Мемлекеттік кредит пен мемлекеттік борыш туралы


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Мемлекеттік борыш - белгілі бір күнге үкіметтік борыштың, Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкі мен жергілікті атқарушы органдар борышының сомасы.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің борышы - Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі алған және өтемеген мемлекеттік заемдардың, сондай-ақ заң актілерімен белгілі бір күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің борышына жатқызылған борыштық міндеттемелердің сомасы.

Мемлекеттік борыштың пайда болуы мен өсуінің себебі мемлекеттік бюджеттің тұрақты тапшылығы болып табылады. Экономкалық жағынан дамыған елдердің едәуір мемлекеттік ішкі борышы болады. Алайда борыштың бұл түрінің түзілу себептеріндегі, әдістеріндегі және жұмыс істеу ерекшеліктерідеп айырмашылық елеулі болады. Дамыған елдерде мемлекеттік борыш және оны тудырған бюджет тапшылықтары экономикалық циклге экономиканы тұрақтандыру мен оны дамытудың біріктірілген факторлары болыптабылады. Халықтан, корпорациялардан, банктерден, басқа қаржы және кредит мекемелермен қарызға алынған ақша қаражаттары өнімді пайдаланылады және аталған қарызгерлердің активтері ретінде қаралады. Мемлекет пен муниципалдық құрылымдардың (жергілікті атқарушы органдардың) қарамағына елдің заңи және жеке түлғаларының бос ақша қаражаттары да, сонымен бірге, басқа елдердің (үкіметтердің, қаржы кредит мекемелерінің) және халықаралық қаржы-кредит институттарының ресурстары да несие капиталы ретінде уақытша пайдалануға жұмылдыру үшін және бюджет тапшылығы проблемаларын шешу үшін тартылуы мүмкін. Оларды алудың басты әдісі мемлекеттік кредит болып табылады.

Курсытық жұмыстың мақсаты, талқылауға алынғанн тақырыпты жан жақты саралау болып табылдады. Осы мақсаттарға сүйене отырып келесідей міндеттерді орындайды:

  • Мемлекеттік кредиттің нысандары мен әдістерін қарастыру
  • Халықаралық мемлекеттік кредит тәжірибесі
  • Мемлекеттік борыш және оны басқару аспектілері
  • Мемлекеттік борышты басқарудың заңнамалық нысандары мен нормативтік актілері
  • 2004-2006 жж. Мемлекеттік кредитті талдау
  • Мемлекеттік борышты басқаруындағы кездесетін мәселелер мен олрады шешу жолдарын талқылау.

Осы міндеттердің мәні мен мазмұның аша отырып, оған байланысты жазылып жүрген мәселелер мен мәліметтерді пайдаланып, өзімнің жұмысыма пайдалануға кірісемін.

