Экономикалық жүйе: мәні, элементтері, даму сипаты



Экономикалық жүйе – экономикалық өнімді өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну барысында туындайтын негізгі экономикалық қатынастардың нысаны мен мазмұнын айқындайтын қағидаттардың, ережелердің, заң жүзінде баянды етілген нормалардың тарихи тұрғыда пайда болған немесе белгіленген, елде жұмыс істеп тұрған жиынтығы.
Кеңестік кезеңде саяси құжаттар мен экономикалық жарияланымдарда “әлеуметтік-экономикалық жүйе” және “әлеуметтік-экономикалық саясат” деген терминдерді қолдануды жөн санады. Сол арқылы экономикалық дамудың әлеуметтік мәнін атап көрсетпек болды. Алайда объектінің мұндай атауымен келісуге болмайды, өйткені адамдар үшін және солардың тікелей қатысуымен жұмыс істейді. Экономикалық жүйенің барлық қырларын – экологиялық жағын, аумақтық жағын, әлеуметтік жағын, басқа жақтарын да кешенді түрде алып қараудың маңызы зор. Нарықтық қатынастарға өтпелі кезеңде Экономикалық жүйені ішкі екі жүйе: макродеңгей мен микродеңгей түрінде түсіну кеңінен таралды. Осы тұрғыдан алғанда макродеңгей республикалық заң шығарушы және атқарушы органдар және жергілікті билік органдары ретінде түсінілді.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Экономикалық жүйе: мәні, элементтері, даму сипаты
Экономикалық жүйе - экономикалық өнімді өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну барысында туындайтын негізгі экономикалық қатынастардың нысаны мен мазмұнын айқындайтын қағидаттардың, ережелердің, заң жүзінде баянды етілген нормалардың тарихи тұрғыда пайда болған немесе белгіленген, елде жұмыс істеп тұрған жиынтығы.
Кеңестік кезеңде саяси құжаттар мен экономикалық жарияланымдарда "әлеуметтік-экономикалық жүйе" және "әлеуметтік-экономикалық саясат" деген терминдерді қолдануды жөн санады. Сол арқылы экономикалық дамудың әлеуметтік мәнін атап көрсетпек болды. Алайда объектінің мұндай атауымен келісуге болмайды, өйткені адамдар үшін және солардың тікелей қатысуымен жұмыс істейді. Экономикалық жүйенің барлық қырларын - экологиялық жағын, аумақтық жағын, әлеуметтік жағын, басқа жақтарын да кешенді түрде алып қараудың маңызы зор. Нарықтық қатынастарға өтпелі кезеңде Экономикалық жүйені ішкі екі жүйе: макродеңгей мен микродеңгей түрінде түсіну кеңінен таралды. Осы тұрғыдан алғанда макродеңгей республикалық заң шығарушы және атқарушы органдар және жергілікті билік органдары ретінде түсінілді. Микродеңгей түрлі салалар ретінде ұғынылды. Микродеңгей сонымен қатар меншік нысандары тұрғысынан түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардың жиынтығы ретінде, яғни ірі, орта және шағын бизнестің жиынтығы ретінде де зерделенуі мүмкін. Кез келген басқа жүйе сияқты экономикалық жүйе оның құрамдас нышандарының арасындағы байланыстармен сипатталады. Бұл байланыстар объективті экономикалық заңдардың әсерімен қалыптасады. Сонымен экономикалық жүйе - мемлекеттің экономикалық саясатын жүргізу үшін теориялық тұғырнама ретінде қызмет ететін экономикалық ғылым зерттеуінің күрделі, көп деңгейлі объектісі. Экономикалық жүйеге кешенді көзқарасқа сәйкес оның жұмыс істеуі мен дамуына ықпал ететін бірнеше нышандарды бөліп көрсетуге болады. Оларға мыналар жатады:
* мемлекеттік басқару жүйесіндегі бюрократтану және сыбайлас жемқорлықтың деңгейі;
* адами капитал (халықтың білім, денсаулық деңгейі, т.б.);
* елдің адами капиталының оқшауландырылған бөлігі ретіндегі кәсіпкерлік әлеует;
* өндірістің басқа факторларының жай-күйі олардың іске қосылу дәрежесі;
* әлемдік экономика, оның жай-күйі, даму келешегі, елдің Экономикалық жүйене ықпал ететін негізгі сипаттамалары;
* табиғи ортаның жай-күйі (табиғи әлеует);
* технологиялық аяның жай-күйі;
* ішкі саяси және сыртқы саяси құрылыс;
* қоғамның ақлақтық-адамгершілік ұстындары.
Экономикалық жүйенің ең басты ерекшеліктерінің біріне оның жүргізіліп жатқан түрлендірулерге сылбыр бейімделуін және осымен байланысты дамудағы енжарлықты жатқызуға болады.
Әлемдік экономикалық әдебиеттерде экономикалық жүйені топтаудың кең таралған екі фактор негізінде жүргізіледі:
1. Меншік типтері бойынша;
2. Экономиканы ұйымдастыру типтері бойынша;
Осындай әдістер негізінде экономикалық жүйені төмендегідей типтерге бөледі:
а) дәстүрлі экономика;
ә) әкімшілдік - әміршілдік экономика;
б) еркін бәсекелестік (таза капитализм) нарықтық эконмика;
в) қазіргі нарықтық экономика (қазіргі капитализм) немесе аралас экономика.
Енді осы типтерге толығырақ тоқталайық.
а) дәстүрлі экономика тұйық, оқшау шаруашылыққа негізделелі. Ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырған дәстүр мен салт, қандай тауарды қалай, кім үшін өндіру арқылы анықталады. Экономиканың осы түрі бұрынғы заманға қарағанда, Азия, Латын Америкасы мен Африка елдерінде қазір өте сирек кездеседі.
б) еркін бәсекелестік нарықтық экономика ресурстарға жеке меншіктік және тауар өндірушінің еркін бәсекелік механизмімен сипатталады. Тұлға өзінің барлық материалдық және рухани мүмкіндіктерін өз пайдалығы үшін қолдануға тырысады. Ол күнделікті өмірде қоғам үшін пайда келтіруді ойламайды. Адам тек өзінің мүддесін көздейді, бірақ бұл жағдайда көптеген басқа кездегідей, ол көрінбейтін қолмен, мақсатқа қарай бағыттайды және оның ойында бұл боғандай емес. Өзінің ойлаған мүддесін тіпті саналы түрде көздегенмен де, ол қоғам мүддесіне батымды - ақ жиі қызмет жасайды.
Мұндай экономика ең идеалды экономика ретінде қарастырылады. Еркін (либералды) нарықтық экономиканың негізін қалаушы А.Смит болды. Ол нарықтық экономикаға барынша еркіндік беру қажет деп есептеді. Алайда еркін нарықтық экономиканың нақты қызмет атқаруы көрсеткеніндей, оның бөлінбес серігі - артық өндіру экономикалық дағдарысының үнемі туындауы болып келеді. Экономикалық дағдарыстар тарихын зерттеуі көрсеткендей, олар 1825 жылдан бастап үнемі әрбір 8 - 10 жылда қайталанып отырады. Дағдарыс кезінде саудада тоқырау басталады, нарыққа өтпейтін өнімдер мөлшері көбейіп кетеді, қолма - қол ақшалар айналымнан жойылады, зауыт пен фабрикалар тоқтатылады және жұмысшылар жұмыссыз қалады. Тоқырау жылдарға созылады және экономика бүлінеді.
б) әкімшілдік - әміршілдік экономика. Нарықтық экономикадағы еркін бәсеке және оны тереңірек талдау құбылысы әкімшілдік - әміршілдік экономика теориясының пайда болуына ықпал етті. Әміршілдік экономика теориясының ұраны: Қазіргі өндіргіш күштермен олардың ұғыну бейнесінде, тіпті табиғатымен қарау байқалады. Өндірістегі қоғамдық анархия өндірісті қоғамдық - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық жүйе жайлы ақпарат
Экономикалық жүйе: мәні, элементтері, даму сипаты туралы
Экономикалық жүйе: мәні, элементтері, даму сипаты. Экономикалық жүйенің дамуы үшін қажетті алғы шарттар мен жағдайлар
Экономикалық жүйе: мәні, элементтері, даму сипаты аралас экономикалық жүйе
Сапаны басқару жүйесі жайлы
Экономикалық жүйе: мәні, элементтері және даму сипаты
Экономикалық жүйе: мәні, элементтері, даму сипаты жайлы ақпарат
Экономикалық жүйе: мәні, элементтері, даму сипаты жайлы
Экономикалық жүйе: мәні, элементтері және даму сипаты жайлы
Экономикалық жүйе, мәні, элементтері
Пәндер