Ұйқы және оның маңызы


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Ұйқы және оның маңызы
  2. «Ұйықтататын», «тынышталдыратын» мағынасын беретін жиілік бөлшектер
  3. Ұйықтататын дәрілік заттар
  4. Транквилизаторлар

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Табиғатта көптеген құбылыстар белгілі бір уақыт аралығында ырғақты түрде үнемі қайталанып тұрады. Мысалы, күн мен түннің ауысуы - белгілі уақыт аралығында күн белсенділігінің өзгеруі және т. б. Ырғақты өзгеріс адам ағзасында үнемі байқалады. Мысалы, жүректің соғуы, жүйке талшықтары аркылы қозу мен тежелудің таралуы және т. б. Тірі ағзаларға төн ырғақты өзгеріс - биологиялық ырғақ деп аталады. Биологиялық ырғақ белгілі бір уақыт аралығында ағзада қайталанып, оның тіршілік өрекетіне әсер етеді.

Адам күндіз белсенділік көрсетіп, сергек жүреді. Түнде ұйықтап, тынығады. Адам өз өмірінің үштен бір бөлігін ұйқымен өткізеді. Ұйқы кезінде зат алмасу бөсендейді, жүректің соғу жиілігі баяу лайды және т. б. Дегенмен де, ұйқы - белсенді түрде жүретін психикалык және физиологиялық үдеріс. Ұйқы - мидың үйлесімді кызметінің бір көрінісі. Ұйқы кезінде ми күндізгі алған ақпараттарды асыкпай талдап, ертеңгі қызметіне кажетті бағасын белгілейді. Ұйқы аркылы ағза өзінің жұмыс істеу кабілетін калпына келтіреді. Жасушалар қоректік заттарды белсенді түрде пайдаланып, энергия жинакталады. Үйқының белгілі бір уакытында мидың белсенді қызметі күндізгіден де артатыны анықталды.

Ұйқы және оның маңызы

Ұйқы механизмін, оның физиологиялық мәнін тұңғыш рет академик И. П. Павлов ашып берді. Ол ұйқы - мидың барлық орталықтарын қамтитын кең тараған тежеу екенін анықтады. Ұйықтаған кезде бұлшық еттер босаңсиды, тыныс алу сиреп, жүрек соғуы бәсеңдейді, дене температурасы, қан қысымы, зат алмасу төмендейді, қысқасы организмнің бүкіл қызметін реттейтін нерв орталықтарының белсенділігі құлдырайды. Адамның сергек кезінде нерв клеткалары үздіксіз істейді, мұның өзінде олардың химиялық құрамы елеулі түрде өзгереді, энергетикалық қорлар сарқылады. Біздің организміміздің ұлы сақшысы, тыным беріп, күш-қуатымызды қалпына келтірушісі - ұйқы болмаса, жүйке клеткалары тез құрып, қатардан шығар еді. Терең, алаңсыз ұйқының негізі - нерв жүйесінің сабырлы күйде болуында, оны шаршау мен тынығудың дұрыс кезектесуі, басқаша айтқанда, тұрмыстың дұрыс режимі қамтамасыз етеді. Ұйықтауға үнемі белгіленген бір уақытта жатуға дағдылану - ұйқының берік болуының сенімді құралы. Сағат 10-да жатасыз ба, жоқ болмаса 11-де жатасыз ба, мұның аса маңызы жоқ. Ең бастысы бұл мерзімнің тұрақты болуында.

Жаңа туған нәресте тәулігіне - 21-22 сағат, алты айлық нәресте 14 сағат, бір жасар сәби 13 сағат үйыктайды. Төрт жасар сәби төулігіне - 12 сағат, жеті жасар бала - 11 сағат, он жасар бала - 10 сағат ұйықтайды. 15 жасар жасөспірім төулігіне - 9 сағат, 17 жасар жасөспірімдер 7 - 8 сағат ұйықтаса да жеткілікті. Ұйқы кезіндегі мидың белсенділігіне байланысты үйкы екі түрге бөлінеді. Оның бірі баяу ұйқы екіншісі - тез ұйқы. Баяу ұйқы кезінде ми қыртысында баяу, биоэлектрлі толқындар пайда болады. Бұл кезде тынысалу, тамырдың соғуы баяулайды, бұлшықеттер босаңсиды, қан қысымытөмендейді. Адамның козғалыс белсенділігі төмендеп, тез ұйқыға кетеді.

Белгілі бір уакыт өткен соң баяу толкындар тез ырғакты толқындарға ауысады. Бұл - тез ұйқыға кетудің белгісі. Бүл кезде өте ұсақ, бірак жиі биоэлектрлік толқындар байқалады. Ұйықтап жаткан адамның кан кысымы артады, тынысалу, тамырдың соғуы жиілеп, зат алмасу күшейеді. Бұл кезде адам ұйықтап жатканымен, миы белсенді қалыпта болады. Бірақ ондай адамды ояту киынға соғады. Мұндай ұйкыны огаш ұйқы деп те атайды.

Адам тез, оғаш ұйқы кезінде түс көреді. Ұйкының екі кезеңінде де ми мен ағза тынығады. Ми қыртысында тежелудің таралуы да ұйқыға әсер етеді. Ұйқы аралық мидағы жүйке орталықтарында сергектіктің алмасуы арқылы жүзеге асады. Мұны ұйқының рефлекстік жолмен реттелуі дейді. Ұйқының реттелуіне химиялық заттар да әсер етеді. Түс көру. Барлық адам түс көреді, бірак кей адамдар оны есінде сақтай алмайды. Түс көру - тікелей мидың қызметіне байланысты, күрделі психикалық үдеріс. Түс көру көбінесе адамның бұрын бастан кеш кен күйзелістеріне немесе көптен бері ойында жүрген жағдайларға негізделеді. Кейде адамның ойында жоқ түрлі шынайы оқиғалар да түске кіреді.

Ұйқының бұзылуының кең тараған түрі - ұйқысыздық (орыс. бессонница ) . Бұл жүйкенің шектен тыс шаршауынан, ұзақ уақытқа созылған ауыр ой еңбегінің өсерінен болады. ішімдікті, есірткіні пайдалану, шылым шегу, зиянды әдеттер ұйқының бұзылуына негізгі себеп бола алады.

Ұйқысыздықтан құтылудың жолы:

  • 1) еңбек жөне тынығу ережесін қатаң сақтау;
  • 2) таза ауада серуендеу;
  • 3) ой еңбегі мен қимыл-әрекетке байланысты еңбектерді бірімен-бірін үйлестіре білу.

Кейде адам летаргия (гр. «lete» - «ұмыту», «argia» - «әрекетсіздік» ) - қимылсыз ұйқы ауруына душар болады. Оның бірнеше аптаға, кейде бірнеше жылға созылуы да мүмкін. Қалыпты, тыныш ұйқыны камтамасыз ету үшін қарапайым ережелерді есте сақтау керек.

  • 1. Белгілі бір уақытта ұйықтауға дағдылану.
  • 2. Ұйықтар алдында тойып тамақ, сусын ішпеу.
  • 3. Ауыр ой еңбегімен шұғылданбау. Ұйықтаудан 1, 5 - 2 сағат бұрын ауыр ой еңбегін тоқтату.
  • 4. Айналаңда тыныштық орнату (жарықты, радионы, теледидарды өшіру, кітап оқуды доғару және т. б. ) .
  • 5. Таза ауада серуендеу, бөлмені желдету.

«Ұйықтататын», «тынышталдыратын» мағынасын беретін жиілік бөлшектер

-barb - барбитураттар, ұйықтататын, наркотикалық заттар, барбитур қышқылынан жасалған

-mal, -al, -somn-( лат. -somnus - ұйқы), -hypn-(герк), -dorm-(фр. ), -sed-, -stress-, -tranqu, -atrax - ұйықтататын, тынышталдыратын заттар