  1. МЕМЛЕКЕТТІК КРИДИТ ПЕН МЕМЛЕКЕТТІК БОРЫШ

1. 1 Мемлекеттік кридит пен борыштың мәні

Мемлекеттік кредит қызметінің нәтижесінде мемлекеттік борыш түзіледі. Мемлекеттік борыш - бұл алынған және белгілі бір күнге өтелмеген мемлекеттік қарыздардың сомасы (олар боиынша есептелген пайыздарды қоса) . Мемлекеттік борыш үлғаималы үдайы өндірісті және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ақша ресурстарын тарту нысандарының бірі ретіңде мемлекеттік қарыздарды пайдаланудан туады. Мемлекеттік борышты мемлекет мемлекеттік бюджеттің қаражаттары есебінен өтейді. Орналастыру рыногына, қарыз валютасына және басқа сипаттамаларына қарай мемлекеттік борыш мемлекеттік ішкі және сыртқы борыш болып бөлінеді. Сондай-ақ күрделі және ағымдағы мемлекеттік борыш болып бөлінеді. Күрделі мемлекеттік борыш деп мемлекеттің шығарьшған және өтелмеген борышқорлық міндеттемелерінің бүкіл сомасын (бұл міндеттемелер бойынша есептелген пайыздарды қоса) айтады. Борыш бұл мемлекеттің барлық борышқорлық міндеттемелері боиынша несиегерлерге табыс төлеу және мерзімі келген міндеттемелерді өтеу жөніндегі шығыстар.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік борыш өз кезегінде тікелей Үкіметтің, Ұлттық банктің және Үкіметтің кеплді үәдесін алған кәсіпорындардың борышы болып бөлінеді егер, борышты несиегерлердің түрлері (типтері) бойынша өзара бөлке салсақ көбінесе дүниежүзілік банкке, Халықаралық валюта қорына және Қазақстандық экспортты қаржыландыратын үиымдарға қарыз алудың едәуір көлемі жеке несиелерге де тиеді. Бұлар көбінесе Қазақстанның бағалы қағаздарын - қазынашылық міндеттемелерді, Ұлттық банктің шоттары мен еурооблигацияларын сатып алатын шетелдік жеке және заңи ұиымдар. Орналастырған еурооблигацияларды өтеу мемлекеттік борышқа қызмет көрсетуге жұмсалатын шығыстардың негізгі баптарының бірі болып отыр. Мемлекеттік кредит - жалпы мемлекеттік қаржының басты буындарының бірі және кредит қатынастарының жиынтығы, бұл қатынастарда мемлекет несиегердің де, қарыз алушының да, гаранттың да (қарыз алушы үшін мемлекеттің кепілгерлігін білдіреді) рөлінде көрінуі мүмкін[3, 369б. ] .

Мемлекеттік кредиттің көмегімен жүмылдырылған қаражаттар көбінесе экономиканы қаржыландыруға бағытталатындықтан оның өндірістік сипаты болуы тиіс. Мемлекеттік кредит жөніндегі Қатынастар мына негіздерде қаржы қатынастарына кіреді:

  1. мемлекеттік кредит жолымен жұмылдырылатын қаражаттар әр түрлі қажеттіліктерді - өндірістік, өндірістік емес, сол сияқты стратегиялық, оперативтік қажеттіліктерді қаржыландыруға бағытталатын мемлекеттің қаржы ресурстары ретінде қаралады;

2) алынған және берілген кредиттер үшін есеп айырысулар, олар үшін пайыздар төлеу бюджеттердің - үкіметтің қарыз алулары кезінде орталық (республикалық) немесе биліктің жергілікті органдарының қарыз алулары кезінде жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен жүргізіледі. Бюджет кірістерінің негізгі және тұрақты бөлігін салықтық түсімдер құрайтындықтан қарыздар арқылы жүмылдырылатын қаражаттар " салықтар", яғни мерзімінен бүрын өндіріп алынған салықтар деп саналады.

Мемлекеттік кредит ақша қаражаттарын (оларды кейін қайтару шартында) қайта бөлу функциясын орындайды. Бұл халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландырумен байланысты. Бұл функцияда мемлекеттік кредит жинақ ақшаны ұйымдастыру нысандарының бірі болып табылады. Кредиттің көмегімен біршама азғантай, орташа жинақ ақша мемлекетте шоғырландырылады және оның қажеттіліктерін қаржыландыруға бағытталады. Бұған халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасында орналастырылатын мемлекеттік қарыздардың облигацияларын шығару, мемлеқеттің бағалы қағаздарының басқа түрлерін (қазынашылық міндеттемелерді, қазынашылық бондарды, сертификаттарды) шығару арқылы қол жетеді. Бұл функция іс-әрекетінің объективті нәтижелері ұлғаймалы үдайы өндірістің ауқымын арттыру және оның қарқынын тездету болып табылады.

Мемлекеттік кредиттің ерекшелігі қарызға берілген қаражаттардың қайтарымдылығында, мерзімділігінде және ақылығында. Алайда, бұл қатынстарды банк несиесімен шатастыруға болмайды.

Сурет - 1. Мемлекеттің кредиттің жекеше кредиттен айырмашылығы

Жекеше кредит:

Жекеше кредит

Мемлекеттік кредит:

Мемлекеттік кредит

Жекеше кредит:
  1. өндірістік мұқтаждар үшін жүмыл-дырылады;
  2. несие капиталы жүмылдырылады;
  3. өтеу қосымша онім немесе ондіріс процесінде пайда болатын қүннан жүргізіледі;
  4. капиталдын, қолдану сферасын (өндірістік сфераны) кеңейтеді.
Мемлекеттік кредит:
  1. өндірістік және өндірістік емес мүқтаждар үшін жүмылдырылады;
  2. төлем және сатып алу қаражаттары жүмылдырылады;
  3. өтеу бюджет кірістірінен (негізінен салықтық түсімдердің есебінен) жүргізіледі;
  4. капиталды қолдану сферасын тарылтады.

Ағымдағы кезеңде пайдаланылатын қаражаттар несиегерге ондаған жылдардан кейін, яғни келешектегі ұрпақтардан өндіріп алынатын салықтар есебінен қайтарылуы мүмкін болғанда мемлекеттік кредиттің қайта бөлгіштік функциясы сондай-ақ оның мерзімінен бүрын төдену қасиетінде көрінеді. Сөйтіп, келешектегі ұрпақтардың қаражаттарын бүгінгілердіің пайдасына қайта бөлуге қол жетеді ("уақытқа қарай қайта бөлу") .

Мемлекеттік кредиттің екінші функциясы - реттеуші функциясы. Бірінші кезекте мемлекет несиелік пайыздың мөлшеріне ықпал жасай отырып, ақша ағындарын реттейді: несие капиталының рыногында қаржыгер бола отырып, ол бұл капиталға деген сұранымды арттырады, мұның нәтижесінде несие капиталының нормасы артады. Сөйтіп, мемлекет бұл рыноктағы бәсекеге араласады, одан жеке инвесторларды ығыстырады ("ығыстыру әсері") . Бұл олардың бизнестің белгілі бір түрлерін инвестициялауын шектеуді тудырады. Бір мезгілде мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу кезінде айналыстағы ақшаның (қолма-қол ақшаның және қолма-қолсыз ақшаның) қысқаруына жеткізеді, мұның өзі ақша эмиссиясының зардаптарын жою үшін тиімді болуы мүмкін[3, 371б. ] .

Мемлекеттік кредит рөлі халықтың, көсіпорындардың, ұйымдардың уақытша бос қаражаттарын жүмылдырудағы мүмкіндіктеріне және олардың мемлекеттің кезек күттірмейтін мүқтаждарын қаржыландыруға бағыттауға саяды.

Мемлекеттік кредит түрлері бойынша ішкі, сыртқы, шартты болып ажыратылады ( Қосымша А ) .

Ішкі кредитте мемлекеттік кредит қатынастары жан-жақты түрғыда: қарызгер кезеңде де, несиегер ретінде де үкіметтің, биліктің жергілікті органдарының, кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың арасында пайда болады.

Халықаралық кредитте қатынастарға бір жағынан, үімет, биліктің жергілікті органдарды, екінші жағынан басқа мемлекеттердің үкіметтері, банктері, компаниялары, сондай-ақ халықаралық қаржыбанк ұйымдары араласады. Кредит беруші тарап мемлекет донор немесе ұйым-донор, ал кредит алушы ел рецидент-ел деп аталады.

Шартты мемлекеттік кредит отандық қарызгерлер: кәсіпорындар, ұйымдар, фирмалар, жергілікті билік органдары алған қарыздарына басқа елдердің несигерлеріне берілген кепілдіктер бойынша үкіметтің міндеттемелері ретівде болады. Қарыз шарттары орындалмаған жағдайда үкімет отандық қарызгердің уақыты келген міндеттемелері бойынша қарызгердің мүлкінен немесе басқа активтерінен бюджет қаражаттары есебінен қарыздың сомасын телейді.

Мемлекет қарыз алушы ретінде ғана емес, сонымен бірге несиегер ретінде де бола алады.

Мемлекеттік несиелендірудің негізгі сферасы - күрделі жұмсалымдар: басым өндірістерді қаржыландыру; тұрғын-үй құрлысын қаржыландыру; экономикалық және әлеуметтік инфрақүрылым салаларын қаржыландыру.

Несие капиталдары рыногында мемлекет гарант ретінде бола алады. Төлемдердің кідірісі бойыншатәуекелдіктер; банкроттық; саяси және басқадай себептер жағдайында бұл мемлекеттік несиелендірудің ерекше нысаны. Мемлекет кредит ресурстарын:

  1. бюджет тапшьшығын қаржыландыру;
  1. ұлттандырылған және аралас кәсіпорындарға жұмсалатын күрделі жүмсалымдарды қаржыландыру;
  2. биліктің жергілікті органдарының шаруашылық органдарын қаржыландыру;

4) елдің ақша айналысын реттеу үшін пайдаланады.

Мемлекеттік кредиттің көздері - кәсіпорындарда, банктерде, зейнетақы қорларында, сақтық қорларында, халықта пайда болатын уақытша бос қаражаттар[3, 391б. ] .

1. 2 Мемлекеттік кредиттің нысандары мен әдістері

Мемлекеттік кредиттің негізгі нысаны кредит қатынастары болып көрінетін мемлекеттік қарыздар болып табылады, бұл қатынастарда мемлекет негізінен қарызгер ретінде болады. Ішкі мемлекеттік кредиттің нысандары: мемлекеттік қарыздар шығару; коммерциялық банктердегі халықтың салымдарының бір бөлігін мемлекеттік қарыздарға айналдыру; қазынашылық несиелер.

Мемлекеттік қарыздар - нәтижесінде мемлекет белгілі бір мерзімге және белгілі бір ақыға ақша қаражаттарының белгілі бір сомаларын алатын мемлекет пен заңи және жеке түлғалар арасындағы қарыз қатынастары.

Сурет - 2. Қарыздардың салықтардан айырмашылығы

Қарыздар:

Қарыздар

Салықтар:

Салықтар

Қарыздар:
  1. ерікті сипаты;
  2. мәжбүрлеудің бүркемелі нысаны
Салықтар:
  1. мәжбүрлеме сипаты;
  2. мажбүрлеудің анық нысаны

Қарыздар өтеу мезгілі, орны, орналастыру әдістері, қарыз валютасы, эмитенттер, табыстылық түрлері бойынша ажыратылады. Өтеу мезгілі бойынша: қысқа мерзімді (бір жылға дейін), орта мерзімді (1 жылдан 5 жылға дейін), ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары) болып ажыратылады. Орналастыру орны бойынша қарыздар ішкі және сыртқы қарыздар болып бөлінеді. Ішкі қарыздардың облигацияларын шетел азаматтары мен қоғамдар сатып ала алады. Орналастыру әдістері бойынша: еркін айналатын, жазылу бойынша орналастырылатын және мәжбүрлеме қарыздар болып ажыратылады. Мемлекеттік қарыздар, әдеттегідей ақша нысанында шығарылады, бірақ қажет болғанда заттай нысаны да болады.

Эмитентке қарай қарыздар үкіметтің қарыздарына және биліктің жергілікті органдарының қарыздарына (муниципалдық қарыздарға) ажыратылады.

Табыстылық түрлері бойынша қарыздар пайыздық (қарыз иелері жыл сайын тең үлеспен бекітілген мөлшерлеме бойынша тұрлаулы табыс алады) ; утыс немесе лотереялық (табыс облигациялардың өтеу тиражы немесе ұтыс тиражы шыққаңда төленеді) қарыздар болуы мүмкін.

Дербестікке ие болғаннан кейін Қазақстан Республикасында меншікті ішкі қарыздарды қолдану басталды. 1992 жылы республика үкіметі Мемлекеттік ішкі қарыз шығарды, ол кәсіпорындар мен ұйымдар арасында таратылды. Сол жылы айналысқа 20 жылға есептелінген Қазақстан Республикасының мемлекеттік ішкі ұтыс қарызының бондары шығарылды. Қарыздар бойынша ұтыстар жыл сайын 25, 50, 500 мың теңге көлемінде 4 рет ойналады[4, 301б. ] .

1996 жылы Қазақстан Республикасында резидент және бейрезидент заңи және жеке түлғалар арасында номиналы 1000 теңгеге, айналым мерзімі 364 күнге тең мемлекеттік бағалы қағаздар болып табылатын Мемлекеттік ішкі қарызының Ұлттық жинақ облигациялары таратылды. Ұлттық жинақ облигацияларына жүзбелі табыстық пайыздары есептеліп, олар тоқсан сайын төленіп түрады.

"Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу және борыш туралы" Қазақстан Республикасының заңына, Бюджет кодексіне сөйкес қарыз алудың мынандай түрлерін атауға болады: мемлекеттік қарыз алу және мемлекет кепілдік берген қарыз алу.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік қарыз алуды Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ұлттық банкі және жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.

Үкіметтің қарыз алуы республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыру мақсатында, Ұлттық банктің қарыз алуы төлем балансын қолдау және Ұлттық банктің алтын - валюта активтерін толықтыру мақсатында, сондай-ақ елдегі жүргізіліп отырған ақша-кредит саясатымен айқындалатын басқа да мақсаттарыңда жүзеге асырылады. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қарыз алуы аймақтық инвестициялық бағдарламаларды қарыжландыруға байланысты жергілікті бюджеттің тапшылығын жабу мақсатында жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қарыздардың мынадай түрлері мен нысандары болады:

1. Қарызгерге қатысы бойынша:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыздары;

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қарыздары;

Жергілікті атқарушы органдарының қарыздары болып белінеді.

2. Несие капиталының рыноктары бойынша: сыртқы мемлекеттік қарыздар; ішкі мемлекеттік қарыздар.

3. Қарыз алу нысаны бойынша: мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару; қарыз шарттарын (келісімдерін) жасасу болып болінеді.

4. Крлданылу мерзімі бойынша мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар: айналыс мерзімі 1 жылға дейін, қысқа мерзімді; айналыс мерзімі 1 жылдан 5 жылға дейін, орта мерзімді; айналыс мерзімі 5 жылдан астам, ұзақ мерзімді болып болінеді.

Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар құжаттық және құжатсыз нысанда (оны үстаушылар үшін тек қана қүжаттық нысанда), номиналды және дисконтталған құны бойынша, сыйақының бекітілген және бекітілмеген мөлшерлемесімен шығарылуы мүмкін.

Қарыз туралы келіссөздер жүргізу, шарттарға қол қою тәртібін, оның атынан эмиссияланатын мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару, орналастыру, айналысқа түсіру, өтеу және оларға қызмет көрсету тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Мемлекеттің шығыстарын қаржыландыру үшін халықтың банктердегі салымдары бойынша қалдықтарының бір бөлігін мемлекеттік қарыздарға айналдыру әдетте жинақ банкілері арқылы жүргізіледі және егер, олардың капиталы мемлекетке жататын болса, онда депозиттерді пайдалану тәуекелдіктері бойынша мемлекет жауап береді; жинақ банкінің (акционердің) капиталына мемлекет қатынсқан жағдайда банк мекемелерінің (акционерлердің) пікірлеріне сәйкес тартылған қаражаттарды тиімді пайдалану нұсқаларының проблемалары пайда болады.

Қазынашылық несиелер шаруашылық жүргізуші субъектілерге немесе бюджет қаражаттары есебінен мемлекеттік билік пен басқару органдарының халыққа қаржылық комек көрсету женіндегі ақша қатынастарын білдіреді.

Мемлекеттік кредиттің оістері әр түрлі және баяндалған нысандарға сай келеді. Мемлекеттік қарыздарда - бұл қаражаттарды тартудың және оларды кейін қайтарудың амалдары, тәсілдері: олар қарыздарды шығарудың шарттарымен анықталады: табыстылықты анықтаудың және табыс алудың әдістері, іс-қимылдың мерзімі, орналастыру амалдары (облигацияларды, бондарды еркін сатып алу және сату, жазылу, мәжбүрлеме орналастыру), өтеу амалы (облигациялар бойынша ұтыстар, қордаланған пайыздық кірісі бар облигацияларды төлеп (сатып) алу, мерзімсіз қарыздарда - пайыздық кірісті дүркіндік төлеу) .

Қарыздардағы өдістерге сондай-ақ мемлекеттің борышын басқару әдістері де жатады (ары қарай қараңыз: жаңғырту, мерзімді ұзарту, сәйкестендіру, қайта қаржылаңдыру) .

Мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерде (МҚМ-да) мыналар әдістер болып табылады: дисконттың мөлшері, кесіп тастау бағасы, көрсетулі құны бойынша МҚМ-ды өтеу, өтеу мерзімі, аукциондарды өткізудіің тәртібі (реті) .

Мемлекеттік кредиттің нысандары кезінде - мемлекеттік банктердің депозит ресурстарының қалдықтарын пайдалану кезінде мұндай қолданудың шарттары әдістер болып табылады: мемлекеттің қаржы ресурстары ретінде тартылатын ресурстардың үлесі, қайтару мерзімі, табыстылық нормасы. Елдің орталық эмиссиялық банкісінің қаражаттарын тарту шарттары - әдістері үқсас болады, бұл әдістер мұндай қарыз алудың инфляциялық ықпалын азайтуы тиіс.

Мемлекеттік кредиттер нысанындағы әдістер кәдімгі банк кредитінің әдістеріне үқсас болып келеді[6, 208б. ] .

  1. Халықаралық мемлекеттік кредит

Өзінің шығындарын жабуға мемлекет шетелдік кредиттерді де тартады. Сыртқы экономикалық байланыстардың қарқындап өсуі халықаралық мемлекеттік кредиттің тез дамуына жеткізіп, соның негізінде сыртқы берешектердің шапшаң өсуіне себепкер болып отыр. Мемлекеттер өзіне қажет қаржы ресурстарын жұмылдыру үшін Ұлттық шекарадан тысқары жерлердегі бос ақша көздерін барған сайын белсенді пайдалануда. Компаниялар, банктер, сондай-ақ, әр түрлі елдердің мемлекеттік оргаңдары кредит мәмілелерінің қатысушылары болып отыр.

Халықаралық мемлекеттік кредит - халықаралық экономикалық қатынастар сферасында елдердің материалдық ресурстарының қозгалысы, мемлекет дүниежүзілік қаржы рыногында борышкер немесе несиегер ретінде болатын қатынастардың жиынтығы. Бұл қатынастар мемлекеттік сырт-қы қарыздар нысанын қабылдайды және ішкі қарыздар секілді олар да қайтарымдылық, мерзімділік және ақылық жағдайында беріледі. Алынған сыртқы қарыздардың сомасы есептелген пайыздармен бірге елдің мемлекеттік борышына қосылады. Мемлекеттік сыртқы қарыздар ақша және тауар нысанында беріледі. Несие субъектісі мемлекеттік уәкілетті органдар арқылы елдер болып саналады.

Халықаралық кредит - бірқатар елдер мемлекеттерінің, банктерінің, соңдай-ақ басқа заңи және жеке түлғаларының басқа елдердің мемлекеттеріне, банктеріне және өзге де заңи және жеке түлғаларына берілетін қарыздары. Сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына байланысты халықаралық кредит сферасында мына валюта-кредит ұйымдары барған сайын маңызды орын алып отыр: Халықаралық Валюта Қоры, Халықаралық Қайта Қүру және Даму "Банкі және оның ұйымдары - Дамудың Халықаралық Ассо-циациясы, Инвестициялар Кепілдігінің Копжақты Агенттігі, Халықаралық Қаржы Корпорациясы, Европа Қайта Қүру және Даму Банкі, Азия Даму Банкі, Ислам Даму Банкі және басқалары. Халықаралық Валюта Қоры валюта бағамдарын реттеу нормаларын белгілеу және оларды сақтауға бақылау жасау, қатысушыелдер арасында валюталық шектеулерді жою, оларға төлем баланыстарын реттеу үшін қаражаттар беру арқылы халықаралық сауда мен валюталық ынтымақтастыққа жәрдемдеседі [7, 103б. ] .

Дүниежүзілік банк пен оның ұйымдары елдердің экономикалық дамуын оларға техникалық комек көрсету мен елдердің экономикалық әлуетін іске асыруға қабілетті жобаларды қаржыландыру арқылы қолдап отырады.

Өзінің мәні жағынан халықаралық мемлекеттік кредит үлғаймалы үдайы ендірісті қамтамасыз ету қүралдарының бірі болып табылады, бірқатар жағдайда дамушы елдерге экономикалық көмек көрсетудің қүралы болып саналады.

Халықаралық кредиттің қажеттігі экономикалық зандардың бүкіл жиынтығымен айқындалады.

Халықаралық кредиттің дамуы мына факторларға байланысты болады:

1) еңбектің халықаралық белінісі мен экономикалық бірігу;

2) ендірістің мамандандырылуы, қауымдасуы;

3) елдердің табиғи ресурстарымен және жүмыс күшімен әр түрлі қамтамасыз етілуі;

4) жеке елдердің экономикалық дамуының біркелкі еместігін жеңіп шығудың қажеттігі;

5) дамушы елдерге экономикалық комек көрсетудің қажеттігі;

6) дамушы елдердің дамыған елдермен сауда-экономикалық ынтымақтастығы.

Халықаралық кредитке берілетін мемлекеттің кредит ресурстары:

1) қорланым қорларына жататын мемлекеттік бюджеттердің қаражаттарынан;

2) үжымдық несие қорларынан (Ұлттық және халықаралық банктердің меншікті және тартылынды (тартылған) қаражатта-ры) ;

3) мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың қаражаттарынан түрады.

Ақша нысанындағы халықаралық кредит Ұлттық валюталарда және еркін айырбасталымды валюталарда беріледі.

Халықаралық кредиттің функциясы мемлекеттердің сыртқы экономикалық қызметі процесінде тауар және ақша ресурстарын қайта бөлу болып табылады.

Халықаралық кредитті пайдалану экономиканың дамуын тездетуге, экономикалық дамудың деңгейлерін теңестіруге, сыртқы сауданың өсуіне, экономикалық бірігуді тездетуге жәрдемдеседі.

Халықаралық кредиттің негізгі нысаны сыртқы қарыздар болып табылады. Қарыз қаражаттары сыртқы сауда мөмілелерін жүзеге асыру немесе экспорт пен импортқа жәрдемдесу - сыртқы сауданы несиелендіру үшін пайдаланылады. Сыртқы сауда-ны несиелендіру кезінде кредиттерді беру, пайдалану және өтеу елдердің тиісті бағдарламалары мен бюджеттерінде қарастыры-лады, мұның өзі оларға өздерінің міндеттемелерін толық әрі бөгетсіз орындауына мүмкіндік береді.

Халықаралық кредит нысандарында экономикалық дамуды қолдау мақсатымен шетел мемлекеттері мен көпжақты ұйымдар беретін дамуға ресми көмек ерекшеленеді. Көмек беру мақсаттарының коммерциялық емес сипаты болады, яғни көпжақты валюта-кредит ұйымдары өздерінің пайдасын барынша көбейтуге үмтылмайды, керісінше қүрылымдық жаңғыртуды және экономикалық өсуді қамтамасыз ететін сфераларды қаржыландырады. Мысалы, Халықаралық валюта қорының кредиттері Қазақстанға макроэкономикалық тұрақтандырудың және құрылымдық реформалардың бағдарламаларына, теңгенің бағамын қолдауға беріледі, мұның өзі басқа халықаралық ұйымдар қарыздарының елге түсу шарттарының бірі болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық мемлекеттік кредит
Мемлекеттік несие мен қарыздар
Мемлекеттің сыртқы борышы
Мемлекеттік кредит пен мемлекеттік борыш
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік несие және мемлекеттік қарыздар
Қазақстанда мемлекеттік кредиттеудің қалыптасуының теориялық негіздері
Мемлекеттік кредиттің теориялық аспектілері
Ішкі және сыртқы борыштар
Мемлекеттік несие мәні
Әлеуметтiк-экономикалық ахуал
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz