Ауған соғысы


Ауған соғысы
1979 ЖЫЛ. полк Термез өзеніне қалқымалы көпір салуды бастады. Ал түс ауа, яғни Мәскеу уақыты бойынша 15-те, КСРО Қорғаныс министрінің бұйрығымен 108-ші мото-атқыштар дивизиясы және 103-ші әуе-десант дивизиясы Ауған жеріне өтуді бастады. Артынша ауыр техника, ұшақтармен қаруланған 80 мыңдық ауыр қол Ауған жеріне лап қойды . . . Осылайша 1979 жылдың 25 желтоқсанынан 1989 жылдың 15 ақпанына дейін, яғни 2238 күнге жалғасқан Ауған жеріндегі қанды қасап басталып кетті. Ондаған мың адамның басын жалмаған қанды соғыс Мәскеуге не үшін қажет болды? Енді осы Ауған соғысына байланысты тарих беттерін парақтап көрелік.
Тарихты суыртпақтасақ, 1973 жылы Мұхаммед Дәуіт хан төңкеріс жасай отырып, Ауғанстандағы монархияны құлатып, президент атанғаны белгілі. Дегенмен ол елдегі әлеуметтік-экономикалық, саяси және ұлттық мәселелерді шеше алмады. Содан болар Мұхаммед Дәуіт хан бұрынғы монархиялық билікті қайта оралтуға тырысты. Алайда бұрынғы жақтастары, яки коммунистік бағыттағы Халықтық-демократиялық партия бұған қарсы болды. Және 1978 жылы Дәуіт ханның билігін тақтан тайдырды. Ел тізгіні Мұхаммед Таракидің қолына көшті. Ал оның орынбасары болып Бабрак Кармаль тағайындалды. 1978 жылдың желтоқсанында Кеңес-ауған достастық шартына қол қойылды. Осы негізде Кеңес елі ауған мем¬лекетіне көмек беруді бастады. Ауғанстанда КСРО қарамағындағы Орталық Азия елдеріндегідей социализмге бастайтын әлеуметтік реформалар жүзеге асыру басталып кетті. Бірақ бұған мемлекет ішіндегі мұсылмандық бағыт ұс¬танған күштер қарсы еді. Саны 16 миллионнан асатын Ауған елінде 40 мың мешіт және 250 мың молда бар-тұғын. Сондай-ақ кеңестік кө¬мекке, Кеңес елінің демеуімен билікке келген жаңа үкіметке Пәкс¬тан да қарсылық танытты. 1979 жылы жаңа үкіметті қопарып тастау үшін бірнеше мәрте үлкен бү¬лік ұйымдастырылды. Ал осы дүмпу қыркүйек айында Таракиді биліктен тайдырды. Елді басқару¬ы бір уысқа жинақтаған Әмин кезінде Кеңес елімен қарым-қатынас ұстағандарды қудалауды бастады. Ауғандық достарын Әмин¬нің талапайына тастамас үшін 1979 жылы 12 желтоқсанында КОКП ОК бас хатшысы, КСРО Жоғарғы Кеңесі президиумының төрағасы Л. И. Брежнев Ауғанстанға әскер енгізу жөнінде шешім қабылдады. Бұл шартты түрде «ауған басшылығының Кеңес әскерін Ауғанстанға кіргізу жөніндегі ұсынысы» деп аталды. Алайда КСРО Бас штабы Ауғанстанға әс¬кер енгізуге қарсылық білдіргенімен олармен ешкім санаспады. Бар бұйрықты Қорғаныс министрі Д. Ф. Устинов өз қолына алды. Ба¬сып кірудің алғашқы күндері-ақ Кабул және Баграмға 7700 десант пен 894 әскери техника жеткізілді. 27 желтоқсан күні Кеңес әскерлері ауған астанасын толықтай өз ба¬қылауына көшірді деуге болады. Басып кіру операциясы екі сатыдан тұрды. Біріншісі - шабуылдай отырып, Әмин отырған Дәр-үл-Аман сара¬йын және орталық радио торабын өзге¬ де маңызды нысандарды басып алу. Шабуыл кезінде Әмин өлімше болып жараланды. Операцияның екінші бөлімі мемлекеттік шегарадан өте отырып, Термез - Кабул - Газ¬ни және Кушка - Герат - Кандагар бағытын бақылауға алу. 1980 жылдың 1 қаңтарында Ауғанстанға енгізілген әскер саны 50 мыңға жетті. Сол жылы тағы да екі мото-атқыштар дивизиясы кіргізіліп, сарбаз саны 80 мыңға жетті. Дегенмен жергілікті халық тарапынан қатты қарсылыққа тап болды. Кеңес әскерімен жаңа үкіметке қарсы топтар АҚШ, Пәкстан, Ұлыбритания және Сауд Арабия елдерінен бүгінгі күнге лайық қаруларды көптеп алды. Және жанталаса соғысты. Содан болар 1979 жылы Кеңестік әскер 86 адамнан айырылса, 1980 жылы - 1484, 1981 жылы - 1298, 1982 жылы - 1948, 1983 жылы - 1446, 1984 жылы - 2343, 1985 жылы - 1868, 1986 - жылы 1333, 1987 жылы - 1215, 1988 жылы - 759, ал 1989 жылы - 53 сарбазынан айырылды. Жалпы, 10 жылға созылған бі¬рақ ешқандай мақсатқа жетпеген, нәтижесі болмаған Ауған соғысында КСРО тарапынан 13310 адам қаза тапты. 35478 сарбаз жараланды. 311-і із-түссіз кетті. Жыл сайын Ауған соғысына КСРО қазынасынан 5 миллиард рубль жұмсалып отырды.
