Қазақстанның сыртқы саясатының стратегиялық мақсаттары мен міндеттері


Мазмұны:
Кіріспе . . . 3
І. Қазақстанның сыртқы саясатының стратегиялық мақсаттары
мен міндеттері
1. 1. Қазақстанның сыртқы саясатының тұжырымдамасы және оның жүзеге асырылуының негізгі бағыттары . . . 9
1. 2. Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыстарының басты бағыттары . . . 44
ІІ. Қазақстан және Халықаралық қауіпсіздік.
2. 1. Қазақстанның Халықаралық қауіпсіздігін қамтамасыз ету
және нығайтудағы ұстанымдары, олардың маңыздылығы . . . 64
2. 2. Аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстанның
орны мен ролі . . . 80
ІІІ. Қорытынды . . . 92
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 94
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі : Тәуелсіз еліміздің географиялық орналасуы және оның ұлттық мүдделері сияқты ұзақ мерзімді сипаты бар факторлардың ықпалымен Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының басымдық берілетін бағыттары қалыптасуда. Планеталық сипаттағы қауіп-қатердің пайда болуына ғаламдану (жаһандану) процесін және жаңа технологиялардың дамуына, жаңа экономикалық құрылымның қалыптасуына аймақтық деңгейдегі халықаралық ынтымақтастықтың тереңдеуінің сан алуандығына байланысты дүние жүзінде болып жатқан түбірлі де дүбірлі өзгерістер - мұның бәрі мемлекетіміздің сыртқы саясатының бағытына түзетулер енгізуге мәжбүр етеді. Өзекті халықаралық проблемаларды шешуге қатысты жедел әрі әрі икемді үн қатысуға осы мәселелерде жаңа көзқарастарды әзірлеуді және жүзеге асыруды талап етеді. Дегенмен сыртқы саясаттың негізге алынатын қағидаттары өзгеріссіз қала береді.
Қазақстанның Азия мен Еуропалық қиылысындағы геосаяси орналасуы экономикалық және әскери саяси мүдделері, сонымен қатар қазіргі бар экономикалық әуелетінің болуы, оны ірі аймақтық мемлекет ретінде қалыптастырудың алғы шарттары болды. Қазақстан өзара қауіпсіздікке, егемендікті құрмет тұту аумақтық тұтастық принциптерімен өзінің төңірегінде тұрақтылық пен ізгі көршілік аймағын қалыптастыруға мүдделі. Осы жағдайлар тақырыптың өзектілігін білдірді.
ХХ ғасырдың соңына қарай дүниежүзілік дамуда жаһандану процесі басталып тез қарқынмен дамып келеді. Дамыған елдер барынша үстемдік жүргізу әрекеттеріне қарай (АҚШ және оның ең жақын әріптестері) географиялық орналасуына қарай (Батыс Еуропадағы мемлекеттер Шығыс Азия елдері) көмірсутегі шикізатын шығару мүмкіндігіне қарай (ОПЕК елдері) топталып алып, ықпал жүргізу аймақтары үшін нағыз талас басталды. Жаһанданудың басты бір талабы кез-келген мемлекет қандайда болсын бір қоғамдастық құрамына кіру қажеттіг болып қалды.
Осындай жағдайда Қазақстан өзінше дербес дамуын жаһандану процесімен үйлестіруге мәжбүр болды. Былай алып қарағанда еліміздің өз еркімен өркендеуіне барлық мүмкіндіктер бар сияқты. Қазба байлығымыз жеткілікті шетел инвестициялармен бірге жаңа технологиялар да келіп жатыр. Еліміздегі байлықтарымызды өндіру де оны өнімге айналдыруда сыртқа шығарып сату да Қазақстанның әлемдегі талай-талай елдермен ықпалдастықта болуын көп деңгейлі интеграцияға түсуін талап етеді. Бүгінгі күні жаһандану заманында тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысынан Шығыс пен Батыс жақындасуы Еуразия кеңістігіндегі мемлекеттердің дүниеге деген қатынасы мен интеграциясы іспетті аса тарихи қажеттілікке айналуда жаһандану заманында адам мен табиғат, техника мен адамгершілік, ислам мен христиандық, ұлттық пен жалпы адамзаттық құндылықтар арасында теңсіздік аса зор әлемдік күйреуге, барлық адамзаттың жойылуына апарып соқтыруы мүмкін.
Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев ұсынған Еуразияшылдық идеясының дүниеге айрықша қатынас түріндегі мәдени-философиялық доктрина ретінде іске асыру осы теңсіздікті жоюдың басты жолы, адам тіршілігінің әр түрлі тараптарын үйлестірудің бірден-бір тәсілі болар еді.
Бүгінгі таңда Қазақстан өзінің сыртқы саясатындағы байсалды да, парасатты қадамдарының арасында көрші мемлекеттермен тұрақты өзара ықпалдастық әрі тең әріптестік орнатқан, осының негізінде біртұтас экономикалық кеңестік Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру секілді өміршең үрдістер белең алып, интеграциялық ықпалдастық жүйесі айқындала түсуде.
Жас тәуелсіз мемлекет еліміздің қауіпсіздігі, оның халықаралық қауымдастықпен арадағы ынтымақтастығы қарым-қатынастары қазіргі заманда елдер мен халықтарға бейбіт тұрғындарға қатер төндіретін халықаралық террор мен экстремизмге қарсы тосқауыл қою мәселелерінің Қазақстанның алдына алғашқы күндерден-ақ көлденең тартылды. Бұл әсіресе өз тәуелсіздігін алып жатқан әлемдік қоғамдастыққа әлі орны айқындалмаған болашағымызды уақытқа байланысты күрделі жағдайдан әлі шыға қоймаған ел үшін аса маңызды еді. Осы жоғарыда айтылғандардың бәрі магистрлік диссертацияның өзектілігін тағы да дәлелдей түседі.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізгеніне көп уақыт өтпесе де Қазақстанның сыртқы саясаты туралы мәселелер төңірегінде жазылған ғылыми диссертациялар мен монографиялар, мақалалар да барлық. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатындағы немесе жалпы халықаралық сипаттағы жетістіктері егеменді еліміздің тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаевтың есімімен байланыстырылады. Елбасы өзінің «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы дамуының стратегиясы» «Ғасырлар тоғысында», «сындарлы он жыл» және тағы басқа еңбектерінде республикамыздың сыртқы саясаты басымдықтарын тұжырымдаған еді. Сонымен қатар еліміздің сыртқы саясатының негізгі бағыттарына және Қазақстанның халықаралық поэзияларын нығайту жөніндегі отандық дипломатия күш жігеріне жан-жақты талдау Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Қ. К. Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының дипломатиясы», «Беласу» және тағы басқа да еңбектерінде жасалды. Қазақстанның сыртқы саясатындағы әлемдік державалар дың Қазақстандағы саясаты және мүдделері бағытындағы мәселелер жөніндегі саясаттанушы ғалымдар мен зерттеушілер: М. Тәжин, А. Дугин, С. Сейдуманов, Б. Сұлтанов, Л. Мұзапаров, А. Әбішев, В. Галямов және тағы басқалардың мақалаларының маңызы айтарлықтай. Алайда, Қазақстанның біртұтас экономикалық кеңістіктегі орны мен ролі Орталық Азия елдерімен өзара интеграциялық ықпалдастығын дамыту және тағы басқа мәселелер өзінің зерттеушілерін күтуде.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: Диссертацияның мақсатына жаһандану процесі даму қарқынына бүкіл әлемдік масштабы, қауіп-қатердің күшейе түсуі жаңа технологиялардың және экономикалық құрылымдардың қалыптасуына өңірлік деңгейдегі халықаралық ынтымақтастықтың тереңдеуі мен әр алуандылығына орай қазіргі дүниеде болып жатқан өзгерістер - осының бәрі тәуелсіз еліміздің сыртқы саясатына түзетулер енгізуге мәжбүр етеді. Өзекті халықаралық проблемаларды өлшеуге қатысты жедел икемді үн қатуға бұл мәселелерде жаңа көзқарастарды әзірлеуді және іске асыруды талап етеді. Осы мақсаттан барып зерттеудің мынадай міндеттері туындады: саяси ғылымның онық құрамдас бөлімі сыртқы саясаттың теориялық және методологиялық мәселелерін қарастыру:
- аймақтық және әлемдік дамудың серпілін Қазақстан мүдделілігін ескеретін теңдестірілген және жауапты сыртқы саяси бағытын одан әрі жүзеге асырудың маңыздылығын қарастыру;
- Ауқымды интеграциялық үрдістер шеңберінде Қазақстан -Ресей стратегиялық серіктестік қатынастарын дамыту туралы өзіндік пікір білдіру;
- Қытай Халық Республикасымен Қазақстан арасындағы экономикалық ынтымақтастық, халықаралық қауіпсіздік проблемалары бойынша белсенді саяси үн қатысуды бекемдеуге талдау жасау;
Қазақстан және АҚШ арасындағы өзара қарым-қатынастардың жоғары деңгейін нығайтуға қатысты өзіндік қорытындыға келу;
- Еуропалық Одақ елдерімен ынтымақтастықты дамыту деңгейін анықтау;
- Орта Азия мемлекеттерімен ынтмақтастықтың жаһандану процесіндегі маңыздылығына баға беру;
Халықаралық лаңкестікке, діне экстремизмге және есірткі саудасына қарсы бағытталған күрестегі саясаттың іске асырылуындағы Қазақстанның алатын орны мен атқаратын роліне бағалар беру.
Зерттеу жұмысының деректік негізі: 1991-2005 жылдар аралығында тәуелсіз еліміздің сыртқы саяси қызметінің өзекті мәселелеріне арналып жатқан және бұрынырақ жазылып, соңғы жылдары жарық көрген саяси, геосаяси дипломатиялық экономикалық сипаттағы монографиялық диссертациялық зерттеулер, ғылыми мақалалар құрайды. Диссертацияның деректік негіздеріне 1992-2005 жылдар аралығында жарық көрген арнайы ғылыми еңбектер мен зерттеулер атап айтқанда Елбасының кітаптары, сұхбаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері мен саясаттанушылардың ғылыми зерттеулерінің қорытындылары мен мақалалар құрайды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалықтары мыналар:
- Қазақстанның тәуелсіздік жағдайындағы сыртқы саясатының тұжырымдамасына талдау нәтижесінде оның еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі орны мен роліне ерекше назар аударылды. Мұндағы қол жеткен жетістіктер сарапталды;
- тәуелсіз еліміздің сыртқы экономикалық байланыстарының стратегиясы оның нақты жүзеге асырылу бағыттарына байланысты саяси тұрғыдан талдау жасалды. Осы саладағы кемшіліктер мен жетістіктер сараланды;
- Диссертацияда халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстанның ұстанымдары қарастырылып, оларға объективті түрде баға берілді;
- Қазақстан Орталық Азия өңіріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қолбасшылық роліне жаңаша көзқарас тұрғысынан қарау ұсынылды.
Зерттеу жұмысының методолгиялық және әдістемелік негіздері: Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы Қазақстандағы саяси зерттеулердің методолгиялық базасы болып, танымның жалпы методолгиялық интерактиві статусын иемденуші тәуелсіз диалектикалық материалистік философиялық методолгия және нақты теорияның мазмұнынан туындайтын методолгиялық принциптер жүйесі немесе нақты ғылыми методолгия синтезделген екі деңгей ретінде көрініс беруде. Осыған байланысты диссертацияның методологиялық негізіне жалпы тарихтың және саяси ғылымның өзгеше тән принциптері алынды. Нақтылап айтқанда зерттеуде негізінен тарихилық принципі диалектикалық принцип және ғылыми объективтілік принциптері басшылыққа алынды. Зерттеуде алға қойған мақсатқа жету үшін мынадай арнаулы саяси ғылымның әдістері қолданылды. Салыстырмалы жүйелеу социологиялық тарихи, нормативтік. Бұл тәсілдерден басқа жалпы ғылыми әдістер талдау, жинақтау, дедукция, индукция, диалектикалық материализм қолданылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми және қолданыстық маңызы.
Зерттеу жұмысында көтерілген теориялық және методологиялық мәселелер Қазақстанда өзгеріс саяси ғылымның қалыптасуына ықпал етеді және оның бір саласы сыртқы саясатты теориялық және методолгиялық жағынан байытуда ғылыми жағынан да практикалық жағынан да маңызды роль атқарады. Қазіргі жағдайда диссертацияда берілген сыртқы саясат халықаралық саясат және халықаралық қатынастар туралы түсініктерді және саяси тұрғыдан талдауларды жоғары оқу орындарының философиялық және саясаттану, тарих факультеттерінде материалдарды лекция ретінде оқуға, семинар сабақтарында арнайы курстарда пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысының сыннан өтуі мен мақұлдануы: Диссертация Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті, Шымкент институтының саясаттану кафедрасында талқыланып, қорғауға ұсынылды.
Диссертацияның негізгі мәселелері мен қағидалары «Халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға қосылған үлес» тақырыбында Шымкент қаласындағы Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университетінің «Әлеуметтік ғылымдардың өзекті мәселелері» ғылыми мақалалар жинағында жарияланды (Шымкент 2006) .
Жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысы: кіріспеден, екі тараудан, төрт тармақшадан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. Қазақстанның сыртқы саясатының стратегиялық мақсаттары мен міндеттері
1. 1 Қазақстанның сыртқы саясатының тұжырымдамасы және оның жүзеге асырылуының негізгі бағыттары.
Егемендік алып, Біріккен Ұлттар Ұйымына және көптеген халықаралық ұйымдарға мүше болған Қазақстан өзі үшін жаңа проблемалармен өзінің сыртқы саясатының, қорғанысы мен қауіпсіздігінің проблемаларымен, дүниежүзілік экономика мен дүниежүзілік қауымдастыққа дербес ену проблемаларымен бетпе-бет келіп отыр.
Халықаралық сахнаға шыққан Қазақстан сапалық тұрғыдан өзге ортаға сіңіп кетті, ал онда оның сыртқы саяси бағыты, кез-келген басқа мемлекеттікі сияқты ұлттық мемлекеттік мүдделер талап ететін өз қисыны бойынша дамуда. Бірақ осының барлығына қарамастан Қазақстанның сыртқы саясаты өзімен жалпыадамзаттық зарядты да алып жүруге міндетті. Мұның өзі болашақта оның халқына дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орынды қамтамасыз етеді.
Қазақстанның геосаяси жағдайы мен этнодемографиялық құрамының ерекшелігі, экономикасының дамуы мен әскери құрылысының деңгейі оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери құралдарды емес, қайта ең алдымен өз күшіне және парасатты, салмақты дипломатияға сүйене отырып, әсіресе бұрынғы одақ республикаларының мемлекеттігі қалыптасуының қазіргі күрделі кезеңінде саяси құралдарды басым етеді.
Кеңес империясының ыдырауы нәтижесінде мүлдем жаңа геосаяси жағдай туды, онда Қазақстан Еуропаны Азия Тынық мұхиты аймағымен байланыстыратын сыртқы саяси және стратегиялық тиімді кеңістікті алып жатыр.
Бірақ ашық теңізге тікелей шыға алмау, коммуникациялық құралдардан қашықта орналасу біздің халықаралық экономикалық байланыстарға қатысуымызды қиындатады. Сондықтан көршілес мемлекеттермен, ең алдымен біз үшін дүние жүзі коммуникациясына енетін қақпа болып табылатын Ресеймен және Қытаймен толық сенім принципінде өзара тиімді достастық қатынастық ерекше мәні бар. Қазақстан бұған әзір. Сонымен бірге біз, халықаралық әділеттілік және серіктестік негізінде барлық басқа елдермен кең байланыстарды дамытуды жақтаймыз.
Бізге ортақ шекарасымен қалыптасқан шаруашылық байланыстарымен, экономикаларының өзара бірін-бірі толықтырумен және өзара тәуелділігімен қоян-қолтық араласып отырған, тарихи және мәдени-этникалық игіліктері ортақ Орта Азия мемлекеттерімен де тығыз өзара арақатынас жасау өте маңызды.
Қазақстан мен Туркия, Пәкістан, Үндістан арасында келісімге қол қою, сондай-ақ Ашғабат кездесуінің қорытындысы (осы жылғы мамырдыңң 9-10-ы), ал оған Иран қатысты, Азияның осы және басқа мемлекеттерімен ынтымақтастықтың дамуы туралы айтуға негіз береді.
Серпінді дамып отырған капиталдардың, технологиялардың, шикізат және өнеркәсіп өнімдерінің нарығына еркін кіру мақсатында Азия-Тынық мұхиты аймағындағы, Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Азиядағы, Таяу және Орта Шығыстағы қосылу процестеріне Қазақстанның қатысуы жандандырыла түседі. Батыс Еуропа мен Солтүстік Американың жетекші елдерімен жан-жақты ынтымақтастықты дамыту маңызды стратегиялық бағыт болып қалады.
Дүниежүзі қауымдастығына ену саясатын нарықтық жүйенің үш басты орталығы - АҚШ, Жапония және Батыс Еуропамен серіктестік мүмкіндігін тиісті бағалай отырып құру қажет және нақ осылардың дүниежүзілік шаруашылықпен байланыстарын күшейтудің қозғаушы күші болғанын есте сақтаған жөн. Олармен өзара іс-қимыл сондай-ақ Халықаралық қаржы және басқа институттарына жол ашады, ал олардың ролі дүние жүзінде айтарлықтай өсті. Халықаралық ұйымдар - Біріккен Ұлттар Ұйымы, Халықаралық валюта қоры, Бүкіл дүние жүзілік банкі, тарифтар мен сауда жөніндегі бас келісім, халықаралық даму және қайта құру банкі және басқалармен көп жақты ынтымақтастықпен тиімді қатысуды біз өз қоғамымыздың ашықтығына деген бағыттың, экономикалық және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытының қисынды жалғасы ретінде қараймыз[1] .
Басқа елдермен сауда экономикалық қатынастарды дамыту, осы қатынастарды барынша диверсификациялау үшін Қазақстанға қазіргі заманға халықаралық құқыққа сәйкес өзі үшін теңізге шығуды баянды ету қажет.
Бұл құқықты көршілермен екі жақты шарттарда және келісімдерде баянды етпейінше және нақтыландырмайынша Қазақстан тәуелді жағдайда болады, ал ол оның тек экономикалық ғана емес, сондай-ақ саяси дербестігіне де нұқсан келтіруі мүмкін. Өз тарапымыздан біз, өзіміздің әуе кеңістігіміз, сондай-ақ территориямыз (темір жол және автомобиль магистралдары) адамдар мен тауарлардың барлық бағытта транзитті жүріп-тұруы үшін пайдаланыла алатынына кепілдік береміз. Сонымен бірге, біз Каспий, Оңтүстік арқылы Жерорта және Қара теңізге шығу мүмкіндігін пысықтап жатырмыз. Қытаймен, Иранмен және туркиямен арадағы Тынық мұхиттан Жерорта теңізіне дейін транзитті темір жол магистралін құру туралы қол жеткізілген уағдаластықтың маңызды мәні бар.
Осылармен қатар ТМД-ға қатысушылармен екі жақты шарттар мен келісімдер шеңберінде шекаралардың ашықтығы, азаматтардың жүріп-тұру бостандығы мен ақпарат беру принципін қабылдап, жүзеге асыру қажет. Шартарда қауіпсіздік (әскери экономикалық, экологиялық) кепілдіктері; әр жақтың бір-біріне қандай да болмасын түрде, соның ішінде екінші жақпен көршілес үшінші елдердің территориясын, территориялық суы мен әуе кеңістігін пайдалану арқылы, күш қолдану немесе күш қолдануға қоқанлоққы жасамау міндеттемесі баянды етілуі керек.
Ұлттық қауіпсіздікті құру кезінде біз екі держава - Ресей мен Қытайдың «түйіскен жеріндегі» өзіміздің геостратегиялық жағдайымызды басшылыққа аламыз. Ол ұжымдық қауіпсіздік жүйесіне қатыса отырып, өзіміздің қорғаныс құралдарымызды үйлестіру негізінде қамтамасыз етілуі мүмкін.
Қазақстанның қауіпсіздік жүйесі аймақтық және планеталық қауіпсіздік жүйесінің құрамдас бөлігі болуы керек.
Географиялық, саяси, этникалық және басқа тарихи факторлардың нәтижесінде Ресеймен қатынас біз үшін ең маңызды мәселе болып табылады. Ресеймен өзара қарым-қатынаста біз қажет болған жағдайда онымен өзара қауіпсіздік туралы келісімлер мен ұзақ мерзімді шарттар жасауға тырысамыз және бұл орайда оның да бұған деген қарымта мүдделігіне сенім артамыз.
Варшава Шартты Ұйымы тарағаннан кейін қазіргі заманғы дүние жүзінде НАТО-ның ролі жаңаша көрінеді. Онда біздің жақындасуымызға қолайлы міндет бар. Шығыс және Орталық Еуропа мен ТМД елдерінің демократиялық дамуына жәрдесдесу, өзінің мүмкіндіктеріне қарай аймақтық қақтығыстардың алдын-алу міндеті бар. НАТО, сондай-ақ Еуропа қоғамдастығы да, бұрынғы Одақтың республикалары арасындағы өзінің ықпалын кеңейтуге мүдделі. Үстіміздегі жылғы сәуірдің 1-інде НАТО-ның штаб пәтерінде өткен қорғаныс министрлері мәжілісінде қабылданған мәлімдемеде бұл үшін арнайы құрылған Солтүстік Атлантика ынтымақтастығы кеңесі шеңберінде қорғаныс саласындағы диалогты, серіктестік пен ынтымақтастықты, сондай-ақ екі жақты байланыстар мен алмасуларды дамытуға әзірлік көрсетілген, НАТО-ға мүше елдер осы мақсатта өздері жинаған айтарлықтай сараптық потенциал мен қорғаныс сипатындағы мәселелерді шешу тәжірибесін беруге міндеттеме алды.
Осыны ескере отырып, біз НАТО-мен байланысты кеңейтетін боламыз, ТМД шеңберіндегі әскери ынтымақтастыққа немесе екі жақты әскери байланыстарға зиян келтірмей, олардың саласы мен шегін айқын белгіледік.
Әскери байланыстарды қатаң салыстырылған шеңберде диверсификациялау, Еуропа қауіпсіздігі жүйесіне белсенді қосылу республика мүддесіне сай келеді. Хельсинки қорытынды актісінің он принципінің арасында шекаралардың мызғымастығы, мемлекеттердің территориялық тұтастығы мен күш қолданбау неме күш қолданамын деп қоқан-лоққы жасамау бар. Бір осының өзі Қазақстанның НАТО-мен байланысты кеңейтумен Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңестің жұмысына қосылу ниетін ақтайды, ал біз бұрынғы одақтың құқықты мирасқорларының бірі ретінде кеңеске қатысушы болып отырмыз.
Қазақстан территориясында орналасқан ядролық қару Ресеймен, АҚШ-пен, ал болашақта қалған ядролық державалармен шарт процесі шеңберінде оны айтарлықтай қысқартқаннан кейін де өзінің қорғаныс міндетін орындауын жалғастыра беретіні айқын және Қазақстан шарт процесі нәтижесінде ядролық қарудан бос аймақ болды. Өз қауіпсіздігіміздің мүддесін ескере отырып, біздің түпкі ниетіміз - ядролық потенциалсыз территориялық тұтастық пен келіспеушілік кепілдігіне ие болу.
Ислам Қазақстандағы жалғыз дін болмағанымен және бізді ислам фундаментализмі жоқ болса да, біз қазіргі заманғы халықаралық қатынастағы оның нақты мәніне қарай «ислам факторын» назарда ұстауға тиіспіз. Діндар мұсылмандар үшін бұл діни қатынас анықталмасынан, ал барлық қазақстандықтар үшін, олардың қай конфессияға жататынына қарамастан, ислам әлемінің бай елдерімен соңғы кезде геосаяси жағдайдағы болған өзгерістерге және Қазақстанның тәуелсіздігін жариялауына байланысты оның өз қарулы күштерін құру туралы мәселе туындады, ал мұның өзі бүкіл өркениетті дүниеде дербес мемлекет құрылымының міндетті элементі болып табылады. Қазақстанның Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Біріккен қарулы күштерін сақтауға тырысқанына қарамастан достастықтың жекелеген мүшелерінің нақты іс-әрекеттері проблемасы Қазақстанды дербес қарулы күштерін құру ісіне қарай итермеледі. Сөйтіп еліміз бұл қадамды жасады да Республиканың Ұлттық қауіпсіздігі жүйесі мынадай принциптер бойынша құруымыз тиіс деп санады. Республиканың қауіпсіздігін, оның мемлекеттік және аумақтық тұтастығын ең алдымен саяси шаралардың көмегімен және экономикалық өзара іс-қимылды тереңдету арқылы, кепілдікті қамтамасыз ету.
Ұлттық қауіпсіздікке жауап беретін ведомоствалардың өкіметтік жоғарғы органдары мен жалпы қоғам алдында, жариялылықпен мүмкін болатын шешім ашықтықтың жағдайында, бақылауда болды.
Қарулы күштерді ұйымдастырудың құрал жабдықтармен жәнен техникамен жабдықтау дәрежесінің қорғаныстық жеткіліктілігі принципі негізінде нақты әскери қауіп жағдайында бара-бар болды.
Ұлттық қауіпсіздік жүйесін құрудың ұлттықтанған дәстүрлерді және дүниежүзілік тәжірибені ескере отырып, құқықтық мемлекет пен халықаралық құқық нормаларына сәйкестілігі.
Республиканың ұлттық қауіпсіздігі жүйесінің орталық бөлігі - әскери қауіптік жолын кесу және осы қауіпке қарсы әрекет механизмі бар әскери доктрина.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz