Аяқ сүйектері және жамбас белдеу өлшемдері



Аяқ сүйектері- жамбас белдеуі мен аяқтың еркін қозғалатын сүйектерінен тұрады. Жамбас белдеуі сүйектеріне: шат, мықын, отырықшы сүйектер; аяқтың еркін қозғалатын сүйектеріне сан, балтыр, аяқ басы сүйектері жатады. Жамбас белдеуінің сүйектері ( кости таза, os coxae). Жамбас: мықын, шат, отырықшы, үш суйектен тұрады.Адам 14-16-ға келгенде, бұлар- тұтас бір жамбас сүйегіне айналады.
Мықын, отырықшы, шат сүйектерінің қосылған жерінде ұршық ойығы пайда болады, ойықтың ішінде жарты ай тәріздес бет, оның ішінде буын шұнқыры бар.Бұл шұнқырға сіңір арқылы сан сүйегі бекиді. Мықын сүйегі (подвздошная кость, os ilium).оның жуан бөлігі - « денесі», ал жалпақтанып жайылған бөлігі - «қанаты» деп айталады. Қанатының жоғарғы және төменгі қыр томпақтары бар. Қанатының ішкі бетінде шұнқыр пайда болды. Мықын сүйегінің құлақша беті бар. Ол арқылы сегізкөз омыртқаларымен буындасады Отырықшы сүйек (седалишная кость, os ischii). Оның жуан денесі мен тармақтары бар. Тармақтарының жуандау жері «төбешік» деп аталады. Ал төбешіктен жоғары және артқа қарай отырықшы қыры басталады. Отарықшы сүйек қырының жоғары жағында – қыр менмықын сүйегінің аралығында – үлкен отырықшы ойық бар. Отырықшы төмпешік пен оның қыры аралығында – кіші отырықшы ойық жатыр.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

"Ұзынағаш"медициналық колледжі

Реферат

Тақырыбы:Аяқ сүйектері және жамбас белдеу өлшемдері

Орындаған: Төребек Н.

2015-2016

Аяқ сүйектері

Аяқ сүйектері- жамбас белдеуі мен аяқтың еркін қозғалатын сүйектерінен
тұрады. Жамбас белдеуі сүйектеріне: шат, мықын, отырықшы сүйектер; аяқтың
еркін қозғалатын сүйектеріне сан, балтыр, аяқ басы сүйектері жатады. Жамбас
белдеуінің сүйектері ( кости таза, os coxae). Жамбас: мықын, шат, отырықшы,
үш суйектен тұрады.Адам 14-16-ға келгенде, бұлар- тұтас бір жамбас сүйегіне
айналады.

Мықын, отырықшы, шат сүйектерінің қосылған жерінде ұршық ойығы пайда
болады, ойықтың ішінде жарты ай тәріздес бет, оның ішінде буын шұнқыры
бар.Бұл шұнқырға сіңір арқылы сан сүйегі бекиді. Мықын сүйегі
(подвздошная кость, os ilium).оның жуан бөлігі - денесі, ал жалпақтанып
жайылған бөлігі - қанаты деп айталады. Қанатының жоғарғы және төменгі қыр
томпақтары бар. Қанатының ішкі бетінде шұнқыр пайда болды. Мықын сүйегінің
құлақша беті бар. Ол арқылы сегізкөз омыртқаларымен буындасады Отырықшы
сүйек (седалишная кость, os ischii). Оның жуан денесі мен тармақтары бар.
Тармақтарының жуандау жері төбешік деп аталады. Ал төбешіктен жоғары
және артқа қарай отырықшы қыры басталады. Отарықшы сүйек қырының жоғары
жағында – қыр менмықын сүйегінің аралығында – үлкен отырықшы ойық бар.
Отырықшы төмпешік пен оның қыры аралығында – кіші отырықшы ойық жатыр.

Шат сүйегі (лобковая кость, os pubis ). Денеден, жоғарғы, төменгі
қанаттардан және жапқыш тесігінен тұрады. Шат пен отырықшы сүйектен, жапқыш
тесігі пайда болады. Оң және сол жақтағы шат сүйектері шат байламы арқылы
қосылып, жамбас астауын тұйықтайды.

Жамбас астауы (таз, pelvis). Жамбас сүйектерінің, сегізкөз, құйымшақ
омыртқаларының тұйықталып қосылуынан – жамбас астауы пайда болады. Жамбас
астауы – үлкен және кіші болып бөлінеді. Оларды бөліп тұратын шекаралық
сызық омыртқа мүісінен басталып, мықын сүйектерінің доғашы сызығымен, шат
сүйектерінің тармақтарымен, шат байламының жоғарғы жағымен өтеді.
Жамбастың үлкен астауы мықын сүйектерінің жайылған қанаттарынан пайда
болған. Ол іш қуысындағы мүшелерге сүйеніш болып тұрады. Жамбастың кіші
астауы сегізкөз бен құйымшақтың астау беттерінен және отырықшы, шат
сүйектерінен құралған. Кіші астаудың жоғарғы және төменгі апертуралары
(кіретін, шығатынжерлері) қуысы болады. Кіші астауда – несеп қуығы, тік
ішек, ішкі жыныс мүшелері (әйелде – жатыр, жатыр түгігі, аналық безі;
еркекте – простата безі, шәует көпіршіктері, шәует өзектері) орналысқан.
әйел жамбас астауының, еркек жамбас астауынан айырмашылығы болады. әйелдің
жамбас астауы кең және қысқа, мықын сүйектерінің қанаттары кең жайылған.
Шат сүйектерінің төменгі тармақтары доғал бұрыштаныпбіріккен, сегізкөз
қысқа және жалпақ болады. Жамбас астауының пішінін, оның белгілі өлшемін
білу акушерлік практика үшін өте маңызды.

Үлкен жамбас астауының өлшемдері:

Қылқанды қашықтық (остистая дистанция, distantia spinarum), мықын
сүйектерінің алдынғы жоғарғы қылқандар аралығының қашықтығы – 27 см. Қырлар
дистанциясы (гребневая дистанция, distantia cristarum), мықын қырларының
ең алыстаған нүктелерінің аралығы – 29 см. Ұршық дистанциясы (вертельная
дистанция, distantia trochanterica), сан сүйегінің үлкен ұршықтарының
аралығы – 31 см.

Жамбастың кіші астауының өлшемдері:

Сыртқы конъюгата (наружная конъюгата, diametr rekta), шат байламының
жоғарғы қырынан бел, сегізкөз омыртқаның аралығына дейінгі қашықтық, оның
ұзындығы – 20 см.

Омыртқаның мүйісі мен шат симфизінің төменгі қырының аралығы, диагональдық
конъюгата (диагональная конъюгата, diametr transveza) - 12,5-13,0cm.

Гинекологиялық конъюгата (гинекологическая, истинная конъюгата, coniugata
vera) – шат байламының ең шығынқы бөлігінің аралығы, оның ұзындығы 10,5-
11,0 см. Әйелдің гинекологиялық конъюгатасын, сыртқыконъюгатадан диагоналды
конъюгатаны алып тастау арқылы табамыз (20см. – 9см.= 11cм.).

Шат байламның төменгі шеті мен құйымшақтың ұшының аралығы немесе кіші
астаудың шығу тесігінің тік өлшемі 10 см. Ол екі қабат әйел босанғанда
құйымшақтың ұшының артқа жылжуы, нәтижесінде 1,0-1,5 см-ге кенейеді.

Жамбас астауының буындары.

Мықын-сегізкөз буыны – ол оң және сол мықын сүйектерінің құлақша бетінің
сегізкөзге берік буындасынан пайда болған жұп буын.

Жамбас астауының алдында оң және сол шат сүйектері шеміршек арқылы бірігіп
шат байламы пайда болады. Жамбас буындарына: сегізкөз-отырықшы томпағымен,
сегізкөз-қыр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Анатомия пәні және зерттеу әдістері. Остеология
Балалардағы тірек-қимыл жүйесінің жасқа байланысты ерекшіліктері
АДАМ АНАТОМИЯСЫ пәнінен ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ
Буындағы қозғалысты модельдеу. жүйесі
Адам скелетінің құрылысы
Омыртқалылар дене құрылысы
Адам анатомиясы пәнін заманға сай оқыту үшін электрондық оқулық құрастыру
Сүйек туралы
Тірек-қимыл жүйесін оқытудың әдістемесі
Сүйектердің құрылысына еңбектің, спорттың, әлеуметтік және биологиялық факторлар әсері
Пәндер