Танымдық процестердің этнопсихологиялық ерекшеліктерін зерттеудің теориялық негіздері


Кіріспе 3

1 БӨЛІМ. ТАНЫМДЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІҢ ЭТНОПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 4
1.1 Қазақ этнопсихологияда танымдық процестерді зерттеудің әдіснамалық негіздері 4
1.2 Танымдық процестердің психологиялық мәні 12
1.3 Этнопсихологияда танымдық процестерді зерттеу мәселесі 21

2 БӨЛІМ. ТАНЫМДЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІҢ ЭТНОПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ БАЛА ТҰЛҒАСЫН ДАМЫТУДА ОНЫ ЕСЕПКЕ АЛУ 32
2.1 Ұлттық психология тұлғысыдан танымдық процестерді талдау 32
2.2.Танымдық процестердің этнопсихологиялық ерекшеліктерін 44
оқушы тұлғасын дамытуда пайдалану 44
2.3.Танымдық процестердің этнопсихологиялықерекшеліктерін есепке алу,негізіндегі оқу.тәрбие процесін ұйымдастыру бойынша тәжрібелі эксперементтік жұмыс. 59

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. 67
Қазақ елі егеменді мен тәуелсіздігін жариялаганнан кейін этнос,халық,ұлт психологиясының сан салалы мәселелері жайлы зерттеулер көзге түсе бастады.Тек соңгы кездері ғана өз алдына дербес отау тіккен ТМД елдерінде де психология ғылымы кеңінен өріс алуда.Ұлттық мәселелердің қырлары мен сырларын зерттеуге кезінде әміршіл –тоталитарлық жүйе қарсы болды. Өйткені,жалған интернационлизмнің жалауын көтеріп, коммунизм орнатуды мақсат еткен қоғамға ғылымның осы саласы қажетсіз еді. Сондықтан этнопсихологиялық мәселелер тек оқтын-оқтын лениндік ұлт саясаты жайлы желеу сөз болғанда ғана жекелеген ғылымдардың жол-жөнекей, ат үсті жазған еңбектерінде сөз болып келді.Осының салдарынан күні бүгінге дейін осынау ғылым саласының зерттеу объектісі де, термин, ұғым атаулары да бір ізге түскен жоқ.Мәселен, ,,Психологиялық энциклопедияның ,, жоба сөз тізбегінде оның 30-ға жуық терминдері ғана(дәстүр ,салт,ритуал,табу,этностық стереотип,этноцентризм,психикалық тұрпат,этностық тұлға ,т.б )тіркелген екен.Еліміздегі тыныс-тіршілік кез келген саласында (мектеп, сауда, спорт, әкімшілік, әскери кызмет,т.б.) ұлттық ерекшеліктерді ескермей,бұларды ғылыми тұрғыдан сараптамай тиянақты жұмыс жүргізу қиын.Әсіресе, Қазақстан секілді көптеген ұлт өкілдерімекендеген елде этностық психологиямен үнемі санасып отыру аса маңызды.
1. Қазақстан Республикасының «Білім тұралы » Заңы. Алматы: Данекер, 2001.
2. Қазақстан Республикасында Білім беру 2010 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы //Егеменді Қазақстан,2003.
3. Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың тұжырымдамасы //Егеменді Қазақстан,2003,26 желтоқсан.
4. Қазақстан Республикасының 12 жылдық жалпы білім беру тұжырымдамасы // «12 жылдық білім беру»ғылыми-әдістемелік басылым.-Алматы,2006, №1.- б.6-11.
5. Назарбаев Н.Ә. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан.Қазақстан халқында жолдауы // Егеменді Қазақстан,2007.1 наурыз.
6. Жарықбаев Қ.Б. Психология. Алматы: Ғылым, 2004.
7. Жұмабаев М.Педогогика. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 13 – 14 б.
8. Рубинштейн С.Л. Основы опщей психологии.Изд.2-е-М,1946.
9. Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики.-М.: Педагогика,1972.
10. Ананьев Б.Т. Избранные психологические труды.:В 2т.М.,1980.
11. Бабаев С.Б., Оңалбек Н.И. Жалпы педагогика. – Алматы: Заң мектебі, 2005
12. Аймауытұлы. Ж. Психология. – Алматы: Рауан, 1995.
13. Аймауытұлы .Ж. Психология. – Алматы: Рауан, 1995.-325б.
14. Қоңыратбаева Т.Ә. Халық педогогикасы және оны оқу – тәрбие ісіне ендіру жолдары. Пед. ғыл. канд. дисс.автореф.-Алматы,1993.-29 б.
15. Елікбаев Н. Қазақ ұлтының психологиясы. – Қарағанды,2000.
16.Бабаев С.Б., Оңалбек Н.И.Жалпы педогогика.-Алматы:Заң мектебі,2005.
17. Жарықбаев Қ.Б. Психология. Алматы: Ғылым, 2004.
18. Жарықбаев Қ.Б. Қазақ этнопсихологиясының қазіргі жағдайы, оның күнгей және көленкелі жақтары//Мектептегі психология, 2007,№5(11).
19. Жанғозиева М.С. Ұлт психологиясы этнопсихологияның негізгі мәселесі//Бастауыш мектеп,2007, №7-б. 26-28.
20. Жарықбаев Қ.Б. Қазақ этнопсихологиясының қазіргі жағдайы, оның күнгей және көленкелі жақтары//Мектептегі психология, 2007,№6(11).
21. Писаренко В.И. О когнитивной лингвистике и семантике термина
«когнитивный».
22. Меркулов И.П. Когнитивная наука // Новая философская
энциклопедия в 4-х томах. Т.2. - М., 2003.
23. Краткий словарь когнитивных терминов // Под общей редакцией
Е.С.Кубряковой. – М., 1996 – 245 с.
24. Леонтьев А.А. Язык, речь, речевая деятельность – М.: URSS,
КомКнига, 2005. – 216 с.
25. Демьянков В.З. Когнитивная лингвистика как разновидность интерпретирующего подхода //Вопросы языкознания. – М., 1994, №4. – С.17-33.
26. Краткий словарь когнитивных терминов // Под общей редакцией
Е.С.Кубряковой. – М., 1996 – 245 с.
27. Касавин И.Т., Порус В.Н. О некоторых итогах и перспективах анализа науки.
28. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 8 том – Алматы: Ғылым, 1985. – 591 б
29. Общая психология /Под редакцией В.В.Богословского и др. – М.: Просвещение, 1981 – 350 с.
30. Солсо Р. Когнитивная психология- М., 1996.
31. Краткий словарь когнитивных терминов // Под общей редакцией
Е.С.Кубряковой. – М., 1996 – 245 с.
32. Сағындықұлы Б. Қазіргі қазақ тілі. Лексикология. І-бөлім – Алматы:
Қазақ университеті, 2003. – 101 б.
33. Жарықбаев.Қазақ этнопсихологиясының қазіргі жағдайы//Мектеп психологиясы-2007 №5.
34. Абуова М. Танымдық қабілетті арттыру шарттары//Бастауыш мектеп, 2007, №12 35-36 б.
35. Жүкеш Қ. Ұлттық психологияның сипаты.-Алматы. 1993.
36. Елікбаев Н.Қазақ ұлтының психологиясы.- Қарағанды.2000.
37. Жүкеш Қ. Ұлттық психологияның сипаты.-Алматы. 1993.
38. Аймауытұлы Ж. Психология.-Алматы:Рауан 1995.
39. Жарықбаев Қ. Жүсіпбек Аймауытұлының психологиялық көзқарастары//Көмекші құрал.-Алматы: білім, 2000.
40. Елікбаев Н.Қазақ ұлтының психологиясы.- Қарағанды.2000. б 97-99.
41. Кемеңгерұлы Қ. Үш томдық шығармалар жинағы. Зерттеулер,
мақалалар, пьесалар, әңгімелер т.б. І- том – Алматы: Алаш, 2005
42. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер – Алматы: Ғылым, 1999.
43. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер – Алматы: Ғылым, 1999.
44. Горелов И.Н., Седов К.Ф. Основы психолингвистики – М.: Лабиринт,2001.
45. Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы – Алматы: Санат, 1994.
46. Тайжанов А.Т. Құдайберген Жұбанов және мәдени мұра // Жұбанов
тағылымы. VI Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Ақтөбе, 2005.
47. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер – Алматы: Ғылым, 1999.
48. Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімі туралы зерттеулер. Исследования по
казахскому языкознанию – Алма-Ата: Ғылым, 1987.
49. Аманжолов С. Қазақ тілі теориясының негіздері – Алматы: Ғылым, 2002
50. Сүлейменова Э.Д. Казахский и русский языки: основы контрастивной
лингвистики - Алматы: Демеу, 1996.
51. Мұсабаев Ғ. Қазақ тілі тарихынан – Алматы: Мектеп, 1988.
52. Асқарова Г. Танымдық іс-әрекетті қалыптастыру//Қазақстан мектебі.-2007. №2 - б.53.
53.Салпынова Қ.Танымдық қызығуды дамыту//Қазақстан мектебі.-2007
№4 –б.52
54. Ешмұратова Д. Елікбаев Н. Ұлттық психология мен ұлттық тәрбие хақында// Ақиқат.-2004. №1 –б.86-90.
55. Голустова О.В. Этнопсихология. – Москва. 2005.
56. Ниязова Ж. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауда танымдық қызметінің психологиялық ерекшеліктері// Бастауыш мектеп, 2007, №1. –б. 8-11.
57. Ниязова Ж. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауда танымдық қызметінің психологиялық ерекшеліктері// Бастауыш мектеп, 2007, №1. –б. 15-16.
58. Ниязова Ж Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауда танымдық қызметінің психологиялық ерекшеліктері// Бастауыш мектеп, 2007, №1. –б.8-11.
59.Қалиұлы С.Қазақ этнопсихологиясының теориялық негіздері мен тарихы.Алматы «Білім»2003.
60.Жарықбаев Қ «Этнопсихология және Этнопедагогика»Алматы-2003.
61.Жарықбаев Ж «Этнопсихология»
62.Елікбаев Е «Халықтық психология»
63.Қалиев С «Қазақ тәлім тәрбиесі»
64.Жарықбаев Ж. «Ұлттық психология»
65.Байтабанова А. Бастауыш мектепте оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру жолдары//Бастауыш білім,2004,N4.-б.6-9.

Пән: Психология
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Көлемі: 62 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 1300 теңге




Мазмұны
Кіріспе 3

1 БӨЛІМ. ТАНЫМДЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІҢ ЭТНОПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУДІҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 4
1.1 Қазақ этнопсихологияда танымдық процестерді зерттеудің әдіснамалық
негіздері 4
1.2 Танымдық процестердің психологиялық мәні 12
1.3 Этнопсихологияда танымдық процестерді зерттеу мәселесі 21

2 БӨЛІМ. ТАНЫМДЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІҢ ЭТНОПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ БАЛА ТҰЛҒАСЫН
ДАМЫТУДА ОНЫ ЕСЕПКЕ АЛУ 32
2.1 Ұлттық психология тұлғысыдан танымдық процестерді талдау 32
2.2.Танымдық процестердің этнопсихологиялық ерекшеліктерін 44
оқушы тұлғасын дамытуда пайдалану 44
2.3.Танымдық процестердің этнопсихологиялықерекшеліктерін есепке
алу,негізіндегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру бойынша тәжрібелі
эксперементтік жұмыс. 59

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. 67

Кіріспе

Қазақ елі егеменді мен тәуелсіздігін жариялаганнан кейін
этнос,халық,ұлт психологиясының сан салалы мәселелері жайлы зерттеулер
көзге түсе бастады.Тек соңгы кездері ғана өз алдына дербес отау тіккен ТМД
елдерінде де психология ғылымы кеңінен өріс алуда.Ұлттық мәселелердің
қырлары мен сырларын зерттеуге кезінде әміршіл –тоталитарлық жүйе қарсы
болды. Өйткені,жалған интернационлизмнің жалауын көтеріп, коммунизм
орнатуды мақсат еткен қоғамға ғылымның осы саласы қажетсіз еді. Сондықтан
этнопсихологиялық мәселелер тек оқтын-оқтын лениндік ұлт саясаты жайлы
желеу сөз болғанда ғана жекелеген ғылымдардың жол-жөнекей, ат үсті жазған
еңбектерінде сөз болып келді.Осының салдарынан күні бүгінге дейін осынау
ғылым саласының зерттеу объектісі де, термин, ұғым атаулары да бір ізге
түскен жоқ.Мәселен, ,,Психологиялық энциклопедияның ,, жоба сөз тізбегінде
оның 30-ға жуық терминдері ғана(дәстүр ,салт,ритуал,табу,этностық
стереотип,этноцентризм,психикалық тұрпат,этностық тұлға ,т.б )тіркелген
екен.Еліміздегі тыныс-тіршілік кез келген саласында (мектеп, сауда, спорт,
әкімшілік, әскери кызмет,т.б.) ұлттық ерекшеліктерді ескермей,бұларды
ғылыми тұрғыдан сараптамай тиянақты жұмыс жүргізу қиын.Әсіресе, Қазақстан
секілді көптеген ұлт өкілдерімекендеген елде этностық психологиямен үнемі
санасып отыру аса маңызды. Мәселен, әр түрлі этностар мен халықтардың
ұлттық мүдделерін қорғау, олардың әр қайсысының дәстүр-салты мен әдет-
ғұрпына ұқыптылықпен қарау, ұлттық қатынастарда шиеленістерді болдырмау,
осы айтылғандарды ғылыми негізде зерттеу, яғни экстремизм мен шовинизмнің,
ұлтшылдық пен нәсілшілдіктің, этностық кемсітушіліктің, кез-келген
көріністеріне жол бермеу үшін, этнопсихикалық зерттеулерді ерекше
жандандыру қажет. Бізде 4-5жыл ішінде іспеттес мәселелерді арнайы зерттеу
үшін этнопсихология ғылыми орталығын қуру мәселесі көтеріліп жүр.
Жұртшылдықтың бұл тілегі әзірше үкімет тарапынан қолдау таппай отыр

1 БӨЛІМ. ТАНЫМДЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІҢ ЭТНОПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУДІҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Қазақ этнопсихологияда танымдық процестерді зерттеудің әдіснамалық
негіздері

Ұлттық рухы құрып кетуге аз-ақ қалған қазақ ұлты үшін этнопсихологиялық
зерттеулер ерекше маңызды мәселе.Тоталитарлық жүйеден қатты әлсіреп шыққан
қазақтың халықтық рухықайтадан көтеріліп өзіне тән бейнесін табуы аса
маңызды екенін жұрттың бәрі түсінеді.Біз полиэтникалық мемлекетте
мәдениеттің көп түрлілігін және олардың бір-біріне ыкпалын,мұндай жағдайда
таза жеке этнос мәдениеті болмайтынын мойындай отыра,тұрғылықты қазақ
ұлтының төл мәдениетінің орнын ерекше боліп көрсетуіміз керек.Өзінің төл
мәдениетін саралау-бұл ұлттың өзін-өзі сақтау инмтинкті. Біз кімбіз?
Өзгелерден қандай айырмашылығымыз бар? осыны әркез көрсетіп отыру-
этнопсихологиялық зерттеулердің алтын дінгегі.Әдет-ғұрып, салт-дәстүр,
тарихи санамыз қандай? Психологиялық тұтастықтың, бірліктің негізі неде?
Этнос психологиясы мәселесіне жеке –дара психологиялық әдістерді пайдалану
жеткіліксіз. Осы іспеттес мәселелерді зерттейтін ғылымның біздегі жайы
қандай? Еш боясасыз айтсақ: ол әлі эмбриондық күйде. Практикалық сүраныс
теориялық білімдер жүйесі дасуынан озып кетіп отыр. Нарыққа өту кезеңінде
жаңадан пайда болған құбылыстар мен процестерді талдап ғылыми
–психологиялық түрғыдан түсіндіруден кешігудеміз. Этнопсихологиялық
проблемалардың ғылыми тұжрымдарының дәрежесі төмен. Этнопсихологияның өмір
талабынан артта қалуының басты бір себебі –бізде кәсіби психолог
мамандардың жоқтығы.оларды даярлау өте кеш басталды. Мәселен, ҚазМҰУ –де
қазақ тілді психологтрдың шағын тобы үстіміздегі жылы ғана өсірге жолдаса
алды [7; 13 - 14].
Қазіргі жағдаятта этнопсихологияның методалогиялық мәселесінің
толықшешілуын күтіп отыруымыз керек пе, әлде этнопсихологияның практикалық,
қолданбалы ғылым ретінде дербес дами бергені жөн бе деген мәселеге келіп
тіреледі. Бізге қазір зерттеудің ортақ стратегиясы, қабылданған әдістердің
біркелкі жүйесі керек. Қандай методологиялық принциптерге сүйенеміз?
Этнопсихология мәселесінде батыс елдерінде.
Қалыптасқан тұрғыдан, бағыт –бағдарымызды жасау қажет пе? Қазақстан
психологтары ішінде С.Л.Рубинштейн[8], А.Н.Лонтьев[9], Б.Т.Ананьев[10],
сияқты өз лидерлері көріңбей келеді. Содан да болар біз әлі методалогиялық
саз батпақта отырамыз. Одан шығу үшін терең зерде, мықты интеллект керек.
Сол себепті, психологтардыуниверситетте даярлау ерекше көңіл бөлуді талап
етеді. Жеке психология факультетін құру, оны материалдық –техникалық
жағынан қамтамасыз ету, білікті кадрлармен (әсіресе, үлттық кадрлармен)
қамтамасыз ету ұзақ арқан, кең тұсауға салатын жәйттер емес.
Әсіресе, этнопсихологиялық зеттеулер барысы жалпы бүрынғы
кеңестік психологиядан келе жатқан, дертті мәселені жалаңаш түрде жарыққа
шығарып отыр. Ол –психодиагностикалық әдістер мен әдістемелер мәселесі.
Этнопсихологиялық зерттеулерге қажет сенімді әрі жарамды (валидность)
әдістемелер жоққа тән. Көбінесе, пайдаланатынымыз –бастық әдістемеге
тәсілдері. Қазақ тілінде ғылыми тұрғыдан ұлт ерекшелігіне бейімделген
сынақтар жүйесі жайлы айтудың өзі аянышты. Зерттеушілер қазақ этносының
өкілдеріне батыстық стандарт бойынша эксперемент жүргізіп, сол бойынша
қорытынды жасайды. Оның қаншалықты шындыққа жанасымды екені өз алдына бөлек
әңгіме[11; 9].
Қәзір Қазақстан психологтары үшін тұлғаның энтикалық сәйкестілігі
(идентичность) проблемасына ерекше назар аудару маңызды. Халқымыздың
өзіндік санасын зерттеу барысында маргиналдық түлға проблемасына, яғни
өз ішіміздегі бөгделер немесе Масанов синдромы іспеттес құбылыстарға
үрынып отырмыз.Ұлттық құндылықтарды,оның әдет –ғұрпын ,тілі мен дінін,әдеп
жүйесін, салт-дәстүрінигермеген,өз этномәдениетінен алшақтанған ұлт
өкілдерінің-метрополияныңбізге қалдырған сыйы. Этникалық
идентификацияның,сәйкестіліктің болмауы-тұлғаны ішкі психологиялық
қайшылықтарға,қарым-қатынаста өз этномәдениетін жатсыну мен оған жаулық
сезімін туғызатынконфлмктерге,әр түрлі әлеуметтік фрустрацияға әкелді.
Ғылыми әдебиетте мұндай адамдар типін евнух (әтек)деп атайды екен.Бұл
проблема тек жеке адамның ғана традегиясы емес, ол ұлттық трагедия.

Еліміз бен жеріміздің түкпілікті иегері-қазіргі қазақтардың
психологиясында осы этносқа ғана тән біртұтас ұлттық ерекшелік бар деп
айтуға қиын.Өйткені, қазақ этносының бүкілтыныс-тіршілігінде, отбасындағы
әдеп-ғұрпымен салт санасында кең-байтақ өлкемізді мекендеген басқа халықтар
мінездерінің нышандары көрініс беріп жүр.Бірақ, кейбіреулер айтып
жүргендей, бұрын жылқы мінездіболып, енді қой мінезді болған жуас, намыссыз
халық емеспіз.
Жеріміздің ұлан-ғайыр кендігі мен табиғат сұлулығының эсерінін ғасырлар
бойы қалыптасқан дарқандылық, дамға деген мейрімділік пен өнерпаздық,қазақ
биосферасының ерекшелігінен туындағанасқан қонақжайлылық, жойқын соғыспен
қырғынға ұшыраудың салдарынан тірнектеп жинаған рухани мұраны ұрпақтан-
ұрпаққа жеткізу ниетінен қалыптасқан-балажандық, үнемі мал шаруашылығымен
айналысудан қалыптасқан малжандылық (мәселен,аман-саулық сұрағанда ең
алдымен малдың жәйі сөз болатындығы), өзінен басқа жұрттарға деген
баурмалдылық, еш уақытта біреудің жеріне көз алартпаған бейбітшілік, озі
тиген дұшпанның кабырғасын қаусатқан батырлық, мың өліп, мың тірілген
кездердегі шыдамдылық-біздің ұлттық мінезіміздің жоталы бітістері,
халқымыздың ұлттық мақтанышы емес пе?
Сондай-ақ бізде патшалық отарлану, большевиктік империялық саяст
тудырған келеңсіз қасиеттер де баршылық.Осы кездері қанымызға әбден сіңіп
кеткен даңғазалық пен ұраншылдық,күдікшіл мен күншілдік арызқойлық пен
жалақорлық бойкүйезділік пен салғырттық,жалқаулық пен
шалағайлық,т.б.алдымызға оралып,жаңа заман талабына бейімделуге бөгет
болуда.Әсіресе,Кеңес өкіметі жылдарында ұлттық мінезімізге
дінсіздік,спирттік ішімдікке құмарлық т.б.(бұлар бұрынғы қазақтың түсіне де
кірмеген мерез қасиеттер)осы іспеттес пәлелер келіп қосылды.Бізде басқа
еліктеп,солықтауда аз емес.Бұл жәйт еңсемізді көтертпей,құлдық
психологияның шырмаунан шығуға кесірін тигізіп-ақ жатыр[12;21-23].
Бізге қазіргі заманға лайықты ұлттық өндірістік психологияны
қалыптастыру,қазіргі Азия жолбарыстары-Корея,Жапония,Малайзи я елдерін
қуып жету мәселесін басты мақсат ету қажет.Өйткені,бізге еуропалықтардың
харекетімен психологиясы үйлеспейді.Сондықтан ұлттық ерекшеліктерімізге
үйлестіре жетілдірілген ғылыми-техникалық прогресті дамыту жағын
ойластырғанымыз,мұны психологиялық тұрғыдан зерттегеніміз абзал.
Ұлттық ерекшеліктеріміздің психологиялық астарларын зерттеуде ештеңе
бітірмедік деп,ауызды қу шөппен сүртуге де болмайды.Мәселен,50-жылдардың
өзінде-ақ ұлттық психология проблемаларын зерттеудің аса қажеттілігін
белгілі психолог-ғалым,академик Аймауытұлы.Ж.[13] айтқан еді.1970-1990
жылдарда профессор Қоңыратбаева Т.Ә.[14] Ұлттық психологияның табиғаты,
проф. М.Мұқанофтың Ақыл ой өрісі,проф. Н.Елікбаевтің[15] Ұлттық
психологияның сипаты, монографиялық еңбектері жарық көрді. Бұлардан басқа
Қазақ мектебінде оқу тәрбие процесінің этнопсихологиялық аспектілірі,орта
мектептерге арналған Әдеп және жантануоқу құралы,жоғары оқу орындарына
лайықталған Қазақ тәлім –тәрбиесі, Этнопедагогика пен этнопсихология
ғылыми жинақтары басылып баспадан шықты. Этнопсихологияның әртүроі
мәселелері бірнеше ғылыми-теориялық конференцияларда біршама сөз болды,осы
ғылым саласынан бірнеше диссертация қорғалды.Әрине,бұларды кемшіліктерде
баршылық.Жоғарыда айтқанымыздай, нақтылы эксперименттік психологиялық
зерттеулердің саны әлі де мардымсыз,этнопсихологиялық ұғым-түсініктердің
мазмұны көп жағдайда шетелдік ғалымдардың тұжырымдарынан алысқа ұзап кете
алмайды.Интернационалистік саясаттың жасанды ұрандарының әсері осы саладағы
зе,рттеулерге теріс ықпал еткені сөзсіз.Сондықтан да күні бүгінге дейін,
жақын шетелдерге қатысты этнопсихологиялық мәселелер(қырғыз,
өзбек,түрікмен,әзірбайжан,т.б.)олар дың бір-бірімен қарым-қатынасындағы
ғылыми астарлары зерттелген емес,жұртшылық назарына ұсынылған жекелеген
тұжырымдар мен қорытындылардың дүдәмал жақтары бар.Бізге халқымыздың
этнопсихологиялық ой-пікірдің қалыптасу тарихында арналған зерттеулер,
әрісін былай қойғанда,типті 18-ғасырлардағы ұлттық ақыл-ой алыптары-Төле-
би,Қазыбек би,Әйтеке би, т.б. рухани мұралары жөнінде ғылыми толғамдар
жоқ.[16;39-41].
Біздің ұлттық психологияға байланысты жүргізген зерттеулерімізге,
жарыққа шыққан азды-көпті еңбектерімізгекөңілі толмайтын,типті бұл үшін
жұртты жазғырып,шабаландап,үріп жүргендердің қылығы қатты
қынжылтады.Мәселен,осындайлардың бірі-психология өрісі биік,терең
ғылым,сондықтан төл тілімізде сойлей алмайды,бұған қазақ тілінің мүмкіндігі
жетіспейді десе, (Қазақ тілі-психология тілі емес.Ана тілі, 1994ж.
10наурыз) енді біреулер беті былш етпей қазақ этнопсихологтары ұлтшылдық
ұран таратып жүр деп ойбай салды.Мұндайларға күлермісің,жылармысың,тіпті
олардың ескі кіресілі-шығысылыма деп қаласың. Ұлттық өзіндік сана мәселесі
жайлы қозғай бастасақ бірден ұлтшылдық құбылыстарын көретін кеңестік
заманнан қалған әсіре интернационализмніңәлі де болса бой корсету
қынжылтады. Ұлтшылдықдеп айдар тағылып,талай зерттеулер кезінде жарық
кормей қалғанды да есімізде.Бұл мырзалар ондай әндердің заманы
өткенін,енді біздің егемендіел екенімізді естен шығарып алған сияқты.Оның
үстіне осы автордың адамның психикалық ерекшелігінен бас сүйек формасымен
түсіндіретін Ф.Гальддің ғылымға қарсы ілімін(френология)не үшін таңып
отырғаны біздерге түсініксіз.Жоқ жерден қара мысықіздегені қай
сасқаны?Ұлттық ерекшеліктердің психологиялық астарларын зерттеумен тікелей
айналысатын этнопсихология ғылымы еліміздегі бір шама қоғамдық,гуманитарлық
ғылымдардың байланыс қарым-қатынасына аса зәру.Өйткені,бұлардың бәрінің
илейтіні-бір терінің пұшпағы іспеттес мәселелер Республикада соңғы кездері
өріс ала бастаған этнолингвистика, этносоциология,
этнодемография,этноантропология,этн ология,т.б. осы секілді этностық
ерекшеліктерді әр қырыннан зерттейтін туысғылымдардың қазақ психолгиясына
берері аз емес. Мәселен, академик Ә.Қайдаровтың этнолингвистикалық
зерттеулері, А.Әбдірахмановтың Қазақ этнотопоно - микасы, С.Нұрханов пен
Қ.Өмірәліевтің этнолингвистикалық очерктері, А.Ысмағуловтың ұлттық
онтрополдогиясы, М.Тәтімовтың ұлттық демографиялық саласында жазған
еңбектері біздің этнопсихология ғылымын өрістете түсүге мұрындық болып
отырғаны хақ. Көп болып көтерген-жүк жеңіл дегендей,алдағы жерде де қоян-
қолтық араласып,этнос психологиясын зерттеу жұмыстарын бірлесе жүргізетін
болсақ құба-құп[17;73-74].
Бүкіл халық ұстанатын тәліми түсініктерді адамның жан дүниесіне
орайластыра қарастыратын білімнің саласын психология дейміз.Осы тұрғыдан
фольклор,соның ішінде,мақал-мәтелдер халықтық психологияның керемет бір
көрінісі.Бұларда ғасырлар бойы сұрыпталажинақтаған ұлттық дәстүр,салт-
сана,әдет-ғұрып,ұрпақтан-ұрпаққа біртіндеп жалғаса беретін халықтың ішкі
жан-жүйесі,өзіндік мінез-құлқы,іс-әрекеті әр қырынан сөз болады.Халықтық
психология адамдардың қоғамдық тәжрибесінің қанға сінген өмірлік
пайымдауларынан туындайтын қарапайым психологиялық білімдер жүйесі.Бірақ,ол
арнайы ғылыми жүйегенегізделмегендіктен адам психологиясын жан-жақты
ажыратуға жарай бермейді. Мұндай жағдайда біз тек ғылыми психологияның
деректеріне сүйенуіміз қажет. Халықтық психологияның теориялық астарларымен
этнопсихология дейтін арнаулы ғылым саласы айналысады.Этнопсихология әр
этностың,халық пен ұлттың бүкіл рухани тіршілігінің (фольклор, тіл,
мәденіет, миф, әдет ғұрып, дін, діл, т.б.)көріністерін,сол халықтың
психологиясын білдіретін негізгі критерийлер деп есептеледі.Этнопсихология
ХІХ ғасырдың орта шенінде Ресейде,кейінірек,Батыс Еуропа елдерінде пайда
болды.Оның негізін салушылар неміс ғылымдары Лацарус,Штейталь,Виндт
еді.Қазақ топырағында осы мәселемен айналысқан біртуар ғалымымыз Шоқан
Уалиханов болатын.Ол өз еңбектерінде халық рухы дейтін ұғымы жиі
қолданған.Бұл халықтық психология мен этнопсихологияның негізгі ұғымдарының
бірі.Қазір еліміз егемендігін алып,тәуелсіздігін жариялаған кезде өріс ала
бастаған қазақ этнопсихологиясы кезінде ұлы Шоқан көтерген мәселенің
жалғасы деуге болады.Еліміз тәуелсіздігін жария еткен алғашқы айлардың
өзіндеақ зиялы қауым ұлттық психологиялық ерекшеліктеріміздің өркен жаюына
ерекше мән бере бастады.Енді бәіздегі осы ғылым саласының қазіргі
жағдайына,жай-жапсарына тоқталайық[18;4-5].
Мәселен,белгілі жазушы С.Елубаев Енді немен күресміз?атты мақаласында
төмендегіше ой бөліседі:Комунистік саясат жеке ұлттың әлуметтік-
саяси,генетикалық тауқыметін зерттетпеді.Ендігі жерде Қазақстанда қазақ
ұлтын этникалық жанды құбылыс ретінде ғылыми тұрғыдан зерттейтін мезгіл
жетті.Ол институт ұлттың бүкіл болмысын,қазағы,шала қазағы
қанша,демографиясы,психологиялық болмысы,дәулет қорының жай-күйі,басқада
тауқіметіне талдау жасап,жария етіп,ұлт болашағы үшін ғылыми негізделген
тұрғыда күресуге жол ашуы керек.Осы институттың ұсынысы
,болжамыҚазақстанның ұлт жөніндегі мемлекеттік саясатына ықпал жасап отыруы
қажет. Невада-Семей қозғалысы Брлин филиалының төрағасы, экономика
ғылымының докторы,профессор Б.Дамитов былай дейді: - Мен көп жылдан бері
Берліндегі жоғары техникалық мектепте жұмыс істеймін.Бұл елде психология
ғылымына аса үлкен көңіл бөлінеді.Неміс халқының өзіне ғана тән
психологиясы бар.Соның арқасында отбасы мен қоғамда тәртіптілік,
ұқыптылық,еңбекқорлық, тазалық сияқты ұлттық мәдениеттің негізі тәрбие
арқылы жастардың санасына құйылып жатады.Қазақстанның осы уақытқа дейін
осындай ғылым негізіне қадам баспай отыруы мені қатты қынжылтады.Ал,жас
ғалым Дүйсенбиев былайша ой тербейді: -Біз батыр халықпыз,ақын
халықпыз,философ халықпыз дейміз.Ал,енді,осыны психологиялық тұрғыдан
зерттеген жан бар ма?Бүгінгі өмір талабына атадан қалған асыл мұраның бәрі
сай келеме,үйлесе ме,осыны неге зерттемеске?Соңғы кезде баспа беттерінде
осы мазмұндас түрлі мамандық иелері жазған мақалалар жарық көріпті.Кеңес
үкіметі тұсындағы қоғамдық прогрестің өрескел іркілістері этностар санасына
жалпы адамзаттық абстрактілі мінез-құлық ережелерін барынша сіңіріп бақты
да,ұлттар мен ұлыстардың өзіне тән этнопсихологиялық асылдарын еске
алмады.Осындай саясаттың нәтіжесінде жас ұрпақтың ұлт мәдениетін
жасаушы,этнос тілінің иегері екенінде ұмыта бастадық ұлттық мақтаныш
сезімінен де ат-тонымызды ала қашатындай жағдайға ұшырадық,ұлттық пен
интернационалдықтың диалектикасы тек сөз жүзінде ғана үйлесімін тауып,бұл
жайт нигилистер мен мәңгүрттердің,маргинал тұлғалардың көбеюіне әкеліп
соқты.Ана тіліндегі газет-жұрнал,кітап тираждары құлдырап,азайып
кетті.Қазіргі кезде 500 мыңдай қазақ баласы орыс мектептерінде тәрбиеленіп
келеді.Бірнеше мыңдай орыс-қазақмектептері,мыңдаған аралас балабақша
топтары бар,(бұлардың ұлттық тілмен сананы қалыптастыруда пайдасынан зияны
басым.-Қ.Ж.)-тоқырау кезеңінен қалған сарқыншақтар[19;17-20].
Халқымыз ежелден өз ұрпағын жақсы адам,абзал азамат етіп тәрбиелеуді
ерекше қастерлеп,мақтан тұтқан.Қазақ даласындағы жау десе қару-жарағын
сайлап,ел десе еңіреген ерлер,әділдік пен шындық,адамдықты ту еткен ақын-
жыраулар,бармағынан бал тамған ісмерлер,от ауызды,орақ тілді небір шешендер
мен ақылман ақсақалдар,еміренген абзал аналар сан ғасырлар бойы қазақи
тәрбиенің жемісі екендігі даусыз.Ұлттық психология мен этика,мінез-
құлық,әдеп мәселелері-қазақ елінің тәуелсіздік жариялауына байланысты
біздегі біртіндеп жүзеге асып келе жатқан ана тілін өркендету саясатына
орайласатын стратегиялық мәні бар шаралардың бірі.Кеңес мемлекетінің ұзақ
жылдар бойына қазақ тілінің мәртебесін төмендетуге бағытталған саясатының
салдарынан елімізде қостілдік процесі етек жайды.Олжергілікті халықтың
ұлттық мүдделеріне қиянат жасау есебінен жүзеге асырылды.Мемлекеттік
мәртебе алған қазақ тілі әзірге орыс тілінің алдына шыққан жоқ.
Ұлттық тіл психологиясында да зерттейтін объектілер ұшан-
теңіз.Мәселен,төл тілімізде төрт түлікке байланысты 3000-дай,өсімдік
дүниесіне қатысты 800-ден астам төл атауларымыз бар екен.Адам
психологиясына тікелей қатысты ,,көз,, , ,,бет,, лексемдерінің әрқайсысының
40-тан астам синонимдері бар екендігі тағы шындық.Бұл халқымыздың жан-
дүніесінің байлығын,оның психолог екендігін көрсететін елеулі фактор.

260 жылдай отаршылдық тепкісінде болған қазақ халқының қазіргі жан
дүниесінің көлеңкелі көріністері,батпандап кірген аурудың мысқалдап
шығатыны сияқты,санамыздан көпке дейін арылақоймайтыны,сондықтан да алдағы
жерде ұлттық тәлім-тәрбие саласында шет жұрттық идеологиядан біртінднп
арылу негізгі міндет болып отырғандығы даусыз [20;4-6].

1.2 Танымдық процестердің психологиялық мәні

Танымдық үдерістің бұл ерекше формалары тіл мен ойлау, сөйлеу секілді
адамдық табиғаттың ең жоғарғы көрсеткіштерін құрауымен қоса, күнделікті
өмірде туатын қажеттіліктерді де өтеуге бағытталады. Адамның танымдық
әрекеті саналы, ғылыми дәйектелген шарттар қатарында өздігінен жүзеге
асатын, адам болмысы итермелейтін рефлексті амалдардан да топталады.
В.И.Писаренконың Когнитивтік лингвистика мен когнитивтік
терминінің семантикасы туралы атты мақаласындағы Когнитивтік
лингвистиканың пайда болуына әсер еткен когнитивтік ғылымның өзі де уақыт
өте келе, әр түрлі мектептер мен ғылыми бағыттарға жіктелу негізінде
дамып отыр, мысалы: когнитивтік психология, нейроғылым, антропология және
т.б., сондықтан бір ғылым саласына қатыстылығынан туындаған когнитивтік
терминнің ұғымдық ерекшеліктерін әр түрлі дәрежеде түсіндіруге болады [21]
деген пікірге назар аударсақ, таным категориясының негізгі белгілері
когнитивтік ғылымның мақсатына сай толықтырылып дамып отырады да, оның
жалпы ұғымдық сипаттамасы жекеленген танымдық ғылыми бағыттардан, олардың
бірліктері мен заңдылықтарынан сұрыпталады. Жаңа пәлсапалық энциклопедияда
когнитивтік ғылымға теоретика-информациялық модельдерді қолдану негізінде
сана мен жоғары ойлау процестерін зерттейтін жүйе деп анықтама берілген
[22; 264-б.]. Когнитивтік терминдердің қысқаша сөздігінде ол адамның ақыл-
ойымен шұғылданатын әрі оның ментальды жағдайымен тығыз байланыста
қарастырылатын, негізгі нысана ретінде когниция мен оның құрылым-үрдістерін
қамтитын, ең бастысы, хабар мен оны өңдеу амалдарын зерделейтін ғылым
саласы ретінде танылып отыр. Осыған орай, танымдық ғылымның негізі әрі
білім, әрі таным, әрі хабар, әрі адамзат ақыл-ойы мен санасы, әрі оларға
сәйкес анықталатын және барлығының биологиялық негізін құрайтын адамзат
миы [23; 58-б.] тұрғысынан айқындалып, күрделі танымдық процестердің
тоғысын құрайтын ғылыми жүйе ретінде зерттеліп келеді. Қазіргі ғылымның
негізгі екі ерекшелігін өзектей отырып, ғалымдар антропологиялық және
пәнаралық даму нәтижесінде жалпы танымдық ғылымға тән негізгі белгілер
қатарында төмендегідей мәселелерге көңіл бөлуде:
• ғылымның пәнаралық негізде қалыптасуы;
• таным көзі ретінде білім мен ілім негіздерінің дамытылуы;
• когнитивтік құрылымдардың өзектелуі;
• білімді қалыптастыратын мәдени және әлеуметтік факторлардың
екінші кезекке қойылуы;
• таным негіздерін тіл арқылы, оның құрылымдық әрі мағыналық
ерекшеліктерін салыстыра бақылау арқылы дәйектеу;
• компьютерлі метафора ұстанымдарын қолдану,
яғни бастапқы кезде адамның миын компьютерге ұқсас құбылыс деп түсіндіру
(hardware компьютерлік метафора аппараты негізінде) үстем болса; кейін
адам санасында компьютерлік бағдарламаларға ұқсас құрылымдар орналасқан,
оған жады қызметі дәлел болады деген тұжырымдардың айтылуы да орын алған.
Таным адам әрекетінің, тұрмыс-тіршілігінің әр алуан кезеңдерімен
айқындалып пайымдалатындықтан, оның табиғатын түсіну әр түрлі ғылыми
деректерді сабақтастыруға, олардың антропологиялық өзгешеліктерін
сипаттауға негізделеді. Адам белгілі бір психо-физиологиялық ерекшеліктер
жиынтығы бола тұра, жаратылыс табиғатынан ойлы, пәлсапалы мүмкіндіктер
орталығы, сан қилы маңызды әрекеттер тоғысы деп танылады . Адам өздігінен
емес, қоғамдық бірлікте және қалыптасқан әлеуметтік-мәдени шарттарға сүйене
дамып келе жатқандықтан, оның танымдық әрекетін пәлсапалық негізге,
психологиялық сұрыптауға, әлеуметтік дамуға, ұлттық-мәдени өркендеуге
сүйене қарастыру керектігі даусыз. Адамзат ақыл-ойының күрделі табиғатына
негізделген аталмыш ғылымның бастауы жайлы әр түрлі пікір-тұжырымдардың
орын алуы да содан болар. Ғалымдардың бір тобы ғылым бастауын когнитивтік
психология мен лингвистика құрады десе, келесілері олардың санатына бірде
пәлсапаны, бірде тіл білімін не болмаса антропология мен нейроғылымдарды
жатқызғанды дұрыс деп есептеді [24; 216-б.]. Демек, Когнитивистер
пәнаралық байланыстан жырақ кете алмайды, бұл заңдылық оның тарихи
тамырында жатыр. Тек психологияның, лингвистиканың, антропология мен
философияның, компьютерологияның көмегімен ғана ақыл-ой табиғатын,
тәжірибе пайымын, концептуалды жүйе негіздерін анықтауға болады... [25; 23-
б.],- деп аталып көрсетілгендей, қазіргі ғылыми бағыттардың ішінде
когнитивтік философияның, когнитивтік психологияның, когнитивтік
әлеуметтанудың, когнитивтік мәдениеттану сияқты салалардың қалыптасып
дәйектелуі де соның үйлесімді жалғасын құрап келеді.
Адамзаттың ақыл-санасы, ойлау жүйесінің заңдылықтары, білімнің
қайнар көздері мен оны меңгерілу жолдары, сол сияқты ми, психика, ментальды
жағдайлар мен актілер – барлығы ерте кезден пәлсапа мен логика, психология
мен биология шеңберінде зерттеліп келгендіктен [26; 61-б.], танымдық
ғылымның жетістіктерін бір ғана бағытта сұрыпталатын тұжырымдар емес,
олардың тоғысқан табиғаты, шебер ұштасқан жүйесі құрайды. Таным
құбылысының ұғымдық аясы түрлі ғылыми түсініктемелердің бірлігінен
жинақталып, маңызды мақсат-міндеттердің шешілуіне мүмкіндік беріп отыр.
Бүгінгі күні ғылым пәлсапасының аясы кеңейген сайын пәнаралық
сабөлшемдері дәстүрлі пәлсапалық талдаулардың әдістемелік негіздерін жаңа
бағытта ақтастықтың ұстанымдарын жан-жақты дамыту күннен күнге өзектеліп
отырғандықтан [27; 3-б.], танымның пәлсапалық негіздерін айқындау да
когнитивтік ғылымның аса құнды дереккөздерінің бірін дәлелдеуге мүмкіндік
берді. Таным – дүниені, өмірді танып-білу қабілеттілігі деп [28; 135-б.]
қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде көрсетілгендей, пәлсапа аясында сөз
болатын танымның да өзгешелігі сана, қабылдау, қабілет ұғымдарымен
байланыстырылады. Пәлсапалық сана когнитивтік зерттеулердің маңызды бірлігі
бола тұра, табиғатының күрделілігіне орай, сан алуан ғылыми қағидаларға
ортақтығымен ерекшеленеді, сондықтан әрі пәлсапа, әрі психология нысанын
құраған бұл ұғымның анықтамалары да, функционалдық сипаттамалары да
біркелкі емес. ХІХ ғасырда ғалымдардың бір қатары сананы зерттеу, оның
болмысын нақтылау мүмкін емес деп келсе (биолог Т.Гексли), келесі
біреулері оның тек жекеленген құбылыстары мен құрылымдарын ғана тануға
болады деген көзқарасты ұстанды (В.Вундт). Кейінірек еуропалық пәлсапада
сана білім көзі, бағыт, көзқарас, көңіл, өзін-өзі тану сынды ұғымдар
негізінде түсіндірілді. Бүгінгі күні философтар сананы когнитивтік
теориялар негізінде, жасанды интеллект мәселелерімен ұштастыра талдап
зерттеуді мақсат етуде. Осыған орай, сана қызметі бірде адамның танымдық
мүмкіндіктері шеңберімен шектелсе, бірде оның аясы нейрофизиологиядан
мәдениеттануға дейін кеңейтіліп, ғылыми тұжырымдар тізбегінде оған таным
құралы, материямен сәйкестік құрайтын құрылым, саналы не болмаса рефлексті
әрекеттер сабақтастығы деп анықтама беріліп жүр.

Адамның анатомиялық жаратылысынан бастау алатын таным, ең
алдымен, табиғи жүйенің бір бөлшегі, ішкі физиологиялық тәртіптің жемісі
деп қарастырылары анық. Өзге салаларға қарағанда, әлде-қайда бұрын дүниеге
келген когнтивтік психология да танымның антропологиялық негіздерін дәл
анықтауға көмектеседі. Танымдық процестер психологиясын адамның ментальды
дамуымен сабақтастырған аталмыш ғылым алғашында теориялық бағыттардың бірі
ретінде қалыптасса, кейін ол когнитивтік төңкерілістің алғышартын құрады,
себебі Жалпы психология курсында психика - объективті әлемнің
субъективті қабылдауда көрініс табуы [29],-деп түсіндіріліп келеді. Осыған
орай, психологиялық әдістер де, бір жағынан, аналитикалық зерттеулерге
сүйенсе, екінші жағынан, синтетикалық ізденістердің жүзеге асуын
қадағалайды. Алғашында өмірдің әр түрлі кезеңдеріне, адамның әрекет ету
өзгешеліктеріне қатысты айқындалатын психика элементтерін танып білу
көзделетін болса, келесі зерттеулер алуан түрлі психикалық көріністерді
сұрыптау негізінде жалпы адамзатқа тән ортақ белгілерді дәйектеуге
бағытталды. Осыған орай, адам психологиясын таныммен байланыстыру қажеттігі
туды. Когнитивтік психология деген терминді 1967 ж. ғылыми айналымға
ұсынған У.Найссер оны бихевиористік теорияға қарсы дамыған бағыт деп
сипаттады. Адамның ішкі психикалық өзгешеліктерін зерттеу кезінде байқалған
қарама-қайшылықтар әр теориялық тұжырымның өзіндік ұстанымдары мен
қағидаларын сұрыптады. Психологияның танымдық бағыты субъектілердің
қабылдау, ойлау, тану, пайымдау, түсіну әрекеттерін жан-жақты талдау
негізінде адамның ішкі, көзге көріне бермейтін әрі нақты механизмдер мен
процестер арқылы емес, сана, жады қызметтерінің көмегімен бақыланатын
мәселелерді шешуге бағытталды. Сол себепті Р.Л.Солсо танымдық психологияның
ғылыми-теориялық принциптерін жалпы психологияның 10 негізгі саласы мен
олардың тұжырымдары құрайды деп есептеді. Олардың қатарында ғалым қабылдау,
бейне-образдарды тану, көңіл-бөлу, жады қызметі, елестету, даму, ойлау мен
мүмкіндіктерді шешу, адамның ақыл-парасаты мен жасанды интеллект, тілдік
функциялар сияқты құбылыстардың психологиялық белгілерін атап өтті [30; 496-
б.]. Бастапқы кезде психологтар танымдық әрекетті ойлау жүйесінің бір
бөлігі деп қана бағаласа, кейін зерттеушілер оны функционалды-
прагматикалық, аккумулятивті және қатысымдық қызметтері ерекше, адамзат
тірішілігіне аса қажет фактор ретінде саралады. Сөйтіп, психология
ғылымының нысанын құраған көптеген мәселелерді жаңа қырынан талдауға әрі
адам табиғатының ішкі мүмкіндіктерін тың сипатта түсіндіруге жағдай
жасалды. Мәселен, бала психологиясының өзіндік проблемаларын зерттеген
ғалымдар 60-жылдарда оның тек ойлау жүйесінің қызметіне және азды-көпті
жекеленген заттарды тану әрекетіне назар аударды. Когнитивтік психологияның
қалыптасуы баланың ақыл-санасының дамуына ықпал етер факторларды жан-жақты
таразылауға мүмкіндік берді, себебі бұдан былай адам - ерекше танымдық
жүйенің иесі ретінде айқындалып, хабар алу, оны өңдеу, жадыда сақтау
мәселелерінің барлығы дерлік психотанымдық негізде талдана бастады.
Нәтижесінде алғашқы проблемалар жігі бала санасында көрініс табатын
бейнелі образдарға сипаттама берумен шектелсе, уақыт өте келе, олардың
қатарына баланың хабарды меңгеруі, оған өзіндік қарым-қатынасын байқатуы
секілді мәселелер қосылып, негізгі танымдық ұғымдарға мән беру көзделді.
Қабылдау, елестету, пайымдау, сезу, сезімін білдіру - барлығы когнитивтік
теорияның маңызды проблемаларына айналды.

Қабылдау. Қабылдау – психологияның, когнитивтік психология мен
танымдық ғылымның негізгі ұғымдарының бірі. Өзінің табиғи ерекшелігіне
орай аталмыш термин пәлсапада да, физиологияда да, нейроғылымдарда да
дәстүрлі зерттеулер нысанын құрағандықтан, қабылдау шеңберіне адамның
болып жатқан оқиға-құбылыстарға қатысымен қатар, оның қоршаған әлемді
бейнелеу, даралап жалпылау әрекеттері де енді. Жекеленген сенсорды
процестермен бірге, қабылдауға адамның біріктіру, алған деректерді
саралау, шынайы болмыстан белгілі бір сапалық өзгешеліктерді бөліп көрсету,
соның негізінде олардың тұтасқан бейнесін жасау әрекеттері де жатқызылды.
Сөйтіп, хабарларды өңдеу, оларды әр түрлі материалдық сигналдар мен
стимулдар тұрғысынан бағалау ұстанымдары қалыптасып, қабылдаудың өзіндік
белгілері айқындалды. Кезінде Аристотель сенсорды қабылдаудың басты
амалдары қатарында жекеленген сезім ағзаларының қабілеттері мен
қызметтеріне назар аударған болатын. Осы мақсатта ойшыл ғұлама көру, есту,
сезу, иіс сезу процестерінің жүзеге асу ерекшеліктерін ескеріп, қабылдауды
солардың механизмі, яғни функционалдық белгісі деп таныды [31; 17-б.].
Осыған орай, когнитивтік ғылымда қабылдау тек қоршаған әлемді еш әрекетсіз
тану емес, онымен үздіксіз байланыста болу, оның негізгі заңдылықтарына
бейімделу, келіп түскен хабарлар тізбегінен өзіңе қажет мәліметті бөліп алу
қабілетіне ие болу негіздері деп зерттеліп келеді. Қабылдау адамның өз
ақыл-ойына сәйкес қоршаған дүниені танып-білуге, оны сезімдерінің қайнар
көзі ретінде бағалауға мүмкіндік береді, сол себепті оның табиғатын
зерделеу барысында физикалық және нейрофизиологиялық аспектілермен қатар,
танымдық негіздер де маңызды роль атқарады. Демек, когнитивті тұрғыдан
қабылдаудың ойлаумен байланысы, ментальды көзқарастармен сабақтастығы,
білім мен оны жинау тәсілдерімен ұштасу ерекшелігі және т.б. проблемалар
ескерілу керек немесе ғалым Б.Сағындықұлы атап көрсеткендей, Кез келген
затты немесе құбылысты қабылдау адамда бұрыннан бар тәжірибе, білім
негізінде жүзеге асады [32; 5-б.].

Зейін. Зейін хабарды өңдеу барысында айқын байқалатын әрі сол
хабарға не болмаса объектіге, яки процеске назар аударуға мүмкіндік беретін
танымдық қабілеттердің бірі болып табылады. Аталмыш нысананы саралап
қарастыру мақсатында бөліп талдау, сипаттау, жіктеу амалдары қолданыла
келе, адам ойында көрініс табатын шынайы болмысты саралау, оның белгілі
бір ерекшелігін шектеп айқындау, зейіннің негізгі түйінін хабардың құрамды
бөлігі немесе бөлшегі арқылы дәйектеу мәселелерінің барлығы дерлік адам
миында қалыптасып, жүзеге асатын білімнің белсенділігін арттыруға, сырттан
келіп түсетін хабарлар жүйесін реттеп отыруға жағдай жасайды. Адамзат
болмысына қатысты, яғни оның табиғатына тәуелді деңгейде өңдеуден өтіп
отыратын хабарлар желісі жеке тұлғалардың еркі мен эмоциясына,
тәжірибесіне, жадыда сақталатын мезеттік және мәңгілік деректер тізбегіне
орайласа айғақталатындықтан, адамның зейіні де бір саладан екінші салаға
оңай ауыса келе, танымдық процестердің жеделдігін, бір бағытқа
бағыныштылығын қамтамасыз етуге үлес қосады. Зейін адамға келіп түскен
мәліметтердің ішінен өзіне керектісін, маңыздысын және қызықтысын бөліп
зерделеуге мүмкіндік береді, сондықтан объективті фактордың негізінде
белгілі бір хабарды таңдап алу әр субъектінің жеке тәжірибесіне, түсіну,
пайымдау әрекетіне қатысты сұрыпталады[33;4-7].
Ес. Ес hам еске түсіру.Суреттеулерді жанның жоғалтпай сақтай білуі
ес деп аталады.Ал енді,сақталып тұрған суреттеулерді бұрынғы түрі,бұрынғы
ретімен жанның тіріліп алып келе білуі еске түсіру деп аталады.
Әр адамның есі әр түрлі.Кейбіреулр тез алып,яғни тез жаттап алып,тез
ұмытады.Кейбіреулер шабан алады,бірақ тез ұмытады.Кейбіреулер шабан
алады,бірақ тез ұмытпайды.Кейбіреулер тез алады,сонда да ұмытпайды.Адамның
білімді болуына,әрине,естің осы төртінші түрі пайдалы.
Адамның есі тағы төмендегі түрлерге бөлінеді:
1)көру есі.Көру есі күшті адам нәрсенің сыртқы түрін есінде ұстап
қалады.Мысалы,таныс адамдарының пішіні есіндеболады,аты,фамилиясы есінде
болмайды.Яки бір шәкірт бір фәннің бір жерінен жауап беріп тұрғанда,сол фән
кітабының айтып тұрған сөздер жазылған бетін көргендей болады.
2)есту есі.Есту есі күшті адам заттың дыбысын есінде ұстампаз
болады.Мысалы,кейбір адам таныс адамдарының аты,фамилиясы,пішінін де ұмытып
қалып,жалғыз даусын ғана есінде ұстайтын болады.Яки кейбір шәкірт сабақты
өзі оқығаннан да мұғалімнің сөйлегенін тыңдағанда тез жаттап алатын болады.
3)қозғалу есі,яки мотор есі.Қозғалу есі күшті адам заттың қозғалуын
есінде ұстайтын болады.Мысалы, кейбір адам таныстарының жүріс-тұрысын
ұмытпайтын болады.Адамда осы ес түрлерінің біреуінің күшті болуы көбінесе
тұқым қуалайды.Мысалы,әнщі,домбырашы,өлең шінің баласында есту есі күшті
болады.Және бір адам көңіл қойған нәрселеріне есті болып,көңіл
қоймағандарына ессіз болуға мүмкін.Мысалы,өлеңді тез жаттампаз
болады.Атақты жаратылыс ғылымы Линней өсімдік аттарын жаттауға шебер болған
да,шет тілдерді үйренуге тым-ақ топас болыпты.
Адам өмірі үшін естің керектігі.Ес өмір үшін аса керек.Ес болмаса,бүгін
жаттағанын бүгін ұмытып тұрса,өмірінде адамның білімі артпас еді.Адам адам
да болмас еді.Ес болса ғана адам білімді бола алады,ес болса ғана адам
дұрыс ойлай алады.Ес неғұрлым мол,бай болса,ой да терең болады.Терең ойлы
адамдардың аса есті болғандығы бізге тарихтан белгілі.Балада ес
болмаса,оған ешбір нәрсе үйретуге мүмкін емес.Сондықтан тәрбиеші баланың
есті болуына аса көп күш жұмсау керек[34].

1.3 Этнопсихологияда танымдық процестерді зерттеу мәселесі

Ж.Аймауытұлы - тұжырымдаған педагогикалық психологияның негізгі
арқауы да, сол жылдары дүлдүл ақынымыз М.Жұмабаевтың “әрбір
тәрбиеші ... ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті ... Мектебімізді
таза, берік, һәм өз жанымызға, қазақ жанына үйлесетін негізде
құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай – ақ серттесуге болады”
дейтін қағидамен егіздің сыңарындай үндеседі. Ұлт мәселесі, тәлім
– тәрбиенің ұлттық астары, бұдан бұрын да ғұмыр кешкен көптеген
қазақ ойшылдарының мұраларында сан рет сөз болғаны белгілі.
Бұл салада алғаш пікір білдіргендердің қатарына – Дулатиді,
Ақтамбердіні, Бұқар жырауды жатқызар едік. Олар адамның түрлі
әлеуметтік топтарға бөлініп, ер мен әйел, бала мен жігіт,
қыз бен келін, жас, кәрі адамдардың психалогиясы туралы айта
келіп, осынау жандар - дың ұлтымызға тән ерекшеліктерін сөз
етеді. Кейіннен Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ш.
Құдайбердиев, Н.Төреқұлов, С. Торайғыров тағы басқа көптеген қазақ
зиялыларының ұлт, этнос психологиясының әр түрлі қырлары
жайында сөз қозғағанын білеміз. Мәселен, халқымыздың рухани көсемі
деп аталып жүрген Ә.Бөкейханов (1866 - 1937) өз еңбектерінде
тәлім – тәрбие мәселесін ұлт психологиясымен байланыстыра қарап,
бұл жөнінде бірсыпыра сындарлы түйіндер айтқан. Ол әр халықтың
өзіндік әдет – ғұрпы, салт – дәстүрі, ұлттық мінез – бітімі,
әлеуметтік сезімдері мен көңіл – күйлері, мұраттары мен талап –
тілектері болатынын ерекше еске сала келіп, бір кезде
Ш.Уалиханов тұжырымдаған “халық рухы” деген түйінді әрмен қарай
түсіндіреді. “Түрік затты халықта, - деп жазды ол, - біздің
халықтай бір жерде тізе қосып отырған іргелі ел жоқ. Анық
түрік затты халық – біздің қазақта ”. Ә.Бөкейхановтың ұлт
психалогиясына қатысты ой – пікірлерінің негізгі түйіні: “Халық
ісін орнына салуға көп ақыл, кп қызмет, көп жылғы шебер
істеген әдіс керек” дейтін тұжырым. Ә.Бөкейханов әр ұлттың сана –
сезімінің дамуында оның белгілі іс - әрекетпен, тиянақты кәсіппен
айналысуы ерекше маңызды, бұл үшін қазақ халқы оқу – білім,
шберлік, айла – тәсіл, дағды, икемділікті терең меңгеруі қажет
дейді. “Адам баласы, - дейді ол, - үнемі ізденіс үстінде, жалықпай,
талмай әрекет етуде ғана мақсатына жете алады. Өмір – үнемі
күрес, бірлесіп тіршілік ету – бұл үшін шеберлікке, айла – тәсілдікке
жету қажет. Кім шебер болса, жалықпай, талмай ізденсе,
бірігіп, тізе қосып, іс қылса, өмір бәйгесі – соныкі. Әр нәрсенің
амалын біліп, өз орнына жұмсаса іс көркейеді”. Ә.Бөкейхановтың
пікірінде, туған халқы үшін қызмет ету - әр адамның перзенттік
борышы, бұл оның абыройлы міндеті. Автор әр этностың өзіндік
ерекшеліктерінің қалыптасуына оның нақты өсіп - өнген ортасы,
табиғаты, тау – тасы, өзен – көлі, кір жуып, кіндік кескен жері
ерекше әсер ететінін төмендегіше түйіндейді: “Әркімде болатын
өзгешелік өз заманындағы, өз халқындағы табиғат, әлеумет
қатынастарының нәтижесі депбілу керек. Осы шарттар ұрпақтан –
ұрпаққа үзілмей ықпал ететін болса, бұдан өзгеше халықтың
өзгеше мінезі пайда болады. Ол мінез тұқым мінезіне айналады ”.
Автор адам психологиясының қалыптасуы да осылайша қоршаған
табиғаттың, жер мен судың , ландшафтың ықпал ететіндігіне
ерекше назар аударады[35;119-121].
Ж.Аймауытұлы өзінің “Психологи” кітабының “Адам қылығының
әлеуметтік – шаруашылық негіздері” деген тарауына “Жағрапия
жағдайының адам қоғамына сүреңі” деген арнаулы параграф
енгізген. Осы жерде автор әділдік , мейірімділік, мәдениет, тіл,
салт, ертегі, өнер дейтін тақырыптарды да сөз етіп, бұларды
қазақ ұлтының өмірінен алынған мысалдар арқылы баяндайды.
“Адамның жүрегінің, - деп жазды ол, - сыры табиғатпен жалғасса,
қиялы күшейіп, мінезі көркейіп, сезімі нәзіктеле бермек”.
Этностық психологияның осы іспеттес негізгі түйіндерін бұдан 70
жыл бұрын осылайша тұжырымдауы ғұламаның ой – парасатының орасан
ұшқырлығын көрсетеді. Ж.Аймауытұлы еңбектерінен қазақтың бір
кездегі жайсаң мінезінің бұзыла бастауына не себеп болған деген
сұрақтың да жауабын табуға болады. Ол мұның патша өкіметінің
отарлау саясатынан туындағанын, қазақта бұрын – соңды кездеспеген
кейбір теріс мінез – құлықтарының біртіндеп жұрттың сүйегіне
“сіңе ” бастағанын, мұны кезінде ұлы Абайдың да сынағанын еске
салады . Расында да, Абай өз замандастарының басында осындай
келеңсіз қасиеттердің он бестей түрі кездесетінін өзінің қара
сөздерінде көрсеткен еді.
Отарлау саясатының салдарынын қазақ халқының басында
қылыптасқан жексұрын қасиеттер жөнінде Ж.Аймауытұлы былай дейді:
“Қазақтың мінезіне, қылығына тиген зиян мынау: ұрлық, зорлық,
қорлық, өсек, өтірік, алдау, құлық, сұмдық, айдату, байлату,
кісі өлу, рақымсыздық, жалған, мақтан, ынсапсыздық,
тұрақсыздық, масылдық, жалақорлық деген нәрселер шайтанның
ұясынан артық болмаса кем болған жоқ”. Автор осы жерде
адамда кездесетін барлық жаман қасиеттерді туған халқының басына
үйіп төккенімен, бұған жаны ашып, құлдық психологиядан
қалайша жол тауып шығуға болатыныны жайында тебіренеді. Ол
көшпелі қазақ жұртының өскелең ұрпаққа үлгі - өнеге тұтар
асылдары да өлшеусіз көп болғанын нақты мысалдар арқылы
дәлелдеп, оларды ұрпақ тәрбиесінде пайдалануға ұсынады. Ұлт
психологиясы жайындағы толғаныстарының әрмен қарай былайша
жалғастырады: “Адамның өз басы көгергенімен, ұлт көгермейді.
Ұлт көркейсе – ол бақыт, ол ұлт ішіндегі адамдарға ортақ ...
Ұлтын, отанын көркейту қандас, діндес, тілдес бауырларының
қамын жеу”[36;15-19].
Осы айтылғандар оның ұлт психологиясына байланысты
түйіндерінің іргетасы. Ғалым өзінің ұлттық мінез туралы
айтқан тұжырымдарында әр этностық, әр ұлттың өзіне тән
мінез – құлқы секілді қасиеттердің біршама тұрақты да, тұрлаулы
болатынын, сондай – ақ олардың біртіндеп қалыптасуына оның
тұрмыс – салты, әдет – ғұрпы (тіл, дін, өнер, табиғат т.б.) әсер
ететінін, ұлттық қасиеттердің бір қалыпта тұра бермейтінін,
олар баяу болса да, өзгеріп отыратынын, қазақ өмірінен
нақтылы мысалдар келтіріп, бажайлай баяндайды. Мәселен, ол
“Комплекспен оқыту жолдары” деген еңбегінде қазақ
шәкірттерінің сұлулық талғамының өзіндік ерекшеліктері туралы
айта келіп, былай дейді: “Жеріне, тұрмыс жағдайына қарай
әр елдің сазы, ән – күйі де әр алуан. Түркістан елінің ән
бұлтарысы жоқ, тік тартар айқай, қайырмасы жоқ, келте
немесе бірыңғай текірек болып келеді, түйеге, атқа, есекке
мінген адам болсын, ауылдан былай шыға беріп, “Ауылың
сенің белде еді, ариайдай”, - деп қозғайды. Арқаның әні
толқынды, ырғақты, айқайлы, зарлы, қайталамалы, қайыруы
ұзын болыпт келеді. Теріскейдің, батыстың әні мұнды, зарлы,
шерлі, желдірме, көй – көй болып келеді”. Автор бұл жерде
этностық ерекшеліктердің ән, музыка саласында да ерекше орын
алатынын айтып отыр.
Ж.Аймауытұлы ұлт психологиясының әр түрлі мәселелерін
осылайша көрсете келіп, өзінің ұстаған бағыт – бағдарынан
айнымай, көтерген мәселесін ешбір қоспасыз саралап
айтатындықтан, бұл сол кездегі кейбір әсіре қызыл
идеологсымақтардың жанына мықтап бататын еді. Мәселен, “Советская
степь” газетінің 1928 жылдың қаңтарындағы санында басылған
“Бір оқулық туралы” деген “сын” мақалада А.Михайлов деген
біреу Аймауытұлының “Психологиясынан” ұлтшылдық пен идеализмнің
сарынан іздеп, ол жөнінде былай депті: “Аймауытоывщине в
нашей советской печати нужно положить конец, а господам
Аймауытовым на то место, которое им предназначено их
буржуазной природой ... В вопросах психологии Жусупбек показал
себе настоящим идеологом байства”. Ж. Аймауытұлы ұлт
психологиясын ұлт тәрбиесімен қиюластыра баяндай келіп, бұл
орайдағы өз түйіндерін қоғамдық (әләуметтік) психология
мәселелерімен қосақтастыра баяндайды.
Әлеумет, қоғам – адам психологиясының негізгі қозғаушы
күші. Адамның мақсатқа, дүние табуға бағытталған еңбегі
алдымен кәсіп іздеу үшін былайша айтсақ, нан табу үшін
істеледі. Ал бұл басқа адамдармен қарым – қатынаста басқа
адамдармен байланысқанда солардың көмегімен жүзеге асады.
Мәселен, диқан еңбегі табиғат жағдайларына бағынады. Мысалы,
ауа райына, жердің құйқасына, жылдың мезгіліне, жауынға,
құрғақшылыққа, шағылға және т.б[37;151-153].
Автор бұл жерде “адамның күні адаммен” дегендей, жалғыз
істейтін қызмет жалпы айтқанда аз, тіпті болмайды деп отыр.
Еңбек көптікі болмақ. Аймауытұлының пікірінше, еңбек дегеніміз
көмектестік, аңшылық пен аушылық, бірнеше адамның жай
бірлесуі, бірлесіп шөп шабу, егін егу, жол түзеу, арық
қазу, орман отау, аң аулау, балық аулау, там соғу, киіз
басу, құдық аршу – барлығы адамдардың бір – бірімен бірлескен
әрекетінің нәтижесі. Автор бұл жерде әлеуметтік психологияның
негізгі мәселелерінің бірі – адамның әр түрлі бірлестіктері
туралы (топ, ұжым, ұжымдастық т.б.), олардың бір – бірімен
байланыстары туралы қазақ топырағында ілкі сөз қозғаған
ғулама ретінде көрініп отыр. Ол қоғамдық психология туралы
айтқан пікірлерінде еңбектің бөлінісінде қарай, адамда өзгеше
психологиялық қабілет туындайтынын да сөз етеді. Мәселен, ол
сауда, кеңсе ісі, түрлі қара жұмыс, диқаншылық, өнеркәсіптің
әр түрлері, тағы сондай мамандық иелерінде түрліше
психология қалыптасады, осының нәтижесінде әр адам әр түрлі,
тағы сондай мамандық иелерінде түрліше психология қалыптасады,
осының нәтижесінде әр адам әр түрлі қызметке жетік, маман
бола алады дейді. Яғни ол, біреу шаруа иесі, екінші
біреу саясатшы, үшінші біреу – сот, төртінші біреу - әскери
қызмет, тағы басқа мамандық иесі бола алатынын, мұның
барлығы сайып келгенде, белгілі ұжымдардың әсерінен қалыптасып
отырғанын ашып көрсетеді.
Ж. Аймауытұлының қоғамдық психологияға байланысты пікірлері
оның тап, дін психологиясы туралы айтқандарымен де тоқайласып
отырады. Автордың пікірінше, “жалпы адам” деген құр дерексіз
ұғым; адамның қылығы табымен өлшенеді, әрбір адам не ана
таптың, не мына таптың адамы. Сондықтан адамның қылығын оның
табымен байланыстырып қарау керек. Автордың пікірінше, адамның
қандай тапқа жататындығынан оның психологиясы туралы көп
мағлұмат алуға болады. Өйткені адамның қылығы, белгілі таптың
туынды қылығы . Автордың пікірінше, таптан екінші тап
ерекшеленіп отырады. Еңбек жемісін үлесу жолындағы таптар
арасының кәдімгі қатынасы – тартыс, тап – қоғамның тарихы , тап –
тартысының тарихы.
Автор әр тап өкілдерінің тәрбие туралы көзқарастарының да
түрліше болатынын атап көрсетеді. Қазіргі кезде бізде әлеумет
және ұлт психологиясының сан – салалы мәселелері жайында
зерттеулер жариялана бастады. Осы мәселелердің қыр – сырын
зерттеуге кезінде әміршіл – тоталитарлық жүйе қарсы болды. Өйткені
жалған интернационализмнің жалауын көтеріп, коммунизм орнатуды
мақсат еткен қоғамға ғылымның бұл саласы қажетсіз еді.
Сондықтан да әлеуметтік, этнопсихологиялық мәселелер оқтын – оқтын
жекелеген ғалымдардың жол – жөнекей, ат үсті жазған еңбектерінде
ғана соз болып келген болатын. Осының салдарынан күні бүгінге
дейін ұлттық этнопсихология ғылымының зерттеу объектісі де,
термин, ұғым атаулары да бір ізге түскен жоқ. Мәселен, үш
томдық “Психологиялық энциклопединың ” жоба сөз тізбегінде оның
30 – ға жуық терминдері ғана (дәстүр, салт, ритуал, табу,
этностық стереотип, этноцентризм, психикалық тұрпат, этностық
т.б.) тіркелгені – осының айғағы[38;80-85].
Еліміздегі тыныс – тіршіліктің кез келген саласында (мектеп,
сауда, спорт, әкімшілік, әскери қызмет т.б.) ұлттық
ерекшеліктерді ескермей, бұларды ғылыми тұрғыдан сараптамай,
тиянақты жұмыс жүргізу қиын. Әсіресе, Қазақстан секілді көптеген
ұлт өкілдері мекендеген елде этнос психологиясымен үнемі
санасып отыру аса маңызды. Мәселен, әр түрлі этностар мен
халықтардың ұлттық мүдделерін қорғау, олардың әрқайсысының
дәстүр – салты мен әдет – ғұрпына ұқыптылықпен қарау, ұлттық
қатынастарда шиеленістерді экстремизм мен шовинизмнің, ұлтшылдық
пен нәсілшілдіктің, этностық кемсітушіліктің кез келген
көріністеріне жол бермей, әр халықтың ұлттық тәлім – тәрбиесін
дұрыс жолға қою үшін, этнопсихологиялық зерттеулерді ерекше
жандандыру қажет деп ойлаймыз.
Жеріміздің ұлан – ғайыр кеңдігі мен табиғат сұлулығының
әсерінен ғасырлар бойы қалыптасқан дарындылық, адамға деген
мейірімділік пен өнерпаздық, қазақ биосферасының ерекшелігінен
туындаған асқан қонақжайлық, жойқын соғыс пен қырғынға
ұшыраудың салдарынан тірнектеп жинаған рухани мұраны ұрпақтан –
ұрпаққа жеткізу ниетінен қалыптасқан балажандылық, үнемі мал
шаруашылығымен айналысудан қалыптасқан малжандылық (мәселен, аман –
саулық сұрағанда қазақтар алдымен малдың жайын сөз етеді ),
өзінен басқа жұртқа деген асқан бауырмалдылық, ешуақытта
біреудің жеріне көз алартпаған бейбітшілік, өзі тиген
дұшпанның қабырғасын қаусатқан батырлық, “мың өліп, мың
тірілген” кездердегі шыдамдылық – біздің ұлттық мінезіміздің
жоталы белестері, халқымыздың ұлттық мақтанышы емес пе? Осы
айтылғандарды қазіргі жас ұрпақ тәрбиесінде ескерумен қатар,
педогогикалық психологияның әдіснамалық тұғырына неге енгізбеске?
Сондай – ақ патшалық отарлау, большевиктік империялық саясат
тудырған келеңсіз қасиеттер де баршылық. Осы кезеңдерде
қанымызға әбден “сіңіп” кеткен даңғазалық пен ұраншылық,
күдікшілік пен салғырттық, жалқаулық пен шалағайлық т.б. әлі
күнге дейін аяғымызға оралып, жаңа заман талабына
бейімделуге бөгет болуда. Әсіресе, кеңес өкіметі жылдарында
ұлттық мінезімізге сіңген дінсіздік, спирт ішімдіктеріне
әуестік, жеңіл жүрістілік, келеңсіз тіршілікке құмарлық т.б.
(бұлар бұрынғы қазақтың түсіне де кірмеген мерез қасиеттер) осы
іспетті пәлелер келіп қосылды. Этнопсихология саласында
зерттеу жүргізетін ғалымдарымыз мінездегі осы міндерің
психологиялық астарын тереңдей талдап, бұлардан қалайша арылуға
болатынын іздестіретін болса құба – құп ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Жұмыссыздықты зерттеудің теориялық негіздері
Демографиялық процестердің теориялық және әдістемелік негіздері
Инвестициялық процестердің теоретикалық негіздері
Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың ғылыми-теориялық негіздері
Мемлекет басқару нысанын зерттеудің теориялық құқықтық негіздері
Жастармен әлеуметтік жұмысты зерттеудің теориялық-әдістемелік негіздері
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық негіздері
Азаматтық бірегейлік мәселелерін зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері
Қазақстан Республикасының өнеркәсібінде инновациялық процестердің ерекшеліктерін талдау
Танымдық процестердің бірі – қиял жөнінде түсінік
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь