Несие экономикалық категория ретінде


Мазмұны
Кіріспе
Осы курстық жұмыстың тақырыбы «Несие, оның мәні және ұйымдастыру қағидалары».
Курстық жұмыста төмендегі сұрақтар қарастырылды:
- несие экономикалық категория ретінде;
- Қазақстан Республикасында несие жүйесінің қалыптасуы мен рөлі;
- Қазақстан Республикасындағы несие жүйесінің мәселелері, шешу жолдары және даму перспективалары.
Ал енді осы курстық жұмысқа байланысты несие ұғымына қысқаша түсініктеме беріп өтетін болсақ.
Онда несие - нарықтық экономиканың тiрегi ретiнде экономикалық дамудың ажырамас элементiн бiлдiредi.
Несие - бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берiлетін ссудалық капитал қозғалысы.
Қарыз берушi - қарызды беретiн несиелiк қатынасының бір жағы. Қарыз берушi - бұл уақытша пайдалануға қарыз берушi субъектiлер болып табылады.
Қарыз алушы - бұл несиенi алушы және оны қайтаруга міндеттi, несиелiк қатынастың екiнші жағы.
Несие объективтi қажеттiлiктен туындаған және ол когамдық өндіріс процесiнде маңызды рөл атқарады. Несие ақшалай капиталдық қарызга трансформациясын қамтамасыз етедi және несие берушiлер мен қарызга алушылардың арасындагы қарым-қатынасты бiлдіредi.
Оның көмегімен мемлекеттiң, халыктың, ұйымдардың және кәсiпорындардың табыстары мен бос (еркiн) ақшалай қаражаттары жинақталып, уақытша пайдаланудың төлемiне аударылатын несие капиталына айналады.
Негізінен осы курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігі де айқын көрініп тұр. Өйткені қазір мемлекет тарапынан да бұл несиелендіру саясаты жүріп жатыр ғой, өйткені бірінші және екінші деңгейлі банктер халыққа мемлекет тарапынан жасалған бағдарламалары бойынша, жеке меншікті дамыту мақсатында белгілі бір көлемдерде несие беруде, бұл жерде несиенің бүгінгі таңда қаншалықты өзекті мәселелердің бірі екенің аңғартуға болады. Өйткені несие ол ел экономикасын көтеруде, не болмаса дамтуда үлкен рөль атқаратын ұғымдардың бірі.
- Несие экономикалық категория ретінде1. 1 Несие қатынастарының пайда болуы және экономикадағы рөлі
Несиені зерттеу барысында таным әдісі ретінде теорияның рөлі ерекше. Несие туралы ғылым әлі жас. Ол саяси экономиканың қалыптасуымен пайда болды.
Несие - ақша сияқты тарихи экономикалық дәреже болып табылады. «Кредит» деген сөз, «қарыз», «несие» деген «kredo» - сенемін деген мағына беретін латынша «kreditum» деген сөзден шығады. Ол экономикалық дәреже ретінде әр түрлі экономикалық қоғамдарда қызмет етеді. Ол тауар өндірісінің пайда болған кезінен бастап қарапайым формаларында: бай және кедей қоғамдарда көрінеді. Несие қатынастары ақша қатынастары сияқты үнемі даму үстінде болады.
Саламон патшаға дейін, иудейліктер несиені қолданып жүрген, сонымен қоса осы несиелер үшін ұзақ уақыт аралығында құлдыққа жіберілген кездері де болған екен. Сосын уақыт өте келе Саламон патша бұндай қылмыскерлікке тыйым салып, заң шығарған болатын. Бұл заңда несие алушы адам, енді несие берушінің алдында өз өмірімен емес, ал қолда бар мүлігімен жауап беретін болды. Қарыз алушы адамның тұратын жерінде белгілі бір бағана қойылатын болды, бұл бағанада осы жерде тұратын адамның мүлігі, қолда бар бәр нәрсесі, алған қаражат мөлшерін қайтарған уақытына дейін, бұл жердің бәрі қарыз берушінің меншігінде болатынын білдірген, сонымен қоса бұл істердің бәрі жан жақтағылардың түгелі бұл жердің кепілдікте екенін білулері үшін жасалынған болатын. Бұндай жазулары бар бағаналарды ипотека деп атай бастады, грек тілінен "hypotheke" аударғанда " кепіл, заклад" дегендерді білдірді.