Сонымен қатар Ауғанстанда КСРО-ның 585 мемлекеттік Қауіпсіздік комитетінің (КГБ) адамы, КСРО Ішкі істер министрлігінің 28 қызметкері және 180 кеңесші қазаға ұшырады.
1987 жылы жаңа конституция¬ға сай және Кеңестік елдің көмегі¬мен Нажибулла Ауғанстанның президенті атанды. Осы биліктің арқасында 1989 жылдың қазан айында соғысты тоқтату үшін барлық дала командирлері ара¬сында қол қойылды. Жалпы, 1988 жылдың соңымен 1989 жылдың басында КСРО өкілдерімен Ауған оппозициясы сонымен қатар Пәкс¬тан, Иран өкілдері арасында соғысты тоқтату, елде коалиция¬лық үкімет құру жөнінде келісім¬дерге қол жеткізілді. Ал 1989 жылы 15 ақпанда Кеңес әскерлері Ау¬ғанстаннан толықтай шығарылды. Осылайша 2238 күнге созылған мақсатсыз соғыс аяқталды.
АУҒАН СОҒЫСЫ ХРОНИКАСЫ
1978-1979 жылдары Кеңес елімен Ауғанстан арасында 75 келісімге қол қойылды. Кеңестік 4500 кеңесші Ауғанстанда жұмыс істеуге аттанды.
Наурыз - Л. И. Брежневпен Н. М. Тараки кездесті.
5 мамыр - Түркістан әскери округында «Мұсылман батальоны» жасақталды. Оған тек Орта Азиялық жастар алынды.
Қыркүйек - Кабулға КГБ-ның арнаулы тобы «Зенит-2» жеткізілді.
14 қыркүйек - Әминнің бұйрығымен Тараки тұтқындалып, артынша өлтірілді. Бұл уақыт арасында Әминнің жарлығымен өлтірілгендердің саны 50 мыңға жетті. 3-14 желтоқсанда - «Мұсылман батальоны» Баграм авиабазасына тасталды. Желтоқсан басында оппозиция құрамында қарулы 40 мың адам болды. Олар Ауғанстанның 12 өлкесінде жаңа үкіметке қарсы ұрыс жүргізді. 12 желтоқсан - Саяси бюро жиынында Ауғанстан Демократия¬лық республикасына әскер енгізу жөнінде шешім қабылданды.
25 желтоқсан - КСРО әскері мемлекеттік шегараны бұзып, Ауған жеріне өтті.
Ал Ауғанстанда әскери борыштарын өтеген сарбаздар еліне аман-есен оралатынын-оралмайтынын білмеді. Ауған соғысы оған қатысқандарға ғана емес, сарбаздардың ата-аналарына, туған-туыстарына да оңайға түскен жоқ. Көптеген ата-ана қайғы жұтты, алаңдап ұлының аман-есен оралуын асыға күтті. Өкінішке қарай, біраз жігіттер қаза тапты, сол жанымызға қатты батады. Өйткені, соғыстың аты - соғыс. Батыр бабаларымыз білектің күші, найзаның ұшымен кең байтақ даламызды қорғады, кейінгі ұрпақтарына мұра етіп қалдырды. Ал біздер басқа елде, басқа жерде соғыстық. Өйткені, саясат солай болды. Бірақ, мен басқарған батальон сарбаздары сол елдің салт-дәстүрін, дінін сыйлай білді. Мешіт соқтырып, жергілікті тұрғындармен араласып та тұрдық. Дұшмандармен жүргізілген ұрыстарда қазақ жігіттері небір ерліктер жасап, өзгелерге үлгі көрсетті. Олардың көрсеткен ерліктері әлі толық айтылып болған жоқ. Әлі айтылады, талай жазылады. Ауғанстанда қайтыс болған жігіттерді еске түсіру мақсатында 23 ақпанда Алматыда ақындар айтысын өткізгелі отырмыз. Айтыста ақын-жыршылар соғыста қыршын кеткен боздақтардың, сондай-ақ ауған соғысы ардагерлерінің ерлік істерін дәріптейтін болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz