Құндылықтар туралы түсінік



КІРІСПЕ 2
1. ҚҰНДЫЛЫҚТАР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
1.1 Құндылықтар философиясы 4
1.2 Құндылық ұғымы, мағынасы 8
2. ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОҒАМ МЕН АДАМ ӨМІРІНДЕГЕ РӨЛІ
2.1 Жалпы адамзаттық құндылық қасиеттерін қалыптастыру жолдары 12
2.2 Баланың рухани.адамгершілік құндылықтарға көзқарасын
қалыптастыру жолдары
14
ҚОРЫТЫНДЫ 18
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 20
Зерттеудің көкейкестілігі. Болашақта ел тұтқасын ұстар азаматтардың өнегелі тәрбиесі – бүгінгі күн тәртібінде тұрған маңызды мәселелердің бірі. Олардың отансүйгіштік сезімін, білім мен біліктілігін, дағдысы мен шеберлігін, асқақ адамшылық және адамгершілік қадір-қасиеттерін, жаңа дүниетанымдық көзқарастарын, салауаттылық дағдыларын, ұнамды мінез-құлық нормаларын рухани-адамгершілік құндылықтар арқылы қалыптастыру- үлкен қажеттілік екендігі ел президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» жолдауында жан-жақты негізделген.
Қай заманда болмасын, сол қоғамға сай азаматты тәрбиелеудің бірден-бір жолы адамның рухани байлығын арттыру болмақ. Қазіргі уақытта қала жастары ғана емес, берекелі ауыл мен ақ көңіл, жайдары, ойлары таза, рухани құндылығы мен адамгершілігі жоғары, тәрбиелі ауыл адамдары да өзгерген. Мысалы, адам айтса нанғысыз аурулардың көбеюі, адамгершілік қасиеттеріміздің жүдеу тартуы, кісі өлтіру, үй тонау, маскүнемдік пен нашақорлық, жезөкшелік сияқты жат қылықтармен қатар мейірімсіз, қатігез жастар ауылдан да орын алады. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген сөз бар қазақта. Ендеше, жас ұрпақтың осындай күйге түспеуіне, олардың рухани бай, адамгершілігі мықты, бір-бірімен достық қарым-қатынаста өмір сүруіне жағдай жасау кезек күттірмейтін мәселе екені анық. Мұнда, әсіресе, оқушылар тәрбиесіне мектептегі дұрыс ұйымдастырылған тәрбие іс-шараларының ықпалы зор болары сөзсіз.
1. Серікқалиұлы.З.«Дүниетану даналығы» Алматы 1994жыл./224 б.C/
2. Сәрсенова.Ж. Тәңірбергенова.Ғ. «Әлеуметтану»-Алматы 2000.79б
3. Қоғамдық білім негіздері:Жалпы біліы беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / Ә.Нысанбаев, Ғ.Есім, М.Изотов, К.Жүкешев, т.б. - Алматы: «Мектеп» баспасы, 2006.
4. В.А.Сластенин,В.П.Каширин. «Психолоия и педагогика».-Москва, 2004.
5. http://freepapers.ru
6. Өтешова.Б.«Ұлт ұрпағының дүниетанымын халық тағылымдары арқылы дамыту»-2007 ж. /42-43 бет. 118-бет/. Алматы-/168 бет.C/
7. Оразбекова.К. «Ұлттық психология мен халық тәрбиесі болашақтың бастауы хақында»-Алматы.2000. 543 /б.Б.31-38,58-70,90-94,218-220;С./
8. http://www.egemen.kz
9. Назарбаев Н.Ә. Қалың елім, қазағым /Құраст. Қ.Әлімқұлов, С.Балғабаев, М.Қасымбеков, Қ.Найманбаев.- Алматы,1998.- 306 б.
10. С.Ғаббасов. «Халық педагогикасының, негіздері»-Алматы.1995 ж. /1.3.7.бет, 26бет/
11. Қ.Бөлеев «Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге кәсіби дайындау».-Алматы, 2004.
12. Қоғамдық білім негіздері:Жалпы біліы беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / Ә.Нысанбаев, Ғ.Есім, М.Изотов, К.Жүкешев, т.б. - Алматы: «Мектеп» баспасы, 2006.
13. Қ.Бөлеев «Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге кәсіби дайындау».-Алматы, 2004.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
2
1. ҚҰНДЫЛЫҚТАР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

1.1 Құндылықтар философиясы
4
1.2 Құндылық ұғымы, мағынасы
8
2. ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОҒАМ МЕН АДАМ ӨМІРІНДЕГЕ РӨЛІ

2.1 Жалпы адамзаттық құндылық қасиеттерін қалыптастыру жолдары
12
2.2 Баланың рухани-адамгершілік құндылықтарға көзқарасын
қалыптастыру жолдары

14
ҚОРЫТЫНДЫ
18
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
20

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Болашақта ел тұтқасын ұстар азаматтардың өнегелі тәрбиесі - бүгінгі күн тәртібінде тұрған маңызды мәселелердің бірі. Олардың отансүйгіштік сезімін, білім мен біліктілігін, дағдысы мен шеберлігін, асқақ адамшылық және адамгершілік қадір-қасиеттерін, жаңа дүниетанымдық көзқарастарын, салауаттылық дағдыларын, ұнамды мінез-құлық нормаларын рухани-адамгершілік құндылықтар арқылы қалыптастыру- үлкен қажеттілік екендігі ел президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан-2030 жолдауында жан-жақты негізделген.
Қай заманда болмасын, сол қоғамға сай азаматты тәрбиелеудің бірден-бір жолы адамның рухани байлығын арттыру болмақ. Қазіргі уақытта қала жастары ғана емес, берекелі ауыл мен ақ көңіл, жайдары, ойлары таза, рухани құндылығы мен адамгершілігі жоғары, тәрбиелі ауыл адамдары да өзгерген. Мысалы, адам айтса нанғысыз аурулардың көбеюі, адамгершілік қасиеттеріміздің жүдеу тартуы, кісі өлтіру, үй тонау, маскүнемдік пен нашақорлық, жезөкшелік сияқты жат қылықтармен қатар мейірімсіз, қатігез жастар ауылдан да орын алады. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде деген сөз бар қазақта. Ендеше, жас ұрпақтың осындай күйге түспеуіне, олардың рухани бай, адамгершілігі мықты, бір-бірімен достық қарым-қатынаста өмір сүруіне жағдай жасау кезек күттірмейтін мәселе екені анық. Мұнда, әсіресе, оқушылар тәрбиесіне мектептегі дұрыс ұйымдастырылған тәрбие іс-шараларының ықпалы зор болары сөзсіз.[1]
Бұл мәселе Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде көрініс тапқан.
Болашағымыз - жеткіншектерге адами құндылықтарын: білімділік пен тәрбиелілік, еңбекшілдік пен әдептілік, ар-намысшылдық, отаншылдық пен парасаттылық, махаббат пен имандылық, достық, ұлтшылдық пен жауапкершілік, батылдық пен ептілік, мейірімділік пен қайырымдылық, өзін-өзі тануы мүмкінділігі мен қабілетін білуі және оларды игеруі, қолдауы, жетілдіруі, саяси жедел жаңаруға жеткізетіндігімен маңызды болмақ.
Зерттеудің нысаны: Адами құндылықтар.
Зерттеудің мақсаты: Адам өмірінің шынайы құндылықтарын ашып көрсету
Зерттеу міндеттері:
Жалпы құндылық, адамгершілік құндылық, адамзаттың жалпы құндылығы ұғымдарының педагогикалық мәніне, маңызына сипаттама беру;
Рухани-адамгершілік құндылық ұғымдарының мәні мен мазмұнын анықтау;
Құндылықтардың қоғам мен адам өміріндегі рөлін ашу;
Баланың рухани-адамгершілік құндылықтарға көзқарасын қалыптастыру жолдарын талдау.

Зерттеу әдістері: Зерттеудің өзекті мәселелеріне философиялық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік, мәденитанулық, құндылықтанулық әдебиеттерді талдау жүргізіп, педагогикалық ғылыми зерттеу тақырыбына байланысты теориялық тұрғыдан қарастыру, жалпы орта білім беретін мектептің оқу құжаттарын зерделеп, сыныптан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстарын жан-жақты талдап, қорытындылау, өткізілетін іс-шараларға талдау жүргізіп, саралау, жеткіншектерге адами құндылықтарын қалыптастыруға қатысты мүмкіндіктерін анықтау.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы, Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбие тұжырымдамасы (1995 ж.), 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы, оқушылардың ізгі қасиеттері тәрбиесіне қатысты жалпы білім беретін оқу орындарын қалыпты құжаттары, оқу орындарының мұғалімдері, тәрбиешілер, ағартушылар және сынып жетекшілерінің озық тәжірибелері, саралаған еңбектері.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер, ғұламалар мен ағартушылар, қоғам қайраткерлері, бүгінгі заман ғалымдарының еңбектеріндегі адами құндылықтары жүйеге келтіріліп, тағылымдылық мүмкіндіктеріне қарай жіктеліп, мектептің оқу-тәрбие үрдісіне енгізіліп, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мақсатына пайдаланса, онда құндылықтарды бағалай білетін, ұлттық сана-сезімі жоғары, инабатты, адамгершілігі мол, рухани жан-дүниесі бай, рухы биік жеке тұлға қалыптастыруға мүмкіндік туындайды.

1. ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
1.1 Құндылықтар философиясы

Әлем өзінің байлығымен және алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Әлемді рухани-практикалық игеру процесі барысында адам болмысты өз құндылықтары арқылы қарастырады. Бұл қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстар тұлғаның сезімдері және ұмтылыстарымен сәйкес келетін әлемге деген ерекше эмоционалдық реңге ие болатын қатынасты білдіреді. Адамның әлемге қатынасының ерекшелігі оның өзін және өзге адамдарды, қоршаған дүниедегі заттарды, құбылыстарды, процестерді қайырымдылық, әділеттілік, сұлулық, пайдалылық және т.б. тұрғысынан бағалап, құндылықтар арқылы қарастырумен сипатталады.
Құндылықтық қатынас әрқашанда субъектінің бойында белгілі бір эмоциялары - қуану, сүйсіну, таңдану, табыну т.б. туғызады. Оның ішіндегі ең жоғарғысы - қасиеттерге табыну. Адамға қасиеттер қажет, мейлі ол дін болсын немесе діни емес қасиеттер болсын. Бұл мәселе, әсіресе, қоғамның адамгершілік тұғырлары мен мәдени дәстүрлерінің құнсыздануы мен деградациясы кезінде өзінің өзектілігін байқатады. Құндылықтар - қасиеттер. Қасиетсіз адам жануарға айналып кетеді. Оларға деген табынушылық қатынас бала кезден, ана сүтімен бірге, өзінің ана тілі арқылы моральдың негіздері ретінде өз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін игерудің нәтижесінде орнатылады. Қасиеттер адамның бойында моральдық жауапкершіліктер жүктейді, сезімін айқындай түседі. Құндылықтық эмоцияның ең жоғарғы формасы - жамандықтантазаруды білдіретін катарсис болып табылады. Әдетте катарсис термині Аристотельдің Поэтикасындағы трагедия теориясымен байланыстырылады. Антикалық философияда катарсис мәселесі Аристотельге дейін-ақ қойылған болатын. Әдебиеттерде айтылғандай катарсис терминінің көпмәнділігі эстетика тарихында оның әртүрлі түсіндірмелерінің пайда болуына әкелді. Шындығында бұл термин антикалық әдебиетте эстетикалық, психологиялық, этикалық, тіпті діни мағыналарда да қолданылады. Бұл көпмәнділік кездейсоқ емес, ол антикалық эстетиканың ерекше сипаты болып табылады. Антикалық эстетиканың үйрететін катарсисі немесе тазалануы тек эстетикалық ұғым емес, ол моральға да, интеллектке де, психологияға да қатысты, яғни бүтіндей алғанда адамның барлық қырына қатысты.
Жалтырағанның барлығы алтын емес. Құндылықтарды танудағы ең қиын мәселе - нағыз құндылықтарды жалғандарынан ажырата білу. Ол тек теориялық жағынан алғанда ғана қиын. Біз қайырымдылық пен зұлымдықты ешқайсысына анықтама бермей-ақ ажырата аламыз. Бұл жерде барлығын таза суға шығарып, күмәнсіз ететін гумандылықтың өлшемі қызмет етеді. Тіпті барлығы зұлым болғанда да зұлымдықтың аты зұлымдық, ешкім қайырымды болмаса да қайырымдылықтың аты қайырымдылық. Тек қайырымдылық пен адамға қызмет ететін нәрсе ғана нағыз құндылық болып табылады.[2]
Құндылықтар әлемі - сөздің кең мағынасында мәдениет әлемі, адамның рухани әрекетінің саласы, тұлғаның рухани байлығының өлшемін білдіретін оның адамгершілік санасының, басымдылықтарының саласы. Әрбір мәдениеттің өз құндылықтар кешені бар. Құндылықтар адам болмысының әртүрлі формаларына деген қатынасты білдіретін адамзат мәдениеті болып табылады. Құндылықтар - өмірге, еңбекке, шығармашылыққа, адамгершілік насихаттарға, еркек пен әйел арасындағы байланысқа, адам өмірінің мәніне деген бағалаушы қатынас. Құндылықтар - материалдық және рухани қажеттіліктерді өтеу процесіндегі қалыпты нәрселер. Қалыпты мәнге қайырымдылық, сұлулық, әділеттілік идеалдары ие болуы мүмкін.
Құндылықтар дүниетанымның ықпалымен қалыптасады, өйткені адам әрқашан өзінің әлеуметтік тәжірибесі барысында эр алуан көзқарастарды біріктіруге ұмтылады. Біз құндылықтық бағдарлардың қайта бағаланып жатқан өзгерістер дәуірінде өмір сүріп отырмыз. Құндылықтардың алмасу процесі әдетте ұзаққа созылады. Құндылықтық бағдарлар, идеалдар жаңа мәнге ие бола отырып, қайта түлеуі мүмкін. Бұл тұрғыдан алғанда мәдениеттің өз нормалар, рәміздер, стандарттар қоры бар. Алайда мұнан адамзаттың рухани тарихында тек бір идеалдар ғана үнемі қайталанып келіп отырады деген ой туындамауы тиіс. Мәдениет, әрине өркениетті, өйткені ол үнемі белгілі бір құндылықтық бағдарларды өндіріп отырады. Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет-ғұрыптардың, нормалар мен мағыналардың қызметін өзіне бағындыра отырып, оны реттейді. Құндылықтар адамға қоршаған нақтылықты тануға мүмкіндік беретін мағыналар жүйесін толығымен қайта құрып отырады. Әлемнің барлық алуан түрлілігінің құндылықтық сипаттамаларының бастаулары қайырымдылық, өмір, сұлулық болып табылады.[3]
Заттар мен құбылыстардың сипаттамалары табиғаттағы, қоғамдағы, адамдағы процестердің бүтіндігі мен үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Адамның өз өмірлік әлеміне деген қатынасын өзіндік тиесілік пен өзіндік бекітілудің құндылықтық құрылымы айқындайды. Адамдардың, дәуірлердің, мәдениеттердің, адам қоғамдарының арасында қаншалықты айырмашылық болғанымен, олардың барлығы құңцылықты-мәңці диспозициялардың жекелеген жағдайларынан туындайды және оны өз бойында тасымалцайцы. Бұл ментальдылықтың барлық деңгейлерінен көрінеді: жеке тұлғалық және ұжымцық бейсаналылықтан дүниетаным жүйелерінің ішкі мәнді ұйымдасқан күрцелілігі мен институционалданған этностық нормалар мен ерекшеліктеріне дейін. Құндылықтар мәселесі қоғамның ицеологиялық тұғырлары цискрецитацияға ұшырап, мәдени цәстүрлері құнсызданған кезце, әрбір халық өзін мазалаған сансыз сұрақтың ең болмағанда бір бөлігіне жауап табу үшін өзінің өткен тарихы мен мәдениетіне бет бұрған кезце, тарихтың өтпелі, цағцарыстық кезеңцерінде өткір қойылацы. Өткен ғасырцың өзінде ғылымда аномия түсінігі қалыптасты. Бұл - өмірлік идеалдар түбірімен өзгеріп, қалыптасқан құндылықтар жүйесі қайта пайымдалатын өзгермелі ахуалда сананың шарасыздық жағдайын білдіретін түсінік. Бұл тек жекелеген адам үшін ғана емес, бүкіл қоғамға да ауыр сын. Афины демократиясының дағдарысы Сократқа мынадай сұрақты қоюға мәжбүр етті: Игілік дегеніміз не? Бұл жалпы құндылықтық теорияның негізгі сұрағы болып табылады. Антикалық және ортағасырлық философияда ойшылдар құндылықтық сипаттамаларды, дәлірек айтқанда этикалық, эстетикалық, діни сипаттамаларды нақтылық, шынайы болмыс ұғымының өзіне енгізді. Бұл ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейін ойшылдарды мазалап келген сұрақтардың бірі. Бір қарағанда бәрі түсінікті сияқты. Құндылық - бұл құнды нәрсе. Алайда, адам үшін не құнды және неге құнды? Кейде біреу үшін құнды нәрсе өзгелер үшін құнсыз болатын кездері де кездеседі. Бірақ онымен ешкімнің келіскісі келмейді және әрқайсысы өзі үшін құнды нәрсені нағыз құндылық деп есептейді. Кімдікі дұрыс?
Бұл мәселені құндылықтар теориясы немесе аксиология (грек тілінде ахіа - құндылық және logos - ілім) шешуге ұмтылады. Аксиология - құндылықтардың жаратылысы туралы, оның нақтылықтағы орны мен құндылықтық әлемдегі құрылымы туралы, яғни әлеуметтік және мәдени факторлар мен тұлға құрылымы арасындағы әртүрлі құндылықтардың байланысы туралы ілім. Философиялық білімнің арнайы бөлімі ретінде аксиология XIX ғасырдың екінші жартысында ғана қалыптасты.
Құндылықтар проблематикасы ежелгі Шығыс және антикалық философияларда қарастырылғанымен "аксиология" терминін тұңғыш рет Э.Гартман қолданды. Ойшылдар үнемі сұлулық, береке, қайырымдылық және т.б. түсініктердің мәнін ұғынуға ұмтылды, кейінірек мұның бәрі құндылық ұғымына біріктірілді. Философия тарихында игілік деген не? деген сұрақты алғаш қойғандардың бірі Платон. Ол болмысты заттар әлеміне және идеялар әлеміне бөле отырып, заттар әлемінде ақиқат, әсемдік, әділеттілік және т.б. жоғары игіліктерге сәйкес келетіндей ешнәрсе жоқ деп есептейді. Және сыртқы әлемнің өткіншілігі мен салыстырмалылығын ескере отырып адамдардағы ақиқат, әсемдік т.б. ұғымдарды уақыттан тыс, мәңгі идеялар кеңістігіне орналастырды. Егер кім әсемдікті дұрыс пайымдаса, ол бұл жолдың ақырына жетіп, тосыннан жаратылысы жағынан таңқаларлықтай әсем нәрсені көреді... бұл нәрсе, ең алдымен мәңгі, яғни ол туылуды да, күйреуді де, өсуді де, шөгуді де білмейді, екіншіден ол ешбір жағынан тұрпайы болмайды, қашан да, қай жерде де өзгелермен салыстырғанда әдемі, ал басқа уақытта, басқа жерде өзгелермен салыстырғанда тұрпайы. Әсемдік - бұл бет, қол немесе қандай да бір дене бөлігі түрінде емес, қандай да бір сөз немесе білім түрінде емес өзінен-өзі әрқашан да өзінде тұтас бейне ретінде көрінеді: әсемдіктің өзге түрлерінің барлығы оған қатысында туылатын және күйрейтін болса, ал ол артып та, кеміп те кетпейді, ешқандай ықпалды сезінбейді.[4]
Құндылықтар мәселесінің XIX ғасырдың ортасына дейін философиялық талдаудың дербес объектісіне айналмағанын айта кетуіміз керек. Антикалық философияда ғана емес, онан кейінгі орта ғасырлар мен жаңа заман философиясында да құндылықтық сипаттамалар нақтылық, болмыстың шынайылығы ұғымдарына енгізілді. Классикалық философияда құндылықтар болмыспен тұтас күйінде қарастырылды және сондықтан аксиология дербес философиялық пән ретінде бөлініп шыққан жоқ. Аксиология философиялық зерттеудің дербес аймағы ретінде болмыс ұғымы екі элементке ыдырағанда ғана пайда болды: нақтылық пен құндылық әртүрлі талап пен ұмтылыстардың объекті ретінде қарастырылғанда аксиологияның басты мақсаты болмыстың жалпы құрылымындағы құндылықтың мүмкіндігін және оның нақтылық айғақтарына деген қатынасын көрсету. Мәдениеттің маңызды компоненті ретіндегі, адамның нақтылықты рухани-практикалық игеруінің негізі және реттеушісі ретіндегі құндылықтардың теориялық талдануы философиялық ой тарихында әртүрлі бағыттармен сипатталады. Бұл бағыттардың арасында мынадай типтерді атап өтуге болады: натуралистік психологизм, трансцендентализм, мәдени-тарихи релятивизм жэне социологизм.
