Қазақ батырларының қаһармандық бейнесі арқылы оқушылардың отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру моделі


история
Қазақ батырларының қаһармандық бейнесі арқылы оқушылардың отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру моделі
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Батырдың ерлігі мен қоса қаһармандығы
- Қазақ батырының қаһармандық бейнесі арқылы отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру
- Жинақтау арқылы модельдеу
- Кітап оқуға баули отырып, оқушыларды отансүйгіштік патриотизмге тәрбиелеу
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Бұл баяндамада қазақ батырларының қаһармандық бейнесі арқылы оқушылардың отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыруда, оқу тәрбие үрдісінде, жеке тұлғаның бойында рухы мықты, адамгершілік нормаларды бойына сіңірген теориялық моделі айтылады.
Жеке тұлғаның қоғамдық ортадағы қалыптасуы негізінен бірнеше факторлармен сипатталады.
Ертеңгі күн табалдырығын ата-бабаларымыз айтқандай “Ел болам десең бесігіңді түзе”. Осы тұрғыдан алғанда әр азаматтың өзін-өзі жас ұрпақ алдында ұнамды жағынан көрсете білуге талпынудың болашағымызға сенімді болуға қосар үлесі мол. Тілімізге, дінімізге қайта мойын бұрған кезеңде ұлы көшке тосқауыл болар көп кедергі болғаны белгілі. Болашақ ұрпағымыздың ең асыл мұра -өз ана тілін білмеуі, салт-дәстүрден бірте-бірте қол үзіп бара жатқандығы, әке-шешесін, ата-әжесін, бауыр еті баласын тастап кету, жетімсірету сияқты қатігездіктің, арақ ішу, наша тарту, зорлық-зомбылық ұрлық жасау сияқты жағымсыз қасиеттерге бой алдыруы, өз пікірі жоқтық, біреудің айтқанына көнгіштік, табансыздық т. б. сүреңсіз іс-қылықтардың етек жайып еркінси бастауы. Мұның бәрі адамгершіліктен жұрдай болуға жетелейтін әдеттер. Осы қауіптен құтылудың жіберілген кемшіліктен арылудың жолы қандай? Бұған негізгі жауап халқымыздың даналықпен жасаған ұлттық дәстүр салттарын тәрбие ісінде кең пайдалану, оларды жас ұрпаққа үлгі етіп ұсыну. Жандандырып, насихаттап, үйретіп, тәрбие мәселесінде кеңінен пайдаланып отыруымыз қажет.
Қазақтың патриоттық, отансүйгіштік тәрбиесі тереңнен тамыр тартқан, халқымыздың сан ғасырлық болмысының, дүние тану көзқарасының ақыл ойы мен салт-дәстүр, мәдениетінің көрінісі. Осыларды бойға дарытпайынша, келер ұрпақты патриоттық отансүйгіштік тәрбиеге лайықты қалыптастырмайынша алтын бесік елін, кіндік кескен жерін қорғайтын және осы мақсат жолында бар күш-жігерімен қайратын жұмсайтын отаншыл азаматтарды, яғни, нағыз патриоттарды тәрбиелеп шығару мүмкін емес.
Туған халқымыздың өткен тарихына көз жіберсек, отансүугіштіктің керемет үлгілерін көреміз. Бүгінгі күні егеменді ел болып, қазақ деген ұлт болып отырумыздың өзі ата-бабаларымыздың теңдесі жоқ ерлігінің арқасы.
Тарихи мәліметтерден байқайтынымыз, жоңғар шапқыншылығы кезі мен одан бертіндегі ұлт-азаттық көтерілісін алып қарасақ, ондағы батырлардың ешқайсысы бүгінгідей жүйелі патриотизмге тәрбиелеудің тезіне салынбаған. Бірақ елін, жерін, Отанын қорғаудан жанын аяп қарап қалмаған. Осындай тарихи тәжірибелерден сол кездегі отбасы тәрбиесіндегі отансүйгіштік сезімнің қалыптасуына ата-ана, ауыл-аймағының ықпалының күшті болғанын көреміз.
Ата-бабаларымыздың ата-салтымен, дәстүріміздің қанымызға сіңіп кеткен ұлттық тәрбиенің болашағымызды тәрбиелеуде атқаратын ролі зор. Қазақ жұрты ұлттық тәрбиеге жіті мән берген. Жас ұрпақты Отанын сүюге, аялауға, құрметтеуге, оған адал қызмет етуге тәрбиелеу-ұлттық тәрбиенің көрінісі.
Отанын сүйетін адам әрдайым оған адал қызмет етеді. Отансүйгіштік қасиет деген де осы. әр халықтың өзіне тән ұлттық тәрбиесі бар. Ұлттық тәрбие отанды сүюден басталады. Дүние есігін ашқаннан бері өз табиғатының сұлулығына қандырып, өзінің таза суымен, адал ақ нанымен, ұлы кең байтақ даласымен күйге бөлеп отырған Отан-Ананы ешқашан мақтанарлық емес деуге болмайды.
Отанды сүю отбасынан басталады. Себебі, отбасы-Отанды құраушы кішкене бөлшегі. Ұлы тәрбиелердің бастауы ата-ана тәрбиесі. Ата-анадан жақсы тәлім-тәрбие алған бала отансүйгіш болады.
Жалпы кез-келген адам соғыс іс-әрекеттерінде немесе басқа жағдайда ерлік, отаншылдық істерге бару үшін оған алдымен рухани жағынан дайын болуы тиіс. өйткені, отаншылдық іс-әрекетке ішкі жан-дүниесі, сана-сезімі дайын болмаса, елі мен жері үшін жанкештілікке баруы екі талай. Бұл жерде ататектен келе жатқан ұлттық болмыстағы патриотизмнің орны бөлек.
Бүгінгі Қазақстан жағдайындағы ұлттық патриотизмнің басты көрінісі-қазақтың ана тілінде сөйлеуі, балаларына ұлттық тәрбие беруі, ұлттық мінез, жүріс-тұрыстарын қалыптастыру, ізет, құрмет, мейірім, т. б. сезімдерін дамытуы.
Б. Момышұлының еңбектерін оқи отырып оның шығармашылығынан патриоттық тәрбиенің қайнар көзін табатынымыз айқын. Патриоттық сезімнің қайнар көзі-Отан десек қателеспейміз.
Қазіргі кезде қоғамдық әлеуметтік жағдайдың жаңаруына байланысты білім мен тәрбие берудің де жаңаша бағытта қалыптасуында жеке тұлғаның “бәсекеге” қабілетті болуына талап-міндеттер қойылуда. Мұның өзі сана-сезімі жетілген, жан-жақты, елін, жерін, Отанын қорғай білетін, мемлекеттік рәміздерді қасиет тұтатын тұлғаны тәрбиелеуді негізге алатын басым бағыттардан тұрады.
Отансүйгіштік тәрбие берудегі басты мақсат жеке тұлғаның бойында рухы мықты, адамгершілік нормаларды бойына сіңірген, отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру болып табылады. Ғалым Н. Елікбаевтың пікірінше: “біріншіден, тарихи қалыптасатын, ұлттық өмір сүру ізімен жалғасқан дәстүрлі қасиет болғандықтан, ұлттан тыс бола алмайды; екіншіден, кез-келген ұлтқа еңбек сіңірген өзге ұлт өкілдері сол ұлтқа бүтіндей беріле алмайды; үшіншіден, отансүйгіштік сезімді тек биологиялық деп қарау ғылымға жат нәрсе, оны жануарлардың инстинктімен шатастыруға болмайды. Отансүйгіштік қасиет биологиялық емес, ол тарихи, саяси әлеуметтік, идеологиялық дәстүрлі, күрделі құрылым”
Демек, жеке тұлғаның қоғамдық ортадағы қалыптасуы негізінен бірнеше факторлармен сипатталады. Яғни, сапалық отаншылдық сезім және мінез-құлықтық тұрғыдан түсіндіреміз. Мұның өзі оқу-тәрбие үрдісінде, отбасында, дос-жарандарының арасында, т. б. ортада жүреді. Әдетте, отбасында қазақ батырларының қаһармандық бейнесі арқылы отансүйгіштік тәрбиені қалыптастыруда ата-бабаларының ерлігін шежіре тұрғысынан жеткізудің тәрбиелік мүмкіндігінің маңызы зор.
Қазақ батырлары туралы мағлұмат берудің өзі тарих қойнауындағы ірілі-ұсақты қақтығыстарға байланысты келіп шығады. Себебі, батырдың өзі соғыс майданында ерлігімен, күшімен, қайратымен көзге түскен және өзін іс-әрекетімен көрсете білген фигура деп түсінген жөн. Оның мәнісі түсіндірер болсақ, батыр атағы тектен текке берілмейді және оның қазақ қоғамында өзіндік мәртебесі болған: “Батыр (парсы тілінен аударғанда -бахадур-ержүрек, батыл, батыр) -әскери өнерді жақсы меңгерген, жау түсірер ерлігімен аты шыққан, қаһарман адамға берілетін атақ. Батырлық мирасқорлық жолмен берілмейді. Оған әрбір адам жеке басының ерлігімен ие болады”, -дейді. Яғни батырдың ерлігімен қоса қаһармандығына да көп мән беріліп отыр. Оның бір айғағы батырдың күші мықты, ер болғанынын өзінде де оның қаһарман, айлалы, бауырмал, дұшпанына қатал, достарына адал, т. б. секілді қасиеті болуы қажет. Осындай қырларына байланысты батырларды ұлтымыз құрмет тұтқан және ерліктерін аңызға айналдырған.
Ал “Қаһарман (араб, парсы тілдерінде- құдірет сөзінен шыққан) -1. Алдына келгенді қаһарлы сұсымен имендіретін, суық түсті, айбынды батыр. Араб, иран тілдерінен ауысқан қиссаларда “қаһарман” сөзі батыр ұғымына эпитет ретінде айтылған. 2. Көркем әдебиеттегі герой ұғымының баламасы”, -деп айтылады. Бұл анықтамада “суық түсті”, “қаһарлы сұсымен” дегенде батырдың тұр-тұрпатын көрмей жатып-ақ дұшпанының бойында үрей сезімі қалыптасатындай болуы тиіс. әдетте эпостық жырларда, ерлік шығармаларында өзгелер осындай айбынды батырлардың қаһарынан қорыққан және олар дұшпанына аян беріп, тіпті оны түсінде оны жеңіп, қорқыныш ұялататын болған. Мысалы, Тайшық ханның түсіне Алпамыс батыр кіріп, аян береді.
Шығармада:
“Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты бір жас батыр келіп ел-жұртымды қырып, қаламды жауға көміп, қақпамды қанға малды. Басымнан тәжімді, бауырымнан жарымды тартып алды. Айдарлымды құл қылды. Ел-жұртымның тоз-тозы шыққан соң, қабырғам сөгіліп, қасірет шегіп, еңіреп жүр екенмін”, -деп айтылады.
Бұл түсті жорудың өзі де рухани өмірмен байланысты болып отырады. Демек, қаһармандық-адамның жеке басының жігер мен ерлікті, батылдық пен табандылықты, қажет болса жанын құрбан етуді талап ететін, қоғамдық маңызы зор, халық бұқарасының мүдделеріне жауап беретін іс-әрекет екенін байқаймыз.
Сондай-ақ, кейбір батырлық шығармаларда “қас батыр” деген теңеулер де кездесіп отырады. Оның мағынасы “ешбір қауіп-қатерден қаймықпайтын, өз күшіне сенген қаһарман батыр”. Қазақ әдебиеттерінде батырларды зеріттеуде жиі қолданылатын нағыз батыр деген ұғым. Яғни, алдындағы ешбір кедергіден қаймықпайтын, қажет болса сол жолда құрбан болатын батырды айтамыз. Батырлардың қоғамдық-әлеуметтік орны да ерекше, ол мал мен дүние жимайды, тек қана елін, жерін қорғайтын болған.
Мектеп оқушыларына батырлардың қаһармандық бейнесін насихаттау үшін профессор Қ. Ж. Қожахметованың зерттеуіндегі “ер жігіттің” халық ауыз әдебиетіндегі жинақтық образын келтіреміз. Мұнда автор ер жігітті сыртқы көрінісі жағынан “ұзын бойлы, өткір көзді, қара көзді, кең маңдайлы, тік мұрынды, кеуделі, өткір тісті, қолдары қарулы, мығым денелі, жауырыны қақпақтай, бір сөзді, шыншыл, рухы күшті”, ал сипаты мен өзіндік ерекшелігі жағынан “қырандай қырағы, сұңқардай тәкаппар, арыстандай айбатты, жолбарыстай күшті, қасқырдай батыр, қара нардай шыдамды, құландай сүйікті, жылқыдай сезімтал, бұландай айбарлы, сауысқандай сақ, т. б. ”, қабілеті мен іскерлігіне байланысты” көсем жігіт, дана жігіт, ержүрек жігіт, мырза жігіт, күрескер жігіт, шаруа жігіт, сұңқар жігіт, арыстан жігіт, қасқыр жігіт, нар жігіт, т. б. ”, - деп жіктейді. Сондай-ақ жігіттің бойында болуы қажет “байқағыштық, шеберлік, ерлік, күштілік және табандылық, білімділік” секілді алты қасиетті атап көрсетеді. Мұның өзі бүгінгі оқушылардың қазақ батырларына тән отансүйгіштік қасиеттерді танып-білуіне және өздеріне үлгі болуына септігін тигізеді.
Дей тұрғанмен, болашақ тұлғаның бойындағы батырлардың қаһармандық бейнесі педагогика ғылымында ескерілмей келе жатқанын айтуымыз қажет. Сондай-ақ тәрбие, білім ғылымда нәқты көңіл бөлудің нысаналы тұстары байқалып отыр. Олай болса, қазақ батырларының қаһармандық бейнесі арқылы отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруды айқындап, оны жинату үшін модельдеу арқылы түсіндіруге болады. Модельеу бүгінгі күні зерттелетін тақырыптың мазмұныны ащуға көмектесетін бірден-бір әдіс болып табылады. Сондықтан, қазақ батырларының моделін жасау барысында модель сөзіне түсінік береміз. “Модель” сөзі (франц. Modele, итал. Modello, лат modulus) - “өлшеуіш, өлшем, үлгі, норма” деген мағына береді. Демек модельдеу әдісін ресей ғалымдары Н. И. Болдырев, М. Н. Скаткин, В. Богославкий, Э. И. Моносзон, Л. И. Выготский, т. б. ғылыми-зертеулерде қолданса, ал қазақ этнопедагогикасын зерттеу барысында Ж. Наурызбай, Қ. Қожахметова секілді ғалымдар еңбектнрінде көрініс табады. Отансүйгіш тәрбие беру туралы модельдеуде С. Нұрмұқашева, С. Иманбаева, Л. Сайдахметова, М. Құрманбаев, А. Бейсенбаева, т. б. пікірлерін негізге аламыз. Жалпы оқу-тәрбие үрдісіндегі қағидаларға сүйене отырып, қазақ батырларының қаһармандық бейнесі теориялық моделін жасаймыз. Осыған сәйкес, қазақ батырларының қаһармандық бейнесінің тоериялық модулін тұжырымдамалы (концептуалды) модель негізінде айқындауға болады. Ойымызды нақтылай отырып, қазақ батырларының қаһармандық бейнесінің теориялық моделін жасауға болады. Мақсаты; қағидалары, нормативтік негіздеулері, мазмұны әдісі, құралдары және нәтижелерінен тұрады.
Мақсаты: қазақ батырларының қаһарман бейнесі арқылы оқушылардың отансүйгіштік қасиетін қалыптастыру. Отансүйгіштік қасиеттер жеке тұлғаға тән болатын (қаһарлы, батыл, сұсты, арлы, епті, қарапайым, ұятты, зерек т. б. ) негіздеулерден тұрады.
Мазмұны:
- Кітап оқу үрдісінде: Тарихи тұлғалар, Қазақстан өлкесі, ерлік дәстүрлер, көркем шығармалар.
- Тәрбие үрдісінде: Парриоттық әндер конурсы, “Жігіт сұлтаны” конкурсы, “Сапта жүру” сайысы, Мергендер сайысы
- Сыныптан тыс уақыттарда: Ерлік дәстүрлері” көркем шығармалар факультативтік сабақ, семинар сабақтар.
Құралдары: Ауыз әдебиеті туындылары, ертегілер, мақал-мәтелдер, шежірелер, дастандар, тарихи деректер, көркем әдебиеттер.
әдіс-тәсілдері: әңгіме, тест, сауалнама, рольдік ойындар, пікір-сайыстар, жаттығу, плакаттар.
Оқыту формасы: сабақ, лекция, семинар сабақ, саяхат сабақ, практикалық сабақ.
Нәтижесі бүгінгі күннің талаптарына жауап беретін. Отанын сүйетін оның құндылықтарын сақтайтын, еліміздің өркендеуіне үлес қосатын, білім мен ғылымды толық меңгерген, отансүйгіштік қасиеттері қалыптасқан тұлғаны тәрбиелеу.
Демек, жоғарыда келтірілген теориялық моделімізді негізге ала отырып, қазақ батырларының қаһармандық бейнесі арқылы мектеп оқушыларының отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру өлшемдері:
- Оқушылардың “патриотизм”, “отансүйгіштік”, “қазақстандық патриотизм”, “қаһармандық” т. б. ұғымдарын игеруі;
- Қазақ батырларының қаһармандық бейнесі арқылы отансүйгіштік қасиеттерді өз бойында қалыптастыру қажеттілігін түсінуі;
Оқушылардың қазақ батырларының қаһармандық қасиеттеріне еліктеу және өздерінің отансүйгіштік қасиеттерін іс-әрекеттері арқылы дамытуы. Жоғарыдағы өлшемдерге сай оқушылардың даярлық деңгейлерін “жоғары”, “жеткілікті”, “төмен” деп бөлеміз.
Біз анықтама берген өлшемдердің мазмұнында отансүйгіштік қасиеттер жеке тұлғаның өмір сүру ортасындағы іскерлігін, белсенділілгін, дағдысын қалыптастыруға бағытталады. Сондай-ақ, біздің өлшемімізге алынған қазақ батырларының қаһармандық бейнесі арқылы отансүйгіштік қасиеттерді оқу-тәрбие үрдісінде жүргізуге мүмкіндігі зор болып табылады.
Негізгі міндеттері:
-Орта мектептің оқушыларының отансүйгіштік қасиеті іс жүзінде, практикалық тұрғыдан көрініс береді.
-Оқушы -ұстаз- ата-анасы -достары, т. б. қарысм-қатыныасы барысында отансүйгіштік қасиеттердің алатын орны.
Оқушының бойындағы негізгі отансүйгіштік қасиеттері:
Қарапайым, Бір сөзді, Батыл, СабырлыОй-өрісі кең, Ұқыпты, жинақы, Кішіпейіл, Шымыр, Бауырмал, Іскер, Достыққа адал, Отан алдындағы борышынына жауапкершілікпен қарайды, Шығармашылық бейімділігі жоғары, Намысшыл, Тез шешім қабылдай біледі.
Сонымен, қазақ батырларының қаһармандылық бейнесі арқылы оқушылардың отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастырудың құрылымдары, өлшемдері мен көрсеткіштері кестеде берілген.
Қазақ батырларының, қаһармандық бейнесі арқылы оқушылардың отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастырудың көрсеткіштері, деңгейлері.
Келтірілген кестедегі оқушылардың бойында табылуы қажет қасиеттерді ескере отырып, “сегіз қырлы, бір сырлы” тұлғалық моделін жүйелеуге болады: Бұл жөнінде профессор С. Қапиұлы: “мінезі майда, ары таза, тәні сау, өнегелі, өнерлі, жан-жақты жетілген толық адам”, -деп сипаттама береді. Бұл ой-пікірдің астарында әлі де айтылатын ой-пікірлердің тереңдігіне мән беруге тура келеді.
Сондай-ақ, “Сегіз қырлы, бір сырлы” деген ұғымға қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде “жан-жақты, өнерпаз, шебер” деп сипаттама берілген.
Жоғарыда келтірілген кестеге түсінік берер болсақ, еңбек ету барысында жеке тұлғаның бойында табандылыққа жоғары мән беріледі. Әдетте, мұндай қасиетке ие адамды “табанды, алған бетінен қайтпайтын, тұрақты, сөзіне, уәдесіне берік” деп сипаттайды. Демек, табанды болудың өзі де еңбектің жемісі болуына септігін тигізетін қасиет деп түсінгеніміз жөн. Ал, отансүйгіштік тұрғыдан намысты болу тұлғаның бойындағы бірден-бір асыл қасиет болып табылады.
Философ Г. Нұрышева өзінің ғылыми еңбегінде: “Намысты болу-өз бойына сан қырлы биік мағыналармен асыл құндылықтарды жинақтау”, - деп түсінік береді.
Сонымен қатар, КСРО батырлары Б. Момышұлы: “Жігерлену дегеніміз - рухани күш беру, күш-қуаттың тасуы, сергектік күй”, -дейді.
Яғни, жігерлі тұлғаға отансүйгіштік тұрғыдан сипатама береді. Ол қоғамдық ортада өзінің мейрімділігімен, бауырмалдығымен ерекшеленеді. Мейірмділік дегеніміз-ол адамгершілік сезім, жеке тұлғаның бойында тәрбие негізінде қалыптасады. Ал, бауырмалдық дегеніміз-ана сүтімен дарыған асыл қасиет. Сондай-ақ, өнерге деген көзқарасына байланысты, шеберлік үйрену, білу барысында қалыптасатын ептілік болып табылады. Халқымыз “жігітке жеті өнер де аз” деп айтады. Оқу-білім үйретуде маңызды қасиетттерге зеректілік, алғырлық, тапқырлық т. б. жатады. Зеректік табиғат берген дарындылықтың, іс-әрекеттің жемісі. Мұндай қасиеттердің өзі тұлғаның құрамдас бөлігіне сипаттама береді. Жалпы адам баласына тән қасиеттердің бірі руханилық “рухты, иманды, адал, пәк, т. б) болып табылады. Рухы мықты дегеніміз тылсым күштердің әсерінен болатын сезім. Кейбір ғылыми еңбектерде рухты аруақпен қатар түсіндіреді. Нақты деректерге сүйенсек, “Аруақ, күш, қуат, т. б. ” деген сөздердің ауыспалы мағынасы деп сипатталады. Демек, “сегіз қырлы, бір сырлы” ұғымының қолданыс аясы кең болып табылады.
Сондай-ақ, дүние жүзі халықтарында өз елін, жерін, Отан сүюге бағытталған саяси-идеологиялық талап-міндеттеріне де мысал келтіруге тура келеді. Ағылшын ағартушысы Д. Локк өзінің педагогикалық ойларында өз заманындағы джентельмендер тәрбиесін насихаттай отырып: “ол үшін бүкіл жақсы қасиеттер бойынан табылуы қажет. әрине ақылды, білімді, дене бітімі дұрыс және өз Отанын қорғай білетін азамат-джентельмен болуы тиіс”, деп көрсетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz