Қазақстан-Туркия елдері арасындағы мәдени байланыстардың орнатылуы


Ф-ОБ-001/033

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік Университетінің

Шымкент институты

Тарих факультеті

«Қазақстан тарихы» кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

«»

Шымкент 2009 ж

Ф-ОБ-001/033

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

Тарау І. Қазақстан-Туркия елдері арасындағы мәдени байланыстардың орнатылуы

1. 1. Тәуелсіз Қазақстан және Түркия Республикасы арасындағы мәдениет пен ғылым саласындағы байланыстардың алғашқы кезеңдері

1. 2. Қазақстан мен Түркияның гуманитарлық салалардағы байланыстары

1. 3. Театр, музыка және бейнелеу өнері саласындағы қарым- қатынастар

Тарау ІІ. Қазақстан -Түркия елдері арасындағы киноматография саласындағы байланыстар, рухани байланыстар.

2. 1. Кинематография және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қазақ-түрік ынтымақтастығы

2. 2. Қазақ-түрік рухани байланыстары

2. 3. Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің қызметі

ҚОРЫТЫНДЫ

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Ф-ОБ-001/033

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет болып жарияланғаннан бергі он жылдан астам уақыт ішінде оның әлемдік қауымдастыққа енуі іс жүзінде аяқталып, халықаралық геосаяси қатынастардағы орны мен ролі айқындалды. Бүгінде Қазақстан Еуразия кеңістігіндегі өзінің тарихи дәнекерлік қызметін қайта жалғастырып, халықаралық аренада беделді де дәйекті бейбітшілік саясатын жүргізуде. Оған Қазақстанның халықаралық қауымдастық шеңберінде тең құқықты қарым-қатынастар орнатуымен бірге, баянды бейбітшілік саясатын қалыптастыру, мемлекетаралык шиеленістерді бәсеңдету, қазіргі Орталық Азия елдері арасындағы, әсіресе Ауғанстан мәселесіне байланысты қалытасқан жағдаятты оңдастыру, шетелдермен экономикалық және мәдени байланыстар-ды кеңейту жөніндегі ұсыныстары мен нақты қадамдары айқын дәлел.

Сонымен қатар отарлық және кеңестік кезеңдерде бұрмалауға ұшыраған халықтың тарихи санасын қалпына келтіру, өз мемлекеттігін сәйкестендіру аясында өтіп жатқан рухани және мәдени әрлеу барысында Қазақстан Республикасы көршілес елдермен, тарихи тамыры бір туысқан халықтармен ежелгі қарым-қатынастары мен байланыстарын жаңғыртуға да ерекше назар аударып келеді. Алыс және жақын көрші мемлекеттермен жасалатын ресми халықаралық қарым-қатынастармен қатар елдерді жақындастыратын мәдени байланыстардың да маңызы зор. Осы орайда Қазақстан мен Туркия арасындағы мәдени және рухани байланыстардың кеңінен дамуы кездейсоқ құбылыс емес.

Ежелден шығу тегі бір түрік халықтарының соңғы он жылдан астам уақыт ішінде өзара ынтымақтастығының нығаюы КСРО құрамынан бөлініп шыққан тәуелсіз жас мемлекеттердің әлемдік қауымдастықта өз орнын дәйектеуге септігін тигізуде. Қазақстанның отарлық дәуірде, одан соң Кеңес мемлекеті құрамындағы кезенде белгілі себептермен үзіліп қалған дәстүрлі мәдени және

Ф-ОБ-001/033

рухани туысқандық байланыстарының қайта жаңданып, тұрақты сипат алуы бүгінгі тәуелсіз мемлекеттің дамуы үшін аса зәру мәселе. Түркия мемлекеті, шет елдердің ішінде, 1991 жылы желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін мойындап, дипломатиялық қарым-қатынас орнату ниетін білдірген ең тұңғыш мемлекет. Сондықтан 1990 жылдардын бас кезінде жекелеген мәдени, ғылыми байланыстардан бастау алған осы қарым-қатынастар тәуелсіз-дік жылдары кең өріс алып, тұрақты сипатқа ие болды.

Тәуелсіз Қазақстан мемлекетініи Түркиямен шынайы мәдени байланыста-рының орнаған кезі 1991 жылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі мерзімді қамтиды. Себебі отарлық және кеңестік мемлекет жағдайында Қазақстан мен Түркия арасындағы байланыстар дербес әрі кең көлемді де, нақты сипат алған жоқ. Екі ел арасындағы мәдени байланыстар саяси және экономикалық ынтымақтастық қатынастардың құрамдас бөлік ретінде он жылдан астам уақыт ішінде әр салада нақты нәтижелерге ие болды.

Бүгінде Қазақстан мен Түркия арасындағы байланыстардын қатарында жалпы мәдениет пен өнер, білім мен ғылым, ақпарат құралдары мен баспасөз, діни-рухани байланыстардың өкшелеп, жалпы екі ел арасындағы ресми мемле-кетаралық қатынастардың құрамдас бөлігі ретінде әрқайсысы өз саласында жеке бір ағымды құрайтынын айту қажет. Алғашқы кезде бұрын үзіліп немесе тоқырап қалған дәстүрлі туысқандық байланыстарды қалпына келтіру мақсатымен жалпы мәдени байланыстар көлемінде орнатылған осы қатынастар бүгінгі ғылыми-техникалық мүмкіндіктер, нарықтық катынастар ықпалымен әр салада нақты нәтижелерімен толыға түсуде. Оған Түркия мен Қазақстан арасындағы экономикалық байланыстардың нәтижелерін мысал ретінде келтіру-ге болады.

Бұл кітапта он жылдан астам уақыт ішінде осындай сипат алған қазақ-түрік мәдени байланыстарарының нәтижелері мен бағыттары, келешегі мен оған

Ф-ОБ-001/033

кедергі боларлық проблемалар қарастырылады. Отандық тарих ғылымының бүгінгі өзекті міндеттерінің қатарында шетелдермен мәдени байланыстарының барысын зерттеу кезек күттірмейтін мәселелер қатарынан саналады. Ал Қазақстан мен Түркия арасындағы осындай байланыстар бұл проблеманың құрамдас бір бөлігі болып табылатыны даусыз.

Диплом жұмысының мақсаттары мен міндеттері. Диплом жұмысын жазудағы алдыма қойған басты мақсатым-тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы Қазақстан-Туркия елдері арасындағы мәдени байланыстардың тарихын зерттеу болып табылады. Сондай-ақ төмендегідей міндеттер қойылды:

-Тәуелсіз Қазақстан және Түркия Республикасы арасындағы мәдениет пен ғылым саласындағы байланыстардың орнауын;

-Қазақстан мен Түркияның гуманитарлық салалардағы байланыстарын;

-Театр, музыка және бейнелеу өнері саласындағы қарым- қатынастарын;

-Кинематография және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қазақ-түрік ынтымақтастығы мәселелерін;

-Қазақ-түрік рухани байланыстарын;

-Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің қызметі түсініктерін сипаттау.

Диплом жұмысының тарихнамасы. Диплом жұмысын жазу барысында келесі еңбектер мен жариялымдардан пайдаланылды:

К Саудабаевтың «Казахстан-Турция: возрожденные отношения» атты еңбегін негізгі дерек көзі ретінде қолданылды. Еңбекте автордың 10 жыл ішіндегі қазақ-түрік мәдени байланыстарының тарихы көрсетілген. Мысалы, «Қазақ-түрік қарым-қатынастарының шынайы достық, туысқандық аясында дамуына бағыт берген, оны сипаттайтын негізгі құжаттардың бірі ретінде 1991 жылы 15 наурызда Алматыда Түркия Республикасы Президентінің Қазақстанға жасаған алғашқы ресми сапары кезінде Н. Ә. Назарбаев пен