Құндылықтар өмір сүріп қана қоймайды, сонымен қатар бір-бірімен салыстырыла отырып өзіндік құндылықтық қатарды, құндылықтық сатыны құрайды. Бізге белгілі барлық құндылықтар адамға бағытталған және шындығында, кез-келген құндылық өзінің нақты тарихи пайымдалуы мен іске асуында салыстармалы. Алайда мұнан тек нақты тарихи өмір сүретін адамдар мен әлеуметтік топтардың қажеттіліктері мен мүдделерін өтейтін игіліктер ғана құнды және барлық өзге құндылықтардың өлшемі болып табылатындай адам алдында категориялық талап ретінде қойылатын құндылықтар- мақсаттар жоқ деген пікір туындамайды.
Әдебиеттерде құндылықтардың жіктелуі әдетте былайша беріледі: витальды (өмір, денсаулық, игілік, экология және т.б.); әлеуметтік (әлеуметтік статус, жағдай, байлық, отбасы, тәуелсіздік және т.б.); діни (құдай, сенім, ғұрып, шіркеу және т.б.); моральдық (қайырымдылық, достық, сүйіспеншілік, парыз, адалдық, әділеттілік және т.б.); эстетикалық (сұлулық, идеал, үйлесімділік және т.б.); саяси (заңдылық, мемлекеттілік, ата заң, азаматтық еркіндіктер және т.б.). Осылайша құндылықтар жалпы динамикамен сипатталатын мәдени реттеушіліктің қозғалмалы саласын білдіреді.
Қоғамдық дамудың құндылықтық негіздерін іздеу, құндылықтардың белгілі бір жүйесін таңдау қарама-қайшылықты, бірақ табиғи процесс. Әлеуметтік реттеудің жоғары деңгейіне негізделген құндылықтардың белгілі бір иерархиясы мен арнайы жүйесінсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. Бұл қоғамдық институттар мен адамдардың (индивидуалды болсын, ұжымды болсын) мақсатты әрекеттерінің нормативті бақылауының нақты жэне арнайы жүйелерін жасауға мүмкіндік беретін өлшемдердің құндылықтар жүйесінде бекітілуімен сипатталады. Сонымен қатар бұл қоғамда белгілі бір тәртіпті қамтамасыз етеді жэне әр алуан қоғамдық субъектілердің құндылықтық ынтымақтастығын қалыптастырады.[5]
Қазіргі қоғамның құндылықтарын талдау адамдардың негізгі құндылықтық бағдарларын қарастырмасақ жеткіліксіз болар еді. Мысалы, қазіргі замандағы көрнекті психоаналитик және этиктердің бірі Э.Фромм жемісті емес және жемісті бағдарларды бөліп көрсетеді. Бұл жерде берілген ұғымдардың белгілі бір индивидтің мінезін сипаттау емес, "идеалды типтер" екендігін ескеруі қажет. Әдетте әрбір тұлғаның мінезі бұл бағдарлардың барлығын немесе кейбірін білдіреді, бірақ оның біреуі басымдылыққа ие болады.

1.2 Құндылық ұғымы, мағынасы
Құндылық - объектінің жағымды немесе жағымсыз жақтарын білдіретін философиялық-социологиялық ұғым. Философия тарихында құндылық көрінісінің заңдылықтары туралы жалпы түсінік 19 ғасырдың ортасында пайда болды. Құндылық ұғымына тұңғыш филосиялық анықтаманы Р.Лотце мен Г.Коген берді. Ежелгі филосиялық көзқарастарда құндылықтың әр түрлі көріністеріне жататын және табиғи, қоғамдық құбылыстарды, адамның іс-әрекетін бағалауда пайдаланылатын сұлулық, қайырымдылық, мейірімділік секілді этикалық және эстетикалық ұғымдар қолданылды. Құндылық объектінің адам үшін қаншалықты маңызды екендігін айқындайды. Ол пәндік және субъективтік деген екі бөліктен тұрады. Пәндік және субъективтік құндылық -- адамның дүниеге қатынасының екі жағы, біріншісі -- оның объектісі, екіншісі -- субъектісі. Сондықтан пәндік құндылық баға берудің объектісі, ал субъективтік құндылық олардың өлшемі мен әдісі болып табылады. Пәндік құндылыққа заттардың табиғи қажеттілігі, өнімнің өзіндік құны, әлеуметтік игілік, ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени мұралар, ғылыми ақиқаттың теориясы маңызы мен тәжірибелік пайдасы, адамдардың іс-әрекетіндегі жамандық пен жақсылықтың іске асуы, табиғи және қоғамдық объектілердің эстетикалық қасиеттері жатады. Санадағы құндылық ұғымына қоғамдағы ойлау мен бағалау, мақсат және оған жетудің жолдары, қоғамда кездесетін түрлі нормалар жатады. құндылықтар өмірге, еңбекке, шығармашылыққа, адам өмірінің мәніне, т.б. баға беру қатынасынан тұрады. Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет-ғұрыптар, нормалар мен мән-мағыналар қызметін өзіне бағындырады және реттейді. Құндылықтар адам мүддесінің объектісі бола тұра, әлеуметтік, заттық ортадағы күнделікті тіршілікте бағыт беру рөлін атқарады. Адам өзін қоршаған заттық және рухани әлемді құндылықтар арқылы бағалайды. Оның шынайы өмірге құндылықтық қатынасы тек сана негізінде болуы мүмкін. Құндылықтық сана заттың біз үшін қаншалықты бағалы, оның құндылығы неде екенін зерттейді.[6]
Құндылық - мәдениеттің құрамдас бөлігі. Мәдениеттің құрамдас бөлігі болуы себепті құндылық адамдардың өзін ұстауын реттейді, олардың шынайы тәртібін айқындайды. Мәдениет құндылықтары, тиісінше, материалдық және рухани болып бөлінеді. Құндылықтардың мазмұны қоғамның мәдени жетістіктерімен шарттастырылған. Құндылықтар әлемі, сөздің кең мағынасында, мәдениет әлемі деген сөз. Ол адамның рухани қызмет аясы, оның санасының дұрыстығын айғақтаушы, адамның рухани байлығының өлшеуіші іспетті. Құндылықтарды мүдделердің қарапайым жалғасы немесе бейнеленуі ретінде қарастыруға болмайды. Олар салыстырмалы өзінділікке ие.
Шынайы және алдамшы құндылықтар
Адамның өзінің солай деп таңдауына орай, құндылық қашанда белгілі бір қанағаттанарлық нәрсені білдіреді. Ал материалдық және рухани қажеттіктердің өтелуі тұрғысынан құндылықтардың бәрін қанағаттанарлық категорияға жатқызуға болмайды.
Адамдардың немесе әлеуметтік топтардың қажеттіліктері, мүдделері және талғамдары әр түрлі болады. Сондықтан барлық құндылықтар салыстырмалы. Құндылық қатынас қанағаттанарлық немесе қанағаттанғысыз болып келуі мүмкін. Біреу үшін мынау, екінші үшін анау құнды. Олардың қайсысынікі дұрыс, қайсысы қателесіп тұрғанын релятивистік тұрғыдан оны ажыратып жатуда мағына болмайды. Шынайы деп -- адамға пайда әкелетін, оның санасына жоғары адамдық қасиеттерді сіңіретін, адамдардың бақыты мен игіліктілігін қамтамасыз ететін, адамның тұрғасын ажарландыратын, адаммен қоғамның ілгерілей дамуын қамтамасыз ететін құндылықтарды айтқан жөн. Алдамшы құндылықтарға жеке индивидтер құндылық деп қабылдағанымен, шынында, қоғамның дамуына септігін тигізбейтін, оны кері кетіретін, адамды аздыратындарды айтамыз.
Тұлға мəдениетінің негізі оның жалпы адамзаттық құндылықтарға қатынасынан көрінеді. Құндылық термині болмыстың белгілі құбылыстарының адами, əлеуметтік жəне мəдени мəн-мағынасын білдіру үшін қолданылады. Адам қызметіндегі заттар, қоғамдық қатынастар жəне олар қамтыған табиғат құбылыстары құндылықты қатынастар нысандары ретінде танылған бағалы заттар сипатында іс-əрекетке қосылады, яғни бұлардың бəрі де жақсылық пен жамандық , шындық пен жалғандық, əсемдік пен ұсқынсыздық, əділдік пен əділетсіздік жəне т.б. тұрғысынан пайымдалады. Белгілі құбылыстарды бағалауға негіз болған тəсілдер мен өлшем-шектер субъектив баға түрінде қоғамдық сана мен мəдениетте бекиді де адам əрекетін бағыттаушы құралдарға айналады. Қалыпты тəртіптік ұғым формасына енген мұндай құралдар түрі: ұстанымдар жəне бағалар, бұйрықтар мен шектеулер, мақсаттар мен жобалар.[7]
Сонымен, заттай жəне субъективті құндылықтар адамның өзін қоршаған дүниеге болған құндылықты қатынастарының екі қарама-қарсы (полярлы) шегін аңдатады. Адам іс-əрекеті құрылымындағы құндылықты тараптар танымдық жəне еріктік құндылықтармен өзара тығыз байланысқан.
Əрбір тарихи нақты қоғамдық құрылым (формация) өзіне тəн құндылықтар жиынтығымен ажыралады. Ал одан түзілген жүйе əлеуметтік реттеудің аса жоғары деңгейі сипатында көрінеді. Бұл жүйеде қоғам не əлеуметтік топ мойындаған өлшем-шек, талаптар (критерии) белгіленеді. Тұлғалық деңгейде меңгерілген бұл талаптар тұлға қалыптастырудың негізіне алынып, қоғамды қалыпты тəртіпте ұстауға жəрдемдеседі.
Қоғам өмірінің кезеңдерінде құндылықтар жүйесі өзгеріске түсіп, ауысып барады. Құндылықтар өзіне тəн ерекшеліктерге ие. Олардың кейбірі тарихтың қай кезеңінде де өз маңызын жоймайды. Мысалы, ежелгі дүниенің тарих сахнасында өшкенімен, онда мұрат етілген эстетикалық құндылықтар əлі күнге дейін өз маңызын жоғалтқан жоқ. Ортағасырлық ағару (просвещение) дəуіріндегі гуманистік, демократиялық идеялар бүгінгі заман қызметіне жарауда.
Қоғамдағы құндылықты қатынастардың аса маңызды элементтерінің бірі - құндылықты бағыт-бағдар. Құндылықты бағыт-бағдар - бұл стратегиялық өмір мұраттары жəне жалпы дүниетанымдық алғы шарт ретінде танылған құндылықтардың адам санасында бейнеленуі.
Қалыптасқан, тұрақты құндылықтар бағыттарының жиынтығы тұлға тұрақтылығын, қажеттер мен қызығулар бағдарында көрінген əрекет-қылық жəне іс-əрекет типтерінің өзара байланыса, ұштасуын қамтамасыз етеді. Осыдан, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғатқа аялы қарым - қатынастарын дамыту
Өзін-өзі тану пәні туралы ақпарат
Мектеп оқушыларына өзін-өзі тану пәнін оқытудың ерекшеліктері
Құндылықтардың жіктелуі
Мәдениеттің жекеленген түрлеріне шағын талдама
Ертегі бала жанын қоректендіретін - рухани қор
Ислам құндылықтарының философиялық аспектілері
Этика және аксиология
Әдіснамалық білім деңгейлері
Сыныптан тыс жұмыстарда жеткіншектердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Пәндер