Сөз туралы жалпы түсінік



Кіріспе
1 ТАРАУ Сөз туралы жалпы түсінік
1.1 Сөздің күшіне жалпы шолу
2 ТАРАУ Сөз қадірі . өз қадірің
2.1 Сөздің қадір .қасиеті
2.2. Сөз әдебі
2.3 Сөз мәдениеті
ІІІ ТАРАУ. Сөздің күші жалпы адамзаттық құндылықтар аясында
3.1 Дұрыс әрекет және сөз
3.2 Қиянат жасамау және сөз
3.3 Сөз туралы халық даналығы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Сөз о баста күнделікті қоғам өмірінің қажетінің салдарынан пайда болған. Адамдар бір-біріне бірдеме айтуы керек болды. Сөздің шығуы адамның адам болуымен байланысты бір миллион жыл шамасында деп топшыланып жүр. Адамның адам болуы да ойлау мен сөз болмаса, адам айуаннан бөлініп шықпас еді. Олай болса, сөз тым ертеде пайда болған.
Ойдың тілі – сөз. Біз сөз арқылы ғана неше түрлі ойларымызды сыртқа білдіре аламыз. Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Адам баласының сана-сезімінің дамуында дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор болды.
М.Горькийше айтсақ: «Сөз – барлық фактілердің, барлық ойдың киімі».
Сөзойлы да мәнерліболуытиіс. Әйтпесе, олкөздегенмақсатына жете алмайды. Халқымызмәндісөйлейтіндерді «сөзімірдіңоғындайекен» депдәріптейді. Ал Ж. Баласағұн «ақыл-ойдыңкөркі – тіл, тілдіңкөркі – сөз» деп
тауып айтқандай .Осындай құдіретті шешен сөздің дән қамбасындай болған елдің ұрпағы біздер бұл күнде сөз меңгеру, қолдану, пайдалану жағдайымыз қандай? Мені осы мәселе көп толғандыруда.
Адамның қоғамда өз орнын табуында, көпшілік құрметі мен сеніміне ие болуында ие болуында , кемел ғұмыр кешуінде орнымен, дәмді, дәйекті сөйлей білуі, тауып айтатын тапқарлығы үлкен рөл атқарады.
1. Балақаев М. Қазақ тілінің мәдениетінің мәселелері / М.Балақаев.-
Алматы:Қазақстан,1965.-186 б.
2. Сыздық Р. Тіл мәдениеті және оның проблемалары / Р. Сыздық
// Тілдік норма және оның қалыптануы.-Астана: Елорда,2001.- 230 б.
3. Кунапьянова А. Д., Аубакирова Л. Р. Тіл мәдениетінің өлшемдері
және оған қойылатын талаптар / А. Д. Кунапьянова, Л. Р. Аубакирова // «С. Аманжолов оқулары – 2004»: Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары.- Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы,2004.-464 б.
4. Қосымова Г., Дәулетбекова Ж. Қазақ тілі: Оқыту әдістемесі. Жалпы
білім беретін мектептің 5-сынып мұғалімдеріне арналған / Г. Қосымова, Ж. Дәулетбекова.- Алматы:Атамұра, 2001.-112 б.
5. Дәуітбекова Ж., Арын Е., Махамбетова Г. Қазақ тілін тереңдетіп
оқыту бағдарламасы / Ж. Дәуітбекова, Е.Арын, Г. Махамбетова.- Алматы:Жетіжарғыі, 2003.-72 б.
6. Балақаев М., Серғалиев М. Қазақ тілінің мәдениеті: Оқулық
/ М.Балақаев, М. Серғалиев.-Алматы:Зият Пресс,2004.-140 б
7. Аубакирова Л. Р. Кунапьянова А. Д. Оқушылардың тіл мәдениетін қалыптастырудағы отбасының орны / Л. Р. Аубакирова, А. Д. Кунапьянова // С. Аманжолов атындағы ШҚМУ –дың жас ғалымдары конференциясының баяндамалары.-Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы,2004.-392 б.
8. ҚазақстанРеспубликасыПрезидентінің «Тілдердіқолдану мен дамытубағдарламасы». (1998 жыл 5 - қазан).
9. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
10. Уәлиев Н. Сөз мәдениеті / Н. Уәлиев.-Алматы,1984

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Сөз о баста күнделікті қоғам өмірінің қажетінің салдарынан пайда болған. Адамдар бір-біріне бірдеме айтуы керек болды. Сөздің шығуы адамның адам болуымен байланысты бір миллион жыл шамасында деп топшыланып жүр. Адамның адам болуы да ойлау мен сөз болмаса, адам айуаннан бөлініп шықпас еді. Олай болса, сөз тым ертеде пайда болған.
Ойдың тілі - сөз. Біз сөз арқылы ғана неше түрлі ойларымызды сыртқа білдіре аламыз. Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Адам баласының сана-сезімінің дамуында дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор болды.
М.Горькийше айтсақ: Сөз - барлық фактілердің, барлық ойдың киімі.
Сөз ойлы да мәнерлі болуы тиіс. Әйтпесе, ол көздеген мақсатына жете алмайды. Халқымыз мәнді сөйлейтіндерді сөзі мірдің оғындай екен деп дәріптейді. Ал Ж. Баласағұн ақыл-ойдың көркі - тіл, тілдің көркі - сөз деп
тауып айтқандай . Осындай құдіретті шешен сөздің дән қамбасындай болған елдің ұрпағы біздер бұл күнде сөз меңгеру, қолдану, пайдалану жағдайымыз қандай? Мені осы мәселе көп толғандыруда.
Адамның қоғамда өз орнын табуында, көпшілік құрметі мен сеніміне ие болуында ие болуында , кемел ғұмыр кешуінде орнымен, дәмді, дәйекті сөйлей білуі, тауып айтатын тапқарлығы үлкен рөл атқарады.
... Көне замандағы мәдениет ошақтарының бірі - шумерлердің тас табақтарына былай деп жазылған екен: ...аузыңа абай бол, көкейдегі ойды айтуға асықпа, ойланбай сөйлесең, опық жейсің..., ал мексика халықтарында сөйлегенде сабыр сақтаған жөн, асығып-аптықпа, қызбаланба, дауысыңды көтерме, сөзің орынды да ұрымтал болсын десе, үнді заңында қандай бір қиын жағдайда да балағат сөзге тыйым салынады, көкейге қонымды, көңілге ұнамды сөздер ғана айтылсын делінгені соның дәлелі.
Бұл адамның сөйлеу тілінің адам өміріндегі маңызын, жөнімен сөйлей білудің қажет екенін, сөздің құдіретін мойындаудан туғаны айдан анық .

Курстық жұмыстың объектісі: Сөз әдебі және сөйлеу мәдениеті
Курстық жұмыстың пәні: Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білім берудегі сөздің күші мен маңыздылығы
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты: Жас ұрпаққа сөз және сөздің күші туралы нақты мәліметтер бере отырып, мәдениетті тұлға даярлауға талпыну.
Курстық жұмыстың міндеттері:
oo Сөздің күші жайында мағұлматтар беру;
oo Сөз және сөйлеу мәдениетімен таныстыру;
oo Жас ұрпақты дұрыс сөйлей білуге тәрбиелеу.
Курстық жұмыстың болжамы: Егер, сөздің күші мен құдіретін зерттеп, талдап қарастырар болсақ, онда, келешекте әр кезде қандай жағдай болмасын сөзді орнымен қолдана алатын шебер тұлға даярлап шығуға зор мүмкіндік алар едік. Себебі, сөздің күшін түсінген адам ғана оны қалай қолдану қажет екенін біледі. Тіріні өлтіретін де сөз, өліні тірілтетін де сөз - деп Ә. Науаи айтқандай сөзді дұрыс қолдансақ қана кемелденген болашаққа нық сеніммен қадам басамыз.
Курстық жұмыстың теориялық маңызы: Курстық жұмыстың қорытындысын өзін - өзі тану, методика, көркем әдебиет және т.б. пәндерді оқытуда қосымша құрал ретінде пайдалануға болады.
Курстық жұмыстың құрылымы: мазмұны, кіріспе, үш тараудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттен және сілтемелерден тұрады.



1 ТАРАУ Сөз туралы жалпы түсінік
0.1 Сөздің күшіне жалпы шолу
Сөз - адам санасының басты белгісі. Тіл, сөйлеу ежелден бері жеке адамның, қоғамның ой-санасын дамытып, жетілдіруде аса маңызды рөл атқарады.
Қарым-қатынаста жұмсалатын сөздің бірнеше қасиеттері бар:
Сөз адам санасында бейнеленген ұғымның жарыққа шығуын қамтамасыз етеді.
Сөз басқа қатысымдық тұлғалардың жасалуына ұйтқы болады.
Сөз өмір шындығын нақтылы мағына арқылы түсіндіре келіп, адам ойының екінші біреуге жеткізілуіне әсерін тигізеді.
Сөз адамдар арасындағы тілдік қатынасты жүзеге асыруға негіз болады.
Қазақ халқы ежелден сөз қадірін білген, сөзге тоқтаған. Ұрпағына Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле деп үлкен міндет жүктеген. Аңдамай сөйлесең, ауырмай өлесің, қадір-қасиетің кетеді, елге күлкі боласың деп ескертіп, сөз құдіретін асырып отырған. Себебі сөз біздің ата-бабамыз көтере алмаған үлкен жүкті ғасырлар бойы көтеріп, шашпай - төкпей бүгінгі күнге жеткізген.
Сөздің күші - құрғақ қиялдың емес, тірі өмірдің бетке шыққан шырайы. Құнарлы ойдың, асыл сезімнің, биік сананың серпіні бір күнмен, бір жылмен шектелмей ұзаққа бойлағанда, ұрпақтан ұрпаққа ауысқанда, көзге ілікпес құдірет сөз деген ұғымда жатпақ.
Сонау заманнан бері халқымыздың асыл қазынасы: тарихын, өнерін, жырларын, халық ауыз әдебиетінің барлық түрлерін ауыздан-ауызға таратып, бізге мұра етіп жеткізіп отырған да осы сөз еді. Ұрпақ жадында сақталып бізге жеткен бұл сөздер бабаларымыздың аманаты еді. Сондықтан да сөзді сақтау, оны қадірлеу, орнымен сөйлеу, сөз қадірін білу қазіргі және кейінгі ұрпақтардың мәңгілік міндеті мен парызы болуға тиіс. Біздің қазақта Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіру деген әріден келе жатқан сөз бар. Екі ауыз ұтымды, ұтқыр, қисынды айтылмаған жағдайда даулы екі руды елдің атысып,шабысып, тоз-тоз боп кететін жайлары тарихтан белгілі. Сол себепті сөз құдіретін, сөз өнерін дамытуға, сөздің күші мен құдіретін ортаға әсер, ықпалын арттыруға бүкіл халық болып , арғы замандардан бері ат салысқан. Халық аталы сөзді алты жасар бала айтса да, айтушысына қарап, айтқанына қарап бағалаған, тыңдаған. Ақылы асса аға ғой деп құрметтеген, сөзге тоқтаған.
Шынында да, адамның адам болып тұлғаланып, кемелденуінде сөздің атқарған рөлі баға жеткісіз. Жылқы кісінескенше- адам сөйлескенше,- дегендей, адамдар бір-бірімен сөз арқылы ұғысып, танысып, жақындасып, өзгені де сөзі арқылы танып, өзін де сөз арқылы танытады. Сөз- адам үшін тәрбие құралы, білім-білік, мәдениет, өнер бастауы, түп-тұқияннан бері жасалып, қорланып келе жатқан ақыл-ой жәдігерлігі, әсемдік қазынасы.

1 ТАРАУ Сөз қадірі - өз қадірің
2.1 Сөздің қадір - қасиеті
Сөз сөйлеушінің ойын, сезімін білдіріп қана қоймайды, оның мінездемесі де болып табылады. Сондықтан кісінің тәрбиелік деңгейі көбіне сөзінің сипатынан байқалады.
Қазақ халқында: Өнер алды- қызыл тіл, Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады, Сөз жүйесін тапса, мал иесін табады,-деген мақалдар бар.
Бұл-халқымыздың тіл құдіретін танып әрі өте ардақтағанын көрсетеді. Халық қашанда сөздің адамдар арасындағы атқаратын қызметіне, сөйлеудің парқына ( Сүңгінің жарасы бітер, тіл жарасы бітпес) және қай жерде қалай сөйлеуге айрықша мән берген. Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді, Жанды жаралайтын да сөз, емдейтін де сөз, Жақсы сөз- жан азығы, Тау мен тасты жел бұзар, адамзатты сөз бұзар,- деген сияқты мақалдар сөздің бұзушы (Қаһарлы сөз қамал бұзады) және түзеуші (Шешеннің сөзі ортақ) зор күш екенін, сөйлеу білудің орсан зор маңызын танытады.
Сондықтан да сөзді шашпа-төк тегін дүние көріп, оңды-солды толғаусыз айта берсең, жұғымы, қадірі болмайды. Білімпаз айтқандай: Сөз қадірі- адамның өз қадірі, сөзі құпсыздың өзі құпсыз.
Қалай да сөздің адамға жағымды немесе жағымсыз әсері орасан зор екені даусыз. Біздің халқымыздың: Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады, - деген тамаша мақалы жылы да жағымды сөйлеудің қаншалық керемет күшке ие екендігін аңғартады. Халық жырларында аузын айға білеген айтқыш ділмарларымызды тілінен Тәтті айтқанда, бал тамған, ащы айтқанда, қан тамған деп сипаттайды.
Адамның қоғамда өз орнын табуында, көпшілік құрметі мен сеніміне ие
болуында , кемел ғұмыр кешуінде орнымен, дәмді, дәйекті сөйлей білуі, тауып айтатын тапқарлығы үлкен рөл атқарады. Өйткені ақылы кемел, кісілігі зор, білімі мол адам ғана солай сөйлей алады. Ондай дәмді, қисынды, қысқа қайыратын қызықты, айшықты да әділ сөзді халық ұйып тыңдап: тура сөз, құдайы сөз,- деп, уәжіне тоқтаған.
Орынды сөйлеу, қисынды сөйлеу- ол да бір дара бақыт. Сондықтан әр елден шыққан арғы-бергі заман даналарының, ақылгөйлерінің сөздің, сөйлеудің маңызын аса жоғары бағалап, ой толғамағаны жоқ десе де болады. Ұлы ақын Абай тіл құдіретін:
Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі,
Өрнегін сендей сала алмас,-деп, тамсана бағаласа, түрікменннің ұлы ақыны Мақтымқұлы тауып сөйлеген сөзді тілден шұғыла шашқанға балайды. Сөз құдіретін түрік туыстар: Оң сөз өзен тоқтатар,- деген мақалмен түйіндеген.
Дегенмен, адамның мейірін қандырып, мерейін өсіретін- құр жағын жанып, тілін безеп сөйлей беру емес. ХІ ғасырда өмір сүрген тәжік шайры Кайкавус: Ұқыптылық атаулының ішіндегеі ең жақсысы- ұқыпты сөйлеу,- дейді. Бұл жерде әңгіме сөздің тұжырымды , айқын, бейнелі болу жайында екені түсінікті. Сөйлеудің тағы бір аса маңызды қасиеттерін аша отырып, өзбектің ұлы ойшыл ақыны Ә.Науаи: Ас тұзбен дәмді, су мұзбен дәмді. Ал адам салиқалы, сапалы сөзімен мәнді,- деп көрсетеді.
Сыпайы, келісті сөз сөйлеушінің абыройын арттырады, жақтастарын көбейтеді, көптің ықыласына бөлейді. Сондықтан тіл қуатына барлық ғұлама тәлімгер, ұстаздар үлкен мән берген. Бұл жөнінде Құранда да айтылған: Менің пенделеріме айт: жақсы сөздер сөйлейтін болсын,- деп.
Әрине, сөйлей білу - үлкен өнер.Ол арымай - талмай, шешендік сырын зерттеуді, жаттығуды, мол білімді, ой өрісі мен қиял кеңістігін қажет етеді. Абай: Тіл өнері- дертпен тең,- деп , өткеннің сабағы , өз басынан кешкеннен шығарып айтып отыр.
Әсем сөйлеуге көп тыңдап, көп оқып, халықтың ауыз әдебиетін, әсіресе, айтқыштық пен терең ойдың інжу-маржандары- мақал, мәтелдерді жетік біліп, сырына үңілу, кітапты көп оқу арқылы жаттығып, төселеді. Халықтағы: Ақылды адам сөзді нақылсыз айтпайды. Бір айтпаса нақылды - ақылсыз айтпайды,- деген тұжырым содан шыққан. жүздің көркі - сақал, сөздің көркі- мақал,- деген де соған, меңзейді.
Сондықтан балалардың жас кездерінен бастап айшықты өлең-жырларды, шешендік үлгілерді, неше түрлі тәмсіл (мысал) сөздерді жаттап өсуі, өзінің де тақпақ, өлең жазуға талпынып, үй ішінде , сынып, мектеп жиындарында тартынбай сөйлеп, ойын түсінікті, бейнелі етіп айтып жеткізуге машықтанулары, ата-ана, тәрбиеші-ұстаздар оларды соған тәрбиелеулері қажет. Бұл ретте бүлдіршіндерге ертегі айтып беру, өздеріне айтқызу, жұмбақтар шешкізу, сөз ойындарын ойнату аса пайдалы болмақ.
Сөйлеудегі ең жақсы қасиет- ой-пікірін қысқа әрі дәл айтып жеткізушілік. Алтын, күміс, гауһардың қымбат саналуы- олардың аздығы, тазалығы десек, қысқа , қоспасыз, ұғымды сөз де қадірлі . Орыстың аса шебер жазушысы А.П.Чеховтың: Қысқалық- таланттың сыңары,- деуі де сондықтан. Ғұламалар: Көп нәрсенің қадірі болмайды,- дегенді айтады. Мұның сөйлеуге тікелей қатысы бар. Бұрынғының даналарынан Қанша көп сөйлесең, сонша аз айтасың,- деген нақыл қалған. Өзбек бауырлдардың Көп сөзге есекке жүк,- деген мақалында да тап осы құбылыс аяусыз шенелген. Ал қазақтың Көп сөйлеген езбе болады, көп қыдырған кезбе болады, Көп сөз- көмір, аз сөз - алтын, Жақсы байқап сөйлейді, жаман шайқап сөйлейді, Аңдамай сөйлеген- ауырмай өледі, Бір жақсы сөз мың сөгістен жақсы, Жақсының сөзі- назалы, жаманның сөзі- ызалы, т.б. мақалдарында сөйлеудің алуан түрлі сипаттары тамаша бейнеленген.
Әйтеуір сөйлей алады екем деп, тасырандамай, абайлап сөйлеу - ақылдылық, инабаттылық белгісі. Өзің опық жеп, өкініп жүрмеу үшін, өзгенің жанына жазықсыздан жара түсірмеу үшін, байқап, бағамдап сөйлеудің мәні ерекше зор. Қазақтың Айтылған сөз- атылған оқ, орыстардың: Сөз шымшық құс емес, ұшса, қайтып қонатын деген мақалдары мен ежелгі скиф елінің шешені Анахарисистің: Тіліңді, тәбетіңді, нәпсіңді тыйып ұста,- дегендердің түп төркіні бір жерден шығып жатуы тілге абай болудың жүрдім - бардым қарайтын мәселе емес екенін көрсетеді. Әйгілі авар ақыны Р.Ғамзатовтың Сөйлеуге үйрену үшін, адамға екі жыл керек , ал тіліне ие болуға 60 жыл керек,- дейтін әзілінде үлкен өмір шындығы, терең мән бар.
Атақты академик ғалым И.П. Павлов адамдардың денсаулығын сақтауда , әсіресе, жүрек-қан тамырларының сырқатына шалдықпауда айналадағы адамдар сөзінің әсері зор екенін анықтаған. Сондықтан шәкірттерге айналасындағы адамдарға ей, сен деп, дөрекі тіл қатпай, сіз деп, сыпайы сөйлеудің мәдениеттілік, ізеттілік қана емес, қарым-қатынасқа жұмсақтық, жайдарлық дарытатын күш екенін ұғындырып отырған жөн. Жылы шырай - тек сәлемдескенде ғана емес, адамдарға тіл қатқанда , сөйлескенде де керек нәрсе. Сөйлеуге ғафу етіңіз, құлағым сізде деген сияқты сөздерді орнымен кірістіріп отыру жағдайды жайландырып отыратыны есте болуға тиіс. Ондай жұмсақ , жайдары жүзділік - сәлем беру, тіл қайту, сөйлесуде қандай қажет болса , тыңдау үшін де сондай сипат қажет. халықтың аса жоғары бағалап, иман жүзді дейтіні де содан шығады.
Отбасы мен қоғамға бұрқ ете түсетін үлкен-кіші ұрыс -керістер мен кикілжіңдердің түпкі себебі дөрекі, қопал айтылған түрпі сөз екеніне зер салып тексерген кісінің көзі айқын жетеді. Және дөрекі де анайы ауыр сөз, дүт мінез бен тұрпайы қылық тәрбие көрмеген, тас бауыр, пәс адамдармен шығатыны әмбеге аян. "Бұлттан шыққан күн ащы, жаман адамның тілі ащы", "Қорқақтың көзі үлкен, ақымақтың сөзі үлкен", "Білген тауып айтады, білмеген қауып айтады" сияқты мақалдар халық тәжірибесінен қорытылған шындық даусыз.
Әдепсіз сөйлемеу, әсіресе, балалар мен әйелдер отырған жерде дөрекі сөз айтпау, үлкендерге кішілік ізетпен тіл қату әдептіліктің негізгі шартына жатады. Тіпті үлкен кісілер отырған жерде ділмарсып, орынды сөз айту да оғаш, ерсі көрінетін кездері болады. Сөздің қасиеті әдептілігі мен әдемілігінде екендігін айтып кеттік. Сайып келегенде осының бәрі сөздің шындығында . Жалған айту, өтірік сөйлеу немесе асыра айту кісілікке жатпайды. Бұл туралы Данышпан Абай: " Адамның бес дұшпаны бар, олар: өсек, өтірік, мақатаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ",- деп көрсетеді.
Жалпы алғанда, сөз орынды іске бағытталған, адамды рухани байытуға септігін тигізетін және сындарлы сипатта болуы тиіс.
Сөйлесетін адамның мінез-құлқын, мәдени деңгейін, өзіндік ерекшіліктерін білген ескерген жөн. Мәселен, орынсыз әзіл айту немесе тыңдаушыға қызықсыз әңгімені суыртпақ тұрып алу, көңіліне дақ түсіретін жөнсіз мақтау не кінәлау, әйелдердің, айталық, жеке басына қатысты жайларды тәптіштеп сұрау, т.б. әдептілікке жатпайды.
Сөз арқылы өз ой-пікіріңді, сезіміңді, қуыныш - қайғыңды айтып жеткізу арқылы басқаның да жан дүниесіне еніп, сыр сипатын танып, өзара түсінісу жүзеге асады. Сөз арқылы біреуді риза етуге , көңілін жайландыруға, қиын қыстау жағдайда дем беріп, жігерлендіруге, инабаттылық жолына бағыттауға болады.
Қазақтың: "тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ",- деген мақалды да адамгершіліктің, мұсылманшылықтың, соның қатарында сөйлеу әдебінің де басты өлшемі әділдік екенін айқын аңғартады.
Сөзге қатысты әдептіліктің тағы бір түрі- орынды, әділ сөзге тоқтау. Ердің сөзін екі ауыз сөзбен шешкен халқымыздың ата салтында жүйелі уәжеге тоқтамаудан өткен пәтуасыздық жоқ. Ондайлар туралы халық: "Аталы сөзге ақымақ тоқтамайды",- деп, қатты кейіс білдірген. Бүкіл әлемдік шешендік өнердің үздік үлгілеріне жатқызуға болатын билердің ұлан - ғайыр айтыстарының бірде-бірдеңе дөп айтылған әділ сөзді аттап өтушілікті кездестіреміз. Бұл аузымен құс тістеген айтыскер ақындарымыз әріптестері сөзден , сүріндірген жерде дереу тоқтап, жеңілгендерін ашық мойындап отырған, онымен де қоймай, әлгі айтысты жалпақ елге жария етіп айтып жүрушілер де өздері болған. Қазақтағы әйгілі айтыстарды таратушылар, әдетте, жағы болып келеді. Демек, сөз қадірін танып, мойындау да ірілікті, кісілікті білдіреді.

2.2. Сөз әдебі
Сөз -- тілдің негізі. Сондықтан сөздер қылыштай кесіп түсетін өткір де дәл, сезімге әсер етіп, сөйлеуде жандандырытын, ойлаудың икемділігі мен тездігін дамытатын болуы шарт. Сөйлеу қатынасы білімді меңгеруіне, қажетті білік пен дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Күнделікті тіршілік барысында адам әр түрлі адамдармен кездеседі, сөйлеседі, пікір алысады, тәжірибе алмасады. Ал олар адамдардың өзін-өзі ұстауы, мінез-құлық, жүріс-тұрыс, киім киюі, сөйлеуі арқылы жүзеге асады.Адамдар арасындағы қарым-қатынас моральдық нормамен реттеледі. Қоғамдық ортада адамның мәдениеттілігі, өрісі көбіне оның сөйлеуінен көрінеді.
Сөйлеу әдебі ағыл. speech etiquette - Тіл практикасының ұлттық, өзіндік ерекшеліктерге ие қағидалары; бұл ережелер әңгімелесушімен сыпайы, биязы байланыс жасауға (байланысты орнату, оны қолдап отыру, байланысты тоқтату) қоғам тарапынан бекітілген қалыпты нысандар мен тілдік бірліктер жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Сөйлеу әдебінің жағдаяттары ретінде назар аудару және назарды өзіне аудару, амандасу, танысу, шақыру, өтініш, кеңес беру, ұсыныс жасау, келісу, қарсы болу, кешірім сұрау, көңіл айту, қошемет сөз айту, құттықтау, қоштасу және т.б. түрлерді атауға болады[1,214].
Сыпайылық ағыл. politeness - әңгімеге қатысушылардың Тілдік практикасының көрінісі; бір-біріне құрмет көрсетудің әдістері; мыс., Сен-Сіз есімдіктерін, әңгімеге қатысушының лауазымын, атағын (мыс., доктор, профессор), қазіргі кезде сөйлеу этикетінің (әдебінің) мәдениетін көрсететін ханым, мырза сөздерін, әңгімеге қатысушының өз ісіне, кәсібіне қосқан үлесін көрсететін (мыс., әдебиеттің ақсақалы) шынайы қошемет сөздер мен сөз тіркестерін әңгіме барысында қосып отыру сыпайылықтың белгісі болып саналады[1,230].
Сөз этикеті деген ұғым тек сыпайы сөйлеу немесе мәдениетті сөйлеу деген мағынада ғана емес, адамдар арасындағы қарым -- қатынасқа ұйтқы болып реттеп отырудың құралы ретінде тұрақты түрде қолданылатын сөздер, сөз тіркестері, тұрақты сөз орамдары, өзге де тілдік амал тәсілдер деген мазмұнды аңғартады. Жақсы сөз жарым ырыс, Жақсы сөзге жан семіреді деген даналық нақылдар өмірдің шындығынан, ұрпақ тәрбиелеудің халықтың көп жылдық тәжірибесінен сомдалған сөздер.
Сан алуан қарым -- қатынаста сөз этикетінің мынадай басты түрлерін бөліп қарастыруға болады: сәлемдесу, қоштасу, танысу, кешірім сұрау, жұбату, құттықтау, тілек айту, ризалық білдіру, өтішіш жасау т.б.Соның ең негізгі түрі сәлемдесу мен қоштасу болып табылады. Оларға жеке тоқтала өтсек.
Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді.
Сәлемдесу -- тұңғыш рет немесе араға белгілі бір уақыт салып, кездескен таныс және бейтаныс адамдардың дәстүрлі сөз, ишара не дене қимылы арқылы бір -- біріне жақындық ниет, ілтипат білдіріп, жылы шырай танытуы. Сәлем - сөздің басы делінетіні де сондықтан.Тегінде, әдеп, адамшылық -- амандасудан басталады. Адам баласының рухани тарихында қолы жеткен зор игілігі -- сәлемдесу. Оның шарапаты мен кереметі сонда -- адамзат әдебінің қалыптасуында, жұмыр басты пенделердің бір -- біріне жылы мейір мен кең пейіл көрсетуінде, достықты, өзара жақындықты бейнелеуде аса зор маңызға ие. Адам баласы қашанда тыныш -- бейбіт, басы аман, бауыры бүтін, бір -- бірімен тату -- тәтті, сыйласып өмір сүруді аңсап, армандаған.Соның негізін сәлемдесу салған.
Сәлемдесудің әдеп ретіндегі ең басты шарты -- жылы шырай.Онда сәлем беруші мен алушының қас -- қабақ, бет -- жүз құбылысы, даусы маңызды қызмет атқарады. Дұрыс амандаса білудің өзі дұрыс сөйлеуге, сөз әдебін қалыптастыруға көп көмегін тигізеді.

Қоштасу
Сөз этикетінің өз алдына дербес бір саласы -- қоштасу.Оны дербес сала дейтініміз -- оның өзіндік мақсаты, арнайы жұмсалатын тілдік таңбалары, қолданылатын тұрақты орны бар.Қоштасудың да түрлері өте көп.Мәселен, Сау болыңыз, Хош, Көріскенше күн жақсы, Хош болыңыз т.б..Себебі қоштасу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі мамандығының магистратураға қабылдау емтиханның бағдарламасы
Қазақ тілі бағдарламасы, оның оқулықпен байланысы
Таным процестер және олардың инженерлік ерекшеліктері
Әдеби теориялық ұғым туралы жалпы түсінік
Әдебиет теориясы ұғымдарының жалпы сипаттамасы
Әдебиетті оқыту әдістемесінің ғылыми пән ретіндегі мазмұны
Терминнің басты белгілері
«Аққу» концептінің лингвомәдени ерекшелігі
4-сынып «Қазақ тілі» оқулығының құрылымы мен құрылысы
Синтаксис туралы жалпы түсінік
Пәндер