Зейнетақы қорының мәні, қалыптасу тарихы



«Зейнетақы» сөзінің орысша баламасы¬ «пенсия» сөзі төлем деген мағына білдіреді. С.И.Ожеговтың орыс тілінің түсіндірме сөздігінде «зейнетақы» сөзі- не мынадай анықтама берілген: «еңбек сіңірген жылдары үшін, мүгедектігіне, еңбекке жарамсыздығына және тағы басқасына байланысты ақшалай ақысыз- дандыру».
Кеңестік кезеңнің заң әдебиетінде «зейнетақы» сөзіне түрліше анықтама берілген. Алғаш рет зейнетақы сөзіне 1946 жылы Е.И.Астрахан анықтама берді. Оның пікірінше, зейнетақы – бұл «қызметкерді, жұмысшыны не оның отбасын оның еңбек қызметінің белгілі бір үлкен мерзімнің аяқталуына немесе оның то- лыққанды қызметкерлер қатарынан өмір бойына шығуына орай материалдық қамсыздандыру мақсаттарында әлеуметтік сақтандыру қаражаты есебінен жүзе- ге асырылатын мерзімдік төлемдер».
Қазіргі кезде зейнетақы қандай да бір себептермен еңбекке қабілетін жо- ғалтқан, белгіленген жасқа толуына, мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуы- на және тағы басқа себептерге орай еңбек міндеттерін орындауды тоқтатқан немесе оны тоқтату құқығына ие тұлғалар үшін тағайындалады. Басқаша айтар болсақ, зейнетақыны тағайындау объективтік, сонымен қатар субъективтік си- паттағы белгілі бір талаптармен байланысты. Зейнетақыны мемлекеттің сыйы ретінде, қайырымдылық әрекеті ретінде қарастыруға болмайды, себебі зейнет- ақы – бұл әрбір азаматтың еңбегімен табылған жеке меншігі, оның зейнетақыға қатысты құқығы заңдармен қорғалады. Зейнетақы мынадай қағидаға жауап бе- руі тиіс: адам өз өмірінде қалай жұмыс істесе, ол солай зейнетақы алуы тиіс.
Одан әрі еңбек зейнетақыларын алудың жағдайларын өзгерту көзделуде – белгілі бір жасқа толумен қатар қандай да бір зейнетақы қорына зейнетақы жар- наларын міндетті түрде төлеу қажет болады.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Лайықты қарттықты материалдық жағынан қамтамасыз ету дүние жүзінің
барлық елдері үшін, соның ішінде экономикалық тұрғыдан дәулетті елдер үшін
де көкейкесті мәселе. Бұған мемлекет пен азаматтың, жұмыс беруші мен
қызметкердің, ата–аналар мен балалардың әлеуметтік және экономикалық өз-
ара қарым–қатынастарының эволюциясына байланысты халықтың жалпы са- нындағы
қарт азаматтар үлесінің табиғи түрде ұлғаюы негіз болып отыр.
Көптеген ресейлік және халықаралық экономистер мен қаржыгерлер
Қазақстанның зейнетақы жүйесін ең прогресшіл жүйелердің бірі деп атап көр-
сетеді, оның дамуына ерекше назар аударып қадағалап, зертей келіп, әлеумет-
тік қамсыздандыру жүйесін өз елдерінде енгізуді ұсынады.
Еліміз Президентінің бастамасымен тәуелсіз жас мемлекетіміз өтпелі қиын
кезеңде мемлекеттік құрылыстың күрделі мәселелерінің шешімі ретінде шын
мәнінде революциялық қадам жасаған еді. Жеті жарым жылдан бері жұ- мыс
істеп келе жатқан, Чили мемлекетінен көшіріп алынған жинақтаушы зей- нетақы
жүйесі таңдап алған сол жолымыздың дер кезділігін және дұрыстығын дәлелдеп
отыр. Зейнетақы жүйесі әлеуметтік сұрақтармен қатар экономикалық сұрақтарды
шешуге көмектеседі.
Қазақстан Республикасы қаржыгерлерінің V конгресінде сйлеген сөзінде
елбасы Қазақстанның қаржы секторы бүгінде кеңестік кезеңнен кейінгі кеңіс-
тікте жалғыз дара болып отырған жинақтаушы зейнетақы жүйесімен мақтана
алады деп атап көрсетті.
Менің курстық жұмысымның тақырыбы Қазақстан Республикасы жинақ- таушы
зейнетақы қорларының қызметін талдау. Сондықтан бұл курстық жұ- мыста мен
мынандай мәселелерді қарастыруды көздеп отырмын:
- зейнетақының жалпы сипаттамасы, түрлері және тағайындау тәртібі;
- Қазақстан Республикасында зейнетақы қорларының қалыптасуы мен даму
кезеңдері;
- зейнетақы қорларының құқықтық негізделуі;
- зейнетақы реформасы;
- Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы қорларының қыз- метін
талдау;
- жинақтаушы зейнетақы қорларында туындайтын мәселелер;
- зейнетақы қорларын жетілдіру бағыттары.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық қызметін зерттеу оның
ерекшеліктері мен маңызды белгілерін айқындауға мүмкіндік береді. Рес-
публикада жинақтау зейнетақы қорларының қаржы нарығының жеткіліксіз дамуы,
инвестициялаудың жоғары деңгейдегі тәуекелділігі және заңдылық ба- засының
жетілмегендігінен инвестициялық қызметтің мүмкіншілігі шектелген.
Осындай және тағы басқа жинақтаушы қорларында туындайтын мәселелерді,
еліміздегі зейнетақы ативтерінің көлемін олардың өзгерісін, жалпы 2004–2006
жылдардағы қорлардың қызметін, заңдылық базаға енгізілген өзгерістер мен
толықтырулар және тағы басқаларын осы курстық жұмысымда қарастырамын.

1 ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНЫҢ МӘНІ, ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ (тема)

1.1 Зейнетақының жалпы сипаттамасы, түрлері және тағайындау тәртібі

Зейнетақы сөзінің орысша баламасы пенсия сөзі төлем деген мағына
білдіреді. С.И.Ожеговтың орыс тілінің түсіндірме сөздігінде зейнетақы
сөзі- не мынадай анықтама берілген: еңбек сіңірген жылдары үшін,
мүгедектігіне, еңбекке жарамсыздығына және тағы басқасына байланысты
ақшалай ақысыз- дандыру.
Кеңестік кезеңнің заң әдебиетінде зейнетақы сөзіне түрліше анықтама
берілген. Алғаш рет зейнетақы сөзіне 1946 жылы Е.И.Астрахан анықтама берді.
Оның пікірінше, зейнетақы – бұл қызметкерді, жұмысшыны не оның отбасын
оның еңбек қызметінің белгілі бір үлкен мерзімнің аяқталуына немесе оның то-
лыққанды қызметкерлер қатарынан өмір бойына шығуына орай материалдық
қамсыздандыру мақсаттарында әлеуметтік сақтандыру қаражаты есебінен жүзе-
ге асырылатын мерзімдік төлемдер.
Қазіргі кезде зейнетақы қандай да бір себептермен еңбекке қабілетін жо-
ғалтқан, белгіленген жасқа толуына, мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуы-
на және тағы басқа себептерге орай еңбек міндеттерін орындауды тоқтатқан
немесе оны тоқтату құқығына ие тұлғалар үшін тағайындалады. Басқаша айтар
болсақ, зейнетақыны тағайындау объективтік, сонымен қатар субъективтік си-
паттағы белгілі бір талаптармен байланысты. Зейнетақыны мемлекеттің сыйы
ретінде, қайырымдылық әрекеті ретінде қарастыруға болмайды, себебі зейнет-
ақы – бұл әрбір азаматтың еңбегімен табылған жеке меншігі, оның зейнетақыға
қатысты құқығы заңдармен қорғалады. Зейнетақы мынадай қағидаға жауап бе-
руі тиіс: адам өз өмірінде қалай жұмыс істесе, ол солай зейнетақы алуы
тиіс.
Одан әрі еңбек зейнетақыларын алудың жағдайларын өзгерту көзделуде –
белгілі бір жасқа толумен қатар қандай да бір зейнетақы қорына зейнетақы
жар- наларын міндетті түрде төлеу қажет болады.
Сонымен, зейнетақы – бұл тұлғаларға заңдарда белгіленген жасқа толған
жағдайда, сонымен қатар еңбек сіңірген жылдары үшін, мүгедектігіне байла-
нысты, асыраушысынан айырылған жағдайда Орталықтан немесе жинақтаушы
зейнетақы қорларынан өмір сүрудің негізгі көзі ретіндегі ақша қаражатын
ұзақ мерзімге ай сайын төлеу.
Қазақстан Республикасында зейнетақылардың келесі түрлері төленеді:
1. еңбек зейнетақылары;
2. әлеуметтік зейнетақылар.
Еңбек зейнетақысы – бұл азаматтарға жалақысын немесе өзге де табысын
өтеу мақсаттарында төленетін ай сайынғы ақшалай төлем. Еңбек зейнетақы-
сына қатысты құқық зейнетақы заңдарының шарттарымен және нормаларымен
анықталады.
Еңбек зейнетақылары өз кезегінде келесі түрлерге бөлінеді:
- жасына байланысты зейнетақылар;
- мүгедектігі бойынша зейнетақылар ;
- еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақылар;
- асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақылар.
Жасына байланысты еңбек зейнетақысы және мүгедектігі бойынша еңбек
зейнетақысы екі бөліктен тұрады: негізгі және жинақтаушы.
Жоғарыда аталған азаматтардың отбасыларының еңбекке жарамсыз мүше- лері
заңдарда көзделген жағдайларда асыраушысынан айырылуына байланысты еңбек
зейнетақысына құқықты иеленеді. Егер заңда және халықаралық шарт- тарда
өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын
шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ тұлғалар да зейнетақы алуға құқылы.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әртүрлі зейнетақылар алуға
құқығы бар азаматтарға олардың таңдауы бойынша бір зейнетақы та-
ғайындалады.
Жасына, мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына байланысты және ең- бек
сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақылар осы тұлға белгіленген жас- қа
толған кезде және еңбек стажы (жалпы немесе арнайы) болған жағдайда,
сонымен қатар жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын
төлеген жағдайда тағайындалады. Еңбек және өзге де қоғамға пайдалы қызмет-
пен байланысты зейнетақылар орташа белгіленген нормалар бойынша жалақы- дан
есептеледі. Зейнетақы қатаң сомада тағайындалады.
Әлеуметтік зейнетақылар қандай да бір себептермен зейнетақының өзге
түрлерін алу құқығын иеленбеген азаматтар үшін тағайындалады. Әдетте, әлеу-
меттік зейнетақылар зейнетақылық жасқа жеткен, бірақ қажетті еңбек стажы
жоқ тұлғаларға тағайындалады. Мұндай жағдайда зейнетақы жалақыдан есепте-
ле алмайтындықтан, ол тиісті зейнетақы ең төменгі мөлшерінде белгіленеді.
Зейнетақылық қамсыздандыруды халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі мемле-
кеттік органдар жүзеге асырады.
Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы арыз зейнетақы тө-
лемдерін есептеу үшін қажетті стажы мен табысын растайтын құжаттармен қоса
азаматтың тұрғылықты жері бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындаушы органға
беріледі. Орталықтан зейнетақы төлемдері зейнетақы тағайындауға өтініш
берілген күннен бастап тағайындалады. Орталықтан зей- нетақы төлемдерін
тағайындауды зейнетақы төлемдерін тағайындаушы орган Қазақстан
Респуликасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүргізеді.
Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындауға арналған құжаттарды
қарауды халықты әлеуметтік қорғау органы құжаттар табыс етілген күннен бас-
тап 10 күн мерзімнен кешіктірмей жүзеге асырады. Зейнетақы төлемдерін та-
ғайындаушы органы тиісті шешім шығарылғаннан кейін 5 күннен кешіктірмей бұл
туралы арыз берушіге хабарлайды.
Орталықтан зейнетақы төлемдері өткен ай үшін төленеді. Зейнетақының
мөлшері өзгеруі мүмкін. Зейнетақы мөлшерінің көтерілуіне құқық туындаған
немесе оның мөлшерін жоғарлату туралы шешім қабылданған жағдайда зейнет-
ақының жаңа мөлшерін төлеу зейнеткерге зейнетақының мөлшерін көбейту ту-
ралы арызына барлық қажетті құжаттарды ұсына отырып берген айынан кейінгі
келесі айдың бірінші күнінен бастап төленеді. Зейнетақының мөлшері азайтыл-
ған жағдайда зейнетақының жаңа мөлшері тиісті жағдайлар туындаған айдан
кейінгі келесі айдың бірінші күнінен бастап төленеді.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары елдің зейнетақы жүйесінің тек бір деңгейі
ғана емес, сонымен қатар оның орталық буыны да болып табылады. Зейнетақы
жүйесін реформалау мақсаттарында біздің мемлекетіміз Қазақстан Республика-
сының Зейнетақы қорын Зейнетақыларды төлеу жөніндегі мемлекеттік орта-
лыққа өзгертті және жинақтаушы зейнетақы қорларының жүйесін құрды. Жи-
нақталатын жеке зейнетақы қаражаттарын қалыптастыру үшін жинақтаушы
зейнетақы қорларының екі түрі құрылды: мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы
қоры (МЖЗҚ) және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры (МЕЖЗҚ).
1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдайы бойынша, кем дегенде алты айлық еңбек
стажына ие азаматтар зейнетақыны толыққанды жүйеден де және егер
зейнетақылық жарналарды төлеп отырса, жинақтаушы зейнетақы қордан да алатын
болады. 2045 жылға қарай зейнетақыларды төлеу жөніндегі мемлекеттік
орталықтан барлық төлемдердің тоқтатылуы және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне
толығымен ауысу жоспарлануда, бұл кезде зейнетақылар тек жинақ- таушы
зейнетақы қорларынан төленеді. Зейнетақымен қамсыздандырудың қа- зіргі
кездегі жүйесінің ерекшеліктері болып мыналар табылады:
- зейнетақылық төлемдер бұрынғыдай ұрпақтар арасында емес бір ұрпақ-
тың өз ішінде ғана көзделген, яғни әрбір азамат еңбекке қабілетті
жа- сында өз қаражатынан болашақ зейнетақыға жарналар салады;
- зейнетақы қоры жинақ қорлаоына, инвестицияларға және зейнетақы
төлемдеріне өзі билік жасайды;
- мемлекет әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж тұлғаларға тек әлеуметтік
зейнетақыларды береді, бюджет қызметкерлері үшін зейнетақы жарна-
ларын есептейді және жеке зейнетақы жүйесінің заңды жұмысының ке-
пілдігін қамтамасыз етеді.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшылармен – болашақ зейнеткер- лермен
жұмысты ұйымдастырады, олармен зейнетақы шарттарын жасайды, зейнетақы
жарналарын жинауды жүзеге асырады, зейнетақы жарналарына және инвестициялық
табысқа жеке есеп жүргізеді. Қордың салымшылар алдындағы міндеттемелері
зейнетақы шарттарынан көрініс табады, бұлар өз кезегінде зей- нетақылық
жасқа толған кезде де, заңдарда көзделген жағдайларда да жинақ- талған
зейнетакы қаражатын алу құқығын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, қор өз
қызметі үшін комиссиялық сыйақы алады, өз салымшыларының және мемлекеттік
органдардың алдында есеп береді, зейнетақы төдемдерін төлейді. Соған қоса,
қор халықтың алдында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, шағымдар мен
өтініштерді қарайды, салымшының өліміне, оның шетелге шығуына байла- нысты
мәселелерді шешеді . Жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшылардың ақшаларына
билік жүргізе алмайды. Олардың ақшалары банк-кастионда сақта- лады.
Зейнетақы активтерімен жасалатын кез келген операциялар мен мәміле- лер,
салымшылардың мүддесі үшін жасалуы тиіс. Банк-кастиоданның тікелей мақсаты
– салымшылардың бағалы қағаздары мен ақшалй қаражаттарын сақ- тау,
зейнетақы активтерімен жасалатын мәмілелердің жүргізілуінің заңдылығы- на
бақылауды жүзеге асыру. Банктің зейнетақы қорының алдындағы зейнетақы
активтерінің сақталуына байланысты жауапкершілігі банктің өз капиталымен
кепілденеді [6,65б.].

1.2 Қазақстан Республикасында зейнетақы қорларының қалыптасу тарихы
және оның деңгейлері

Қазақстанда 90-жылдары өзгеше жағдай орын алды. Бұд кезде өндіріс құл-
дырап, жұмыссыздық пайда болды, оның деңгейі күн санап өсе бастады, еңбек-
тің көлеңке нарығы бірден кеңейіп, жалақы мөлшері біршама төмендеді, тіпті
қызметкерлерге жалақы айлап төленбейтін еді. Сондықтан, 1991 жылы тәуел-
сіздікке қол жеткізгеннен бастап отандық зейнетақылық жүйені әлеуметтік-эко-
номикалық өзгерістерге қарай сәйкестендіру талпыныстары жасалды.
1991 жылғы 15 маусымда тәуелсіз Қазақстанның тарихында зейнетақы туралы
алғашқы заң Қазақ КСР-де азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру туралы
заң қабылданды. Бұл заңның басты мақсаты болып зейнетақылардың мөлшерін
жұмыс стажына және орташа айлық жалақыға тәуелдірек ету, соны- мен қатар
зейнетақылық жүйені арнайы құрылатын зейнетақы қорларының есе- бінен
қаржыландыруды ұйымдастыру табылады. Сонымен бірге зейнетақылар- ды
тағайындау және төлеу тәртібі елеулі түрде өзгерді.
Алайда, аталған заң басты мәселені – зейнетақылық жүйені қаржылық қам-
тамасыз етуді тұрақтандыруды шеше алмады. Мұның өз себептері болды: ал-
дыңғы жылдардың жинақ қорлары болмады, салық төлеушілердің сандары және
олардың табыстары төмендеді, мемлекеттік бюджет Зейнетақы қорының
шығындарын жеткіліксіз жабатын. Осылардың нәтижесінде құрылған зейнет- ақы
қоры өзін-өзі қамтамасыз етуді тоқтатты және оның табыстары тіпті ағым-
дағы төлемдерге де жетпейтін болды.
Қазақстан Республикасының зейнетақылық жүйесінің дамуындағы келесі
кезең болып 1994 жылы 1994 жылға нақтыланған республикалық бюджет ту-
ралы заңды қабылдау нәтижесінде жүйеде біршама өзгерістер енгізілді: жасы-
на байланысты зейнетақыларды және мүгедектігіне, асыраушысынан айыры- луына
байланысты жәрдемақыларды және әлеуметтік зейнетақыларды функ- ционалдық
және қаржылық тұрғыдан бөлу жүргізілді, Зейнетақылық қор Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігінің қарауына берілді. Осылай зей- нетақымен
қамсыздандыру мемлекеттік бюджет тарапынан қаржыландырылу- дан алып
тасталды, жасына байланысты зейнетақылар жұмыс берушілер мен
қызметкерлердің өзімен қаржыландырылатын болды. Адамның қайтыс болуы- мен
немесе оның еңбекке қабілеттігінің жоғалтуымен байланысты жәрдемақы- лар
мемлекеттік бюджеттен тиісті жәрдемақы түрінде төленетін болып қалды.
1997 жылы республиканың зейнетақылық жүйесінде Қазақстан Республи-
касындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңды қабылдаудың нәтиже-
сінде біршама өзгерістер орын алды. Бұл заң зейнетақымен қамсыздандырудың
мемлекеттік толыққанды жүйесінен – белгіленген міндетті жарналармен және
ерікті қосымша жарналармен байланысты жинақтаушы зейнетақы жүйесіне бір-
тіндеп өтуді бекітті [6,11б.].
1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдайы бойынша кем дегенде алты айлық ең- бек
стажына ие азаматтар зейнетақыны толыққанды жүйеден де (пропор- ционалды
еңбек стажы бойынша) және егер зейнетақылық жарналарды төлеп отырса,
жинақтаушы зейнетақы қордан да алатын болады. Жинақтаушы жүйеге
толығымен ауысу Зейнетақыларды төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық төлем-
дерді төлеуді тоқтатқан кезде, тек 2045 жылға қарай ғана орын алуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан
Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 67 - бабында
Қзақстан Республикасының барлық азаматтарының белгілі бір жасқа толғанда
еңбек стажына қарамастан зейнетақы алу құқығы бекітілген.
Әлеуметтік зейнетақы – зейнетақымен қамсыздандырудың бірінші деңгейі.
Аталған зейнетақы мемлекеттік немесе жергілікті бюджеттен қаржыландыры-
лады, өмір сүру деңгейінің ең төменгі мөлшерін кепілдейді және қандай да
бір себептермен еңбек зейнетақысына құқықты иеленбеген барлық азаматтарға
ең-бек стажының бар-жоқ екендігіне және оның мөлшеріне қарамастан беріледі.
Азаматтардың бұл санатына мүгедектер, жетімдер, еңбек стажына ие емес қарт
азаматтар жатады.
Зейнетақымен қамсыздандырудың екінші деңгейі – Қазақстан Республи-
касында зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 7-12 баптарымен ретте-
летін міндетті мемелекеттік зейнетақы. Бұл зейнетақы еңбек стажын және жал-
ақы мөлшерін ескереді, заңды және жеке тұлғалардың міндетті зейнетақы жар-
наларының, сонымен қатар елдің мемлекеттік бюджетінен бөлінетін тікелей
қаржылардың (трансферттік төлемдердің) есебінен қаржыландырылады. Заңды
тұлғалар жарналарды еңбекке ақы төлеу қорының 15%-ы мөлшерінде, ал кәсіп-
керлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар – айлық табысының 5%-ы мөл-
шерінде төлейді. Арнайы тізімдегі ұйымдар (мүгедектер қоғамы, Қазақтың за-
ғиптар қоғамы және т.б.) еңбекке ақы төлеу қорынан 3% мөлшерінде жарна
аударады.
Үшінші деңгей – бұл азаматтардың өздерінің міндетті және ерікті жарнала-
рының есебінен құралатын мемлекеттік емес зейнетақылар. Бұл қатынастар
зейнетақы туралы заңның 22-59 баптарымен реттеледі. Аталған жарналар адам-
ның белсенді еңбекке қабілетті өмірінің барысында оның өзінің кәрілігін
қамта- масыз ету мақсатында мемлекеттік зейнетақы қорына салған жарналары
есебі- нен қалыптасады.
Осылай, Қазақстан Республикасының тұрғындары үш түрлі зейнетақыны
иеленуі мүмкін. Халықтың жинақтаушы зейнетақы жүйеге сенімін арттыруға және
салымшы-болашақ зейнеткерлердің мемлекеттік емес зейнетақы қорлары- на
ауысуына жағдай жасайтын аралық институт құрылды. Мұндай аралық буын рөлі
мелекеттік жинақтаушы қорға берілген болатын, бұл қорға зейнетақы жи-
нақтарының сақталуының мемлекеттік кепілдіктері таралады және зейнетақы
активтерін инвестициялаудың арнайы шектері белгіленген.
Қазіргі кезде еліміздегі зейнетақымен қамсыздандырудың бүкіл жүйесі үш
заңды тұлғаға жүктелген:
1. Зейнетақыларды төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық. Бұл орталық
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік зейнетақы қорының құқымирасқоры болып
табылады, мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылған және оралымды басқару
құқығына негізделген. Зейнетақыларды төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық
елдің жұмыс істейтін барлық азаматтарына жарналарды есепке алу жә- не жеке
зейнетақы алу шоттарын жүргізу үшін қажетті әлеуметтік жеке кодтар-ды (ӘЖК)
беруге міндетті жәнеде зейнетақыларды төлеу жөніндегі мемлекеттік
орталық мәліметтер қорын құрады, жұмыс берушілердің зейнетақы жарнала- рын
уақытылы аударуына бақылау жасау үшін салық органдарына мәліметтер беріп
отырады. Зейнетақыларды төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан мем-
лекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, әскери қызметшілерге және ішкі істер ор-
гандарының қызметкерлеріне зейнетақылар беріледі.
2. Жабық немсе ашық түрдегі акционетлік қоғам ұйымдастырушылық-құқықтық
нысанында ұйымдастырылған Мемлекеттік емес жинақтаушы зей- нетақы қоры. Бұл
қор республиканың зейнетақы жүйесінде орталық буын бо- лып табылады. Дәл
осы қор салымшылармен қарым-қатынастарды ұйымдасты- рады, зейнетақы
шарттарын жасасады, ерікті және міндетті зейнетақы жарна- ларын жинауды
жүргізеді, жеке зейнетақы жарналарына және есептелетін та- бысқа есеп
жүргізеді. Жәнеде бұл қордың міндеттеріне халық арасында түсінді- ру
жұмыстарын жүргізу, шағымдар мен өтініштерді қарау және т.б. жатады.
3. Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры. 2003 жылға дейін бұл қорға
салымшылармен шарт жасаспастан тек міндетті зейнетақы жарналарын жинау- ды
жүргізуге және зейнетақы төлемдерін алушыларға Қазақстан Республикасы- ның
Үкіметі белгілеген тәртіпте беруге рұқсат етілген болатын. 2002 жылы 29
желтоқсанда Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру тура- лы
заңына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға сәйкес 2003 жылдан бас- тап
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры жойылды [7,26б.].

1.3 Шет мемлекеттердегі зейнетақы жүйесінің қызмет ету ерекшеліктері

Бүгінгі таңда Қазақстан ТМД мемлекеттерінің ішінен экономикалық жағы-
нан алдыңғы қатарлы мемлекет ретінде орнын алғанын экономистер тұжырым- дап
отыр. Қазақстанның экономикалық өсуге жетудің бірден-бір алғышарты деп
мемлекетіміздегі зейнетақы реформасының нәтижелері ретінде анықтады.
Зейнетақы жүйесі елдің ең өзекті мәселелерінің бірі деп айтуға болады.
Себебі зейнетақы жүйесі тек әлеуметтік сұрақтармен қатар экономикалық
сұрақтарды шешуге көмектеседі.
Нарықтық экономиканың негізгі элементтерін енгізе отырып, мемлекеттің
зейнетақы бойынша көзқарасы да сан алуан өзгеруде. Қаншалықты мемлекет
зейнетақы жүйесіне қатысуын анықтау барлық мемлекеттердегі туындайтын
негізгі мәселе болып табылады. Зейнетақы жүйесінің көп кездесетін үлгілері:

ынтымақтастық және жинақтаушы.
Ынтымақтастық зейнетақы жүйесіне сәйкес бүгінгі зейнеткерлерді мемле-
кеттік бюджет не басқа да бюджеттен тыс қорлар қамтамасыз етеді. Ал, нақты
зейнетақыны төлеу бойынша ауыртпалық жеке не заңды тұлғаларға түседі. Кө-
бінесе, бұл арнайы салықты енгізу арқылы жүзеге асырылады.
Жинақтаушы үлгіге сәйкес, әр адам зейнет жасына дейін болашақтағы зей-
нетақы жинақтарын қалыптастырады. Мұнда әр елде мемлекеттің қатысуы әр
түрлі. Бір елде мемлекет міндетті түрде бекітуі мүмкін, ал басқа елдерде
үкімет әр адамның өзінің инициативасына қалдыра отырып, тек ерікті түрдегі
зейнет- ақы жарнаны бекітуі мүмкін.
Сөйтіп, зейнетақы сұрақтарын шешу мәселесін зерттей отырып бірқатар
мемлекеттердің зейнетақы жүйелеріне тоқталып кетейін. Мысалы, Америка құ-
рама штаттары. АҚШ-тың зейнетақы жүйесі 4 деңгейден тұрады:
Бірінші деңгей – бұл мемлекттік зейнетақымен қамтамасыз ету. Әрбір жеке
тұлға өзінің еңбек табысының белгілі бір бөлігін мемлекеттік бюджетке салық
ретінде (FICA tax) аударады. Ал мемлекет әлеуметтік жағдайы төмен зейнет-
керлерге зейнетақы жәрдемақысын төлейді.
Екінші деңгей – бұл дәстүрлі жеке зейнетақы. Бұл деңгей көптеген елдер-
дің танымал үлгісі ретінде сипат алады. Бірақ, осы буын тек қана ірі
компания- ларды қамтиды. Дәстүрлі зейнетақы бойынша ірі компания онда көп
жыл жұ- мыс істеген қызметкерлерге ай сайын зейнетақыны төлейді. Нақты
төлеу сома- сы және жағдайлары кәсіподақтың ұжымдық келісім шартында
қарастырылады. Сондықтан да АҚШ-дағы кәсіподақ құқықтарының жоғарғы
деңгейіносыдан да көруге болады.
Үшінші деңгей – жұмыс орны бойынша жинақтық зейнетақы жоспарлары
(deferred compensation plans) деп аталады. Осы жоспарға сәйкес, әрбір жұмыс
беруші өзінің қызметкерлеріне пайлық қорда шот ашады. Пайлық қор – бұл
жинақталған қаражаттарды бағалы қағаздарға жұмсайтын қаржылық мекеме болып
табылады. Қызметкерлер жалақының белгілі бөлігін өз қалауынша ауда- руға
құқығы бар. Көптеген жағдайларда жұмыс беруші еңбек шартында компа- ния
есебінен аударуы туралы жағдайларды қарастырады.
Төртінші деңгей – жеке зейнетақы салымына (IRA) сәйкес еңбек табысы бар
кез келген жеке тұлға банкте, пайлық қорда немесе брокерде шотты ашады және
оған жыл сайын 2000 доллар көлемінде ақша аударады. Басқа салымдар- дан
ерекшелігі ретінде мемлекет тарапынан қолдауды айтуға болады. Яғни, зей-
нет жасына жеткенде салымшы шоттан қаражаттарды алу кезінде табыс салы- ғын
төлеуден босатылады. Ал, салымшының зейнет жасына жетпей қайтыс бо- луы
кезінде шоттағы қаражатты мұрагер хаты немесе жергілікті заңдар бойын- ша
мұрагерге беріледі [7,25б.].
Канада мемлекеті АҚШ-на жақын орналасқанымен зейнетақы жүйесінде
көптеген жағдайлармен ерекшеленеді. Канадада зейнетақы жүйесі 3 деңгейден
тұрады:
1) Жасы бойынша зейнетақы (Old Age Security) – бұл мемлекет тарапынан
берілетін зейнетақы. Бірақ зейнетақыны алу үшін мемлекет үкіметі келесідей
талап қояды: зейнеткер зейнет жасына дейінгі уақытта Канадада ең аз дегенде
10 жыл өмір сүруі керек, ал егер басқа мемелекетке көшкенде зейнеткер кем
де- генде Канадада 20 жыл өмір сүруі талап етіледі. Сонымен қатар, Канадада
өмір сүрген жылдарын тек 18 жастан бастап есептейді. Канададағы зейнет жасы
ер- кектер мен әйелдер үшін бірдей – 65 жасты құрайды.
2) Канадалық зейнетақы жоспары – бұл ай сайын ерікті түрде аудару арқы-
лы 60 жасқа жеткен кездегі зейнетақымен қамтамасыз ететін механизам болып
табылады. Статистикалық мәліметтерге сәйкес халықтың көп бөлігі зейнетақы
жоспарларына ақшаны аударады, ал зейнетақы төлемдері салымшының жарна- ны
аудару уақытына, мөлшеріне және зейнетақыны алу кезеңіне байланысты. Зейнет
жасына жетпей қаражатты алу жағдайлары оңтайлы болып келеді және
аталған жоспарды сақтандыру жоспары ретінде де қарастыруға болады. Еңбек-
ке қабілетсіз жағдайында, жанұя асыраушысы қайтыс болғанда, өндірісте ауыр
жарақат алғанда және т.б. зейнетақыны зейнет жасына жетпей алуға болады.
3) Жеке зейнетақы салымдары, жұмыс берушінің зейнетақылары – соңғы
кезеңдерде пайда болған буындардың бірі және бірте-бірте АҚШ мемлекеті
сияқты ерекше орнын алатынына күмән келтірмейді.
Франция мемлекетінің зейнетақы жүйесі 2 қағида бойынша қызмет атқара-
ды: ынтымақтастық және жинақтаушы зейнетақы сақтандыру қағидалары.
Ынтымақтастық қағидасына сәйкес қазіргі кездегі жұмыс істейтіндер
бюджетке қаражаттарды аударады және мемлекет үкіметі зейнеткерлерге осы
арнайы салық есебінен зейнетақыны төлейді.
Жинақтаушы зейнетақы сақтандыру қағидасына сәйкес, әрбір жеке тұлға
арнайы қорға өз қалауынша қаражаттарды ерікті түрде аударады. Қазіргі кезде
Францияда ең төменгі зейнетақы мөлшері жылына 5000 долларды құрап отыр. Бұл
мемлекетте салымшыны қорғау бойынша ерекшелікті атап өтуге болады.
Францияның заңнамасына сәйкес, қаражаттардың қайтарылымдылық нормасы жоғары
болып келеді. Яғни, тұлға зейнет жасына жеткенде зейнетақыны еңбек- ақыдан
жоғары алады. Еркектер үшін қаражаттардың қайтарылымдылық нор- масы 78%, ал
әйелдер үшін 72% деңгейінде бекітілген.

2 ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ

2.1 Қазақстан Республикасындағы зейнетақы қорларының құқықтық
негізделуі

Мемелекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры – бұл азаматтардың міндетті
зейнетақы жарналары мен инвестициялық кірістің есебінен қалыптасқан зей-
нетақылық жинауларынан зейнетақылық төлемді жүргізетін ұйым. Мемлекеттік
жинақтаушы зейнетақы қоры инвестициялық қызметті зейнетақы активтерін
басқару жөніндегі компанияның қатысуынсыз дербес жүзеге асырады және
мемлекеттік бағалы қағаздарды, мемлекеттік банктердің депозиттерін, халық-
аралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарын ғана инвестициялайды.Зейнет- ақы
қорлары өзінің инвестициялық қызметін Қазақстан Республикасында зей-
нетақымен қамсыздандыру туралы заң негізінде жүзеге асырады. Бұл заң елі-
мізде азаматтарды зейнетақымен қамсыздандырудың құқықтық және әлеумет- тік
негіздерін белгілейді, мемлекеттік органдардың, меншік нысандарына қара-
мастан, жеке және заңды тұлғалардың зейнетақымен қамсыздандырылуға кон-
ституциялық құқығын іске асыруға қатысуын реттейді. Осы заң 1997 жылғы 1
шілдеден бастап күшіне енгізілді, бірақ оған 1, 2-баптар, 4-баптың 1;3;4-
тармақ-тары, 5,7,21-баптар, 23-баптың 1;2;4;5-тармақтары, 24 бап, 60-67-
баптар қосыл- майды, олар 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енгізілді
[1,4б.].
Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның
41-бабының 1 тармағына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларының:
- зейнетақы жарналарын тарту жөніндегі қызметті жүзеге асыруға;
- өзінің қызметі үшін комиссиялық сыйақы алуға;
- өкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес берілетін
лицензия негізінде зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөнін-
дегі қызметті және бағалы қағаздар нарығындағы өзге де қызмет түрле-
рін дербес жүзеге асыруға;
- зейнетақы шартының ережелеріне сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге
асыруға құқығы бар.
Осы баптың 2 тармағына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорлары:
- алушыларға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен
зейнетақы төлеуге;
- жинақталған зейнетақы қаражаттары мен төлемдерін жеке есепке алуды
жүзеге асыруға;
- салымшыға және ақпарат алушыға жылына кемінде бір рет, сондай-ақ
оның сұрауы бойынша кез келген сұралатын күнгі оның жинақталған
зейнетақы қаражаттарының жай-күйі туралы ақы алмай ақпарат беруді
қамтамасыз етуге міндетті.
41-баптың 2 тармағының 10 тармақшасы және 3 тармағының 6 тармақша- сы
2002 жылғы 29 желтоқсандағы Қзақстан Республикасының №369-ІІ Заңы- мен
алынып тасталды.
41-бапқа өзгертулер енгізілді: 2004 жылғы 11 шілдедегі №562, 2005 жылғы
16 шілдедегі №58 және осы жылдың 23 желтоқсанындағы, 2006 жылғы 4 мау-
сымдағы №148, 2007 жылғы 19 ақпандағы №230 Заңдарымен.
Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңы-
ның 22-бабына (міндетті зейнетақы жарналарын төлеу) сәйкес:
- міндетті зейнетақы жарналарының салымшылары жинақтаушы зейнет- ақы
қорларына міндетті зейнетақы жарналарын осы заңда белгіленген
ставкалар бойынша төлеуге тиіс.
- міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы міндетті зейнетақы жар-
наларын төлеу үшін бір ғана жинақтаушы зейнетақы қорын таңдап алу-
ға және онымен міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен
қамсыздандыру туралы шарт жасасуға міндетті.
- міндетті зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының ұлттық
валютасымен төленеді.
- міндетті зейнетақы жарналарын басқа адамдардың пайдасына төлеуге
болмайды.
22-бапқа өзгертулер енгізілді: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13
желтоқсандағы №11, 2005 жылғы 13 сәуірдегі №40 және осы жылдың 16 шілде-
дегі №58, 2007 жылғы 12 қаңтарындағы Заңдарымен [1,39б.].
Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандару туралы заңы- ның
13-бабына (орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есеп- теу)
сәйкес:
- орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін толық көлемінде есептеу
осы заңның 14-бабына сәйкес белгіленетін орташа айлық кірістің 60%
есебінен жүргізіледі.
- орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу жұмыс
кезінде болған үзілістерге қарамастан, қатарынан кез келген 3 жыл жұ-
мыс үшін орташа айлық табыс негізге алына отырып, 1995 жылғы қаң-
тардың бірінен бастап жүзеге асырылды.
1998 жылғы 1 қаңтардан басталған кезең үшін орташа айлық табыстың
мөлшері жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары
жүзеге асырылған табысқа сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы
орталық атқарушы орган анықтайтын тәртіппен белгіленеді.
- 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін қажетті еңбек стажынан тыс жұмыс істеген
әрбір толық жыл үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1 процентке өсірі-
леді, бірақ ол зейнетақыны есептеу үшін екерілетін табыстың 75 проценті-
нен аспауға тиіс.
13-бапқа өзгертулер енгізілді: Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 29
желтоқсандағы №369, 2006 жылғы 11 желтоқсандағы №201 Заңдарымен.

2.2 Зейнетақы реформасы – Қазақстан Республикасы зейнетақы саясатын
жүзеге асыру құралы ретінде

Қазақстанда қазіргі уақытта әлеуметтік қамсыздандырудың көп деңгейлі
жүйесіне көшу жүзеге асырылуда. Оның негізгі міндеті мемелекеттің, жұмыс
беруші мен қызметкердің арасындағы жауапкершілікті айырып бөлу және қо-
сымша қаржыландыру көздерін тарту есебінен әлеуметтік қамсыздандырудың
деңгейін арттыру болып табылады. Мұндай жүйенің алғашқы негізі 1998 жылы
енгізілген жинақтаушы зейнетақы жүйесі болғаны белгілі.
Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру мәселесі на-
рықтық қатынастарға көшуге және экономикалық ахуалдың нашарлауына бай-
ланысты ерекше өткір сипатқа ие болды. Қаржы дағдарысы зейнетақы мен жәр-
демақы төлемі бойынша берешектің пайда болуына және оның ұлғаюына әке- ліп
соқты. Зейнетақының уақытында төленбеуі халық арасындағы наразылық- тың
және әлеуметтік шиеленістің өсуіне әкеле жатты.
Осы проблеманы шешу үшін республика президентінің тапсырмасы бойынша
халықаралық тәжірибе және халықаралық институттар мен сарапшы- лардың
ұйғарымдары жан-жақты зерттелді. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр- ғанындай,
жағдайы жақсы мемлекеттердің өзі азаматтарды қартайған шағында бағып-қағу
жөніндегі өзінің жауапкершілігін, зейнетақымен қамсыздандыру ісі- не
қосымша қаржыландыру көздерін тарта отырып, жұмыс берушілермен және
қызметкерлермен тікелей бөліседі. Солардың біреуі жинақтаушы зейнетақы
қорлары болып табылады.
Біздің еліміз де осы жолды таңдады. Зейнетақы жүйесін реформалау тұжы-
рымдамасына және Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру
туралы заңына сәйкес 1998 жылдан бастап елімізде аралас зейнетақы жүйесі
қолданылды.
Реформалау басталғаннан бері оның нәтижесі мен жинақталған тәжірибені
қорытындылау үшін жеткілікті уақыт өтті, оның үстіне Қазақстанда жинақтау-
шы зейнетақы жүйесі бұрынғы кеңестік кеңістікте бірінші болып енгізілді.
Елі- міздегі жинақтайшы зейнетақы жүйесінің дамуын шартты түрде бірнеше
кезеңге бөлуге болады.
1 кезең: 1998–2001 жылдар – жүйенің және оның институттарының қалып-
тасу уақыты. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі жеке зейнетақы жинақтарына және
зейнетақы активтерін жеке басқаруға негізделгеніне қарамастан реттеу
функцияларын мемлекет өзіне қалдырды. Осыған байланысты бірінші кезеңде
жүйенің барлық субъектілерінің қызметін міндетті лицензиялау енгізілген
бола- тын; зейнетақы активтеріне иелік ету жөнінде шектеулер белгіленді;
жинақтау- шы зейнетақы қорлары мен зейнетақы активтерін басқаратын
ұйымдардың қар- жылық жағдайы туралы азаматтардың хабардар болуын
қамтамасыз ету жөнін- де шаралар қабылданды. Зейнетақы жинақтарының
сақталуын қамтамасыз ету мақсатында инвестициялауға арналған активтердің
тізбесі заңнамамен белгі- ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы зейнет ақы жүйесінің теориялық негіздері
Қазақстан Республикасында зейнет ақы жүйесі
Ресей Федерациясының бюджеттен тыс қорлары
Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі туралы
Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар
Қазақстан Республикасында зейнетақы жүйесінің дамуы, мәселелері
Жинақтаушы зейнетақы қорын мемлекеттік реттеу
Халықты зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін басқарудың теориялық және методологиялық аспектілері
Қазақстан Республикасындағы зейнетақы реформасының ерекшеліктері мен кемшіліктерін анықтау
Мемлекеттікбюджеттен тыс қорлар
Пәндер