Ф-ОБ-001/033

Т. Өзал қол қойған "Қазақ Совет Социалистік Республикасы мен Түркия Республикасының қарым-қатынасы туралы" келісімшартты ең алдымен атаған жөн. Онда екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту және жан-жақты дамытуға ұмтылу негіздері дәйектелген. Бұл келісімшарт екі ел арасындағы басқа да мәселелермен қатар ғылым және техника саласындағы қазіргі заман жетістік-терін тиімді қолдану мақсатында ғылыми-техникалык белсенді қарым-қатынастар жобасының негізін жасады. Осыған сәйкес бұл келісімшартта екі ел арасындағы халықаралық мәдени қарым-қатынас саласын кеңейту және өзара байыту, ақпараттық, мәдени және гуманитарлық қарым-қатынасты дамыту, радиохабар және телекоммуникация жүйесінің дамуына ықпал ету, тарихи және мәдени ескерткіштерді қайта қалпына келтіру және қорғау, түрлі салалар бойынша мамандар даярлау және мамандандыру, елшілік өкілділігін ашу қарастырылды»-делінген.

Ал қазақ-түрік елдері арасындағы ғылыми байланыстар туралы «Түркі әлем» атты ғылыми журналдағы «Писатели и поэты со всего тюркского мира соберутся в Стамбуле» атты мақаласында былай делінген: «Ғылымымыздың ілгерілеуі мен дамуының ажырамас факторы әлем ғылымымен өзара байланыс пен ынтымақтастық орнату, тәжірибе жетістік және білім алмасу болып табылатынын баса айту қажет. Бұл тұрғыда Қазақстан мен Түркия ғалымдары-ның байланысы да осы салада орны бар құбылыс. Қазіргі қазақ-түрік өзара қатынастарының тереңдетілген процесінің бір белгісі Қазақстан мен Түркия ғалымдарының ғылыми байланыстары болып табылады.

Жоғарыда айтылғандай, Қазақстан мен Түркия ғылымының даму ерекшеліктері, әр саладағы деңгейі, қол жеткізген нәтижелері әрқилы екені даусыз. Сондықтан Түркия мемлекеті де Қазақстан ғылымының жетістіктерін үйренуге, қабылдауға, әзір болса, қазақстандық ғалымдар да түрік ғылыми қауымдастығының мұнда жетпей жатқан тұстарын үйренуге, қабылдауға әзір екендіктерін 1990

Ф-ОБ-001/033

жылдардың бас кезінде-ақ байқатқан болатын.

Түркиядағы ілгері дамыған экономика мен бизнес, қаржы мен несие саласының бүгінгі Қазақстан үшін зәру жақтары екі ел арасындағы отандық экономист ғалымдар мен кәсіпкерлердің басты назарында болды. Сондай-ақ, түркі әлемі мен мәдениетін зерттеуге бағытталған гуманитарлық саладағы ізденістер де Қазақстан ғалымдарын Түркия мемлекетіндегі ғылыми орталықтармен, жоғары оқу орыңдарымен байланыс орнатуға құлшындырғаны белгілі.

Ең алғаш осындай байланыстар екі ел бірігіп өткізген ғылыми конфе-ренциялар мен симпозиумдардан басталды.

