды,
сондай-ақ бюджетке аударылған не төленген салықтар есебін
жүргізеді;
3. облыстар бойынша мемлекеттік салық органдарының жұмысының
ұйымдастырылуына тексерістер жүргізеді, нәтижесінде
табылған
кемшіліктерді жоюға шаралар жасалады, салық органдарының басшыларының
есептері тыңдалады, тәжірибелерді енгізеді;
4. облыстар бойынша мемлекеттік салық органдарының салық және басқа да
міндеттерді жинауға бақылауды жүзеге асырады;
11. кадрларды кәсіпкепкерлік дайындау бойынша шаралар жүргізеді;
12. келісімдерге сәйкес шетелдік мемлекеттер мен халықаралық салық
ұйымдарымен байланыс орнатады, шетелдердің салық қызметінің іскерлігін
ұйымдастыру тәжірбесін зерттеп, оны Қазақстан Республикасының салық
қызметінің іскерлігінде оны қолдану бойынша ұсыныстар әзірлейді;
5. салық салу мәселесі бойынша үкімет аралық келісімдерді жүзеге асырады
және келісім-шарттар жобасын әзірлеуге қатысады;
6. ақпараттық жүйелер мен басқа да ақпараттық құралдарын орнату бойынша
шараларды жүргізеді;
- салықтық қадағалауды үйымдастырады және жүзеге асырады;
-табысты төмендетіп көрсету, заңы және жеке тұлғалардың салық салу
объектілерін жасырып қалу, салық және басқа да міндетті төлемдерді бюджетке
төлеуден қашу жолдары, сондай-ақ салық төлеуге байланысты мемлекетке зиян
тигізетін өзге де қылмыстар мен заң бұзушылықтардың бетін ашып, алдын
алады;
-салық қызметінің жұмысының қауіпіздігін өз құзіреті шегінде
ұйымдастырады, қызметін орындау барысындағы қылмыстық және басқа да заңсыз
әрекеттерден өз қызметкерлерлерін қорғайды;
- ресми мәліметтер бойынша салық және басқа да міндетті төлемдерді
бюджетке төлеуден жалтарған тұлғаларды іздеуді үйымдастырады және жүзеге
асырады;
- салық заң бұзушылықтары бойынша мемлекетке зиянның орнын толдыруды
толық және уақтылы жүргізу үшін өз құзіреті шегінде шараларды
ұйымдастырады;
- өз қүзіреті шегінде салықтық қылмыстар мен заң бұзушылықтары
бойынша мәліметтерді жинайды және талдайды;
- Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бекіткен мерзімде және
нысанада және қаржылық органдарға салықтар мен басқа да міндетті
төлемдердің түсуі жөнінде есептерді тапсырады;
Мемлекеттік салық комитетінің қызметкерлері өз жұмысын орындау
барысында заңмен қорғалады. Олар мемлекеттік бюджет қаражаттарының есебінен
міндетті және сақтандырылуға жатады.
Мемлекеттік салық комитетінің құрылымы мен саны Қазақстан Республикасы
Үкіметімен бекітіледі, ал аталған құрылым шегіндегі штаттық тәртібін салық
комитетінің төрағасы белгілейді. Штаттық несиелер мемлекеттік салық
органның басшылықтарымен бекітіледі.
Салық қызметі органдарында әлеументтік даму қоры құралады, оның
материалдық-техникалық қамытылуы мынадай көздерден алынады;
1) осы органдардың қызметкерлердің еңбек ақы қоры сомасының 2,5
пайызы мөлшеріндегі республикалық бюджет қаражаттары;
2)жыл ішінде құрылған еңбек ақы қорының жиналымдары.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік салық комитетінің қызметкерлері өз
салық төлеушілірі туралы анықталған мәліметтерді құпияда сақтауға міндетті.
Салық комитетінің қызметкерлері өз міндеттерін орындамаған жағдайда заңда
бекітілген, тәртіптік материалдық немесе басқа жауапкершілікке тартылады.
Салық комитетінің қызметкерлеріне кәсіби орнын толтыруға сот шешімімен
республикалық бюджеттен жасалады. Са-лық комитеті салық төлеушілердің арыз
шағымдарын қарап, олар бойынша 30 күннен сондай-ақ міндетті зейнетақы
қорларына толық және уақытылы аударуына бақылауды жүзеге асыруға;
Салық комитеті органдары:
1) белгіленген мерзімде төленбеген салықты, айыппұлды ұйымдардан, олардың
лауазымды тұлғалары мен азаматтардан бірінші кезекте
өндіріп алуға;
2) салық, айыппұл, өсім белгіленген мерзімде төленбеген ағдайда ұйымдар мен
азаматтардың жылжымалы және жылжымайтын мүлкін, ақшасын хаттауға құқығы
бар.
3)салық комитеті органдарының басшылары ұйымдар мен азаматтардың
бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдер жасау мерзімін ұзартуға
және бөліп төлеуге рұқсат береді.
Құрылғаннан бастап жарты жылдан кейін Бас Мемлекеттік Салық Инспекциясы
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің бас салық инспекциясы болып
өзгертілді.
Қаржы министрлігі және халық қарамағындағы барлық ведомстволар мына
сұрақтармен макроэкономикалық деңгейде айналысу керек болды. Атап айтсақ:
-мемлекеттік шығындарды қаржыландыру үшін жалпы мемлекеттік
кірістердің ішінен салықтың төлемдердің үлесін анықтау;
- фискальдық қызмет атқаратын салықтар мен ақша айналымын сұраныс
пен ұсыныстарды реттейтін салықтардың арақатынасы;
- салық ауыртпалдықтарды бөлу принциптері мен жергілікті салықтар мен
алымдардың түсімдері;
1. бюджеттен тыс қорларға түсетін төлемдердің көлемі мен оларды есептеу;
2. халықаралық келісім шарттарға отыруы принциптері;
1. салық саясатының басқа да сұрақтары микроэкономикалық деңгейде шешіледі.
Бұларға мыналар жатады:
2. салық ставкалары мен олардың құрылымын әзірлеу оларды төлеу және
аудару тәртібі, салық салу объектілері, салықтық есеп, салық төлеушілердің
жеңілдіктері туралы ұсыныстарды қарастыру;
- салықтарды басқару механизмін және салық саясатын жетілдіру
мақсатында ұсыныстар әзірлеу;
1. басқа елдердің салық салу жетістіктерін оқып шығу;
2. әртүрлі деңгейдегі салық инспекцияларының салықтарды басқару жүйесін
ұйымдастырудың жобасын әзірлеу;
салық төлемейтіндерге қолданатын экономикалық санкцияларды әзірлеу;
салықтың экспертизаның формасы мен әдістерін жасап шығару;
5. салықтық төлемдерді болжау.
Салықтық саясаты жетілдіру мақсатында Қазақстандағы салықтық органдары
бюджетке түсетін салықтардың дұрыс есептелуін бақылау жасауға көңіл
бөлінген. Салық қызметін ұйымдастыру барысында мына негізгі қызметтер
жүзеге асырылады: заңдардың жобасын жасау, жүргізіліп жатқан салық
саясатына талдау жасау салықтарды басқару жүйесінің жобасын жасау; салық
заңдылықтарын қолдану үшін нормативтік актілерді әзірлеу, тексерудің
әдістері мен олардың орындалуын қамтамасыз ететін бағдарламаларды жасап
шығару, жүргізілген реформалардың нәтижесіне баға беру, салық формаларын
құру, салық органдарының қызметкерлерінің міндеттерін түсіндіру, салық
жинау бойынша мәліметтерге талдау жасау, мамандарды оқыту бағдарламасын
және мамандарды қайта даярлауды жүзеге асыру, төменгі тұрған бөлімдердің
жұмыстарының сапалылығына жалпы бақылау жасау.
Ал енді салық қызметінің құрылымына тоқталатын болсақ, мұнда арнайы
бақылау бөлімшесі ең алдымен салық комитетінің басшысына бағыну керек және
мыналар бойынша:
- қабылданған заңдардың дұрыс жүзеге асырылуына бақылау жасау;
-салықтық зерттеу қызметін басқару және ұйымдастыру бойынша
жұмыстар атқару қажет.
Сонымен қатар салық комитеті бүкіл салық қызметінің бюджетіне
жауапкершілікте болады.
Республиканың салық органдарының алдына қойылған мақсаты
шаруашылық етуші субъектілердің әрекет жасауына жағдай жасау, сол арқылы
салық төлеушілердің және салық алаңының көлемін кеңейту. Фискальдық
құрылымдар мен салық төлеушілер бюджеттің кіріс бөлігін орындауда өзара
жауапкершілікті түсінуі шарт.
Ал облыстық салық инспекциясының алдында тұрған міндеттерге тоқталсақ,
ол мемлекет мүддесін, салық төлеушілердің құқықтарын қатаң сақтай отырып,
бюджетке түсуге тиісті табысты қамтамасыз ету болып табылады.
Мемлекеттік ортақ қазынаны молайтуға бюджеттің қаража қазанын әркез олқы
түсірмей, толықтырып отыруға салық жинау ұлан-ғайыр істер атқарады. Мұның
маңыздылығы табыс кірісі жөніндегі сала өз алдына дербестеніп, жеке
министрлік болғандығынан да айқын көрінеді.

1.2 Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің салық комитеті

Қазақстан Республикасының Салық комитетінің ең басты қызметі-салықтар,
алдымен, кедендік төлемдер және мемлекет алдындағы басқа да қаржылық
міндеттемелердің бюджетке толық және уақытылы түсуін қамтамасыз ету. Сондай-
ақ еліміздің экономикалық қауіпсіздігін нығайту, экономикалық
қылмыскерлікпен күресудің дамуын көтерудің өз бағытында алып отыру.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Салық комитеті Қазақстан
Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады, ол мемлекеттік
кейбір аясындағы мемлекеттік басқарумен салааралық координацияны жүзеге
асырады. Өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдары,
Президент актілері, Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулылары және басқа
нормативтік-құқықтық актілермен, сондай-ақ ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Қаржы министрлігінің салық комитеті құзіретінен тысқары жерлердегі олардың
аумақтық органдарының шешімі барлық мемлекеттік органдар мен Қазақстан
Республикасының басқа да ұйымдары жеке тұлғалардың орындалуына міндетті
түрде жүктеледі. Министрлік оған берілген мүліктерге қатысты оперативтік
басқару құқығын жүзеге асырады. Қаржы министрлігінің Салық комитетінің
құрылымы мен құрамын Қазақстан Республикасының үкіметі анықтайды.
Қаржы министрлігінің Салық комитеті заңды тұлға болып табылатын, олардың
банкте өз шоттары бар, мөрі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік ел
таңбасының суреті және мемлекеттік тілдегі өз атауы мен бланкілері болады.
Қаржы министрлінің салық комитеті олардың аумақтық органдарын қаржыландыру
мемлекеттік органдарды қаржыландыруға қарастырылған тағайындаулар есебінен
жүзеге асады.
Өз қызметін жүзеге асыру барысында мынадай басымдықтарды басшылыққа
алады:
салықтық және кедендік заңдылықтардың, мемлекеттік бюджетке түсетін
қаражаттарды қарастыратын өзге де заң актілері, сондай-ақ
мемлекет
алдындағы қаржылық міндеттемелері анықтайтын актілердің орындалуын
қамтамасыз ету;
салық салынатын базаны кеңейту жолымен мемлекеттік кірістердің өсуін қамту;
- бюджетке салықтық кедендік төлемдер сондай-ақ мемлекет алдындағы басқа
да қаржылық міндеттемелер жиналуының әкімшілік тіркеуін жетілдіру.
Қаржы министрлігінің салық комитетінің алдына қойған мынадай мақсаттары
бар:
Қазақстан Республикасының фискальды және кедендік саясатының
жасақталуына қатысу және кедендік саясаттың жасақталуына қатысу және осы
саясатты жүзеге асыру;
- кеден ісін ұйымдастыру мен жетілдіру;
- Қазақстан Республикасының қауіпсіздік мүдддесін өз қүзіреті шегінде
қамтамасыз ету;
- бюджетке салықтар, алымдар, кедендік төлемдер және мемлекет
алдындағы басқа да қаржылық міндеттемелердің түсуіне қамтамасыз
ету;
1. мемлекеттің жүрзігуші субъектінің экспорт-импорттық операцияларына
мемлекеттік бақылауға қатысу;
2. алкогольдық өнімдердің өндірісі мен айналымына мемлекеттік бақылау
жасау;
3. мемлекетке шығын әкелген экономикалық қылмыстар мен заң бұзушылықтарға
қарсы күрес жүргізу;
- экономикалық қылмысты күрес жасау аясында халықаралық келісім-
шарттарға келу.
Комитет өзіне жүктелген мақсаттарды орындау үшін заңда бекітілген
тәртіппен негізгі қызметтерін жүзеге асырады. Ол бюджетке салықтар,
алымдар, кедендік төлемдердің түсуін қарастыратын, сондай-ақ мемлекет
алдындағы басқа да қаржылық міндеттемелерді анықтайтын заңдылықтардың
орындалуын бақылау жасайды. Мемлекеттік бюджетке кірістің түсуі аясында
мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын анықтауға қатысады және
мемлекеттік кірістер аясында экономикалық қылмыстар, заң бұзушылықтармен
күресті ұйымдастырады. Осындай бірқатар қызметтерге қоса мынадай
қызметтерді де атқарады:
-салық салу және кеден ісінде заңдылықтарды жетілдіру бойынша ұсыныстар
енгізеді;
- халықаралық келісім-шарттар жобасын әзірлеуге қатысады;
-бюджетке салықтар, алымдар, кедендік төлемдер мен мемлекет алдындағы
басқа да қаржылық міндеттемелердің түсу мәселелері бойынша халықаралық
ұйымдар мен бірлесе қатысу экономикалық қылмыстар, сондай-ақ өндіріс және
алкогольды өнімдер айналымы аясындағы заң бұзушылықтар мен күрес жүргізу;
-тауарлардың кедендік құнын анықтау дұрыстығына бақылау жұмысын
ұйымдастыру, сондай-ақ кеден тәртібін бұзушылардың жолын кесумен байланысты
жұмыстарды жүзеге асырады;
Қазақстан Респуликасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін
тауарларға қатысты экономикалық саясаттың шараларын өндеуге қатысу;
- кедендік бақылау аумағының тәртібін сақтауға бақылау жасау, кедендік
инфрақұрылым объектілерін қорғау жүйесін ұйымдастыру, Қазақстан
Республикасының кедендік шекарасын қорғау бойынша да шараларды жүзеге
асыру;
1. алкоголь өңімдерінің өндірінің мен айналымын бақылау;
2. оның қүзіретіне жатқызылатын қызмет түрлерін лицензиялау;
1. алкоголь өнімдерінің өндірісімен айналымына бақылау мен басқа да
мемлекеттік органдардың қызметін салааралық үйлестіру;
2. этиль спирті мен алкоголь өнімін өндіретін ұйымдардағы акциздік
тұрақтардың қызмет етуіне бақылау ұйымдастыру;
3. этил спирті мен алкоголь өнімдерінің өндіріс көлемін есепке алуды
ұйымдастыру;
4. салықтар, алымдар, кедендік төлемдер мен басқа да мемлекет алдындағы
қаржылық міндеттеменің бюджетке алдағы қарызын
еріксіз өндіріп алу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
5. салықтар, алымдар, кедендік төлемдер және мемлекет алдындағы басқа да
қаржылық міндеттемелерді бюджетке төлеушілерді есепке алужың жалпы
мемлекеттік жүйесін жасау;
6. экономикалық қылмыскерлік пен күрес мәселерері бойынша Қазақстан
Республикасының халықаралық міндеттемелерін өз қүзіреті шегінде орындау;
7. мемлекеттік кірістер бойынша мемлекеттік қаржылық есептің нысандары мен
тәсілдерін жетілдіру.
Комитеттің өзінің мақсаттары мен міндеттемелерін орындау кезінде
мынадай құқықтары бар:
-министрлік қызметінің аясына қатысты ақпараттарды заңдылықта бекітілген
тәртіппен талап етуге және алуға;
1. өз қүзіреті шегінде орыңдауға міндетті нормативті-құқықтық актілерді
шығару;
2. Қазақстан Республикасының фискальды және кеден саясатын жасақтауға
қатысу;
3. заңды және жеке тұлғалардың қаржылық тәртібін сақтауына бақылау
мен бағдарлауды жүзеге асыру, сондай-ақ оларды заңда
бекітілген
тәртіпте жауапкершілікке таратуға;
3. заңда бекітілген жағдайлар мен тәртіпте лицензиялауды жүзеге асыру;
4. өз қүзіретінің мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен қарым-қатынас
пен бірлесіп әрекет етуде жүзеге асыру;
5. заңдылыққа сәйкес заңды тұлғаларды лицензиялау және қайта ұйымдастыру
бойынша шараларды жүзеге асыру;
- өз қүзіреті шегінде кеден тәртіптерінің құқықты реттеу ерекшеліктерін
анықтауға;
-еркін кеден аймақтарына және еркін қоймаларға тауарлар мен көлік
құралдарын әкелу және әкету тәртібін белгілеуге немесе кеден қоймаларына
ауыстыруға;
- заңды және жеке тұлғаларға салықтар мен бюджетке төленетін басқа
да мінедетті төлемдерді, сондай-ақ мемлекет алдындағы қаржылық
міндеттемелерді төлеуді заңға сәйкес мерзімін қысқартуға не ұзартуға қүқығы
бар.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетінің міндеті
Қазақстан Республикасы заңдылығының бюджетке салықтар, алымдар, кедендік
төлемдердің түсуі, сондай-ақ мемлекет алдындағы басқа да қаржылық
міндеттемелердің орындалуын сақтауды қамтамасыз ету болып табылады. Оған,
қоса заңды және не тұлғаларды сондай-ақ мемлекет мүддесін сақтау және
құқықтарын қорғау, бюджетке салықтар, алымдар, кедендік төлемдер және
мемлекет алдындағы басқа да қаржылық міндеттемелердің есептеуінің
дұрыстығына, толық әрі уақытылы төленуіне бақылауды жүзеге асырады.
Заңдылықпен бекітілген тәртібінде комитет басшылығы және қызметкерлер
салықтар, алымдар, кедендік төлемдер және басқа да мемлекет алдындағы
қаржылық міндеттемелердің толық әрі уақытылы бюджетке түсуін қамтамасыз
етуге жауап береді. Сонымен қатар мынадай жағдайларға жауапкершілікті
көтереді:
- мемлекеттік кірістер жүйесінің жағдайы туралы ақпараттың дұрыстығына;
бюджетке салықтар, алымдар, кедендік төлемдердің түсуі мемлекет алдындағы
басқа да қаржылық міндеттемелердің орындалуына қатысты нормативтік
құқықтық актілерді сақтауға;
- алкоголь өнімдерінің өндірісі мен айналымына бақылауды, бюджетке
салықтар, алымдар, кедендік төлемдер және мемлекет алдындағы басқа да
қаржылық міндеттемелер бойынша қарызды еріксіз өндіріп алу бойынша іс-
шараларды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің салық комитетінің
Министрлігінің құрылымы төмендегідей:
Басқарма
Координациялық - инспекторлық жұмыстар департаменті
Мемлекеттік кірістердің есебі мен талдау Департаменті
Фискальды жұмыстар әдістемесінің Басқармасы
Заң қызметі мен департаменті
Ақпарат және техникалық қамту басқармасы
Кадр және қызметкерлермен жұмыс істеу Департаменті
Әкімшілік-шаруашылық жұмыстар Басқармасы
Қоғамдастыру және ақпарат таратумен байланысты Басқарма
Салық комитеті (заңды тұлға құқығында)
Қаржы полиция агенттігі (заңды тұлға құқығынада)
Кеден комитеті (заңды тұлға құқығында)
13) Алкоголь өнімдерінің өндірісімен айналымына мемлекеттік бақылау
жөніндегі комитеті (заңды түлға қүқығында).

1.3 Жергілікті салық органдарының қызметі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік салық органдарының жергілікті
өкілеттігі бар. Олар облыстық, қалалық, аудандық салық органдарынан тұрады.
Біздің тұратын жеріміз Оңтүстік Қазақстан облысындағы салық органдары да
өзіндік бекітілген ережелер бойынша қызмет атқарады.
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша салық комитеті - мемлекеттік орган
болып табылады. Ол бюджетке қаржының түсуін қарастыратын салық заңдылықтары
мен басқа да заң актілері негізінде бюджетке түсімдердің және мемлекет
алдындағы қаржылық міндеттемелердің толық әрі уақытылы түсуіне жауапты
болып табылады.
Облыстық салық комитетінің негізгі мақсаттары мыналар:
- сәйкес жылға республикалық және жергілікті бюджеттерде бекітілген көлем
мен сомалар негізінде бюджетке салықтар, төлемдер және
мемлекет алдындағы басқа да қаржылық міндетемелердің
толық және уақытылы түсуіне қамтамасыз ету;
- бюджетке түсімдер және басқа да қаржылық міндеттемелердің түсуін
қарастыратын салық заңдылықтары мен басқа да заң
актілірінің
орындалу қарқындылығын талдау;
- салық төлеушілірге олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, салық
төлеушілердің және төменгі тұрған салық комиттерін бюджетке төлемдер және
мемлекет алдындағы басқа да қаржылық міндеттемелердің түсуін қарастыратын
салық заңдылықтары мен басқа да заң актілеріндегі өзгерістерді уақытылы
хабарлап тұру;
- бюджетке салықтар және мемлекет алдындағы басқа да қаржылық
міндеттемелерді төлемеуге байланысты немесе табыстар жабу не төмендетіп
көрсету, заңды және жеке тұлғалардың салық салу объектілерін жасырып қалу,
салықтар және өзге де төлемдерді төлеуден жалтарудың басқа да тәсілдері мен
байланысты фактілерді ашу. Бұл фактілер бюджетке төлемдердің толық
түспеуіне және мемлекеттік шығындарға әкеледі.
Алдына қойған мақсаттарға сәйкес салық комитеті мынадай негізгі
қызметтерді атқарады:
- бюджетке салықтар мен төлемдердің және мемлекет алдындағы басқа да қаржы
міндеттемелерінің түсуін қарастыратын салық заңдылықтары және басқа да заң
актілерін орындауына облыс аумағында бақылау жүргізу;
- салықтық есепте тұрған неғұрлым ірі салық төлеушілерге салықтық аудит
және мониторинг жүргізу;
- бюджетке салықтар мен төлемдердің және мемлекет алдындағы басқа да
қаржылық міндеттемелердің түсуін қарастыратын салық заңдары мен басқа да
заң актілерін бұзу жөнінде арыздар, хабарламалар және басқа да ақпараттарды
тексеруді жүзеге асыру;
- салық төлеушілер арасында салық заңдары мен өзге де заң актілерін қолдану
бойыніиа түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
- аудандар, қалалар бойынша салық комитетінің өрекеттеріне салық
төлеушілердің келіспеушіліктері мен арыздарының актілерін қарастырады және
олар бойынша есепке алады;
- заңдылықтарды бұзуға талдау және бақылау жасайды, салықтық құқық
бұзушылықтар мен қылмысқа себепкер жағдайларды жою жөніндегі сәйкес
ұсыныстарды енгізеді;
- бюджетке салықтар, төлемдер және мемлекет алдындағы басқа да қаржылық
міндеттемелерді жинау бойынша төменгі тұрған салық комитеттердің есебін
жалпылайды және талдайды;
- бюджетке салықтар, төлемдер және мемлекет алдындағы басқада қаржылық
міндеттемелерді жинау бойынша төменгі тұрған салық
комитеттердің жұмыстарын ұйымдастыруына тексерісте жүргізеді және
салық төлеушілермен жұмыс істеу дәрежесін тексереді;
- тіркелмеген заңды тұлғалар бойынша заң органдарымен, оларды салықтық
есепке тұрғызу мақсатында салыстырулар жүргізеді және тоқсан сайын
есептемелер құрастырады;
- декларация тапсырмайтын заңды тұлғалар бойынша есептер қарастырады;
- салықтар және мемлекет алдындағы басқа да қаржылық міндеттемелерді
еріксіз өндіріп алу бойынша жүргізілетін жұмыстарды талдайды және тоқсан
сайын есептерді құрастырады
- әртүрлі деңгейдегі бюджеттерге салықтар мен төлемдерді жинау бойынша
жұмыстардың нәтижелері туралы тоқсан сайын есептемелер қүрастырады;
- жұмыстарды ұйымдастыру бойынша төменгі түрған салық органдарына
әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетіледі;
- кадрлар біліктілігін көтеру бойынша іс-шаралар жүргізеді;
салықтар мен төлемдердің түсуін қарастыратын салық заңдылықтары мен басқа
да заң актілерінің тәжірибе жүзінде орындалуын талдау негізінде салық
есебінің әдістемесін жетілдіру салықтық әкімшілдеу және сәйкес заң
актілерінің өзгерісі бойынша ұсыныстар енгізеді;
Заң актілеріне сәйкес облыстық салық комитетінің
мынадай құқықтары бар:
Қазақстан Республикасы заңдылығына сәйкес төртіпте және жағдайларға
бюджетке салық және басқа төлемдер және мемлекет алдындағы өзге де қаржылық
міндеттемелерді төлеу мен аударуға байланысты үсынысты үсьшылған барлық
қаржылық қүжаттары, бухгалтерлік кітаптар, есептер, сметалар, қолда - бар
ақшалар, бағалы қағаздар мен басқа да қүндылықтар, есеп айрысулар,
декларациялар мен басқа қүжаттар негізінде заңды және жеке түлғалар
тексерулер жүргізуге, қызметкерлерден және үйымдардың басшыларынан,
азаматтардан ауызша және жазбаша түрде тексерулер кезінде пайда болатын
сүрақтарға түсініктемелер алуға;
- заңдылыққа сәйкес өз қүзіретін жүзеге асыру кезінде шегерілуге
жататын
табыстар немесе орналасқан жеріне тәуелсіз өндірістік, қоймалық және өзге
де
ғимараттың салық салынатын объектілерімен байланысты мәселелерді
зерделеуге;
бюджетке төлемдердің түсуін және мемлекет алдындағы қаржылық
міндеттемелердің орындалуын қарастыратын салық заңдылықтары және басқа да
заң актілерінің заң бүзушылықтарын жою жөнінде азаматтарға, үйымның
басшыларына және қызметкерлеріне орындауға міндетті нүсқаулықтар беруге
және орындалуын бақылауға; табылған салық заңын бүзушылықты жою туралы
талаптарды орындамаған жағдайда үйымдар мен азаматтардың. есеп айрылысу
операцияларын олардың банктер және банктік операцияларының жекелеген
түрлері мен айналысатын өзге үйымдардағы шоттарын кідіртуге, тексерістер
мен талдауға жіберуге қүқылы;
- табыстарды шегеру салық салынатын объектілерді үстау, бюджетке салық
өзге төлемдерді аударумен байланысты қүжаттарды және дек-ларацияларды салық
органдарына тапсырмау, табылған заң бүзушылықтарды жойғанға дейінгі салық
органдарының талаптары бойынша қаржылық есептердің үсынбағаны үшін есеп
айрысу операцияларын кідіртуге;
3. салық органдары салық заңдарын бүзу фактілері табылған жағдайда
қүжаттарды, қаржы және материалдық қүралдарды тәркілеп, салық төлеушіге
осыны куәландыратын тәркіленгендердің тізімінің актісін табыс етуге;
4. салық заңдылығында қарастырылған санкциялар мен айыппүлдарды
заң бүзған үйымдарға, қызметкер түлғаларға және
азаматтарға
қолдануға;
5. салықтар мен өзге де қаржылық міндеттемелерді айыппүл мен өсімақы
белгіленген мерзімінде төлемеген жағдайда Қазақстан Республикасы
заңдылығының заңдылығына сөйкес салық төлеушінің мүлкін пайдалану
қүқығын шектеу туралы шешім қабылдауға;
6. сауда мен басқа да үйымдарда, жеке қызметкерлерде тауарлар
(өнімдер) үсынылған қызметтер мен жүмыстарды бақылап отыруға;
7. заңдылыққа сәйкес жазбаша талаптар негізінде
мәліметтерді,
анықтамаларды, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметі туралы
қүжаттарды,
тексерілетін үйымдар мен түлғалардың банктік
шоттарындағы
ақшаларының жағдай мен жүргізілетін операциялары,
қызметтік
бағыттардағы өзге де мәліметтерін алуға;
8. салық опгандарының қаражаттары есебінен төлемдер мен
үйымдардың тәжірибелі мамандарын, басқа да бақылаушы органдарының
қызметкерлерін тексерістер мен талдау жүргізуге;
-белгіленген тәртіп бойынша ұйымдар мен азаматтарға бюджетке
салықтар мен басқа да төлемдер, сондай-ақ жергілікті бюджеттер бойынша
мемлекет алдындағы қаржылық міндеттемелердің төлеуінің мерзімін қысқартуға
не үзартуға;
- салық заңдылығына сай келмеген жағдайда төменгі түрған салық
органдарының шешімін тоқтауға немесе кідіртуге құқығы бар.
Облыс салық комитетіне өз қызметін жүзеге асыруы барысында
міндеттеледі:
- салық төлеушінің қүқықтары мен мемлекеттің мүдделерін қорғауға жөне
ұстауға, салықтар мен мемлекет алдындағы басқа да қаржылық міндеттемелердің
дұрыс әрі уақытылы, толық мөлшерде аудары-луына бақылауды жүзеге асыруға;
- салық төлеушінің іжәне салық салынатын объектілердің нақтылы есебін
қамтамасыз етуге, бюджетке салық пен мемлекет алдындағы басқа да қаржылық
міндеттемелердің аударылғандығы және төлегені туралы есеп жүргізуге;
- салық заңдылығына сәйкес салық төлеушіге салық пен қаржылық
міндеттемелерінің аударылған сомаларымен салыстырғандағы артық енгізілген
сомаларды қайтарып беруге;
- Қазақстан Республикасының салық заңын бүзу туралы арыздарын,
хабарламалар және өзге де ақпараттық тексерісін жүргізуге;
- салық төлеушілер туралы мәліметтердің құпиялылығын сақтауға;
- салық заңдарын бүзушылық фактілерін жинау, талдау, бағалауын
жүргізуге, салық қүқық бүзушылықтарына себепкер жағдайларды жою
бойынша сәйкес ұсыныстар енгізуге;
- сөйкес салық комитетінің басшылары қол қойған жазылулары
бойынша ғана салық төлеушілердің тексерісін жүргізуге;
- бекітілген нысандар мен мерзімдерге қаржылық органдарға бюджет
алдындағы салықтар мен басқа да қаржылық міндеттемелердің
түсу
сомалары туралы есептерді үсынуға;
салық салу мәселесі бойынша нормативтік актілерді қатаң түрде
басшылыққа алуға;
- салықтар, төлемдер және мемлекет алдьшдағы басқа да қаржылық
міндеттемелер бойынша салық төлеушіге хабарлау талаптарын сақтауға
міндетті.
Шымкент салық комитетінің негізгі мынадай жағдайларға жауап-кершілік
таратады:
1. салықтар мен міндетті төлемдердің бюджетке төленетін, сондай-ақ
мемлекет алдындағы басқа да қаржылық міндеттемелердің орындалуының
толық және уақытылы жүргізілмеуі;
2. бюджетке салықтар, алымдар және мемлекет алдындағы басқа да
қаржылық міндеттемелерінің түсуіне туралы есептердің ақиқаттылығына;
Оңтүстік Қазақстан облыстық салық комитеті өз қызметінде атқарушы, қүқық
қорғаушы және өзге Де мемлекеттік бақылаушы органдарымен бірлесіп жүмыс
істейді, бақылаудың бірлескен шараларын жүргізеді, ақпараттардың өзара
алмасуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ қаржы бақылау агенттігінің аумақтық
органдармен келесі мәселерді шешу бойынша бірлеседі:
3. салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді бюджетке төлеуден жалта
ратын салық төлеушілердің мекен-жайы табылмаған жағдайда;
4. тәркілеуге жататын акциздік тауарларды заңсыз әкелу, өндіру және
сатудың алдын-алу, бетін ашу және кесу бойынша;
- салықтар мен төлемдерді еріксіз өндіріп алу шаралары бойынша;
Ал кеден органдарымен мынадай мәселелер бойынша бірігеді:
- салық органдарының хабарлауы бойынша қарыз салық төлеушінің
экспорттық операцияларын кідірту жөнінде;
- Қазақстан Респубикасының кеден шекарасын кесіп өтетін тауарлардың
экспорты мен импорты бойынша салық органдарына мәліметтерді үсыну
женінде;
Салық органы заң министрлігі органдарымен заң органдарында тіркелген
жөне қайта тіркеуден өткен заңды түлғалар туралы мәліметтерді салыстыру
мәселелері бойынша бірлесіп жүмыс істейді.
Нотариалды мекемелер мен заңды және жеке тұлғалардың ірі келісім-шарттар
жасау мәселелері бойынша бірлесіп әрекет етеді.
Облыстық салық комитеті аталған органдармен өзара келісімдер негізінде
бірлесіп жүмыс істейді. Салық комитеті тікелей Қазақстан Республикасы Қаржы
Министрлігіне бағынады және жергілікті атқарушы органдарға кірмейді.
Облыс, аудан, қала бойынша салық комитеттерінің төрағаларын Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік Министрі қызметке тағайындайды. Облыс, аудан,
қала бойынша салық комитетерінің қьізметкерлерін жүмыс орына облыстық салық
комитетінің төрағасы тағайындайды. Оңтүстік Қазақстан облыстық салық
комитетінде 24 бөлім жүмыс жасайды. Осы бөлімдердің бірнешеуінің
қызметтеріне толығырақ тоқталып кетейік.
Жеке тұлғалармен жұмыс жасау бөлімі
Бүл бөлімнің негізгі мінДеттеріне мыналар жатады:
- бекітілген салықтардың толық жиналуын және басқа да мемлекет ал-
дындағы қаржылық міндеттемелерді толық орындау;
- берешектерді жою;
- салықтандыру жөніндегі ақпараттарды жандандыру және оны орындау, жоғарғы
орындарға мәліметтеу.
Бөлімнің негізгі атқаратын жүмыстары:
Жоғарғы салық органдарының тапсырмасын орындау
Жергілікті өкілді органдарға шешімдер мен өкімдердің негізгі жоспарын,
басшыға жалпы баяндама мен есептерді дайындауды үйымдастыру
Әкімшілік ықпалымен шара қолдануға хаттама дайындап, жоспар мен
қаулы әзірлеу
4.Сәулет және қүрылыс басқармасын, жер қатынастары комитетінен
түрғын үй салу үшін жер учаскілері бөлінген азаматтардың аты, мекен-жайы
көрсетілген тізімді алу
1-ші және 2-ші мүгедек, бөлек түратын зейнеткерлер туралы мәліметтер
алу
Мүлік, жер, көлік салығын төлейтін төлемгерлердің есебін алудағы
жүмыстарды үйымдастыру
Жеке тұлғадарды дүрыс және мерзімінде салықтандыру мақсатында
салық төлемгерлерін аралап, салық есебін алу
Жергілікті салықтарды уақытылы, дұрыс және толық есептеу
Тұрғындардан жергілікті салықтарды жинау
10.Ағымдағы тапсырмалардың дүрыс және мерзімінде орындауын
қамтамасыз ету.
