Автокөліктер тобының двигателдеріне қарай бөлінуі



ЖОСПАР

Кіріспе 1
Автокөлік . атмосфералық ауаны ластаушы негізгі көз. 3
Бензинді қозғалғыштың пайдаланған 4
2СО+О2=2CО2 4
2NO+O2=2NO2 5
NO+O3=NO2+O2 5
4NO2+H2O+O2=4HNO3 5
Әртүрлі двигателдерді пайдаланғанда 5
ауаға шығатын газдар мөлшері 5
Автокөліктер тобының двигателдеріне қарай бөлінуі 5
Автокөліктерден шығарылған зиянды 6
заттардың төлем мөлшерін анықтау. 6
ЖҰМЫС ОРНЫНДАҒЫ ШУЫЛ. 9
Автомобиль кабинасындағы микроклимат. 11
Пайдаланылған газдардың адам мен қоршаған ортаға тигізетін әсері 13
Қазақстан Республикасының Заңы 17
Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы 17
Кіріспе

Қоршаған ортаны қорғау адамзат алдындағы маңызды глобальды мәселеге айналып отыр.
Өндірістің қарқындап дамуына және отын түрлерінің кең масштабты жағылуына байланысты атмосферада бос оттегі қоры азайып, көміртегі мөлшері жоғарылауда. Академик Виноградов зерттеулері бойынша атмосферада оның концентрациясы жыл сайын 0,2 %-ға ұлғайып отырады.
Қазіргі кезде қала жолдарындағы автокөліктердің қарқынды түрде дамуы мемлекетіміздің экономикалық дамуына ғана емес, сонымен қатар атмосфералық ауасының ластануына да әсерін тигізеді. Әсіресе урбандалу зоналарындағы қоршаған орта мен автомобилизация арасындағы кез келген жағдай, соның ішінде қоғамдық транспорттың экологиялық әсері зор.Сондықтан да автокөліктердің дамуындағы бағалануы мен жоспарлануы оның сыртқы ортаны деградациялау қасиетіне қарай жүргізілуі қажет.
Жалпы атмосфераның жасанды ластаушы көздерінің ең негізгісі болып осы автокөліктер есептелінеді. Француз ғалымы Детри есептеулері бойынша автокөліктен бөлінетін газдар құрамында: көміртек – 9%, көміртегі оксиді, көмірсутек – 0,5%, оттегі - 4%, сутегі - 4%, алдегидтер – 0,004%, азотоксиді – 0,06%, т. б. 200-ге жуық улы компоненттердің бар екені анықталған. Қоршаған ортаға көмірсутек, күкірт, бензин құрамына кіретін канцерогенді заттар мне қорғасын өте зиянды әсер етеді. Бензин қозғалғыштығымен қамтамасыз етілген көлік әр 15 мың км жүргенде 4350 кг оттегіні жұмсайды. Бұл жағдайда қоршаған ортаға 3250 кг көміртек диоксиді, 530кг көміртек оксиді, 93 кг көмірсутектері, 27 кг азот оксиді шығарылады.
Карбюраторлы және дизельді қозғалтқыштардан шығатын пайдаланылған газда 200-ге жуық химиялық қосылыстар болады. Олардың ішінде улылығы жоғарыларға қорғасын, көміртек оксид оксиді, көмірсутектер, бензапирен жатады. Пайдаланылған газдағы көмірсутектерінің мөлшері қозғалтқыштың жұмыс істеуіне байланысты.
Автокөлік қозғалтқыштарында жану процесінен шығатын ең қауіпті құрауыштың бірі бензиндегі тетраэтилқорғасыннан түзілген пайдаланылған газдағы қорғасын қосылыстары. 1 литр бензинді жаққанда ауаға 200-700 мг қорғасын бөлінеді.
Атмосфераға транспорттардан бөлінетін газдардың құрамыда 25-27% қорғасын болатыны анықталды. Және оның диаметрі 5мкм-ге дейін болатындықтан ауада ұзақ уақыт сақталып, онымен бірге адам организіміне түсетіндігі белгілі болды.
Күкірт қосылыстары ауаға негізінде құрамында күкірті көп көмір мен мазутты жаққанда бөлінеді. Мысалы, электр энергиясын алуға падаланылатын көмірдегі күкірттің мөлшері орта шамамен 2,5%, сондықтан элетростанцияларда 1 млн. тонна көмір жағылғанда 25 мың тоннаға дейін күкірттің диоксиді бөлінеді.
Мұнай өнімдерін отын ретінде қолданғанда қоршаған орта жану процесінің нәтижесінде түзілген күкірт оксидтерімен ластанады. Керосинмен бензинді мұнайды айдау арқылы алғанда да күкірттің біраз мөлшері ауаға тасталады. Мұнаймен көмірге қарағанда газ экологиялық таза болып саналады.
Қазіргі кезде бүкіл әлемде шамамен 500 млн аса автомобиль жүріп тұрса, үлкен қалалардағы атмосфералық ауаның тазалығын сақтау адамзат үшін қаншалықты маңызды екені түсінікті.
Автокөліктердің ауаға шығарындыларды бөлуі оның көптеген көрсеткіштері және жүріс тәртібімен де анықталады. Жүріс тәртібі қалыптасқан және қалыптаспаған қозғалыс болып бөлінеді. Қалыптаспаған жүріс тәртібіне қарқындылық, жылдамдық, жиілік және қозғалыс құрамы деген сияқты көлік ағындығының параметрлері әсер етеді. Көлік ағынының пайдаланылған газы жүріс тәртібіне байланысты оған автокөліктердің жолдарының күйі мен жол қозғалысы сапасы да әлдеқайда зор әсер етеді. Осындай жағдайлар менің курстық жұмысымның аса қажеттілігін дәлелдейді.
Дипломдық жобаның негізгі мақсаты – «таза ауа және автокөлік қатынасын» ескере отырып, автокөліктердің сыртқы ортаға тигізетін зияндылығын көрсету.
Көрсетілген мақсатты жүзеге асыру үшін мен алдыма мынадай міндеттер қойдым:

- Таза атмосфералық ауаның газдық құрамын көрсету және оған әсер етуші факторларды анықтау;
- Автокөлікті негізгі ластаушы көз ретінде алып, оның зияндылығын көрсету;
- Жол жағдайларына және көліктің жүріс тәртібіне байланысты ауаның ластануын қарастыру;
- Атмосфералық ауаға автокөліктерден шығарылған зиянды заттардың төлем мөлшерін анықтау;
- Жұмыс орнындағы шуылды анықтау;
- ҚР Заңына сәйкес талаптарды көрсету

«Автокөлік сән емес, қозғалу жабдығы» деп халық даналығында айтылғандай кез келген адам бұған саналы түрде қарауы қажет. Әрине, ол мемлекеттің тірегі, халықты тасымалдаушы, көшу, жүк тасу, көтеру жүйесінде, яғни өнеркәсіпте, екі ел арасында байланыстырушы сияқты маңызды орын алады. Бірақ қазіргі кезде адам баласы үшін орасан зор пайдалы ауа бассейні соңғы жылдары күрт өзгеріске ұшырап отырғанына байланысты, автокөліктердің экологияға да тигізетін әсерін ескеруіміз қажет.

Пән: Транспорт
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 1
Автокөлік - атмосфералық ауаны ластаушы негізгі көз. 3
Бензинді қозғалғыштың пайдаланған 4
2СО+О2=2CО2 4
2NO+O2=2NO2 5
NO+O3=NO2+O2 5
4NO2+H2O+O2=4HNO3 5
Әртүрлі двигателдерді пайдаланғанда 5
ауаға шығатын газдар мөлшері 5
Автокөліктер тобының двигателдеріне қарай бөлінуі 5
Автокөліктерден шығарылған зиянды 6
заттардың төлем мөлшерін анықтау. 6
ЖҰМЫС ОРНЫНДАҒЫ ШУЫЛ. 9
Автомобиль кабинасындағы микроклимат. 11
Пайдаланылған газдардың адам мен қоршаған ортаға тигізетін әсері 13
Қазақстан Республикасының Заңы 17
Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы 17

Кіріспе

Қоршаған ортаны қорғау адамзат алдындағы маңызды глобальды мәселеге
айналып отыр.
Өндірістің қарқындап дамуына және отын түрлерінің кең масштабты
жағылуына байланысты атмосферада бос оттегі қоры азайып, көміртегі мөлшері
жоғарылауда. Академик Виноградов зерттеулері бойынша атмосферада оның
концентрациясы жыл сайын 0,2 %-ға ұлғайып отырады.
Қазіргі кезде қала жолдарындағы автокөліктердің қарқынды түрде дамуы
мемлекетіміздің экономикалық дамуына ғана емес, сонымен қатар атмосфералық
ауасының ластануына да әсерін тигізеді. Әсіресе урбандалу зоналарындағы
қоршаған орта мен автомобилизация арасындағы кез келген жағдай, соның
ішінде қоғамдық транспорттың экологиялық әсері зор.Сондықтан да
автокөліктердің дамуындағы бағалануы мен жоспарлануы оның сыртқы ортаны
деградациялау қасиетіне қарай жүргізілуі қажет.
Жалпы атмосфераның жасанды ластаушы көздерінің ең негізгісі болып
осы автокөліктер есептелінеді. Француз ғалымы Детри есептеулері бойынша
автокөліктен бөлінетін газдар құрамында: көміртек – 9%, көміртегі оксиді,
көмірсутек – 0,5%, оттегі - 4%, сутегі - 4%, алдегидтер – 0,004%,
азотоксиді – 0,06%, т. б. 200-ге жуық улы компоненттердің бар екені
анықталған. Қоршаған ортаға көмірсутек, күкірт, бензин құрамына кіретін
канцерогенді заттар мне қорғасын өте зиянды әсер етеді. Бензин
қозғалғыштығымен қамтамасыз етілген көлік әр 15 мың км жүргенде 4350 кг
оттегіні жұмсайды. Бұл жағдайда қоршаған ортаға 3250 кг көміртек диоксиді,
530кг көміртек оксиді, 93 кг көмірсутектері, 27 кг азот оксиді шығарылады.
Карбюраторлы және дизельді қозғалтқыштардан шығатын пайдаланылған
газда 200-ге жуық химиялық қосылыстар болады. Олардың ішінде улылығы
жоғарыларға қорғасын, көміртек оксид оксиді, көмірсутектер, бензапирен
жатады. Пайдаланылған газдағы көмірсутектерінің мөлшері қозғалтқыштың жұмыс
істеуіне байланысты.
Автокөлік қозғалтқыштарында жану процесінен шығатын ең қауіпті
құрауыштың бірі бензиндегі тетраэтилқорғасыннан түзілген пайдаланылған
газдағы қорғасын қосылыстары. 1 литр бензинді жаққанда ауаға 200-700 мг
қорғасын бөлінеді.
Атмосфераға транспорттардан бөлінетін газдардың құрамыда 25-27%
қорғасын болатыны анықталды. Және оның диаметрі 5мкм-ге дейін болатындықтан
ауада ұзақ уақыт сақталып, онымен бірге адам организіміне түсетіндігі
белгілі болды.
Күкірт қосылыстары ауаға негізінде құрамында күкірті көп көмір мен
мазутты жаққанда бөлінеді. Мысалы, электр энергиясын алуға падаланылатын
көмірдегі күкірттің мөлшері орта шамамен 2,5%, сондықтан элетростанцияларда
1 млн. тонна көмір жағылғанда 25 мың тоннаға дейін күкірттің диоксиді
бөлінеді.
Мұнай өнімдерін отын ретінде қолданғанда қоршаған орта жану
процесінің нәтижесінде түзілген күкірт оксидтерімен ластанады. Керосинмен
бензинді мұнайды айдау арқылы алғанда да күкірттің біраз мөлшері ауаға
тасталады. Мұнаймен көмірге қарағанда газ экологиялық таза болып саналады.

Қазіргі кезде бүкіл әлемде шамамен 500 млн аса автомобиль жүріп
тұрса, үлкен қалалардағы атмосфералық ауаның тазалығын сақтау адамзат үшін
қаншалықты маңызды екені түсінікті.
Автокөліктердің ауаға шығарындыларды бөлуі оның көптеген
көрсеткіштері және жүріс тәртібімен де анықталады. Жүріс тәртібі
қалыптасқан және қалыптаспаған қозғалыс болып бөлінеді. Қалыптаспаған
жүріс тәртібіне қарқындылық, жылдамдық, жиілік және қозғалыс құрамы деген
сияқты көлік ағындығының параметрлері әсер етеді. Көлік ағынының
пайдаланылған газы жүріс тәртібіне байланысты оған автокөліктердің
жолдарының күйі мен жол қозғалысы сапасы да әлдеқайда зор әсер етеді.
Осындай жағдайлар менің курстық жұмысымның аса қажеттілігін дәлелдейді.
Дипломдық жобаның негізгі мақсаты – таза ауа және автокөлік
қатынасын ескере отырып, автокөліктердің сыртқы ортаға тигізетін
зияндылығын көрсету.
Көрсетілген мақсатты жүзеге асыру үшін мен алдыма мынадай міндеттер
қойдым:

- Таза атмосфералық ауаның газдық құрамын көрсету және оған
әсер етуші факторларды анықтау;
- Автокөлікті негізгі ластаушы көз ретінде алып, оның
зияндылығын көрсету;
- Жол жағдайларына және көліктің жүріс тәртібіне байланысты
ауаның ластануын қарастыру;
- Атмосфералық ауаға автокөліктерден шығарылған зиянды
заттардың төлем мөлшерін анықтау;
- Жұмыс орнындағы шуылды анықтау;
- ҚР Заңына сәйкес талаптарды көрсету

Автокөлік сән емес, қозғалу жабдығы деп халық даналығында
айтылғандай кез келген адам бұған саналы түрде қарауы қажет. Әрине, ол
мемлекеттің тірегі, халықты тасымалдаушы, көшу, жүк тасу, көтеру жүйесінде,
яғни өнеркәсіпте, екі ел арасында байланыстырушы сияқты маңызды орын алады.
Бірақ қазіргі кезде адам баласы үшін орасан зор пайдалы ауа бассейні соңғы
жылдары күрт өзгеріске ұшырап отырғанына байланысты, автокөліктердің
экологияға да тигізетін әсерін ескеруіміз қажет.

Ауа бассейніне автокөліктердің тигізетін ықпалы:

Автокөлік - атмосфералық ауаны ластаушы негізгі көз.

Атмосфералық ауаға ең қолайсыз әсер тигізетін автокөлік болып
саналады. Ол көптеген қалаларда бірінші орындағы ластаушы. Келтірілген
мәліметтерге қарағанда бензин қозғалғыштығынан тасталатын жанусыз қалған
көмірсутектермен олардың толық жанбауынан шыққан өнімдердің мөлшері дизель
қозғалтқыштығынан анағұрлым жоғары.
Жалпы зиянды заттектердің шығарындыларында негізгі үлес салмақ осы
автокөліктерге келеді. Мысалы, Алматыда шамамен 80-90%, Шымкентте 60-65%.
Соңғы жылдары автокөліктен ауаға шығарылатын зиянды заттектер көлемі 20млн
тоннадан асып отыр. Атмосфераға қолайсыз физикалық әсер тигізетін факторға
дыбыстар жатады. Транспорт түрінің дамуы жылдан жылға әр түрлі күшті дыбыс
шығару көзіне айналып отыр. Ғылыми зерттеулер арқылы алынған мәліметтер
бойынша естілмейтін теңселі 20 Гц төменгі дыбыстарда адамдарға қолайсыз
әсер етеді екен (яғни, инфродыбыс). Әсіресе, инфродыбыс организмге қолайсыз
әсер етеді. Инфродыбыс толқындары, компрессолар, дизель қозғалтқыштары,
турбина, электровоздар, кондиционерлік жүйе, желдеткіштер т.б. үлкен
көлемді машина мен механизмдар жұмыс істеуінде пайда болады.Қатты
шудыңтуындауы адамның есту қабілеттерінің төмендеуіне және әртүрлі нерв
жүйелерінің ауруларына себепші болады. Бензин қозғалғыштығымен қамтамасыз
етілген көлік әр 15 мың км жүргенде 4350 кг оттегіні жұмсайды. Бұл жағдайда
қоршаған ортаға 3250 кг көміртек диоксиді, 530кг көміртек оксиді, 93 кг
көмірсутектері, 27 кг азот оксиді шығарылады.
Карбюраторлы және дизельді қозғалтқыштардан шығатын пайдаланылған
газда 200-ге жуық химиялық қосылыстар болады. Олардың ішінде улылығы
жоғарыларға қорғасын, көміртек оксид оксиді, көмірсутектер, бензапирен
жатады. Пайдаланылған газдағы көмірсутектерінің мөлшері қозғалтқыштың жұмыс
істеуіне байланысты.
Автокөлік қозғалтқыштарында жану процесінен шығатын ең қауіпті
құрауыштың бірі бензиндегі тетраэтилқорғасыннан түзілген пайдаланылған
газдағы қорғасын қосылыстары. 1 литр бензинді жаққанда ауаға 200-700 мг
қорғасын бөлінеді.

Бензинді қозғалғыштың пайдаланған

газындағы көміртек оксиді мен бензапирен мөлшері

Жұмыс істеу тәртібі Мөлшері
СО,% Бензапирен,мкг100м3
Бос жүрісі 2,5-3,0 4000
Бір қалыптылықпен 0,5-1,0 4000 кіші
қозғалу
Екпін 2,0-5,0 10000
Тежелу 4-ке дейін 28000

Мұнай өнімдерін отын ретінде қолданғанда қоршаған орта жану
процесінің нәтижесінде түзілген күкірт оксидтерімен ластанады. Керосинмен
бензинді мұнайды айдау арқылы алғанда да күкірттің біраз мөлшері ауаға
тасталады. Мұнаймен көмірге қарағанда газ экологиялық таза болып саналады.

Күкірттің оксидтері ауадағы оттекпен, су буымен әрекеттесіп күкірт
қышқылына ауысады, ауадағы ол тамшылардан түратын түман түзеді. Бұл тұман
металдардың коррозиясын арттырады. Ал атмосфера тұнықтығының тұман арқылы
төмендеуі егістік түсімінің азаюына апарып соғады.
Автомобильдің іштен жанатын қозғалтқыштарында оттек жетіспейтін
жағдайда немесе күйемен көміртек диоксиді әрекеттескенде түзіліп,
атмосфераны ластайтын қауіпті ласағыштың бірі түссіз және иіссіз көміртек
оксиді болып табылады. Ауаға түскен соң біраз уақыттан соң көміртек оксиді
қауіптілігі төмендеу көміртек диоксидіне айналады.
2СО+О2=2CО2
Егерде СО көп мөлшерде ( 750 мгм3ден артық) атмосферада болса,
адамды тұншықтырып өлімге душар етеді, себебі қандағы гемоглобинмен
реакцияға оңай түсіп, оттекті тасымалдайтын қабілеті жоқ карбоксигемоглобин
деген қосылысты түзеді. Бұл жағдайда реакцияның екі түрі жүреді:
- ауадағы оттек пен отындағы азот арасында
- ауадағы оттек пен ауадағы азот арасында
Жалпы атмосфераға шығарылатын азот оксидтерінің 95%-і қазбалы
отындарды жағуда түзіледі. Оның ішінде жалпы шығарынды азот оксидтерінің
40%-тейі көліктерден 30%-і шығады.. Атмосферада газ түрінде азоттың бес
негізгі қосындысы болады: N2, NH3, NO2, N2O, NO. Мамандардың қолында
негізгі бар мәліметтер бойынша азот қосылыстарының ішінде адам организміне
өте қолайсыз әсер тигізетін автокөліктен шығатын азоттың диоксиді. Бастапқы
шығарынды газдардағы барлық азот оксидтерінің қоспасында диоксидке келетін
үлес 10%-тей, бірақ та ауада күн сәулесінің әсерінен азот оксидтерінің
біраз бөлігі күрделі химиялық реакцияларға қатысып, қауіптілігі жоғары
азоттың диоксидіне айналады. Мысалы, көбіне атмосфераға тасталатын азот
түрі NO ауада мынадай реакцияларға түседі:
2NO+O2=2NO2
NO+O3=NO2+O2
Түзілген диоксид азоты азот қышқылына дейін тотығады:
4NO2+H2O+O2=4HNO3
Азот диоксиді жағымсыз иісі бар газ, ол адамның көзінің қараңғыға
бейімделу қабілетін төмендетеді. NO2 газының ауадағы мөлшері 0,038 мгм3-
ден жоғары болған кезде адам улануы мүмкін, оның салдарынан өкпесі ісінеді,
сілеймелі қабығында жара пайда болады, басы ауырады, ұйқысы қашады. Сонымен
қатар, көміртек оксидіне ұқсас, азоттың диоксидіде гемоглобинмен реакцияға
түсіп, оның оттекті тасымалдау функциясын өзгертеді, яғни қанда, ұлпаларда
оттек жетіспей, тыныс алу және қан айналу әрекеті бұзылады.
Қазіргі кезде автокөліктер 2 двигательдіге: карбюраторлы және
дизелді болып бөлінеді. Оларда қозғалтқыштардан шығатын пайдаланылған газда
200-ге жуық химиялық қосылыстар бар. Бірақ бізге экологиялық жағынан ең
тиімдірерігі болып карбюраторлы саналады, себебі оның құрамында зиянды
заттарды біраз мөлшерде ұстап қалуға арналған катализатор бар.

Әртүрлі двигателдерді пайдаланғанда

ауаға шығатын газдар мөлшері

Ластаушы заттектер Шыққан газдар мөлшері,%
Карбюраторлы Дизельді
Көміртек монооксиді 5-12 1,0-10,0
Көміртек диоксиді 0,5-12 0,01-0,5
Азот оксидтері 0-0,8 0,0002-0,5
Көмірсутектер 0,2-0,3 0,009-0,5
Альдегидтер 0-0,2 0,001-0,009
Күйе, гм3 0-0,4 10-ға дейін
Бензапирен, мкгм3 10-20 дейін 10-ға дейін

Автокөліктер тобының двигателдеріне қарай бөлінуі

Топтар № Автокөліктер маркалары Двигатель түрі
1 ЛуАЗ,ЗАЗ және т.б. карбюраторлы
2 ВАЗ, АЗЛК,ИЖ және т.б. карбюраторлы
3 Газель, ГАЗ-3110,РАФ,УАЗ,ЕрАЗ және карбюраторлы
т.б.
4 ГАЗ-53,ГАЗ-66,ПАЗ,КАВЗ және т.б. карбюраторлы
5 ЗИЛ,ЛАЗ,ЛиАЗ және т.б. карбюраторлы
6 КаМАЗ, ЛАЗ,ЛиАЗ және т.б. Дизелді
7 КрАЗ, МАЗ және т.б. Дизелді
8 Жеңіл көлік иномаркалары карбюраторлы
9 Автобус иномаркалары Дизелді

Автокөліктерден шығарылған зиянды

заттардың төлем мөлшерін анықтау.

Төлемдер автокөліктерді пайдаланатын, жөндеу жұмыстарын жүргізетін,
автотранспорт көліктерін шығаратын мекемелер үшін және және жеке меншік
иелері үшін белгіленеді.
Төлемдер атмофералық ауаға шығарылған зиянды заттардың рұқсат
етілген мөлшері үшін және рұқсат етілген мөлшерден асып кеткенде
белгіленеді.
Зиянды заттың рұқсат етілген мөлшеріүшін төлем нормасы келесі
формуламен анықталады:

мұндағы: Pti - зиянды заттардың рұқсат етілеген мөлшері үшін төлемнормасы
теңгелитр – сұйық отын үшін, теңгем3 – газ отын үшін.
gti - былтырғы жылы қоршаған ортаға автокөліктердің і-ші тобы
бойынша тигізгензиянның орнын толтыру үшін жұмсалған қаражаттың зиянды
заттың келтірілген массасына қатынасы, АТС теңгежыл
- дің автокөліктер түрлеріне байланысты мәндер кестеде көрсетілген.
Qti - өткен жылғы і-ші топтағы автокөліктердің отын шығыны, мың
лжыл, мың м3жыл
Mti - бүкіл аймақ бойынша і-ші топтағыавтокөліктерінен шығарылған
зиянды заттардың келтірілген массасы келесі формуламен анықталады:

мұндағы: mii - і-ші топтағы зиянды заттың бір жылдағы
автокөліктерден шығарылған мөлшері, тжыл;
J - атмосфераға шығарылған зиянды заттың саны;
Ki - і-ші зиянды заттың салыстырмалы қауіптілігін анықтайтын
келтірілген коэффициент, ол келесі формуламен анықталады:

ПДКCCI - зиянды заттың атмосферадағы орташа тәуліктік рұқсат
етілген шоғырлануы, мгм3.
Жегілікті басқару ұйымдарының шешімі бойынша зиянды заттардың рұқсат
етілген мөлшеріне төлем нормасы маторлы орындардың экономикалық
сипаттамасын және жергілікті жағдайларды ескере отырып дифференциалдану
мүмкін. Қажетті мәліметтердің болмауына байланыстытөлем нормасы 1 литр
бензин, дизельді отын,сұйытылған газ және бір куб метр табиғи газ үшін 0,01
теңге деп белгіленеді. Былтырғы жылғы өнеркәсіптің автокөліктерінен
шығарылған зиянды заттардың рұқсат етілгенмөлшері үшін төлем келесі
формуламен анықталады:

мұндағы: Qgti - былтырғы жылғы і-тобындағы автокөліктердің отын
шығыны, мың лжыл, мың м3жыл
J - әртүрлі отынмен жүмыс істейтін автокөліктердің топ саны;
r - әртұрлі типтегі аймақтар үшін атмосфералық ауаның ластануының
салыстырмалы қауіптілік көрсеткіші, кестеде келтірілген. Берілген
қауіптілік көрсеткіші отын материалдары фонд бойынша бөлінетін өнеркәсіптер
үшін қолданылады. Басқа автокөліктер үшін r=1.
Автокөліктерді дайындап, жөндеу жұмыстарын жүргізіп, пайдаланатын
өнеркәсіптер үшін жаңадан салынған, қалпына келтірілген автокөлік
жабдықтары қолданылып, стандарт бойынша белгіленген нормаға зиянды
сипаттамалары сәйкес келмеген жағдайда өнеркәсіпке штраф салынады.
Штраф төлемінің мөлшері таза пайдаға байланысты пайызбен
белгіленеді:

мұндағы: 0,1 – атаусыз коэффициент;
Н – таза пайда, мыңтеңге;
К - өнеркәсіптің өндірістік қызметіне байланысты коэффициент;
S – зияндылығы бойынша стандартқа сәйкес келмейтін автокөліктер
үлесі.
К коэффициенті өнеркәсіптің финанстық қызметінде тасымалдау
жұмыстарынан түскен таза пайда бөлінбейтін транспорт цехы бар өнеркәсіп
үшін және балансына қызмет бабына байланысты тасымалдау жұмыстарын
жүргізетін немесе технологиялық мақсаттар үшін пайдаланатын, бірақ басқа
тасымалдау (жүк, жолаушы) жұмыстарын жүргізбейтін автотранспорттары бар
өнеркәсіптер үшін пайдаланылады:

мұндағы: d –өнеркәсіптің автопаркінде қызмет істейтін жүргізушілер
мен ремонт жасаушылардың саны;
d0 – тізім бойынша өнеркәсіптегі жұмыс істеушілердің саны;
Таза тасымалдау жұмыстарын жүргізетін өнеркәсәптер үшін К
коэффициенті 1-ге тең.
Штраф (айыппұл) төлемінің мөлшері зияндылығы бойынша стандартқа
сәйкес келмейтін автотранспорт үлесіне прапорционалды түрде белгіленеді:

мұндағы: Q1j - зияндылығы стандартқа сәйкес кемейтін автотранспорт
саны;
Q2j - тексерілген барлық типтегі автотранспорт саны (бензинді,
дизельді, газбалонды)
Стандартқа сай келмейтін автотранспорт саны жеке топ бойынша
(бензинді, дизельді, газбалонды) аз болу керек.
30%-автотранспорт саны 100-ге дейінгі өнеркәсіптер үшін:
20%- автотранспорт саны 500-ге дейінгі өнеркәсіптер үшін:
10 %- автотранспорт саны 500-ден асатыні өнеркәсіптер үшін:
15%-автотранспорт дайындайтын зауыттар және жөндеу жұмыстарын
жүргізетін өнеркәсіптер үшін бір ауысымдағы шығарылатын өнімнің санына
байланысты
10%-техникалық қызмет көрсету станциясындағы бір ауысымдағы
автотранспорт санына байланысты:
Автокөліктерді пайдаланатын өнеркәсіптер үшін зияндылығы қолданылып
жүрген стандартқа сәйкес келмейтін автокөліктер саны 30%-тен көп болса және
автокөлік дайындайтын зауыттар 10 %–тен көп болса, штраф (айыппұл) төлемі
былай анықталады:
, мың теңге
мұндағы:F – АТС-ты пайдаланатын өнеркәсіптер үшін 30%, АТС-ты
дайындап шығаратын және ремонт жүргізетін (техникалық қызмет көрсету
стациясы) зауыттар үшін 10%.
Штраф өнеркәсіпке түскен таза пайдадан төленеді.
Штраф төлемдері жергілікті табиғатты қорғау фондының есебіне
аударылды.
Зиянды заттардың келтірілген коэффициенттері

№ Зиянды заттар Рұқсат етілген Келтірілген
шоғырлануы (орт. коэффициент, К.
тәуліктік) ПДКор,
мгм3
1 Көміртегі тотығы 5,0 0,3
2 Күкірт қос тотығы 0,05 20
3 Азот тотықтары 0,04 25
4 Көмірсутектер 1,5 0,7
5 Қатты заттар 0,05 20
6 Қорғасын 0,0003 3333
7 Формальдегид 0,003 333,3
8 Күкіртті көміртек 0,005 200
9 Күкіртті сутегі 0,008 125

Әртүрлі типтегі аймақтар үшін атмосфералық ауаның ластануының
салыстырмалы қауіптілік көрсеткішінің мәндері

№ Аймақтар түрлері Салыстырмалы қауіптілік
көрсеткіші, г
1 Курортты санаториялық аймақтар 1,3
2 100 мың адам тұрғыны бар қала аймақтары 1,0
3 Басқа аймақтар 0,2

ЖҰМЫС ОРНЫНДАҒЫ ШУЫЛ.

Соңғы жылдардағы тексерулердің нәтижесі көрсеткендей, тексерілген
автомобильдердің кабина ішіне әсер ететін дыбыс мөлшері өте жоғары.
Автомобиль кабинасының ішіне әсер ететін шудың пайда болуына ең бірінші
қозғалтқыш, қосу қорабы, газ шығару ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Майлау материалдары
Жылу двигательдердің пайдасы және зияны
Арзанқол және тез тозатын заттарды есепке алу ерекшеліктері
Соғыстан кейінгі КСРО ның әлеуметтік-экономикасының дамуы
Қоршаған ортаға химиялық қосылыстардың тигізетін әсері
Бензин. Бензиннің негізгі қасиеті
Автокөлік логистикасының техникалық сенімділігін тиімдендірілуінің жетілдіру жолдары
Жанар-жағармай шикізаттары
Автокөліктік ластануға экожүйенің әсері
Азия және Африка елдерінің 2000-2015 жылдарындағы халықаралық аренадағы орнына сипаттама
Пәндер