Корпорация капиталының құны мен құрылымы



Капитал – қаржы менеджментінің ең өзекті ұғымдарының бірі болып табылады. Қаржы менеджменті көзқарасынан қарастырғанда капитал корпорацияның активіне (мүлкіне) салынған қаражаттың ақшалай, материалдықө және материалдық емес нысанындағы жалпы мөлшерін білдіреді..
Капитал - корпорация мен басқа да шаруашылық жүргізуші субьектісінің арасында оны қалыптастыру мен пайдалану қатысында туындайтын ақшалай қатынасын білдіреді.
Капитал салу нәтижесінде негізгі және айналым капиталы құрылады.Негізгі капитал жұмыс істеу процесінде айналымнан тыс актив нысанына, ал айналым капиталы – айналым активі нысанына айналады. Корпорацияның айналым активіне авансыланған ақшалай ресурсы айналым қаражаты болып табылады.
Капиталды салу нысаны бойынша кәсіпкерлік және несие капиталы болып бөлінеді.
Кәсіпкерлік капитал- корпорацияның нақты , материалдық емес және қаржы активіне пайда алу және оны басқару құқығын алу мақсатында авансыланады.
Несие капиталы - кепілзат қайтарымды, ақылы, шұғыл болса және қамтамасыз етілсе кредитке берілетін ақша капиталы.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Корпорация капиталының құны мен құрылымы
Жоспар:

1. Капиталдың экономикалық табиғаты

2. Капитал тарту тәсілі мен көзі

3. Капитал қалыптастырудың әдістемелік тәсілдемесі

4. Капиталдың орташа олшенген құны және корпорация қызметінде оны
пайдаланудың аса маңызды аспектілері

5. Капиталдың оңтайлы құрылымын есептеу әдісі құрылымды оңтайландыру

1. Капиталдың экономикалық табиғаты

Капитал – қаржы менеджментінің ең өзекті ұғымдарының бірі болып
табылады. Қаржы менеджменті көзқарасынан қарастырғанда капитал
корпорацияның активіне (мүлкіне) салынған қаражаттың ақшалай, материалдықө
және материалдық емес нысанындағы жалпы мөлшерін білдіреді..
Капитал - корпорация мен басқа да шаруашылық жүргізуші субьектісінің
арасында оны қалыптастыру мен пайдалану қатысында туындайтын ақшалай
қатынасын білдіреді.
Капитал салу нәтижесінде негізгі және айналым капиталы
құрылады.Негізгі капитал жұмыс істеу процесінде айналымнан тыс актив
нысанына, ал айналым капиталы – айналым активі нысанына айналады.
Корпорацияның айналым активіне авансыланған ақшалай ресурсы айналым
қаражаты болып табылады.
Капиталды салу нысаны бойынша кәсіпкерлік және несие капиталы болып
бөлінеді.
Кәсіпкерлік капитал- корпорацияның нақты , материалдық емес және
қаржы активіне пайда алу және оны басқару құқығын алу мақсатында
авансыланады.
Несие капиталы - кепілзат қайтарымды, ақылы, шұғыл болса және
қамтамасыз етілсе кредитке берілетін ақша капиталы.
Кәсіпкерлік кредитпен салыстырғанда несие капиталы корпорацияға
салынбайды, қарыз беруші пайыз алу мақсатында оны қарыз алушыға уақытша
пайдалануға береді. Несие капиталы кредит нарығында тауар ретінде болады,
ал пайыз оның бағасы болады. Төмен пайызға алынған кредит-арзан ақша;
жоғары пайзға алынған кредит-қымбат ақша деп саналады.
Капиталдың бағасы капиталдың белгіленген сомасын тарту үшін қанша
төленуі тиіс екенін білдіреді.
Меншікті капиталдң бағасы- акционерлік капитал үшін акция бойынша
дивидендтің сомасы немесе үлестік салым мен онымен байланысты шығын бойынша
төленген сомасы.
Қарыз капиталының сомасы- кредит немесе облигацилық қарыз және
онымен байланысты шығын үшін төленген пайыздың сомасы.
Тартылған капиталдың сомасы- кредиторлық берешектің құны. Ол пайда
болғаннан кейін үш айдан астам мерзімде немесе шартта белгіленген мерзімде
өтелмеген кредиторлық берешектің айыппұл санкцияның сомасын білдіреді.
Капитал – корпорацияға кіріс әкелетін қаражат көзі болып табылады.
Капитал оның иелерінің ағымдағы және келешектегі кезеңде әл-ауқатының
негізгі көзі ретіндғе болды.Капитал – фирманың нарықтық құнының негізгі
өлшеушісі болып табылады. Бұр ең алдымен таза активтің мөлшерін анықтайтын
меншікті капиталға қатысты.
Капиталдың серпіні корпорацияның өндірістік және коммерциялық
қызметінің тиімділігін көрсетеді .Меншікті капиталдың өздігінен өсу
қабілеті корпорацияның таза пайдасын қалыптастырудың қолайлы деңгейін ,
оның меншікті қаражат есебінен қаржылық тепе-теңдікті қолдау қабілетін
сипаттайды. Меншікті капиталдың жалпы көлемінде оның өзіндік құнының
төмендегені сыртқы қаржыландыру көзінен қаржы тәуелсіздігін айырылу
фактісін растайды.
Капитал мына белгілері бойынша жіктеледі:

1.Корпорацияның тиесілігі бойынша меншікті және қарыз капиталы болады.
Меншікті капитал корпорацияға меншік құқығында тиесілі және активтің
айтарлықтай бөлігін қалыптастыру үшін пайдаланылады.
Қарыз капиталы корпорацияны қаржыландыруға арналған қайталылатын және
ақылы негізде тартылатын ақшалай қаражатты білдіреді. Қарыз капиталының
барлық нысаны корпорация белгіленген мерзімде өтеуге тиіс міндеттемесіне
жатады.
2.Капитал айналу мақсаты бойынша өндірістік, несиелік және жалдаптық
(спекулятивтік) болып бөлінеді.Жалдаптық капитал қайталама қор нарығында
айналымдағы акцияның құны әжептәуір көтерілуі салдарынан пайда
болады.Жалдаптық операция барынша жоғары кіріс табу үшін жасалады.
3.Инвестициялау нысаны бойынша шаруашылық серіктестік пен қоғамның
жарғылық капиталын қалыптастыру үшін пайдаланылатын ақшалай, материалдық
және материалдық емес нысандағы капитал болады.
4 Капитал инвестициялау обьектісі бойынша негізгі және айналым
капиталы болып бөлінеді. Негізгі капитал айналымнан тыс капиталдың барлық
түрлеріне ( материалдық және материалдық емес) салынады, ал айналым
капиталы өтімділік дәрежесі әртүрлі айналым активіне (запас, дебиторлық
берешек, қаржы салымы мен ақшалай қаражат) салынады.
5 Меншік нысаны бойынша мемлекеттік , жеке меншік және аралас капитал
болады.
6 Қызметтің ұйымдастыру-құқықтық нысаны бойынша акционерлік, үлестік
және отбасы шаруашылығына тиесілі жеке капитал болады.
7 Капитал өндірістік процесте қатысу сипаты бойынша қолданыстағы және
әрекетсіз (жөндеудегі, резервтегі, консервациядағы, аяқталмаған құрылыстағы
негізгі құрал-жабдық).
8.Меншік иесінің (иелердің) пайдалану сипаты бойынша тұтынылатын және
жинақталатын (қайта инвестициялатын, капаиталдандырылатын) капитал болады.
Тұтынылатын капиталға дивиденд және әлеуметтік сипаттағы басқа да төлемге
жұмсалатын сома жатады. Қайта инвестицияланатын капиталға есепті және
өткен жылдың бөлінбеген пайдасы жатады.
9 Ел экономикасына тарту көзі бойынша –отандық және шетелдік капитал
болады.
Шетел инвестициясының ауқымды ағынына бейімделу келесі проблемалардың
пайда болуына себеп болды;

- шетелдік капитал экономиканың нақты секторына салынбайды және салым,
әдетте , қысқа мерзімді болады.
- шетелдік капиталдың тәуелділіктің ұлғаю салдарынан валюта қаражаты
тұрақты түрде айтарлықтай мөлшерде кетеді (әкелетін пайда
нысанында).
- шетелдік инвестор капитал салынатын бағытты белгілегенде өзінің
мүддесі мен пайдасын ойластырады, сондықтан көптеген жағдайда
жаңартылмайтын баламасы жоқ табиғи ресурстарды әкетеді.
Капитал айналымының орташа ұзақтығы айналымдылық коэффициенті мен бір
айналымның есептік кезеңдегі күнде немесе айда есептелген ұзақтығы
көрсетіледі.

ВР 365
КО =------- ; ПО =----------- ,
К КО
Мұндағы : КО-капиталдың айналымдылық коэффициенті, айналым саны;

ВР-тауар сатудан алынған түсім (нетто);

К- капиталдың есепті кезеңдегі орташа құны;

ПО-бір айналымның ұзақтығы

365 күн-жылдағы күн саны .

Сөйтіп, капитал өзін-өзі ұлғайтатын байлық өндірістің негізгі
факторлары болып табылады. Капиталды өндірістік - сауда процесінде
инвестициялау ғана меншік иесіне пайда нысанындағы қосымша кіріс әкеледі.

2. Капитал тарту тәсілі мен көзі

Корпорациялардың қаржы саясатын іске асыруда және оның ақша
айналымын басқаруда фирма ішінде қаржыны жоспарлаудың маңызы зор. Қазақстан
экономикасының қазіргі замандағы даму кезеңінде қаржы жоспары өндірістік
және коммерциялық қызметті реттейтін маңызды құрал ретінде қала береді.
Қаржы жоспарын әзірлемесін бұрын ағымдағы ( операциялық) және
инвестициялық қызметті қаржыландыру үшін капитал тарту тәсілі мен көзін
анықтау қажет.
Қазақстандағы корпорацияны қаржыландыру көзі ішкі (меншікті капитал)
және сыртқы ( қарыз жәіне қаржы нарығынан тартылған капитал).
Ішкі қаржыландыру- бұл меншікті қаражаттың , ең алдымен таза пайданы
және амортизациялық аударымды пайдалану.Өзін-өзі белсенді қаржыландыруда
корпорацияның пайдасы бюджет жүйесіне салық, эмитенттің акциясы бойынша
дивиденд төлеу, сондай-ақ айналым қаражатын толықтыру, әлеуметтік
бағдарламаларды орындау үшін жеткілікті болуы тиіс.
Белсенді емес ( жасырын) қаржыландыруда мүлікті төмендетіп бағалау,
сондай-ақ резерв қорға төмендетіп аудару салдарынан корпорация балансында
көрсетілмейтін қосымша көз пайда болады.
Жасырын қаржыландыру көзіне:
- таза айналым капиталы (айналым активі мен қысқа мерзімді міндеттеме
арасындағы айырма),
- бағалау резерві;
- қатысушыларға ( құрылтайшыларға ) кіріс төлеу жөніндегі берешек;
- алдағы кезеңнің кірісі;
- келешекте жұмсалатын шығыстың резерві;
- жеткізушілерге және т.б төленуге тиіс мерзімі өтіп кеткен берешек
жатады..
Өзін-өзі қаржыландырудың мынадай артықшылықтары бар;

1.Таза пайдадан пайда болған қосымша меншік капиталдың есебінен
корпорацияның қаржылық тұрақтылығы нығайады.

2. Меншікті қаражат бүкіл жыл бойы тұрақты түрде қалыптасады.

3. Сыртқы қаржыландыруға ( кредитордың барынша қызмет көрсету)
жұмсалатын шығын барынша азайады.

4. Инвестициялық шығынның орнын толтыратын көз алдын-ала белгілі
болу себебінен корпорацияны қосымша инвестиция есебінен дамыту жөнінде
басқарушылық шешім қабылдау жеңілдейді.
Сыртқы қаржыландыру- мемлекеттің , қаржы-кредит ұйымының , қаржы
институтына жатпайтын компанияның және азаматтардың қаражатын пайдалану.
Меншікті қаражат есебінен сыртқы қаржыландыруда корпорация
құрылтайшыларының (қатысушыларының) ақшалай қаражатын пайдаланылады.
Кәсіпкерлік қызметті сырттан қаржыландырылған қаражатпен қамтамасыз етудің
артықшылығы бар, өйткені ол корпорацияның қаржылық тәуелсіздігін қамтамасыз
етеді, сонымен бірге банкіден кредит алуға ( өтімді қаражат тапшы болған
жағдайда) қойылатын талаптарды жеңілдетеді.
Қарыз капиталдың есебінен қаржыландыру - бұл кредитордың ақшалай
қаражатты қайтарымды және ақылы негіздеуі бар. Осындай қаржыландыру
корпорация капиталын ақшалай қаражат салу арқылы арттыруды емес, қарыз
алушы мен қарыз берушінің арасындағы кәдімгі кредиттік қатынасты білдіреді.
Корпорацияға кредит берілгенде қарыз алушы оны өтеуге және пайыз
төлеуге қосымша шығындалады, бухгалтерлік есепте кредитке қойылатын пайыз
операциялық шығынынның құрамына енгізіледі және сол себептен оның салық
салынатын пайдасын төмендетеді.
Қарыз капиталы есебінен қаржыландырудың екі түрі болады;
- қысқа мерзімджі кредит есебінен қаржыландыру;
- ұзақ мерзімді кредит есебінен қаржыландыру.
Қысқа мерзімді қарыз капиталы айналым активін (тауарлық-
материалдық запасы, аяқталмаған құрылыстың дайындамасын, маусымды шығынды)
қаржыландыру көзі болып табылады. Ұзақ мерзімге тартылған капитал негізгі
капиталды жаңартуға , сондай-ақ материалдық емес активті сатып алуға
жұмсалады.
Күрделі салым –бұл негізгі капиталға салынатын инвестиция. Күрделі
салымға жаңа құрылысқа, жұмыс істейтін өндірісті кеңейтуге, қайта жаңартуға
және техникалық жарақтандыруға, машина мен жабдық, жобаланған өнім т.б
жұмсалатын шығын кіреді.
Қарыз алушы қор биржасынан ( корпоративтік облшигация эмиссиясынан)
алынатын қарыз арқылы қаржыландырумен салыстырғанда , борышты тиісінше
қамтамасыз етіп ұзақ мерзімді банк кредитін пайдаланған жағдайда оған
мынадай артықшылық береді;
- құнды қағаз басып шығаруға , оны орналастыруға немесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Капитал құрылымының компромиссті концепциясы
Корпорация капиталын басқару ерекшеліктері
Корпоративтік қаржылар тұрғысынан капитал оның қалыптасуы мен пайдаланылуы
Корпорацияның айналым капиталы туралы
Акция және акционерлік қоғам
Модильяни мен миллер үлгілері
Корпорация қаржыларын ұйымдастыру
Корпорацияның қаржы жағдайы
Кәсіпорын қаржысын ұйымдастыру мен басқару
Корпорацияның негізгі және меншікті капиталдарын қалыптастыру
Пәндер