Мемлекеттi басқаруды ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесiн қалыптастыру ерекшеліктері


МАЗМҰНЫ
МЕМЛЕКЕТТI БАСҚАРУДЫ АҚПАРАТПЕН ҚАМТАМАСЫЗ
ЕТУ ЖҮЙЕСIН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI………. .
Қазiргi кезеңдегi әлемдiк ақпараттық технологиялардың
даму жүйесi . . .
ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГIЛЕУЛЕР
АТҚ - ақпараттық-техникалық қызмет
ТМД - Тәуелсiз мемлекеттер достастығы
МБАЖ - мемлекеттi басқарудың ақпараттық жүйесi
ЭЕМ - электронды есептеуiш машинасы
ЖЕАЖ - жоспарланған есептегi автоматтандыру жүйесi
МБСЖ - мемлекеттi басқарудағы ситуациялық жүйелер
NRP-National Performance Review
IS - Information Society
АТ - ақпараттық технологиялар
АКТ - ақпаратты-коммуникациялық технологиялар
ДЖ - деректердi жiберу
ЭҚҚО - Электрбайланыстың Құжатты Құрама Одағы
РҚИТО - Ресей Қоғамдық Интернет-Технологиялық Орталығы
IREX - International Research and Education Board
АБЖ - автоматтандырылған басқару жүйелерi
АЖО - автоматтандырылған жұмыс орны
АӨҚ - ақпараттық өнiмдер және қызметтер
АҚИ - Ауқымды ақпараттық инфрақұрылым
ҚҚС - қосымша құн салығы
ЖIӨ - жалпы iшкi өнiм
ДЭЕМ - дербес электронды есептеуiш машина
КIРIСПЕ
Соңғы жылдары есептеуiш техникалардың қарқынды дамуына байланысты мемлекеттi басқарудағы ақпараттық жүйенi қолдану заман талабы. Сондықтан ақпараттық жүйенiң дамуын қарастыру - мемлекеттi басқарудың аспаптық тәсiлi ретiнде өзектi мәселе болып отыр.
Қазақстандағы ақпараттық-техникалық қызмет нарығының қазiргi жағдайын дәлме-дәл анықталған дәрежеде олигополия деп атауға болады, бұл берiлген салада өндiрушiлердiң азғантай санымен сипатталады. Бұндай жағдайда өндiрiс нарығында бәсекелес-фирма әрекетiн болжауға, талдауға талпынуы мүмкiн; басқа өндiрушiлердiң бағытын және жағдайын ескермей бiр-бiрiмен келiсiмге келуi мүмкiн. Нарықтың мұндай күйi Қазақстандағы ақпараттық-техникалық қызмет нарығының әлi жас және даму үшiн келешегiнiң мол екенiн көрсетедi.
Бүгiнде барлық орталық ақпараттандыру саласында және адамзаттың қызмет саласында ғылым мен техниканың қазiргi жетiстiктерiнсiз, телекоммуникацияның қазiргi құралдарынсыз және жаңа ақпараттық технологиясыз қоғамның дамуы мүмкiн емес.
Кеңес үкiметi жылдарындағы ақпараттандыруда тек қана КСРО (соның iшiнде Қазақстанда да) қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн салалар мен орталықтарға, ең алдымен қорғаныс және космос салаларына берiлдi. Халық шаруашылығының қалған салалары әлемдiк үлгiден ерекшеленетiн отандық өндiрiстiк телекоммуникация және байланыстың дәстүрлi құралдарымен жабдықталды. Көп нәрседен артта қалушылық Батыс пен Шығыс арасындағы "темiр жолқыш" әрекетiнiң әсерiнен болды.
Сондай-ақ, қоғамда орталықтанған саяси басқарудың қатал жағдайы және халық шаруашылығын экономикалық басқару басылып қалған ақпарат ағымының одан әрi жоғалуына, ақпараттық инфрақұрылымының орталықта "тұйықталып қалуына" әкелдi.
Одақ ыдырағаннан кейiн пайда болған жаңа тәуелсiз мемлекеттер кадр, технология, қаржы мәселелерiне қатысты өзiндiк ақпарат кеңiстiгiн құруда өткiр мұқтаждықтармен кездестi.
Қазақстан да осы орайда, қиын жағдайға тап болды. Бiр жағынан, Қазақстан құрылғаннан бастап ұзақ жылдар бойы Ресей Федерациясымен терең экономикалық интеграцияда болуынан және Одақтың басқа республикаларымен жалпы одақтық еңбек бөлiнiсiнiң орнауынан, екiншi жағынан - алып территориядағы өз аудандары арасында көлiк қатынасының және ақпараттық қамтамасыз етiлудiң нашарлауынан.
Қазақстан Республикасы тәуелсiздiгiнiң алғашқы жылдары қиын экономикалық дағдарыспен сипатталады: ұзаққа созылған құлдырау кезiндегi экономикалық байланыстың үзiлуi экономиканың нақты бөлiмi болып табылды. Құнсызданудың күшеюi және бюджет тапшылығының төменгi дәрежеге жетуi халық тұрмысын нашарлатты. Мұндай жағдайда экономиканы басқарудың ақпараттық жүйесiн дамыту мәселелерiне аса көңiл аударылмады.
Тек соңғы жылдары экономикалық реформаның жүзеге асуы нәтижесiнде экономиканың бiрте-бiрте көтерiлiп, тұрақтауына әкелдi.
Телекоммуникация және байланыс, көiлк инфрақұрылымының дамуы үшiн сыртқы және iшкi қорлар пайда болды. Елдiң ақпараттық қауiпсiздiгi туралы шараларды өңдеу, бiрыңғай ақпараттық кеңiсiтктi құру жайындағы үкiмет шешiмдерi жүзеге асырыла бастады. Бiрақ мұның бәрi ұйымдастыру ретiндегi шаралар болып табылады, ал тәжiрибе жүзiнде жүзеге асыру үдерiстерi ендi басталуда, сондықтан да бұл салада шешiлмеген мәселелер көп.
Атап айтқанда, экономиканың жеке салаларын ақпараттандыруға бағытталған тар көлемдегi iс-әрекеттер мемлекеттi басқарудың ақпараттық жүйесiнiң (МБАЖ) дамуын толықтай қамтамасыз ете алмайды. Бұл мәселенi кешендi түрде дамыту қажет.
Бүгiнде ең бастысы-дамудың нарықтық жағдайында маңызды болып есептелетiн, ақпараттық технологиялық және техникалық құралдардың ұсынысы мен сұраным негiзiнде мемлекеттi басқарудың ақпараттық жүйесiнiң қажеттi көлемiн болжайтын және ғылыми-әдiстемелiк негiзде талдайтын құралдар тәжiрибе түрiнде пайдалынылмаған.
Мемлекеттi басқарудың ақпараттық жүйесiн реформалаудағы шың қажеттiлiк пен маңызды мұқтаждық, олардың қалпын халықаралық үлгiге сәйкестендiру және нарықтық жағдайда шаруашылықтандыру дипломдық тақырыбын таңдауға, оның мақсатын, мiндетiн және бағытын зерттеуге негiзделдi.
1. МЕМЛЕКЕТТI БАСҚАРУДЫ АҚПАРАТПЕН ҚАМТАМАСЫЗ
ЕТУ ЖҮЙЕСIН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI
1. 1. Мемлекеттi басқару жүйесiндегi ақпарат ерекшелiктерi
Ақпараттық технологияларды дамыту тұрғысында және қоғам мен экономикаға деген ақпараттық-үрдiстердiң ықпалын күшейту, берiлген оқиғаны қамтитын теориялық тұжырымдаманы қайта қарауға және қайта мағынасын ұсынуға әкелiп соғады. Постиндустриялды қоғамның (Д. Рисмен, Д. Бэлл) және жаңа индустриалды қоғамның пiкiрi (Дж. Гэлбрейт) бiрте-бiрте жйүелiк қоғам мен ақпараттық қоғам тұжырымдамасына қарай жаңарып отырды.
Қазiргi қоғамды талдайтын теориялық амалды сипаттай отырып, алдымен "ақпарат" және "бiлiм" ұғымдары арасындағы ерекшелiктерге көңiл аудару керек. Бұл ерекшелiк Дж. Ходжсон арқылы мынадай мағынада түсiндiрiледi: Ақпарат-белгiлi бiр мағынасы бар мәлiметтер жиынтығы. Ал бiлiм - ақпаратты қолдану өнiмi.
Калифорния (АҚШ) университетiнiң профессоры, көрнектi әлеуметтанушы М. Кастельс "бiлiм" ұғымының тұрғысында Д. Бэлл берген анықтамаға сүйенедi: "Бiлiм - жүйеленген түрiне қарай әлдебiр қатынас құралы арқылы басқаларға жеткiзiлген дәлелдi пайымадулар немесе тәжiрибе қорытындыларының дерегi мен пiкiрi жөнiнде айтылғандардың бiрiккен жиынтығы". Ол "ақпарат" ұғымына келгенде М. Пордың сөзiн келтiредi: "Ақпарат дегенiмiз ұйымдастырылған және берiлген мәлiметтер".
М. Кастельс дамудың ақпаратты тәсiлiмен өндiру мен орналастыру барысындағы энергияны қолдануды децентрализациялау мүмкiндiгi және өнiмдiлiктiң басты қозғалтқышы - жаңа энергия көзi болып есептелетiн дамудың индустриалды тәсiлiн алмастыру туралы айтады, ол қатынас белгiлерi мен ақпараттарды өңдеудi, бiлiмдi тарату технологиясын өнiмдiлiктiң басты көзi деп санайды. Мұнымен бiрге М. Кастельс "ақпараттық қоғам" және "Ақпараттанған қоғам", "ақпараттық экономика", "ақпараттанған экономика" ұғымдарының арасындағы ерекшеiлктердi келтiредi. "Ақпараттық қоғам" терминi қоғамдағы ақпараттың ролiне көңiл аудартады, бiрақ М. Кастельстiң көзқарасы бойынша, ақпарат әр уақытта мағынаға ие болған бiлiмнiң таралуы секiлдi кең көлемдегi сөз. "Ақпараттанған қоғам" өнiмдiлiктiң негiзi болатын ақпаратты беру, тарату, өңдеу секiлдi қазiргi қоғамға тән термин.
Ақпараттанғандық - осы экономикадағы өнiмдiлiк және бәсекелестiк мүмкiндiк тудыратын себептер не қозғаушы күштер, бiрiншi кезекте, бiлiмге негiзделген ақпаратты өңдеу, тиiмдi қолдану және оларды тарату мүмкiндiгiне тәуелiд. Жаһандандыру-экономикалық қызметтiң негiзгi түрлерi өндiрiс, тұтыну және тауар мен табыс айналымы, сондай-ақ оларды құрайтын (кпаитал, еңбек, өнiм, басқару, ақпарат, технология, нарық) экономикалық себептермен байланысты тармақталған жүйенi тiкелей үздiксiз қолдану жаһандандыру көлемiнде ұйымдастырылуда.
Америка әлеуметтанушысы Р. Кроуфорд "бiлiм" және "ақпарат" ұғымын ажырата отырып, былай деп жазды: "Бiлiм-қызметтiң нақты түрiне ақпаратты қолдану мүмкiндiгi".
Француз экономисi Ж. Сапир ақпаратты былай деп есептейдi "хабарландырудан үзiндi ретiнде алып пайдаланылған, нақты бiлiмге қосылған кез-келген мәлiмет". Және әрi қарай:"Ақпарат ұйымның тапсырмасын орындаушының қолына тимегендiктен, оны атуып алу мүмкiндiгi өңдеудiң маңыздылығына жол бередi. Бiлiмдi ақпаратқа қатысты түсiндiргенде орта жағдайы туралы ұсыныс жиынтығы деуге болады. Олай болса, "ақпарат экономикасынан" "бiлiм экономикасына" көшу керек".
Ресей экономисi В. Иноземцев қазiргi шаруашылық жүйесi қатысында "бiлiм экономикасы" терминiн қолданып, "қоғамның маңызды өндiрiстiк ресурсын дұрыс мәнiнде қатысты ақпараттан немесе өндiрiс және технологиялық процестердiң мәлiметтер жиынына, адамзаттың санасынан тыс ақпаратты меңгеруiнен тұрады" деп көрсетедi.
Дәл осындай дәрежеде жапон экономисi Т. Сакаий өз пiкiрiн бiлдiрдi: "Қазiргi ақпараттық технологияға және оның қоғамға әсерiн қарастыра отырып, бұл әсердiң алдындағы көрсетiлген техникалық жаңалықтардан ерекшелiктерiнiң негiзiн белгiледi. Бүрынғы уақытат ойлап табылған жаңалықтар (электр, жаңа материалдар) материалдық игiлiк өнiмдiлiгiнiң сандық көрсеткiшiнiң артуына мүмкiндiк туғызды; керiсiнше, қазiргi ақпарат технологиясы ақпараттық қызмет аясының материалдық игiлiкке тәуелдi болуын төмендетуге бағытталған; алынған бiлiм құндылығының мәнiн ұлғайту жолындағы жетiстiктердi бекiтетiн инновация осындай сипатта болды".
Көрiп отырғандай, бұл жерде қоршаған ортада болып жатқан өзгерiстердi талдау кезiндегi бiлiмнiң ролi анықталады.
Мысалы, Д. Т. Куа қазiргi өзгерiстердiң негiзiндегi бiлiмге белгiлi бiр тiлдiң жүйесiнде көңiл аудара отырып, "бiлiмге неiгзделген экономика" терминiн қолданды. Кейбiр батыс ғалымдары қазiргi қоғамды ақпараттық емес, ғылым қоғамы деп атауды жөн көрдi, мысалы, немiс ғалымы Р. Крайбихтiң "Ғылым қоғамы: Галилейден жоғары технологиялық төңкерiске дейiн" деп аталатын еңбегiнде көрiнiс тапты. Қалыптасқан жаңа қоғамды әр түрлi атайды: мегақоғам (В. Кувалдин), ақпарат және байланыс қоғамы (И. Ниинилуто), техноқоғам (Б. Гейтс), электрондық-сандық қоғам (Д. Тапскотт) және т. б. Барлық осы баяндамаларда ақпараттық технологиялардың анықталған мағынасы және өтiп жатқан процестердiң жаһандануы көрсетiлген.
Америка әлеуметтанушысы Д. Рисмен "постиндустриалды қоғам" терминi пайда болғаннан кейiн, өзiнiң белгiлi мақалаларына қосып жазды. Басқа жағдайда оны өзге американдық әлеуметтанушысы Д. Белл 1959 ж. Зальцбургтегi халықаралық әлеуметтанушылар семинарындағы сөйлеген сөзiнде алғаш рет бұл ұғымды қазiр де қолданып жүрген мағынада пайдаланды. Технологиялық компонент мәнiнiң өскендiгiнен, ал негiзгi өнiмдi функция ғылым мен бiлiмге ығысқандығынан, индустриалды бөлiм өзiнiң басымдылық ролiн жоғалтқан кезде, қоғамды осы термин мен белгiлеуге болады.
Постиндустриалды теория аясында авторлар қатары жаңа технологиялық өркендеуден туындаған белгi сипатына көңiл аудартады, әрi постриндустриалды теорияны жақтаушылар ақпараттық технологияны мысалға алып, болып жатқан технологиялық өзгерiстердiң мәнiн көрсетедi.
В. Иноземцев қазiргi постиндустриалды қоғамның негiзгi үш белгiсiн бөлiп көрсетедi.
1) ақпараттық игiлiктi тұтыну құрылымында игеру бойынша экономикалық өсудiң шектеу қорын жойды;
2) тұрғындардың көп бөлiгiн жоғары технологиялық тауар өндiрiсi мен қызметiне және өнеркәсiп өнiмiн өндiретiн елдерге деген тәуелдiлiктi төмендету салдарына елiктiру;
3) экономикалық өсудiң жаңа сапасының ең тиiмдi жинақ түрi, адамдардың өз мүмкiндiктерiн дамыту, ал ең табысты инвестиция-адамдардың инвестициясы.
Ғылыми бiлiм және технологиялық прогресс айқынырақ көрiнетiн ақпараттық қоғам теориясы бiртiндеп қалыптасын келедi. 1969 жылдардың бас көзiнде АҚШ-та Ф. Махлуп және Жапонияда Т. Умесао "ақпараттық қоғам" терминiн ғылымға енгiздi.
Бұл кездерi ақпараттық технология даумын жалғастыруда және қоғам өмiрiнiң барлық жағына әсерiн қалдыруды. Ақпараттық қоғамды қалыптастыру процесiн үш сатыға бөлуге болады: 1945 жылғы алғаш пайда болған ЭЕМ құру, микропроцессормен жұмыс iстейтiн компьютерлердi құру және мобильдiк байланыстың дамуы. 1970 жылдары Жапонияда жапон экономисi И. Мосуданың юасшылығымен 2000 жылға дейiнгi ұлттық пiкiр-ақпараттық қоғам Жобасы талданды. Бiлiм, ақпарат және өңдеу қоғам дамуын шешетiн қозғаушы күш болып саналды.
Әсiресе, И. Мосуда ақпараттық қоғамды материалдық құндылықтарға қарағанда, ақпараттық құндылықтарды тiрек ететiн қоғам ретiнде және материалдық түрдегi капиталға қарағанда, бiлiмге жiберiлген капиталды бағалайтын экономика түрiнде қарастырады. Американдық экономист В. Мартин ақпараттық қоғамды : "…өмiр сапасы, әлеуметтiк өзгерiс мүмкiндiгi және экономикалық дамуды көп дәрежеде ақпаратқа, оны қолдануға тәуелдi қоғам" деп қарастырады. л әрi қарай аппараттық қоғамның бес критерийлерiн келтiредi:
1) экономикалық, ақпараттық бөлiмiн В. Мартиннiң қарастыруы бойынша, бiрiншiден, ақпараттық қоғамға қарай қозғалыс ретiнде, ал екiншiден, қазiргi экономикалық өмiрдiң құрамды бөлiгi ретiнде;
2) технологиялық: берiлген критерий жеке адамның барлық iс-әрекетiне қаншалықты технология енгiзiлетiнiн көрсетедi;
3) әлеуметтiк: жеке адамдардың әлеуметтiк iс-әрекетi ақпараттық технология әсерiнен өзгередi;
4) саяси: қатардағы азаматтар басқаруға тiкелей қатыса алатын жаһандық жиын өткiзудiң өзiндiк түрiн қалыптастыруда;
5) мәдени: ғаламдық көлемде мәдениеттiң өзара әрекетi мен өзара араласуы болады.
Осылайша, ақпараттық қоғамның теориясын қалыптастыру кезiнде, қоғамдағы ақпараттық өнiмдердi өндiру материалдық құндылықтарды игеруге қарағанда жоғарырақ болуы заңды болып саналды. Ақпараттық қоғамның негiзгi теориясы З. Бжезинский, Д. Белл, О. Тоффлер еңбектерiнде айтылған. 1970-1980 жылдары И. Масуда, американ экономисi М. Порот, британ экономисi Т. Стондьер және басқалар ақпараттық қоғам теориясының дамуына елеулi үлес қосты.
В. Иноземцев, Т. Умесао, И. Масуда және Т. Сакайяның кейiнгi еңбектерiндегi ақпараттық қоғамды зерттеудегi жапон ғалымдарының ерекше әсерiн көрсеттi: бұдан былай ақпараттық қоғам теориясы постиндустриалды тұжырымдаманың құрамды бөлiгi ретiнде қарастырылады. Кейбiр авторлар "постиндустриалды қоғам" және "ақпараттық қоғам" терминдерiн синоним түрiнде қолданады.
Әрi қарай бiз "ақпараттық қоғам" ұғымын қолданамыз. Ақпараттық қоғамдық теорияны жақтаушылар оның пайда болуын экономиканың төртiншi бөлiгiнiң ауыл шаруашылығына, өнеркәсiпке, қызмет саласына басымдылық танытуымен байланыстырды, ал индустриалды қоғамның негiзi болып табылатын капитал мен еңбек, ақпараттық қоғамның негiзi болып саналатын ақпаратқа жол бередi.
Теориямен келiсе отырып, ақпараттық қоғам мен индустриалды қоғам арасындағы ерекшелiктердi байқауға болады. Ақпараттық қоғамда ең алдымен, өндiрiстi ұйымдастыру түрi өзгертiледi. Ендi индустриалдық қоғамдағыдай өндiрiстiң шоғырлануының керегi жоқ. Ақпараттық технологиялар көмегiмен алшақ орналасқан өндiрiстiк процестердi iрi экономикалық орталықтан басқара алады. О. Тоффлер қазiргi технологияға негiзделген (қолөнер кәсiбiнiң) жаңа түрiне жақындауымыз мүмкiн деген пiкiр айтады.
Ақпараттық қоғамда кеңселiк басқарудың мәнi төмендейдi және жұмысшылар өз функциясын өздiгiнен атқарады, ал әрбiр ұйымдасқан бiрлiк белгiлi бiр мiндеттi шешуге бағытталады. Құндылық жүйесi алмасады, мұнда қоғам компаниялардан тек экономикалық емес, әлеуметтiк мәселенi шешудi талап етедi.
Тұтынушылар құқығын қорғайтын қоғамның белсендiлiгi артып, олардың қызметi әр түрлi тұтынушылардың талабын ескеретiндей болады.
Ақпараттық қоғам теориясы ХХ ғ. аяғында қалыптасқан С. Берковиц, С. Вассерман, Б. Веллман, Д. Ноук, П. Марсден, К. Фауст, Л. Фриман және басқалардың еңбектерiндегi әлеуметтiк жүйе тұжырымдамасымен үздiксiз байланыста. В. Веллман және С. Берковиц "…әлеуметтiк құрылымды тораптардың жиынтығы (немесе әлеуметтiк жүйеге қатысушылардың) және олардың өзара әрекетiн қамтамасыз ететiн бөлiмдер жиынтығы" деп белгiлеп көрсетедi.
Жүйелiк зерттеулердiң әдiстемелiк қарқындылығы өте жоғары, бұл белгiлi бiр түрде ұжым мен үй шаруашылығы арасындағы өзара қатынасты құру мүмкiндiгiн бередi, сондай-ақ макродеңгейдегi секiлдi микродеңгейлiк мәлiметтерге сүйенедi, сондықтан әлеуметтанудағы желiлiк зерттеу жүйесiнiң дамуы үшiн негiз болады.
Желiлiк тәсiл жан-жақты мағынаға ие, оның төңiрегiнде пәнаралық сипатта талдау жүргiзуге болады. Техникалық жетiстiктердi негiзге ала отырып қарастырғанда, болып жатқан ғаламдық өзгертулер талдауын былай ерекшелеуге болады: Ақпараттық төңкерiс адамзат қызметiнiң барлық аймағын қамтыған сәтiнде, мәдениеттi, қоғам ен жаңа экономиканың бой түзеуiндегi қиындықтарды талдау-менiң пайымдауым болып табылады.
М. Кастельс қазiргi ғаламдық қоғамды желiлiк құрылымды қоғам деп көрсетедi, бiрiншiден, олардың барлығын қамтитын, екiншiден, анықтайтын сипатта, "құрылым билiгi билiк құрылымынан күштiрек болғанда", сол не басқа жүйеге арналған дәйек қоғамдағы өзгерiс және маңызды билiк көз болады.
Ақпараттың ақпараттық технология әсерiн анықтайтын және олардың желiлiк құрылым арқылы iске асуына тән сипаты үшiн жаңа капиталистiк экономика түрiндегi ғаламдануды мәселе ретiнде қарастыруға болады. Өзара қарым-қатынастың дәстүрлi түрiн ығыстыратын қоғамдағы алдыңғы қатарлы орынды ғаламдық желiлiк құрылымда ақпарат қаншалықты басымдық танытса, оны қолдану соншалықты жаңаратынын қазiргi қоғам ерекшелiгi ретiнде анықтаймыз.
Желi децентрализацияланған басқару жүйесi ретiнде маңызды мәнге ие. Желiлiк принцип бойынша фирмалар өзiнiң iшкi және сыртқы байланыстарын құрады, бұл тәрiздi процестер әр түрлi мәдени және ұлттық контекстерде өтедi. Әдетте экономикалық талдау желiсi аймағында олардың функционалды мiндеттерi арқылы анықталады. Мысалы, В. Мартин былай деп жазды: "…телекоммуникация желiсi осы кездегi қазiргi экономикалық жүйенiң инфрақұрылымының негiзгi түрi болып табылады, сондай-ақ ақпараттық экономикадағы экономикалық жүйенi қайта құру үшiн керектi алғы шарт болып табылады".
Американдық экономист А. С. Норман былай деп белгiледi: "Компьютер және компьютер саласындағы жетiстiктер әлеуметтiк жүйке жүйесiн құрады, мұнда ақпараттық объектiлердiң барлық типi арасындағы әрекеттесу және сақтау бiрыңғайланған негiзде қамтамасыз етiлген". Осыған орай әлеуметтiк жүйке жүйесi тұрғысында А. С. Норман атап айтқанда желiнi, контексiне тиiстi американдық экономист Г. Малган айтқандай: "Желi ақпараттық немесе постиндустриалды қоғамның негiзгi ұйымдастыру түрiне айналды" түсiнедi. Осылайша, жүйе салалардың дамуына ықпал ететiн, белгiлi бiр қоғамдық ережелердi қамтитын, құқық-нормалар жиынтығы ретiнде қарастырылады, осыған орай Интернет әлемдiк шаруашылықты жаһандандыратын негiз болып саналатын бiрыңғай байланыс желiлерiнiң жүйесi ретiнде баяндалады.
Желi қарым-қатынастың барлық түрiн: отбасы желiсi, кәсiпорын желiсi, иерархиялық желiлер қамтығандықтан, жаңадан пайда болған сөздердiң жiктелуi желiдегi негiзгi бастау болады. М. Кастальстiң пiкiрiс бойынша желi дегенiмiз ғаламдық бәсекелестiк және мемлекеттiң технологиялық құралдары (телекоммуникация желiсi, компьютер бағдарламамен қамтамасыз ету және т. б. ) қатарындаңы iске асатын ең маңызды бөлiгi. Ол орташа тiршiлiк ету ұзақтығы мен ерекше шектен тыс ұдайы өндiрудi бақылау мүмкiндiгiнiң артуына негiзделген желiлiк қоғам жағдайында, тiршiлiк айналымы төңiрегiндегi биологиялық, әлеуметтiк, қалыпты көзқарастардыжоюды ұсынады. Бұл ақпараттық экономика, соның iшiнде экономикалық айналым жағдайындағы айналымды төмендететiн немесе жоятын пiкiрге деген жалпы ықпал болып есептеледi.
Ақпарат басқаларына қарағанда кез-келген бөгет шекарасынан өте алатын қор болып есептеледi, сондықтан да, әлемдiк жаһандану процесiн таратушы бола алады. Ақпараттық қорды iске асыру оны желiлiк құрылымда орындау арқылы жүзеге асады. Ақпарат дамудың барлық басқа да қорларына қарағанда бiрден-бiр орын алатын ерекше, арнайы қор болып табылады.
Ақпараттық игiлiк қасиетi желiлiк секiлдi дәстүрлi экономикалық теория ұсынысын жоққа шығарады, мұндағы құндылық игiлiктiң сиреуiне байланысты және игiлiк мөлшерiнiң ұлғаюынан оның құндылығы төмендейдi. Керiсiнше, өндiрiлген игiлiктiң өсуi ұлғайған көлемде оны қолдану құндылығының өсуiне әкеледi.
Әдетте, желiлiк күштi әсер және желi құндылығының сызықтық емес өсуi бiрден туындамайды, ол желiге белгiлi бiр қатысушылар мөлшерiнiң қосылып, толғаннан кейiн пайда болды. Бұл интернетке қатысты болғанда нақты бақыланады: электрондық алғашқы хабарлама 1969 жылы жөнелтiлдi, бiрақ интернеттiң белсендi таралуы 1990 жылдары басталды. Бұл жерде ең қиыны-желiге ие интернетке қосылушылар санының қаншалықты дәрежеде болу керектiгiн анықтау.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz