ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы Жапониядағы саяси ахуал
Кіріспе ... ... .. ... ... 3
1.тарау Жапония имперализмі
1.1 Жапония имперализімінің дамуының өзіндік ерекшеліктері ... .. ... ...9
1.2 Жұмысшы тобының қалыптасуы мен дамуы және социалистік
қозғалыстардың бағыты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.тарау Жапонияда саяси ахуал
2.1 Жапония коммунистік партиясының кұрылуы 20 жылдардың басындағы
КПЯ.ның қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
2.2 Алғашқы реппрессия кезіндегі КПЯ.ның жағдайы солшыл оппортунизммен күрес ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .46
2.3 1927 ж. Коминтеріннің (тезистері) қарарлары революциялық козғалыстың қайта өрлеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 54
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...60
Пайдалынылған әдебиеттері тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .62

Осы уақытқа дейін тарих ғылымының шығыс тану бөлімдерінің тарихшылары Жапония коммунистік козғалысы туралы проблемаларды Ұлы Отан соғысына дейінгі кезеңнің өзінде біршама зерттеп, монографиялық еңбектер жазды. Мұнымен қатар, сол кездегі партияның документтері де (Жапонияға байланысты) жарияланды. Жапония коммунистік партиясының мәселесі туралы 1927 жылғы 15 шілдедегі Коминтерннің Атқару коммитетінің қабылданған қаралары мен тезистері.
Тағы да Жапония коммунистік партиясының бірқатар документтерімен КПЯ-ның көрнекті жетекші қайраткері Сейти Итикаваның 1931 жылғы соттағы сөзі Жапония коммунистік козғалысының пайда болуы мен дамуы туралы ең алғашқы тарихи документ болып калды. Жапония коммунистік партиясының тарихын жасаған және құнды бай материал қалдырған КПЯ-ның ең алғашқы негізін калаушы, 20-30-шы жылдардың аралығындағы шығыс елдерінің ұлт-азаттық қозғалысындағы халықаралық коммунистік қозғалысының ұлы қайраткері, Коммунистік Интернационалды жетекшілерінің бірі болған Сен Катаяманың еңбегі зор орын алады. Ол еңбектердің жинағы үзінді ретінде Сен Катаяманың естелік шығармалары жинақталған. Өзінің еңбектерінде Жапония жұмысшы қозғалысының практикасы мен теорияларының және коммунистік қозғалыстың проблемаларын көрсетумен катар, көп мәселелерге жауап берген.

1. Васильев Л.С История Востока М.,2002 г., стр 45-69
2. Григорянц. А Древняя страна меняет облик. Новое время., 1987. N5. с. 28.
3. Гаджиев К.С. Введение в геополитику. Изд 1-е. Учебник для вузов. М., 2000г., 30 стр
4. Гаджиев К.С. Введение в геополитику. Изд 2-е. Учебник для вузов. М., 2001г., 432 стр
5. Қазақ-Совет Энциклопедиясы. 8-том., А: 1976ж., 663-680 беттер
6. Исламов А.И. Лекции по истории международных отношений. (Индия). Учебник. Шымкент, 170-189 стр
7. История дипломатии./под.ред.Н. Кулогова/ Москва 2000., 56-58 стр
8. Давыдов Н.М. История Ирана. Ленинград. 1980., с 45-56
9. Дербеш Н.М. Иранская революция. Москва., 2001 г., с 58-60
10. Лаумулин М. Большие планы. //Континент., 2005 г., 16-29 ноября., №22, с78
11. Розалиев Ю.А. Новая и новейшая история стран Азии и Африки. М., 1982 г., стр 25-36
12. Дж. Греквилл. История ХХ века. Аквариум, 1999. -365 с.
13. Никифоров В.Н Восток и Всемирная история.М.,1972г., стр 125-136
14. Живутинков А.С.Как это было? /История Вьетнамского народа/. М., 1978 г., стр 15-23
15. Будкевич С.Л. Из истории проникновения идей октября в Японию Октябрь и Япония. М.1968.
16. Гамазков З.А. Из истории распространения марксизма-ленинизма в Японии М.1971., с 47-49
17. ИвановаГ.Д Дело обаскарбления трано. М.1972., с 26
18. Петров А.Н. Японскии пролетариат М.1927., с 37-39
19. Коволенко И.И. Очеркии истории камунистческого движения в Японии М. Наука 1979., с -100-115
20. Черных А.Г. Хруслов Г.В, Ленин Япония, Владивасток 1971 Сенатров А.И. Сэн Катаяма 1988., с 6

Ф-ОБ-001033
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ТҮРКІСТАН ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖӘНЕ БИЗНЕС ИНСТИТУТЫ
ТАРИХ-ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ
ЖАЛПЫ ТАРИХ КАФЕДРАСЫ
Тақырыбы: ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы Жапониядағы саяси ахуал
БЕКІТЕМІН
Кафедра меңгерушісі Ғылыми жетекшісі
Түркістан 2008
МАЗМҰНЫ:
Кіріспе ... ... .. ... ... 3
1-тарау Жапония имперализмі
1.1 Жапония имперализімінің дамуының өзіндік ерекшеліктері ... ..
... ...9
1.2 Жұмысшы тобының қалыптасуы мен дамуы және социалистік
қозғалыстардың
бағыты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..19
2-тарау Жапонияда саяси ахуал
2.1 Жапония коммунистік партиясының кұрылуы 20 жылдардың басындағы
КПЯ-ның
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..33
2.2 Алғашқы реппрессия кезіндегі КПЯ-ның жағдайы солшыл оппортунизммен
күрес ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..46
2.3 1927 ж. Коминтеріннің (тезистері) қарарлары революциялық козғалыстың
қайта
өрлеу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..54
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 60
Пайдалынылған әдебиеттері
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .62
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Осы уақытқа дейін тарих ғылымының шығыс тану
бөлімдерінің тарихшылары Жапония коммунистік козғалысы туралы проблемаларды
Ұлы Отан соғысына дейінгі кезеңнің өзінде біршама зерттеп, монографиялық
еңбектер жазды. Мұнымен қатар, сол кездегі партияның документтері де
(Жапонияға байланысты) жарияланды. Жапония коммунистік партиясының мәселесі
туралы 1927 жылғы 15 шілдедегі Коминтерннің Атқару коммитетінің қабылданған
қаралары мен тезистері.
Тағы да Жапония коммунистік партиясының бірқатар документтерімен КПЯ-
ның көрнекті жетекші қайраткері Сейти Итикаваның 1931 жылғы соттағы сөзі
Жапония коммунистік козғалысының пайда болуы мен дамуы туралы ең алғашқы
тарихи документ болып калды. Жапония коммунистік партиясының тарихын
жасаған және құнды бай материал қалдырған КПЯ-ның ең алғашқы негізін
калаушы, 20-30-шы жылдардың аралығындағы шығыс елдерінің ұлт-азаттық
қозғалысындағы халықаралық коммунистік қозғалысының ұлы қайраткері,
Коммунистік Интернационалды жетекшілерінің бірі болған Сен Катаяманың
еңбегі зор орын алады. Ол еңбектердің жинағы үзінді ретінде Сен Катаяманың
естелік шығармалары жинақталған. Өзінің еңбектерінде Жапония жұмысшы
қозғалысының практикасы мен теорияларының және коммунистік қозғалыстың
проблемаларын көрсетумен катар, көп мәселелерге жауап берген.
Зерттелу деңгейі тарихнама. Кеңес және шетел ғалымдарының Жапония
тарихы жөніндегі еңбектерінде, соның ішінде жұмысшылар социалистік
қозғалысы мен КПЯ-ның құрылуы мен қызметі жайында әртүрлі еңбектер жазды.