Басты ғылыми мәселелерді шешуде, тарихтыи тораптык сәттерін зерттеуде өзара сапарлар, кездесулер, сұхбаттар өткізіп, халықаралық ғылыми конференцияларға, конгрестерге және симдозиумдарға бірігіп қатысудың өзі аздық етпейді. Осындай кездесулерден, пікір алмасудан басталған ғылыми байланыстар біртіндеп ресми сипатқа ие болды. Қазақстан мен Түркия арасындағы ғылыми байланыстарды дамыту мен жүйелеу мақсатында 1994 жылы 21 маусымда Анкара қаласында Қазакстан Республикасы ғылым және жаңа технологиядар министрлігі мен Түркия ғылыми-техникалық зерттеу орталығы арасында "Ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісімге" қол қойылды. Келісімде ғылыми-техникалық ынтымақтастық - екі ел арасындағы қатынастардың негізгілерінің бірі және ғылыми акпарат алмасу мен оны жылдам тарату. Сондай-ақ, халықаралық сипаттағы ғылыми зерттеулерге қол жеткізу кезеңінде бұл екі жакты қарым-қатынас тұрақтылығының маңызды факторы болатындығы баса айтылды»-делінген.

Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тарау және тараушалардан, қорытындыдан тұрады. Жұмыстың соңында пайдаланған әдебиеттер тізімі және қосымшалар берілді. Көлемі 90 бет

Ф-ОБ-001/033

Тарау І. Қазақстан-Туркия елдері арасындағы мәдени байланыстардың орнатылуы

1. 1. Тәуелсіз Қазақстан және Түркия Республикасы арасындағы мәдениет пен ғылым саласындағы байланыстардың алғашқы кезеңдері

1980 жылдарға қарай қоғамдык-саяси және зкономикалық құрылысы өзгеше елдермен, әсіресе АҚШ және Ұлыбритания, Франция сияқты батыс державалар-мен екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қалыптасқан тайталас барысында Кеңес Одағы мемлекеті экономикалық тұрғыда өзінің әлсіздігін таныта бастады. «Қырғиқабақ соғыс» саясаты жағдайындағы жаппай қарулану бәсекелестігі КСРО мемлекетінде ең алдымен әскери-өнеркәсіптік кешенді басым дамытуға алып келгені мәлім. Ал бұл өз кезегінде халық шаруашылығының бейбіт саласындағы ахуалына керісінше әсер етті. Жеңіл өнеркәсіп және басқа да әлеуметтік салаға тікелей қатынасы бар өнеркәсіп кешені халықтың күнделікті сұранысын қанағаттандыра алмайтындай дәрежеде еді. Сондықтан экономика саласында негізгі назарды әскери өнеркәсіптен бейбіт шаруашылыққа қарай ойыстыру қажет болды. Ал бұл өз кезегінде халықаралық қатынастарда КСРО-ның сыртқы саясатына өзгерістер енгізуді, батыс державаларымен нақты жағдайға байланысты қарым-қатынасын қайта қарауды қажет етті.

Мұндай экономикалық реформалар ең алдымен нарықтық қатынастар негізінде, мемлекет тарапынан үйлестіру, бақылау арқылы іске асырылатын болды. Алайда, нарықтық қатынастар, жалпы кеңестік экономикаға либералдық сипат беру өз кезегінде қоғамды демократияландыру шараларымен қатар жүргізілуі қажет еді. Бұл заңдылықтарды іске асыру барысында КСРО мемлеке-тіндегі ұлттық және ұлтаралық қатынастарды да, одақтас және автономиялық республикалардың орталық үкіметпен байланысын, қарым-қатынасын да, құқықтық негіздерін де қайта құру, өзгерту күн тәртібіне қойылғаны мәлім.

Ф-ОБ-001/033

бөлінуінен басталған бұл үрдіс бұрынғы одақтас республикалардың бірінен соң бірі өз егемендігін жариялауына, ал 1991 жылы тамыз оқиғаларынан кейін ыдырап, сол жылғы желтоқсанның бас кезінде бір кездегі құдіретті империя Кеңес мемлекетінің тарихи аренадан кетіп, әлем картасында жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуына алып келді.

Сөйтіп, 90-жылдардың басындағы Кенес Одағының құлдырауы тәуелсіз мемлекеттердің құрылуына себеп болды. Ал ол өз кезегінде түркі тілдес халық-тар мемлекеттерінің, онын ішінде Қазақстан мен Түркияның саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени қарым-қатынастарының қарқыны өсуіне түрткі болды.

