Жыныс генетикасы туралы



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Жынысты анықтаудың генетикалық механизмі.
2. Жыныспен тіркесіп тұқым қуалау.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер
Табиғатта кездесетін көптеген тірі организмдердің арасындағы аталықтары мен аналықтарының ара қатынасы шамамен тең, яғни 1:1 қатынасындай болады. Бұл 100 аналыққа 100 аталық сәйкес келеді деген сөз. Осы құбылыстың генетикалық негізі жыныстардың біреуінің гомозиготалы (аа), ал екіншісінің гетерозиготалы (Аа) болуына байланысты.
Адамда, сүтқоректі жануарларда, дрозофилада және т.б. көптеген түрлерде аналық жыныс гомогаметалы (ХХ), ал аталық — гетерогаметалы (ХУ). Бұл аталған түрлерде мейоз кезінде біркелкі жұмыртқа клеткалары мен әркелкі аталық клеткаларда түзіледі. Тауықтарда және басқа құстарда, сол сияқты жібек құрты мен көбелектерде, керісінше, аналық жыныс — гетерогаметалы (ХУ), ал аталық — гомогаметалы (ХХ). Кейбір жәндіктерде У — хромосома мүлде болмайды. Мысалы, шегіртке мен қандала аналықтарында ХХ, ал аталықтарында жалғыз Х хромосома, яғни генотипі ХО, ал қаракүйеде, керісінше, аналықтарында — ХО, аталықтарында — ХХ болып келеді.
1. Бегімқұл Б.К. Генетика Алматы, РИК. 2000
2. Берсімбаев Р.І. Генетика, Алматы. Қазақ Университеті 2002.
3. Стамбеков С.Ж. Генетика. Алматы, 2002
4. Иванов О. Генетика, Алматы, РИК, 2000
5. Фогель Ф. И др., Генетика человека. М. Мир, 1989

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
министірлігі
М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан
Мемлекеттік Университеті

Тақырыбы: Жыныс генетикасы

Орындаған: Ергешова Г.

Тобы: ФК-13-5К3
Қабылдаған:
Өмірзақ Т.

2015 жыл
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Жынысты анықтаудың генетикалық механизмі.
2. Жыныспен тіркесіп тұқым қуалау.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Табиғатта кездесетін көптеген тірі организмдердің арасындағы
аталықтары мен аналықтарының ара қатынасы шамамен тең, яғни 1:1
қатынасындай болады. Бұл 100 аналыққа 100 аталық сәйкес келеді деген сөз.
Осы құбылыстың генетикалық негізі жыныстардың біреуінің гомозиготалы (аа),
ал екіншісінің гетерозиготалы (Аа) болуына байланысты.
Адамда, сүтқоректі жануарларда, дрозофилада және т.б. көптеген түрлерде
аналық жыныс гомогаметалы (ХХ), ал аталық — гетерогаметалы (ХУ). Бұл
аталған түрлерде мейоз кезінде біркелкі жұмыртқа клеткалары мен әркелкі
аталық клеткаларда түзіледі. Тауықтарда және басқа құстарда, сол сияқты
жібек құрты мен көбелектерде, керісінше, аналық жыныс — гетерогаметалы
(ХУ), ал аталық — гомогаметалы (ХХ). Кейбір жәндіктерде У — хромосома мүлде
болмайды. Мысалы, шегіртке мен қандала аналықтарында ХХ, ал аталықтарында
жалғыз Х хромосома, яғни генотипі ХО, ал қаракүйеде, керісінше,
аналықтарында — ХО, аталықтарында — ХХ болып келеді.

Жыныс генетикасы
Жынысты анықтаудың генетикалық механизмі. Табиғатта кездесетін көптеген
тірі организмдердің арасындағы аталықтары мен аналықтарының ара қатынасы
шамамен тең, яғни 1:1 қатынасындай болады. Бұл 100 аналыққа 100 аталық
сәйкес келеді деген сөз. Осы құбылыстың генетикалық негізі жыныстардың
біреуінің гомозиготалы (аа), ал екіншісінің гетерозиготалы (Аа) болуына
байланысты. Бұл Мендель тәжірибелеріндегі талдай будандастырудың
нәтижелерімен сәйкес келеді:
                        P                      Aa        x          aa
                         Г                     Аа                   
а   
                        Ғ1                    1Аа      :           1аа
Жүргізілген цитогенетикалық зерттеулердің нәтижесі жануарлар мен
өсімдіктердің көпшілігінде аталық және аналық организмдердің хромосома
жиынтығындағы бір жұп хромосоманың өзгелерінен ерекше болатындығын
көрсетті. Кейінірек бұл хромосомалардың жынысты анықтауға қатысы бар
екендігі анықталды, сол себепті олар жыныстық хромосомалар деп аталды.
Сөйтіп, адам мен жануарлардың және өсімдіктердің хромосома жиынтығында
кәдуілгі хромосомалар немесе аутосомалармен қатар жыныстық хромосомалар да
болады. Олар Х және У деп белгіленеді. Соның ішінде Х хромосома аналықты,
ал У хромосома аталықты анықтайды. Мұны дрозофила шыбыны мысалынан көруге
болады.Дрозофиланың дене клеткасында болатын төрт жұп, яғни сегіз
хромосоманың алтауы аутосомалар (жыныстық емес хромосомалар), ал бір жұбы
жыныстық хромосомалар болып табылады. Аналық шыбындарда олар біркелкі
болады, сондықтан шартты түрде ХХ деп белгілейді. Ал аталықтарда әркелкі
болатындықтан ХУ деп белгілейді. Олай болса, суретте көрсетілгендей аналық
организмнің жұмыртқа клеткаларының (аналық жыныс клеткасы) барлығы бірдей
үш аутосомадан және бір Х хромосомадан тұрады. Ал аталық жыныс
клеткаларында жыныстық хромосомалар екі түрлі, яғни жартысы Х хромосомалы,
қалған жартысы У хромосомалы болып келеді. Аталық организмде мейоздық
бөліну нәтижесінде түзілетін Х және У хромосомалы гаметалардың мөлшері тең
болатындықтан, ұрықтану нәтижесінде пайда болатын жыныстардың ара қатынасы
да 1:1-ге тең болады. Түрлердің басым көпшілігінің дене клеткаларында
жыныстық хромосомалар екі-екіден, яғни ХХ немесе ХУ болады. Тек кейбір
түрлерде ғана жалғыз Х хромосома болады. Егер дене клеткасында жыныстық
хромосомалар біркелкі ХХ болып келсе, ондай жынысты гомогаметалы, ал
керісінше әркелкі — ХУ болса, гетерогаметалы деп атайды.
Адамда, сүтқоректі жануарларда, дрозофилада және т.б. көптеген түрлерде
аналық жыныс гомогаметалы (ХХ), ал аталық — гетерогаметалы (ХУ). Бұл
аталған түрлерде мейоз кезінде біркелкі жұмыртқа клеткалары мен әркелкі
аталық клеткаларда түзіледі. Тауықтарда және басқа құстарда, сол сияқты
жібек құрты мен көбелектерде, керісінше, аналық жыныс — гетерогаметалы
(ХУ), ал аталық — гомогаметалы (ХХ). Кейбір жәндіктерде У — хромосома мүлде
болмайды. Мысалы, шегіртке мен қандала аналықтарында ХХ, ал аталықтарында
жалғыз Х хромосома, яғни генотипі ХО, ал қаракүйеде, керісінше,
аналықтарында — ХО, аталықтарында — ХХ болып келеді.
Әрі қарай жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде жынысты анықтауға
аутсомалардың да қатысатындығы белгілі болды. Американдық генетик К.Бриджес
дрозофиланың жыныстық белгісінің дамуы Х хромосома мен аутосомалардың ара
қатынасына байланысты өзгеретіндігін байқады. Бұл жыныстың анықталуының
теңгерімдік (баланстық) теориясына негіз болды. Ол бойынша Х хромосома мен
аутсомалардың (А) ара қатынасы (Х : А) 1-ге тең болса 1(2 х : 2А) — аналық,
0,5-ке тең болса 0,5 (1Х : 2А) аталық жыныс дамиды. Егер жыныстық индекстің
мәні 1-ден жоғары болса (3Х:2А) — 1,5 басым аналық, 0,5-тен жоғары болса
(2Х:3А) —0,63 басым аталық болып шығады.
Жыныспен тіркесіп тұқым қуалау. Жыныстық хромосомаларда орналасқан
гендер арқылы тұқым қуалауды жыныспен тіркесіп тұқым қуалау деп атайды. Оны
ең алғаш Т.Морган зерттеп ашты. Ол — дрозофиланың көзінің түсі тұқым
қуалауын зерттеуге арналған тәжірибелер жасады. Бұл тәжірибеде қызыл көзді
аналықты ақ көзді аталықпен, ал екіншісінде, керісінше, ақ көзді аналықты
қызыл көзді аталықпен будандастырды. Дрозофиланың көзінің қызыл түсі (W+)
ақ түсіне (W) қарағанда басым болып келеді. Қызыл көзді аналықты ақ көзді
аталықпен будандастырғанда бірінші буында (F1) алынған ұрпақтың барлығы да
қызыл көзділер болып шығады. F1-дегі дарақтарды өзара будандастырғанда
екінші буында (F2) алынатын ұрпақтың ішіндегі барлық аналықтар қызыл
көзділер, ал аталықтардың жартысы қызыл көзділер, жартысы ақ көзділер
болады. Ақ көзді аналықты қызыл көзді аталықпен будандастырғанда, бірінші
буынның өзінде-ақ алынған ұрпақтың аналықтары қызыл көзді, ал аталықтары ақ
көзді болып шыққан. Мұны крис-крос жолымен тұқым қуу дейді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Генетика ғылымы
Адам нәсілдерін талдаудағы генетикалық мәліметтер
Жыныспен тіркесіп тұқым қуалайтын аурулар
Тұқым қуалайтын ауруларды зерттеу әдістері
Генетика ғылымының даму тарихы
Оқыту әдістерінің жүйесі
Адам генетикасының ерекшеліктері туралы
Адам генетикасын зерттеу әдістері
Адам генетикасына жалпы сипаттама
Генетиканың даму тарихы туралы ақпарат
Пәндер