Еріксіз өндіріп алу бөлімінің атқаратын басты міндеттері:
берешектерді еріксіз өндіріп алу;
жоғарғы органдарға берешектер туралы барлық мәліметтерді беру;
барлық жұмыс істеп түрған субъектілердің жұмыстарын қадағалып,
тексеру жүргізу;
берешегі көп мекемелердің банктік шоттардағы қаражаттардың
қозғалысын бақылау;
-банкрот туралы істерді қарағанда, сотқа қаиысу;
-банкрот алдында түрған мекемелердің қарыздарын жабуға бақылау жасау;
-жергілікті орган басшыларына есеп беріп отыру.
Еріксіз өндіріп алу бөлімі:
-кез-келген уақытта заң және жеке тұлғалардың бухгалтерлік кітаптарына,
есептемелеріне, нақты ақшаларына тексеру жүргізуге;
заңды және жеке тұлғалардың салық заңдылығын бүзған жағдайда банк
шоттарындағы операцияларын тоқтатуға;
-салық заңдылықтарын бүзған жеке және заңды түлғаларға айыппүл есептеуге:
Қазақстан Респубикасының заңдылығына сәйкес уақытында төлебеген
айыппүлдар орына қолдағы ақшалары мен мүліктерін алуға қүқылы.
Төлемдерді есепке алу және болжау бөлімінің басты атқаратын кызметтері:
-салық органдарына түскен салықтар мен төлемдерді қазынашылық
басқармасының құжаттарымен тексеру;
-салық заңдылығының орындалуын қамтамасыз ету және салық
төлеушілердің қүқықтарын қорғау;
салық төлеушілерге жеке есеп шоттарын ашу;
бюджетке түсетін салықтар мен төлемдерді есепке алып отыру;
салық төлеушілердің шоттарына жэне банктің қүжаттарына тексеру
салықтың дұрыс есепке алынуына бақылауды жүзеге асыру;
1-Н нысанасында есеп беруді қүру;
-есепті кездегі берешектер туралы есепке беруді қүру болып табылады.
Салық комиттетіндегі барлық бөлімдерді облыстық салық комитетінің
төрағасының ұсынысымен бекітілетін және босатылатын бөлім бастықтары
басқарады.
Салық - бюджеттің басты кірісі екені белгілі. Осы бюджетті толықтырудың
қисынын тауып, қиюын келтіру оңай шару емес. Сондықтан қазіргі таңда
жергілікті салық органдарындағы барлық күш кірістерді бюджетке шоғырландыру
ісіне жүмылдырылып отыр.
Қалалық салық комитетінің алдында тұрған міндеттерге тоқталсақ, ол
мемлекет мүддесін, салық төлеушілердің құқықтарын қатаң сақтай отырып,
бюджетке түсуге тиісті табысты қамтамасыз ету болып табылады.
2 САЛЫҚ ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

2.1. Республикалық бюджет деңгейінде салықтық түсумдерді талдау

Мемлекеттік бюджетке 2005 жылда 1022,3 млрд. теңге түсті. Ал салықтық
түсімдер 965,801 млрд. теңгені, салықтық емес түсімдер - 565,5 млрд.
теңгені қүрады.
2005 жылдың 1 қаңтарына Республикалық бюджетке түскен түсімдер көлемі
2063 млрд. теңгені қүрады, бүл 2003 жылдың тиісті кезеңінің (565,3 млрд.
тенге) деңгейінен 27,7 % артық. 2003 жылдың тиісті кезеңімен (541,6 млрд.
тенге) салыстырғанда кредиттерді есепке алғандағы шығыстар 42%-га өсті жөне
2004 жылдың 1 қаңтарына 768,9 млрд. теңгені құрады. Бюджеттің тапшылығы
46,9 млрд. тенге деңгейінде анықталды.
Есепті кезеңде Республикалық бюджеттің 89,9%-ын табыстар (соның
ішінде салықтар 93%) қүрады. Түсімдер көлеміндегі ресми трансферттер үлесі
8%. Шығындардың негізгі бөлігі 35,2 % әлеуметтік сала мен жалпы мемлекеттік
қызметтер - 21,5% үлесінде.
Осы кезең ішінде жергілікті бюджетке түскен түсімдер 1047,78 млрд.
теңгені, кредитті есепке алғандағы шығыстар 479,1 млрд. теңгені қүрады, бүл
2004 жылдың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салықтық бақылауды ұйымдастырудың теориялық аспектілері
Қаржы, ақша айналымы
Қаржылық бақылау әдістерімен қаржылық бақылаудың органдары
Салық бақылауының жіктелуі
Кәсіпорындағы қаржылық шаруашылық жұмысының негіздері
Пәннің оқу-әдістемелік кешенін дайындау бойынша ереже
Экономиканы мемлекеттік реттеуді ұйымдастырудың теориялық, заңдастыру-құқықтық негіздері
Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарын құқықтық реттеу
Ақмола облысының салық департаменті жұмысы негізінде салықтардын түсімін және салықтық бақылаудың ұйымдастыруын талдау
Салық қызметінің экономикалық табиғаты, мәні және қызметі
Пәндер