Мысалы, Barbamylum, Thiobarbitalum, Alisobumalum, Veronalum, Sedeval, Anastress

Ұйықтататын дәрілік заттар

Ұйықтататын дәрілер, ұйқы тудыратын заттар - адамда табиғи ұйқыға жуық жағдай туғызып, оның тереңдігі мен ұзақтығын қамтамасыз ететін дәрілік заттар. Ұйықтататын дәрілерді көп мөлшерде қабылдаса, наркоз жағдайына әкеледі. Мұндай дәрілік заттар организмге жүйке жүйесінің қызметін тежеу арқылы әсер етеді, бауырдың әсерімен өзгеріске түсіп жойылады, ал артық мөлшері бүйрек арқылы организмнен шығады. Ұйықтататын дәрілерге барбитур қышқылының химиялық құрамы әр түрлі препараттары - барбитал, фенобарбитал, барбитал-натрий, барбамил, этаминал-натрий, циклобарбитал; пиперидин туындылары (ноксирон) және алифатты дәрілік препараттар (хлоралгидрат, бромизовал, т. б. ) жатады. Тыныштандыратын дәрілік заттар (бромидтер, шүйгіншөп препараттары, т. б. ) да ұйқыны қалпына келтіруге әсер етеді. Бұл дәрілер адамның эмоц. қозуын, мазасыздануын басып, терең ұйқыға кетуіне жағдай жасайды. Ұйықтататын дәрілердің көмегімен ұйықтау мен табиғи ұйқының арасында үлкен айырмашылық бар. Ұйқы келтіретін дәрілік заттар ұйқының арнайы бір фазасына әсер етуі нәтижесінде, оның физиол. ауысу мезгілдерін бұзады. Мыс., барбитураттар ұйқыны тез келтіргенмен, ұйқының ұзақтығын қысқартады. Егер Ұйықтататын дәрілерді ішпесе, адамның тез ұйықтап кету фазасы ұзарады, осыған байланысты адамда ұйқысыздық сезімі күшейіп, әр түрлі жаман түстер көру көбейеді. Ұйықтататын дәрілерді пайдаланудан бұрын ұйқының бұзылу себебін анықтау қажет. Егер науқас тез ұйықтап, бірақ өте ерте оянатын болса, ұзақ мерзімге әсер ететін барбитал, фенобарбитал; қиналып, көпке дейін ұйықтай алмаса, бірақ ұйықтап кеткеннен кейін ұйқысы қалыпты болатын науқастарға барбамил, этаминал-натрий, ноксирон, т. б. беріледі. Ұйықтататын дәрілерді күн сайын қабылдау оның организмде жиналуына себеп болып, тұрақты ұйқышылдықпен қатар жүреді (қ. Кумуляция) . Ұйықтататын дәрілерді ұзақ уақыт бойы қолдануға әбден дағдыланған адам дәрі ішпей ұйықтай алмайтын болады. Сондықтан қажетті тиімділікке қол жеткізу үшін дәрі мөлшерін көбейтуге тура келеді. Ұйықтататын дәрілерді тек дәрігер белгілейді. Мұндай дәрілерді ішкенде өте сақ болған жөн, дәрінің мөлшерін өз бетінше көбейту улануға әкеп соғуы мүмкін. Ұйықтататын дәрілерді ішкенде түсініктемедегі ережелерді бұлжытпай орындау қажет. Ұйықтататын дәрілер дәріханаларда тек қана рецепт арқылы босатылады.

Вамелан - тыныштандыратын әсері бар біріктірілген фитопрепарат. Оның құрамына үш құрам - мына дәрілік өсімдіктердің: шүйгін, бұрыш жалбызы және жаужапырақ сығындылары кіреді.

Шүйгін сығындыларының құрамында борнилизовалерианат эфир майы (валериано-борнеол эфирі), сондай-ақ изошүйгіннің бос күйіндегі қышқылы, борнеол, валерин, иіткіш заттар, сапониндер, қант, органикалық қышқылдар, гликозидтер (валерид, А, В және С валерозидтері) бар, олардың қасиеттерінің арқасында шүйгін тыныштандырғыш қасиетке ие, психикалық шаршауға және неврастенияға тән ашушаңдықты және ширығуды азайтады. Ұйқысыздық кезінде ұйқыны қалпына келтіреді. Спазмолитикалық әсер береді.

Бұрыш жалбызының сығындысында эфир майлары: ментол бос күйінде және эфирлер түрінде ментилацетат, пинен, лимонен, цинеол және басқалары бар, бұрыш жалбызының негізгі әсер етуші заты - ментол. Бұрыш жалбызының препараттары ұйқысыздықтың жеңіл түрінде тиімді. Асқазан-ішек жолының тегіс бұлшық еттеріне спазмолитикалық әсер етеді, сондай-ақ өт айдағыш әсері бар.

Жаужапырақтың құрамында эфир майлары: цитронеллаль, гераниол, цитраль, цитррнеллол, линалоол; иіткіш заттар (атап айтқанда, розмарин қышқылы) ; ащылар; хлорогендік және кофе қышқылдары; флавоноидтар, шырыштар және шайыр бар. Құрамында эфир майлары болғандықтан, жаужапырақта өзіне тән жағымды иісі мен дәмі бар. Жаужапырақтың эфир майлары ауыруды және құрысуды кетіреді.

Осындай сапасының арқасында жаужапырақ шаншуларда спазмолитикалық, ауыруды басатын дәрі ретінде кеңінен қолданылады. Мелиссаның эфир майлары сонымен қатар тыныштандырғыш әсер береді, әсіресе неврастенияға шалдыққан науқастар арасында жиі төмен болатын тәбетті арттырады.

Транквилизаторлар

ТРАНКВИЛИЗАТОРЛАР , атарактиктер (лат. tranquіllo - тыныштандырамын) - тыныштандыратын қасиеті бар, психотроптық құралдар тобына жататын дәрілік препараттар.

Сипаты

Транквилизаторлар адамның эмоциялық ширығуын, қозуын, бір нәрсеге алаңдауын азайтып, бұлшық еттің жиырылуын төмендетеді, вегетативті жүйке жүйесі қызметіне әсер етіп, кейбір ұйықтатын дәрілердің әсерін күшейтеді. Транквилизаторлар адамның қорқыныш, үрейін, шектен тыс мазасыздануын бәсеңдетеді, тежелу, шамадан тыс ұйқышылдық және жүйкелік бұзылуларды тудырмайды.

Қолданылуы

Транквилизаторлардың әсер ету механизмінде лимфа жүйесінің, таламус пен гипоталамустың қозуын бәсеңдетуі байқалады. Транквилизаторларды қабылдағанда организмде оның жанама әсері көп болмайды (мысалы, бұлшық еттердің босаңсуы мүмкін) . Сондықтан жұмыстары көп дене күшін жұмсайтын және жылдам шешім қабылдайтын жағдайлармен байланысты адамдарға жұмыстың алдында не соңынан транквилизаторлар қабылдауға рұқсат етілмейді (мысалы, автокөлік жүргізушілер, т. б. ) . Сондай-ақ транквилизаторларды алкагольді ішімдіктермен қосып ішу де организм үшін өте қауіпті екенін естен шығармаған жөн, себебі, алкаголь транквилизаторлардың әсерін күшейтеді. Транквилизаторлардың антипсихикалық әсері болмайды, сондықтан оларды көп жағдайда психиатрияда невроз, психопатия (есалаңдық) ауруларын емдеуде қолданады. Негізінен транквилизаторлар жүйке ауруларында бұлшық еттердің физиологиялық жағдайындағы күш-қуаты (тонусы) артқанда және кейбір ішкі ауруларды емдегенде беріледі. Транквилизаторлар химиялық құрамы жағынан әр түрлі құрылымдық туындылардан тұрады. Күнделікті өмірде жиі қолданылатындары - бензодиазепин-хлордиазепин туындылары (либриум, элениум), диазепам (седуксен), нитразепам (эуноктин, радедорм, неозепам, могадон, т. б. ) ; басқа химиялық туындылардан - мепробамат, триоксазин, т. б. Транквилизаторлардың токсиндік әсері аса жоғары емес, дегенмен оларды үнемі қабылау организмнің транквилизаторларға деген құмарлығын арттыруы мүмкін. Бұл адам өмірі үшін қауіпті, сондықтан транквилизаторлармен емдеуді дәрігер ғана тағайындайды және науқас дәрігердің қатаң бақылауында болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоғары дәрежелі нерв қызметі туралы жалпы түсінік
Ұйқы безінің құрлысы мен қызметі
Ми қыртысындағы ұйқы кезіндегі физиологиялық құбылыстар. Балаларды ұйықтатуда қойылатын гигиеналық талаптар
Биологиялық ырғақтар. ұйқы
Ұйқысыздық
Созылмалы панкреатиттер (дефинициясы, этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы және емдеу принциптері)
Ұйқы гигиенасы
Биологиялық ырғақтар мен ұйқы
Ұйқы безінің гормональды реттелуі
Ұйқы және түс көру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz