Корпорацияның айналым капиталы туралы



Корпорацияның айналым капиталы – бұл корпорацияның ағымдағы активтерге, яғни айналым құралдарына (қаражаттарына) салған капиталының үлесі. Олар өндіріс процесіне бір-ақ рет қатынасады, өзінің сыртқы нысанын өзгертеді және өз құнын тұтас өнім құнына аударады.
Айналым капиталы (айналым каражаты) - корпорация капиталының өзінің ағымдағы активіне салынған бөлігі. Материалдық - мүліктік белгі бойынша айналым капиталының құрамына: еңбек заттары (шикізат, материал, отын жэне т.б.), корпорация коймасындағы даяр өнім, кайта сатуға арналған тауар, ақшалай қаражат және есептердегі қаражат енгізіледі.
Айналым қаражаты өзіне тән ерекшелікпен жоғары жылдамдықпен айналады. Өндіріс процесіндегі айналым қаражатының атқаратын функционалдық рөлі негізгі капитадың рөлінен өте ерекшеленеді. Айналым қаражаты өндіріс процесінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді.
Айналым капиталының (еңбек құрал-жабдығы) мүліктік элементтері әрбір өндірістік циклде тұтынылады. Ол өзінің табиғи нысанын толықгай жоғалтады, сондықтан жасалған өнімнің (орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің) құнына толыктай енгізіледі.
Айналым қаражаты өзіне тән ерекшелікпен жоғары жылдамдықпен айналады.Өндіріс процесіндегі айналым қаражатының атқаратын функционалдық рөлі негізгі капиталдың рөлінен айырмашылығы бар. Айналым қаражаты өндіріс процесінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Корпорацияның айналым капиталы
Жоспар:

1. Корпорацияның айналым капиталы: мазмұны, топтастырылуы

2. Айналым капиталының жіктелімі

3. Айналым капиталын қаржыландыру көзі

4. Корпорацияның айналым капиталына қажеттілігін анықтау

5. Айналым капиталының тиімді пайдалануы

6. Корпорацияның айналым капиталының айналымдылығын жетілдіру жолдары

1 Корпорацияның айналым капиталы: мазмұны, топтастырылуы

Корпорацияның айналым капиталы – бұл корпорацияның ағымдағы
активтерге, яғни айналым құралдарына (қаражаттарына) салған капиталының
үлесі. Олар өндіріс процесіне бір-ақ рет қатынасады, өзінің сыртқы нысанын
өзгертеді және өз құнын тұтас өнім құнына аударады.
Айналым капиталы (айналым каражаты) - корпорация капиталының өзінің
ағымдағы активіне салынған бөлігі. Материалдық - мүліктік белгі бойынша
айналым капиталының құрамына: еңбек заттары (шикізат, материал, отын жэне
т.б.), корпорация коймасындағы даяр өнім, кайта сатуға арналған тауар,
ақшалай қаражат және есептердегі қаражат енгізіледі.
Айналым қаражаты өзіне тән ерекшелікпен жоғары жылдамдықпен айналады.
Өндіріс процесіндегі айналым қаражатының атқаратын функционалдық рөлі
негізгі капитадың рөлінен өте ерекшеленеді. Айналым қаражаты өндіріс
процесінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді.
Айналым капиталының (еңбек құрал-жабдығы) мүліктік элементтері әрбір
өндірістік циклде тұтынылады. Ол өзінің табиғи нысанын толықгай жоғалтады,
сондықтан жасалған өнімнің (орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің)
құнына толыктай енгізіледі.
Айналым қаражаты өзіне тән ерекшелікпен жоғары жылдамдықпен
айналады.Өндіріс процесіндегі айналым қаражатының атқаратын функционалдық
рөлі негізгі капиталдың рөлінен айырмашылығы бар. Айналым қаражаты өндіріс
процесінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді.
Айналым қаражаттарының құрамын келесі кесте арқылы көрсетеміз.

Айналым қаражаттарының құрамы

Топтастыру Айналым қаражаттары
белгілері
Функционал-дықӨндірістік айналым қорлары Айналыс қоры (айналыс саласы)
міндеті (өндіріс саласы)
Өндірістегі Ақшалай
және БосалқыдаӨндірістегі Дайын өнім қаражаттар мен
айна-лыстағы ғы қаражаттар дебиторлық
рө-лі қаражттар қарыздар
Ірілендіріл-геЕңбек Аяқтал-мБолашақ Қойма-дЖөнел-тіАқша-лайДеби-то
н элемент-тер заттары аған кезеңніңағы лген қа-ражатрлық
өндіріс шығын-дадайын тауар-ла-тар қарыз-д
ры өнім р ар
Жоспарлау Нормаланатын Нормаланбайтын
деңгейі

Айналым капиталының элементтері шаруашылық операциялары үздіксіз
ағынының бөлігі болып табылады. Сатып алу өндірістік запастың және
кредиторлық берешектің ұлғаюына әкеп соқтырады; өндіріс даяр өнімнің
артуына жол ашады; сатып алу дебиторлық берешектің, сондай-ақ кассадағы
және есеп айырысу шотындағы ақшалай қаражаттың ұлғаюына себеп болады. Осы
операциялар циклі көп есе қайталанады және қорытындысында ақшалай түсім
жэне ақшалай төлем түседі.
Ақшалай қаражаттың айналымы жасалатын уақыт кезеңі өндірістік-
коммерциялыц циклдіц ұзақтығы деп аталады.
Аталмыш цикл шикізат пен материалга ақша төлеу жэне даяр өнім сатудан ақша
түсу арасындагы уақыттың бір бөлігінен құралады. Осы циклдің ұзақтығына
жеткізушінің корпорацияны кредиттеу кезеңі, корпорацияның сатып алушыны
кредиттеу кезеңі, шикізат пен материал запаста болатын кезең, даяр өнім
шығару және оны қоймада сақтау кезеңі ыкпал етеді. Айналым капиталының
элементтері өндіріс саласынан айналым аясына үздіксіз өтіп, өндіріске
қайтадан оралады. Айналым капиталының бөлігі өндіріс саласында (өндірістік
запас, аяқталмаған құрылыс, қоймадағы даяр өнім жэне т.б.), ал басқа бөлігі
- айналыс аясында (жөнелтілген өнім, т.б.) үнемі болады. Сондықтан
корпорацияның айналым капиталының құрамы мен мөлшері өндірістің
кажеттілігімен ғана емес, айналыс қажеттілігімен де байланысты. Шаруашылық
қызметтің сан алуан түрлерімен айналысатын өндіріс саласы мен айналыс
саласы, тіпті бір саланың жекелеген корпорациясы айналым капиталын әр түрлі
қажет етеді. Аталмыш қажеттілік айналым қаражатының мүліктік мазмұнына және
айналымның жылдамдығына, сонымен бірге өндірістің мөлшеріне, өндіріс
технологиясы мен оны ұйымдастыруға, сондай-ак өнімді сату және шикізат пен
материал сатып алуға және басқа да факторларға байланысты болады.

2. Айналым капиталының жіктелімі

Айналым капиталы жоспарлау, есептеу және талдау тәжірибесінде келесі
белгілер бойынша топтастырылады:
1) өндіріс процесіндегі функционалдыөқ рөліне- байланысты -өндірістік
айналым қоры және айналыс қоры;
2) бақылау, жоспарлау және басқару практикасына байланысты-
нормаланатын айналым капиталы жэәне нормаланбайтын қарыз капиталы;
3) айналым капитал қалыптасатын көзге байланысты-меншік айналым
капиталы және қарыз айналым капиталы:
4) өтімділікке-байланысты абсолютті өтімді қаражат, жылдам сатылатын
айналым қаражаты, баяу сатылатын айналым қаражаты;
5) капиталды салу тәуекелінің дәрежесіне байланысты-салу тәуекелі
бойынша аз айналым капиталы,салу тәуекелі шамалы айналым капиталы , салу
тәуекелі орташа айналым капиталы,салу тәуекелі жоғары айналым капиталы;
6) Материалдық-мүліктік маңызына байланысты- еңбек құралы даяр өнім
мен тауар,есептердегі ақшалайқаражат пен құрал-жабдық.
Айналым қаражаты басқарылу дәрежесі бойынша нормаланатын және
нормаланбайтынға бөлінеді.
Нормаланатын қаражатқа- барлық өндірістік айналым қоры, сондай-ақ
айналыс қорының корпорация қоймасындағы сатылмаған даяр өнімнің қалдығы
түріндегі бөлігі жаиады.
Нормаланатын айналым қаражаты- корпорацияның қаржы жоспарында
көрсетіледі,ал нормаланбайтын айналым қаражаты іс жүзінде жоспарланбайтын
обьект болвп табылады.
Айналым қаражатын меншікті және қарыз қаражатқа бөлу корпорацияға
тұрақты немесе уақытша пайдалануға берілген айналым қаражатының шыққан тегі
мен оның нысандарын көрсетеді.
Меншікті айналым қаражаты корпорацияның меншік капиталы есебінен
қалыптастырылады.
Қарыз айналым қаражаты банк және банк емес кредит, облигациялық қарыз,
кредиторлық берешек және өзгеде көз нысанында қалыптастырылады. Ол
корпорацияға уақытша пайдалануға беріледі.қарыз айналым қаражатының бір
бөлігі ақылы , ал екінші бөлігі –тегін болады.

3. Айналым капиталын қаржыландыру көзі

Айналым қаражатын қалыптастыру көзінің құрылымы;

- меншікті көзді;

- қарыз көзінен;

- қосымша тартылған көзді қамтиды.

Меншік айналым қаражаттары бастапқыда корпорацияны және оның жарғылық
капиталын құру сәтін қалыптастырылады. Бұл ретте құрылтайшылардың
инвестициялық қаражаттары меншікті айналым қаражаттарының көзі болып
табылады. Одан әрі қарай кәсіпкерлік қызметтің даму дәрежесіне байланысты
меншікті айналым қаражаттары табыстың есебінен толықтырылады.

Меншікті айналым қаражаттарының құрамына мыналар кіреді;

- жарғылық капитал,
- үстеме капитал,
- резерервтік капитал,
- бөлінбеген таза кіріс,
- жинақтау қоры
- мақсатты қаржыландыру және т.б.
Қарыз көзінен қалыптасатын айналым қаражаттарына;

- банктің ұзақ мерзімді кредиті,
- ұзақ мерзімді қарыз,
- банктіңқысқа мерзімді кредиті,
- қысқа мерзімді қарыздар,
- коммерциялық кредит,
- инвестициялық салық кредиті,
- қызметкерлердің инвестициялық жарнасы және т.б.
Қосымша тартылған қаражаттар көзіне;

- кредиторлық берешек ( жеткізушілер мен мердігерлерге, еңбекақы төлеу
бойынша, сақтандыру бойынша және т.б.)
- тұтыну қоры,
- алдағы шығыс пен төлемнің резерві,
- күмәнді борыш бойынша резерв
- қысқа мерзімді өзге міндеттеме
- қайтарымдылық және өзге түсім.
Қарыз қаражаттарына банк несиелері, коммерциялық несиелер, кредиторлық
қарыздар жатады.

Банк кредиті инвестициялық кредит немесе қысқа мерзімді несие нысанында
беріледі.Банк кредиті негізгі және ағымдағы активті сатып алумен байланысты
шығынды қаржыландыру, сондай-ақкәсіпорынның маусым кезіндегі қажеттілігін,
тауарлық-материалдық запаситы уақытша ұлғайту, дебиторлық берешекті, салық
төлемдерін, күрделі шығынды қаржыландыру үшін қажет.

Қысқа мерзімді несиені үкіметтік мекеме, қаржы компаниясы, коммерциялықө
банк, факторинктік компангия беруі мүмкін.

Инвестициялық кредитті –үкіметтік мекеме, сақтандыру компаниясы,
коммерциялық банк, андеррайтер,және инвестор беруі мүмкін.

Инвестициялық салық кредитін кәсіпорынға мемлекеттік билік органы
кәсіпорынның салық төлемінің уақытын уақытша ұзарту тү.рінде береді.
Кәсіпорын инвестициялық салық кредитін алу үшін өзі тіркелген жердегі салық
органы мен кредит келісімін жасасады.

Қызметкерлердің инвестициялық жарнасы –қызметкерлердің экономикалық
субьектінің дамуына белгіленген пайызбен салатын ақшалай жарнасы.

4. Корпорацияның айналым капиталына қажеттілігін анықтау

Айналым қаражаты өндіріс көлемін және өнімді сатуды кеңейтуді,
жаңа өткізу нарықтарын, яғни кәсіпорын капиталы айналатын саланы басып
алуды жоспарлы түрде және барынша ұтымды , сондай-ақ үнемді , басқаша
айтқанда , айналым қаражатының нң аз мөлщерімен қамтамасыз етуі тиіс.
Корпорацияның айналым қаражатына қажеттілігі мына факторлароға
байланысты;
- өндіріс пен сату мөлшеріне:

- бизнестің түріне:

- қызмет ауқымына:

- өндірістік кезеңінің иұзақтылығына:

- корпорацияның есептік саясатына және есеп айырысу жүйесіне:

- корпорацияның шаруашылық қызметін кредиттеу шарттары мен
тәжірбиесіне:

- материалдық –техникалық жабдықтау деңгейіне;

- тұтынылатын шикізаттың түрі мен құрылымына:

өндірістің және кәсіпорын өнімінің сату мөлшерінің өсу қарқынына:

- менеджерлер мен бухалтерлердің және т.б шеберлігіне.
Корпорацияның айналым қаражатына қажеттілігін дәл есептеуді
айналым қаражатының жоғарыда атап өтілген факторларға байланысты өндіріс
саласынла және айналыс айасында уақытын есептеуден бастау қажет.
Айналым қаражаттың өндірісте болатын уақыты өндірістің айналым
қаражаты тікелей жұмыс істеу процесінде болатын уақытты:өндіріс процесінде
жұмыс күшінің шығынын қажет етпейтін үзіліс уақытын: өндірістің айналым
қаражаты запаста болатын уақытты қамтиды.
Айнлым қаражаты айналыс аясында болатын уақыт- айналым қаражатының
сатылмаған өнім қалдығы, корпорация кассасындағы, банкідегі және шаруашлық
жүргізуші субьектілермен есеп айырысуда шоттардағы ақшалай қаражат түрінде
болатын уақытты қамтиды.
Айналым қаражаты айналымының жалпы уақыты- өндіріс саласында және
айналыс аясында болатын уақыттан құралады.Ол айналым қаражатын тиімді
пайдалануға, корпорация қаржысының жай-күйіне ықпал ететін аса маңызды
сипаттама болып табылады.
Айналым қаражаты айналымының жылдамдығы – айналым қаражатын
өндірісте пайдалану деңгейін сипаттайды.
Айналым қаражаты нормативін есептеудің талдамалы, тура шот әдісі,
коэффициенттік әдіс деген үш әдісі қолданылады.
Талдамалы немесе нормалаудың тәжірибелік –статистикалық әдісі
өндірісті, жабдықтау мен өткізуді ұйымдастырудың қалыптасқан практикасында
қолданылады. Осы әдіс қолданғанда қолда бар тауарлық- материалдық
құндылықты талдаған кезде оның нақты запасы нақтыланады және артық, қажет
емес құндылық алынып тасалады.
Тура шот әдісінде корпорация техника мен технологияның дамуындағы,
өндірісті ұйымдастыруда, тауарлық-материалдық құндылықты тасымалдау мен
есеп айырысу саласындағы барлық өзгерісті қолдана отырып ұйымдастыру-
техникалық деңгейге қол жеткізген жағдайда, айналым қаражатының әрбір
элементінің запасының ғылыми негізделген есебі қарастырылады.
Коэффициенттік әдісте өтке кезенің жиынтық нормативтік өндіріс
көлемінің жоспарлы өзгеруіне және қаражаттың айналымдылығын жеделдетуге
түзету енгізілджі.

5. Айналым капиталының тиімді пайдалануы

Айналым капиталының тиімді пайдалануы келесі
көрсеткіштермен сипатталады:

* күнмен саналатын айналым капиталының айналымдылық ұзақтығы арқылы;
* айналымдылықтың тура коэффициентімен;
- айналымдылықтың кері коэффициентімен.

Айналым капиталының күнмен саналатын айнальшдылығы айналымның
бірінші сатысы - шикізат, материалдар мен жартылай өңделген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Корпорациялардың қаржы механизмі
Корпорацияның меншікті капиталының рөлі
Корпорация капиталының құны мен құрылымы
Кәсіпорынның айналым капиталын басқару тиімділігіне қаржылық талдау жүргізу («Мөлдір су» ЖШС мысалында)
Кәсіпорын қаржысын ұйымдастыру мен басқару
Корпорацияның негізгі және меншікті капиталдарын қалыптастыру
Айналым активтерінің сипаттамасы және оны басқару саясаттары
Капиталдың экономикалық табиғаты
Корпоративтік қаржылар тұрғысынан капитал оның қалыптасуы мен пайдаланылуы
Корпорация қаржыларын ұйымдастыру
Пәндер