«Өзін-өзі тану» пәнін оқыту әдістемесінің ерекшеліктері



Кіріспе
І ТАРАУ «ӨЗІН.ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 «Өзін.өзі тану» сабағында жағымды ойлаудың рөлі
1.2 Оқушыларды терең рухани.адамгершілік әңгіме үрдісіне тарта білу әдісі
1.3 «Өзін.өзі тану» сабағында топтық шығармашылық жұмыс
1.4 «Өзін.өзі тану» сабағында музыка және топпен ән айтудың маңызы
2 ТАРАУ «ӨЗІН.ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
ҚОСЫМША
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Әдістемелік тәсілдер шаттық шеңбері, сергіту сәті, тыныштық сәті, сабақ дәйексөзі (жағымды айту), топпен өлең айту және музыка т.б.адамда тұрақты адамгершілік-рухани құндылықтардың қалыптасуына және бірінші кезекте жағымды ойлауға бағытталған. Психологтар жағымды ойлау үрдісі кезінде адам келеңсіз жаман ойдан арылады, стресстен, әр түрлі қиын мәселелерді ұмытады деп айтады. Өз кезегінде келеңсіз жаман ойлар біздің істерімізге, мінез-құлқымызға, көңіл-күйімізге, өмір сүру әдебімізге, жалпы бәріне де әсер етеді. Ішкі дауысқа құлақ аса отырып, адам әр түрлі мәселелерге психологиялық тұрақтылықты табады. Қорытындысында жағымды көңіл-күйдің қолдауымен дұрыс ойлау қалыптасады, ол адамда қоршаған дүние мен өзінің үйлесім табуына әкеледі. Жан тыныштығының үйлесімділігіне қол жеткізу үшін ақылды тазартып, тыныштандыру қажет.[3]
Жағымды ойлау бұл – адамның жақсыны ең басына қоя отырып, жақсы мен жаманды айыра білуі. Жаман жағдаяттардан сабақ, тәжірибе алып, аулақ болу, өз ойына келеңсіз жаман ойларды жинамау. Әлемнің шексіз кең екенін түсіну, солай бола тұра бізге қалай қарайтындығы, қандай жағдайда болсаңызда тек қана сізге байланысты. Жақсыны қабылдай білу және өзіңнен жамандықты шегіндіре білу, жағымды көңіл-күйдің негізгі мақсаттарының бірі болып табылады. Ал жағымды көңіл-күйдің әдістемелік тәсілдері тезірек жағымды ойлауға және өз өмірінің тұтас үйлесімділікке өтуіне мүмкіндік жасайды.
1. Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті орта білім стандарты. «Өзін-өзі тану» пәні. Алматы. 2010 ж.
2. “ Өзін - өзітану” журналдары
3. “Өзін - өзітану” әдістемелікнұсқаулар
4. Орта білімді ұйымдастыру үшін «Өзін-өзі тану» пәнінің оқу бағдарламасы.//»Өзін-өзі тану» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналы. №1-3. 2010ж
5. Өзін-өзі тану. Оқулық. 7-сынып. Алматы: «Бөбек»ҰҒПББСО. 2010 ж.
6. Өзін-өзі тану.Мұғалімге арналған әдістемелік құрал. 9-сынып. Алматы: «Бөбек» ҰҒПББСО . 2010 ж.
7. Өзін-өзі тану. Оқулық. 9-сынып. Алматы: «Бөбек» ҰҒПББСО . 2010 ж.
8. Өзін-өзі тану.Мұғалімге арналған әдістемелік құрал. 7-сынып. Алматы: «Бөбек» ҰҒПББСО . 2010 ж.
9. «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» халықаралық педагогикалық оқулар материалдары. Алматы 2012ж
10. Өзін-өзі тану бойынша балабақша мен мектепте оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру тәжірибесі. Алматы 2006ж
11. Ақиқатты тани біл... -Алматы 2008.
12. Жоғары оқу орындарында "Өзін-өзі тану" пәнін оқыту әдістемесі -Алматы 2007.
13. «Өзін-өзі тану» пәніне кіріспе оқу құралы -Алматы 2007.
14. «Өзін-өзі тану» хрестоматиясы- Алматы 2007
15. Методика преподавания дисциплины «Самопознание» в школе. Учебно-методическое пособие для учителей. Алматы 2013г

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Өзін-өзі тану оқу пәні ретінде Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің базистік оқу жоспарының мемлекеттік компонентін құраушылардың бірі болып табылады. Базистік оқу жоспарында өзін-өзі тану білімінің Адам және қоғам саласындағы міндетті пән ретінде бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейлерінде оқыту көрсетілген.
Өзін-өзі тану пәнінің оқу-әдістемелік құралдары оқушылардың қоғамға және өз-өзіне қызмет етуіне бағытталып, олардың жасампаздық белсенділігін танытуға мүмкіндік беретін өмірлік маңызы бар, кең ауқымды біліктілік дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі.[1]
Әдістемелік оқулықта өзін-өзі тану мұғалімі үшін өзін-өзі тануды оқытудың әр түрлі әдістері мен тәсілдері сабақтың тақырыбын ашу үшін берілген. Мектептегі тәжірибелік жұмыстар олардың ішінде сабақты онсыз өткізуге болмайтынына мән беру керектігін көрсетті. Сергіту сәті, дәйексөздер, аңыз-әңгіме айту, шығармашылық, топтық жұмыс, топпен ән айту. Оларды мұғаліммен бірге сүйіспеншілікпен орындау, оның педагогикалық шеберлігі және адамгершілік-рухани сезімталдығымен сабақта оқушылармен және мұғалімнің өзімен сабақтың тамаша күйін кешесің. Жалпыадамзаттық құндылықтар туралы көп айтылды және айтыла бермек, бірақкөпшілігі күнделіктің өмірде өз тәжірибелерінен өткізеді. Әсіресе мұғалім үшін шынайы өмірде құндылықтарды бізді қоршаған әлемде маңайындағыларға көрсете білу тәжірибесі маңызды. Мұғалім балаларды өз өмірінен алып, өзінің үлгісімен, өзінің тіршілігіндегі ақыл-кеңестері және құнды сабақтарымен, біздің бір-бірімізбен қарым-қатынасымыздан алған тәжірибелермен оқытады. [2]
Әр түрлі әдістемелік тәсілдердің көмегімен, жағымды көңіл- күй, дәйексөздер, аңыз-әңгімені айтуда оқушылар салмақты, ұстамды болуы оқып қана қоймай, сонымен бірге өзімен- өзі үйлесімді болуды , біздің әр қайсысымыздың шығармашылық қабілетімізді көрсете алатындай болуды қарастырды.
Осы аталған әдіс-тәсілдер мен көркем және шығармашылық жұмыстар Өзін- өзі тану курсының ажырамайтын бөлігі ретінде қарастырылады.
Конец формы
Курстық жұмыстың объектісі: Өзін-өзі тану пәнін оқыту әдістемесінің ерекшеліктері және оның теориялық негіздері
Курстық жұмыстың пәні: Өзін-өзі тану пәнін мектепте оқытудың әдістемесі
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты: өзін-өзі тану пәнін оқытудың ерекшеліктері мен әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолданудағы әдістемесінің рөлін айқындау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Өзін-өзі тану пәнін мектепте оқыту шарттарын анықтау;

Өзін-өзі тану пәнін оқыту әдістемесінің ерекшеліктерін талдау.
Өзін-өзі тану пәнін оқыту әдістемесінің териялық негізінің мәнін ашу;
Курстық жұмыстың болжамы: егер өзін-өзі тану пәнінің әдістемесінің ерекшеліктері білім беру мазмұнының жағымды тәжірибені айқындауға мүмкіндік берсе, онда ол рухани-адамгершілік білім беру мазмұнын жетілдіруде жаңа идеяларды ұсынуға мүмкіндік туындатады, себебі олар білім беру кеңістігінде жас ұрпақтың толықтай дамуына және жеке тұлға ретінде қалыптауына көмектеседі.