Ең алғашқы несиелер халық арасында қосымша пайда табу мүмкіндігі ретінде емес, ал белгілі бір қажеттіліктерден туындаған болатын. Адамдар жерде дәнді дақылдар өсіре бастаған мезеттен бастап, олар ойда болмаған, кенет тәуекелдермен қақтығыса бастады, яғни, өнімдерінің жартсын ала алмағандар, ал кейбіреулері болса мүлдем еңбектерін зая кетіріп еш бір пайдаға қолдары жетпеген адамдар болды. Міне дәл осы мезеттен бастап алғашқы несиелер пайда бола бастайды.
Егер жеке бір шаруаға, оның өзінің жинап алған егіні жетпейтін болса, ол өзінен бір сатыға жоғарыда тұрған, яғни оған қарағанда бай шаруаға барады да, келесі егін алатын мерзімге дейін өзіне жетпей тұрған егін мөлшерін алатын болған, осыдан егер ол бір қап алған болса, қайтаруға келгенде ол бір жарым немесе екі қап қайтаратын болған. Әрине бұл жерде, өзі ойлаған мөлшерде егін ала алмаған адамның, өз әл ауқатын көтеріп алып, оған қарыз берген адамға сол қарызын нақты қайтаратыны жөнінде толық кепілдік бере алмайтын. Бір жазушы жазғандай "бұндай жағдайда процент, яғни несие алу дегеніміз ол құлап баражатқанды итермелеу" дегенді білдіреді деген.
Егер несие алған адам өз қарызын жаба алмаған жағдайда, ол өзінің кепілдікке берген мүлігінен айырылатын болған. Егер одан кепіл ретінде аларлық ештенесі болмаған жағдайда ол ұзақтан ұзаққа созылатын құлдыққа бел бууға мәжбүр еді.
Әрине бұндай жағдайлардың болуы халықтың мәз етер мақұлдауына ие болмаған еді. Алғаш бұндайға қарсы шыққандардың бірі болып церковь болды. Церковь бұндай саясатқа қарсы белгілі бір дәлелдер іздеп таппақшы болды.
Орта ғасырлардың сонына қарай мемлекет несиенің қай балмасын формаларына қарсы саясаттарын тоқтатып, несие пайызының тым жоғарлап кетпеуін қадағалауды қолға ала бастады.
1545 жылы Англияда несиеге деген максималды пайыз ставкасы 10% болды. Ал 1624 жылы ол ставка 8 % -ға дейін төмендеді, 1652 жылы тіпті 6% төмендеді. Басқа елдерде осыған ұқсас әрекеттер жасап отырды. Мысалға; Нидерландыда 1640 жылы максималды пайыз ставкасы 5% жоғары болмау керектігін орнықтырған, ал Францияда 1601 жылы максималды несие пайызы 6% боп орнатылды.
Ал Ресейде бұндай заң 1754 жылы еңгізген болатын, ондағы максималды пайыз ставкасы 6% құрады. XVIII ғасырларда пайыздардың болмауына қатысты кең ауқымдағы көтерілістер өткізіліп, ақырындап ақырындап қоғамдық ойларды бұза бастайды, осыдан кейін XIX ғасырда, бүкіл жерлерде пайыздың мөлшеріне деген бақылау жойылады.
Ал енді қазіргі таңда бүкіл банктік несиелер қоғам арасында кең қолданылуда.
Несиенің мәнін зерттеуде натуралистік және капиталдық жасампаздық теориясы қатаң қадағаланатындығы байқалады.
Натуралистік несие теориясы ХҮІІІ ғасырдың екіші жартысында пайда болды. Бұл теорияның негізін А. Смит пен Д. Рекардо салды. Одан әрі оны француз экномистері Ж. Сэй, Ф. Бастия және американдық Д. Мак - Куллах дамытты. Бұл теорияның негізгі идеялары несие мәнінің натуралистік түсінігіне үйлесті яғни несие заттай игіліктердің қозғалысын көрсетті. Бұл жағдайда несие объектісі заттай емес игіліктер болып табылады
Несиенің капиталдық жасампаздық теориясы натуралистік қарама қарсы идеяны ұстанады. Оның тұжырымдамасы бойынша несиеге экономиканың дамуында шешуші рөл беріліп, оны ұдайы өндіру процестерінен алыстатады. Несие ақшамен және байланыспен теңестіріледі. Бұл теорияның негізін салушы, ағылшын экономисі Дж. Лонның ойынша несие елдің барлық пайдаланылмаған мүмкіндіктерін қозғалысқа келтіріп, байлық пен капиталдың жиналуына себеп болады. Ол банктерді делдалдар ретінде емес, капитал жасаушылар деп қарастырады.
Бұл теорияның қолданушылары ағылшын экономистері Г. Макмед, Дж. Кейнс, Ф. Хоутри, И. Шумперет(Австрия), А. Ган (Германия) болды. Олар ақша мен несиені сатып алу күшіне сай байлық деп есептеді. Несие пайда әкеледі, сондықтан ол “өндіргіш капитал” болып табылады, ал, банктер “несие фабрикасы”. Бұл екеуі де несиені, яғни капитал жасайды. Олар банктер барлығын, депозиттерді, яғни капитал жасайды деп пайымдайды. Сондай - ақ олар банктер шексіз депозиттерді, соған сәйкес несие мен капитал жасайды деп есептейді. Міне, осындай несие ауқымының шексіз кеңеюі қайта өндірудің, экономикалық дамудың қозғаушы күші екенін ұйғарып, экономиканың тұрақты дамуына әсер етеді.
Ал Қазақстанның несие нарығына тоқталатын болсақ, онда оның сараланымдары әр түрлі деңгейде екенін, сондай - ақ ол енді енді қалыптасып келе жатқанын атауға болады. Мысалы, Қазақстан ақша және капитал нарығының сараланымы елдегі өндірістік және жеке қорланымның және банк жүйесінің жақсы дамымағанына байланысты едәуір жетілді.
Несиенiң рөлiн несиелік қатынастардың жұмыс iстеуiне әкелiп соқтыратын нәтижесiмен анықтауға болады. Несие өзiнiң қызметi арқылы ұдайы өндiрiс процесiне әсер етедi. Жоғарыда аталып өткендей, несиенiң өз қызмет саласы бар, ол қозғалыстың барлық құндылықтарымен емес, шаруашылық айналымда пайдаланылмай тұраған, қайта айналып құйылудың бастапқы кезiнде қайта бөлiну мүмкiн бөлгiмен ғана байланысты. Несиенiң көмегiмен шешiлетiн мiндеттер қогамдық дамудың әр түрлi кезеңдерiнде өзгерiп отыруы мүмкiн.
Жаңа өндiрiс ашумен оларды кеңейту iсiнде де несиенiң атқаратын рөлі зор. Несиенiң көмегiмен айтарлықтай қаржы ресурстарын шоғырландыру мен орталықтандыру жаңа өндiрiстердiң iрi жобаларын iске асыруга, жаңа техникалық ендiруге, жоғары қосымша құны бар өнімдердi өндiрудi қайта жарақтауга байланысты салынатын мол салымдарды жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi.
Қазақстанда экокомиканың шикiзаттық бағытынан арылып, жоғары дамыған өңдеу секторын құру мақсатын көздейтiн КР-ның 2003 - 2015 жылдарға арналган индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы жүзеге асуда. Бұл ретте өзiнiң несиелiк қаржыларын осы багдарламаны жүзеге асыруга багыттайтын несие жүйесiне үлкен умiттер артылуда. Несиенi капиталдық салымдар есебiнде пайдаланудың бюджеттiк қайта айналмалы қаржыландырумен айтарлықтай маңызды артықшылықтары бар. Ол капиталдық шығынның тиiмдiлiгiн осы шаралардың пайда есебiнен қарызды өтеудiң мүмкiндiктерiн анықтаумен әрi несие шараларының өтелу мерзiмi шегiнде қарызды өтеудiң мерзiмiн белгiлеуменi жүйелi бақылауга мүмкiндiк бередi.
Несиенiң ақша айналымы саласында да алатын орны айрықша. Ол ақша айналымының үнемделуiнен көрiнедi. Несие өзiнiң қызметi - айналысының құралын құруға байланысты:
- бiрiншiден, ақша белгiлерiн дайындау, шығару, есеп жүргiзу мен сақтаушыгындарын қысқартады;
- екiншiден, несие бос ақша қаржыларын сан рет пайдалана отырып, қолма-қол ақшасыз есептесулердi қысқартып, айналым шығындарын азайтады;
- үшiншiден, айналымның шыгындары маусымдық қажеттiлiктерді қосымша қаржылар есебiнен көбейткенде қорлардың кемуіне байланысты қысқарады.
Экономиканың төмендеп, инфляцияның өрлеген кезiнде мемлекет пайыздық ұтысты көтеру арқылы айналымдағы ақша көлемiн қысу үшiн экономикадағы несиелiк салымның көлемiн қысқартады. Ал, экономикалық өрлеу кезiнде экоюмиканы жандандырып, әрi өсiру үшiн несие экспансиясы саясаты қолданылады, яғни пайыздық ұтыстарды кемiту арқылы несие тасқыны көбейiп, ақша көлемi ұлғаяды. Осылайша ақша айналымы ретке келтiрiледi. Қазақстанда 1993 - 1997 жылдары несиелердiң шектелуi, ал 1998 жылдан бастап несие экспансиясы саясаты жургiзiлдi.
Несиелiк (ипотекалық тұтыну несиесі) арқасында тұрғын‚ үй құрылысы, пәтерлер, автокөлiк және басқа да тұрмыстық машиналар мен аппараттар алу мен шаруашьтлықты қалыптастыру сияқты коғамдагы көптеген әлеуметтiк мәселелердi шешуге қол жетiп отыр.
Несиенiң көмегiмен басқа мемлекеттермен байланыстар ныгайып, әлемдiк экономикага араласуга мүмкiндiктер туып келедi.
Сонымен, жекелеген шаруашылықпен айналысушы экономикалық субъектiлердiң өмiр сүруi мен жалпы халықшаруашылыгының дамуына да, микроденгейiне байланыстардың дамуында, сондай-ақ халықтың әл-ауқатын көтеруде несиенің атқаратын рөлi өте зор екен.
Несие саласын мейлiнше тарылтудың да керi әсерi бар, себебi төлем қаржыларының жеткiлiксiздiгiнен шаруашылық субъектiлерi ТМҚ-ны, жабдықтарды сатып ала алмайды, өзiнiң қызметкерлерiне еңбекақы төлей алмайды, негiзгi қорларды жалға ала алмайды және т. б. Сайып келгенде мұның бәрi өндiрiсте, тауарларды сатып-таратуда өз көрiнiсiн байқатпай қоймайды. Несиенiң шектерiн негiздеп анықтау мен сақтаудың сұраныс пен ұсыныстың, айналымдағы тауар мен ақша көлемдерiнiң, өндiрiс пен тауарларды сатып-таратудың араларындағы үйлесiмдi тепе-теңдiктердi сақтай тұру үшiн маңызы зор. Несиенiң сандық шегi несиелiк қаржыларды сандық жағынан шектеумен байланысты. Шектеулердiң әдісi әр турлi, тура әдiс - Ұлттық банк мiндетті қор көздерiнiң мөлшерiн арттырып, соның нәтижесiнде несие көздерiнiң көлемiн азайтады, экономикалық әдiс - пайыздық мөлшерлеменi көтерудiң нәтижесiнде несиелеу процесiн тежейдi, Сапалық шектерi - бұл жағдайда несие тар көлемдiк деңгейде де, кең көлемдiк деңгейде де керi әсер етуi мумкiн.
Несиенiң экономика циклiнің тиiстi кезеңiне байланысты кең көлемдi деңгейде оң немесе терiс түрде қалай әсср ететiндiгi жогарыда атап көрсетiлдi.
Несиенiң пайдаланылуы мен оның тар көлем деңгейiнде әсер етуi көп факторларга, ең бiріншi несиелiк қатымастарға қатысушы жақтардың ықыластарғы мен мүмкiндiктерiне байланысты, атап айтқанда:
- қарыз алушылардың қарыз қаржыларына деген мұқтаждығы мен несие және пайыздыық мөлшерлемелердi қайтаруга байланысты щығындарды азайтуға олардың ықыласты болуы;
- банкiлердiң өз табыстарын ұлғайту мақсатымен несие салымдарын кеңейтуге ықыластылығы.
Екi жақтың несиелiк тынымдарға ықыластары жасалған несиелiк келiсiмдерде көрсетiледi.
