Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық географиялық проблемалары және болашағы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. ТАРАУ. . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
1. Оңтүстік Қазақстан облысына физикалық. географиялық
сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1.1.ОҚО.ң территориясының физикалық географиясы, орны, және шекаралары сипаттамсы. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.1.2. Облыстың жер бедері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.1.3 Оңтүстіктің территориясының геологиялық құрылысы және пайдалы қазбалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
1.1.4 ОҚО территориясының климаты және агроклиматологиялық жағдайлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
1.1.5. ОҚО территориясының ішкі сулары, топырағы өсімдік жамылғысы
және жануарлар әлемі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
2 .ТАРАУ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
2. ОҚО.ң экономикалық ерекшеліктері проблемалары және болашағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..36
.2.1 ОҚО.ң экономикалық географиялық орны, әкімшілік территориялық бөлінуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..38
2.2 ОҚО . ң тұрғындар географиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40
2.3 ОҚО.ң қалалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 44
2.4 ОҚО.ң өнеркәсібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...49
2.5 ОҚО.ң Көлік кешені. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .57
2.6 ОҚО .ң ауыл шаруашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..59
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..67
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... .71

Оңтүстік Қазақстан облысының халық шаруашылығына сипаттама дайындау жұмыстың мақсаты болып саналады. Нарықтық экономика кезінде Қазақстан Республикасінің негізгі әкімшілік бөлінуі болған әр бір облысқа, оның даму перспективаларына талдау жасау жұмыстың міндеттеріне жатады. Әр бір облыстың өзінше ерекшелігі, өнеркәсібін, ауыл шаруашылығын құрылымы басқаша болғандықтан оның даму ерекшелігі, жоспарлары тек бір облысқа арналған болады. Оның даму перспективалары өз территориясының табиғат ресурстары, жағдайлары мен байланысты болып оны талдау жұмыстың актуалдығы болып есептелінеді.
Оңтүстік Қазақстан облысы- кең-байтақ қазақ жерінің тарихы терең, құнарлы да құйқалы, өзгеше өңірі. Қаратау мен Алатаудың баурайынан миллиондаған жылдар бұрынғы адамзаттың мекені болған орындар табылып, ғылыми негізде дәлелденуі,сондай-ақ ежелгі түркі қағанаттары тұсында қалалардын жан-жақты өркендеп, өзіндік өркениет орталықтары ретінде танылғаны талай-талай жәйіттерді аңғартады. Бұған баршаға белгілі тарихи тұрақтар, тастағы таңбалар мен жазбалар, Исфиджаб (Сайрам), Отырар, Сығанақ, Сауран, Иасы (Түркістан), Созақ, Шымкент, Құлан сияқты шаһарлар, кейінгі кездердегі қазбалар нәтижесінде анықталып жатқан қорғандар мен кенттердің қалдықтары дәлел. Әлі де небір құпияларын бүгіп, жұмбақтарын жасырып жатқан орындар қаншама.

1. Нұрбеков Ж.Н. Нұрын шашқан Оңтүстік,- Алматы, «Эфект», 2003ж. -288 бет.
2. Бас редактор Аяған Б.Ұ. ОҚО Энцклопедиясы Алматы «Қазақ энцклопедиясы» 2005ж. 560 бет.
3. Бас редактор Нысанбаев. Ә. Қазақ ұлттық энцклопедиясы Алматы Қазақ ұлтық энцклопедия 1998ж. -720 бет.
4. Шымкент Кітап 1998ж.
5. Шымкент дизаины және полеграфия Кітап баспасы. 2003ж.
6. Казахстан – 2030. – Алматы: Юрист, 2002. – 132 с.
7. Казахская Советская Социалистическая Республика./ Гл. ред. Каз. Сов. энц.- А – А.: 1981.- 487с.
8. Казахстан за годы независимости. /Отв. ред. Амбурова Х. К.//Инф. аналит. сб.-Алматы.: 2006.-350с.
9. Геология и металлогения Каратау. Т. I и II, Алма-Ата Наука, 1986 г.
10. Геология и полезные ископаемые Южного Казахстана. Алма-Ата, Наука, 1988г.-345с.
11. Геология СССР. Т. 40, Южный Казахстан, Кн. 1, 2, 3. Москва, Недра 1971, 1977г.
12. Кварцевые пески Южного Казахстана – сырье для производства стекла. В кн.: произвозительные силы Южного Казахстана Т. I. Алма-Ата Наука, 1966.- С.105.
13. Переспективы нефтегазоносност Южного Казахстана. Алма-Ата Наука, 1966. 246с.
14. Рудные месторождения СССР. Том 1, 2, 3. Москва, Недра, 1978.
15. Тефрито-базальты Чимкентской области – сырье для камнелитейного производства. Алма-Ата «Наука», 1966.168с.
16. Чупахин В.М. Физическая география Казахстана./ Чупахин. В.М. А-А.: Мектеп, 1968.- 260с.
17. Юшко С.А. Главнейшие минеральные ассоциации в свинцово-цинковых месторождениях хребта Каратау. Изв. Вуз. Геология и разведка, 1960, №2.-С.87-95.
18. Генплан г. Арыс. Архив институт № 6234 Қазгарстройпораект Алма-Ата1975г.
19. История индустриаизации Казахский ССР. Алма-ата 1976г.
20. Сарыагаш БСЕ Масква 1975г. 603; Казак совет энцклопедиясы Алма-Ата 1971 35 б.
21. Курорт Казахстана Алма-Ата 1973г.
22. Туркестанский край СПб. 1913. Ташкент
23. Кентау –город юностй Алма-Ата 1971г.
24. Чардара Древности Чардары Алма-Ата 1971г.
25. Дүйсенов Ә.Б. Жаңарған Шардара Алматы 1971ж.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қазақстан Халықтар Достығы университеті
Оңтүстік Қазақстан педагогикалық институты
Кафедрасы География
050116- География мамандығы
Диплом жұмысы
Тақырыбы: Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық
географиялық проблемалары және болашағы
Ғылыми жетекшісі: Орындаған:
г.-м. ғ. к., доцент
116 – 41 тобының студенті
Турсункулов Э. Т.
Мырзабаев Шүкір
----------------------
______________
2008
Норма бақылау:
Қорғауға жіберілді:
ТО меңгерушісі
Кафедра меңгерушісі
________ Н.Д.Каменских Елюбаев
С. _______
____________2008ж
_____________2008ж
Шымкент 2008
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 3
1- ТАРАУ. . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
1. Оңтүстік Қазақстан облысына физикалық- географиялық
сипаттама

... .
1.1.1.ОҚО-ң территориясының физикалық географиясы, орны, және
шекаралары сипаттамсы.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.1.2. облыстың жер
бедері ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... 9
1.1.3 Оңтүстіктің территориясының геологиялық құрылысы және пайдалы
қазбалар ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
1.1.4 оқо территориясының климаты және агроклиматологиялық
жағдайлары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 22
1.1.5. ОҚО территориясының ішкі сулары, топырағы өсімдік жамылғысы
және жануарлар
әлемі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
.26
2 –ТАРАУ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . .
2. ОҚО–ң экономикалық ерекшеліктері проблемалары және
болашағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...36
.2.1 ОҚО–ң экономикалық географиялық орны, әкімшілік территориялық
бөлінуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
..38
2.2 ОҚО – ң тұрғындар
географиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40
2.3 ОҚО-ң
қалалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... .44
2.4 ОҚО-ң
өнеркәсібі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ..49
2.5 ОҚО-ң Көлік кешені.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..57
2.6 ОҚО –ң ауыл
шаруашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..59
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...67
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... .71
Кіріспе
Оңтүстік Қазақстан облысының халық шаруашылығына сипаттама
дайындау жұмыстың мақсаты болып саналады. Нарықтық экономика кезінде
Қазақстан Республикасінің негізгі әкімшілік бөлінуі болған әр бір облысқа,
оның даму перспективаларына талдау жасау жұмыстың міндеттеріне жатады.
Әр бір облыстың өзінше ерекшелігі, өнеркәсібін, ауыл шаруашылығын құрылымы
басқаша болғандықтан оның даму ерекшелігі, жоспарлары тек бір
облысқа арналған болады. Оның даму перспективалары өз территориясының
табиғат ресурстары, жағдайлары мен байланысты болып оны талдау
жұмыстың актуалдығы болып есептелінеді.
Оңтүстік Қазақстан облысы- кең-байтақ қазақ жерінің тарихы терең,
құнарлы да құйқалы, өзгеше өңірі. Қаратау мен Алатаудың баурайынан
миллиондаған жылдар бұрынғы адамзаттың мекені болған орындар табылып,
ғылыми негізде дәлелденуі,сондай-ақ ежелгі түркі қағанаттары тұсында
қалалардын жан-жақты өркендеп, өзіндік өркениет орталықтары ретінде
танылғаны талай-талай жәйіттерді аңғартады. Бұған баршаға белгілі тарихи
тұрақтар, тастағы таңбалар мен жазбалар, Исфиджаб (Сайрам), Отырар,
Сығанақ, Сауран, Иасы (Түркістан), Созақ, Шымкент, Құлан сияқты шаһарлар,
кейінгі кездердегі қазбалар нәтижесінде анықталып жатқан қорғандар мен
кенттердің қалдықтары дәлел. Әлі де небір құпияларын бүгіп, жұмбақтарын
жасырып жатқан орындар қаншама.
Облыс аумағының табиғаты мен жер жағдайы да ерекше. Биік-биік таулар
мен жосылып жатқан жоталар, жазық далалар мен шөлейтті құмдар тоғысып,
тоғайласып, өзіндік өрнек құрайды. Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда,
Қаратау сілемдерін көлденең жатып ағатын өзендердің құрылымынан осынау тау
жоталарының көтерілуі 350-400 мың жыл бұрынғы тектоникалық кезеңде
басталғаны дәлелденген.
Ұлы Жібек жолының негізгі күре-тамырларымен қатар көне кенттерге,
Алатау мен Қаратаудың асулары мен бел-белестеріне, Сырдария мен Шудың және
Арыстың ұзына бойларына, Қызылқұмның түпкір-түпкіріне таралып жатқан
тараулары мен бұтақтары тіпті де көп. Көне қалаларымыздың бірі Түркістанның
1500жылдығы ЮНЕСКО аясында аталып өтті. Қазақстан Республикасының
Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, Он бес ғасырлық тарихы бар бұл
қаланың мерейтойы – тек Түркістанның ғана емес, Қазақстан Республикасының,
бүкіл түркі тілдес халықтардың да мерейін үстем ететін игілікті шара.
Ендігі мақсат –Түркістан қаласын Орталық Азиядағы аса маңызды мәдени,
рухани, ғылыми және сауда-эканомикалық орталық ретінде одан әрі абаттандыра
беру болып табылады, -деде.
Облыс орталығы Шымкент қаласы-Қазақстандағы инфрақұрылымы дамыған,
өнеркәсіптік және ғылыми-мәдени жағынан алғанда да аса айшықты шаһарлардың
бірі. Қасиетті Қазығұрт тауының баурайынан басталатын жазықта қанатын кеңге
жайған қаламыз халқының саны жағынан республикамызда үшінші орын алады.
Шымкентте 600 мыңнан астам адам тұрады. Ал Қаратау тәжі атанған Кентау,
тоғыз жолдың торабы делінетін Арыс, сондай-ақ Сарағаш, Шардара, Жетісай,
Ленгер қалаларының да өзіндік ерекшеліктері аз емес. Мәселен, Мақтаарал,
Сарағаш, Сайрам сияқты аудандардың әрқайсысында 230-250мыңнан аса халық
тұрады.
ОҚО Тянь-Шань тауының батыс сілемдері мен Тұран ойпатының шығысын ала
117,3 мың шаршы шақырым аумаққа орналасқан. Оның солтүстік бөлігін
Бетпақдала шөлі, оңтүстік қиыр шетін Мырзашөл қуаң даласы алып жатыр.
Қазақстан Республикасының оңтүстік аймағына орналасқан. 1932 жылы 10
наурызда құрылған. Әкімшілік орталығы- Шымкент қаласы. Облыста 11 селолық
аудан мен 4 қалалық әкімшілік, 7 қала (Шымкенттен басқа), 13жұмысшы
поселкесі, 933селолық және ауылдық елді мекен бар.
Оңтүстік Қазақстан обылсының айтарлықтай өндірістік-эканомикалық
мүмкіндіктері бар. Олардың негізін орасан зор табиғи қорлар мен жеткілікті
еңбек ресурстары құрайды.
Уран қоры жөнінен облыс Қазақстанда бірінші, фосфариттер мен темір
рудасы бойынша-үшінші орын алады.
Жалпы, қатты пайдалы қазбалардың баланстық қоры мен болжама
ресурстары бойынша облыстағы жер қойнауының байлығы 240 млрд. АҚШ долларына
тең деп бағаланады. Оның ішінде: бокситтер, темір рудасы, уран, қорғасын
мен мырыш, көмір жөнінен.
Барланған кен орындары мен геологиялық барлау құрылыстарын игеру,
болжамдық ресурстарды өнеркәсіптік санаттарға өткізу және оларды кеиінгі
өндірістік игеру үшін шамамен 2.0млрд.АҚШ доллары қажет.
Алғашқы кезекте мынадай кен орындары игерілуге тиіс,
-Шу-Сарысу және Сырдария ойпаттарыдағы уран кен орындары (Жалпақ және
Мыңқұдық),
-Күмісті кен ауданындағы алтын кен орны,
-Жабағылыдағы ванадий кен орны,
-Өгем жотасындағы қорғасын, мырыш, вольфрам кен орны,
-Придарожный мен Орталықтағы көмірсутектер кен орны,
Облыс мақта, тері шикізаттары, өсімдік майы, жеміс-жидек, көкөніс
өнімдерін, жүзім, бау-бақша, макарон, темекі, сыра және басқа алкагольсіз
сусындарды басқа жерлерге жеткізіп апарады.
Сонымен бірге, облыста қорғасын, цемент, мұнай өнімдері, күкірт
қышқылы, шйфер, автотрактор шиналары, эксковаторлар, трансформаторлар,
майлы ажыратқыштар, шұлық-ұйық тігін бұйымдары, жиһаз шығармалары.
Облыс екі бағытта жалпы ұзындығы 445км темір жолдар, ұзындығы 5,3мың
км. Автомовиль жолдары, оның ішінде қатты жабыны балы 5,1мың км жол бар.
Азаматтық овиация ұзындығы 27мың км ауа белдеулерінде жұмыс істейді. Облыс
орталығы халқаралық Орынбор-Ташкент және Түркістан-Сібір магистральдарының
тоғысында орналасқан. Сонымен қатар облыс аумағы
арқылы Ташкент-Шымкент-Тараз-Алматы және Ташкент-Шымкент-Түркістан-
Самара автомагистральдары өтіп жатыр.
Диплом жұмысын жазуда Республика баспаханаларында басып шығарылған
арнайы ғылыми әммебап әдебиеттер, газеталар және ҚСРО кезінде шығарылған
әдебиеттерден пайдаланылды. Экономикасының салаларын жазуда облыстық
статистикалық басқарманың материалдарында пайдаланылды.
Диплом жұмысы үш негізгі тараудан: кіріспе, негізгі бөлім,
қорытындынан құралған. Екінші негізгі бөлім тараушаларға, олар бөлімшелерге
бөлінген. Жұмыс пайдаланылған әдебиеттер, суреттер тізімдерімен
толықтырылған.
1- ТАРАУ
Оңтүстік Қазақстан облысына физикалық- географиялық сипаттама
1.1 ОҚО-ң территориясының физикалық географиясы, орны, және шекаралары
сипаттамсы.
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілік-аумақтық бірлік ретінде 1932 ж. 10
наурызда құрылған, республиканың оңтүстігінде, Сырдария алабында
орналасқан. Жер көлемі 117,3 мың км2, бұл Қазақстан аумағының 4,3% бөлігін
құрайды. Халқының саны 2,17 млн. (1.7.2004). Терістігінде Қарағанды,
батысында Қызылорда, шығысында Жамбыл облыстарымен, ал түстігінде Өзбекстан
Республикасымен шектеседі. облыста 11 аудан, 8 қала, 13 кент және 932
ауылдық елді мекен бар. Облыс аумағы 171 ауылдық округтерге және 13 кенттік
округтерге бөлінген. Орталығы — Шымкент қаласы.
Республикада қолайлы табиғи жағдайларымен ерекшеленетін, қысы қатал,
жазы салқын Түлкібас пен түгін тартса майы шығатын Жетісайдың, жайма шуақ
Түркістанның арасында ежелде өмір сүрген өркениетті ел болғандығын
дәлелдейтін археологиялық қазба орындар мол. Жақпар тастарда, қыш
кітаптарда қалған таңбалар оңтүстік өлке тарихының сырлы белгісі іспетті.
Облыстың айтарлықтай өндірістік - экономикалық мүмкіндіктері бар.
Олардың негізін орасан зор табиғи қорлар мен жеткілікті еңбек ресурстары
құрайды.
Уран қоры жөнінен облыс Қазақстанда бірінші, фосфориттер мен темір
рудасы бойынша — үшінші орын алады.

өнімдерін, жүзім, бау-бақша, макарон, темекі, сыра және басқа да
алкогольсіз сусындарды басқа жерлерге жеткізіп отырады.
Сонымен бірге, облыста қорғасын, цемент, мұнай өнімдері, күкірт қышқылы,
шифер, автотрактор шиналары, экскаваторлар, трансформаторлар, майлы
ажыратқыштар, шұлық-ұйық, тігін бұйымдары, жиһаз шығарылады.
Облыста екі бағытта жалпы ұзындығы 445 км темір жолдар, ұзындығы 5,3 мың
км автомобиль жолдары, оның ішінде қатты жабыны бар 5,1 мың км жол бар.
Азаматтық авиация ұзындығы 27 мың км ауа белдеулерінде жұмыс істейді. Облыс
орталығы халықаралық Орынбор — Ташкент және Түркістан — Сібір
магистральдарының тоғысында орналасқан. Сонымен қатар, облыс аумағы арқылы
Ташкент — Шымкент — Тараз — Алматы және Ташкент — Шымкент — Түркістан —
Самара автомагистральдары өтіп жатыр.
Ерте кездердің өзінде Оңтүстік өңірі, оның Отырары мен Түркістаны,
Сайрамы мен Шымкенті, тағы басқа қалалары, Қаратауы мен Алатауы, Мырзашөлі
мен Қызылқұмы, Созағы мен Қазығұрты, Сырдариясы мен Арысы сияқты таулары,
өзен, сулары, жазиралы далалары, берекелі құмдары баршаға мәшһүр болған 4
.
Облыстың физикалық картасы
1-сурет
1.2. облыстың жер бедері
Оңтүстік Қазақстан облысының табиғат жағдайлары алуан түрлі, мұнда
шөлдер мен шөлейттер, төбелер, тау жоталары мен қыраттар кездеседі. Жер
бедері бойынша оны үш ауданға бөлуге болады: таулы, төбелі және жазық дала.
Облыстың таулы ауданы оңтүстігінде Батыс Тянь-Шань жоталарынан,
орталығында Қаратаудан, ал оңтүстік-шығысында Талас Алатауының сілемдері
болып табылатын Қаржантау және Өгем жоталарынан тұрады.
Өгем жотасы оңтүстік-батыс бағытта 120 км-ге созылып жатыр және
кескінінің тегістігімен сипатталады. Оның суайрық жоталары әдетте жазық
келеді, көптеген карст шұңқырлары бар. Оңтүстік-батыс бөлігіндегі басты
суайрық жотасы солтүстік-шығыс бөлігінде көтеріле отырып, 2800-3200 м.
биіктікке жетеді. Жекелеген шыңдарының биіктігі 3700-3800 м. дейін жетеді.
Жотаның құрылысы ассиметриялық, ол түгел дерлік ізбестен тұрады. Жотаның
солтүстік-батыс баурайлары көлбеу және ұзын келген. Суайрық жоталары тегіс
формаларымен ерекшеленеді. Ағын су мұнда бірқатар тар, жартасты, жүру қиын
шатқалдар түзген.
Өгем жотасының суайрық басы солтүстік-шығысқа қарай өзінің жазық пішінін
жоғалтып, сүйірленген және тілімделген. Жотаның баурайларын Өгем және
Піскем өзендерінің көптеген салалары алып жатыр. Бұл салалардың аңғарлары
тасты шатқалдар болып келеді.
Қаржантау жотасы Өгем жотасынан батысқа қарай орналасқан. Оның жалпы
ұзындығы 80 км-ге жуық.
Жотаның шығыс бөлігін Өгем жотасынан Өгем өзенінің аңғары бөліп жатыр.
Батысында Келес өзені орналасқан Келес ойпаты жатыр.
Жотаның басты су айрығы оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай
созылып жатыр, баурайлары тік, қысқа келген, көптеген аңғарлармен бөлінген.
Жотаның орташа биіктігі 1700-2000 м. Ең биік нүктесі - Мыңбұлақ тауының
биіктігі - 2834 м.
Қаратау жотасы Талас Алатауынан Шоқпас асуы тұсында бөлініп шығып,
солтүстік-батысқа қарай 420 км-ге созылып жатыр. Ол Солтүстік-батыс (Үлкен)
Қаратау мен Шығыс (кіші) Қаратауға бөлінеді. Қаратау жүйесіне негізгі
жотамен бірге Боралдайтау, Үлкен Ақтау сынды оған қатар орналасқан бірнеше
жота кіреді.
Жотаның көлденең қимасының құрылысы ассиметриялық - оңтүстік-батыс
баурайы көлбеу, ұзын келген, ал солтүстік-шығысы тік, салыстырмалы қысқа.
Оңтүстік-батыс баурай Қарашық, Баялдыр т.б. өзендердің аңғарларымен күшті
тілімделген. Жоғары бөлігінде 100-400 м, орта бөлігінде 500-600 м. және
етегінде 60-250 м. тереңдікке дейін жетеді. Өзен аралықтарында құрылымдық
қырқалардың рельефі тән. Суайрық жоталардың бойында кейде үстірт тәріздес
учаскелер кездеседі.
Оңтүстік-Батыс Қаратаудың ізбестен, құмнан, алеврометтен және
интрузивтік жыныстардан тұратын солтүстік-шығыс баурайына тар өзен
аңғарлары бар тік баурайлар тән, мұнда төбелі учаскелер сирек кездеседі.
Қаратау жотасы солтүстік-батысында біртіндеп төмендеп, жекелеген
шоқыларға ауысады және Қызылқұм мен Бетпақдала шөлдерінің шекарасы маңында
көрінбей кетеді.
Кіші Қаратау үшін төбесінің жайпақ болып келуі және солтүстік-шығыс
баурайының айтарлықтай тілімденуі тән.
Осы сипатталып отырған аумақта байқалатын тектоникалық қозғалыстар
таулардың геоморфологиялық құрылысы мен қатпарлы құрылысында өз ізін
қалдырған. Жас көтерілулер тау рельефінің әртүрлі сатыларын жасады, ал тау
етегі мен тау аралықтарында аккумулятивтік рельеф қалыптасты. Осыған
байланысты аумақта рельефтің үш генетикалық типін бөліп көрсетеді:
денудациялық — тектоникалық таулар, эрозиялық — денудациялық пласты
жазықтар және аккумулятивті жазықтар.
Денудациялық - тектоникалық таулардың рельефі мұздықты – нивальдық биік
тау белдеуін, эрозиялық - денудациялық орта тау белдеуін және аридті —
денудациялық тау бөктерін біріктіреді.
Мұздықты - нивальдық биік тау белдеуі биіктігі 2500 м. асатын Өгем,
Майдантал, Талас жоталарында дамыған. Рельефте мұздық денудацияның және
аязды желден мүжілудің іздері бар. Мұнда аспалы мұздықтар мен күртік қар
басқан карлар, трог аңғарлары, цирктер, мореналық шөгінділер және адам аяғы
жете бермейтін жартасты аңғарлар кең таралған. Трог аңғарларының көбінде
ежелгі мұз басудың іздері қалған, тек кейбірінде ғана қазір аңғар
мұздықтары кездеседі. Қардың көптігі мен тік баурайлар қар көшкінінің
жүруіне себепші болады. Мұнда шұңқырлар мен үңгірлер түрінде ежелгі және
қазіргі карстар кездеседі. Шөгінді және опырынды материалдардан аңғарларда
түрлі бөгеттер түзіліп, тоғандар пайда болады.
Эрозиялық - денудациялық орта тау белдеуі Қаратау, Талас және Қаржантау
жоталарында кездеседі. Рельеф 1800-2500м. биіктікпен сипатталады. Суайрық
жоталардың үштары сүйір, дегенмен жайпақтары да кездеседі. Аңғарлардың
кескіні Ү-тәріздес, баурайларының тіктігі әртүрлі, олар қиыршық тастармен
және қой тастармен көмкерілген. Шұңқыр түріндегі карстар, сайлар кездеседі,
олар болуы мүмкін сел ошақтары болып табылады. Көлбеу келген баурайларда
эрозияның интенсивтілігі әлсірейді. Орта тау белдеуі рельефінің түзілуі
альпі тектогенезімен байланысты.
Аридті денудациялық төменгі тау белдеуі Қаратау тауының негізгі рельефі
болып табылады және 700-1500м аралығындағы биіктікпен сипатталады.
Мұндағы рельеф эрозиялық тілімденуімен және беткейдің тегістелу
кескіндерімен ерекшеленеді. Суайрық жоталардың тегістелген беткейлерін
аңғарлар кесіп өтеді. Қаратаудың оңтүстік-шығысында Боралдай және Құлан
таулары орналасқан. Мұндағы суайрық жоталар шошақ келген, ал жекелеген
шыңдар үшкір пішінді. Тау аңғарлары тар, жартасты ал олардың ұзына бойы
кескіні сатылы келген. Баурайлардың жартасты сипаты мен карст құбылысының
дамығандығы тау жасаушы ізбестердің кең таралуымен анықталады. Төменгі тау
белдеуінің рельефі тектоникалық және одан кейінгі денудациялық-эрозиялық
процестердің өзара әрекет тесуімен түзілген.
Эрозиялық - денудациялық пласттық жазықтар Қаратау жотасының оңтүстік-
батыс баурайының бойында таралған. Толқын тәріздес жер бедері мезозой және
кайназой шөгінділерін сайлар мен аңғарлардың тілімденуі нәтижесінде пайда
болған. Мұнда мезозой және кайназой дәуірлерінде опырынды материал
жинақталған. Кейіннен тектоникалық қозғалыстардың нэтижесінде тау жыныстары
көлбеу қатпарлы құрылымдарға айналған. Осыған байланысты рельеф солтүстік-
шығыстан оңтүстік-батысқа қарай созылған қысқа тау тізбектерімен
сипатталады. Литологиясы жағынан әртүлрлі жыныстардың эрозиялық мүжілуі
рельефтің төбелі және үстелді -тау жұрнақты типін анықтады. Рельефтің осы
типі жыралық эрозия процестерінің әлсіз байқалуымен сипатталады.
Аккумулятивтік жазықтардың рельефі екі түрлі - пролювиальдық еңіс және
аллювиальдық террасаланған жазықтар.
Пролювиальдық еңіс жазықтар Талас Алатауының солтүстік баурайларын,
Қаратаудың оңтүстік-батыс және солтүстік-шығыс баурайларын және Қаржантау
жотасының солтүстік баурайларын түзген. Олардың биіктігі 300-800м
аралығында ауытқиды. Тау етегінде бірқатар көтеріңкі учаскелер түзілген,
бұл жазықтарға әлсіз толқынды сипат береді. Эрозиялық аңғарлар кең
таралған, олар әлсіз байқалатын террасаланған кертпелер түзеді. Көбінесе
жас эрозиялық ойықтар ежелгі кең аңғарларға сұғынып жатады. Аңғарлардың
ойығының тереңдігі тау етегінде 20-30м жетеді, ал таудан алыстаған сайын
біртіндеп азайып, тегістеліп кетеді.
Еңіс жазықтардың рельефі тектоникалық, денудациялық және негізінен,
аккумулятивтік процестердің өзара әрекеттесуінен қалыптасқан.
Аллювиальдық террасаланған жазықтар Ақсу, Арыс және т.б. өзендердің
бойында кездеседі. Жазықтардың түзілуі өзендердің аккумулятивтік әрекетіне
байланысты. Жазықтардың беті террасалармен бұрырланған. Төрт терраса бөліп
көрсетіледі: өзен жайылмасы және жоғары жайылма, екінші және үшінші жайылма
үстіндегі террасалар.
Жайылма (жоғары жайылмамен бірге) барлық өзендердің бойында кездеседі.
Олардың ені 0-600м аралығында ауытқиды. Жайылма өзен бастауларында
қиыршықты - малта тасты шөгінділерден құралған, бұл шөгінділер өзеннің орта
ағысында қиыршықты – құмды және саздақты құрылымға ауысады. Өзен сағасына
қарай құмды-саздақты құрылымдар басым болады.
Бірінші жайылым үстіндегі террасаның ені 0,2-ден 2-4 км-ге дейін
өзгереді және жайылмадан 0,6 - 2,5 метрлік кемермен бөлініп тұрады.
Террасаның беті тегіс болады, тек өзен жаққа қарай болмашы ғана еңіс
келеді.
Екінші жайылма үстіндегі террасаның су бетінен биіктігі 5-10 метрдей
болады. Оның беті тегіс, террасаның ені 0,5-2 км-ден 15-20 км-ге дейін
ауытқиды.
Үшінші жайылма үстіндегі терраса кең таралған. Оның беті лай тәріздес
саздақ топырақтан тұрады, жыралармен тілімденген. Жыралар ойығының
тереңдігі 10-30 м-ге жетеді, ал террасаның биіктігі 5-7 - ден 20 - 40 м-ге
дейін өзгереді. Террасаның ені кейде 20 км-ге дейін жетеді.
Аймақты геологиялық құрылысының күрделілігі бойынша аудандастыру
қарастырылып отырған аумақта үш негізгі геологиялық – құрылымдық элементті
бөліп көрсетуге болады: денудациялық, пласттық және аккумулятивтік
жазықтар.
Денудациялық – тектоникалық тарауларға Талас Алатауы, Өгем, Майдантал,
Қаржантау, Жабағылы, Үлкен және Кіші Қаратау сияқты бірқатар тау жоталары
жатады.
Өгем мен Майдантал жоталары – биіктігі 4000м асатын таулар. Мұнда аспалы
мұздықтары бар Карлар, Трог аңғарлары, цирктер, мореналар, тік жартасты
аңғарлар кең тараған.
Қаржантау жотасының ұзындығы қысқа ғана - 50 км-ге жуық, биіктігі 1800-
2000м суайрық жоталарының пішіні негізінен жұмыр, жазықтан 900-1000м
биіктікте көтеріліп тұрады.
Жабағылы тауы солтүстік-шығысқа қарай 30 км-ге созылып жатыр. Тау
биіктігі 4000 м-ден асады. Ең биік нүктесі - Ақсукент шыңы (4027 м.)5 оның
солтүстік баурайында мұздық бар. Таудың оңтүстік және солтүстік екі тармағы
бар.
Үлкен және Кіші Қаратау жоталарының ұзындығы - 420 км, биіктігі 1500-
1800 м, орта және аласа тауларға жатады. Ең биік нүктесі - Бессаз тауы
(2176 м.). Баурайлары ассиметриялы, солтүстік-шығыс баурайы тік, жартасты,
оңтүстік-батыс баурайы көлбеу және өзендері мен жылғалар көп шығады. Терең
өзен аңғарлары жота баурайларын жекелеген өзен аралық массивтерге бөледі.
Өзен аңғарлары каньон тәріздес. Рельеф макро-пішіндері оны жасаушы
жыныстардың литологиясымен байланысты: суайрық кеңістіктер ізбестерден
тұрады, төбелі рельеф аргиллиттер ауданында дамыған. Эрозиялфқ-денудациялық
- пласттық Қаратау жотасының оңтүстік-батысында таралған. Бұл толқынды
рельефтің кей жердегі биіктігі 50 м-ге дейін жетеді.
Аккумулятивтік жазықтардың рельефі екі түрмен - пролювиальдық еңіс
жазықпен және аллювиальдық жазықпен берілген. Ақсудың төменгі ағысы және
Арыс сияқты ірі өзендердің бойында таралған. Пролювиальдық еңіс жазықтар
Талас Алатауының солтүстік баурайларында және Қаратаудың оңтүстік-батыс
баурайында кездеседі 11,12 .
1.3. Оңтүстіктің территориясының геологиялық құрылысы
және пайдалы қазбалар
Оңтүстік Қазақстан облысының жазықтық аймағы Тұран плитасының құрамына
кіреді.
Жазық өңірі негізінен мезокойнозой шөгінді жыныстары мен құм, тас,
құмдар, илевролиттер, саз - балшықтар жамылғычсы таулы бөлігі төменгі
протерозой - палеозойлық жыныстардан конгломераттар, құм тастар,
мәрмәрлер, ізбесті тастар доломиттер, граниттер, габбро, липариттер ж.т.б.
мезокойнезой шөгінділерімен жамылған.
Ақсу, Сайрам өзендерірінің алабтарында, тау етектерінде бор дәуірінде
жыныстары таралған. Батыс Тянь-Шань, Қаратау тау етектерінде ерте бор
дәуірінде қызыл-сарғыш саз - балшықтар құмтастар алевролиттер таралған.
Бор дәуірінде климат құрғақ, аридті болған. Мұның өзі қызыл түстегі
жыныстардың кең тарағанын көрсетеді. Төменгі жағы құмды саздармен, жоғарғы
қабаты конгломераттармен және басқа шөгінді тау жыныстарымен құралған.
Қалыңдығы 1500м –ге дейін жептеді.
Қаратау және Талас Алатауында кембрий, ардовик, дервон, карбон
дәуірлерінің тау жыныстары таралған. Қаратау етектерінде полеген дәуірінің
жыныстары құмды – сазды болып келеді.
Аумақты геологиялық - геоморфологиялық құрылысының күрделілігі бойынша
аудандастыру. Қарастырып отырған аумақта үш негізгі геологиялық-құрылымдық
элементті бөліп көрсетуге болады: денудациялық, пластық және аккумулятивтік
жазықтар.
Денудациялық-тектоникалық тарауларға Талас Алатауы, Өгем, Майдантал,

Өгем мен Майдантал жоталары - биіктігі 4000 м. асатын таулар. Мұнда
аспалы мұздықтары бар карлар, трог аңғарлары, цирктер, мореналар, тік
жартасты аңғарлар кең тараған.

2000 м., суайрық жоталарының пішіні негізінен жұмыр, жазықтан 900-1000 м.

биіктігі 4000 м-ден асады. Ең биік нүктесі – Сайрам шыңы (4027 м.), оның

Аумақтың геологиялық құрылысына шығу тегімен жасы әртүрлі жыныстар
кешені - протереозойдан төрттік дәуірге дейінгі шөгінділер қатысқан.
Қарастырылып отырған аумақ литологофацияльдық және
стратиграфогенетикалық жыныстар құрылымдық-тектоникалық жағдайының
күрделілігімен ерекшеленеді.
Протерозой тобы. Жоғары протерозой.
Жоғары протерозой шөгінділерінің жалпы қалыңдығы 2600 м.
Кейінгі протерозой шөгінділері Үлкен Қаратау жотасының солтүстік-шығыс
баурайында байқалады және қайнар мен бақырлы қабаттары болып бөлінеді.
Қайнар қабатының құрамына қышқыл құрамды (кварц порфирлері альбитофиралар
кератофиралар), орта және негізгі құрамды эффузивтер (диабаздар,
спиллиттер, порфириттер), олардың туфтары жылу туфтары туфогендік
конгломераттар, сланецтер кіреді.
Палеозой тобы. Палеозой тобының шөгінділері кембрийге дейінгімен
салыстырғанда кеңірек таралған әрі үлкен қалыңдығымен көзге түседі.
Кембрий жүйесінің шөгінділері Үлкен және Кіші Қаратауда кең таралған.
Кембрий 3 бөлімге бөлінеді.
Төменгі Кембрийдің негізіндегі базальттық конгломераттары Үлкен
Қаратауда жатыр олар жоғары қарай құмды сазды кремнийлі сланецпен алмасады.
Үлкен Қаратаудағы төменгі кембрий қабатының қалыңдығы 1000м жетеді.
Үлкен Қаратаудағы орта және жоғарғы кембрий шөгінділері конгломераттар
мен сортталмаған құмдақтардан басталады (қалыңдығы 20-35 м.), ол жоғары
қарай құрамында ванадий мен фосфор болған, сланецтер, алевролиттер бар
көмірлі - кремнийлі сланецтер қабатымен алмасады. Қабатты филлит тәріздес
сланецтер, алевролиттер, ізбест тастар мен доломиттер және кремнийлі
жыныстар аяқтайды.
Ордовик жүйесінің шөгінділері Үлкен және Кіші Қаратауда кең тараған.
Төменгі және орта бөлімдер.
Үлкен Қаратауда төменгі-орта ордовик құрылымдары литологиялық жағынан
кварцтық-хлориттік-филлиттік сланецтер түрінде (ізбеспен алмасып отырады)
берілген. Одан жоғарьіда қоңыр яшмалар мен яшма тәріздес ала-қүла түсті
сланецтер, алевролиттер, алевролитті сланецтер жатыр, олар филлиттік, кварц-
серициттік сланецтермен алмасады. Қабаттың қалыңдығы 1000м жетеді.
Орта-жоғары ордовик құрылымдары Үлкен Қаратау жотасының оңтүстік-шығыс
бөлігінен байқалады. Қалың алевролитті - құмдақ қабатпен, кварц -шпатты
жасыл-сүр құмдақ түрінде берілген. Қалыңдығы 1000м
Девон жүйесі. Орта және кейінгі девон шөгінділері Қаратаудың орталық
бөлігінде кең тараған және туфогендік материалды конгломераттар мен
аргиллиттермен берілген. Шөгінділердің жалпы қабаты 2000м жетеді.
Тас көмір жүйесі. Төменгі бөлім шөгінділері Қаратаудың оңтүстік-
батысында, Боралдай және Өгем жоталарында көрінеді. Шөгінділер ізбестті
тастар, доломит, мергель, құмдақ және алевролиттер түрінде кездеседі.
Қалыңдығы 825-2825м шамасында.
Орта бөлім шөгінділері Кіші Қаратау жотасының солтүстік-шығыс бөлігінде
кездеседі. Жыныстары құмдақтан, конгломераттан және қызыл гипсті саздан
тұрады. Шөгінділердің қалыңдығы 500м дейін.
Пермь жүйесі. Бұл жүйенің шөгінділері Қаржантау жотасындағы Ленгір көмір
кенішінен оңтүстікке қарай таралған. Шөгінділер ізбесті конгломераттардан,
құмдақтардан, алибитофирлердің қабатшасы бар порфиттерден тұрады. Қалыңдығы
650 м. дейін жетеді.
Мезозой тобы. Юра жүйесі. Юра шөгінділері тек юра дәуіріне дейінгі
дойпатты жерлердетолтырған, сол себепті өте аз таралған арасында таралған
және сүр, жақсы жылтыраған ізбестен, кварц тастары мен малта тастарынан
тұрады. Шөгінділердің қалыңдығы 700-3000м
Бөлінбеген юра шөгінділері. Келтемашат және Ленгір көмір кеніштерінің
маңында жер бетіне шығып жатады. Конгломераттармен, көмірлі сланецтермен,
құмдақты саздармен құралған. Қалыңдығы 200 м. жуық.
Бор жүйесі. Шөгінділер Үлкен Қаратау жотасында, Үлкен және Кіші Қаратау
жоталарының арасындағы депрессияда кездеседі. Ізбес пен мергель қабатшалары
бар қызыл және қызыл-жасыл саздан қалыптасқан. Қалыңдығы 25-130 м.
аралығында.
Жоғары бор шөгінділері Қаратаудың оңтүстік-батыс бөктерінде, Ташкент
маңындағы Чульде кең тараған.
Пайдалы қазбалар. Оңтүстік Қазақстан облысы полиметаллдық кендердің,
фосфаттардың қоймасы болып табылады. Облыс территориясындағы полиметаллдық
кендердің құрамында қорғасын, мырыш сонымен қатар сирек жер элементтері
(мыс, алтын, күміс, германий, индий және т.б.) болады. 110 кен орындары
белгілі ( үлкендеріне Ащысай, Мырғалымсай, Қарасай, Байжансай және т.б.).
Оңтүстік Қазақстан облысы республикада қорғасын өндіру бойынша үшінші орын,
мырыш төртінші, ал полиметаллдық кендерді өндіру мөлшері бойынша Шығыс
Қазақстан облысынан кейін екінші орынды иеленеді.
Қаратау тауындағы таукен өндірісі ертеден белгілі. Қаратау тауы жүздеген
километрге, ал оның оңтүстік-батыс етегінде қорғасынды-мырыш кен орындары
созылып жатыр.
Қаратау тау жотасының кен орындары мен кен іздері карбонаттық
жыныстардың арасында орналасқан, Ащысай кен орны Қаратаудың оңтүстік-батыс
беткейінде Түркістан қаласынан 110 км жерде орналасқан. Оны 1873 жылы
белгілі орыс табиғат зерттеушісі НА. Северцев ашқан.
Мырғалымсай кен орнын 1930 жылы Қарасай таукен барлау партиясының аға
коллекторы Мырғалым Фахрезетдов ашты. Ащысай кендерінен ерекшелігі
Мырғалымсай кенінің құрамыңда бөліп алуға болатын күміс, барий және т.б.
пайдалы компоненттері бар.
Байжансайдың қорғасын және мырыш кендері жер бетіне жақын орналасқан.
Оны жергілікті тұрғындар тапқан қорғасынмен цинктік қоры бойынша орташа кен
орнына жатады. Өндірісі 1954 жылы басталған.
Қаратаудың қорғасын-мырыш кен орындарының кендерінде индий элементі бар
Ол 1963 жылы ашылды.
Ленгір мен Келте машатта қоңыр көмір кен орны бар, бірақ қоры үлкен
емес. Облыс керамзитті сазға бай. Одан өндірілетін керамзит құрылыс
материалы ретінде қолданылады.
Оңтүстік Қазақстан облысында құрылыс материалдарының қоры көп,
Карбонаттың жыныстар құрылыстың тас, қиыршақ тас, тау тас түрінде
пайдаланады. Белгілі кен орындарына Бадам (гранит), Қаратас, Түлкібас,
Тұздықұдық және т.б. жатады.
Сайрам, Төлеби, Түркістан, Алғабас және Отырар аудандарында кірпіш
өндірісіне қажетті сазды балшықтар бар.
Қазығұрт, Түлкібас аудандарында минералдық бояулар қоры барланған.
Созақ және Отырар аудандарында уран кендері өндіріледі. Кіші Қаратау тау
жотасының бассейнінде жалиы қоры 26 млрд, т болатын фосфориттердің 45 кен
орны барланған, оның ішінде Үшбас, Көксу кен орындары ОҚО территориясында
орналасқан 13,16 .
1.4. оқо территориясының климаты және
агроклиматологиялық жағдайлары
Облыс аумағының географиялық орнына (яғни атмосфераның ылғалдылықтың
негізгі көзі мұхиттардан тым шалғай орналасуына) және жер бедерінің
сипатына байланысты қуаң континенттік климат қалыптасқан. Мұнда күндізгі
және түнгі, қысқы және жазғы температуралар шұғыл ауытқып отырады. Жазы
ұзақ, облыс түстігінде 8 айға дейін созылады. Қысы жылы: ең суық ай —
қаңтардың орташа температурасы —2 — 9°С. Ең суық кезең Созақта тіркелген (-
41°С).
Жазы ыстық: шілде айының орташа температурасы 19 — 29°С. Ең ыстық кезең
Шардарада (47°С) тіркелген. Вегетация кезеңі 230 — 320 тәулікке созылады.
Шөлді аудандарда жылдық жауын-шашын мөлшері 100 — 170 мм, тау
етектерінде 300 — 450 мм, ал биік тауларда 1000 мм-ге дейін құбылады. Жауын-
шашын негізінен көктем мен күз айларында болады. Қар жамылғысының орташа
қалыңдығы 20 — 40 см аралығында, жазықта 2 айға, тауларда 5 айға дейін
жатады. Қар қарашаның соңы, желтоқсанның басында түсіп, наурыз айында ери
бастайды.
Облыс аумағының көпшілік бөлігінде антициклондық ауа райы басым.
Сондықтан мұнда шұғылалы ашық күндердің ұзақтығы жылына солтүстіктен
оңтүстікке қарай 2150 сағаттан 3000 сағатқа дейін артады. Жылына 150-ден
260 күнге дейін күн ұдайы ашық болады, бұлтты күндер тиісінше 60 күннен 15
— 20 күнге дейін азаяды. Міне, осылардың нәтижесінде жиынтық радиация
мөлшері де солтүстіктен оңтүстікке қарай біртіндеп артады. Облыста оңтүстік
және солтүстік батыс желі көбірек тұрады. Желдің орташа жылдамдығы 1,9 —
3,9 мс. Желдің қатты тұратын аймағы — Ақсораң, онда желдің жылдамдығы 5,1
мс-қа жетеді. Шақпақ пен Арыстанды-Қарабас желдері өте күшті соғады.
Облыстың қиыр оңтүстігі жылу мен ылғалдың жыл бойы таралуына, т.б.
метеорологиялық сипаттамалар ерекшеліктеріне қарай оңтүстік шөл белдем
аралығын құрайды. Ерекшелігі — жауын-шашынның негізгі мөлшері (62 — 67%)
наурыз айында түседі, жыл бойына 40 күндей қар қылаулайды, бірақ та көп
жатпай, тез еріп кетеді. Вегетациялық кезеңінің ұзақтығы 245 — 260 тәулік,
10°С-тан жоғары ауаның орташа тәуліктік температурасының жылдық жиынтық
мөлшері 4300 — 4600°С.
Жыл маусымдарына айқын ажыратылады. Қысы қысқа — 90 күндей. Жазы ұзақ —
160 — 170 күнге дейін созылады.
Агроклиматтық аймақтары. Облыс аумағы агроклиматтық жағдайына байланысты
мынадай аймақтарға бөлінеді.
1. Шөлдің құрғақ, ыстық аймағы облыс аумағының көп бөлігін — Бетпақ
дала, Мойынқұм, Қызылқұм шөлдері мен облыстың орталық бөлігін қамтиды.
2. Өте құрғақ, ыстықтау аймағы. Бұл бөлікке Түркістан, Бәйдібек,
Түлкібас, Сайрам, Төлеби, Қазығұрт аудандары, Созақ ауданының оңтүстік-
шығыс бөлігі кіреді.
3. Таулы аймақтар Тянь-Шань тауының батыс бөлігі мен Қаратау жотасын
қамтиды. Бұл аймақта Түркістан, Созақ, Бәйдібек, Түлкібас, Қазығұрт және
Төле би аудандары орналасқан.
Облыс табиғи-шаруашылық жағдайына қарай мынадай аймақтарға, топтарға
бөлінеді:
1) Шөлдің мал шаруашылық аймағы — қаракөл қойларын өсірумен айналысады:
Қаратау маңы аймағы, Қызылқұм аймағы.
2) Суармалы жер және мақталы аймақ: Мақтаарал — Сарыағаш аймағы, Арыс —
Түркістан аймағы.
3) Таулы — далалы суармалы аймақ: Тұрақты, суармалы, орташа тұрақты
суармалы.
4) Ашық далалы аймақ — Шардара су қоймасы.
1) Шөлдің мал шаруашылығы аймағын облыстың жазық бөлігі — Қызылқұм шөлі,
Сырдария өзенінің аңғарындағы тақыр жазықтар, Қаратау таулы аймағы, Мойын-
құм шөлі, Шу өзенінің аңғары, Бетпақда-ла шөлді даласы алып жатыр.
Бұл аймаққа Созақ, Отырар және Шар-дара аудандары кіреді. Климаты шүғыл
өз-геріп отыратын температурамен, жауын-шашынның өте аз түсуімен, құрғақ
ауа, булану дәрежесінің жоғары болуымен, күн сәулесінің мол түсуімен
ерекшеленеді.
Аймақ Қаратау маңы және Қызылқұм болып екіге бөлінеді. Қаратау маңы
бөлігіне Қаратау жотасының солтүстігі және Бетпақдала мен Мойынқұм шөлдері
қарайды.
Қызылқұм аймағы — құмды шөл, облысқа оның батыс бөлігі енеді. Сырдария
маңында суармалы жерлер бар.
2) Суармалы жер және мақталы алқап облыстың көп бөлігін қамтиды.
Сарыағаш, Мақтаарал, Ордабасы, Түркістан қалалық әкімдігіне қарасты аумақ
кіреді.
Судың мол қоры және ауа райының жылы болуы егін шаруашылығымен
айналысуға көмектеседі.
3) Таулы аймақ облыстың оңтүстік-шығысында суармалы жерлерде орналасқан.
Тянь-Шань тауының батыс таулы тізбектері оңтүстік-батысқа қарай
созылады. Тау қыраттарында тауаралық аңғарлар мен қазаншұңқырлар кездеседі.
Жер бедері өте күрделі, тау қыраттарын мәңгі мұз жамылған жайылымдар,
суармалы жерлер алып жатыр. Теңіз деңгейінен биікте болуы және жер
бедерінің күрделілігі топырағының әр түрлілігіне әсер етеді. Бұл аймаққа
Төлеби, Сайрам, Түлкібас, Бәйдібек және Ордабасы, Қазығұрт аудандарының
бөлігі қарайды. Аймақтың климаты жазының ыстық, қысының қысқа болуымен
ерекшеленеді.
4) Ашық дала аймағына Мақтарал, Шардара аудандары кіреді. Жазы өте
ыстық, жауын-шашын аз түседі. Жерінің кейбір аймақтары тұзды. Топырағының
тұздануы уақыт өткен сайын қайталанып отырады 6,9 .
Оңтүстік Қазақстан облысының климаты
4-сурет
1.5. ОҚО территориясының ішкі сулары, топырағы өсімдік жамылғысы және
жануарлар әлемі.
Оңтүстік Қазақстан облысының гидрографиялық жүйесі оның бүкіл аумағында
әрқалай орналасқан.
Мұнда барлығы су кадастры арқылы 297 өзен тіркелген. Олардың жалпы
ұзындығы 8045 км. Құрайды. Оның ішінде 42-сі сел қаупіне жақын саналады: 16
өзенде құм-тас аралас лайлы ағымы болуы мүмкін, ал 26 өзенде айналасын
шайып кететін сел жүруі мүмкін. Бұл өзендерден басқа көптеген есепке
алынбаған ұсақ су арналары да (жыралар, жылғалар) бар. Олар арқылы көктем
айларында су тасуы байқалады. Сел қаупін тудыратын өзендер санының
көптігіне қарамастан аудандағы төтенше жағдай қауіптілігі онша үлкен емес.
Аймақтағы барлық өзендер Арал теңізі алабына жатады. Олар бастауларын
Қаратау, Қаржантау, Өгем жоталарының баурайларынан алады. Тау өңірлерінен
шыға берісте өзен сулары егістік суаруға алынады. Бұл сулардың бір бөлігі
өзендерге қайта құяды, бірақ азғана бөлігі булануға және су қоймаларында,
каналдарда және суарылатын жерлерде сүзілу есебінен жоғалады.
Жер беті ағыны облыс территориясы бойынша біркелкі таралмаған: көпшілігі
орталық және оңтүстігімен ағады. Ірі өзендері — Сырдария. Салалары: Келес,
Құркелес, Арыс, Бөген және Шу өзені. Төменгі ағысы тартылып қалады.
Сырдария мен Келес салаларында Шардара бөгені орналасқан.
Сырдария өзенінің ұзындығы - 2190 шақырым. Бұл өзен Нарын мен Қарадария
өзендерінен басталады. Нарын өзенінің ұзындығы - 700 шақырым. Осы өзенді
қоса есептегенде Сырдария өзенінің қоры Тянь-Шаньнан, Талас Алатауынан,
Қырғыз даласынан, Теріскей Алатауынан басталады. Ауданы - 422 мың шақырым.
Қазақстан территориясында Сырдарияның оң жағында өзінің үлкен саласы Шыршық
өзенінің оң жағында Келес өзенін, төменгі ағысында шөлді жерлермен ағады
да, 400-500 шақырым қашықтықта, сол жақ саласы жоқ. Оң жағында тек бір ғана
саласы бар. Арыс өзені мен Сырдария өзенінің Өзбекстан мен Қазақстан үшін
үлкен маңызы бар. Қызылорда облысы Сырдарияның суын күрішке пайдаланады.
Сырдария алабы Орта Азиядағы төрт мемлекеттің (Қырғызстан, Тәжікстан,
Өзбекстан және Қазақстан) аумағында орын тепкен. Дарияның ұзындығы 3019 км.
Алаптың ең басты ерекшелігі - оның аумағының екі айқын зонаға: ағынды
қалыптасу және пайдалану зоналарына бөлінуі. Ал, Қазақстан аумағы екінші су
пайдалану зонасында жатыр.
Сырдария алабының көп жылдық орташа су ресурстары 30,4 км3жыл, суы мол
жылдарда 45,0 - 50 км3жыл, қуаң жылдарда 25,5 км3жыл аралығында ауытқиды.
Негізінен мұздықтар мен еріген қар суымен қоректенуіне байланысты табиғи
жағдайда Сырдария көктем-жаз айларында тасиды. Су тасу кезінде су өтімінің
мөлшері Көкбұлақ бекетінің түсында секундына 1000-3700 текше метр
аралығында ауытқиды. Қазақстан аумағында Сырдарияға сол жағынан Келес, Арыс
өзендері құяды. Сырдың су жинау алабының ауданы 462000 км2 тең.
Сырдария алабы көне суармалы егіншілік аудандардан өтетіндіктен кезінде
ТМД-ның негізгі мақта өсіретін базаларға пайдаланылды. 1913 жылдары
Қазақстан шекарасына дейін 1073 мың га, оның 743 мың га-сы
Ферғана аңғарында, Шыршық-Ангрен-Келес ирригациялық ауданында (Ташкент
оазисі) - 219 мың га, Мырзашөлде - 50 мың га, Дальверзин даласында - 7 мың
га жер суарылатын. (13)
Арыс өзені - Сырдарияның оң жақ саласы болып табылады. Өзеннің ұзындығы
332 шақырым. Арыс өзені алғашқы да Көкбастау өзенінен басталады. Көлбастау
өзені Талас Алатауы мен Қаратаудың аралығында орналасқан. Бұл жерлерде
бұлақтар көп. Алатау мен Қаратаудан ағып шығатын осы бұлақтар Арыс өзенін
құрайды. Өзеннің суы көп айы - наурыз, сәуір, ал азаятын кезі қазан-ақпан
аралығы.
Арыс өзені 3500м биіктіктегі Талас Алатауы мен Қаратаудың арасындағы
ойпатта орналасқан Шақпақ жотасынан бастау алады. Бассейнінің ауданы —
14530 км, оның 50 %-ы таулы бөлікке кіреді. Бастаудың жоғарғы жағындағы
өзен арнасы кең, аңғардың баурайлары тегіс. Ары қарай төменгі ағыста
баурайы тік болып келеді, аңғардың ені 1 км және оданда үлкен болады.
Балықшы ауылының төменгі жағында өзенге Боралдай (оң жақ), Машат, Ақсу және
Бадам (сол жақ) сияқты ірі салалары қосылады.
Ақсу өзені - Арыс өзенінің ең ірі саласы. Мұның бассейні Талас
Алатауының батыс бөлігінде орналасқан. Ауданы 750 км2 ұзындығы 120 шақырым.
Бадам өзені - Арыс өзенінің ең ірі сол жақ саласы. Мұның бассейні Бадам
тауының солтүстік, солтүстік-батысында, Талас Алатауының оңтүстік бөлігінде
орналасқан. Бассейннің ауданы – 4300 км2 ұзындығы -137 шақырым.
Боралдай өзені — Арыс өзенінің Оңтүстік - шығыс ірі саласы. Бассейні
Қаратау жотасының оң жақ бөлігінде орналасқан. Ауданы 800 шақырым, ұзындығы
-130 км2. Боралдай өзені - кіші Боралдай, үлкен Боралдай өзендерінің
қосылуымен құралады. Негізінен қар суымен және жерасты қоректенеді. Арыс
өзені өзінің барлық салаларымен Оңтүстік Қазақстан облысының мақта
шаруашылығында пайдаланылады.
Машат өзені - Арыс өзенінің сол жақ саласы, бастауын 2500м биіктіктен
алады. Өзеннің ұзындығы 75 км. су жинайтын ауданы 579км Өзеннің жоғарғы жақ
бөлігіндегі аңғары құзды болып келеді. Бастаудан 25 км қашықтықта Ү
тәріздес өзен аңғары тереңдігі 150-200 м. болатын тік жартасты каньонға
айналады. Жартастар желден мүжілген әртүрлі жыныстар мен әк тастардан
құралған. Бастаудан 45 км. оң жақтан Дәубаба өзені қосылғаннан кейін каньон
біртіндеп кеңейе бастайды да, төменгі ағыс бөлігінде 100-150 км болады.
Келес өзені шамамен 1800 м. биіктіктегі Қаржантау жотасының солтүстік-
батыс баурайларынан бастау алады. Өзеннің ұзындығы - 236 км., бассейнінің
ауданы — 3310 км2. Өзен бастауының жоғарғы жағындағы жер бедері қыратты
болып келеді. Таулы бөлігіндегі өзеннің аңғары кең болып келеді және төмен
қарай одан әрі кеңейе түсіп 1,5 км-ге дейін жетеді. Өзен аңғарының
жағалаулары жазық. Өзен арнасы тау аңғарынан шыққаннан кейін ағысын
күшейтеді. Нәтижесінде арна жағасының опырылуына апарып соқтыратын күшті
эрозиялар болады.
Өзен аңғарының өн бойын үш террасаға бөлуге болады. Олар сарғыш-сұрғылт
түсті саздақтан, құмдақтан, малта тастар мен конгломераттардан тұрады.
Жайылма алқабын су тасыған кезеңде су басып қалады. Кейбір жылдары судың
деңгейі 1 м және де одан да жоғары биіктікке көтеріледі. Өзен жайылмасы
негізінен малта тасты, саздақты және құмайтты болып келеді.
Оңтүстік Қазақстан облысы көлдерге бай емес. Олар негізінен облыстың
солтүстік бөлігінде орналасқан. Олар өте түзды және саяз болып келеді.
Жазық аймақтарда артезиан сулары бар. Ол сулардан минералды сулар шығады,
оны емдік бағытта пайдаланады. Сарыағаш курортындағы минералды су
Облыста су қорына өзен және көлдерден басқа - жер асты сулары да жатады.
Жер асты сулары халық шаруашылығына пайдаланады. Артезиан суы шөлдегі
аймақтар үшін егін шаруашылығы мен мал шаруашылығына тиімді. Елді мекендер
ол суларды негізгі ауыз су ретінде пайдаланады.
1-кесте
Облыс территориясындағы ірі өзендер.
№ Өзендер Ұзындығы Су жинау Бастау Жылдық
алабының биіктігі, орташа шығыны
көлемі км2м. м3с
1 Бәйдібек 1928 7,2 51,6 Шаян
2 Қазығқұрт 1928 4,1 92,2 Қазығұрт
3 Мақтаарал 1928 1,8 248,5 Жетісай
4 Ордабасы 1964 1,7 81,8 Темірлан
5 Отырар 1935 18,1 54,7 Шәуілдір
6 Сайрам 1928 1,7 244,2 Ақсукет
7 Сарыағаш 1928 7,7 220,9 Сарыағаш
8 Созақ 1928 4,0 48,6 Шолаққорған
9 Төлеби 1938 3,1 160,6 Ленгір
10 Түркістан 1928 2,3 88,2 Т.Рұсқұлов
11 Шардара 1968 1,3 68,3 Шардара
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік – аумақтық картасы
9-сурет
2.2 ОҚО – ң тұрғындар географиясы
Облыста 2 миллион 200 мыңдай адам тұрады. Бұл республика халқының 14,5%-
ға жуығы (2004). Халықтың басым бөлігі қазақтар құрайды (69,0%). Одан басқа
өзбектер (17,1%), орыстар (7,2%), әзербайжандар (1,3%), тәжіктер (1,2%),
т.б. ұлт өкілдері тұрады. Халықтың орташа тығыздығы 1 км2-ге 18,5 адамнан
келеді. Бұл республикалық көрсеткіштен 3 есе артық. Халық әсіресе Арыс пен
Келес өзендерінің алаптарында және Шымкент атырабында тығыз қоныстанған.
Қала халқы 38,4% (835,5 мың адам), ауыл халқы 61,6% (1337,5 мың адам).
2008 жылдың 1 қаңтарына, алдын ала деректер бойынша, облыс халқының саны
2331,2 мың адамды құрады. Оның ішінде қалалық елді мекендерде халық саны -
858,4 мың адам (36,8%), ауылдық елді мекендерде - 1472,8 мың адамды (63,2%)
құрады. 2007 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда облыс бойынша жалпы халық
саны 48,7 мың адамға немесе 2,1% артты.
Халық санының өзгеруі
2007 жылы халықтың табиғи өсуінің абсолюттік көрсеткіші 51,7 мың адам
болып (2006 жылға 110,6%), осы кезеңде 68,1 мың - туу (109,0%), 16,4 мың -
өлім оқиғасы (104,3%) тіркелді.
2007 жылы туу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 30,2 туылғанды құрап,
2006 жылмен салыстырғанда туу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 2,0
туылғанға артты. Әр 1000 қала тұрғынына 28,8 туылғаннан келсе, ал ауыл
тұрғынына - 31,1 туылғаннан келеді.
Туудың жоғары деңгейі (1000 адамға шаққанда) - Түркістан қ.ә. (33,0),
Сарыағаш (33,9), Сайрам (35,0), аудандарында тіркелді, төмен деңгейі -
Кентау қ.ә. (24,2), Төлеби (24,6), Отырар (24,7), Бәйдібек (25,4)
аудандарында орын алды.
Өлім коэффициенті 2006 жылмен салыстырғанда 1000 адамға шаққанда ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz