Гүлдің құрылысы



Гүлдің құрылысы күрделі. Гүлдің сыртын жасыл түсті тостағанжапырақшалар мен түрлі-түсті күлтежапырақшалар қоршап тұрады. Тостағанша мен күлте екеуі қосылып гүлсерігін құрайды. Гүлсерік гүлдің ішкі нәзік бөліктерін суықтан,жауыннан және күннің ыстық сәулесінен қорғайды.
Гүлге түс беретін – күлте жапырақшалар. Оның түсі әр түрлі болады. Күлтенің ішінде аталықтар мен аналық болады.Аталықтар мен аналық-гүлдің негізгі бөлігі олардан жемістер мен тұқымдар түзеді.Әрбір аталық жіпше мен тозаңқаптан құралады.Тозаңқаптың ішінде тозаң түзіледі.Піскен кезде тозаңқап жарылып одан тозаңдар төгіледі.
Аналық гүлдің қақ ортасында болады. Аналықтың төменгі жуандау бөлігін түйін,одан жоғарырақ жіңішкерген жерін-мойын,ең ұшын-ауыз дейді.
Гүлдеп болғаннан кейін тостағанша күлте мен аталықтар қурап түсіп қалады,тек аналық түйіні ғана сақталып ол жеміске айналады.Жемістің ішінде тұқым болады ол түйіннің ішінде дегі тұқым бастамасынан дамиды.Піскен кездетұқымдар жерге түседі,бұлардан келесі жылы жаңа өсімдіктер өсіп шығады.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе.

Жабық тұқымды өсімдік өсімдіктер әлемінің өте күрделі құрылысты өкілі. Ол эволюциялық даму барысында тіршілікке бейімделудің әбден кемеліне жетіп, құрылымдық жағынан болсын және физиологиялық жағынан болсын сан алуан икемділігін бастарынан өткізген тіршілік иесі. Соның нәтижесінде мұндай өсімдіктер гүл, жеміс сияқты мүшелер пайда болып, жер шарына өте кең таралған.
Гүл -- жабық тұқымды өсімдіктердегі қысқарған, бұтақтанбайтын, түрі өзгерген, өсуі шектелген, көбеюге қажетті жыныс мүшелері бар споралы өркен Ботаниктердің көпшілігі, жақтайтын стробилярлы теория бойынша гүл эволюция барысында ашық тұқымдылардың стробиліне ұқсас мүшеден пайда болған. Гүлде жеміс жапырақшаларының (мегаспорофиллдердің) жиегі кірігіп тұқым бүрлері орналасатын тұйық қуыс -- жатын ұясы бар. Стробилде тұқым бүрлері жеміс жапырақшаларында ашық жатады. Гүлде микроспорофиллдер (аталық) мен мегаспорофилдер (жеміс жапырақшалары) бірдей. Ал ашық тұқымдылардың стробилдері дара жынысты. Гүлде гүл қоршауы болса, стробилде ол жоқ.
Гүл өркеннің апикальдық және қолтық меристемасынан пай - да болады, сөйтіп арнаулы репродуктивті мүшелер құрайды да, өсімдіктің жынысты жолымен көбею қызметін атқарады. Гүлде спорогенез, гаметогенез және жыныс процесі өтеді.
Тозаңданып, ұрықтанғаннан кейін гүл жеміске, ал тұқым бүрі тұқымға айналады. Гүлсіз жемістің пайда болуы мүмкін емес, ол әр уақытта гүлден пайда болады.

Гүлдің құрылысы.

Гүлдің құрылысы күрделі. Гүлдің сыртын жасыл түсті тостағанжапырақшалар мен түрлі-түсті күлтежапырақшалар қоршап тұрады. Тостағанша мен күлте екеуі қосылып гүлсерігін құрайды. Гүлсерік гүлдің ішкі нәзік бөліктерін суықтан,жауыннан және күннің ыстық сәулесінен қорғайды.
Гүлге түс беретін - күлте жапырақшалар. Оның түсі әр түрлі болады. Күлтенің ішінде аталықтар мен аналық болады.Аталықтар мен аналық-гүлдің негізгі бөлігі олардан жемістер мен тұқымдар түзеді.Әрбір аталық жіпше мен тозаңқаптан құралады.Тозаңқаптың ішінде тозаң түзіледі.Піскен кезде тозаңқап жарылып одан тозаңдар төгіледі.
Аналық гүлдің қақ ортасында болады. Аналықтың төменгі жуандау бөлігін түйін,одан жоғарырақ жіңішкерген жерін-мойын,ең ұшын-ауыз дейді.
Гүлдеп болғаннан кейін тостағанша күлте мен аталықтар қурап түсіп қалады,тек аналық түйіні ғана сақталып ол жеміске айналады.Жемістің ішінде тұқым болады ол түйіннің ішінде дегі тұқым бастамасынан дамиды.Піскен кездетұқымдар жерге түседі,бұлардан келесі жылы жаңа өсімдіктер өсіп шығады.

Сурет . Гүлдің құрылысы.
1. Гүл сағағы, 2. Гүл табаны, 3. Тостағанша жапырақша, 4. Күлте жапырақша, 5. Аталықтар, 6. Аналық

Аталық және аналық гүлі екі бөлек, бірақ екеуі де бір өсімдіктің бойында кездессе - бір үйлі (жүгері, қияқ, қайың, емен, т.б.), аналық және аталық гүлі жеке орналасса - қос үйлі (терек, тал, зығыр, т.б.), қос жынысты, дара жынысты гүлдері де кездессе - көп үйлі (үйеңкі, шетен т.б.) деп аталады.
Гүл орналасатын сағақтың ұшы гүл табаны (кіндігі), сабақтың гүл орналасқан бөлігі - гүл сағағы (егер ол болмаса, отырықшы гүл), барлық гүлдер орналасатын өсімдік сабағы - гүлсидам, жабық тұқымды өсімдіктердің тостағаншасы мен күлте жапырақшаларынан құралған гүл орамы - гүл серігі деп аталады.
Өсімдіктің гүлдеу мерзімі жарыққа, температураға, ауаға, топырақ ылғалдығына байланысты. Көптеген өсімдіктердің гүлі күндіз ашылады. Дәрілік, дәм-татымдық өсімдіктерді жинауда, пішен шабуда гүлдеу мерзімін білудің маңызы зор. Гүлдің пішіні, түсі, сондай-ақ тұқым қуалау белгілері өсімдіктердің өзара туыстық қатынасын, өсімдік жүйесін анықтауда кеңінен пайдаланылады.
Гүлдің негізгі бөліктеріне - гүл жапырағы, гүл жапырақшасы, гүл сағағы, гүл кіңдігі немесе гүл табаны, гүл серігі және жыныс мүшелері жатады. Гүл шығатын буында орналасып, оны қолайсыз жағдайдан қорғап, жауып тұратын жапырақты гүл жапырақ немесе жабын жапырақ деп атайды. Бұл әдетте біреу ғана кейде бірнеше болуы мүмкін.
Өркен бүйіріндегі гүлдің жабын жапыраққа, яғни сыртқа қараған бетін -- алдыңғы (астыңғы, абаксиалдық) жағы, ал керісінше оның ішінде, яғни өркен сабағына қараған бетін артқы (үстіңгі, адаксиалдық) жағы дейді.
Гүлдің негізгі бөліктері орналасатын сағақтың ұшы гүл кіндігі немесе гүл табаны деп аталады; бұл өсімдік түріне қарай жалпақ та, ойыс та және дөңес те болып кездесе береді. Гүл кіндігі мен гүл шығатын буынға дейінгі сабақ бөлігін гүл сағағы дейді. Гүл сағағы барлары -- сағақты гүл, сағағы жоқтары -- сағақсыз немесе қондырмалы гүл.
Өсімдік түрлеріне қарай гүл сағағының бойында кейде дара (дара жарнақтыларда), кейде қос-қостан (қос жарнақтыларда) ұсақ жапырақшалар орналасады, олар гүл жапырақша деп ата - лады. Бұл өсімдіктердің осы екі тобынын негізгі жүйелік белгілерінің бірі болып есептеледі. Өсімдік гүлінің құрылысын симметрия тұрғысынан алғанда әр түрлі. Симметрия -- гүл бөлімшелерін ортасынан тең жарып, бойлата тартылған сызықтық екі жағынан оның бөлімшелерінің орналасуы.
Гүл симметриясын гүл серігіне қарап анықтайды. Егер бір гүлдің қақ ортасынан тең бөлінетіндей үштен артық сызық тартуға болса, ондай гүлді полисимметриялы гүл немесе дұрыс гүл, я болмаса актиноморфты, не радиалды гүл дейді; мысалы, қалампырдың, наурызгүлдің, итмұрынның, қызғалдақтың, алманың және т.б. өсімдіктердің гүлдері осындай. Егер күлте арқылы екі ғана сызық жүргізуге болса, ондай гүлді бисимметриялы гүл дейді. Мысалы, бұған қапустаның, серігүлдің және т. б. гүлдері жатады. Егер күлте арқылы бір ғана сызық тартуға келетін болса, ондай гүлді моносимметриялы гүл неме - се бұрыс гүл деп атайды. Мысалы, шегіргүл, бұршақгүлі, тегеурінгүлі, бәрпі және т. б. Егер күлте арқылы бір де сызық жүргізуге келмейтін бол - са, ондай гүлді ассиметриялы гүл немесе симметриясыз гүл дейді. Мысалы, канна, валериана және т.б. гүлдері. Гүл кіндігіне орналасқан тостағанша мен күлтені гүл серігі дейді.

С у р е т. Гүлдін құрылысы меи диаграммасы: 1 - гүлдің өсі - сабақ; 2 - гүл жапырақшалары; 3 - тостағанша жапырақшалары; 4 - күлте жапырақ-шалары; 5 - аталық; 6 - аналық; 7 - гүл жапырақ (жабын жапырақ).

Гүл серігінің болуына немесе болмауына, сол сияқты оның құрылымына байланысты гүлдердің төмендегідей кейіптерін ажыратады: I) гомохламидті. Гүл серігі қарапайым, жапырақшалары бірдей және олар серіппе тәрізді орналасқан, саны өте көп, тостағанша немесе күлте тәрізді (магнолия, жарық гүл, лала гүл); 2) гетерохламидты. Гүл серігі қос қабатты, яғни өсімдік гүлінің құрамыңда тостағаншасы мен күлтесі бірдей кездеседі (қалампыр, қоңыраубас, бұршақ); 3) гаплохламидты немесе монохламидты. Гүл серігінің жапырақшалары бір ғана шеңбер түзеді, тостағанша тәрізділер жиі кездеседі (қалақай шегіршін, алабота); 4) ахламидті. Гүл серігі болмайды, мұндай гүлді жалаңаш гүл деп атайды (шетен, тал).
Егер бір гүлдің құрамыңда аналығы мен аталығы бірдей кездесетін болса, оны қос жынысты гүл, ал гүлде не аналығы не аталығы ғана кездессе, оны дара жынысты гүл дейді. Тек аталығы ғана болатын гүл аталық гүл, ал тек аналығы ғана бар гүл аналық гүл. Бір өсімдік данасының бір жерінде аналық гүлі, екінші жеріңде аталық гүлі өссе, бір үйлі өсімдік (жүгері, қияқтың кейбір түрі, кайың, емен, асқабақ тағы басқалар), ал егер бір өсімдіктің аналық гүлі бір данасында, аталық гүлі екіншісінде өссе екі үйлі өсімдік дейді (тал, бәйтерек, көк терек, жаңғақ, сора, қымыздық т. б.). Көптеген өсімдіктерде қос жынысты гүлдер мен дара жынысты гүлдер де кездеседі. Мұндай өсімдіктерді көп үйлі немесе көп некелі (полигамды) өсімдік деп атайды (үйеңкі, қарамықтар және т. б.).

Гүл бөліктерінің орналасуы.

Көптеген өсімдіктердің гүл бөліктері шеңберленіп орналасады. Әсіресе кең тарағандары 4-5 шеңбер құратындар. Бұларды пентациклді (грекше пента - бес) және тетрациклді (грекше тетра - төрт) гүлдер деп атайды. Пентациклді гүлдер лалагүлділер, амариллис, калампыр, қазтамақ тұқымдастарына тән; ал тетрациклді гүлдер жыланқияқтар, орхидейлер, қаражемістер, бересклеттер, сабынкөктер, ерінгүлділер тұқымдастарына тән. Әр шеңберінде гүл бөліктерінің саны әр түрлі болуы мүмкін. Дара жарнақтыларда үш бөліктен, ал қос жарнақтыларда бес бөліктен, сирек төрт бөліктен (крестгүлділерде, көкнәр тұқымдасында) тұратын гүлдер кездеседі. Мысалы, көп аналықтыларда (мангнолия, сарғалдақтар) гүл бөліктері серіппе тәрізді орналаса - ды. Мұндай жағдайда, әдетте, гүл серіктерінің жапырақшалары, аталықтары мен аналықтары өте көп болып келеді. Осыған бай - ланысты серіппе тәрізді (ациклді) және циклді, гемициклді гүлдер деп ажыратады. Соңғысында гүл серіктері циклді, аталықтары мен аналықтары серіппе тәрізді орналасады (сарғалдақ) немесе тостағаншасы серіппе тәрізді, ал гүлдің қалған бөліктері циклді (итмұрын). Осыған байланысты төмеңдегідей эволюциялық бағыт белгіленген: ациклді гүл бес бөлімді полициклді бес бөлімді пентациклді бес бөлімді тетрациклді; ациклді гүл үш бөлімді полициклді, үш бөлімді пентациклді, үш бөлімді тетрациклді гүл. Сонымен серіппеліден циклді гүлге өту біртіндеп жүреді, тіпті сол циклді гүлдердің өзінде тығыздалған серіппені байқауға болады.

Гүл серігі.

Серігі, тостағаншасы мен күлтесі бар гүлді, қос қабатты гүл деп атайды. Кейде тостағаншасы бар, бірақ күлтесі жоқ, не керісінше, күлтесі ғана бар, тостағаншасы жоқ гүлді жалаң қабатты гүл дейді. Тостағанша өсімдік түріне қарай кейде өзара кірігіп кетсе, кейде (бірнеше жеке жапырақшадан тұрады, олардың әрқайсысын тостағанша жапырақша деп атай - ды, мұның түсі жасыл болады және ол гүлдің басқа бөліктеріне алғашқы кезде қорғаныш қызметін атқарады. Кейде тостағанша тек гүл шанағын ғана қорғайды, содан кейін ол түсіп қалады. Мысалы, көкнардың екі тостағанша жапырақшасы, ал кейде жемістің жанында өседі де, пісу кезеңінде оған қорғаныш қызмет етеді. Мысалы, ерінгүлділерде осындай, кейде тостағанша түрін өзгертіп. қанат тәрізденіп өседі де, жеміс тарату қызметін атқарады. Мысалы, күрделі гүлділерде жемістің желмен таралуына айдарша түкті тостағанша (бақбақ, қойжелкек) әсер етеді. Кейде тостағаншаның күлте сияқты ашық түрлі түсті болып келуі де мүмкін. Мысалы, тікенекті ксерофит Aсon tholimon. Мұның тостағаншасы ақшыл, күлтесі кызғылт, өте әдемі көрінеді, ал Түркіменстан мен Кавказда кездесетін Hymenocroter ерінгүлділер тұқымдасына жататын бұталы өсімдіктің тостағаншасы қызыл, күлтесі күлгін болып келеді. Тостағанша жапырақшалары жоғарғы жапырақтардан шыққан, оған дәлел олардың бір-біріне байланыстылығы және морфологиялық, анатомиялық құрылымының ұқсастығы.
Тостағаншаның астында бір-біріне жақын жамылғы тәрізді орналасқан үш жапырақты көреміз, олар да тостағанша жапырақшалары тәрізді, бірақ ірі.
Гүл серігінің екіншісі -- күлте. Күлтенің тостағаншадан айырмашылығы: желектері ірі, реңі өсімдік түріне қарай алуан түрлі, ашық түсті болып келеді. Күлте де тостағанша тәрізді, кейде кіріккен, кейде дара бөліктерден тұрады, олардың әрқайсысын желек немесе күлте жапырақша деп атайды, бұлардың саны көбінесе сол өсімдіктің түрі үшін тұрақты болады.
Кіріккен желекті күлтелердің кірігіп кеткен бөлігін түтік, ал оған перпендикуляр орналасқан енділеу бөлігін ернеу деп атайды. Түтіктің ернеуге өтетін жерін езу дейді. Кейде күлте ернеуі анық көрінбейді (қоңыраугүлділерде), онда күлте түтікпен тісшелерден тұрады. Тісшелердің саны күлтенің неше желектен тұратынын білдіреді.
Күлте ернеулерінде түрлі қабыршақтар қорғаныштық, ал күлте жапырақшасының қабыршақ, тісше түтікше сияқты өскіндері (қалампыр) өзіне тозаңдатқыштарды тартатын қызмет атқарады. Күлтелерді түтіктерінің ұзыңдығына байланысты долихоморфты, мезоморфты және брахиморфты деп жіктейді (грекше долихос -- ұзын; мезос -- орташа; брахис -- қысқа). Түтіктің ұзаруы ерекше тозаңданатын өсімдіктерде анық байқалады.
Гүлдің симметриясы әдетте күлтенің кұрылысына байла - нысты. Актиноморфты күлтелер, әсіресе қарапайым ұйымдасқан мысалы, сарғалдақтар, қалампырлар, лалагүлділер сияқты тұқымдастарға тән. Кейбір аса дамыған тұқымдастарға шатыргүлділер, ойраншөптер, қоңыраугүлділер мен кейбір күрделігүлділерде де (түтік гүлдер) осындай күлтелер кездеседі. Насекомдармен тозаңданатын көптеген жоғары ұйымдасқан тұқымдастар зигоморфты болып келеді. Бұл жағдай гүлдің эволюциясында анық байқалады. Мысалы, қарапайым ұйымдасқан сарғалдақтар тұқымдасының өкілдері тегеурінгүл мен бәрпі зигоморфты күлте тәрізді гүл серігі көрінеді. Кірікпеген зиго - морфты күлтелер бұршақтар тұқымдасында кеңінен тараған, бұлардың құрылысы өзгеше, оның жоғарғы үлкен күлте жапырақшасы -- желкен, екі бүйір жапырақшалары -- ескек және төменгі екі жапырақшаның кірігіп өскен бөлігі -- қайықша деп аталады. Кірікпеген зигоморфты күлтелерді шегіргүлде көре аламыз. Көптеген зигоморфты гүл құрамына тегеурін тән. Тегеурін күлтеден не жай гүл серігінің жапырақшаларынан пайда болады.
Тегеурін алғашқыда қалташа тәрізді томпайып шығады да кейіннен ұзарып өседі. Филогенетикалық жағынан тегеуріннің алғашқы сатысын есінектен, ал нағыз тегеуріннің өзін осыған жақын туыс сиякөктен көреміз .
Гүл тегеуріні гүлде шырын бөлетін ерекше мүше шырындықтардың болуымен тығыз байланысты. Шырыңды күлте желектерінің негізінде гүл табанында, аталықтарда және т. б. болатын безді ұлпалар (шірнеліктер) немесе гүл тегеурінінің қабырғасы бөледі. Шірнеліктерде қант (25 -- 75%), аз мөлшерде органикалық және бейорганикалық қосылыстар болады. Шірнеліктер насекомдарды өзіне тартатын тәтті шірнені бөледі, әрі гүлге хош иіс береді.


Сурет. Есінек және сиякөк Сурет. Тозаңқаптың көлденеңінен
гүлдері: 1-есінек гүлі күлте негі- кесіндісі: А-бір тозаң ұясы; Б-жарылған
зінің қалталанып ісініуі; 2-сиякөк- тозаңқап; 1-эпидерма, 2-эңдотеций
тің тегеурін гүлі. (фиброзды қабат), 3-аралық (ыдырайтын)
қабат, 4-тапетум, 5-археспорий
(спорогенді ұлпа); 6-тозаңдар.

Гүлдің шығу тегі.

Жабық тұқымды өсімдіктер гүлдерінің алуан түрлі болуы және олардың ашық тұқымды өсімдіктердің осыған ұқсас мүшелерінен үлкен айырмашылықтарының болуы, гүлдің шығу тегін түсіндіруде көптеген қиындықтар туғызады. Гүл тек қана жабық тұқымды өсімдіктерге тән болғандықтан, онын; шығу тегін гүлді өсімдіктердің шығу тегімен байланысты қарастыру керек.
Гүлдің шығу тегі туралы белгілі стробилярлық, псевданттық және теломдық теориялар бар.
С т р о б и л я р л ы қ ( э в а н т т ы қ ) т е о р и я бойынша, гүл түрі өзгерген өркен. Бұл теория бойынша, гүл алғаш рет беннетиттерде пайда болған. Бұларға тән ерекшелік стробилдер (бүрлер) деп аталатын қысқарған спорофилді өркендерінің болуы. Алғашқы гүлдердің гүл табаны ұзын қос жынысты, аталықтары мен аналықтарының саны көп, өздері ірі келеді. Қазіргі кездегі жабық тұқымды өсімдіктердің ішінде бұған ұқсастары сарғалдақтар, тұңғиықтар, магнолиялар.
Стробилярлық теория бойынша, гүл бөліктері түрін өзгерткен жапырақтар. Гүлдің жапырақты өркеннің метаморфозы екендігі туралы алғаш пікір айтқан В. Гете (1790).
П се в д а н т т ы қ т е о р и я н ы ң (жалған гүл теориясы) негізін салушы Веттштейн. Бұл теория бойынша, гүл, гүл шоғырының тұтас метаформоздануынан пайда болады, яғни аталық гүл шоғырларынан аталық гүлдер, ал аналық гүл шоғырларынан аналық гүлдер қалыптасады. Псевданттық тео - рия бойынша, гүлдің қарапайым құрылымының белгілері: гүлдері майда, дара жынысты, гүл бөліктері шеңбер түзіп орналасқан, гүл серігі реңсіз. Гүлдердің мұндай құрылымы шамшаттар, қайыңдар, жаңғақтар тұқымдасының өкілдерінде кең таралған.
Т е л о м д ы қ т е о р и я н ы ң незігін салушы неміс ботанигі В. Циммерман (1935). Бұл теория бойынша гүл бөліктері өркеннің бүйірлік мүшесі жапырақтардан емес, оның өстік мүшесі сабақтан пайда болады. Бұл теорияға риния тәрізділердің қазба қалдықтарынан табылған дене құрылысындағы ерекшеліктер негіз болған. Олардың денесінің цилиндр тәрізді жоғарғы бөлігінде -- теломыңда спорангийлер орналасады. Осы спорангийлер бір-бірімен кірігіп, метаморфозданып гүлдің күлтелеріне аталықтары мен аналықтарына айналған деп жорамалданады. Гүлдің теломдық теориясы біршама жас. Гүлдің шығу тегі туралы теориялардың ішінде стробилярлық теорияны ботаниктердің басым көпшілігі қуаттайды.

Гүл шоғырлары.

Гүл өсімдіктер сабағында бір-бірден (көкнәр, қызғалдақ, айва, шабдалы және т. б.) немесе тобымен орналасады. Өсімдік өркендеріне немесе бұтақтарына топтанып орналасқан ұсақ гүлдер жиынтығын гүл шоғыры деп атайды. Гүл шоғыры бұтақтарында гүлдер орналасқан өркеннің түрін өзгерткен ерекше типі болғандықтан, оны шартты түрде репродуктивті мүшелерге жатқызады. Гүл шоғырында вегетативті өркендер болатын ортаңғы жапырақтар болмайды. Гүл шоғырының өсінде жоғарғы жапырақ категориясына жататын гүл жапырақтар не - месе жабын жапырақтар жетіледі, осылардың қолтығында болатын гүл бүршіктерінен гүлдер өсіп шығады. Гүлдер тікелей гүл шоғырының өсінде, гүл жапырақтарының қолтығында не - месе гүл сағағында орналасады. Сол сияқты гүл шоғырларына гүл сағақтарында жетілетін гүл жапырақшалар тән. Гүл шоғыры оның морфологиялық құрылысы, құрамына енетін гүлдердің көлемі және саны жағынан алуан түрлі. Сондықтан, оның жоғарыда келтірілген ережесі үнемі толықтырып отыруды қажет етеді. Мысалы, қоғаның гүл шоғырындағы гүлдер саны 300 мыңға жетсе, корифа пальмасының гүл шоғырының ұзындығы 10 м, гүлдер саны 6 млн болады.
Гүл шоғырындағы жапырақтар әр түрлі. Егер гүл жапырақтарының жапырақ тақталары жақсы жетілсе, ондай гүл шоғары фрондозды (латынша from, frondis -- жапырақ, көк) деп аталады (мысалы, үш түсті шегіргүл, таңқурай). Брактеозды делінетін гүл жапырақтары қабыршақ тәрізді (брактеялар) болып келген гүл шоғырлары (мысалы, меруертгүл, серігүл, шие). Жалаңаш (эбрактеозды) гүл шоғырларында гүл жапырақтары редукцияланған: жабайы шомыр, жұмыршақ және басқа крестгүлділер.
Бұтақтану дәрежесіне қарай гүл шоғырларын жай және күрделі деп бөледі. Жай гүл шоғырларында гүлдер негізгі өске бірден орналасады және бұтақтану реті екіден артпайды (жол-желкен, мойыл). Күрделі гүл шоғырларында негізгі өске жеке гүл шоғырлары (оларды парциальды немесе элементар деп атай - ды) орналасады да, бұтақтануы үш, төрт, кейде одан артық қатарға жетеді (серігүл, шәңкіш және т.б.).

Гүл шоғырының жүйесі.

Жабық тұқымды өсімдіктер гүл шоғырының эволюциялық бағытын толық бейнелейтін біртұтас жүйесін жасау мүмкін емес. Өсімдіктердің көптеген ірі табиғи топтары гүл шоғырының ерекше эволюциялық бағыттарымен сипатталады. Қазіргі кез - де негізгі екі бағыт калыптасқан, оның өзінде жасандылық басым. Бірінші бағытта жүйелеуге гүл шоғырының өсімдіктер сабағында орналасуы негізге алынған, екінші бағыт өркеннің бұтақтануы мен гүлдердің жетілуіне негізделген. Бұтақтану типтеріне қарай гүл шоғырын моноподийлік немесе ботрикалық, (бүйір гүлді, анықталмаған, рацемозды) және симподийлік (жоғарғы гүлді, анықталған, цимозды) деп ажыратады.
Ботрикалық, гүл шоғырының бұтақтануы моноподийлі өсуі шектелмеген, бүйірлік (жанама) бұтақтануы жиі. Мұнда гүл шоғырының негізгі өсі айқын байқалады және жеке гүлдердің ашылуы негізінен ұшына қарай, яғни акропетальды жүреді.
Симподилік гүл шоғырының бұтақтануы әрі өсуі шектелген, бүйірлік бұтақтануы сиректеу.
Ботрикалық гүл шоғырынан айырмашылықтарының бірі -- гүл шоғырының негізгі өсі анық байқалмайды немесе жалған гүлдері ұшынан негізіне қарай, яғни базипетальды немесе ортасынан шетіне қарай ашылады.
Ботрикалық гүл шоғырлары жай және күрделі деп бөлінеді. Жай ботрикалық гүл шоғыры бұтақтанбайды, гүлдер гүл шоғырының негізгі өсінде орналасады.
Күрделі ботрикалық гүл шоғыры бұтақтанады, гүлдер негізгі өстен жетілген бүйірлік бұтақтарда орналасады.
Жай ботрикалық гүл шоғырлары төмендегідей:
1) Шашақ гүл. Мұңда гүл шоғырының негізгі өсі жақсы жетіледі. Онда орналасқан жеке гүл сағақтарының ұзындығы шамамен бірдей. Гүл сағақтары өсімдік түрлеріне байланысты кейбіреулерінде гүл жапырақтарының қолтығынан (бөрібұршақ) шығады, кейде олар болмайды (капуста).
2) Жай масақ гүл. Гүл шоғырының негізгі өсінде қондырмалы гүлдер орналасады (жолжелкен, тал). 3) Собық гүл. Гүлдердің орналасуы жай масаққа ұқсас. Айырмашылығы қондырмалы гүлдер гүл шоғырының ет-женденіп, жуандап кеткен негізгі өсінде орналасады (жүгерінің аналық гүл шоғыры, аққанат). 4) Қалқанша гүл. Негізгі өске орналасатын гүлдер сағақтарының ұзындығы әр түрлі, бірақ өстік ұщына қарай орналасқан гүлдер сағағының қысқаруынан барлық гүлдер бір деңгейде аяқталады (алмұрт, делана, алма және т. б.). Сырттай қараған кезде қалқанша гүлдерінің орналасуы ретіне қарай шашақ, ал бір деңгейде аяқталуына қарай жай шатыр гүл шоғырына ұқсайды. 5) Жай шатыргүл. Гүл шоғырының өсі қысқарған. Гүл сағақтарының ұзындығы бірдей гүлдер өте тығыз орналасқан буыңдардан өсіп шығады да, бір деңгейде аяқталады. Сондықтан сырттай қарағанда қол шатырына ұқсайды (шие, жуа, алманың кейбір сорттары және т. б.). 6) Шоқпарбас гүл. Гүл шоғырының өсі қысқарған гүлдері қондырмалы немесе өте қысқа сағақты тығыз орналасқан буыңдардан өсіп шығады (беде, жоңышқа). 7) Себет (зәмбіл) гүл. Бұл гүл шоғыры күрделі гүлділер тұқымдасының өкілдеріне тән. Себеттің негізгі өсі кысқарған, өстің үстіңгі беті жазық, ойыс және дөңес те болуы мүмкін. Өске майда қондырмалы гүлдер тығыз орналасады. Себеттегі гүлдер шетінен ортасына қарай (акропетальды) біртіндеп ашылады. Себетті сырт жағынан бүйір жағынан орауыш жапырақтар (обвертка) қоршап тұрады. Орауыш жапырақтардың құрылысы, реңі әр түрлі. Соған байланысты атқаратын қызметтері де әрқалай, негізгі қызметі қорғаныштық.
Күрделі ботрикалық гүл шоғырлары төмендегідей: 1) Шашақбас (күрделі шашақ, сыпыртқы гүл). Гүл шоғырының негізгі өсіне жеке гүлдер емес шашақ (жүзім, серігүл) немесе масақ тәрізді гүл шошрлары (сұлы, қонырбас, бетеге және т. б.) орналасады. 2) Күрделi масақ гүл. Гүл шоғырының негізгі өсіне масақ гүл шоғырлары орналасады (бидай, арпа, қара бидай және т. б.). 3) Күрделі шатыр гүл. Гүл шоғырының қысқарған негізгі өсіне бір деңгейде жай шатыр гүл шоғырларымен аяқталатын екінші ретті өстер орналасады (аскөк, сәбіз).

Сурет. Жай ботрикалық гүл шоғырлары.

Сурет. Күрделі ботрикалық гүл шоғырлары.

Сурет. Симподилік және тирсоидты гүл шоғырлары.
а-сурет: а-жай шашақ, б-жай масақ, в-собық; д-жай шатыр, ж-себет, е- шоқпарбас; г-қалқанша.
б-сурет: а-күрделі шашақ, б-күрделі шатыр, в-күрделі масақ, г-шашақбас немесе сыпыртқы.
в-сурет: а-бұйра (монохазий); б-ирек (монохазий), в- дихазий, г-плейохазиий (қос ирек, тирс).

Екінші реттегі өстердің ұшында орналасқан жай шатырлар, негізгі өс ұшыңда орналасқан гүл жапырақтар, ал екінші реттегі өстер ұшындағы гүл жапырақтар орауыш жапырақшалар (обверточка) деп аталады. 4) Күрделі қалқанша немесе қалқанша тәрізді шашақбас. Бұл гүл шоғырының негізгі өсіне гүлдері бір деңгейдегі қарапайым қалқаншалар орналасады. Бұл шетен, ырғай, шәңгіш және т.б. өсімдіктеріне тән. Кейбір өсімдіктерде күрделі қалқанша екі гүл шоғырының қоспасы ретінде қалыптасқан. Мысалы, мыңжапырақ гүлшоғырының негізгі өсінің ұзындықтары әр түрлі бұтақтарында бір деңгейде аяқталатын себет гүл шоғырлары орналасады.
Симподийлік гүл шоғырлары немесе цимоидтар. Бұл гүл шоғырының монохозий, дихазий және плейохазий деген типтері бар.

Сурет. Құрама (агрегатты) гүл шоғырлары.
1-шатырлар шашақбасы, 2-шатырлар шашағы, 3-себеттер қалқаншасы, 4-себеттер шашағы, 5-себеттер масағы, 6-масақтар шашағы.
Монохазий немесе бір сәулелі гүл шоғырының бұтақтануы симподийлі. Гүл шоғырының негізгі өсінде бір ғана гүл болады, соның жетілуімен өстің өсуі аяқталады. Негізгі өстегі гүлден біраз төмен жерден жанама (бүйірлік) бүршік пайда болып, одан екінші ретгегі жетіліп, ол да гүлмен аяқталып, өсуін тоқтады. Осындай ретпен келесі үшінші, төртінші және тағы басқа реттегі өстер бірінен кейін бірі жетіліп, монохазий гүл шоғыры қалыптасады. Монохазийдің бұйра гүл және ирек гүл деген екі түрі бар.
Бұйра гүл шоғырында барлық гүлдер гүл шоғырының негізгі өсінің бір жағына орналасады, мұны айлаулықтар тұқымдасының көптеген өкілдерінен, мысалы, ботакөзден байқауға болады.
Ирек гүл шоғырында гүлдер негізгі өстің екі жағына кезектесіп орналасады (гладиолус).
Дихазий немесе екі сәулелі гүл шоғырының бұтақтануы -- жалған дихотомиялы. Бұл гүл шоғырының негізгі өсі гүлмен аяқталады және сонымен өсуін тоқтатады. Негізгі өстегі гүлден төмен екі бүршік пайда болады да, одан әрқайсысының ұштары бір гүлмен аяқталатын, биіктері бірдей ашалы өстер жетіледі. Ол өстердің әрқайсысынан осы ретпен келесі жаңа өстер екі-екіден жетіледі. Бұл гүл шоғырына тән мысалға қалампырлар тұқымдасының өкілдерін жатқызуға болады.
Плейохазий немесе көп сәулелі гүл шоғырында гүлмен аяқталатын әрбір өстен екіден артық шоқтанып орналасқан бірнеше өстер пайда болады. Олардың барлығы бірқалыпты жетіліп, негізгі өстен биіктейді. Одан ары өс гүлмен аяқталып, өз ретінде бірнеше жаңа өстер береді (мысалы, сүттіген).
Тирс (тирсоидты, тирзус) гүл шоғыры -- негізгі өсі моноподийлі, жанама өстері симподийлі болатын күрделі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гүл бөліктерінің орналасуы
Гүлдің құрылысы және оның қызметі
Гүл және жеміс
Гүлді өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы
Гүлдің құрылысы және оның қызметтері
Жабықтұқымдылар бөлімі. Гүлдің құрылысына жалпы сипаттама. Гүлшоғырының жіктелуі
Гүлді өсімдіктер
Гүл
Өсімдіктердің вегетативтік көбеюі
Аналықтың құрылысы
Пәндер