Совет тарихшыларының ішінде К.А.Гамосковтың Марксизм-ленинизмнің Жапонияға
таралу тарихы, Д.И.Гольдбергтің Жапония жұмысшы және социалистік
козғалыстың тарихы жөніндегі очеркі Г.Д.Иванованың Дело об оскарблении
трона, А.Б.Козоровидцкаяның Борьба за единство рабочего класса Японии;
Очерки по историй рабочего движения в Японии; И.М.Сырициннің Борьба
Японских трудящихся против войны и фашизма т.б. еңбектер. Бірақ, Япония
Коммунистік партиясының соғыска дейінгі кезеңінің толық тарихына кезеңінен
терең зерттеген тарихшы И.И.Коваленконың Очерки истории Коммунистического
движения в Японий еңбегінің маңызы зор. Бұл кезеңнің, яғни екінші
дүниежүзілік соғысқа дейінгі уакыттағы Жапония Коммунистік партиясының
тарихын терең зерттеуде Коваленко марксистік-лениндік методологиясына
сүйене отырып, Жапония, Америка тарихшыларының және де басқа шетел
тарихшыларының еңбектерінің бұрмалау, тарихи фактілерді мойындамауын
дәлелдеген, Жапония коммунистерінің шынайы күресінің шындығын қалпына
келтірді. Бұл кезеңнің тарихын зерттеуде Коваленко қолданған көптеген жаңа
заман тарихындағы документтер мен материалдардың бірі КПЯ-ның Орталық
Комитетінің 1972 жылғы жариялаған 50 лет Коммунистической партии Японии
деген документ. Марксизм-ленинизмнің негізін қалаушылардың көрсеткеніндей:
Без такого понимания необходимой исторической связи и тем самым вероятного
хода развитие событий невозможно никакая успешная партиная политика.
В.И.Ленин осы мәселеге байланысты жазғанындай Ең негізгі мәселе
тарихи байланысты ұмытуға болмайды, әр мәселені талдағанда, сол құбылыстың
белгілі бір тарихи кезеңін, белгілі бір этапында пайда болғаны туралы
көзқарас пен және ол құбылыстың казіргі жағдайда қандай жағдайда тұрғанына
мән беру керек.
Автор осындай диалектикалық методологияға сүйене отырып, бұл
проблеманы алдымен Жапонияның әлеуметтік-экономикалық дамуын және жұмысшы
тобының саяси идеялық жағынан пісіп жетілуінің аркасында оның қоғамының
революция арқылы өзгертудегі қозғалушы күшке айналуын көрсете біледі.
Жапония имперализіміне тән спецификалық құбылыстарды баса көрсете
отырып, жұмысшы табының қалыптасуына, оның таптық сана-сезімінің дамуына
кедергі болғанын айқын көрсетеді. Жұмысшы және социалистік қозғалыстармен
алғашқы марксистік топтардың құрылуы жөнінде, ал негізінен Жапония
Коммунистік партиясының құрылуы тарихын зерттеген.
Көптеген буржуазиялық тарихшылар Жапонияда Коммунистік партия пайда
болуға елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайында туындауы мүмкін емес, осы
күштердің қысымымен құрылды деген. Ал Жапония Коммунистік партиясының
документтеріне, яғни фактілерге сүйене отырып, таптық күрестің дамуы аркылы
өмірдің өзі жұмысшы табын марсисизм-лининизм теориясымен қаруланған және
партиясын кұруға жағдай туғызды және тағы бір факті болатын жағдай,
партиясының аз уақыт ішінде құрылуына үлкен әсер тигізген ¥лы Октябрь
революциясының тәжірбиесі мен халықаралық жұмысшы табының алдындағы
интернатицияналдық міндетін атқаратын Коминтерінің колдауы болып табылады.
КПЯ-ның қайраткері С.И.Типова революция жолында ¥лы Октябрь революциясының
ықпалы мен коммунистік козғалысқа белсене катысып, кейіннен былай деп
жазған: Жапония Коммунистік партиясы 1922 жылдың шілде айында
интернационалдың Жапон секциясы ретінде кұрылды. Сонымен катар, оның пайда
болуына Жапония капитализімінің дамуы әсерін тигізбейді деп те айтуға
болмайды. КПЯ-ның кұрылуына негіз болған Жапония капитализімі.
КПЯ-Жапония пролетариятының саяси партиясы. Жапония жұмысшылар
табының орындалуын тездеткен жағдай, орыс пролетариатының революциясының
жеңісі. Итикаво коминтерінің көп көмегін ашып айтты. Жапония жұмысшы және
коммунистік қозғалысының тарихы ең қиын кезеңде помещиктік езгі мен
реакциялы-монархиялық құрылыстағы капиталистерге қарсы күресті. КПЯ-ның
соғысқа дейінгі кезеңінде партияның бостандық пен бейбітшілік туына адал,
ұлт-азаттық және халықаралық пролетарлық ынтымақтық үшін, қиын кезеңдерді
басынан кешірді.
Империалистік Жапония әскери-полицейлік аппараты КПЯ-ның лагерьді,
яғни ашық түрде қызметіне жол бермеу үшін жан таласты, социализм идеясын
бұқараға таратпауына бөгет жасаумен болды. Жапония пролетариатының
коммунистік партия қатарына кіруі өте қауіпті еді, оларды заңсыз сот, қатаң
жаза күтіп тұрды. Коммунистерді халық жауы ретінде көрсетті. КПЯ-ның
қатарын репресия әлсіретіп, дүниеге көзқарасын, күрес мақсатын ашық түрде
айта алмады. КПЯ-ның қалыптасуына субъективтік және объективтік
қиыншылықтары болды. Алғашқы кезеңде партияға әртүрлі социалистік
группалармен кружоктардан кірген мүшелердің басымы әлі де анархизм,
синдикализм идеяларынан түгел арылмаған, сондықтан, жұмысшы табының
арасында біртұтас, тиянақты үгіт жүргізе алмады. Жағдайдың ауырлауына тағы
да себеп партия Жапонияның жұмысшыларының реформистік үгіттің үстем болып
тұрған жағдайында әбден бытырай кеткен жұмысшы қозғалысымен бетпе-бет
келуі. 1923 жылы Жапония Коммунистік партиясы жаппай репрессияға ұшырауы,
партия мүшелерінің арасында жіктелу және тарату сияқты ойлар туғызды.
Коммунистер және Сен Катаяма бұл хабарды естіп үзілді-кесілді қарсы
шықты. Коминтерт КПЯ-ның қайта қалпына келтіруде көп көмек көрсетті. Бұл
кезең туралы 60 лет коммунистической партии Японии деген еңбекте кеңінен
жазылды. Бюро мүшесі Кюити Токудь Москваға представитель ретінде келіп,
жағдайды мәлімдегенде дереу арада көмек көрсету керектігі туралы Коминтерн
шешім кабылдады. 1924 жылы шілдеде Комминтерннің V конгресі шақырылып,
Жапония проблемасына арнайы коммиссия құрды. Талқылауларға Катаяма, Бюро
мүшелері К.Токуда, Манабу Сано, Эйдео Кондо Профинтерннің Жапония
кызметкері қызмет атқарды.
Опортинизмді жеңіп шығуы КПЯ-ның күшін қалпына келтіріп ғана қоймай,
оның құрамын біршама көбейтті. 1927 жылы желтоқсан мен 1928 жылы наурыз
айының аралығында КПЯ-ның қатары үш есеге артты. 1928 жылы КПЯ сайлау
компанияларына белсенді түрде араласып ашық түрде қызмет атқарып тұрған
жұмысшы шаруа-партиясы арқылы парламенттік сайлауға өз кандидаттарын
ұсынды. Сол жылы партия ұйымының баспасы Қызыл Ту газеті шыға бастады.
Жапония Коммунистік партиясы жұмысшы табы мен бұқара халықты күреске
шақырды. Демократиялық қозғалыстардың өршуінен қауіптенген үкімет КПЯ-ның
және жұмысшы табын репрессияға ұшыратты. Өлім жазасымен мезгілі
белгіленбейтін каторгаға айдалу көбейіп кетті. 1928 жылы 15 мамырда жаппай
коммунистерді қамауға алу басталды. Ол 1929 ж 14 мамырда қайталанды. 1932
жылдың өзінде Токиода 2 мың коммунист қамалды. Жалпы 1928-1933 жылдары 62
мың адам қамалды. Террорға қарамастан Жапония демократиялық күші күрестен
тайынбады.
Диплом жұмысының мақсаты – бірінші дүниежүзілік соғыспен екінші
дүниежүзілік соғыс аралығындағы Жапониядағы саяси және мәдени ахуалға
деректерді пайдала отырып, сипаттама жасау.
