Корпорациялардың қаржысы: мәні мен мазмұны, атқаратын функциялары және қаржы механизмі


Корпорациялардың қаржысы: мәні мен мазмұны, атқаратын функциялары және қаржы механизмі
Жоспар:
1. 1. Қаржы құн санаты ретінде қаржы функциялары
1. 2. Корпоративтік қаржыны ұйымдастыру принциптері
1. 3. Корпоративтік құрылымды ұйымдастыру нысандары және олардың артықшылығы
1. 4. Корпорацияның қаржы саясаты
1. 5. Корпорацияның қаржы қызметінің міндеттері
1. 1. Қаржы құн санаты ретінде қаржы функциялары
Қаржы мемлекет түрлі қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру үшін қаржы ресурстарының қорларын қалыптастыру мақсатында реттейтін ақша қатынастарының жүйесі болып табылады.
Кәсіпорындар мен корпорациялардың қаржысы олардың шаруашылдық қызметінің процесінде туындайтын және капиталды, кіріс пен ақша қорын қалыптастыру әрі оны пайдалану үшін қажет ақша қатынастарының жүйесі болып табылады.
Капитал активтің пайда болатын көзі.
Кіріс тауар сатудан алынатын және өзге операциялық және сатудан тыс алынған түсімнің нысаны болып табылады.
Ақша қоры тұтыну, жинақтау және резерв қорына бөлінеді. Ақша қоры-көзделген мақсатқа сәйкес және біршама дербес қолданылатын шаруашылық жүргізуші субьектінің ақшалай қаражатының жеке бөлігі. Ақша қоры кәсіпорын айналымындағы ақшалай қаражаттың тек бөлігін ғана құрайды.
Корпорациялар қаржысы - бұл корпорацияның негізгі және айналым капиталын, ақшалай қаражат қорларын қалыптастыру және оларды пайдалану процесінде пайда болатын қаржы немесе ақша қатынастары.
Корпорацияның қаржылық қатынастарын экономикалық мазмұнына қарай келесі бағыттарда топтастыруға болады:
-корпорацияны құру сәтінде жарғылық капиталды құрумен байланысты құрылтайшылар арасында пайда болатын қатынастар;
-өнімді (тауарды, жұмысты және қызметті) өндірумен байланысты корпорация мен ұйымдар арасындағы қатынастар;
-корпорация мен оның бөлімшелері арасындағы қатынастар;
-табыстарды бөлу және пайдалану, акциялар мен облигацияларды шығару және орналастыру, сыйақылар мен дивидендтерді төлеу және т. с. с. барысында корпорация мен қызметкерлер арасындағы қатынастар;
-корпорация мен жоғарғы ұйымдар, корпорацияның мүшелік ететін одақтар мен ассоцияциялар арасындағы қатынастар;
-корпорация мен мемлекеттің қаржы жүйесі арасындағы қатынастар;
-корпорация мен банк жүйесінің арасындағы қатынастар;
-корпорация мен сақтандыру компанияларының арасындағы қатынастар;
-корпорация мен инвестициялық институттар арасындағы қатынастар.
Корпорация қаржысының мәні оның атқаратын қызметтерімен айқындалады. Корпорациялар қаржысы келесідей қызметтерді орындайды:
-ұдайы өндірістік;
-бөлу;
-бақылау.
1. 2. Корпоративтік қаржыны ұйымдастыру принциптері
Корпорацияның қаржысын ұйымдастыру принциптері оның қызметінің мақсаттарымен және міндеттерімен тығыз байланысты.
Корпорацияның қаржысын ұйымдастыру принциптері не төмендегілерді жатқызуға болады:
- шаруашылық қызметті өэін-өэі реттеу;
- өзін-өзі өтеушілік және өзін-өзі қаржыландыру,
- айналым қаражатын қалыптастыру көздерін меншік және қарыз бойынша бөлу;
- қаржы резервтерінің болуы.
Өзін-өзі реттеу принципінде -корпорацияға қолда бар материалдық, еңбек және қаржы ресурсының негізінде өндірістік және ғылыми-техникалық даму жөнінде шешім қабылдауға, сондай-ақ оны іске асыруға толық дербестік беріледі.
Өзін-өзі өтеу принципі - коропорацияны дамытуға салынған қаражат таза пайданың және амаортизациялық аударымының есебінен өтелуге негізделеді. Осы қаражат корпорацияға тиесілі меншік капиталдың барынша төмен шамадағы нормативтік экономикалық тиімділігін қамтамасыз етуге тиіс.
Өзін-өзі қаржыландыруда жұмыстың пайдалылығы ғана емес, сонымен бірге жай шектеліп қалмай, керісінше, кең салалы ұдайы өндірісті де қамтамасыз ететін қаржы ресурстарын, сондай-ақ бюджеттік жүйесінің кірісін де коммерциялық негізде қалыптастыра алдады.
Айналым қаражатын қалыптастыру көзін меншік және қарыз қаражатқа бөлу - шаруашылықтың жекелеген салаларында өндіріс технологиясымен және оны ұйымдастыру ерекшеліктеріне байланысты. Өндірісі науқанды сипаттағы салаларда айналым қаражатын, қалыптастыруда қарыз көздерінің үлесі артуда. Өндірісі науқандық емес сипаттағы салаларда айналым қаражаты құрылатын көздер құрамында көбінесе меншік айналым қаражаты басым.
Қаржы резервін құру нарық жағдайнда ауытқитын, сонымен бірге өз міндеттемелерін орындау үшін әріптестер алдында материалдық жауапкершілік артқан жағдайда корпорацияның тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет. Акционерлік қоғамда қаржы резерві корпорацияның жарғысына сәйкес таза пайдадан қалыптастырады.
1. 3. Корпоративтік құрылымды ұйымдастыру нысандары және олардың артықшылығы
Корпоративтік құрылымдық ұйымдастыру нысандары - қаржы жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Корпорация қаржысы ақшалай нысанда қалыптасып, өндіріс процесін ұлғайтуға бағыттала отырып, оның экономикалық заңдар негізінде жүзеге асырылуына ықпал етеді. Сонымен қатар олар халық шаруашылығы одан әрі дамытуға қажетті ақшалай қаражаттың жиынтықтарын пайдалану мен бөлістіруде қолданылады
Корпорация қаржысының бөлістірушілік функциясының ерекшелігіне жеке қаржылар айналымындағы бекітілген номативтер негізінде (салық мөлшерлемелері, амортизациялық аударымдар, банк несиесінің мөлшерлемесі) өндірілген өнімнің құнының айналымына қатынасуы ұдайы өндіріс процесіне қатынасуы жатады.
Корпорация қаржысының бақылаушылық функциясы кәсіпорын экономикасында маңызды орынды алады: себебі қаржылық бақылаусыз шаруашылықты жүргізу мүмкін емес. Қаржы басқада экономикалық тетіктермен біріге отырып, экономиканы басқару үрдісінде, өндірісті арттыруда және еңбек, материалдық, табиғи және қаржылық ресурстарды мақсатты түрде пайдалануды жүзеге асыруда маңызды рөлді атқарады. Осыған корпорация қаржысы дегеніміз ақшалай қаражаттарды пайдалану мен бөлістіруге қатысты және өнім мен қызметі өндіру мен өткізуге байланысты экономикалық қатынастар болып табылады.
Ескере кететін жайт, белгілі бір ақшалай қаражаттар мен қорлар корпорацияда жиынтық қоғамдық өнімді (ЖҚӨ) және ішкі жиынтық өнімді (ІЖӨ) құру мен бөлістіруге кезеңінде қалыптасады. Мысалы, өнімді өткізуден түсетін түсім материалдық шығындар мен еңбек ақы шығындарын жабуға бағытталуы тиіс. Бірақ корпорацияда қалыптасқан пайданың есебінде амортизациялық аударымдар түрінде ақшалай қаражаттар шоғырланады. Олар жаңа мүлікті сатып алуға байланысты болғанымен, оны сатып алғанға дейін корпорацияның қаржысы айналымының құрамында болады. Сондай -ақ өнімді өткізуден түскен түсімнен басқада ақшалай қорлар - қалыптасатын шығындар мен төлемдердің резевтері қалыптасады. Корпорацияда сонымен қатар күрделі жөндеу жүргізуге қолданылатын жөндеу қоры болады.
Бөлістіру үрдісі қайта бөлістіру үрдісімен байланысты болады. Айталық, еңбек ақы төлеуде табыс салығы, зейнетақы аударымы мен бюджеттік емес қорларға аударымдар ұсталынады. Осыдан кейін корпорацияда пайда түрінде кіріс қалыптасады. Пайданың жалпы бір көлемі ақша айналымына қатынасса, бір бөлігі салықтық төлемдер нысанындағы бөлістіруге қатынасады
Осының нәтижесінде корпрация айналымында таза кіріс сомасына кіретін бөлістірілмеген кіріс қалыптасады яғни соңғы қаржылық ресурстармен (жиынтық кіріс) салық пен басқада төлемдерді төлеуге жұмсалатын қаражаттарды шегергенннен кейінгі қалған сома. Өз кезегінде таза кіріс жинақ қорына (капиталдық салымдарды қаржыландыру көзі болатын) және тұтыну қорына (әлеуметтік қажеттіліктер мен материалдық қаржыландырулардың көзі болатын) бағытталады. Таза пайда негізінде резервті қор қалыптасады. Қайта бөлістіру үрдісінде корпорацияда бірнеше ақшалай қаражаттардың көздері қалыптасады:
Жарғылық капитал - кәсіпорын құрылтайшылар жарнасы негізінде құрылған жағдайда орын алады. Ол сыртқы айналым қаржылары мен айналым активтерін қаржыландыруға бағытталған.
Мақсатты қаржыландырулар және бюджеттік түсімдер - заңдарда қарастырылған жағдайларда жүзеге асады.
Мақсатты қаржыландырулар және салалық және салааралық бюджеттік қорлар.
Сонымен қатар корпорацияның қаржыларының айналымында қайтарымсыз түсімдердің және кірістер эмиссиясиясы түрінде де корпорацияда қаржылар болуы мүмкін.
Шаруашылық қызметті жүзеге асыру үрдісінде корпорацияның қаржыларының айналымы басқа да қаржы көздері тұрғысында, мысалы, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несиелер мен басқа да займдар және кредиторлық қарыздар нысанында қатынасады. Осы ақша қаражаттарын қалыптастыру мен пайдалануда (капитал, кіріс, резерв) корпорацияның қаржысының және қаржы қатынастарының экономикалық мазмұнын көрсететін кең ауқымды қаржы жүйесі тұрғысында пайдаланылады.
Қаржылық қатынастар келесі жақтар арасында қалыптасады:
- Меншіктік капиталды қалыптастыруда, девиденттер мен проценттерді төлеу барысында корпорациялар мен инвесторлар арасында қалыптасады.
- Корпорация, жабдықтаушы және сатып алушы арасында есеп айырысу әдістері, уақыты мен формасы бойынша, міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету барысында.
- Кәсіпорын-инвестор және басқада кәсіпорындар арасында қысқа және ұзақ мерзімді инвестициялар және оларға төленетін девиденттер мен пайыздар төлеу барысында.
- Корпорация, несие институттары арасында еркін ақша қатынастарын тарту мен орналастыру барысында (несиені, займдарды алу мен қайтаруға, сақтандыру төлемдерін төлеу барысында)
- Корпорациялар арсында (еншілес, бөлімшелер) қаржыларды ішкі корпоративтік бөлістіру барысында
- Корпорация мен сенімділік негізінде қалыптасатын құрылтайшылар негізінде сенімді басқару негізінде мүлікті алу барысында
- Корпорация мен жалдамалы жұмысшылар арасында еңбек ақы мен тұтыну қорын ұйымдастыру барысында
- Корпорация мен мемлекет арасында салық базасын қалыптастыру барысында
- Корпорация мен оның жұмысшылары арасында табыс салығын, зейнетақы төлемдерін және басқада салықтық төлемдерді ұстау барысында
Берілген барлық қатынастар мемлекетпен реттеліп, ІЖӨ бөлу мен қайта бөлістірудің барлық үрдісін қамтиды.
Нарық жағдайында белгілі бір қағидалар негізінде қаржылық қатынастар қалыптасады:
- Корпорацияның дағдарысты жағдайға келуіне, оның ағымдақ төлемдерінің тоқтатылуына байланысты қатынастар
- Корпорациялардың бөлінуі, бірігуі барысындағы қалыптасатын қатынастар
Жоғарыда келтірілген барлық қаржылық қатынасытар капиталдың, қорлардың, резервті қорлардың және корпорацияның басқа да қаржы көздерінің яғни қаржы ресурстарының қаптасуы мен жүзеге асырылуы барысында қалыптасады.
Коммерциялық негізде қызмет жасайтын корпорациялардың қаржысы - экономиканың негізгі буыны ретінде нарық жағдайындағы ақша -тауар қатынастарының дамуы жағдайында, әр түрлі меншік нысаны түрінде қалыптасады. Корпорациялардың ұйымдық құқықтық нысандарының қалыптасуы олардың қаржыларының ұйымдастырылуында: капиталдың қалыптасуы, өндірістік-шаруашылық қызметтің қаржыландырылуы, шаруашылық нәтижелерін бөлістіруде ерекшеліктердің орын алуын қамтамасыз етеді.
Коммерциялық қызметтің мақсатына пайда алу жатады. Коммерциялық негізде материалдық және материалдық емес өндіріс аясындағы корпорациялардың көптеген түрі қызмет жасайды: коммерциялық банктер, сақтандыру ұйымдары, басқада қаржылық сектордың ұйымдары мен мекемелері ( жинақтау, депозиттік, инвестициялық қорлар, бағалы қағаздар мен сауда делдалдық қатынастарды жүзеге асыратын көптеген мекемелер), еркін қоғамдық қорлар мен трасттық компаниялар және т. б. Коммерциялық ұйымдардың қаржыларын ұйымдастыру бір қағида негізінде жүзеге асырылады. Бір қағидаға негізделу мақсаттардың бірлігін, өндірісті дамыту міндеттерінің жалпы жағдайын көрсетеді. Бұл типтегі кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржыларын ұйымдастырудың негізгі қағидаларына коммерциялық есеп-айырысу, жоспарлылық, меншік нысандарының тең жағдайы және қаржылық резервтердің болуы жатады.
Корпорация қаржылық- шаруашылық қызметінде белгілі бір мақсатқа арналған қаржылық қорларды құрып, пайдаланады. Қорларда ақшалай қаражаттар барлық уақытта қозғалыста түсіп, айналысқа келіп, шығынға жұмсалады. Қаржылық тәжірибеде корпорацияларда олардың мақсаттары мен өндірістік, әлеуметтік қызметтеріне байланысты әр түрлі қорлар пайдаланылады. Экономикалық жағдайлардың өзгеруіне байланысты көптеген қорлар қолданылмай қалды.
Корпорациялар мен ұйымдардағы ең маңызды қорларға келесілер жатады: жарғылық, резервті, жинақ, валюталық, жөндеу, еңбек ақы қорлары. Корпорациялар өздері жеке қорларды да ұйымдастыра алады. Мысалы, медициналық сақтандыру, жекешелендіру, мүшелік жарна қоры, өндірістік және инфрақұрылымдық қор.
Бизнесті ұйымдастырудың басқа нысандарымен салыстырғанда өзінің меншік иелерінен дербес тіршілік ететін оның негізгі ерекщелігі болып табылады. Корпоративтік шаруашылық жүргізуі келесі экономикалық нысанда ұйымдастырылуы мүмкін.
Корпоративтік шаруашылық жүргізуі келесі экономикалық нысанда ұйымдастырылуы мүмкін.
- деңгейлес корпорациялау;
- сатылас корпорациялау;
- әртараптандырылған карпорациялау.
Деңгейлес корпорациялау- бір тектес өнім нарғында өндіріс ауқымын кеңейту негізінде қалыптастырылады. Ол ұзақ мерзімді мүдделер келтіруі ықтимал зиянды жоя отырып, саладағы бәсекелік жайғасымдарды ұзақ мерзімді келешекке нығайту үшін күреске ынталандырады. Бұл ретте бәсекеге қабілеттілік ағымдағы пайданың көрсеткіштерімен теңестірілмейді, біртектес өнім нарығындағы ұзақ мерзімді артықшылқ ретінде қарастырылады. Олардың арасынан бұйым сапасы мен сол бұйым сатылатын бағаны; өндірістік және бұйымды өткізу қуатының жеткіліктілігін: сату мөлшерінің сақталуын немесе оның ұлғаюын қамтамасыз ететін ұзақ мерзімді қызмет стратегиясының болуын ерекше атап өту қажет.
Сатылас корпорациялау- шикізат өндіруден бастап түпкілікті өнім жасап, оны сатуға дейінгі өндірісті біріктіру негізінде құрылады. Ол өндірістердің технологиялық өзара тәуелділігі мен процестердің уақыт пен кеңестікте үйлесетін жүйелілік принципіне сүйенеді. Сатылас корпорациялаудың тиімділігі капиталды шоғырландыруға және ғылыми -техникалық прогрестің ықпалымен қоғамдық еңбекті бөлуді тереңдетуге қол жеткізген үздіксіз өндірісте артады.
Әртараптандырылған корпорациялау түрлі өндірістерді біріктіру есебінен қалыптастырылады. Коропрациялаудың осы нысанында кәсіпкерлік қызметттің тәуекелді, сонымен бірге «біртектес өнім» нарығының жағдайынан тәуелділік төмендетіледі, бұдан да кең экономикалық негіз қамтамасыз етіледі, жаңа қызмет аясында бәсекелік артықшылыққа, сондай-ақ сиымды нарыққа жеткізіледі, ұзақ мерзімді келекшекте жоғары пайда алады.
1. 4. Корпорацияның қаржы саясаты
Қаржы саясаты - корпорацияның құрылтай құжатында белгіленген стратегиялық және тактикалық міндеттерге, тауар нарығында жайғасымды күшейту, сатудың қолайлы мөлшеріне, актив пен меншік капиталдың пайдасы мен табыстылығына жету, сонымен бірге төлеуге қабілеттіліктің және баланстың өтімділігін сақтау, меншік иелерінің әл-ауқатын арттыру сияқты мақсаттарға қол жеткізу үшін орынды пайдалануды қарастырады.
Қаржы саясаты - қорпорацияда өздерінің тапсырмалары мен функцияларын іске асыру үшін корпорацияда өткізілетін мақсаттық шаралардың жиынтығы.
Қаржы саясаты нақты шаруашылық өмірінде қаржы механизмі арқылы іске асырылады. Соңғысы жүйе түрлерімен, ұйым тәсілімен, қаржымен жоспарлау және басқарумен жүргізілдеі.
Дегенмен, қаржы жалпы экономикалық категория сияқты төменгі деңгейдегі абстракциялы жеке қаржы субкатегориясынан тұрады (салық, бюджет, т. с. с) . Онда белгілі дербестік деңгейдегі салық саясатын, бюджет саясатын және оларға тиісті механизмдері - салық, бюджет, қаржы жоспарын, қаржы басқаруын, құқықтық қаржылар деп бөлуге болады.
Мемлекеттің қаржы саясаты қаржы стратегиясына және қаржы тактикасына бөлінеді. Қаржы стратегиясы - болашаққа есептелінген және қоғамдық экономика әлеуметтік дамудың үлкен көлеміндегі тапсырмасында қамтылатын шешімді өзімен көрсетеді. Қаржы стратегиясы қоғамның ірі тарихи даму кезендері мен өңделеді. Қаржы тактикасы стратегиялық қондырманы дәлелдейді.
Қаржы саясатының мазмұны, мақсаттары, міндеттері және принциптері
Қаржы саясаты әр қоғамдық дамуда серпінді өзінің мінездемелік сипаттамасы бар. Экономикалық жағдайдың есебінен әртүрлі тапсырмаларды, міндеттерді шешеді.
Әртүрлі кезеңдерде қаржы саясатының мазмұны мынадай сатылардын тұрады:
1) каржының даму концепцияларын ғылыми өңдеу, экономиканың жағдайын оқу;
2) экономикалық саясаттың тиісті мақсатымен міндетінен шығатын қаржы саясатының стратегиялық және тактикалық шараларын тұжырымдау;
3) қаржы механизмінің қайта құрудан кейінгі белгіленген әрекеттерін тәжірибе жүзінде іске асру.
Шешілетін қаржы саясатының міндеті:
а) корпорацияда қаржы ресурстарының пайдалану және рационалды орналастырылуы;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz