«Жетілген тұлға» халық педагогикасының мақсаты



1. Кіріспе
2. Халық педагогикасы туралы жалпы түсінік
3. Халық педагогикасының мақсаты
4. Халықтық педагогика
5. Бала тәрбиесінде ойынның алатын орны
6. Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Ғасырлар тоғысы» атты еңбегінде, «Тәрбиенің түпкі мақсаты – қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшуі кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарда жеңіп шыға алатын, ізгіленген ғасырды құрушы, іскер, өмірге икемделген, жан-жақты, мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру», – деген тұжырымдама жасаған. Осы орайда халықтың мәдениетін, әдебиетін, тілін, салт-дәстүрін, тарихын, өнер сүю арқылы нағыз мәдениетті адамды қалыптастыру бүгінгі жаңа қоғам, тәуелсіз мемлекеттің алдында тұрған үлкен мақсат.
Қай заманда, қандай қоғамда болсын алдымызда тұрған зор міндеттердің бірі – болашақ ұрпақ тәрбиелеу. Жан – жақты жетілген, ақыл парасаты мен мәдениеті мол, саналы ұрпақ тәрбиелеуде әр халықтың салт – дәстүрі, ел дамуындағы бағалы байлықтың нәрін біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады.
Басқа халықтар сияқты қазақ елінің де ұрпақ тәрбиелеуде мол тәжірибесі, жиған – тергені, озық ойлары мен өзіндік ерекшеліктері бар. Осындай мол мұраның «дәнегін мәпелеп екпейінше» жастарды ізгілік пен парасаттылықты тәрбиелеу мүмкін емес.
1. Айдаров I., Орхон ескерткіштерінің тексті, Алматы, 1990
2. Алтынсарин Ы., Таңдамалы педагогикалық мұралары Алматы, 1991
3. Арғынбаев X, Қазақ халқының қол өнері, Алматы, 1987
4. Қосков Г.Н., Этнопедагогика Чебоксары, 1990
5. Баласағұн, Құтты білік, Алматы, 1995
6. Табылдиев.О. Қазақ этнопедагогикасы А-2001ж
7. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. Алматы, «Сана», 1995
8. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақтың халық педагогикасының тарихынан. Алматы, «Кітап», 1992
9. Қалиев С. Халық педагогикасының тағылымдары. //Бастауыш мектеп-1991-№5 – 26 б.
10. Қалиев С., Базилов Ж. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Алматы, 1993
11. Мырзатаева Б.Халықтық салт-дәстүрлердің бала дамуына ықпалы. Ұлағат – 2002 №5 37 б.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Жетілген тұлға халық педагогикасының мақсаты.

Жоспары:
1. Кіріспе
2. Халық педагогикасы туралы жалпы түсінік
3. Халық педагогикасының мақсаты
4. Халықтық педагогика
5. Бала тәрбиесінде ойынның алатын орны
6. Қорытынды

1. Кіріспе
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Ғасырлар тоғысы атты еңбегінде, Тәрбиенің түпкі мақсаты - қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшуі кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарда жеңіп шыға алатын, ізгіленген ғасырды құрушы, іскер, өмірге икемделген, жан-жақты, мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру, - деген тұжырымдама жасаған. Осы орайда халықтың мәдениетін, әдебиетін, тілін, салт-дәстүрін, тарихын, өнер сүю арқылы нағыз мәдениетті адамды қалыптастыру бүгінгі жаңа қоғам, тәуелсіз мемлекеттің алдында тұрған үлкен мақсат.
Қай заманда, қандай қоғамда болсын алдымызда тұрған зор міндеттердің бірі - болашақ ұрпақ тәрбиелеу. Жан - жақты жетілген, ақыл парасаты мен мәдениеті мол, саналы ұрпақ тәрбиелеуде әр халықтың салт - дәстүрі, ел дамуындағы бағалы байлықтың нәрін біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады.
Басқа халықтар сияқты қазақ елінің де ұрпақ тәрбиелеуде мол тәжірибесі, жиған - тергені, озық ойлары мен өзіндік ерекшеліктері бар. Осындай мол мұраның дәнегін мәпелеп екпейінше жастарды ізгілік пен парасаттылықты тәрбиелеу мүмкін емес.
Халықтың жазбаша жазылмаған, бірақ ұрпақ есінде мәңгілікке сақталып, бір ұрпақтан бір ұрпаққа ауызша жалғасып келген нақыл - өсиет, өнеге қағида болып таралып келген тәлім - тәрбие тағылымының бай мұрасы бар. Ол халықтық педагогика деп аталады.
2. Халық педагогикасы туралы жалпы түсінік
Халық педагогикасы дегеніміз тәрбие жөніндегі халықтардың ғасырлар бойы қалыптасқан педагогикалық білім тәрбие тәжірибесінің жиынтығы. Халық педагогикасындағы ақыл - ой, идеясы қай халықтың болсын тіршілік тынысымен, ұлттық тәрбие дәстүрлерімен тығыз байланыста туып, өсіп өркендеп, дамып және ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып жетіп отырған. Халық келер ұрпағын өзіне дейінгі қоғамның қолы жететін тәрбиелік жақсы дәстүр атаулыны жинақтап пайдалана отырып, шынайы адамгершілік қасиеттерге баулып, тәрбиелеуге мақсат еткен. Бірде - бір адамзат қоғамы өзінен бұрынғы аға буының ақыл - ойын, тәрбиелік тәжірибесін пайдаланбай өмір сүрген емес.
Қазіргі қоғам барған сайын күрделене түсуде. Жаңа XXI ғасырға сай өзгеше қабілет қасиетке ие ұрпақ қалыптасып келеді. Ал мұның бәрі тікелей ғылым, білім саласына байланысты. Сондықтан да білім беруді жетілдіру жөнінде маңызды реформалар, жаңа технологиялар мен ғажап идеялар пайда болуда. Ұзақ жылдар бойы жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде өз халқымыздың педагогикалық аса бай мұраларын ұрпаққа беруді аңсаған едік. Жас жеткіншектерді халқымыздың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін, ұлттық тәрбие ерекшеліктерін терең білуге, құрметтеуге үйретуге - міндеттіміз. Халқымыздың атадан балаға қалдырған халықтық педагогикасында, ғасырлар бойы жинақталған бай тәжірибесінде бала, ұрпақ, жастар арасындағы тәрбие мақсаттары жатыр. Мыңжылдық тарихы бар қазақ халқы өз ұрпағын өмірде, отбасында, тұрмыс-тіршілікте батырлық пен батылдыққа, әділдік пен адамдыққа, махаббат пен ізгілікке, инабаттылық пен имандылыққа үздіксіз тәрбиелеп отырған. Бұрын ата-әже тәрбиесіне көп көңіл бөлініп, баланы отбасы ғана емес, бүкіл ауыл болып тәрбиелеген.
Қызың өссе, қызы жақсымен, ұлың өссе, ұлы жақсымен ауылдас бол, Қызға қырық үйден тыю, бір үйден жыю деген нақыл сөздер осының айғағы. Қызыңды бөтен үйге қондырма, ұлыңды бөтен үйден тойдырма деп, ортақ талап қойған. Мұнда ұлдың да, қыздың да ретсіз жүруінің, мезгілсіз қыдыруының жағымсыз екендігін ұқтырып отырған. Үлкеннің алдын кеспе, бос шелекпен өтпе деп баланы үлкендерді сыйлауға, жол беруге тәрбиелеген. Еңбекке, төзімділікке, ептілікке, шеберлікке, шыншылдыққа, ар-ұят, әдеп, үлкенді сыйлау секілді қасиеттерді үй ішілік карым-қатынастарда, тұрмыста ұрпақ зердесіне сіңіре білген бабаларымыз. Сіз - деген сыпайылық, біз - деген көмек, сыйға - сый, сыраға - бал, Жаным десе жан семірер деген мақал-мәтелдер арқылы игілікті істерге бастаған. Халық педагогикасының имандылыққа, адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелейтінін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Сондықтан балаларды кіндік қан тамған жерінің қасиетті тарихы мен мәдениеті және тілін, салт-дәстүрі, әдет-ғұрып ерекшеліктерімен таныстыра отырып, рухани жоғары деңгейде тәрбиелеу ұлы мақсаттардың бірі болмақ. Бұл үшін оқу-тәрбие сағаттарының маңызы ерекше. Қай заманда болсын есті де еңбексүйгіш, қайырымды ұрпақ тәрбиелеу парыз саналған. Әр халық өзінің тарихын жалғасыратын жас ұрпағын адалдыққа, әділдікке үндеп отырған. Бұл ретте ғасырлар бойы сұрыпталып, әр түрлі сыннан өткен салт-дәстүрлерімізді педагогикалық әдіс-тәсіл ретінде пайдаланамыз. Бір кезде елімізде адамзат баласының санасың улап келген керітартпа күш ретінде қудалауға ұшыраған дін ешкімге қиянат жасауға жол бермеген. Керісінше, адамдардың көңіліне ізгілік қасиеттерді, имандылықты қалыптастыруға қызмет етті. Халық педагогикасын тәрбие жұмыстарында қолданумен бірге оқу үрдісінде қолдану арқылы, ұстаздық шығармашылықты жетілдіре түсеміз. Бүгінде ұлттық тәрбие бағдарламаларына сәйкес түзілген оқулықтар қажет. Мектеп оқулықтарына халық педагогикасының нұсқаулары жүйелі түрде ендірілмей келеді. Мысалы, санамақ, жаңылтпаш, ертегілер кейбіреулерінде жоққа тән. Сондықтан да оларды толықтырып, қосымша құжаттармен қолданамыз. Халық педагогикасы үнемі даму үстінде. Жаңылтпаштардың жаңа түрлері тек тіл ширатып қана қоймай, дүние танытады. Сөздік қорын молайтады, тәрбиелейді. Солардың бірі:
Былдыр - былдыр бүлдіршін,
Бұл бір білгір бүлдіршін,
Білгір бұл бір бүлдіршін,
Білгірлігін білдірсін, - деген жаңылтпаштан танымдық, тәлімдік мақсаттар толық көрінеді. Жаңылтпаштарды қайталай отырып, сөздік қорын дамытсақ, жұмбақ шешу арқылы ой-өрісін дамытамыз. Мұндай сабақтар қазақ тілінде, ана тілінде, сөзжұмбақ шешу, математика сабақтарында санамақ, логикалық есептерді шешу арқылы жүзеге асады. Халықтың жиі қолданатын тәрбие құралдары мақал-мәтелдер, тыйым сөздерді тіл байлығын молайту, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру мақсатында қолданамыз. Мысалы, Наурыз айы, түске дейін мүйіз, түстен кейін киіз. Сәуір болса, күн күркірер, күн күркіресе көк дүркірер. Сәуір болмай, жауын болмас, жауын болмай, тәуір болмас. Міне халық даналығынан туған осындай мақал-мәтелдер бала танымына, қоршаған ортаны уақыт арқылы сезінуіне игі ықпал жасайды деп есептеймін. Баланың сабаққа ынтасын арттырып, халық педагогикасын қолдана отырып, қызығушылығын тудыру үшін, сабақты түрлендіріп өткізу өз нәтижесін береді, Сабақта ұлттық Моншақ тізбек, Көкпар, Бәйге, Орамал тастамақ, Қоржын т.б. ойындарды қолдана отырып ұлттық тәрбиенің негізін оқушылар бойына сіңіру.
Жаңашыл педагог Амонашвилиден дамыта оқытуды, шәкірт пен ұстаз арасындағы қарым-қатынаста жүзеге асырсақ, Лысенкованың тірек схемалары арқылы оза оқыту әдістеріне халықтық педагогиканы әр сабақта жүйелі түрде кіргізіп оқытуға болады. Табиғаттағы, өнердегі әсемдікті түсінуге, эстетикалық талғамын дамытуға халықтық педагогиканың тәжірибесі өте бай. Баланы сергек сезімді, еңбексүйгіш азамат етіп тәрбиелеу ісін, оның жас ерекшелігін ескере отырып жүргізген жөн. Ұлыңа бес жасқа дейін патшаңдай қара, он бес жасқа дейін қосшыңдай сана, он бестен асқан соң, досыңдай бағала, - деген халық мәтелі баланы беске дейін еркін тәрбиелеудің, он беске дейін көмекшің деп қарауы, он бестен асқан соң, ақылшың деп санауды меңзейді.
Ал, бұл ғьлыми педагогикадағы баламен еркін сөйлесу, тең азамат санау, ашық сырласудың тәрбиелік мәнін қоштайтын ашық пікірлесу. Халық педагогикасында тәрбиелеу ісін баланың жас ерекшелігіне сай жүргізумен бірге, жеке бас ерекшелігін ескере отырып жүргізу қажет, барлық адамның мінез-қүлқы, қабілеті бірдей емес. Олай болса, бала мінезін жете түсініп, өзгешелігін еске ала білу керек. Баланың тәрбиесі туған өскен ортаға, ата-анаға, үлкендерге, олардың үлгісіне байланысты.
Ұлы ұяты әкеге, қыз ұяты шешеге - деу арқылы халқымыз ата-ананың, үлкендердің жас ұрпақ тәрбиелеудегі орнын көрсеткен. Қазақ халқы ұстаған қағидасын, түйген философиялық ойын жан-жақты қарастырып бір ауыз сөзге сыйғызып бере білген.
Адамға көбінесе үш алуан адамнан мінез жұғады. Біріншісі ата-анадан, ұстазынан, құрбы-құрдасынан - деп ойшыл Абай атамызда өте дұрыс айтқан. Осы пікірді халық педагогикасында: Ұстазына қарай шәкірті, Ұстазы жақсының ұстамы жақсы, Аға-жаға, ұстаз-пана, - деген мақал-мәтелдер арқылы құптайды. Бірақ құрғақ өсиет, құнсыз уағыз арқылы емес, жеке бастың үлгісімен, тапқыр тәсілімен тәрбиелеу орынды. Орыс халқының көрнекті педагогы А.С.Макаренконың: Егер менен педагогтық тәрбиемнің мәнін қысқаша тұжырымдап беруді сұраса, адамға көбірек талап қою, оны барынша-қадірлеу деп жауап берген болар едім, - депті. Себебі, адам өзін сыйлағанның Құлы. Жас өспірім алдына үлкен мақсат қоя білсе ғана ол биікке ұмтылады. Сондай ұмтылыс үстінде өседі және жетіледі. Армансыз биікке самғау жоқ екенін ұғындыруымыз керек. Армансыз ұлан, қанатсыз қыран, Арманы жоқтың, пәрмені жоқ деп парыздықтан сақтандырамыз. Жас ұрпақты өмірге дайындап, олардың Сегіз қырлы, бір сырлы азамат болуы үшін тәрбиенің барлық түрін ұштастыра, ұластыра жүргізуіміз керек. Халық педагогикасында мынау - ақыл-ой тетігі, мынау - эстетикалық тәрбие құралы дейтін жекеленген тәрбие кұралы жоқ. Кез-келген тәрбие құралына талдау жасасақ, ақыл-ой, дене, еңбек, адамгершілік тәрбиелері іштей сабақтасып, араласып жатқанын көреміз. Әдептілік, сыпайылық, кішіпейілдік, мейірімділік, иманжүзділік қасиеттердің бәрі де ар-ұят, ұждан тазалығынан туындайды. Ар тазалығы өзгеге қиянат жасамауға, шыншыл болуға баулыйды. Ұлттық табиғатымызға сай келмейтін педагогикадан гөрі халық педагогикасының маңызы зор. Ол үшін халқымыздың тәлім-тәрбиелік негіздерін отбасында, бала-бақшаларда, әр түрлі сатылы мектептерде және қоғамда қолдануымыз қажет.
3. Халық педагогикасының мақсаты
Халық педагогикасының негізгі мақсаты - өзінің бай тәжірибесіне сүйене отырып, келер ұрпақты өнер-білім меңгеруге, еңбек етуге, ауыл-аймақтың, өз Отанның ар-намысын қорғауға, адамгершілік қасиеттерге баулу болып табылады. Болашақ бүгіннен басталады демекші, сол болашақтың адамдары қай жағынаң болса да тамаша адам болуы тиіс. Олар әр жақты келісті адам болуы керек. Ол тек еңбекқор, адал, білімді, көп оқыған, ақылды болып қана қоймай, сонымен бірге тәрбиелі, көркем де әсем болуы қажет. Қазақ халқы - әсемшіл халық, рухани мәдениет жасауды басты міндеттердің бірі деп санайтын халық. Сол үшін де өмірдің жарқын сипатын, сұлу-сипатын, моральдік қасиетін үнемі басшылыққа алу керек. Кез келген халықтың тәрбие беру ісінде өзіне тән ерекшелігі болатын секілді, қазақ халқының да сан ғасырлар бойы жинақтаған бай тәжірибесі қалыптасқан. Жас ұрпаққа ізгі тәрбиелерді қалыптастыруда ғұлама ғалымдар, шешендер мен билер, ақын-жыраулар, сал-серілердің өзіндік сара жолдарының болғаны, олардың шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерін, өнегелі істері бүгінгі ұрпақтың рухани, мәдени жетілуіне, саналы, білімді де мәдениетті тұлға болып қалыптасуына ықпалын тигізетіндігі даусыз. Бүгінгі адамның өмірі мен әрекетінің кез келген санасында ұлттық эстетика тәрбие ар-намыссыз тіршілік етуге болмайтындығы шындық. Қоғам және адам өміріндегі ұлттық ерекшеліктер аясының кеңейуі тек ұрпақтан-ұрпаққа тарихи-мәдени мұраларды беруді ғана міндеттемейді, сонымен қатар аға педагогиканың халықтық бай тәжірибесін молайта отырып іс жүзіне асыруды талап етеді. Ол үшін жас ұрпақтың тәрбиесі ұлттық-халықтық педагогиканың қажеттігін туғызып, қабілетін дамыту және қалыптастыру әлеуметтік сұранысқа айналуы қажет.
Халықтық педагогика отбасылық тәрбиеден басталып, ел - жұрт, ауыл - аймақ, тіпті бүкіл халықтық қарым қатынастан берік орын алған тәлім - тәрбиенің түрі. Ендеше, халық педагогикасы қоғам дамуының барлық сатыларынан өтіп, тәжірибеде жүйеленіп, ғылыми педагогикалық дәрежеге жеткенше ұрпақ тәрбиесінің қайнар көзі, алтын діңгегі болып келгені даусыз.
Халық педагогикасы - халықтардың ғасырлар бойы тәрбиелеу тәсілдеріне негізделген бай тәрбиесінің жиынтығы. Этнопедагогика - халық педагогикасының ұрпақ тәрбиелеудегі тағылымдарын ғылыми жүйеге келтіріп зерттейтін ғылыми педагогиканың бір саласы. Этнопедагогиканың мақсаты - халықтық салт-дәстүрді, өнерді дәріптейтін, ана тілі мен дінін қадірлейтін, Отанын, елін, жерін сүйетін, жан-жақты жетілген, саналы жасты тәрбиелеу. Сондай-ақ, халықтық тәрбие түрлерін жас бүлдіршіндердің бойына сіңіртіп ілім, білік дағдыларын дамыту, сөйтіп дене еңбегіне де, ой еңбегіне де қабілетті, жан-жақты жетілген азамат етіп шығару. Ол басқа тәрбиелермен қатар жүргізіліп, балалардың қайрат-жігерін, ақыл-ойын халықтың өнер туындылары негізінде оқытып, тәрбиелеу арқылы іске асырылады. Этнопедагогика бала денсаулығы мен денесінің жетілуі жөніндегі қамқорлық ақыл-ой мен еңбекке дайындық, саналы адамгершілік-эстетикалық тұрғыда бағыттау, мінез-құлықты реттеу, өзін-өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеу, яғни тұлға қалыптастырудың бүкіл жетекші бағыттарын қамтиды. Халықтық педагогикада бала дүниетанымын қалыптастырудың және оның ақыл-ойын дамытудың бастау көзі ретінде ең алдымен оның қоғамға, қоршаған дүниеге деген көзқарасының дұрыс жетілуіне көп көңіл бөлген. Арманы жоқ жас- қанатсыз қарлығаш -- дейді халық. Халық ұрпақты ақыл-ойды өздігінен жетілдіруге үндейтін терең және танымдық процестер жиынтығы екендігін дұрыс болжайды.
Халықтық педагогика бала тәрбиесін жетілуі, ана тіліміздің өрісін кеңейту, білім беру саласынан кеткен кемшіліктеріміздің орнын толтыру, ұлттық идеологиямызды нығайту құралының бірі болып табылады. Қазақ халқының сан ғасырлық тарихи мәдени жетістіктерінің жемісін, рухани байлығын, жанына біткен еңбексүйгіштігін, отаншылдық, имандылық, бауырмалдық, қонақжайлық қасиеттерін танытатын тәлімгерлік тәрбиесі мол. Онда кешегі өткен данагөй қариялар, ғұлама ойшылдар, шешендер және ақын - жырлардың пәлсапалық баталарының психологиялық пайымдаушылары мен педагогикалық тұжырымдамалардың өшпес ізі жатыр. Халқымыздың тәлімгерлік мұрасы ұшан - теңіз болса да, оның ауқымы шексіз. Сондықтан да оларды оқу тәрбие ісіне ендіргенде ғылыми тұрғыдан жүйелеуді, бағыт - бағдар сілтеуді қажет етеді. Қазақ этнопедагогикасын ғылыми жүйе ретінде қарастырсақ, мынадай схема болып шығады.

1. Халық педагогикасының мақсаты мен міндеттері: сегіз қырлы, бір сырлы; жан - жақты жетілген азамат тәрбиелеу.
2. Мазмұны: Ұлттық салт - дәстүрлер арқылы балаға ақыл - ой, адамгершілік, әсемдік, дене, денсаулық, еңбек тәрбиелерін беру, мінез - құлық дағдыларын қалыптастыру.
3. Әдістер: Әңгімелесу, кеңесу, түсіндіру, сендіру, талап ету, кеңес беру, үйрету, көрсету, өтіну, бұйыру, жаттықтыру, бата беру, мадақтау, алғыс айту, сөгу, айыптау, жазалау.
4. Түрлері: Ойындар, тойлар, еңбек мерекелері, ойын - сауықтар.
5. Құралдары: Санамақ, жаңылтпаш, өлең - жыр, тақпақ, жұмбақтар, айтыстар, мақал - мәтелдер, шешендік сөздер, салттар, ырымдар, әңгіме, кештер.
6. Нәтижесі: Сегіз қырлы, бір сырлы жаны таза, тәні сау адам.
7. Тәрбиеге себепші күштер: Табиғат, еңбек, тұрмыс, салт - дәстүр, дін, ана тілі, ұлттық ойындар.
8. Тәрбие ортасы: Отбасы, ауыл - аймақтар, ру, қауым, тайпа, ұлт, мектеп, медресе.
9. Тәрбие объектісі: Бала.
10. Халық тәрбиешілері: Әке - шешесі, атасы мен әжесі, апа, ағалары, ауыл үлкендері, өнер иелері.
Қазақ халқының аса бай рухани мұраларының бірі - халық педагогикасы. Өкінішке орай, бұрынғы озбыр саясаттың арқасында көптеген жылдар бойы осы асыл мұраны жас ұрпақтың тәрбиесіне пайдалана алмадық. Соның нәтижесінде өзінің ана тілінен, дінінен, ата-баба салты, дәстүрлерінен кенде қалған әдепсіздердің санын көбейттік. Қазіргі тәуелсіздік жағдайында осы кемшіліктерден арылып, жас ұрпақтарымызды ғасырлар бойы жинаған гуманистік, демократиялық, киелі салттар мен дәстүрлер рухында тәрбиелеу қазіргі басты міндет. Қазақ халқының жас ұрпақтардың тарихи тағылымын әдет-ғұрпы, салт-санасы, жоралғы кәдесі бар. Қазақ халық педагогикасында бала тәрбиесіне арналған өте құнды, өте пайдалы-өсиеттер, мақал-мәтелдер, қағидалар мен пікірлер көп. Оның көбісін отбасында, бала-бақшаларда, мектептерде кеңінен пайдалануға болады. Жас ұрпақтың тарихи тағылымын қалыптастыруды географиялық ортаның оның ішінде халқымыздың байырғы жер-су атауларының шығу, қойылуы, аталу себептерін білудің үлкен тәрбиелік мәні бар.
Адам баласы дүниеге келгеннен бастап тәрбиелеуді талап етеді. Жас бала - жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді - дейді қазақ халқы. Жерге отырғызған жас көшетте өркен жайған жасыл ағаш болып, тамыры тереңдеп, жапырағы жайқалып саялы ағаш болып үлкейгенше мәпелеп күтіп, үзбей тәрбиелеуді керек етеді. Адам да сол тәрізді. Олай болса, ұстамды, көргенді, парасатты, түп-түзу, жып-жинақы, әсем бейнелі адамға қараудың өзі тым жарасымды. Жастарымыздың үлгілі, ішкі-сыртқы адамгершілік, эстетикалық саналары биік дәрежеде болуына барлығымыздың да ат салыса қатысуымыз қажет. Орыс жазушысы А.П.Чеховтың мынандай тамаша сөзі бар: Адам бойындағының бәрі де, бет әлпеті де, жан дүниесі де, ақыл ойы да, киім-кешегі де әдемі болуы керек. Сол үшін де өмірдің жарқын сипатын, сұлу сымбатын, қасиетін үнемі басшылыққа ала отырып, халықтық педагогикамыздың бай мұраларын ұрпақ тәрбиесіне пайдалануымыз өте қажет.
Халық тәрбиешілері үйрену, оқуды адам бүкіл жаңаны ерекше қабылдағыш балалық шақтан бастаса, мақсатқа лайықты болатындығына, алынған білімі өмір бойына игілікті қызмет ететіндігіне тәжірибеде көз жеткізді. Баланың ақылын тәрбиелеу оның танымдық қабілеттерін жан-жақты дамыту, әртүрлі түсінулердің кеңдігі мен сезімталдығын, байқағыштықты, естің түрлерін жаттықтыруды, ойдың елестетуін ынталандыруды талап етеді. Мысалы: жұмбақтар халық педагогикасында осы талапты жүзеге асырудың аса құнды дидактикалық материалы болып табылады. Олар баланың ойлауын дамытуға ықпал жасайды.
Халық педагогикасының мақсаты: бірнеше ғасырларға созылған халық тәжірибесіне сүйене отырып, болашақ ұрпақты еңбекке, өмірге ең жоғарғы адамгершілік, имандылық қасиеттерге тәрбиелеу. Халық педагогикасының негізінде халық ауыз әдебиетінің шығармалары, этнографиялық материалдар, халықтық тәрбие дәстүрлері, халық ойындары, үйелмен тәжірибелері т.б. жатады. Демек, халық педагогикасы-ғасырлар бойы өмір тәжірибесіне негізделген ұрпақ тәжірибесіндегі дәстүрлердің жиынтығы. Халық педагогикасының құрамды бөліктері қазақтың ұлттық ойындар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ертегілерт.б. ерте заманнан бастап, жас өспірімдердің ой-өрісін, зеректігін анықтау үшін тәрбие құралы ретінде қолданып келді.
Ұлттық ойындар. Қазақ халқының өмір кешкен тарихында ұлттық ойындардың көптеген түрлері балалық, жеткіншектік, жасөспірімдік сияқтағы балалар тәрбиесінде пайдаланылады. Ойын тек көңіл көтеру, шаттандыру ғана емес, ол өзінше ерекше қазақ халықының әлеуметтік өміріне байланысты тәрбиелік мағынасы зор жеке адамның дамуына, жетілуіне әсер етуші фактор. Жиі қолданылып келген бірнеше ойын түрлерін атап өтуге болады. Олар: Ақ серек- көк серек, Айгөлек, Жаяу жарыс, Соқыр теке, Ақ боран, Төбетей, Бәйге, Орамал тастау т.б.
Мақал-мәтелдер - халықтың ауызша ақындық шығармашылығының көп тараған ескерткіштері. Ғасырлар бойы халықтың әлеуметтік тарихи тәжірибесі туралы нақыл сөздер арқылы халықтың ой-пікірі, арманы, көзқарасы баяндалған. Қасиетті сөздерді қазақ халқы қастерлеп өнеге етіп, адамдардың өлең өрнектерімен ойластырып мақал-мәтелдерді үнемі пайдаланып келген. Мақал-мәтелдер халық өмірінің барлық жағынан қамтылған.
Жұмбақтар. Халық арасында жылдам айтылып келе жатқан жұмбақтардың саны көптеп саналады. Жұмбақ балалардың қиялын, танымдық іс-әрекетін, қабілетін дамытады. Оның жауабын табу үшін мазмұнын талдап ой елегінен өткізеді. Жұмбақтың тәрбиелік мәні өте зор.
Халқымыз ғасырлар бойы өз ұрпағын адамгершілікке, елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеп келді. Осы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрдің өзегі, алтын діңгегі халықтық педагогика болды деуге болады. Елбасы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімімен өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз дегені мәлім.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында да Қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын оқып үйрену үшін жағдайлар жасау бірінші кезектегі міндеттердің бірі деп атап көрсетілген. Халықтық тәрбие, ол ұлттың ұлт болып қалыптасуымен бірге дамып келе жатқан көне тарихи жүйеге жататыны кімге болса да аян.
Тәрбиенің халықтық жүйесінің қалыптасуына ықпал еткен жағдайлар. Мектептер пайда болғанға дейін тұлға қалыптастыруда ғасырлар бойы қалыптасқан тәрбиенің халықтық дәстүрлері шешуші роль атқарды. Халық ұрпақтан ұрпаққа өзінің қоғамдық және әлеуметтік тәжірибесін, рухани байлығын, үлкеннің кішіге құрметі ретінде мұра етіп келді, сол арқылы қоғамның материалдық және рухани мәдениетінің тарихын туғызды. Адам мәдениетінің екі саласы арасындағы сабақтастық байланыс дәл осы педагогикалық мәдениетпен қамтамасыз етіледі.
Жеткіншектің сезім мен санасына ықпал етудің кешендік шаралары оның өмірі мен әрекетін ұйымдастырудың саналуан түрлерімен сәйкес келеді. Жастардың өмірін ұйымдастырудың жиынтық түрлеріне көптеген салттар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адамзат дамуының тарихындағы этнопедагогикалық идеялар
Этнопедагогика - этнос педагогикасының дамуын зерттейтін педагогикалық білімдердің жаңа саласы
«Этнопедагогика» пәнінің оқу-әдістемелік кешені (оқытушылар үшін)
Халық педагогикасы-мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің негізгі құралы
Халықтық педагогиканың тәрбиелік мәні жайлы
Этнопедагогиканың әдістемелік негіздері
Халықтық педагогика көздері
Отбасы тәрбиесі – халық педагогикасының негізі
Этнопедагогикадағы әдістері мен тәсілдері
Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар туралы ақпарат
Пәндер