Жоғарыда айтылғандай, 1991 жылы 16 желтоксанда жарияланған Қазақстан тәуелсіздігін әлемде бірінші болып таныған мемлекет Түркия Республикасы болды.

Қазақстанға ең бірінші болып қолдау көрсеткен Түркия мемлекетінің теңдесі жок бұл актісі тәуелсіз жас мемлекеттің халықаралық деңгейде тез танылып, өзінің сыртқы саясатын айқындауға, басқа елдермен дипломатиялық қарым-қатынастарының негізін салуға жол ашты. Көп ұзамай 1992 жылы 2 наурызда Қазақстан мен Түркия арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды және де Алматы қаласында ең бірініш болып Түркия Республикасының Елшілігі ашылды. Әрине, бұл ресми дипломатиялық қатынастың орнатылуы еді.

Айта кететін жайт, Түркиямен мәдени қарым-қатынастың алғашқы ресми байланысы 1990 жылдың желтоқсанында орнатылды. Онда Қазақ КСР-ның мәдениет жөніндегі мемлекеттік комитеті мен Түркия Республикасының мәде-ниет министрлігінің арасында қарым-қатынас туралы келісімге және де Қазақ КСР-ы мен Түркия Республикасының Үкіметтері арасындағы ресми протоколға қол қойылды. Бұл құжаттарда жастарға білім беру саласында көрсетілетін көмек, жоғары оқу орындарындағы қарым-қатынас, бірлескен ғылыми жобалар

Ф-ОБ-001/033

жасау, студенттермен, әр түрлі саладағы мамандар және ғалымдармен алмасу, халықаралық семинарлар, конференциялар, фестивальдер өткізу, көрмелер ұйымдастыру, мәдени орталықтар ашу, театрлық, музыкалық және де басқа да шығармашылық ұйымдардың арасындағы қарым-қатынастарды қолдау, мара-паттау, қазақ жазушыларының шығармаларын түрік тіліне, ал түрік жазушыла-рының шығармаларын қазақ тіліне аудару және Қожа Ахмет Ясауимен Арыстанбаб кесенелерін жөндеуден өткізу, бірлескен археологиялық зерттеулер ұйымдастыру және тағы басқа да мәдени саладағы қатынастар туралы шаралар нақты көрініс тапты /1/.

Бұл ресми қарым-қатынастар ең алдымен түбі бір туысқан түрік халқы мен қазақ халқы арасындағы бір кезде үзіліп қалған мәдени және рухани байланыстарды қалпына келтіріп, екі халық арасындағы тарихи сабақтастықты жалғастырудың алғашқы қадамы еді. Түркия мемлекеті мен Қазақстанды байланыстырған осы шаралар республика жұртшылығы тарапынан қызу қолдау тапқанын айту қажет. Мұнан кейінгі туысқандық байланыстар, әсіресе халыққа етене жақын мәдениеті, білім, ғылым саласындағы өзара қарым-қатынастар екі ел арасын одан да тығыз жақындатты. Бұған Түркия мен Қазақстанның экономикалық байланыстары да зор ықпал етті. Сондыктан, бүгінгі күні қазақ-түрік ынтымақтастығы кең әрі жан-жақты екендігін және де халықаралық аренада қарым-қатынастарының артқандығын қуана айтуға болады, сонымен қатар екі елдің маңызды мәселелер бойынша ұстанған бағыттарының бірлігі мен ұқсастығын атап айту да қажет /2/.

Қазақстаң Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев айтқандай "Біз түркі тілдес мемлекетпіз және де түркі тілдес елдермен қатынастарды нығайтуға бар күшімізді саламыз" /3/.

10 жыл ішінде Қазақстан мен Түркия арасында 90-нан астам келісім-шарттар және хаттамаларға қол қойылды /4/. Екі елдің Президенттерінің білім, ғылым

Ф-ОБ-001/033

және мәдениет министрлерінің бірнеше іс-сапарлары орын алды. Екі жақты делегациялар алмасу, мемлекетаралық ресми байланыстар кезінде келісілген қатынастар туралы шарттар негізінде тікелей мәдениет мекемелері мен шығармашылық ұйымдар мен ұжымдар, оқу орындары мен ғылыми институт-тар және орталық өкілдерінің тұрақты байланысы қалыптасты. Ғылым Академиясына және ведомстволарға қарасты ғылыми мекемелер, жоғары оқу орындары арасында мамандардың алмасуы, сондай-ақ университеттер арасында студенттер мен маман оқытушылардың алмасуы Қазақстан үшін ғылым, білім, мәдениет саласында шетелдік тәжірибе жинақтаудың алғашқы мектебі болды. Себебі, АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания мемлекеттерімен мұндай қарым-қатынастар 90-жылдары Түркия елімен сияқты кең көлемде жүргізілген жоқ болатын. Бұл мәселе қазір де сондай сипатта деуге болады.

Екі ел арасындағы рухани байланыстар үшін Түркия мен Қазақстанда екі халықтың мәдениет күндерінін, өткізілуі аса маңызды оқиға болды. 90-жылдардын ішінде "Түркиядағы Қазақстан мәдениет күндері" және "Қазақстан-дағы Түркия мәдениет күндері" айдарымен ауқымды мәдени фестивальдері өткізілді. Бұл тұрақты сипат алды.

Қазақстан және Түркия түрік әлемінде өткізілген ортақ құрылтайларға, көптеген жастар фестиваліне, жазушылар, музыканттар, мәдениет және ғылым қайраткерлерінің жиналыстарына, кинематография фестиваліне екі жақтан да жаппай бұқара өкілдері қатысты. Осы жылдары арнайы суретшілер көрмелері ұйымдастырылды, екі елдің теледидарында елді таныстыру мақсатында түрлі телехабарлар және сұхбаттар дайындалды. Осындай мақсатпен екі жақтың техникалық өзара көмек, кеңесулер, жетістіктер және тәжірибе алмасу процестері жүзеге асырылды /5/.

Қазақ-түрік қарым-қатынастарында ежелден аса маңызды саланың бірі діни рухани байланыс екеніне бұрын назар аударылған жоқ. 1917 жылы төңкеріске

Ф-ОБ-001/033

дейін Ресей империясынын саясаты Түркияны Қара теңіз бөн Жерорта теңізі аумағындағы бәсекелесі ретінде қарастырып, орталық патшалығының қол астындағы түркі тілдес отар халықтардың Түркиямен байланысын кеңейтуге кедергі жасап келгені мәлім. Ал кеңестік дәуірді бұл тек ресми мемлекетаралық қатынастар аясында ғана қарастырылың екі ел халықтарының мәдени, рухани, діни жақындықтарына тосқауыл қойылды. Ресми коммунистік (орыстық деп айтуға болады) идеологиялық ауытқып, түрік халықтарының тамырластығы туралы пікір білдіргендігін кеңестік дәуірде "пантюркизм" идеологиясына уағыздаушылар деп бағаланғаны, саяси қуғын-сүргінге ұшырағаны белгілі.

Сондықтан, тәуелсіз Қазақстан мемлекеті жарияланып, демократиялық, егемендік негізде сыртқы қарым-қатынастарын айқындау, қалыптастыру барысында ежелгі діни-рухани байланыстарды да жаңғыртудың маңызы өте зор еді. Бұл тұрғыда Түркістан, ондағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі сияқты қасиетті ұғымдар мен ескерткіштердің де рөлі ерекше болғаны белгілі. Сондықтан, 90-жылдары екі елдің діни қайраткерлерінің арасында рухани және материалдық құндылықтарды сақтау және де исламды дін ретінде уағыздау саласында қарым-қатынастар жаңғыртылды.

Қазақ-түрік қарым-қатынастарының шынайы достық, туысқандық аясында дамуына бағыт берген, оны сипаттайтын негізгі құжаттардың бірі ретінде 1991 жылы 15 наурызда Алматыда Түркия Республикасы Президентінің Қазақстанға жасаған алғашқы ресми сапары кезінде Н. Ә. Назарбаев пен Т. Өзал қол қойған "Қазақ Совет Социалистік Республикасы мен Түркия Республикасының қарым-қатынасы туралы" келісімшартты ең алдымен атаған жөн. Онда екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту және жан-жақты дамытуға ұмтылу негіздері дәйектелген. Бұл келісімшарт екі ел арасындағы басқа да мәселелермен қатар ғылым және техника саласындағы қазіргі заман жетістіктерін тиімді қолдану мақсатында ғылыми-техникалык белсенді қарым-

Ф-ОБ-001/033

қатынастар жобасының негізін жасады. Осыған сәйкес бұл келісімшартта екі ел арасындағы халықаралық мәдени қарым-қатынас саласын кеңейту және өзара байыту, ақпараттық, мәдени және гуманитарлық қарым-қатынасты дамыту, радиохабар және телекоммуникация жүйесінің дамуына ықпал ету, тарихи және мәдени ескерткіштерді қайта қалпына келтіру және қорғау, түрлі салалар бойынша мамандар даярлау және мамандандыру, елшілік өкілділігін ашу қарастырылды /6/.

Осы келісім шарттан кейін 1991 жылы 26 қыркүйекте екі елдің Президенттері Н. Ә. Назарбаев және Т. Өзал "Қазақ Совет Социалистік Республикасы және Түркия Республикасы арасындағы қарым-қатынастың принциптері мен мақсаттары туралы" Декларацияға қол қойды. Онда екі жақты қарым-қатынастың жақсаруының қажетті потенциалы көрсетілген және мәдениет туризм саласындағы қарым-қатынасты дамытуға ұмтылыс, сондай-ақ, Алматы мен Стамбул, Түркістан мен Байбұрт, Қызылқұм мен Қираман қалаларының арасында туысқандық бауырлас қатынас орнату көзделген еді /7/.

Сол жолы осылармен қатар Қазақ КСР және Түркия Республикасы Үкіметтері арасында сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық қарым-қатынас туралы келісімге де қол қойылды.

Осы келісімшарттар және 1990 жылдан бері мәдени байланыстар Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастың нығаюына жол ашты. Себебі, осы шаралармен екі елдің үкіметі өздерінің сауда, экономика, ғылым және техника салаларындағы кең әрі ұзақ мерзімді және тұрақты қарым-қатынасты дамытуға барлық күшін салуға дайын екендігін білдірді /8/.

1991 жылы қазанда Қазакстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Түркияға алғаш рет ресми сапар жасады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі Түркия мемлекетінің Қазақстандағы қарым қатынас деңгейін көтерудегі рөлін көрсету
Қазақстан Республикасының шет мемлекеттерімен экономикалық қарым–қатынастар орнатуы
Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясын жетілдіру жолдары
Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасысының қарым-қатынасы қазіргі заманғы өркениетті мемлекеттер байланысының үлгісі (М.К.Ататүріктен – Н.Ә.Назарбаевқа дейін)
Түркияның Орта Азия мемлекеттермен дипломатиялық қарым қатынастары
Туркия және Орталық Азия елдері арасындағы қарым-қатнастың экономикалық аспектілері
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Осман империясының жағдайын, Мұстафа Кемал Ататүріктің түрік тарихында сондай-ақ халықаралық сахнадағы орнын танып білу
Таулы Қарабах мәселесі аясындағы түрік - армян қатынастары
Ақтау портының маңыздылығы
Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының Жапония-мен қарым-қатынастарының даму барысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz