Қазақстан Республикасының Президенті мемлекет басшысы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ИНСТИТУТЫНЫҢ ТАРИХИ ҚАЖЕТТІЛІГІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

1.2. Президенттің құқықтық мәртебесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10

1.3. Президентті сайлау және оны лауазымынан
кетіру тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 12

ІІ. ПРЕЗИДЕНТТІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ ... ... ... 19

2.1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚҰҚЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

2.2.ПРЕЗИДЕНТ ӘКІМШІЛГІ ЖӘНЕ БАСҚА ОРГАНДАР ... ... ... ... ... ... . 27

ІІІ тарау. Қазақстан Республикасының Президенті . «Нұр Отан» партиясының төрағасы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 29

IV тарау. Қазақстан Республикасы Президентінің Республика халқына Жолдауы . аса маңызды Конституциялық құжат ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 41

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 57

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 59
Қазақстан халқы елдің дамуының стратегиялық міндеттерін, ағымдағы басымдықтарын, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі қағидалары мен бағыттары туралы маңызды хабарлар мен ақпараттарды ең алдымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың аузынан естуге әдеттеніп қалды. Оның дәлелі Президенттің әр жылда жасайтын Қазақстан халқына Жолдауы. Биылғы Қазақстан халқына жасаған 11-ші Жолдауда ел үмітін ақтады. Онда нақты мақсаттар мен міндеттер күн тәртібіне қойылған. Оның мәнін Жоддаудың "Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру — мемлекеттік саясаттың басты мақсаты" деген атауы ашып тұр.
Транзиттік даму кезеңінен өтіп, қалыпты эволюциялану жолына түскен ел алдында қазір өзінше күрделі міндеттер тұр. Нарықтық экономика жасалынды, жаңа саяси жүйе өмірге келді. Қоғамдық қатынастардың барлық салалары нарықтық экономикалық жүйеге сәйкестендірілуде. Елде үлкен материалдық, қаржылық байлықтарға ие болған капиталистік бизнесмендер табы қалыптасты. Нарық қиындығынан елдің әлеуметтік әлсіз топтарының люмпенденуі мен кедейленуі де күшейе түсті.Әлеуметтік қайшылықтар тікелей көрініс бере бастады. Елдің аграрлық секторын капиталдандырудың да қиыншылықты үрдісі басталды. Міне, осындай қиындықты әлеуметтік шындық жағдайында елдің тұрақты дамуын жалғастыру, нарықтық модернизацияны тереңдете түсудің бірден-бір жолы-Қазақстан халқының материалдық әл-ауқатын жақсарту екендігін Президент биылғы Жолдауында ерекше көрсетіп берді. Мемлекет алдағы уақытта қарапайым халықтың әл-ауқатын түбегейлі елдің дамуына қол жетпейді.Сондықтан мемлекет бүгінен бастап, әр қазақстандық мұң-мұқтажынатажына бетбұрыс жасау саясатынын басшылыққа алуға тиісті. Мемлекет өз азаматтарына қызмет жасаса, оның өмір сүруін жақсартудың кешенді шараларын жүзеге асырса ғана өзінің күш-қуатын еселейтінін сезінетін уақыт жетті.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Астана 2007
2. Қазақстан Республикасының Президенті туралы Конституциялық Заңы. Алматы. 2005.
3. Қазақстан Республикасының Парламенті туралы Конституциялық Заңы. Алматы. 2007.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық Заңы. Астана. 2006.
5. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы Конституциялық Заңы. Астана 2007.
6. Қазақстан Республикасының Сайлау туралы Заңы. Астана. 2007.
7. Қазақстан Республикасының Парламентінің Жаршысы.
8. Сахаров Н.А. Институт президентства в современном мире. М., 1994.
9. Н. Назарбаев. Доклад на ІІ сессии Ассамблеи народов Казахстана//Полити-ка. 1995. № 2, С. 11; О необходимости "сильной президентской власти, см.: СЗиманов. Конституция и Парламент Республики Казахстан. Алматы. 1996.75-бет.
10. Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық мәртебесі былай дамыды."Қазақ КСР Презнденті орнын бекіту туралы" Қазақ КСР-ының 1990 жылғы 24 сәуірдегі Заңында ...Президент бірінші рет Республика басшысы деп аталды.// Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1990, №18.
11. "Мемлекеттік билік курылымын жетілдіру туралы" Қазақ КСР-ынын 1990 жылғы 20 қарашадағ заңында... Президентті Қазақ КСР-ының, оның атқарушы және билік жүргізуші билігінің басшысы деп атады.
12. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы бойынша Прези-дент мемлекет басшысы деп есептелді және аткарушы биліктін біртұтас жүйесін басқарды.
13. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттің басқа органдарымен өзара қатынасы туралы" 1994 жылғы 12 қыркүйектегі Жарлығына сәйкес мемлекеттің басшысы және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының, Конституция мен заңдардың сақталуының кепілі ретінде Үкіметтің жұмысы туралы-Премьер-Министр; азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, Конституцияның, заңдылық пен әділеттіліктің үстемдігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы туралы-Жоғарғы Соттың Торағасы;заңдардың орындалуын қадағалау жөніндегі жұмысы туралы-Бас Прокурор Президентке жүйелі түрде хабарлап отыру практикасы енгізілді.

14. Е.И.Казлова, О.Е.Кутафьев. "Ресей Федераииясы Конституииясы басқару-шы тұлғалардың ауыстырылмайтын "сыналары" қалыптасуына, билікке соны, жаңа күштін, жаңа ұрпақтың саяси қайраткерлері мен жетекшілері келуінің жо-лын кесуге күш салатын ұйымдасқан топтын пайда болуы мен сақталуына тос-қауыл қою максатын көздейді" деп жазады. //Конституционное право России, М., 1995. 330-бет.
15. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995. №17 -18
16. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995. №17-18.
17. Заң Президентті көпшілік алдында балағаттағаны немесе оған қатысты өсек таратқаны үшін жауаптылық қарастырған. Мемлекет басшысының қызметі, сон-дай-ақ оның басшылығымен жүргізіліп отырған саясат туралы көпшілік алдында айтылған сыни пікірлер үшін айыптамау заңда көрсетілген. // Қазақ КСР Жоға-рғы Кенесінің Жаршысы, №22. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі Президентті балағаттағаны үшін жауаптылық белгілеген.
18. Президенттің 1995 жылғы 26 желтоксандағы "Қазакстан Республикасының Президенті туралы" Қазакстан Республикасының Конституциялык заң күші бар Жарлығында мемлекетгік опасыздыкка мышщай анықтама беріледі: соғыс ие қару-лы қақтығыс кезінде жау жағына шығып кету, шет мемлекеттің Республикаға қарсы дұшпандық әрекетін жүзеге асыруына көмектесу арқылы көрінген Қазақ-стан Рсспубликасының сыртқы қауіпсіздігі мен тәуелсіздігіне нұқсан келтіру не-месе әлсірету мақсатында әдейі жасаған іс-әрекеті жатады.
19. Қазақ КСР-ының Президенттін ормын белгілеу туралы 1990 жылғы 24 сәуірдегі Заңында Қазақ КСР Жоғарғы Кенесі сайлаған Қазақ КСР Президенті ешкімнің тиіспеу құқығына ие екендігі және Қазақ КСР Конституциясын бұзған жағдайда тек Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің ауыстыруы мүмкін екендігі айтыл-ған // Қазақ КСР Жоғарғы Кенесінің Жаршысы, 1990, №18. Қазақстан Респуб-ликасының, 1993 жылғы Конституциясында Президенттің иммунитетке ие екендігі көрсетілді. Президенттің жауаптылығы туралы, оның орнынан алыну мүмкіндігі туралы ештеңе айтылмаған.
20. Егемен Қазакстан, 2000 жылғы 22 шілде № 174.

21. Қ,Р-ның 1999 жылғы 6 мамырдағы № 378-1 Конституциялық Заңымен 17-бап 4-І)-тармақшамен толықтырылды.
22. положении в стране и основных направлениях внутренней и виешней по-литики на 1997 г.// Казахстанская правда, 1996 жылҒы 8 қазан. Послание Прези-дента страны народу Казахстана "Казахстан-2030: процветание, безопасность, улучшеиие благосостояния всех казахстанцев", Алматы, 1997.
23. Б. Мұхамеджановтың косымша авторлығымен жазылған.
24. Ведомости Верховного Совета Казахской ССР, № 48-50, 1991 г., ст. 585.

25. Ведомости Верховного Совета КазССР, № 47, 1990, ст. 431.
26. Ведомости Верховного Совета КазССР, № 33-35, 1991, ст. 428.
27. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы бойынша Прези-дент мемлекет басшысы болып табылады және Республиканың атқарушы билігнің бірыңғай жүйесін басқарады. Мұндай жағдайда Президент пен Үкіметгің біртұтас Әкімшілігі болады. Алайда Президент пен Үкіметтің конституциялық өкілеттігін барынша толық қамтамасыз ету қажеттігі, Президент пен Үкімет аппараты қызметінің шектелгендігі Президент пен Үкіметтің біртұтаси аппаратын қайта құру-ды талап етті. Дербес жұмыс істейтін Президент Әкімшілігі мен Үкіметтің іс жүргізу Басқармасы құрылды. (Президенттің "Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің аппаратын қайта құру туралы"1994 жылғы 13 сәуірдегі Жарлығы //Вести Казахстана, 1994 жылғы 16 сәуір).
28. Президенттің "Қазақстан Республикасы Президенті жанынан Жоғары экономикалық, Кеңес кұру туралы" 1996 жылғы 1 сәуірдегі Жарлығы // Казахстанская правда, 1996 жылғы13 сәуір.
29. Положение об Ассамблее народов Казахстама, утвержденное Указом Пре-зидента Республики Казахстан от 1 марта 1995 г. // Собрание актов Президента Республики Казахстан и Правительство Республики Казахстан , 1995. №8.84-бет.
30. С. Зиманов. Конституция и Парламент РК. Алматы. Жеті Жарғы. 1996, 245 бет.
31. Ғ. Сапарғалиев. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы. Оқулық.Алматы. Жеті Жарғы. 1998.
32. Зиманов С.З. Конституция и Парламент Республики Казахстан. Алматы: Жеті жарғы, 1999;
33. Сапаргалиев Г.С. Конституционное право Республики Ка¬захстан. Алматы: Жеті Жарғы, 1998.
34. Конституция Республики Казахстан. Комментарий. Под. Ред. Сапаргалиева ГС. Алматы: Жеті жарғы, 1998. 432-бет.
35. Табанов С.Л. Совершенствование закондательства: теория и опыт Республики Казахстан. Алматы: Жеті жарғы, 1999. 288-бет.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Азаматтық құқық кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ

Орындаған:

Ғылыми жетекшісі:

Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ИНСТИТУТЫНЫҢ ТАРИХИ
ҚАЖЕТТІЛІГІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

1.2. Президенттің құқықтық
мәртебесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10

1.3. Президентті сайлау және оны лауазымынан
кетіру
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... . 12

ІІ. ПРЕЗИДЕНТТІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ ... ... ... 19

2.1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚҰҚЫҚ
ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... 22

2.2.ПРЕЗИДЕНТ ӘКІМШІЛГІ ЖӘНЕ БАСҚА ОРГАНДАР ... ... ... ... ... ... . 27

ІІІ тарау. Қазақстан Республикасының Президенті – Нұр Отан партиясының
төрағасы ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 29

IV тарау. Қазақстан Республикасы Президентінің Республика халқына Жолдауы –
аса маңызды Конституциялық құжат ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... 41

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... 57

Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
.. 59

КІРІСПЕ

Тақырыбтың өзектілігі: Қазақстан халқы елдің дамуының стратегиялық
міндеттерін, ағымдағы басымдықтарын, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі
қағидалары мен бағыттары туралы маңызды хабарлар мен ақпараттарды ең
алдымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың аузынан естуге әдеттеніп қалды. Оның дәлелі
Президенттің әр жылда жасайтын Қазақстан халқына Жолдауы. Биылғы Қазақстан
халқына жасаған 11-ші Жолдауда ел үмітін ақтады. Онда нақты мақсаттар мен
міндеттер күн тәртібіне қойылған. Оның мәнін Жоддаудың "Қазақстан халқының
әл-ауқатын арттыру — мемлекеттік саясаттың басты мақсаты" деген атауы ашып
тұр.
Транзиттік даму кезеңінен өтіп, қалыпты эволюциялану жолына түскен ел
алдында қазір өзінше күрделі міндеттер тұр. Нарықтық экономика жасалынды,
жаңа саяси жүйе өмірге келді. Қоғамдық қатынастардың барлық салалары
нарықтық экономикалық жүйеге сәйкестендірілуде. Елде үлкен материалдық,
қаржылық байлықтарға ие болған капиталистік бизнесмендер табы қалыптасты.
Нарық қиындығынан елдің әлеуметтік әлсіз топтарының люмпенденуі мен
кедейленуі де күшейе түсті.Әлеуметтік қайшылықтар тікелей көрініс бере
бастады. Елдің аграрлық секторын капиталдандырудың да қиыншылықты үрдісі
басталды. Міне, осындай қиындықты әлеуметтік шындық жағдайында елдің
тұрақты дамуын жалғастыру, нарықтық модернизацияны тереңдете түсудің бірден-
бір жолы-Қазақстан халқының материалдық әл-ауқатын жақсарту екендігін
Президент биылғы Жолдауында ерекше көрсетіп берді. Мемлекет алдағы уақытта
қарапайым халықтың әл-ауқатын түбегейлі елдің дамуына қол
жетпейді.Сондықтан мемлекет бүгінен бастап, әр қазақстандық мұң-
мұқтажынатажына бетбұрыс жасау саясатынын басшылыққа алуға тиісті. Мемлекет
өз азаматтарына қызмет жасаса, оның өмір сүруін жақсартудың кешенді
шараларын жүзеге асырса ғана өзінің күш-қуатын еселейтінін сезінетін уақыт
жетті. Өркениеттілік белгісі аз ғана төбе топтың ғана байып күшеюі емес, ел
халқының басым көпшілігінің жағдайының түзеліп, болашаққа сенімінің
артуы.Биылғы Жолдаудан Елбасының нарықгықэкономика жетістіктерін халықтың
әлеуметтік меселелерін шешуге бетбұрыс жасату саясатына ден қойғанын
байқаймыз. Қазақстан бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі қағидасына
негізделетін адам келбетіндегі капитализм орнатуға тікелей кірісті деп
есептеуге болады. Нарықтық қатынастардан ел халқының басым көпшілігі зардап
шегуі жағдайы толастамаса, елдің экономикалық дамуы толастамайтыны ақиқат.
Әсіресе, Қазақстан сияқты шикізат ресурстарын сатудан пайда тауып отырған
мемлекет үшін жер қойнауы табысына халықты ортақ ету мәселесі маңызды
бола түсуде. Президент ел болашағын, қазақстандықтардың әл-ауқатын
шикізатпен емес, тауар өндірісі сала-ларын дамытумен байланыстырады. Дайын
тауарлар мен азық-түлік өнімдерін шығару арқылы өз, рыногымызды қамтамасыз
етсе, артығын экспортқа шығарса өркениетті елдің әлеуметтік тірегі болып
есептелетін орта таптың қалыптасуы жылдамдайды. Қазір шағын және орта
бизнеспен Қазақстан халқының 7-10 пайызы ғана қамтылған. Бұл көрсеткіш 20-
25 пайызға жеткенде елдің толыққанды әл-ауқатына иелік еттік деп есептеуге
болады.
Президент адам факторына ерекше назар аударады. Себебі, әр
қазақстандықтың еңбекке құлшынысы болуы шарт. Әл-ауқатты өмір тек еңбекқор,
ізденімпаз, жаңашыл адамға келетіні ақиқат. Билік табиғат байлықтарын
халыққа бөліп беріп отыра берсе үлкен зиян, кесапат. Ондай саясат
жалқаулықты тудырады. Мұнай қоры, алтын қоры, қаржылық басқа да қорлар
ғылымның, білімнің, денсаулықтың, мәдениет пен спорттын дамуына жұмсалуы
елдің кемел келешегінің кепілі екендігін саяси элита терең ұғынуы шарт.
Сондықтан биылғы Жолдауда аталған салалар ерекше назарға алынған.
Қазақстанның абыройы мен әлеуметтік қуатын Елбасы қарттарға, мүгедектерге
және сәбилерге ерекше қамқорлықтың болуымен байланыстырады. Зейнеткерлердің
дұрыс өмір сүре алуы, сәбилердің өмірге көптеп келуі мемлекеттің беделін
арттырып қана қоймайды, оның азаматтарының бойында отансүйгіштік сезімін
қалыптастырады, жалпыхалықтық әлеуметтік оптимизмді күшейтеді. Билік пен
халықтың тұтастығын бекемдеу арқылы қазақстандық мемлекеттілікті нығайтуға
алғышарт жасалады. Биылғы Жолдаудың өзекті міндеті — мемлекеттің бүкіл
ресурстарын әрбір қазақстандықтың жағдайын жақсартуға пайдалану. Әл-
ауқаты жақсы, халық қана демократиялық, құқықтық мемлекетті құруда
белсенді.
Жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасы Президенті институтының
тарихи қажеттілігін көрсету және Қазақстанның Президенттік Республикадан
Президенттік-Парламенттік Республикаға өту мәселелерін қарастыру.
Осы мақсатқа сәйкес жұмыстың алдына мынадай міндеттер қойылды:
- Қазақстан Республикасы президенті институтының тарихи
қажеттігін көрсету;
- ҚР Президентінің Конституциялық-құқықтық мәртебесін көрсету;
- ҚР Президентінің құзыретін көрсету.
Қазақстанның өркениетті елдер қатарына қосылуымен байланысты
жүргізілетін аса күрделі және сан салалы жұмысты басқаратын елдің саяси
билігі. Саяси биліктегі шешуші тұлға — Президент. Сондықтан Қазақстан үшін
Президент қызметінің тағдырлық маңызы күшті.
Дипломның құрылымы мен көлемі. Дипломның құрылымы зерттеудің негізгі
мақсаты мен пәніне сәйкес келеді. Ол кіріспеден, төрт бөлімнен,
қорытындыдан және пайдаланған қайнар көздерден тұрады.

І ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ИНСТИТУТЫНЫҢ ТАРИХИ
ҚАЖЕТТІЛІГІ

Қазақстанда биліктің жаңа түрі — президент институты елдің терең
экономикалық және әлеуметтік, саяси дағдарысы жағдайында қалыптасты.
Әсіресе, экономикалық дағдарыс салдарының ел халқының 50 пайыздан астамы
кедейшілік және қайыршьшық деңгейіне түсті. Бұрыңғы социалистік жоспарлы
экономика мен өкімшілдік-әміршілдік жүйе дағдарысты еңсеруге мүддем
қауқарсыз болып шықгы. Елде этностық қозғалыстар басталып, солтүстік жөне
шығыс облыстарда сепаратизм қаупі анық байқадды. Мұндай қауіпті үрдістер
Қазақстанның бөлшектенуі, ыдырауы кайшылығына жеткізетіндей ахуал
қалыптасты. Коммунистік партияның аренадан түсуі рухани, идеологиялық
вакуумге әкелді. Елде тәртіптің, тәрбиенің және саяси тұрақтылықтың
өлсіреуі басталды. Қоғамдық қатынастардың негізгі салаларын түгелдей
камтыған жүйелік дағдарыстан шығу үшін бірінші кезекте саяси басқарушы
билікті күшейту міндеті тұрды.
Үшіншіден, тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы жылдарда
Қазақстандағы сайлан-ған өкілді органдар мен жергілікті атқару-шы билік
органдары дағдарысқа төтеп беретіндей қызмет ете алмайтындықтарын көрсетті.
Жоғарғы Кеңестің жұмысында митингілік, дау-дамайлық сипат басым болды.
Биліктің әлсіздігінен Казақстанның дағдарыстық үрдістер құшағынан шығуы
мәселесі қиындап кетті. Сондықтан нақты саяси ахуалды шешетін, халықтың
демо-кратияны таңдауына жауап беретін, елдегі саяси және экономикалық
тұрақтылықты қамтамасыз ететін жалпыхалықтық сайлауда билікке келген
президент қажет болды.
Төртіншіден, Қазақстандағы саяси және экономикалық жүйенің
алмасуы жағдайын-да өркениетті, демократиялық елдердің тәжірибесіне сәйкес
келетін жаңа тұрпатты саяси жүйені қалыптастыру қажеттілікке айналды.
Осындай кезек күттірмейтін міндеттерді шешу үшін де Қазақстанға
президенттік билік қажет болды. Себебі, Қазақстан дамыған Батыс
мемлекеттеріндегідей
өмір стандарттарын каласа, солардыкіндей қызмет ете алатын, қазіргі жылдам
өзгеретін заманның қауіптері мен қайшылықтарына жауап беретін басқару
жүйесін құру керек еді. Қазақстан өркениетті
елдердің басым көпшілігіне тән президенттік билік жүйесін таңдады.
Бесіншіден, елдің полиэтностық құрамының,
этнодемографиялық ахуалының күрделілігі Қазақстан халқын жалпы-мемлекеттік
ортақ мақсаттар мен міндеттер аясында топтастыра алатын, ұйытушылық қасиеті
бар саяси биліктің болуын талап етті. Билік ұлан-байтақ ел аумағын, шикізат
кездері мен материалдық ресурстарын басқара
алмаса, Қазақстанда келешек болмай-тындығын ел халқы да, саяси элита да
түсінді. Тарихи саяси ахуал және экономикалық даму талаптары Қазақстанды
президенттік билік жүйесіне алып келді. Сондықтан Қазақстандағы Президент
қызметін өмірдің объективті даму талаптарынан туған кұбылыс деп айта
аламыз.
Қазақстан қоғамындағы осындай нақты талапты сезінген сол кездегі Қазақ
КСР Жоғарғы Кеңесі өз қаулысымен 1990 жылғы 24 сәуірде Қазақ Кеңестік
Социалистік Республикасының Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
сайлансын деген шешім қабылдады.
Биліктің бір саяси жүйеден екіншісіне эволюциялық және бейбіт жолмен
ауысуы жағдайында саяси басқарушы элитаның толықтай алмасуы болмайтындығы
әлемдік саяси төжірибеден белгілі. Қазақстандағы жаңа мазмұндағы саяси жүйе
бұрынғы социалистік саяси жүйе қойнауынан біртіндеп бөлініп шықты.Жаңа
нарықтық катынастарға тән, жаңа қоғамға тән саяси жүйенің бірінші кірпіші,
іргетасы Қазақ-станда Президент қызметінің енгізілуімен қаланды деп
есептеуге болады.
Қазақстан либералдық сипаттағы саяси жүйеге Кеңес Одағы толық
күйремей жатып-ақ бетбұрыс жасай бастады. Ескі саяси жүйені демонтаждау,
демократиялық саяси жүйеге қарай түбегейлі бетбұрыс жасау шаралары 1990
жылғы 25 қазанда қабылданған Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы
декларациядан бастау алды. Декларацияда Казақстанда алғаш рет билік
тармақтарын заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлу қарастырылды.
Президентке республика басшысы ретінде ең жоғарғы әкімшілік-аткару билігі
жүктелді. Осы құжаттан бастап Қазақстанда шешуші мемлекеттік тұлға
Президент болды. Сонымен қатар, биліктің негізгі тірегі Қазақстан халқы
екендігі және биліктің негізгі органдары халық атынан қызмет ететіндігі
атап көрсетілді. Биліктің халық алдында толық жауаптылығы белгіленді.
Декларацияда саяси жүйенің барлық сегменттерінің заңдарға бағынып
қызмет жасау қажеттілігі міндеттелді. Ел тарихында алғаш рет Қазақстан
заңдарының өз аумағында Кеңес Одағы заңдарынан басымдығы жарияланды.
Қазақстан шын мәніндегі халықаралық саясат субъектісіне айналды.Әлемдік
саясаттағы Қазақстанның жаңа орнын анықтау шараларын басқару-шы ең жоғарғы
әкімшілік-аткарушы билігі бар Президент басқара бастады. Экономикалық
нарықтық қатынастарға бетбұрыс жасауын, меншік түрлерінің әралуандыққа ие
болуын, саяси плюрализмнің қалыптасуын, елдің демократиялық модерниза-цияға
түсуі сияқты өзекті міндеттерді шешу саясатын да Президент тікелей өзі
жүргізе бастады. Сонымен, ғасырлар алмасар тұста жаңа Қазақстанның жаңа
әлемдегі орнын анықтауда, елді әлемдік өркениет үдерісте-ріне қосу істеріне
Президент басшылық жасады. Президенттің қоғам, мемлекет, халық және адам
тағдырына жауапкершілігінің артуы құбылыс саяси өмірге келді.
Постсоциалистік және посттоталитарлық кезеңдегі дағдарыстық үрдістерді
ауыздық-тау міндетін шешу барысында ел халқының алдында президенттік
биліктің зәрулігі дәлелденіп, оның абыройының артуы көрінді. Транзитті,
етпелі қоғам дамуының 1990-1995 жылдарды қамтитын бірінші кезеңін
Қазақстанда президенттік биліктің пайда болуы мен калыптасуы кезеңі ретінде
бағалауға болады. Президенттік билік ар-қылы Қазақстан халқы өз тағдырын
өзі ше-шетін саяси-әлеуметтік қауымдастыққа айнала бастады. 1990 жылы ел
халқының 41 пайызын құрап, 6,8 миллион адамға жет-кен казақ ұлты өзінің төл
мемлекеттілігін жасау мүмкіндігіне ие болды.
Қазақ этносының ұлтсыздануының, ана тілінен айырылуының, ұлттық
ділінен алшақтауының зиянды және қауіпті үдерістеріне шек қоюдың саяси
алғышарты да жасалды. Тәуелсіздік қазақ ұлтына этно-демографиялық және
мәдени жаңару мүмкіндігін алып келді. Бұл мүмкіндіктердің де кепілі
президенттік билік деп білді қазақ халқы. Сонымен бірге, қазақ халқы
Қазақстан Президенті ең алдымен бүкіл Қазақстан халқының мүдделерін, мақсат-
мұраттарын іске асырушы болуға тиісті екендігін түсінді, өзінің этностық
мүдде-лерінің Қазақстан халқы мүдделері шең-берінде біртіндеп шешілу
саясатының келе-шегіне және қажеттілігіне енді. Бұл күрделі құбылыс қазірге
дейін эволюциялық дамуда жалғасып келеді. Тәуелсіздіктің бастапқы кезеңінде
Президент басқарған саяси элита үш ғасырға жуық созылған Ресей империясының
бодандығында болу қазақ ұлтын біртіндеп құру табалдырығына әкелгендігін
жақсы түсінді. Бодандық жалғаса берген жағдайда қазақ этносы ұлттық
белгілерінен айрылып, ассимиляцияланған тобырға айналатындығы сөзсіз
болатын. Онын кең байтақ, табиғи ресурстарға толы жері басқаның иелігіне
өтеді. Қазақ ұлтына тәуелсіздік осындай қасіреттерден құтылу мүмкіндігін
сыйлады. Халқымыз ұзақ тарихи кеңістікте өзінің билігі өзінде болатын,
әлемдік ереже-тәртіптерге икемделген халықаралық қатынастар субъектісіне
айналды. Бұл жаңа құбылыс та қазір өз жалғасын табуда.
Бірақ, полиэтностық елде қазақ этносының ұлттық, тілдік мүдделерін
асығыс түрде, басқа мәселелерді ысырып тастап бірінші кезекке қоюға
болмайды. Әсіресе, 90-жылдарда орыстар ел халқының 37%-ын құрап, 6,2
миллион адам болатын. Украин-дарды, беларусьтерді, немістерді және басқа да
славян-христиан тектес халықтарды қосқанда олар Қазақстан халқының тең
жарымынан астамын құрайтын. Әсіресе, солтүстік және шығыс аймақтарда
қазақтар азшылық еді. Республика басшылығына сол кезде ерекше сабырлылық
пен салқынқандылық
керек болды. Қазақстанның тәуелсіздігін жариялауды аса сақтықпен, елдегі
көп халықтардың саяси көңіл-күйін есепке ала отыра іске асыруы өзін ақтады.
Елді этностық, әлеуметтік текетірестер мен қауіпті қайшылықтардан
қақтығыссыз, бейбіт жолмен шығарып, егеменді мемлекет болудың сара жолына
түсіруде жаңадан енгізілген президенттік билік шешуші рөл атқарды.
Президенттік биліктің ұйымдастырушылық және идеологиялық
қызметтері нәтижесінде елдегі этностық топтар мен диаспоралар Қазақстанның
жеке тәуелсіз мемлекетке айналуы саяси және экономикалық ахуалдың дамуының
объективті
себептерінен туған тарихи қажеттілік екендігін дұрыс түсінді. Президенттік
билік басшылығымен Қазақстанхалқы елдегі саяси тұрақтылықты қоғамдық
және этностық келісімді сақтай отырып, егемендікке келді. Әлеуметтік және
этностық катаклизмалардың болмауы ел экономикасының нарықтық модернизация
жолына тез түсуіне қолайлы жағдай туғызды. Экономиканың тез жандануы
Қазақстанды Кеңес Одағы күйреуінен туған дағдарыстық ахуалдан жылдам алып
шыққаны белгілі. Әрине, елдегі саяси-экономикалық құрылыстар алмасуы
кезеңінде болған барлық күрделі құбылыстарды президенттік билікпен тікелей
байланыстырып қоюғаболмайды. Сонымен бірге, өзекті, тағдыр шешті
мәселелердің барлығы дүрыс шешілуіне Президент өзінің құзырлы билігімен
тікелей ықпал етіп отырды. Сол себепті Қазақстанның тәуелсіздік жолына
түсуі барысындағы жетістіктері мен кемшіліктері де белгілі бір деңгейде
Президент қызметіне байланысты. Себебі, Конституция бойынша елдің ішкі және
сыртқы саясатын анықтауда Президент шешуші рөл атқарады. Қазақстанның
саяси өмірінде нақты орын алған президенттік билік азаматтардың құқықтары
мен бостандықтарын қорғап, олардың саяси қауіпсіздігін, материалдық әл-
ауқатын қорғайтын конституциялық дамудың кепіліне айнала бастады. Елде
билік дағдарысыкұбылысы күн тәртібінен түсті. Соның арқасында елдің саяси
жүйесінде, халықтың саяси санасы мен мәдениетінде президенттік билік өз
орнын бірден тапты. Президенттік биліктің Қазақстанда абыройды тез
жинауында елдің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жеке басының харизмалық
сапалары, іскерлігі, елжандылығы, табандылығы және Қазақстан мемлекеті
алдында тұрған ағымдағы және стратегиялық міндеттерді терең түсінуге және
шешуге қабілеттілігі оң ықпал етті деп батыл айтуға болады.
Қазақстанда демократиялық қоғам қағидаларына сәйкес сайлаулар
өткізіле бастауы да президенттік билікпен тікелей байланысты. "Қазақ КСР-
нін президенттік сайлау туралы 1991 жылғы 16 қазандағы Заңына сәйкес,
елде алғаш рет өркениетті елдердегідей жалпыхалықтық және демократиялық
сайлау өткізілді. Мемлекеттегі ең жоғарғы лауазым иесін Қазақстан халқы өз
құзырымен сайлады. "Биліктің қайнар көзі-халық" делінетін демократияның
басты қағидасы Қазақстанның саяси шындығына айналды. Президентгік билік
елді дағдарыстан шығару, нарықтық қатынастарды орнықтыру, саяси, жүйені
,реформалау, міндеттерін өз мойнына алды және ойдағыдай орындап шықты. Осы
шараларды іске асыруға бағытталған 400-ден астам заң күші бар Президент
жарлықтарының тәуелсіз ел экономикасы мен саяси жүйесінің жаңару жолына
түсуіне пәрменді ықпал жасады. Казақстанның стратегиялық даму басымдықтарын
Президенттің тікелей басшылығымен қабылданған 1993 жылғы
"ҚазақстанРеспубликасының Конституциясы", 1995 жылғы "Қазақстан
Республикасының Конституциясы", 1997 жылғы "Қазақстан-2030"-барлық
қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-аукатының артуы"
Казақстан халқына Жолдауы сияқты маңызды мемлекеттік құжаттар анықтап
берді. Президенттік билік басшылығымен ел халқы өзінің дамуының негізгі
бағыттарын дұрыс айқындай алды, өркениеттік даму жолына түсе алды.
Көптеген ресейлік және әлемдік сарапшылар Қазақстанның егеменді
ел болу мүмкіндіктеріне күдікпен караған еді. Мысалы, АҚШ-тың белгілі
саясат-кері Збигнев Бзежинскийдің "Орталық Азия талқан болады" деген
сәуегейлігінің Қазақстанға қатысы болған жоқ. Керісінше, саяси жөне
экономикалық ахуалдың жақсара түсуі Қазақстанды Орталық Азия аймағындағы
тұрақтан-дырушы факторға, бейбітшілік кіндігіне айналдырды. Әлемдік
қауымдастық Елбасының Қазақстанды ядролық қарулардан азат мемлекетке
айналдыру саясатын, полиэтностық қоғамдағы диаспоралар мен ұлыстардың
теңдігі саясатын, ел өмірінің барлық салаларын модернизациялау саясатын
дұрыс саясат ретінде қолдады.
Қоғамдық катынастардың жаңаруына, ел алдындағы міндеттердің
өзгеруіне сәйкес президенттік билік өзін-өзі үнемі жаңартып отыруға
тырысты. Дағдарыс жылдарында биліксіздікті ауыздықтау мақсатында
вертикальді президенттік билік күшейтілді. Ал қоғамдық өмірді
демократияландыруды тереңдету қажеттілігі туғанда 2007 жылғы мамыр айында
Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес президенттік
билік президенттік-парламенттік билікке ауыса бастады. Елбасы ұсынысымен
заң шығарушы билік тармағы Парламенттің, заңдарды орындауды қамтамасыз
ететін сот билігі тармағының күшеюі байқалды. Елдегі билік бөлі-нісінің
құқықтық, демократиялық қоғамға бастайтындығын саяси тәжірибе делелдейді.
Мұның өзін Елбасының ин-новациялық ойлауының, реформаторлық қасиеттері мен
білікті саясаткерлігінің нәтижесі деп бағалаған жөн. Елбасы ұсынған "
алдымен экономика, одан соң саясат" қағидаты өзін ақтады. Ел экономикасының
жандануы, халықтың әл-ауқатының жақсаруы. Қазақстанды артта қалған үшінші
дүние елдерінен орташа дамыған елдер қатарына көтерді. 16 жылда қазақ ұлты
6,8 миллион адамнан 9,1 миллион адамға дейін көбейді. Аз ғана мерзімде
қазақ ұлтының 2,3 миллион адамға өсуі тәуелсіз мемлекет болу жағдайында
және пәрменді демографиялық саясатты іске асыру арқасында ғана мүмкін
болды.
Мемлекеттің және атқарушы биліктің басшысы ретінде Президент
лауазымы бірінші рет Америка Құрама Штаттарында пайда болды. Қазіргі кезде
көптеген елдерде ел Президенті қызметі орнықтырылды. Президенттік қазіргі
танда Еуропаның, Азияның, Африканың, Американың көптеген елдерінің саяси
жүйесінің элементі болып табылады.
Президенттік институты президенттік, сондай-ақ парламент-
тік басқару республикаларында құрылып, қызмет етуде. Парламенттік басқару
жүйесі кезінде ел басшысы қызметін Президент атқарады, ал нақты аткарушылық
билік Парламент алдында есеп беретін Үкіметтің қолында болады. Президенттік
Республикада Президент кең өкілеттікті және ерекше жағдай-ды иеленеді.
Президенттік Республика мынадай қырларымен сипатталады Үкімет Президент
алдында жауап береді, Үкімет мүшелерін Президент өз қалауымен қызметке
тағайындайды және қызметінен босатады; Президент зандар бойынша ұсы-ныс
енгізуге, Парламент қабылдаған зандарға қол қоюға неме-се оларға тыйым
салуға құқылы; Президент өз қалауымен заң күші бар Жарлықтар шығаруға
кұқылы; Президент лауазымы бойынша Қарулы Күштердің Бас қолбасшысы болып
табыла-ды; Президент Парламенттің кезектен тыс сессиясын шақыруға,
Парламентті таратуға және мезгілінен бұрын Парламент сайла-уын тағайындауға
құқылы; Президент референдум өткізуге, төтенше жағдай енгізуге және
басқаларына құқылы. Прези-денттік Республика дүние жүзінің көптеген
мемлекеттерінде, оның ішінде АҚШ-та, Францияда, Италияда, Түркияда, Арген-
тинада, Мексикада, Сирияда, Филиппинде, Тайваньда, Корей республикасында
және басқаларында қызмет етеді.

1.2. ПРЕЗИДЕНТТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ

Мемлекеттік органның Конституциямен белгіленетін құқықтық мәртебесі
мемлекеттік билік органдары жүйесінде бөлінетін орнымен анықталады.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясында Президент туралы
тарау Жоға-рғы Кеңес туралы тараудан кейін орналастырылды. Ол Жоға-рғы
Кеңестің кең өкілеттік берілген бірден-бір заң шығарушы және жоғары
уәкілетті орган ретінде танылғандығын білдіреді. Конституция мемлекетті
парламенттік республика құруға ба-ғыттады. Қазақстан Республикасының 1995
жылғы Конститу-циясы мемлекеттік билік органдары жүйесінде бірінші орынға
Президентті койды. Сөйтіп, Қазақстан Республикасында президенттік баскару
жүйесінің орнықтырылғаны туралы Кон-ституциялык қағиданы бекітті.
Н.Ә. Назарбаев басқарудың президенттік жүйесін: "мемле-кеттің
бүгінгі тандағы басшыларының қайсыбір мүдделері мен амбициялары емес,
объективті факторлар тудырды. Және бұл, біздің еліміз үшін айтарлықтай ұзақ
мерзімді болашақ үшін қажет"2 деп жазды. 12-шақырылған Қазақстан
Республикасы-нын Жоғарғы Кеңесі өзінен-өзі тарқағаннан және Президент-ке
заң шығару органының кейбір өкілеттігі уакытша берілгеннен кейін Президент
мемлекеттік өмірдің маңызды мәселелері бой-ынша жедел және сапалық деңгейі
айтарлықтай жоғары Кон-ституциялық және жай зандық, күші бар жүздеген
Жарлықтар шығарды. Бұл зан, шығармашылық, салада президенттік қабілеттілік
пен мүмкіндікті көрсетті және оның басқарудың президенттік жүйесін
нығайтуда айтарлықтай мәні болды. Конституцияның Президенттің мемлекеттік
билік органдары жүйесіндегі орнын белгілейтін 40-бабы Президенттің
мәртебесін сипаттаудың негізі болып табылады. Конституцияның керсетілген
бабына сәйкес Президент мемлекет басшысы болып табылады1.
Мемлекет уәкілдігі ел ішіндегі сияқты, халы-қаралық катынастарда да
Президент атынан бағаланады. Сонымен бірге Президент мемлекеттің жоғары
лауазымы болып танылады.
Заң шығарушының ойынша, Президенттің осындай сипаттамасы оның бірде-бір
билік тармағына жатпайтындығын және Қазакстанның мемлекеттік билік
органдары жүйесінде ерекше орын алатындығын білдіреді. Конституция
Президенттің ерекше жағдайын тани келіп, Президенттің мемлекеттік биліктің
барлық тармакхарының келісімді түрде жұмыс істеуін және билік органдарының
халық алдындағы жауапкершілігін қамта-масыз ететіндігін орнықтырды. Бұл
конституциялық қағида Президент мемлекеттік биліктің барлық, тармақтарынан
жоға-ры тұрады деуге негіз бола ма? Президенттік мәртебені талдау мұндай
пікірдін негізсіздігін көрсетеді. Қазақстан Республика-сының
Конституциясында мемлекеттік билікті заң шығарушы-лык, атқарушылық және сот
тармактарына бөлу орнықтырыл-ған. Осы принципке орай биліктің әр тармағына
өз қызметтерін орындау үшін қажетті деңгейде жеткілікті түрде өкілеттіктер
берілген. Тек Парламент заң шығару өкілеттігін берген жағ-дайда ғана
шектеулі уақыт ішінде Президент заң қабылдай ала-ды. Сот билігін жүргізуге
Президенттің құкығы жоқ. Сондай-ақ атқарушы билікке қатысты да Президент
занда көзделген шараларды ғана қолдана алады. Одан әрі, Қазақстан Республи-
касы Конституциясында көзделген тежеушілік және тепе-тендік жүйесі
Президенттік биліктің барлық билік тармақтарынан қабілеттілік пен
мүмкіндікті көрсетті және оның басқарудың президенттік жүйесін нығайтуда
айтарлықтай мәні болды. Конституцияның Президенттің мемлекеттік билік
органдары жүйесіндегі орнын белгілейтін 40-бабы Президенттің мәртебесін
сипаттаудың негізі болып табылады. Конституцияның керсетілген бабына
сәйкес Президент мемлекет басшысы болып табылады1.
Мемлекет уәкілдігі ел ішіндегі сияқты, халы-қаралық катынастарда да
Президент атынан бағаланады. Сонымен бірге Президент мемлекеттің жоғары
лауазымы болып танылады. Заң шығарушының ойынша, Президенттің осындай
сипаттамасы оның бірде-бір билік тармағына жатпайтындығын және Қазакстанның
мемлекеттік билік органдары жүйесінде ерекше орын алатындығын білдіреді.
Конституция Президенттің ерекше жағдайын тани келіп, Президенттің
мемлекеттік биліктің барлық тармакхарының келісімді түрде жұмыс істеуін
және билік органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамта-масыз
ететіндігін орнықтырды. Бұл конституциялық қағида Президент мемлекеттік
биліктің барлық, тармақтарынан жоға-ры тұрады деуге негіз бола ма?
Президенттік мәртебені талдау мұндай пікірдін негізсіздігін көрсетеді.
Қазақстан Республика-сының Конституциясында мемлекеттік билікті заң
шығарушы-лык, атқарушылық және сот тармактарына бөлу орнықтырыл-ған. Осы
принципке орай биліктің әр тармағына өз қызметтерін орындау үшін қажетті
деңгейде жеткілікті түрде өкілеттіктер берілген. Тек Парламент заң шығару
өкілеттігін берген жағ-дайда ғана шектеулі уақыт ішінде Президент заң
қабылдай ала-ды. Сот билігін жүргізуге Президенттің құкығы жоқ. Сондай-ақ
атқарушы билікке қатысты да Президент занда көзделген шараларды ғана
қолдана алады. Одан әрі, Қазақстан Республи-касы Конституциясында көзделген
тежеушілік және тепе-тендік жүйесі Президенттік биліктің барлық билік
тармақтарынан жоғары тұруына мүмкіндік бермейді. Президентке Парламенттің
және сот билігінің қызметін бақылау құқығы берілмеген. Оның үстіне,
мәртебесі бойынша ол атқарушы билікке жақын. Алай-да, Қазақстан
Республикасының 1993 жылғы Конституциясында болғандай Президент атқарушы
билік жүйесін басқармайды. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы
Конституциясына сәйкес атқарушы билікті Үкімет жүзеге асырады және ол атқа-
рушы органдарды басқарады. Сонымен бірге өз қызметі үшін Президент алдында
Үкіметтің өзі жауап береді.
Көрсетілгендерден басқа, Қазақстан Республикасының Кон-ституциясы
Президенттің мемлекеттегі авторитарлық басшыға айналуына тосқауыл қоятындай
басқа да кепілдіктер келтіреді. Президентті жабық, дауыс беру жолымен жеті
жылға тікелей сайлау негізінде халық сайлайды. Және сайлау баламалы си-
патта өтеді. Конституция бір адамның Президенттік лауазымға қатарынан екі
мерзімнен артық, сайлануына жол бермейді. Пре-зидент өзінің норма
шығармашылық өкілеттігін шеңберінен ар-тық пайдаланған жағдайда
Конституциялық Кеңес оның нормативтік актілерін заңсыз деп тани алады.
Қазақстан Республикасы Президенті халық пен мемлекеттік биліктің,
Конституцияның мызғымастығының, адам мен аза-маттың құқықтары мен
бостандықтарының рәмізі және кепілі болып табылады. Президенттің халық
бірлігінің рәмізі болып табылатынының себебі, оны мемлекет басшылығына
көпұлтты халық сайлайды. Президент халық еркінің бірлігін білдіреді.
Сондықтан Президент халық атынан сөйлеуге құқылы. Пре-зиденттің мемлекет
билігінің кепілі болып табылатынының себебі, ол билік тармақтарының бірде-
біріне жатпай, оның бар-лық тармақтарының келісіммен қызмет етуін
қамтамасыз етуі тиіс. Президент Конституцияның, мемлекеттің басқа зандары-
ның сақталуында мемлекеттік билік органдарының жауапкер-шілігін қамтамасыз
етуі тиіс1.

1.3. ПРЕЗИДЕНТТІ САЙЛАУ ЖӘНЕ ОНЫ ЛАУАЗЫМЫНАН
КЕТІРУ ТӘРТІБІ

Қазақстан Республикасының Президентін сайлау Конституцияға (41-бап) және
Президенттің "Сайлау туралы" Жарлығына сәйкес белгіленген.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Президент
болып жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде Республиканың
кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы жеті жыл мерзімге
сайлайды. Прези-дент сайлауының баламалығын Конституция көрсетпейді. Бұл
принцип Президенттің "Сайлау туралы" заң күші бар Жарлығында бекітіледі.
Конституция Президенттікке кандидат алдына қойылатын негізгі
талаптарды белгілеп берді. Мемлекеттің басшысы және жоғары лауазымды
тұлғаның қызметін тиісті деңгейде атқару үшін Президенттікке кандидат
кемелденген жасқа келген, өмірлік мол тәжірибе жинақтаған болуы керек.
Осыны ескере келе, Президенттікке Қазақстан Республикасының кемінде 40
жасқа толған азаматының сайлана алатындығы белгіленді. Көптеген елдерде
Президенттікке кандидатқа жас шектеуі қойылмаған. Барынша кең тараған норма
бойынша, Президенттікке 35 жасқа толғандар сайлана алады. Президенттікке
тілек білдірген-дерге АҚШ-та, Мексикада, Австрияда, Венгрияда, Португалия-
да, Ирландияда1 осындай жас шектеуі қойылған.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы бойынша рұқсат етілетін
ең жоғары жас шегі белгіленген болатын. 1998 жылы бұл шектеу алынып
тасталды. Жастың жоғары шегін белгілеудің бір ғана себебі бар еді:
қабілетсіздігіне қара-мастан, адамдардың әбден қартайғанша билік басынан
кетпейтін кеңестік кезең тәжірибесін қайталаудан сақтану. Президенттік
лауазымға кірісу үшін ең аз жас деңгейі белгіленген елдерде жастың рұқсат
етілетін ең жоғары деңгейі белгіленбейді. Мысалы, Индияда мемлекет басшысы
орнына кәртан, беделді адам-дарды сайлау тәртібі қабылданған. Ресей
Федерациясының Кон-ституциясы да Президент үшін мүмкіндігінше рұқсат
етілетін жас деңгейін белгілемейді. Денсаулығы мықты сақталған адам-ның
жасы үлғайған сайын саяси тәжірибесі молыға, ұйымдас-тырушылық кабілет
ұштала тусетіндіктен және баска касиеттеріне орай, әлемдік тәжірибе
көрсеткендей, мұндай бағыт өзін ақтайды да.
Қазақстан Республикасы Конституциясы Президенттікке үміткер
адам, міндетті түрде тумысынан Қазақстан Республи-касының азаматы болуы
керектігін белгілейді. Мұндай тәртіп бірқатар елдерде қабылданған. АҚШ-та
және Францияда ту-мысынан осы елдің азаматы болып табылатындар ғана Прези-
дент бола алады.
Конституцияда Қазақстанда кемінде 15 жыл тұру қажеттігі Қазақстан
Республикасының Президентіне қойылатын талап-тардың бірі болып табылады.
Мұндай талаптын, қойылуы дұрыс, өйткені мемлекет басшысы лауазымына үміткер
адам елді, ха-лықты, оның тарихын, экономикасын, ұлттық ерекшеліктерін және
басқаларын жақсы білуі тиіс. Бұл талапкд орай бір даулы сұрақ тууы мүмкін:
адам Қазақстанда қатарынан 15 жыл тұруы керек пе немесе кезең-кезеңімен,
бірақ жиналып келгенде 15 жылға толатын болуы керек пе? Болашақта
Президенттік лауа-зымға бірнеше кандидат ұсынылған кезде осы мәселені анық-
тау көкейкесті мәнге ие болуы мүмкін.
Конституция Қазақстан Республикасы Президенттігіне мемлекеттік
(қазақ) тілді еркін меңгерген азаматтың сайлана алатындығын белгілейді.
Мұндай талап, Қазақстан мемлекеті байырғы қазақ жерінде құрылғандықтан,
қазақ ұлты сақталу-ын қамтамасыз етудің басты шарттарының бірі-оны сақтау
болып табылатындықтан, тілдің өмір сүруін қамтамасыз ететін барлық қызметті
атқарудан туындайды. Ел Президенттігіне үміткер азамат қазақтармен еркін
сөйлесуі үшін, сөз жоқ, мемлекеттік қазақ тілін еркін меңгеруі тиіс. Бұл
арада атап көрсеткен жөн, Қазақстан Республикасының Конституциясы Президент
лауазымына үміткерге ұлттық шек қойып отырған жоқ. Кез келген ұлттың
мемлекеттік тілді еркін меңгерген аза-маты Қазакстан Республикасы
Президенті бола алады.
"Сайлау туралы" заң күші бар Жарлық Президент лауазы-мына үміткерге
қойылатын тағы бір талапты ұсынады1. Үміткер жеке бір табынушылыққа қызмет
етпеуі тиіс. Мұндай талап Қазақстан мемлекетінің зайырлық сипатынан
туындайды. Пре-зидент, кез келген азамат сияқты, кайсыбір дінді ұстауы
немесе ұстамауы мүмкін. Алайда, дін кайраткері болмауы, кайсыбір
конфессияға қызмет етпеуі тиіс. Ол мейлінше, әр түрлі дінді ұстайтын
азаматтардың дауыс беруімен сайланады. Сондықтан Президент зайырлы
мемлекеттің басшысы ретінде бүкіл халық-ты ойлауы керек. Одан әрі,
үміткердің заң тәртібімен белгілен-ген соттылығын өтемеген адам болмауы
керек: ол белсенді сай-лау құқығының иесі болуы тиіс.
Қазақстан Республикасының Конституциясы Президент сайлауының
негізгі құқықтық бастауын белгілейді. Кезекті және кезектен тыс Президент
сайлауы өткізілуі мүмкін. Пре-зиденттің кезекті сайлауы желтоқсанның
бірінші жексенбісінде өткізіледі және Республика Парламентінің жаңа құрамын
сай-лау мерзімімен тұспа-тұс келмеуі керек. Республика Пре-зидентінің
кезектен тыс сайлауы Президент лауазымынан мерзімінен бұрын босаған немесе
кетірілген жағдайда өткізіледі. Республика Президентіне кезектен тыс сайлау
Президент екілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылғаннан кейінгі екі ай мерзім
ішінде өткізілуі тиіс.
Қазақстан Республикасы Конституциясы Президентті сайлау үшін
барынша көпшілік дауыстың мажоритарлық жүйесін белгіледі. Егер дауыс беруге
сайлаушылардың 50 проценттен астамы қатысса сайлау өткізілген болып
есептеледі. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 50 процентінен аста-
мын алған кандидат сайланған болып есептеледі, Егер кандидаттардың бірде-
бірі көрсетілген дауыс санын ала алмаса, қайдан дауысқа салынады, оған көп
дауыс алған екі кандидат қатысады. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың ең
көп дауыс алған кандидат сайланды деп есептеледі.
"Қазақстан Республикасының сайлау туралы" Заңы Президент сайлауы
тәртібін егжей-тегжейлі регламенттейді1. Президенттікке кандидатты өз
мүшелерінің және мүше еместерінің арасынан олардың жоғары органдары атынан
республикалық қоғамдық бірлестіктер ұсынады. Азаматтарға өзін-өзі ұсыну
кұқығы да берілген.
Қазақстан Республикасы Конституциясы бір адамның Рес-публика
Президенттігіне қатарынан екі мерзімнен артық сай-лана алмайтындығын
көздейді. Мұндай қағида Ресей Федера-циясы Конституциясында да көзделген.
Бұл конституциялық, норма басқарушы тұлғалардың ауыстырылмайтын
номенкулатурасын қалыптастыру мүмкіндігіне жол бермеуден туындайды1.
Сонымен бірге Президенттік лауазымға қатарынан екі рет сайланған азамат
болашак, Президент лауазымына сайлану үмітін жоғалтпайды.
Қазақстан Республикасы Конституциясында Президентті сайлаудың негізгі
құқықтық бастамасы белгіленген. Президент тек кезекті сайлауда сайланады.
Президенттің кезекті сайлауы желтоқсанның бірінші жексенбісінде жүргізіледі
және ол сайлау Республика Парламентінің жаңа құрамын сайлаумен мезгілі тура
келмеуі керек. Республика Президентінің кезектен тыс сайлауы жүргізілмейді.
Конституция бүкіл халық сайлаған Президенттің лауазымы-на кірісу
рәсімін де қарастырады. Қазақстан Республикасының Президенті Парламент
депутаттарының, Конституциялық Ке-ңес мүшелерінің, Жоғарғы Сот мүшелерінің
қатысуымен сал-танатты жағдайда халыққа ант бергеннен кейін қызметіне
кіріседі. Анттың мәтіні 42-бапта келтірілген: "Қазақстан хал-қына адал
қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен зандарын қатаң
сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге,
Қазақстан Респуб-ликасы Президентінің өзіме жүктелген мәртебелі міндетін
адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін".
Президенттің басшы және жоғары лауазым иесі ретіндегі жоғары
құқықтық мәртебесі жан-жакты қорғауды қажет етеді. Президент халыктың еркін
білдіргенмен, оның қызметі қарама-қарсы күресуші саяси күштерден барлық
уақытта бірдей қолдау тауып және мақұлданып жүрген жоқ. Сондықтан
Президенттің қызметіне қатысты негізсіз пікірлер, сөздер ғана айтылып
қоймайды, сондай-ақ Президенттің ар-намысына, қадір-қасиетіне тиетін сөздер
де айтылады. Президентті, оның мәртебесін құқық бұзушылық сипаттағы
сөздерден қорғау қажет2. Әрине, Президентке қатысты да сын ескертпелер айты-
лады. Сезім құлдығындағы сыни пікірлер кейде құқыққа қарсы сипаттағы
балағаттауға ұштасып кетеді. Бұдан кейбір адамдар-дың құқықтық, санасы
деңгейінің төмендігі және демократиялық, құқықтары мен бостандықтарын
пайдалана алмайтындығы көрінеді. Құқықтық сананы жаппай қалыптастыру және
демо-кратиялық институттарды пайдалану дағдысын тиянақтау едәуір уақытты
қажет етеді. Екінші жағынан, мемлекеттік органдар, барлық деңгейдегі
лауазымды адамдар бір ғана жазалау шара-ларымен жаппай оң құқықтық, сананы
қалыптастыруға және демократиялық тәртіпті бойға сіндіруге, мемлекеттің
лауазымды адамдарына қатысты құрмет сезіміне тәрбиелеуге болмайтындығын
саналы түрде сезінулері тиіс. Осыны ескере келе Президент Н.Ә.Назарбаев
1995 жылғы 21 маусымда елімізде баршаға құкықтық, білім беру жөніндегі
шаралар туралы арнайы қаулы қабылдады. Қазір халықтың барлық қабаттарын,
қызметкерлердің министрге дейінгі барлық санаттарын қамты-ған құқықтық
білім беру жұмыстары өріс алды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 46-бабына сәйкес мемлекет
басшысы ретінде Президент тиіспеушілік құқығына ие. Президентке, оның
абыройы мен, қадір-қасиетіне ешкімнің тиісуіне болмайды. Республика
Президентінің абы-ройына, қадір-қасиетіне нұқсан келтірушілік заң бойынша
жа-уапқа тартылады. Әңгіме Президентті барлық азаматтарға қатыс-ты заңның
қорғайтындығы туралы болып отырғандығын ескерген жөн.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы Президентті
лауазымынан босату және кетіру жөніндегі инсти-тутты карастырмады. Бұл
институт Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясында көрініс
тапты. Президентті лауазымынан босату және кетірудің айтарлықтай күрделі
тәртібі белгіленді. Сырқаттығына байланысты өз міндетін жүзеге асыруға
жұмыс қабілетінің үнемі болмауы кезінде Президент мерзімінен бұрын
босатылуы мүмкін. Мұндай жағдайда Парламент әр Палата депутаттарының тең
санынан және медицинаның тиісті салаларының мамандарынан тұратын комиссия
құрады. Мерзімінен бұрын босату туралы шешім Парламент Палаталарының
бірлескен отырысында комиссияның қорытындысы және Конституциялық Кеңестің
конституциялық рәсімінің сақталғаны туралы қорытындысы негізінде әр Палата
депутаттары жалпы санының кемінде төрттен үшінін көпшілік даусымен
қабылданады. Конституция Президентті лауазымынан кетіруге қатысты ерекше
тәртіп белгілеген. Президент өзінін, міндетін атқару кезіндегі іс-әрекеті
үшін тек қана мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда жауап береді1. Осы үшін
Парламент Президентті лауазымынан кетіруі мүмкін2. Кінә тағу және оны
тергеу туралы шешім Мәжіліс депутаттарының кемінде үштен бірінің бастамасы
бойынша Мәжіліс депутаттарынын жалпы санының көпшілік даусымен кабылдануы
мүмкін. Тағылған кінәні тергеуді Сенат ұйымдастырады және оның нәтижесі
Сенат депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен Парламент
Палаталарының бірлескен отырысының қарауына беріледі. Осы мәселе бойынша
түпкілікті шешім Парламент Палаталарының бірлескен отырысында әр Палатадан
депутаттардың жалпы санының кемінде төрттен үшінің көпшілік даусымен
қабылданады. Мұндай жағдайда Жоғарғы Соттың тағылған кінәнің негізділігі
туралы қорытындысы және Конституциялық Кеңестің белгіленген конститу-циялық
рәсімдердің сақталғаны туралы қорытындысы болуы тиіс. Егер кінә тағылған
кезден бастап екі ай мерзім өткенше Парламент түпкілікті шешім кдбылдамаса,
Президентке қарсы қойылған кінә кабылданбай тасталған деп танылады.
Мемлекетке опасыздык жасағаны туралы Президентке тағылған кінә кез келген
сатыда кабылданбай тасталуы мүмкін.
Мұндай жағдайда Президенттің мемлекетке опасыздық жасағаны
туралы мәселе көтерген Мәжіліс депутаттарының екілеттігі мерзімінен бұрын
токтатылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 63-бабында көзделген жағдайда
Президент Парламентті тарата алады. Президент Парламенттің өкілеттігін
мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені қараған кезенде Президентті
лауазымынан кетіру туралы мәселені қозғауға болмайды. Мұндай қағида
Парламент пен Президентті карама-қарсы қоюға жол бермеу мақсатын көздейді.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы Вице-президент
лауазымын қарастырған еді. Практика оның терістігін көрсеткендіктен, 1995
жылғы Конституция мұндай лауазымды қарастырмайды. Қазақстан Республикасының
Президенті қызметінен мерзімінен бұрын босаған немесе кетірілген, сондай-ақ
қайтыс болған жағдайда Республика Президенті-нің өкілеттігі қалған
мерзімге Парламент Сенатының Төрағасына көшеді; Сенат Төрағасының өзіне
Президент өкілеттігін қабылдауы мүмкін болмаған ретте ол Парламент
Мәжілісінің Төрағасына көшеді; Мәжіліс Төрағасының өзіне Президент
өкілеттігін қабылдауы мүмкін болмаған ретте ол Республиканың Премьер-
Министріне көшеді. Оның Парламентті таратуға, Үкіметтің өкілеттігін
тоқтатуға, республикалық референдум тағайындауға, Конституцияға өзгерістер
мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныс енгізуге құқығы жоқ. Мұндай
шектеудің мәні түсінікті: Президент міндетін атқарушы тарапынан мемлекеттік
билікке зорлық жасалмауын көздейді. Өйткені, оны халық сай-лаған жоқ және
ол халық атынан сөйлей алмайды.
Конституция республика Президентінің лауазымына кірісуіне байланысты
шектеушілікті белгілейді. Президенттің өкілдік органның депутаты болуға,
өзге де лауазымды атқаруына және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына
құқығы жоқ. Егер Президент саяси партияның мүшесі болса, онда өзінің
өкілеттігін жүзеге асыру кезеңінде ол ондағы қызметін тоқтата тұрады.
Аталған шектеудің саяси мәні бар. Егер Президент бір мезгілде Парламент
депутаты болса, онда ол оның қызметіне ықпал етуге (кысым жасауға)
мүмкіндік алар еді, ол билік бөлісу принципіне қайшы келер еді. Көптеген
Президенттер саяси партиялардың басшылары (жетекшілері) болып табылады және
партиядағы өзінің мүшелігін тоқтата тұрмайды. Қазақстан Республикасының
Конституциясындағы қағида белгілі бір дәрежеде бір саяси партия
үстемдігінің теріс әсерін көрсетеді және оппозициялық күштердің мүмкін
қысымына қарсы бағыгталған.
2000 жылғы 20 шілдеде "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті
туралы" Конституциялық Заң қабылданды1. Бұл заң жаңа тәуелсіз Қазақстан
мемлекетінің, негізін қалаушылардың бірі, Қазақстан халқының көшбасшысы,
Конституция га-ранты ретінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті
ретінде Н.Ә. Назарбаевтың саяси және құқықтық жағдайын айқындайды. Заң
өзінің мақсаты ретінде Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының негізгі
бағыттарының, елдегі әлеуметтік-экономикалық және демократиялық қайта
құрудың сабақтастығын қамтамасыз етуді көздейді.
"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы" Конституциялық
заң Н.Ә. Назарбаевтың мемлекет алдындағы ерекше тарихи еңбегінің арқасында
қабылданған айрықша акт болып табылады. Заң тұңғыш Президентке оның
сіңірген еңбегі үшін ол Президенттің лауазымында болған кезеңде, сондай-ақ
кейін де пайдалана алатын бірқатар құқықтарды ғұмырлық береді. Оларға
төмендегі кұқықтар жатады:
1. Ол Қазақстан халқына, мемлекеттік органдар мен лауазымды
адамдарға мемлекеттік құрылыстың, елдің ішкі және сыртқы саясаты мен
қауіпсіздігінің аса маңызды мәселелері бойынша тиісті мемлекеттік органдар
мен лауазымды адамдар міндетті түрде қарауға жататын бастамалар жасауға
құқылы.
2. Ол өзінің өкілеттіктерін атқаруды тоқтатқаннан кейін де Қазақстан
Республикасының Парламенті мен оның Палаталарының алдында, Үкіметтің
отырыстарында ел үшін маңызды мәселелерді талқылау кезінде, сөз сөйлеуге,
Қазақстан халықтары Ассамблеясын басқаруға, Қазақстан Республикасы Кон-
ституциялық Кеңесінің, Қауіпсіздік Кеңесінің құрамына кіруге құқылы.
Қазакстан Республикасы Тұңғыш Президентінің заңды қызметіне кедергі
жасауға жол берілмейді және ондай әрекет заңмен қудаланады.
Н.Ә. Назарбаевтың ерекше еңбегін атап өту кұрметіне "Қазақстан
Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев" ордені және
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің жыл сайынғы Мемлекеттік
бейбітшілік және прогресс сыйлығы тағайындалды.
Заңда Президентке ешкімнің тиіспеушілігі туралы ерекше айтылған. Ол
мемлекетке сатқындық жасау жағдайларын қоспағанда, өз мәртебесін жүзеге
асыруға байланысты іс-әрекет үшін жауапты болмайды. Қазақстан
Республикасының Түңғыш Президентіне тиіспеушілік оның тұрғын, қызмет үй-
жайларына, жеке және кызмет бабындағы көлігіне, жазылатын хат-хабарларына,
ол пайдаланатын байланыс кұралдарына, сондай-ақ оған тиесілі құжаттарға
қолданылады. Заң Президенттің қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті
шараларды көздейді. Ол шаралар байланыспен, күзетпен, медициналық
кызметтермен, зейнетақымен қамтамасыз етуді көздейді. Осы конституциялық
заң көздеген шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджеттің қаражаттары
есебінен жүзеге асырылады.

ІІ. ПРЕЗИДЕНТТІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ

Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігі президенттік басқару
жүйесінің мазмұнымен алдын ала айқындалады. Президентке тізілімі
Конституцияда және Президенттің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан
Республикасының Президенті туралы" Конституциялық заң күші бар Жарлығымен
белгіленген кең өкілеттіктер берілген.
Президенттің Парламентке қатысты өкілеттігі. Президент Парламенттің
кезекті және кезектен тыс сайлауын тағайындайды; Парламенттік өкілеттік
мерзіміне Сенатқа жеті депутатты тағайындайды; Парламенттің бірінші
сессиясын шақырады; Парламент депутаттарының Қазақстан халқына ан-тын
қабылдайды; Сенат Төрағасы лауазымына кандидат ұсынады; Парламент
Палаталарының кез келген бірлескен және жеке өткізілетін отырыстарына
қатысуға және сөз сейлеуге құқылы; Үкімет мүшесі заңдарды орындамаған
жағдайда Парламент Сенатының немесе Мәжілісінің оларды қызметінен бо-сату
жайындағы өтінішін қарайды; Конституцияда көзделген жағдайларда және
тәртіппен Парламентті тарата алады.
Президенттің Үкіметке қатысты өкілеттігі. Президент Парламенттін
келісімімен Республиканың Премьер-Министрін қызметке тағайындайды; оны
қызметтен босатады; Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық, атқару органдарын
құрады, таратады және қайта құрады; Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды;
Премьер-Министрдің, оның қызметінің негізгі бағыттары туралы баяндамасын
тұрақты түрде тыңдайды; ерекше маңызды мәселелер бойынша Үкімет
отырыстарына төрағалық етеді; Үкімет немесе оның кез келген мүшесі орнынан
түсуі жөнінде мәлімдегенде шешім қабылдайды; Кон-ституцияда және заңдарда
көзделгеннен өзге атқарушылық қызметті жүзеге асыруды Үкіметке жүктеуге
құқылы.
Президенттің Конституциялық Кеңеске қатысты өкілеттігі. Президент
Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен екі мүшесін қызметке тағайындайды;
Конституциялық заңға сәйкес оларды мерзімінен бұрын қызметінен босатады;
Президент, Парламент депутаттары сайлауын өткізудің, республикалық
референдум өткізудің дұрыстығы туралы мәселе бойынша; заң-дардың,
халықаралық шарттардың Конституцияға сәйкестігі бойынша; Конституция
нормаларын ресми түсіндіру мәселесі бойынша; қызметтен босату және кетіру
мәселесі бойынша Конституциялық Кеңеске жүгінеді.
Президенттің Соттарға және судьяларға қатысты өкілеттігі. Президент
Жоғарғы Сот Кеңесінің ұсынысы бойынша қызметке сайлау және қызметтен босату
үшін Жоғарғы Сот Төрағасын, Жоғарғы Сот алқасы төрағалары мен судьяларды
Сенатқа ұсынады; облыстың және оларға теңестірілген соттардың төрағаларын,
облыстық және оларға теңестірілген сот алқаларының төрағалары мен
судьяларын қызметке тағайындайды; Әділет министрінің Әділет біліктілік
алқасының кепілдемесіне негізделген ұсынысы бойынша Республиканың басқа да
соттарының төрағалары мен судьяларын тағайындайды.
Президенттің Прокуратура органдарына қатысты өкілеттігі. Президент
Парламент Сенатының келісімімен Республиканың Бас Прокурорын қызметке
тағайындайды; оны қызметінен босатады; Бас Прокурордың ұсынысы бойынша оның
орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; әр тоқсанда
кемінде бір рет Бас Прокурордың елдегі зандылықтың жай-күйі туралы есебін
тындайды.
Президенттің әкімдерге қатысты окілетгігі. Премьер-Министрдің
ұсынысымен Президент облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен
Республика астанасының әкімдерін қызметке тағайындайды; өз құзыретіндегі
мәселелер бойынша әкімдерге тапсырмалар береді және оның орыналуы жөнінде
әкімдердің есебін тындайды; мәслихат депутаттарының басым көпшілік даусымен
сенім көрсетілмеген жағдайда өз қалауымен облыстың, республикалық маңызы
бар қалалардың және астананың әкімдерін қызметтерінен босатады.(4-1)
аудандардың, қалалардың (астана мен Республикалық маңызы бар қалаларды
қоспағанда), қалалардағы аудандардың, ауылдық (селолық) округтердің,
ауылдардың, селолардың (поселкелердің) әкімдерін тағайындаудың немесе
сайлаудың тәртібін белгілейді1.
Президенттің республикалық референдумға қатысты өкілеттігі. Президент:
1) жеке бастамасы бойынша; 2) Парламенттің бастамасы бойынша; 3) Үкіметтің
бастамасы бойынша; 4) барлық облыстардың, астананың және республикалық
маңызы бар қалалардың бәрін бірдей дәрежеде білдіретін Республикалық,
сайлау құқығы бар кем дегенде екі жүз мың азаматының баста-масы бойынша
республикалық референдум өткізу туралы шешім қабылдайды. Аталған
субъектілердің шешімі бойынша Президент: 1) референдум өткізу туралы; 2)
референдум өткізбей-ақ, оның мәні ретінде ұсынылып отырған мәселе жөнінде
Республика Конституциясына, Конституциялық заңына, заңына өзгертулер мен
толықтыруларды немесе өзге шешімді қабылдау қажеттігі туралы; 3) референдум
өткізу туралы ұсынысты қабылдамай тастау туралы шешімдердің бірін
қабылдайды.
Президенттің мемлекеттің қорғаныс қабілеттін және қауіпсіздігін
қамтамасыз ету саласындағы өкілеттігі. Президент республиканың Карулы
Күштерінің Бас Қолбасшысы болып табылады. Ол Қарулы Күштердің Жоғарғы
командалық құрамындағы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Демократиялық институттарға, республиканың тәуелсіздігі мен аумақтық
тұтастығына, республиканың саяси тұрақтылығына, оның азаматтарына елеулі
және тікелей қауіп төнген жағдайда және мемлекеттің конституциялық
органдарының қалыпты қызметі бұзылғанда Президент қажетті шаралар алады.
Президент Премьер-Министрмен және Парламент Палаталары Терағаларымен алдын
ала ақылдасады. Президент алынатын шаралардың бірі ретінде Қарулы Күштер
қолданылатын төтенше жағдайды енгізуі мүмкін. Республикаға қарсы агрессия
немесе оның қауіпсіздігіне тікелей сыртқы қауіп төнген жағдайда Президент
бүкіл аумаққа немесе оның жекелеген аймақтарына әскери жағдай енгізеді.
Бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау және тағы басқалары бойынша
халықаралық міндеттемені орындау үшін Парламент Палаталарының бірлескен
отырысының қарауына Президент республиканың Қарулы Күштерін пайдалану
туралы ұсыныс енгізеді.
Президенттің сыртқы саяси өкілеттігі. Президент республиканың
келіссөздерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР президентінің конституциялық құқықтық мәртебесі
Президенттің құқықтық мәртебесі.
Президент мемлекет басшысы ретінде қалыптасқан институтын қарастыра отырып, оның негізгі қызметі мен конституциялық құқықтық мәртебесін ашу
Қазақстан Республикасында президенттік институттың қалыптасу кезеңдері
Қазақ КСР Президенті қызметін тағайындау
Қазақстан Республикасында Президенттік институтын қалыптастыру және оның тарихи-құқықтық маңызы
Президенттің Үкіметке қатысты өкілеттіктері
Қазақстан Республикасы Президенті – мемлекет басшысы
ПРЕЗИДЕНТ ҰҒЫМЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық құқықтық мәртебесі
Пәндер