- 1. 2 Несиенің құрылымы мен функциялары
Несиеде өзгермейтін, тұрақты болып қалатын жәйiт - құрылым. Өзге экономикалық категориялар сияқты несие де бір-бiрiмен өзара әрекетке тусетiн бiрнеше элементтен тұрады. Ондай элементтерге ең алдымен несиелiк қатынастың барлық субьектілері, сондай-ақ жоғарыда анықтағанымыздай, бұл субьектілерге несие берушi мен қарызға алушылар жатады. Оларды бөлуге және бөлек қарастыруға болмайды. Оларды бiрге қарасты жағдайда ғана несиенiң мәнiн анықтауға болады.
Несие берушi - несиелiк мәмiленiң қарыз ұсынатын жағы. Мұны iске асыру үшін онда ақшалай қаражаттың белгiлi бiр қоры болуы керек. Ол ақша өзiнiкi болуы немесе басқа бiреуден қарызға алған болуы да мумкiн.
Қазiргi уақытта қарызга ақша ұсынатын негiзгi несие беруші - банк болып табылады. Ол кәсiпорындардың, ұйымдардың, кеңселер мен халықтың уақыша бос қаражаттарын шоғырландырып, оларды қарызга алушыға уақытша пайдалану үшін несие түрiнде ұсынады.
Бұл ретте банктен алған несиенi тек қарызга алушы ғана емес, сондай-ақ соңғысы да меншік иесiне тартылған ресурстарды қайтаруға мiндеттi. Бұл арада банк бiр жағдайға несие берушi болса, екiншi жағдайда - қарыз алушы болып көрiнедi.
Қарызға алушы - несиелiк қатынастар жағы, несие алып, алған қарызды қайтаруға міндеттi жағы. Қосымша ақшалай қаражатқа уақытша мұқтаждығы туғандар карызға ақша алушылар болып табылады. Қазiргi заман талабына сай қарызга алушылар - кәсiпорындар, кәсiпкерлер, халық, мемлекеттер мен банктер болуы мумкiн.
Алайда, қарызга алушы карызға алынган қаражаттың меншiк иесi болып табылмайды, өндiрiс саласында, айналымда оны ол өз қалауымен қолданады. Бұл жағдайда ол алынган ақшадан гөрi, яғни шаруашылықта ауыспалы айналым қоры таусылғаннан кейiн оны iске асырып, пайдаланганы ушiн өтемақы төлеп, қарызды артық көлемде төлейдi.
Несиелiк мәмiледе қарызга алушы несие берушiге тәуелдi, оған несие берушi өз талаптарын қояды. Алайда, карызга алушы мен несие берушi несие қатынастарының толық құқықты жақтары болып табылады. Олар міндеттi турде қатысуы керек және бұл жагдайда олар орындарын ауыстыруы мумкiн. Несие берушi - қарызгер болуы мумкiн.
Несие берушi мен қарызга алушы өзара іс әрекеттерiнде қарама-қайшылықтың бiрлiгi сипатын көрсетедi. Несиелiк мәмiленiң қатысушылары ретiнде олар оны қарама-қарсы жақтарында тұрады.
Олардың мүдделерi де бөлек, несие берушi неғурлым жоғары пайыздық несие бергiсi келеді, қарыз алушыға мүмкiндiгiнше арзан несие алып, қосымша қаржылар табу муддесi болады.
Несиенiң экономикадағы орны мен рөлi, оның атқаратын қызметтерiмен сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретiнде мынадай қызметтердi атқарады:
- қайта бөлу;
- айналыс шығындарын үнемдеу;
- айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;
- капиталдың шоғырлануын жеделдету;
- ғылымы-техникалық прогрестi желелдету.
1-сызба - несиенің құрылымы
Несиенiң қайта бөлу қызметi кез келген елдiң ұлттың экономикасының толық қанды жұмыс жасауына өз үлесi несиенiң бұл қызметiнiң көмегiмен экономикалық жүйенiң бiр саласынан екiншi бiр саласына капитал ағымы болады.
Несиенiң айналыс шығындарын үнемдеу қызметiнің iс жүзіне асуы несиенiң экономикалық мәнінен туындайды. Шаруашлық субъектiлерiндегi ақшалай қаражаттардың түсүсуі мен жұмсалуы арасындағы уақытша болатын алшақтық кей жағдайларда қаржылай ресурстарга деген қажеттiлiктi туындатады.
Ал келесі, қызметi, яғни несиенiң айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыруы. Қазiргi несиелік шаруашылықты мұндай орнын алмастыруга толық мумкiндiк бар.
Капиталдық шоғыалану процесi қызметi экономиканың турақты дамуына жағдай жасау үшiн маңызды болып табылады. Мұндай мiндеттердi шешуде несиенiң бұл қызметi өндiрiстiң ауқымын ұлғайта отырып, пайда алуга мумкiндiк бередi.
Жалпы несие экономикалық категория ретiнде мынадай қызметтердi атқарады:
- қайта бөлу;
- айналыс шығындарын үнемдеу;
- айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;
- капиталдың шоғырлануын жеделдету;
- ғылымы-техникалық прогрестi желелдету.
Несие экономикалық категория ретінде келесі функцияларды орындайды:
- ынталандыру функциясы- экономикада ақша айналымын жылдамдату арқылы процестерді жылдамдату;
- орын басу функциясы - қолма-қол ақшаның орнына несие ақшалар жүреді;
- жинақ функциясы - ақша капиталын жұмылдыру, іске тарту;
- қайта бөлу функциясы -несиенің көмегімен әртүрлі салалардың арасында қаржылық құралдар қайта бөлініп отырады;
- реттеу функциясы - нарықтық экономикада несие экономиканы реттеу құралы ретінде қолданылады.
Несиенің қайта бөлу функциясы уақытша босатылған құнның қайта бөлуін білдіреді. Жинақталған ақша қайта бөлу обьектісі болып келеді (көбінесе банктерде) .
Несиенiң қайта бөлу қызметi кез келген елдiң ұлттың экономикасының толық қанды жұмыс жасауына өз үлесi несиенiң бұл қызметiнiң көмегiмен экономикалық жүйенiң бiр саласынан екiншi бiр саласына капитал ағымы болады.
Екінші функция несиелік операциялармен анық ақщаның орнын басу. Ақшаның бір шотесептен екінші бір шотесепке аударылуы, өзара қарыздардың есепке алынуы ақша төлемдерінің қысқартылуына, ақша құрылымын жақсартуға әсер жасайды. Қазіргі кезде анық ақшалар қолданылмайды, айналымда несие негізінде шығарылған ақша белгілері бар.
Үшінші функция жинақтау немесе мобилизациялау, яғни барлық қаражаттың бір орында шоғырлануы. Қаражат қызмет көрсететін несиелік мекемелердің есеп шоттарында жинақталады.
Несиенiң айналыс шығындарын үнемдеу қызметiнің iс жүзіне асуы несиенiң экономикалық мәнінен туындайды. Шаруашлық субъектiлерiндегi ақшалай қаражаттардың түсүсуі м арасындағы уақытша болатын алшақтық кей жағдайларда қаржылай ресурстарга деген қажеттiлiктi туындатады.
Ал келесі, қызметi, яғни несиенiң айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыруы. Қазiргi несиелік шаруашылықты мұндай орнын алмастыруга толық мумкiндiк бар.
Капиталдық шоғыалану процесi қызметi экономиканың турақты дамуына жағдай жасау үшiн маңызды болып табылады. Мұндай мiндеттердi шешуде несиенiң бұл қызметi өндiрiстiң ауқымын ұлғайта отырып, пайда алуга мумкiндiк бередi.
- 1. 3 Несиені ұйымдастыру қағидалары
Несиенің негізгі қағидалары. Несиеге - кеңейтілген қайта өндіру мақса- тында жеделдік, төлемдік, қайтару талаптарына сай оларды ақшаны бөлу және халықтың, экономиканың бос ақшалай қаражаттардың жұмылдырылуын қамтитын несие капиталының қозғалысы себепті экономикалық қарым-қатынасты көрсетеді.
Несие мәні қатынастардың несиенің - қайтару, төлемдік, мерзімдік, қолма - қол ақша, мақсатты сипат сияқты маңызды принциптерімен анықтала- ды.
Бұл принциптер несиенің алғашқы даму кезеңдерімен бастап қалыптасты, ол кейіннен заңды түрде бекітілді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz