Студенттердің даму ерекшеліктерінің ғылыми-психологиялық негіздері



Кіріспе

І ТАРАУ. СТУДЕНТТЕРДІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ.ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Студенттердің даму ерекшеліктеріне педагог . психолог
ғалымдардың ой.пікірлері
1.2. Студенттердің кәсіби.адами құндылық қасиеттерін
қалыптастыру психологиялық.педагогикалық мүмкіндіктері

Бірінші тарау бойынша тұжырымдама

ІІТАРАУ. СТУДЕНТТЕРДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ.ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1. Болашақ педагог.психолог мамандардың даму ерекшеліктерін қалыптастыру жолдары
2.2. Тәжірибелік.педагогикалық эксперименттің нәтижесі, ғылыми.әдістемелік ұсыныстар.
Екінші тарау бойынша тұжырым

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Нарықтық қатынастар орныға бастаған тәуелсіз еліміздегі білім мекемелерінің алдына оқушыларға берілетін білім мен тәрбие сапасын көтеру және жақсарту міндеттері қойылды. Соңғы уақытта заман ағымына байланысты білім мазмұнында көптеген түбегейлі өзгерістер болуда.
Қазақстан Республикасының “Білім туралы заңында”, “Қазақстан Республикасы азаматтарының жаңа әлеуметтік мінез- құлқын қалыптастыру”,“Қазақстан Республикасы мәдени-этникалық білім беру”, “Білім мазмұнын гуманитарландыру” тұжырымдамаларында білім беру ісінде жаңа рухани-мәдени құндылықтарды игеруге, ұлттық сананың қалыптасып өсуіне жағдай жасау, кәсіби білім берудің сапасын көтруге кең жол ашу талап етіледі.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру Мемлекеттік бағдарламасы қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологияларға бағдарланған болашақ мамандардың ақпараттық мәдениеті мен педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуына объективті жағдай туғызуда. Бүгінгі білім саласында республикалық білім кеңістігін әлемдік деңгейге жеткізуге ұмтылыс байқалады және студенттерге тәрбие мен білім беру іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
1. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы // Егемен Қазақстан, 1999, 1 маусым.
2. Қазақстан Республикасы азамат тарихының жаңа әлеуметтік-экономикалық мінез-құлқын қалыптастыру тұжырымдамасы. –Алматы; 1999, 40 б.
3. Қазақстан Республикасы этникалық-мәдени білім беру тұжырымдамасы. //Егемен Қазақстан, 7 тамыз, 1996
4. Қазақстан Республикасының гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы. Алматы, 1994, 37 б.
5. Леонтьев А.Н. Избранные психологические произведения: В 2-х т. Т.1,Москва, 1983, 288 с
6. Лурия А.Р. Развитие Я-концепций и воспитание, Москва, 1986, 159 с
8. Занков Л.В. Дидактика и жизнь, Москва, 1986, 175 с
9. Эльконин Д.Б. Психологические условия развивающего обучения // Обучение и развитие младших школьников, Киев, 1970, 210 с
10. Петровский А.В. Популярные беседы о психологии. Москва, 1983, 223с
11. Пидкасистый П.И. Самостоятельная познавательная деятельнось школьников. Теория экспериментального исследования. Москва, 1980, 240 с
12. Шамова Т.И. Проблемный подход в обучении. Новосибирск, 1969. 68 с
13. Щукина Г.И. Активизация познавательной деятельности учащихся в учебном процессе. Москва, 1979, 160 с
14. Намазбаева Б.К. Развитие личности учащихся вспомогательной школы. Алматы, 1996, С.56
15. Сабыров Т.С. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары. Алматы, 1978, 110 б.
16. Хмель Н.Д. Теоретические основы профессиональной подготовки учителя. Алматы, 1998, 320 с.
17. Ахметова Н.А. Самостоятельная работа по совершенствованию грамматиках навыков русской речи студентов национальных групп с использованием ЭВМ. Москав, 1989, 17 с.
18. Абылкасымова А.Е. Формирование познавательной самостоятельности студентов математиков в системе методической подготовки в университете. Автореф. дисс. канд. пед. наук. Алматы, 1995, 14 с.
20. Бейсенбаева А.А. Гуманизация образования старшекласников на основе межпредметных связей. Алматы, 1996, 219 с.
22. Жарықбаев Қ.Б. Психология. Алматы, 2000, 325 б.
23.Тәжібаев Т.Т.Абай жастарды тәрбиелеу туралы, Алматы, 1964 156б.
24. Алдамұратов Ә.А. Қызықты психология, Алматы, “Қазақ университеті”, 1991,112 б
25. Платонов К.К. Структура и развитие личности, Москва, 1986, 183с.
26. Леонтьев А.Н. Психология образа //”Вестник МГУ, Психология. Москав, 1979.- № 2, С.16-21

Қосымша әдебиеттер:

1. Философиялық сөздік. Алматы, 1996, 412 б.
2. Серікқалиұлы З. Дүниетану даналығы. Ғылыми және көркемдік
таным ерекшеліктері. Алматы, Білім, 1994, 224 б.
3. Жарықбаев Қ.Б. Психология. Педучилищелерге арналған. Алматы, 1982, 122 б.
4. Долженко О. Очерки по философии образования. Москва, С.51
5. Роберт Б. Развитие – концепции и воспитание. Москва, 1986, 420 с.
6. Джакупов С.М. Психологическая структура процесса обучения. Дис…док. псих.наук. Москва, 1998, 365с.
7. Немов Р.С. Психология. Москва,1994, 576 с.
8. Формирование интереса к учению школьников /Под.ред.
А.К.Марковой, Москва, 1986, 192 с.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

СТУДЕНТТЕРДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Орындаған:
4 курс студенті ____________________________ Ж.Ж. Рүстемова

Ғылыми жетекші:
п.ғ.к., доцент _______________________________

Норма бақылаушы:
аға оқытушы ______________________________

Рецензент:
п.ғ.к., ХҚӘТУ
доценті ___________________________________ __

Қорғауға жіберілді

"----" ------------- 2007 ж.

кафедрасының меңгерушісі
п.ғ.д., профессор ________________________________

СЕМЕЙ- 2007

РЕЗЮМЕ

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ САЛАСЫНДА ҚОРҒАЛҒАН

Тақырыбы: Студенттердің психологиялық- педагогикалық даму ерекшеліктері

Зерттеудің мақсаты: Студенттердің психологиялық- педагогикалық даму
ерекшеліктері мазмұны мен әдістемесін теориялық тұрғыда негіздеу және
педагогикалық-эксперименттік жұмыста тиімділігін тексеру.

Зерттеу объектісі: Студенттердің психологиялық даму процесі.
Зерттеу пәні: Болашақ мамандардың психологиялық-педагогикалық даму
әрекеті.
Зерттеудің болжамы: Егер, студенттердің іс-әрекеті психологиялық-
педагогикалық даму сай жасалса, онда болашақ мамандардың кәсіби-адами
құндылық қасиеттерінің сапасы жоғары болар еді.
Зерттеудің міндеттері: Студенттердің педагогикалық-психологиялық даму
ерекшеліктерінің теориялық негіздемесін даярлау, зерттеу тақырыбына сай
тірек ұғымдардың мәнін ашу.
Зерттеудің негізгі ойы. Ақпараттық ғасырда студенттердің педагогикалық-
психологиялық тұрғыдан жан-жақты дамуы компьютер, интернет т.б. жаңа оқыту
технологиялары және қазіргі қарым-қатынас құралдарымен тығыз байланысты.
Студенттердің бұл ақпаратпен өзін-өзі қамтамассыз ету адамның іскер
белсенділігіне, білімділігіне, мәдениетіне, ал жалпы айтқанда ғылым мен
көзқарасқа түбегейлі әсер етеді. Бұл жағдайда болашақ маманның ақпараттық
мәдениетті мен педагогикалық-психологиялық ерекшелігінің қалыптасуы мен
жалпы оқу-тәрбие процесінің тиімділігінің артуына бағыттала жүргізіледі.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы: Болашақ маманның психологиялық-
педагогикалық даму ерекшеліктерінің қалыптасу үлгісі мен тәжірибелік
эксперименттер жүргізілді.
Зерттеудің жаңалығы: Студенттердің психологиялық даму ерекшеліктері
ғылыми негізде талданып, болашақ мамандардың психологиялық даму
ерекшеліктерінің өлшемдері мен көрсеткіштері жасалды.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Жоғары оқу орындарындағы
педагогикалық ұстанымдарды басшылыққа ала отырып, болашақ мамандардың
психологиялық даму ерекшеліктеріне эксперимент жасау және оны практикаға
енгізу жолдарын анықтау.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ----------------------------------- -----------------
І ТАРАУ. СТУДЕНТТЕРДІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ

1. Студенттердің даму ерекшеліктеріне педагог - психолог
ғалымдардың ой-пікірлері ----------------------------------

2. Студенттердің кәсіби-адами құндылық қасиеттерін
қалыптастыру психологиялық-педагогикалық мүмкіндіктері --

Бірінші тарау бойынша тұжырымдама ---------------------------

ІІТАРАУ. СТУДЕНТТЕРДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1. Болашақ педагог-психолог мамандардың даму ерекшеліктерін
қалыптастыру жолдары -------------------------------

2.2. Тәжірибелік-педагогикалық эксперименттің нәтижесі, ғылыми-
әдістемелік ұсыныстар.
Екінші тарау бойынша тұжырым ---------------------------------

ҚОРЫТЫНДЫ ----------------------------------- ----------------

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ------------------------

ҚОСЫМШАЛАР ----------------------------------- --------------

КІРІСПЕ

Нарықтық қатынастар орныға бастаған тәуелсіз еліміздегі білім
мекемелерінің алдына оқушыларға берілетін білім мен тәрбие сапасын көтеру
және жақсарту міндеттері қойылды. Соңғы уақытта заман ағымына байланысты
білім мазмұнында көптеген түбегейлі өзгерістер болуда.
Қазақстан Республикасының “Білім туралы заңында”[1], “Қазақстан
Республикасы азаматтарының жаңа әлеуметтік мінез- құлқын
қалыптастыру”[2],“Қазақстан Республикасы мәдени-этникалық білім беру”[3],
“Білім мазмұнын гуманитарландыру”[4] тұжырымдамаларында білім беру
ісінде жаңа рухани-мәдени құндылықтарды игеруге, ұлттық сананың қалыптасып
өсуіне жағдай жасау, кәсіби білім берудің сапасын көтруге кең жол ашу
талап етіледі.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру
Мемлекеттік бағдарламасы қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологияларға
бағдарланған болашақ мамандардың ақпараттық мәдениеті мен педагогикалық-
психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуына объективті жағдай туғызуда.
Бүгінгі білім саласында республикалық білім кеңістігін әлемдік деңгейге
жеткізуге ұмтылыс байқалады және студенттерге тәрбие мен білім беру іс-
әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Елімізде болып жатқан әр түрлі бағыттағы өзгерістер егеменді еліміз
жаңа XXІ-ғасырдың табалдырығын аттап, білім беру жүйесін дамытуда біршама
табыстарға қол жеткізуде. Жаңа ғасыр бәсеке ғасыры болғандықтан, әсіресе
болашағымыз ұрпақ тәрбиесімен айналысатын болашақ маманның педагогикалық-
психологиялық даму ерекшеліктерін қалыптастыру қоғамның өзекті
мәселелерінің бірі болмақ.
Қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың даму қарқыны адамзат баласының
талғамының өсуі, электронды есептеуіш (комьпютер) құралдарының кең көлемде
қолданылуы, интернеттің т.б. ақпараттық құралдардың пайда болуы, білім беру
саласында жаңа технологиялық әдістерді енгізуге ықпал етуде. Қоғамның даму
кезінде білімнің қарқынды прогресімен ескі технологиялық идеялардың тез
өзгеруімен, инноватциялық жаңашылдыққа көшуге болашақ мамандардың іс-
әрекетімен байланыстыру ерекше сипат алады.
Жоғары оқу орындарында студенттердің біліктілігін жетілдіру мен қатар,
кәсіби іс-әрекеттің ғылыми негіздерін іс-тәжірибелеріне қолдануға, адами-
құндылық қасиеттермен қатар іскерлік пен дағдыны жетілдіру арқылы жаңа
көзқарас, жаңа ой қалыптасады.
Қоғам талабына сай даму кезеңінде, ақпараттар тасқыны толассыз
ағылған қоғамымызда әр студент өзінің болашақ ісіне қажетті өзгерістерді,
әр түрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды, жаңа әдіс-тәсілдерді дер
кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білу керек.
Студенттердің психологиялық даму ерекшеліктері тұлғалық ақыл-ой
қасиеттерімен қатар өзіндік іс-әрекерт ерекшеліктерімен бейнеленеді.
Студент проблемасын ерекше әлеуметтік-психологиялық жас ерекшелік
категориялары ретінде негізгі еңбектердің бірі Б.Г. Ананьевтің [5]
психологиялық мектебі.
Студенттердің педагогикалық-психологиялық даму ерекшеліктерін шет елдік
ғалымдардан Н.В. Кузьмина [6], Ю.Н. Кулютк, А.А. Реан, Е.И. Степанова, П.А.
Просецкий, Е.М. Никиреев, В.А. Сластенин [7], В.А. Якунин, И.А. Зимняя [8]
және т.б. зерттесе, отандық ғалымдар Қ.Б. Жарықбаев [9], С.М. Жакупов
[10], З.Ә.Исаева, Г.К. Ахметова, Ш.Т. Таубаева, М.А. Құсайынова және т.б.
ғылыми еңбектерде сарапталып өзіндік тұжырымдама берген.
Бірақ көптеген ғылыми еңбектерді қарастыра келе нақты студенттердің
психологиялық-педагогикалық даму ерекшеліктерін қалыптастыру мәселелері
әле де толық зерттелмегеніне көзіміз жетті.
Сондықтан, болашақ маманның психологиялық-педагогикалық даму
ерекшеліктерін қалыптастыру өз дәрежесінде іске асырылмауы мен аталмыш
мәселенің бүгінгі сұранысқа қажеттілігі арасындағы қарама-қайшылық туындап
отырғанын көреміз. Осы қайшылықты ескере отырып, ғылыми-зерттеу жұмысының
тақырыбын “Студенттердің психологиялық - педагогикалық даму ерекшеліктері ”
-деп таңдауға себепші болды.
Зерттеудің мақсаты: Студенттердің психологиялық-педагогикалық даму
ерекшеліктерінің мазмұны мен әдістемесін теориялық тұрғыда негіздеу және
психологиялық-эксперименттік жұмыста тиімділігін тексеру.
Зерттеу объектісі: Студенттердің психологиялық даму процесі.
Зерттеу пәні: Болашақ мамандардың психологиялық-педагогикалық даму
әрекеті.
Зерттеудің болжамы: Егер, студенттердің іс-әрекеті психологиялық-
педагогикалық даму сай жасалса, онда болашақ мамандардың кәсіби-адами
құндылық қасиеттерінің сапасы жоғары болар еді.
Зерттеудің міндеттері: Студенттердің педагогикалық-психологиялық даму
ерекшеліктерінің теориялық негіздемесін даярлау, зерттеу тақырыбына сай
тірек ұғымдардың мәнін ашу.
Зерттеудің негізгі ойы. Ақпараттық ғасырда студенттердің педагогикалық-
психологиялық тұрғыдан жан-жақты дамуы компьютер, интернет т.б. жаңа оқыту
технологиялары және қазіргі қарым-қатынас құралдарымен тығыз байланысты.
Студенттердің бұл ақпаратпен өзін-өзі қамтамассыз ету адамның іскер
белсенділігіне, білімділігіне, мәдениетіне, ал жалпы айтқанда ғылым мен
көзқарасқа түбегейлі әсер етеді. Бұл жағдайда болашақ маманның ақпараттық
мәдениетті мен педагогикалық-психологиялық ерекшелігінің қалыптасуы мен
жалпы оқу-тәрбие процесінің тиімділігінің артуына бағыттала жүргізіледі.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы: Болашақ маманның психологиялық-
педагогикалық даму ерекшеліктерінің қалыптасу үлгісі мен тәжірибелік
эксперименттер жүргізілді.
Зерттеудің жаңалығы: Студенттердің психологиялық даму ерекшеліктері
ғылыми негізде талданып, болашақ мамандардың психологиялық даму
ерекшеліктерінің өлшемдері мен көрсеткіштері жасалды.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Жоғары оқу орындарындағы
педагогикалық ұстанымдарды басшылыққа ала отырып, болашақ мамандардың
психологиялық даму ерекшеліктеріне эксперимент жасау және оны практикаға
енгізу жолдарын анықтау.
Зерттеудің әдістері: зерттеу мәселесі бойынша философиялық,
психологиялық, педагогикалық әдебиеттерді талдау, қорыту және жүйелеу,
психологиялық эксперименттік зерттеу әдістерін (теориялық, эмпирикалық)
қолдану, озық тәжірибелерді меңгеру, арнайы ұйымдастырылған тәжірибе
жұмыстары бойынша зерттеу нәтижесін қорытындылау.
Бастапқы мәліметтер: Студенттерге қойылатын талаптар. Қазіргі кездегі
болашақ мамандардың психологиялық даму ерекшеліктерін қалыптастырудың
эксперименттік негіздері.
Күтілетін нәтижелер:
1. Студенттердің психологиялық-педагогикалық даму процесінің сипаттамасы.
2. Қазіргі болашақ мамандардың психологиялық дамуерекшеліктерін
қалыптастырудың теориялық негіздемесі.
3. Болашақ мамандардың психологиялық даму ерекшеліктерін зерттеу
әдістемесінің жобасы мен нәтижесі.
Зерттеу жұмысының құрылымы:
Зерттеу жұмысы кіріспе бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімде студенттердің психологиялық-педагогикалық даму
ерекшеліктерін анықтауда олардың кәсіби-адами құндылық қасиеттері мен жеке
тұлғалық қасиеттерінің мән-мағынасын ашылып, теориялық тұрғыда дәлелденді.
Студенттердің психологиялық, педагогикалық, тұлғалық қасиеттерімен іс-
әрекет түрлерін зерттеген ғалымдар мен педагог-психологтардың ой-пікіріне
сүйене отырып өзіндік тұжырымдама жасалды.
Ал, екінші бөлімде болашақ мамандардың психологиялық-педагогикалық
даму ерекшеліктерін зерттеп, әдістемелік тұрғыда қолдануға болатынын
айқындадық. Әр бөлімді қорытындылап, соңында пайдаланған әдебиеттердің
тізімін көрсеттік.

І ТАРАУ. СТУДЕНТТЕРДІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ

1. Студенттердің даму ерекшеліктеріне педагог-психолог
ғалымдардың ой-пікірлері
Қазіргі кезеңде тәуелсіз еліміздің ертеңі - жастардың білімінің
тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ- ұлтымыздың баға
жетпес қазынасы. Бүгінгі таңда психология, педагогика ғылымыдарының өзекті
мәселелерінің бірі – жеке тұлғаны жетілдіруде, жан-жақты дамытуда, білім
беруде, ғылымның соңғы жетістіктерін қолданып, шығармашылық жұмыстарды
жасауға қабілетті, дүние көзқарасы кең, рухани бай азамат дайындау [11 ].
Студенттер деп жоғары және кәсіби, арнайы оқу орындарында оқып жүрген
ұл-қыздардың әлеуметтік қоғамдастығын айтамыз. Бұл әлеуметтік кәсіби
категорияның тарих бетінде пайда болуы XІ-XІІ ғасырларда алғашқы
университеттердің ашылуымен байланысты. Студенттердің негізгі әрекеті
-оқу, яғни мақсатты түрде жүйелі, тыңғылықты білім алуға, кәсіби еп-
дағдыларды үйренуге ұмтылуы.
Студенттік шақты (негізінен 18-25 жас аралығы) адамның басқа жас
кезеңдерінен бөліп алып, өзінше әлеуметтік-психологиялық қауымдастық
ретінде терең әрі ауқымды зерттеген профессор Б.Г. Ананьев бастаған
психологтар мектебі. Оларды зерттеу нәтижелері бұл шақта адам зиятының
(интеллекті) ең күшті даму кезеңі болатындығын, оның аса күрделі әрі әр
адамға тән ерекшелігі және өзгермелі келетіндігін көрсетеді. Мысалы, 18-20
жастағылардың көру, есту, қимыл-қозғалыс сезгіштіктері ең жоғары дәрежеде
(оптимизм) болады. Көру кеңістігінің көлемі 20-29 жас аралығындағы өзінің
максимунда (ең жоғары толысу) жетеді. Зейіннің көлемі, ауысуы (бұрылуы)
талғағыштығы 18 жастан 33-ке дейін қарқынды өсіп-дамып, 34 жастан кейін
олар төмендей бастайды. Ал зейіннің шоғырлануы мен тұрақтылығын болар-
болмас ғана өзгереді екен[12].
Қысқа мерзімді сөздік жадының ең жоғары өрлеуі 18-30 жас аралығында
деп келсек, өзара мерзімді сөздік жадыға ол 18-ден 35-ке дейінгі кезеңге
сәйкес келеді. Ал, бейне жадысының адам жасының өзгеруіне тәуелді болымсыз
болып келеді.
Логикалық ойлау қабілетінің ең күшті кезеңі 20 жаста байқалады. Содан
кейін ол біртіндеп төмендей береді. Егер осы қабілет деңгейін 20 жаста 100
пайыз деп алсақ, ол 30 жаста 4 пайыз төмендейді, 40-та 13 пайыз, 50-де 20
пайыз, 60-та 25 пайыз, 70-ке келгенде 40 пайызға төмендейді екен.
Міне, жоғарыда айтылғандай адамның жас шақтарына байланысты
психофизиологиялық функциялардың дамуы өте күрделі қарама-қайшылықта
болады. Ол өзгерістер адамның еңбек әрекеті мен практикалық тәжірибесіне
тәуелді бола келіп, онтигенетикалық даму заңдылықтарын бейнелейді.
Студенттердің негізгі сипаттарының бірі өз ырығымен таңдап алған
кәсібіне құштарлық, сол кәсіпке толық ие болам деп бар ой-санасын, әрекетін
бағыттау және осы бағытындағы тұрақтылық қасиеті. Егер студент болашақ
кәсібін дұрыс таңдай алса, ұнатса, сүйсе оның оқуға деген ынта-ықыласы да
құштарлығы да жоғары болады.
Ал бұл жолда қателессе, болашақ мамандығы туралы мағлұматтары аз
болса, онда оқуға деген ынта-ықыласы да төмен болады. Көптеген зерттеу
нәтижелері негізінен студенттердің оқуға деген ынта-ықыластарының жоғары
деңгейде болатындығын көрсетеді.
Әлеуметтік-психологиялық аспекте студенттердің басқа әлеуметтік
топтармен салыстырғанда білім деңгейі, танымдық мотивтері жоғары болады әрі
олар мәдениет мұраларын игеруде үлкен белсенділік танытады.
Жалпы, студенттер тобына тән нәрсе әлеуметтік белсенділіктің жоғары
деңгейде болуы. Сонымен қатар, олар байқалатын интеллектуалды және
әлеуметтік толысудың гормониясы. Студенттердің осындай ерекшеліктері
ұстаздардың әрбір шәкіртіне сүйіспеншілікпен қарауға, оларды тұлға ретінде
қабылдауға итермелейді.
Студенттер педагогткалық қарым-қатынаста өз әрекеттерін өз беттерімен
ұйымдастыра алатын ынталы субъект. Оларды оқытудың негізгі нысаны (формасы)
таңбалы-контексті жүйе болып табылады.
Студенттік шақ -адам баласының кісі болып, тұлға болып қалыптасуының
негізгі кезеңі. Бұл шақта жастардың алуан түрлі нәрселерге ынта-
ықыластарының артуы шыңына шығады, олардың әр істе үлкен табыстарға жетуі
байқалады (спортта, өнерде, ғылымда, техника салаларынды және т.б.).
Болашақ қайраткерлер, кәсіп иесі-маман ретінде студент жастардың
әлеуметтену процесі өте қарқынды өтеді.
Адам өмірі үшін рухани қажеттердің өтелмеуінен адам көп қиыншылық
көреді, өйткені бұл оның сана сезімінің өсуіне кедергі келтіреді. Сонымен
қажеттілік - адамның белгілі бір тіршілікке немесе дамуда бір нәрсені
керек етуі. Педагогикалық әдебиеттерде “мотив” ұғымы әртүрлі мағынада
түрткі, ниет, ынта, ықылас т.б. ұғымдар арқылы берілген. Біз студенттердің
психологиялық ерекшеліктерін сараптау барысында студенттің білім алуы үшін
ең қажетті процес “түрткі” ұғымын толығырақ қарастыруды жөн көрдік.
Ал, түрткі бір әрекетке талаптанған немесе ниеттенген белгілі бір
қажеттіліктің қанағаттануымен байланысты. Түрткі орындалу барысында адамда
қызығушылық пайда болады. Өйткені, түрткі дегеніміз белгілі бір
қажеттілікті өтеуге әсер ететін тұлғаның іштей құлшынысындағы белсенділігі.
Мұның өзі іс-әрекетте, қарым-қатынаста, мінез-құлықта көрінеді. Ал,
түрткінің сапасы мұратқа ұмтылу, қызығушылық, сенім, әлеуметтік тәртіп
саласындағы құндылықтардан көрінеді. Ізденуге себеп болатын бағдар -
таңдаған әрекетті мойындап, оны тауып, қажеттілікті өтеудегі ынта-ықылас.
Мұның мән-мағынасы қажеттілікпен байланысты деп білсек, қажеттілікті өтеу -
тұлғаны белсенділікке ұмтылдыратын қозғаушы күш деп түсінуге болады. Сонда
түрткі адамды ынталандырады, ізденуге, оны табуға ықпал етеді. Былайша
айтқанда түрткіні тұлғаның мінез-құлқы мен әрекетіндегі белсенділігін
реттейтін жетекші фактор деп танимыз.
Түрткі жөнінде және оған анықтама беруге байланысты ұсынылған пікірлер
баршылық. Мысалы:
- түрткі психологиялық құбылыс, іс-әрекетке деген ынта-ықыласты
қозғаушы күш, қызығушылық;
- түрткі әрекеттенуші тұлғаның таңдауына лайықты болған себепке
байланысты қарым-қатынас;
- түрткі өзінің қажеттілігін өтеудегі бағдары және іс-әрекет пен қарым-
қатынастағы адамның санасындағы түрткінің көрінісі т.б. [13].
Осындай анықтамаларды қорыта келгенде түрткі - қажеттіліктің өзі емес,
оның құралы және тұлғаның бағдарлайтын жол екендігін мойындап, мынандай
тұжырым жасауды орынды деп білеміз. Түрткі дегеніміз -қажеттілікті өтеудегі
тұлғаның ізденуі, іс-әрекет, қарым-қатынастағы белсенділігі, ұмтылысы, үміт
еткен қызығушылықтың нәтижесіне жетуге іс-әрекет жасауы. Қызығу - заттар
мен құбылыстарды белсенділікпен танып, білуге бағыттылған адамның біршама
тұрақты ерекшелігінің бір көрінісі. Сөйтіп, адамның қызығуы - асыра зейін
қоюдан, оған құмартудан, соны үнемі ойланудан туындайды [14,18]. Түрткілер
мамандықты таңдап алуға байланысты шәкірттің пәнге қызығушылығы, келешек
мамандыққа байланысы жоқ (сурет, ән, әдебиет, спорт т.б.). Бұл әрекетте
оқытушы мен студенттің белгілі мақсатқа ынталануы қажет.
Аталған мәселе негізінде оқуға деген “ түрткі” (мотив)
туындауы керек. [15].
Ал,оқыту түрткілері - бұл оқушының әрекетіне әсер ететін әртүрлі
бағыттарының жиынтығы. Мысалы: егер оқушының таланттылығы өзі оқитын
обьектінің жұмысына бағытталған болса, онда танымдық түрткілер жоғарылай
түседі. Егер оқушының таланттылығы, білімділігі оқуға басқа адамдармен
қарым-қатынасында байқалса, онда танымдық түрткілермен қатар әлеуметтік
түрткілер де пайда болады.

Педагогикалық - психологиялық зерттеулерге сүйене отырып
біз түрткілердің түрлерін анықтадық. Түрткілердің даму жолдары
Түрткінің түрлердің даму жолдары сыртқы және ішкі болып екіге бөлінеді.
• сыртқы түрткілер- (танымдық және әлеументтік).
• ішкі түрткілер- (өз мақсатына ынталандыратын және ниет тудыратын).
Сонымен қатар, педагогикалық-психологиялық зерттеулерді сараптай келе
түрткілерді екі топқа бөлуге болады:
1) Танымдық түрткі:
а) оқушылардың жаңа білімді игеруге және ұғыну тәсілдеріне бағыттау
түрткілері:
ә) өз бетімен білім алу, оны іс-әрекетінде қолдана білу түрткілері:
2) Әлеуметтік түрткілер:
а)кең мағынадағы әлеуметтік түрткілер (оқуда белсенділік, ынталылық,
жауапкершілік және борышын сезу);
ә) тар мағынадағы әлеуметтік түрткілер(отбасы, ұжым және жолдастарының,
құрбы-құрдастарының арасындағы бедел т.б.);
б) ынтымақтастық әлеуметтік түрткі оқу-тәрбие жұмысында өзара
әрекеттесуге ұмтылу және үнемі жетілдіру.
Адамда сан алуан қызығулардың болуы мүмкін. Бірақ бұлардың ішінде ең
басыңқы қызығуы болады. Мұндай қызығулар әсіресе оқу әрекетіне аса қажет.
Оқуға қызығуының әсерлі, күшті, тұрақты, мазмұнды болуы оқушының сабақты
үлгеруіне ықпал етеді де, терең білімді алуына көп жәрдем тигізеді. Оқу
қызығулары адамдада оқу түрткілерінің дамуына байланысты қалыптасып
отырады. Оқушы жастарда қызығудың жөнді көрінбеуі, олардың өмірін
мазмұнсыз етеді. Мұндайда олар енжар болып іші пысады, зерігіп берекесі
кетеді. Қызығудың мазмұнды әрі кең, өрісті болуы оның басты ерекшеліктере
байланысты. Қызығуы тұрақты қасиетке айналған адам ғана іс-әрекеттен жақсы
нәтиже шығара алады, ісі әр уақытта да берекелі болады.

Кейбір адамдар кез келген нәрсеге қызығады да, оның бірде біреуіне
нақты тұрақтамайды. Мұндай “көрсе құмар” әуесқойлық қасиеттер адамды
тұрлаусыз, тұрақсыз етеді. Егер осы әдет бойға сіңіп кеткен болса, бұл-
үлкен кемшілік. Қызығуы тұрақтанбаған адам қызметтің қай саласында болмасын
пәрменді еңбек ете алмайды. Тек тұрақты қызығу ғана адамның бүкіл бойын
билеп, қандай бөгеттер болса да жеңе білуге, небір ауыртпалықты көтеруге
жәрдемдеседі.
Қызығулар өзінің мазмұны мен бағытына қарай Қ.Б. Жарықбаев,
Ә.Алдамұратов [16] т.б. бір топ ғалымдарымыздың пікірінше материалдық,
қоғамдық саяси, кәсіптік, эстетикалық, оқырмандық, спорттық, танымдық т. б.
болып келеді. Бұл қызығушылықтардың әрқайсысы өз алдына бірнеше түрге
бөлінеді. Мәселен, таным қызығулары: оқуға, ғылымға (математика, химия,
биология, философия т.б.), ал кәсіпке қызығуларға салалы кәсіптің
түрлеріне, мамандықтарға байланысты болып бөлінеді. Эстетикалық қызығулар:
кино, театр, музыка, бейнелеу өнеріне тағы басқаларға сәйкес жіктеледі.
Адам объектіге түрлі мақсатты көздеп қызығады, осы тұрғыдан қызығуды
тікелей және жанама деп екіге бөлуге болады. Тікелей қызығу айналадағы
нәрселердің тартымдылығынан туады да, жанама қызығу – бұл әрекеттің түрткі
нәтижесінен қажетсінуінен туындайды. Мұндай қызығу барысында адам көздеген
мақсатқа біртіндеп, сатылап жетеді. Мәселен, оқуға, еңбек етуге т.т.
қызығу. Жанама қызығу тұрақты болып келетін болса, адамның ісі оңға басып,
ол әрнәрсені білген үстіне біле түсуге ықыласы артып отырады. Адамдардың
қызығу саласындағы ерекшеліктері де әр түрлі. Бұл өзгешеліктер адамның іс-
әрекетіне, көзқарасы мен талғамына, мұраты мен мүддесіне байланысты белгілі
мазмұнға толы болады. Мысалы: бір адамдар саяси мәселелерге қызығатын
болса, екінші біреулер эстетикаға, әдемілікке қызығады. Ал, үшінші
біреулері ғылыми теориялық мәселелерге ерекше назар аударып отырады,
төртінші біреулерде осы айтылғандардың барлығы бірдей тоғысып жатады.
Мектеп жасындағы балаларда қарапайым танымдық қызығушылықтарымен қатар
спорттық, оқырмандық қызығулары да кездеседі.
Қызығу пәрменді, белсенді болу үшін, бала тікелей бір әрекеттермен
айналысуы қажет. Мұғалім не тәрбиеші балалардың қызығуын тәрбиелеуде
олардың өзіне әлі де мәлім емес кейбір жанама қызығуларын тауып, соларды
тұрақтандыру үшін әрекет жасауы керек. Сонда ғана бала рухани өмірге бай,
зерігуді білмейтін, жан - жақты, қабілетті адам болып шығады [17].
Жалпы педагогикалық ғылыми еңбектерде қызығу, қызығушылық ұғымы деп
қарастырылуда. Ал, педагогиканың тәжірибелік аспектісінде қызығушылық деп
қолданылғандықтан екі сөз мағыналас, бұған екі сөздің мағынасы
өзгермейтіндіктен, біз ғылыми еңбегімізде қызығушылық деп қолдандық.
Қызығушылық қалыптасуы үшін адам бойында сенімділік туындауы керек. Сенім
мен дүниетаным қатарласып жүрсе ғана өз мақсатыңа жетуге мүмкіндік туады.

Ж.Р.Баширова мен Н.С. Әлқожаеваның “Иман - тәрбие негізі” атты
еңбектерінде имандылық, адам баласының бойында шын мәнісіндегі сенім мен
сезімді тәрбиелейді дейді. Сенім деген ұғымға бір жақты қарауға болмайды,
ол тек құдайға, Аллаға сену дегенді білдірмейді, сонымен қатар ғылымға,
білімге, болашаққа адамның бір-біріне сенуін де сөз етеді. Бұған адамның
талғамы, тәрбиесі, өскен ортасы, жанұясы, тәжірибесі де елеулі әсер етеді.
Қызығу сенім, талап, мұрат, адамды әркезде іс-әрекетке талпындырып ең күшті
қозғаушы түрткілердің бірі болып табылады [18].
Түрткілер, қызығулар адамның іс-әрекетінде анық байқалады – деген
тұжырым жасаған. Яғни, адам өзі сенген нәрсеге ғана қызығушылығы артады.
Студент өмірінде оқу – іс әрекеттің негізгі саласы. Оқу – сабақ,
сабақтан тыс жұмыстар арқылы жүргізіледі. Оқыту, тәрбиелеу, білім беру,
дамыту, қалыптастыру – бірге жүретін үрдістер. Оқудың міндеті – оқушыларға
ғылымның негізгі ілімін, ақыл-ой еңбегінің дағдысы мен әдісін үйренуден
тұрады. Тәрбиелік міндеттер оқушылардың дүниетанымына, ғылыми ілімнің
негізіне, табиғат заңдылықтары дамуының жүйелік көзқарасын, өзінің сендіру
мүмкіндігін құрайды және сендіру мүмкіндігін арттырады. Олар оқу үрдісінде
оқушыларды еңбек сүйгіштікке, еркіндікке, тұрақтылыққа, мақсатқа
ұмтылушылыққа, ыждаһаттылыққа, саналылыққа, істі аяғына дейін жеткізуге,
шындыққа, өзіне деген сындық қатынасқа, іскерлік пен жауапкершілікке
уағыздайды.
Дамушы міндеттер – оқушылардың интенсивтік құрылымын талап ете отырып,
психикалық (сезіну, қабылдау, елестету, ойлау, сезім, еркін, сөйлеу)
логикалық және бейнелі, көркем ойлау үрдісінің түрі, кез келген
шығармашылық міндеттің шешімі, сезім мен ерікте мәдениеттіліктің пайда
болуы. Білім беру - ұлттық және жалпы адамзаттың қазыналары, ғылым мен
тәжірибенің жетістіктері негізінде қалыптастыру және дамыту үшін қажетті
жағдайлар жасау.
Білім беру, оқыту, тәрбиелеу – еңбек ету үрдісімен бірге жүреді. Еңбек
үрдісі нәтижелі болу үшін, қажетті білімді, дағды мен іскерлікті, икемді
жүйелі түрде меңгеру, оқу арқылы бала қоғамдағы ғасырлар бойы жинақтаған
асыл мұрасын, дағды тәжірибесін өз бойына сіңіреді. Білім жүйесін меңгеру
арқылы ғана адам ой мен дене еңбегінің тетіктерін жақсы түсінеді. Білімді
меңгеру- ұзақ уақытты керек ететін күрделі үрдіс. Білімді игеру үлкен
сапалылықты, өз бетімен жұмыс істеп үйренуді, өз мінез-құлқын меңгеруді
керек етеді. Мәселен, баланың жасы өскен сайын оқуға деген
қызығушылықтарының, түрткілерінің де мазмұны өзгереді. Түрткімен бірге
қызығу, дағды және икем де бірге қалыптасады. Дағды адам әрекетінің қай-
қайсысында да ерекше маңызға ие болады. Ол іске шапшаң, шұғыл кірісуге
мүмкіндік береді, іс-әрекетке жақсылап дағдылану арқылы адам өндіріс
құралдарын, дене шынықтыру, ақыл-ой жұмысын меңгеруде жақсы табыстарға
жетеді. Адам әсіресе, өзінің негізгі мамандығына, алдына қойған мақсатына
жетуге күш-қуатын пайдаланады. Ал икемділік- адамның қандай нәрсені
болмасын орындай білу қабілеттілігі. Икемділік білім мен тәрбиеге
негізделеді. Кімнің білімі мен тәжірибесі көбірек болса, сол адамның
икемділігі де артық болады дейді Қ.Б.Жарықбаев [20].
Икемділік – белгілі бір дағдылар мен білім жүйесін тәжірибеде
пайдалана алудың көрінісі. Икемділік білімнің амалға айналуы, ол саналы
әрекетті қажет етеді. Икемділікті амалды жүзеге асырудың тәсілі деп те
қарастыруға болады. Икемділік пен білім тығыз байланысып жатады. Адам түрлі
ғылыми білімдерді үйренеді, бұл үшін ол сан алуан амал-тәсілдер қолданады,
мақсат-бағдарын мәселені шешуге бағыттайды. Осы жолда түрлі проблемалық
жағдайларға кездеседі, белгісіз нәрсені зерттеп білумен айналысады.
Адамның қызығуы әртүрлі істерді өз дәрежесінде орындауға ұмтылудан
туады. Ал, түрткі сол істерге итермелейтін күш. Сонымен, түрткі – адамның
белгілі қажеттіліктерін қанағаттандырудағы іс-әркетіне байланысты
психологиялық көңіл-күйі. Қажеттілік адамның белсенді әрекетін тудыратын
қозғаушы күш болса, білімге, оқуға итермелейтін оқушының танымдық
қызығушылығын қалыптастыруда түрткілердің маңызы зор.
Танымдық түрткілер - оқушының басқа адамдармен әртүрлі әлеуметтік өзара
қарым-қатынасының байланыстылығы. Танымдық түрткілер бірнеше топтарға
бөлінеді. Олар: кеңейген танымдық түрткілер- оқушының жаңа білімді
дамытуымен байланысты. Тағы да деңгейі бойынша бөлінеді. Бұл деңгейлер
білімге деген қызығушылықтармен анықталады [21].
Ал, А.Н.Маркова танымдық түрткілерді үш топқа бөліп қарастырған.
1) жаңа білімдерді игеруге бағыттау мен сипатталатын ауқымды оқу
түрткілері;
2) білімдерге қол жеткізу тәсілдерін игеруге бағытталған оқу-танымдық
түрткілер;
білімге қол жеткізу тәсілдерін ұдайы жетілдіруге бағытталумен
ерекшеленетін, өз бетінде білім алу түрткісі.
В.А.Сластенин [22] тұжырымдауынша түрткі студенттердің оқу-танымдық іс-
әрекетіндегі маңыздылығын атап көрсетеді:
- жеке тұлғаның қалыптасуының негізі,ол студенттің әрі қарай дамуының
факторы ретінде көрінеді;
-ойлау жүйесін реттеуге әсер етіп,интеллектуалды белсенділігінің көзі
болады;
- танымдық тапсырмаларды шешуге,ізденуге шығармашылық күш беріп, білім
сапасына, оның тереңдеуіне әсер етеді;
- өздігінен білім алуға ұмтылушылықтың дамуының ішкі шарты болып
табылады;
Аталған зерттеулерді қарастыра келе танымдық түрткілер мен қызығушылықтар-
оқушылардың білімін дамытып, әртүрлі әдістер арқылы әрі қарай жетілдіреді.
Яғни,ғылыми танымға – оқу әрекетін білуге,зерттеуге, ізденуге деген
қызығушылықтарын туғызады.
Ал,өзіндік білім түрткісі – оқушылардың білімін жетілдіру әдістері. Бұл
деңгейлер оқушылардың нәтижеге жетуін қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік топтар да бірнеше қосымша топтарға бөлінеді. Кеңейген
әлеуметтік топтар деп оқушылардың өз Отанына, қоғамына тиімді болу үшін
білім алуға ұмтылуы, қоғам алдында өз борышын өтеу, жауапкершілік сезіммен
оқу керектігін түсінуі деп есептеген жөн [25].
Студенттердің оқуға деген негізгі екі түрлі мотивтері болады:
• Табысқа жету;
• Танымдық мотив.
Танымдық мотив оқу-танымдық әрекеттің, яғни ойлау іс-әрекетінің
негізін құрайды. Бұл іс-әрекет проблемалық ситуация кезінде пайда болады да
студенттер мен оқытушылардың қарым-қатынасының дұрыс жағдайда өрбуіне өсіп,
дамиды. Ал, табысқа жету мотивтері оқыту процесінде танымдық және кәсіби
мотивтерге бағынышты болады.
Студенттердің даму ерекшеліктерін зерттемес бұрын адам, жеке тұлға
ұғымдарын қарастырып, анықтама беріп өтсек.
А.Н. Леонтьевтің [26.18] пікірі бойынша “Жеке тұлғаның жетістіктері
мен кемшіліктері, жақсы және әлсіз жақтарымен көрінетін тек өзіне ғана тән
даралық белгілері оның өзгелермен қарым-қатынас жасауы, қайырымдылығы,
мейірімділігі, тәкәппарлығы, жағымды және жағымсыз қасиеттерінің көрінуіне
де байланысты. Олардың сыртқы ортамен қарым-қатынас жасауы, өмірдің алуан
түрлі ерекшеліктерін тануға, танымдық қасиеттерімен, рухани байлығын
арттыра түседі” деп қарастырады.
Демек, жеке тұлға өзіне тән ерекшеліктері арқылы дараланады. Ондай
ерекшеліктерге сенім, дүниетаным, мұрат, бейімділік, қызығу, түрткі,
қабілет, талғам, көзқарас т.б. қасиеттер жатады. Студенттердің
психологиялық-педагогикалық даму ерекшеліктерінен қарастырмас бұрын жеке
тұлға ұғымына тоқталып өтейік.
Белгілі психолог Б.Г. Ананьев еңбектерінде “Адам–физиологиялық,
психологиялық жағынан қалыптасып келе жатқан тіршілік иесі. Адам еңбек ету
нәтижесінде жануарлар дүниесінен бөлініп шығып, бір-бірімен тілдің
көмегімен қарым-қатынас жасайтын, дүниені танып білетін оны өзгертетін және
еңбек құралдарын жасайтын жағдайға біртіндеп ие болды. Оның өмірдегі
көрінісі физиологиялық, психологиялық, әлеуметтік ерекшеліктеріне, даралық
қасиеттеріне байланысты жеке адам немесе жеке тұлға екені көрінеді”-деп
қарастырады [27,8].
Тұлғаның дамуы мен жан-жақты қалыптасу мәселесі, оның тарихы болашағы
туралы көптеген ғалымдардың еңбектерінде зерттелген.
Жеке тұлға түсінігі - тек адамзатқа арналған. Жеке тұлға - жеке
даралық, психикалық қасиеті және әлеуметтік қызметі бар нақты қоғамның
мүшесі.
Жеке тұлғаның қалыптасу ерекшеліктерін педагогикалық-психологиялық
еңбектерді жүйелей келе оның төмендегідей бағыттарға бөлеміз:
Психологиялық бағыт жеке тұлғаның белсенділігін, қалыптасу жағдайларына
жауап іздейтін, белгілі бір нәрсеге ұмтылып, оны керек ететін, тіршілік
етуде белсенділік танытатын бағыт.
Жеке тұлғаның іс-әрекетін зерттейтін бағыт.
Жеке тұлғаның ерекшеліктерін зерделейтін бағыт.
Жеке. тұлғаның ішкі психологиялық құрылымын зерттеу бағыттары.
Олай болса, А.Н.Тугаринов өз еңбегінде: “Жеке тұлғаны жауапкершілік пен
саналылықты ішкі қасиеттерімен сәйкес құқық пен еркіндікке сай қолданған
адам”, - деп көрсетеді [29].
Мәселен, Т.Тәжібаев өз еңбегінде: “Жеке адам әлеуметтік қатынастар мен
саналы іс-әрекетті жүзеге асырушы, нақты қоғамның мүшесі, өзін басқалардан
ажырата білетін, өзінің кім екенін түсінетін есі кірген ересек кісі” - деп
қарастырады[30,13].
Ал, Ә. Алдамұратов “Адам - табиғатта кемелденіп жетілген, ақыл ойы
дамыған қоғамдық тұлға” деп анықтама берсе, республикамызға танымал
ғалымдарымыздың бірі Қ.Б. Жарықбаев: “Жеке тұлға дегеніміз - қоғам мүшесі
ретіндегі адам. Әр адамның рухани байлығы оның басқа адамдармен
байланысының алуан түрлігіне, өмірге белсене қатысуына байланысты болады”,
- деп тұжырымдайды.
Осы тұрғыдан келгенде жеке тұлға мәселесін зерттеу жүйесінде сана-
сезімін, адамзат психикасының күрделі мәселелерінің пайда болуын зерттеуде
философия, психология, педагогика, этика, физиология, әлеуметтану,
құқықтану, жаратылыстану, медицина т.б. ғылымдармен тығыз байланыстыруда
өмір бойы әртүрлі өзгерістерге ұшырайтын жеке тұлғаның даму үрдістерінің
заңдылықтарын педагогика ғылымдарымен тығыз байланыста зерттеуде әртүрлі
ғылыми жаңалықтар енгізіліп отыр.
XX ғасырдағы психолог ғалым А.Н.Леонтьев: “Менің өмірімде нені меңгере
алдым, я болмаса соны ұғына алдым ба, жоқ па, егер ұғынсам, меңгерсем,
қаншалықты, қандай дәрежеде ұғындым, оның мен үшін, менің жеке тұлғам үшін,
маңыздылығы қандай ...” –деп “мән” мен “маңыз” ұғымдарының мағынасын
зерттеген [31,16].
Бұл арқылы біз, студенттерге берілген білім мен тәрбиенің қаншалықты
меңгерілгендігін үнемі бақылап отыруымыз қажеттігіне мән берілуі тиіс деп
ұғынамыз.
Студенттік шақ - жастық шаққа кезең. Жастық шақ адам өміріндегі
көптеген өзгерістермен анықталады. Өмірдің бұл кезеңінде физиологиялық
жетілу процесі аяқталады. Адам қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік статусты
игереді. Бұл кезеңдегі жастардың негізгі проблемаларының бірі - өзіндік
сана сезімімен тұлғалық дамуын айтуға болады.
Сондай-ақ құндылық бағдарлауы, мамандық таңдауы және ересектер өміріне
аяқ басуы мен жеке өмір сүруі қалыптасады. Бір топ ғалымдарымыздың
пайымдауынша “Жастық шақ“ 16-18 жас пен 22-25 жас аралығы болып
есептелінген. Біз осы ұсынысқа сүйене отырып, студенттерді осы топқа
енгіздік. Бұл кезеңде адамның жеке тұлға болып қалыптасуына жанұясы,
қоршаған ортасы, тәрбие, салт-дәстүрлер әсер ететіні мәлім.
ХІХ-ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы психологтардың шығарған теориялық
көзқарастары жастық шақтың романтикалық концепциясы болады. Оның жалпы
пішінін Жан Жак Руссо ұсынған болатын [33]. Психолог Гезеллдің пікірі
бойынша 11-21 жасқа дейінгі аралық жастық шақтың еншісінде, осы шақ
балалықтан үлкендікке өту кезеңі болып табылады. 11-16 жас аралығының өте
маңызды ескерте отырып, Гезелл он жасты “алтын жас“ деп атайды.
Мүшелі жасқа өту кезеңінде бала өмірдің қиыншылықтарын жеңіл қабылдап,
сыртқы жағдайларға аз көңіл бөледі. Ересек шаққа өту кезеңінен бастап, жас
өспірімдердің өзіндік ойымен философиясы қалыптаса бастайды.
Философия ғылымы жеке адамның дамуын, дүниетанымын, қоршаған ортамен
байланыстылығының басты қасиеттері жайында зерттейді. Философия тілдің
танымдық қызметін санамен байланыстырады. Терең де орнықты білім мен
іскерлік-дағдылары адамның теориялық, дүниетанымдық негізін қалыптастырады.
Қазақстандағы жалпы әлеуметтік, саяси экономикалық, тәрбиелік және
білімдік, мәдениеттік деңгейлеріміздің жаңа сатыға көтеріліп, жаңаша реңге
ие болады. Жеке тұлғаны оқыту,білім беру, дамыту жүйесін жақсартуды талап
етеді. Сол себепті еліміздің болашағын дамытатын, жетілдіретін болашақ
мамандардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру ерекшеліктеріне назар
аударуымыз қажет. Болашақ маман тұлғасының қандай да ғылымды меңгеруі оның
дүниетанымдық, қызығушылық, шығармашылық ерекшеліктеріне байланысты болмақ.
Қазіргі жағдайда қоғамда болып жатқан өзгерістерді терең тану, оның рухани
дамуының дәрежесін айқындау, халқымыздың дәстүрлі мұраларынан сусындай
отырып, оның даму қасиеттерін бойына сіңіре отырып өзі өмір сүріп жатқан
қоғамның даму үрдісіне елеулі үлес қоса алады.
Даму процесі өте күрделі процесс болып табылады. Адамның өмірінде
белгілі бір дамудың жалпы заңдылықтары қалыптасқан. Жеке адамның даму
процесін қарастыратын болсақ, бұл ’’процесс’’ латын тілінен аударғанда
алдыға қарай қозғалу, өзгеріс деген сөзді білдіреді.
Болашақ маман жеке тұлға болып қалыптасуы үшін- ол қоғамдық
сананың,адамның тұрмыс тіршілігінің барлық түрлерінен хабардар болуы керек.
Дүниетаным- ғылыми, көркемдік, құқықтық, саяси, діни болуы мүмкін.
“Дүниетаным- адамның табиғат,қоғамдық өмір туралы білімдерінің жүйесі.
Адамның алдына қойған мақсатының айқын болуы, дүниетанымның өмірмен
байланыстылығынан және берік сенімінен туады. Дүниетаным жеке адамның
табиғи және әлеуметтік құбылыстарын түсіндіру туралы пайымдауы, ой
тұжырымы”деп қарастырады З. Серікқалиұлы [38,6].
Осы тұрғыда дүниетанымды нақтырақ анықтау үшін, оның негізгі
құрылымдарына тоқталып өтейік:
- ағартушылық - ғылыми дүниетаным адам үшін қоғам мен табиғат әлемін
анықтайды да ағартушылық сананы қалыптастырады.Ол философиялық принциптер
методологиясы мен таным тәсілдерімен қаруландырылады.
- тәрбиелік - қабылданған көзқарастар мен сенімдер нәтижесі адамнан
шындыққа негізделген моралдық-ерік бастамаларымен эстетикалық қатынастарды
талап етеді.
- дамытушы - дүниені қабылдау мазмұнын меңгеру арқылы, ішкі рухани
қозғалыс әсіресе ойлауды белсенді әрекет етуге итермелейді. Ғылыми
дүниетаным негізінде ойлаудың дамуына түрткі болатын және шығармашылыққа
ынталандыратын диалектикалық тәсілдердің принциптері жатады.
- ұйымдастырушылық - адамдардың тәжірибелік іс-әрекеті барысында
қолайлы позиция болып табылады.
- болжамдық - ғылыми дүниетаным ғылыми теория мен тәжірибенің меңгеру
белгілерімен алға жылжытады.
- тәрбиелік мақсаты - баланың тұлғалық құрылымының тұрақтылығы мен
сенімді орталық ұйымының қалыптасуын қадағалайды да, табиғатқа қоғамға және
ойлауға деген қатынастың негізінде мінез құлық пен ерік сезімдердің
санадағы бірлігін айқындайды.
Адамзаттың пайда болу тарихын түсіндіруге әртүрлі көзқарастардың бар
екені мәлім. Сенім мен дүниетаным қатарласа жүрсе ғана адам санасының
сапасы арта түседі. Өйткені бұл екеуі құстың қос қанатындай адамның ең асыл
қасиеттері болып табылады. Сенім терең, тиянақты ойланып айтылған
идеиялардың жиынтығы. Сенім жеке даманың өмірлік позициясының беріктігін
анықтайды, мінез құлқын сипаттайды [39,3].
Жеке адамның өзіндік сана сезімінің әртүрлі себептері - адамның өз-
өзіне қарым-қатынас жасауы, яғни мұның өзіндік іштей сөйлеудің дамуына,
ойлаудың, танымдық қасиеттердің жеткілікті түрде қалыптасуына абстракция
және жалпылау сияқты, индивидтің өзінің “Мені” туралы ұғымын, көрінісін
құруға мүмкіндік беру үшін және “Менін” басқалардан ажырата алуы үшін
қажет.
Жалпы айтқанда әрбір жеке адам қоғам тұлғасы ретінде жеке тәрбие
жұмысына, жеке өзіндік өмір бейнесіне, жеке құқыққа, танымдық қасиетке,
жеке түрткі күшіне ие болатын жан. Адам белгілі бір қоғамның мүшесі, ол
қандай да болмасын бір іспен айналысады, оның азды-көпті тәжірибесі, білімі
өзіне тән ерекшеліктері болады. Осы айтылғандардың жиынтығы оны “жеке адам”
етеді. Жеке адамның өзіндік ерекшелігі оның дүниетанымынан, сенімінен,
талғам, мұратынан, бағытынан, қабілет қызығушылығынан жақсы байқалады.
Адамның айналасын қоршаған дүние үнемі өзгеріп отырғандықтан оның түрлі
ерекшеліктері, танымдық қызығушылықтарын да дамып өзгеріп отырады. Танымдық
іс-әрекеттер адам мақсаттарымен ұмтылыстарының негізі болатын, білімін
қалыптастыратын, шығармашылық қызметінің тарихи үрдісі. Ой еңбегімен дене
еңбегі арасында танымдық іс-әрекет шығармашылық қабілетін арттыруда жаңалық
ашушы мен тудырушы болып табылады.
Ал, таным- рухани өндірістің (ғылым, эстетика, діни, парасаттылық
және т.б.) түрлі салаларындағы кәсіби мамандардың ерекше қызметі ретінде
көрінеді. Таным- адамның табиғатқа белсенді түрде әсер етуінен, табиғат
заттарын өңдеуден, зат қасиетін өндірісте пайдаланудан бағыт алады.
Танымдық қасиеттер – адамның тіл байлығының дамуынан, ойлау қызметінің
артуынан байқалады. Егер студенттер өздерінің оқыту процесіндегі бағдарының
мәнін, маңыздылығын ұғынып, оның ерекшеліктері мен заңдылықтарын,
компоненттерін меңгеруге қажетті білім негіздерін игерсе, онда танымдық
қызығушылық пен танымдық іс-әрекеттің маңызы артады.
Аталған тұжырымдарға орай отандық психолог С.М.Жакуповтың “Танымдық іс-
әрекет психологиясы” еңбегінде оқу-тәрбие процесінің тиімділік, дәстүрлік
оқыту жүйесімен жаңаша оқыту үрдісінде танымдық іс-әрекеттің жолын ұсынды.
Ғылыми еңбектерді сараптай келе танымдық іс-әрекеттің жүргізілу жолдарын
төмендегідей бағыттарда қарастырылған.
Бағыттылық - жеке адамның маңызды қасиеті, адамның қоғамдық тірі ағза
ретінде дамуының динамикасы.
Қажеттілік - адамның белгілі бір тіршілікке немесе дамуда бір нәрсені
керек етуі.
Мотивтер немесе түрткілер - бұл әрекетке талаптанған немесе ниеттенген
белгілі бір қажеттіліктің қанағаттануымен байланысты.
Түрткілер-қажетті қанағаттандыра алатын қабілеттің материалдық немесе
идеалдық объектісі және оның қанағаттану қабілетін әкелетін қимыл-
қозғалыстар.
Мотивация-бұл түрткілердің біршама тұрақты және қайталанбайтын жүйесі.
Темперамент-индивидтің психикалық әрекетінің жүйкелік динамикалық
ерекшелігі жағынан мінездеме беру.
Қабілеттілік- қандай да бір немесе бірнеше әрекетті жемісті атқарудағы
психикалық қасиет.
- өмірдің алдында қалыптасатын негізгі, өзекті қасиеттер.
Мінез-құлық - адамның өміріндегі қарым-қатынасты оның барлық қимыл-
қозғалыстары мен қылықтарының танылу ерекшеліктері немесе белгілері.
Белсенділік - қоршаған ортадағы ақиқат шындық пен өзара қимылының
өлшемі, кез-келген әрекеттің немесе қимыл-қозғалысы орындалуындағы
өнімділігі және қарқындылығы.
Өзін-өзі реттеу сферасы - жеке адам өзінің жүріс-тұрысы мен әрекетін
реттеуге бағытталған.
Талаптану, ниеттену - мінез-құлықтың мотивициялық компонентіне
жатқызылады.
Ерік - кедергі қиыншылықты жеңудегі қажеттілік.
Адам-өзінің қажеттерін орындау үшін бар мүмкіндігін пайдаланады.
Қажеттерін өтеу жолында сыртқы ортаны, табиғатты өзгертуге дейін барады.
Қажеттердің өтелуі, өтелмеуі адам психологиясына, оның күйініш- сүйінішіне
әсер етеді. Қажеттер орындалу тәсіліне қарай кісіде мазасыздану, не
тынышталу, рахат, ләззаттану, не азап шегу сезімдерін туғызады. Қажеттерді
өтеу арқылы адам тиісті құралдарды іздестіріп солардың күшімен мақсатқа
жетуге тырысады [40,12].
Ал, қажет дегеніміз- адамның ойлану қызметін тудыратын негізгі
себептердің бірі. Олай болса адамдардың қажеттері іс-әрекеттерінің негізгі
түрткілері, яғни оның психологиясының қайнар көзі, бастамасы. Қажеттілік
-өмір сүрудің, тіршілік етудің арқауы. Егер табиғи қажеттілік өтелмесе,
өмір сүру үшін тиісті жағдайлар болмаса, адам да жануарлар да тіршілік ете
алмайды. Ғылыми әдебиеттерде “мотив” ұғымы әртүрлі мағынада түрткі, ниет,
ынта, ықылас т.б. ұғымдар арқылы берілген.
Мотив дегеніміз- белгілі бір қажеттілікті өтеуге әсер ететін тұлғаның
іштей құлшынысындағы белсенділігі. Мұның өзі іс-әрекетте, қарым-қатынаста,
мінез-құлықта көрінеді. Ал, түрткінің сапасы мұратқа ұмтылу, қызығушылық,
сенім, әлеуметтік тәртіп саласындағы құндылықтардан көрінеді. Ізденуге
себеп болатын бағдар - таңдаған әрекетті мойындап, оны тауып, қажеттілікті
өтеудегі ынта-ықылас. Мұның мән-мағынасы қажеттілікпен байланысты деп
білсек, қажеттілікті өтеу - тұлғаны белсенділікке ұмтылдыратын қозғаушы күш
деп түсінуге болады. Сонда түрткі адамды ынталандырады, ізденуге, оны
табуға ықпал етеді. Былайша айтқанда мотив тұлғаның мінез-құлқы мен
әрекетіндегі белсенділігін реттейтін жетекші фактор деп танимыз.
Сонымен қатар, педагогикалық-психологиялық зерттеулерді сараптай келе
түрткілерді екі топқа бөлуге болады:
3) Танымдық түрткі:
а) студенттердің жаңа білімді игеруге және ұғыну тәсілдеріне бағыттау
түрткілері:
ә) өз бетімен білім алу, оны іс-әрекетінде қолдана білу түрткілері:
4) Әлеуметтік түрткілер:
а)кең мағынадағы әлеуметтік түрткілер (оқуда белсенділік, ынталылық,
жауапкершілік және борышын сезу);
ә) тар мағынадағы әлеуметтік түрткілер(отбасы, ұжым және жолдастарының,
құрбы-құрдастарының арасындағы бедел т.б.);
б) ынтымақтастық әлеуметтік түрткі оқу-тәрбие жұмысында өзара
әрекеттесуге ұмтылу және үнемі жетілдіру. Адам бойында түрткі яғни матив
туындаған кезеңде қызығушылық пайда болады.
Адамда сан алуан қызығулардың болуы мүмкін. Бірақ бұлардың ішінде ең
басыңқы қызығуы болады. Мұндай қызығулар әсіресе оқу әрекетіне аса қажет.
Оқуға қызығуының әсерлі, күшті, тұрақты, мазмұнды болуы оқушының сабақты
үлгеруіне ықпал етеді де, терең білімді алуына көп жәрдем тигізеді. Оқу
қызығулары оқушыларда оқу түрткілерінің дамуына байланысты қалыптасып
отырады.
Оқу әрекеті баланың дамуының басты шарты, оқушылардың кейінгі саналы
өміріне қажетті қызығулардың, түрткілерінің, дағдылардың қалануының негізі
болғандықтан, оқыту үрдісіндегі маңызды мәселелердің бірі саналы оқу
әрекетін қалыптастыру болып есептеледі. Олай болса, оқу үрдісі баланың
әрбір даму кезеңдерінде пайда болатын жетекші әрекетінің сәйкестендіріп,
қоршаған дүниені тануға, танымдық қасиеттерін әрекет тәсілдерін меңгеруге,
бойындағы қабілеттерін жетілдіруге, жеке тұлға ретінде қалыптастыруға
ұмтылдыру қажеттіліктерін туғызады.
Олай болса, мектеп пен оқу орындарында оқушылардың танымдық
қызығушылықтарын қалыптастырудың педагогикалық мүмкіндіктері келесі
параграфта қарастырылады.

1.2. Студенттердің кәсіби-адами құндылық қасиеттерін қалыптастыру
психологиялық-педагогикалық мүмкіндіктері
Елімізде болып жатқан әр түрлі бағыттағы өзгерістер егеменді еліміз
жаңа XXІ-ғасырдың табалдырығын аттап, білім беру жүйесін дамытуда біршама
табыстарға қол жеткізуде.
Қазақстандағы жалпы әлеуметтік, саяси экономикалық, тәрбиелік және
білімдік, мәдениеттік деңгейлеріміздің жаңа сатыға көтеріліп, жаңаша реңге
ие болуы, жеке тұлғаны оқыту, білім беру, дамыту жүйесін жақсартуды талап
етеді. Сол себебті еліміздің болашағын дамытатын, жетілдіретін болашақ
мамандардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру ерекшеліктеріне назар
аударуымыз қажет. Болашақ маман тұлғасының қандай да ғылымды меңгеруі оның
дүниетанымдық, қызығушылық, шығармашылық ерекшеліктеріне байланысты болмақ.
Қазіргі жағдайда қоғамда болып жатқан өзгерістерді терең тану, оның рухани
дамуының дәрежесін айқындау, халықымыздың дәстүрлі мұраларынан сусындай
отырып, оның даму қасиеттерін бойына сіңіре отырып өзі өмір сүріп жатқан
қоғамның даму үрдісіне елеулі үлес қоса алады. Болашақ маман жеке тұлға
болып қалыптасуы үшін - ол қоғамдық сананың, адамның тұрмыс тіршілігінің
барлық түрлерінен хабарлар болуы керек.
Болашақ маман тұлғасының кәсіби қалыптасуында кәсіптік іріктеудің
мақсаты–мамандыққа жарамдыолығын немесе жарамсыздығын анықтау. Ол үшін жеке
адамның еркешеліктерін, мамандыққа қоятын талаптарды да жете білген жөн.
Осығын байланысты күні бұрын профессиограмма жасалады. Профессиограмма –
бұл белгілі бір мамандықтың ерекшеліктерін жеткілікті бейнелеу (жазу),
мұндай мәліметтер жеке адамның белгілі мамандыққа жарамдығын, психолог,
физиолог және медиктердің көмегімен анықталады. Мысалы, мұғалім мамандығына
жеке адамның жарамдылығын анықтау үшін оның басқа қабілеттерімен бірге
көру, есту мүшелерін және сөйлеу, психологиялық жағдайы, тіл табыса білуі,
есепке алу басты талаптардың бірі болып саналады.
Кәсіптік бағдар беру жүйесіне кәсіптік диагностика, кәсіптік білім
беру, кәсіби кеңес беру, кәсіпті іріктеу, кәсіпке бейімдеу кіреді. Кәсіптік
диагностика кәсіптік бағлдар беру мақсатына байланысты әрбір оқушыны
зерттейді. Осының нәтижесінде мамандықты таңдауда оған баланың қабілетін,
ынтасын және дайындығын анықтайды. Ол үшін мынандай әдістерді қолдануға
болады: оқушылардың құжаттарын, іс-әрекетінің жемісін (жеке іс, сынып
журналы)шығармашылық жұмыстарын талдау, практикалық іс-әрекетін, жүріс-
тұрысын (мектепте, қоғамдық орындарда, жанұяда, еңбекте) зерттеу; әңгіме-
интервью; педагогикалық эксперимент тесттік жүйелер; жинақтау әдісі. Кәсіби
кеңес беру мақсаттары:таңдаған мамандыққа, болашақ маманның денсаулығының
сәйкестігін анықтау; болашақ маманның таңдаған мамандықты игерудегі
психофизологиялық дайындығын білу; еңбекке орналасуы жөнінде ақпарат
алу;
Кәсіптік білім беру-бұл кәсіптік өзі тағдырын өзі шешуде студеттердің
бойындағы жеке қасиеттерін, қабілеттін, мүмкіншілігін дамыту.Осы орайдан
қарастырғанда студенттердің ынтасының, бейімділігінің, жалпы және
динамикасына көңіл аударылуы қажет.
Жоғарыда аталғандарды ескере отырып болашақ маман тұлғасын дайындаудың
маңызды да өзекті мәселе екені анық. Осы себептен болашақ маман даярлау
ісіне мұқияттылық пен терең білімділікті талап етеді. Дұрыс таңдалған
мамандық - жарқын болашағымыздың кепілі.
Қазіргі жағдайда мамандарды кәсіби даярлаудың белгілі бір деңгейіндегі
сапасы мен бағыты еңбек нарығында оның бәсекеге түсу қаблетінің негізгі
шарты болып табылады. Кәсіби даярлық процесінде жоспарлау, білім алу,өзінің
жоғары жеке қабілеті мен қажеттігіне жауап беру мүмкіндігі бар студент
еңбек нарығында елеулі орын алуы заңдылық болып табылады. Осыған орай,
маманды даярлау сапасы тек қана даму көрсеткіші және оқу орынын тәмәмдау
факторы ретінде шешуші ролге ие болып қана қоймай, негізгі өмірлік табысы
болып табылады.
Әр түрлі идея адам сенімінің негізі, шындықты терең тану, оның
соңынан еріп отыру.
Адамзаттың сан ғасырлық тарихында адамгершілік пен
имандылықтың ұлы қозғаушы күші – сенім. Сенімнің тұрақтылығы мен нақтылығы
болашақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Полиэтностық ортадағы студенттердің танымдық іс-әрекетінің даму ерекшеліктері
Психолог студенттердің жекелей ерекшеліктерін анықтау
Оқытушылар мен студенттердің тұлғааралық қарым-қатынастарын оқыту үдерісінде қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Ағылшын тілінде сұраулы сөйлемдерді оқытудың лингвистикалық негіздері
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін ауыл мектептерінде педагогикалық инновацияны пайдалануға даярлау
Қарым-қатынас психологиясы пәнінен дәрістер
ТҰЛҒА ДАМУЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДИАГНОСТИКАЛАУДЫҢ ШАРТТАРЫ
Дәстүрлі мәдениеттегі кикілжіңді шешу тәсілдерінің оқу үдерісінде қолданудың психологиялық ерекшеліктері
Оқытудың заңдылықтарымен принциптері
Жоғары оқу орындарындағы әскери кафедрада оқитын студенттердің тұлғасын қалыптастыруда халықтық педагогика элементтерін пайдалану
Пәндер