Қазақстанның қаржылық жағдайы



Кіріспе

1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мазмұны мен әдістері.
Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі.
Қаржылық жағдайды талдау әдістері.
2. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау.(«Талап» АҚ.ның материалдары негізінде)
Баланс өтімділігін талдау.
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау.
3. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Себебі, кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражаттарын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процессін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті ба,алап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығыны нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.
Қаржылық талдаудың дұрыс жүргізілуі кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен экономикалық дамуына, ең ақырында еліміздің экономикалық өсуіне кері әсерін тигізеді.
1. Методические рекомендации по составлению финансовой отчетноти, Утверждены директором Департамента методологии бухгалтерского учета и аудита. Министерство финансов Республики Казахстан. 21.05.97г.№7 /Бюллетень бухгалтера,1997,№29.
2. Балабанов И.Т. “Анализ и планирование финансов хозяйствующего субъекта”:М:Финансы и статистика,1994
3. В.В.Ковалев “Финансовый анализ” М:Финансы и статистика,2000
4. В.В.Бочаров, В.Е.Леонтьев “Корпорационные финансы” Москва-Харьков. Минск,2002
5. Ковалев А.И.,Привалов В.П. “Анализ финансового состояния предприятия” М:центр экономики и маркетинга,1995
6. К.Ш. Дүйсенбаев, Э.Т. Төлегенов, Ж.Г. Жұмағалиев “Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау “ Алматы. Экономика,2001
7. Н.П.Любушин, В.Б.Лещева, В.Г.Дьякова “Анализ финансово-экономической деятельности предприятия” Москва,2000
8. Шеремет А.Д., Сейфуллин Р.С. “Методика финансового анализа” М: ИНФРАМ,1995
9. Назарбаев Н.А «Казахстан-2030», Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев. Послание Президента страны народу Казахстана.
10. «Қаржы және Қаражат» 7/98, 4/98, 4/2002.
11. «Альпари» 4/42 2004.
12. «Экономист» 2/2004.
13.«Транзитная экономика» 5/2003, 7/2003,4/1999.
14. Антонов Н.Г, Пессель М.А, «Денежное обращение, кредит и банки», - АО
15. «Финстатинформ», 1995.
16. Дүйсенбаев К.Ш, Төлегенов Ә.Т, Жұмағалиева Ж.Г, «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау», Экономика, Алматы 2001.
17. Ивасенко А. Г, «Основные понятия фондового рынка»(портфельные инвестиций); уч.пособие. – Москва: Вузовская книга. – Новосибирск: НГАЭиУ, 1997.
18. Идрисов А.Б, «Планирование и анализ эффективности инвестиций», Москва, 1995.
19. Игошин Н.В, «Инвестиций», Финансы, «Юнити», Москва 2000.
20. Смаилов Ә.А, «ҚР-дағы инвестициялық қызмет», стат.сборник. Алматы 2002.
21. Сидельникова Л, «Методы оценки инвестиций»,М/М. Аудитор, 1996 №2.
22. Уильям Ф. Шарп, Гордон Дж Александер, «Инвестиций», Москва.
23. Инфра-М, 1999.
24. Черкасов В.Е, «Международные инвестиций», Изд. «Дело». Москва 1999.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ СТАТИСТИКА АКАДЕМИЯСЫ
ЖАМБЫЛ ИНСТИТУТЫ

Кафедра: Есеп және аудит

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Қазақстанның қаржылық жағдайы

Орындаған:
Тобы:
Курс:
Қабылдаған:
Қорғауға жіберілді: ________________2006ж.
Бағасы:______________

Тараз – 2007 ж.
Мазмұны
Кіріспе

1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мазмұны мен әдістері.
Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі.
Қаржылық жағдайды талдау әдістері.

2. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау.(Талап АҚ-ның
материалдары негізінде)
Баланс өтімділігін талдау.

Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау.

3. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын
талдаудың маңызы өте зор. Себебі, кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен
жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол
ақша қаражаттарын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану
жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процессін қамтамасыз ете алатын
өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген
және үйлесімді басқару, өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін
оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде
ғана оның қызметін объективті ба,алап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығыны
нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсенділігін арттыруға
бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар
беруге болады.
Қаржылық талдаудың дұрыс жүргізілуі кәсіпорын қызметінің қаржылық
нәтижесі мен экономикалық дамуына, ең ақырында еліміздің экономикалық
өсуіне кері әсерін тигізеді.
Менің мақсатым – кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мәнін,
маңызын ашып көрсету.
Міндетім – осы мәселенің әдебиеттер негіздерінде теориялық аспектілерін
зерттеу, әдістемелік негіздері туралы мағлұматтар беру және оны ұғыну.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мәнін, маңызын ашып көрсету
мақсатында төмендегідей бөлім қарастырғалы отырмын:
1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мазмұны мен әдістері.
2. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау. (“Талап” АҚ-ның
материалдары негізінде)
3. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері.
1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мазмұны мен әдістері.
1.1. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты.

Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын
талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен,
сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестіктер
және де басқа контрагентер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің
нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі
қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі
мен өзінің қарыз міндеттемелерін етілуін көрсетеді.
Ал, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы – бұл тәуекелділіктің мүмкін
болатын деңгейде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай
отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы
кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы.
Нарық жағдайында ол ең бірінші өнімді өткізуден түсетін табыстың
тұрақтылығын талап етеді және оның мөлшері мемлекетпен, жабдықтаушылармен,
несие берушілермен, жұмысшылармен және тағы да басқалармен есеп айрысу үшін
жеткілікті дәрежеде болуы тиіс. Сонымен қатар кәсіпорынның одан әрі дамуы
үшін барлық есеп айрысулар мен барлық міндеттемелерді орындағаннан кейін,
осы кәсіпорында өндірісті дамытуға, оның материалдық-техникалық базасын
жаңартуға және де әлеуметтік климатты жақсартуға және басқаларға мүмкіндік
беретіндей дәрежеде табыс қалуы қажет.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер
етеді. Оларды келесідей түрлерге жіктеуге болады:
1. пайда болу орнына байланысты – ішкі және сыртқы;
2. нәтижесінің маңыздылығына байланысты – негізгі және негізгі емес;
3. құрылысы бойынша – қарапайым және күрделі;
4. әрекет ету уақытына байланысты – тұрақты және уақытша.
Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты
болады. Олар:
кәсіпорынның салалық топқа жатуына;
➢ төленген қаржылық капиталдың мөлшеріне;
➢ шығарылатын өнімнің құрылысы және оның жалпы төлем қабілеттілігі бар
сұраныстағы үлесі;
➢ шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы динамикасы;
➢ қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы
мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы;
➢ кәсіпорындарды басқару тиімділігі.
Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері,
қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар сұраныс
және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты,
кәсіпорынның қызметін бақылау жөнінде заң актілері, сыртқы экологиялық
байланыс және тағы да басқалар жатады.
Кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыруда оның өз
контрагентерімен (салық органдары, банктер, акционерлер, сатып алушылар
және т.б.) өзара қарым-қатынасы үлкен әсер етеді. Әрине, акционерлер өз
жинақ қорларын тұрақты тиімділікке ие және дивиденттерді ұқыпты төлейтін
қаржылық тұрақты кәсіпорындарға салады. Инвестициялық тартымдылығы болуы
үшін, тек бүгінгі күні ғана емес, болашақта да кәсіпорынның қаржылық
жағдайы көршісіне қарағанда жақсы болуы тиіс. Тіпті қаржы органдары,
әсіресе салық инспекциясы кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақты болғаныны
қалайды, себебі тек осындай кәсіпорынның ғана салықтар мен басқа да
төлемдерде уақытылы және толық төлей алады.
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық
жағдайын талдаудың басты мақсаты келесілер болып табылады:
➢ қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;
➢ активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды
таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;
➢ айналым капиталының көлемін, оның өсуін және ағымдағы міндеттемелермен
арақатынасын анықтау;
➢ қаржы-есептік және несие ереелерін анықтау;
➢ кәсіпорынның активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
➢ ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш
және қорлар есебі;
➢ баланстың өтімділік, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және төлеу
қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткішін анықтау;
➢ кәсіпорынның табыстылығын бақылау;
➢ кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткішін, сондай-ақ олардың
деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;
➢ кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;
➢ кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді
болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.
Қаржылық жағдайды таңдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың
қорытындылаушы кезеңі болып табылады және ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау,
өндіріс және өткізу, бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік және
қаржылық қызметі құрайды. Кәсіпорынның қаржылық қызметі – бұл оның осы
қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрылымына
өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз кезеңінде
қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды туғызуды, оның
қабілеттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің үздіксіздігін және
кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

1.2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық
есеп беру болып табылады.
ҚР Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы №2732 “Бухгалтерлік есеп
туралы” заң күші бар Жарлығына сәйкес, 1998 жылдан бастап қаржылық есеп
беруге мыналар жатады:
1. бухгалтерлік баланс;
2. қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп;
3. ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп.
Онда сонымен қатар түсіндірме хат болады. Онда, берілген субъектінің
есеп және есеп берудің қандай саясатын ұстап отырғандығы және қаржылық
есепті пайдаланушылардың талаптарына сай басқа да ақпараттар жазылуы тиіс.
Нарықтағы географиялық сегменттер, сомалық ерекшеліктер, қызмет түрлері
туралы ақпараттар, баға өзгерісінің әсері туралы мәліметтер және басқалары
қосымша ақпарат ретінде қарастырылады.
Қазіргі кезде бізде қолданылып жүргек отандық қаржылық есеп негізгі
шамалары бойынша халықаралық есеп стандартылық талаптарына сай келеді.
Қаржылық есеп негізінен өтелген жағдайлардың қаржылық нәтижелерін және
де кәсіпорын үшін инвестициялық шешімдер мен несие беру бойынша шешімднрді
шешу үшін, осы объектілерге сеніп тапсырылған ресурстар мен басқарушы
органдардың жұмыстарымен байланысты ресурстар мен міндеттемелерді бағалау
үшін қажетті пайдалы ақпараттарды сипаттайды. Алайда қаржылық есеп
қолданушыларға экономикалық шешімдерді қабылдау үшін қажетті барлық
ақпараттарды қамтиды.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін
бухгалтерлік баланс атқарады.
Бухгалтерлік баланс – есепті кезеңдегі кәсіпорын мүлкінің құрамы мен
құрамын, ағымдағы активтердің айналымдылығы мен өтімділігін, меншікті
капитал мен міндеттемелердің қолда барын, дебиторлық және кредиторлық
борыштың динамикасы мен жағдайын және кәсіпорынның несие қабілеттілігі мен
төлеу қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік береді.
Бухгалтерлік баланс екі бөліктен: актив және пассивтен тұратын кесте.
Активтер - бұл кәсіпорынның иелігіндегі алуға тиісті мүлкі.
Пассивтер бұл - кәсіпорынның өзінің біреуге берешек қарызы және
борышы. Активтер сомасы әрқашанда пассивтер сомасына тең болуы тиіс.
Баланс бухгалтерлік есептің “Бухгалтерлік баланс және қаржылық есеп
берудегі негзгі анықтаулар” №2 стандартымен анықталады. Ол активтердің
меншікті капитал және міндеттемелердің мәнін анықтайды, сондай-ақ қаржылық
есеп беруде анықтауға жататын ақпараттарға деген талаптардан тұрады.
БЕС-2 және қаржылық есепті жасаудың әдістемелік нұсқаулары негізінде
құрастырылған бухгалтерлік баланс көлденең түрінде 1-кестеде көрсетілген
көрсеткіштерден тұрады.
1-кесте

БЕС-2 негізінде құрастырылған бухгалтерлік баланс

Активтер Меншікті капитал және
міндеттемелер
1 2
1. Ұзақ мерзімді активтер 1. Меншікті капитал
Негізгі құралдар: - жарғылық капитал
- жер - дивиденттер
- құрылыстар мен ғимараттар Қайта бағалау сомасы
- машиналар мен жабдықтар негізгі құралдар
инвестициялар
- басқа негізгі құралдар Резервтік капитал
жинақталған тозуы Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)
аяқталмаған күрделі құрылыс
Материалдық емес активтер: Жиыны:
- гудвилл 2. Ұзақ мерзімді міндеттемелер
- патенттер, тауарлық белгілер - қайтарылуы қамтамасыз етілген
және басқалар несиелер
- материалдық емес активтердің - қайтарылуы қамтамасыз етілмеген
амортизациясы несиелер
Инвестициялар: - негізгі шаруашылық серіктестігі
- еншілес серіктестерге мен оның еншілес серіктестерінің
инвестициялар бір-біріне берілген несиелері
- тәуелді серіктестерге - кейінге қалдырылған салықтар
инвестициялар
- басқадай инвестициялар Жиыны:
Дебиторлық борыш: 3. Ағымдағы міндеттемелер
- алынуға тиісті борыштар - қысқа мерзімді несиелер және
овердрафт
- алынған вексельдер - ұзақ мерзімді несиелердің
ағымдағы бөлігі
- ішкі топтық операциялар - кредиторлық борыш
нәтижесінде пайда болған негізгі
шаруашылық серіктестігі мен оның
еншілес серіктестерінің арасындағы
дебиторлық борышы
- акционерлік қоғамның лауазымды - төлеуге тиісті вексельдер және
тұлғаларының дебиторлық борышы шоттар
- басқадай дебиторлық борыштар
-алдағы кезең шығындары
Жиыны: - сатып алушылар мен тапсырыс
берушілерден алынған аванстар
2. Ағымдағы активтер
- тауарлы-материалдық қорлар - салықтар бойынша борыш
- алдағы кезең шығындары - төлеуге тиісті дивиденттер
ақша қаражаттары - негізгі шаруашылық серіктестігі
қысқа мерзімді қаржылық мен оның еншілес серіктестерінің
инвестициялар арасындағы борыш
- дебиторлық борыш: -акционерлік қоғамның лауазымды
тұлғаларына борыш
- ағымдағы активтерді сатып алуға - басқадай несиелік борыш
қажетті аванстық төлемдер
алуынуға тиіс шоттар - төленуге берілген шығындар
алынған вексельдер
- ішкі топтық операциялар - алдағы кезең кірістері
нәтижесінде пайда болған негізгі
шаруашылық серіктестігі мен оның
еншілес серіктестерінің арасындағы
борышы
- акционерлік қоғамдағы лауазымды - алдын ала қарастырылмаған
тұлғалардың дебиторлық борышы жағдайға байланысты бөлінген
төлемдер
Жиыны: Жиыны:
Барлығы: Барлығы:

Тікелей түрде қарастырылған баланс 5 бөліктен тұрады:
1. ұзақ мерзімді активтер;
2. ағымдағы активтер;
3. меншікті капитал;
4. ұзақ мерзімді міндеттемелер;
5. ағымдағы міндеттемелер.

Баланс қаржылық есеп беруде үш элементті сипаттайды: активтер, меншікті
капитал және міндеттемелер. Қалған екі элемент – табыс және шығын- қаржы-
шаруашылық қызметі нәтижелері туралы есеп беруде көрсетіледі.

Қаржылық жағдайды талдау барысында тек бухгалтерлік баланс
мәліметтеріне ғана сүйенуге болады. Бұндай тәсіл біршама қарапайымдау,
себебі бухгалтерлік баланс кемшілік пен шек қоюшылықтан алда емес, олардың
ең маңыздылары келесілер:
1. Баланс табиғаты жағынан тарихи сипатта болады. Баланста келтірілген
мәліметтер оны құрған кезеңдегі шаруашылық қызметінің нәтижесін
көрсетеді.
2. Баланс кәсіпорын қаржысында және міндеттемелерінде статус-квоны
сипаттайды, яғни пайдаланылып жүрген есеп саясатына сай сол кезеңде
кәсіпорын жалпы қандай жағдайда тұр деген сұраққа жауап береді, бірақ бұл
жағдайға ненің нәтижесінде жеткеніне жауап береді.
3. Баланста салыстырмалы шаруашылық аралық талдау жүргізу үшін қажетті база
жоқ.
4. Баланста кәсіпорынның қаржылық айналымы туралы мәлімет жоқ.
5. Баланс есепті кезеңнің басы мен соңындағы мезгілдік мәліметтердің
жиынтығы болып табылады, яғни онда осы балансты толтыру кезіндегі
шаруашылық операцияларының жиынтығы жазылып отырады. Ол кәсіпорынның
есепті кезең ішіндегі мүмкіндік жағдайын көрсетпеу.
6. Баланста кәсіпорынның активтерін сатып алуда тарихи бағана қолдану
принципі жүргізіледі, ол мүліктің жалпы алғанда нақты бағасын едәуір
дәрежеде бұрмалайды.
7. Баланс және қаржылық есеп берудің басқа да нысандары шаруашылық
субъектісі қызметінің барлық жақтарын толығымен көрсетпейді.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жүргізгенде баланс
көрсеткіштерімен қатар қаржылық есеп берудің басқа да нысандарының
көрсеткіштерін қолдану қажет, әсіресе кәсіпорынның жыл бойы барлық табыс
сомасын осы кәсіпорынның өзінің қызметін жүргізу үшін жұмсалған барлық
шығындар сомасымен салыстырудан тұратын қаржы-шаруашылық қызметінің
нәтижесі туралы есепті қолдану керек, онда капитал қозғалысы және есепті
кезеңдегң субъектінің қаржылық нәтижесі көрсетіледі.
Субъект қызметінің қаржылық нәтижесі туралы есеп бухгалтерлік есетің №3
“Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп” стандартымен
анықталады. Онда заңды тұлғаларды рет-ретімен құру және ұсыну мақсатында
қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі жөніндегі есептің баптарын жіктеу және
есепке алудің тәртібі көрсетіледі, бұл өз кезегінде заңды тұлғалардың әр
мезгілдегі есептік кезеңдердегі қаржылық есебі мен түрлі заңды тұлғалардың
қаржы есептерін салыстыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ стандарт, негізгі қызметтен алынған табыс пен шығынды,
төтенше жағдайлардан және тоқтатылған операциялардан болатын табыс пен
зиянды, сондай-ақ есеп кезіндегі есептік бағаның, есеп саясатының
өзгеруінен және қаржылық есептегі елеулі қателерді түзетіден болатын әр
түрлі табыс және шығыстарды ашудың тәртібін анықтайды.
Осылайша кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп,
қаржылық есептің қалған екі элементі туралы – яғни табыс пен шығындар
туралы мәліметтерден тұрады.
№3 “Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі” ҚР шаруашылық
субъектілерінің қаржылық есеп берудегі жаңа үлгі болып табылады. Бұл
есепті кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі ақша қаражаттарының көздері
анықталады және оларды пайдалану жолдары көрсетіледі. Кәсіпорынның есепті
кезеңіндегі жұмсалған ақша қаражаттарын жабу үшін негізгі қызметтен
алынатын қаражаттары жеткілікті ме, соны көрсетеді. Ол сондай-ақ
қолданушыларға кәсіпорынның қаржы жағдаындағы өзгерістерін бағалауға
мүмкіндік береді.

3. Қаржылық жағдайды талдау әдістері.

Соңғы кездері мерзімді баспа сөздерде, сондай-ақ жеке басылымдарда
қаржылық талдауды жүргізу бойынша бірқатар әдістемелік бірқатар әдістемік
ұсыныстар жарық көрді. Бұл еңбектің авторлары кәсіпорынның қаржылық
жағдайын және оның жеке көрсеткіштерін талдаудың әр түрлі әдістемелерін
ұсынып отыр. Бұл әдістемелердің көпшілігінде олардың маңызды ерешелігі
болып табылатын, кәсіпорынның қаржылық жағдайының біздің отандық тәжірибеде
қолданылмаған жаңа көрсеткіштердің жүйесін толық талдауда.
Ондаған жылдар бойы барлық басқару деңгейлерінде және кәсіпорынның
өзінде пайдаланылып келген қаржылық жағдайларды талдаудың қалыптасқан
әдісінің, шаруашылық жүргізудің әкімшілік жүйесінің жұмыс істеу жағдайда
және негізінен орталықтандырылған көздерден қаржыландырылатын мемлекеттік
меншік үшін, сондай-ақ уақытша тартылған қаржыларын және басқаларды
мөлшерлеу мақсатында қолданылғаны түсініңті. Бұл жағдайлар шаруашылық
жүргізудің тиімділігіне бағытталан басқарушылық шешімдерді қабылдауға
кәсіпорынның дербестігін тежеп отырады және нарықтық қатынастар және
кәсіпшілік қызметпен мүлдем үйлеспейді.
Бұрынғы қолданылып келген талдау әдістемесінде әр түрлі баптардың
мәндерін, баланс бөлімі мен топтарының жиындарын олардың мөлшерлік
көлемдерімен салыстыру, мөлшерден ауытқуын зерттеу, бұл ауытқулардың
кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығына қалай әсер етуін зерттеу
шешімі роль атқарады. Жаңа қаржылық есептің маңызды ерекшелігінің бірі –
онда жоспарлық көрсеткіштер мен нормативтердің жоқтығы болып табылады.
Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережелерін
қалыптастырады. Олардың ішінен алты негізгі әдісті бөліп қарастыруға
болады:
1. көлденең талдау;
2. тікелей талдау;
3. трендік талдау;
4. салыстырмалы талдау;
5. факторлық талдау;
6. қаржылық коэффициенттер әдісі.
Көлденең (уақытша) талдау – есеп берудің әрбір позициясын өткен
кезеңімен салыстыру. Ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы бухгалтерлік
есептің түрлі баптарының абсолюттік және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға
мүмкіндік береді.
Тікелей (құрылымдық) талдау - әрбір есеп позициясының жвлпы нәтижеге
тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткіштердің
құрылымын анықтау. Ол жалпы баланс немесе оның бөлімдері бойынша қорытынды
көрсеткіштегі жеке баптарының үлес салмағын анықтауға мүлік береді.
Тікелей және көлденең талдаулар бірін-бірі толықтырып отырады.
Сондықтан да есептік бухгалтерлік үлгі құрылымы секілді оның жеке
көрсеткіштерінің динамикасын да сипаттайтын кестелерді жиі жасайды.
Трендік талдау барлық көрсеткіштер 100% деп алынатын базистік жыл
деңгейін, бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы көрсеткіштерінің
салыстырмалы ауытқуын есептеуге негізделеді. Басқаша айтқанда, трендік
талдау әрбір есеп позициясын бір қатар өткен кезеңдермен салыстырады және
трендті, яғни жеке кезеңдердің дербес ерекшеліктері мен кездейсоқ әсерлерін
тазартылған көрсеткіш динамикасының негізгі тенденциясын анықтауды
көрсетеді. Трендтің көмегімен болашақтағы көрсеткіштердің мүмкін болатын
маңызы қалыптасады, ал одан кейін перспективті, болжамдық талдау
жүргізіледі.
Коэффициенттер салыстырмалы шамалар болып табылады, оларды есептеу
кезінде шамалардың біреуін бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке
қатынасы ретінде көрсетеді. Қаржылық коэффициенттерді есептеу баланстың
жеке баптарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген. Олар
кәсіпорынның қаржылық жағдайын кезекті факторлық талдау үшін алғашқы база
болып табылады және де олар талдау нәтижесінде талдау жүргізушіге жасырын
құбылыстарды ашуға мүмкіндік беретін екі шаманың арасындағы өзара
мтематикалық қатынастарды көрсетеді.
Салыстырмалы талдау – бұл фирмалардың, еншілес фирмалардың,
бөлімшелердің және цехтардың жекеленген көрсеткіштері бойынша есебінің
құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішінде талдау, сондай-ақ берілген
фирмаларлың көрсеткіштерін орташа салалық және орташа жалпы экономикалық
мәліметтері бар бәсекелес фирмалардың көрсеткіштерімен салыстырғандағы
шаруашылық аралық талдау болып табылады.
Факторлық талдау – бір жекелеген фактордың қорытынды көрсеткішіне
тигізетін әсерін зерттеудің детермендік немесе реттелмеген тәсілдері
көмегін талдау. Сонымен қатар факторлық талдау қорытынды көрсеткіштерді
оның құрымдас бөліктеріне жіктелгенде – тура, ал оның жеке элементтерін
жалпы қорытынды көрсеткіштерге біріктіргенде ол –кері (синтез) болуы
мүмкін.

1. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау.
2.1. Баланс өтімділігін талдау.

Баланс өтімділіг талдау мәселесін қарастырар алдында, жалпы
активтердің, баланстың және көрсеткіштердің “өтімділіг” анықтап алу керек.
Өтімділіктің екі тұжырымдамасы белгілі. Бірінші тұжырымдама бойынша
өтімділік – кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу
қабілеттілігі ұғынылады. Екінші тұжырымдама бойынша өтімділік – бұл
ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналуға дайындығы мен жылдамдығы.
өтімділік кәсіпорынның сөзсіз төлем қабілеттілігін білдіреді және активтер
мен міндеттемелердің арасындағы жалпы сомасы бойынша да, кеілп түсу уақыты
бойынша да әрдайым теңдікті көрсетеді. Кәсіпорынның өтімділігі шын мәнінде
баланс өтімділігін көрсетеді.
Баланс өтімділігін талдаудың мәні – активтегі өтімділік дәрежесі
бойынша топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелермен салыстырады.
Актив пен пассив баптары белгілі бір тәртіппен топталады, - өтімділік
жоғарылардан бастап өтімділігі төменгілерге (актив), яғниөтімділігінің
төмендеу тәртібі бойынша қайтару уақыты ұзақтардан қайтару уақыты
қысқарғанға қарай (пассив), яғни қайтару уақытын жоғарлату тәртібі бойынша
болады. Кейде керісінше тәртіп болуы да мүмкін, мысалы батыс европалық
елдерде осыны қолданады.
өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына
байланысты кәсіпорын активтері келесідей топтарға бөлінеді.
А1 Ең өтімді активтер. Әлемдік тәжірибеде бұларға кәсіпорынның ақша
қаражаттарының барлық баптары мен құнды қағаздары жатады. Бұлар айналым
қаражаттарының ең мобильді бөлігі. Ақшамен бірден есеп айрысуға болады, ал
құнды қағаздар қолма-қол ақшаға тез айналады.
А2 Тез өткізілетін активтер. Бұған қысқа мерзімді дибеторлық борыш
басқа да активтерді жатқызады.
А3 Баяу өткізілетін активтер. Баланс активінің екінші бөлімінің
“Тауарлы- материалдық қорлар” бабы және бірінші бөліміндегі “Ұзақ мерзімді
инвестициялар” бабы жатады.
Бірақ бұл кезе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлемдік қаржы дағдарысы
Банк қызметін қадағалау және рейтингтік бағалаудың ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар
Қазақстан экономикасын аймақтық басқару
Қаржылық талдаудың пәні, мазмұны және міндеттері
Қаржылық есеп беруді жасау және ұсыну
Банктік тәуекелдерді төмендету әдістері
Жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі жинақтаушы зейнетақы қорлары
Қазақстан Республикасында қаржы нарығы
Банк қызметкерлеріне банктік несиелерді ұсыну шарттары
Қаржы тұрақтылығының біріктірілген индексі базасында банк жүйесінің қаржы тұрақтылығын бағалау
Пәндер