Қазақстандағы тас дәуірі



Кіріспе

Негізгі бөлім
1)Қазақстандағы тас дәуірі
2)Тас ғасыры ескерткіштердің жаңа ашылымы

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер
Тарих (араб сөзі-«зерттеу, оқиғалар жөнінде әңгіме») адамзаттың басынан өткен заманалар туралы шежіре шертеді. Тарихты білу алдымен өскен өлкенді, еліңді оқып – уйренуден басталады. Қазақстан тарихы дүниежүзілік тарихтың құрамдас бөлімі болып саналатындықтан, еліміздің өткенін білуді жалпы азаматтық даму тұрғысынан қарастырамыз. Адамзат тарихы бірнеше қоғамдық құрылыс сатысынан өткен: Алғашқы қауымдық құрылыс, Құл иеленушілік құрылыс, Феодалдық құрылыс, Капиталистік құрылыс, Социалистік құрылыс. Бүгінгі қазақ халқы өзінің өсіп - өнуін алғашқы қауымдық құрылыстағы ру – тайпалардан бостандығын ешбір жоққа шығаруға болмайды. Археологиялық деректер негізгінде дәуірлерді сипаттайтын мәдениеттер арқылы өзіндік мерзімдер жасалған. Осы мерзімдеу бойынша адамзат тарихы тас, қола, темір және орта ғасыр дәуірлеріне бөлінеді. Ол еңбек құралдарының мен оны жасаудың дамуымен дәйектеледі.
Халқымыздың тарихи кезеңдерін, оның көне және орта ғасырлардағы тарихын білу үшін көп жағдайда археологиялық зерттеулер қажет. Археологиялық зерттеулер дегеніміз не? Ол қандай ғылым? Археология гректің екі сөзінен құралған, archailos-ескі, logos-ғылым, яғни көне ғылым.
1) Қазақстан ежелгі тарихы 4 томдық “Атамұра” Алматы 1998

2) Қазақстан тарихы 5 томдық (очерк) “Дәуір” баспасы 1994

3) Чапай Мусин Қазақстан тарихы Алматы 2003

4)Интернет желісі www.arhcentr.kz сайты

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік
Медицина Университеті

Студенттің өзіндік
жұмысы

Мамандығы: ______________________________
Дисциплина: ______________________________
Кафедра: _________________________________
Курс: ___________________________________ __
Тақырыбы: ________________________________

Орындаған:_________________
Тексерген: __________________
Тобы:______________________
Бағасы:_____________________
Оқытушының қолы:_________
Күні:____________

Ақтөбе 2015ж
Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім
1)Қазақстандағы тас дәуірі
2)Тас ғасыры ескерткіштердің жаңа ашылымы

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Тарих (араб сөзі-зерттеу, оқиғалар жөнінде әңгіме) адамзаттың басынан өткен заманалар туралы шежіре шертеді. Тарихты білу алдымен өскен өлкенді, еліңді оқып - уйренуден басталады. Қазақстан тарихы дүниежүзілік тарихтың құрамдас бөлімі болып саналатындықтан, еліміздің өткенін білуді жалпы азаматтық даму тұрғысынан қарастырамыз. Адамзат тарихы бірнеше қоғамдық құрылыс сатысынан өткен: Алғашқы қауымдық құрылыс, Құл иеленушілік құрылыс, Феодалдық құрылыс, Капиталистік құрылыс, Социалистік құрылыс. Бүгінгі қазақ халқы өзінің өсіп - өнуін алғашқы қауымдық құрылыстағы ру - тайпалардан бостандығын ешбір жоққа шығаруға болмайды. Археологиялық деректер негізгінде дәуірлерді сипаттайтын мәдениеттер арқылы өзіндік мерзімдер жасалған. Осы мерзімдеу бойынша адамзат тарихы тас, қола, темір және орта ғасыр дәуірлеріне бөлінеді. Ол еңбек құралдарының мен оны жасаудың дамуымен дәйектеледі.
Халқымыздың тарихи кезеңдерін, оның көне және орта ғасырлардағы тарихын білу үшін көп жағдайда археологиялық зерттеулер қажет. Археологиялық зерттеулер дегеніміз не? Ол қандай ғылым? Археология гректің екі сөзінен құралған, archailos-ескі, logos-ғылым, яғни көне ғылым. Археология- тарих ғылымының көне дәуірлерін, оның ескерткіштерін зерттейтін басты бір саласы. Ол қандай ескерткіштер: алғашқы адамдардың тастан құрал-сайман жасайтын жерлері немесе олар тұрған үңгірлер, қоныстар, зираттар, орта ғасыр дәуіріндегі қыстақ-кенттер, қалалар, қорғандар, қыстаулар, т.б. Адамдардың тіршілік әрекетінен қалған қалдықтарды археологиялық ескерткіштер деп атайды. Оларды зерттейтін ғалымдарды археологтар, қазақша айтсақ, көне дәуірдің мамандары дейді. Тарихшылар сол археологиялық деректерді пайдаланып, жерімізде өмір сүрген алғашқы қауымның өмір тіршілігінің тарихын жазады. Адамзаттың даму эволюциясын зерттейтін ғылым- антропология деп аталады.
.

Қазақстан тас ғасыры дәуірінде
Қазіргі заманның артта қалған халықтары дейтін жұрттар өмірінен алынған этнографиялық мәліметтердің де маңызы аз емес. Мұндай мәліметтер ежелгі адамзаттың материалдық және рухани мәдениетінің біраз қырлары мен сырларын анығырақ түсіндіруге мүмкіндік жасайды. Алайда ең басты хабарды алғашқы қауымның бәрінен де көбірек кездесетін материалы-еңбектің тас құралдары береді.
Белгілі бір әлеуметтік-экономикалық фармацияның дамуына байланысты адамзат тарихы ұзақ-ұзақ кезеңдерге бөлінеді. Археологияда кезеңдендірудің өзіндік әдісі жасалған,оған сәйкес адамзат тарихы тас,қола мен темір жіне ортағасырлар дәуірлеріне бөлінеді. Ал өзінің рет-ретімен жоғарыда айтылған дәуірлер кезеңдер мен мәдениеттерге - палеолит,мезолит және неолит кезеңдеріне бөлінеді.
Көне тас ғасырының дәуірі-адамзат және шаруашылығының қалыптасу кезі-өндіргіш күштердің төмен деңгейінде болуымен сипатталады. Арнайы шаруашылық қам-харекеті табиғаттың дайын тұрған өнімдерін пайдаланумен ғана шектелген. Әуелгі адам жабайы өсетін дәндерді, жемістер мен жидектерді жинап, жануарды аулаған. Адамдардың өзара қарым-қатынасы, мүшелерінің экономикалық теңдестігіне, еңбек-бейнеті жынысы мен жасына қарай, табиғи түрде бөлісуге негізделеді және өзінің сипаты жағына ұжымдық қатынастар болады.
Адамдардың қоғамдық ұйымы палеолит дәуірінде дамудың күрделі де ұзақ жолынан өтеді. Оның бастапқы кезі алғашқы табын-тобыр-басқосып қорғану және бассалу үшін, аң аулау үшін бірлесу болады. Осынау рулық қатынасқа дейінгі әліуметтік құрылымның қоғамдық қарым-қатынасы, мүлде дамымаған, қауымдық-үйішілік шаруашылығы болмаған, дегенмен де оларда некелік байланыстардың біраз реттелгені байқалады.

Ежелгі палеолит

Ежелгі палеолит ірі-ірі үш кезеңге(мәдениетке): олдувэй(бұдан бұрын 2,6 млн жыл-700 мың жыл), ашель(бұдан бұрынғы 700 мың-150-120 мың жыл) және мустье(бұдан бұрынғы 150-120 мың-35-30 мың жыл) кезеңдеріне бөлінеді.
Ол кездің адамдары тастың қасиеттерін жақсы білген, өйткені оның оңай жарылатын шақпақ тасты бәрінен де көбірек қолданғаны, ал оған ұқса тас түрлерін кей жерлерде қолданбағаны тегін емес. Материал таңдау көбінесе құралдың қолданылатын мақсатына байланысты болды. Құралдың мынадай түрлері:шапқылар, қырғыштар, үшкір тастар, шай балғалар, піспектер, пышақтар, тескіштер және т.б. бөлініп шыққан.
Ауыр салмақты, тік бұрышты ұсақ шақпақ тастар ең ежелгі еңбек құралдарына жатқызылады, олар Кеңірдек елді мекені жанынан, Қаратау жотасының оңтүстік-батыс беткейіндегі Арыстанды өзенінің ең жоғары жайылмасынан, қатып қалған төменгі төрттік кезеңнің қалың конгломераты жайылмасы, табылған "Клектон тұрпаттас" деп а, италатын бұл ежелгі құралдардың одан анағұрлым кейінгілерден айырмасы-олардың соғатын қыры тым үлкен, ол тіпті көлемінің жартысынан көбірек.
Төменгі палеолит адам тасты сындыру үшін басқа тасты пайдаланып, біріне бірін ұрған. Мұндай техника "соққылау техникасы" немесе "малта тас мәдениеті" деп аталып кеткен, өйткені оған көпшілік жағдайда өзендерде кездесетін кәдімгі малта тастар шикізат болған.
Осы уақытқа қарай жинақталған материалдар қайтадан ой елегінен өткізілуде және Қазақстан сияқты қуаң аймақтағы палеолит ескерткіштерінің өзіндік ерекшеліктерін анықтау өте маңызды болып отыр. Бұл тұрғыдан алғанда алғашқы адамдардың "ашық үлгідегі" Семізбұғы, Бөріқазған, Шақпақата, Өнежек тұратары мен юасқалары зор үлес атқады.
Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан жеріндегі ежелгі ескерткіш Қозыбай тұрағы саналады. Бұл тұрақ Күршім ауданындағы Қараторғай ауылына жақын жерге, Қалғұтты өзенінің жағасына орналасқан.
Алғашқы адамдардың қолымен дайындалған тас бұйымдар, соның ішінде шапқа құрал, екі жағы өңделген құралдар мен қара түсті шақпақ тастар табылған.
Қазақстанның ежелгі тұрғындары эволюциялық даму жөнінен "Homo Sapiens" сатысына сәйкес келетін замандастар болған.

Мезолит

Қазақстан аумағында мезолит кезеңі осы кезге дейін аз зерттелген. Бұл уақыттың материалдық мәдениеті туралы алғашқы ақпарат 50-жылдарда ғана пайда болған. 70-80 жылдардағы В.Ф. Зайберттің Есіл өңірінде, В.Н. логвиннің Қостанай маңы мен Торғайда жүргізген далалық зерттеу жұмыстары ғана мезолит және оның далалық өңірдегі айрықша белгілері туралы жалпы алғашқы түсініктер алуға мүмкіндік береді.
80-аяғы мен 90-жылдың басында Батыс және Оңтүстік Қазақстанда археологиялық зерттеулер жандандырылып, бірнеше жаңа тұрақ ашылды. Палеолиттен мезолитке (грекше "мезос "-орта деген сөзден шыққан) көшу климаттағы өзгерістермен ерекше болды. Бірінші кезекте бұл мұздықтардың еруімен байланысты. Бұл кезде қазіргісіне жақын гидрографиялық желі орнығып, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің қазіргісіне жақын құрамы қалыптасады.

Мезолит дәуірінің ең маңызды өнертабысы- садақ. Шынына келгенде адамға ол жоғарғы палеолитте мәлім болған, бірақ оның кең таралуы жеке аң аулауға көшуге байланысты ғана мелінше қажет болды.
Мезолитте еңбек құралдарын дайындау техникасында да одан әрі приципті өзгерістер болады: олардың мөлшері тастың мөлшеріне байланысты болған жоқ. Бұл қыстырма техникасының арқасында мүмкін болады. Оның мәні мынада еді:заттың негізі сүйектен немесе ағаштан жасалды.

Неолит
Неолит - жаңа тас дәуірі. Б. з. б. 7-мыңжылдықтың екінші жартысы мен 6-мыңжылдықтың басын қамтиды. Бұл тас өңдеу техникасының гүлденген кезі болды. Тас өңдеудің тегістеу, бұрғылау, кесу сияқты жаңа технологиялық әдістері шықты. Тас балталар, кетпендер, дән үккіштер, келілер, келсаптар жасала бастады. Әдемі тастардан әшекейлер - білезіктер, алқалар жасалды. Неолит дәуірінің маңызды белгісі табиғаттың дайын өнімдерін иемдену орнына - өндіруші шаруашылық туындауы. Яғни, терімшілік, аң аулау орнына егін және мал шаруашылығы келе бастады. Аралдың солтүстігінде, Қазақстанның батыс, орталық және шығыс аудандарында неолиттік тұрақтардан қолға үйретілген сиыр, қой, ешкі, жылқы сүйектері табылды. Неолит дәуірінде кен кәсібінің бастамалары шығып, қыш құмыра ісі, тоқымашылық дамыды. Неолит рулық қауым дәуірі болды. Онда ұжымдық еңбек пен өндіріс құрал- жабдықтарына ортақ меншік үстем болды. Сонымен қатар тайпалар мен тайпалық бірлестіктер құрылды. Неолиттік тұрақтар орналасу сипатына қарай бұлақтық, өзендік, көлдік, үңгірлік деп 4-ке бөлінеді. Неолиттік ескерткіштерден Есіл өңіріндегі - Атбасар мен Торғай үстіртіндегі Маханжар мәдениетін, Ақмола облысындағы - Атбасар мәдениетін, Төлес мәдениеттерін, Оңтүстік Қазақстандағы - Қараүңгір, Атырау облысындағы - Шатпакөл, Құлсары - 1 - 5, Шаңдыауыл, Қыземшек, Жыланқабақ, Қойқара, Сарықамыс, Шаянды тұрақтары, Маңғыстаудағы Шебір - 7, Сенек-1, -4, -5, -8, Үштаған-1, Семек-10, Ақтау қаласы маңындағы Қосқұдық-1, т. б. тұрақтарды айтуға болады.
Энеолит
Энеолит (лат. Aeneus - мыс және грекше lithos - тас) - тас және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы алғашқы адамдардың тұрақтары
Тас және қола дәуірлері кезеңіндегі Қазақстан
Палеолит дәуірі
Қазақстан жеріндегі тас дәуірі, қола дәуірі, темір дәуірі
Қазақстандағы ежелгі қола және тас дәуірі
Ежелгі адам және оның тіршілік етуі
Қазақстан жеріндегі мыс-тас дәуірінің зерттелу тарихы
Қола дәуір мәдениеті
Алғашқы адаймның пайда болуы және оның дамуы (дәуірлер)
Шығыс Қазақстандағы қола дәуірінің тарихнамасы
Пәндер