Диплом жұмысының міндеттері- жоғарыда аталған мақсаттарға жету үшін
мынадай міндеттерді қойдық:
- Жапония имперализімінің дамуының өзіндік ерекшеліктеріне;
- Жұмысшы тобының қалыптасуы мен дамуы және социалистік
қозғалыстардың бағытына;
-Жапония коммунистік партиясының кұрылуы 20 жылдардың басындағы
КПЯ-ның кызметіне;
-Алғашкы реппрессия кезіндегі КПЯ-ның жағдайы солшыл оппортунизммен
күресіне;
-1927 ж. Коминтеріннің (тезистері) қарарлары революциялық қозғалыстың қайта
өрлеуіне сипаттама жасау.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом кіріспеден, 2 тараудан және
тараушалардан, қорытынды бөлімінен, пайдаланған әдебиеттер тізімінен
құралған.
1-тарау Жапония имперализмі
1.1 Жапония империализмнің дамуының өзіндік ерекшеліктері
XІX ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың қарсаңындағы Жапониядағы капитализм
қалыптасып, империалистік державаға айналуының спецификалық ерекшеліктер
болды. Бұл әлеуметтік-экономикалық және саяси процестердің ары қарай
дамуына өзінің ізін қалдырумен қатар, жұмысшы табының қалыптасуына және
революциялық қозғалысқа үлкен әсерін тигізді.
Орта ғасырлық базистік көзқарасымен қарағанда, Жапония классикалық
феодалдық ел болып саналатын. Оның өндіргіш күші шаруалар, ал билеуші топ
феодал дворяндар, яғни самурайлар еді. Жапония ортағасырлық феодализмнің
классикалық үлгісі екенін көрсете келіп, К.Маркс былай деп жазды: Япония с
ее чисто феодальной организацией землевладения и с ее широко развитым
мелкокрестьянским хозяйством дает гораздо более верную картину европейского
средневековья, в нем все наши исторические книги, проникнутые по большой
части буржуазными предрасутками[1; 28-31].
Бүкіл заң шығару және атқару билігін қолына жинаған әскери диктатор -
сегун әскери феодалдық, әскери режиммен үкімет басында тұр. Әскери жағынан
алғанда ол ең күшті, бай феодал болып саналды. Одан кейін сегунның вассалы
ретінде ауқатты князьдар биледі және әскери самурайлар құрайтын лендік
дворяндар шаруаларды қанау арқылы сегун немесе даймелердің қызметінде билік
жүргізді. ХІХ ғасырдың соңында 20 миллион халқы бар елдегі самурайлардың
саны 7 миллионға жетті. Олардың тапқан табыстары мен кірістері жай халықтың
табысынан 15-20 есе асып түсетін. Бұл арамтамақтар тобы халық санының 10
процентін ала тұрса да, жалпы 10 миллион күріштің - 6,5 млн. пайдаланды,
яғни ұлттық табыстың 65 процентін жұмсау арқылы шаруалардың еңбегін шексіз
қанады.
Батыс елдерге қарағанда, Батыс Жапония феодалдық билеуінің өзіндік
ерекшелігінің бірі - елдегі билік түгелімен сегун атқарғанмен,
мемілекеттің ең жоғарғы билеушісі болып формальды түрде Киото қаласындағы
сарайда тұратын император болып саналатын. Бұл қала мемлекеттің астанасы
ретінде саналған мен бүкіл мемілекеттік істер сегундардың резиденцияларында
атқарылды. Мұндай ұзақ жасаған резиденцияның бірі - Токугаво династиясының
сегуны Эдо қаласында орналасып, екі ғасыр өмір сүрді.
К.Маркс көрегендікпен Жапония өзінің феодалдық құрылымының мықтылығына
қарамай капиталистік дамудың ағымына түсетінін көрсеткен болатын. Если
внешняя торговля, навязанная Европой Японии, вызовет в этой последней
преврашение натуральной ренты в денежную, то образцовой земледельческой
культуре Японии придет конец. Органичные узкими рамками экономические
условия существования этой культуры подвергнутся разложения [2; 120-131].
Қатаң тәртіпті сактау үшін, қолданып отырған елді сырт дүниеден
жанталаса жасанды түрде бөлектеген билеуші топтардың саясаты толық
күйзеліске ұшырады. Екі жарым ғасырға созылған Жапонияның тұйық сауда қарым-
қатынасы негізінен Европа мемлекеттерінің бағытымен дамыды. Феодализм
қойнауында қанша дегенмен, буржуазиялық қоғамның экономикалық системасы
қалыптаса бастады. Алғашқыда бұл қарапайым цехтың организациялар құрылып
соңынан мануфактура пайда болды. Капиталистік қатынастың белгісі ретінде
көрінген мануфактуралық өндірістегі жалдамалы күш пайда болды, ол үнемі
қосымша күш жасап тұрды. Осылай, феодаодық самурайлық коғамда біртіндеп
жалдамалы жұмысшылардың еңбегін капитал арқылы қанайтын буржуазиялық
система қалыптасты. Өз ішінен туындап келе жатқан, буржуазияның
ығыстыруымен сырттан алдыңғы қатарлы капиталистік елдердің қысымымен
Жапония феодализмі ыдырап, жаңа капиталистік құрылысқа жол бере бастады.
Товар-ақша қатынасының дамуына байланысты ірі қалалардағы сауда-өнеркәсіп
буржуазиясы күшейіп жас жұмысшы табы біртіндеп қалыптаса бастады.
Шаруашылықты жүргізуде ішкі рыноктың кеңеюіне байланысты алғашқы
өнеркәсіптік өндірістің капиталистік үлгілері енгізіле бастады. Ақша-товар
қатынастары деревняларға да жетіп шаруалардың жіктелінуі басталды.
Жапония феодализмнің ыдырауына, сонымен қатар, шаруа және қала
тұрғындарының төменгі слойының төменгі рангалық самурайлардың қатаң режимге
қарсы антифеодалдық істері ықпал етті. Өз заманына прогрессивті роль
атқарған феодалдық княздіктердің бірі - Сацума және Тесю сегунаттың
билігіне наразылық білдіріп, буржуазиялық көзқарастың алғашқы
бастаушыларының бірі болып, сегунаттық режимге қарсы шықты. Радикалдық
ұрандар арқылы төменгі рангалы самурайлар шаруалар және қала халқын
Токугава режимін құлатуға күреске шақырылды. 1867-1868 жылдардағы болған
азамат соғысында казталық самурайлар буржуазиялық помещик элементтері және
сарай бюрократиясының қосылып араласуының өзі, буржуазиялық ревалюцияның
батыл болмауына және екі жақты саясат ұстауына әкеліп соқты. Ақыр соңында
бұл әртүрлі билеуші топтар мен әлеуметтік мүдделі топтар арасында,
помещиктер мен туындап келе жаткан буржуазия мүддесіне сай жүргізілген
әлеуметтік-экономикалық реформа жасауға келісуіне әкеліп соқты. Бұл
буржуазиялық революцияның ұранының өзі император билігін қалпына келтіріп,
абсолюттік монархияны орнату еді, яғни бұл Жапонияға тән спецификалық
құбылыс. Ат төбеліндей помещиктер мен капиталистер және сарай бюрокаиясымен
әскери жандармерия императорлық құрылысты қалыпына келтіру арқылы өздерінің
таптық мүддесінің сақталуының гарантия ретінде, көріп сол арқылы, қанаушы
қоғамға қауіп төндіріп тұрған бұқараның бас көтеруінен сақтанудың бірден-
бір жолы деп тапты. Буржуазия помещиктік элементтердің мүдделерін қолдап
отырған Жапония монархиясы қалпына келтірілген кезден бастап, мелитаризм
мен реакцияның күші болды.
Жапония императоры абсолюттік билікке ие болды. Конституция арқылы
өзінің тұлғасын қасиетті деп жариялады. Император атына кіріс келтіру
немесе жала жабу, мемлекетті сатумен тең деп қатаң жазаға тартатынын заң
шығарылды. Буржуазиялық революцияның аяқталмай қалуы капитализмнің дамуына
бөгет жасады.
Саяси құрылыстағы өзгеріске ауыл шаруашылығында және әлеуметтік
өмірдегі феодализмнің сарқыншақтары капиталистік қатынастардың алға қарай
жылжуына жол бермеуі, өндіргіш күштердің дамуын қысып отырды. Әсіресе,
феодализм сарқыншақтары ауыл шаруашылықта басым көрінді. Токугава
дәуіріндегі жерді пайдаланудың феодалдық әдісінің орнына, жартылай
феодалдық қатынастағы, яғни ұсақ шаруашылықтағы жерсіз шаруалардың
арендалық төлем арқылы күн көрісі орын алды. Помещиктердің ешкімнің
бақылауынсыз билігі үстем алып тұрды. Феодализм қалдығы өнеркәсіптік
саудадағы ішкі рыноктың шектен тыс тарлығына әсерін тигізді.
Дегенмен, ортағасырлық көптеген саркыншақтар сақталғаны-мен қай
жағынан алса да (экономикада, саяси кұрылыста) Жапонияда капитализм даму
қарқыны Азия елдерінің ішіндегі шапшаң өскен ел болып саналды.
В.И.Ленин көрсеткендей: Азиядағы товарлы өндірістің неғұрлым толық
дамып, неғұрлым еркін, кең түрде және шапшаң дамыған капитализм тек қана
Жапония мемлекетінде, яғни өзін-өзі басқарып отырған ұлттық мемлекетте
көрінді [3; 12-35].
Жапонияда капитализм Европа елдерінен кеш орнағанымен, басқа Азия
елдеріне қарағанда жарты ғасыр бұрын орнап болды. Бұл жағдай шетел
құлдығынан сақтап қалды. Жаңа дамып келе жатқан елдер сияқты, Жапония
мемлекеті де, алдыңғы қатарлы батыс мемлекеттерінен саяси және экономикалық
жағынан қауіп төніп тұрғанын сезді. Алғашқы уақыттарда Батыс державалардың
алдында шетел капиталына ыңғайлы көптеген шарттарға барып отырды.
Сондықтан, толық тәуелді болып қалудан қорыққан билеуші топтар,
капитализмге тежеу болып отырған ортағасырлық феодализм шектеушіліктерін
жоюға мәжбүр болды.
Ең алдымен армия құру үшін өндірісті дамытты. 70-80 жылдары Жапонияда
социализмінің дамуына жол ашатын бірнеше әлеуметтік-экономикалық реформалар
жүргізілді.
Біріншіден - ірі феодал самурайлардың көптеген артықшылық праволарын
жойды. Көптеген феодалдардың жеке меншіктерін конфискациялап, мемлекеттік
конпенсация төледі. Сауатты феодалдар өз қаржыларын өнеркәсіпке сала
бастады.
1882-1883 жылдары аграрлы реформалар жүргізілді, бұл түгел феодалдық
тәртіпті жоймағанымен, капитализмнің алға жылжуына жағдай жасады. Алдыңғы
қатарлы Европа мемлекеттерінен ғылыми технологияның жетістіктеріне сатып
ала бастады. Бірақ, мемлекет беріп отырған субсидияның басым бөлігі
шаруалардан сығып алынған еді.
Мемлекеттік көмегімен салынған өнеркәсіптерді арендаға және белгілі
бір шартпен өндірістік компанияларға сатып отырды. Мемлекет жағынан,
әсіресе ауыр индустрия саласында жаңа технология енгізген өндірістерге
қолдап, жағдай жасауы, көп табыстарға жеткізді, 1884 жылы Жапонияда 5985
мың және мемлекеттің негізгі эконоимкасын құрап отырған, предприятиялар
болды. XIX ғасырдың аяғында Жапонияда темір жолдың ұзындығы 6 мың
километрге жетті. Үкіметтің протекционистік саясатын өндірістің өсуіне
теплица жасағанымен тең болды.
Ф.Энгельстің орыс үкіметінің протекционистік саясатына айтқан сөзін
Жапонияға тікелей қатыстыруға болады. Эта типличная атмосфера в области
промышленности, убыстряет процесс, который в противном случае мог бы носить
более затяжной характер. А нам Она втискивает в какие-нибудь двадцать лет
процесс, которых при других условиях занял бы шестьдесят лет и более [4;
175].
Феодалдық Жапония келбеті шапшаң өзгере бастады. Осака Кобэ, Нагасаки,
Иокосука сияқты ірі-ірі қалаларда көптеген завод-фабрикалар ашылып, ірі
индустрия орталықтарына айналды. Мемлекеттің астанасы Токио дүние жүзіндегі
ең ірі қалалардың бірі болып саналды. 1900 жылы Жапония товарлары, әсіресе
тоқымалары Оңтүстік-Шығыс Азия рыноктарында Англия, Франция және АҚШ
товарларымен тайталасып, сәтті саудаға түсіп жүрді.
В.И.Лениннің еңбегінің арқасында өзінің - капиталистік мемлекеттердің
саяси-экономикалық даму саласындағы теңсіздік заңын Жапонияға қарасты жас
таңқаларлық шапшаңдыкпен прогрессивтік капиталистік елдер қатарына қосып
айтты.
1871 жылы кейін Германия, Англия және Францияға карағанда, 3-4 есе
күшейсе, Жапония Россияға қарағанда 10 есе күшейді. Осылайша тез даму
қарқынына қарамастан, Жапония бұл кезде Батыс елдерінен әлі артта еді.
В.И.Ленин патшалық Россияның өндірісінің дамуына ортағасырлық
сарқыншақтарының әсерін талдай отырып, былай деп көрсетеді: Егер, Россия
капитализмін, капиталистік дәуірге дейінгі кезеңмен салыстырса, (ал, бұл
салыстырма дұрыс шешім қабылдау үшін өте қажет) онда, капитализм
тұрысындағы қоғамдық шаруашылықтың өсу карқыны тым жоғары, ал осы
шапшаңдықты жаңа техникамен мәдениетпен салыстырса, онда Россиядағы
капитализмнің дамуы өте баяу болып саналады. Бірақ, бұл баяулық ешбір
капиталистік мемлекетте болып көрмеген, ескіліктің капитализммен сыйыса
алмайтын түрлері сақталып калған, Россия ғана шыдай алды, сондықтан, оны
өте баяу деп санауға тағы да болмайды. Сонда Россия капитализмі дамуға
жағдай болмай отырған капитализммен зардап шекті [5; 56-60].
Міне, бұл В.И.Лениннің ескертпелерін Жапонияға толығымен келтіруге
болады. В.И.Ленин Жапония капитализмін зерттеуге көп көңіл бөліп, еңбек
еткен. Жапония монополиясы әскери күш арқылы және Қытайды тонауға ыңғайлы
жағдай арқылы (және басқа да көрші елдерді) заманына сай қазіргі заманға
монополия мен финанстық капиталды ауыстыра алды.
Жапония капитализіміне көптеген феодализм саркыншақтары-ның сақталуына
байланысты, капитализмнің әскери-феодалдық имперализм түріне енуіне
мүмкіндік жасады. Елдің саяси өмірінде әскери монополия күші, көп үкіметке
көп пайда келтіріп, үкіметтің өзін жаулау және агрессия саясатын құптап
отырған финанс алигархиясын қолдап отырды. Бұл саясатты үкімет
имперализмнің дамуына бірден-бір қозғаушы күш ретінде екінші дүниежүзілік
соғыс аяқталғанша дейін ұстады. Токугаво сегуны құлап, бүкіл билік
император қолына көшкенде әскери топ, қоғам алдында маңызын жоғалтпай,
түгелімен абсолюттік монархия қызметіне көшті. Көбіне жуық бұл жағдайда да
мемлекеттік жоғарғы шендерге ие болды.
Әскери күш ерекше конститутция заңымен бекітілген, онда армия және
флоттың жоғары қолбасшысы тікелей императорға бағынады делінген. Әскери
министрі императорға тікелей баяндама жасап, министірлер советіне
бағынбайтын жағдайда тұрды. Әскери совет император шешімін қарсы протес
бере алды. Самурайлық традицияны жалғастыра отырып, ол бүкіл империяның
тірегіміз деп есептеді. Жапония ұлтының ерекше белгіміз деп санады.
Император атын жамылып, әскери топ ең алымен жұмысшы тобымен коммунистік
қозғалыстың негізгі тұншықтырушысына айналды. Императордың жеке басына
табыну идиалогиясын тарату билеуші топтарға, қарсы шығатын топтарға
антиәскерлік режимге, марсистік-лениндік идеологияның таралуына қарсы ең
алғашқы Жапония баспа сөзінде К.Маркстың аты 1876 жылы жарық көрді
Рекугготзасси , Всемирное обозрение, Кокуминно томо, Друг народа
және Сен Катаяманың Капитал и его автор Маркс тәсілдің бірі үшін
қолданды.
Міне сондықтан, буржуазиялық үгіт және бүкіл тәрбиелеу системасы
Жапония халқын Императордың жолымен яғни, агрессивті национализм-шовинизм
рухында жүргізді. Жапондықтар көңілдеріне - ең жоғарыда император үйі, ал
оның табалдырығында - бүкіл халық, бүкіл Жапония ұлты біртұтас семья, ең
жоғарыда әкеміз - император, ал бүкіл Жапондықтар соның сенімді
балаларымыз, яғни ең жоғарғы өмірдегі мақсатымыз бен мүддеміз - император
өміріне құлдық ету, Жапонизімді бүкіл әлемге тарату- патриоттық міндеті -
деп халықтың санасына құюмен болды.
Бірнеше жылдар бойы жапондықтарға жайып, мифологияның әсерінен өз
мақсаттарына берік болды. Ол мифте - жер бетінде ең бірінші император Дзимо
осыдан үш мың жыл бұрын патшалығы орталықтанған. Мемлекет құрып, өз
ұрпақтарына біршатырдың астына бүкіл әлемді жинап билік ету керек деп
өкімет өсиет айтып кеткен деген. Бұл идеяны буржуазияны бұйрық ретінде үгіт
етіп таратты, онда бүкіл халықты Жапония шатырының астына топтастыру, яғни
бүкіл әлемдік Жапония билігін орнату. Осы идеямен бүкіл армияны, халықты
қаруландырмақшы болды. Ұрандары Жапония байыған үстіне байып, кедейлер
одан бетер кедейлену үшін деген сияқты. Жапонияның географиялық жағынын
артта калған Азия елдеріне жақын болуы және күшті әскери машинасы арқылы
бар ерекшелігі арқылы бүкіл индустрияны соғысқа бұрып, жағдайдың өзі, сол
елдерді отарлауға итеріп тұрды. Жапония капитализмі сонау бастан әскери
көріністе пайда болған, ең алдымен әскери-полицейлік міндеттерді орындаумен
айналысты, үкіметтің бүкіл назары әскери өнеркәсіптерді дамытуға аударылды.
Жапония мелитаризмі тек капитализмнің монопалистік өнеркәсіп арқасында ғана
емес, сонымен қатар, абсолюттік монархияның күшімен күшейді.
Осылайша, Жапония әскери-феодалдық капитализм барынша агресивті
соғыстармен байланыса дамыды. Жапон билеуші топтары бүкіл қаржыларын қарулы
күштерді жаңа технологиямен жабдықтауға жұмсады. Егер, 1891 жылы жаяу
әскерге 13822,6 мың жұмсаса, 1899 жылы 50783,1 мыңға жетті, ал әскери теңіз
флотына 10159,3 мыңнан 58 529,9 мың йен жұмсалды. 1894-1895 жылдардағы
Қытаймен соғысындағы жеңістің нәтижесінде Жапония Тайваньды басып алып,
Кореяны анекциялады, формальды түрде 1910 жылы және көп мөлшерде 368,3 млн.
йен контребуция алған болатын.
Орыс-Жапон соғысының қарсаңында, Жапония 850 мың дайындықтан өткен
солдат 168 флотты коробль болды. Аз уакыт ішінде теңіз әскери базаларын
Иокосука, Куре, Сасебо қалаларында салынды. Қиыр шығыстағы соғыс қимылдарын
өзінің колоннияларын көбейту аркылы өз салмағын арттырмақшы болды. Азия
континентіндегі жетістіктері капитализмнің даму қаркынына мол себебін
тигізді. Қытайды жеңіп алу халыкаралық аренада зор маңызға ие болды. Жас
Жапонияның табысы ірі державалардың Қытайды бөлшектеу күресін
шиеленістірді.
¥лы державалар Қытайдың талкандалуынан сескеніп, жеңістерінің
жетістіктерін тартып алу үшін біріккенімен, Жапония Азият материгіндегі
тонау саясатын жалғастыра берді. Жапония өнеркәсіптік өндірісінің
шарықтануына қуат берген күш, Россия үкіметінің төлеген 475 йен млн. йен
контребуциясы және Оңтүстік Маньчжурия теміржолы Сахалиннің оңтүстік
бөлігін тартып алуы [6; 45-47].
1900–1913 жылдары Жапония өнеркәсібінің өсу қарқыны 12 пайыз. Мысалы,
Германия 4 пайыз, Англия 2 пайыз, АҚШ 7 пайыз 1914 жылы фабрика, завод
бірлестіктері жалпы 17062 жетті, яғни, 1905 жылға қарағанда екі есе өсті.
Жапония капитализмінің дамуының ең бір маңызды кезеңі бірінші дүниежүзілік
соғыстың барысында, Антанта құрамына кіруі үлкен пайда келтірді. Жапония
Қытайдың Шаньдунь провинциясы мен Германияның Тынық мұхиттағы
территорияларын басып алды. Жапония соғыс жүргізіп жатқан мемілекеттерге
соғыс-әскери материалдар беру арқылы, орасан зор қаржы түсіріп, өзінің Қиыр
Шығыстағы және Тынык мұхиттағы базасын күшейтті.
1914 - 1922 жылдар арасында жалдамалы жұмысшылардың саны 948,3 мыңнан
7 млн-ға өсті. Ауыл шаруашылығындағы жалдамалы жұмысшылар мен бүкіл Жапон
пролетариатының саны 11 млн-ға жетті. Жапония әлеуметтік өзгерістің
нәтижесінде, ауыл шаруашылығымен тұрғын халықтың 48 проценті айналысты.
Егер, XIX ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Жапония капитализмі енді
ғана монополия стадиясына көтерілсе, бірінші бірінші дүниежүзілік соғыс
қарсаңында Жапония дамыған империалистік монополиялық капитал үстем етіп
отырған мемлекетке айналды. Бұл кезеңде Жапонияда ірі-ірі концерндер пайда
болып, өнеркәсіптік капитал, финанстық капиталға айналатын болатын, Жапония
енді капиталды сыртқа шығара бастады, негізінен Қытай, Корея, Оңтүстік
Шығыс Азия елдеріне. Еңбекті капитал арқылы қанау Жапонияда шыңына жетті.
Жапонияның билеу системасының ортасында тұрған мемлекеттік монархиялық
аппарат, ірі помещик және монополистік капитал арқылы қанаушы таптық
диктатурасы арқылы атқарды. Осы топқа сүйене және мүддесін орындай отырып,
монархия Жапон халқын бостандық пен демократия күрес жолына түсірмеу үшін
қанап, биледі. Ешқандай ірі мемлекеттерге парлалент Жапониядағыдай әлсіз
болған емес. Көрнекті совет зерттеушісі Я.Волк басқа капиталистік елдердегі
буржуазиядан, Жапония буржуазиясының ерекшелігі сонда, олар басқа
елдердегідей ескі феодалдық идеологияға қарсы тұрған емес, қайта оны аз
ғана буржуазиялық индивидуализм порциясын қосу арқылы, сақтап калуға
болатын бүкіл феодалдық идеологиясын қорғады.
Осылай, көптеген Жапония капитализмінің дамуының спецификалық
ерекшеліктері, революциялық қозғалысты тежеген проблемаларды туғызды.
Жапония социалистік және коммунистік қозғалысының жолына асулар жатады.
1.2 Жұмысшы табының қалыптасуы мен дамуы және Жапония социалистік
қозғалыстың бағыты
Жапония капитализмінің туындап, дамуының өз ерекшелігі елдегі
әлеуметтік-экономикаға, діни правоға, философия-этикаға және Жапония бұқара
халқының дүниеге деген таным-көзқарасына өз ізін терең салып кетті. Жапония
жұмысшы табының басым бөлігі ұзак уақыт бойы, деревнялық патриархалдық,
крепостниктік және билеуші күштің алдында бой көтермеу әдетін сақтады.
Соған қарамастан, басқа да елдер сияқты Жапонияда капитализм, феодалдық
коғамның қалған көптеген кедергілер арасынан, өзіне өндіріс күшін дамытуға
және фабрика-завод пролетариатының қалыптасуына жол салып отырды. Осы
жағдайға байланысты, Жапония капитализімінің дамуының өзінше екі
ерекшелігін КПЯ-ның Орталық Комитетінің секретариатының жетекшісі Тэцудэо
Фуво көрсетті. Біріншіден, Европа елдерінен Жапония буржуазиясының
айырмашылығы сол Буржуазиялық-демократиялық жолды дамытудың орнына,
керісінше алғашқы кезден бастап, абсолюттік монархиялық құрылыс жағдайында
бостандык пен демократияны тұншықтыруды қолдап, ірі буржуазия, паразиттік
помещиктермен абсолютті-монархиялык құрылыска сіңісіп, мелитаризм және
агресиялық соғыс саясатын колдап, елдің байлығы - армияның күшінде деген
ұранмен бостандык пен демократияны езіп келді. Бұл ерекшеліктерден
туындайтын екінші ерекшелігі. Екіншіден, Тэцудео Фуваның пікірі
бойынша, Жапонияда Бостандық және демократия үшін күресті, сонау бастан
халықтың иығына салып, әсіресе, жұмысшы табы мен оның партиясы алға
бастады. Жапония пролетариаты да, баска Батыс елдерінің пролетариаты
секілді, бүкіл даму стадияларынан өтті, предпролетариат, мануфактуралық
пролетариат және фабрика -завод пролетариаты. ¥зақ уақыт бойы қаналушы
масса болып келген жұмысшы тобы, біртіндеп экономикалык әлеуметтік күреске
араласып, маңызды орын ала бастады. Осыдан келіп қоғамдық саналы күшке
айналу процесі басталды. Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Жапон
өнеркәсібі шашырады, ұсақ болуына байланысты жұмысшы табының да бірігіп
орталықтануына зиянын тигізді. Меидзи дәуірінің буржуазиялық революциясы
салдарынан қолөнершілердің цехтық советінің қирауына әкеліп сокты. Жұмысшы
одағын құру мүмкін болмады, үкімет оған жол бермеді. 1985 жылы үкімет
қалалық жағдай жариялап, кәсіподақ құруға рұқсат бергенімен, стачка,
забастовка жасауға атаң тиым салды.
Мейдзи революциясынан кейін өнеркәсіптің қаулап өсуіне байланысты,
Жапония жұмысшы табының да қалыптасуын тездетті. ХІХ ғасырдың 80-ші
жылдарында жұмысшы табының саяси өмірге араласуы төмен болса, 90-шы
жылдардың өзінде күрес формасы забастовкаға ұласты. 1887 жылы Токасима
шахтасында үш рет көтеріліске шығып, үшеуінде де полиция қатаң басып
тастады. Егер, 1883 жылы 3 конфликт болып оған 490 адам қатысса, 1896 жылы
27 забастовка болып, оған 6315 жұмысшылар мен қызметкерлер қатысты.
Стачкалык күрестің авангарды шахтерлер, порттық жүк тасушылар, тас
қашаушылар, ағаш шеберлері болды. ІХ ғасырда пролетариат жағдайы өте
төмендеп кетті. Капиталистік, өндірістік иелері жұмысшылардың жағдайымен
санаспады. Бұл туралы Жапония баспа беттерінде алғаш рет реформистік
позицияда тұрған Кокуминна томо журналында жазды. 80-90 жылдары
қарсаңында кәсіподақтар құруы алғашқы қадамдар жасады. Әсіресе, типография
металлистер белсенділік көрсетті. 1887 жылы ақпан айында алғашқы
кәсіподақтар құрылды. 1889 жылы Бэндэо-Одзава металистердің одағын құрды.
Бірақ, одақ көп өмір сүрген жоқ. 1889 жылы 1600 жұмысшыны қамтыған тас
қашаушылар мен жер қазушылардың одағы құрылды. Осы жылы металистердің
кәсіподағы және типография қызметкерлері құрылды. Ең алғашқы құрылған
қоғамдар мен одақтар әлі де болса ескі цехтық типте болды, тәжірибелері аз
болғандықтан кәсіподақ деген ұйымның ролін барынша атқара алмады. ХІХ
ғасырдың аяғында пролетариат толық қалыптасып бітпеген еді. Соған
қарамастан, алғашқы одақтардың мәні зор болды. Пролетариаттың өз правалары
үшін күресі басталғанын дәлелдеді. Ең алғашқы жұмысшылардың кәсіподақтары
туралы В.И.Ленин былай деп жазды: Капитализмнің алғашқы даму кезеңіне
жұмысшы табының бытыраңқы және әлсіз жағдайынан осындай ғажайып прогреске
жол бастауы жұмысшы табының орталыктануының алғы қадамы еді. [7; 48]
70-80 жылдары Движение за свободу и народные права деген атпен халық
арасында қозғалыс басталды. 1880 жылы парламентті жақтаушылар одағы
құрылды. Бостандық және халықтар правосы үшін басталған қозғалыс кең
қанат жайды. Бұл қозғалысқа Жапония халқы, қатаң репрессияға қарамай,
абсолюттік монархияны құлату және конституция қабылдау, парламенттік
система құру, сөз бостандығы, баспа бостандығы т.б. демократиялық
ұрандармен қозғалысқа кеңінен қатысты. Абсолюттік монархия бұл қозғалысты
басып тастағанымен, Жапония халқының демократиялық күрестегі жолына
негізінен қалады.
Бұл қозғалыстың жетістігінің бірі - Императорлық үкімет 1881 жылы
Конституция қабылдап, парламент құру туралы мәселе көтерді. Бұл қозғалыс
пролетариаттың сана-сезімінің оянуына және пролетариаттың бірігуіне тікелей
араласпаса да үлкен әсерін тигізді. Жапония Европа елдерінен өндірістік
шоғырлану жағынан қаншалықты қалса, социалистік идея жағынан соғұрлым артта
еді. Жапония жаңа алдыңғы қатарлы технологиямен қатар Европада кең етек
алған әлеуметтік-экономикалық идея философиядан да сабақ алды. 1867-1868
жылдардағы аяқталмай қалған буржуазиялық революциядан кейін, Жапонияның
прогресшіл көзқарастағы қайраткерлер көп уақыт бойы либерализм
идеяларының шырмауында болды. Бостандық және халық правосы үшін
қозғалыстан соң барып, солшыл қанаттағы азғана жер иемденуші шаруалардан
құралған топ, енді утопиялық және ұсақ буржуазиялық социализм теориясына
көңіл бөле бастады. 70-80
жылдарында Жапониядағы социалистік қозғалыстың жағдайын, совет-жапонис
тарихшысы Д.И.Гольденберг Европадағы 1848-1871 жылдардағы ұсақ буржуазиялық
социалистік теорияның ықпалымен салыстырды. Батыстағы революциялар туралы
естігенде, әсіресе Париж коммунасы, Жапония сырт дүниеден қаншалықты
жасанды түрде оқшау тұрса да, қоғамның прогрессивтік тобын оятты. Жапония,
Россия сияқты капитализм жолына кеш түсуі және әлеуметтік-экономикалық
жағдайының жақындығы Жапонияның орыс халықшылдығына деген көңілін аударды.
Жапония қоғамына Европа ревалюциялық қозғалысы үлкен әсерін тигізді. Газет-
журналдарда алғаш рет Коммунист, Комунизм, социализм, социалистік
партия деген сөздер пайда бола бастады.
1881 жылы Повестки о женщинах-геройнях Европы 1882 жылы Российская
сенсация - отважная девушка - преступница деген Вера Засулич туралы екі
кітап шықты. Сол жылы положение партии русских негелистов деген еңбекте
алғаш рет Маркс, Капоткин, Бакуниндердің есімдері жазылды. Бір жылдан кейін
жасырын түрде Степняктың Потпольная Россия деген еңбегі шықты, бұл
еңбекті аударған Мурю Миядзакиді түрмеге қамады.
Кең түрде тараған идеялардың бірі - утопиялық социализм
теориясы Т.Мордың, Р.Оуэн, Сен Симом еңбектері және социализм туралы ұсақ
буржуазияның ой-пікірлері Ф.Лассоль, Л.Бланк т.б. аграрлық социализм
Жапонияға социалистік идеялардың таратуының ерекшеліктерінің бірі, АҚШ-қа
және Европада білім алу кезеңінде жүріп крестяньдық социализммен танысып,
Отанға келер қызметтерін сол идеяларын таратумен бастады. Социалистік
идеяларды таратуда негізгі рольге ие болған - Шығыс Социалистік партиясы
1882 жылы құрылған. Программасында негізінен Бостандық және халық правосы
үшін қозғалысты дамыту керек делінген. Сэн Катаяма бұл партияны, яғни
Шығыстың социалистік партиясы пролетар партиясының бастамасы деп баға
берген. Билеуші топ бұл партияның қызметінен өз жауын көріп, жауып
тастапты. Жұмысшы және социалистік қозғалыстың кең қанат жоюынан шошып,
1987 жылы 06 охране порядков деген ең алғаш жұмысшы және социалистік
қозғалысқа қарсы ең алғашқы полицейлік заң шықты. Бірақ, бұл заң жұмысшы
және социалистік қозғалысқа бөгет бола алмады. Дәлел болатын жағдай 1892
жылы Шығыс бостандық партиясының құрылып, апта сайын шығып тұратын журналы.
Партияға бірнеше қоғамдық организациялар мен қолөнершілер қоғамы және
еңбекшілер кәсіподағы келіп қосылды.
Сэн Катаяма Жапония социалистерінің, социализм идеяларын аз уақыт
ішінде халық арасында таратуын мені қуантты, Репрессия социализімін даму
қарқынын күшейтіп отырды. Енді, біз социалистерді қоғамдық өмірдегі әртүрлі
топтар арасында қызу еңбектерін көрудеміз. Бұл қарқынның социализімін
табысқа жететінін көрсетеді.
Утопиялық социализммен қатар, Жапонияда, крестьяндық социализм
идеясы да тарады. Сэн Катаяма өзінің қызметінің алғашқы жылдарында
хрестянствомен айналысып, бұл ағымның әлеуметтік проблемаларды шешу жолын
қозғаушы күш болады деп жазған Интеллигентцияның басым бөлігі, орыс
халықшылдарының бунтарлық идеологиясымен айналысты. Патша самодержавасының
Жапон абсолютизімінің арасындағы көптеген жақындықтарды салыстыра келіп,
Жапония абсолютизмінің кейбір фигураларды жою арқылы, қоғамдағы көптеген
проблемаларды жоюға болады деп есептеді. 1906-1908 жылдары Жапонияда
анархизм мен анархо-синдекализм кеңінен тарады. Қараңғы жұмысшы табының
ұсақ буржуазия, реформизм мен легализмнен үміт үзген, енді анархизм арқылы
көздеген мақсаттарына жетеміз деп ойлады.
1900-1910 жылдардағы Жапония өндірісінің дамуы өндірістердің
бірігуімен капиталдың шоғырлануымен біріге өтті. Ірі концеріндер құрылып,
басында көбіне бұрынғы сауда өндірістік фирмалардың иелері тұрды. Олардың
қолында бүкіл байлық жиналып, Жапония өндірістерінің патшаларына айналды.
Елдің дамуына ірі-ірі өндіріс гиганттарына, Мицубиси, Мицум, Окура,
Суадуки, Фурукава сияқты концерндер үлкен роль атқарды. Өндірістердің
құрылымының өзгеруімен қатар, енді жұмысшы табының алдында да үлкен бір
мәселе пайда болды. Ескі кәсіподақтар күресі жаңа жағдайға сай келмеді.
Енді капиталдың өзгерісіне қарсы жаңа жағдайға сай келмеді. Енді капиталдың
өзгерісіне қарсы профессионалды организациялар қажет болды. Жапония
пролетариаты біртіндеп күш жинап, өзгерістерінің арасынан жалынды
жетекшілер шыға бастады.
XIX ғасырдың 90 жылдан бастап жұмысшы және социалистік қозғалыстың
жаңа дәуірі басталды. Ол көрнекті Жапония револиционері Сэн Катаяманың
есімімен байланысты. Сэн Катаяма бұқара халықтың арасынан шығып, өзінің
өмірінің бәрін коммунизм идеалы жолында құрбан етті. 1974 жылдың 33 жылдың
шет елде өткізуге тура келді, негізінен АҚШ және СССР-де тұрды. Сэн
Катаяманың есімін бұл күнде, марксизм-ленинизм ісіне адал қызмет еткен
тұлға ретінде құрмет тұтады [8; 125-200].
Жапония коммунистік партиясын қалаған Сэн Катаяма 1859 жылы 3
желтоқсанда тау арасындағы кішкене ғана Ходэги деревнясында үлкен шаруа
отбасында дүниеге келді, шын аты-жөні Сугатаро Якуби. Әкесі Кунихэй Мидзуо,
шешесі Китие Якуби жас кезінде Сугатараны шешесі тәрбиеледі, әкесі ол төрт
жасқа толған кезде монастырға кетіп, будда сектасының монахы болып қалды,
шешесі жас болса да екінші рет тұрмыс құрмай балаларын өзі тәрбиеледі.
Бүкіл үй жұмысы мен дала жұмысы шешесінің қалуында болды.
1878 жылы Сугатаро Якуби империялық армияға шақырылуынан босану үшін,
көрші деревнядағы шаруаның асырап алған баласы ретінде, соның фамилиясын
алады. 15 жасына дейін тек шіркеу священниктеріне ғана білім алады. 15
жасында бастауыш класта оқып, 20 жасында Окаяма қаласындагы педагогикалық
институтының тыңдаушысы болып жазылады. 1881 жылы Токиоға келіп, білімін
толықтыру мақсатында туған үйінен алысқа қалтасында небәрі жеті инемен
келеді. Кішкене типографияға жұмысқа орналасады, жұмысы өте ауыр
болғандықтан ауырып, кейін өмір бойы сау ауру қинап шықты деп жазады. Алғаш
білімін толық аяқтау мақсатымен 1884 жылы 26 қыркүйекте досы С.Ивасакидің
шақыруымен Америкаға жүріп кетеді. Ол жақта оқу үшін ақша жағынан қатты
қысылады. Өзінің естеліктерінде оқуды жалғастыру үшін, мен кез-келген
жұмыстарды істеуіме тура келеді, бір тілім нан үшін, мен еден жуып, аспаз
көмекшісі қонақ үй ресторандарында күтуші немесе шөп шабу жер жырту, т.с.с.
жұмыстарды атқаруыма тура келді.
Сэн Катаяманың Америкадағы білім алу жолы 12 жылға созылды. Аса қиын
кезеңде Сэн Катаяма әлеуметтік проблемаларымен айналысып, өзіне қатты әсер
еткен Лассальдың еңбектерімен танысады. 30 жасында Аиова штатындағы Гринель
университетіне түсіп, классикалық бөлімінде үш жыл оқып өмірлік позициясы
қалыптасты деп жазды. Әлеуметтік мәселелермен бір жола айналысуында
кездейсоқ емес еді, сол кезде Европа әлеуметтік проблемаларын зерттеп
жүрген, профессор Илидің еңбектерімен шұғылданды. Америкадағы әлеуметтік
проблемаларға бетпе-бет кездескен Катаяма, кейіннен бұл саланы Англияда да
жалғастырды. 1892 жылы университетті бітіріп, искусство Бакалавры деген
степенге ие болды. 1894 жылы Англияда өткізген үш айында Англия бұқаралық
қозғалысымен кәсіподактарының қызметімен танысып, оның еңбектерімен
танысады. Жұмысшы қозғалысының жетекшілерімен кездесіп, соның ішінде Том
Манмен жеке танысады және социалист жұмысшы көсемдері Джон Борис, Англия
парламентінің депутаты К.Гардидің еңбектерімен танысуы, Англия жұмысшы
табының күресінің тәжірбесін жинақтауына көп көмектесті.
XIX ғасырдың 90 жылдары екінші жартысынан бастап, жаңа кезеңіндегі
жұмысшы қозғалысы жиілеп, біріккен түрде өте бастады. 1900 жылы ақпанда
теміржолшылардың ірі забастовкасы арқасында, жұмысшы күнін қысқартып,
жалақыларын көбейтті. 1901 жылы наурызда Жапон жұмысшы достарының қоғамы
(Нихон Родося Консэйкай) құрылып, ол 16 мың адам қатысқан митингі өткізді.
Осы ірі жұмысшылар жиналысында Сэн Катаяма сөз сөйледі. Митингіде революция
қабылданды, онда парламентке жұмысшылар арасынан куриялар сайлау, жастарға
шеберхана мектептерін ашу, әйелдер мен балалардың жұмысын жеңілдету
талаптарын койды [9; 200] .
Егер, жұмысшылар қозғалысының бірінші этапында тек әлеуметтік талаптар
қоятын болса, енді екінші этапында елдегі саяси биліктің құрлысы туралы
талаптар қоя бастады. Жерсіз қалған шаруалар, қайта жер талап ете бастады.
90 жылдың екінші бөлігінде Арендаторлар қозғалысы басталды,
косакунинундо бұған фабрика-заводтардың жұмысшылары қосыла бастады.
Жапон-Қытай соғысынан кейін деп жазды Сэн Катаяма, Жапон
капитализімінің дамуы, пролетариаттың бас көтеруімен бірге жүрді,
пролетариат пассивті әрекеттен, белсенділікке көшті, дәл осы кезде социал-
демократиялық қозғалыс пен жұмысшы бұқараның бірігуі жүріп жатты.
1897 жылдың 1 желтоқсаннан бастап, Сэн Катаяманың басшылығымен
Родосэкай (Рабочий мир) атты журнал шыға бастады. Журнал бетінде,
социализм және жұмысшы қозғалысы туралы үгіт
статьялары басылып отырды. Социалистік қозғалыстың өркендеуіне байланысты
Родо сэкай журналы С якайсюгися (социалист) 13-ші нөмірінен кейін
журналды конфискациялап, редакторы Катаямны сотқа шақырып, айыптаған соң,
журналды пролетариат етіп өзгертіп, жасырын шығаратын болды.
1898 жылы Сэн Катаяма өзінің әріптесі С.Котоку және И.Абэмен біріге
социализімді өзгерту қоғамын (Сякайсюги кэнкюкай) құрды. Кейіннен ол
социализм қоғамы (Сякайсюги какай) болып өзгертілді. Бұл қоғам 1898 жылы
1тамызда Омиэ қаласындағы шойын қорыту жұмысшыларының митингісін өткізіп,
27 қыркүйекте Иокогама қаласындағы митингіде Жапон жұмысшылар одағының
дүниежүзілік жұмысшы ассоциясында (МРА) қосылуы туралы шешім қабылданды.
Осакодағы митингіде (1902 жылы 5 сәуірде) Батыс жұмысшыларының талаптарын
қолдау туралы шешім қабылданды.
Осылайша, Жапония жұмысшылар қозғалысы, батыс елдерінің жұмысшыларымен
байланысшысы, Жапония жағдайында үлкен мағынаға ие болды. Жапония билеуші
тобы 1887 жылы шығарған Тәртіпті қорғау заңының әлсіз екеніне көзі жетіп,
1900 жылы жаңа қатаң заң Қоғамдық тәртіп пен тыныштықты сақтау (Дзиан
кэйсацу Хо) қабылдады. Бұл заң қоғамдық қозғалыстар және жұмысшылардың
стачкалары мен забаставкаларына қатаң бақылау қойды. Бүкіл саяси
организациялар туралы, олардың суставы, программасы, мүшелерінің
фамилиялары жөнінде мәлімдеме алып тұрды. Полицияларға күмәнді саяси
құбылыстарға қатысты кең право берілді. Осындай айдахар заңдары арқылы
билеуші топ Жапония жұмысшы қозғалысын басуға тырысты. Сэн Катаяма және
алдыңғы қатарлы интеллигенцияның қайраткерлері, қарқындап келе жатқан
жұмысшы қозғалысының саяси-идеялық қолдау жасау үшін, мықты социалистік
идеямен қаруланған саяси партия құру қажеттігін түсінді. 1901 жылы майында
алғаш рет әрекет жасады. Социал-демократиялық партия (Сякай минсюто) құру
туралы жарияланды. Партия программасы монифест ретінде Родо сэкай
журналында жарияланды. Монифест былай басталды Байлар мен кедейлер
арасындағы зор айырмашылықты қалай жою керек. Бұл XX ғасырдың аса маңызды
проблемасы... Біздің партия халық мүддесін қорғау үшін дүниеге келді [10;
25-36].
Бағдарламада сегіз принцип қабылданып, оның бірі таптық қоғамды жою,
жерді қоғамдастыру, сонымен қатар, капитал мен өндіріс пайдаларын
қоғамдастыру туралы бекітілді. Бірақ, бұл партияның жаңа қабылданған заң
негізіне сүйеніп жауып тастады. Утопиялық социализм, анархизм идеяларынан
марксизмге жақындаған, қоғамның алдыңғы қатарлы интеллигенциясы ірі
еңбектерін жаңа бастады.
Сэн Катаяманың 1903 жылы жазған Наш социализм 1903 жылы С.Котокудың
Сущность социализма 1907 жылы У.Моритика және Т.Сакайдың Основы
социализма деген еңбектері басылып шығып, Жапония халқының арасында
социализм идеясын таратты. Осы кезеңде максизмнің жауы опартунистермен
күрес жүргізу керек болды. Оппартунистер ғылыми социализм кебін киіп,
Маркс және Энгельс идеяларын, жұмысшы табына экономикалық күресу жолына
тұсу үшін қолданды. Осыған байланысты, марксистердің алдында маңызды
проблема пайда болды: жұмысшы табын оппартунизм әсерінен арылтып, жұмысшы
бұқарасынан реформистік иллюзиясынан арылтып, революция жолына тұсу қажет
болды.
Оппартунизмге қатты соққы берген В.И.Ленин көптеген еңбектермен қатар
Не істеу керек? деген еңбегінде маркстік ілімін жан-жақты талдап,
маркизм идеясының туын жоғары көтеріп, социалистік идеяны бейбіт
күресінің құралы деп ретінде көрсетті.
Сэн Катаяма өз тіліне Маркс пен Энгельстің еңбектерін ең алдымен
Коммунистік париясы монифесін аударды. 1903 жылы шығарған Мой социализм
деген еңбектерінде Сэн Катаяма еңбек пен капитал арасындағы қайшылықты
қақтығыска ұшырайтынын, түбінде пролетариат капитализмді жеңіп шығатынына
сенемін деп жазды. Демократиялық-революциялық қозғалысының тарихындағы
үлкен бір роль атқарған Қарапайым халықтың қозғалысы деген қозғалыс, оның
жетекшілері, сол заманның көрнекті социалистері С.Котоку, Т.Сака, И.Абэ
1903 жылы бұл халық қоғамының Хеймйнсин Симбум шығарыла бастады. Сен
Катаяма бұл газет туралы Жапония социал-демократиялық қозғалысының таза
органы болды деп жазды. Халык қоғам газетінің бүкіл ұлттық маңызы болды.
25 профектура орталықтарында бөлімдері ашылып, оқушы қауымының
ассоциациялары, социалистік курстармен қоғамдар құрылды.
Орыс-жапон соғысының қарсаңында Хэймин ундо орыс-социал демократтары
сияқты соғыстан жеңіліп шығуының позициясын ұстады. Жеңілу-жеңуге әкеледі
деген лозунглар-ұрандар тастады. С.Котоку алдыңғы қатарлы Жапондықтардың
соғысқа көзқарасын Хэймин симбун газеттерінде: Соғыстың мәні егер
дворяндар мен офицерлердің соғысуға себебі болса, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz