Инфляцияның экономикалық сипаттамасы



КІРІСПЕ

1 ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ 3
1.1 Инфляция ұғымы мен мәні 4
1.2 Инфляцияның пайда болуы және себептері 5
1.3 Инфляцияның дамушы елдерге әсер ететін факторларға
байланысты жіктелуі 7

2 ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ.ӘЛЕУМЕТТІК САЛДАРЫН ТАЛДАУ
2.1 Инфляцияның әлеуметтік.экономикалық өмірге әсерін талдау 10
2.2 Инфляцияның түрлері 11
2.3 2004.2006 жылдар арасындағы инфляцияның Қазақстандағы ерекшеліктерін талдау 12

3 ИНФЛЯЦИЯНЫ ТЕЖЕУ ШАРАЛАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ
3.1 Инфляция мен туындайтын мәселелер 17
3.2 Қазақстан Республикасының антиинфляциялық саясаты және инфляцияны тежеудің басқа да әдістері 19

ҚОРЫТЫНДЫ 22

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 23

ҚОСЫМШАЛАР
Инфляция – көпфакторлы құбылыс, ол бағаның жалпы дәрежесінің өсуі арқылы және нақты активтерге қарағанда ақша белгілерінің құнсыздануы арқылы бейнеленеді. Жеке тауарлар бағасының қандай болмасын өзгеруі міндетті түрде инфляция болып табылмайды. Инфляцияға қарама-қарсы дефляция баға мен шығындардың жалпы төмендеуі болып табылады.Бағаның өсуінің бәсеңдеуі дизинфляция д.а.
ХХ ғ.70-90-шы жылдарындабағаның өсуінің ерекшелігі, оның үзілмей жүріп отыруымен, жалпыламалығымен, бір қалыпты еместігімен сипатталады.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің тереңдігіне, инфляцияға қарсы саясаттың инструментарийлеріне байланысты, инфляция айқын немесе басылған бүркемелі түрде жүріп отыруы мүмкін. Инфляция процесінің айқын немесе ашық формада болып отырғаны бағаның өсуі, ұлттық валюта курсының төмендеуі арқылы көрінеді. Басылған инфляция бүркеме, жасырын формада жүреді және ол өнім сапасының төмендеуі, ассотимент құрлымының өзгеруі, экономикадағы тапшылықтың өсуі, кезектегі тұрушылардың көбеюі арқылы көрінеді.
Зерттеу объектісіне байланысты, инфляция ұлттық, аймақтық және әлемдік болып бөлінеді. Ұлттық және аймақтық масштабта талдау объектісін көтерме және бөлшек сауда бағаларының динамикасы, кейбір елдердегі, елдер бірлестігінің дәрежесіндегі, халықаралық нарықтағы ЖҰӨ-нің дефляторы құрайды.
1. Абрамова М.А. Финансы, денежное обращение и кредит: Москва. Инст. межд. права и экономики, 1996 г.
2. Антонов А.Г. Денежное обращение, кредиты, банки. Москва: Финстат. информ, 1996 г.
3. Әубәкіров. Экономикалық теория негіздері. Алматы: Санат, 1998 ж.
4. Әкімбеков С. Экономикалық теория. Астана, 2002 ж.
5. Балабанов И.Т. Финансовый менеджмент. Москва: Финансы и
статистика, 1996 г.
6. Бужкина М.К. Деньги. Банки. Валюта. Москва: ДИС, 1994 г.
7. Деньги, кредит, банки: под. ред. О.И.Лаврушина. Москва: Финансы и
статистика
8. Деньги, кредит, банки: под. ред. Е.Ф.Жукова. Москва: ЮНИТИ, 1999 г.
9. Көшенова Б.А. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары. Алматы:
Экономика, 2000 ж.
10. Ильясов, Құлпыбаев – Қаржы. 2003 ж.
11. Мамыров. Макроэкономика. Алматы: Экономика, 2002 ж.
12.Финансы,Денежное обращение.Кредит.Дорбозина.Москва:ЮНИТИ,1997г
13. Денежное обращение и кредитная система. Поляков В.П. Москва, 1997 г.
14. Мамыров Н.Қ. Халықаралық қатынастар.
15. Ихданов Ж. «Экономиканы мемлекеттік реттеу» - Алматы экономика –
2002 ж.
16. Көшебаев Г. «Денежно – кредитная политиа, как составная часть
государственного макроэкономического регулирования // Банки
Казахстана №12 2004
17. Көшенова Б. «Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары». – Алматы –
«Экономика» 2002 ж.
18. Мамыров Н. «Макроэкономика»/ оқулық.- Алматы «Экономика» - 2003 – 19. Әпсәләмов А. « Экономикалық теория негіздері»// -Алматы, « Ғылым»-
1999 ж.
20. Шеденов Ө. « Жалпы экономикалық теория» - Ақтөбе – « Полиграфия»-
2004 ж.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ 3
1.1 Инфляция ұғымы мен мәні
4
1.2 Инфляцияның пайда болуы және себептері 5
1.3 Инфляцияның дамушы елдерге әсер ететін факторларға
байланысты жіктелуі
7

2 ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК САЛДАРЫН

ТАЛДАУ
2.1 Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық өмірге әсерін талдау
10
2.2 Инфляцияның түрлері
11
2.3 2004-2006 жылдар арасындағы инфляцияның Қазақстандағы
ерекшеліктерін талдау
12

3 ИНФЛЯЦИЯНЫ ТЕЖЕУ ШАРАЛАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ
3.1 Инфляция мен туындайтын мәселелер
17
3.2 Қазақстан Республикасының антиинфляциялық саясаты және инфляцияны
тежеудің басқа да әдістері
19

ҚОРЫТЫНДЫ
22

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
23

ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ

Инфляция – көпфакторлы құбылыс, ол бағаның жалпы дәрежесінің өсуі
арқылы және нақты активтерге қарағанда ақша белгілерінің құнсыздануы
арқылы бейнеленеді. Жеке тауарлар бағасының қандай болмасын өзгеруі
міндетті түрде инфляция болып табылмайды. Инфляцияға қарама-қарсы дефляция
баға мен шығындардың жалпы төмендеуі болып табылады.Бағаның өсуінің
бәсеңдеуі дизинфляция д.а.
ХХ ғ.70-90-шы жылдарындабағаның өсуінің ерекшелігі, оның үзілмей жүріп
отыруымен, жалпыламалығымен, бір қалыпты еместігімен сипатталады.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің тереңдігіне, инфляцияға қарсы
саясаттың инструментарийлеріне байланысты, инфляция айқын немесе
басылған бүркемелі түрде жүріп отыруы мүмкін. Инфляция процесінің айқын
немесе ашық формада болып отырғаны бағаның өсуі, ұлттық валюта курсының
төмендеуі арқылы көрінеді. Басылған инфляция бүркеме, жасырын формада
жүреді және ол өнім сапасының төмендеуі, ассотимент құрлымының өзгеруі,
экономикадағы тапшылықтың өсуі, кезектегі тұрушылардың көбеюі арқылы
көрінеді.
Зерттеу объектісіне байланысты, инфляция ұлттық, аймақтық және әлемдік
болып бөлінеді. Ұлттық және аймақтық масштабта талдау объектісін көтерме
және бөлшек сауда бағаларының динамикасы, кейбір елдердегі, елдер
бірлестігінің дәрежесіндегі, халықаралық нарықтағы ЖҰӨ-нің дефляторы
құрайды.
Ішкі және сыртқы факторлар тудыратын жүйеге ықпал ететін инфляциялық
импульстарға байланысты, импортталған және экспортталған инфляция
болады.Елдің валюта курсы қатаң сақталып тұрған жағдайда импорттық
тауарлардың бағасының қандай болмаса да өсуі, елге инфляцияны импорттайды.
Бағаның өсу қарқынына байланысты, инфляцияның мынадай түрлері болады:
жылына 10%-ке дейін болса орташа, немесе, жылжымалы инфляция, жылына 200%
болғанда – секірмелі, немесе, латындық, 200% артқанда – гиперинфляция
(американдық экономист Ф.Кэган бойынша – айына 50%-тен артық болса.)
Экономиканың бағаның өсу қарқынына ұтымды бейімделуіне байланысты,
инфляция балансталған (теңдестірілген) және баланстандырылмаған
(теңдестірілмеген) болып бөлінеді. Біріншіде бағалар орташа және тұрақты
өсіп отырады. Басқа макрокөрсеткіштер сәйкестікте өзгеріп отырады.Екіншіде
тауарлардың бағасы секіріп өседі және бұл бір мезгілде жүрмейді, ал
экономика өзгермелі жағдайда бейімделуге үлгере алмайды.
Мемлекеттің инфляциялық процеске әсер ету қабілетіне байланысты,
инфляция бақылаудан шықпаған және бақылауға көбейтетін болып бөлінеді.
ЖҰӨ-нің көрсеткішінің өзгеруіне байланысты, экономикада сұраныстың
өскен жағдайында ақиқат және жалған инфляция орын алады.
Бағаның болашақтығы өсу қарқыны және оған үйлесімді бейімделу дәрежесі
туралы болжамның дәлме-дәл болуына-болмауына байланысты, болжауға болатын
және болжауға келмейтін инфляция болады.
Инфляциялық процесті тудыратын және оған дем беретін факторларға
байланысты сұраныс инфляциясы және шағындар инфляциясы болады
Сонымен, инфляция қоғамдағы жиынтық сұраныс пен жиынтық үсыныстың
арасындағы сәйкестіктің жойылуының нәтижесі болып табылады.
Қандай экономикалық жүйе, қандай жоғары дамыған, ел болмасын
ешқайсысы да инфляциялық құбылыстан сақтандырылмаған. Инфляциялық жағдай
әрбір елде, сонымен қатар сол елдегі қоғам жағдайына да әсер етпей
қоймайды. Ол мемлекеттік, әлемдік деңгейде де өте күрделі болып келеді.
Инфляция тек экономикаға ғана емес, әлеуметтік жағдайға да әсер
етеді. Адамдардың сатып алу мүмкіндігі төмендеп, әрбіреуі өз
қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайды. Ол тек жеке тұлғалар үшін ғана
емес, сонымен қатар өндірушілер, сатушыларға да ауыр тиеді.
Әрбір елдің осы бір экономикалық құбылыспен күресінің жолдары әр
түрлі және мемлекеттік құрылымына байланысты өз алдына ерекше болып келеді.

Инфляция тауар-ақша қатынастары өте жоғары деңгейді дамуына
байланысты пайда болды. Инфляцияның пайда болуының ақшалай және ақшалай
емес факторлары әсер етеді.

1. ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

1.1. Инфляция ұғымы мен мәні

Инфляция экономикалық құбылыс ретінде ұзақ уақыт өмір сүруде.
Оның пайда болуын ақшаның шығуымен, қызметімен байланыстырады.
Инфляцияның мәні – ол тауарлар мен көрсетілген қызметтердің
бағасының өсуі және тауар тапшылығымен қызмет сапасының төмендеуі
салдарынан ақшаның құнсыздануы, оның сатып алу мүмкіндігінің құлдырауы.
Инфляция – қоғамдық ұдайы өндірістегі диспропорцияның көрінісі. Ол
мемлекеттің табысы мен шығынының үйлеспеуі салдарынан кездесетін кез келген
экономикалық формацияға тән құбылыс.
Инфляция ұлттық табысты экономикалық салалары арасында,
коммерциялық құрылымдар, халықтың топтары мен мемлекеттің және шаруашылық
субъектілері арасында қайта бөлуге тірейді.
Инфляция - қабару, көтерілу, ісу деген мағынаны білдіретін –
латын сөзі. Шындығында да, қауырт жағдайларда (мысалы, соғыс, революция
және сол сияқты кездейсоқ жағдайларда экономиканы дамыту үшін) мемлекеттік
шығындарды қағаз ақша шығарумен қаржыландыру ақша айналымының күрт
көтеріліп, қағаз ақшаның құнсыздануына әкеп соқтырады. Оны әр елдегі
соғыс жылдарындағы ақша айналысынан байқауға болады. Мысалы, АҚШ-тың
бостандық үшін 1775-1783 ж.ж. соғыс және 1861-1865 ж.ж. Азамат соғысы (оның
соңғы екі жылында доллардың сатып алу мүмкіндігі 60% дейін төмендеген); ХІХ
ғасырдың бас кезіндегі Англияның Наполеонға қарсы соғысы; 1789-1791 ж.ж.
Француз революциясы. Әсіресе, Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін
Германияда инфляция жоғары қарқынға жетті, 1923 жылдың күзінде айналымдағы
ақша массасы 496 квинтиллион рейхсмаркаға жетіп, ал ақша өлшемі триллион
есе құнсызданды. Осы келтірілген тарихи мәліметтер инфляция бұрыннан келе
жатқан феномен (айырықшы құбылыс) екенін дәлелдейді.
ХІХ ғасырда инфляция термині Англия мен Францияда қолданыла
бастады. Экономикалық әдебиеттерде инфляция түсінігі ХХ ғасырда Бірінші
дүниежүзілік соғыстан кейін жиі қолданылып, кеңес өкіметінің экономикалық
әдебиеттерінде 20-жылдардың орта кезінде көрінді.

Инфляцияға тән біраз ерекшеліктер бар. Олар:
- егер бұрын инфляция бір жердің шеңберінен аспаса, қазіргі инфляция
елдің бүкіл жерін қамтиды;
- егер бұрын инфляция бір мезгілде ғана жүрсе, қазіргі инфляция көп
уақытқа созылған құбылыс;
- егер бұрын инфляция тек ақшаның әсерімен туындаса, қазіргі инфляция
көптеген ақшасыз және тағы басқа фокторларға байланысты болады.
Инфляция айналымдағы ақша массасының қажеттіліктен тыс артып
кетуі. Бұл ақша өлшемінің құнсыздануына және тауар бағаларының соғұрлым
өсуіне әкеледі. Алайда, инфляцияны айналым процесін құнсызданған қағаз
ақшамен толтыра беру деп, түсіндіру жеткіліксіз. Инфляция тауар бағаларының
өсуімен көрінгенімен, ол топ ақшаға тән ғажайып құбылыс емес. Ол –
күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс, оны тудырушы нарық шаруашылығының
түрлі саласындағы ұдайы өндіріс сәйкестілігінің бұзылуы. Инфляция
дүниежүзіндегі көптеген елдердің экономикалық өміріндегі ең өткір
проблемалардың бірі.
Көп уақыттар бойы айналыстағы ақша массасы мен инфляция арасындағы
тәуелділік экономисмонетаристердің назарында болды, солардың ішінде танымал
Минтон Фридмэнде бар. Монетаристер ақша массасындағы өзгеріс – инфляцияның
негізгі факторы болады деп санайды.
Экономикадағы инфляцияның деңгейін сипаттайтын басты көрсеткішке
тұтыну бағаларының индексі жатады. Ол үй шаруашылығының тұтыну қаржысына
жататын жекелеген тауарларға, қызметтерге оның үлес салмағын ескере отырып,
бағаның өсуі индексі негізінде анықталады.
Егер инфляция экономикадағы құлдырауға байланысты болса, онда бұл
стагфляция деп аталады.
Қорыта келгенде, инфляция - өндіріс процесінің бұзылуы, шаруашылық
салаларының бір-бірімен үйлесімсіз дамуы және мемлекеттің эмиссиялық
саясаты мен коммерциялық банктердің іскерлігінің икемсіздігі салдарынан
туындайтын күрделі, әрі көп факторлы құбылыс.

1.2 Инфляцияның пайда болу себептері

Ақша абсолютті өтімділігін мойындайтын тауар.
Инфляцияны былай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы,
алтынды бұрынғы ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең
алдымен бағаның өсуі тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болумен
байланысты. Белгілі тауар нарығында сұраныс пен ұсыныстың сәйкестігінің
бұзылуы әлі инфляция емес. Инфляция елдегі баға деңгейінің өсуі. Бағаның
көтерілуіне нақтылы экономикалық жағдайлар да әсер етеді. Мысалы, 70-
жылдардағы энергетикалық дағдарыс тек мұнай бағасының өсуінен емес, басқа
да тауар мен қызмет көрсету бағаларының өсуімен байланысты. 1973 жылы жалпы
бағаның деңгейі 7%-ке, 1979 жылы 9%-ке артты. Ақша әсерінен тыс, тауар
бағаларының өзгеруі еңбек өнімділігінің артуына, циклдық және маусымдық
толқуларға, ұдайы өндірістегі құрылымдық өзгерістерге, бағаның
монополиялануы мен экономиканы мемлекеттік реттеуге, салықтың жаңа
ставкаларын енгізуге, ақша өлшемінің девальвациялануы мен
ревальвациялануына, рынок конъюктурасының өзгеруі мен сыртқы экономикалық
байланыстардың ықпалына және тағы басқаларға байланысты. Өйткені бағаның
өсуіне көптеген неше түрлі себептердің әсері болады.
Конъюктураның циклдық толқуынан болатын бағаның өсуін, инфляцияға
жатқызуға болмайды. Циклдық түрлі фазаларынан өту барысында (әсіресе ХІХ-ХХ
ғасырлардың бас кезіне тән классикалық түрі) бағалардың динамикасы
өзгеріп отырады. Аласапыранның бас кезінде оның өсуі дағдарыс пен депрессия
фазасында төмендеп, жандану кезінде баға тағы да көтеріледі. Еңбек
өнімділігін арттыру бағаның төмендеуіне әкелуі тиіс. Циклдық толқулардың
тағы бір көрінісі жалақының өсуі еңбек өнімділігінен артық кетуінде. Мұндай
құбылыс шығынның инфляциясы деп аталады, ол өз кезегінде баға деңгейінің
жалпы өсуіне алып келеді. Кездейсоқ апаттар да бағаның инфляциялық өсуіне
көп әсер етпейді. Айталық, су басып кеткен аймақтардағы құрылыс
материалдарын шығаратын өндірісті ұлғайтады, ал олар нарықты толықтыру
барысында, баға төмендеуі тиіс.
Сонымен, баға өсуінің инфляциялық себептеріне нені жатқызамыз?
Инфляция көп сәйкессіздіктермен байланысты екенін еске ұстап, оның ішіндегі
ең бастыларын атайық.
Біріншіден, мемлекеттік шығыстар мен кірістердің тепе-теңдігінің
бұзылып, баланстың болмауы. Ол мемлекеттік бюджеттің тапшылығынан көрінеді.
Егер дефицит Орталық эмиссия банкісінен заем арқылы қаржыландырылса,
басқаша айтқанда ақша станогы белсенді пайдаланылса, онда айналыста ақша
массасы көбейеді. Айырбастың сандық теңдігін МV=РО еске түсірсек, М мен Р
көрсеткіштері өсуінің байланысы анық.
Екіншіден, осындай жолмен, әдіспен инвестицияны қаржыландыру
жүргізілген жағдайда да бағаның инфляциялық өсуі болады. Әсіресе
экономиканы милитариландырумен байланысты инвестиция инфляцияны өршітеді.
Ұлттық табысты әскери мақсатқа пайдалану, өндірістік емес шығындар – олар
қоғамдық байлықты текке рәсуа етеді. Әскери ассигнациялар бір сәтке ғана
қосымша төлем қабілеті бар сұраныс туғызып, тауармен қамтамасыз етілмеген
ақша массасының өсуіне әкеледі. Әскери шығындардың өсуі Мемлекеттік
бюджетті тұрақты тапшылық жағдайына және мемлекеттік қарыздың ұдайы өсуіне
ұрындырады.
Үшіншіден, баға деңгейінің жалпы өсуі қазіргі нарықтық
экономикалық ерекшелігіне байланысты. Бұл кезең жетілген бәсеке кезіндегі
нарықта көптеген өндірушілер болып өнімдердің түрі аз, капитал ауысуы оңай
уақытқа мүлдем ұқсамайды. Қазіргі нарық белгілі дәрежеде олигополиялық
нарық. Ал олигополист едәуір дәрежеде бағаны белгілейді. Олигополиялар
бағаны өндіруді бірінші болып бастамаса да, олар оны қолдануға ынталы.
Жетілмеген бәсекелес бағаның жоғары деңгейін ұстап тұру үшін өндіріс пен
тауар ұсынуда қысқарту арқылы дефицит жасауға тырысады. Өздері билік
жүргізетін нарықта бағаның төмендеуін болдырмау үшін олигополия мен
монополия икемді тауар ұсынысына қарсы болады. Салаға жаңа өндірушілердің
келуін тежеу үшін олигополистерге жиынтық сұраныс пен ұсыныстың сәйкес
келмеуі көмектеседі.
Төртіншіден, елдің экономикасының ашық болуы оның бірте-бірте
әлемдік шаруашылық байланыстарға тартылуы барысында импорттық инфляцияның
қаупі туады. Жоғарыда аталған 1979 жылғы энергияға бағаның шарықтауы
(энергетикалық дағдарыс) сырттан әкелетін мұнайға бағаны өсіріп,
технологиялық тізбек бойынша басқа тауарлар бағасының қымбаттауына әкелді.
Импорттық инфляциямен күресу мүмкіндігі шектеулі. Әрине өз валютасын
ревальвациялау ұлттық валютаның құнын жоғарлату арқылы мұнай импортын
арзандатуға болады. Бірақ ревальвация отандық тауарлардың экспорттық
бағасын да қымбаттады, ал бұл дүниежүзілік нарықта бәсекелестік қабілетті
төмендетеді.
Бесіншіден, инфляция өзіне-өзі дем беретін сипат алады, ол
инфляцияны күту нәтижесінде орын алады. Батыс елдерінің көптеген
экономистері және біздің елімізде де осы факторды ерекше көрсетуде. Халық
пен өндірушілердің инфляцияны күту себептерін жою инфляцияға қарсы
саясаттың ең басты міндеті.
Инфляциялық күту жағдайындағы экономикаға ықпал етудің механизмі
қандай? Баға деңгейінің жалпы өсуі жағдайында өмір сүруге үйренген халық
бағаның одан әрі өсуін күтеді. Мұндай жағдайда еңбекшілер жалақыны
көбейтуді талап етеді. Халық тауарларды көптеп алады, өйткені олардың
бағасы ертең тағы да өсуі мүмкін. Өндірушілер өз өнімдеріне өте жоғары баға
белгілейді, сөйтіп қысқа мерзімде, шикізат, материал, қосалқы бөлшектер
қымбаттайды. Мысалы, Ресей экономикасындағы (қаңтар – сәуір 1992 жыл)
инфляцияның жоғары қарқыны тұсында өндірушілер өздерін жабдықтаушылардың
бағаны көтеру мүмкіндігінен сақталып, алдын ала өз өнімдерінің бағасын
жоғарылатты. Нәтижесінде Ресей экономикасындағы басқа да Тәуелсіз
Мемлекеттер Достығы елдеріндегі бағалар бұрынғы төлем қабілет бар сұраныс
деңгейінен ғана емес, инфляцияны күткен деңгейден де асып түсті.
Дүниежүзілік қоғамдастықтың барлық елдерінде де инфляция өршуінің
сан түрлі себептері бар. Алайда бұл құбылысты қоздыратын факторлардың
комбинациясы жекелеген елдің нақты экономикалық жағдайына байланысты.
Айталық Батыс Еуропада Екінші дүниежүзілік соғыс біткеннен соң инфляция
көптеген тауарлардың тапшылығынан пайда болады. Одан кейінгі жылдарда
инфляциялық құбылыстың күшеюіне мемлекеттік шығыстар, баға мен жалақының
арақатынасы, инфляцияның басқа елдерден келуі және тағы басқа факторлар
себепші болды. Бұрынғы КСРО-ны алсақ, жалпы заңдылықтармен қатар, соңғы
жылдардағы инфляцияның себептеріне экономикадағы ерекше тепе-теңсіздік
(диспропорция) жатады, ол әміршілдік-әкімшілдік жүйе салдары еді. Кеңес
экономикасына тән жағдай: Жалпы Ұлттық Өнімдегі әскери шығындар үлесінің
көптігі, өндіру, бөлу және қаржы-несие жүйесін монополияландырудың жоғары
деңгейі, ұлттық табыстағы жалақы үлесінің аздығы және тағы басқа
ерекшеліктер.

1.3 Инфляцияның түрлері

Дүниежүзілік тәжірибе инфляцияны мына шартты түрлерге бөледі:
- экономикадағы қамтитын аумағына байланысты – жергілікті және әлемдік
инфляция
- жүру қарқынына байланысты – біркелкі (баға үнемі төмен қарқынмен
өседі), үздіксіз және сатылы (бірқалыпты емес) инфляция
- даму қарқынына байланысты – жылжымалы инфляция. Онда бағаның өсу
қарқыны жылына орташа 5-10проценттен аспайды; қарқынды инфляция – онда
бағаның өсуі жылына орташа 10 проценттен 50 процентке дейін (ал кейде 100
процентке) жетеді; ұшқыр инфляция (гиперинфляция) – онда бағаның өсуі
жылына 100% асады. Халықаралық валюта қоры баға айына 50% өссе, оны ұщқыр
инфляция ішіндегі аса ұшқыр инфляция (супергиперинфляция) деп атайды. Егер
инфляция өндірістің құлдырауымен ұштасса, оны стагфляция деп атайды.
- әсер ететін фактор бойынша – сұраныс инфляциясы және шығын
инфляциясы.
Сұраныс инфляциясы ақшалы факторларға байланысты туындайды, яғни
айналыстағы ақша массасы көтеріліп, соның салдарынан төлем қабілеті бар
сұраныс та жоғары болады. Ал сол кездегі бірқалыпты баға жағдайында
өндірістің оралымсыздығы сұранысты қанағаттандыра алмайды. Сөйтіп жиынтық
сұраныс экономиканың өндірістік мүмкіндіктерінен жоғарылап, бағаның
көтерілуіне соқтырады.
Ақша массасының көтерілуі себептерінің ең негізгісі әскери
шығындардың өсуі, яғни шығарылған әскери техника күнбе-күнгі өмірде
қолдануға жарамайтындықтан оның ақшалы эквиваленті бюджеттің тапшылығын
тудырады. Тапшылықты жою үшін айналымға қосымша ақша массасы шығарылды
немесе ақша нарығына мемлекеттік заемдар орналастырылады. Бюджет тапшылығын
жоюдың бірінші жолы өркендеген мемлекеттерге тән. Айналысқа қосымша ақша
массасын шығарудың алғашқы сатысында өндірістің дамуы, жұмыссыздықтың азаюы
және бағаның төмендеуі сияқты жағымды көріністер байқалып, ал
қорытындысында тепе-теңдік орнайды. Сондықтан аз мөлшерлі инфляция пайдалы
деген қорытынды шығады, себебі ондай инфляция артық өндіру дағдарысынан
және жұмыс орындарының қысқаруынан сақтандырады. Одан әрі бүкіл экономикада
бос жұмыс орны болмаған және дамыған сұранысқа өнімді қосымша шығара
алмаған жағдайда баға өседі. Осыдан кейін өндірістің құлдырауына, оның
тиімділігінің төмендеуіне және инфляцияның қарқындауына себепші факторлар
әсер ете бастайды.
Сөйтіп, сұраныс инфляциясы кезінде шектеулі ұсыныспен
салыстырғанда айналысқа артық ақша массасының болуы бағаларды жоғарлатады
және ақшаны құнсыздандырады.
Шығыс инфляциясы өнімге баға белгілеуде әсер ететін ақшасыз
факторларға байланысты туындайды. Ол ең алдымен жалақы төлеуге шығындардың
өсуі.
Тауар бағасының өсуі халықтың табысын төмендетіп, жалақыны қайта
индекстеу қажеттігін талап етеді. Жалақының өсуі өз кезегінде өнімді өндіру
шығындарының өсуіне, пайданың төмендеуіне қолданып жүрген баға бойынша
шығаратын өнім көлемінің қысқаруына әкеп соқтырады. Пайданы сақтап қалу
мақсатында өндірушілер тауар бағасын көтеруге мәжбүр болады. Нәтижесінде
инфляциялық серіппе пайда болады: бағаның көтерілуі жалақының өсуін талап
етсе, жалақының өсуі бағаны көтереді. Бұл жалақы мен бағаның инфляциялық
серіппе теориясы деп аталады.
Шығын инфляциясы өнімнің әрбір өлшемінің шығыны көтеріліп, соған
байланысты баға өскенде ғана пайда болады. Алайда жалақы бағаны құрайтын
элементтерінің тек біреуі ғана. Сонымен қатар, тауар өндірісі шикізат,
энергия көздерін алу, транспорт қызметін төлеу шығындары көтерілуіне
байланысты да қымбаттайды. Шикізат пен энергия ресурстарының және оларды
тасымалдаудың қымбаттауы, яғни материалдық шығындардың өсуі – бүкіл әлемдік
болатын заңды процесс. Оған қарсы тұратын фактор - өнімнің әрбір өлшемінің
шығындарын төмендететін ғана технологияны пайдалану.
Шығын инфляциясы мен сұраныс инфляциясы бірімен-бірі тығыз
байланысты және біріне-бірі себепші, оларды анық ажырату мүмкін емес.
Қазіргі кез-келген экономика жүйесін инфляцияға ұшырататын немесе сұраныс
инфляциясына әсер ететін факторлар.
Өнеркәсібі дамыған елдерге жылжымалы инфляция тән, яғни жылдан
жылға ауысатын бірқалыпты ақшаның құнсыздануы. Батыс экономистерінің
жобалауынша инфляцияның бұл түрі өндіріс пен жалпы ұлттық өнімнің өсуін
ынталандыруы мүмкін. Ал дамушы мемлекеттерде қарқынды және ұшқыр инфляция
басымдау болады. Инфляцияға әсер факторлар, оның түрлері және инфляцияның
әлеуметтік-экономикалық зардаптарын жою шаралары да әр елдің экономикалық
өсуінің ерекшеліктеріне байланысты болады.

2. ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ- ӘЛЕУМЕТТІК САЛДАРЫ

2.1. Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық өмірге әсері

Инфляцияның зардаптары күрделі және көп түрлі болып келеді.
Инфляцияның жоғары деңгейі баға мен пайда нормасын жоғарылатып, уақытша
конъюктураны жандырады. Процесстің ұшығуы барысында инфляция ұдайы
өндіріске кедергі келтіріп, қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік
шиеленістерді тереңдетті. Инфляция оттың текіректеп шауып, бой бермеген
кезіндегідей шаруашылықтың шырқын бұзып, айтарлықтай зиын келтіріп,
экономикалық саясатты жүргізуге жол бермейді. Бағаның әр түрлі өсуі
экономика салаларының арасындағы сәйкестілікті бұзып, тұтынушылар сұранысын
бүркемелеп, ішкі нарықта тұтынушының ақшадан тауарға ауысуын күшейтіп, бұл
процессті таудан аққан тасқынға айналдырып, тауарға тапшылық тудырып, ақша
қорлануына ынтаны жойып, ақша-несие жүйесінің қызметін бұзады. Бұдан басқа
халықтың жинағы құнсызданады, банктер, несие беретін мекемелер зиян шегеді.
Өндірістің интернационалдануы инфляцияны бір елден екіншісіне аударады,
халықаралық валюта және несие қатынастары күрделенеді.
Инфляцияның әлеуметтік зардаптары да бар, ол ұлттық табысты қайта
бөледі, халыққа салық үстіне салық болып, номиналды және нақты жалақының
өсу қарқынын қызметтер мен тауарлар бағасының күрт өсуінен кейін қалдырады.
Инфляция зардабын барлық жалдамалы жұмысшылар, еркін кәсіп иелері,
зейнеткерлер, тағы басқалардың басынан өткізеді.
Біз инфляцияны екі типке бөлдік – сұраныстың артуынан және
шығындардың өсуінен болатын. Күнделікті өмірде бұл екі типті ажырату қиын.
Мысалы, денсаулық сақтау шығындары тез арада өсті, артынан жиынтық шығыны
көбейеді, бұл сұраныс инфляциясын тудырады. Егер тауарларға, ресурстарға
сұраныс өссе, онда кейбір фирмаларда материалдарға, ресурстарға, жанармайға
шығын өсіп жатқандығы байқалады. Сол кезде өндіріп жатқан тауарлардың
бағасын көтеруге мәжбүр болады. Өндірістік шығындардың өсуі салдарынан
сұраныс инфляциясы болады. Бірақ көптеген фирмалар оны инфляция шығыны деп
ойлайды. Бұл екі типтің қайсысы екенін ажырату қиын. Сұраныс инфляциясы
жиынтық шығындар болғанда байқалады. Ал инфляция шығыны автоматты түрде өз-
өзінен жоқ болады. Ұсыныс азайған кезде нақты ішкі өнім көлемі және айналым
қысқарады. Бұл шығындардың өсуіне кедергі болады.
Ал енді инфляцияның зардаптарын зерттейік. Біріншіден, инфляция
табысты қалай жіктейтінің және Жалпы Ішкі Өнімге қалай әсер ететін көрейік.
Баға дейгейі және Жалпы Ішкі Өнім арасында белгілі бір қарым-
қатынас бар. Нақты көлем және өндірістік бағалардың деңгейі бір қалыпта
көтеріледі немесе қысқартылады. Бірақ соңғы 20 жыл ішінде көптеген оқиғалар
болды. Мысалы, нақты өндірістік көлем қысқартылып, ал бағалар өсіп жатады.
Нақты өндірістік көлем белгілі бір деңгейде тұр, барлығы жұмыс істеп жатыр.
Нақты өндірістік көлемнің және табыстың өскенін елестетелік. Бұл жерде
инфляцияның әсер етуін және жіктелуін көре аламыз.
Инфляция тұрақты табыс алушылар арқылы, басқа адамдар тобына
табысты жіктейді.
Классикалық мысалға зейнеткерлерді алуға болады, оларға тұрақты
зейнетақы атаулы табыс әкеледі. 1980 жылы зейнеткерлікке шыққан адамның
тауарларды мол сатып алуға мүмкіншілігі бар еді, ал 1995 жылы сатып алу
қабілеті жартысына дейін төмендеп кетті, бұған жалдау төлемақысын жатқызуға
болады.
Инфляция мүлікті сақтаушыларға да үлкен зардап әкеледі. Баға
өсуінен нақты тауардың бағасы төмендейді. Мысалы, бір кісі 1980 жылдан
бастап 1995 жылға дейін 1000 доллар тығып қойды делік, сонда нақты баға
құны жартысына дейін төмендейді. Бірақ сақтау формаларының бәрі пайыздық
табыс әкеледі. Егер инфляция пайыздық мөлшерден төмен болса, онда сақтап
қойған тауардың құны төмендейді.

2.2 Инфляцияның дамыған мемлекеттер мен дамушы елдердегі оған
әсер ететін факторларға байланысты жіктелуі

Ал, енді дамушы елдерді инфляцияның даму жағдайлары мен оған әсер
ететін факторларға байланысты төмендегідей жіктеуге болады.
Бірінші топтағы елдерге Латын Америкасының дамушы мемлекеттері
жатады, оларда 80-жылдардың аяғы 90-жылдардың бас кезінде экономикалық тепе-
теңдіктің жоқтығы, мемлекет бюджетінің тұрақты тапшылығы, ішкі саясатта
ақша шығару станогы мен үнемі индекстеу механизімінің қолданылуы байқалып,
ал сыртқы экономикалық ортада жүйелі түрде ұлттық валютаның курсы
төмендеді. Никагуада, мысалы 1990 жылы ақшаның құнсыздануы 8500 процентке,
Перуде – 8291,5 процентке жетті.
Екінші топқа Колумбия, Эквадор, Венесуэла, Бирма, Иран, Египет,
Сирия, Чили елдері кіреді, оларда да экономикалық тепе-теңдіктің жоқтығы
байқалып, ал қаржы саясатында аз қаржыландыруға және несиелік экспансияға
(несиені ұлғайту) ерекше көңіл бөлінді. Бұл елдерде қарқынды инфляция
(бағаның жылдық орташа өсуі 20-40% шамасында) сақталып, бірен-саран
индекстеу жүргізілуде, жұмыссыздықтың жоғары деңгейі сақталуда.
Үшінші топқа жататын елдер – Сингапур, Малайзия, Оңтүстік Корея,
Біріккен Арабтар Әміршілігі, қатар, Сауд Арабиясы, Бахрейн – жеткілікті
деңгейде экономикалық тепе-теңдігі бар мемлекеттер. Оларда жылжымалы
инфляция (1-5%) сақталуда, бағаға қатаң бақылау енгізілген. Экономикасы
дамыған нарық жағдайында жұмыс істеуде. Инфляцияға қарсы шаралар ретінде
тауарды сыртқа шығару және шетел валютасының құйылуы зор роль атқаруда,
жұмыссыздық бірқалыпты деңгейде жүреді.
Төртінші топқа дамушы мемлекеттер әлеміне теңгерілген бұрынғы
социалистік мемлекеттер кіреді (ТМД елдері, Қытай, Польша, Вьетнам және
тағы басқалар). Бұл мемлекеттердегі инфляция жоспарлы-бөлу жүйесінен
нарыққа өту барысында туындайтын объективті процестерге байланысты болады.
Себебі инфляция факторлары, біріншіден, мемлекеттік бюджеттің бұрыннан келе
жатқан тапшылығы негізінде қаржыландыру мәселелерінде анықталады;
екіншіден, құрылым факторлары, мысалы, тез қайтарылымы болмайтын ауыр
өнеркәсіпке салынатын инвестицияның қауырт өсуі; үшіншіден, баға қайшысы
деп аталатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасымен салыстырғандағы
өнеркәсіп өнімдері бағасының қарқынды өсуінің арасындағы үйлесімсіздік.
Құрылым факторлары тек бағаны қауырт көтеріп, шығын инфляциясына жағдай
жасап қана қоймай, сонымен қатар сұраныс инфляциясының өсуіне әсерін
тигізеді.
Бұл мемлекеттер өндірістің өсуі мен ішкі нарықтың аз сұранысы
арасындағы қайшылықтарды, бір жағынан, зиянды қаржыландыру жолымен, яғни
ақша массасын басып шығарумен, екінші жағынан шетел займдарын көптеген
мөлшерде тартумен шешуге ұмтылуда. Нәтижесінде бұл топтағы мемлекеттерде
көп мөлшерде ішкі және сыртқы қарыздар пайда болады.

2.3 Инфляцияның Қазақстандағы ерекшеліктері

Қазақстандағы инфляция барлық Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы елдері
сияқты ел экономикасының мемлекеттік-монополияланған жүйеден нарықтық
қатынастарға өту кезіндегі өзгерістерге байланысты, КСРО-ның халық
шаруашылығындағы инфляция көптеген жылдар бойы мойындалған жоқ. Социализм
жүйесінің экономикасы жағдайында инфляция болуы мүмкін емес, ол тек
капиталистік өндіріс тәсіліне тән деген үзілді-кесілді тұжырымдар айтылды.
Қазақстандағы қазіргі инфляцияның себептерін нарыққа өтуге дейінгі
инфляцияны тудыратын факторлардан іздестіру керек. Олардың ең бастысы –
шаруашылықты басқарудың жоспарлы-бөлу жүйесі. Ол шаруашылықтың шығынды
механизмін қалыптастыруға, халық шаруашылығында материалды-ақшалық
үйлесімдіктің тууына мүмкіндік жасап, экономиканың барлық салаларына зиян
шеккізді. Әсіресе:
- ұлттық өнімді жинақтау қорына және тұтыну қорына бөліп, соның
негізінде инвестициялық саясат жүргізуде;
- құрал-жабдықтарды өндіру және тұтыну тауарларын өндіру салаларында;
- мемлекеттік баға белгілеу жүйесінде;
- мемлекеттік бюджеттің кірісі мен шығынында;
- несиелік және қаржылық ресурстарды қалыптастыруда байқалды.
Қазіргі инфляцияның бір көрінісі – тауар тапшылығы біздің
экономикада ондаған жылдардан бері байқалуда. Оның түпкі себептері:
біріншіден, бұрынғы КСРО-ның 20 жылдар аяғынан бастап, бұрынғы
құрылымдарды жол бастауы;
екіншіден, бұрынғы КСРО-ның экономикасында көп жылдар бойы
үйлесімсіздік қалыптасты, яғни бір жағынан, өндірістік құрал-жабдықтар
шығаратын ауыр өнеркәсіп жедел қарқынмен дамыса, екінші жағынан, тұтыну
құралдарын өндіретін салалар қарқынсыз жай дамыды. Ол салалар – ауыл
шаруашылығы, тамақ, жеңіл және басқа өнеркәсіп салалары. Статистика
мәліметтері бойынша, барлық өнеркәсіп өндірісінде А тобындағы салалардың
үлесі 1928 жылы – 39,5%, 1940 жылы - 61%, 1960 жылы – 72,5% болды;
үшіншіден, бұрынғы КСРО-ның ұлттық табысының жартысына жуығы
жинақтау қорына кетсе, ал алдыңғы қатардағы өркендеген мемлекеттерде ол- 15-
25% болды;
төртіншіден, бұрынғы КСРО- да ұлттық жиынтық өнімнің Жалпы
Ұлттық Өнімнің 25-30%-і ғана тұтыну қорын құраса, өркендеген елдерде ол
көрсеткіш 60-65% болды. Жалақы да өте төмен, яғни ол ұлттық табыстың 13
бөлігін құрады, ал өркендеген капиталистік елдерде ол 23 бөлігі болды.
Сөйтіп, біздің елде инфляцияны тудыратын себептер көп жылдар бойы
қалыптасты. Бірақ жоспарлы-әкімшілік экономика жағдайында ол басылыңқы
сипатта өрбіді. Шындығында да директивалы баға белгілеу халықтың күнделікті
қажет заттарының бағасын тұрақты қалыпта ұстауға мүмкіндік берді.
Көптеген тауарлар бағасын өндірістегі, сұраныс пен ұсыныстағы
өзгерістерді есептемей тұрақты қалыпта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақшаның айналысының заңы ақша масссасы
Экономикалық цикл. Жұмыссыздық пен инфляция.
Қаржы жүйесінің түрлері
Инфляцияға қарсы саясат және оның ҚР қолдану ерекшеліктері
Ақша айналысының сипаттамасы және оның заңы
Жеке баға индекстері
Қаржы жүйесінің мәні мен түрлері
Инфляцияның даму факторлары және оның әлеуметтік - экономикалық салдарлары
Инфляция әлеуметтік – экономикалық құбылыс ретінде. ҚР инфляцияға қарсы саясаты
Инфляцияның әлеуметтік зардаптары
Пәндер