Курстық жұмыстың теориялық маңызы: Курстық жұмыстың қорытындысын өзін - өзі тану, әдістеме және т.б. пәндерді оқытуда қосымша құрал ретінде пайдалануға болады.
Курстық жұмыстың құрылымы: мазмұны, кіріспе, екі тараудан, қосымша, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттен және сілтемелерден тұрады.



І ТАРАУ ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПӘНІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1.1 Өзін-өзі тану сабағында жағымды ойлаудың рөлі
Әдістемелік тәсілдер шаттық шеңбері, сергіту сәті, тыныштық сәті, сабақ дәйексөзі (жағымды айту), топпен өлең айту және музыка т.б. адамда тұрақты адамгершілік-рухани құндылықтардың қалыптасуына және бірінші кезекте жағымды ойлауға бағытталған. Психологтар жағымды ойлау үрдісі кезінде адам келеңсіз жаман ойдан арылады, стресстен, әр түрлі қиын мәселелерді ұмытады деп айтады. Өз кезегінде келеңсіз жаман ойлар біздің істерімізге, мінез-құлқымызға, көңіл-күйімізге, өмір сүру әдебімізге, жалпы бәріне де әсер етеді. Ішкі дауысқа құлақ аса отырып, адам әр түрлі мәселелерге психологиялық тұрақтылықты табады. Қорытындысында жағымды көңіл-күйдің қолдауымен дұрыс ойлау қалыптасады, ол адамда қоршаған дүние мен өзінің үйлесім табуына әкеледі. Жан тыныштығының үйлесімділігіне қол жеткізу үшін ақылды тазартып, тыныштандыру қажет.[3]
Жағымды ойлау бұл - адамның жақсыны ең басына қоя отырып, жақсы мен жаманды айыра білуі. Жаман жағдаяттардан сабақ, тәжірибе алып, аулақ болу, өз ойына келеңсіз жаман ойларды жинамау. Әлемнің шексіз кең екенін түсіну, солай бола тұра бізге қалай қарайтындығы, қандай жағдайда болсаңызда тек қана сізге байланысты. Жақсыны қабылдай білу және өзіңнен жамандықты шегіндіре білу, жағымды көңіл-күйдің негізгі мақсаттарының бірі болып табылады. Ал жағымды көңіл-күйдің әдістемелік тәсілдері тезірек жағымды ойлауға және өз өмірінің тұтас үйлесімділікке өтуіне мүмкіндік жасайды.
Жағымды көңіл-күй әдістерін кейде кейбір рухани тәжірибе әдістерімен - медитациямен шатастырып, Өзін-өзі тану пәнін оқыту әдістерінің ерекшеліктері деп есептейді. Психологтармен оларды салыстыру талдаулары жасалған. Медитация жағдайында шоғырландыру тіршілік етудің анағұрлым нәзік деңгейіне өтеді, нүктесіне жеткенше ойлаудың және сезімнің нәзік құрылымын жеңіп шыққанша медитацияланушы ішкі тыныштыққа ешқандай мақсатқа бағытталмай мөлдір таза санаға батады. Ол транценденттік жағдайға енеді немесе уақытты ешқандай да бір түйсінбей таза санада болады. Біршама уақыттан соң, бір сәттен соң ойлау атқылап жаңадан басталады. Медитацияға жалпылама анықтама - сезім мүшесінің қатысуынан тыс әлде ненің пісіп жетілуі. Медитация уақыты шектелмеген , сананың толық өшуі деп саналады. Медитация аяқталғаннан кейін талқыланбайды.
Ішкі жағымды көңіл-күйдің әдістемелік тәсілі эмоциялық қоздыру жағдайын жеңіп шығуға бағытталған, танымдық және физикалық күштен кейін (егер оқушылар өзін-өзі тану сабағына математика немесе дене тәрбиесі сабағынан кейін келсе, оларды тынышталдырып, жағымды көңіл-күй келтіру керек). Осы тәсілдерді қолдану кезінде шоғырлану тек қана өз-өзінде қалады. Оқушылардың шындықты қабылдаулары жаттығуды барлық кезеңінде бірдей сақталады. Жағымды көңіл-күй туғызуға 2 минуттан
5 минутқа дейінгі уақыт беріледі. Бұл уақыт ішінде терең транс жағдайына кіру мүмкін емес, бірақ жағымды ойлауға көңіл-күйді келтіруге сананы тыныштандырып, оны тазалауға болады. Жағымды көңіл-күйдің әдістері кейбір кездерде арнайы берілген тақырыптарды көрсету үшін қолданылады. Мысалы: Маған қай жерде жақсы, жайлы орын бар? Бұл образды ойлауды елестете білуді сол сияқты бәрінің шығармашылығын дамытады, содан соң баланың жағымды образды елестетуден кейін жаңағы Маған қай жерде жақсы, жайлы орын барды суретке салу ұсынылады. Ары қарай салынған сурет талқылынады. Оқушының бірде бір сұрағы жауапсыз қалдырылмайды.
Мұғалімнің ішкі жағдайы жайлы атмосфера тудыру үшін басты рөл атқарады. Егер біз оқушыларға ішкі тыныштық жағдайын меңгерткіміз келсе, ал біздің санамыз бұл уақытта әлде бір нәрсе тепе-теңдікте болмаса, біздің осы жағдайымыз оқушыға беріледі, бізге бұл қолма-қол кері байланыс ретінде қайта беріледі. Сондықтан маңыздысы жағымды көңіл-күйді қабылдау мұғалімнің де тәжірибесі болады, егер біз оны оқушылардың адамгершілік-рухани дамуы болсын десек. Тәжірибе көрсеткендегідей белсенді психологиялық ойындарды, тәсілдерді қолданғанда өте сақ болу керек, белсенді қимылдан кейін ақыл және сезімнің шапшуы, осыған дейінгіден де жоғары болады. Өз сабағыңда оқушылардың зейінін оның тыныштыққа енуіне аудару керек, сондықтан олардың назарын сыртқы әлемге аударатын әдістерді қолданбай-ақ қойған жөн. .
Біздің сабағымыз жүректен-жүрекке арқылы жүреді, маңыздысы соған икемдену, яғни біздің табиғи рухани ақиқатымыз болып табылатынына, бізге бір уақытқа көргендерімізден басқа бізде өзгешелік бар екенін білуге көмектеседі. Бізге бұл мақсатқа қалай жетуге болады? Біздің жүрегімізге жақындауымызға, онымен бірге қол жеткізуге, осы жолда қандай кедергілер күтеді. Бұл біздің денемізге байлаулы болуымызбен, біздің тілегімізбен және қиналысымызбен тығыз байланысты, қай кезде бір нәрсеге қол жеткізгіміз. Бізді барлық осы байлаулылығымыз бен тілегіміз тығыз материяға ұқсаса, ол біздің жүрегімізді жауып оның жарқырауын көрсетпейтін сияқты.[4]
Сабақ барысында жағымды көңіл-күй туғызу әдістерін қолдану төмендегідей оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін дамытуға көмектеседі:
* Тәртіп
* Өзін-өзі бақылау
* Денсаулық
* Сананың тепе-теңдігі
* Жады
* Шоғырландыру білу
* Интуиция
* Досына деген қарым-қатынаста сүйіспеншіліктің пайда болуы
* Ішкі жан тыныштығы
1.2 Оқушыларды терең рухани-адамгершілік әңгіме үрдісіне тарта білу әдісі
Аңыз (әңгіме) әңгімелерді айта білу өнері оқушыларды терең рухани- адамгершілік әңгіме үрдісіне тарта білу әдістерінің бірі.
Ерте уақытта аңыздар ұрпақтан ұрпаққа ақпараттарды жеткізетін құрал ретінде болған. Ертеде жазу, кітап болмаған уақыттарда мінез- құлықтың дамыту мен оқытудың басты әдісі аңыздарды әңгімелеу, оны тарату болған. Батырлық, адалдық және әділеттілік сияқты құндылықтар аңыздардың сюжетінде бірге өріліп, балаларға үлгі- өнеге берген . Сабақтың үстінде әңгімелеу үлкен роль атқарады және әрбір адамның ішкі құндылықтарына әсер етуде маңызы зор. Өмір бізге әр түрлі өте көп аңыздар мен әңгімелерді туғызғызады. Адамгершілік тақырыбына арналған әңгімелер өте көп. Өз сабағында аңыз әңгімелерді қолдана отырып , өте әсерлі суреттеп , адамгерщілік құндылықтарды жан-жақты тәжірибелік жағын беруге болады . Қазақстан түп- тамырымен біздің мәденитіміз және дәстүрімізге енген, өзінің адамгершілік тереңімен кез- келген сабақты әрлейтін аңыздар, әңгімелер, ертегілер қазынасына өте бай.

Әңгімені талдау.Керекті әңгімені таңдай отырып , оқушылардың нені сүйеді , нені сүймейтінін , жас ерекшелігін және жынысын да ескеруіміз керек. Ұл балаларды көбінесе қызықты оқиғалар мен фантастикалық әңгімелер қанағаттандырады. Ал қыздарға романтикалық және жағымды , мейірбанды эстетикалық сапасымен ерекшеленетін әңгімелер ұнайды . Қыздар - сол сияқты бақытты оқиғамен аяқталатын әңгімелерді қалайды. Дегенмен барлық жағынан алып қарасақ, балалардың бір - бірінен айырмашылығы бар және талғамдары да әр түрлі болып келеді. Және бір факторға мұғалім мұқият қарауы керек , ол - балалардың отбасылық жағдайы. Мысалы : сәтсіз отбасының баласына бақытты отбасы өмірі мен сүйкімсіз ешкімге керексіз баланың өмірін салыстыру өте ауыр әсерін тигізеді.

Мұғалім әңгімені оқушылар үшін жағымды жасауға көмектесетін бірнеше ұсыныстар:
* Сіз не туралы әңгімелейтініңізді анық біліп алыныз. Табиғи қалыпта болыныз,оқушының назарын аударатын ,акцент жасайтын әр түрлі сәттер мен эпизодтарды сүйіспеншілікпен қайталаныз.
* Бір сәттен екінші сәтке секіріп кетпеңіз
* Еш уақытта Мен ұмытып қалдым деп айтпаныз.әңгімелеуге жақсылап дайындалыңыз,арасында ауырып салып айтуға да болады.
* Кейінірек сіздің пікіріңізше тағы да,қайталау керек сәттерді қайталаңыз. Бұл сіздің қандайда бәр эпизодты ұмытқан жағдайда қажет болады. Бұл жағдайда тоқтап қалуға болмайды,ары қарай жалғастыра беруіңіз керек.
* Еш уақытта моральды болманыз және моральдандырманыз.
* Сізге әр уақытта әңгімеге қатысуды атмосферасын қолдауыңыз қажет,бірақ оқушыларға өзіңіз тарапынан күштірек. Қысым болмауы керек.

Ұсынылатын құралдардың тізімі.
* Қуыршақтар (театрлық )
* Суреттер мен кеспелер
* Проектор, слайдтар және фильм үзінділері
* Магниттік тоқта немесе тығыз кардон немесе , киіз (кішкене көлемдегі)
* Ойыншық телевидение

1.3 Өзін-өзі тану сабағында топтық шығармашылық жұмыс
Жалпы адамзаттық құндылықтарды оқушыларға жалпы топтық ойындар, тесттер, драмаланған қалжың, сценалық қойылым және шығармашылық жұмыстар арқылы дарытуға болады. Олар өздерінің болып жатқан жағдайға өз қарым- қатынастарын, өздерінің талаптануларымен шыға отырып әрекет етулері керек . Оқушылар жаратылыстануда қозғалмалы және топтық жұмыстар олардың қуаттарын қажетті іске қарай бағыттауға көмектеседі. Бұл оларды қызықтырады, сонымен бірге бір-бірімен тіл табысуға үйретеді.[5]
Топтық жұмыс - Өзін-өзі тану курсын оқытудың әдістерінің бірі. Оның екі мақсаты бар, екі бөлім атауына сәйкес келетін- топтық және жұмыс . Біз адамдармыз - қоғамдық тіршілік иесіміз, біз өмір сүреміз, ұжымда жұмыс істейміз, ойнаймыз. Біз бір - бірімізге барлық жағдайда да міндеттіміз, сондықтан өзара әрекеттке басқалар мен әлемде үйлесімді өмір сүруге үйренуіміз қажет. Қазіргі кезде мәселелердің көпшілігі түсінбеушіліктен, сенімсіздіктен , төзімсіздіктен, келіспеушіліктен және қорқыныштан туындайды. Балаларды ерте жастан өзара қарым - қатынасқа байланысқа үйрету керек. Сол себептен топтық жұмыс Өзін-өзі тану курсының маңызды бөлімі болып табылады. Енді екінші бөлім атын қарастырып көрейік жұмыс. Негізінен оқушылар мұғалімді тыңдап оқып немесе жазып партада отырады. Қарапайым мектептерде белсенді жұмысты талап ететін күндер аз болады. Зерттеулер көрсеткендей , уақыттың орташа аралығында біз шоғырландырылған кезде үлкендер де , балаларда да ұзақ болмайды, сондықтан оқудың көп бөлігі партада отырып тыңдалады, бұл кезде оқушыларда ақпараттарды есте ұстау, қабылдау мүмкіндігі аз болады. Оқушылардың көпшілігі мектепте оларға қызықсыз екендігіне шағымданады. Басқа жағынан оқушы сабаққа белсенді тартылса, ойындарға қатысып , өзінің шығармашылық жағын көрсетсе, бұл да оларға сабақта не өткендерін есте сақтауларына көмектеседі. Шығармашылық жұмыстың пайдасы айтпастан бұрын оқушыларды өзін- өзі тану сабағын да әдістерге уйретуде қысқаша адам миына жүргізілген зерттеуді қарастырып көрейік. Дәрігерлер мидың екі жарты шардан тұратынын тапқан оң жақ жарты шар, сол жақ жарты шар. Сол жақ жарты шар дененің оң жағын бақылайды, оңжақ- сол жақты. Сол сияқты көптеген адамдарда сол жақ ми шығармашылықпен өнермен музыка мен байланыстырады. Бәрі қызығы біздің көбіміздің мидың сол жақ жарты шары оң жаққа қарағанда көбірек дамыған. Егер біз білім берудің мақсаты- жеке тұлғаның жан -жақты дамуы деп келісетін болсақ, мидың екі бөлігінің идеалы олардың атқаратын қызметіне сәйкес келіп, бір- біріне тепе- теңдңкте ұстауы керек. Бірақ іс сурет салуға келгенде немесе өнердің басқа түрінде көпшілігі өздерінің артистіктерінің жоқ екенін айтады. Осы айтылған кері пікір үнемі соқыр сезімде мекендейді, нәтижесінде біз шынайы да бір нәрсенің суретін салуға немесе бояуға осы тәріздес бір нәрсені істеуге икемсіз болып шығамыз. Сондықтан да оқушыларды шығармашылықпен көп шұғылдануға ынталандыру керек, жеке тұлғаның осы жағын дамытпайынша, оларда жағымсыз көзқарас қалыптасады. Шығармашылық жұмыс бәрінен де бұрын шығармашылық белсенділікті арттырады. Телевидение, бейне көрініс, компьютер ғасырында оқушылар бұрынғыға қарағанда шығармашылықпен аз шұғылданады.. Балаларды қызықтыратын басқа да көп факторлар пайда болуда,бірақ олардың шығармашылық қабілет икемдерін дамытуды оятатын мотивтері аз. Мектепте балаларды сурет салуға, бояуға, жапсыруға үйретеді немесе басқа дағдыларын дамытуға үйретеді, өйткені шығармашылық үрдіс ерте жастан басталу керек. [6]
Мұндай шығармашылық жұмыс елестетуге құлшыныс береді. Елестету- баланың байлығының бір түрі, ол шығармашылыққа және бейнелі ойлауға әкеледі. Қазіргі кезде теледидар көп көретін балалар , елестетуге кедей болып келеді. Шығармашылық жұмысқа тұрақты қатысу осының орнын толтыруға көмектеседі және бұл елестетуге қызмет жасап ынталандырады. Шығармашылық жұмыс өз ойын білдірудің құралы екенін атап көрсету керек. Әрбір жеке тұлға ерекше және оған өзінің жеке тұлға ерекше және оған өзінің ойлары, идеялары, сезімдері берілген. Шығармашылықпен айналысу балаларды өз ойын айтуға жаттықтырады. Сабақтағы шығармашылық үрдіс босаңсуға және қуанышты болуға көмектеседі. Шығармашылықпен айналысу, тек қана көңіл- күйді көтеріп қоймайды, оқушылардың өзін емін - еркін ұстауына әкеледі. Оқушы бүгінгі күні психологиялық қысымға көбірек шалдыққыш,сондықтан мұндай жұмыс ауырлықты сейілтіп, оқыту үрдісінен көп қанағаттанушылық алуға әкеледі.
Шығармашылықтың арқасында оқушыларда өзіне сенімділік сезімі нығаяды. Оқушының сурет салуға, живописпен айналысуды жүзеге асырады. Бұл оларды өз көздерінше өздеріне сенімді болуын арттырады. Әсіресе мектептегі пәндер деп есептейтін оқушылар үшін олар өз туралы жақсы ойлай бастайды, егер оларды өнерге , шығармашылыққа жақсы икемі болса онда өзін- өзі бағалауы артады.

Инсценировканың оқушылары беретіні
- өзіне сенімділік
- шығармашылық ойлау
- жақсы мен жаманның арасындағы айырмашылықты ажырата білу,
- өзінің іс-әрекетімен басқамен келісімсді бола білу.
Топтың жұмысы төмендегідей саналарды дамытуға мүмкіндік жасайдады:
Ынтымақтастық;
Шығармашылық;
Бастамашылдық;
Бірлік, үйлесімділік;
Өз - өзіне сенім;
Командамен жұмыс.

1.4 Өзін-өзі тану сабағында музыка және топпен ән айтудың маңызы
Өлең айтқаннан барлық адам рахат табады деп айту артық. Егер сабаққа өлеңдер тиянақты етіліп алынса, оқытып жатқан құндылықтарды қабылдауды өзінің нәтижелі тиімділігін береді. Музыка және хормен айтылған ән - балалардың құндылықтарды есте сақтауына, сол сияқты сабырлылық пен сүйіспеншілік, қуаныш сезімдерін нығайтатын тиімді әдістердің бірі. [8]
Кез - келген аспапты тиімді пайдалану үшін оның мүмкіндігі мен әсер ету күшін білу қажет. Сондықтан хормен өлең айтуды сабақтың тиімді әдістерінің бірі ретінде ән мен әуен әлемнің бізге, біздің айналамызға қандай әсері бар екенін қысқаша зерттеп көрсек.Мұндай тәжірибелерді ең бірінші атанды индиялық ғалым сәр Джгадос Чанре Боуз. Оның артынан тәжірибесін Марастағы Аннамалай университетінің ботаник кафедрасын басқарушы дәрігер Т.С.Н Сингх жалғастырды. 1950 жылы Сингх тәжірибені су өсімдігі гидриллаға жүргізді, оны ол микроскоп арқылы зерттеді. Ол өсімдік клеткасындағы протоплазмадағы үрдістің ағуын жазып отырды. Өсімдік протоплазмасындағы ағу күн шығатын кезде жедел өсуі байқалған. Сингх гидрилладан 6 фут биіктікке электр камертонын таңертең ерте сағат 6-дан бұрын қояды. Протоплазма ағымын жылдамдап, тәулік ортасындағы жылдамдығымен бірдей болады. Сингх өзінің скрипкада жақсы ойнайтын ассистентіне, гидрилланың жанына келіп ойнауын сұрайды. Ол ойнап біткенше протоплазманың ағуы тағы да жылдамдайды.
Жетістікке шабыттанған ғалым оны әр түрлі өсімдіктер мен жемістерге қолдана бастайды. Ол өсімдіктерді өсудің шарты бірдей болуын қадағалап екі бөлек участокқа өсіреді. Бір ғана өзгешелігі бір участоктағыларға классикалық музыканы жарты сағат ойнатады. Барлық жағдайда да нәтиже тамаша болады. Кейбір өсімдіктерде мысалы, жапырақтары 72 % пайызы үлкен болып өседі және олар музыка берілмеген участоктағы өсімдіктерден 20 % биік болып өскен, бұл тек қана екі айдың ішіндегі өзгеріс еді. Тәжірибе қорытындысына сүйене отырып, доктор Сингх Бихарек ауылшаруашылық жолына: Үйлесімді музыкалық толқындар өсімдіктердің өсуіне,гүлдеуіне пісіп жетілуіне әсер ететініне күдік келтірмейтін факт деп жазды. 60 жылдары тәжірибе алқаптағы дәнді дақылдарға жүргізілді. Пластинкаға жазылған музыка динамика арқылы берілді нәтижесінде өнім аудан бойынша орта есеппен 25 - 60 % - ға жоғары өнім алынды.

Әртүрлі музыкалық аспаптар адамның жеке тұлғаның әр түрлі қырына әсер етеді:
* Физикалық жағдайға мыстан жасалған үрмелі, тоқпалы, электрондық аспатар әсер етеді;
* Сезімге ағаштан жаналған үрмелі және шекті аспаптар әсер етеді;
* Ішкі жан дүниеге әсер беретін арфа, аргон, әуенді ілмек аспаптар үлкен көлемдегі шекті аспаптар;
* Элгардың Мереке ме салтанат маршы циклі;
* Шуберттің әскери маршы
* Родео Копленданың балеті;
Сонымен музыка адамға көмектеседі :
* Өзіңнің ішкі әлеміңді ұғынуға;
* Өзіңе - өзің талдау жасау қабілетін дамытады;
* Рухани тазаруға;
* Жабық күш - қуаттың шығарылуына;
* Ұжымдық сезімді дамытуға
* Басы байлықтан толық құтылу;
* Рухани баю;
Музыка бізді үйлесімділік пен тепе - теңдік жағдайына әкеледі. Үйлесімділік әкелетін таза табиғаттың дыбыстары да болуы мүмкін, бірақ өкінішке орай қалада тұратын адамдарға оны есту қиынға түседі. Біз сол сияқты музыкалық аспаптарда ойналған әуеннен де рахат табамыз: ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әңгімені талдау
Дүниетануды оқытудың ерекшеліктері
Қоғамтану пәнін оқыту әдістері
Мектептегі психологиялық оқытудың ерекшеліктері
Әдебиет сабақтарында дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыстардың түрлері мен әдістемесі
Қазақстан тарихын мектепте оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін көрсету
Тарихты оқытудың әдістемесінің зерттелу деңгейі
Психологияны оқыту әдістемесі психология ғылымының негізгі базалық саласы
Педагогикалық ғылымның құрылымдық элементтері
«Психологияны оқыту әдістемесі» пәні бойынша практикалық сабақтар дәрістер жинағы
Пәндер